Жобалап оқыту жағдайында оқушылардың білімін бақылау мәселелеріне талдау жасау



КІРІСПЕ
1. МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ БІЛІМІН БАҚЫЛАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1.1 Оқушылардың білім, біліктілік және дағдысын бақылау әдістері
1.2 Бақылау мен бағалау функциялары
1.3. Информатикадан тест тапсырмаларын құру әдістері мен ерекшеліктері және оқушының білімін бағалау
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Қазіргі заманда үлкен ақпарат ағымында бағдар алып, қажетті ақпаратты өз бетімен тауып, өңдеп, түрлендіруге керек жеке тұлғаның қасиеттерін оқушыларда қалыптастыруда оқытудың жобалау әдісінің ролі үлкен екені белгілі. Жобалар әдісімен оқыту барысында орындалатын ерекше оқу тапсырмасы – жобалар оқыту үрдісіне ізденушілік-мәселелік іс-әрекет сипатын береді. Жалпы білімді жаңарту дәстүрлі оқытудан, адам тәрбиесінің сапаларына өмірдегі ашық қоғамның жаңа шарттарына керекті «білім, біліктілік, дағдыны» айрықша құруды талап етеді.
Жобалар негізінде оқыту – бұл дәстүрлі оқытудан ерекшеленетін, мұғалімнің пәнаралық оқытуды мұқият жоспарлау пайдасына хабарланғандығы, оқушыларға, болашаққа, проблемалармен және өмірдің нақты тәжірибесін интеграциялайтын оқыту үлгісі. Жобалар негізінде оқытуда сыныптарда оқушылар тапсырманы бірігіп орындап, оның нәтижелерін бүкіл сыныпқа ұсынады. Жобаның нәтижесі мультимедиялық презентация, сахна, жазбаша есеп түрінде, Интернет веб-беттерінде немесе макетте дайындалған үлгі әрекетінде болуы мүмкін. Мұғалім психологиялық типтері, білім шамалары мен қабілеттіліктері әртүрлі балалармен жұмыс істейді. Жобалар негізінде оқыту, барлық оқушылардың өз беттерімен орындау және нәтижелі оқытуға мүмкіндік береді.
Жобалау әдісін қолданып оқыту оқушыларға жобалау іс-әрекетін қалыптастыратын дидактикалық, психологиялық, ұйымдастырушылық, басқарушылық құралдарды қажет етеді. Осындай құралдардың бірі – жобалау іс-әрекетін бақылап-өлшеу материалдары болып табылады.
Қазіргі кезде Республикамызда сапалы білім беру мәселесіне үлкен мән беріліп отыр. Білім сапасын тек оқушының білімін бақылау, тексеру арқылы ғана анықтайтынымыз айғақ. Олай болса, білімді тексеру және бағалау жүйелік принципке сай оқушылардың біліктіліктері мен дағдылары білім беру үдерісінің басты құрылымдық компоненті болып табылады да, оқытудың жүйелілігі мен тұрақтылығы білім берудің барлық кезеңдерінде жүзеге асырылуы тиіс деп тұжырым жасауға болады.
1. Перовский Е.И. Проверка знаний учащихся в средней школе. – Автореф.дис...докт. пед. Наук. – М., 1958.
2. Амоношвили Ш.А. Воспитательная и образоваельная функции оценки учения школьников. М., 1984.
3. Педагогика / Под. Ред. П.И. Пидкасистого. –М.: РПА, 1995.
4. Подласый И.П. Педагогика. –М.:Владос, 1996.
5. Оноприенко Н.П. Проверка знаний, умений и навыков учащихся по физике в средней школе. М.,1988.
6. Ингенкамп К. Педагогическая диагностика: Пер. С нем. М.: Педагогика, 1991.
7. Гурьянов Е.В. Учет школьной успешности. Школьные тесты и стандарты. –М.: Работник просвещения, 1926.
8. Костюк Г. С. О зависимости результатов тестирования от формы теста. –В сб.: тесты (теория и практика). Сб. 2/ Под. Ред. М.С. бернштейна и др. –М.:, 1928.
9. Ильина Т.А. педагогика. Курс лекций. Учебное пособие для студ. Пед.инс-тов. –М.. Просвещение, 1984.
10. Розенберг Н.М. Проблемы измерений в дидактике. –Киев. Вица школа, 1979.
11. Беспалько В.П. Основы теории педагогических систем. –Воронеж.?Издво Воронежского ун-та, 1977.
12. Беспалько В.П. Программированное обучение (дидактические основы). –М.: Высшая школа, 1970.
13. Беспалько В.П. слагаемые педагогичской технологии. М.: Педагогика, 1989.
14. Беспалько В.П. Стандартизация образования основные идеи и понятия. //Педагогика, 1993, №5.
15. Сағымбаева А.Е. білімді тексерудің тестілік әдістемесі. //Информатика негіздері. №2. 2002.
16. Александров Г.Н. Психолого-педагогические обоснование возможностей альтернативного принципа построения ответов. Доклад на Всесоюзной конференции по прграммированному обучению и применению технических средств. –Куйбышев, 1966.
17. Данилов И.А. О применении метода выборных ответов для обучения и контроля. Материалы лекций, прочитанных на факультете программированного обучения в Политехническом музее в 1967 г. –М.: Знание, 1968.
18. Портнов М. Тест и протесты. . // Педагогический вестник, 1995. №5.
19. ГАЛКИН ю.и., Файнберг Н.Л. Элементы программировнного обучения по курсу политической экономии. –М.: Изд-во МГУ, 1968.
20. Хубулашвили В.В. Дидактические возможности тестового контроля (Материалы лекций прочитанных в Политехническом музее на факультете программированного обучения). –М.:“Занание”, 1974.
21. матушанский Г.У. Проектирование педагогических тестов для контроля знаний. . //Информатика и образование. №6. 2000.
22. Сағымбаева А.Е., Бидайбеков Е.Ы. Тест құрудың бір критерийі //ИФМ. №5. 1997. (Е.Ы. Бидайбековпен авторлық бірлестікте).
23. Квалификационные требования к учителю информатики. Государственный образовательный стандарт.–Алматы. 1998.
24. Каймин В.А. Научные основы и методика преподавания информатики. Псков. 1992.
25. Даулеткулов А.Б. Олимпиады по информатике. –Алматы. 1999.
26. Сағымбаева А.Е., Нұрбеков Ж.К. Компьютер көмегімен білімді бағалау критерийлерін бір жүйеге келтіру. // “XXI ғасыр басындағы инженерлік ғылым”. Халықаралық ғылыми-практикалық конф. Материалдары. –Алматы, 2001.
27. Сағымбаева А.Е. Тестілеу программасының көмегімен оқушылардың білімін бақылау. . // Хабаршы. №2(6). 2002.
28. Сағымбаева А.Е. Тестілеу программасына қойылатын талаптар. //“Білім беруді компьютерлендіру: проблемалары мен перспективасы” республикалық конф. Материалдары. –Алматы. 1998.
29. Балыкбаев Т.О. Педагогические и технологические основы формирования студенческого контигента7 Монография док. Дисс., Алматы. 2001.
30. Е.К. Балапанов, Б. Бөрібаев, А. Даулетқұлов Информатикадан 30 сабақ. Алматы. “Шартарап”. 1998ж.
31. И. Семакин, Л. Залогова, С. Русаков, Л. Шестакова. Информатика. Базовый курс. Учебник 7-9 классы. –М., Лаборатория базовых знаний. 1999ж.
32. М.И. Ерецкий, Э.С. Пороцкий. Проверка знаний, умений и навыков. –М.: “Высшая школа”, 1978г.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Қазіргі заманда үлкен ақпарат ағымында бағдар алып, қажетті ақпаратты
өз бетімен тауып, өңдеп, түрлендіруге керек жеке тұлғаның қасиеттерін
оқушыларда қалыптастыруда оқытудың жобалау әдісінің ролі үлкен екені
белгілі. Жобалар әдісімен оқыту барысында орындалатын ерекше оқу тапсырмасы
– жобалар оқыту үрдісіне ізденушілік-мәселелік іс-әрекет сипатын береді.
Жалпы білімді жаңарту дәстүрлі оқытудан, адам тәрбиесінің сапаларына
өмірдегі ашық қоғамның жаңа шарттарына керекті білім, біліктілік, дағдыны
айрықша құруды талап етеді.
Жобалар негізінде оқыту – бұл дәстүрлі оқытудан ерекшеленетін,
мұғалімнің пәнаралық оқытуды мұқият жоспарлау пайдасына хабарланғандығы,
оқушыларға, болашаққа, проблемалармен және өмірдің нақты тәжірибесін
интеграциялайтын оқыту үлгісі. Жобалар негізінде оқытуда сыныптарда
оқушылар тапсырманы бірігіп орындап, оның нәтижелерін бүкіл сыныпқа
ұсынады. Жобаның нәтижесі мультимедиялық презентация, сахна, жазбаша есеп
түрінде, Интернет веб-беттерінде немесе макетте дайындалған үлгі әрекетінде
болуы мүмкін. Мұғалім психологиялық типтері, білім шамалары мен
қабілеттіліктері әртүрлі балалармен жұмыс істейді. Жобалар негізінде оқыту,
барлық оқушылардың өз беттерімен орындау және нәтижелі оқытуға мүмкіндік
береді.
Жобалау әдісін қолданып оқыту оқушыларға жобалау іс-әрекетін
қалыптастыратын дидактикалық, психологиялық, ұйымдастырушылық, басқарушылық
құралдарды қажет етеді. Осындай құралдардың бірі – жобалау іс-әрекетін
бақылап-өлшеу материалдары болып табылады.
Қазіргі кезде Республикамызда сапалы білім беру мәселесіне үлкен мән
беріліп отыр. Білім сапасын тек оқушының білімін бақылау, тексеру арқылы
ғана анықтайтынымыз айғақ. Олай болса, білімді тексеру және бағалау жүйелік
принципке сай оқушылардың біліктіліктері мен дағдылары білім беру
үдерісінің басты құрылымдық компоненті болып табылады да, оқытудың
жүйелілігі мен тұрақтылығы білім берудің барлық кезеңдерінде жүзеге
асырылуы тиіс деп тұжырым жасауға болады.
Оқушылардың білімі мен біліктілігін бағалау оқыту үдерісінің басты
буыны болып табылады, әдістемелік әдебиетте бағалау – мұғалім мен оқушының
арасындағы кері байланыс және мұғалім оқытудың нәтижелілігі жайлы ақпарат
алады деп келтірілген. Осыған сәйкес қатысушылардың білімі мен біліктілігін
бағалаудың келесі мақсаттары ерекшеленеді:
- оқушылардың білімі мен біліктілігін диагностикалау және түзету;
- оқыту үдерісінің жеке кезеңінің нәтижелілік есебі;
- әртүрлі деңгейде оқытудың қорытынды нәтижелерін оқыту.
Олай болса, біздің алдымызда осы жобалап оқыту жағдайында оқушылардың
білімін қалай бақылауға болады деген сұрақ туады.
Бұдан дипломдық жұмыстың мақсаты – жобалап оқыту жағдайында
оқушылардың білімін бақылау мәселелеріне талдау жасау.
Дипломдық жұмыстың мақсатына сай мынадай міндеттер қойылды:
- оқушылардың білімін бақылау түрлері мен әдістеріне жалпы шолу;
- информатиканы жобалап оқытуға түсінік беру;
- информатикадан жобалардың үлгісін жасау, ұсынылатын тапсырмаларды
анықтау, жобаларды бағалау критерийлерін анықтау;
- Информатика пәнінен жасалатын жобалар үлгісі оны бақылау және
бағалау атты электрондық әдістемелік құрал жасау.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан,
қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

1. МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ БІЛІМІН БАҚЫЛАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1.1 Оқушылардың білім, біліктілік және дағдысын бақылау әдістері
Үлгерімді тексеру және сапаны бағалау кезінде негізгі оқыту
тапсырмаларының қалай шешілетіндігін табу қажет, яғни оқушылардың білімі
қай шамада екенін, біліктіліктері және дағдылары, дүниетанымдық және
өнегелі-эстетикалық ойлары, сонымен қатар шығармашылық қызмет тәсілдерін
қарастырады. Маңызды мағына қалай сол немесе басқалай оқушылардың білім
берудегі қатысы, ол тұрақты немесе оқта-тектелі қажетті қысымдармен жұмыс
істей ме жоқ па және т.с.с. Бұның барлығы білім беруді бақылау әдістерінің
жиынтығын қолданудың қажеттілігін ескереді.
1. Оқушылардың оқу жұмыстарын күнделікті бақылау. Бұл әдіс мұғалімге
оқушылардың сабақ үстінде өздерін қалай ұстайтындарын көруге мүмкіндік
береді, олардың өтіп жатқан материалдарын қалай түсінетінін және
ұғынатынын, есте сақтау жады қандай екенін, біліктілік пен дағдыларды
жетілдіруде олардың тапқырлығы мен дербестіктерін қандай шамада
көрсете алатынындары.
2. Ауызша сұрақ – жеке, фронтальді, және нығыздалған. Бұл әдістің маңызы
мұғалім оқушыларға өткен сабақтың мазмұны бойынша сұрақтар қояды және
олардың жауаптарына түрткі болады. Бұл әдіс білімді бақылау мен
бағалаудың ең кең тараған түрі болып саналады.
Бұл әдістің маңызы мұғалім оқушыларға өткен сабақтың мазмұны бойынша
сұрақтар қояды және олардың жауаптарына түрткі болады, мұндай жолмен
меңгерудің сапасы мен толықтығына әсерін тигізеді. Сондықтан да ауызша
сұрақ оқушылардың білімін тексеру тәсілі сұрақ-жауап болып табылады, оны
басқалай әңгімелесу деп те атайды. Мұғалім ауызша сұрау кезінде өткен
материалды жеке бөліктік мағыналы етіп мүшелейді, және оның әрқайсысы
оқушыларға сұрақ қояды. Көп сабақтан ауызша сұрау (әңгімелесу) оқушылардың
ауызша және жазбаша жаттығуларды орындауына сай келеді. Келешек
нәтижелілігімен және ең көп таралған бұл оқушылардың білімін бақылау мен
бағалау әдісі, бірақ өз кемшіліктерімен де көзге түседі. Оның көмегімен
сабақта 3-4 оқушының білімін тексеруге болады. Сондықтан да жаттықтыру
кезінде бұл әдістің әртүрлі әдістемелері, сонымен қатар фронтальді және
нығыздалған сұрау, әр сабақтық балл қолданылады. Фронтальдық сұраудың
маңызы мұғалім өткен материалды барынша ұсақ бөліктерге бөледі, бұл әдіс
оған көптеген оқушылардың білімін тексеруге мүмкіндік береді. Фронтальді
сұрауды, сонымен қатар қашқын деп те атайды, өйткені сұрау кезін де
оқушыларды бағалау қиынға соғады, 1-2 ұсақ сұрақтың жауабы өткен сабақтың
көлемін де, тереңдігін де анықтауға мүмкіндік бермейді. Нығыз сұраудың
маңызы мынамен қорытындылады, мұғалім ауызша сұрау үшін бір ғана оқушыны
шақырады, ал төрт бес оқушыға алдын ала дайындалған карточкадағы сұрақтарға
жазбаша жауап берулерін ұсынады. Бұл сұрау түрінің нығыздалған деп аталатын
себебі, мұғалім ауызша жауап беру кезінде оқушылардың жазбаша жауаптарын
тексеріп оларды бағалайды, бірнеше нығыздай отырып, біліктілік пен дағдыны,
білімді бақылый отырып көп уақытты үнемдеуге болады.
Жазбаша тексеру
Нығыздалған сұраудың практикасы кезінде білімді жазбаша тексерудің
әдісінің туындауын алып келді. Оның мәні мынада, мұғалім оқушыларға алдын
ала дайындалған жеке бір қағазға жазылған бақылау сұрақтары немесе
тапсырмалары мен мысалдары жазылған карточкаларды таратады, және олар 10-12
минуттың ішінде жазбаша жауаптарын жазып берулері тиіс. Жазбаша тексеру бір
сабақта барлық оқушылардың білімін тексеруге мүмкіндік береді. Бұл берілген
әдістің маңызды жақсы жағы.
Әр сабақтағы балл.
Бұл ауызша сұраудың белгілі әдістемесі, әр сабақтық деп аталатын,
оқушылардың жекелігін ұсыну болып табылады. Әр сабақтық балл өзін білімге
ұсынады жекеленген оқушылар бүкіл сабақ бойында өздерін көрсете алады.
Сонымен, оқушы өздерінің жолдастарының жауабын толықтырып, нақтылайды
немесе тереңдете алады. Кейін ол мұғалімнің жаңа материалды баяндауында
қойған сұрақтарына жауап беруге қатысып, мысалдар келтіре алады.
Әр сабақта баллды ұсыну оқушылырдың танымдық белсенділіктерін және өз
бетілік назарын ұстануға мүмкіндік береді, сонымен қатар олардың
білімдерінің жүйелілік бақылау жасауға болады.
Бақылау жұмыстары. Бұл оқушылардың біліктілігі мен дағдыларын,
білімін бақылау және бағалауда өте нәтижелі әдіс, сонымен қатар олардың
шығармашылық қабілеттіліктері. Бұл әдістің маңызы, оқыту программасында
жеке тақырыптарды немесе бөлімдерді өтіп болған соң мұғалім оқушылардың
біліктілігі мен дағдыларын, білімін бақылау және бағалауды жазбаша немесе
пратикалық түрде өткізеді. Бақылау жұмысын өткізу барысында бірнеше
дидактикалық талаптардың қатарын сақтау қажет.
Оқушылардың үй жұмысын тексеру. Оқушылардың үлгерімін бақылау және
бағалау үшін олардың орындаған үй тапсырмаларын тексеру қажет. Ол мұғалімге
оқушылардың оқыту жұмысына деген қарым қатынасын білуге, оқып жатқан
материалды меңгеру сапасын, білім алудағы проблемалардың бар болуы, сонымен
қатар үй жұмысын орындаудағы дербестік дәрежесін анықтауға мүмкіндік
береді.

Біліктілік және дағдыны, білімді бағалаудың заманға сай әдістері

Программаланған бақылау. Оқушылардың білімін бақылауда программаланған
бақылау қолданылады, оны басқалай альтернативтік (француз сөзінен шыққан
alternative екі мүмкіндіктің біреуі деген мағына береді) әдіс немесе
таңдау әдісі деп те атайды. Бұл әдістің маңыздылығы, оқушыға сұрақ
беріледі, және әр сұрақтың үш төрт жауабы ұсынылады, бірақ жауаптың тек
біреуі ғана дұрыс болады. Оқушының міндеті – дұрыс жауапты таңдау.
Сыныптағы барлық оқушыларға бір уақытта бірнеше ұқсас сұрақтар мен
жауаптар жеке қағаз немесе компьютердің көмегімен берілуі мүмкін, олардың
білімдерін бірнеше минуттың ішінде тексеру мүмкін болады. Программаланған
бақылау әдісінің оң жақтары осылардан тұрады. Олардың ең бастысы, оның
көмегімен өтіп жатқан материалды меңгерудің, тек жеке жақтарын ғана
тексеруге болады. Бұл әдіс білімнің толықтылығы мен көлемін айқындауға
мүмкіндік береді. Дегенмен, жоғырыда қарастырылып кеткен білімді тексеру
мен бағалау әдістерінің өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктері бар.
Жазбаша бақылаудың пайдасы, сыныптың немесе топтың барлық оқушылары білімді
бір уақытта бақылауға және бағалауға мүмкіндігі бар, және олар көп уақытты
талап етеді және сол себепті жиі өткізіп тұра алмайды. Осыдан келесіні
шығарамыз: жоғарыда қарастырылған барлық білімді бақылау мен бағалау
әдістері өз қолданыстарын тауып, оқушылардың үлгерімдік сапасын бақылаудағы
жүйелілігі мен тереңдігін жабдықтау қажет.

Оқу материалын меңгеру сапасының бағалаудың рейтингтік жүйесі
Бағалаудың прогресшіл әдісіне рейтингтік әдіс жатады, біліктілік пен
дағдыларды, білімді бағалаудың тәсілі ретінде. Рейтингті қолдану оқыту
процессін ұйымдастыру жүйесі болып табылыды және оның нәтижесіне белсенді
әсер етуші.
Бағалаудың рейтингтік жүйесі оқушылардың барлық белсенді әрекеттерін
ескеріп,білімді, біліктілікті және басқа да көрсеткішті меңгерумен
байланысты, оқушылардың жекелік сапаларын қалыптастырады. Тесттің көмегімен
алған бағалар, көбіне дифференциалдайды. Бағалаудың әдет-ғұрып әдістері
төрт балды шкаламен қолданылады (өте жақсы, жақсы,
қанағаттандырарлық, қанағаттандырарлықсыз).
Тестілеудің нәтижесі, тестті жақсы ұйымдастырғанның арқасында,
құрамында дамулардың бағалауы бар, өзін диференциалданған шкалаларда көзге
елестетті. Сонымен бірге оқытудың жетістіктерін өлшеудің жоғары дәлдігі
қамтамасыз етіледі.
Сондықтан рейтинг – жетулердің шкаласы, стандартты өлшеу болуға тиіс.
Оқыту пәніне сай келетін, дұрыс құрастырылған және жақсы жасалынған
тест,оның аспабы болып табылады.
Рейтингтік жүйе – бұл білімді меңгеру шамасын бағалау ғана емес,
сонымен қатар тәртіпті зерттеудегі жүйелік әдіс болып табылады.

Тестілеу
Адамзаттың білімін сапалы бақылау, оның мінезін сызғышпен өлшегенмен
бірдей. Қазіргі заман мектептері бағасыз ешқандай да амалдай алмайды. Сол
себепті адамға деген алаламайтын қатынасты, оның білімін бағалау
эмоционалдық құрастырушыдан тұрады, оның ауқымдылығы мұғалімнің
шеберлігінен, және жауап берушінің актерлік шеберлігіне байланысты. Жазбаша
тестілеуден, жалпы ең үлкен объективтлік бағалауларға тән қасиеттерін
алған. Екі оқушының білмін бақылау және бағалау үшін салыстыруды қолданса
да болады, ол үшін екеуіне де бірдей тест түрін және уақытты шектеу қажет.
Бірақ, тестті алдын ала үлкен топтарда тексеріп аған жөн. Оған дейін оларды
тіпті тест деп те атамайды, жай қабілеттілікті тексеруге арналған тест
сұрақтары ретінде қарайды. Тест неғұрлым көп болса, соғұрлым білімді
бағалау сенімдірек болады. үлкендердің білімін бақылауда 100-200
сұрақтардан түратын тесттерді пайдаланады, әрбір сұраққа жауап беруге
ойлануға уақыт шектеледі. Бұл өте байсалды тексеру, жақсы дайындықты талап
етеді. Бұл бақылаудың жеңілдетілген түрлерін, көп уақыттан бері мектепте
емтихан және зачет тесті кезінде қолдануда. Егер тестті құрастырушылар бұл
нақты программаны жақсы меңгерген болса, онда оқулықтың базалық мазмұнының
одан жақсы болғанын, онда бағалау жеткілікті объективті болып шығады.
Зачеттық немесе емтихандық тестілеуден басқа, оқушылардың әр сабақ
кезіндегі білімін ағымдық бақылауға арналған, тағы әр сабақтық тест түрі
бар. Географиялық картадағыдай үлкен және кіші масштабтардық ара қатынасы
сияқты, бұл екі тест түрінің де ара қатысы бар. Нақ осы әр сабақтық тест
түрі өзіне деген ерекше назарды талап етеді, өйткені қажет болған жағдайда
емтиханның орнын баса алатын мүмкіндігі бар. Материал өтуі біртіндеушілігі
байланысты кері ауысуына мүмкіндігі жоқ. Әр сабақтық тест құрудың қиындығы
жоқ, тек ұзақ және оның ерекшеліктерін айта кету керек:
1. Тесттің жабық түрін қолдану керек, және жауап нұсқалары болуы керек.
2. Қысқалығы. Сұрақ бір ғана жолдан тұруы тиіс, және ол нақты әрі
түсінікті болу керек.
3. Жауап нұсқалары. Олардың үйлесімді саны 4-6 болады, кейде 8 болуы
мүмкін. Әр жауаптың нұсқасы бір жолдан аспауға тиіс.

1.2 Бақылау мен бағалау функциялары

Білімді тексеру және бағалау, систематикалық принципке сәйкес
оқушылардың білім мен біліктіліктерін білім беру процессінің басты
құрылымдық компоненті болып табылады, оқытудың жүйелілігі мен тұрақтылығы
білім берудің барлық кезеңдерінде жүзеге асырылуы тиіс.
Бағалау проблемасының өзектілігі соңғы кездердегі оқытудың практикалық
рольді орындаудағы айқындалған табыстарға жетуіне байланысты, осыған орай
бағалау қосымшасының сферасы кеңейіп, педагогикадағы оқыту процесстеріне оң
ықпалын жасауға мүмкіндіктерінің өсуі, осы процесстің құрама бөлігі ретінде
рационалдық бағалау үшін шарттар пайда болды.
Оқушылардың білімі мен біліктілігін бағалау оқыту процессінің басты буыны
болып табылады, дұрыс орнатып қоюдан көбіне оқытудың табысы тәуелді болады.
Әдістемелік әдебиетте былай санау қабылданған, бағалау - оқытушы мен
оқушының арасындағы кері байланыс болып табылады, және мұғалім оқытудың
нәтижелілігі жайлы ақпарат алады. Осыған сәйкес оқушылардың білімі мен
біліктілігін бағалаудың келесі мақсаттары ерекшеленеді:
- оқушылардың білімі мен біліктілігін диагностикалау және түзету;
- оқыту процессінің жеке кезеңінің нәтижелілік есебі;
- әртүрлі деңгейде оқытудың қорытынды нәтижелерін оқыту.
Берілген жұмыстың мақсаты – оқытудағы жүйелік бақылауға комплекстік
жақындауды ашу және орындаудың негізгі құралдарын ерекшелеу.
Мұғалім сабаққа дайындалу кезінде, бағалаудың қажетті әдістерін іздеу
және оны ұйымдастыру – бұл педагогтың ең басты мақсаты екенін есте сақтауы
қажет. Кімді, қай уақытта, қанша оқушыны, қандай сұрақтармен, қандай
құралдардың көмегімен сұрауды және бағалауды – мұның барлығын мұғалім
сабаққа дайындалу кезінде ойластыруы қажет. Сонымен қатар, оқушылар олардың
жолдастарын сұрау кезінде оқушылардың немен айналысатынын да қарастыру
қажет. Әрбір мұғалімнің өзіндік бағалау жүйесі болу қажет, ол өзіне әртүрлі
құралдар мен қабылдау жұмыстарын енгізіп, оқушылар мұғалімнің үнемі олардың
табыстарын, білімді меңгерудің деңгейі мен сапасын бақылап отыратынын
түсінулері қажет.
Жоғарыда баяндалған оқушылардың білімі мен біліктілігін бағалайтын
мақсаттарға жақсылап назар аударсақ, мұғалімнің бақылау шараларын
өткізудегі мақсаттар осы екендігін көруге болады. Бірақ, оқыту процессінде
қай сала болмасын негізгі әсер ететін жақ ол – оқушы, ал оқыту процессінің
өзі – бұл оқушылардың білім мен біліктілікті қабылдау, ізінше, барлық сабақ
үстінде болатын, бақылау шараларын қосқанда, оқушының өз мақсатына сай келу
керек, ол үшін жеке маңызды, бағалауды оқушылар тек мұғалімге қажетті бір
нәрсе деп қана түсінбеуі қажет, керісінше, оны өз алған білімдерін жобалай
алатын кезең ретінде түсініп, қойылған талаптарға өзінің білімі мен
біліктілігінің сай келетініне көз жеткізу керек. Ізінше, мұғалімнің
мақсатына біз оқушының мақсатын қосуымыз қажет: алған білім мен біліктілік
ұсынылған талаптарға сай келетініне көз жеткізу. Бұл бағалаудың мақсаты,
біздің ойымызша ең бастысы болып табылады.
Мысал үшін, нәтижелерді тексеру және баға қоюды оқушылар өздері жасаса
да болады. Мұндай тексерудің түрі бақылаудың маңыздылығын сезінуге, өз
қателіктерін табуға, ал баға қою өзін өзі сынау және жауапкершілігін
дамытады. Мұндай жұмыстың түрі ешқашанда пайда болмас еді, бірақ, егерде
мұғалім оқушылардың білімі мен біліктілігін бағалауда өз мақсаттарын тек
қана диагностикалау және білімді есептеу деп қана түсінсе.
Бақылау, білімді бағалау, оқушылардың біліктілігін диагностикалаудың
қажетті құрамдас бөлігі ретінде қосылады. Бұл педагогикалық технологияның
өте ертедегі компоненті. Осыдан бірнеше жыл бұрын педагогтар бағалау
оқушының үлгерімін анықтайтын категориялық – сапа индекаторы болуы керек пе
әлде, керісінше, оқыту жүйесінің сол немесе басқалай артықшылығын және
жетіспеушілігін көрсететін болу керек. Мектептегі бағалаудың қарама-қайшы
мінездемесін айтқан Я.А.Каменский, педагогтардың назарына, бағалау құқығын
ақылмен және өлшеммен пайдалануды шақырды. Бақылаудың объективті
талаптарына педагогтардың адамгершілік көңілін үйлестіру оқушылардың барлық
дидактикалық жүйесінен өтіп кетеді.
Бірінші бағалаудың баллдық жүйесі Германияның орта мектептерінде туды.
Әрбір бал оқушының басқа да оқушылардың арасындағы үлгерімдік дәрежесін
білдіреді (1-ші – жақсы, 2-ші – орташа, 3-ші – нашар). Кейіннен орташа
дәреже, көптеген оқушылар саны жатқан, тағы қосымша үш бөлімге бөлінді,
нәтижесінде бесбалды шкала пайда болды.
К.Д.Ушинский кемшіліктерін сипаттай отырып, заманға сай бақылау
түрлерін қатты сынай отырып, жақындаулар мен басым тәсілдер оқушылардың
зерделі әрекетін атады. Әдетте мұғалім бір немесе бірнеше оқушылардан
сұрайды, ал осы уақытта қалғандары өздерін қандай да бір әрекеттен бос
санайды. Олар босқа уақыт жоғалтып, күштерін жұмсап, күтіп толғанып
отырады. Ақиқат, мұндай жағдайда оқушы өзінің әуестігі мен ынтасын көрсете
алмайды.
Жаңа демократиялық мектепте формалды бақылау болмау керек.
Дидактикалық бақылау оқыту әдісінің өзіне тән сияқты оқытушының айқын
айтылған, дамытылған бағыты, өзін-өзі басқаратын байланысы, оқушыға керекті
және қажетті болуы. Өткен кезеңдердегі, мектептегі бақылауды өзгертуге
әрекетжасағанменол ешнәрсе бермеді, барлық ұсыныстар мен жаңа
кіріспелердің бәрі бір сұрақтың айналасында топтала берді – мектепте
бағалауды қолданған дұрыс па әлде бұрыс па? 1918 жылдың мамыр айында халық
Комиссариатының шешімен Бағалауды жою туралы бағамен бірге сынақта
жойылып, оқушылардың үлгерімін есептейтін және бақылайтын жай түрі
енгізілді. Осы мақсатпен, сонымен қатар, ерекше есептегіш дәптері
практикада қолданылды, онда жақсы және нашар оқушылардың фамилиясы қызыл
және қара деп аталатын тақтада жазылды. Енді социалистік жарыс және
т.с.с.
Нәтижесінде сол жылдары үлгерімдікті бақылаудың орнына, мұғалімнің
жүргізетін әртүрлі өзі есептейтін түрлер кеңінен таралды. Білімді бригада
лабораториялық әдіспен есептеу әдісі, ешқандай да бір сынсыз буржуазиялық
мектептен ауыстырылып (бүкіл бригаданың істеген жұмысы есептелетін),
үлгерімділікті есептеудің жаупкершіліктен ажыратуына, соңғы нәтижесінде –
оқытудың сапасының төмендуіне алып келіп.
Орталық Партия комитеті мектептегі оқытудың мұндай ұйымдастырылған
түрін қатты сынға салып, мектептегі оқыту-тәрбиелеу жұмыстарын қайта құру
бағытына нұсқау берді. 1932 жылдың 25 тамызында ОПК қаулысында Бастауыш
және орта мектептердің оқыту программалары мен тәрбиесінде көрсетілгендей,
мектептегі жұмыстың есеп негізінде жеке ағымдық, оқушының білімін
есептеуге жүргізілетін жүйе кірістірілу керек және де оқытушы оқыту
процессі кезінде әрбір оқушының оқуға деген ынтасын бақылауы қажет.
Кейінгі жылдары үлгерімділіктің қатал және реттелген жүйесін енгізуде
үлкен жұмыстар жүргізіліп, біліктілік пен дағдыларды, білімді тексеру және
бағалауда жаңа жүйелік әдістер қалыптасты.
1935 жылы – ауызша белгіленетін бес балды диффренциалданған бағалау
жүйесі енгізілді (өте жақсы, жақсы, қанағат, нашар, өте нашар).
1944 жылы ауызша белгілер сандық бес балдық бағалау жүйесіне ауыстырылды.
Қазіргі уақытта бес балдық бағалау жүйесі қабылданды.
Оқу өнімділігінің тәуелділігі оның санынан, сапасынан, толықтығынан,
дер кезлігі (шапшадығы), тереңдігі, объективтілігін бақылау – дидактикалық
процестің жалпы заңдылығы болып табылады. Бүгінгі теориямызда жақындау
орналастырылмаған және бағалау, бақылау, тексеру, есеп және т.б.
олармен байланыстыратын түсінік анықталған жоқ. Көбіне олар шатасып,
араласып, әртүрлі мағынада қолданыла береді.
Бақылау – табу, білімді өлшеу және бағалау, оқушылардың біліктілігі.
Тексеру деп – табу және өлшеуді айтады. Сол себепті тексеру бақылаудың
құрамдас бөлігі, оқытушы мен оқушының арасындағы кері байланысты құрайтын
негізгі дидактикалық функциясы болып табылады, педагогтың оқу материалының
меңгеру дәрежесінің объективті ақпаратын алуы, өз уақытында тапқан білім
берудегі кемшіліктер мен проблемаларды табуы. Тексеру тек қана оқушылардың
білім алу деңгейі мен сапасы анықтайтын мақсат емес, сонымен қатар оқыту
еңбегінің соңғы ауқымдылығы. Бақылау тексеруден басқа өзінде бағалау
(процесс сияқты) және тексеруді бағалау (нәтижесі сияқты).
Білімді сандық бағалау, оқушылардың алған біліктілік пен дағдылары
берілген балл (белгі) арқылы көрінеді, ал сапа мұғалімнің баға қоюдағы
пікірі мен қорытындысы, оқушылардың жауаптарының артықшылығы немесе
кемшілігінің сипаттамасында ұстайды.
Білімді бағалау, біліктілік пен дағды дидактикада анықтауыш процесс
ретінде, сандық және сапалық көрсеткіші теориялық және практикалық білім
беру дайындығында бағалау талаптарында қарастырылады.
Үлгерім табельдерінде, класс журналдарында, базаларда және т.б.
бағаларды белгі түрінде бекітеді.
Оқушылырдың үлгерімін бағалау негізінен бақылаулардың нәтижелерінен
көрінеді. Сонымен қатар оқушылардың жұмыстары сапалық жағынан да, сандық
көрсеткіші жағынан да ескеріледі. Бақылау әдістері – оқушылардың оқыту-
танымдық әрекеттерін және мұғалімнің педагогикалық әрекеттерінің
нәтижелерін анықтайтын тәсілдер.
Бағалаудың функциялары. Бағалау, оқыту процессінің басқа да
компоненттері сияқты, белгілі бір анықталған функцияларды орындайды.
Функция – сол немесе басқалай органдардың орындау қажет міндеттерді
жүргізетін жұмыс.
Бағалау функциясы – бұл сол жұмыстың қосылған рецетивті орындауға
шақырылған – бағаланушының салыстырмалы әрекеті. Бұл байланыста, кейбір
әдіскерлердің ерекшелеген, бағалау функциясын талдаудың мәні бар.
Оқытушының бағалау функциясы. Оқытушының маңызы немесе дамытушылығы,
тексеру функциясы ғалымдар көргендей, оқушылардың бақылау жұмыстарын
орындауы кезінде олардың алған мінезін жетілдіреді және жүйелейді. Оқушылар
өздерінің білімі мен біліктілігін сабақ барысында қолданса, жаңа туындаған
жағдай кезінде физикалық құбылыстарды түсіндіре алады, бұл оқушылардың тіл
байлықтары мен ойлау қабілеттерінің жақсы дамуына себебін тигізеді.
Бағалау функциясының тәрбиелеушісі бүтіндей ілеспелі болып табылады,
бірақ басым бола алады, мысалы үшін, егер мұғалім жекеленген оқушыларды
жүйелік жұмысқа үйретуге ұмтылса, олардың психологиялық ерекшеліктеріне
(ерік пен жадты дамыту, және т.б.) әсер етуге талпынса, оларды бағамен
ынталандыра, керексіз өзіне өзі сенушілігі бағалаудың қатал түріне алып
келеді.
Бағалау функциясын бағдарлайтын оқушылар мен мұғалімнің еңбек
нәтижелерінен хабардар болуынан тұрады, жекеленген оқушылар және бүкіл
сыныпты оқытуда жеткен мақсаттар жайлы ақпаратпен мұғалімді жабдықтау.
Бақылау шараларының нәтижесі оқушылардың алған білімдерінің кемшіліктері
мен проблемаларды жеңу әрекеттеріне бағыттайды, ал оқушыларға - өз
қателерін айқындау және түзеу кезінде көмектеседі. Онымен қоймай,
тексерудің нәтижесі оқыту процессінің табысы туралы мектеп дирекциясына
және ата-аналарға ақпарат береді.
Ынталандырушы функция. Бағалаудың басқа да маңызды рольдері ойнайтын
жақтарын да ұмытпау қажет. Оқушылардың бақылау жұмыстарына, зачетке,
емтиханға арнайы дайындалатындары белгілі. Барлық оқушылар берілген
тапсырмалардың барлығын мұғалімнің қатысуымен орындайды. Бір сөзбен, бары
немесе бақылауды күту оқушылардың оқыту әрекеттерін ынталандыру олардың
оқыту әрекеттерінің қосымша мотивтері болып табылады. Бірақ бағалаудың өзі,
айтып кеткендей, бақылау өз шегінен шығады және өзімен нығаюды ұсынады,
егер оны оқыту мақсатында қолданса, тек қана жазалау мақсатында ғана емес.
Әрине ол өздігімен, оқытудың күй-жағдайы туралы ақпаратсыз оқыту
процессін үздік бақылау мүмкін емес, ал оқушылардың жүйелік жұмыстарысыз,
ынталандырусыз әрине көзге елестету қиын, олардың дағдылары мен
біліктіліктерін ұйымдастыруға болмайды. Бағалаудың функциясын тек қана
мұғалім іске асырады. Оқулықтың анықтама материалын, сонымен қатар оқыту
машиналары өзін-өзі бағалаудың қолайлы шарттарын жасайды, шынайы бағалауды
бұрынғыша тек мұғалім жасай алады.
Бағалау түрлері
Оқушылардың білімін бағалау формасы және біліктілігі – бақылау
жұмыстарын орындауда оқушылардың әрекеті көп санды, әртүрлі түрлері болады.
Бағалаудың түрлері өте көп, өйткені әрбір мұғалім өзіне жақсы деген бақылау
түрлерін, жұмыстарын ойластырып, ұсынуға құқылы.
Оқытудың әртүрлі кезеңдерінде бағалаудың әртүрлі түрлері қолданылады:
- күнделікті сабақ барысында, ағымдық бақылау және білімді бағалау;
- әр тоқсанның соңында жүргізілетін, тоқсандық бақылау және білімді
бағалау;
- оқушылардың бір жыл көлеміндегі үлгерімділігін бағалау, білімнің
жылдық қорытындысы;
- түлектік және ауысу емтихандары;

Білімді бақылау және бағалаудың түрлері, әдістері мен формалары

Оқушылардың білімін, біліктілігін және дағдысын бақылау оқу
процесінің құрамдас бөліктерінің бірі болып табылады. Көпшілік жағыдайда
бақылаудың қортындысынан бүтіндей оқу процесінің жетістіктерін көруге
болады.
50-жылдар әдебиеттерінде оқушылар оқу материалын сабақта немесе
оқулықта пайдаланғандай емес, мұғалім қалай сұрайды, солай меңгереді деп
көрсетілген. Педагогика ғылымында бақылау мәселесінің әр түрлі қырлары
қарастырылады. Бақылаудың жалпы дидактикалық мәселелері С.И. Архангельский,
В.П Беспалько, В.И. Михеева, Б.П. Есипов, Т.И. Ильина, Н.М. Розенберг, Е.И.
Перовский, Л.С. Рысс, Г.И. Щукина және тағы басқалар еңбектерінде
зерттелген.
Білім беру саласындағы бақылау мәселесі көптеген ғалымдардың
зерттеулерінде талай жылдан бері орын алып келеді.
Оқушылардың білімін тестік бақылау мәселелері Қазақстандық
ғалымдар Ғ.М. Мутанов, Е.Ө. Медеуов, Е.Ы. Бидайбеков, Т.О. Балықбаев, С.С.
Джузбаев және тағы басқа еңбектерінде зерттеледі.
“Бақылау” ұғымы оқушылардың білімін, біліктілігін айқындау, өлшеу
және бағалау деген түсінікті білдіреді. Айқындау және өлшеу тексеру деп
аталады. Сондықтан мұғалімге оқушы біліміндегі жетіспеушілікті дер кезінде
анықтауға мүмкіндік беретін, оқушылардың оқу материалын меңгеру дәрежесі
туралы дәйекті ақпарат беретін тексеру бақылаудың құрамдас бөлігі болып
табылады. Тексерудің мақсаты – оқушылардың білімді меңгеру деңгейі мен
сапасын анықтау ғана емес, сонымен қатар алған білімінің көлемін де
анықтау. Тексерумен қатар бақылау жеткен жетістікті бақылауды және тексеру
нәтижелерінің бағасын қамтиды. Бақылаусыз жеке тұлғаның қалыптасуы мен
дамуын қамтамасыз етуге болмайды. Бақылаудың психологиялық - педагогикалық
мәні – оқушыларға дер кезінде көмек көрсету, олардың шығармашылық күшіне,
қабілетіне сенім білдіру, оқушыларды оқу тапсырмасын нәтижелі етіп орындау
үшін ынталандыру және іске жұмылдыру. Бақылау процесінде мұғалім оқушыларға
ерекше көңіл бөліп, құрмет сезімін білдіруі керек. Бақылау процесінде
оқушылардың алған білімді игеруі және оның баяндылығы бойынша оқу
жұмыстарының сапасы туралы толық мәлімет алу өте қажет.
Бақылау әдістері, функциялары, ролі мен алатын орны тәрізді
маңызды мәселелер отандық, сонымен қатар шетелдік мамандар еңбектерінен
орын алады.
50-жылдардың аяғында Е.И. Перовский кеңсе мектебінде жинақталған
тәжірибені қортындылау негізінде оқушылардың білімін бақылау қағидалары мен
өту аясын тұжырымдады, сонымен қатар бақылаудың тұрпаты мен әдістерін,
бақылау тапсырмаларының түрлерін сипаттады.
Зерттеулерде педагогикалық бақылаудың диагностикалық, үйретуші,
дамытушы және тәрбиелеуші сияқты негізгі міндеттері көрсетіледі. Сонымен
қатар бақылаудың қайталаушы, бекітуші және жалпылаушы қызметтері бөлініп
көрсетілді. Оқушының білімін және біліктілігін бақылау мәселесі бойынша
дидактиканың негізгі жетістіктерінің бірі бақылаудың әрбір қызметінің мәнін
көп қырынан айқындау болып табылады.
Диагностикалық қызмет бүкіл бақылау мәселелері үшін айрықша және
аса маңызды қызмет болып табылады. Оқушының үлгерімі – оқыту тиімділігінің
маңызды өлшемдерінің бірі. Оның нәтижесі оқытудың әртүрлі кезеңінде білім
мен біліктілікті игеру барысын сынауға, сонымен бірге оқу процесінің
оңтайлылығын арттыруда қолданылатын құралдар мен әдістердің тиімділігін
салыстыруға мүмкіндік береді.
Бақылаудың маңызды қызметтерінің бірі үйретушілік болып табылады.
Бұл қызмет аясын оқушылардың жаңа білім мен біліктілікті меңгеру және
оларды бақылау тапсырмалары арқылы жетілдіру жолындағы іс - әрекеті деп
түсіну қажет. Білімді жетілдірудің өзі толықтыру, түзету, нақтылау жолдары
арқылы жүзеге асады. Бақылау тапсырмаларын орындау барысында оқушылар өткен
материалды ой түйінінен өткізіп, оның жеке бөліктерін тұтас біртұтас жүйеге
біріктіреді. Үйретушілік қызметінің рөлін бақылау процесінде оқыту ұғымымен
түсіндіру қажет. Бұл ұғым мынадай құрамдас бөліктерден: бақылау барысында
жаңа ұғымдарды бөліп алу; басты және қосымша ұғымдарды ажырату; білімді
тереңдету; түсініктерді жіктеу; қосымша ақпарат алу; жаңа жағыдайларда
алған білімді қолдана білу; алынған білімді шығармашылықпен түйіндеу;
білімді күнделікті іс - әрекетте пайдалану мүмкіншілігінен тұрады.
Бақылау барысында мұғалім оқушыдан дәлелдеуді, негіздеуді,
дәйектеуді, себеп - салдарлық байланыстарды анықтауды талап еткен жағыдайда
ғана дамытушы қызмет көрінуі мүмкін. Бақылау оқушының ойлау қабілетін
дамытады, өйткені бақылаудың кез - келген түрінде оқушыға жұмыс істеу,
қажетті білімді еске түсіру және оны өңдеу қажет. Бұл процестердің барлығы
ойлануды қажет етеді.
Оқу сапасын бүтіндей жақсартуды бақылаудың қайталаушы және
бекітуші қызметтері қамтамасыз етеді. Мәселені әртүрлі деңгейде
қарастыруды, оқу материалын қайталауды бақылаудың жалпылаушы қызметі жүзеге
асырады. Кері байланысты алуды және оны ұйымдастыруды бақылаудың басқарушы
қызметі қамтамасыз етеді.
Білім мен біліктілікті бақылау мәселесінің маңызды құралының бірі
оның барлық қызметтерін табысты жүзеге асыруға мүмкіндік беретін шарттар
мен құралдар болып табылады. Ол үшін бақылаудың әртүрлі әдістері мен
түрлерін жүйелі түрде қолдану жеткілікті.
А.С. Аванесов, В.П. Беспалько, Р.М. Соколов және тағы басқа
зерттеушілер оқытуды бақылаудың байырғы түрлері үнемі объективті, нақты
(валидті) және сенімді бақылау әдісі бола бермейтінін атап көрсетті.
Бағаның субъективтілігі, бақылау қортындыларын қайта қалпына
келтірмейтіні дидактикалық процесте нақты және пәрменді шешімдерді
қабылдаудың және оны жетілдіру жолдарын табу мүмкін еместігіне әкеледі,
демек, педагогикалық бақылаудың байырғы әдістерінің жеткіліксіздігін
көрсетеді.
Тәжірибе білімді бақылауды үйымдастырудың үш негізгі түрін
(жекеше, жаппай (фронтальді), топтап) және білімді бақылаудың: алдын ала,
күнделікті, аралық және қортынды бақылау сияқты төрт түрін ұсынады.
Бақылаудың әр түрі өзінің міндетін орындайды, сонымен қатар олар бір -
бірімен және оқыту процесінің құрамдас бөліктерімен тығыз байланысты
болады.
Алдын ала бақылау мұғалімді материалдың күрделілігінің мүмкін
болатын көлемін шамалауға бағдарлай отырып, білімнің негізгі деңгейіне
диагностика жасауға қызмет етеді және алдын ала табысты жоспарлау мен
бақылаудың алғы шарты болып табылады.
Күнделікті бақылау оқыту процесінің оқушының оқу материалын
меңгеру дәрежесін анықтайтын табиғи бөлігі болып табылады. Күнделікті
бақылаудың міндеттері мынадай:
1) Оқытылған материалды меңгеру көлемін, сапасы мен тереңдігін анықтау;
2) Білімдегі бар олқылықтарды анықтап және оларды жою жолдарын белгілеу;
3) Оқушының өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын меңгеру деңгейін анықтау
және оларды жетілдіру жолдарын белгілеу;
4) Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Жеке тараулар мен тақырыптарды оқу сапасының көрсеткіші аралық
бақылау болып табылады. Егер күнделікті бақылау меңгерудің бірінші
деңгейін, яғни тақырып бойынша жалпы бейімділігін барлау мақсатында
өткізілетін болса, тақырыптық бақылау алынған білімді меңгерудің беріктігін
бірталай уақыт өткеннен кейін бақылауға мүмкіндік береді. Тақырыптық
бақылау пәнінің көлемді тарауларын, бөліктерін қамтиды, бақылау жалпылаудың
жаңа, неғұрлым жоғарғы дәрежесінде өткізіледі. Қорта келгенде, аралық
бақылау оқушыларға бағдарлама тақырыбын толық қабылдауға және меңгеруге,
оның басқа тақырыптармен байланысын ашуға мүмкіндік береді, мұның өзі оқушы
білімін бір жүйеге келтіруге жағыдай жасайды.
Бақылау - бұл педагогикалық басшылықтың және оқушылардың танымдық іс-
әрекеттерін меңгерудің функциясы. Бақылаудың педагогикалық Бақылаусыз жеке
адамның дамуы мен қалыптасуын басқаруға болмайды. Психологиялық мәні
оқушыларға дер кезінде көмектесу болып табылады. Олардың шығармашылық
күшіне, қабілетіне сенім білдіру, оқушыларды оқу тапсырмасын нәтижелі етіп
орындауға ынталандыру және іске жұмылдыру.
Дидактикада мынандай бақылау түрлері бар: ағымдық, аралық, қортынды
және өзін - өзі қадағалау.
Ағымдық бақылаудың мақсаты - сабақтың қалай меңгеріліп жатқанын
анықтау және әр сабақты бағалау үшін, бақылаудың нәтижесі бойынша мұғалім
сона жеке оқушылар мен бүкіл сыныптың жұмысын зерттеу. Артта қалған
оқушыларға мұғалімнің оқушылардың келесі жаңа тақырыпты меңгеруге
дайындығын анықтайды. Зейінін аударуы бәрі ағымдық бақылаудың ерекше
айырмашылығы. Оқу материалымен танысу, біліктілігін қалыптастырып,
тереңдетіп, ағымдық бақылау процесінде оқушылардан өткізіліп жатқан оқу
материалының сатысына сәйке келетін білімді ғана талап ете алады.
Бақылаудың тағы бір түрі - өзін - өзі қадағалау. Әр бақылау кезінде
оқушы нені үйренгенін біліп қана қоймай оқу процесінде оқушылармен үнемі
өзін - өзі қадағалап өзін - өзі бағалап отыруы қажет. Нені меңгермей
қалғанын және қандай қателіктер жібергенін және мұғаліммен қойылған бағаның
әділ екенін білуі тиіс және өзінің білімін, өз бетінше білімін қалай
тексеріп бағалауға болатынын білуі қажет.
Өзін - өзі тексеру арқылы оқушылардың алған біліміне сенімі артады,
орындаған жаттығу, ол үшін оқушыларды бағалау критериімен таныстырып есеп
шығару және тәжірибе жұмыстарының нәтижесін бағалайды. Білімге қойылатын
талаптың және оны бағалау критерийлерінің нақты қойылымы оқушылырдың
білімге деген саналы қатынасын тәрбиелейді, оқушылардың өзінің
дайындықтарының деңгейлерін дұрыс бағалауға және түсінуге көмектеседі.
Оқушыларды біртіндеп өз білімдерін мазмұны бойынша бағалауға үйретуге
көмектеседі.
Қортынды бақылау оқушылардың алған білімдерінің мазмұнының сапалылығы,
тереңдігі және көлемі бойынша бақылауға, оны іс жүзінде қолдану
біліктілігін анықтауға қызмет етеді. Қортынды бақылау бақылаушылық міндетін
басқа бақылаудың түрлеріне қарағанда әлдеқайда жоғарғы дәрежеде жүзеге
асырады.
Оқушылардың білімін бақылау әртүрлі әдістермен, атап айтқанда,
ауызша, жазбаша, бағдарламалы және тестік бақылау түрінде іске асырылады.
Ауызша түріне жататындар: тақта алдында сұрау, жаппай (фронтальді)
сұрау, көзбен шолып бақылау (ескерту, талқылау, баяндамалар), оқушылардың
өзара бақылауы, сынақ, емтихан.
Білім берудің қазіргі жүйесінде оқушының білімін бақылаудың кең
таралған түрі бақылаудың ауызша түрі болып табылады. Ауызша бақылау түрі
әрбір сабақта оқушының өткен сабақтың тақырыбын қалай меңгергендігін
қысқаша бақылау ретінде өткізіледі. Қортынды бақылау алдында ауызша бақылау
көбірек өткізіледі және жеке - даралық сипатта болады. Барлық ресми
емтихандарда бақылаудың ауызша түрі маңызды роль атқарады. Соған қарамастан
ол бақылаудың аз зерттелген түрі болып табылады, өйткені ауызша жауап ұзақ
уақыт бойы оны қайтадан талдауға мүмкіндік беретін түрде бейнеленбей
келеді. Алғашқы зерттеулер көрсеткендей, білімді бақылаудың ауызша түрі
нақты (валидті), сенімді және объективті емес. “Қарама қарсылық әсері”:
нашар оқитын оқушыдан кейін жақсы оқитын оқушы жауап берген кезде немесе
керісінше жағыдайда балл шашыраңқылығы 2,95 - тен 3,84 (5 балдық шкалада)
береді. “Сөйлеу қарқынының әсері”: жылдам, баяу – 2,51 - ден 3,38 - ге
дейін. Мұғалім оқушының сөйлеу қарқынының жоғарылығы оның білімінің
тереңдігін және қабілетінің жоғарылығының белгісіндей көрінеді. Өткенді
қайталау мақсатында ауызша бақылау кезінде әрбір оқушыға әртүрлі қиындық
дәрежесінде сұрақтар берілетіні, бұл сұрақтардың қиындықтарындағы
айырмашылықтарды мұғалім қате қабылдаитыны дәлелденгенін үнемі есте ұстауы
қажет. Өткен материалды қайталау мақсатында өткізілетін мұндай бақылауларды
оқушының үлгерімін бақылауда қолдануға болмайды.
Емтихан алушыға бір күнде бірнеше ауызша емтихан қабылдауға
болмайды, өйткені “жауап кезектілігі әсерін” бақылау мүмкін емес.
Сондықтан, оқушының үлгерімін бақылауда ауызша бақылау жарамсыз құрал болып
қалады.
Дегенмен, оқушыны оқытуда ауызша сұрау үлкен роль атқарады, ол
мұғалімге оқушыларды өз ойын айтуға үйретуге мүмкіндік береді. Оқушы өз
ойын сауатты түрде айтып үйреніп, сонымен қатар ойлай білуге де үйренеді.
Соған орай, ауызша бақылау мәселесін көтергенде мыналарды ескеру керек:

1) Жауапта барлық маңызды нәрселер айтылады ма;
2) Оқулыққа не қосылды;
3) Баяндау реті;
4) Ой түйіндерінің дәйектілігі;
5) Оқушының сөйлеуі.
Оқушы жауабының мынадай жобасын ұсынуға болады:
1) Не туралы сөз болуда;
2) Не алынуы керек;
3) Бұл қалай алынады.
Бақылаудың жазбаша түрінде бақылау жұмыстары, диктанттар, рефераттар,
карточкалар бойынша жауап беру, тәжірибе жұмыстары, сынақ, емтихан жатады.
Білім беру жүйесінде емтихандық жазба жұмыстары ең жиі қолданылатын бақылау
құралы болып табылады. Бірақ зерттеулерде бір ауыздан дәстүрлі жазбаша
білімді бақылаудың әділдігі, нақтылығы, сенімділігі жеткіліксіз екені және
сыныптан сыныпқа, пәннен пәнге өткен сайын баға ауқымында айтарлықтай
айырмашылықтар пайда болатыны дәлелденді. Жазба жұмыстарының әділдігі
жеткіліксіз екенін көрсеткен зерттеулердің қортындысын жалпылай келе,
барлық пән бойынша емтихан жұмысының бағасына мыналар әсер ететінін
көреміз:
1) Жазба жұмыстарының сыртқы түрі;
2) Бағалаудың реті;
3) Сыналушы туралы белгілі болған ақпараттың сипаты;
4) Грамматикалық қателері;
5) Қолтаңба;
6) Оқушыға көзқарас;
7) Сыныптың үлгерім деңгейіне қатысты бағалаудың салыстырмалы жүйесі.
Жазба жұмыстарының сенімділігі мен нақтылығын зерттеуде жағымсыз қортынды
берді. Баға қойғанда, мұғалім сапаның абсолюттік ауқымына емес, сынып
үлгеріміне бағдарланған жеке сапа ауқымын алады. Оқушының біліміне алған
бағасы оның білімінің сапасы емес, бүкіл сыныпқа қойылатын бағаға және
сонымен қатар оқушыны бағалаушы мұғалімге де тәуелді болады. К. Ингенкамп
өзінің зерттеуінде бір пәннің өзі, егер ол мектепте негізгі болмаса, әр
түрлі бағаланатынын, яғни пәннің “қиындығы” оның мазмұнына тәуелді емес
екендігін дәлелдейді.
Бақылаудың бағдарламалы түріне есепті шығару, бақылау және
лабораториялық жұмыстар, әр түрлі жоба - сызбалар жатады. Бағдарламалы
бақылау оқу процесінің табиғи бөлігіне айналды, ол оқушы мен мұғалім
арасындағы кері байланысты қамтамасыз ететін құрал болып табылады. Әрбір
оқушы бір тақырыпты меңгергеннен кейін басқаларды күтпей, келесі тақырыпты
оқи алады, яғни оқыту саралап оқыту сипатына ие болады. Оқушы дұрыс жауап
бермеген жағдайда пәннің меңгерілмеген тақырыптарын қайта оқуға мүмкіндік
алады, оқыту қарқыны жекешелендіріледі. Бірақ көптеген мектептерде
материалды техникалық базаның жоқтығына байланысты бағдарламалы бақылау көп
таратылмаған.
Тестік бақылау – оқушының жетістіктерін неғұрлым әділ бағалауға
мүмкіндік беретін, арнайы жасалған ғылыми - ұтымды процедура.
Білімді тексерудің әдістері: бақылау, кітапты қолдану, ауызша бақылау,
жазбаша бақылау, практикалық жұмыс, дидактикалық тесттер.
Бақылау мұғалімнің күнделікті жұмысы барысында оқушының білімі туралы
мәліметтері, бұл әдіс оқушылардың білім деңгейлері туралы олардың өзінің
жұмыс орнын ұйымдастыру, жұмыс істеу тізбегі, Бақылауды жүргізіп жатқан
кезде оқушылардың темпераментімен жұмысқа қабілеттілігі мен өз бетімен
жұмыс істеуі туралы мәлімет береді.
Практикалық бақылау әдістерінің мақсаты оқушылардың практикалық
біліктілігі мен дағдысын, белгілі бір тапсырмаларды орындаған кезде білімін
қолдана алу олардың қабілеттігін тексеру. Тесттік бақылаудың жақсы жағы -
оның объективтілігі. Дидактикалық тесттер психологиялық тесттілеу мен
бағдарламалық оқытудың негізінде қалыптасты. Түрі басқа әдістерде болатын
эксперттің яғни мұғалімнің субъективизімін алып тастайды.
Дидактикалық тесттер - белгілі бір пән бойынша құрастырылған
стандартты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың зерттеушілік қабілетін дамыту
Мектептік биология курсының белгілі бір тақырыптарын оқытуда жобалар әдісін пайдалану: өткені, бүгіні мен болашағы
Оқушылардың жобаны орындауы
Технология мен әдістеменің ерекшеліктері
Орта мектептің химия курсында «Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары» тарауын В.М.Монахов технологиясымен оқыту әдістемесі
Оқыту технологияларының түрлері мен мазмұны
Ағылшын тілі сабағында жобалау әдісін қолдану
Деңгейлеп оқыту технологиясы. Жобалап оқыту технологиясы
Инновация ұғымының мәні
Жоғары мектептегі педагогикалық технологиялар
Пәндер