Қарахандықтар мемлекетінің қалыптасуы



Кіріспе
І.Негізгі бөлім
1.1Қарахан мемлекетінің құрылуы және оның территориясы.
1.2Қарахан мемлекетінің этникалық құрамы мен саяси құрылымы.
1.4 Наймандар мен керейттер ұясы.
1.5.Ұлы Жібек жолы . аса ірі ақпараттық ортерие.
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Қарахандықтар мемлекетінің қалыптасуында жетісуды мекендеген қарлұқ бірлестігінің тайпалары басты роь атқарды. Қарахан әулеті мемлекеттегі аса маңыды әлеуметтік – саяси институт, әскери-мұраның жері болған. Хандар өздерінің жақындарына белгілі бір ауданның, облыстың халқынан сол уақытқа дейін мемлекет пайдасына алынып келген салықты өзіне жинау құқын береді. Мұндай салық ихта деп аталады. Халықтың ең басты тіршілігі көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылығы болады. Кейінірек келе егіншілікпен айналысады. Мемлекет басшысы – хақан қарахан әулиетінің басшысы болып есептеледі. Ханға ең жақын адамдардың бірі – уәзір (атқосшы) деп аталады. Хан сарайы басты орда – мемлекеттік және әкімшілік басқару орталығы болды. Далалық аймақтардағы мал шаруашылығымен айналысатын халықты басқару тәртібі басқаша болды. Онда иерархиялық принциптерге негізделе тұрса да көшпелі қауымдардың әкімшілік басқаруы рулық-тайпалық басшы топтар арқылы көбіне елші басына, бектер мен хандарға бағынатын ру басылары арқылы жүзеге асырылады. Тұтас алғанда Қараан қағанатының мемлекеттік әкімшлік жүйесі – феодалдық негізде орнықты.
Отырықшы – егіншілік қоныстарда шаруаларды қанаудың 2 түрің болған: 1) үлескерлік – жерді шаруаға жалға беріп, өнімнің жартысын салық түрінде төлеу; 2) қамқорлыққа алу – тұтас қауым өздерін және мал – мүлкін байлардың қамқорлығына өткізді және сол үшін алып жинады.
Х – ХІІ 77-да сәулет өнері дамыды: Бабаджахатун, Айша бибі, Қарахан, Әулие ата кесенелері салынған; Кейінйрек келе түрік жазуының орнына араб графикасы келді.
1141 ж. – қарақытайлар Қарахан мемлекетінен түгелдей бағындырып алып, кейінрек ХІІІ 7-ң басында Қарахан мемлекеті өз өмір сүруін тоқтатады.
1. Chavannes E.,- Documents sur les Tou-kine (Turcs).
2. Кляшторный С.Г.,- Терхинская надпись.-«Сов.тюркология», 1980, №3.
3. Бодльшаков О.Г.,- К истории Таласской битвы (751г.).-«Страны и народы Востока», 1980, вып.22, кн 2.
4. Бартольд, I-IX, - Академик В.В. Бартольд. Сочинения. Том 1-9, М.1963-1977.
5. Агаджанов С.Г.,- Государство Сельджукидов и Средняя Азия в XI-XII вв. М., 1991.
6. Бертельс Е.Э.,- История персидско-таджикской литературы. М.,1960.
7. П.Агапов,М.Кадырбаев. Сокровища древнего Казахстана. Алма-ата, 1979.
8. История Казахстана с древнейших времен до наших дней (Очерки). Алматы, 1993.
9. Ныгмет Мынжан. Краткая история казахов (на казахском языке). Алматы, 1994.
10. М.Барманкулов. Хрустальные мечты тюрков о квадронации. Алматы, 1999.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кіріспе
І.Негізгі бөлім
1.1Қарахан мемлекетінің құрылуы және оның территориясы.
1.2Қарахан мемлекетінің этникалық құрамы мен саяси құрылымы.
1.4 Наймандар мен керейттер ұясы.
1.5.Ұлы Жібек жолы – аса ірі ақпараттық ортерие.
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе
Қарахандықтар мемлекетінің қалыптасуында жетісуды мекендеген қарлұқ
бірлестігінің тайпалары басты роь атқарды. Қарахан әулеті мемлекеттегі аса
маңыды әлеуметтік – саяси институт, әскери-мұраның жері болған. Хандар
өздерінің жақындарына белгілі бір ауданның, облыстың халқынан сол уақытқа
дейін мемлекет пайдасына алынып келген салықты өзіне жинау құқын береді.
Мұндай салық ихта деп аталады. Халықтың ең басты тіршілігі көшпелі және
жартылай көшпелі шаруашылығы болады. Кейінірек келе егіншілікпен
айналысады. Мемлекет басшысы – хақан қарахан әулиетінің басшысы болып
есептеледі. Ханға ең жақын адамдардың бірі – уәзір (атқосшы) деп аталады.
Хан сарайы басты орда – мемлекеттік және әкімшілік басқару орталығы болды.
Далалық аймақтардағы мал шаруашылығымен айналысатын халықты басқару тәртібі
басқаша болды. Онда иерархиялық принциптерге негізделе тұрса да көшпелі
қауымдардың әкімшілік басқаруы рулық-тайпалық басшы топтар арқылы көбіне
елші басына, бектер мен хандарға бағынатын ру басылары арқылы жүзеге
асырылады. Тұтас алғанда Қараан қағанатының мемлекеттік әкімшлік жүйесі –
феодалдық негізде орнықты.
Отырықшы – егіншілік қоныстарда шаруаларды қанаудың 2 түрің болған: 1)
үлескерлік – жерді шаруаға жалға беріп, өнімнің жартысын салық түрінде
төлеу; 2) қамқорлыққа алу – тұтас қауым өздерін және мал – мүлкін байлардың
қамқорлығына өткізді және сол үшін алып жинады.
Х – ХІІ 77-да сәулет өнері дамыды: Бабаджахатун, Айша бибі, Қарахан,
Әулие ата кесенелері салынған; Кейінйрек келе түрік жазуының орнына араб
графикасы келді.
1141 ж. – қарақытайлар Қарахан мемлекетінен түгелдей бағындырып алып,
кейінрек ХІІІ 7-ң басында Қарахан мемлекеті өз өмір сүруін тоқтатады.

1.1.Қарахан мемлекетінің құрылуы және оның территориясы
Араб және парсы авторларының мәліметтері Қарахан мемлекеті жайлынегізгі
дереккөздері боп табылады.В.В.Бартольдтың айтуынша қарахандықтардың тамыры
қарлұқ,яғма,шігіл тайпаларында жатыр.Шындығында, Қарахан мемлекеті шігіл
мен яғма тайпаларынан құралды.
Қарахан әулетінің негізін салушы Білге Құл Қадыр қаған болды.
Қарахан мемлекетінің Шығыс бөлігінің қағаны шігіл тайпасынан шыққан Арслан
Қара қаған еді.Оның астанасы Баласағұн мен Қашқарда болды.Ал Батыс
бөлігінің кіші қағаны Таразда, кейінірек Самарқанда болды.
Оғылшақ қағанның тұсында Самани әмірі Исмаил Ибн Ахмад 893 жылы
Таразды басып алады.Қарахандықтар мен саманилер арасындағы тоқтаусыз соғыс
X ғасыр соңында Баласағұнда түркілердің жеңісімен аяқталады.Богра хан 922
жылы Самархан мен Бұқараны өзіне қаратып, 923 жылы Баласағұнда қайтыс
болады. Сатух Богра ханның немересі Богра хан Харун алғашқы болып 960 жылы
ислам дінін қабылдайды.
Мәуереннахрды жаулап алған соң қарахандықтардың орталығы Ферғанада
орналасты( Шаш маңайының негізгі қаласы Бинкент те түркіленіп Бирунидің
айтуынша XI ғасырда түркіше Ташкент тас қала атауын алады). Балх қаласына
1008 жылы шабуыл жасаған Қарахан әскерлері Солтүстік Ауғанстан түбегінде
Ғазнау отрядынан жеңіліп, көп шығынға ұшырайды.
Қарахан мемлекеті Шығыс Түркістан, Жетісу, Талас және Сырдаия
өңірлерін биледі.Бір орталықтан басқарылып, астанасы Баласағұнда орналасты.
Арслан бастаған әкімдер мемлекет жерін бірнеше үлеске бөліп, оны
жеке хандардың басқаруы, олардың алауыздығы орталық өкіметтің билігін
әлсіретті.Мемлекетте жер бөлу жүйесін икта деп атады.Жер үлесіне,яғни
иктаға ие болғандар жоғарыға саклық төлеп тұрды.Салық жинаушыларды иктадар
деп атағаны белгілі. Осылайша,мемлекетте ақсүйектер мен оларға тәуелді
адамдар тобы қалыптасты.Ақсүйектер көптеген жерлерге иелік етіп феодалға
айналды.Сонымен қатар қалаларда сауда-саттық мейлінше дамыды.

1.2. Қарахан мемлекетінің этникалық құрамы мен саяси құрылымы
990 жылы Тараз бен Исфиджаб Қарахан мемлекетіне қарады. 999 жылы Орта
Азиядағы Самани әулетінің жерлерін жаулап алды.Амудариядан бастап,
Сырдарияның төменгі ағысынан батысында Жетісу, Қашқарға дейінгі жерлерге
екі ғасыр бойы Қарахан мемлекеті иелік етті.
Әулет билеушілерінің алауыздығы салдарынан XI ғасырдың 30 жылдары
мемлекет орталығы Бұқара болып Мәуереннахрдан Ходжентке дейінгі жерді
қамтыған Батыс бөлікке және Тараз, Исфиджаб, Шаш, Ферғана, Жетісу, Қашқар
аймақтарын қамтыған Шығыс бөлікке бөлінді.Шығыс бөліктің әскери орталығы
Баласағұнда, ал мәдени және діни орталығы Қашқарда болды.Қарақытайлар 1141
жылы қарахандар мен селжұқтардың біріккен әскерін жеңіп,батыс және шығыс
қағандықтардың билігін қолына алады.1210 жылғы наймандармен сәтсіз болған
соғыс 1212 жылы Қарахан мемлекетінің құлауына алып келді.
Қарахан мемлекеті тұсында көшпелі түркілердің отырықшылық өмірге
бейімделу процесі жүріп, қала мәдениеті өркендеді.Мемлекетте мұсылман дінін
қабылдауға байланысты көне түрік руна жазуының орнына араб жазуы
келді.Жүсіп Баласағұнның Құтадғу білік, Махмуд Қашғаридің Диуани лұғат
әт-түрік, Ахмет Яссауидің Диуани Хикмет атты еңбектері түркі тілінде
өмірге келді.
Қараханид дәуірінде сәулет өнерінің озық үлгілері жасалды.Оның
қатарына X-XII ғасырларда Жетісу, Сырдария алқаптарында салынған Тараз
қаласын, Айша Бибі, Аяққамыр, Алаша хан, БабажаХатун, Жошы хан, Сырлы там
күмбездерін жатқызуға болады.
Қытайда Ляо есімімен билік құрған қидандарға мұсылман тарихшылары
қара қытай атауын берген. Олар XII ғ. 30 жылдары Солтүстік Қытайдан
қуылып Жетісу мен Шығыс Түркістанды басып алды. 1137 жылы қарақытайлар
Қарахан мемлекетінің ісіне араласа бастайды. Қарақытайлар Қарахан
мемлекетіндегі алауыздықты өз пайдаларына сәтті пайдаланады. 1141 жылы
Самарқанның солтүстігіндегі Котван жазығында Селжұқ сұлтаны Санжар
қарақытайлардан жеңіліс табады. Қарақытай билеушісі гурхан деп аталып,
кейіннен оның билеушілері гурхандар деген атқа ие болды. Қарақытайлардың
мемлекетінде аймаққа бөлінушілік болмады. Шығыстағы ұйғырларды салық төлеу
арқылы бағындырып отырды.
Қарақытайлар қытайлық үлгі бойынша әр үйден бір алтын, бір динар алып
отырды, яғни түтін салығын қолданды. Бұл салықты вассалдық сарайға
гурханның өкілі келіп алып кетіп отырды.Кейде вассалдық иенің өзі гурханға
апарып беру құқығына ие болған. Қарақытайлар қытай мәдениетінің әсеріне
қатты ұшырағаны соншалық, кейінгі Орта Азияның моңғолдары секілді мұсылман
болып кете алмады.
Қарақытай билеушілері Қарахан әулетінің қызметінде болды. Бұл процесс
1211 жылы Найман ханы Күшліктің билігі орнағанға дейін жалғасты. Хорезмшах
Мұхаммедтің бұйрығымен 1212 жылы Самарқанда батыс қарақытай әулетінің соңғы
өкілі дарға асылып, Қарахан әулетінің Ферғанадағыбилігі жойылды.
Найман ханы Күшлік 1211 жылы Гурхан(Қарақытай) мемлекетін жеңеді.
Осылайша Ертістің жоғарғы ағысын мекендеген наймандардың Шыңғысханнан
жеңіліп келуі, қарақытай мемлекетінің құлауына себепші болды.

1.4 Наймандар мен керейттер ұясы.
Наймандардың шығу тегі мен ертедегі тарихы туралы мәселе өте күрделі,
қиын мәселе олардың этникалық құрамы аралас болуы да ықтимал, бірақ жаңа
әдебиеттерде олар түркітілдес болды дегенді дәйектейді. VІІІ.7. оғыздар
тайпаларының бірлестігі Орхон өзенінен бастап, жоғары Ертіске дейінгі жерді
алып жатқан. Кейінйрек наймандар да сол араны жайлаған. Наймандар өздерін
қоршаған көшпелі және отырықшы – егінші этностармен өте тығыз этникалық
саяси және мәдени бағытта болған.
Керейлер туралы жазба деректердегі ең ерте мәліметтер Х.7. бас кезінде
жатады. Керейлердің этникалық құрамы біртекті болмаған. Ол түрік тілді және
монғол тілді жұрттан құралады.
Керейлер мен наймандар әлеуметтік-саяси дамуында бір деңгейде тұрған.
Олар дербес мемлекеттік құрылым-ұлыстар болып ұйымдасады, ал ұлыстар болса,
хандар әулеті бастаған бүкіл этносты біріктіреді. Әрбір ұлыстың өз
территориясы болған. Оның шекарасының ең маңызды жерлері күзетке алынып
отырған.
Ұлыстарда хан ордасының басқару орындары, әскері мен жасауылы бар
басқару аппараты жұмыс істеген.
Кодекс – гуманикус – сол ешқандай кем емес рай мен маңызы – Наймандар
мен керейлер ұлыстары. Олар өздерінің мемлекеттерін ұлыс деп атады,
жазбалары бар, хрестиандық дінге кірген, жүйелі әскері болды. Керейттердің
билеушісі – Теория Ван – хан; Наймандардікі – Даян Ван-хан. Қарақытай
империясының негізін қалаушысы Елюй Даши.
Х-ХІІ ғасырда қалалардың гүлденген кезі, ескі қалалар: Отырар, Тараз,
Испиджаб, Янкигент, Құлан және жаңа қалалар: Қоялық, Ашынас. Тек Іле
алқабында Х-ХІІ 10 қала болса, оған 56 қала қосылды. Олардың ішінде
стратегиялық маңызы зор Сығанақ болатын. Осы кезеңдегі қалалар өте жоғары
абаттандырылған: канализация (арна), водопровод, монша Оңтүстік Қазақстанда
жетісуда ақшалы сауда: 2 ақша сарайы ашылған: Тараз, Испиджаб. Осы үшін
Асатауда алтын, күміс, мыс алынған. Олардың шарушалығы: негізінен көшпелі
шаруашылығы, қой, ешкі, жылқы, ірі қара мал өсірді.

Қыпшақ хандығының мемлекеттік-қоғамдық құрылымындағы дәстүрлер мен
жаңалықтар.
Қыпшақ атауы алғаш рет 760жылы ежелгі түріктің ескерткіштерінде
аталды. 656 жылы Батыс түрік қағанаты құлағаннан кейін Алтай тауының
солтүстік жағымен Ертіс өңірін жайлаған қыпшақтардың едәуір мол топтары
қимақтардың басшылығымен тайпалар одағының өздері құрайды. Алайда негізгі
қыпшақ тайпаларының өзін-өзі билеуге ұмтылған талабы VІІІ 7 соңында оларды
қимақ федерациясынан бөлініп, олардан әрі Батысқа қарай көшуіне апарып
соғады. Бірақ тқыпшақтар түбірлі тәуелсіздікке жете алмайды. ІХ – Х ғасырда
қыпшақтардың тарихы қимақтар тарихымен қоса өрледі. Аймақтық этникалық
саяси ахуалдың өзгеруіне сәйкес ХІ 7-ң 2-ші ширегінің бас кезінде жазба
деректерге бұрын аталып келген. Оғыздар даласының орнына Дешті – Қыпшақ аты
пайда болды. ХІ орта кезінде қыпшақ тайпалары Еділден көктей өтіп, Батыс
жаққа жылжиды да, Шығыс Европаның әсіресе, орыс, Венгрия Византия
халықтарымен туыстық қарым-қатынас жасауға көшеді. Қыпшақ ақсүйектері Шығыс
Дешті-Қыпшақ тайпаларының қоныстық-өрістік жерін едәуір кеңейтуіне себепші
болған және Сырдария бойындағы Оғыздар мемлекетерңімен орта Азиядағы
салжықтар, Хорезмшактар және қарахандар әулетімен моғысқа және
соқтығыстарға әкеліп жеткізген. ХІғасырдың 1-ші жартысы дауылды оқиғалар
қыпшақтар мемлекетін құрудың объективті себебіне айналды. ХІ ғасырдың
ортасында Дешті-Қыпшақтағы ыдыраушылықтың көзі болып келген қыпшақ пен
қуман тайпаларының көптеген топтары көшіп кеткеннен кейін Қыпшақ хандығының
саяси тірегі едәуір күшейіп нығая түсті. ХІ ғасырдың екінші жартысында
қыпшақ хандарының жағдайы бірсыпыра тұрақталып, саяси бірлік біраз
жақсарады. Бұған қарағанда қыпшақтың этникалық әлеуметтік қауымдастығында
өз билігін бүкіл хандыққа жүргізе алатын жоғарғы хандар болғанға ұқсайды.
Қыпшақ хандарының өкімет билігі мұра болып, жеден балаға қалдырып отырған.
Хандар шығатын әлеуметтік ру ел – бөрілі екен. Орда аталатын хан қонысында
ханның дүние-мүлкімен аппараты болған.

Ұлы Жібек жолы – аса ірі ақпараттық ортерие.
(Шығыс-Батыс: өркениеттік байланысты).
Ұ.ж.ж. туралы алғашқы мәліметті будда діндары Сюань-Цзянның
еңбектерінен білеміз. (620-630жж). Б.з.б. 37-27 Ұ.ж.ж-мен алғашқы сауда
байланысы жасалған. Ұ жж-ежелгі және орта 7-ғы Шығыс пен Батысты
байланыстырып, Жерорта теңізінен Қытайға Еуразияны қақ жарып өтетін керуен
жолының жүйесі. Бұл жал Орта Азия мен Қазақстан арқылы өтіп, келесі сауда
жолын дамытты: Лауарит жолы, Нефритжолы, Дала жолы. Қазақстандағы 7 жж.
негізгі бағыттары Жетісу мен Оңтүстік Қазқстан арқылы өтіп, 4 тармаққа
бөлінеді: 1) Батыс → шығыс бағытталған жол; 2) Іле бағаты; 3) Еуропа
бағыты; 4) Орталық және Шығыс Қазақстан бағыты Сырдария бойындағы ең ірі
қалалар. Отырар мен Шауғар көптеген керуен жолдарын түйістірді. Саудадағы
басты тауар-жібек. Жібек алтынмен теңеліп, Халық аралық валютаға айналған.
Жалақы мен қарызды жібекпен төленген. Ұ.ж.ж. арқылы алғаш қытай жібегі
Батыс елдеріне тасылды. Ұ.ж.ж-мен Ұ.ж.ж-мен ән мен би өнері, әдебиет
туындылары тараған. Қытайда шығ. Түркістан мен Қазақстанның әуендері көп
тарады. Византияда түрік акробаттарының өнері көрсетілген, т.б. Ұ.ж.ж
бойымен дін таралды. Буддизм – Үндістаннан Орта Азия мен Қазақстанға келіп,
Оңтүстік Қазақстан және Жетісуда кең тарады. Буддизмді таратуда соғдылар,
қаңлылар үлкен роль атқарады. Испиджабқа жақын жерден жер асты хромье,
Ақбешін мен Суябтан 2 будда хромдарье табылды. Христиан діні – Сирия, Иран,
Аравиядан келіп, Қазақстанда бұл діннің неосториандық бағыты тарады. 8-9ғ
қарлұқ жабғуы арқылы түріктер христиандар қабылдап, Тараз, Меркеде христиан
шіркеулері табылды. Ұ.ж.ж.- мен 3ғ-да Иранда пайда болған Манихейлік дінді
соғдылықтар таратты. Манихейлік ғимараттар Баласағұн мен Шілікбалықтан
табылды. Біздің заманымыздан бұрын 7-6ғ. Иранда туған Қазақстанға тарады,
бұл діннің от мұнарасы – Қостөбе мен Қызылөзенде, құрбандық ошақтар –
Отырарда табылды. 8-9ғ Оңтүстік Қазақстанда Ислам діні кең тарады. Ислам
діні алғаш рет Қарлұқтар арасында 760 жылы тарады, 960 жылы Қарахандықтар
мемлекеттік дін етті. Ұ.ж.ж 2 мың жыл бойы жұмыс істеді, ХV ғ. су жолы п.б.-
нан кейін керуен жол тоқтады.
Екінші Түрік қағанатының құлауынан далада саяси қуыс пайда болды.
Түрік тайпаларына билік жүргізу үшін, қаған дәрежесі үшін
жеңімпаз тайпалар Ашин империясын майдалаған басмылдар, ұйғырлар, қарлұқтар
күреске кірісті. Басмылдардан билікті жеңіп алғанұйғырлар күшті
шықты.
Ұйғырлар, түріктер, қырғыздар және қыпшақтар Орта Азияның ежелгі тайпа
одақтарына жататын.
3 – 5 ұйғырлар, қытай династикалық хроникасында ГаоГюй
деп аталалын бірлестікке кірді (биік арба). 5 ғасырда жаңа атау
пайда болды, ол одақ – теле (тегрег “тележник”) деп аталды.
Арбакештердің өте көп тобы батысқа қарай ауды, Қазақстан даласына және
Оңтүстік – Шығыс Европаға. Қалғандары Орта Азия даласында түріктерге
бағынып солардың мемлекетінің құрамына кірді.
Арбакештердің негізгі жерлері Жоңғарияда және Жетісуда
болды. Бірақ 605 жылы батыстық түрік Чурын – қағанның жүздеген көсемдерін
сатқындықпен сабағаннан соң ұйғыр басшысы тайпасын Хангай тауына
алып кетті, сол жерде арнайы топ құрды, Қытай жазушыларының атауымен “тоғыз
тайпа”. Орхан жазуында “токуз огуз” деп аталады.
630 жылдан бірінші түрік қағанаты құлағаннан соң токуз
огуздар негізгі саяси күш есебінде көрініп, Яглакар тұқымынан бас
болған оныншы тайпасы ішінде көсемдігін мойындатты. Токуз – огуздың
көсемі елтебер Тумиду 647 жылы Тола, Орхан өзендерінің өуізінде
өз мемлекетін құрды. Қытай хроникасы хабарлады: “Тумиду қаған деп
өзін - өзі атады және шенділерді түрік шенділерімен теңестірді” деді.
Тан үкіметі жаңа мемлекетті мойындамады. 630 – 663 жылдары токуз
огуздар және Тан империясының арасында соғыс жүрді, ол соғыста
қытай армиясы жеңіске жете алмады.
Бәрібір 80 жылдардың басында токуз огуздар Элтериш – қаған
түріктерімен соғыста жеңілді және мемлекетінен айрылды.
Ұйғырлардың жаңа мемлекеті бұрынғы одақтастардың,
басмылдар, қарлұқтардың қиянкесті соғыстарымен, Яглакар
династиясына токуз – огуздардың қарысқан қарсылықтарын жеңумен
дүниеге келді. Яглакар тұқымының қаған дәрежесін ұйғырлар сақтай
алды, дегенмен толық жеңіс 755 жылғы Қытайдағы соғыстың үлкен жеңісінен
кейін келді. Түрік – согди тұқымынан шыққан білікті де көрнекті
әскери қолбасшы Ань Лушань басқарған шекара әскерінің көтерілісі соңынан
азамат соғысына жалғасып кетеді.
Этелмиш Бильге – қаған (747 – 759) және оның баласы Бегю –
қаған (759 – 779) , император үкіметіне қолдау көрсетіп, көтерілістерді
басып, сол үшін үлкен көлемде пайда тапты. Табыс және шекарадағы
тиімді сауда бірқатар уақытта қағанатта тынышық және абырой
сақтады. Бегю – қаған Қытайдан өз астанасы Орхонғасоғыстан түскен
олжаға және император силықтарымен қоса жаңа ілім өкілдерін –
согдилік миссионерлерді ала кетті, соңынан Лоянда солардың
дінін мойындады. 763 жылдан сол жүз жылдықтың соңына дейін
ұйғырлар Орта Азияның ісінде саяси шешуші роль атқарды.
Олардың қарсыластары тибеттер мен қарлұқтар ғана болды.
Қарлұқтардың бас көтеруі Орталық Азияда батыс түріктерінің жаңа
тармақта (тарихтың) мемлекетін қайта құруына байланысты болды.
“Уч карлук” деп аталатын ірі ұлт бірлестігі қытай
жазбаларында бірнеше жерде кездеседі. 7 ортасындағы жағдайлардан
кейін көп жылдар бойына Жоңғар көшпенділері Шығыс Қазақстан
және Алтай (Монғол Алтайы да бар) қарлұқтардың негізгі аймағына айналған. 7
ғасырдың ортасында қарлұқтар батыс түрік қағанатында саяси
белсенділік көрсетіп Жоңғар Алтайдан басқа Тохаристанды
да бақылауына алды. Арабтардың мәліметтерінде Тохаристан билеушісі бірде
“тохарлар ягбуы” ал бірде “қарлұқтар ягбуы” деп аталды. 710 жылы
арабтың Орта Азияны жаулаушысы Кушейба ибн Муслим Тохаристан
қарлұқтар ягбуын қамауға алды және ол көп жылдарын
Дамаскіде өткізді, бірақ оның баласына әкесінің мұрасын жалғастыруға ол
кедергі болған жоқ.
630 жылғы Қара Ертістің бойында Жоңғар қарлұқтарының
көтерілісі, батыс түріктерінің Тон ягбу – қағанының өліміне бір
себеп болды. 647 – 650 жылдарда қабылданған қарлұқтардың осы
тобын шығыс түрік Чабыш – қағанға бағындыру әрекеті белгілі. Ол
Солтүстік Алтайда Тан империясына қарсы күрес басталған
болатын. Қарлұқтардың жалпы басшысы орхон жазбаларында елтебер дәрежесінде
ескертіледі, үлкен бірлестіктерінің көсемдері де осылай аталған.
Қытай мәліметтерінде қарлұқтардың салт – дәстүрлері батыс
түріктерімен сәйкес делінген, ол тілдерінде де айырманың аздығын айтады.
Қарлұқтардың тіл ерекшелігі Я әрпін Дже деп айтуында. “Ягбу”
деген сөзді “Джагбу” деп айтатын. 7 ғасырдың соңынан шығыс түрік
қағандарының қол астында бола тұрып қарлұқтар егемендігінен айрылғанына
көне алмады. 8 ғасырдың бірінші ширегінде ғана Билге – қаған және Күл
– тегін қарлұқтар көтерілісшілерімен шайқасқа үш рет
қатысты, қолбасшы Кули – чора Тардушскийдің жазбаларында кескілескен
шайқаста Тез өзенінің бойында (Солтүстік Батыс Монғолия)
түріктердің жеңілісі айтылады. Басмылдар мен ұйғырлардың бірлестігіне
қатыса жүріп, өзінің бұрынғы одақтастарымен жауласып, қарлұқтардың көсемі
ягбу дәрежесін қабылдады, батыс түрік қағанаттарының басқарушылары солай
аталатын. Ұйғыр Элетмиш Бильге – қағанның жазбаларында қарлұқтар
жеңіліс тапқаннан кейін 746 ит жылы сатқындықпен қашты. Батыста “Он
жебе” еліне келді. Элетмиш жағдайды дұрыс бағалаған еді. Келесі
жылы қарлұқтар токуз – татарлармен одақтасып ұйғырлармен қайта
соғысты. Бірақ Сырдария мен Алтай арасындағы әскери саяси жағдайдың
күрт өзгеруіне қарлұқтарды жақын қарсыластарымен жаулықты
уақытша ұмытып жаңа жаумен бірлесіп соғысуға мәжбүр етті.
Сулуктың өлімі мен Түргеш қағанатының ыдырауын пайдаланып Тан
басшылары батыс шептен ақырындап Жетісуды бағындырды, ал империя армиясы
Сырдарияға жылжыды. 740 жылы Қытай армиясы Таразды басып алып талқандады,
басқарып отырған түргеш династиясы Қара Шора бір жола жоқ болып кетті.
Жетісуда Қытай шендісі “хан он жебе” Ашина Сань пайда
болып, 742 жылы куланда өлтірілді. 748 жылы қытай
экспедициялық корпусы батыс түрік қағанатының астанасы Суябты басып
алып талқандады. 749 жылы қытай армиясы Шаш қаласын алды
(Ташкент). Жергілікті иесі өлтірілді. Тан губернаторы (Кучедегі)
Гао Сяньчжи, Батыс шептегі айбынды қарсыластар толық мойынсұнды деп
есептеді.
Дегенмен Хорасандағы аббас халифтерінің басшысы Абу Муслимнің
табыстары қытайды алаңдатты, қарлұқтардың қарқынды қарсылықтарын шақырды.
Салих ибн Хумейдбастаған араб отряды Таразды алды, бірақ
қытайдың күшті армиясының қоршауында болды. Шаш қаласының өлген
иесінің баласының көмек сұрауына және өз отрядының тағдырына
байланысты Зияда ибн Салихтың басқаруында бір отряд жіберуге мәжбүр
болды. 751 жылы Талас өзенінің жағалауында қарсылас екі
армия бірнеше күн бір шешімге келе алмай соңында жөндеріне кеткен
еді. Бесінші күні Қытайдың арқа жағынан күтпеген жерден қарлұқтар
соққы берді, ал алдынан арабтар шабуылға шықты. Тан армиясы көп
әскерінен айрылып қашуға мәжбүр болды. Гао Сяньчжидің конвойы есі
кеткен қашқындар арасынан әрең жол тауып алып шықты.
Мұсылмандар мен қарлұқтар үлкен олжаға кенелді,
тұтқындардың ішіндегі қытай өнерлілерінің байқалғандары
Самарқандқа жеткізілді және Иракқа. Ол жерде олар жібек мата,
қағаз дайындаумен айналысты. Талас соғысы Тан қытайының Орта Азия ісіне
араласуына біржола нүкте қойды.
Талас шайқасына қатысуымен қарлұқтар Тан сарйларымен
қатнасын бұзған жоқ. 752 жылы алты жыл үзілістен соң қарлұқ
ягбуының елшісі Чанаь империялық астанасына келді. Байланыстың
тез қалпына келуіне екі жақты да алаңдатқан ұйғырлардың әрекеті
болды. Сол жылы-ақ қарлұқ пен ұйғыр арасында соғыс басталды.
Ягбу, Отюкен черндегі Орта Азияның кәдімгі билеушілері
Яглакарлардың алған қаған престолын алуды армандаған еді,
және ол негізсіз емес еді. Оның одақтастары енисей қырғыздары,
басмылдар, түргештер, ал Хангай тауында қалған 744 жылдан кейінгі
қарлұқ тұқымдастары Элетмиш үшін ең қауіпті болды.
Соғыс кезекті жеңіспен ұйғыр жерінің ортасында екі жылға созылды.
Ұйғыр қағанына жеңіс өте үлкен еңбекпен келді.
Карлуктардың келешегі үшін соғыс салдары аз әсер еткен
жоқ. Отюкен карлуктары Элетмишке бағынды, олардың белгілеген
тутукін (управитель) қабылдады. Карлук Егбуы Қағанаттан біржола
күдерін үзді және түрік Әулеті үшін соғысты тоқтатты. Оның бар
арманы Жетісуды иеленіп Жоңғарды бекіну, Тарим бассейні
қалаларында орналасу еді. Ол бұл жерде де сәтсіздікке ұшырады 756
жылы Карлук Әулетін жоңғар тобына бағынуға ұйғырлар мәжбүр етті.
Екі қолбасшының (элетмиштің) батыс жорығы туралы Қағанның
Терхин жазбаларынан белгілі. Ань Лушан көтерілісімен алынғаннан
кейін Қытай батыс гарнизондарын қолдай алмады.Ұйғыр
қағанатының бақылауында тек қана негізгі қалалардың орталықтары
емес (Тарим әуізінің) Шығыс Түркістанның түрік әулеттері де
болды. Олардың ортасында бірінші рет Егма деген одақ немесе ұлыс
аталды. Персид географиялық шығармалары Худуд ал-онам және
Зайн ал-хабар да Егма туралы айтылады. Гардизи (XI ғ.). Осы шығармаларда
шығыстағы ұйғырлармен, батыстағы көшпелі Карлуктармен, оңтүстікте
Тарим ағысы Шығыс Тянь-Шаньның аралығындағы көптеген ұлыстар ягмаға
бірігеді.
Батыста ягманы округ және Кашгар қаласы
бақылады.X ғасырда ягманың басқару әулеті токуз-огуздан шықты.
VIII ғасырдағы алдыңғы қатардағы Гардизи мәліметтерінде Ягма
бай адамдар еді дейді. Бір айлық жүретін жердің және үлкен
табынды жылқылардың иелері еді дейді. (Бартольд, VIII,с 45-46)
Екі шығармадада Ягманың Карлуктармен және кимактармен үздіксіз
шайқасы туралы айтады, батыс түрік қағандарына тәуелді болғанын да айтады.
Алайда Жетісуда Карлуктар, Тюргеш княздері мен вассалам Егбулардың майда
одақтарының қарсылығына емес бірінші Түрік қағанатында бұрыннан тұратын,
жүздеген жылдар токуз-огуз шығыс тармақтары, Огуз әулетінің кескілескен
қарсылығына тап болды. Күрестің жалпы барысы ашық көрсетілмеген.
VIII ғасырдың екінші жартысында огуздар Жетісуды қалдырып Сырдарияның
төменгі жағына кеткендігі ғана белгілі.Олардың көсемі де Егбу
дәрежесін алған. Батыс түріктердің Әулетімен талас болған.
Көп ұзамай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қарахан мемлекетінің қоғамдық құрылымын көрсету
Қарахан мемлекеті туралы
Көне түрік, Батыс түрiк, Түргеш қағанаттары
Қожа Ахмет Йасауи және Қазақ мәдениетi
Қарахан мемлекеті - ертедегі мемлекет
Қарахан мемлекеті, жер аумағы, этникалық құрамы, шаруашылығы, саяси құрылысы, мәдениеті
Орта ғасырдағы Қазақстан туралы
Ортағасырлардағы ақша айналысы
Қарахан мемлекетінің құрылуы және Сатух Боғра Қараханның кезеңі
Ежелгі қазақ әдебиетінің тарихы және оның зерттелуі
Пәндер