Қазақстан бейнелеу өнері



КІРІСПЕ
I. ҚАЗАҚСТАН БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІНІҢ КЕЗЕҢДЕРІ МЕН ДАМУ ТАРИХЫ
1.1 Қазақстан бейнелеу өнерінің қалыптасуы мен табиғат жанрының дамуы.
1.2 Бейнелеу өнеріндегі пейзаж жанрының тарихы мен алатын орны.
1.3 Алматы қаласының табиғаты мен көрнекі жерлерінің тарихы және суретшілер шығармашылығындағы көрінісі
II. ПЕЙЗАЖ ЖАНРЫ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ КӨРКЕМ.ШЫҒАРМАШЫЛЫҚТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ЖОЛДАРЫ.
2.1 Бейнелеу өнерінде оқушыларға табиғат көрінісін бейнелеу арқылы эстетикалық тәрбие берудің жолдары.
2.2 Табиғат туындылары арқылы жастарды тәрбиелеуде туған жерге деген сүйеспеншіліктерін арттыру әдістемесі бойынша сабақ жоспарлары.
III. Дипломдық жұмыстың орындалу барысы.
3.1 Тақырып таңдау, ізденіс, нобайлар мен эскиздер жасау кезеңі
3.2 Майлы бояумен жұмыстың істеудің басты ерекшеліктері
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Зерттеу жұмысының көкейкестілігі:Жас ұрпаққа тәлім тәрбие мен білім беруді жетілдірудің басым бағыттарын айқындап, педагогика ғылымында ұлттық өнеге үйрету, баулу, ұлттық сананы қалыптастыру- қазіргі кезде көкейкесті мәселердің бірі болып табылады.
Жас мамандарды өнер мұралары мен мәдениет игіліктерін, адамзаттық құндылықтар мен рухани мәдени мұралардың сабақтастығын сақтай отырып, өнер құндылықтарымызды, бейнелеу өнерімізді әлемдік деңгейге көтеруде және де мектепте жан-жақты қабілетті жеке тұлға тәрбиелеуге барынша ат салысу қажет. Бұл орайда жас ұрпақтың көркемдік талғамын, ұлттық сана-сезімін, дүниетанымын қалыптастыру, туған халқының өнерін құрметтеп, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімдерін ұялату, эстетикалық тұрғыда тәрбиелеу, көркем шығармашылық қабілеттерін дамыту, мәдениет мен өнерді, тарихи мұраларын қастерлеуге тәрбиелеу, білім мен біліктерін шыңдау – біздердің басты міндетіміз деп білеміз.
Бүгінгі оқушы-ертеңгі белгілі бір маман иегері яғни, бейнелеу өнерінің қыр-сырын, бейнелілік тілін меңгерту, шығармашылық іс-әрекеттерін, ойлау қабілеттерін, талғамдарын дамыту арқылы халқымыздың ғасырлар бойы жинақтаған эстетикалық, көркемдік мәдени, рухани бай мұраларын игерту,туған халқының өнеріндегі парасатты дәстүрлерге деген танымдық, дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыру, бейнелеу өнеріне қызығушылығын ояту, қазіргі кезеңдегі жалпы орта мектептер мен білім беру жүйесінің барлық саласындағы адамгершілік-имандылық, эстетикалық тәрбиенің негізгі бағыты мен басты міндеттерінің бірі болып табылады.
Бейнелеу өнері пәні оқушылардың рухани әлемін, дүниетанымын жан-жақты қалыптастыратын пәннің бірі. Адамның рухани үлкен байлығы-мәдениет пен өнер. Бейнелеу өнерінің жастарға беретін тәрбиелік мәні зор. Сондықтан суретшілердің шығармаларын оқу, олардың формалық ерекшеліктерін түсіну, таңдау, талдау балалар емес үлкендерге де қиынға соғады. Сурет салу процесінде баланың талғамы, көру, ойлау қабілеті жетіле түседі де, біртіндеп салған суреттеріндегі форамалар арқылы көркемдікті сезіне бастайды. Сурет салуда оқушылар өз көзімен көргендерін, көңілге тоқығандарын бейнелеуге және өздеріне таныс формаларды қолданады, оларды бейнелеуге тырысады.
Осыған сәйкес жалпы бейнелеу өнері дегенміз - шындықты көркемдік бейне арқылы көрсететін, әлемі эстетикалық игерудің маңызды тәсілінің бірі болып саналатын арнайы адамның шығармашылық іс-әрекеті. Бейнелеу өнері сұлулық заңы бойынша қоршаған орта мен өзін-өзі шығармашылық тұрғыдан өзгерту қабілеттерін қалыптастыру мен дамыту мақсатыда, ал, қоғам адамның болымысты рухани менгерудің түрі. Бейнелеу өнері өзінің тарихи дамуының барысында нақты өнердің көпқырлылығын бар байлығымен көрсете алатын жүйе ретінде дамиды.
1. Нағымжанова Бастауыш сынып мұғалімінің инновациялық іс-әрекетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары.Автореферат. Алматы. 2003., 13 б.
2. Аманжолова С.А. Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің теориясыжәне технологиясы. – Астана: ЕҰУ, 2009. – 9б.
3. Ісмақова А. Шығармашылық психологиясы. /Қазақ әдебиеті. Энциклопедия. – Алматы: Баспа үйі, 1999. – 750 б.
4. Речицская Е.Г. Сощина Е.А. Развитие творческого воображениямладших школьников в условиях нормальногои нарушенного слуха: Учебно-метод. пособие. – М: Гуманит.изд.центр ВЛАДОС 1999. 45-47 с.
5. Тәжібаев Т. Жалпы психология. Оқу құралы, Алматы,«Қазақ университеті», 1993 – 93 б.
6. Аманжолова С.А. Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің теориясыжәне технологиясы. – Астана: ЕҰУ, 2009. – 9б.
7. Ақбаева Ш. Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі. Оқу құралы.Алматы: Нұр-Принт баспасы, 2007, - 138 б.
8. В.С.Кузин. Психология, М., Высшая школа 1991 208-с. 12.13 с . М.Жұмабаев. Педагогика. – Алматы: Ана тілі, 1992. 160 б.
9. Қ.Ш.Оразқұлова. Қазіргі жастарымызға тәрбие берумен бірге шығармашылық ойлау қабілетін дамыту бәрімізге ортақ // «Білім», «Образования» ғылыми педагогикалық журнал. – 2005. №5 (23). – 26 б.
10. Бейсенбаев Жарылқап. Буырқанған бояулар эсселер мен сипаттамалар. - Алматы: “Өнер”, 1981. 152 б.
11. Оразқұлова Қ. Бейнелеу өнері тарихына кіріспе (көркем сурет факультетінің студенттеріне көмекші құрал). Алматы: “Абай ат ҚҰПУ”, 2008. 18 б.
12. Қарғабекова «Қазақстан мен Орталық Азияның дәстүрлі және қазіргі өнері» Алматы: «Өнер» 2004ж., 198 б.
13. «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедиясы. Бас редакторы Ә.Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы 1998ж. ISBN 5-89 800 б -123-9.
14. Әбдуали Төлебиев. Өнер өрісі. Алматы – “Өнер” 1996. 148 б.
15. Болатбаев Қ., Е. Қоспармақов А. Еркебай «Өнер» Алматы «Мектеп» 2006ж. 214 б.
16. Қастеев Ә. Альбом (Көркемдік жобаның авторы Әшірбек Көпішов). - Алматы: “Өнер”, 2004.
17. Қазақ өнері: энциклопедия (бас редакторы Е.М.Арын). Алматы: “Қазақстан даму институты” 2002.
18. Қайдаров М.У. Живопись технологиясы мен техникасы: оқу құралы. Алматы: “Өлке”, 2008.
19. Жаңбыршиев О. Кескіндеменің техникасы мен технологиясы. Орта кәсіптік білім беретін оқу орындарына арналған сынама оқу құралы. – Алматы: «МерСал» баспа үйі, 2004.
20. Балкенов Ж.Ш. Халық мұрасындағы ұлттықөрнек және рең. Қарағанда: ОПО Полиграфия, 1996.
21. Студенттерге Абай әндері арқылы эстетикалық тәрбие беру мәселелері . Республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары. – Алматы, 28-29 наурыз 2006.

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының көкейкестілігі: Жас ұрпаққа тәлім тәрбие мен білім беруді жетілдірудің басым бағыттарын айқындап, педагогика ғылымында ұлттық өнеге үйрету, баулу, ұлттық сананы қалыптастыру - қазіргі кезде көкейкесті мәселердің бірі болып табылады.
Жас мамандарды өнер мұралары мен мәдениет игіліктерін, адамзаттық құндылықтар мен рухани мәдени мұралардың сабақтастығын сақтай отырып, өнер құндылықтарымызды, бейнелеу өнерімізді әлемдік деңгейге көтеруде және де мектепте жан-жақты қабілетті жеке тұлға тәрбиелеуге барынша ат салысу қажет. Бұл орайда жас ұрпақтың көркемдік талғамын, ұлттық сана-сезімін, дүниетанымын қалыптастыру, туған халқының өнерін құрметтеп, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімдерін ұялату, эстетикалық тұрғыда тәрбиелеу, көркем шығармашылық қабілеттерін дамыту, мәдениет мен өнерді, тарихи мұраларын қастерлеуге тәрбиелеу, білім мен біліктерін шыңдау - біздердің басты міндетіміз деп білеміз.
Бүгінгі оқушы-ертеңгі белгілі бір маман иегері яғни, бейнелеу өнерінің қыр-сырын, бейнелілік тілін меңгерту, шығармашылық іс-әрекеттерін, ойлау қабілеттерін, талғамдарын дамыту арқылы халқымыздың ғасырлар бойы жинақтаған эстетикалық, көркемдік мәдени, рухани бай мұраларын игерту, туған халқының өнеріндегі парасатты дәстүрлерге деген танымдық, дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыру, бейнелеу өнеріне қызығушылығын ояту, қазіргі кезеңдегі жалпы орта мектептер мен білім беру жүйесінің барлық саласындағы адамгершілік-имандылық, эстетикалық тәрбиенің негізгі бағыты мен басты міндеттерінің бірі болып табылады.
Бейнелеу өнері пәні оқушылардың рухани әлемін, дүниетанымын жан-жақты қалыптастыратын пәннің бірі. Адамның рухани үлкен байлығы-мәдениет пен өнер. Бейнелеу өнерінің жастарға беретін тәрбиелік мәні зор. Сондықтан суретшілердің шығармаларын оқу, олардың формалық ерекшеліктерін түсіну, таңдау, талдау балалар емес үлкендерге де қиынға соғады. Сурет салу процесінде баланың талғамы, көру, ойлау қабілеті жетіле түседі де, біртіндеп салған суреттеріндегі форамалар арқылы көркемдікті сезіне бастайды. Сурет салуда оқушылар өз көзімен көргендерін, көңілге тоқығандарын бейнелеуге және өздеріне таныс формаларды қолданады, оларды бейнелеуге тырысады.
Осыған сәйкес жалпы бейнелеу өнері дегенміз - шындықты көркемдік бейне арқылы көрсететін, әлемі эстетикалық игерудің маңызды тәсілінің бірі болып саналатын арнайы адамның шығармашылық іс-әрекеті. Бейнелеу өнері сұлулық заңы бойынша қоршаған орта мен өзін-өзі шығармашылық тұрғыдан өзгерту қабілеттерін қалыптастыру мен дамыту мақсатыда, ал, қоғам адамның болымысты рухани менгерудің түрі. Бейнелеу өнері өзінің тарихи дамуының барысында нақты өнердің көпқырлылығын бар байлығымен көрсете алатын жүйе ретінде дамиды. Бейнелеу өнері бір рет дами отырып, адамның әр жақты қабілетін қалыптастырады, жетілдіреді, әлеуметтік іс-әрекеттер мен танымның кез-келген саласында, ғылымда болсын, тұрмыста, тікелей еңбекте де іске асырылады.
Бейнелеу өнері адам жанының тереңіндегі тебіреніс әсерін көрсету жайлы Гегель өзінің эстетикалық тұжырымдамасында былай дейді: Көркемдік шығармалар өзінің мазмұны мен құрылымында тиянақты бір шеттегі шындық объекті ретінде өзі үшін емес, көркемдік өнерді сырттай бақылаушы және одан ләззат алушы біз үшін, көпшілік үшін қолданылады. , деп қорытынды жасайды [1. 13 бет].
Жалпы білім мен мазмұн жанартудың ғылыми негізіне мектеп оқушысын белгілі бір қажетті біліктіліктер мен дағдылардың иесі, оқу әрекетінің субъектісі, әр түрлі мәдениеттермен өз көзқарасы тұрғысынан диалогқа түсетін автор және жас ерекшелігіне байланысты өз жасын қалыптастыруға күш жұмсап, еңбектенетін бала деп қарастыру қажет. Осыған орай көп қырлы құрылымды білім-тәрбие мазмұнын анықтап, құруға көмектесетін қазіргі заманға дамыта оқыту идеясы арқау болған. Сонымен қатар бейнелеу өнері пәнінің білім мазмұны мен құрылымын анықтауда дамыта оқыту идеясынан басқа білім мазмұнының интегративті сипатын қамтамасыз ету, оқушының адамгершілігін, эстетикалық талғамын, мәдени-көркем білімін халықтың озық салт-дәстүрін, рухани-мәдени мұралары арқылы оқытып тәрбиелеу сияқты ұстанымдар басшылыққа алынады.
Қазақстанның дамыған елдер деңгейіне жетуіне ықпал етер бірден- бір құдірет - білім және білімді ұрпақ. Қазіргі таңда көп ұлтты мемлекетіміздің алдында тұрған міндет - біріншіден біртұтас білім кеңістігін қалыптастыру болса, екіншіден - халық педагогикасын оқыту үрдісінде пайдалана отыра, ұлттық тәрбие беруде оқушылар бойына адамгершілік, ұлтжандылық қасиеттерді қалыптастыра отыра, болашақта еліміздің тізгінін ұстайтын жастарды тәрбиелеп шығару. Халқымыздың ұлттық мұрасын ұрпақ тәрбиесінде алатын орны ерекше. Ерекшелігі сол: өсіп келе жатқан жас жеткіншектерді есті, адал, еңбекқор, парасатты, қайырымды, мейірімді болсын деген үмітпен ата-баба тәлімін әрқашан мұра тұтып келген.
Халқымыздың ұлттық мұрасын оқу-тәрбие ісімен ұштастыру-басты парыз. Егеменді еліміздің ертеңі жас ұрпақты әдепті, адамгершілігі жоғары болып өссін десек, ұлттық тәлім-тәрбие тағылымын басшылыққа алуымыз керек.
Қоғамның негізгі мәселелерінің бірі прогрессшіл дәстүр болып саналса да, ол әр халықтың алдыңғы қатарлы салт санасы, көркем шығармашылық көз қарасы - әдет ғұрпы, мәдени байланыстар болып табылады. Халықтың әдет ғұрпы, тарихымен дүние танымымен зерделеп жаңаша көз қараспен шығармашылық дамыту негізгі мақсаттардың бірі. Осы орайда мектеп оқушыларыда арнайы үйірмеде сыршырай техникасыдамытуда және көркем білім берудегі әсемдік арттыруда, өзекті мәселе ретінде туындап отыр.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: Заманауи қала атты дипломдық тақырыпты таңдай отырып, біз оқушыларды отансүйгіштікке, патриоттық сезімдерін оятуға тәрбиелеудің тиімді жолдарын қарастыруды мақсат тұтамыз. Тақырыптың аумағында табиғат көріністерін бейнелеу арқылы оқушыларға мурет салудың негізін үйрету. Қоршаған ортадағы табиғатты тікелей көріп бейнелеуге, оны сезіммен қабылдауға оқушылардың дағдыларын қалыптастыру.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- жаңа орындалу техникаларына қызықтыру арқылы бейнелеу
сабағында оқушыларға табиғаттың суретін салуды үйрету;
- оқушыларға Заманауи қала тақырыбына сурет салғыза отырып туған жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру;
- сурет салу барысында көріністің композициялық компоненттерін таңдай білу.
Қағазда үйлесімді шешім детальдарын алмастыра таба білу, негізгі қатынастардың (аспан, жер, су) үйлестігінде дұрыс таба білулеріне машықтандыру;
-оқушы жеке тұлғасының қалыптасуына көмектесу;
- жаңа техникалық аспаптарды қолдана отырып, оқушылардың назарына әйгілі өнер туындыларын ұсыну;
-мақсат-мүдделері мен шығармашылық қабілеттерінің дұрыс бағаланып одан ары қызығушылықтарын арттыруды қамтамасыз ету.
Тақырыпқа байланысты Англия суретшілерінің, Барбизон мектебінің, импрессионистердің, орыс суретшілері мен Қазақстан суретшілерінің еңбектеріндегі пейзаж жанрының айырмашылықтары мен ерекшеліктерін сипаттап таныстыру көзделеді. Келесі көкейкесті мәселе дипломдық жұмыстың тақырыбына себепші болған Қала пейзажы. Осы салада туған жердің тарихы, аймақтың тарихы, климаттық ерекшелігі тереңірек қарастырылды. Табиғаты әсем киелі жерлердің бірі ретінде қарастырып, зерттеуге тырысамыз.
Сухомолинский: Бала сұлулықты сезініп, оған қуанатын болсын, онда бейнеленген образдар оның жүрегі мен зердесінде мәңгі қалатын болсын-деп жазған екен. Әсемдік санаты заңғар жазушының шығармаларында табиғатты сипаттауда, мінез - құлық қарым - қатынасты суреттеуде де басты рөль атқарады.
Жас өскінге эстетикалық тәрбие беруде басты назар аударуға лайықты нәрселердің бірі- табиғат сұлулығы. Табиғат сұлулығы М.Әуезовтың Оқыған азамат, Қыр суреттері, Көксерек, Қараш-Қараш сияқты шығармаларында көрініс табады. Майдың күні. Көк жетіліп, көк жапырақ молайған. Жаңа шыққан алкүрең жасыл шөппен дала жасарған. Жасыл кілемнің түріндей көрікті далада әр жерге шашырап шыққан қызғалдақтың сары гүлдері көз қуантып жайнап тұр осындай қуатты сезімнен туған суреттеулер адамның эстетикалық көзқарасын ұлғайтып, талғамы мен сезімін қалыптастырады. Табиғат сұлулығын көз алдымызға тайға таңба басқандай әкеледі [2. 9 бет].
Ата-бабаларымыздың рухани-мәдени мұраларының тарихи ескерткіштермен ғана шектелмейтіні мәлім. Ал эстетикалық тәрбиенің міндеті жас ұрпақты өмірдің барлық салаларындағы адамның өмірі мен тұрмысындағы, еңбектегі, көркем өнеріндегі, табиғаттағы, халық өнерінің тарихи дәстүріндегі сұлулық пен әсемдікті көре білетін, байқауға алатын азамат тәрбиелеу. Ал күнделікті өмір мен табиғаттағы әдемілікті түсіну, бақылау, байқау, пайдалану үшін жастардың халық өнеріндегі, ұлттық тарихи дәстүрдің танымдық қасиеттері жоғары салауатты өнердің түрлі салаларын жанға рухани азық, ләззаттын ала алатын, сезім-түсігі ұшқыр, ақыл ойы алғыр, терең білімді азамат болуы керек. Осындай ұрпақтың өмірге, тарихи дәстүрге, ұлттық өнерге эстетикалық көзқарасы оның өмір мен қызметінің барлық саласында көрініп тұрады.
Суретшінің бояумен жазған суреті, жазушының сөзбен салған суреті өрнектелген табиғаттың сұлулығын көз алдымызға әкеледі. Осы сұлулықты сезген оқушының бойында сұлулық сезім оянады, табиғатқа деген эстетикалық сезімі шыңдалады. Айналасын қоршаған табиғаттың берген сыйын аялауға үйренеді,оқушының эстетикалық құштарлығы қалыптасады.
Сондықтан біз халқымыздың мәдени-рухани мұрасындағы ұлттық өнердің танымдық-эстетикалық дамуын үлкен парасаттылық, жоғары кемелдік биігінен көруге тиіспіз.
I. қазақстан Бейнелеу өнерінің кезеңдері мен даму тарихы
1.1 Қазақстан бейнелеу өнерінің қалыптасуы мен табиғат жанрының дамуы.
Өнер тарихынан мәлім, қазақ кәсіби бейнелеу өнері ХХ ғасырдың 20-шы жылдары қалыптасып, дамығандығы. Кәсіби бейнелеу өнерінің өз қарқында өрбуіне біріншіден тума таланттардың өмірге келуі болса, екінші жағынан Ресей жерінен келген орыс суретшілерінің де тікелей ықпалы болды. Дәлірек айтқанда, 1920 жылы қазақ жерінде алғаш рет көркемсурет студиясының ашылуынан басталады. Бұл студияның негізін құраған, сол Ресей жерінен 1877 жылы келген орыс кәсіпқой суретші Н.Г. Хлудов болды. Суретші Н.Г. Хлудовтың студиясында кескіндеме өнерінің кәсіби тұрғыда қыр - сырымен танысып дәріс алған суретшілер Ә. Кастеев, А. Ташенов, М. Жанкин, М. Өскенбаев, Б. Сәрсенбаев, А. Қашбаевтар болды.
Айта кетер болсақ 30-шы жылдары Семейде ұйымдастырылған бірінші жылжымалы көрменің де қазақ бейнелеу өнеріне дәрежелі деңгейге көтерілуіне үлкен ықпалын тигізді. Сондай-ақ, 1920-30-шы жылдары Қазақстанда реалистік кескіндеме, станоктық кескіндеме, графика және мүсін өнері өз ерекшеліктерімен шарықтай бастаған кезі еді.
ХIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында Қазақстанға атақты орыс суретшілері В.Верещагин, П.Кузнецов, Н.Рерих, В.Рождественский ат ізін салды. Суретшілердің алдыңғы толқыны үкіметтің ресми тапсырысында емес тек сурет өнеріне құмарлықтарымен Қазақстан тақырыбына, мәдени - ескерткіштеріне айналған тақырыптарға сурет салумен айналысты. Дәлірек айтқанда, Қожа-Ахмет Иассауи мавзолей есігін қағаз бетіне бейнелеп салған В.Верещагиннің Мешіттің есігінің алдында (1873 Мемлекеттік орыс мұражайы) П.Кузнецовтың Даладағы сағым, осы сияқты жұмыстар ХIX ғасырдың бірінші жартысындағы суретшілерге тән академиялық мәнер де емес, табиғи тұрғыда көркемделген дара шығармашылықтарын шарықтатқан қолтаңбалар еді. Бұл суретшілердің қазақ бейнелеу өнерінің қалыптасуына және өз ырқында дамуына қосқан үлестері мен атқарған еңбектерінің арқасында тануға болады [3. 150 бет].
Қазақ бейнелеу өнері - олардың есімдерімен тікелей және орыс реалистік мектебімен тұтастай байланысты, атап айтқанда нанымды көрнектілігін, табиғи болмысы мен жаңа қалыптасқан құрылымға сүйенуі алғашқы кезең де шапшаң еуропалық көркемөнер жүйесіне енгені бүгінгі таңда тарихтан белгілі. Соғыс кезінде 30-шы жылдары кеңестік өнерде белгіленген идеологияландыру тенденциясы көптеген жағдайда нақты себептердің салдарынан күшейді. Суретшілердің негізгі тақырыптары сол уақыттағы жеңіске, бейбіт өмір мен жарқын болашаққа бағышталды. Мұндай тақырыпта суретшілер энтузиазм партия саясатымен және халық сенген көсемімен байланыстырып көрермендерге паш етіп отырды. Бұл бағдарлама өнерге айрықша маңызды роль берген еді. Бұрын-соңғы болмаған дәрежеде форма мен форманы таңдауды анықтайтын мазмұнның алғашқы мағынасының тұтастығын бекітетін концепция социялистік реализм әдісі туралы мәселе қатаң тұрғыда алға қойылды. Сонымен қатар форма кеңес өкіметінің қол жеткізген жетістіктерін анық та нық, сенімді көрсету мен халықты жаңа белестерге ынталандыру болды. Мұның барлығы бүкілодақтық Суретшілер одағының съездеріндегі ресми баяндамалардың және өнер жөніндегі басылымдардағы теориялық сөз сөйлеушілердің негізіне айналды. Бейнелеу өнеріндегі басты бағыт болып, өнер туындылары заман талабына сай келетін тақырыптық композицияларды жарыққа шығарып, соны жоғары сапада дамыту проблемалары қалыптасты.
XX ғасырдың 30-шы жылдары Қазақстан суретшілер одағы құрылып, бірінші съезінде Қазақстан Республикасының 20 жылдығына орай алғашқы көрме ашылған болатын. Мұндай көрмелерде суретшілер бейнелеу өнерінде көздеген мақсаттары біріншіден, қазақ жерінің байлығына, екіншіден, Қазақстанда жалпы болып жатқан өзгерістерге бағытталған (Н.Г.Хлудов, Ә.Кастеев, Х. және К. Ходжиқовтар, З.Назыров, Н.Кружильников, Ф.Балкаев, Ә.Исмайлов, В.Антощенко-Оленев, А.Михеев, А.Ненашев, С.Калмыков, П.Зальцман т.б.) болатын.
Қазақ бейнелеу өнерінде, жалпы өзгерістер 1950-60-шы жылдары шарықтады. Бұл кезеңнің нағыз қол жеткізген табыстарының бірі - бейнелеу өнеріне алғашқы ұлттық өнердің келуі еді. Олардың - ұлттық мәдениет үшін жаңа көркем - пластикалық тілмен ұлттық дүниені сезінуді жүзеге асыруы еді. Сонымен қатар бұл кезеңде бейнелеу өнерінде қатаң стиль пайда болды. Бейнелеу өнерінің қай саласында болмасын ұлттық мектеп пен қатаң стильде көрінген композициялар тек қазақ жерінде ғана емес, одақтас республика өңірлерінде де кездескені біздерге, өнер тарихынан мәлім. Сондай-ақ жер - жерлердегі әр ұлттардың өзіндік ерекше бір стильдерін немесе мектебін танытуда көздеген өнер иелері өз идеялогиялық ізденістерімен шарықтап жатты.
Қазақстан бейнелеу өнерінің кәсіби мектебінің қалыптасуы мен дамуының ерте кезеңінде шығармашылықта да, білім беру процестерінде де жаңа көркемөнерлік форманы меңгерудегі ең басты және қол жеткізген - реалистік әдісі болды. Бұл уақыттың өзінде - ақ Қазақстанда суретшілердің шығармашылықтарында тарих пен мәдениет негізгі орын алды. Мұндай әсер қазақ суретшілердің еңбектерінен жарқын көріне бастады. Атап айтсақ, 50-ші жылдары С.Мәмбеев, К.Тельжанов, Н.Нұрмұхамедов, К.Шаяхметов, М.Кенбаев, 60-шы жылдары С.Айтбаев, Ш.Сариев, Ә.Жүсіпов, С.Романов, Ұ.Әжиев, Г.Исмаилова, А.Ғалымбаева, Ж.Шарденов, Ә.Сыдыханов және т. б. [4. 45-47 бет].
50-ші жылдың орта шенінде бейнелеу өнерінің тобына еліміздің орталық жоғары оқу орындарында көркемдік білім алған дарынды жастардың келуіне байланысты Республикамыздың көркемөнерінде жаңа кезең басталды. Профессионализм мен көркемдік кемел ой суретшілердің жеке-дара мәнерінің әр-алуындылығына, сонымен қатар қазақстандық кескіндеме мектебін калыптастырудың жолдарын іздестіруге септігін тигізді. Бұл кезеңде бейнелеу өнерінің қалыптасқан ырқын жалғастыра отырып, ұлттық тақырыпқа көбірек мән беріле бастады.
Халықтық мәдениетке жанасу, өмірдің адамгершілік негіздері жайында толғану көптеген суретшілердің шығармашылық қызметтеріне бірыңғайлылық ықпалын тигізді. Сонымен қатар суретшілер әдет-ғұрыптың ерекшеліктерін ұдайы зерттеудің нәтижесінде өздерінің көптеген композицияларының шешімін ұлттық тұрмыс тіршілігіне және қарапайым заттарды бейнелеуге арнады. Суретшілердің 60-шы жылдардағы ұрпағы алдыңғы ұрпақтың ізденістерін одан әрі жалғастырғанымен, алайда бұлардың пластикалық әдістері басқаша сипатқа ие бола отырып, баяндаушылық, аңсаушылық әуенінен үзілді - кесілді бас тартып, дәстүрдің өміршеңдігі мен бекемділігі тұрғысында қарастырылды.
Жалпы суретшілердің композициялық шешімдерінің салдары қоғамдық дуниетану процестерінің нәтижесінде оянған ұлттық сана - сезімнің өсуінен туындады. Адекваттық бейнелеу тілін табуда 60-шы жылдардың суретшілері, бір жағынан, Шығыс миниатюрасының композициялық құрылымына, екінші жағынан, қазақтың ою-өрнек жүйесі принциптеріне сүйене көркемдеді. Мұндай принциптер өнер иелерін біріншісі - композицияның кеңістік пен уақыт компоненттерін еркін пайдалануға мүмкіндік берді, мұның өзі оларды форманы жинақтап көрсетуге ұмтылдырды. Екіншісі-модульдің ірілігіне, бояудың өз нақыштарымен қауыштастыруына мүмкіндік берді. Бұл екі мәселе де конструкциялық шешімнің айқындығына, суреттің жып-жинақы ықшам шығуына баулыды.
Бейнелеу өнерінде ұлттық қолөнердегі сырмақтар мен текеметтердің аса күрделі ою - өрнектерінде ұланғайыр даланың шексіздігіне бойы үйренген көшпендінің болмыс бітімі бейнеленген. Ою-өрнектегі образдардың өршіл әуені өмір мен өнерде өздерін асқақ орнықтырған жаңа ұрпақтың азаматтық талпыныстарына толық сәйкес келген еді.
Республика суретшілерінің жаңа кейіпкер мен жаңа форманы іздеген әрекеті 60 - 70 - шы жылдардағы өнердің жалпы одақтық дамуына, қатаң стиль - деп аталған арнаға табиғи түрде келіп қосылған болатын. Олар таңдап алған сюжеттің кез келгенін уақыттан, оқиғадан жоғары тұруға тиісті деп түсіндіреді. Заттар мен құбылыстарда ең негізгісі ғана алынып және оған оңай оқылатын көркемдеудің идеясы ізделді. Сонымен қатар бұл кезеңдерде суретшілердің композициялық шешімдері халық өнерінің мәңгілік нышандарына тың сүйенгендері байқалады.
Айқын ақиқатты іздестіру жолында көптеген суретшілер мәңгі көнермейтін, тамаша тақырыпқа ден қойды. Сонымен қатар отбасы тақырыбына кеңінен тоқталғаны, суретшілер өз композицияларында біртұтас философиялық ой бере отырып көркемдеу төрінен ұлттық мектепті, ұлттық стилді іздегендері айқындалып жатты. Дәлірек айтқанда композицияларын қандай да тақырыпта келтірмесін ұлттық деңгейді көркемдік рәсімдерімен дәріптеген. Ондағы бастысы ұлттық қолөнермен байланыстыру. Яғни өнер тілінде айтқанда декоративтик стиль деп аталды. Осы сәтте көптеген суретшілер өзіндік форманы ізденуден бастайды.
Суретшілер өз шығармаларында көкейкесті мәселелерінде өнер мен өмір алдындағы жауапкершілігі толғантпай қоймады. Осы тұрғыда кескіндемешілер шығармашылық тақырыптарын жалғастыра отырып, өз шеберханаларының ішкі көрінісін жиі баяндай бейнелеп, заттардың композициялық атрибуттары ретінде қабылдап келді
Негізінде өнердегі шешуші тақырыптардың бірі-адам, қоршаған орта, қоғам болып саналды. Алайда, өнердің өткен кезеңдерінде оның біртұтастығы айқын байқалса, енді оның бөлшектенуі, біртектес болмауы, идеялық және стильдік ерекшеліктерінің көбеюі 70-ші жылдардағы өнерге тән сипатына айналған еді. Бұл мынаған байланысты болуға тиіс қоғамдық өмірдің қилы өзгерістері, сөз бен істің арасындағы алшақтық өмір құбылыстарын табиғи бейнелемей, жасанды бейнелеуді туғызған, осыдан барып, мұның салдары ретінде- ой-пікірді жанамалап білдіруден бастап таза конъюнктураға дейінгі түрліше бейнелеушілік пайда болған. Өнердің міндеті жөніндегі түсініктің де әуені өзгерді.
Кескіндеме өнеріне 70-ші жылдардың аяғында келіп қосылған көптеген жас суретшілер де осы бағытты ұстанды. Оларды күрделі әлеуметтік проблемалардан қашқақтайды деп талай рет кінәлады. Бірақ тау мен далаға, аңыз ертегілеріне, бала кезінде жанына тұтқан - ұлттық өнерге қарай бой бұрғандары суретшілердің шығармашылығында анағұрлым адал болып шықты. Алайда, осыдан он жылдай бұрынғы өнердің негізгі тақырыбы жеке адамның табиғатпен байланысы және үзілмеген тарих пен әлем кеңістігінде өмір сүретін адамның рухани-эмоциялық дүниесі болды. Сонымен қатар кескіндеме өнерінде ескімен жаңа тұрмыс тіршілік айқындалған. Жас суретшілер барынша алдыңғы ұрпақтың тақырыптарын одан ары жалғастырды, бірақ олар бұл тақырыптарға өзгеше үндестік берді. Осыдан барып суретшілер қауымдар арасында басқаша жол ізденуіне де бірден бір септігін тиізді.
Суретшілердің полотнолары шабытты салтанатты әуенге ие болды. 60-шы жылдардағы өнер иелерімен салыстырғанда 30-шы жылдардағы суретшілер табиғаттың мәні мен міндетін басқаша түсініп өз қөзқарастарымен таныта білді. Егерде бұрын табиғат көрінісі композициясында Қазақстанның жинақталған образы ретінде еңгізілсе, енді суретшілер табиғаттың алуан түрлі формаларының сұлулығы мен пластикалық сезілуін және адам баласына рухани байлық беретін композициялық шешімдердің көркемдік рәсімдерінен көріне бастады.
Қазақстан бейнелеу өнерінің бұл жаңа кезеңі көркемөнердегі құбылыс ретінде танылып отыр. Оның көптеген басты мәселелері - шығармашылықтағы еркіндіктің, жалпы ұлттық және жеке бастың өзіндік ерекшелігін танытуға талпыну, сонымен қатар қазақ суретшілері үшін бұл проблемалар академиялық және идеалогиялық ережелерден бас тартудан туындап отырған екінші кезең. Осы орайда суретшілер бейнелеу өнерінің принциптерін ұлттық деңгейде таныту көзделіп жаңа идеялық технологияларда көрінуге талаптанды. Сонымен қатар кескіндеме өнеріндегі қай жанрда болмасын суретшілер динамикалық сезімді адам еңбегінің ерлік істерімен де ұштастырып жатты.
Ал, кейінгі 1980-2000 жылдары суретшілер халықтың тұрмыс тіршілігінен, ұлттың мәдениетін бейнелеуді жалғастыра отырып, суретшілер өзіндік мәнерлерін таныта білді. Дәлірек айтқанда, бұл кезеңде кескіндеме өнерінде әр стильде, яғни абстрактық, авангарттық, сюрреалистік, және тіпті дадаизм бағыттарын да кездестіріп жатамыз. Тақырыптық жағынан суретшілердің композициялары тарихқа байланысты болып келген туындылары да жиі көрініс табады. Мұнда суретшілердің композицияларынан өткеннің сарынын, бүгінгінің ақиқатын сезіне алатындай жағдай туғызады.
Жалпы кескендіме өнерінде кеңістік көріністерінің динамикалық үйлесімдері негізгі орын алады. Өнер өзінің бастау бұлағында халықтың тарихи жолы туралы сөз ету үшін төл сөз жеткіліксіз болып қалады, сондықтан олар себеп -салдарлық байланыстарды орағытып өтіп, оймен қабылдаудың байланыстылығын ояту үшін символикалық және аллегориялық жинақтаулар дәрежесіне көтеріледі. Өнер өзінің бастау бұлағына, ежелгі халықтық түп негіздеріне ықылас білдіруінде оның этнографиялық, одан кейін поэтикалық дәрежелерінен өткесін жаңа биіке шығып, оны пайымдаудың философиялық дәрежесіне көтерілді деуге болады. Сахнаға шыға бастаған суретшілердің келесі ұрпағы, тегінде, алдыңғылардың осы бағыттағы ізденістерін жалғастыра отырып, халықтың менталитетін және халықтың тарихы туралы ұғымды тың түсінуге, сонымен қатар қазіргі заман құбылыстарын да тереңірек пайымдауға болардай, еңбектерімен ерекшелінуде.
1980-шы жылдырдың аяғында Қазақстан бейнелеу өнерінде айтарлықтай өзгерістер байқала бастады. Яғни айтқанда 1988-89 жылдары екі бірдей маңызды көрме өткізлген болатын. Сол көрмелер Қазақстан бейнелеу өнеріне ұлттық мектеп принциптерін жалғастыра келіп, сана - сезімнің теңбе - тең үлгісі ретінде символизм мен концептуализм қозғалысы қалыптасты. Мұнда ұлттық мектептің дамуына өз үлесін қосқан кескіндемеші Ә.А.Сыдыханов өзінінің Таңбалы кескіндеме мен Тағдырлар тоғысы (Перекресток) атты жеке көрмесінде көрермен назарына паш еткен болатын. Жаңа символика - концептуалды тәсіл осы өтпелі кезеңдегі Қазақстанның кескіндемелік өнерінің басты аспабы ретінде болуы аймақтық мінезге тән болды [5. 93 бет].
Жалпы бейнелеу өнерінде мұндай күрт өзгерістер суретшілерді кешегі кеңес өкіметі кезеңіндегі идеялогия мен әлеуметтік тақырыптар қажытып жібергеннен де туындап отырды. Ең бастысы өнер иелерін дүниенің тылмыс құпиясы, шаманизмдік, энергиясы, осы замандық ойлау принциптері ретінде эстетикаландырылған интеллектуализмі, ұлттық эстетиканың мәнін түсіну қызықтырды.
Соңғы жылдарда өнерде тарихи дәстүрді ұғынуға деген ықылас, сонау алыста қалған көне заманнан бүгінгіміздің бастауын көруге ұмтылушылық бәрінен де көрі айқынырақ сезіледі.
ХХ ғасырдың аяғы мен XXI ғасырдың басы Қазақстандағы көркемсурет процестеріне жаңа ағым әкелді, яғни айтқанда 90-шыжылдары өнердің негізгі ізденісі мифтік бейне жасау еді. Шеберлердің абстрактілеуге талпынысы, қиялдау алғырлығынан келіп таңбалы бейнелерге көшті. Әртүрлі бейнелеу амалдары композиялық туындыларының ойын жеткізуге ұмтылыстары байқалып жатыр. Жалпы тақырыптары жеке адамның ой-санасына бару, өмір қуанышын сезіну, қарапайым дала өмірі, символдардың біртекті еместігі және осы сияқты алуан түрлі тақырыптар бой түзегенін де айқындауда. Бұл кезеңнің өнері көп жағдайда өзіндік жоғары деңгейдегі кәсібилігін өткен кезеңдерде салынған дәстүр ретінде сақтай отырып, стильдердің концепциясының, көркемдік тілінің жан - жақты көп қырлығымен ерекшеленеді.
Сол, ХХ ғасырдың бас кезінде еуропада пайда болған фовизмдік, сююреалистік, авангарттық, абстракциялық бағыттары қайта жаңғырып жатқанын жергілікті көрмелерден танып жүрміз. Осыдан барып Қазақстан бейнелеу өнерінде жаңа үш бағыт пайда болғаны аңғарылады, олар символикалық - концептуальды тәсіл, жаңа реализм, contemporary art - яғни, ағылшын тіліннен аударғанда жәй ғана қазіргі кездегі өнер деген мағынаны білдіреді.
Соңғы кезде Қазақстан көркемөнерінде 90-шы жылдың басынан бастау алған жаңа актуальды құбылыстар пайда бола бастады. Атап айтсақ, олар Түркістан, Шығысқа саяхат, Үлестен құр қалғандардың обсерваториясы акциялары, Шымкенттік трансавангард мен Қызыл трактор (С.Атабеков, М.Нарымбетов, С.Баялиев, В.Симаков), Алматыда Жолайрық топтары.
Бүгінде бейнелеу өнерінде ең алдымен мәдени және экономикалық жағдайдың өзгеруіне байланысты тәуелсіз галереялардың жүйеге қосылуы, соның ішінде бет алған Артрынок жүйесі болып табылады. Бірақ та бейнелеу өнерінде көкейкесті мәселелер басым болсада, өз халқымыздың мәдениеті мен тарихы қай стильде орындалмасын мағынасы мен нышаны шарықтауда.
Өнер үшін 70 жыл онша ұзақ мерзім емес. Бірақ, суретшілердің не бары бірнеше ұрпағының өткен жолы, тұтас алғанда, Қазақстан өнерінің өзіне тән ерекше бейнесі бар деп айтуға мүмкіндік береді.
Қазақстан бейнелеу өнеріндегі жалпы өзгерістер бағытындағы ұрпақтарының шығармашылығын зерттеген өнертанушылардың бірі - өнерзерттеуші Р. Ә. Ерғалиева өзінің көзқарасында мынадай түсінік берген: Мировоззренческие традиции казахов окозали глубинное воздействе на профессиональное изобразительное искусство Казахстана. В творческой практике художников разных поколений традиционные ценности, критерии и идеалы были трансформированы, интерпритированы и адаптированы к новым формам художественного самовыражения. Постоянный духовный диалог с принципами миропонимания и мировидения предков, ведомый казахским искусством, сформировал уникальный феномен казахского изобразительного искусство ХХ века. Яғни айтқанда, қазақ бейнелеу өнеріндегі танылып жүрген суретшілердің туындыларының тақырыптарына өз халқының мәңгі жалғасып келе жатқан мәдениеті, халық мәдени - философиясы, тарихы, сонымен қатар ұлттық қолөнері негізгі себепкер болып жатқан болмыс болып табылады. Осындай ежелден келе жатқан халық өнер тарихынан суретшілер қай кезең ұрпағы болмасын өз дүниетанымдарының кеңдігін байқатып келеді.
Бейнелеу өнерінде суретшілердің шығармашылық композицияларының формасы бойынша ұлттық, мазмұны бойынша социалистіктің идеологияға қатты қайшы келмейтін, сонымен қатар көркемдік рәсімі бойынша ұлттық, формасы бойынша реалистік тақырыпта жарыққа шығару мақсаты болғандығы. Сол кеңестік инверсияны ұстай отырып, адам баласына бір философиялық ой - тұғызатындай мәнді де, мағыналы шығармаларын паш еткен туындылар дүниеге келіп жатты.
Табиғат көрінісі-өнер адамдарын өз әлеміне еліктіріп әкететін, сиқырлы аймақ. Ол адамзат дамуының таң шапағында, біздің заманымыздан бұрынғы ата-бабаларымыздың үңгірлеріндегі өнер туындыларында қарапайым болса да өз көрінісін таба қалыптасты. Сан ғасырлар бойына суретшілердің басшылыққа алған идеялары, олардың ұмтылыстары өзгеріп отырды, бір стильдің орнын екінші стиль басты, бірақ бәрі бір табиғатты бейнелеуден артық сұлулық жоқ.
Суретшілер өнердің ұшы-қиырсыз осы саласынан көбіне өздері сүйген әуендер мен тақырыптарды таңдап алады. Біреулері портреттер жазғанды ұнатады, екіншілері пейзаждарды, үшіншілері тарихи, соғыс немесе тұрмыстық көріністерді бейнелеуге құштар. Бейнелеу өнерінің бұлай сапталуы жанрларға бөліну деп аталады. Жанр сөзі француздың Qenre-түрі немесе тек сөзінен шыққан. Өнер әлемінде жанрларды: натюрморттық, портреттік, маренисттік, тұрмыстық, батальдық, пейзаждық жанрлар деп бөледі.
Пейзаж жанры (Pausade деген француз сөзінен шыққан) - бұл ландшафты, табиғатты бейнелеу. Пейзаж дербес жанр ретінде, Қытай, Жапония және басқа Шығыс елдерінде (VII-X ғасырларда) Европадағыдан ертерек қалыптасты. Европада ол XVII ғасырларда, алдымен Италияда пайда болды, содан кейін Голандияда ерекше жоғары дамыды. Орыс өнерінде пейзаждың гүлденуі XIX ғасырдың соңына тұспа-тұс келеді (И.Левитан, К.Коровин, Н.Рерих және басқа да көптеген суретшілер). Табиғатты салуда қайсыбір жерлерді жәй айнытпай бейнелей салу емес, онда суретшінің сезімдері мен ойларын берудің үлкен мүмкіндіктері жатыр. Адам өмірімен салыстырып қарағанда табиғат өмірі мәңгілік сияқты болып көрінеді. Бұлт торлаған аспан, теңіз толқындары, ормандармен таулар жүздеген, мыңдаған жылдар бұрын қандай болса, сондай күйінде қалады. Бірақ осы бір өзгермейтін табиғатты алуан дәуір суретшілері түрліше көріп, түрліше бейнеледі. XVII ғасырдағы голланд суретшілерінің картиналарында теңіз үнемі дерлік романтикалық сарынсыз болып келеді, олар табиғат сұлулығын іңкәрлікпен қызықтауға бейім емес. Олар үшін теңіз-сауда мен жұмыс орын, тіршілік қаракетін іздестіретін кеңістік.
Орыс суретшісі Айвазовскийдің теңіздері әрдайым дерлік үрейлі дүлей күш, мөлдірлеу құпия сырлы тұңғиық. Орасан зор толқындар қия жартастарға лап қояды. Адамдар, тіпті кемелердің өзі де осынау қаһарлы, өлшеусіз қуатты стихияда өте кішкентай, дәрменсіз де қорғансыз болып көрінеді. Оның картиналары әсем стихияға деген тәнтілікке, романтикалық сүйіспеншілікке бөлінген. Бір табиғаттық көріністің өзі әр суретшінің қылқаламынан мүлде басқа толысуға, басқаша түске ие бола отырып, шебердің талғамын, көзқарастарын, көңіл күйін береді. Оның үстіне, мәңгілік табиғат тіршілігіне уақыт өтуімен бірге жаңа әуендер енеді, табиғат адамның әсерімен өзгеріп отырады. Темір жолдар, автомабиль жолдары, жоғары вольтті электр желілерінің сорайған діңгектері мен сымдары, аспанда ұшқан реактивтік самолеттің будақтаған ізі-осының бәрі бүгінгі күннің көрінісі. Мұны қазіргі заманғы суретші аңғармай тұра алмайды. Табиғаттың көз ұшына кетіп жатқан кеңістік сезілуге тиіс, ал әрбір зат, әрбір ағаш өзіне тән белгілерімен көрінуге тиіс. Бейнеде бір ағаштың жеке-дара діңгегін, бұтақтарын, ағаштардың ұшар басының, жапырақтардың және жапырақ топтарының сипатын беру керек. Ағаштың суреті келесі күні сурет пен түпнұсқаның арасындағы дәлме-дәл сәйкестікті еш қиындықсыз табуға болатындай етіп салынуға тиіс.
Ағаш-бұтақтар мен жапырақтардың кездейсоқ үйінділері емес, осы элементтердің өте сымбатты жүйесі. Егер суретші мұны сезінбесе, онда суретті аяқтай отырып, ол бейнеленген ағаштың белгілі бір бөлігі үшін модель қызметін атқарған бұтақтардың және жапырақ топтарының қайда тұрғанын білмейтін болады. Жақсы суретте басты бұтақтармен жапырақ топтарының мөлшері мен өзара орналасуы дәл берілуге тиіс. Мұның үстіне, суретші силуэтті ғана емес, сонымен бірге ағаштың көлемін де беруге ұмтылады. Әрине, ағаштың суретін дәл салу туралы айтқанда, біз әрбір жапырақшаны бейнелеуді көздеп отырған жоқпыз. Бірақ жапырақтарды бейнелеудің біздің алдымызда қандай ағаш тұрғанын бірден түсінуге мүмкіндік беретіндей графикалық шешімін табу керек.
Жердің суретін салған кезде оны көрермен горизонталь және көрерменнен қиырға кетіп бара жатқан жазықтық ретінде қабылдауын қадағалау керек. Бұған жазықтықтың картина төріне қарай кетуін баса көрсететін горизонталь бөліктер жәрдемдеседі. Табиғатты игеруге микропейзаждардың, яғни кіші табиғи формалардың-тастардың, жер қыртыстары бөліктерінің, бұтақтардың, шөптердің суретін салу көмектеседі. Бірінші пландағы мұндай детальдар табиғатты жан бітіреді. Шалғайдағы таулар да өзіне тән сыртқы тұрпаты бар жәй дақ емес. Суретші олардың құрлысын, формаларын, жарықпен білінетін пластикасын ажырата алуға тиіс.
Табиғатта судың үлкен маңызы бар. Айнадай жылтыр судағы шағылыстарды құру жөнінде Перспектива тарауында айтылып кетті. Бұл арада толқып жатқан суға назар аударамыз. Желдің күшімен су бейне бір дөңес және майысқан айналардың шоғырына айналғандай болады. Сондықтан тұтас шағылысқан бейнелер бұзылып, үзіледі де бар болғаны толқындардың өркештерінде және олардың арасындағы жылғаларда ғана сақталып қалады. Толқындардың бізге қараған құлама жалдары негізгі шағылысқан бейнесін көрсетеді. Толқындар жоғарыдан дерлік қабылданатын, бақылаушыға таяу жерде бұл үзіктер мейлінше аз болады; алысырақта олар басым болады, ал негізгі шағылысу мүлдем дерлік жоғалады.
Толқынның формасы қатаң заңдылықтарға бағынады, сондықтан оны,ағаштың формасы сықылды ,зерттеу керек. Әсіресе жағаға ұмтылған толқындардың құрылмын мұқият ұғып алу керек, мұнда олар алдыңғы толқынның кейін тепкен суымен кездесе отырып, үшкір көбікті жотасы бар шыр көбелек дөңгеленген иірімге айналып, оның бір бөлігі желмен толқынның артқы бетінде жоғалады да оны өрнекті көбікпен әшекелейді.
Бұлттардың формасы мен табиғатын да ұғыну керек. Бұлттар вертикаль жазықтықта жабысып тұрмайды, олар жердің дөңгелек бетіне параллель кеңістікте бейне бір ілініп тұрғандай болады. Табиғаттың суретін салған кезде ең алдымен бейнеленетін көріністің шегін анықтап алу керек. Сурет салуды жаңа бастаған суретші алғашқы кезде көрсеткіш тетікті-ортасынан тік бұрышты тесік кесіп алынған картонды немесе қағазды пайдалана алады.
Басқа өнерлердің арасында кескіндеме суретшінің қырағы көзі шалғанның бәрін мейлінше толық бере алса керек. Сан жүздеген жылдар бойы ол табиғаттан үйреніп, дүниені қызғылықты ететіндердің бәрін - бейнелеудің таңдай қақтыратын жаңа әдістерін ойлап тапты. Оның бейнелеу құралдары шексіз бай бола бастады. Сызықтардың өте батыл жүргізілуі, бояулардың бай үндестігі, жарық пен көлеңкенің батыл, күтпеген контрастары, бейнеленіп отырған нәрсені орналастырудағы ойлы мөлшерлестік және айқын логика, қиялдың қызықты құбылмалылығы-осының бәрі кескіндемеге өз міндеттерін шешу үшін берілген. Рыцарь сауыттарының жылтылын, жібек маталардың асқан әдемілігін, көз жанарының дымқылдануын, жас қыз денесінің нәзіктігін және ағаштардың дөрекі қабығын көзге түсетіндей етіп беру тіс қаққан сыршырайға қиындық келтіре қоймайды. Кең жайылған емендердің қуатын, көктемгі қайыңдардың жан жадыратар жасыл жапырақтарын, қаҺарлы да асқақ аспанды, мөлдір-сұр тұманды және айлы түндердің тылсым, жұмбақ әлемін, буырқанған көк теңізді сендерге қызықты, сан қырлы сыршырай өнері көрсетіп бере алады.
Суретші оның жүзіндегі көзге шалына қоймайтын ой нышандары мен құштарлықтарын таңғажайып қырағылықпен кенеп бетіне түсірген және бір мезгілде сендерге оның жан-дүниесін ашып береді [6. 9 бет].
Бейнелеу өнерінің ұлы мәні мынада: ол сансыз жүректерді бір мәнді ойда, бір күшті сезімде бірге соғуға мәжбүр етеді. Ол шапшаң, бірден әсер етеді, оның тілі халықаралық тіл: оған аудармашылар қажет емес. Оның алдында уақыттың өзі кеңінен шегінеді. Аса көрнекті совет суретшісінің бірі А.Пластов өнер туралы осылай шабыттана айтады.
Өнер-бұл арнайы құралдармен жасалған және багет- рамкаға салынған, біз музейлерде қызықтайтын картиналар ғана емес, өнер туындылары ұғымы кең әрі мейлінше сан алуан техниканы қамтиды.

1.2 Бейнелеу өнеріндегі пейзаж жанрының тарихы мен алатын орны.

Табиғат көрінісін бейнелеу дегеніміз - қайсібір жерлерді жәй ғана айнытпай бере салу ғана емес, онда суретшінің сезімдері мен ойларын берудің үлкен мүмкіндіктерінің жатқандығы. Адам өмірімен салыстырып қарағанда, табиғат өмірі мәңгілік сияқты болып көрінетіні шындық. Себебі бұл торлаған аспан, теңіз толқындары, ормандар мен таулар жүздеген, тіпті мыңдаған жылдар бұрын қандай болса, кейін де сондай күйінде қалары сөзссіз. Бірақ осы бір өзгермейтін табиғатты алуан дәуір суретшілері түрліше өзгертіп, түрліше бейнелейді.
Адам әу бастан-ақ табиғат көріністерін сала бастағаны шындық. Бірақ көп уақытқа дейін белгілі бір оқиға мен адамның тұлға-тұрпатын бейнелегенде керек фон ретінде ғана пайдаланып келгені белгілі. 17 ғасырдан бастап суретшілер бірыңғай табиғат көрінісін бейнелейтін картиналар жазуды бастады.
Негізінде пейзаж дербес жанр ретінде Батыс Еуропа елдеріне қарағанда Шығыс елдерінде, атап айтар болсақ Қытай мен Жапонияда VII-IX ғасырларда қалыптаса бастады. Еуропалық кескіндемеде 17 ғасырда, ең алдымен Италияда пайда болып, кейіннен Голландияда ерекше жоғары дамыды. Себебі Голландия - Солтүстік теңізінің жағасындағы мұхит деңгейінен төмен жазықта орналасқан ел болғандықтан су басып қалу қаупі зор. Сондықтан да өз елінің табиғатын қастерлей білуді үйретті. Ал табиғат көрінісі бейнеленген көркем туындыларды өте жақсы бағалаған. Голланд суретшілерінің қыл қаламынан туған құнды дүниелер көбіне шағын шаршыларға салынғандықтан жұрт оларды "кішкентай Голландықтар" деп атап кеткен [7. 138 бет].
Орта ғасырда көбінесе Шығыс елінде пейзаждың элементтері алғашында сызылған бейнелері көбірек орын ала бастады. XV- XVI ғасырларда грек, герат мектептерінде табиғат тарихы бөлімдерінің шынайы театр ретінде қаралып және осы тарихпен одақты пейзаж өзіндік қолдау тауып отырды. Суретшілер алдыңғы жоспарда түстерді көбіне өте ауыр, жылы және қоңыр гаммамен жазып, екінші жоспарда көбіне көгілдір түстерді қолданды. Осылай ауа кеңістігі өз шешімін тауып отырды. Классиктердегі композицияның негізгі ерекшелігі бірінші жоспарда театр декорациясына ұқсас ең алыста сәулет құрылысы немесе тоғайлар орналасқан болатын.
XVI ғасырдың басында "пейзажист" деген түсінік пайда болды. Бірінші болып Альберт Дюрер Нидерландық суретші Иоахим Патинурдан үйренді десек болады. Екінші қадамды Дунай мектебін бітірген суретшілер жалғастырды деп айтсақ артық болмайды. Пукас Кран бірінші болып адамның ойын табиғатқа басқаша көзқараспен қарауға бағыттады. Табиғат көрінісі көрерменге үлкен эмоцианалды күшпен әсер етеді, сондықтан да ол әдемілікті, қоршаған ортаны бейнелейді. Қоршаған орта, табиғат көрінісі бәрі-бәрі Дунай суретшілерін қай кезде де өзіне тартты. Алған әсерлерінің арқасында суретшілер тамаша туындыларды өмірге әкелді. Мысалға Альберх Альтдорфердің "Орманды табиғат және Әулие Георги", Вольф Губердің "Предальпистті пейзажы", Пукас Кранның "Иронимнің кешірім сұрауы", "Египет жолында дем алу" сияты тамаша туындыларды атауға болады.
Сонымен қатар Дунай мектебінің шеберлерімен бірге Щвецариялық бірнеше суретшілер де жоғары дәрежеде, үлкен сүйіспеншілікпен табиғатты суреттей білді. Атап айтар болсақ Ганс Лей, Урс Граф, Николас Мануэль Дейн және тағы басқалары.
XVII ғасырдың бірінші жартысында ең ірі көркем қылқалам шеберлерінің бірі Ян Ван Гоян болды (1596-1656). Оның шығармашылығы сол уақыттағы қағидалармен Голланд пейзажының ерекшеліктері жайын толық суреттей білді. Табиғаттың әсем көрінісін өз туындыларына арқау етіп ала отырып, ерекше ыждахаттылықпен бейнелеген.
Әрбір Голландық суретші-пейзажистер өздерінің тақырыптарын мамандандырылған. Сондай суретшілердің бірі Якоб Ван Рейстал (1629-1682) еді. Оның шығармашылық туындыларынан майлы бояудың ерекше жоғары дәрежеге көтерілгенін байқаймыз. Қылқалам шебері табиғатты салу барысында ерекше қуаты мен ерекшелігін сипаттап көрсете білді [8. 160 бет].
Суретшінің көркемсурет құралының мағынасы байыпты, сырт көзге қарапайым көрінгенімен, рухани мағынасы жағынан оның көркем шығармаларына сөз жетпейді .
XVII ғасырда Францияның көркемсурет мәдениетінде алдыңғы орында классицизм тұрды. Француз классицизмі өзінің эстетикалық, этикалық үлгісін антикалық мәдениеттен үйренді. Классицизмді бірінші бастап жүрген Николло Пуссен (1594-1665). Пуссеннің туындыларының тақырыбы көбіне қайырымды болып келеді. Суретші көбінесе жұмыстың тақырыбы мен сюжетін көрсете білуге тырысты.
XIX ғасырда Англия суретшісі Джон Констебл алғаш рет пленэрге шығып этюд жаза бастады. Оның жұмыстары шағын болғандықтан этюдке өте жақын болды.
Басқа елдерге қарағанда пейзаж жанрының дамып, гүлдену кезеңі орыс бейнелеу өнерінде кешірек келіп, XIX ғасырдың соңына тұспа-тұс келді.
Әсіресе пейзаж жанрының гүлденуіне XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басындағы орыс суретшілері айтарлықтай үлкен табыстарға қол жеткізді. Ф.Васильевтің "Жаңбыр алдында", К.Юонның "Қыс соңы", С.Герасимовтың "Жаз өтті", К.Коровиннің "Көктем", А.Айвазовскийдің "Тоғызыншы балл" атты көптеген көркем шығармаларында табиғат көріністерінің алуан ерекшеліктері мен сұлулығы шынайы бейнеленген.
Ал енді өзіндік эволюциясынан өткен орыс пейзаждарына келер болсақ XIX ғасырдың Ф.Алексеев, әкелі-балалы Воробьевтар, ағайынды Чернойовтар, М.Лебедев сияқты өз заманының шеберлері пейзаж жанрын салуда қарапайым сипат ұстанды. Ол олардың композицияларында, түстік және кеңістік перспективасынан да байқалады.
Талантты суретшінің бірі И.Левитанның пейзаж жанрында жазған туындылары өте жоғары бағаланды. Оның жұмыстарынан орыс алқабын, гүл жайнаған көк шалғынды, сұрғылт тұман бүріккен бұлыңғыр күндерді, көк жүзін перделеген будақ-будақ бұлттарды, көктемдегі қара суға белшеден батып тұрған балапан қайыңдарды, шоқ тоғайларды, баурайынан қар кете қоймаған жайпауыт жыраларды, күзді күнгі оттай жанған алау жапырақтарды көруге болады.
XIX ғасырдың екінші жартысы - А.К.Саврасов, Л.Л.Клодт, Ф.Васильев, В.Д.Поленов, И.И.Левитан, К.А.Коровин және тағы да басқа көптеген тамаша шеберлердің еңбектерін көркем ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін өнер пәнін оқытуға дайындау
Көркемдік білім туралы түсінік
Табиғат көріністерін бейнелеуге оқушыларды үйретудің тиімді әдістері
Қазақ өнерінің тарихы
Болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін мектепте графиканы оқытуға даярлау
БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫ ОТАНСҮЙГІШТІККЕ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ НЕГІЗІ
Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық ептіліктерін қалыптастырудың теориялық негіздері
Пейзаж өнердің дербес жанры ретінде
НАТЮРМОРТ, ПЕЙЗАЖ ЖӘНЕ ОНЫҢ БЕЙНЕЛЕУ МҮМКІНШІЛІКТЕРІ
Бейнелеу өнері арқылы оқушылардың патриорттық сезімдерін арттыру
Пәндер