Қазақ жеріндегі еңбекшілердің тылдағы ерліктері



Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 2.9

I . Тарау: Қазақ жеріндегі адам және материалдық ресурстарды отан қорғауға жұмылдыру. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .10.44

1.1. Қорғаныс қорларының құрылулары.

1.2. Патриоттық бастамалардың пайда болуы.

1.3. Тыл еңбекшілерінің майдандағы жауынгерлерге көмек беруі.


II . Тарау: Қазақ жеріндегі еңбекшілердің тылдағы ерліктері. . . . . 45.58

1.1. Жауынгерлер жанұяларына көрсетілген көмектер.

1.2. Жау қолынан азат етілген аудандарға көрсетілген көмектер.


Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 58.61

Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 62.63
Тақырыптың өзектілігі. Ұлы Отан соғысы тақырыбы ешқашан өзекті болудан қалмас. Оның тарихы жазылып жатса да, уақыт жасырып қалған сырлар қаншама. Азамат тарихында қаншама кескілескен, жантүршігерлік, жерді қан мен көз жасына бояған соғыс деген аты суық оқиға болды. Қандай сипатта болмасын адам баласына әкелер қасіреті, артар қайғысы аз емес. Сондай сұрапылдардың бірі ХХ – ғасырдың орта шенінде болған Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 62 жыл болыпты. Күн өткен сайын оның адамдар жүрегінде салған жарасы біртіндеп жазыла берсе де, отандастарымыздың жеңіс үшін майданда көрсеткен ерліктері және тылдағы еңбектері ұрпақтар есінен кетпейді, керісінше айқындала түседі. Ел басына ауыр жағдай туғанда олар жасымады, маңдай терімен қасық қаны қалғанша Отанын қорғай білді.
Жеңіске жеткен соң да Жер-ананың төсіне бомбалар салған жараны, окоптар мен траншеяларды тегістеп, күлден басқа түк қалмаған қалаларда фабрика, зауыт, қалалар мен ауылдар тұрғызды. Осылайша басқа түскен қиыншылықты мойнымен көтере білді. Сол кездегі біздің әкелеріміз бен апаларымыз көрсеткен ерліктерден қазіргі жас ұрпақ Отанға деген сүйіспеншілікті, адалдықты үйреніп тәрбие алды. Халқымыз Отан үшін от кешіп, ерлік пен елдік сынға түскен сәтте ойланбастан өмірлерін құрбан еткен батыр ұлдары, қыздарын қастерлеп, құрмет тұтады. Олардың есімдері Даңқ мемориалдарында, ескерткіштер мен қабір тақталарында мәңгі өшпестей етіп алтын әріптермен жазылған. Ал қалалардағы мәңгілік алаулар Отан басына түскен сонау ауыр қасіретті еске түсіріп, әлемге жар салғандай.
Ұлы Отан соғысы тарихы туралы қанша жазылып жатса да, уақыт жасырып қалған сырлар қаншама. Сондықтан да Ұлы Отан тарихын зерттеу күні бүгінге дейін өзектілігін жоғалтпақ емес.
1. Асылбеков М.Х. Формирование и розвитие кадров железнодорожников Казактан 1917 – 1970г.г. Алма – Ата 1973.\1\\2\\3\ с.60-61.
2. Балақаев. Т. Алдажұманов Қ. Қазақстан еңбекшілері майдан қызметінде Алматы 1985ж. \1\\2\\3\\4\\5\\6\
3. Балақаев. Т. Б. Колхозное крестьянство Казахстана в годы В.О.в 1941 – 1945г.г. Алма-Ата 1971.\1\\2\\3\\4\\5\\6\
4. Қазақстан В.О. в очерки. Алма-Ата 1988 вып. 1.\1\\2\\3\с.258-259.
5. Казахстан в период В.О.в Советского Саюза т.1 Алма – Ата 1964г.\1\\2\
6. Казахстан в период В.О.в Советского Саюза т.2 Алма – Ата 1964г.\1\\2\c.569.
7. Қозыбаев М. Компартия Казахстана в период В.О.в
1941 – 1945г.г. Алма – Ата 1964г.\1\\2\\3\\4\с.282.
8. Қазақ ССР тарихы т. 5
9. Қозыбаев М.К. Казахстан – арсенал фронта Алма – Ата 1970г.
10. Қозыбаев М.К. Ақтаңдақтар ақиқаты Алматы 1992ж.
11. Маданов Н., Мусин Ч. Ұлы дала тарихы Алматы 1994ж.
12. Садықов Т.С. Тарих тағлымы. Алматы 1992ж.
13. Нүрбекова Г . Женщины Казахстана – фронту. Трудовые подвиги женшин в промышленности Казахстана в В.О.в 1941 – 1945г.г Алма – Ата 1968г.\1\\2\\3\
14. Оразов К. Ю. Рабочий класс Казахстан В.О.в Алма – Ата 1975г.\1\
15. Қозыбаев М.К. Едігенов Н.Е. Труд во имя победы. Алма-Аты 1995 г.\1\\2\\3\
16. Кошабеков А. Ратные и трудовые подвиги интеллигенции Казахстана в годы В.О.в 1941 – 1945г.г. Алма – Аты 1965г.
17. Басин В.Я. Тяжолая промышленность Казахстана в В.О.в Алма – Ата 1965г.\1\\2\
18. Абишев Г.А. Казахстан в В.О.в 1941 – 1945г.г. Алма – Ата 1958г.\1\\2\
19. Белан П. Казахстанцы – ковалеры Золотой звезды. Алма – Ата 1982г.\1\
20. Город рабочей доблести. Алма – Ата 1986г.
21. Жакупбеков С. История легкой индустрии Казахстана. Алма – Ата 1984г.
22. Казахстанцы на фронтах в В.О.в Алма – Ата 1969г.
23. Козыбаев М.К. Рахматулин Б. Равнение на коммунистов. Алма – Ата 1977г.
24. Қазақ ССР тарихы 5т № Алматы 1984ж.
25. Ломако П. Цветная металлургия в годы В.О.в Москва 1985г. \1\
26. Боранбаев Қ. 1418 күн. Алматы 1980 ж.\1\
27. Оразов К.Ю. Рабочий класс Казахстана в В.О.в. Алма-Ата 1975 г.\1\\2\
28. История рабочего класса Советского Казахстана в. III. Т. 2. А
29. Казахстан в период ВО.в. Советского Союза сб. документов и материалов Алматы 1964г. Т.1. с.59.\1\\2\
30. Томарченко М.Л. Советские финансы в период В.О.в. Москва 1967г.с.200.\1\\2\2

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . 2-9

I - Тарау: Қазақ жеріндегі адам және материалдық ресурстарды отан қорғауға
жұмылдыру. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . .10-44

1.1. Қорғаныс қорларының құрылулары.

1.2. Патриоттық бастамалардың пайда болуы.

1.3. Тыл еңбекшілерінің майдандағы жауынгерлерге көмек беруі.

II – Тарау: Қазақ жеріндегі еңбекшілердің тылдағы ерліктері. . . . . 45-58

1. Жауынгерлер жанұяларына көрсетілген көмектер.

2. Жау қолынан азат етілген аудандарға көрсетілген көмектер.

Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . 58-61

Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . 62-63

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Ұлы Отан соғысы тақырыбы ешқашан өзекті болудан
қалмас. Оның тарихы жазылып жатса да, уақыт жасырып қалған сырлар қаншама.
Азамат тарихында қаншама кескілескен, жантүршігерлік, жерді қан мен көз
жасына бояған соғыс деген аты суық оқиға болды. Қандай сипатта болмасын
адам баласына әкелер қасіреті, артар қайғысы аз емес. Сондай сұрапылдардың
бірі ХХ – ғасырдың орта шенінде болған Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 62
жыл болыпты. Күн өткен сайын оның адамдар жүрегінде салған жарасы біртіндеп
жазыла берсе де, отандастарымыздың жеңіс үшін майданда көрсеткен ерліктері
және тылдағы еңбектері ұрпақтар есінен кетпейді, керісінше айқындала
түседі. Ел басына ауыр жағдай туғанда олар жасымады, маңдай терімен қасық
қаны қалғанша Отанын қорғай білді.
Жеңіске жеткен соң да Жер-ананың төсіне бомбалар салған жараны, окоптар
мен траншеяларды тегістеп, күлден басқа түк қалмаған қалаларда фабрика,
зауыт, қалалар мен ауылдар тұрғызды. Осылайша басқа түскен қиыншылықты
мойнымен көтере білді. Сол кездегі біздің әкелеріміз бен апаларымыз
көрсеткен ерліктерден қазіргі жас ұрпақ Отанға деген сүйіспеншілікті,
адалдықты үйреніп тәрбие алды. Халқымыз Отан үшін от кешіп, ерлік пен елдік
сынға түскен сәтте ойланбастан өмірлерін құрбан еткен батыр ұлдары,
қыздарын қастерлеп, құрмет тұтады. Олардың есімдері Даңқ мемориалдарында,
ескерткіштер мен қабір тақталарында мәңгі өшпестей етіп алтын әріптермен
жазылған. Ал қалалардағы мәңгілік алаулар Отан басына түскен сонау ауыр
қасіретті еске түсіріп, әлемге жар салғандай.
Ұлы Отан соғысы тарихы туралы қанша жазылып жатса да, уақыт жасырып
қалған сырлар қаншама. Сондықтан да Ұлы Отан тарихын зерттеу күні бүгінге
дейін өзектілігін жоғалтпақ емес.

Мәселенің зерттелу деңгейі. Бейбіт өмір жылдарындағы сияқты Ұлы Отан
соғысында да Кеңес халқының ұйымдастырушы және бастаушы күші Коммунисттік
партия болды. Партияның орталық комитеті мен Кеңес үкіметі соғыстың алғашқы
күндерінен бастап Кеңес өкіметінің қорғаныс қуатын нығайтуға бағытталған
көптеген шараларды іске асырды. Тылдың жұмысын қайта құрып майдан талабына
сай ұйымдастыру жолында көптеген қиындықтардан өтуге тура келді. Еліміздің
батыстағы негізгі өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық маңызы мол адамдардың
уақытша жау қалында қалып қоюына байланысты халық шаруашылығындағы негізгі
салмақ шығыс ауылдарына түсті. Сондықтан тыл еңбеккерлері майдан талабын
толық орындау жолында аянбай еңбек етеді.
Экономика мен еліміздің ішкі өмірі соғыс жағдайына сәйкес қайта
құрылуына байланысты ендігі алда тұрған мақсат, жауды жеңуді материалдық
техникалық базасын шұғыл жолға қоюды қамтамасыз ету болды. Егер соғысқа
дейінгі бейбіт жылдары Совет экономикасы негізінен халықтың материалдық әл
ауқаты мен мәдениетін көтеру бағытында өркендеген болса, соғыс жағдайы
материалдық және финанс ресурстарын, еңбек күшін соғысқа бейімдеп қайта
құруды қажет етті. Бұл халық шаруашылығының барлық азаматтық саласын
әскери өнім шығару көшіруге, сол сияқты өнеркәсіп өнімнің жүйесінде
негізгі орында майданға қажетті қару-жарақ пен басқа да заттардың алуына
байланысты еді.
Сонымен қатар батыстағы өнеркәсіп орталықтарынан
заводтар мен фабрикалардың жабдықтарын шығысқа қарай көшіріп, олардың
қайтадан іске қосудың өзі де аса көп күшпен қаржыны талап етті.
Елдің орталық және шығыс аудандарында жаңадан құрылып жатқан әскери
құрамалар мен бейімдерді жасақтау, киіндіру, барлық қажетті заттармен
қамтамасыз етуді үздіксіз жүргізуге керек болды,
Қазақстан еңбекшілері бұл міндетті толығымен қолдады. Сөйтіп орталық
азаттық соғысына бір кіседей жұмыла көтерілді. Осы тұста өткен жиындарда
олар Отан алдындағы парызын орындауға әзір екенін білдірді. Қызыл
Армияның қатарына өз еркімен баратындықтарды туралы қалалық және аудандық
әскери комиссариаттарға мыңдаған арыздар түсіп жатты. Жас жігіттер мен
қыздар, аға буын өкілдері қолдарына қару салып майданға аттануға тілек
білдірді.
Соғыстың алғашқы күндерінде ақ Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан,
Қырғызстаннан шақырылған жігіттерден 316 атқыштар дивизиясы жасақталған.
Оның командирі азамат соғысына қатысушы генерал И.В. Панфилов болды.
Соғыстың бастапқы үш айының ішінде 238, 310, 314, 387 және 391 атқыштар
дивизиялары құрылды. 1941 жылдың аяғына дейін мұнда тағы бір дивизия, үш
бригада жасақталады, небәрі республикада жиырмадан астам атқыштар және
атты әскер бригадалар, әуе күштерінің, зеңбірекшілердің полктері, әртүрлі
соғыс саласының ондаған батальондары құрылды.
Ұлы Отан соғысы тақырыбы сірә, ешқашан өзекті болудан қалмас. Оның
тарихы жазылып жатса да, уақыт жасырып қалған сырлар қаншама. Есімі туған
туысқандарының есінен кетпей, ойлаған сайын жүректі шымырлатып, көзден
сағыныштың ыстық жасын ағызатын, ел болып жоқтаған із түссіз кеткен ағалар
қаншама. Олар қай жерде, қалай қаза тапты, жердің қай бұрышында мәңгілік
ұйықтап жатыр екен деген өзекті өртер арман кімді болсын толғантпай қалмас.
Қаншама елім, жерім деп еңіреген ерлердің мүрдесі туған жерден
шалғайда.Олар Прибалтика ормандарында қалды ма, Украина даласында ма, жоқ
әл де Батыс Европада ма, бұл жөнінде бізге мәлім емес мәселелер көп.
Боздақтардың есімдері қағаз бетіне жарияланып, жерін, елін тауып жатса нұр
үстіне нұр болар еді. Жеңістің 50 жылдығына арналып республика, облыс
көлемінде Боздақтар атты естелік кітаптар шығарылды. Бірақ олар да өз
беттеріне жауынгерлерді түгелдей енгізе алмады. Ұлы Отан соғысы жылдарында
жерлестеріміздің жеңіске қосқан үлесін тарих бетіне түсіріп, көптеген
тарихшылар, зерттеушілер өз еңбектерін жазды.
Елді дүр сілкіндіріп, әр үйдің шаңырағында ажал сығалатқан соғыс жайлы
әдебиеттер көп. Ұлы Отан соғысы тарихы көптеген зерттеушілерді қызықтырады.
Кеңес халқының әлемді ажалдан сақтап қалған ерлікке, батылдыққа толы
күресін көрсету - тарихшылар мен зерттеушілердің басты міндеті.
Ғылым баспасынан шыққан Казахстан в период Великой Отечественной
войны Советского Союза 1941-1945 деген құжаттар мен материалдар жинағының
тарихнамада алар орны үлкен. Құрастырушылар Т.Б. Балақаев, П.С. Белан, Н.Е.
Едігенов, Б.А.Ақжанов, М.Қ.Қозыбаев т.б., жинақтың құжаттары мен
материалдары республиканың әрекет етуші армияға арсеналдардың біріне
айналғандығын көрсетеді. Көп ұлтты Қазақстанның соғыс майдандарында
көрсеткен ерліктері суреттеледі. Жинақтың I томы соғыстың басталған кезінен
1943 жылдың аяғына дейін – Ұлы Отан соғысындағы түркілікті өзгерісті
қамтиды.
Бұл жерде өнеркәсіп саласының, ауылшаруашылығының, транспортының, жалпы
республика өмірінің әскери бағытқа ауысуы көрсетіледі. Екі бөлімді
Қазақстандықтардың Москва, Ленинград, Волга, Курск, Днепр түбіндегі болған
шайқастарға қатысуы туралы материалдар алып жатыр. Құжаттар арасында
Қазақстанда құралған бөлімдердің әскери қимыл журналдарынан көшірмелер,
марапаттау беттерінен үзінділер, әскери корреспонденттерінің мақалалары,
майданнан келген жауынгер хаттары, естеліктер, партизандардың әскери
мінездемелері кіреді. Арнайы бөлім кеңес адамдарының тылдағы көрсеткен
патриотизміне майданға материалдық және моральдық көмек беруіне,
жаралылар, мүгедектер және жауынгер жанұяларына көрсеткен көмектеріне, тағы
да басқа әрекеттеріне арналған. Сонымен қатар, бұл кітаптар соғысу үшін
қажетті еліміздегі мыс пен қорғасынның көп мөлшерін беріп тұрған Лениногор
қорғасын зауытын, Өскемен қорғасын мырыш комбинатын атап кетеді. Қазақстан
Коммунистік партиясы орталық комитетінің оргинструкторлық бөлімінің
шаруашылықты Әскери бағытқа ауыстыру туралы хабарында: Шілде айында мыс
балқыту және қорғасын мырыш кәсіпорындарының көпшілігі кен өндіру және
метал балқыту жоспарын асыра орындады, - делінген. Солардың ішінде
Ленинград қорғасын зауыты 24 күнде қорғасынды 101,8 процентке балқытқан
екен. Жалпы республиканың қорғасын зауыттары 24 күн ішінде мыс балқытуды
92,2 процентке орындапты. Жалпы бұл жинақтың Ұлы Отан соғысы жылдарында
Қазақстанның, жекелеген облыстардың тарихын зерттеудегі алар орны ерекше
деуге болады. Оның ішінен әр түрлі жекелеген өнеркәсіп орындары мен еңбек
озаттарына қатысты деректі материалдар мен мағлұматтар алуға болады.
Республика коммунистік партиясының тарихын алғаш рет жүйелі түрде
зерттеген М.Қ.Қозыбаев. Казахстан – арсенал фронт деген еңбегінде Ұлы
Отан соғысы кезіндегі коммунистік партияның ұлттық саясаты, экономикалық
саясат негіздері зерттелді. Тылда майдан, тылда соғысушы халық. Тыл мен
майданның өзара шешуші байланысын қамтамасыз ету. Отан соғысы күндеріндегі
Қазақстан коммунистерінің тарихи миссиясы болды, - деп жазды М.Қ.Қозыбаев.
Манаш Қозыбаев. Б. Рахматуллин бірігіп Равнение на коммунистов деген
еңбек те жазып шығарады. Мұнда бүкілодақтық Лениндік Коммунистік жастар
одағының – Қазақстан комсомолының бір әскери отрядының социалистік Отанды
қорғауға қатысуы жазылады. Авторлардың айтуынша Қызыл Армия қатарына
Қазақстанның 242 мың комсомолы қосылды.
Қазақстанның Ұлы Отан соғысы жылдарындағы маңызды мәселелеріне арналған
еңбектің бірі В.Я.Басинның еңбегі.
Архивтік және жарияланған деректерді зерттеу негізінде автор ауыр
өнеркәсіп жұмысын соғыс қажеттілігіне бейімдеу, өнімділікті арттыру,
эвакуацияланған өндіріс орындарын қабылдап, орналастыру, ауыр өнеркәсіптің
жаңа салаларын қалыптастыру, жұмысшы және инженер кадрларын дайындау,
социалистік жарыс пен партиялық саяси жұмыстарды дамытудағы ұйымдастырғыш
қызметі көрсетіледі. Қазақстан тылының Ұлы Отан соғысындағы маңызы айтылады
Республика минералды шикізат қорына бай болғандықтан соғыстың басында-ақ
ұсақ кен орындарын игеру нәтижесінде түсті метал өндіруді арттыруға
мүмкіндік туды. Мысалы, қорғасын, мырыштың ұсақ пен кен орындарын
Наркомместпром және Казпромсовет тауып отырды. Автор ірі өнеркәсіп
орындарын материалдық – техникалық жағынан қамтамасыз етудегі
қиыншылықтарға да тоқталады.
К.Оразовта Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан тарихын жазуға
үлесін қосты. Оның Рабочий класс Казахстана в Великой Отечественной
войне деген еңбегінде тарихнамада айтарлықтай орын алады. Кітапта Ұлы Отан
соғысы жылдарында Қазақстан өнеркәсібін жұмыс пен қамтамасыз ету
проблемасы, ауыр жағдайларда өнеркәсіп жұмысшыларының құрамы мен сананың
өзгеруі жұмысшы тобы қатарын бекітудегі Коммунистік партиының рөлі
көрсетілген.
Г.А.Әбішев. Оның Казахстан в Великой отечественной войне деген еңбегі
ең алғашқы ірі зерттеуі.
Бұл жұмысында автор кеңестік Қазақстан еңбекшілері Коммунистік
партияның жетекшілігімен фашизмге қарсы көтеріліп, намысты аяққа таптамай
Кеңес Армиясына көмек көрсеткендігі жайлы жазылады. Мұнда Қазақстан халық
шаруашылығын әскери бағытқа ауыстыру, өнеркәсіпті, ауылшаруашылығын
кадрлармен қамтамасыз ету, эвакуацияланған адамдарды, малды, өнеркәсіптерді
қабылдап орналастыру, жұмысшылардың еңбектегі ерлігі жайлы жазылды.
Интеллигенцияның, әйелдердің Ұлы Отан соғысында алған орны, комсомол мен
жастардың атқарған қызметі жайлы айтылды. Қазақстан жауынгерлердің
майдандағы ерліктерінде де арнайы тарау бөлінген. Соғыс жылдарында
республика көлемінде, облыс орталықтарында шыққан газеттерде жауынгерлердің
майдандағы ерліктері айтылады деп автор бірнеше мысалдар келтіреді.
Диплом жұмысының негізгі дерек көзі. Тарих ғылымының докторы
Г.Балақаев пен Қ.Алдажұмановтың Қазақстан еңбекшілері майдан қызметінде
1941-45деген кітап ел басына күн туған ауыр жылдарында қан майданда жаумен
жағаласқан тылда тынымсыз еңбек етіп, соғыс қиындықтарында төзе білген,
коммунистік партияның басшылығымен жеңіске лайықты үлес қосқан Қазақстан
еңбекшілерінің патриоттық істеріне арналады.Республика тарихының осы күнге
дейін оқушылар назарынан тыс қалған мәселелер қарастырылады. Ғылым
баспасынан шыққан Казахстан в период В.О.в.1941-1945гг деген құжаттар
мен материалдар жинағы болды.Оны құрастырғандар: Т.Б.Балақаев. П.С.Белан,
Н.Е.Едігенов, Б.А.Ақжанов,М.Қ, Қозыбаев, т.б., жинақтың құжаттары мен
материалдары әрекет етуші армияның арсеналдарының біріне айналғанын
көрсетеді.
Қазақстан тарихшыларының тынымсыз еңбек ету нәтижесінде ірі-ірі
еңбектер шыға бастады. Солардың бірі Г. Нұрбекованың Женщины Казахстана-
фронту деген кітабы.
Тақырыптың мақсаты. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан халқының
тылда Ұлы жеңіске қосқан үлесін ашып көрсету. Бұл мақсатқа жету үшін
мынадай міндеттер алға қойылды:
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстанның өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы,
мәдениеті мен әдебиеті, білім мен ғылым туралы жазылған еңбектерді
зерделеу;
Отан соғысы жылдарында жасалған тылдағы еңбекшілер мен жұмысшылар, өнер
қайраткерлерінің ерен еңбектеріне әртүрлі авторлар берген бағаның ақтаңдақ
тұстарына назар аудару;
Тылдағы халықтың отан қорғау ісіне бір адамдай жұмыла кірісіп, бұрын
соңды болмаған еңбек көрсеткіштеріне қол жеткізгендігін жас ұрпаққа
жеткізу.

I – тарау: Қазақ жеріндегі адам және материалдық ресурстарды отан
қорғауға жұмылдыру.

1.1. Қорғаныс қорларының құрылуы.

Ұлы соғысының алғашқы күндерінен бастап еңбекшілер еліміздің әскери
және экономикалық қуатын күшейтіп, жеңіс күнін тездету Ұлы Отан соғысының
алғашқы күндерінен бастап еңбекшілер еліміздің өз ерліктерімен өкіметке
ақшалай, заттай және басқада көмек көрсете бастады. Қазақстанның қалалары
мен ауыл селоларында болып жатқан митингілер мен жиналыстарда еңбекшілер
өкілдері жауды жеңуге шақырумен қатар, жеңіс жолында өздерінің қандай нақты
үлес қосатынын да білдіріп отырды. Бірде бұл майдандық еңбек вахтасына
тұрып, өндірістік жоспардың асыра орындалуы туралы міндетпен тығыз
байланысты болса, енді бірде әркімнің қолынан келгенінше майданға берген
көмегін білдірді.
Сондай - ақ еліміздің қорғаныс қуатын нығайтуды өздерінің
басты борышы деп түсінген совет патриоттары халық шаруашылығының қай
саласында болмасын еңбек өнімділігін үдете берді, әрі майданға қосымша
көмек берудің әр түрлі жолдарын қарастыра бастады. Міне Оңтүстік
Қазақстандағы Киров ауданының орталығында 22 июнь күні боған митингіде
аудан еңбекшілері кезекті демалыс күні Кеңес одағының әскери қуатын нығайту
қорына жұмыс істеуге қаулы етті. Сол күні Павлодар облысындағы Роза
Люксембург атындағы колхоз мүшелері радиодан соғыстың басталуы туралы
хабарды естісімен - ақ көлік ұйымдастырып, өкіметке 21ц ет жөнелтті, сөйтіп
мемлекетке ет тапсыру жоспарын алдын ала орындады. Сондай-ақ Доссор мұнай
кәсіпшілігінде мастер Букановтың бұрғылау бригадасы сөткелік нормасын екі
есе орындап шықса, ал Байшонаста мастер Сүлейменовтың учаскесі бір күнде
жоспардан тыс 70тонна мұнай өндірді.\1\. Мұндай мысалдарды республиканың
барлық түкпірінен көптеп келтіруге болады.
Міне бүкіл еліміз сияқты, республиканың әр жерлерінде кеңес адамдары
майданға көмекті күшейте түсу жөнінде ұсыныстар енгізіп жатты. Ол
ұсыныстарда еңбекшілер өздерінің адал еңбекпен тапқан қаражаты есебінен
қорғаныс жасауға тілек білдіріп, мұны барша жұртшылықтың қолдауын өтінді.
Шын мәнінде бұл елімізге фашист агрессорлары душар еткен соғыс
ауыртпалығын жеңілдетіп, жауды тез жеңуге бағытталған бүкіл совет халқының
ізгі тілегі еді.
Майдандағы армияға көмек беруге, соғыс жағдайына бейімделіп қайта
құрылып жатқан шаруашылықты жолға қою ісіне, сондай-ақ соғыс өнерін
үйренуге тылдағы барлық совет адамдары қатынасты. Еліміздің қорғаныс
қабілетін молайту мақсатына бағытталған патриоттық қозғалыс әсіресе КСРО
Мемлекеттік қорғаныс комитетінің председателі И.В.Сталиннің1941ж. 3 июльде
сөйлеген сөзінен кейін, кеңінен өрлеп бүкілхалықтық сипат алды.
Кеңес өкіметімен партияның орталық комитеті, фашистік Германияның
агрессиялық саясатын әшкерелей келіп, соғыстың саяси мәні мен сипатын
айқындады. Елімізге төнген қатерлі қауіп шындығын халыққа терең түсіндіріп,
барлық совет азаматтарының армияға аянбай көмек көрсетуге шақырады.
Коммунистік партияның Бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін деген
ұраны кеңес халқының жауынгер туына, барлық іс-әрекетінің өлшеміне айналды.
Ол партияның фашистік басқыншыларды жеңу жолында бүкіл халықтың алдына
қойған негізгі міндетін білдірді.
Республика еңбекшілері, бүкіл еліміздегі сияқты партия мен совет
өкіметінің соғыс жағдайына байланысты қабылдаған программалық шешімдерін
қуаттап, советтік патриотизмнің тамаша үлгілерін көрсетті.
Қазақстанның жергілікті партия және Кеңес ұйымдары еңбекшілердің
социалистік Отанына деген сүйіспеншілігін, елдің қорғанысын нығайту деген
ықыласы мен ниетін майдан мен тылдың байланысын нығайтуға бағыттады соғыс
кезінің талаптарына сәйкес бұқара арасындағы саяси көпшілік жұмыстарын
кеңінен жүргізе отырып, олар әрбір совет азаматының соғыс кезіндегі
міндетін түсіндіріп, тыл еңбеккерлерін табандылық пен төзімділікке, армия
мен майданды керек жарақпен жабдықтауда сергектік пен ұйымшылдыққа баулыды.
Бұрын соңды болып көрмеген ерекше саяси және еңбек өрлеуі үстінде
соғыстың алғашқы апталары мен айларында қызыл армия көмектің сан алуан
пәрменді түрлері қалыптаса бастады.
Жоғары да аталғандай, еңбекшілер атынан жер-жерден келіп жатқан
ұсыныстардың ішіндегі ортақ тілек Отан қорғаудың арнаулы халықтық қорын
жасау туралы ұсыныс еді. Бұл әрине, халық бұқарасының өз ішінде пісіп
жетілген, жауды тезірек жеңуде аңсаған барша жұртшылықтың ой пікірі еді.
1941 жылдың шілде айының ішінде өкіметке республиканың әр жерінен
еңбекшілердің өз еркімен берген қаражаты үздіксіз келіп жатты. Мұның ішінде
ақшалай көмектен басқа мемлекеттік заем облигациялары, астық пен ет және
тағы басқалары бар еді. Көптеген еңбек коллективтері жұмыстан тыс уақытта
бірігіп тапқан еңбек ақыларын қорғаныс қорына аударып отырды.
Шілде айының аяғына дейін елдің қорғаныс қорына берген қаражатын
әртүрлі мекемелер мен ұйымдар қабылдап алды. Еңбекшілердің қорғаныс қорына
аударғысы келген қаржылары жөнінде не істейміз? - деген сұраққа бірінші
шілдеде Қазақстан К (б) П орталық комитетінің әскери бөлімі еңбек ақыдан
ақша бөлу жүргізілмесін. Барлық ұйымдарда бүкіл жұмысты еңбек өнімділігін
мейлінше арттыруға бағыттау қажет - деп жауап берді.\1\. Сонымен бірге
мемлекеттік банктің барлық бөлімшелерінде халық пен қорғаныс қорына өз
еркімен бергісі келіп отырған ақшалай және басқа да қаражатын қабылдап
алатын арнаулы есеп шоты ашылды.
Отан қорғау қорын жасау туралы ұсыныс республиканың барлық жерлерінде
талқыланып, оның қорытындылары мен еңбекшілердің патриоттық өрлеуі жөнінде
хабарлар орталық және жергілікті баспасөз бетінде үзбей жарияланып турды
Отан тылын нығайту үшін, Ұлы Отанды ешбір жауға бермейміз, Отан
қорғаудың сарқылмас қорын жасаймыз, Отан қорғау қорына, міне, сол
кездегі газет беттеріне тән осындай рубрикамен басылған хабарлардан кеңес
патриоттарының әр жерден майданға беріп жатқан көмегі бүкіл халыққа белгілі
болып отырды.
Жоғары да айтылғандай, халық қаражатына жасалып жатқан қорғаныс қорының
бір ерекшелігі оның құрылу жемісінің жан-жақтылығында болды. Ол әрине, әр
кімнің өзіндік қолынан келгенше берген көмегінен құрылды. Ондықтан әр түрлі
каналдар мен еңбекшілерден келіп түскен қаржы құрамына ақшалай, заттай
көмекпен қоса ауылшаруашылық өнімдерінің, мемлекеттік заем
облигацияларының, алтын және басқа да қымбат заттардың болуы заңды нәрсе.
Бұл қорғаныс жасауға қатынасты көп ұлтты, халықтың кәсібіне, әлеуметтік
құрамына байланысты еді.
Отан қорғау қоры қаржының ерекше түрі екенін айта кеткен жөн. Ол
салықтан жиналған немесе өкіметке жұрттың қарызға берген қаражатын емес,
қайта халықтың соғыстың алғашқы қиын кезеңінде өз армиясының жауынгерлік
және әскери қуатын күшейту үшін еркімен берген сый құрметі. Сондықтан оны
жасау жолының сан - алуан түрі халықтың өз инициативасымен тығыз байланысты
болды.
Бұл сарқылмас қорды жасаудың және толықтырудың бастапқы, әрі маңызды
жолы еңбек коллективтерінде жұмысшылардың, қызметкерлердің және
колхозшылардың өз еңбек ақыларынан ай сайын қаржы бөлуінен басталды. 31
шілдеде Москваның Красный пролетарий, 1-ші тамызда Ленинградтағы
Большевик заводтарының коллективтері соғыс біткенге дейін бүкіл халықтық
Отан қорғау қорына бір күндік жалақы аударып тұруы жөнінде совет одағының
барлық еңбекшілеріне үндеу жариялады. Мысалы бұған жауап ретінде Қарағанды
кеншілері қалада өткен митингілердің бірінде былай деді - біз өзіміздің
соғыс кәсіпорындарының қызу қарқынымен жұмыс істеп, майданға қажет
құралдарын керегінше беріп жатқанын білеміз. Бірақ біз Отанды қорғауға жаңа
қаражат бергіміз келеді. Сөйтіп фашист варварларын талқандауды тездеткіміз
келеді. Сондықтан бассейіннің барлық жұмыскерлері еңбек вахтасына тұрып,
зор қуанышпен өздерінің бір күндік жалақысын Отан қорғау қорына береді.
1941 жылғы 23-ші қарашада Қазақстан комсомол жастарының 3-ші
жексенбілігі өткізілді. Сол күні еңбек еткен 254 мыңнан астам адам, оның
ішінде 213 мың комсомолецтер 1498 мың сом ақша, 26 мың еңбек құн тауып оны
да отан қорғау қорына берді. Мұнан кейінгі уақыттарда да мұндай
жексенбіліктер жиі өткізіліп, республикада оған қатынасты бірде бір адам
болған жоқ. Үй шаруашылығы әйелдері, оқушылар, пенсия жағында қарт адамдар
бәрі бірдей Отан қорғау қорына жаппай еңбек етуге қыза араласты. 1942 ж 15
ақпанда өткен комсомол жастардың Бүкілодақтық жексенбідегі де осындай еңбек
өрлеуі үстінде еді.
Мұнымен қатар, соғыс жылдарында темір жол жұмысшыларының үлгісі мен
халық шаруашылығының жекелеген салаларында да осындай жұмыстар жиі
өткізіліп тұрды. Мысалы, 1941 ж 17 ақпанда су транспорты қызметкерлері, ал
31-ші ақпанда және 19-шы қазан күндері байланыс қызметкерлері жексенбілік
өткізді.Сол сияқты 1942 ж 4 қаңтарда Түрксіб темір жолшыларының кезекті
жексенбілігінен Отан қорғау қорына 85 мың сом қосымша қаржы қосылды.\1\.
Жалпы 1941-42 жылдары өткен осындай жексенбіліктер республика
комсомолдары мен жастары ғана 8 мың сомнан астас ақша мен 51455 еңбек құн
тауып, осының бәрін қорғаныс қорына өткізді. Бұл жастардың қорғаныс қорын
жасауға қосқан елеулі үлесі болды.
Бүкілхалықтық Отан қорғау қорын жасау үшін жүріп жатқан осы қозғалысты
бұл қаржысынан басқа олардың әр қайсысының кезінде еңбектеніп жинаған өз
жеке меншігімен қосқан үлесі де маңызды орын алды. Социалистік Отанға қауіп
төнген осы қиын кезеңде әр бір Совет азаматының патриоттық ынта-жігері
жауға соққы беру мақсатына арналғаны белгілі. Өйткені елімізде соғыс өрті
шарпыған бірде бір семья қалған жоқ. Сондықтан әркімнің Отан қорғанысын
нығайту үшін беріп отырған көмегі майдандағы жауынгер рухын көтерумен
бірге, оларға қосымша қару жарақ пен техника айналасының бәрі де жақсы
түсінді.
Республиканың белгілі әдебиет пен өнер қайраткерлері де бұл партияның
ісінің ұйытқысы болды. Халық поэзиясының Жамбыл Жабаев қорғаныс қорына деп
қолма қол 4000 сом берсе, Нұрпейіс Байғанин ел аралап, халық арасында
айтқан жырларында Отанды қорғауға, бүкіл халық болып қорғаныстың сарқылмас
қорын жасауға шақырды. Ақынның жырлары көпшілік жүрегіне жол тауып, осындай
кездесулердің нәтижесінде Ақтөбе облысының дихандары мен малшылары қорғаныс
қоры есебіне 56689 сом ақша, 24925 сомдық облигациялар, 14 бас мал, 150 ц
астық және басқа да заттарын берді.\1\. Сол сияқты СССР халық әртісі Күләш
Байсейтова 3000 сом, жазушы Мұқтар Әуезов, композитор Евгений Брусиловский,
тағы басқалары да 1000 сомнан өткізді.
Отан қорғау қорын жасап, оны молайту жолындағы халық инициативасында
шек болған жоқ. Бұл қордың кей жерлерінде халық өзара Отан сақтау қоры,
Жеңіс қоры - деп атады. Мұның бәрі халық өз көңіл – күйіне туған ұғым
еді. Қорғаныс қорына қаржы жинау жұмысын жолға қойып, оның күннен – күнге
молая түсуіне жергілікті партия, Совет ұйымдары тарапынан ерекше көңіл
бөлінгендегі туралы жоғарыда айтылды.
Халық қозғалысына басшылық ете отырып, олар сонымен қорғаныс қорына
көмектесу кезінде әркімнің ерекшелік принципінің қатаң сақталуына да баса
назар аударды. Бұл ерікті патриоттық ісін өзара бәсекеге, немесе жергілікті
науқанға айналдыруға болмайтынын өмірдің өзі көрсетті. Өйткені майданға
көмектің алуан түрлі жолдарын жоғарыдан ешкімнің айтуынсыз-ақ халықтың өзі
ұсынып отырады. Сондықтан қорғаныс қорын жасап жолындағы қозғалыс қысқа
мерзімде аяқталған жоқ, қайта кең өріс алып, майданға көмектің өзімен қарт
туған басқа да түрлерінен ұласып, соғыстың келесі жылдарында жаңа сипат
алды.

1.2 Патриоттық бастамалардың пайда болуы.

Қорғаныс қорын молайту жұмысы Қазақстанның барлық жерінде біздей осындай
қызу қарқынмен өтті. Республика Колхозшылары мен М.Т.С., совхоз жұмысшылары
бұған ақшалай, заттай көмектен басқа, басы артық азық – түлік пен малында
аяған жоқ.
Қазақстан колхозшылары тек 1941 жылғы қыркүйек айының ортасына дейін
қорғаныс қорына өз жанының 1574 тонна астық, 4252литр сүт, 86 центнер май,
мыңдаған бас мал өткізді. Олардан совхоз жұмысшылары мен қызметкерлері де
қалысқан жоқ. Жалпы республика совхозының еңбекшілері өз қаражатынан тек
отан қорғау қорына ғана қолма – қол 2979751 сом ақша, 3928077 сомның
облигацияларын, 25 грамм алтын, 12683кг күміс және де басқа да қымбат
заттар мен азық - түлік берді.
Қорғаныс қорын жасауға мектеп оқушылары да қатынасты ауыл шаруашылығы
жұмыстарына көмектесу, жексенбіліктерге қатынас, металл сынақтарын, әр
түрлі машиналарға қажетті қосымша детальдер мен бөлшектер жинау арқылы
тапқан еңбек ақыларын олар да осы игілікті мақсатқа берді. Соғыс кезінде
мектеп оқушылары мен мұғалімдері қорғаныс қорына 14479 мың сом ақша
өткізді.\1\.
Бүкіл кеңес халқымен бірге республика еңбекшілерінің Гитлерлік Германияға
қарсы қан төгіс соғыста еліміздің қорғаныс қуатына жедел нығайту
бағытталған осы қозғалысқа қосқан үлесі өз отанына берілгендіктің, советтік
патриотизмнің шынайы үлгісі болды.
Қорғаныс қорына түсіп жатқан қаржы мөлшері мұқият есепке алынып, оның
барысы айына үш рет баспа сөз бетінде жарияланып тұрды. Қазақ СССР финанс
халық комиссариатының мәліметі бойынша 1941ж. 21 желтоқсанда республика
еңбекшілерінің тек ақшалай берген қаражаты 52 млн сомнан асып кетті.
Мұнымен бірге көптеген қымбат зат, алтын мен күмістен жасалған бұйымдар,
шетел валютасы, 5411 млн сомның облигациясы өткізілді. Отан қорғау қорына
жасау қозғалысының алдынғы санада Қарағанды облысының, онан кейінгі орында
Оңтүстік Қазақстан мен Алматы облысының еңбекшілері болды. Қалалар ішінде
бірінші орынды Алматы қаласы алды Республика облыстары бойынша сол кезде
түскен қаражат мөлшерін 1 таблицадағы деректерден көруге болады.

1- таблица

2 – Отан қорғау қорына түскен қаражат (21.12.41ж.)

Облыстар бойынша түскен барлық қымбат заттар, шетел
ақша мың сом ақшалай құны, валютасы
мың сом
Ақша (мың сом) 88690 123227 130181
Облигация (мың сомға) 123103 137453 151818
Бағалы бұйымдар (құны мың7402 452554 46501
сом)
алтын (г) 2939 3333 3634
күміс (кг) 367,38 414 417,38
платина (г) 640 640 640
астық (т) 7861,3 8905,3 9606
май (ц) 232,3 244,3 244,3
сүт (гектометр) 10205 10301 10313
овощ (т) 710,7 717,5 717,5
жүн (ц) 224 224,7 224,7

2 - таблица

Еңбекшілерден түскен бұл қаражаттан басқа 1942 жылы күзге дейін республика
бойынша колхоз, совхоз тұрғындары өз меншігінен 273,3 тонна мақта, 8206 мал
терісін, ет және де басқадай азық түлікпен шикі зат берді.
Халық тілегімен жасалған қорғаныс қоры осылай құрылды. Мұнан кейінгі
уақытта да бұған қаржы беру жұмысы қызу қарқынмен жалғаса берді. Отан
қорғау қоры соғыстың алғашқы кезеңінде еліміздің қорғаныс қабілетін арттыру
үшін жасала бастағаны жоғары да айтылды. 1943 жылы қазан айының басына
дейін бұл қорға ақшалай және бұрынғы мемлекеттік заемдар облигациясы мен
жалпы мөлшері 379,1 млн сом қаржы жиналды.\1\. Бұл қаражат соғысып жатқан
елдің әскери шаруашылық қажетіне жаратылғаны белгілі.
Отан қорғау қорына деген жалпы атпен берген еңбекшілер көмегі соғыстың
аяғына дейін тоқтатылған жоқ. 1941 жылы күзде Отан қорғау қорына қаржы
жинау жұмысы қызу жүріп жатқан шақта, майданға көмектің жаңа жолдарын
іздестірген кеңес патриоттары қызыл армия үшін ірі соғыс техникаларын
жасатуға қаражат жинау жөнінде бастама көтерді. Келесі 1942 жылы қараша
айында бұл патриоттық қозғалыс бүкіл елімізге кеңінен таралып, енді
қорғаныс қорына қаржы берудің негізгі арнасы осыған қарай ауысты. Бұлда
қорғаныс қорының құрамдас бөлігі болатын. Сондықтан кеңес патриоттарының өз
еркімен жинаған қаражаты, енді әскери техникамен қарудың белгілі бір
түрлерін жасату сияқты. Нақты мақсатқа жұмсалғанымен, олардың майданға
жалпы көмек ретінде Отан қорғау қорына белгілі мөлшерде қаражат беруі
соғыстың аяғына дейін тоқтаған емес. 1945 жылдың 10 қаңтарына дейін Қазақ
КСРО еңбекшілері қорғаныс қорына 177,1 млн сом ақша, 218,9 млн сом
облигация және басқа да қаражат есебінен үлес қосты.\1\.
Еліміздің қорғаныс қуатын нығайтуға бағытталған патриоттық қозғалыстың
негізгі бір бөлігі еңбекшілердің өз жанынан жинаған қаржысына майдандағы
армия үшін қосымша әскери техникамен қару-жарақ жасатуы болды. Соғыстың
алғашқы айларында қорғаныс қорына сай ісі қызу жүріп жатқан кезде өрістеп,
социалистік отанымызды қорғау жолында кеңестік патриотизмді жаңа белеске
көтерген бұл қозғалыс алғашқы күннен бастап, халық бұқарасы арасында кең
қолдау тапты. Ұрыс даласында ерлікпен шайқасып жатқан Қызыл армияға
пәрменді көмек көрсету мақсатымен тыл еңбеккерлері көтерген осы бастама,
бүкіл елімізге кеңінен таралып, бұған үлес қосуды әрбір кеңес азаматы
өзінің борышы деп санады.
Мемлекеттік жоспарлы тапсырмадан тыс еңбекшілердің өз қаржысына әскери
техника мен қару жарақтың көптеген түрлерін жасату, оның ішінде сол кездегі
стратегиялық және тактикалық қарудың танк пен самолет сияқты шешуші
түрлерін жасауға үлес қосты. Қеңес қарулы күштерін нығайтып қана қоймай,
бұл оның шын бүкілхалықтық армия екенін, оны қамқорлыққа алуда кеңестік
патриотизмнің мүмкіндіктері мол екенін көрсетті.
Сол кез үшін бұл әбден орынды өйткені 1942 жылдың соңына дейін КСРО бойынша
жастар қаржысына 174 танк, 10әуе эскадрильясы жасалса, соның ішіндегі 45
ауыр танк пен эскадрилья Қазақстан комсомол жастарының қаржысына жасалды.
Майдан мен тылдың бірлігі әрбір кеңес адамдарының бір мүддеге бағытталған
негізгі ниетін сан алуан патриот ық істерге баулыды. Бұрын соңды болмаған
патриоттық қозғалыс кеңес қоғамының барлық әлеуметтік топтарын қамтыды.
Республика комсомолдарының шақыруымен жасалған танк колоннасынан басқа
1941 жылдың күз айларында тағыла бірнеше осындай әскери техника түрлеріне
қаражат жинау жұмысы да қоса жүргізіледі.
1941 жылы қараша айының алғашқы күндерінде Алматыда №39 орта мектептің
оқушылар коллективі Куйбышев қаласынағы №13 орта мектеп мұғалімдерінің
үлгісімен республикалық барлық ағарту қызметкерлерін Халық мұғалімі атты
танк колоннасын жасауға шақырды мұны Қазақстандағы мектептер мен
педагогикалық оқу орындарының коллективтері қызу қолдап, өздерінің
жалақыларын қосқан жарнамаларынан басқа, жексенбіліктер өткізу және қосымша
жұмыстар істеу арқылы едәуір қаржы жинады. 1942 жылы шілде айына дейін
халық мұғалімі атты КСРО оқытушыларының бірінші танк колоннасына
республика мұғалімдері 826 мың сом ақша берді. Бірінші танк колоннасына
майданға аттанған соң, 1942 жылы шілде айында Алматыда №56 мектеп оқушылары
мен қызметкерлерінің ұсынуымен халық мұғалімі танк колоннасына қаржы
жинау онан әр жалғаса берді. Бұған республика ағарту қызметкерлері мен
педогогттары зор ынтамен қатынасты. Тек Қарағанды облысының мұғалімдері
қана осы мақсатқа 589675 сом қаржы қосты. 1943 жылы 17 қарашаға дейін
республика мұғалімдері өздерінің жасатып жатқан танк колоннасына 4 874 332
сом қаржы берді. Олардың сондай – ақ республика еңбекшілері құрастырып
жатқан басқада әскери техника түрлеріне қаражат бөліп отырды.
Соғыстың алғашқы айларында республика халық шаруашылығының кейбір салалары
бойынша да әскери техника үшін қаржы жинау жұмыстары жүргізіліп жатты.
Еңбекшілер қаражатына әскери техника мен қару жарақ жасау қозғалысының
алдыңғы сапында жұмысшы тобы болды. 1941 жылы желтоқсанда Түрксіб
магистралінің арасында Түрксіб атты бронепоезд жасату үшін көптеген
қосымша жұмыстар атқарды. Аз уақыт ішінде бронепоезд жасалып, оған қоса
жиналған 144940 сомға 14 вагоннан құралған санитарлық монша поезді
құрастырылды. Бұл монша поезд солтүстік батыс майданға жіберіліп, соғыстың
аяғына дейін Ленинград майданының әскерлеріне қызмет етті.\1\. 1941 жылы
желтоқсан айында алтын өнеркәсібі жұмысшыларымен қызметкерлері атынан
әскери әуе эскадриласын жасау жөнінде бастама көтерген Бергузин золото
және Енисей золото кеншілерінің шақыруына республикадағы Каззолото
тресінің кеншілері де істеп жауап берді.
Осы мақсатқа тек степняк руднигі мен Яблоневқа шахтасының жұмысшылары бір
күнде 54 сомға жуық ақша берді, көптеген қымбат заттар өткізді. Еліміздің
алтын өнеркәсібінің қызметкерлері соғыстың аяғына дейін бірнеше танк
колонналарымен әуе эскадрилаларын жасатып майданға жөнелтті.
Совет патриоттарының атқарып жатқан үлгісі істеріне мектеп оқушылары да
үзбей қатынасты. 1942 жылының басында Қостанай облысының пионерлері мен
оқушылары Қазақстан пионері атты танк жасатуға қаражат жинауға кірісті.
Мұны Қазақстан ЛКСМ Орталық Комитеті мақұлдап, Қостанай пионерлерінің
үлгілі ісі республиканың барлық мектептеріне таралды. Мысалы осы бастаманы
көтерушілердің бірі Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Ксеньев орта мектебінің
оқушылары сабақтан бос уақыттарында мекемелерге ағаш жару, егіс даласында
жұмыс істеу, жексенбіліктер өткізу, метал сынақтарын жинау арқылы 490 сом
ақша тауып, танк құрылысына берді. Мұндай жұмыстарға республикалық
пионерлері мен оқушылары қатынасты. Кейінен осындай жолмен жиналған 1,4
млн. Сомнан астам қаржыға Қазақстан пионері атты танк колоннасы жасалып
майданға ұрыстары қатынасқаны белгілі. 1941 жылдың аяғында республика
жастарының шақырумен басталған Қазақстан комсомолы истребительдер
эскадрильясына қаржы жинау жұмысы 1942 жылы қыза түсті. Соған әрбір
мекемемен шаруашылықтағы бастауыш комсомол ұйымдары бұл жұмыстың ұйытқысы
бола білді. Сондай – ақ екпінді колхозшылар, ауыл село коммунисттері мен
активі патриоттық үлгі көрсетіп, еңбекшілердің майданға көмегін ұлғайтуға
ұйытқы болды. Ақтөбе облысы Ойыл ауданындағы Құрман колхозының звено
жетекшісі Шығанақ Берсиев танк колоннасына 20 мың сом ақша, өз табысынан
100 пұт бидай қосты. Бұларға қосымша ол қызыл армияның астық қорына 252 пұт
бидай қосты.
Қазақстан колхозшысы танк колоннасына қаржы жинау зор патриоттық өрлеу
үстінде өтті. Жеңіс күнін жақындатуға жәрдем етуші қарапайым еңбек
адамдары, үй шаруасындағы әйелдер, мектеп оқушылары мен жастар бәрі де
саналықпен отанға берілгендіктің үлгісін көрсетті. Қысқа мерзім ішінде
орасан зор қаражат жиналды. Кеңес патриоттары соғыс кезеңінің қиындықтарына
қарамас ат қолдарындағы бар қаражатын жеңіс жолынан аяған жоқ. Танк
құрылысы ғана емес, басқа да әскери техника жасатуға республикада 50 мыңнан
300 мыңға дейін үлес қосқан жүздеген кеңес патриоттары есімі соғыс
жылдарының тарихында мәңгі қалды. Бұл тұрғыдан еске салатын кететін бір
нәрсе, кеңес адамдарының соғыстың қиын қыстау кезеңінде майданға көрсеткен
орасан зор көмегі мүсіркеушілік немесе қайырымдылық сипатында болған жоқ.
Қайта бұл Отан тағдыры шешіліп жатқан күрес күндерінде әркімнің ортақ мүдде
социалистік ел мен жарқын болашақ үшін күрестің айғағы болды.
Еңбекшілердің осы патриоттық қозғалысында ерекше үлгі көрсеткен. Қазақстан
колхозының танк колоннасына жасатуға жаршы болған Марток ауданының
колхозшылары болды. Олар аз уақыт ішінде 2513 мың сомға ақша, 11688 пұт
астық жинап тапсырды. Бұл бастаманы қызу қолдаған Қостанай облысы Қарасу
ауданы Дружный труд артелінің колхозшылары танк колоннасын жасауға екі
күн ішінде 500мың сом жинады. Олар сонымен бірге республика колхозшыларын
Қызыл армияның астық қорын көбейтуге шақырып, өз табыстарын 1000 пұт астық
берді.\1\.
Осы әскери техника мен қару жарақ түрлеріне қаражат жинау қозғалысына
өнеркәсіп орындарының жұмысшыларының, интелегенция өкілдері ,қала мен
поселке тұрғындары да асқан белсенділікпен қатынасты. Мысалы 1942 жылдың 23
қарашада Қарағандыдағы Киров ауданының №20, №18, №12 және Калинин атындағы
шахтерлердің коллективтері қала еңбекшілері Қарағанды шахтері атты танк
колоннасын жасауға шақырды. Патриоттар шешімі бойынша 25 қарашадан 25
желтоқсанға дейін танк колоннасының қорына жоспардан тыс көмір өндіру және
оны өндіріс орындарына жіберу айлығы өткізілді. Алғашқы күннен бастап
бассейн кеншілерінен басқа қала кәсіпорындары мен мекемелерінде істейтін
жұмысшылар, инженерлер оқу орындарының студенттері мен оқытушылары,
байланыс қызметкерлері және басқалары жұмыстан тыс уақытында шахталарға
барып, көмір шығаруға көмектесті. Олар осы еңбектеріне тиісті еңбек
ақыларын Қарағанды шахтері танк колоннасын жасауға берді. Тек желтоқсан
айының 20күні ішінде 20 мыңнан астам адам жұмыстан бос уақытында осы
мақсатқа еңбек етті. Бір айдың ішінде қала еңбекшілері танк колоннасын
жасату қорына100 мың тоннадан артық көмір өндірілді. Мұнан басқа
еңбекшілерден ақшалай көптеген қаржы түсті. Тек осы бастаманы көптеген
Киров ауданының кеншілері мен тұрғындары 1600 сом ақша беріп, 25588 тонна
көмір тиеді.
Танк колоннасын жасатуға республика теміржолшыларының да үлесі
зор үлесі зор, 1942 жылғы желтоқсанда Сары Өзек станциясының депо
коллективі Түркістан – Сібір теміржолының жұмысшылары мен қызметкерлерінің
Түрксіб танк колоннасын жасауға шақырды. Мұны теміржол бойындағы барлық
станция коллективтері қызу қолдап, өз қаражаттарынан аз күн ішінде бірталай
қаржы жинады. Бұған Шар станциясының машинисті Темірхан Темірханов 10 мың
сом, Көшкентай станциясының жұмысшысы Смоитов 5000 сом берді. Бұлармен
бірге магистральда еңбек етуші мыңдаған патриоттар белсенділік
көрсетті.\1\. 1943 ж. 21 қаңтар Түрксіб теміржолының бас қоймасы Қазақстан
Компартиясы Орталық комитетінде патриоттардың 3237746 сом қаржы жинағаны
жөнінде рапорт беріп, бұл танк колоннасына Түрксібшілер есімін бергізуді
сұрады.\2\.
1943жылы 11 қаңтарда Қарағанды теміржолындағы Бурабай станциясының депо
коллективі де Қарағанды теміржолшысы танк колоннасына қаржы жинай
бастады. Бұл үндеуге жауап ретінде жол бойының жұмысшылары мен
қызметкерлері 17 қаңтарда жексенбілік өткізіп, түскен қаржыны осы қорға
берді. Бұған магистралдік барлық бөлімшелер бойынша сол жылғы қаңтарға
дейін 4269570 сом қаржы жинады. Тек бір ғана Бурабай бөлімшесінің темір
жолшылары 1 млн. сомнан астам қаражат берді.
Қарағанды теміржолшылар сонымен бірге самолет жасатуға 305172 сом жинады.
1944 жылдың аяғына дейін осы магистраль еңбекшілері танк жасату қорына
барлығы 4, 5 млн сом қаражат жиналды. Бұлардан Сталино - Магнитогорск
теміржол құрылысының коллективі де қалысқан жоқ. Әскери техника мен қару
жарақ жасатуға оларда 1299270 сом жарна берді. Республикалық Социалистік
Қазақстан және Казакстанская правда газеттерінің қазақ радиосымен,
қазақ телеграф агенттігінің және Алматыдағы 1 баспахана коллективтерінің
бастауымен авиациялық бір звено самолеттеріне қаржы жинады. Ол звено
Қазақстанның большевиктік баспасы деп аталды. Ал республикалық кино
студия коллективі Советтік кино қызметкерлері атты танк жасату үшін 125
мың ақша берді. 1943 жылы Искусство қызметкерлері танк колоннасына
Алматыдағы өнер қайраткерлері мен театр қызметкерлері 156 мың сом қаражат
жинап, оған қоса арнайы 6 спектакль қойды. Мұнан түскен 90 мың сом танк
құрылысына берілді. Мұндай патриоттық іске Қазақстанның денсаулық сақтау
органдарының қызметкерлері де үлес қосты. Эпидемиология және
микробиология институты коллективінің үлгісімен Қазақстанның медицина
қызметкерлері танк колоннасына және сол аттас авиация эскадрильясына 8111
мың сом қаржы жиналды. Республика ғылым академиясымен басқа да ғылыми
мекеме қызметкерлерінің күшімен Озат ғылым үшін танк колоннасын жасауға
532500 сом ақша жиналды.
Бүкілхалықтық патриоттық қозғалысқа жоғары оқу орындарының
студенттері де қатысты. Олар 1943 жылы қаңтар айының бас кезінде С.М.
Киров атындағы қазақ мемлекеттік университетінің студенттері көтерген
бастаманы қызу қолдап, қысқа мерзім ішінде Совет студенті танк
колоннасына 589082 сом ақша жинап қосты.\1\.
Республика заң орындарының қызметкерлері де өз арасында әскери техникаға
қаражат беру жұмыстарын ұйымдастырды. Ал Алматы облыстық адвокаттар
коллегиясының ұсынумен совет адвокаты атты танк колоннасын жасауға қаржы
жинады.
Қазақстан еңбекшілерінің патриоттық қозғалысы нәтижесінде мұнан басқада әр
түрлі әскери техника түрлеріне қаражат жиналып, соғыстың аяғына дейін
тоқталған жоқ. Олардың ішінде Совет фискультурнигі, Қазақстан жеңіл
өнеркәсіпшілері, Қазақстан өнері және тағы басқа аттармен танк және
самолет құрылысына қаржы жинағаны мәлім. Соғыс жылдарында м
айданға көмек көрсетуде ерекше еңбек еткендер қатарында республика әйелдері
де болды. Әлия мен Мәншүк атындағы танк колоннасынан басқа, олар жауынгер
анасы атты бірнеше самолетке қаржы өткізді.
Қарағанды қаласының әйелдері өздерінің қаражатына Қарағанды әйелдері атты
санитарлық авиация звеносын жасатты. Қалалық партия комитетінің әйелдер
арасындағы жұмыс бөлімінің меңгерушісі Г. Мұхамедиярова, №33 - №34 шахта
әйелдер совет інің председателі Г. Тутеева, №1 стахановшы тіркеушісі Ш.
Сағындықова, №3 бас шахтасының көмір шабушысы Ж. Мұқанова және басқалары
бұл жұмысқа ұйытқы болды.
Кеңес қарулы күштерін нығайту жолындағы патриоттық жұмыс осылай өрбіп,
соғыстың аяғына дейін тоқталған жоқ. Еңбекшілердің жеке меншігіндегі
қаражатына жасалған әскери техника мен қару жарақ түрлері Қызыл Армияның
шабуыл қарқынын күшейтуіне септігін тигізді.
Соғыс жылдары Кеңес халқының қорғаныс қоры иен Қызыл Армияны жабдықтауға
берген қаражатының көлемі 16 млрд. сомнан асты. Оған қоса еңбекшілер 13 кг.
платина, 131 кг. алтын, 9519 кг. күміс, 1,7 млрд. сомның басқада қымбат
заттарын, 15 млн. сомдық шетел валютасын, 4,5 млрд. сомдық мемлекеттік заем
облигацияларын, 500 млн. сомнан астам кассада сақтаулы өз қаржысын
берді.\1\. Әрине мұның бәрі бірдей тек әскери техника мен қару жарақ
жасауға кеткен жоқ. Оның бірталай бөлігі оқ дәрі снаряд және басқа қажетті
соғыс құралдарын жасауға, шаруашылықтың әртүрлі мұқтажына жұмсалды. Соғыс
кезеңінде Кеңес адамдарының патриоттық сезімі мен өз жанынын берген
қаражатына 2,5 мыңнан астам әскери самолет бірнеше мың танк пен зеңбірек
қарулары, 20 дан астам сүңгуір қайықтар мен әскери катерлер, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шамамен олардың 410 мыңы қазақстандықтар
Қазақ жеріндегі радионың пайда болуы мен даму кезеңдері
Орталық Қазақстандықтардың 1940-1945 жылдардағы шаруашылығы
Қазақстандықтардың майдан мен тылдағы ерлігі
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың ерен ерлігі
Соғыс жылдарындағы тылдағы еңбеккерлер
1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі Қазақстан тарихының тарихнамасы (1941-2010 жылдар)
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы соғыс және еңбек майдандарындағы қазақстандықтар
Сауда қатынасының дамуы
Қазақ халқының ұлт азаттық қозғалысының үшінші кезеңі (ХІХ ғ. соңғы ширегі-ХХғ. басы)
Пәндер