Балабақшадағы аралас топ балаларын ұлттық ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1 ҰЛТТЫҚ ОЙЫН АРҚЫЛЫ АРАЛАС ТОП БАЛАЛАРЬІН АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Адамгершілік тәрбиесі және ойын арқылы мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеу бағытындағы зерттеулерге сипаттама ... ... ..7
1.2 Балабақшадағы бала тәрбиесінде ұлттық ойындарды пайдаланудың психологиялық.педагогикалық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
1.3 Аралас топ балаларын ұлттық ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеудің өзіндік ерекшелігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 76
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 78
Зерттеудің көкейкестілігі. Егемендікке қолы жеткен қазақ елі өміріндегі әлеуметтік, экономикалык өзгерістер уақыт талабына сай қабілетті, жан-жақты жетілген парасатты адамдар тәрбиелеп өсіруді көздеп отыр.
Тәлім-тәрбие берудің бастауы - мектепке дейінгі тәрбиенің мазмұнын түбегейлі жаңарту, еліміздің ертеңін баянды ету бағытында болуы керек. Бүгінгі жаңа коғам мүддесіне лайықты жетілген, бойында ұлттық сана, ұлттық психология қалыптасқан қоғамның ертеңгі иегерлерін тәрбиелеп өсіру - отбасының, балабақшаның, барша халықтың міндеті.
Мұны дұрыс шешу - болашақ ұрпақтың ұлттық санасын тәрбиелеп, рухани мәдениетті жетілдірумен бірге қаралады. Ал, рухани мәдени байлықтың байырғы саласының бірі - ойын. Халықтың әдет-ғүрпын, салт-дәстүрін, әдеп дағдыларын жас ұрпақтың бойына ойын арқылы дарытып, көңіліне қондыра білу өмір қажетінен туып отыр. Өйткені баланы нәресте шағынан бастап адалдыққа, батылдыққа, елін, жерін, тілін сүйетін отаншылдыққа, адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеудің құралы - ойын. Оның тәрбие, тәлім берудегі сиқырлы сырын терең меңгеру үшін ежелден бері өркен жайып, үздіксіз дамып келе жатқан ұлттық ойынды тәрбие мақсатына пайдаланудың тиімді жолдарын қарастыра түсу бүгінгі күннің кезек күттірмейтін міндетіне айналғандығын мойындауға тиістіміз.
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев "Қазақстанның болашағы - қоғамның идеялық бірлігінде" деп аталатын еңбегінде: ... елдің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуді, Занды, Үкіметті құрметтеуге тәрбиелеуден бастау керек. Әрбір адам бала кезінен: Қазақстан - менің Отаным, оның мен үшін жауапты екені сияқты, мен де ол үшін жауаптымын, деген қарапайым ойды бойына сіңіріп өсетіндей істегені жөн", - деп көрсетті. Әрине, өнегелі тәлім мен тәрбиені бойға сіңіру - өмір заңы, ата-ана борышы, тәлімгер-тәрбиенінің парызы. Өйткені ел болашағы тәрбие ісіне тәуелді.
Дүниеге келген әрбір перзенттің өмірі, келешегі тәрбие ісіне байланысты, одан сыртқары болуы мүмкін емес. Нәресте, сәби шақтағы тәрбие ойыннан басталады. Сондықтан ойын - тәрбиенің бастауы, ол мәңгі жас, әрбір сәби бастан кешіретін кезең деп саналады. Ойынның атадан балаға мирас болып, үнемі қайталанып, әрбір ұрпақпен бірге жасап, тоқтаусыз, толассыз жүріп отыратын себебі осында. Мұны зерттеуді, халық ойындарының мәңгілік мәнін ашуды тарихшылар, әдебиетшілер, этнографтар, археологтар, психологтар, педагогтар және басқа да ғылым саласында еңбек етушілер қашаннан бері назардан тыс қалдырмай келе жатыр.
Бірақ қазақ халқының ұлттық тәлім-тәрбие мұраларын жариялау, зерттеу тек соңғы жылдары ғана қолға алына бастап, бұл салада Қ.Б.Жарықбаев, С.А.Ұзақбаева, Б.Х.Балтабаев, Ә.Табылдиев, С.Қалиев тындырымды істер атқарып, этнопедагогикаға байланысты еңбектер жариялануда.
1 «Қазақстан-2030» стратегиясы, 1997.
2 Мектеп жасына дейінгі балалардың мемлекеттік міндетті білім беру стандартының жобасы. - Астана, 2006.
3 Қазақстан Республикасындағы этностық-мәдени білім беру тұжырымдамасы. - Алматы, 1996.
4 Александренков Э.Г. Этническое самосознание или этническая идентичность // Этнографическое обозрение. - 1996. - № 3. - С. 13-23.
5 Абильдин Ж.М. О логическом учении аль-Фараби. – Алматы: Наука, 1982, - 199 с.
6 Бромлей Ю.В. Очерки теории этноса. – М., 1983. – 412 с.
7 Козлов В.И. Проблема этнического сознания и ее место в теории этноса // Советская этнография. – 1974. - №2. – С. 32-38.
8 Кушербаев К.Е. Этнополитика Казахстана: состояние и перспективы. –Алматы: Институт развития Казахстана, 1996. – 227 с.
9 Нысанбаев А.Н., Тайжанов А.Т. Этнокультурные традиции в духовном наследии М.О.Ауэзова. – Алматы, 1997. – 176 с.
10 Поршнев Б.Ф. Принципы социально-этнической психологии. – М., 1966. – 126 с.
11 Снежкова И.А. К проблеме изучения этнического самосознания у детей и юношества // Советская этнография. – 1982 - №1. – С. 81-85.
12 Суслова Э.К. Воспитание у детей этики межнационального общения. – М., 1994.
13 Телебаев Г., Наурызбаев Ж. Идентичность: интерпретация смыслов // Новое поколение. - 1994. - № 3.
14 Арутюнян С.М. Нация и ее психический склад. - Краснодар, 1966. –271с.
15 Балтабаев М.Х. Педагогическая культурология: Учебное пособие. –Алматы: РИК, 2000. – 268 с.
16 Дробижева Л.М. Историческое самосознание как часть национального самосознания народов // Традиции в современном обществе. Иссл.этнокульт.процессов: Сб.ст. – М., 1990. – С. 226-233.
17 Вяткин В.А., Хотинец В.Ю. Этническое самосознание как фактор развития индивидуальности // Психологический журнал. – 1996. Т. 16, № 5. – С. 69-75.
18 Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі. – Алматы: Санат, 1995. – 350 б.
19 Еликбаев Н.Е. О национальной психологии казахской нации. – Алматы, 1991. – 184 с.
20 Амирова Б.А. Оқыту процесінде этникалық жаңсақ нанымдардың өзгеруі: пс.ғыл.кан.дисс…. автореф. – Алматы, 1998. – 24 б.
21 Аймаганбетова О.Х. Основы этнопсихологии: Учебное пособие. –Алматы: Литера, 2003. – 178 с.
22 Оконешникова А.П. Межэтническое восприятие и понимание людьми друг друга: автореф. … докт.псих.наук. – М., 1988. – 52 с.
23 Солдатова Г.У. Психология межэтнической напряженности. – М.: Смысл, 1998. – 156 с.
24 Старовойтова Г.В. Этническая группа в современном советском городе: Социологические очерки / Отв.ред. К.В.Чистов. – Л., 1987. – 174 с.
25 Хотинец В.Ю. Этническое самосознание. – СПб., 2000.
26 Шлягина Е.И., Данзанова Э.Ц. Влияние диаспоральности на содержание актуального этнопсихологического статуса бурят // Этническая психология и общество. – М.,1997. - С. 362-370.
27 Волков Г.Н. Этнопедагогика. – Чебоксары, - 1999. – 376 с.
28 Измайлов А.Э. Народная педагогика: педагогические воззрения народа. – Казань, 1962. - 232 с.
29 Ханбиков Я.И. Из истории педагогической мысли татарского народа. – Казань, 1967.
30 Христова Е.А. Народная педагогика: историографические и теоретико-методологические проблемы: автореф. … канд. пед. наук. – Москва, 1988.–25 с.
31 Жарыќбаев Ќ.Б. Ќазаќ аѓартушыларыныњ ењбектеріндегі оќыту мен тєрбие мєселелері. - Алматы, 1997.
32 Қалиев С.Қ. Қазақтың халықтық тәлім-тәрбиесінің ғылыми-
педагогикалық негіздері: пед.ғыл.док.….автореф. – Алматы, 1996. – 65 б.
33 Ұзақбаева С.А. Тамыры терең тәрбие. – Алматы: Білім, 1995. – 232 б.
34 Наурызбай Ж.Ж. Научно-педагогические основы этнокультурного
образования школьников: автореф…. докт.пед.наук. – Алматы, 1997. – 45 с.
35 Балтабаев М.Х. Народное музыкальное творчество казахов как
средство эстетического воспитания студенческой молодежи. (На материале музыкальных отделений ФОПа вузов Казахстана): автореферат … докт. пед. наук. – Алматы, 1994. – 68 с.
36 Кожахметова К.Ж. Казахская этнопедагогика: методология, теория,
практика. – Алматы, 1998. – 317 с.
37 Дюсембінова Р.Қ. Қазақ этнопедагогикасын мектептің оқу – тәрбие
процесіне ендірудің ғылыми педагогикалық негіздері: Пед.ғыл.докт… дисс.автореф.- Алматы, 2001. – 46 б.
38 Төлеубекова Р.К. Бастауыш класс оқушыларын адамгершілікке
тәрбиелеуде халықтық педагогиканың озық дәстүрлерін пайдалану: Пед. ғыл. канд. … дисс. – Алматы, 1993. – 162 б.
39 Оразбекова К.А. Жеке тұлға ұлттық тәрбиесінің ғылыми-
педагогикалық негіздері. Алматы, 2000. – 330 б.
40 Асанов Ж. Дидактические основы формирования системы
этнопедагогических знаний и умений у студентов. Дис.докт.пед.наук. – Кызыл-Орда, 2004. – 360 с.
41 Табылдиев Ә. Халық тағылымы. – Алматы: Қазақ университеті, 1992. –
198 б.
42 Бөлеев К. Болашақ мұғалімдерді оқушыларға ұлттық тәрбие беруге
дайындаудың теориясы мен практикасы: Пед.ғыл.док.дисс.автореф. – Қарағанды, 2002. – 50 б.
43 Кульманова Ш.Б. Научно-педагогические основы воспитания младших
школьников средствами казахской народной музыки: автореф. … канд. пед. наук. - Алматы, 2000. – 25 с.
44 Сырымбетова Л.С. Особенности казахской женской гимназии как
национальной воспитательной системы: автореф.... канд.пед.наук. – Алматы, 2001. - 25 с.
45 Мухтарова Ш.М. Формирование национального самосознания
студентов в учебно-воспитательном процессе ВУЗа: автореф….. канд.пед.наук. – Караганда, 2002. – 25 с.
46 Оршыбеков Ы. Қазақтың халық творчествосындағы азаматтық тәрбие.
– Алматы: Қазақстан, 1977.
47 Мухамбаева А.Х. Национальные обычаи и традиции казахского народа
и их влияние на воспитание детей и молодежи: автореф.... канд.пед.наук. – М., 1974. – 27 с.
48 Каирова Б.Е. Педагогические условия усвоения этнокультуры казахов
учащимися технических колледжей: автореф. ... канд.пед.наук. - Алматы, 1999. – 26 с.
49 Бахтиярова Г.Р. Қазақ этнопедагогикасы материалдарын
педагогикалық пәндерді оқытуда пайдалану: пед. ғыл. канд. … автореф. – Алматы, 1999. – 25 б.
50 Козыбаев Е.Ш. Формирование эстетической культуры
старшеклассников средствами казахского музыкального фольклора: автореф….канд.пед. наук. – Алматы, 1998. – 23 с.
51 Әбильдина С.Қ. Қазақ ауызекі шығармашылығы арқылы бастауыш
сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуде болашақ мұғалімдердің даярлығын қалыптастыру: пед.ғыл.канд…. автореф. – Қарағанды, 1999, 24 б.
52 Ибраева К.Е. Формирование эстетической культуры будущих учителей
средствами казахского народного музыкального искусства: автореф. … канд. пед.наук. – Алматы, 2002. – 25 с.
53 Шакирова Т.М. Национальная культура как основа формирования
личности учащихся в профессионально-технических лицеях: автореф. … канд. пед. наук. – Алматы, 2001. – 26 с.
54 Тлеужанова Г.К. Формирование субъекта этнокультуры в условиях
высшей школы: автореф. ... канд.пед. наук. – Караганда, 2004. – 25 с.
55 Айтжанова Р.М. Жалпы білім беретін мектеп жағдайында этнос
субъектісін қалыптастырудың педагогикалық шарттары: пед.ғыл.канд…. автореф. – Қарағанды, 2005, - 30 б.
56 Черник Т.В. Идеи и традиции русской педагогики в воспитании
культуры отношения современного дошкольника (на материале русской народной педагогики): Дисс. канд. пед. наук. – М., 1996. – 210 с.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 80 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Балабақшадағы аралас топ балаларын ұлттық ойын арқылы
адамгершілікке тәрбиелеу

Орындаған: Балдакова Ж.

Мамандығы: 050101-Мектепке
дейінгі оқыту
мен
тәрбиелеу

Факультет: Педагогика және
психология

Курсы, тобы: 3 жылдық 3 - курс

Ғылыми жетекшісі: п.ғ.к., доц.м.а.
Балабаева А.И.

Алматы 2010
ЖОСПАР

Кіріспе 3
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. ...
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1 ҰЛТТЫҚ ОЙЫН АРҚЫЛЫ АРАЛАС ТОП БАЛАЛАРЬІН АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Адамгершілік тәрбиесі және ойын арқылы мектеп жасына дейінгі
балаларды адамгершілікке тәрбиелеу бағытындағы зерттеулерге 7
сипаттама ... ... ..
1.2 Балабақшадағы бала тәрбиесінде ұлттық ойындарды пайдаланудың
психологиялық-педагогикалық
негіздері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
... ... ...
1.3 Аралас топ балаларын ұлттық ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеудің
өзіндік 28
ерекшелігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
76
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 78



КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі. Егемендікке қолы жеткен қазақ елі
өміріндегі әлеуметтік, экономикалык өзгерістер уақыт талабына сай
қабілетті, жан-жақты жетілген парасатты адамдар тәрбиелеп өсіруді көздеп
отыр.
Тәлім-тәрбие берудің бастауы - мектепке дейінгі тәрбиенің мазмұнын
түбегейлі жаңарту, еліміздің ертеңін баянды ету бағытында болуы керек.
Бүгінгі жаңа коғам мүддесіне лайықты жетілген, бойында ұлттық сана, ұлттық
психология қалыптасқан қоғамның ертеңгі иегерлерін тәрбиелеп өсіру -
отбасының, балабақшаның, барша халықтың міндеті.
Мұны дұрыс шешу - болашақ ұрпақтың ұлттық санасын тәрбиелеп, рухани
мәдениетті жетілдірумен бірге қаралады. Ал, рухани мәдени байлықтың байырғы
саласының бірі - ойын. Халықтың әдет-ғүрпын, салт-дәстүрін, әдеп дағдыларын
жас ұрпақтың бойына ойын арқылы дарытып, көңіліне қондыра білу өмір
қажетінен туып отыр. Өйткені баланы нәресте шағынан бастап адалдыққа,
батылдыққа, елін, жерін, тілін сүйетін отаншылдыққа, адамгершілікке,
мейірімділікке тәрбиелеудің құралы - ойын. Оның тәрбие, тәлім берудегі
сиқырлы сырын терең меңгеру үшін ежелден бері өркен жайып, үздіксіз дамып
келе жатқан ұлттық ойынды тәрбие мақсатына пайдаланудың тиімді жолдарын
қарастыра түсу бүгінгі күннің кезек күттірмейтін міндетіне айналғандығын
мойындауға тиістіміз.
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев
"Қазақстанның болашағы - қоғамның идеялық бірлігінде" деп аталатын
еңбегінде: ... елдің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуді, Занды,
Үкіметті құрметтеуге тәрбиелеуден бастау керек. Әрбір адам бала кезінен:
Қазақстан - менің Отаным, оның мен үшін жауапты екені сияқты, мен де ол
үшін жауаптымын, деген қарапайым ойды бойына сіңіріп өсетіндей істегені
жөн", - деп көрсетті. Әрине, өнегелі тәлім мен тәрбиені бойға сіңіру - өмір
заңы, ата-ана борышы, тәлімгер-тәрбиенінің парызы. Өйткені ел болашағы
тәрбие ісіне тәуелді.
Дүниеге келген әрбір перзенттің өмірі, келешегі тәрбие ісіне
байланысты, одан сыртқары болуы мүмкін емес. Нәресте, сәби шақтағы тәрбие
ойыннан басталады. Сондықтан ойын - тәрбиенің бастауы, ол мәңгі жас, әрбір
сәби бастан кешіретін кезең деп саналады. Ойынның атадан балаға мирас
болып, үнемі қайталанып, әрбір ұрпақпен бірге жасап, тоқтаусыз, толассыз
жүріп отыратын себебі осында. Мұны зерттеуді, халық ойындарының мәңгілік
мәнін ашуды тарихшылар, әдебиетшілер, этнографтар, археологтар,
психологтар, педагогтар және басқа да ғылым саласында еңбек етушілер
қашаннан бері назардан тыс қалдырмай келе жатыр.
Бірақ қазақ халқының ұлттық тәлім-тәрбие мұраларын жариялау, зерттеу
тек соңғы жылдары ғана қолға алына бастап, бұл салада Қ.Б.Жарықбаев,
С.А.Ұзақбаева, Б.Х.Балтабаев, Ә.Табылдиев, С.Қалиев тындырымды істер
атқарып, этнопедагогикаға байланысты еңбектер жариялануда.
Мұндай кешеуілдеудің басты себебі Ресей империясына қарасты елдердің
бәрі бір тілге, бір дінге, бір дәстүрге көшу идеясы патша заманында да,
Қазан төңкерісінен кейінгі кеңестік дәуірде де ұстемдік етті. Сол себепті
ұлт республикасындағы халықтардың өміріне тән ұлттық тәлім-тәрбиеге сөз
жүзінде болмаса, іс жүзінде мән берілмеді. Қазақ халқының ғасырлар бойы
қалыптасқан әдет-ғүрып, салт-сана, ана тілі, тәлім-тәрбиесіне жасалған
айлакерлік тосқауылдар мен бөгесіндер шектеу салды. Халықтың рухани
мәдениетіне ара түсіп, ел қамын жеген ұлт зиялылары уақыт құрбаны болды да,
бұл мәселелер белгілі мерзімге тоқырады. Сол олқылықтың орнын толтыруды
өмірдің өзі қажет етіл, жұртшылық аңсап күтіп отыр.
Қазақ халқының арғы тарихына байланысты жеткен жазбаша деректердегі,
Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин, Шоқан Уәлиханов еңбектеріндегі оку,
білім, адамгершілік, тәлімдік ой-пікірлер және жазықсыз жапа
шеккен зиялылар А.Байтүрсынов, М.Дулатов,
Х.Досмұхамедов,М.Жүмабаев, Ж.Аймауытовтардың халықтық тәрбиенің ұлттық
негіздері жөніндегі пікірлері мектеп жасына дейінгі балалар өмірінде
ойынның атқаратын мәні жөніндегі Н.Құлжанованың еңбегі - (алғы сөзін Ахмет
Байтүрсынов жазған) баға жетпес кұнды дүниелер.
Республикамызда мектепке дейінгі мекемелердегі тәрбие
жұмысының тақырыптық мән-мазмұны соңғы жылдарда зерттеу
нысанасына алына бастады. Атап айтсақ: мектепке дейінгі тәрбие
жөнінде Б.Баймұратова, М.Сәтімбекова, Қ.Сейсенбаев,
М.Тұрыскелдина, Ә.Әмірова, А.Меңжанова,Т.Иманбеков,Қ.Меңдаяқов а, Ф.Н.
Жұмабекова,Ж.С.Хасанова т.б.
Егемендікке қолы жеткен қазақ қоғамының бүгінгі әлеуметтік обьективтік
сұранысы - мектепке дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеу арқылы елдің
келешегін әзірлеу ең негізгі мәселенің біріне айналды. Оны жүзеге асыру -
қазақ халық педагогикасының бір саласы - ұлттық ойындар негізінде деп
білсек, оның тиімді әдістерін белгілеп, жөн-жосығын айқындау қажеттігін
туғызып отыр. Мектепке дейінгі тәрбие жөніндегі жазылған еңбектер мен
ғылыми зерттеу жұмыстарының бәрінде де адамгершілікке тәрбиелеу жолдары
жалпы айтылғанымен, аралас топтарда тәрбиелеу жолдары нақты сөз
болған емес. Осы бір кеңістікгің орнын толтыру ниетімен бұл тақырыпты
арнайы қолға алдық.
Көптеген қалалық, селолық жерлерде (кейде баланың санына қарай, кейде
бакдіа тарлығынан) 3 пен 6 жасқа дейінгі балалардың бәрі бір не екі топта
аралас тәрбиеленетін, шағын комплектілі бақшалар кездеседі.
Мұндай аралас бақшадағы әр жас шамасыңдағы балаларды тәрбиелеудегі оқу-
тәрбие жұмысын ұйымдастырудың өзіндік ерекшелігі мен қиындығы болатындығы
да сөзсіз. Өйткені балалармен жүргізілетін іс күн режиміндегі жұмыс
бағдарламада көрсетілгендей әр жасқа жеке жоспарланады да, оқу-тәрбие
жұмысын барлық балалармен бір мезгілде өткізуге тура келеді. Мұндайда
тәрбиешілердің көпшілігі үлкен қиындыққа душар болады. Олар аралас топпен
жұмысты жоспарлауды былай қойғанда, әр жастағы балалармен міндетті түрде
өтілетін сабақ, серуен кезіндегі шығармашылық, қимыл-қозғалыс,
дидакгикалық, ермек ойындары сиякты жұмыстарды қалай жүйелеуді білмей,
барлық баламен бір мезгілде сабақ өткізе салып, өз жұмыстарын жеңілдетеді
де, ал бағдарламальгқ материалды сапалы игертуге, берілетін білім-
дағдылардың баланың жасына, даму ерекшелігіне сай болу принципті мәселелері
ескерілмейді.
Сондықтан қазақ халқының ұлттық ойындарын аралас топ балаларын
адамгершілікке тәрбиелеуде қолдануды ғылыми-теориялық тұрғыдан қарастырып,
оның педагогикалык-әдістемелік мүмкіншіліктерін аша түсу - бұл жұмыстың
көкейкестілігі болып табылады. Мәселе қазақ балабақшаларындағы аралас
топтардағы тәрбие жұмысын тиімді ұйымдастыру мен оны жүзеге асыру
қажеттігінен туындап отыр.
Зерттеудің мақсаты - қазақ халқының ұлттық ойындарын аралас топтардағы
балаларды адамгершілікке тәрбиелеуде қолдануды теориялық тұрғыдан сипаттай
отырып, оның әдістемелік жолдарын айқындау.
Зерттеу обьектісі - қазақ балабақшасындағы аралас топтарда тәрбие
беруде ұлттық ойындарды пайдалану үрдісі.
Зерттеу пәні - балабақшадағы аралас топ балаларын ұлттық ойындар
арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.
- Зерттеудің ғылыми болжамы. Егер, балабақшадағы балалардың жас
ерекшелігіне сәйкес аралас топ құру қарастырылса, аралас топ балаларын
ұлттық ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеудің мүмкіндіктері, әдіс-
тәсілдері, моделі, бағдарламасы дайындалса, онда осы балабақшадағы аралас
топ балаларының оқу-тәрбие жұмысы жақсарып, жағымды қарым-қатынасы,
адамгершілік қасиеттері дамыған ұрпақты тәрбиелеуге мүмкіндік туындайды.
Зерттеудің міндеттері:
аралас топ балаларын ұлттық ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеудің
ғылыми-теориялық негіздерін айқындау;
қазақтың ұлттық ойындарының түрлерін сипаттау;
ұлттық ойынды пайдалануда аралас топ балаларының жағымды қарым-
қатынасын анықтау, зерттеу нәтижесінде тәжірибелік эксперименттер өткізу.
Зерттеу көздері.
Үкіметінің заңдары мен құжаттары, қаулы-қарарлары, Білім және ғылым
министрлігінің нұсқаулары, балабақшаға арналған тәрбие бағдарламасы. Сондай-
ақ педагогикалық, психологиялык зерттеулер, қазақ халқының тәрбие-тәлімі
жөніндегі тарихшы, этнограф, өнер зерттеуші ғалымдар мен ақын-жазушылардың
пікірлері, еңбектері.
Ғылыми зерттеу әдістері.
Ойынның теориялық, тәжірибелік негіздеріне қатысты
философиялық, тарихи, психологиялық, педагогикалық еңбектерге
сүйене отырып, қазақ халық педагогикасындағы тәлім-тәрбиені
пайдалану және балабақшадағы озат тәжірибелерді жинақтау,
арнайы сауалнама, әңгімелесу арқылы тәрбиешілердің білім-білік
деңгейлерін анықтау, олардың тәрбие ісіне байланысты
жазбаларындағы деректермен танысу, керектерін сұрыптап алу, бақылау және
диссертанттың өз ізденістері мен тәжірибелерін саралау, қорыту. Сол негізде
халықтың ұлттық ойындарының мектепке дейінгі жастағы аралас топ балаларын
адамгершілікке тәрбиелеу құралы екендігін айқындай түсумен қатар оның
әдістемесін жасау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
әлеуметтік-экономикалық жағдайларға орай мектепке дейінгі жастағы
балаларды тәрбиелеуді жетілдіріп, қазақ халқының ұлттық ойындары арқылы
адамгершілікке тәрбиелеудің ғылыми-теориялық негіздері айқындалды;
қазақтың ұлттық ойындарының түрлері мазмұнына карай топтастырылып,
аралас топ балаларын адамгершілікке тәрбиелеудегі педагогикалық
мүмкіндіктері анықталды;
аралас топтағы балаларды ұлттық ойын арқылы адамгершілік тәрбиесінің
мазмұны мен әдістемесіжасалды.
Зерттеу базасы. Эксперименттік жұмыс Алматы қаласының №204
балабақшасында өткізілді.
Зерттеу нәтижесі. Аралас топта ұлттық ойын арқылы
адамгершілікке тәрбиелеуде балалардың үлкені кішісіне қамкорлық жасап,
мейірімділік көрсетіп, бауырмалдық танытатыны байқалды. Жағымды мінез-
кұлық дағдылары қалыптасып, адамгершілік сезімдерінің басым
болатындығына көзіміз жетті.
Диплом жұмысының құрылымы: кіріспеден, екі тараудан, тұжырымдар мен
қорытындыдан, және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. ҰЛТТЫҚ ОЙЫН АРҚЫЛЫ АРАЛАС ТОП БАЛАЛАРЬІН АДАМГЕРШІЛІККЕ
ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Адамгершілік тәрбиесі және ойын арқылы мектеп жасына дейінгі
балаларды адамгершілікке тәрбиелеу бағытындағы зерттеулерге сипаттама

Ұлттық ойынның дамуы мен пайда болуына арналған ғылыми зерттеу
жұмыстары әр саладан баршылық. Зерттеу мәселесімен педагогтар, философтар,
психологтар, тарихшылар, этнографтар, өнер қайраткерлері т.б. шұғылданды.
Ал бала ойынына тән сипаттарды ескере отырып тамаша образдар жасаған ұлы
жазушылар мен өнер қайраткерлері адамзат дамуының барлық кезеңдерінде
болды. Ойынның пайда болуы, дамуы жөнінде бұлардың бәрінің ой-пікірлерінің
тоғысар арнасы-ойын іс-әрекеттің алғашқы қадамы, өмір шындығының көрнісі,
бейнелік сәулесі. Іс-әрекет ойыннан басталады. Бала ойнағанда өзі көріп,
біліп, байқаған өмір құбылыстарына, ересек адамдардың іс-қимылына еліктеу
тұрғысында бейнелер жасайды. Шартты түрде ойынға мақсат қойып, сол мақсатқа
жету жолында іске, әрекетке кірісіп және өзінің киялына дес беруі - ерекше
көңіл аударарлық мәселе екендігі әр саладан, әр деңгейде талданған байырғы
тақырып.
Балалық кездегі ойынды тәрбие мәселесінен бөлуге болмайды. Екеуі
бірлікте қаралады. Ал тәрбие туралы айтылған даналық ойларға зейін қойсак,
алдымен бүкіл әлемнің ұстазы атанған ұлы бабамыз Әл-Фарабидің пікірлеріне
жүгінеміз.
Алып ойдың кеніші - Әбу Насыр Мухаммед ибн Мүхаммед ибн Тархан ибн
Ұзлаг Әл-Фараби (870-950ж) дүние жүзілік ғылыммен, даналық болжамдарымен
ықпал еткен ұлы ғалым! "Ақылдың мәні туралы", "Қайырымды қала тұрғындарының
көзқарасы", "Мемлекет қайраткерлерінің нақыл сөздері", "Бақытқа жету
жайында" т.б. еңбектерінің тағылымы мол. Әділдік, инабатылық, мейірім,
жомарттық-адамгершілік көрсеткіші екендігі әр саладан баяндалған. Тәрбие
мәселесінде адамгершілікті бірінші орынға қойды.
Адамды бақытқа жеткізетін даналық жол-қайырымдылық, имандылық,
адамгершілік екендігін әр жақты дәлелдеді. Ал оған жетудің кілті тәлім-
тәрбие, адамның өзін-өзі тежей білуі екендігін айтып: "... .адамгершілікке
негізделген татулық, жарасымдылық, келісе білушілік бақытқа жеткізеді. Бұл
- қайырымдылық", -деп көрсетті ұлы бабамыз. Болашаққа үміт сеніммен қарау
мен соған ұмтылу ешкімді жәбірлемей, ар-намысына тимей қарым-қатынас жасау
- әділет жолы. Бұл қасиеттер тәрбие арқылы адам бойына сіңетіндігіне сеніп,
оған машықтанып, жаттығуды қолдады.
Адамда болуға тиісті ізгілік пен қайырымдылықтың өнегелі үлгісін
данышпан бабамыз былай тізді:
Тәні таза, дене бітімі мінсіз, өмірге бейім, икемділік;
Тиісті мәселенің жәй-жапсарын ақиқат шындықка сәйкес жете
түсініп, ұғына білушілік;
Түсінгенін, көргенін, естігенін, аңғарғанын жадында сақтап
ұмытпаушылық;
Байқағанын сол заматта ұғынатын алғырлық, ишаратты тез аңғаратын ақыл
иесі болушылық;
Ой-түсінігін тапқырлықпен дәл де айқын жеткізе алатын
тілмарлық;
Өнер-білімге құштарлық, оқудан және үйренуден
жалықпайтын еңбекқорлык;
Ішіп-жеуге қанағатшыл, сауық құмарлық пен ләззатшылдыққа жирене
қарайтын тазалық пен пәктік;
Шындықты сүйіп, өтірік пен суайттыкты, жалғандықты
жеккөрушілік;
Жаны асқақ, ар-намысын ардақтап қорғай білушілік;
Игі іске ынтазарлық және пасықтыққа аяқ баспаушылық;
Дүние қоңыздыққа жирене караушылық;
Әділетті сүю, озбырлық пен опасыздықты жек көріп, зардап шегушілерге
кол үшын бере білушілік;
Қыңыр, нойыс мінезділерге қарыспай-ақ тойтарыс беріп,
жасқануды білмейтін батылдылық пен ержүректілік.
Бұл игі қасиеттерді бойға дарыту-бала дүниеге келген кезден бастап
жүйелі түрде жүргізілуін ұлы ұстаз кайырымды кала басшысына тән мінез-
құлықтар арқылы меңзей отырып, адамгершілік әдептің ізгі сипаттарын
белгілеп берген болатын. Тәрбие арқылы жүзеге асуға тиісті асқақ арманға
толы бабамыздың педагогикалық толғанысы осыдан он бір ғасыр бұрын
айтылғанымен де, күні бүгінге дейін өзінін қадір-қасиетін жоймаған,қайта
уақыт озған сайын жаңарып жасара беретін пайымдаулар. Егемендікке қолы жаңа
ғана жеткен еліміздің болашақ иегерлерінің бойына ұлы ұстаз нұсқаған
адамгершілік әдістерінің мейірім шапағаттарын балбөбектердің сәбилік
шағынан бастап дарытуға ниеттенсек, басшылыққа алсак ісіміз табысты болары
хақ. Әрине, дана ойшыл бабаларымыз ұсынған тәлім-тәрбиелік пайымдауларын
бала ойыны арқылы жүргізілсін деп айтпағанымен де, сәбилік шақтағы тәлім,
үйрету, тиісті әдет дағдарларын меңгертіп машықтандырудың тиімді жолы ойын
екені баршаға аян. Қазақ халқының көне тарихындағы аты әлемге мәшһүр болған
ойшылдарының тәрбие жөніндегі даналық ойларын шола қарағанда XI ғасырдың
ұлы мұрасы Жүсіп Баласағүнның "Құтты Білік" ("Құдадғу білік")
еңбегінің орны ерекше. Өзі өмір сурген уақыт деңгейінен Жүсіп Баласағүн
"Қүтты білікте" (1069 жылы жазылған) адамгершілік қасиеттерін сипаттап,
өнегелі тәлімдерді келер ұрпаққа бағыштаған. Бұл дастан 72 тараудан тұратын
6600 тармақ болса, онда- Әділет, Бақыт, Ақыл, Қанағат деп аталатын бейнелік
есімдер арқылы аталып отырған төрт қасиет суреттелген. Дастандағы
кейіпкерлер кеңесінде өмір сұрудің ережелері, мінез-құлық, акыл-ой,
адамгершілік әдептерінің озық үлгілері, дидактикалық таным-түсініктер
суреттелген. Ізгілікке жетелейтін ғибраттар айтылған:
Тәрбиеші ал ізгілікті, көшелі,
Ұл-қыз жақсы, таза болып өседі...
Ұл-қызыңа әдеп үйрет, білім бер. Бастауы көне ғасырда жатқан
адамгершілік танымда тәрбиенің ізгілік жолы отбасынан басталатындығын
Жүсіп Баласағұн дөп басып, дәл суреттеген:
Ақ сүтпенен бірге енеді жақсылық,
Айнымайды еш, алғанша ажал,қапсырып...
Іште біткен қылық, парыз мойныңа
Бірге кетер қара жердің қойнына
Халықтық тәрбие адамгершілік, адалдық, қайырымдылық өнегелері
отбасынан бастап өркендетіп, салт-дәстүрге орай бойға дарытатындығына ден
қойған. Адамзаттың тарихи даму барысында елді мекендердің күрт өсуі,
қалалардың кеңеюі, қоғамдық өзгерістерге қарай отбасылық тәрбиемен қатар,
әсіресе, біздің заманымызға тән ұжымдық тәрбиеге негізделген балабақшада
жүргізілген тәрбие саласы өркендеді.
Бұл-өзіне үйлесімді тәрбие ісін керек ете бастады. Демек, тәрбие ана
сүтімен дарыса, адамның бүкіл өміріне жалғаса келетін құбылыс екендігін
және отбасылық өнеге қандай болса, келешекте оның нәтижесі де сондай
болатындығын нақты нұсқаған ол:
Егінжай бір бұл дүние көлемі,
Немене ексең, соның ертең өнеді.
Сенікі -шындық, менікі-ойын,
Бой ұсындым шынға,ойынды қойдым.
Жіберме зая күніңді өтер,
Өткен күн келмес, өтер де кетер. Ұлы гуманистік тәлімдік ақыл-кеңес -
баланы неғұрлым жас кезінен бастап үйретсе, соғұрлым бойға тиянақты дарып,
машықтық дағды бүкіл тірлігіне жалғаса кетеді. Ол үшін қарым-қатынасындағы
мінезділіктілікті бойға сіңіріп және оғаы үйрету керек екендігі жөнінде
берер ақылы мынау:
Егер ашу- өкпең келсе, кызуланба сабыр қыл,
Сабырлы кісінің сүйеніші алда,
Өкпелесең ашуланба, налыма,
Сабыр соңы-салқын сая жаныңа
Халықтың дәстүрлі сипатына үйлесімді мінез-құлыққа тәрбиелеу-әрбір
тұлғаның жарасымды тіршілік етіп, өміріне көрік беретіндігін нұсқайды.
Кісі көңілі нәзік шиша, шарайна
Мүқият бол, шағып алма, абайла.
Ашуда-сақ, сабырлы бол сасқанда ...
Жылы сөзбен кұле сөйле, жадырап
Бақыт қонып қүтың тасыр жамырап...
Жомарт, сақи бол, қырсығып есірмей Ұлы бабамыз құрмет тұтқан мінез-
құлық жөніндегі толғаныстарын және халқымыздың дәстүрлік ғүрыпы мен
танымына орай айтқан әр саладағы тәлімдік болжамдарын, дидактикалық
пайымдауларын өмірге жарасымды қолдана білсек, бүгінгі ұрпаққа ешбір
жаттығы жоқ, өмірін көріктендірерлік ғибраттар.
Ғасырлар қойнауында жатқан жазбаша жеткен мұраларымыз
жөнінде сөз еткенде XII ғасырда өмір сүрген Қожа Ахмет
Иссауйді (1094-1167ж) айта аламыз. Оның ұстіне бүкіл әлем халқы
1500 жылдық мерей тойын тойлады. Түркістан қаласындағы Қожа
Ахмет кесенесі-дүние жүзіндегі тандаулы мәдени ескерткіштердің
бірі. Қожа Ахметтің "Диуани Хикмет" ("Даналық кітабы")
әдебиеттің алтын қорына қосылатын туынды болуымен бірге,
тәлім-тәрбиелік пайымдауларының да мәні зор.Сопылық
жолға берік бекіген бабамыз ұстанған тәрбиелік қағидасы-құдай
жолына берілуге негізделген әділеттілікті тұтыну. Ойшыл ұстаздың
тәрбие жөнінде берер ақылы-ешкімге қиянат жасама, зәбір
көрсетпе, дүниеқұмарлық пен баққұмарлыққа салынба, жоқ-жітік
пен кем-кетіктерге шын ниетіңмен жәрдемдес, пейілің таза
болсын. Тәрбие арқылы бойға сіңірілетін өмір сұрудің басты
ережесі-қанағат пен рақымшылдық, тағдырға тағзым етіп, баска
түскенге көне білу, үлкеннің сөзін, білікті ғұламаны және ұстаз
ақылын екі етпей ұғыну қағидалары. Бұлардың бәрі білім мен
тәрбие арқылы бекитіндігіне сеніммен қарады, оны жұртшылыққа
өнеге етті: Ақ дәптерге даналық сөзді жаздым...
Несібіңе берілген қанағат қыл...
Әуелде ақыл-ойдан кенде болдым,
Біртіндеп білім алып жөнге келдім. Тақуалықты пір тұтқан
ғұламаның "Даналық кітабы" сәуегейлік ойға толы. Адамның
тәлім-тәрбиелік таным-түсінік көкжиегін кеңейтерлік ойларын діни
нанымдарымен дәйектеп, тағлым алуға шақырады.
Тартынып көп қылықтан пенде болдым-
Алланың ақ жолына тұстім міне Ақынның айтары адамның басында
кездесетін кемшілік пен қатесі назарға ілінсе, оны ақыл көзімен көріп,
көңіл қаламымен түзеу-алла алдындағы пенделік парыз. Алла тағаланың
рақымшылығы мол екендігін "Өзі қайран, көңілі ойран, көзі жасты" пәнда шын
ниеттеніп әділет жолына ұмтылып, тәубаға келсе, мейірімі мол құдай
тағаланың шапағаты мол екендігін түсіндіріп, адамгершілікке шақырады. Тақуа
ақын Иассауи Мұхамед пайғамбар жасына келген соң, пайғамбарды аза тұту
белгісі ретінде қалған өмірін қылуетте (жер асты үйде) өткізсе, мұның өзі
мұрат тұтқан танымына берік берілгендіктің тағылымы деп таныған абзал.
Хиқмет-тәлімдік өнегесі мол, алла тағаланың ақ жолына берілуді
насихаттайтын айтулы еңбек, педагогика тарихында арнаулы зерттеуді тілеп
тұрған туынды.
Қазақстандағы ғылымның әр саласы бойынша айтылған қадау-қадау
ізденістер мен жеке пікірлер болмаса, түбегейлі зерттеулер
жазылмағандықтан, халқымыздың ертедегі дана ойшылдарының педагогикалық
тағылымдары жұртшылыққа толық жетпей отыр, оны жүзеге асыру - болашақтың
ісі.
Ұлттық тәлім-тәрбиенің маңызы және оның жеке тұлғаның рухани дамуына
тигізер әсері туралы ой-пікірлердің қалыптасуына Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин,
А.Құнанбаев, Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев сынды
халқымыздьщ ойшылдары, ағартушылары мен өнер қайраткерлерінің косқан ұлесі
зор болды.
Ы.Алтынсарин халық педагогикасының адамгершілікті, үлкенді сыйлауға,
өнеге үйретуге уағыздаған негізгі қағидаларын жақсы біліп, оны басқа
халыкдардың озат ой-пікірлерімен толықтырып дамытты. Ол елін надандыққа
қамап отырған феодалдық-патриархалдық, кертартпа отаршылдық саясатты сынай
отырып, туған халқының келешегіне зор сеніммен қарайды.
Шоқан Уәлиханов "Жоңғар очеріктерінде" әр түрлі қимыл-әрекетті ойындар
мен асық ойындары тайпалык одактарда ересектер арасында дамып кейін келе
жас өспірімдердің ұлесіне қалғандығын талдайды. Себебі үлкендерден көргенін
бала өздері үшін үлгі санап, өнеге ретінде күн ұзаққа ермек етіп, үйде де,
далада да ойнайды. Бала өмірі ойынға байланысты. Ойынсыз олар өсіп,
өркендей алмайды-бұл қай заманның болса да шындығы, өмірдің зандылығы.
Тәрбие мақсатының айналасындағы айтыс көне (антик) заманынан
басталады. Көне данышпан ойшылдар тәрбиенің негізгі мақсаты- рақымшылық,
адамгершілікті тәрбиелеу екеніне келісті. Ал рақымшылық, адамгершіліктің не
екенін түсіндіруге келгенде, олардың ойы әр түрлі болып келеді.
Платон адал, сезім және жігер сияқты қасиеттерді алдымен дамыту қажет
деп есептесе, Аристотель ерлік пен шыдамдылықка, әділдік пен ұстамдылыққа,
ақылдылық пен рухани жан тазалығына көңіл бөлген.
Я.А.Коменский тәрбиенің күшіне шексіз сенген. "Ана мектебі"
шығармасының эпиграфы ретінде Цицеронның мына бір сөзін алған: "Бүкіл
мемлекет негізі - жастарды дұрыс тәрбиелеуде". Я.А.Коменскийдің пікірінше,
тәрбие жұмысы үш мақсатқа бағытталуы қажет: өзін-өзі тану, қоршаған ортаны
білу (ойын, ақыл тәрбиесі), өзін ұстай білуі (рухани тәрбие), құдайға
бағышталу (діни тәрбие).
Ағылшын философы және педагогы Дж.Локк тәрбиенің ең басты мақсаты- ер
жігіттікті қалыптастыру- "өз ісін ақылды да жан-жақты жүргізе алатын"
адамды тәрбиелеу деп санаған. Сонымен қатар Бұндай адам белсенді, іскер
болып, ұшқыр ойлы, білімді болып келуі қажет деп есептеген.
Француз материалисі К.Гельвеций тәрбие негізіне "біртүтас мақсат"
қажеттігін айтқан. "Тәрбиешінің мақсаты- азаматтардың жүрегін
адамгершілікке, ақылдарын шындыққа, ақыры соңында сезімтал да дұрыс пікірлі
азаматтар тәрбиелеп, өз пікірлері қоғамның мүддесімен пікірлес патриоттар
шығару".
Ж.Ж. Руссо тәрбие мақсатын жалпы адамгершілік құнына негіздеу пікірін
тұрақты ұстаған. Тәрбие адамға не үшін қажет? Алдыменен, адам жер бетіне
әлсіз, дәрменсіз болып туылады. Тәрбиенің мақсаты - адам қалыптастыру.
"Өмір сұру - міне, мен үйреткім келетін кәсіп. Менің қолымнан шыққан соң -
осымен келісемін-ол сот емес, солдат емес, молда емес: ол алдыменен адам
болады: қажет болған жағдайда ол адам бола алады, тағдыр оны қалай
тәлкегіне салса да ол қашан да өз орнын таба алады".
Швейцар демократ педагогы И.Песталоций тәрбие мақсаты -адамның
бойындағы табиғаттан туылған қасиетті жетілдіру, үнемі ұштау, осының
нәтижесінде "адамның күш қуатын, талабын жан-жақты дамыту". Прусс педагогы
әрі философы Э.Канттың тәрбие жүйесіне сіңірген еңбегі үлкен. Тәрбиеге Кант
зор үміт артып және тәрбие мақсаты балаларды ертеңгі күнге дайындау деп
көрсеткен: "Балалар бүгінгі күн үшін тәрбиеленбеулері қажет, келешек үшін,
адамзаттың жақсы болашағы үшін, яғни адамзаттың болашақ ойы, орны үшін
тәрбие алулары қажет". Канттың жолын куушы неміс педагогы Ф.Рейн бұл
мақсатты дәлелдей түседі: "Тәрбие баладан нағыз жақсы адамды қалыптастыруы
қажет, адам зейінін қоюға тұратын нәрсеге еліктейтін, өз халқы үшін пайдалы
қызмет атқаратын, адал, діни адамды тәрбиелеуі қажет". Неміс педагогы
И.Гербарт тәрбие мақсаты- адамды жан-жақты қалыптастыруда, үйлесімді тәрбие
беруде деп санаған. Тәрбиенің үлгісі- ол жақсы адам. Бұл мақсатты мәңгілік
және бұлжымастай көрген Гербарт қоғамда қалыптасқан тәртіпті сақтап,
құрметтеп , қарым-қатынас жасай алатын адам тәрбиелеу керек деп көрген.
Орыс социал-демократтары дүние жүзіне тәрбиенің мақсаттарын өз
көзқарастарынан, өз тұрғыларынан ұсынған.
В.Г. Белинский XIX ғасырдың 40 жылдары царизм мен крепостнойлық
езгімен күресшіні тәрбиелеу жөнінде жазды. А.И. Герцен тәрбие мақсаты -
қоғамдық зұлымдықпен күресе білетін еркін, іскер, адамгершілігі мол, жан-
жақты дамыған адам тәрбиелеуде деп көрсеткен. Чернышевский болса тәрбие
мақсаты-қоғамға, адал, таза, өз мүддесін қоғам мүддесімен біріктіре алатын
адамды тәрбиелеу деп санаған. Ұлы орыс педагогы К.Д. Ушинский: "Біз батыл
айта аламыз, рухани тәрбие тәрбиелеудің басты мақсатын құрайды, ой-өрісін
дамытып, басты білімге толтырудан да басты мақсат деп санаймыз", - деген.
Революцияға дейінгі А.Тихомировтың "Педагогика, дидактика, әдіс курсы"
тәрбие мақсатын бьшайша анықтайды: "Ақылды да мейірімді адам - міне,
талассыз да мызғымайтын тәрбие мақсаты, құдай сөзі де халық пікірі де
осылай түсіндіреді". Осындай пікірді тағы бір орыс педагогы М.Демков
айтады: "Адам өмірінде зор орынды дін мен өнегелі дүние алады". Адамның
өнегелі тәрбиесіне көбінесе осылар әсерін тигізеді. Осы ерекшеліктерді
нығайту өнегелі-діни тәрбиенің мақсатын құрайды. Халықтық негіз -
революцияға дейінгі орыс тәрбие жүйесінің маңызды талабы. 1913 жылы шыққан
"Педагогика" окулығында анық айтылған: "Жас ұрпақты коғам үшін тәрбиелеу
қажет". "Өз ісімен қоғамға абырой болатын, оның күшін жоғарылататын,
сапасын жақсартатын ерікті де пайдалы коғам мүшелерін қалыптастыру" -
кандай да болмасын тәрбиенің, ең жәй әскери тәрбиеден күрделі мәдени
тәрбиеге дейінгі мақсаты осы.
Адамгершілік тәрбиесінің жалпы міндеті мектеп жасына дейінгі
балалардың мінез-құлқы мен тәртібін, адамгершілік сезімі мен сана
нышандарын, адамгершілік түсініктері мен мінез-құлқын қалыптастыру болып
табылады. Адамгершілік сезім, адамгершілік түсініктерді меңгерудің
негізінде туып, балалардың іс-әрекеті мен мінез-құлқынан, тәртібінен
көрініс табады.
Баланың алғашкъі адамгершілік түсініктерін аңғарып, мінез-құлқы мен
тәртібін қалыптастыруда мектепке дейінгі шақ - ең жауапты кезең. Балалар үй
ішіндегі жақындарымен қарым-қатынасында, оқу-тәрбие ісінде, тікелей өмір
тәжірибесінде ненің жақсы, ненің жаман екенін байқайды, жақсы мен жаманға
үлкендер тарапынан берілген бағаны меңгереді.
Психология ғылымы да баланың айналадағы болмысты дұрыс
түсінуі мектеп жасына дейін қалыптасатынын, олар өз
айналасындағы адамдардың көзқарасы мен талпынысынан, мұраттарынан
жастайынан-ақ үлгі алатынын дәлелдеді. Бірақ бұл өзгерістердің бәрі де
өзінен-өзі немесе жүйкенің туа біткен зандылық күші арқылы
емес, әдейі мақсат көздеп ұйымдастырылған оқу-тәрбие ұстінде іске
асады.
Мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің нақты
міндеттері: 1) балалардың үй-ішіне, жақындарына, құрбыдостарына, жалпы
адамдарға, Отанға деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу; 2) адамгершілік
ережелеріне сай балалардың мінез-құлқын, ұйымдасқан тәртібін,
мәдениеттілігін, жақсы әдеті мен дағдысын қалыптастыру; 3) балалардың
адамгершілік түсініктері мен қасиеттерін тәрбиелеу.
Адамгершілік тәрбиесінің мазмұнына баланың Отанға, адамдарға деген
сүйіспеншілігін тәрбиелеу жатады. Ол үшін алдымен балалардың ата-анасына,
үйіне, туған жеріне, оның табиғатына, өз аулына, қаласына, туған-
туысқандарына, дос-құрбыларына, балабақшаға деген сүйіспеншілік сезімін
тәрбиелеу қажет.
Елге сүйіспеншілікті тәрбиелеудің пәрменді құралы — халықтың тілі,
мәдениеті мен көркемөнері. Ана тілі — халықтың тарихы, шежіресі, халықтың
ең зор акылшысы, ұстазы деп бағалаған К.Д.Ушинский. Бала әдеби
шығармаларды: өлең, ертегі, ән, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал мен мәтел,
батырлар жырын тыңдау арқылы ана тілінің байлығы мен әсемдігін меңгерумен
қатар оны сүюді үйренеді.
Балаларды халықтың қолөнерімен, қазіргі композиторлардың сан түрлі
азаматтық тақырыптарға арналған әндерімен таныстыру балалардың қуанышын,
көңілді сезімін дамытып, ұшқыштарға, ғарышкерлерге, теңізшілерге, туған
жерге, Отанға деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелейді.
Адамгершілік тәрбиенің мазмұнына балаларды интернационалдық
рухта тәрбиелеу де жатады, өйткені ол адамгершілік тәрбиесінің негіздерінің
бірін құрайды. Балабақшада көптеген ұлттың балалары бар, олардың бәрі
бірдей тәрбиеленіп, бірдей қамқорлыққа бөленеді. Осының өзі-ақ - балалардың
бір-біріне жолдастық, достық сезімін тәрбиелеудің ең қолайлы жағдайы.
Тәрбиеші суреттерді, көркем әдеби шығармаларды, әр ұлттың балалар
әдебиетін пайдалана отырып, Қазақстанды мекендейтін сан ұлттың өмірі,
тұрмысы, еңбегі, өнері жөнінде әңгімелейді, соның негізінде ұлттарға,
халықтарға, жалпы адамзатқа деген сүйіспеншілік сезімін дамытуға
мүмкіндіктер туады. Балалар арасында дұрыс қарым-қатынасты тәрбиелеу, тату
балалар ұжымын құру -балабақша педагогінің негізгі міндеттерінің бірі.
Балалар ұжымын тәрбиелеуде тәрбиеші адамгершілік принципіне сүйенеді.
Адамгершілік тәрбиесінің мазмұнына баланың адамгершілік қасиеттерін
тәрбиелеу де жатады, әсіресе олардың үлкендері сыйлау сезімін тәрбиелеу
сәбилік шақтан басталады. Үлкенді сыйлау — асқаралы да асыл сезім.
Үлкендердің беделін мойындау, тыңдау, көңіл бөлу, құрметтеу, қамқорлық
жасау сиякды балалардың іс-әрекеттерін ұйымдастыру, бұл сезімнің көрініс
табуы — жақсы тәрбиенің белгісі.
Тәрбиеші өмірдегі барлық материалдық және рухани байлық үлкен
адамдардың еңбегімен жасалғанын, оны өздері күнделікті өмірде пайдаланып
жүргеңдерін нақты мысалдар келтіріп түсіндіреді. Үлкендердің білімі, еңбегі
біздің шаттық өмірімізді камтамасыз етіп отырғанын, әсіресе өзін қоршаған
адамдардың: тәрбиешінің, дәрігердің, күтушінің, аспазшының, даяршылардың
еңбегін айтып, оларды бағалауды және үлкендерді қалай қүрметтеу, сыйлау
керектігін үйретеді. Кейде балалар үлкендерді сыйлау керек екенін біле
түрса да, оны орывдамайды, себебі бала білімін, тәртібін, іс-әрекетін
байланыстыра алмайды, өзін жақсы алып жүргісі келеді, бірақ оны қалай
орындауды білмейді, ал кейде баланың қызығушылығы сана тұрақгылығын басып
кетеді, кейде бала сөзі мен ісін бірлікте алып жүре алмайды. Әрине, баланың
білімі бірден оның мінез-құлқы мен тәртібіне айналмайды, оған ұзақ уақыт
дағдылану, үйрену керек, тәрбиеші осыларды шыдамдылықпен қалыптастырады.
Баланы шыншыл да адал етіп тәрбиелеу — адамгершілік тәрбиесінің мәнді
белгісі.
Балалар кейде білместігінен мәліметтерді дұрыс бере алмай шатастырады.
Мысалы, бір қыз әжесінің үйіне қысты күні барып қайтқан соң: "Мен әжемнің
үйінде алма тердім", - деген. Бұл өтірік емес, ол алманы әжесінің үйіне
күзде барғанда терген болатын.
Кейде ересектер тобындағы балалар өзі және жақындары туралы жалған
айтады. Олардың батырлык іс істегені, батылдық көрсеткені жайлы мақтанады.
Бұл өтірік айту ниетінен емес, батырлық пен батылдыққа талпынушылықтан,
соған құштарлықтан туады.
Кейде баланың ойы шындықтан қиялға ағып өтіп, жалған айтып та қояды,
бірақ оның алдайын деген ойы болмаған. Бұндай жағдайда үлкендер баланың
қиялын бұзбай, көңіліне қаяу салмай, жолдастарының алдында абыройын
түсірмей, оның қиялын ашып беруі керек. Әдетте, балалар өтірікті
қорыққандықган немесе жазаланудан қашқандықтан айтады. Сондықган тәрбиеші
баланың өтірік айтқанына көзі жеткен соң, оның не себептен айтқанын
аныідгап, олай істеуге болмайтынын түсіндіруі керек. Баланың бұл әдеттерін
дер кезінде қойдырмаса, ол кейін өтірік айтуды әдетке айналдырып кетеді.
Ертегі, әңгімелерден, белгілі адамдардың өмірінен үзінділер оқып,
шыншыл адамды халықтың құрметтейтінін, жақсы көретінін, одан үлгі алатынын,
өтірікшілерді жек көретінін, сыйламайтынын айту арқылы шыншылдықтың жақсы
қасиет екеніне көздерін жеткізгені жөн.
Адамгершілік тәрбиесіне қарапайымдылықта тәрбиелеу де жатады.
Балаларды жөнсіз көп мақтау, артық бағалау зиянды ықпал етеді. Бұл кейде
балалардың мақтаншақ, өркөкірек, жалқау болуына әкеп тірейді, әсіресе
қабілетті балалардың іс-әрекетін әділ мадақай отырып, оларға талап
пен тапсырманы күшейте түскен жөн.
Қарапайымдылыққа тәрбиелеудің негізі - баланың адамгершілік қасиетін
дұрыс, әділ бағалау.
Адамгершілік тәрбиесінің мазмұнына баланың мінез-құлқын тәрбиелеу
жатады. Мінез-құлық дегеніміз - адамдардың өзін қоршаған ортаға, қоғамға,
басқа адамдарға деген қарым-қатынасынан көрініс табатын тұрақты психикалық
ерекшелігінің жиынтығы.
Балалардың мінез-құлқы мен тәртібін тәрбиелеу үшін
бағдарламалық тәрбие міндеттеріне, олардың күші мен
мүмкіндігіне сәйкестендірілген қолайлы жағдай тудыруға назар аудару қажет.
Балабақшадағы заттарды пайдалану мен оларды күтіп ұстаудың, сақтаудың берік
тәртібі, өзін қоршаған ортаның ұйымдастырылған өмір ағымы, айналадағы
заттардың реттілігі болуы керек.
Балабақшадағы ұйымшылдық, реттілік, тәртіптілік оларды жақсы
дағдыларға тез қалыптастырады. Себебі, балалардың тәртібіне педагогикалық
әсер ету ғана емес, өзін коршаған ортаның жинақылығы, балабақшадағы
жұмыстың дұрыс жолға қойылуы да тиімді әсер етеді. Егер балабақшада катаң,
бірізді, жүйелі талаптар айқын қойылса (нені істеу, нені істемеу керектігі,
қай жерде өзінді қалай ұстау керектігі, т.б. талаптар белгілі болса), бала
тарапынан тәртіпті орындамаушылық, тыңдамаушылық деген болмайды. Баланың
тәртібіне белгілі талаптар қою олардың орындалуын бақылаумен үштасады.
Бақылаудың әлсіреуі балаға тәртіп бұздырады. Талап пен бақылау тәрбиешінің
берген бағасы арқылы бекітіледі, ол балалардың іс-әрекетінің қайсысы дұрыс,
қайсысы бұрыс екенін тануға, тәртіп ережелерін игеруге мүмкіндік жасайды.
Балалардың тіршілігін, іс-әрекетін ұйымдастыруда күн тәртібі қатаң
сақгалуының үлкен тәрбиелік маңызы бар. Балалардың күнделікгі іс-әрекетін
дұрыс ұйымдастыру, жүйелі педагогикалық ыкдал ету, талаптар қою, оның
орындалуын бақылау, теріс қылықтарын тежеу, тыйым салу — адамгершілікке
тәрбиелеудің маңызды шарты. Осыларды орындау барысында балалардың
тәртіптілігі әдетке айналады, бара-бара әрбір балаға қойылатын талап
олардың өз талабы ретінде көрінеді.
Балаларға мінез-құлық, тәртіп, қоғамдық құбылыс, адамдардың еңбегі,
еңбекке қатынасы, бір-бірімен өзара қарым-қатынасы, адалдық, шыншылдық,
батылдық, ерлік сияқты адамгершілік қасиеттер, балалардың өзін-өзі алып
жұру ережелері жайында айтып отыру қажет. Бұл білімдердің қайнар көзі -
өмірдің өзі, ал оларды меңгертудің жолы — ойын, еңбек, оку-тәрбие ұстінде
таныстыру. Тәрбиеші адамгершілік ережелері, адамның жеке басына қойылатын
талаптар туралы мағлұмат береді.
Балалардың мінез-құлқының, тәртібінің, білімділігінің негізі —
балалардың өз істері мен үлкендерден қойылатын негізгі
талаптардың дұрыстығы. Балаларда өзін бақылаудан гөрі
асқаларды бақылау әдеті бұрын туады. Кейін бірте-бірте ғана өз тәртібіне
саналы қарайтын болады.
Тәрбиешінің міндеті — балаға адамгершілік жайында білім берумен қатар,
оны дұрыс төртіпке, іс-әрекетке, басқа балалардың тәртібіндегі, өз
басындағы кемшіліктерді саналы сезінуге үйрету.
Балабақшада жас ұрпақты адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі шарты —
көпшілікпен өзара қарым-қатынасты қалыптастыру. Көпшілікпен қарым-қатынас
жеке адамның мүддесін көптің мүддесіне бағындыруға, бірге өмір сұруге және
еңбек етуге тәрбиелейді. Көпшілік өзара қарым-қатынастың алғашқы бастауы
балалардың бірлескен іс-қимылында көрініс тауып, мақсат бірлігінде,
мақсатқа жету үшін жұмыла күш жұмсауда іске асады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың даму ерекшелігін ескере отырып,
төмендегі әдістер белгіленді: 1) тәрбиеші мен ата-ананың үлгісі, күнделікті
өмірден үлгі-мысалдар келтіру; 2) балаларға жақсы мінез-құлық пен
адамгершілік ережелерін үйрету, соған сай балалардың іс-әрекеттерін
ұйымдастыру; 3) сендіру, түсіндіру; 4) мадақтау, кінәлау, айыптау, жазалау;
5) бағалау.

1.2 Балабақшадағы бала тәрбиесінде ұлттық ойындарды пайдаланудың
психологиялық-педагогикалық негіздері

Бала ойыны қоғамдық құрылыстың өзгеруіне, адамдар арасындағы
әлеуметтік карым-қатынастардың жаңаруына мазмұны мен сипаты жағынан тиісті
өзгерістерге түсіп отырады. Бұл өзгерістер-теориялық зерттеулер жасап,
тиімді тәжірибелерді жинақтап отыруды талап етеді. Осыған орай ойынның
педагогикалық және психологиялық негіздерін зерттеудің келелі саласына
зейін қойғанда алдыменен айтуға тура келетін мәселе -ұстіміздегі ғасырдың
30-жылдарындағы көрнекті педагог-психолог Лев Семенович Выготский (1896-
1934ж) еңбектерінің мәні зор болды. Осыдан бастау алған ғылыми-тәжірибелік
жұмыстар аз емес, қазіргі ТМД (Тәуелсіз мемлекеттер достастығына) кіретін
елдерде біраз жұмыстар атқарылды.
Лев Семенович баланың психикалық дамуындағы ойынның мәні, мазмұнына
жан-жақты тоқталып, жеткіншектің тұлғалық қалыптасудағы оның психологиялық
негіздерін талдап берді.
Ойын психологиясын теориялық жағынан байытып, тәжірбиелік бақылаулар
мен эксперименттік зерттеулерге иек арта отырып, бұл саланы сан ойлармен
кеңейткен Александр Владимирович Запарожец, Даниил Борисович Элькониндер
38 болды. Бұлар ойын психологиясын кең көлемде қарастыра отырып, соны
деректермен, жаңа гипотезалармен кеңейтіп, өмірлік мәні зор теориялық
бағдарлар белгілеп, бала өмірі үшін қажетті жаңа тұжырымдар ұсынды. Баланың
жас мөлшеріне лайық ержетіп есею кезендерінде ойналатын ойын және оның
атқаратын қызметі, ақыл-ой мен мінез-құлықты тәрбиелеуі, түйсікті
жетілдіруі, ес, қабілет, зейін, сөйлеу дағдылары мен әрекетін дамытуы,
қиялына қанат беріп, сезімдік тебіреністерге келтірудегі сипаты туралы
байыпты пікірлер ұсынып, пайымдаулар жасады.
Ойын - бала үшін еңбек, оқу, тәрбиелік мәні зор іс-әрекет болғандықтан
оған жетекшілік жасап, басшылық ету жөнінде А.П. Усова айтарлықтай еңбек
сіңірді. Ол бала ойынының педагогикалық мәні және бұл саладағы теориялық
ізденістер нәтижесін жүзеге асырудың тәжірибелік жолдары жөнінде әржақты
талдаулар ұсынды.
Ал тәрбие және білім беру тарихының Европалық жүйесіндегі
педагогикалық ойдың классиктері саналған Я.Коменский, Ж.Руссо, Р.Оуэн т.б.
адамгершілік тәрбиесін жетілдірудегі ойынның мәні туралы келелі пікірлер
ұсынды.
Чех халқының ұлы педагогі Ян Амос Коменскийдің (1592-1670ж) мектепке
дейінгі педагогикада алатын орны ерекше. Даңқты "Ұлы дидактиканың" жалғасы
"Ана мектебінде" нәресте кезден бастап сәбилердің дене бітімін жетілдіріп,
ақыл-ой, адамгершілік тәрбиесін беру жолдарын талдап берді: "Тілдерге
ашылған есік", "Сурет арқылы әлемді сезіну" т.б. еңбекгерінде тәрбиенің
табиғат тәріздестігін сипаттап, баланың жас ерекшелігін ескерді және білім
берудің дидактикалық принциптерін ұсынды. Балаларға арналған сахыналық
қойылымы "Ойын меклебі" жинағында әрі тідді меңгеру, әрі адамгершілікке
тәрбиелеу жолдарын ұсынды. Білім, тәрбие саласында демократиялық пікірді
қолдаған ол байлығына, кедейлігіне қарамастан және ұл, қыз деп бөлмей
барлық адамға бірдей ана тілінде бастауыш білім берудің жолын көрсетті.
Мектепке дейінгі тәрбиеде жанұя жағдайына орай тәрбиенің қоғамдық мәнде
жүргізілуін қолдап, оның мақсаты, мазмұны және негізгі құралдарын талдап
берді. Ана мектебі білім берумен шектелмей, бәрінен де бұрын баланы
әрекеттене білуге баулып, оны ойын негізінде жүзеге асыру туралы байыпты
ойлар ұсынды және мұны өз тәжірибесінде жүзеге асырды. Балаға әдепті
тәрбие, жан-жақты білім беру- адамзаттың ұлы мұраты екендігін өзінің ісі
арқылы жөне педагогикалық еңбектері негізінде дәлелдеді.
Француздың көрнекті ағартушысы Жан Жак Руссо (1712-1778 жж.) "Эмиль,
немесе тәрбие туралы" еңбегінде еркін тәрбиені жақтап, ауқатты адамдардың
балалары қоғамдық ортаның теріс әдістеріне түспес үшін оларды табиғат
аясында, еңбекке тәрбиелеп, тәрбиешінің нұсқауы бойынша өсуін жақтап,
адамгершілік тәрбиені 12 жастан кейін жүргізу идеясын қолдады. Тәрбие
беру, оқыту туралы көңілге конымды пікірлер ұсынғанымен де, мектепке
дейінгі кездегі жас мөлшерін қисынсыз бөліп, тәрбие-төлімдегі адамгершілік
тәрбиесі жөнінде өмірге үйлесімсіз пайымдаулар жасады. Ал баланың жеке
басын қүрметтеу, белсенділігін жебеу, дербестігі мен қабілетін дамыту
жөнінде және баланың психологиялык жан күйін үғып, еңбекке қатыстыру туралы
пікірлері педагогика саласындағы игілікті ойлар болып саналады.
Ағылшынның социалист-утописі Роберт Оуэн (1771-1858жж) педагогика
тарихында тұңғыш рет мектепке дейінгі тәрбие мекемесін ашушы ретінде
белгілі болды. "Кішкентай балалар үшін мектеп", "Қоғамға жаңа көзқарас,
немесе білім берудің сипаты туралы тәжірибе", "Жаңарған адамгершілік
әлемінің кітабы" сияқты еңбектерінде тәрбие ісінде қоршаған ортаның мәні
ерекше екендігін сөз еткен. Оның 1809 жылы ашқан "Кішкентай балалар үшін
мектебінде" бір жастан алты жасқа дейінгі үш жүздей сәбилер тәрбиеленді.
Бұл әлемдегі тұңғыш рет құрылған, ұжымдық негіздегі мектепке дейінгі
балаларға арналған тәрбие орны еді.
Роберт Оуэн балалардың әділетті, шыншыл, мейірімді, ақжарқын болып
өсуін нөресте кезден бастау мақсатын қойды да, тәрбиенің қоғамдық рухта
болуын көздеді. Баланы тәрбиелеу, оқыту. үйретудегі әрекеттің негізгі түрі-
ойын деп белгіледі. Сондай-ақ балаға сүйіспеншілікпен қарап, жомарт
көңілімен қарым-қатынас жасауды көздеді. Жазалауға тиым салынып, зорлау мен
күш көрсетуге жол берілмеді. Баланың шама мүмкіндігіне қарай өнімді
еңбектің қарапайым түрін атқару және өзіндік ой-түсінігін дамытуға көңіл
бөлінді.
Роберт Оуэн мектепке дейінгі тәрбие теориясын жасап, оны төжірибе
жүзінде өмірге кіргізген тұңғыш педагог. Бірақ қоғамдық тәрбиені асыра
бағалап, отбасы тәрбиесін жоққа шығаруы үлкен қателікке үрындырды.
Мекгепке дейінгі тәрбиеде баланы үйретудің, тиісті мағлүматты
меңгертудің тиімді жолы-ойын. Ол - баланы жан-жақты, үйлесімді дамытудың
құралы. Осы тұрғыдан келгенде бала ойынының мән-мазмұны, атқаратын міндеті
туралы тиянақты пікір айтқан орыс халқының өткен ғасырдағы ұлы педагогтері
КД.Ушинский , П.Ф.Лесгафт болды.
Константин Дмитриевич Ушинский (1824-1870ж) халыктық ойын-
адамгершілікке тәрбиелеудегі ұлы күш екендігін тебірене айтып, теориялық
пайымдаулар ұсынады.
Оиын әрекеттерінің барысында бала психологиялық қарым-қатынаска түсіп,
оның мәнін ұғынды. Таным түсінікті өзі араласып отырған ісінен, ойын арқылы
жасалған әрекеттерінен аңғарады. Әсіресе, халықтық ойын баланың қимыл
қозғалысына, ойлануына, қарым-қатынасына еркіндік береді. Осы
ерекшіліктерді назарға ала отырып К.Д. Ушинский ойынның әлеуметтік
тәрбиелік мәнін жоғары бағалады. Оны жүзеге асырудың әдістемелік жолдарын
ұсынды. Ойынның білімдік, тәрбиелік міндетінің орындалуы тәрбиешіге
байланысты. Сондықтан тәрбиешіге қойылатын басты талап: тәлімгердің баланы
сүюі, үлгі-өнеге көрсете алу, әдептілігі, бала психологиясы мен дербестігін
түсінуі екендігін атап айтты.
Петр Францевич Лесгафт (1837-1909ж) - семья тәрбиесі мен дене
шынықтыру саласында білім беру жөнінде өзіндік теория жасаған көрнекті
ғалым, педагог, дәрігер, қоғам қайраткері. "Баланы семьяда тәрбиелеу және
оның маңызы" деген кітап жазып, мектепке дейінгі тәрбиедегі ойынның мәнін
ашып, жеке тұлғаның дамуында түқымдық нәсіл, әлеуметтік орта, білім беру
мен тәрбиені бірлікте қарауға шақырды "Ойын бұл- жаттығу, ол арқылы өмірге
сеніммен қарайды", - деп, халықтың ұлттық ойыны балаға етене жақындығын
сөз етті. Жергілікті жағдайға негізделген халықтың ойынының баланы
қызықтыратын себебі-сол ортаньщ әлеуметтік, тұрмыстық тіршілігіне
байланыстылығында. Ал ойынның құралы ойыншық болса, бала ойыншықты өзі
жасаса, мейлі ол нашар делік, соның өзінде ойыншықка, өзі жасаған еңбектің
нәтижесіне ризашылықпен қарап, кызыға ойнайды, белсенділігі артады. Ол
ойын, ойыншық, бала енбегіне зейін қою арқылы балалар психологиясы жөнінде
тиісті талдаулар жасады.
Ойынның дамуы, пайда болуы жөнінде өз кезінде ерекше беделге ие болған
неміс психологы Карл Гросстың (1861-1946ж.) пікірі- ойын қоғамдық жағдайға
байланысты емес, ойын "инстинкт", тумыстан бастап пайда болады деген
теорияны насихаттап бірнеше еңбек жазса ("Хайуанаттар ойыны", "Адамдар
ойыны"), ал австралиялық психолог Зигмунд Фрейд (1856-1939ж.) "Ойын санасыз
түрдегі жыныстық сезімге байланысты" деген теория ұсынып, ұл бала толық
түсінбесе де әкелік сезімде, қыз бала аналық сезімде болады деген пайымдау
жасады. Соған байланысты ойын ұстінде сол сезім байқалып тұрады деген
тұжырымды қолдаған ағым өріс алып, педагогика тарихында біршама ұстемдік
еткен шақтар да кездеседі.
Ойынның дамуы жөніндегі биологиялық (тумыстан деген) теорияға қарсы,
К.Гросстың, З.Фрейдтің пікірлерін сынға алып, ұл бала мен қыз баланың
ойындағы айырмасы олардың биологиялық өзгешеліктерінде деп карау дұрыс
емес, керісінше, еңбек бөлісіне байланысты "қыз-шешеге, ұл-әкеге еліктейді"
деген тұжырым ұсынған көрнекті философ, тарихшы, ресейде марксизмді
таратушы Г.В. Плеханов (1856-1918ж) болды. Ол "Адрессіз хат" деген
еңбегінің үшінші бөлімінде өнердің дамуына тоқталып, ойын мен өнер бір-
біріне араласа өрістегендігін талдап берді. Г.В. Плеханов ойынның
әлеуметтік мәніне терең бармағанымен, бала ойын кезінде ересек адамдардың
еңбек процесіндегі әрекетті қайталайтындығы жөніндегі теориялық пікірлері
мен пайымдауларының мектепке дейінгі педагогика тарихында мәні зор болды.
Өйткені ойынның еңбек бөлісіне байланысты еліктеу жөніндегі пікірлері және
бала өзін қоршаған дүниені тануда ересек адамдардың іс-әрекетін қайталайтын
ойындарға соқпай кете алмайтындығы занды құбылыс екендігі дұрыс ашылған.
Ойынның пайда болуы, дамуы туралы теорияның ілгері өрістеуіне тәрбиенің
ұжымдық (балабақшаның) мемлекеттік жүйеде қүрылуы себеп болды да, кеңестік
кезендегі ғылыми-зерттеу жұмыстары бұл салаға айтарлықтай ұлес қосты. Қазан
төңкерісінен кейін Одақ бойынша бірыңғай жүйеде құрылған педагогикалық
бағдарламалар мен тиісті әдістемелік нұсқау оқу құралдарында және ғылыми
зерттеулерде балабақшада жүргізілетін ойын туралы көптеген ғылыми және
тәжірибелік жұмыстар атқарылды. Мектепке дейінгі педагогика, психология
саласындағы А.П. Усова, Д.Б. Эльконин, А.В. Запорожец т.б. еңбектері бала
ойынының табиғатын ашып, ойын, психологиясының теориялық негіздерін шешуде
түрлаулы, айтарлықтай істер болып табылады.
Көрнекгі психологтер Л.С. Выгодский, П.Я. Гальперин, А.Н. Леонтьев т.б
ғалымдардың еңбектерінде балаға білім, тәрбие ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі даярлық топ балаларын ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу
Мектеп жасына дейінгі балаларды рухани адамгершілікке үйрету
Бала тәрбиесінің педагогикалық негіздері және еңбек тәрбиесінің зерттелуі
Мектеп жасына дейінгі балаларды бейнелеу өнері арқылы еңбек тәрбиесіне баулу
Мектеп жасына дейінгі балаларға адамгершілік тәрбиесін беру әдістемесі
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАНЫҢ ЕҢБЕК ТӘРБИЕСІ ЕҢБЕК ТӘРБИЕСІНІҢ НЕГІЗДЕРІ
Отбасы мен балабақшадағы тәрбие үдерісі сабақтастығын арттырудың жолдарын қарастыру
Бала тәрбиесінде балабақша мен отбасының ынтымақтастығын дамыту
Мектеп жасына дейінгі балаларды жануарлар әлемімен таныстыру
Мектепалды даярлық жағдайында тәрбие мен білім беру мазмұнының жанаруы
Пәндер