Көне түркі жазба ескерткіштері



1. Көне түркі жазба ескерткіштері
2. Табылған аймақтары
3. Қазақстан жерінде
4. Пайдаланылған әдебиеттер:
Ұрпақган-ұрпакқа мұра болған руникалық жазба ескерткіштер (V-VIII іт.) қазақ және өзге түркі халықтарыньщ көне дәуірде мәдени деңгейінің өте жоғары болғандығын дәлелдейтін баға жетпес асыл қазына. Бүкіл әлемге танылған түркі руникалық жазбалары атақгы Егапет перғауындарының қорғандарынан табылған шумер жазуларымен дәуірлес болып келеді.
Ұлттық ғылым тәуелсіздік алған 10 жыл ішінде түркітану бағытында біршама жетістіктерге жетті. Қазақ және өзге де түркі халықтарының этносы мен мемлекетігін, тілі мен графикалық жүйесін (жазбаларын), тарихи-мәдени және этносаяси жағдайын ғылыми түрде жан-жақты әрі жүйелі зерттеу түркі тілдес халықгар үшін, оның келешек ұрпағы үшін құнды қазына болып табылады.
Қазақстан мен Орталық Азия және Онтүстік Сібір жерлерін мекендеген түркі тілдес ру-тайпалар бірігіп, VI ғасырдың, орта шенінде "Түрік кағанаты" деген атпен өз алдына мемлекет қүрғаны тарихтан белгілі. Осы кағанаттың құрамына енген тайпалык, одақтар бір кездерде өз елі мен жерінің бостандығы, тәуелсіздігі үшін алапат қақтығыстар мен жойқын соғыстарды басынан кешті. Тұс-тұстан қаумалаған дұшпандардың шапқыншылығынан қорғанған түркі ру-тайпаларының жорықтары қол бастаған ержүрек, дана іскер басшылардың ерлік істерімен, оған тіреу болар ел бірлігімен жүзеге асты. Ұрпаққа өнеге болар атақты Күлтегін, Тоныкөк, Білге, Бумын кағандар әрі тарихи, әрі әдеби дастан жырлардың кейіпкерлеріне, сомды тұлғаларына айналды. Ардақты есімдерді ел жадында сақтау үшін сол заманның данагөй білімдарлары өркениеттің белгісі болып табылатын түркілік сына жазумен тас бетіне түсірді.
Түркі тайпаларынан қалған бұл ескерткішттер көне дәуірдің қоғамдық-мәдени, әрі әдеби тұрмыс-салт өмірлерінен хабар беретін жәдігер қазына ретінде бүгінгі күні барлық түркі тектес халықгарға ортақ мұраға айналды. Түркінің сар даласының ішкі сырын бойына сіңірген таңбалы тастар қас батырдың ерлігіндей сан ғасырларды аттап, өз заманының шындығы мен қайгы-қасіретін, амал-әрекетін бейнелеп, еш өзгерместен күні бүгінге жетіп отыр.
Болашақ ұрпақка мұра етіп калдырылған көне түркілік жазба ескерткіштер кең байтақ Қазақстанның барлық аймақтарынан табылып, ескерткіштер саны жыл санап өсіп жатыр. Бірак, осы көне көз жәдігерлерге үлкен сезіммен қарап, оның ішкі мазмүны мен сырын ұғыну, қазақ халқы үшін құндылығының қаншалықты екендігін анықтау соңғы жылдары баяулап кеткені белгілі. Осы бағытта М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті жанынан түркі халықтарының ортак, казақ халқының төл мұрасы саналатын руникалық көне түркі жазбаларын зерттейтін, оларды іздестіріп өз ұрпағымен табыс ететін орталық кұру көзделіп отыр. Себебі, университет орналасқан Тараз каласы ежелгі мәдениетті келешек ұрпақпен сабақтастыратын көне қазынаның алтын діңгегі болып табылады.
1. Тараз Энциклопедиясы
2. “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998. ISBN 5-89800-123-9
3. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.ISBN 9965-32-491-3
4. Н.Базылхан. Көне түрік бітіктастары мен ескеркіштерінің жинағы// «Қазақстан тарихы VIII-XX ғғ түрік тілді деректерде» атты сериясы бойынша. II том. — Алматы: Дайк-пресс, 2005.
5. Ташағыл А. Түркі қағанатындағы адами құндылықтар мен адам құқықтары // Түркі халықтарының тарихи ойы. Тарих-адамзат ақыл-ойының қазынасы: Он томдық.-Астана, 2006. Т.10-369 б.
6. Сартқожа Қ. Орхон мұралары. – Астана: Күлтегін, 2003. – 392 б.
7. Ахмет Ташағыл. Түркі қағанатындағы адами құндылықтар// Тарих – Адамзат ақыл-ойының қазынасы: Он томдық. – Астана: «Фолиант», 2006, Т.10: Түркі халықтарының тарихи ойы. – 369 б.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Көне түркі жазба ескерткіштері
Ұрпақган-ұрпакқа мұра болған руникалық жазба ескерткіштер (V-VIII іт.)
қазақ және өзге түркі халықтарыньщ көне дәуірде мәдени деңгейінің өте
жоғары болғандығын дәлелдейтін баға жетпес асыл қазына. Бүкіл әлемге
танылған түркі руникалық жазбалары атақгы Егапет перғауындарының
қорғандарынан табылған шумер жазуларымен дәуірлес болып келеді.
Ұлттық ғылым тәуелсіздік алған 10 жыл ішінде түркітану бағытында
біршама жетістіктерге жетті. Қазақ және өзге де түркі халықтарының этносы
мен мемлекетігін, тілі мен графикалық жүйесін (жазбаларын), тарихи-мәдени
және этносаяси жағдайын ғылыми түрде жан-жақты әрі жүйелі зерттеу түркі
тілдес халықгар үшін, оның келешек ұрпағы үшін құнды қазына болып табылады.
Қазақстан мен Орталық Азия және Онтүстік Сібір жерлерін мекендеген
түркі тілдес ру-тайпалар бірігіп, VI ғасырдың, орта шенінде "Түрік
кағанаты" деген атпен өз алдына мемлекет қүрғаны тарихтан белгілі. Осы
кағанаттың құрамына енген тайпалык, одақтар бір кездерде өз елі мен жерінің
бостандығы, тәуелсіздігі үшін алапат қақтығыстар мен жойқын соғыстарды
басынан кешті. Тұс-тұстан қаумалаған дұшпандардың шапқыншылығынан қорғанған
түркі ру-тайпаларының жорықтары қол бастаған ержүрек, дана іскер
басшылардың ерлік істерімен, оған тіреу болар ел бірлігімен жүзеге асты.
Ұрпаққа өнеге болар атақты Күлтегін, Тоныкөк, Білге, Бумын кағандар әрі
тарихи, әрі әдеби дастан жырлардың кейіпкерлеріне, сомды тұлғаларына
айналды. Ардақты есімдерді ел жадында сақтау үшін сол заманның данагөй
білімдарлары өркениеттің белгісі болып табылатын түркілік сына жазумен тас
бетіне түсірді.
Түркі тайпаларынан қалған бұл ескерткішттер көне дәуірдің қоғамдық-
мәдени, әрі әдеби тұрмыс-салт өмірлерінен хабар беретін жәдігер қазына
ретінде бүгінгі күні барлық түркі тектес халықгарға ортақ мұраға айналды.
Түркінің сар даласының ішкі сырын бойына сіңірген таңбалы тастар қас
батырдың ерлігіндей сан ғасырларды аттап, өз заманының шындығы мен қайгы-
қасіретін, амал-әрекетін бейнелеп, еш өзгерместен күні бүгінге жетіп отыр.
Болашақ ұрпақка мұра етіп калдырылған көне түркілік жазба ескерткіштер
кең байтақ Қазақстанның барлық аймақтарынан табылып, ескерткіштер саны жыл
санап өсіп жатыр. Бірак, осы көне көз жәдігерлерге  үлкен сезіммен қарап,
оның ішкі мазмүны мен сырын ұғыну, қазақ халқы үшін құндылығының қаншалықты
екендігін анықтау соңғы жылдары баяулап кеткені белгілі. Осы бағытта
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті жанынан түркі
халықтарының ортак, казақ халқының төл мұрасы саналатын руникалық көне
түркі жазбаларын зерттейтін, оларды іздестіріп өз ұрпағымен табыс ететін
орталық кұру көзделіп отыр. Себебі, университет орналасқан Тараз каласы
ежелгі мәдениетті келешек ұрпақпен сабақтастыратын көне қазынаның алтын
діңгегі болып табылады. Оның үстіне түркі тайпалық одақтарының жиі
қоныстанған, мәңгілік мекен еткен жері және ежелден калған мәдени
ошақтардың негізгі тұғыры екендігі тарихтан белгілі. Түркітану ғылымы көне
түркі жазба ескерткіштерін географиялық, мазмұндық әрі дәуірлік мәніне
қарап, Орхон, Енисей және Талас деп үлкен үш топқа бөледі. Соның ішіндегі
Талас жазбалары Қазакстанның оңтүстік аймақтарынан табылған ескерткіштер
қатарын құрайды   және      де   аталған   жазба ескерткіштердің тікелей
жалғасы болып табылатын орта ғасырлык мұралар мен тарихи орындар осы таулы-
қыратты, өзеңді аймақтарда орналаскан. Сондықтан да казақ және өзге түркі
тілдес елдердің тарихын, көне мәдениетін, өркениеті мен мемлекеттігін, тілі
мен діліне қатысты құнды деректерді осы өңірлерден іздестірудің кажетгі
екендігін байқауға болады.Біртұтас мемлекет тарихын бейнелейтін түркілік
руникалық жазуларды тілдік, әдеби, тарихи және саяси-этникалық жақтан жан-
жақты зерттеу үшін көне мұралардың географиялық жағдайын жетік меңгеруіміз
керек. Сонымен қатар, қазақ халқының көне мәдени ошақтары мен тарихи
орындарын анықгау, оның мәні мен мағынасын, құпиялы ішкі сырын білу тек
жекелеген зерттеуші ғалымдардың ғана емес, ол мемлекеттің алдында болашақ
ұрпағы үшін міндетті түрде шешімін табатын проблема болуы
керек.Қазақстанның орталық және оңтүстік өңірлерінен табылған тарихи жазба
мұралар казіргі уақытта облыстық мұражайлар мен арнайы тарихи
ескерткіштерді сақтау, қорғау орындарында мүлдем жоқтың қасы. Ал соңғы
жылдары Талас өзені аңғарлары мен сол аймақтағы таулы-қыратты жерлерге
экспедициялар ұйымдастыру мәселесі мүлдем назардан тыс қалып қойған.
Қазіргі Тараз қаласы мен оның оңтүстігіне, Алатау мен Каратау бөктерлеріне,
Орталық Қазақстандағы Ұлытау мен Болаттау аймақтарына арнайы зерттеу
жұмыстарын жүргізетін шағын экспедициялық топ құрып, көне жазбаларды
іздестірсе, ұрпақ білсін деген ниетпен ата-бабаларымыз қалдырып кеткен жазу-
сызулардың каншасы табылар еді. Бұған айқын мысал ретінде XIX ғасырдың
екінші жартысынан бастап XX ғасырдың 70-ші жылдарына дейінгі аралықта
іздестіру нәтижесінде табылған жазбаларды айтуға болады.Сан жылдар бойы
іздестірудің барысында Орталық Азия территориясынан ағаш тақтайшаға ойылып
жазылған көне жазу табылды. Бұл жазу жүйесі өзінің құрылымы және тақтайға
ойылғанымен басқа тас жазулардан ерекшеленеді. Іле-шала Ертіс өзені бойынан
қола айнадағы жазу, ал 70-ші жылдары Іле өзені бойынан (Есік қорғанынан)
күміс тостағаңдағы жазу табылды. Мұңдай тарихи мәні зор жазулардың бүгінде
Қазақстанның ..кез-келген өңірінде өз сырын ішіне бүгіп, жасырып жатқаны
бізге беймәлім.
Қазіргі кезде ежелгі түркі тайпалық одақтары өмір сүрген аймақтардан
руникалық жазумен ойылып жазылған үй-тұрмысына қажетті заттар, қой тастар
табылып жатыр. Олардың бойында талай құпиялар сақтаулы. Мысалы, соңғы кезде
Өзбекстанның Наманган, Ферғана, Кашқадария аудандарынан бірнеше көне
тайпалардың қолданған заттары табылған болатын. Өкінішке орай, олардың
бірқатарының оқылуы күні бүгінге дейін анықталмаған.
Негізінен, көне түркі жазба ескерткіштері, түркі руникалық жазба
ескерткіштері – 7–9 ғ-лардағы көне түркі ойма жазулары мен қолжазбалары,
көне түркі әліпбиіндегі әр алуан мәтіндер. Көне түркі жазба ескерткіштері
арқылы қазіргі түрік халықтарының көне тілін, тарихын, этногенезін,
географиясын, рухани мәдениетін, жазба дәстүрін, әдет-ғұрыптары мен
дүниетанымын білуге болады.

Табылған аймақтары

Көне түркі жазба ескерткіштері табылған аймақтарға Сібірдегі Енисей,
Лена өзендерінің аңғарлары, Моңғолиядағы Орхон, Онгин, Селенга өзендерінің
алқабы, Орта Азия мен Қазақстандағы Талас пен Сыр бойы, Ертіс пен Іле
қойнауы жатады. Орыс этнограф-ғалымы Н.М.Ядринцев 1889 жылы Моңғолиядағы
Орхон өз-нің құйылысынан қос тілдік жазуы бар ерекше үлкен екі тас тапты.
Кейіннен біреуі Білге қағанға (735), екіншісі оның інісі Күлтегінге (732)
қойылғаны белгілі болып, мазмұны толық анықталды. Бұл ескерткіштердің бір
қырына Қытай иероглифтері ойылған, ал үш қырына ойылған жазу таңбалары
Сібір руналарына, Енисей бойынан табылған жұмбақ жазуларға (бұл жазулар
сыртқы көрінісі жағынан Скандинавия руналарына біршама ұқсас болғандықтан
руникалық немесе руна тәріздес деп те аталды) ұқсас. Финн және орыс
ғалымдары жүргізген арнаулы зерттеулер нәтижесінде Орхон және Енисей
ескерткіштерінің нұсқалары (фотосурет, эстампаж) жинақталып жарияланған
атластар жарық көрді. Сайып келгенде Дания лингвисі В.Томсен 1893 жылы
түркі руникалық (Орхон-Енисей) таңбаларының дыбыстық мағыналарын негізінен
дұрыс анықтап, акад. В.В.Радлов 1894 жылдың қаңтарында көне түркі тілінде
жазылған Күлтегін ескерткішіндегі руникалық жазудың тұңғыш аудармасын
берді. Ғылымда ашылған бұл жаңалық – тіл білімінің тарихи салыстырмалы
бағытын белгілеп, түркітану ғылымын жүйеге келтіру ісінде мықты қазық
болды. Мұнан кейін Көне түркі жазба ескерткіштері тек тастарға ғана
қашалмағандығы, металл (алтын, күміс, қола) және саз балшықтан жасалған
түрлі бұйымдарға ойып жазылғандығы да айқындала түсті. Моңғолиядағы, Сібір
мен Азиядағы айқындалған түркі руникалық ойма жазуларының жалпы саны әзірше
екі жүзге жуық. 20 ғ-дың бас кезінде Шығыс Түркістандағы түркі руникалық
жазуының шамандық, манихейлік, буддалық дін және заң мазмұнында қағазға
жазылған нұсқалары (8–10 ғ-лар) айқындалды. 1932 жылы Талас алқабынан ағаш
таяқшаға ойылған руникалық жұмбақ жазу табылды. С.Е.Малов, Х.Н.Оркун,
А.М.Щербак, т.б. таяқшалардағы жазудың түркі руникалық таңбаларымен
ұқсастығын көрсетіп, оны көне түркі тілінде оқып көрді.
Иссык жазба ескерткіш— сак дэуірінен калган жазба ескерткіш (б. з. д.
5—4 г.). 1970 ж. Ӏле екірінін тау бектеріндегі Есік қаласы іргесіндегі Сак
заманынан каіған үлкен корымнан алтынға бөленген жауынгер мәйіті және онын
түрлі заттары, сонын ішінде жүмбак жазуы бар куміс тостағанша табылған.
Онын сырт жағына руна тәріздес 26 танба ойылып жазылған. Ескерткіштін
күндылығы — біріншіден, ертедегі Казакстан жерін мекендеген сак
тайпаларынын тілі коне түркі тілі екендігін, екіншіден, будан 2500 жыл
бүрын түркі тектес тайпалардын әліпбилік жазуы болғанын дәлелдейді:
Могoилян жазба ескерткіш — Орхон езені бойынан табылған көне түркі
ескерткіші (7 ғ.соны). Ескерткіш Күтлүғ(Кдпаған) кағаннын баласы Могилян-
ғаарналған, мәтінін жазған Иоллығ Тегін, оны тапкан Н. М. Ядринцев, алғаш
рет окыған В. В. Радлов. Жазуда Могиляннын, Күлтегіннін, Тонукүктын
жорыктары баяндалған.
Мойунчур ескерткіші — Орхон-Енесей көне түркі жазуымен 759 ж. жазылған
ескерткіш. Оны Солтүстік Монголияда 1909 ж. тапкан Г. И. Рамстедт. Ол —
ескерткіш мәтінін немісше аударыгі, 1913 ж. жариялаған. Бұл енбекті Н.
Оркун түрік тіліне, С. Е. Малов 1959 ж. орыс тіліне аударып жариялаған.
Ескерткіш "Селенге тасы" деп те аталады. Мойун-чур сол кездегі үйғыр
мемлекетінін ханы болған. Ескерткіш мәтінінде жер-су, адам, тайпа, халык
(үйғыр, оғыз, тоғыз, татар, кырғыз, түркеш, түрік, соғды, кыпшақ т.б.)
атаулары кездеседі. Ескерткіште әнгіме оғыз тайпасынын өкілі атынан
баяндалады.[1]
Орхон ойма жазулары — Монголиянын Орхон, Селенге өзендері бойынан
табылған көлемді әдеби мұралар, хан әулетінін кұлпытастары, 7—8 ғғ.
жазылған көне түркі руникалык ескерткіштері болып табылады. иран Білге
каган, Күлтегін, Тонукүк, Күлі-чур, Мойун-чур т.б. ескерткіштер жатады
Ескерткіштер мен ондағы жазбаша деректерлі ашып жариялаған — Н. М.
Ядринцев, В. Томсен, В. В. Радлов.

Қазақстан жерінде

Соңғы отыз жыл ішінде Қазақстан жерінде де көне түркі жазба
ескерткіштерінің бар екендігі анықталды. Талас бойынан (Жамбыл облысы)
төртбұрышты тас мөр мен дөңгелек тастың жарты сынығына бедерленген
руникалық ойма жазулар, Іле бойынан (Алматы облысы) жартастарға қашалған
руникалық жазу үш жерден табылды. Осы өңірден жүзіктегі руникалық жазу да
анықталды. Сыр бойында (Оңтүстік Қазақстан облысы) ескі кенттердің орнынан
табылған саз балшықтан күйдірілген дөңгелек алқа, құмыра сияқты ойылған
руникалық жазулар белгілі болды. Ертіс өңірінен екі қола айнадағы руникалық
ойма жазудың (Шығыс Қазақстан облысы) бірін А.Н.Бернштам 1948 жылы
жариялады. Сондай-ақ 1985 жылы Шығыс Қазақстаннан жартасқа қашалған
руникалық жазу, ал 1987 жылы бауға тағылған мөрдің табанына ойылған
руникалық жазу табылды Жайық өңірінен (Ақтөбе облысы) анықталған қола
айнадағы руникалық жазу 1986 жылы жарияланды. К. т. ж. е-нің тілін зерттеп,
зор үлес қосқан ғалымдар – Томсен, Радлов, П.М.Мелиоранский, В.Банг,
Г.И.Рамстед, А.Габэн, С.Е.Малов, В.М.Насилов, И.А.Батманов, А.Н.Кононов,
Дж.Клоусон, Т.Текин, т.б.

 
Көрсетілген суреттің алғашқы үшеуін 1993 жылдың сәуір айында Өзбекстан
Ғылым академиясының Тарих және археология институтының қызметкері профессор
Э.В.Ртвеладзе Қашқадария өлкесіндегі ескі қорғандарда қазба жұмыстарын
жүргізіп жатқанда тапқан болатын. Көрсетілген 1-суреттегі таңбаларды көне
түрй тіліңде "ач" түрінде оқуға болады. Қашалып жазылған екі таңба да
руникалық алфавитте бар. Ал 2-суреттегі бірінші таңба "а" екендігі
түсінікті болғанымен, екінші таңбаны тану біршама қиындық туғызып отыр.
Қандай дыбыс екендігі беймәлім. 3-суретегі таңбалардың біріншісі "т"
дыбысы, екіншісі "і", үшіншісі п болуы керек. Сонда тіл  "деді, - деп"
мағынасын білдіреді. Төртінші таңбаның сыры беймәлім, мүмкін талай ғасырды
басынан кешіп, сырт формасын бұзып алған болар. Соңғы бесінші таңба "п"
дыбысының бейнесін беріп тұр. Жалпы, тасқа қашалып жазылған бұл таңбалар
ешбір тұрмыстық немесе т.б. заттарға жазылмағандықтан олардың бойынан
белгілі бір мағынаны дәлдеп үғыну қиын.
Берілген 4-ші суреттегі жазу 1993 жылы Өзбекстанның Наманган аймағынан
табылған. Жер астында сандаған жылдар бойы жатқан бұл құмыраның бетіндегі
кейбір таңбалар өшіп қалған. Ал бар таңбаларды оқып көргенде сыңар
(Қ.Садықов) немесе сокур болып шығады. Демек, аталмыш сөздің мағынасы
заттың сыйымдылығын (жарты литрлік ыдыс) немесе құмыраны жасаған адамның
атын көрсетеді.
Ал 1998 жылы Кырғызстанның Қошқар өңірі Қарасу ауылы жанындағы Көксай,
Тікбұған, Қызыл бұлақ, Алқым өзенді, таулы-қыратты жерлерінен көне түркі
рунасымен тас бетіне кашалып жазылған бірнеше құпия жазулар табылған
болатын. (Қырғыз ғалымдары О.Солтобаев пен К.Табылдиев "Мээрим" журналы,
1998. №2). Бұл өңірден табылған барлығы 8 руналық жазу өзімізге белгілі
Талас жазба ескерткіштері қатарына жатқызылады. Тас бетіндегі құпия жазу
неге екендігі белгісіз түркітанушы ғалымдар тарапынан әлі күнге дейін
жүйелі түрде оқылған емес. Енді осы таңбалар жүйесіне көз тігіңіз:
 
Жазудың ішінде не сыр бүктеп жатқандығы кімді де болса қызықтырары
сөзсіз. Сондықган бұл таңбалардың да оқылу қүпиясын ашып көрелік. Мұнда
ертедегі Талас жазба ескерткіштеріне тән таңбалардың бар екендігін
байқасақ, біздің ойымызша бұл жазуды шамамен V-VІ ғасырларға жатқызуға
болады.. Берілген бедерлі таста 13 руникалық таңба бар. Жазу оңнан солға
қарай оқылады. Сырға толы құпия таңбалардың жеке-жеке мән-мағынасын талдай
келе мынадай болжамға тоқталдық:
er аtym sаgundа ayrsym  — ер атым Сағуннан айрылдым немесс ер атам Сағыннан
айрылдым.
Оқылған сөйлемнің алғашқы мазмұны қандай да бір азамат өзіне берілген
атағынан немесе шенінен айрылғандығын білдіреді, ал екінші варианттағы
сөйлемнің мәні бойынша атасы Сағыннан айрылған, қол үзіп қалған деп тұжырым
жасауға болады.
Орталық Азия мен Қазақстан жерлерінен табылып жатқан руникалық түркі
жазбалары Орхон таңбаларынан өзіңдік ерекшелігімен дараланады. Мұнда Орхон
немесе Енисей өзендері аңғарларынан табылған жазулардағы барлық таңбалардан
бөлек, өзгеше жасалған көне әріптер кездеседі. Мұның өзі түркі жазуы
жүйесінің ертеден қалыптасқан, жүйелі әліппе, жазу мәдениетіміздің тамыры
өте тереңде екендігін аңғартады. Дәл осындай көненің көзі болып табылатын
асыл казыналар Қазақстанның жерінде де қаншама десеңізші. Өйткені,
шығысымызда Алтай мен Тарбағатай, батысымызда Орал таулы қыраттары,
солтүстігіміз бен орталығымызда Ұлытау, Болаттау аймақтары, оңтүстігімізде
Алатау мен Қаратау қатпарларыда және басқа да өзенді-көлді кең алқапты
мекен еткен ата-бабаларымыз сол өңірлерге де өздерінің қол-таңбасын
қалдырьш кетпеді дегенге кім сенер.

Көне түркi руникалық жазба ескерткiштер тiлiнде қазiргi қазақ
тiлiндегi тате, даде күшейткіш демеуліктердің тек қана таде дыбыстық
варианттары қолданылғын. Олар жалғаулық шылау сипатында көрінбейді. Себебі
демеулік шылау мағынасында қолданылудың өзі өте сирек кездессе, сол дәуірде
тілдік қолданысқа орай жаңа да демеулік шылауға тән қасиетті иелене
бастаған.Бұл тұлғалар ескерткіштің ішінде тек Күлтегін үлкен жазуында ғана
ұшырасады. Олардың білдіретін грамматикалық мағыцналарын мысалдар арқылы
таде демеулігіне тоқтаған кезде бердік. Осыған қатысты көне түркі
тіліндегі йеме сөзі нақты таде демеулік шылауының қызметінде көріне алады.
Мысалы: Оғузу йеме танқанч ол тіміс – Оғыздар да дағдаруда депті. Біз йеме
сүледіміс – Біз де аттандық. Осы сияқты мысалдарды көптеп келтіруге болады.

Ырық Бітіг жазуы мен Тонйұқық және Мойын – Чор ескерткіштерінде кездесетін
ұдұ тұлғасы туралы септеулік шылауларға тоқталған кезде айттық. Әйтсе де,
А.Кононовтың бұны жалғаулық шылаулар қатарына қосу себебі неде? Мысалы:
Ілтеріс қаған қазғанмасар ұдұ бен өзүм қазғанамасар деген сөйлемді алған
да, ұдұ сөзін также мағынасында береді. Аудармасы былай: Если бы Эльтериш
каган не приобретел (земель) и я также не приобретал бы...[20,б.206]. Ал
С.Маловтың аудармасында оның мағынасы следуя деген сөзбен беріледі.Жалпы
ұдұ сөзі жалғаулықты шылау мағынасында көріне алмаған. Біздіңше, бұл сөз
сөйлемдегі (контекстік) мағынасына қарай негізінен үстеу сөз табына
жатады.Қазақ тіліндегі жалғаулықтарды зерттеген ғалым Р.Әміров алтай тілі
грамматикасы мен М.Терентьевтің еңбегіндегі қазақ тілінде жалғаулықтар
жоқ, сөздер қатар – қатар тізіледі және П.Мелиоранскийдің көне тілде
жалғаулықтар өте аз кездеседі деген пікірлерін айта келіп, руникалық
жазбаларында жалғаулықтардың барын, олардың басқа сөз табының орнына
жүретіндігін және талғаулықты мағынаны білдіретін азу сөзінің әрі
жалғаулық, әрі сұраулық демеуліктің қызметін атқаратындығын тап бассып,
оның қазіргі тува тілінде кездесетіндігін де айта кеткен болатын.[40,б.70].

Сонымен көне түркі руникалық жазба ескерткіштер тіліндегі йеме, азу сияқты
сөздерді жалғаулықты шылаулар деп, аздығына қарамай қазақ тіл білімінде
қалыптасқан дербес категория дәрежесінде алып қарастырады.
Сөйлем құрамындағы сөздерді байланыстыруда қызмет ететін шылау сөздердің
екі түрі болады. Соның бірі – жалғаулықтар.Өзара тең тұрған сөздерді,
сөйлемдерді байланыстырып, солардың арасындағы грамматикалық қатынастарды
білдіретін сөздерді жалғаулық шылаулар дейміз. Олардың басқа түрлерден
ерекшелік қасиеті – бір сөздің аясынан шығып, екі сөзге, екі сөйлемге
бірдей мағына қосып ұштастыра алуы. Жалғаулықтар – аналитикалық сипаттағы
байланыстырушы сөздер. Бұлардың ескеретін жері сөз тіркесін құраудан гөрі
байланыстырушылық қасиеті басым болады. Қазақ тіл білімінде жалғаулықтардың
тілдің даму эволюциясында біртіндеп барып бастапқы лексикалық мағыналарынан
айырылып, абстрактілі грамматикалық мағынаны иеленген жаңа мағынадағы
сөздер екндігі айтылады. Жалпы олардың қалыптасуы да өзге грамматикаланған
сөздердей грамматикалық жағынан дерексізденуі, лексикалық дербес ұғымнан
жалпы категориялық дәрежесіне жетуі өте баяу және бірте-бірте даму жолымен
болатындығы анық. Ал септеулік шылауларға қарағанда жалғаулықтану процесі
көне түркі тілінде жаңа да ізін сала бастаған. Сондықтан да көне түркі
дәуірінде жеке қалыптасқан сөздер болып толық көріне алмайды. Дегенмен көне
түркі руникалық жазба ескерткіштер тіліндегі йеме және азу формалары
қазіргі қазақ тіліндегі және мен әлде мағыасындағы жалғаулықты шылау сөздер
болып отыр. Оларды синтаксистік қатынастағы грамматикалық мағыналары
жағынан салыстырып қарағанымызда айтарлықтай айырмашылықтары байқалмайды.
Түрколог – ғалымдар зерттеулерінде йеме, тақы, йана сөздерінің мағыналарын
бір дәрежеде алып қарастырғаны белгілі. Мұнда тақы мен йана сөздері көне
түркі тілінде үстеу сөз табымен мағынасында қызмет еткен. Ескерткіштер
тілінде бірде шылау, бірде үстеу қызметінде көрінбейді. Мысалы: Елін йана
бертіміз – Елін тағы бердік немесе елін қайта бердік. Кідізіг субқа суқмыш
тақы ур қатығды ба дер – Кигізді суға салғын, тағы ұр қатайды ма дер. Таным
түші тақы түкемескен – Танылған түсі тағы аяқталмаған. Табғачқа йана ічікді
– Қытайға қайта бағынды. Мысалдардан көріп отырғанымыздай, әр уақытта тақы
мен йана сөздері бірінің орнына бірі жүре бермейді. Олар көне ескерткіштер
тілінде етістіктердің алдында келіп іс әрекетті пысықтап тұрады.
Сонымен аталмыш сөздер көне түркі жазба мұраларында үстеу мағынасында
қолданылған. Кейінгі бір дәуір кезеңдерінде біртіндеп барып синтаксистік
қатынаста грамматикалық мағыналары кеңейіп, сол формаларында шылау сөздер
мағынасына ауысқан. Жалғаулықты шылау деп танылып келген йеме, тақы, та,
артуқы, азу сөздерінің ішінен тек азу сөзі нақты талғаулықты жалнғаулық
шылау сөз де, йеме жартылай мағынадағы немесе жаңа да шылаулық қасиетке
бейімделе бастаған жалғаулықты шылау сөздер болып саналады. Енді сол екі
формаға түсінік берелік.
Азу: көне руникалық жазба тіліндегі азу тұлғасы қазіргі қазақ тіліндегі
әлде талғаулықты жалғаулық шылау мағынасында қолданылған. Ескерткіштердің
ішінде тек Күлтегін кіші жазуында ғана ұшырасады. Мысалы:
Көне түркі тілі: Азу бу сабымда ігід бар ғу - Әлде бұл сөзімде жалғандық
бар ма ? Азу жалғаулық шылауы сөйлемнің басында келіп, ойға қатысты іс-
әрекеттің шындығына немесе көмескілігіне күмән келтіру және талғау
мағынасында қызмет атқарған. Қазақ тілінін грамматикасында азу шылауының
мағынасындағы әлде сөзі араб тілінен енген деген болжам бар. Аталмыш тұлға
бастапқы да сұраулық мағынадағы демеуліктер қатарында болып, кейіннен әбден
зерттелгеннен кейін талғаулықты жалғаулық шылау қатарына қосылғандығы сөз
етіледі.Басқа тілдермен салыстырып қарағанымызда, тува және тофалар тілінде
көне түркі руникалық жазба ескерткіштер тіліндегідей сол формада және сол
мағынасында қолданылатындығы анықталды. Мысалы:
Тофалар тілі: азы чү ләән ? азы аьт паан, азы инәк поон – что это ? то ли
конь, то ли корова ?. азы алыр мен баан , азы албас мен баан ? – или брать
мне, или не брать.
Тува тілі:Даарта мен қызылче азы Абаканче чоруур мен – Завтра я поеду в
Кызыл или Абакан. Ховуда бараан көстүр, мал бе азы хараган бе, ылгавайндар
мен – В поле что- то виднеется не различаю: скот или караганник?
Йеме: Йеме сөзі көне түркі тілінде әртүрлі грамматикалық мағынада қызмет
еткен. Мысалы: Күн демей, түн демей желіп барды. Бұл сөйлемді күн де, түн
де желіп бардық немесе күн және түн де желіп бардық деп те аударуға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҮІІ-ІХ ғғ. түркі жазба ескерткіштері тілін зерттеу нәтижелері - көне түркілер тілін антропоөзектік бағытта зерттеудің базалық негізі
Көне түркі тілі. Лекция тезистері
Көне түркі жазуы туралы
Көне Түркі жазуларының зерттелуі
Көне түркі тілі
Көне түркі жазуы
Дала жазуларының тарихы
Түркітанушы қазақ ғалымдарының еңбектері. Руникалық көне түркі жазба ескерткіштері
Орхон - Енисей ескерткіштері
Түркі халықтарының жазба ескерткіші және оның көздері
Пәндер