Морфометриялық карталарды құрастыру принципі



КІРІСПЕ
I. Қаратау жотасының физикалық.географиялық сипаттамасы.
1.1. Қаратау жотасының географиялық орналасуы.
1.2. Гидрографиялық жүйесі.

II. Морфометриялық карталарды құрастыру принципі.
2.1. Горизонталь тілімдену картасы.
2.2. Вертикаль тілімдену картасы.
2.3. Эндогендгендік және экзогендік процестер.
2.4. Морфометриялық карталардың практикалық маңызы.

ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Топографиялық және гипсометриялық карталармен қатар рельефті бейнелейтін морфологиялық және морфометриялық карталар, рельефтің морфометриялық көрсеткіштерін және геоморфологиялық мағынасын білдіреді. Бұл карталар рельеф құрылуынан бөлек таза практикалық мақсатта рельефтің сырт пішімін бейнелеу үшін құрастырылады. Бірақ рельеф морфометриясы үлкен жалпыгеографиялық қызығушылық тудыруда. бұл карталар жербедерінің рельефін үлкен дәлдікпен және обективтілікпен көрсете алады. Бұл дәлдік ғылыми түсініктемеде үлкен мүмкіншіліктер береді. Міне осы мақсатта геоморфологиялық карталарда арнайы морфометрияляқ сипатын білдіретін белгілер енгізілді (Ірі масштабты геоморфологиялық карталар Бельгия, ГФР).
Жер бетінің көрінісі оның физиономиялық ерекшеліктерімен фотосуреттер, фотосхемалар және фотопландарда жергілікті жердің жақсы жарықтануында фотографиялағанда алынады. Рельефтік карталарды, модельдерді фотографиялауда дәл осылай жүргізіледі.
Тақырыптың мақсаты: Морфометриялық карталардың құрастырылу принциптерімен, түрлерімен танысу. Қаратау жотасының физико-географиялық сипаттамасын беру. Морфометриялық карталардың практикалық маңызын көрсету.
1. С.А.Құсайнов "Жалпы Геоморфология" Қазақ Университеті. Алматы2006 13бет.
2. А.И.Спиридонов "Геоморфологическое Картографирование" Москва "Недра" 1975 г. 90-110 бет.
3. "Геодезия и Картография" журнал. И.В. Флоринскийдің статиясы 25бет.
4. Берлянт А.М. Электронный Глобус-географическая основа глобального картографирования. Вестник Московского университета. Сер.География.-2006.-№4-б-34-39.
5. "Геоморфология" журнал. 2007г. №4. 33-36,40 беттер.
6. Философов.В.П." Происхождение и возрост поверхности выравнивание ценральной части горных хребтов." 1966 г.

ЖОСПАР

КІРІСПЕ
I. Қаратау жотасының физикалық-географиялық сипаттамасы.
1. Қаратау жотасының географиялық орналасуы.
2. Гидрографиялық жүйесі.

II. Морфометриялық карталарды құрастыру принципі.
1. Горизонталь тілімдену картасы.
2. Вертикаль тілімдену картасы.
3. Эндогендгендік және экзогендік процестер.
4. Морфометриялық карталардың практикалық маңызы.

ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ
Топографиялық және гипсометриялық карталармен қатар рельефті
бейнелейтін морфологиялық және морфометриялық карталар, рельефтің
морфометриялық көрсеткіштерін және геоморфологиялық мағынасын білдіреді.
Бұл карталар рельеф құрылуынан бөлек таза практикалық мақсатта рельефтің
сырт пішімін бейнелеу үшін құрастырылады. Бірақ рельеф морфометриясы үлкен
жалпыгеографиялық қызығушылық тудыруда. бұл карталар жербедерінің рельефін
үлкен дәлдікпен және обективтілікпен көрсете алады. Бұл дәлдік ғылыми
түсініктемеде үлкен мүмкіншіліктер береді. Міне осы мақсатта
геоморфологиялық карталарда арнайы морфометрияляқ сипатын білдіретін
белгілер енгізілді (Ірі масштабты геоморфологиялық карталар Бельгия, ГФР).
Жер бетінің көрінісі оның физиономиялық ерекшеліктерімен
фотосуреттер, фотосхемалар және фотопландарда жергілікті жердің жақсы
жарықтануында фотографиялағанда алынады. Рельефтік карталарды, модельдерді
фотографиялауда дәл осылай жүргізіледі.
Тақырыптың мақсаты: Морфометриялық карталардың құрастырылу
принциптерімен, түрлерімен танысу. Қаратау жотасының физико-географиялық
сипаттамасын беру. Морфометриялық карталардың практикалық маңызын көрсету.

I. Қаратау жотасының физикалық-географиялық сипаттамасы.

1. Қаратау жотасының географиялық орналасуы.
Қаратау жотасы Қазақстанның ең көріктіжәне ерекше аймақтарының бірі(1-
сурет). Барлық ғылыми Экспедициялар және зерттеушілер Қаратау жотасының
әсемдігін және өзіндік табиғатын атап өткен. Қаратау жотасының басқа Тянь-
Шань жоталарымен салысыстырғандағы ерекшеліктері мұнда қорық ұйымдастыру
керектігін байқатты[1,3].
Қаратау жотасы Тянь-Шань тау жүйесінің және Қырғыз, Талас
Алатауларының солтүстік-батыс аймағында орналасқан. Осы жоталардан Арыс-
Талас дисперсиясы бөліп тұр. Солтүстік-батысқа қарай Қаратау жотасы
төмендей береді және Шу, Сарысу, Сырдария өзендерінің жаңа түзілімдерімен
жалғасады. Оңтүстік беткей жазық дисперсиямен екі сілемге бөлінеді: Шығыс,
немесе Кіші Қаратау және оңтістік-батыс, немесе Үлкен Қаратау.
Үлкен Қаратау алып жатқан аумағына байланысты үш теңдей бөлікке
бөлінеді:
1. Солтүстік ( 68 гр ш. е. батысқа қарай)
2. Орталық ( 68-69гр ш. е.)
3. Оңтүстік ( 69гр ш.е.шығысқа қарай)

Қаратаудың жер бедері ортатаулықтан төменгіге дейін. Жотаның орталық
бөлігінде абсалюттік биіктіктері 2 мың метр теңіз деңгеиінен асатын шыңдары
орналасқан. ( ең биік тау- Бессаз тауы 2176 м.)

1-сурет. Қаратау жотасы.

Жотаның орталық бөлігін шығысқа қарай, Мыңжылқы суайырығынан кейінгі
учаскеде – Бессаз тауы 600 метрге дейінгі деңгейге төмендейді (урочище
Қоботай). Бұл Қартау жотасының ең төменгі бөліктері.
Орталық Қаратаудан солтүстік-батысқа қарай жота біршама баяу
төмендейді. Абсалюттік биіктігі 1220-дан 562 (Қасқатау тауы) және 269м.
теңіз деңгейіне дейін (Дәүіт); солтүстік-батысқа қарай одан әрі жота
азжоталы-шөлді жазыққа айналады.
Қаратау жотасының жер бедері негізінен тең суайырық учаскелер, таудың
терең аңғарларына бөліктенген болып келеді. Тегіс үстірттен жарлы Бессаз,
Келіншек шыңдары көрініп тұрады.Солтүстік және оңтүстік жағында өзара
биіктіктер бәсеңдейді, жотаның шеткі бөліктерінде, олар 150-200 м. құрайды.
Орталық және оңтүстік Қаратау арасында жататын ені кішіреймейді, мысалы:
солтүстік-батыс бөлігінде жота ені 60 км. болса, бұл аймағында 8-10к м-ден
аспйды.
Қаратау жотасы ендігінен ассиметриялық болып келеді, оңтүстік-батыс
беткейі жазық-жайпақ болып ( 25-35 км дейін), солтүстік-шығыс бөлігі тар
және құлама болып келеді. Оңтүстік-батыс беткей 2-4 градусқа төмендейді.
Жотаның жер бедері оңтүстік-батысқа қарай бір қалыпты төмендей береді, ал
Орталық Қаратауда Ақұйық, Орталық, Белмазар және Жамантай үстірттерінен,
жарлы өзен аңғарларынан тұрады. Оңтүстік-батыс беткей біртіндеп тау алды
жазығына айналып өтпелі зонада ұсақшоқылар пайда болады.
Жотаның жанында шыңдары жазық болып келетін, максималды биіктігі 480 –
540 м. болып келетін төбелер орналасқан. Бұл төбелер жазық төбе
аңғарларымен бөлінген, бұлар ландшафттың сипаттамалары болып келеді[2].
Қаратаудың солтүстік шығыс сілемі өзінің енінің мардымсыздығына
қарамастан (9км) құламалығымен сипаттамаланады, әсресе Орталық Қаратаудың
орналасқан жерінде құламалығы анық көрінеді, онда ылдилық кей жерлерінде 35
градусқа жетеді. Беткей негізінен шыңдармен жоталар жүйесінен тұрады, терең
өзен аңғарларымен бөлінген, рельефтің төбелі аудандары аз кездеседі.
Негізгі сипаты – тез байқалатын сатылық, суайрық орналасқан үстіртті құлама
беткей жағында тез байқалады. Үстірт 1500-1600 метрден төмен суайрық
беткейінде. Рельеф ярусы тегіс үстірт құрамайды, ол сүйір айдар жүйесіне
ұқсас, көбіне төбелі аудандар абсалют биіктік тері бірдей емес.
Геологиялық жағынан Қаратау жотасы былайша сипатталады бұл биік емес,
қатпарлы полеозой жотасы, бұзылуға жол берілген. Оның өсі солтүстікке қарай
көтеріледі және әрине оңтүстікке қарай жоғарғыдевон және карбон қалдықтары
орналасқан[5].
Геологиялық даму тарихы Қаратау жотасының жүйелік өзіндік көрсеткіш
бойынша анықтайды. Коледон қатпарлық эпохасында ел үлкен материк құраған,
бұл орта және жоғары девонда теңізге айналды. Қаратау жотасының жас түзілу
екенін есте сақтау қажет, қиын полеозой жыныстары, Тянь-Шань тау
түзілулеріндегі көтерілістер. Осыдан кейін тау жүйелері біріңғай материктік
масса құрды.

2. Гидрографиялық жүйесі.
Қаратау жотасының аумағында өзен торлары жақсы дамыған, солтүстік-шығыс
және оңтүстік-батыс макробеткейде де жақсы дамыған. Оңтүстік-батыс
макробеткейдегі өзендер Сырдария бассейніне және Арыстың оң жақ ағысына
жатады, солтүстік-шығыстағы өзендер Шу бассейніне жатады.
Өзен торларының таралуында біріңғай заңдылық бар. Барлық басты өзен
аңғарлары Үлкен Қаратаудағы жота өсіне перпендикуляр орналасқан және ылди
бойымен жүреді. Жанамалық ағыстар негізгі өзен аңғарларына сүйір бұрыш
жасап және бойлай қосылады. Солтүстік-шығыстағы өзендер негізгі аңғарларға
көлденеңде бойлайда қосылады. (коленчатые изгибы).
Оңтүстік-батыс макросклонындағы көптеген өзендер Сырдария өзеніне тек
көктем мезгілінде қүйяды[1].

II. Морфометриялық карталарды құрастыру принципі.
Топографиялық және гипсометриялық карталармен қатар рельефті
бейнелейтін морфологиялық жәнеморфометриялық карталар, рельефтің
морфометриялық көрсеткіштерін және геоморфологиялық мағынасын білдіреді.
Бұл карталар рельеф құрылуынан бөлек таза практикалық мақсатта рельефтің
сырт пішімін бейнелеу үшін құрастырылады. Бірақ рельеф морфометриясы үлкен
жалпыгеографиялық қызығушылық тудыруда. бұл карталар жербедерінің рельефін
үлкен дәлдікпен және обективтілікпен көрсете алады. Бұл дәлдік ғылыми
түсініктемеде үлкен мүмкіншіліктер береді. Міне осы мақсатта
геоморфологиялық карталарда арнайы морфометрияляқ сипатын білдіретін
белгілер енгізілді (Ірі масштабты геоморфологиялық карталар Бельгия, ГФР).
Жер бетінің көрінісі оның физиономиялық ерекшеліктерімен
фотосуреттер, фотосхемалар және фотопландарда жергілікті жердің жақсы
жарықтануында фотографиялағанда алынады. Рельефтік карталарды, модельдерді
фотографиялауда дәл осылай жүргізіледі[4].

1. Горизонталь тілімдену картасын құрастыру әдісі.
Рельефтің горизонталь тілімдену интенсивтілігі эрозиялық тор, дұрыс
және бұрыс формалардың орналасуы арқылы анықталады. Осы екі көрсеткіш
арқылы бір-бірін толықтыратын екі карта құрастырылады.
Ең алдымен топографиялық негізге эрозиялық пішіндердің немесе жеке
рельеф пішіндерінің тальвегі көрсетіледі, мұны горизонталь тілімдену
картасын құрастырғанда қарастырылады. Эрозиялық тілімдену жерлерінде барлық
аңғар торлары арқалықтарымен жыралар, тек аңғарлар мен арқалықтар, тек
жыралар қарастырылуы мүмкін. Осыған байланысты мынадай карталар бөлінеді:
жалпы эрозиялық тілімдену интенсивтілігі картасы, аңғарлық-арқалық
интенсивтілігі, арқалық-жыралық және жыралық тілімдену карталары.
Қазіргі кезде эрозиялық торды сипаттағанда эрозиялық пішін ретіне
үлкен мән беріледі бірінші ретті эрозиялық мынаны беріледі-салаланған
эрозиялық тор (жыралар, алқаптар), бүлар ешкандай ағысты қабылдамайды.
Екінші ретті эрозиялық пішіндер бірінші эрозиялық пішіндердің косылуынан
пайда болады. Үшінші ретті эроозиялық пішіндер екінші ретті пішіндерімен
біргуінен пайда болады. Бірақ ағыстардың аз мөлшерінің қосылыуы төмендегі
ағыс пішінін өзгертпейді.
Пішіннің қандай реті қарастырғанына юайлансты: эрозиядық тілімденудің
толық интенсивтілік картасы, эрозиялық тілімдену пішінің екінші ретті
интенсивтілігі картасы, үшінші ретті интинсивтілік картасы
құрастырылады[2].
Эрозиялық тілімденуінің тығыздық көрсеткіштер келесілер:
1) Аңғарлардың эрозиялық пішін тальвегі аудан бірлігіндегі.
2) Суайрық шыңдарының жақын арадағы тальвег қашықтығы.
Осыған байланысты сызықтық пішімденудің интенсивтілік картасының екі
түрі бар.
Аңғардың эрозиялық тор бірлігіндегі картасы. Горизонталь тілімденудің
көрсеткішін мына формуламен анықтайды:

K=LP
L – аңғардың эрозиялық торы.
P – аудан бірлігі.
Бұл формула гидрографиялық тордың тығыздығын анықтауда кеңінен
қолданылады.
Бұл карталардың құрылу реті мынадай. Ірі масштабты топографиялық
картаны алып онда барлық эрозиялық пішіндердің тальвегін көтереміз, бұлар
горизонталь тілімденуді бағалауда қолданылады. Осыдан кейін картографиялық
тордағы әрбір клеткадағы эрозиялық тордың жалпы аңғарларын анықтайды.
Алынған санды текшенің ауданына бөліп пішімденудің интенсивтілігін
анықтайды. Рельеф бөлшектерінің анықтығы текшенің көлеміне байланысты.
Текше кішірейген сайын дәлдік жоғары болады. Осыған байланысты карта
құрастырғанда клетка көлемін есеппен алу қажет.
Керекті дәлдікке және нақты геоморфологиялық жағдайға байланысты
байланысты әр бір картаны құрастырғанда клетка ауданын таңдау қажет, мысалы
1:100000 масштабтағы карталарға 4кв. см. деп алуға болады. Тілімденудің
интенсивтілік көрсеткіштері әр-бір клетка ішінде көрсетіледі. Барлық
есептеулер біткеннен кейін, шкала құрастырылады. Бұл шкала бойынша әр бір
шарты белгінің жанында эрозиялық тілімдену торы 1кв.км. көрсетіледі.
Картаны құрастырғанда шкаланы масштабқа байланысты таңдалады. Шкаланы
тиімді таңдау үшін қисықтық орналастыру қолданылады[2].
Шартты белгілер түрлі-түсті және бір түсті болуы мүмкін. Екі жағдайда
да бір ереже қолданылады: тілімденудің интенсивтілігі күшті болған сайын
бойауы немесе штриховкасы көп болады. Түрлі-түсті штриховканы қолданғанда
түстің ашықтан қойу түске ауысуға болады. Көбіне морфометриялық карталарды
құрастырғанда қоңыр түстер пайдаланылады. Штриховканы қолданғанда
тілімденудің интенсивтілігін анықтау үшін жұқа және ашық штрихтарды
қолданылады, тілімдену интенсивтілігі жоғарылаған сайын штрих қалындап және
тығыз болады.
Картаның шекараларын табиғи көрсету үшін әр түрлі амалдарды қолдануға
болады. Мысалы: шеткі бөліктерін туралау, бұрыштарын майыстыру және т.б.
Эрозиялық торлардың қашықтық сандарын клетканың орталық бөлігіне жазуға
болады. Қолданылған легендаға байланысты тілімденудің бірдей жерлерін
изолиниямен белгілеуге болады мұны изоденсы деп атайды.
Сандық мәліметтің санын көбейту мақсатында ысырылатын терезе әдісін
қолданады, бұл жерде есептік текшелер бір-бірін жартылай жабу қажет.
Есептік ауданның дәл осы көлемінде рельефтің тілімдену тығыздығы анықтау
төрт есеге артады. Бұл изоденстерді айтарлықтай сенімділікпен жүргізуге
мүмкіншілік береді.
Рельефтің тілімдену интенсивтілігі текше торына байланысты болғанда,
оның ауытқу қауыпы бар. Олар эрозиялық пішіндерге байланысты болып келеді.
Тілімдену биіктігі біршама асыра көрсетілуі мүмкін, егер тальвегтер
диогонал текшелерге тартылып тұрса. Биіктік бір шама аз көрсетілуі мүмкін
егер тальвегтер параллель орналастырылса.
Ірі масштабты карталарға қарап біз горизонталь тілімденудің ұсақ
масштабты картасын жасай аламыз, олардың шкалаларымен контурын негізге ала
отырып. Бірақ үлкен аумақты картографиялаған кезде топографиялық картаны
өңдеу жұмыстары өте көп уақытты және жұмысты талап етеді, сондықтан мұндай
жағдайларда 1:200000 және 1:500000 масштабтағы топографиялық карталар
қолданылады.
Картометриялық жұмыстарды көбейтпеу мақсатында ұсақ масштабты
карталарды құрастырғанда 1:1000000 масштабта жасайды. Бұл карталардан
рельефтің тілімдену интенсивтілігін анықтау үшін текшелерге үңілудің қажеті
жоқ, онда интенсивтілікті 125000 және 150000 масштабтағы карталардың
рамкаларынан анықтайды. Тілімдену интенсивтілігі әртүрлі осыған ұқсас
аудандарда кішігірім аумақтар таңдалады. Осыдан кейін ірі масштабты
карталарды қолдана отырып горизонталь тілімденуін анықтаймыз. Тілімдену
нәтижелерінің көрсеткіштерін талдай отырып дәл осы ауданды, негізгі картаға
түзетулер енгіземіз. Түзетулер енгізгеннен кейін бұл картадан тағыда ұсақ
масштабты карталарды құрастыруға болады.
Қарастырылған тілімденудің тығыздық көрсеткіші салыстырмалылықтың
өлшемі болып есептелінеді. Бірнеше морфометриялық көрсеткіштерде ол негізгі
болып табылады. Басқа көрсеткіштерде – жер бетінің тілімденуінің тереңдігі
( басқаша айтқанда, салыстырмалы биіктік) сонымен қатар жер бетінің
ылдыилық бұрышы, ол абсалюттік өлшем болып табылады және кез-келген нүктеге
анықтама бола алады.

2. Вертикаль тілімдену картасын құрастыру әдісі.
Рельефтің вертикаль тілімдену интенсивтілігі жер бетінің биіктік
ауытқу амплитудасына тәуелді, яғни дұрыс пішіндердің салыстырмалы
биіктігінің бұрыс пішімдердің тереңдігіне байланысты өзгерулері. Кез-келген
су айрық немесе баурайдың салыстырмалы биіктігі белгілі, олар сол баурайдың
құлама беткейінде денудация базисындағы сызықтың нүктесінде анықталады. Бұл
сызықты картада жүргізе отырып біз кез-келген нүктенің биіктігін
горизонталь қимасы мүмкіншілік беретіндей дәлдікте анықтаймыз.Егерде
картаның бетіне бірнеше сызық жүргізсек және сол сызықта биіктіктері бірдей
нүктелерді қоссақ онда біз салыстырмалы биіктікті анықтаймыз.
Салыстырмалы биіктіктер картасын құрастыру үшін төмендегі әдісті
қолданады. Ең алдымен топографиялық картада аңғарлармен арқалардың тальвег
сызығы жүрргізіледі, сонымен қатар су айырық сызықтарын жүргізеді.
қиылысатын горизонталь нүктелерінен аңғар немесе арқаның су айырықтармен
қиылысатын жеріне дейін құлама ылдилар сызығын жүргізіледі. Әр-бір сызықтың
горизонтальмен қиылысу нүктесін және салыстырмалы биіктігін белгілейді,
соңғысын оңай есептелінеді. Салыстырмалы биіктіктері бірдей нүктелер арқылы
өзара биіктік изолиниясын жүргізуге болады. Карта көркемдігін жоғарлату
мақсатында қабаттық бойяу немесе штриховка әдісін қолданады. Бұл картаның
ерекшелігі жер бетің шынайы өзара биіктіктерін, жергілікті денудация
базисына қарағанда, көрсетуінде. Әрине ол үлкен масштабты карталарда жүзеге
асады.
Жоғарыда айтылған әдіспен тереңдік тілімдену картасын және көшу
картасын жасауға болады. Бұл жағдайда беткейдің құламалық сызығы
горизонтальдің су айырық сызықтарымен қиылысу нүктесінен горизонтальдің
тальвегтермен қиылысына дейін жүргізіледі. Әр-бір сызықта горизонтальмен
қиылысу нүктелерінен тең көшу тереңдік изосызықтарын жүргізеді.
Тереңдік тілімдену карталарын құрастырғанда картаграммалық әдіс
кеңінен қолданылады. Бұл әдіс жұмысты біршама жеңілдетеді және
оңтайландырады. Топграфиялық негізді бірдей өлшемдегі текшелерге бөледі,
текше ауданы су айырық бассейндерінің ауданына сәйкес келеді. Орташа және
ұсақ масштабты карталарды құрстырғанда топорафиялық негіздердің 1:200000
және 1:300000 масштабтағы карталары алынады. Бұл карталарда трапеция торы
1:10000 масштабта жүргізілуі керек. Әр-бір текше немесе трапеция ішіндегі
ең биік және ең төмен нүктелерінің айырмашылығы есептелінеді. Есептеулер
айақталған соң тереңдік шкаласы құрастырылып, шекаралары анықталады. бұл
жұмыстарда горизонталь суреті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жердің сандық үлгілері
Алматы облысы Қарасай ауданы
Карталарды құрастыру тәсілдері
Әлеуметтік – экономикалық карталар
Карта - географиялық заңдылықтарды анықтау құралы
Карталардың классификациялары
Алакөл аумағының геоэкологиялық картасын құру
Физикалық географиялық карталар
Орта мектепте географияны оқыту
Франция Республикасының қабырғалық физикалық картасын құрастыру және жобалау
Пәндер