Қазақстан бюджетін қалыптастырудың ерекшеліктері



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

I ТАРАУ. МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ ТҮСІНІГІ МЕН ОНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ.
1.1 Мемлекеттік бюджет және бюджет жүйесі ұғымы ... ... ... ... ... .6
1.2 Мемлекет бюджет кірістері мен шығыстарының құрамы ... ... ... 10
1.3 Бюджет тапшылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13

II ТАРАУ. МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫ
2.1 Бюджеттік процесс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
2.2 Ел қазынасы ортақ байлық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31
КІРІСПЕ

Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектілермен және халықпен қалыптасатын қаржы қатынастары жалпы қоғамдық өнімді құндық бөлудің ерекше саласын құрайды және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы “мемлекеттік бюджет” ұғымының экономикалық мазмұнын құрайды. Мемлекеттік бюджет мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау және ұдайы өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына пайдалану жолымен қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу процесінде мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын экономикалық қатынастарды білдіреді.
Мемлекеттік бюджеттің сан қырлы маңызын ескере отырып, оны тек экономикалық категория және мемлекеттің орталықтандырылған ақша қоры ретінде ғана емес, сонымен бірге негізгі қаржы жоспары, әлеуметтік-экономикалық процестерді реттеу механизмінің жиынтық ұғымы ретінде қарауға болады. Мәселен, мемлекеттік бюджетте қоғамдағы барлық экономикалық процестер бейнеленгендіктен, сондай-ақ барлық негізгі қаржы институттары – салықтар, мемлекеттің шығыстары, мемлекеттік кредит, мемлекеттік қарыздар және т.б. өзінің шоғырланған көрінісін табатындықтан бюджет мемлекеттің негізгі қаржы жоспары ретінде сипатталады. Ол нақты кезеңге, әдетте, бір жылға жасалынады, бюджеттің кірістерін, шығындарын, орталықтандырылған қаржы ресурстарының шешуші бөлігінің қозғалысын анықтайды. Бюджетті негізгі қаржы жоспары деп мойындау оның ұлттық табысты қайта бөлудегі маңызды орнын, қаржы жоспарларының жүйесіндегі басымдық жағдайын, сондай-ақ қоғамдық ұдайы өндірістегі айрықша рөлін айқындайды. Негізгі қаржы жоспары мемлекеттің қаржылық қызметінің жемісі болып табылады. Елдің негізгі қаржы жоспарының көрсеткіштері республика Парламентінің жыл сайын қабылдайтын Республикалық бюджет туралы заңына сәйкес сөзсіз орындауға жатады.
Мемлекеттік бюджет ұлттық экономиканы басқарудың басты механизмдерінің бірі. Ол экономикаға мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау мен пайдаланудың нысандары мен әдістерінің жиынтығы болып табылатын бюджеттік механизм арқылы ықпал етеді. Экономиканы реттеу орталықтандырылған ақша қорының сандық көлемін анықтау, оны жасау мен бөлудің нысандары мен әдістерін реттеу, бюджеттің атқарылу процесінде қаржы ресурстарын қайта бөлу жолымен жүзеге асырылады. Ақырында, мемлекеттік бюджет орындалуы міндетті мемлекет заңдарының бірі болып табылады.
Нарықтық механизмге көшу жағдайында мемлекеттік бюджеттің қаражаттары ең алдымен экономиканың құрылымын қайта құруды, кешенді мақсатты бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыруға, ғылыми-техникалық әлеуетті арттыруға, әлеуметтік дамытуды тездетуге және халықтың табысы аз жіктерін (зейнеткерлерді, мүгедектерді, аз қамтылған отбасыларын) қолдау, сондай-ақ денсаулық сақтау, білім беру және мәдениет мекемелерін әлеуметтік қорғауға бағытталуы тиіс.
Шығындар мен салықтар арқылы бюджет экономика мен инвестицияларды реттеудің және ынталандырудың өндіріс тиімділігін арттырудың маңызды құралы болып табылады.
Қаржылық жоспарлау процесінде бюджет ұлттық шаруашылықтың салаларына және өндірістік емес сфераның мекемелеріне айтарлықтай ықпал етеді. Мемлекеттің ақша қорын жасау және пайдаланудың негізгі қаржы жоспары бола отырып, бюджет барлық шаруашылық жүргізуші субъектілермен және ұжымдармен етене байланысқан.
Курстық жұмысымның мақсаты – нарықтық экономика жағдайында дамып келе жатқан Қазақстан экономикасының дұрыс қызмет етуіндегі мемлекеттік бюджеттің ойдағыдай қалыптастыруы мен орындалуының маңыздылығын көрсету.
Мақсатыма жету үшін курстық жұмысымның алдында келесідей міндеттер қойылды:
• Мемлекеттік бюджетті экономикалық жағынан ашып көрсету, оның құрылымы мен оны іске асырудағы процестерді талдау.
• ҚР Конституциясындағы бюджетке байланысты заңдарды, заңнамалық актілер мен кодекстерді қарастыру.
• Қазақстан бюджеті қалыптасуының ерекшеліктерін, соның ішінде бюджет процесі кезінде орын алған келеңсіз жағдайларды, оларды болдырмау үшін қолға алатын шараларды қарастыру.
Курстық жұмысымның құрылымы. Курстық жұмыс көлемі – 31 бет. Кіріспе, екі тарау және қорытындыдан тұрады.
Бірінші тарауда мемлекеттік бюджет, бюджет жүйесі туралы түсінік және оның экономикадағы рөлі, сонымен қатар мемлекеттік бюджеттің құрылымы, кірістер мен шығыстарының құрамы туралы айтылады.
Екінші тарауда бюджеттің орындалуы, яғни бюджеттік процесс туралы сөз қозғалады, соның ішінде бюджеттің атқарылуын жақсарту мақсатында істелген жұмыстар туралы айтылады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. – Алматы: Қазақстан, 2000.-96 бет.
2. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі. Егемен Қазақстан, 6 мамыр 2004 ж.
3. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі).- Алматы: ЮРИСТ, 2002.- 230 бет.
4. Құлпыбаев С. Қаржы. Оқу құралы.- Алматы: Мерей, 2001.- 292 бет.
5. Таджияков Б. Біз мемлекеттік бюджетті толтыруға жауаптымыз. Қаржы-қаражат, 1999, №2.- 3 бет.
6. Өтебаев М. Ел қазынасы ортақ байлық. Қаржы-қаражат, 1999, №10-11.- 17 бет.
7. Қаржы Министрлігінің статистикалық бюллетені №6, маусым 2004 ж.
8. Бабич А.М., Павлов Л.Н. Финансы. Учебник. – М.: 2001. – 760 бет.
9. Балабанов А.И., Балабанова И.Т. Финансы. Учебное пособие. – М.: 1999 – 512 бет.
10. Дробозина Л.А. Финансы. Учебник для ВУЗов. – М.: ЮНИТИ, 2000 – 527 бет.
11. Елубаева Ж.М. Бюджетная система Республики Казахстан: теория, практика и направления развития. Алматы, 2004 – 14 бет.
12. Ильясов К.К., Исахова П.Б. Расходы государственного бюджета. Учебное пособие. – Алматы: Экономика, 2003 – 290 бет.
13. Зейнелғабидин А. Бюджет жүйесі: қалыптасуы мен даму болашағы. Егемен Қазақстан, 2001, №254 – 3 бет.
14. Финансы, деньги, кредит. Учебник. Под ред. О.В. Соколовой.- М.: ЮРИСТ, 2001.-784 бет.
15. www.minfin.kz

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қорғауға жіберілді

Кафедра меңгерушісінің м.а.

“ ” 20__ ж.

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

ҚАЗАҚСТАН БЮДЖЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Орындаушы:

Ғылыми жетекші:

МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

I ТАРАУ. МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ ТҮСІНІГІ МЕН ОНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ.
1.1 Мемлекеттік бюджет және бюджет жүйесі ұғымы ... ... ... ... ... .6
1.2 Мемлекет бюджет кірістері мен шығыстарының құрамы ... ... ... 10
1.3 Бюджет
тапшылығы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...13

II ТАРАУ. МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫ

2.1 Бюджеттік
процесс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 16
2.2 Ел қазынасы ортақ
байлық ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
20

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 26

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31

КІРІСПЕ

Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Мемлекеттің шаруашылық жүргізуші
субъектілермен және халықпен қалыптасатын қаржы қатынастары жалпы қоғамдық
өнімді құндық бөлудің ерекше саласын құрайды және қоғамдық қажеттіліктерді
қанағаттандыруға арналған орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен
және пайдаланумен байланысты болады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы
“мемлекеттік бюджет” ұғымының экономикалық мазмұнын құрайды. Мемлекеттік
бюджет мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау және ұдайы өндіріс
пен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына пайдалану жолымен
қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу процесінде мемлекет пен
қоғамдық өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын экономикалық
қатынастарды білдіреді.
Мемлекеттік бюджеттің сан қырлы маңызын ескере отырып, оны тек
экономикалық категория және мемлекеттің орталықтандырылған ақша қоры
ретінде ғана емес, сонымен бірге негізгі қаржы жоспары, әлеуметтік-
экономикалық процестерді реттеу механизмінің жиынтық ұғымы ретінде қарауға
болады. Мәселен, мемлекеттік бюджетте қоғамдағы барлық экономикалық
процестер бейнеленгендіктен, сондай-ақ барлық негізгі қаржы институттары –
салықтар, мемлекеттің шығыстары, мемлекеттік кредит, мемлекеттік қарыздар
және т.б. өзінің шоғырланған көрінісін табатындықтан бюджет мемлекеттің
негізгі қаржы жоспары ретінде сипатталады. Ол нақты кезеңге, әдетте, бір
жылға жасалынады, бюджеттің кірістерін, шығындарын, орталықтандырылған
қаржы ресурстарының шешуші бөлігінің қозғалысын анықтайды. Бюджетті негізгі
қаржы жоспары деп мойындау оның ұлттық табысты қайта бөлудегі маңызды
орнын, қаржы жоспарларының жүйесіндегі басымдық жағдайын, сондай-ақ
қоғамдық ұдайы өндірістегі айрықша рөлін айқындайды. Негізгі қаржы жоспары
мемлекеттің қаржылық қызметінің жемісі болып табылады. Елдің негізгі қаржы
жоспарының көрсеткіштері республика Парламентінің жыл сайын қабылдайтын
Республикалық бюджет туралы заңына сәйкес сөзсіз орындауға жатады.
Мемлекеттік бюджет ұлттық экономиканы басқарудың басты механизмдерінің
бірі. Ол экономикаға мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау мен
пайдаланудың нысандары мен әдістерінің жиынтығы болып табылатын бюджеттік
механизм арқылы ықпал етеді. Экономиканы реттеу орталықтандырылған ақша
қорының сандық көлемін анықтау, оны жасау мен бөлудің нысандары мен
әдістерін реттеу, бюджеттің атқарылу процесінде қаржы ресурстарын қайта
бөлу жолымен жүзеге асырылады. Ақырында, мемлекеттік бюджет орындалуы
міндетті мемлекет заңдарының бірі болып табылады.
Нарықтық механизмге көшу жағдайында мемлекеттік бюджеттің қаражаттары
ең алдымен экономиканың құрылымын қайта құруды, кешенді мақсатты бюджеттік
бағдарламаларды қаржыландыруға, ғылыми-техникалық әлеуетті арттыруға,
әлеуметтік дамытуды тездетуге және халықтың табысы аз жіктерін
(зейнеткерлерді, мүгедектерді, аз қамтылған отбасыларын) қолдау, сондай-ақ
денсаулық сақтау, білім беру және мәдениет мекемелерін әлеуметтік қорғауға
бағытталуы тиіс.
Шығындар мен салықтар арқылы бюджет экономика мен инвестицияларды
реттеудің және ынталандырудың өндіріс тиімділігін арттырудың маңызды құралы
болып табылады.
Қаржылық жоспарлау процесінде бюджет ұлттық шаруашылықтың салаларына
және өндірістік емес сфераның мекемелеріне айтарлықтай ықпал етеді.
Мемлекеттің ақша қорын жасау және пайдаланудың негізгі қаржы жоспары бола
отырып, бюджет барлық шаруашылық жүргізуші субъектілермен және ұжымдармен
етене байланысқан.
Курстық жұмысымның мақсаты – нарықтық экономика жағдайында дамып келе
жатқан Қазақстан экономикасының дұрыс қызмет етуіндегі мемлекеттік
бюджеттің ойдағыдай қалыптастыруы мен орындалуының маңыздылығын көрсету.
Мақсатыма жету үшін курстық жұмысымның алдында келесідей міндеттер
қойылды:
• Мемлекеттік бюджетті экономикалық жағынан ашып көрсету, оның құрылымы
мен оны іске асырудағы процестерді талдау.
• ҚР Конституциясындағы бюджетке байланысты заңдарды, заңнамалық
актілер мен кодекстерді қарастыру.
• Қазақстан бюджеті қалыптасуының ерекшеліктерін, соның ішінде бюджет
процесі кезінде орын алған келеңсіз жағдайларды, оларды болдырмау үшін
қолға алатын шараларды қарастыру.
Курстық жұмысымның құрылымы. Курстық жұмыс көлемі – 31 бет. Кіріспе,
екі тарау және қорытындыдан тұрады.
Бірінші тарауда мемлекеттік бюджет, бюджет жүйесі туралы түсінік және
оның экономикадағы рөлі, сонымен қатар мемлекеттік бюджеттің құрылымы,
кірістер мен шығыстарының құрамы туралы айтылады.
Екінші тарауда бюджеттің орындалуы, яғни бюджеттік процесс туралы сөз
қозғалады, соның ішінде бюджеттің атқарылуын жақсарту мақсатында істелген
жұмыстар туралы айтылады.

I ТАРАУ. МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ ТҮСІНІГІ МЕН ОНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ.
1.1 Мемлекеттік бюджет және бюджет жүйесі ұғымы

Мемлекеттік бюджет мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа да
қатысушылары арасында қоғамдық өнім бағасын орталықтандырылған ақша
құралдары қорын құру арқылы бөлу мен қайта бөлу және оны кеңейтілген
ұлғаймалы өндіріс және қоғамдық қажеттіліктер мақсатына пайдалану
үдерісінде пайда болатын экономикалық қатынастар сипатына ие.
Мемлекеттік бюджет мемлекеттік билік органдарының функцияларын
қамтамасыз ету үшін ақша қаражаттарының құрылуы мен жұмсалуын көрсеткіштер
түрінде беретін мемлекеттің жиынтық ақша қоры.

Қаржы ресурстарын бюджетте жинақтау мемлекеттің қаржы саясатын сәтті
жүргізу үшін қажет.
Мемлекеттік бюджет ақшалай нысандағы қоғамдық өнімді бөлу және қайта
бөлуге байланысты туындайтын қоғамның қатынастарының бір бөлігін
сипаттайтын объективті экономикалық категория болып табылады.
Мемлекеттік бюджет те қаржы сияқты бөлу және бақылау функцияларын
атқарады. Бөлу функциясының қолданылу ерекшілігі – қоғамдық өнім құнын бөлу
қоғамдық өндіріс салалары, ұлттық шаруашылық секторлары, аумақтар, салалар,
жекелеген шарушылық жүргізуші субъектілер арасында жүргізіледі. Қазіргі
кезде Қазақстанда мемлекеттік бюджет жалпы қоғамдық өнім құнының 10%-ы,
жалпы ішкі өнімнің 20%-ы бөлінеді.
Бақылау функциясы қоғамдық өндіріс қажеттіктеріне сәйкес бюджет
қорларын сандық ара қатынаста бөлумен сипатталады.
Мемлекеттік бюджет жиынтық ұғымнан тұрады, яғни оны экономикалық
категория, мемлекеттің ақша қаражаттарының орталықтандырылған қоры ретінде
ғана емес, бәріне міндетті заңның бірі, негізгі қаржы жоспары, әлеуметтік-
экономикалық үрдістерді реттейтін механизм ретінде де қарастыруға болады.
Мемлекет бюджет саясатын, яғни әлеуметтік-экономикалық даму
бағдарламаларын жүзеге асыратын бюджеттік нысандар мен әдістерді пайдалану
бойынша шаралардың жиынтығын жасайды. Бюджет саясаты бюджет жүйесі арқылы
іске асады.

Бюджет жүйесі – елдің экономикалық қатынастар мен құқықтық нормаларға
негізделген барлық бюджеттерінің жиынтығы.
Бюджет жүйесі мына қағидаларға негізделеді:
1. Біртұтастылық: бұл қағида бойынша бюджет жүйесіне кіретін барлық
бюджеттер біртұтас құқықтық базамен, біртұтас бюджет сыныптамасын
пайдаланумен, біртұтас мемлекеттік қаржы статистикасымен, келісілген
бюджет процедураларымен, барлық бюджеттердің қайта бөлу қатынастары
арқылы қалыптасатын ара қатынасымен қамтамасыз етіледі.
2. Бюджеттердің толықтылығы мемлекеттік заңнамамен анықталған барлық
түсімдерді міндетті және толық көрсетілуімен қамтамасыз етіледі.
3. Нақтылық бюджеттің қаржы операцияларының шынайы көрсетілуімен, бюджет
салаларының орындалуымен сәйкес болуын білдіреді.
4. Жариялылық: Үкімет пен жергілікті билік органдары өз бюджеттерін
жариялауға міндетті. Бұл қағида шаруашылық саясатта байқалатын қателердің
алдын алуға, бюджет баптарын ашуға мүмкіндік береді.
Бюджет жүйесін құрудағы басты құжат – ел Конституциясы мен бюджет
жүйесі туралы Заң. Жыл сайын тиісті қаржы жылына Республикалық бюджет
туралы Заң қабылданады, онда бюджет көрсеткіштері нақтыланып, бюджет
ресурстарының көздері мен жұмсалуы көрсетіледі.
Бюджеттік реттеу – жоғары тұрған бюджеттің төменгіге ресурстардың бір
бөлігін және керісінше теңдестіру мақсатында беруімен сипатталатын қайта
бөлу жүйесі. Реттеу механизміне мыналар жатады: субсидия, субвенция,
реттеуші табыс көздері.
Реттеуші табыс көздері бекітілген және реттеуші болып бөлінеді.
Бекітілген табыстар – бюджет қаражаттарының толық немесе бір бөлігінің
нақты бюджетке берілуі.
Реттеуші табыстар – жоғары тұрған бюджеттің төменгіге бағыттайтын
қаражаты. Бекітілген және реттеуші табыстардың тізімі бюджет жүйесі туралы
заңда реттеледі. Егер жиынтық бюджеттегі түсім көлемі әрбір деңгейдегі
биліктің функциясын жүзеге асыруға жеткілікті болса, онда бюджет
вертикальды теңдестірілген болып есептеледі. Горизонтальді теңдестірілу –
жекелеген аймақтардағы бюджеттің кіріс және шығыс бөліктерінің өзара тең
болуы. Вертикальді теңдікке қол жеткізу – жалпы теңдестірілудің бірінші
кезеңі, ал горизонтальді теңдестірілу екінші кезеңі болып табылады, ол
Қазақстанда бюджеттік алу және субвенциялар арқылы жүргізіледі.
Нарықтық қалыптасуы кезінде бюджеттің негізгі проблемалары мынадан
тұрады:
1. Төлемдердің төленбеуі. Оған әсер еткен айналым қаражаттарының
жеткіліксіздігі. Бұл жеткіліксіздің туындауына өз кезегінде мыналар
себеп болды:
- бағаның еркін белгіленуі;
- кәсіпорындардың өзара коммерциялық несие беруінің тоқтатылуы;
- есеп айырысу және төлем несиелерінің тоқтатылуы;
- өндірістің тиімсіздігі.
2. Еңбекақы бойынша қарыз. Ол мынадай себептерге байланысты туындады:
1) ақша қаражаттарының тапшылығы;
2) ақша қаражаттарының коммерциялық құрылымның айналымына жіберілуі;
3) әр түрлі банктерде бірнеше есеп айырысу шоттарының болуы;
4) бюджеттің жоспарланған деңгейде жиналмауы.
3. Салық жүйесінің жеткілікті деңгейде дамымауы. Бұл кемшілік заң
бойынша міндетті төлемдерді жеткілікті деңгейде жұмылдыруға мүмкіндік
бермеді. Салықтан жалтаруға мүмкіндік берілді; салық төлеушілерге
салық механизмі күрделі болды; өзгерістер мен толықтырулар көп
жүргізілді; салық қызметкерлерінің біліктілігі жеткілікті деңгейде
болмады.
4. Орталық пен жергілікті деңгей арасында өкілеттіктер нақты бөлінбеді.
Бұл бюджет арасындағы қатынастардың ортақ идеяға негізделіп құрылуы
үшін керек. Дәлірек айтсақ, елге мемлекет өмірінің негізгі бағыттарын
– энергетиканы, көлікті, қорғанысты, стратегиялық ресурстарды
пайдалануды өз міндетіне алатын қуатты орталық керек. Ал қалған
мәселелерді жергілікті билік игеруі тиіс.

1.2 Мемлекет бюджет кірістері мен шығыстарының құрамы

Мемлекеттің орталықтандырылған ақша қаражаттарының қорын құру мен
пайдалануға байланысты бюджеттің қызмет етуі бюджеттің кірістері мен
шығыстары тәрізді ерекше экономикалық нысан арқылы жүзеге асады. Ол құн
бөлінуінің ерекше кезеңдерін сипаттайды. Екі категория да объективті,
ерекше қоғамдық мақсатқа ие; яғни кірістер мемлекетті қажетті ақша
қаражаттарымен қамтамасыз етеді, шығыстар орталықтандырылған ресурстарды
жалпымемлекеттік қажеттіктерге бөледі.
Кірістер мен шығыстардың құрамы мен құрылымы мемлекеттің нақты
әлеуметтік-экономикалық және тарихи жағдайларында жүзеге асырылатын бюджет
және салық саясаттарының бағыттарымен анықталады.
Әдетте, кірістер көзі ретінде салықтар және оларға тән төлемдер
танылады. Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетінің құрамы мен құрылымы
қолданыстағы салық жүйесімен анықталады.
Мемлекеттік бюджеттің құрамы:
1) түсімдер;
2) шығыстар мен несиелеу;
3) дефицит (профицит);
4) қаржыландыру (профицитті пайдалану).
Түсімдерге мыналар жатады:
а) кірістер;
ә) алынған ресми трансферттер;
б) бұрын берілген несиелер бойынша негізгі қарызды өтеу.
Өз кезегінде кірістер былай бөлінеді:
а) салықтық түсімдер;
ә) салықтық емес түсімдер;
б) капиталмен жасалған операциядан түсетін кірістер.

Республикалық бюджет кірістерінің көлемі мен құрылымы

Түсімдердің атауы Млн. теңге %
ТҮСІМДЕР 722034 100,0
1. КІРІСТЕР 649000 89,9
Салықтық түсімдер 603396 93,0
Соның ішінде:
Корпоративтік табыс салығы 272632 45,2
Қосылған құнға салынатын салық 222161 36,8
Акциздер 6019 1,0
Салықтық емес түсімдер 39348 6,1
Капиталмен жасалған операциялардан 6256 0,9
алынатын кірістер
2. АЛЫНҒАН РЕСМИ ТРАНСФЕРТТЕР 57630 8,0
3. КРЕДИТТІ ҚАЙТАРУ 15404 2,1

Дерек көзі: Қаржы Министрлігінің статистикалық бюллетені №6, маусым 2004 ж.

Бюджет түсімдерінің осы негізгі үш категориясы “алынған ресми
трансферттер” категориясымен, яғни мемлекеттік басқарудың басқа
деңгейіндегі ұлттық органдардан (ағымдағы және күрделі субвенция мен
субсидия, өзара есеп айырысу) және қайтарымсыз негізде (грант) шетелден
алынған қаражаттармен толықтырылады.
“Бұрын берілген несиелер бойынша негізгі қарызды өтеу” категориясы
мемлекеттік шаруашылық жүргізуші субъектілердің бюджет несиелері бойынша
(алдыңғы жылдары қайтарымды негізде несиеленген) төленген ақша қаражаттарын
білдіреді.
Екінші бөлімдегі “шығыстар мен несиелеу” негізгі функционалдық топ
бойынша сипатталады; жалпы сипаттағы мемлекеттік қызмет, қорғаныс, қоғамдық
тәртіп пен қауіпсіздік, білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету
мен әлеуметтік көмек, тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, мәдениет, спорт
және ақпараттық кеңістік, экономика салалары, басқа да шығындар,
мемлекеттік қарызды өтеу, төменгі деңгейдегі бюджеттерге ресми трансферт.
Республикалық бюджет шығыстарының көлемі мен құрылымы (2003 ж.)
Млн. теңге %
Шығыстар 773893 100,0
Шығындар 734809 94,9
1. Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызмет 44066 5,7
көрсетулер
2. Қорғаныс 40435 5,2
3. Қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік 73822 9,6
4. Білім беру 23241 3,0
5. Денсаулық сақтау 19105 2,5
6. Әлеуметтік қамтамасыз ету және 202043 26,1
әлеуметтік көмек
7. Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы 10321 1,3
8. Мәдениет, спорт, туризм және ақпарттық12879 1,7
кеңістік
9. Отын-энергетика кешені және жер 8486 1,1
қойнауын пайдалану
10. Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы 43040 5,6
және қоршаған ортаны қорғау
11. Өнеркәсіп және құрылыс 1395 0,2
12. Көлік және байланыс 59663 7,7
13. Басқалар 68345 8,8
14. Борышқа қызмет көрсету 34338 4,4
15. Ресми трансферттер 93630 12,1
КРЕДИТТЕР 39085 5,0

Дерек көзі: Қаржы Министрлігінің статистикалық бюллетені №6, маусым 2004 ж.

Үшінші бөлім – бюджет тапшылығы (дефициті) несиелеуді қоса алғанда
түсімдер мен шығындардың арасындағы теріс айырманы білдірсе, ал оң айырма
бюджет профицитін білдіреді.
Төртінші бөлімдегі “тапшылықты қаржыландыру” (профицитті пайдалану)
екі мақсатты көздейді:
1) дефицит жағдайында – ішкі көздерден қаражат тарту (мемлекеттік бағалы
қағаздарды өткізуден, сыртқы заемдардан, Ұлттық банк пен коммерциялық
банктердің несиелері, жыл басындағы бюджет қаражаттарының қалдығы);
2) профицит жағдайында – жоспардан артық түскен түсімдерді пайдалану, ең
алдымен мемлекеттік міндеттерді өтеуге немесе маңызды бюджет
бағдарламаларын қосымша қаржыландыруға бағытталады.
Кірістер мен шығыстарды былай топтастыру бюджет сыныптамасымен
анықталады.
Бюджет сыныптамасы – бюджет кірістері мен шығыстарын біртекті
нышандары бойынша жүйелеу.
Бюджет сыныптамасы бюджеттің мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық
дамуының болжамымен, жоспарымен, бағдарламасымен, министрлік, ведомство,
ұйымдар мен мекемелердің қаржы жоспарларымен тығыз байланысын қамтамасыз
етеді; жеке сметалар мен қаржы жоспарын біріктіруге мүмкіндік береді.
1996 жылға дейін бюджет сыныптамасы мынадай құрылымдық бөлімшелерден
тұрады: бөлім, тарау, параграф, бап.
Мұндай жіктеу бюджет қаражаттарын болжау, есептеу мен бақылаудың,
сондай-ақ бюджет процестерін жүргізудің қазіргі кездегі талаптарына сай
болмады.
Сондықтан 1996 жылдан бастап ол халықаралық талаптарға сай жаңа
сыныптамамен ауыстырылды. Бюджет төрт бөлімше бойынша жіктелді: санат,
сынып, ішкі сынып, ерекшелік. Санатқа ағымдағы және күрделі шығындар, несие
беру, қаржыландыру кіреді. Сынып, ішкі сынып, ерекшелік шығыстардың мақсаты
мен сипатын нақтылайды.
Шығыстар мен несиелеу мынадай бөлімшелерге жіктеледі: функционалдық
топ, ішкі функция, мемлекеттік мекеме – бағдарлама администраторы,
бағдарлама, ішкі бағдарлама.
Бюджет шығыстары мен несиелеудің ведомствалық сыныпталу бойынша
таралуы бюджеттік бағдарламалардың администраторлары бойынша топтастырылуын
білдіреді.
Бюджет сыныптамасы автоматизация құралдарын қолдану арқылы жоғарғы
жедел басқаруға қол жеткізу үшін түсімдер мен шығындарды жан-жақты, нақты
жүйелеуге мүмкіндік береді.

1.3 Бюджет тапшылығы

Бюджет тапшылығы – бюджеттің шығыс бөлігінің кіріс бөлігінен басым
болуын білдіреді. Өте жақсы нұсқа: егер кірістер мен шығыстар тең болса –
бұл теңестірілген бюджет. Шығыстар кірістерден көп – теріс айырма – бұл
дефицит.
Дефицит әр түрлі болуы мүмкін:
1. Экономиканы дамыту үшін ірі мемлекеттік салымдар салу қажеттілігіне
байланысты болуы мүмкін. Онда ол қоғамдық үрдістердің дағдарысын емес,
экономикалық конъюктураны мемлекеттік ынталандыруды, қоғамдық өндіріс
құрылымында прогрессивтік дамуды қамтамасыз етуді білдіреді.
2. Дефицит төтенше жағдайлармен (соғыс, табиғи апат, т.б.) байланысты,
яғни қолдағы резерв жетпей, ерекше қаражат көзін жұмсауға тура
келгенде болады.
3. Дефицит экономикадағы дағдарысты білдіруі мүмкін.
Бюджет тапшылығын төмендетудің мынадай әдістері бар:
1) шығыстар тұрақты, кірістер өседі;
2) кірістер тұрақты, шығыстар төмендейді;
3) кірістер өседі, шығыстар төмендейді (дефицит екі есе қысқарады).
Дефицитті қаржыландыру – оны жабу үшін қосымша ақша қаражаттарын
іздеу.
Бюджет тапшылығын қаржыландырудың жолдары:
1) ақша белгілерінің эмиссиясы. Бұл жол қолайсыз әлеуметтік-экономикалық
салдары бар инфляцияға әкеледі.
2) Мемлекеттік займдар. Бұл жағдайда қаржыландыруға бос ақша қаражаттары
бар компания, банк т.б. қатынасады. Бұл кеңінен қолданылатын әдіс.
3) Шетел займдары. Оны халықаралық қаржы ұйымдары, банктер береді.
4) Ұлттық байлықты пайдалану. Мұнда мемлекет өз активтерін басқа
субъектілерге сатады.
Салық ставкаларын өсіру бюджет тапшылығын қаржыландыру әдісі емес, оны
қысқарту тәсілі болып табылады.
Бюджет дефицитімен күресу кезінде мыналарды басшылыққа алу керек:
1) бюджет дефициті – келеңсіз құбылыс, ақша манипуляциясы арқылы оны жою
ел экономикасы мен қаржысы үшін өте жағымсыз болып табылады.
2) Бюджет балансын, оның кірістерінің шығыстардан артық болуын қарқынды
дамушы экономиканың нышаны ретінде қарау керек. Әлемдік тәжірибе
дәлелдегендей, қоғам дамуының жекелеген кезеңдерінде әрбір ел үшін
бюджет дефициті қалыпты құбылыс.
3) Бюджет дефицитінің мөлшері жалпы ұлттық өнім көлемінің 1-3%-нан
артпауы керек.
4) Бюджет дефицитін жабуға мемлекеттік несиенің әр түрін (ішкі, сыртқы)
қолдануға болады.
5) Бюджет дефицитін жою үшін экономиканың өзін “сауықтыру” керек.
Бұған мыналар жатады:
- қоғамдық өндіріс пен шаруашылық жүргізудің ерекшеліктерін ескеретін
қаржы жеңілдіктері мен санкцияларын кеңінен қолдану;
- экономиканың мемлекеттік секторы мен мемлекеттік қаржыландыруды
қысқарту;
- әскери шығындарды қысқарту;
- әлеуметтік шығындарды қаржыландыруды ғана сақтау;
- Ұлттық Банктің үкімет құрылымдарына несие беруге тыйым салу.
Шетел капиталын тарту бірнеше міндетті шешеді: бюджет шығындары
қысқарады, тауар мен қызмет өндірісінің базасы ұлғаяды, жаңа салық
төлеушілер қалыптасады, төлем балансы жақсарады.
Бюджет кірістерін өсіріп, шығыстарын төмендетіп, бюджет дефицитін
реттеуге бағытталған шараларды басқа да экономикалық дағдарысқа қарсы
шаралармен бірге қолдану мемлекеттің қаржы жағдайын тұрақтандыруға,
әлеуметтік-экономикалық дамуға ықпал етеді.

II ТАРАУ. МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫ

2.1 Бюджеттік процесс

Бюджеттік процесс (бюджеттік процедура) – билік пен басқару
органдарының бюджетті құру, қарау, бекіту, атқару, атқарылуын бақылау және
атқарылғаны туралы есепті бекіту бойынша заңмен реттелетін қызметі.
Бюджеттік процесс Қазақстан Республикасының “Бюджет жүйесі” Заңымен, жыл
сайын қабылданатын “Республикалық бюджет туралы” Заңымен, атқарушы билік
органдарының шешімімен анықталады.
Бюджеттік құру, атқару және атқарылғаны туралы есеп құру атқарушы
билік органдарының функциясына, ал қарау және бекіту Парламент пен
жергілікті өкілетті орган – мәслихаттың функциясына; бюджеттің
атқарылғанына бақылау биліктің екі деңгейінің функциясына кіреді.
Қазақстан Республикасының Президенті республикалық бюджеттің жобасын
жасауды бюджет комиссиясына жүктейді.
Бюджет процесін жүзеге асыруда Қаржы министрлігіне үлкен роль
жүктеледі.
Республикалық бюджет туралы Заңда мынадай мәліметтер көрсетілуі тиіс:
- ресми трансферттен алынған табыс көлемі, бұрын берілген несиелер
бойынша негізгі қарызды өтеу, шығыстар, несиелеу және бюджет дефициті
(профициті);
- минималды еңбекақы, зейнетақы мөлшері, айлық есептік көрсеткіш мөлшері;
- Қазақстан Республикасы Үкіметі резервтерінің көлемі;
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдіктер бойынша
міндеттемелерді орындау сомасы;
- тиісті қаржы жылының соңындағы жергілікті атқарушы органдардың, Астана
және Алматы қалаларының қарыз лимиті;
- функционалдық топтар бойынша шекті шығындардың тізімі;
- секвестрленбейтін республикалық және жергілікті бюджет
бағдарламаларының тізімі;
- жергілікті бюджеттен қаржыланатын маңызды бюджеттік бағдарлама.
Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Заң жобасын
Қазақстан Республикасының Үкіметі Парламентке ағымдағы жылдың 15
қыркүйегіне дейін тапсырады.
Республикалық бюджетті бекіту, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу
Парламенттің біріккен отырысында екі оқылымнан кейін ағымдағы жылдың 15
желтоқсанына дейін жүргізіледі. Егер Парламент белгіленген мерзімде
республикалық бюджет туралы Заңды қабылдамаса, онда Президент “Алдағы қаржы
жылының 1-ші тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары туралы” жарлық
беруге құқылы.
Жергілікті бюджет жобасын құруға тиісті әкімшілік-аумақтық
бөлімшелердің әкімдері бюджеттік комиссия құрады. Комиссия негізгі болжамды
көрсеткіштерін талдап, қарастырады және оны әкімнің қарауына ұсынады.
Жергілікті атқарушы органдар бюджеттік комиссияның ұсыныстарын ескере
отырып жергілікті бюджет жобасын құрып, оны Қаржы министрлігінің болжамына
1-қыркүйекке дейін ұсынады.
Облыстық өкілетті органдар облыстық, қалалық (аудандық) бюджеттер
арасында табыстарды бөлудің тұрақты нормативін бекітеді. Облыстардың,
Астана, Алматы қалаларының әкімдері республикалық бюджет туралы заң күшіне
енген күннен бастап, екі апта ішінде бюджеттің болжамды көлемін нақтылап,
мәслихат қарауына ұсынады, олар, өз кезегінде, екі апта мерзім ішінде оның
бекітілгені туралы шешім қабылдайды.
Аудан (қала) әкімдері облыстық бюджет бекітілгеннен кейін екі апта
мерзім ішінде бюджет жобасын тиісті мәслихаттың қарауына ұсынып, олар, өз
кезегінде, екі апта мерзім ішінде оның бекітілгені туралы шешім қабылдайды.
Жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімінде мыналар келтіріледі:
- ресми трансферт түрінде алынған табыс көлемі; жергілікті бюджеттен
бұрын берілген несиелер бойынша негізгі қарызды өтеу; шығыстар,
несиелеу, бюджет дефициті (профициті) және бюджет дефицитін
қаржыландыру (профицитін пайдалану);
- ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бюджет және бюджетті жоспарлау
Шығыстар есебінің шоттары
Жарнаманың роліне оны қаржыландыру мен бюджетінің әсері
Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні туралы ақпарат
Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйесі
Жергілікті бюджеттің кірісін қалыптастыру
Мемлекеттік бюджеттің атқарылуын құқықтық реттеу
Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйесі және оның сараптамасы
Елдің әлеуметтік экономикалық дамуындағы жергілікті бюджеттің рөлі
Мемлекеттің салық қызметінің қалыптасуының экономикалық ерекшеліктері
Пәндер