Қожа Ахмет Яссауи өмірі мен шығармашылығы



Кіріспе
І.Қожа Ахмет Яссауи өмірі мен шығармашылығы
1.1.Ахмет Яссауидің шығармасы «Диуани Хикмет»
1.2.Мирату.л.Құлуб (Көңілдiң айнасы)
1.3 Қожа Ахмет Яссауи ескерткіші
1.4. Қожа Ахмет Яссауи кесенесіндегі тайқазан туралы

ІІ.Аңыз түбі . Ақиқат
2.1.Ибраһим шайх пен Қожа Ахмет Яссауи жайындағы аңыз.
әңгімелер.

Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Ахмет Яссауи Оңтүстік Қазақстанның Сайрам (Испиджаб) қаласында 1103 жылы дүниеге келген. Әкесі ИбраҺим сөз қадірін түсінетін білікті адам болған. Шешесінің аты - Қарашаш. Жастайынан жетім қалып, жоқшылық тақсіретін шеккен Ахмет Яссауи туыстарының қолында тәрбиеленеді, бала кезінен Яссы шаһарын мекен етеді. Кейіннен осы қаланың атымен Яссауи атанады. Ол білімді кезінде ғылым мен мәдениет орталығы ретінде даңқы шыққан Түркістаннан 50 шақырым қашықтықтағы Отырар қаласында жергілікті дінбасы Арыстанбабтан алады. Өзінің ана тілінен басқа арабша және парсыша сөйлей білген. Арыстанбаб қайтыс болғаннан кейін ол Бұхараға барып Юсуп Хамадани басқарған сопылар қауымына кіріп дәруіштік мектептен өтеді.
Юсуп Хамадани қайтыс болғаннан кейін, 1140 жылы оның екі мүриті дүние салған соң, қауымды Қ.А.Яссауи басқарады. Алайда, ол көп ұзамай-ақ "құзырлы" тұғырды тастап, өзінің туған өлкесіне біржола қайтып оралып, Түркістанға тоқтайды. Сопылықтың идеяларын уағыздап, өзі жоқшылықта өмір сүреді. Сырдарияның орта және төменгі жағалауын мекендеген қаңлы, қыпшақ, қоңырат және көне түркі тайпалары арасында ислам діні енді ғана тарай бастаған болатын. Ал бұл дінді уағыздаушы Ахмет Яссауиді рухани басшы санаған халық оны "әулие ата" атап кетті. Дін уағыздаушы әрі ақын ретінде аты шыққан Ахмет Яссауидің басқа Шығыс авторларынан айырмашылығы - ол шығармаларын өз тілінде - көне түркі тілінде жазды. Қыпшақ мақалдары мен мәтелдерін көп қолданды. Ахмет Яссауидің бүгінгі ұрпаққа жеткен " Диуани Хикмат" ("Даналық жайындағы кітап") өлеңдер жинағы өте жоғары бағаланды.
1.«Қазақ мәдениеті энциклопедиялық анықтамалық» Алматы «Аруна» 2005ж.
2.Қазақ Ұлттық энциклопедиясы
3.Ш.Құдайбердіұлы «Шығармалары». – Алматы, 1988
4.Тәжікова К. Ислам: дүниетаным, идеология, саясат. – Алматы, 1989, 79-б.
5.Яссауи Қ. Хикмет жинақ. – Алматы, Жалын, 1998. 628-б.
6.Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университеті «Мәдени мұралардың танымдық негіздері». – Ақтау, 2004.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
І.Қожа Ахмет Яссауи өмірі мен шығармашылығы

1.1.Ахмет Яссауидің шығармасы Диуани Хикмет

1.2.Мирату-л-Құлуб (Көңілдiң айнасы)
1.3 Қожа Ахмет Яссауи ескерткіші
1.4. Қожа Ахмет Яссауи кесенесіндегі тайқазан туралы

ІІ.Аңыз түбі – Ақиқат
2.1.Ибраһим шайх пен Қожа Ахмет Яссауи жайындағы аңыз-
әңгімелер.

Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Ахмет Яссауи Оңтүстік Қазақстанның Сайрам (Испиджаб) қаласында 1103
жылы дүниеге келген. Әкесі ИбраҺим сөз қадірін түсінетін білікті адам
болған. Шешесінің аты - Қарашаш. Жастайынан жетім қалып, жоқшылық
тақсіретін шеккен Ахмет Яссауи туыстарының қолында тәрбиеленеді, бала
кезінен Яссы шаһарын мекен етеді. Кейіннен осы қаланың атымен Яссауи
атанады. Ол білімді кезінде ғылым мен мәдениет орталығы ретінде даңқы
шыққан Түркістаннан 50 шақырым қашықтықтағы Отырар қаласында жергілікті
дінбасы Арыстанбабтан алады. Өзінің ана тілінен басқа арабша және парсыша
сөйлей білген. Арыстанбаб қайтыс болғаннан кейін ол Бұхараға барып Юсуп
Хамадани басқарған сопылар қауымына кіріп дәруіштік мектептен өтеді.
Юсуп Хамадани қайтыс болғаннан кейін, 1140 жылы оның екі мүриті дүние
салған соң, қауымды Қ.А.Яссауи басқарады. Алайда, ол көп ұзамай-ақ
"құзырлы" тұғырды тастап, өзінің туған өлкесіне біржола қайтып оралып,
Түркістанға тоқтайды. Сопылықтың идеяларын уағыздап, өзі жоқшылықта өмір
сүреді. Сырдарияның орта және төменгі жағалауын мекендеген қаңлы, қыпшақ,
қоңырат және көне түркі тайпалары арасында ислам діні енді ғана тарай
бастаған болатын. Ал бұл дінді уағыздаушы Ахмет Яссауиді рухани басшы
санаған халық оны "әулие ата" атап кетті. Дін уағыздаушы әрі ақын ретінде
аты шыққан Ахмет Яссауидің басқа Шығыс авторларынан айырмашылығы - ол
шығармаларын өз тілінде - көне түркі тілінде жазды. Қыпшақ мақалдары мен
мәтелдерін көп қолданды. Ахмет Яссауидің бүгінгі ұрпаққа жеткен " Диуани
Хикмат" ("Даналық жайындағы кітап") өлеңдер жинағы өте жоғары бағаланды.
Әлі күнге дейін түркі тілдес халықтар ғана емес, көпшілік сүйсініп оқиды.
Ол Стамбул, Қазан, Ташкент қалаларында 19 ғасырда бірнеше рет кітап болып
басылып шыққан (алғаш басылуы 1878ж.), қазақтарға арнап оны 1901 ж. Қазанда
Тыныштықұлы жариялатады. Төрт тармақты өлеңнен (рубаят) жазылған осы
шығармасында Ахмет Яссауи бала күнінен бастап 63 жасқа дейінгі өмірін баян
етеді. Тірлікте көрген азабын, шеккен қайғысын тізеді, бұқара халыққа
үстемдік жүргізуші хандарды, бектерді, қазыларды сынайды, фәнидің
жалғандығын айтады. Бұл дүниенің өкініштілігін көрсетіп, аскетизмге,
тағдырға сенуге уағыздайды, тәрки дүниеге (дүние қызығынан безу) салынады.
О дүниенің мәңгілігін жырлайды. Сүлейман Бақырғани, Софы Аллаяр, Ахсани
т.б. Ахмет Яссауидің жолын қуып, софизмнің жаршысы болады. Ел аузында Ахмет
Яссауи туралы көптеген аңыз-әңгімелер бар. "Диуани Хикматтан" қазақ
халқының ежелгі мәдениетіне, әдебиетіне, тарихына, әтнографиясына қатысты
бағалы фактілер табуға болады. Оның сүйегі жатқан мазары, Шығыстың орта
ғасырлық архитектурасының маржандай үлгілері болды. Ахмет Яссауи бейітінің
үстіне салынған мазар ол қайтыс болғаннан 200 жылдан кейін, XIV ғасырда
тұрғызылды. Ахмет Яссауи зираты бұрыннан қажылық ету орнына айналды, оған
үш мәрте тағзым етіп бару Меккеге қажылыққа барумен бірдей болды. Ахмет
Яссауи мазары қазақ мемлекеттігінің нысанына айналып, кейінгі уақытта жалпы
ұлттық зиарат-қорым қызметін атқарады. Қазақ халқының ұлы перзенттері -
Есім ханнан бастап, Жәңгірхан, Тәуке хан, Абылай ханның, көрнекті билердің
мүрделері осы жерде сақтаулы. Бүгінгі танда ортағасырлық Шығыс сәулет
өнерінің інжу-маржаны болған бұл кесене бүкіл түркі, қалаберді, мұсылман
дүниесінің тендесі жоқ алтын мұраларының бірі болып саналады.

І.Қожа Ахмет Яссауи өмірі мен шығармашылығы

1.1.Ахмет Яссауидің шығармасы Диуани Хикмет

Ф.Көпрүлүнің мәлімдеуі бойынша Х-ғасырдағы діни-сопылық шығармаларды
“хикмет” деп атағанға ұқсайды.

Ал бүгінгі хикметтер Ахмет Яссауидің өлеңдері қамтылған жинақтың аты.
Осы есім Ахмет Яссауидің шығармасына ХХІ ғасырдан бастап Яссауи жолын
қуушылары тарапынан қойыла бастаған деген пікір айтқан ғалымдар да бар.
Өйткені олар сол заманда өмір сүрген Фазлуллаћ бин Рузбиханның Яссауи
кесенесінде оқылатын хикметтердің басында Диуани Хикмет деген сөзді
кездестірмегенін дәлел ретінде келтіреді.

Әйтсе де Яссауи жолындағылар осы шығарманы Құран Кәрімдегі Нахл
сүресінің 125 аятындағы Аллаһ Тағаланың: “Адамдарды Раббыңның жолына
хикмет (даналық) және көркем үгіт арқылы шақыр”, - деген бұйрығы бойынша,
халыққа ислам дінін даналықпен (хикмет) шақыру мақсатында Яссауидің
әйгілі шығармасын Диуани Хикмет деп атаған. Өйткені оның өлеңдерінің
әрбір сөзі шеберлікпен жазылған даналық (хикмет) болып табылады.

Диуани Хикмет - түркі тілінде исламға дейінгі түркі жырауларының
сөз саптау, өлең пішімдерін қолдана отырып діни-сопылық оймен жазылған
алғашқы шығарма, яғни, ислам-түркі әдебиетінің “Құтты біліктен” кейінгі
ең ескі шығарма үлгісі.

Осы шығарма Құран сияқты қасиетті жинақ ретінде халқымыздың арасында
жақсы сақталды. Бұл жинақ Ахмет Яссауидің өмір сүрген заманынан бастап,
күні кешегі Қазан төңкерісіне дейін арада 8 ғасыр өтсе де өзінің
маңыздылығын жойған жоқ. Себебі бұл шығарма исламды, сопылықты насихаттау
жағынан ерекшеленеді. Сондықтан Диуани Хикметтің халық арасындағы атақ-
абыройының жоғарылығы соншалық, өзге діни өлеңдерді де осы шығармаға
ұқсатып, “хикметтер” деп атайтын болған.

Диуани Хикметтің ескі тілі қай тіл екенін білу қиыншылық туғызып
отыр. Өйткені Ахмет Яссауидің ХІ-ХІІ ғасырларда өмір сүргенін ескерсек,
қолымыздығы жазба нұсқаларының ең ескісі - ХІ-ХІІ ғасырларда жазылған
нұсқалар ғана. Ал бұл нұсқалар Яссауи дәруіштері тарапынан түрлі тілдерде
көшірілген. Сондықтан қазақ жазбасындағы қазақ тіліне, өзбек жазбасындағы
өзбек тіліне, татар жазбаларындағы татар тіліне жақын келеді екен.

Диуани Хикмет хикметтерден (даналық) құралған жинақ. Бұл жинақтағы
хикметтердің барлығын Ахмет Яссауидің өзі жазбағанға ұқсайды. Ал Ахмет
Яссауидің өзі жазған хикметтердің кейбірі жоғалып, оның орнына оның
жолындағы бізге беймәлім дәруіштер тарапынан хикметтер қосылып,
толықтырылған. Өйткені кейбір хикметтерде Ахмет Яссауиден бірнеше ғасыр
кейін өмір сүрген адамдардың аттары (мәселен Несами) кездесіп отырады
және бір нұсқада бар хикметтер келесі бір нұсқада жоқ болып шығады.
Сондықтан Диуани Хикметті тек Ахмет Яссауидің ғана шығармасы емес, бүкіл
Яссауи жолындағылардың шығармасы дегеніміз жөн сияқты. Негізінде бұл
шығарманы кім жазса да, хикметтердің мағынасы Ахмет Яссауидің пікірлері
деуімізге әбден болады.

Диуани Хикметтің жазба, баспа нұсқаларында хикметтердің саны әр түрлі
болып кездеседі. Ал Диуани Хикметтің өзіне үңілсек, онда 4400 хикмет деп
көрсеткен.

Құл Хаже Ахмет ћәр бир сөзің дердке дәрман,

Талиблерге баян қылсам қалмас арман.

Төрт миң төрт юз хикмет айттым Хақтан ферман.

Ферман болса, та өлгүнче сөзлесем мен (Қазан-1896ж. 209-бет)

Бірақ хикметтегі бұл өлең жолының шындыққа жанасуы өте қиын. Өйткені
Диуани Хикметтің жазба, баспа нұсқаларының Ахмет Яссауиге қатысты деген
жинақтардағы хикметтердің саны 250-ден аспайды.

Диуани Хикмет соңғы екі ғасыр ішінде Қазанда, Ташкентте, Станбулда,
Бұхарада және Алматыда араб, латын, орыс әріптерінде басылды.

Ислам дінінің негіздерін, шариғат үкімдері мен Әћли сүннет (сүнни)
сенімін ислам дінін қабылдай бастаған түркілерге үйрету, сопылықтың
мәнісін, тариқаттың әдебі мен негіздерін мүридтеріне түсіндіру Ахмет
Яссауи хикметінің басты мақсаты болып табылады.

Ф.Көпрүлүнің айтқанындай, хикметтердің мазмұнын діни-тасаууфи
(сопылық) элементтер, пішімін ұлттық элементтер құрайды. Бұл шығармада
исламият, Түркістан сопылығы мен Яссауи тариқатының негіздері, сенімдер
мен нанымдар, ахлақ т.б. тақырыптар қамтылған. Сонымен қатар мінәжәт,
мадақ өлеңдер, Аллаћқа деген ғашықтық, Аллаћтың бірлігі, оның шексіз
қалауы мен құдіреті, Хазiретi Мұхаммед (ғ.с.) пайғамбарымызға деген
сүйіспеншілік, хазіреті Пайғамбардың шариғаты мен сүннеті, нәпсі
тәрбиелеу, зүћд (дүние рахатынан аулақ жүру) пен тақуа (Аллаћтан қорқу),
құлшылық, ислам ахлағы, ислам аңыздары, ахирет өмірі, қиямет жағдайы,
жәннәт-жәћәннәмды (жұмақ-тозақ) суреттеу, алдамшы өмірден шағымдану,
дәруіштердің артықшылықтары, жалған сопылар, мұсылман сопыларының
қиссалары, зікір мен қылует сияқты Яссауи тариқатының әдептері мен
негіздеріне байланысты жағдайлар қамтылған.

Диуани Хикметте Мұхаммед, Зәкәрия, Исмаиль, Мұса, Әййюб, Жүсіп
сияқты пайғамбарлар, Әбу Бәкір, Омар, Осман және Али сияқты сахабалар,
Махмұд, Зүннун Мысри, Шибли, Әдхам; Баязит, Мансұр сияқты атақты сопылар,
Ләйлә-Мәжнүн, Жүсіп-Злиха сияқты ғашықтар баяндалады.

Жеті жаста Арыстан Бабқа қылдым сәлем...
Осы халде мың зікірін қылдым тәмем...
Құрма беріп, басымды сипап назар қылды...
Мектеп барып, қайнап толып, тасыдым, міне, – деп жазады бұл туралы
кейін Ахмет Яссауи.
"Диуани хикмет" кітабындағы "зікір" сөзі – құдайды мадақтап айтылатын
өлеңдер.
Арыстан Баб (тегі араб) қожалар дәстүрімен мұсылманшылықты насихаттаған
аса ірі сопы болумен бірге, араб, парсы тілдерін жетік білген, оны сүйікті
шәкіртіне үйреткен. Ұстазы жеті жасында қайтыс болып, одан сопылық қызмет
етуге тәбәрік (бата) алған Ахмет Яссауи он жасынан он жетіге дейін
тақуалықпен өмір сүріп, пәк тіршілігімен, әулиелік қасиеттерімен, ізгілікті
істерімен аты шығып, ел аузына ілінеді. Бұл жылдары шет жерлерде мұсылман
ілімін оқып жетік меңгерген ол он жеті жасында Арыстан бабтың нағыз жолын
жалғастырушы ретінде елге танылып, Түркістанға қайта оралады.
Алайда Арыстан Бабтың нағыз орнын басуға лайықты болу үшін және сопылық
қызметке білімінің әлі де жеткіліксіз екенін біліп, ол 1110 жылы жиырма
жеті жасында сол кездері білім ордасы болған Бұқар (Бұқара) қаласына оқуға
аттанады. Онда атақты ғұлама мектеп жетекшісі Хамаданиді өзіне "пірім" деп
таниды ("пір" – парсы сөзі, жетекші деген мағынаны береді).

Мен жиырма жеті жаста пірді таптым...
Мен жиырма сегіз жаста ғашық болдым...
Отыз төртте ғалым болып, дана болдым...
Отыз бесте мешіт кіріп, дәурен сүрдім...
Отыз алты жаста болдым сақып кемел..., –дейтін "Хикмет" жолдарында
Яссауидің Хамадани мектебінде "ғашық", "ғалым", "сақып кемел" сияқты ілім
сатыларын, лауазымдарын меңгергені туралы айтылады. Сөйтіп, ол отыз алты
жасында сақып кемел болып, Хамадани мектебінің сопылық оқуын толық
аяқтайды, өзіндік мектеп ашуға хұқысы бар ең жоғарғы лауазымға ие болады,
1119-1120 жылдары Түркістанға оралады.
Яссауи – өз заманының өкілі. Оның өскен ортасы, тәлім-тәрбиесі ислам
діні болып, діни-философиялық дүниетанымы ислам аясындағы сопылық ілім
негізінде қалыптасты. Сопылық идеялар ислам дінінің мазмұнын әр халықтың
өзіндік болмысымен, тұрмыс-салтымен үндестіруді уағыздады, ортақ мүдделерді
біріктіре отырып, оларды мұсылмандық жолға бағыттады. Яғни, сопылық ілімде
мұсылман діні жергілікті халықтардың дәстүрлерін, әдет-ғұрпын, сенім-
нанымдарын, бұрыннан қалыптасқан діндерін жатсынбай өз бойына сіңіре
отырып, оларды бұқара халыққа мұсылмандық қалыпта ұсынып отырды. Осындай
діни философияның бір мектебін қалаған Қожа Ахмет Яссауи сопылық ілімнің
түркілік дәстүріне алғаш жол салды. Яссауи салған сопылықтың түркілік
дәстүрі түркілердің ежелгі шамандық нанымы мен ислам дініндегі аскетизмін
ұштастырды, сөйтіп, ежелгі салт-жораларға мұсылмандық сипаттар берілді:
киім үлгілері, бақсылық сарнау мәнерімен айтылатын зікірлер (яғни зікірлер
айту кезінде бақсылар бұрынғы бақсылық кереметтерін, әуен, қимыл-
әрекеттерін қолдана береді), құрбандық шалудағы жергілікті әдет-ғұрыптың
сақталуы (мысалы, күннің жаууы үшін тәңірден жауын сұрап, құрбандық шалу,
т.б.).
Яссауи өзінің сопылық ілімін түркі тілінде жүргізді. Құран тілі, яғни,
араб тілі Алла Тағала белгілеген тіл деп, сондықтан ислам дінін тек осы тіл
арқылы ғана тануға болады деген догманы (бұлжымас қағиданы) жақтаушыларға
қарсы тұра білген Ахмет Яссауи сопылық әдебиетті түркі тілінде жазып
таратты. Ахмет Яссауи айтуында, дүние жүзін жаратушы Алла тілдердің әр
түрлі болуын да жаратқан. Сондықтан Алла құдіретін мойындауда тілдердің әр
түрлі екенін, мойындау керек. Адам қай тілде Алламен сөйлессе де адал
көңілден, ақ ниеттен шыққан сөз өзінің мұсылмандық мәнін жоймайды.
Сондықтан ислам дінінің мазмұнын түркі тілінде айту күпірлік емес, қайта
Хаққа бастар жолбасшының парызы деп түсіндіреді.
Диуани хикмет. Ахмет Яссауи сопылық-философиялық дүниетанымдарын өзінің
"Диуани хикмет" ("Даналық кітабы") еңбегінде баян етеді. Бұл өлеңдер жинағы
түркі тілді халықтардың XII ғ. сақталған әдеби ескерткіштерінің бірі
саналады, сонымен бірге ол қазақ әдебиетінің де орта ғасырлық нұсқасы болып
табылады. Өйткені, "Диуани хикмет" – оғыз-қыпшақ тілінде өмірге келген
әдеби туынды. Кезінде ол өлеңдер өте қарапайым, көпшілікке түсінікті тілмен
жазылған, бірақ бертін келе жинақты көшірушілер оған өз тарапынан көптеген
араб-парсы сөздерін қосып жіберген деген болжам бар.
Қожа Ахмет Яссауи 63 жасқа келгенде қылует (қылует – арабша оңашалану
деген сөз, жарық дүниеден қол үзіп, жер астында жеке дара өмір сүру арқылы
бұл дүниенің күнәларынан бойын аулақ ұстау, тазалану, сөйтіп, Хаққа жақын
болудың бір түрі ретінде Яссауидің өзі енгізген амалы болып табылады)
жасап, жер астынан жай тұрғызып, жарық дүниемен тек шәкірттері арқылы
байланысып, сол жер астында осы кітабын жазған. Яссауи бұл қолжазбаны 63-73
жас аралығында жазғаны, сөйтіп, өзінің өмір бойы жинап, жазып жүрген
ойларын өлең түрінде бір жүйеге түсіргені туралы пікір ақиқатқа жақын.
Барлығы 149 хикмет-жыр, ғалымдар оның 70-тен астамын ақынның өзінікі,
басқасын шәкірттері кейін қосқан дейді.
Яссауидің кітабын тақырыбы жағынан екі топта жіктеп қарастыруға болады.
Біріншісі – сопылық ілімнің мазмұнын өлең түрінде жырлаған хикметтер тобы.
Бұған уағыз – насихат, өсиет үлгісінде жазылған тәлім-тәрбие сипатындағы
хикметтер жатады. Ал екінші тобы – ақын өз кезіндегі дәуір, қоғам бейнесін
жасайтын лирикалық шығармалары. Бұл жинақты бір жағынан, философ Яссауидің
дүние танымының мазмұнын баяндаған және екінші жағынан, сопылық ілімнің
әдеби нұсқасын берген өлең-жырлар деп, ұстаздың шәкірттеріне, болашақ
ізбасарларына, оқушыларына арнаған сөзі деуге болады:
Бісміллә деп баян етіп хикмет айтып,
Тәліптерге дүр уа гауһар шаштым, міне, – деуі содан. Мұндағы тәліптер
деп отырғаны – шәкірттер деген сөз.
Жинақта бүкіл адамзатты толғандырған "Тіршілікті жаратушы кім?", "Өмір
дегеніміз не?", "Адамның өмір сүрудегі мәні мен мұраты не?" – деген
сұрақтарға Яссауи да жауап беруге тырысады. Яссауи хикметтері бойынша
ғаламат ғарышты, шексіз өмірді, рух дүниесін жаратқан – құдірет пен хақ
тағала. Ал адамның өмірінің мәні мен мұраты Алланың аманат етіп тапсырған
рухани жанын дүние күнәсінен ада, таза түрінде алланың өзіне о дүниеде
қайтарып беру парызында деп түсіндіреді. Сөйтіп, адам Алланың тұтастығынан
бөлініп жаралған тағдыр бола отырып, енді қайтадан сол тұтастыққа, Алламен
рухани бірігуге дайын болуға тиіс деп табады. Хақ тағала сеніммен, рухани
бірлікпен суарылған махаббаттың мазмұны жеке құлқынның ләззаты емес, қайта
өзін-өзі дүние қызығынан шектеу дейді. Сондай махаббат қана нағыз пәк,
берік болмақ деп, оның небір керемет поэтикалық бейнелерінің түркі
халықтары ұғымындағы махаббат ғажайыптары суреті арқылы көркем үздік
образдар жасайды. Ғылым мен ілімге (сопылыққа) тек махаббат жолымен ғана
жетуге болатынын айтады:
Махаббаттың дариясына шомылушы
Ғылым, амал қыл, қалар көп үлгісі, – дейді.
Мұндағы амал деп отырғаны – сопылықтың шарттарын орындау әрекеттері.
Жинақта хақ жолынан тайдыруға итермелеуші шайтан, нәпсіхауа образдары
махаббатқа қарсы қойылады. Адам өмірінің мәні өз бойын, өз рухын сол шайтан
мен нәпсіхауаға алдырмауда дейді. Ғашықтықтың шын азабын тартқандай "өлмек
бұрын жан бермектің дертін тарттым" деп, бар өмірін Алла жолын таза күйінде
ұстау үшін күреске арнауды насихат етеді. Қожа Ахмет Яссауи философиялық
мазмұнға құрылған хикметтерінде көбіне ойшылдығын танытса, өз ортасын
суреттеуде әр құбылыстың мәнін көре білетін реалист суреткер ретінде
көрінеді. Әр оқиғаға өзінің бағасын ашық айта білетін, әркімге тиесілі
анықтамасын бере алатын шыншылдығын, сыншылдығын байқаймыз.
"Диуани хикмет" – сыншылдық дәстүрдің басы.
Өз заманының дағдарыстарына дауа іздеуде Яссауи өз көзқарасы тұрғысынан
мынадай тұжырымдар айтады. Алла сыйлаған жарқын өмірдің қасіретке толып,
азып-тозып азғындауына адамдардың өздері кінәлі. Адамның ниеті, пиғылы,
құлқы, жүріс-тұрысы, мақсат-мүддесі заман қайшылықтарын туғызады деп
табады.
Біліңдер достар, Хақ Расулдың елшілері,
Замана күннен күнге азар болды...
Патшалар әділдікпен үкім қылмас,
Қазылар пара алмай арыз алмас... –деп, Яссауи заманның азуына әділетсіз
патшадан бастап, тағдырына қанағатшылық етпеген пиғылы нашар пақырлардың
бәрін кінәлі етіп айыптайды.
Ақын өз шығармаларында, әсіресе, ислам дінін таратушы, уағыздаушы,
шариғат сөзін сөйлеуші, сақтаушы болуға міндетті ишан, молда, мүпти, сопы,
дәруіш сияқты дінбасыларды қоғамдық сана-сезімнің алдыңғы өкілі ретінде
қарастырып, олардың іс-әрекетінің, мінез-құлқының, адамгершілік
қасиеттерінің рухани биіктікте көрінуін талап етеді. Сондықтан да қоғам
қаймағы, рухани жалауы болған сол топтың азғындыққа түсуі – заман
азғындауының себепшісі екенін айтады.
Ишан, шейх, қожа, молда дүние іздер,
Сырын білмес топ халықты келіп алдар,
Аят, хадис сөзін қойып малды іздер...
Шейх деп салар сарай, жинар дүние,
Алла үшін қылған зәрре амалы жоқ...
Ғалымдардың айтқан сөзін дұрыс білмес,
Нағыз дәруіштерді көзге ілмес, – деп, ашынады.
Мұндай заманда әділеттікті, Хақ істі жақтаушылар қуғындалып, ал мансап
үшін пара беріп, дүние үшін арсыздыққа барғандар қоғам басшылары болып,
билік құратынын әшкерелейді. Яссауи өз заманынан сонда да күдер үзбей,
адамгершілікке шақырады, жақсыны үлгі тұтып, ізгілік нышанына қуанады. Ол
өз уақытының бейнесін жасап кеткен ақын әрі сол қоғамның белсенді
қайраткері де болды.
Яссауи сопылық әдебиетті тудыра отырып, қазақ әдебиетінде адам
бейнесін, оның қоғамдағы қызметін, өмір мұратын жоғары дәрежеге қойып
жасауға жол салды. Яссауи хикметтері қоғам өміріне, адам тіршілігіне
жоғары талап қойған сыншылдық дәстүр әкелді. Оның бұл сыншылдық дәстүрі
Дулат, Сүйінбай, Шортанбай, Мұрат, т.б. жырларында, тіпті күні бүгіндері
де жалғасын тауып жатыр.

1.2.Мирату-л-Құлуб (Көңілдiң айнасы)

ХІ ғасырда Шағатай тілінде көшірілген Қожа Ахмет Яссауидің тағы бір
рисалесі Мирату-л-Құлуб Швецияның Упсала қаласындағы университет
кітапханасының ескі жазбалар қорында сақтаулы. Көлемі 534 парақтан
тұрады. Рисалені жинақтаған Қожа Ахмет Яссауи шәкірттерінің бірі Сопы
Мұхаммед Данышменд Зарнуқи екен.

Мирату-л-Құлубтың жазылу мақсаты – Қожа Ахмет Яссауидің сопылық
ой-тұжырымдарын жинау болып табылады. Әйтсе де еңбекте Нежмүддин Күбра
мен Сопы Мұхеммед Данышмендтің де өз ойлары мол ұшырасады. Еңбек шариғат,
тариқат және хақиқат деген үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде исламдық
және сопылық ахлақ, екінші бөлімде тариқат әдебі (этикасы) жайында
айтылса, ал үшінші бөлімде мағрифату-л-лаћ (Аллаћты тану) турасында
әңгімеленеді.

Мирату-л-Құлуб еңбегінде жалпы сопылық ілімнің өзегін құрайтын
көңілдің көзін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Яссауи мұрасы
Қожа Ахмет Иассауйдің Диуани Хикмет еңбегі
Диуани Хикмет еңбегі
Қожа Ахмет Яссауидің өмірі жайлы
Ясауи шығармасы түріктердің рухани бастауы
Қожа Ахмет Яссауи өмірбаяны
Ясауи ілімінің тарихи маңызы
Яссауи хикметтерінің мәні, философиясының өзегі - адам
Қазақ даласындағы ислам әдебиеті
Қожа Ахмет Яссауи (1093 1094-1166)
Пәндер