Қазақ тіліндегі өлшем бірліктеріне қатысты лексикалық қабат



КІРІСПЕ
1 ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ӨЛШЕМ БІРЛІКТЕРІНЕ ҚАТЫСТЫ ЛЕКСИКАЛЫҚ ҚАБАТ
1.1 Уақыт пен кеңістіктегі өлшем бейнесі
1.2 Өлшем атауларына байланысты қолданылатын терминдер
1.3 Өлшем атауларының зерттелу тарихы және этнолингвистика
1.4 Өлшем мәнді этнографизмдер мен этнофразеологизмдер
2 ӨЛШЕМ АТАУЛАРЫНЫҢ ЭТНОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ СИПАТЫ
2.1 Ұзындық өлшем атауларының этнолингвистикалық сипаты
2.2 Қазақ тіліндегі мезгіл атауын білдіретін синонимдік қатарлар
2.3 Арақашықтық өлшем атауларының этнолингвистикалық сипаты
2.4. Салмақ.көлем мәнді атаулардың этнолингвистикалық сипаты
2.4. Салмақ.көлем мәнді атаулардың этнолингвистикалық сипаты
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Бітіру жұмысының өзектілігі. Әлем бейнесін тану үрдісінде өздерінің мәдени этнотанымы арқылы бір нысанның екінші бір нысаннан алыс немесе жақын, ұзын немесе қысқа, ауыр немесе жеңіл, қалың немесе жұқа екенін анықтау барысында этнос мүшелері өздерінің когнитивтік санасындағы ақпарат дүниелермен ассоциациялау, салыстыру, теңеу негізінде ежелгі өлшемдік ұғымдар жүйесін дүниеге әкелген.
Өлшемді адамдар, ең алдымен, практикалық қызметте меңгереді және өз қарым-қатынастарында әртүрлі өлшем бірліктерін өздері жасайды. Сондықтан да олардың күнделікті іс-әрекеттік қатынастары мен ойлау жүйесінде өлшем жөнінде ментальдық таным-түсініктер шоғырланып, соны тілдік таңбаға салып атау етіп бекітті.
Замандар ағымында даралана түскен нақты өлшемдік бірліктердің көпшілігі ерте уақытта қарапайым, қарадүрсін өлшеу жүйелері негізінде жіктелді. Ғаламшарды мекен еткен әртүрлі этностар мен тайпалардың өзіндік өмір сүру формасына орай мәдениеті, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, ырым-жоралғысы, моралі, діні, тілі болатын сияқты өлшем туралы таным-түсініктері де аталмыш қасиеттеріне сәйкес ментальдық ерекшеліктеріне негізделді. Бұл өлшемдік жүйелердің этнолингвистикалық ішкі мағынасы мен мазмұнында халықтың ментальдық ерекшеліктеріне негізделді.
Бұл өлшемдік жүйелердің этнолингвистикалық ішкі мағынасы мен мазмұнында халықтың дүниетанымы мен мәдениеті қоршаған ортадағы нысандардың сан алуандығы, шұғылданған шаруашылығы материалдық тұрмыс-тіршілігінде қолданылатын құрал-жабдықтары, тұрған жерінің географиялық ландшафтары сияқты көптеген сыртқы факторлардың сипаты көрініс береді.
Ежелгі халықтың өлшемдердің бір тобы нысанның ұзындығын білдіруде қолданған дене мүшелері мен құрал-сайман атаулары болды. Қарыс, сүйем, елі, құлаш, шабан, шынтақ, арқан, құрық, қамшы сияқты дене мүшелері мен құрал-саймандар алғашында өздерінің негізгі қызметтерін атқарса, дами келе адам қажеттілігі үшін өлшеу құралдарының қызметтерін атқарып тілдік ұжымның этнотанымында семантикалық жағынан дамып өлшемдік мәнге ие болған. Бұл өлшем бірліктері нақты ортақ өлшем, меже, шаманы анықтағаннан гөрі әр адамның дене бітімінің өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес өлшемі, межесі анықталып отырған.
Сөздік қорымыз бен метрологиялық лексиканың аса құнарлы қабатын құрайтын өлшем бірліктерінің бірі – арақашықтық өлшем мағынасын білдіретін тұрақты тіркестер. Олардың пайда болуы мен қалыптасуы, негізінен, сол халықтың күнделікті тұрмыс-тіршілігіндегі мал шаруашылығы, көшіп-қонуы, мекен-жайы сияқты түрлі нысандарды салыстырып теңеу сияқты өмір қажеттілігінен туындаған.
1. Ахундов М.Д. Концеции пространства и времени. М., Наука, 1982.
2. Гегель Наука логики. М., Наука, 1984.
3. Петрушевский Ф.И. Общая метрология. Санкт-Петербург, Просвещение, 1931.
4. Молчанова Л.А. Народная метрология. Минск. Наука и техника, 1973.
5. Уәлиханов Ш.Ш. Таңдамалы шығармалар. А., Жазушы, 1985.
6. Аққошқаров Е. Халық арасына кең тараған байырғы өлшемдер// Қазақ тілі мен әдебиеті. А., 2000, №11 – 54 б.
7 Тілеубекұлы Т. Сандар әлеміне саяхат. Қарағанды, 1999.
8 Жанпейісов Е.Н. Этнокультурная лексика казахского языка А., Наука, 1989.
9 Бичурин Я. Собрание сведений о народах обетавших в Средней Азии в дарение времена. Т. 2. Ч.3. М.-Л. 1950.
10 Базен Л. Концепция возраста у древних тюрков// зарубежняя тюркология М., 1986.
11 Кейкін Ж. Қазақи атаулар мен байламдар. А., 2000.
12 Сейдімбеков А. Қазақ әлемі. А., 1997.
7. Ақпанбек Ғ. Қазақтардың дүниетанымы. А., қазақ университеті, 1993.
8. Дмитриев Н.К. Строй тюркских языков. М., 1962.
9. Ысқақов Ә. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. А., Ана тілі, 1991.
10. Ахмедова Ж.К. Казахские народные наименования понятий об измерениях канд. дисс. А., 1975.
11. Хасенов Ә. Тіл білімі. А., Санат, 1996.
12. Болғанбаев Ә. Өлшемдік ұғымды білдіретін сөздер мен сөз тіркестері. // Қазақ тілінің түсіндірме сөздігін жасау тәжірибелері. А., 1989.
13. Сайрамбаев Т. Күрделі сөз тіркестерінің кейбір мәселелері. А., 1976.
14. Руский язык. Большая российская энциклопедия. М., 1998.
15. Қордабаев Т. Жалпы тіл білімі А., 1975.
16. Копыленко М.М. Основы этнолингвистики. А., Евразия, 1995.
17. Толстой Н.И. О предмете этнолингвистики ее роли в изучении языка и этноса // Арреальные исследования в языкознании и этнографии язык и этнос. Ленинград, 1983.
18. Қайдаров Ә.Т. Қазақ тілінің өзекті мәселелері. А., 1998.
19. Қайдаров Ә.Т. Қазақ тілінің өзекті мәселелері. А., Ана тілі, 1998.
20. Ғабитхан Қ. Қазақ тіліндегі наным-сенімге байланысты тұрақты тіркестер. Кан.дисс. А., 1195.
21. Толеубаев А.Т. Реликты доисламских веровании в семейной обрядности казахов. А., Ғылым, 1991.
22. Ахметьянов Р.Г. Общая лексика материальной культуры народов Среднего Поволжья. М., 1989.
23. Мартынов А.С. К проблеме обмена на фальской периферии при династии Мин п. // История, культура, языки народов Востока. М., 1970.
24. Севортян Э.В. Аффиксы именного словообразования в азербайджанском языке. М., 1966.
25. Ашикбаева Б.Г. Этнолингвистические мотивы образования фразеологизмов пространственно-временной ориентации в казахском языке и способы их передачи на русском языке. // Қ.А. Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті Хабаршысы. Түркістан, №4-5, Шілде-қазан. 2002 ж.
26. Балақаев М. Қазақ әдеби тілі.А., Ғылым, 1984.
27. Салқынбай А. Тарихи сөзжасам (семантикалық аспект). А., 1999.
28. Аблақов Ә., Исаев С., Ағманов Е. Қазақ тіліндегі сөз тіркесінің дамуы мен лексикалану процесі. А., 1997.
29. Момынова Б. Газет лексикасы (жүйесі мен құрылымы) А., Арыс, 1999.
30. Муратов Н.С. Устойчивые словосочетания в тюркских языках. М., 1961.
31. Шанский Н.М. Фразеология современного русского языка. М., 1963.
32. Сағындықұлы Б. Қазақ тілі лексикасы дамуының этимологиялық негіздері. А., 1994.
33. Юдахин И.И. Киргизско-руский словарь М., 1965.
34. Қинаятұлы Б. Қазақ халқының дәстүрлі өлшемдері туралы // Ана тілі. 1995.
35. Ахметов Ә. Ырымдардың негізінде қалыптасқан түркі халықтарының табу мен эвфемизмдері // ҚР ҰҒА Хабарлары. Тіл, әдебиет сериясы. А., 1995.
36. Уәлиев Н. Кейбір этнографизмдердің лексика-семантикалық аясы // Ұлт тағылымы. 2000, №1, 148 б.
37. Диваев Ә. Тарту. А., Ана тілі. 1992.
38. Қайдаров Ә.Т. Структура односложных корней и основ в казахском языке. А., 1986.
39. Нұрмағамбетов Ә. Сөз сырына саяхат. А., 1988.
40. Базылхан Б. Қазақша-моңғолша сөздік. Ұлан-Батор, 1984.
41. Смағұлова Г. Мағыналас фразеологизмдер сөздігі. А., 1998.
42. Сыздықова Р. Қадырғали Жалаиридің “Жамиғ ат-тауарих” атты шығармасының тіліндегі тұрақты сөз тіркестері.//Ескі түркі жазба ескерткіштері туралы зерттеулер. А., 1983.
43. Романова Г.Я. Наименования мер длины в русском языке. М., 1975.
44. Иманалиева Р. Этнолингвистические вопросы изучения средств выражения пространственных представлении в казахском языке. Автореф. к.ф.н. А., 1989.
45. Болғанбаев Ә. Синонимдер сөздігі. А., Ғылым. 1970.
46. Хинц. В. Мусульманские меры веса с переводом в метрическую систему. М., 1970.
47. Күркебаев К. Қазақ тіліндегі жылқы атауларына байланысты өлшем бірліктер. // ҚазҰУ Хабаршысы, 2001. №7.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 72 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Бітіру жұмысының өзектілігі. Әлем бейнесін тану үрдісінде өздерінің
мәдени этнотанымы арқылы бір нысанның екінші бір нысаннан алыс немесе
жақын, ұзын немесе қысқа, ауыр немесе жеңіл, қалың немесе жұқа екенін
анықтау барысында этнос мүшелері өздерінің когнитивтік санасындағы ақпарат
дүниелермен ассоциациялау, салыстыру, теңеу негізінде ежелгі өлшемдік
ұғымдар жүйесін дүниеге әкелген.
Өлшемді адамдар, ең алдымен, практикалық қызметте меңгереді және өз
қарым-қатынастарында әртүрлі өлшем бірліктерін өздері жасайды. Сондықтан да
олардың күнделікті іс-әрекеттік қатынастары мен ойлау жүйесінде өлшем
жөнінде ментальдық таным-түсініктер шоғырланып, соны тілдік таңбаға салып
атау етіп бекітті.
Замандар ағымында даралана түскен нақты өлшемдік бірліктердің
көпшілігі ерте уақытта қарапайым, қарадүрсін өлшеу жүйелері негізінде
жіктелді. Ғаламшарды мекен еткен әртүрлі этностар мен тайпалардың өзіндік
өмір сүру формасына орай мәдениеті, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, ырым-
жоралғысы, моралі, діні, тілі болатын сияқты өлшем туралы таным-түсініктері
де аталмыш қасиеттеріне сәйкес ментальдық ерекшеліктеріне негізделді. Бұл
өлшемдік жүйелердің этнолингвистикалық ішкі мағынасы мен мазмұнында
халықтың ментальдық ерекшеліктеріне негізделді.
Бұл өлшемдік жүйелердің этнолингвистикалық ішкі мағынасы мен
мазмұнында халықтың дүниетанымы мен мәдениеті қоршаған ортадағы нысандардың
сан алуандығы, шұғылданған шаруашылығы материалдық тұрмыс-тіршілігінде
қолданылатын құрал-жабдықтары, тұрған жерінің географиялық ландшафтары
сияқты көптеген сыртқы факторлардың сипаты көрініс береді.
Ежелгі халықтың өлшемдердің бір тобы нысанның ұзындығын білдіруде
қолданған дене мүшелері мен құрал-сайман атаулары болды. Қарыс, сүйем, елі,
құлаш, шабан, шынтақ, арқан, құрық, қамшы сияқты дене мүшелері мен құрал-
саймандар алғашында өздерінің негізгі қызметтерін атқарса, дами келе адам
қажеттілігі үшін өлшеу құралдарының қызметтерін атқарып тілдік ұжымның
этнотанымында семантикалық жағынан дамып өлшемдік мәнге ие болған. Бұл
өлшем бірліктері нақты ортақ өлшем, меже, шаманы анықтағаннан гөрі әр
адамның дене бітімінің өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес өлшемі, межесі
анықталып отырған.
Сөздік қорымыз бен метрологиялық лексиканың аса құнарлы қабатын
құрайтын өлшем бірліктерінің бірі – арақашықтық өлшем мағынасын білдіретін
тұрақты тіркестер. Олардың пайда болуы мен қалыптасуы, негізінен, сол
халықтың күнделікті тұрмыс-тіршілігіндегі мал шаруашылығы, көшіп-қонуы,
мекен-жайы сияқты түрлі нысандарды салыстырып теңеу сияқты өмір
қажеттілігінен туындаған.

Халқымыздың ой-тұжырымында, өмір-тәжірибесінде заттың, нәрсенің салмақ-
көлемін нақты өлшегеннен гөрі, оның ауқым-көлемін өздері тұрған заттардың
көлем-мөлшеріне қарап ажыратуды үрдіс еткен.
Сұйық заттар мен шашылып-төгілетін заттардың салмақ-көлем өлшемдері
өздері тұрған мес, саба, қарын, табақ, қап, дағар, бүйен сияқты салынған
ыдыс-аяқтарының көлем-мөлшер ерекшеліктеріне сәйкес әрқилы қалыптасқаны –
соның айғағы.
Сонымен ата-бабаларымыз әлем бейнесіндегі нысандардың орналасу
тәртібін, ұзындығы мен қашықтығын, салмақ-көлем мөлшерін өзінің тұрмыс-
тіршілігіндегі этнотанымдық табиғатымен байланыстыра болжай алған. Таңның
атысы мен күннің батысы тәулікті, уақытты сағатпен, салмақ пен көлемді
безбен мен таразы арқылы арақашықтық пен ұзындықты километр мен метр сияқты
нақты өлшеу құралдарымен өлшенсе де, соның бәрінің өлшемін өзінің
күнделікті тұрмыс-тіршілігіндегі өмірлік тәжірибесінен ала білген.
Сондықтан бұл өлшем, меже, шамалар өз заманының мәдени келбетінен берері
мол, ұғымдық мазмұны терең, өзіндік ойлау жүйесіндегі этнотанымдық
ерекшеліктерін айқындайтын құнды дүниелер.
Зерттеудің нысаны. Қазақ тіліндегі өлшем бірліктерінің тарихи,
этнолингвистикалық сипаты жұмыстың негізгі нысаны саналады.
Бітіру жұмысының мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың негізгі мақсаты –
қазақ тілі жүйесіндегі уақыт, салмақ-көлем, кеңістік өлшем бірліктерін,
олардың этнолингвистикалыық сипаттарын айқындау. Осы мақсатқа сай жұмысты
жазу барысында мынадай міндеттер қойылды:
– қазақ тіліндегі өлшем бірліктеріне қатысты лексикалық қабаттың
зерттелу жайын саралау;
– ұзындық өлшем атауларының этнолингвистикалық сипатын анықтау;
– арақашықтық өлшем атауларының этнолингвистикалық сипатын көрсету;
– салмақ-көлем өлшем атауларының этнолингвистикалық сипатын анықтап,
ерекшеліктерін қарастыру.
Бітіру жұмысының жаңашылдығы. Бітіру жұмысының жаңашылдығы қазақтың төл
мерзім, салмақ, ұзындық өлшемдерінің талдануымен сипатталады.
Бітіру жұмысының теориялық және әдіснамалық негіздері. Бітіру жұмысында
қазақ өлшемдерінің қалыптасуы мен танымдық мәні теориялық тұрғыдан
қарастырылып, зерделенеді. Сонымен қатар Орхон-Енисей жазба
ескерткіштері, М. Қашқаридың “Диуани лұғат ат-түрк” еңбегі,
“Древнетюркский словарь” сөздігі, В.В. Радловтың “Опыт словаря тюркских
наречии” атты сөздігі, Э.В. Севортянның “Этимологический словарь тюркских
языков” атты сөздігі, “Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі (жекелеген
томдары)”, Е.Жанпейісовтің, Е.Аққошқаровтың, К. Күркебаевтың зерттеу
еңбектері.
Бітіру жұмысының практикалық маңызы. Бітіру жұмысында жинақталған
материалдарды қазақ өлшем бірліктері сөздігін жасауға пайдалануға болады.
Бітіру жұмысында қолданылған әдістер. Семантикалық, ономасилогиялық
аспектілер негізге алынып, диахрондық, синхрондық тұрғыдан зерттеуде тарихи-
салыстырмалы әдіс пайдаланылды.
Жұмыстың құрылымы. Бітіру жұмысы кіріспеден, екі тараудан,
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ӨЛШЕМ БІРЛІКТЕРІНЕ ҚАТЫСТЫ ЛЕКСИКАЛЫҚ ҚАБАТ

1.1 Уақыт пен кеңістіктегі өлшем бейнесі
Әлемнің тілдік бейнесін танудағы ұғым мен түсініктің бірі – уақыт пен
кеңістік категориясы. Ғалымдар уақыт пен кеңістік категориясына ерте кезден
бастап-ақ ерекше назар аударған. Бұл категорияларды философия, физика,
математика, логика, геометрия, астрономия және тіл білімі сияқты ғылымдар
тұрғысынан зерттеу нысандарына айналдырған.
Платон, Аристотель, Демокрит сияқты ежелгі грек оқымыстылары кеңістік
пен уақыт категориясының ішкі мәніне қатысты жан-жақты зерттеулер жасап,
бұл ұғымдар туралы қарама-қйшылығы мол пікірлер қалыптастырғаны белгілі.
Ежелгі Греция философтары уақыт пен кеңістікті космогониялық тұрғыдан
елестетсе де, осы категория туралы Аристотельдің ой-пікірлері кейінгі
дәурдегі зертеу еңбектеріне орасан зор ықпал етті. Мұны зерттеуші М.Д.
Ахундов орынды атап өтеді: Концепция Аристотеля определила рубеж, с
которого начинается высоко развитая метафизика пространства и времени [1,
119 б.].
Әлем бейнесіндегі уақыт пен кеңістік жүйесінде ерекше көрініс беретін
бірліктер – өлшем бірліктері. Бұл қабаттағы өлшем бірліктер дегеніміз –
белгілі бір нәрсені бір тектес басқа бір нәрседен айыра, салыстыра
айқындайтын бірлік [ҚСЭ, 5 б.]. Ол адамзат баласының күнделікті іс-әрекеті
нәтижесінде белгілі бір санды, сапаны, шаманы, мөлшерді, межені анықтау
барысында пайда болған. Өлшем – тиісті өлшеуіш аспаптардың көмегімен
ғылыми-зерттеуді эмпирикалық деңгейге іске асыратын, материалдық
нысандардың сипаттамаларын (салмағы, ұзындығы, нүктелік шамасы, жылдамдығы)
анықтайтын танымдық рәсім. [Ф.С. 322 б.]. Өлшем категориясына философия
тарихында алғаш кең көлемде талдау жасаған немістің ғұлама ойшылы Г.Гегель
болды. Оның ойынша, болмыстың өзге формаларынан оралып, өзіне-өзінің
қатынасының болуында, болмыс тікелей өзіне-өзінің тепе-теңдігінен, өзіне-
өзінің дәнекерленген қатынасына келеді. Өлшем даму процесінде сапаның
бұрынғы қалпын қайтадан орнықтыру емес, сол сапаның сандық өзгерістегі
толыса өзгерген дәрежесі. Өлшем дегеніміз – сапаның анықталған саны, өлшем
бәрінен де бұрын тұрмыс тіршіліктің аясында анықталған сандар, мөлшерлер,
межелер, шамалар жүйесі, - деп ой қорытады [2, 257 б.].
Өлшем бірліктері бүтіннің бөлшегі ретінде кеңістік қатынасының
құрамдас бөлігі болып саналады. Осы кеңістік қатынасындағы көлденең және
тік жүйелердің арақатынасын анықтауда, ертеде өлшем бірліктері зор рөл
атқарғанын қоғамның қалыптасуы мен даму сатысынан көруімізге болады. Әрине,
өлшемдік, мөлшерлік, межелік жүйелердің өмірге келуі – адам санасының
жемісі. Өлшемді адамдар, ең алдымен, практикалық қызметте меңгереді және өз
қатынастарында әртүрлі өлшемдерді өздері жасады. Сондықтан да олардың
күнделікті іс-әрекет қатынастары мен ойлауында өлшем жөнінде түсініктер
болды, соны атау сөздермен бекітті.
Әлем бейнесін тану үрдісінде адам өзінің көз алдында пайда болған
заттар мен қоршаған ортадағы құбылыстардың сан-қилылығын, ол заттардың
қажеттілік барысында қызметінің бірнеше рет қайталанғандығын,
қайталанатындығын, көп вариантты арақатынастарын ашу мақсатында өлшем,
мөлшер ұғымын қалыптастырған. Осы өлшем, мөлшер ұғымы қоршаған ортадағы
әлем бейнесінен өзінің танымы арқылы бір нысанның екінші бір нысаннан алыс
немесе жақын, ұзын немесе қысқа, биік немесе аласа, аз немесе көп, ауыр
немесе жеңіл, қалың немесе жұқа, таяз немесе терең екенін анықтау барысында
соларды есепке алуды қалыптастырумен, жетілдірумен өлшемдік, мөлшерлік,
межелік, сандық, шамалық сипаттарын белгілеу дамыта жүргізіліп отырған.
Осыған орай, өлшем, әдетте, мөлшердің онтологиялық іргетасының көрінісі мен
сипаты, уақыт пен кеңістік шеңберінің ара қатынасы тұрғысынан бейнеленді.
Бұл процестер танымның ұзақ даму желісінде айқындала түскен.
Уақыт өте келе дараланған нақты өлшемдік қатынастардың көпшілігі
алғашқы кездерде қарапайым, қарадүрсін өлшеу жүйелері негізінде жіктелген
еді [3, 6 б.].
Ежелгі қауымдық құрылыста адамдар тұрмыс-тіршілігінің негізгі көзі
аңшылық, егіншілік, және мал шаруашылығы болғандықтан, солардың есебін сан-
мөлшерін, межесін, шамасын белгілі бір өлшемдік таңбалармен белгілеу керек
болды. Осындай қажеттіліктер негізінде ежелгі өлшемдік жүйелер дүниеге
келді. Өлшем тарихы туралы зерттеулердің деректеріне қарағанда еңбек
процесінің даму нәтижесінде қоршаған ортадағы заттар мен нәрселерді
өлшеудің маңызы зор еді. Бұған негіз болып адамның дене мүшелері алынды.
Яғни ең алғашқы өлшем құралдары қызметін адамның дене мүшелері атқарған.
Дене мүшелерінің қызметінің ауқымдылығы сонша, олар ұзындықты, биіктікті,
қалыңдықты өлшеуде жиі жұмсалғандығы сондай, кейде көлем мен салмақ
өлшемдерін анықтау барысында да қолданылатын болды. Бұған зерттеуші Л.А.
Молчанованың төмендегі мына бір пікірін келтіруімізге болады: У славянских
и неславянских народов широко известны две меры. Связанные с пальцем: одна
определяется шириной пальца руки, чаще всего большого при его основании,
другая длиной. Узнать, о какой именно мере идет речь, можно только по
контексту или общему содержанию разговора, так как у восточнославянских
народов обе меры называются одним термином палец или перст, Длина
пальца чаще всего употребляется в метафорических сравнениях [4, 18 б.].
Яғни адамзат баласы танымның жіктелуі барысында қоршаған ортадағы
заттардың, нәрселердің ауқымын анықтау барысында өздерінің қолын, саусағын,
шынтағын, бармағын, аяғын, табанын, бойын пайдаланған. Бұл әлемдегі
көптеген халықтардың ежелгі өлшемдеріне ортақ тән құбылыс болған.
Пифагордың барлық заттар өлшемі адамның өзі деген тұжырымы осыған сәйкес
айтылса керек.
Өлшемнің көне, алғашқы үлгілерінің қарапайым, әрі қарадүсін болуы
өлшемдік бірліктердің кез келгеннің шарттылығы өзінің бөлшектеріне тең
болумен байланысты еді. Осыған орай, метрология тарихын зерттеген ғалым
Ф.И. Петрушевский бұл өлшемдер туралы: ежелгі халықтық өлшемдер жүйесі ең
алғашқы және табиғи болып келеді, – дей отырып; Өлшемдер ішінен ұзындық
өлшемі бәрінен көне. Ол барлық халықтарға тән, оның негізгі бөлшектері фут
(табанға сәйкес) болса, кейде ол шынтаққа сәйкес келеді, – деп
тұжырымдайды [3, 6 б.].
Дегенмен, жер бетіндегі халықтардың өлшем туралы таным түсініктерінің
барлығы бірдей емес. Мәселен, өлшем туралы шығыс халықтарының таным-
түсінігі бойынша, дүниенің көлденең өлшемі әлемнің төрт бұрышынан
басталады. Олар: оңтүстік, солтүстік, шығыс, батыс.
Жаратылыстанудың мифологиялық моделінің тігінен алынған үлгісін әлем
халықтары Әлем ағашы (Мировое дерево) десе, арғысы түркілер, бергісі
қазақтар оны Бәйтерек деп таныған.
Шығыстың мифологиялық танымы бойынша, әлемнің тік өлшемі үш бөліктен
тұрады:

Жоғарғы әлем
тәңірлер әлемі
Ортаңғы әлем
адамзат әлемі
Төменгі әлем
аруақтар әлемі

Аталмыш тік өлшемдер туралы Ш. Уәлиханов төмендегіше ой түйіндейді:
Аспанда да адамдар тұрады, белбеуді тамағынан буынады, біз әлемнің
ортасында тұрамыз. Белбеуді белімізден буынамыз, ал жер астында тұратындар
белбеуді аяқтарынан буынады [5, 181 б.].
Ертедегі халықтар ішінен жүйеге келтірілген өлшемдер ежелгі
вавилондықтарда кездеседі. Олар тәулікті күн мен түнге ажырату, теңдей етіп
12 мерзімді бөлікке бөлуді білген. Ыдыстағы судың толық ағып бітетін
уақытын, су сағаты деп атау да осы вавилондықтардан бастау алған.
Қоғамның дамып, түрлі қарым-қатынастардың ұлғаюына байланысты
вавилондықтарда пайда болған ұзындық, арақашықтық, салмақ-көлем сияқты
өлшемдер басқа халықтардың тілдерінен енген деген пікірлер бар [6, 46-б7
бб.].
Дегенмен, әр елде қоғамдық қатынас күшейіп, сауда-саттық дамыған кезде
өлшемдер жүйесін реттеп, бірізділікке түсіру қажеттілігі туындап отырған.
Мысалы, Бұл мәселе Грецияда өмір сүрген Салон билеген дәуірде (б.э.д ІҮ
ғасыр) қолға алынды. Ол кезде таба өлшемі шамамен 297 мм болса, ал сусымалы
заттарды өлшеуге медми өлшемі алынды, ол 52, 2 лиртге тең болған. 1324
жылы ағылшын королі ІІ Эдуард тағайындаған дюйм өлшемі гректердің осы
өлшеміне сәйкес келген [7, 73 б.].
Мәселен, осы кездегі қолданылатын дюйм өшемі бас бармақтың үлкен
буынының бүгілгендегі өлшеміне тең келетін болған. Бұл өлшем қазақ халқының
қазіргі бармақ өлшеміне сәйкес келген.
Осындай өлшемдік ұғымдардың әр ру, тайпа, этноста болғанын олардың
анықтайтын өлшем, меже, шамаларының, семантикалық белгілерінің біріне
сәйкес келетіндігін метрологиялық зерттеулерден байқауымызға болады.
Әсіресе, бұл көптеген халықтарда өлшеу қызметін атқарған дене мүшелері
атауларымен байланысты. Ағылшын тіліндегі фут өлшемі қазақ халқының байырғы
өлшемі табанға сәйкес келсе, парсының аршыны қазақтың шынтақ, орыстың
локоть өлшемдеріне, көптеген славян халықтарына тән пядь өлшемі қазақтың
қарыс, сүйем атауларына семантикалық жағынан сәйкес келіп жатады.
Қоғамның даму үрдісіне орай, адам қызметі үшін өлшеу қажеттілігі
артып, танымал бір өлшемнің негізінде екінші бір өлшеу бірлігі туындап
жатады. Мәселен, ағылшын королі Генрих 1101 жылы шынтақтың ұзындығына тең
келетін Ярд өлшемін өзі бұйрық беріп тағайындаған. Мұндағы шынтақтың
ұзындығы бір ярдқа тең болса, кейбір елдерде бұл ұғым мұрынның ұшы мен оң
қолды созғандағы ортан саусақтың ұшы арасындағы ұзындық межені білдірген
[6, 47 б.].
Әйтсе де әр халықтың, ұлттың, этностың өлшем бірліктері бірдей
деуімізге болмайды. Ол өлшем бірліктері атауының ішкі мағынасы мен
мазмұнында, мәнінде халықтың дүниетанымы, қоршаған ортадағы нысандардың сан
алуандығы, шұғылданған шаруашылығы, материалдық тұрмыс-тіршілігінде
қолданылатын құрал-жабдықтары, тұрған жерінің географиялық ландшафтары
сияқты сан алуан сыртқы факторлардың сипаты көрініс береді.
Мәселен, Египет, Вавилон, грек және ежелгі үндістердің тілдеріндегі
сандық өлшем мен меже, шамаларды таңбалау әдістерінде, негізінен, аңдар
бейнеленген, ал американдық үндістердің ер адамдары аң аулауға кеткенде
үйлерінде қалған әйелдері оралу уақытын түрлі түсті жіптермен немесе жіптен
түйін түйіп белгілеп отырған.
Африканың кейбір тайпаларында белдің немесе мойынның орамын ұзындық
өлшеміне, ал кокос жаңғағының бос қабығын сұйық заттардың мөлшерін
анықтауға қолданған.
Гректер таңертең күн дискісінің жоғары шеті көрінген уақыттан бастап,
оның көкжиктен толық көтерілгенге дейінгі аралықты жаяу кісінің аяңдап
өткен жолының ұзындығын стадий деп атаған [6, 47 б.].
Канар аралында тұратын испандықтар бір-бірімен сөйлесерде ысқырып
хабар берсе, кейде бір сигарды тартып бітіргенше кететін уақытын айтатын
болған. Сенің ауылың осы жерден қанша сигар жер? деп сұрау арқылы белгілі
бір арақашықтық шамасын анықтай алатын болған. Осындай санау, межелеу,
өлшеу орыс халқында бирка деген борышты өтейтін белгілерінен де көруге
болады. Егер еңбек адамы жер мен иесіне берешек болса, онда ағашқа кертіп,
оны екіге бөліп отырған. Салық жинаушымен есептескенде осы екі ағашты
беттестіріп, кертілген тетіктер арқылы тексеріп отырған екен [7, 84 б.].
Біздің ата-бабаларымыз қазақтар да, одан арғы тегіміз түркілер де
нысанның дара және көптігін ажыратып, есептеу үшін өзге халықтарға
ұқсамайтын, өзіндік әдіс-тәсілдерді пайдаланған.
Е. Жанпейісов өзінің Этнокультурная лексика казахского языка атты
монографиялық еңбегінде мынадай қызық дерек келтіреді: Ертедегі
қазақтардың малы көп байлары өздерінің түйесінің санынан шатаспас үшін
әрбір жүзінші түйенің көзін ойып алып отырған. Сол көзі ойылған соқыр түйе
арқылы жүз түйенің санын анықтайтын болған. Яғни осындағы соқыр атауы
өзінің ауыспалы мағынасында жүз деген сөздің сандық, өлшемдік мағынасын
білдіріп тұр [8, 131 б.].
Байырғы қытай зерттеулерінің мәліметтері мен жазба ескерткіштеріндегі
айтылғандарға қарағанда көршілес көшпелі тайпалар уақытты санап анықтай
алмаған. Олар уақыттың жылжуын табиғат мезгілінде болатын құбылыстары: көк
шөптің шығуы, ауа райының жылуы мен сууы, қардың жаууы мен еруі сияқты
әрекеттерден біліп байқап отырған [9, 231 б.].
Жер бетін мекен еткен басқа этностар сияқты қазақ және түркі
халықтарының танымында да сан-мөлшері өлшем-межені анықтап белгілеуінде
ешкімге ұқсамайтын өзіндік этнотанымдық ментальдік мәдени символикаға
негізделген әдіс-тәсілдерді көп қолданғаны белгілі. Мәселен, егер адамның
жасын, санын, төрт түлік малдың аз-көптігін білгісі келсе, ағаш бұтағын
кертіп белгі соғатын болған. Осы кертілген белгі арқылы өздеріне қажетті
өлшем-мөлшерді малының санын, өзінің жасын есіне сақтап, анықтап отырған.
Ал ежелгі қолбасшылар мен әскери жетекшілер өздерінің сарбаздарының
санын, межесін, шамасын анықтау үшін қойдың құмалағын алып, есептеген.
Өлшеудің тағы бір тәсілі ұзын жіптерді түйіндеп, сол арқылы қажетті
нысандардың есебін, санын анықтаған [10, 365 б.].
Ерте кездерде әр халық сан, меже, шаманы өлшеудің осындай сан қилы
өзіндік әдіс тәсілдерін қолданған. Бұл амал-әрекеттердің бәрі күнделікті
тұрмыс-тіршілікте санды, межені, шаманы, мөлшерді анықтау барысындағы өмір
қажеттіліктерінен туындап отырған.
Халықтың осындай дүниетанымдық этнографиялық өмірінің сан саласынан
мол мәлімет беретін өлшемдік атаулар көп этностарға, ұлыстарға, халықтарға
тән болған дей отырып, төмендегі зерттеуші пікірін құптаймыз.
Бұл замандағыдай дәлдік өлшем аспап-жабдықтары жоқ ертеде мөлшер
негіздеріне қоршаған орта көріністері, төңіректегі табиғи заттардың бүтін
бітімі не бөлігі, еңбек құралдарының үлгісі, мал өрісі, көші-қон, шегі өзге
де материалдар сандық және салыстырмалы түрде сондай-ақ адамның дене мүшесі
мен дене тұрқы алынған [11, 63 б.].
Біздің ата-бабаларымыз да қоршаған ортадағы әлем бейнесінің
этнотанымдық табиғатын байланыстырған. Таңның атысы мен күннің батысын,
тәуліктік уақытты сағатпен, салмақты таразымен, қашықтық пен ұындықты
километр мен метрмен нақты өлшемдік құралдармен өлшемесе де, соның бәрінің
өлшемін өзінің күнделікті тұрмыс-тіршілігіндегі өмірлік тәжірибесінен таба
білген. Әлем бейнесіндегі уақыт пен кеңістіктің бір-бірімен тығыз баланыста
тұратын ажырамас біртұтас құбылыс екенін де болжай алған.
Көшпелі қазақ уақыт пен кеңістікті бір-бірінен ажыратпай, тұтастықты
танып түсінуді дәстүр еткен. Мәселен, қазақ тіліндегі ұзақ деген сөз
уақыт пен кеңістікке бірдей қатысты. Бұған ұзақ жол, күн ұзақ, жол
ұзарту, уақытты ұзарту т.б. сияқты тіркестер дәлел бола алады, – дейді
А. Сейдімбеков [12, 196 б.].
Этнос танымындағы уақыт пен кеңістіктің біртұтастығын өлшемдік
ұғымдарды білдіретін біршама атаулардан де ерекше көрініс береді. Мысалы,
арқан бойы, тұсау бойы, найза бойы, шай қайнатым жер, бие сауым уақыт, ет
пісірім уақыт, сүт пісірім уақыт, күндік жер, сәскелік жер сияқты байырғы
өлшем бірліктері әрі уақытты, әрі ұзындықты, әрі қашықтықты, әрі биіктікті
бідірген.
Уақыт өлшемін белгілейтін құралдар жоқ кезде де көшпелі халық уақыт
өлшемдерін өзінің өмір сүру тәжірибесіндегі процестерден алып отырған. Бұл
ойымызды Ғ. Ақпанбектің мына бір пікірі айқындай түседі: Таңмен таласа
басталатын қой өргізу, сиыр сауу, бие байлау т.с.с. қат-қабат үй
шаруашылығын жүргізу белгілі бір уақытпен мөлшерленіп отырған. Уақыт
өлшемдері білдіретін бие сауым, сүт пісірім, ет асым т.б сөз
тіркестері бар [13, 23 б.].
Көшпенділер өзінің ұланғайыр даласында осы уақыт өлшемдернің
тұспалымен арақашықтықты байланыстыра қараған. Мәселен, сүт пісірім, ет
асым, шай қайнатым сияқты уақыт өлшемдерінің негізінде бір нүктеден екінші
нүктеге қаншама арақашықтық жүргенін шамалап, жобалап отырған. Осыған орай,
халық танымында осы атаулармен байланысты сүт пісірім жер, ет асым жер,
күндік жер, сәскелік жер, арқан бойы, құрық бойы, тұсау бойы, найза бойы
сияқты тіркесімдер қалыптасқан.
Бие сауым жер, ет асым жер шамамен екі сағатқа жуық уақыттай жүретін
арақашықтық болса, сүт пісірім жер он бес жиырма минуттай жүретін
арақашықтық сияқты тұрақты тіркестер жер сөзімен тіркессе – арақашықтықты,
уақыт сөзімен тіркессе – уақыт мөлшерін көрсететін болған.
Сондай-ақ халықтың қарапайым тұрмыс-тіршілігіндегі қолданылатын заттар
арқан, найза, тұсау, құрық, қамшы деген сөздер мен бойы көмекші есімімен
жасалған тіркесімдер кейде ұзындықты, кейде биіктікті білдірген. Бұл
тіркестердің контекстік қолданылу ерекшелігіне сәйкес ұзындықты немесе
уақытты меңзеп тұратын контекстік “Тұсау бойы төтелігі бар” мақалынан да
көруге болады. Мұнда ол ұзындық өлшемін білдіріп тұр. Күн арқан бойы
көтеріліп, ала бұлтты шарлап жүр (Ә. Сәрсенбаев. Офицер күнделігі) дегенде
уақыт мағынасында жұмсалып тұрғандығын аңарамыз.
Бұдан біз көрсетілген тіл бірліктерінің уақыт пен кеңістікке бірдей
қатысты екенін байқаймыз. Қазақ халқының мұндай этномәдени дүниетанымынан
уақыт өлшемі арқылы қанша шақырым жер жүргенін анықтағанына қарағанда,
уақыт пен кеңістікті бір-бірінен ажырата отырып, оларды біртұтас жүйе
ретінде қараған деп қорытындылаймыз. Халық өмірінің мәдени бірлігі ретінде
танылатын бұл ежелгі өлшемдер сол ұжым мүшелерінің уақыт пен кеңістікті бір-
бірімен тығыз байланыста түсінгендігінен хабар береді.
Жалпы уақыт пен кеңістіктегі кездескен нысандардың сипатын алғаш ата-
бабаларымыз табиғи күйінде ұғынып түсінген, қоршаған орта мен табиғат
құбылыстарындағы түрлі факторларды күнделікті өмір сүру жағдайымен етене
байланыста қараған. Таңның атуы мен күннің батуы, судың сууы мен мұздың
қатуы, көктің шығуы мен қурауы, заттың ұзындығы мен қысқалығы, жолдың,
жайылымның, мекеннің алыстығы мен жақындығы, бір нәрсенің екіншісінен
биіктігі мен аласалығы, судың тереңдігі мен таяздығын,ауырлығы мен
жеңілдігін өзінің күнделікті шаруашылығында атқарған нысандармен анықтап,
өлшеп, межелеп, мөлшерлеп, сырын ұғып, тани білген. Дами келе, бұл
құбылыстар уақыт пен кеңістік өлшемдеріне айналған.
Біздің дипломдық жұмысымыздың негізгі бағыты ұзындық, арқашықтық,
салмақ, көлем, сияқты кеңістік өлшемдерінің этнолингвистикалық,
семантикалық табиғатына арналады.

1.2 Өлшем атауларына байланысты қолданылатын терминдер
Тіл білімінде осы өлшем ұғымына қатысты қолданылатын сөздер мен
тіркесімдерді зерттеуші ғалымдар тарапынан нақты да жүйелеп жинақтап, жалпы
атауын белгілі бір терминмен білдіруде бірізділік жоқ. Әр автор өз
түсінігінше қолданып жүргені белгілі. Өлшем мәнді бұл сөздерге әртүрлі
зерттеу еңбектерде есептеп шығарылатын, есептеп шығарылмайтын, санауға
келетін, санауға келмейтін есептік сөздер, нумератив сөздер,
метрологиялық лексика, классификатор, есептік ұғымға қатысы бар сөздер тобы
сияқты түрлі терминдермен қолданып келеді. Бұлардың ішінде өлшем
ұғымдарының мәні нумератив сөздер мен метрологиялық лексика терминдері кең
көлемде сипатталатындықтан, аталмыш ұғымдарға түсініктеме бере отырып,
қолданамыз.
Үндіевропа тілдер семьясының кейбір тілдері мен алтай тілдері
семьясының көпшілігінде бұл сөздер тобын нумератив сөздер деп атап жүр.
Нумератив термині латын тілінен алынған. Мағынасы – есеп, есепке қатысы
бар ұғымдар мен түсініктер жиынтығы. Егер математикалық есептеудің ежелгі
көне формасы өлшем екенін ескерсек, нумератив термині сол ежелгі өлшемнің
нақты санға қарай бет бұрған кезеңін сипаттайтыны анық. Моңғол және түркі
тілдерін зерттеуші ғалымдардың көпшілігі нумератив сөздерге сан есім мен
зат есім сөз таптарының арасында өмір сүретін, лексика-семантикалық сипаты
жағынан өлшем мен есепке қатысы бар тіл бірліктерін жатқызуды жөн санайды.
Мәселен, Н.К. Дмитриев: Где зависимое имя существительное определяет
стердневое слово характеризует его количественно, а не качественно. Такие
существителные в тюркологической литературе называются нумеративнымы
словами, – деп ерекше атап өтеді [14, 92 б.].
Тілдің тарихи даму үрдісі тұрғысынан қарағанның өзінде өлшем мәнді
нумератив сөздер моңғол және түркі тілдерінің дерлік көпшілігінде оның
ішінде қазақ тілінде мол ұшырайтынына көз жеткіздік. Мысалы: бір үйір
жылқы, бір отар қой, бір табын сиыр, біркеле түйе, бір саба қымыз, бір
торсық айран, бір уыс топырақ, бір қарн май, бір асым ет, бір ұрттам су,
бір тілім нан, бір күншілік жер, бір шымшым тұз, бір көйлектік мата, бір
қуырым бидай, бір қап ұн, бір шелек бидай т.б. мұндағы нумератив термині
сан есімдер мен саналатын заттардың арақатынасын білдіреді. Дәлірек айтсақ,
нумератив сөздер өлшенетін, есептелетін заттың көрсеткіші ретінде сан есім
мен зат есім сөздердің ортасында тұрады. Осыған орай, бұл сандық-кешендік
көрсеткішті үндіеуропа тілдер семьясына жататын барлық тілдердің
грамматикалық зерттеулерінде сан есім + есептік көрсеткіш + зат есім
құрылым тұрғысынан түсіндіріледі. Қазақ тіл білімінде нумератив сөздер
туралы айтылған пікірлерде бірізділік жоқ. Мәселен, А. Ысқақов: Мұндай
сөздер мен сөз тіркестері қаншалықты мөлшерлік мағынада қолданылғанмен, сан
есімдер қатарына жатпайды. Бұларды сан есімдерге жуықтастыратын таяныш тек
олардың біршама өлшемдік, мөлшерлік мағынада қолданылатын семантикалық
белгілері ғана, – деп тұырымдайды [15, 92 б.].
Қазақ тіліндегі өлшем атаулары туралы диссертация қорғаған Ж. Ахмедова
да бұл мәселеге байланысты төмендегідей тұжырым жасаған: Есептік сөздер
заттың өзін немесе оның санын білдірмейді, оның саналуымен байланысты
ұғымдарды білдіреді, – деп есептік сөздерді үш топқа бөліп көрсетеді:
1) зат немесе нәрсе бірліктерінің есебі: бас, тал, түп, т.б.
2) адамдар тобының есебі: тайпа, топ, қауым, т.б.
3) малдардың тобының есебі: үйір, табын, қора, т.б. [16, 148 б.].
Ә. Хасенов бұл сөздерді сан мағыналы сөздер деп үш топқа бөліп
көрсетеді:
Бірінші, сан есімнің тура мағынасындағы, дәл сан мағынасын білдіретін
сөздер: жарты, жалғыз, жарым, қос, егіз, сыңар, дара т.б.
Екіншісі, абстрактылы сан ұғымдарын білдіретін сөздер: бір үйір жылқы,
бір келе түйе, бір табын сиыр, бір отар қой, таяқ тастам жер, көз көрім
жер, ат шаптырым жер, қоралы қой т.б.
Үшіншісі, есептік сөздер: бір үзім нан, бір қарын май, бір жұтым су,
бір уыс бидай, бір құлаш арқан т.б. [17, 300 б.].
Ә.Болғанбаев нумеративтік сөздерді бүгінгі тіліміздегі
фразеологимдердің шығу арналарына бастау болған тіл бірліктері ретінде
қарастырып, бейтарап фразеологизмдер деп танып, лексикалық қабаттан
қарастыруды жөн санайды [18, 120 б.].
Аталмыш өлшем мәнді нумератив терминінің ішкі мәніне Т. Сайрамбаев та
өз зерттеу еңбегінде синтаксистік деңгейдегі анықтауыштық қатынастағы
күрделі сөз тіркесі тұрғысынан қарап, мезгіл, мерзімге байланысты өлшем,
қашықтық өлшемі, салмақ өлшемі сияқты лексика-семантикалық топтарға бөліп
қарастырады [19, 39 б.].
Біздің пікірімізше, нумератив терминін білдіретін сөздер тек қана
қүрылымы жағынан сан есім + есептік көрсеткіш + зат есім үлгісіндегі
мағынасы жағынан салмақ көлем өлшемдеріне жақын “бір тілім нан, бір жұиым
су, бір авсм ет, бір атым насыбай, бір қарын май, бір саба қымыз, бір үйір
жылқы, бір отар қой, бір табын сиыр сияқты тіл бірліктерін ғана емес, жалпы
қазақ тіліндегі өлшемдік мағынаға ие лексикалық бірліктердің барлығын
қамтитын ортақ термин ретінде қолданылғанын дұрыс санаймыз” . [59, 18 б.].
Өлшем бірліктерінің жиынтығын білдіруде жиі қолданылатын терминнің
бірі – метрология. Метрология термині грек тілінен алған метрон – өлшем,
логос – ілім деген екі сөздің бірігуінен қалыптасқан. Сонда метрология
талап еткен дәлдікке жетудің амалдары мен жолдарын қамтамасыз ететін өлшем
туралы ғылым болмақ. Теориялық тұрғыдан алғанда метрология – уақыт пен
кеңістік аумағында математикалық принциптерді басшылыққа алып, өлшеудің
жекелеген бірліктеріне негізделіп, оларды бір бірімен теңестіре, салыстыра
отырып, қарау негізінде бүтін үлкен жүйе құрайтын дербес ғылым. Қоғам
өмірінде болатын үздіксіз өзгерістерге сай, ғылым мен техниканың дамуына
байланысты әр ғылым саласында жаңа өлшемдер, жаңа жүйелер өмірге келді.
Солардың іс-тәжірибеде қолданылуы мен дамуын, өздері құрайтын жүйедегі
өзгерістер мен толықтырулардың дерлік көпшілігін бір орталықтан метрология
ғылымы бақылап отырады.
Сол себепті көп елдерде мемлекеттерде метрология жеке ғылым ретінде
қарастырылады. Метрологияның ғылыми принциптері мен заңдылықтарын
басшылыққа ала отырып, қазіргі заманның өлшем жүйесіндегі ерекшеліктері мен
талаптарын негізге ала отырып, өлшем бірліктері мен өлшем құралдарын нақты
анықтау мақсатында физикалық және техникалық қырынан кең ауқымда қарастырып
жүргені белгілі.
Белгілі бір халықтың, ұлттың, этностың өткен өмірінен, тұрмыс-
тіршілігенен, мәдениетінен мол мәлімет беретін – тарихи метрология.
Тарихи метрологияның негізгі зерттеу нысаны көне замандардан бері
қарайғы уақыттарда әр халық, ұлт, этнос пайдаланған халықтық өлшемдер болып
табылады. Бұл ғылымның мәнділігі әр халықтың тарихи даму кезеңінде
қолданған халықтық өлшемдерді жинап, теріп, қағазға түсіріп, ғылыми жүйеге
келтіріп, мән-мағынасын ашып қолдану аясын анықтап, болашақ ұрпаққа мұра
ету, қажеттілігіне, халық игілігіне айналдыруды мақсат етеді.

1.3 Өлшем атауларының зерттелу тарихы және этнолингвистика
Этнолингвистика - жалпы ғылымға тән диференция процесінің тіл
біліміндегі бір көрінісі іспетті іштей жіктелудің нәтижесінде пайда болған.
Тіл білімінің экстралингвистика, психолингвистика, паралингвистика,
статлингвистика т.б. салаларымен қатар тұрады. Бұл сала көп жағдайда
этностың шығу тегіне, оның салт-дәстүріне, ата-бабаларының тағылымына,
қоршаған табиғи ортасына, сондай-ақ этнос өмір-тіршілігіне қажетті заттық
(материалдық) мәдениеттің қыр-сырына да ерекше мән беріп келеді. Бірақ
осыған қарап, этнолингвистиканы этнографизмдердің немесе тіл мен этнография
фактілерінің жай қосындысы деп қарауға болмайды. Этнолингвистиканың
қалыптасу процесін, мазмұны мен мақсатын, зерттеу объектісі мен өзіндік
тәсілін осы салада істелген бірқатар жұмыстар ауқымын, бағыт-бағдары мен
сипатын пайымдауға әбден болады.
Қазіргі таңда қазақ этнолингвистикасы өзіндік бағыт-бағдары, ұстанатын
қағидалары бар іргесі ғылым саласына айналып отыр. Этнолингвистика – тілді
мәдениетке қатысты зерттейтін, сонымен бірге тілдің қызметіндегі және
дамуындағы тілдік, этномәдени және этнопсихологиялық факторлардың өзара
әсерін қарастыратын тіл білімінің саласы. Этнолингвистикаға қатысты
еңбектердің көбісі сөздік түрінде болғанымен, оған бағышталған
ғылыми зерттеулер мен тақырыптық жинақтар да баршылық.
Этнолингвситикалық атаулар елдің тарихи мен тұрмыс салтының көл-
көсір көп суреті ғана емес, ол халықтың тағдыры, өткені мен келешегі
жайындағы терең толғаныс тарихи шындық, өмірдің философиясы мен
поэзиясы ұштасқан кесек тілдік бірліктер, оралымдар.
Этнолингвистика – халықтың этногенезін тұрмыс-салты мен әдеп-ғұрпын,
мекен-жайын, басқа халықтармен тарихи-мәдени байланысын, күнделікті
тұрмысын, материалдық және рухани мәдениетін зерттейтін тіл білімінің жаңа
саласы. Тіл мәселелерін мәдениетпен халық әдет-ғұрпымен, салт-санамен
байланыстыра зерттеу XX ғасырдың 20-70 жылдарында орын ала бастады.
Алғашқы этнолингвистикалық зерттеулер ретінде мына
еңбектерді атауға болады: Эдуар Сепирдің 1921 жылы шыққан Тіл, 1929 жылы
шыққан Лингвистиканың жайы, Б.Уорфтың Тіл, ойлау және
шындық (1959) жинақтары. Э.Сепир үндістердің көптеген
тайпаларының тілдерін зерттесе, неміс линвисі Л.Вайсгербер Неміс тілінің
күші туралы төрт томдық еңбек жазды. Америка мектебі тіл мен мәдениетті
негізгі проблема деп алса, Германия тіл мен халықты I орынға қояды. Яғни
тіл функциясын, оның қоғамдағы даму рөлін асыра сөз етеді. Тіл адам санасы
мен объективтік шындық арасындағы бірыңғай қатынас тізбегіне ене отыра,
өзі сол санадан, объективтік шындықтан туған туынды болып табылады дейді
В.А.Звегинцев.
Америка ғалымдарының еңбектерінде этнолингвистика
терминінің орнына көбіне антрополингвистика, этносемантика
атаулары қолданылады. Осы бағытта зерттеулер жүргізген Ресей
этнолингвистикасының өкілдері Н.И.Толстой, В.В.Иванов,
В.Н.Топоровты т.б. Олар тілдің тарихын, этнолингвистикалық
атластарын жасап, тілдегі және халық мәдениетіндегі аумақтық және
әлеуметтік диалектілерді т.б. зерттейді.
Этностың басып өткен сан ғасырлық даму жолы, оның белгі- бейнелері
біздерге тас мүсіндер мен жартастарға қамалған сына жазулар арқылы, мәдени
ескерткіштер мен әртүрлі ғимараттар түрінде жетуі мүмкін. Бірақ бұлар этнос
өмірінің мың да бір елесі ғана, оның шын мәніндегі даналығы мен дүниетанымы
тек тілінде ғана сақталады. Әрбір дәуірде өмірге қажет болған құрал-
сайманның, қару-жарақтың, киім
мен ішер тамақтың, тұрмыстық заттар мен салт-санаға, әдет-ғұрып,
наным-сенімге, ойын-күлкі, той-домалаққа байланысты ұғымдардың
аты-жөні, сыр-сипаты т.б. тек тіл фактілері ретінде ғана. Яғни жеке сөздер
мен сөз тіркестері, фразеологизмдер мен мақал-мәтел арқылы ғана бізге жетуі
мүмкін.
Бүгінгі таңда қазақ этнолингвистикасында ғылыми негізі
қалыптаса бастаған, жан-жақты ізденіс нәтижесінде ерекшелігі мен
үрдісі айқындалып келе жатқан дербес те перспективті ғылым саласы ретінде
танылып отыр. Мұны белгілі ғалым профессор
М.М.Копыленко өзінің Этнолингвистикасының негіздері деп
аталатын еңбегінде айқын көрсетіп отыр.
Этнолинвистикаға қатысты еңбектердің көбісі сөздік болғанымен, оған
бағышталған ғылыми зерттеулермен тақырыптық жинақтар да баршылық.
Осы орайда қазақ этнолингвистикасы бойынша академик Ә.Қайдардың көп жылдар
бойы дайындап жүрген Қазақтар ана тілі әлемінде атты 4 томдық
этнолингвистикалық сөздігін атауға болады. Қазақ тіл білімінде
этнолингвистика ілімінің негізін салушы академик Ә.Т.Қайдаров.
Этнолингвистика – халықтың, этногенезін, тұрмыс салты мен әдеп-
ғұрпын, мекен-жайын, басқа халықтармен тарихи- мәдени байланысын,
күнделікті тұрмысын, материалдық және рухани мәдениетін зерттейтін тіл
білімінің жаңа саласы.
Ол саланың ерекшелігі, зерттеу пәні т.б. қырлары туралы
академик Ә.Қайдаровтың және профессор Е.Жанпейісов пен
М.Копыленко еңбектерінде жан-жақты айтылған. Этнолингвистиканың жеке бағыт
ретінде пайда болуы этнографияның қойнауында XIX ғасырдың 70-
жылдарынан бастап АҚШ-тың тіл білімінде басталған. Ол солтүстік сосын
Орталық Американың үндіс тайпаларын зерттеумен тығыз байланысты кеңінен
өріс алады да, алғашында негізінен этнографиялық, материалға көңіл
бөлінді. Бірақ бірте-бірте америкалық үндістер тілдерінің туыстығын зерттеу
басты мәселеге айнала бастады. Соның негізінде америка тіл
білімінде жаңа дәстүрдің негізі қалыптасты. Америка ғалымдарының
еңбектерінде этнолингвистика терминінің орнына көбіне
антрополингвистика, этносемантика атаулары қолданылады. Бұл саланың
Ресейде қалыптасуы Ф.И.Буслаевтың, А.Н.Афанасьевтің, А.А.Потебняның т.б.
еңбектерімен байланысты. XIX жылдардың 70-80 жылдарында фольклористика
саласының жанданып, тіл мен мәдениеттің байланысын зерттеудің жаңа
жақтарының ашылуы – этнолингвистика пәнінің ұғымы мен міндеттерін
кеңейтіп, өзі жаңа жаңа сатыға көтерді. Осы бағытта үлкен жұмыстар
жүргізіп жатқан, өзіндік мектептері бар Ресей этнолингвистиканың көрнекті
өкілдері деп бірінші кезекте Н.И.Толстойды және В.В.Топоровты т.б. атауға
болады. Олар өз зерттеулерінде нақты бір тілдің тарихын сол тілде сөйлеуші
ұлттың тарихымен тығыз байланыста қарастырады, этнолингвистикалық атластар
жасайды, тіл мен мәдениеттің арақатысына байланысты мәселелерді,
тілдегі және халық, мәдениетіндегі территориялық және әлеуметтік
диалектілерді, ана тіл мен ежелгі мәдениетті, тіл білімі мен мифологияың
шекарасындағы өрісті т.б. зерттейді.
Лингвистикалық энциклопедиялық сөздікте этнолингвистиканың кең,
түрдегі ұғымына осылайша анықтама берілген: Этнолингвистика қандай
тәсіл арқылы берілгеніне қарамай (сөз, пән, салт т.б.) мәдениеттің
халықтық психологияның және мифологияның мазмұнын лингвистикалық
әдістер көмегімен зерттейтін кешенді пән.
Ол қазақ тіл біліміндегі қалыптасып, дамып келе жатқан этнолингвистика
саласының да ерекшелігі мен өзегін құрайды. Жалпы тіл біліміндегі
этнолингвистикалық даму барсына шолу жасап, жеке сала ретіндегі
негіздерін анықтауға арналған еңбегінде профессор М.М.Копыленко қазақ тіл
біліміндегі академик Ә.Т.Қайдаров бастаған этнолингвистикалық мектепті
қазіргі этнолингвистикадағы жаңа бағыт деп бағалап, оның негізгі
ерекшелігін былай деп көрсетеді: Это направление изучает этнос в зеркале
языка. В нем нет симбиоза дисциплин, поскольку язык представляется главным
и непосредственным предметом анализе; этнология, история, культурология и
прочие нелингвистические дисциплины привлекаются как вспомогательные.
Демек, негізгі салмақ лингвистикаға жүктеледі. Оның себебі мен мәнін
нақты түсіну үшін академик Ә.Т.Қайдаровтың төмендегі пікірін келтірейік:
Этностың басып өткен сан ғасырлық даму жолы, оның белгі, бейнелері
біздерге тас мүсіндер мен жартастарға қашалған сына жазулар арқылы, мәдени
ескерткіштер мен әртүрлі ғимараттар түрінде жетуі мүмкін. Бірақ бұлардың
бәрі этнос өмірінің мың да бір елесі ғана.
Оның шын мәніндегі даналығы мен дүниетанымы тек тілінде ғана
сақталады. Әрбір дәуірде өмірге қажет болған құрал-сайманның, қару-
жарақтың, киер киім мен ішер тамақтың, әдет-ғұрып, наным-сенімге, ойын-
күлкі, той-томалаққа байланысты ұғымдардың аты-жөні, сыр-сипаты т.б. тек
тіл фактілері ретінде ғана, яғни жеке сөздер мен сөз тіркестері,
фразеологизмдер мен мақал-мәтел арқылы ғана бізге жетуі мүмкін. Осы
тұжырым біздің жұмысымыздың да қағидасының негізін құрап, бағытын
белгілейді.
Көненің көзіндей тілдің қат-қабат қойнауларында сақталып қалған бұл
дүниенің сыры мол. Оның тереңіне үңіліп, тарихымен тұтас қарап сырын ашу –
этнолингвистиканың үлесі. Осы орайда академик Ә.Т. Қайдаровтың ұзақ
жылдар бойы орасан бай материал жинап, сұрыптап оларды
макрожүйелер (Адам, қоғам, табиғат) мен микрожүйелерге бөліп,
табиғи жүйе бойынша жіктеп, топтап, өзара байланысты салаға бөліп,
үлкен идеографиялық классификация негізінде жасап жатқан қазақ
тілінің этнолингвистикалық сөздігінің болашағы зор, маңызы ерекше.
Осы саладағы зерттеу жұмыстарының ішінде Е.Жанпейісовтың еңбектері
өзінің теориялық деңгейімен, бай этнографиялық материалымен кең ауқымды
салыстырмалы, этимологиялық талдаулармен ерекшеленеді. Солардың арасында
М.Әуезовтің щығармаларының материалы негізінде қазақтың этномәдени
лексикасын тарихи-лингвистикалық зерттеуге арналған соңғы шыққан
монографиясының орны бөлек. Осы бітіру жұмысында материалдық рухани
мәдениетке, халықтық өлшемге, туыстыққа және қатынастарға лексикадан
тұратын бай материалды талдау үстінде басқа түркі тілдерінің деректері де
кеңінен пайдаланылған.
Қазақ тіл білімінде жеке-жеке қырлары жан-жақты қарастырылып өріс
алып келе жатқан этнолингвистика саласының дамуында профессор
М.М.Копыленконың осы мәселенің жалпы теориялық негіздерін түсіндіруге
арналған "Основы этнолингвистики" (Алматы, 1995) атты монографиясы елеулі
жаңалық болды. Бұл жұмыс - тікелей этнолингвистика негіздерін анықтауға
арналған жалпы тіл біліміндегі тұңғыш зерттеу. Басқасын былай қойғанда,
автордың тақырыпқа әртүрлі дәрежеде қатысы бар 1300-ден аса үлкенді-
кішілі қыруар ғылыми зерттеулерді көрсетуінің өзі үлкен еңбек. Және
оларды жай көрсетіп қана қоймай, тақырыптық табиғатын ескере отырып
таныстырып, әрқайсысы жөнінде өзінің көзқарасын, ой-пікірін білдіріп
отырады. Кітап арқылы зерттелу тарихына қысқаша шолудан басталып, әр қарай
славян және өзге де түрлі үндіеуропа тілдері бойынша әр кезде жарияланған,
сондай-ақ жалпы түркітанушы еңбектерде этнолингвистикаға байланысты
кездесетін теориялық тұжырымдар мен түрлі байқаулар негізінен толық
қамтылған. Атап айтқанда, М.Қашқари еңбегіндегі этнолингвистикалық
материалды талдаудан бастап, бергі дәуірдегі В.Гумбольдт, Э.Сепир,
А.А.Потебня, қазіргі замандағы Н.И.Толстой, В.В.Иванов. В.Н.Топоров т.б.
ғалымдардың бұл саладағы ізденістеріне дейін кеңінен тоқталады. Осындай
ізденістер нәтижесінде "этнолингвистика" терминінің Б.М.Уорфқа тиесілі
екенін анықтайды. Соның бәрін қорыта келіп, этнолингвистика саласының
отырған негізгі қағидасымен үндеседі.
Метрология ғылымы техникалық, физиалық ерекшеліктеріне сәйкес ғылым
ретінде біраз зерттелгенімен, тарихи, тілдік, мәдени дереккөз ретінде аса
ауқымды зерттеле қойды деп айту қиын Бұған дәлел ретінде осы ғылым саласына
байланысты жазылған еңбектердің тапшылығынан байқауымызға болады.
Әр түрлі мұсылман халықтарының тұрмыс-тіршілігі мен сауда-саттығында
қолданылған көлем және салмақ өлшемдері туралы В. Хинцтың, Р.Г.
Ахметьяновтың, М. Фасмердің, Н.П. Дыренкованың, Э.В. Севортянның, Н.К.
Дмитриевтің еңбектерін атап көрсетуге болады.
Қазақ тіл білімінде бұл мәселеге қатысты Ж.Ш. Ахмедованың Казахские
народные наименованиея об измерениях атты кандидаттық диссертациясын, Е.
Жанпейісовтің Этнокультурная лексика казахского языка атты монографиясын,
бұған қоса, қазақ тіліндегі байырғы өлшемдік ұғымдарға байланысты Ә.
Болғанбаевтың, Б. Қинаятұлының, М. Мирзоевтің, Е. Аққошқаровтың ғылыми
еңбектері мен зерттеу мақалаларын атауға болады. Дегенмен, халқымыздың
өткен өміріндегі тұрмыс тіршілігінен дүниетанымынан, көзқарасынан,
мәдениетінен мол мәлімет беретін байырғы өлшемдік атауларымыз толығымен
жиналып, ғылыми түрде жүйеленіп, өзінің о бастағы шығу төркіні айқындалып,
тілдің даму процесінде қандай қызмет атқарғаны, бүгінгі тілдік қолданыстағы
қабілеті қандай жағдайда екендігі секілді сан алуан мәселелер әлі толық
шешімін тапқан жоқ.
Өлшем бірліктері қайсыбір этностың мәдени құндылықтарының ауқымды бір
қабатын құрайтын болса, мәдениет атаулыдағы жалпы құндылықтардың
лингвомәдени мазмұнын этнолингвистика ғылымы жан-жақты қарастырады. Өлшем
атауларын зерттеу бағытымыз этнолингвистикалық сипатта болғандықтан, ол
ғылымның зерттелуі жөнінде қысқаша шолу жасауды жөн санадық.
Этнолингвистика жиырмасыншы ғасырдың басында этнография мен тіл
білімінің ұштас жақтарының бірігуінен тіл мен этнос мәдениетінің өзара
қарым-қатынасын зерттеумен айналысатын тіл біліміндегі
антрополингвистикалық, этносемантикалық бағыт ретінде өмірге келгені
белгілі.
Тіл бірліктерінің астарында этностың қасиеттері мен мәдени асыл
қазыналарының мол қабаты көрініс беретіндіктен, бұл мәселенің шешімін
ізденуші-этнограф, философ, әлеуметтанушы, психолог ғалымдар әр дәуірде сан
алуан ой-пікірлер айтты. Бұл бағытта зерттеудің алғашқы нысандарын ХҮІІІ-
ХІХ ғасырдағы неміс ғалымы И. Гердердің еңбектерінен бастау алатынын
атауымызға болады. Ол ұлттың, этностың рухани құндылығы миф, таным-түсінік,
тіл, моральдік нормалар, әдет ғұрыптар салт-саналар, дәстүр қағидаларын
уақыт пен кеңістік аясында қарастыруға ерекше назар аударса, тіл білімінің
аса көрнекті ғұламасы В. Гумбольдт тілдің жарыққа шығуы адамзаттың ішкі
қажеттілігімен байланысты. Ол тек адамдар арасындағы қарым-қатынас құралы
ғана емес, адам жаратылысынан бар рухани күш пен дүниетанымдық білімді
дамыту үшін керек, яғни әр халық өз тілін адам іс-әрекетінің қаруы ретінде
жасайды және жұмсайды деген болатын.
Ғалымдар пікірлерінен адамның қоршаған әлемді танып білу көзі оның
тілі екенін және оның басқа рухани құндылықтармен өзара тығыз байланыста
екенін аңғарамыз. Бұл идеяның заңды жалғасын көптеген ғалымдар өз
зерттеулеріне арқау етті. В.Гумбольдттың ізбасарлары Г. Штейнталь мен М.
Лацарус этностар психологиясының тілге әсерін зерттеп, индивидті
психикалық тұрғыдан этностық тілді қалыптастырудағы рөліне талдау жасаса,
тіл білімін зерттеуші Ф.де Соссюр тіл мен мәдениеттің, ұлттық таным мен
ойлаудың іліктес екеніне бағыт-бағдар сілтеді, яғни қоғамның даму
заңдылығындағы күрт өзгерістер (адам санасының өсуі, ғылым мен техниканың
дамуы) мен ерекшеліктерге қарамастан әлемдегі әрбір ру, тайпа, этностың
өзіндік болмыс-бітімін сақтап қалуы этнография, психология, тіл білімі үшін
аса маңызды жетістік екені бұдан кейінгі зерттеулерге арқау болды.
Бастапқыда этнолингвистика алғашқы қауымдық құрылыс деңгейінде өмір сүретін
халықтардың қоғамдық-әлеуметтік қарым қатынастарының тарихы туралы
деректерді тілдің оған сәйкес құбылыстарын зерттеу мәселесімен айналысты.
Бұл зерттеулерге үлес қосқан Б. Малиновский, Ф. Боас, А.Л. Кребер сияқты
ғалымдар болды. Американ үндістерінің тілдік ерекшеліктеріне зерттеу
жүргізген Б. Уорф алғашында мұны тілдік ықтималдық пен детерминизм
гипотезасы деп атады. Кейіннен бұл тіл білімінде Уорф гипотезасы деген
атауға ие болды. Яғни этнолингвистика терминінің тіл білімінде қаыптасуы
Уорф есімімен тығыз байланысты. Ол жергілікті үндістердің бірнеше
тайпаларының тілдерін зерттеп, ондағы тілдік элементтерді оның
мәдениетімен, антропологиясымен, этностық сипатымен байланыстыра қарайды.
Этнолингвистиканың қалыптасуы мен дамуына зор үлес қосқан ғалымның бірі
Эдуард Сепир де этнос тілі мен мәдениетіне қатысты өзіндік ой-тұжырымын
білдірді. Оның пікірінше: Тіл – әлеуметтік шындықты түсінудің негізгі
құралы, күнделікті өмір мен дүниені тану амалдары субъектілердің қай тілде
ойлауына байланысты; тіл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Батырлар жырындағы көнерген сөздер
Сан компанентті фразеологизмдер
Жетімнің құрсағы жеті қабат
Мұнай-газ саласындағы техникалық мәтіндерді аудару ерекшеліктері
Аударма теориясы - сұрақ-жауап түрінде
Мұнай газ саласындағы мәтіндердің техникалық аудармасы
Сандық ұғымдар арқылы жасалған күрделі атаулар концептілерінің құрылымы
Функционалды грамматикадағы шақ көрсеткіштерінің семантикалық ерекшеліктері
АУДАРМА ІСІНІҢ ГРАММАТИКАЛЫҚ ҚИЫНШЫЛЫҒЫ
Батырлар жырындағы тарихи сөздер
Пәндер