ХХ ғасыр басындағы әдебиет тарихы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6

І тарау
Кеңестік кезеңдегі ХХ ғасыр басындағы әдебиеттің мәселелерін зерттеудегі ізденістер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10

ІІ тарау
«ХХ ғасыр басындағы әдебиет тарихын зерттеудің жаңаша сипаты»
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...37

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .62

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 63
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстанның егеменді, тәуелсіз ел болуы –біздің жаңа тарихымыздың басы. Ендігі жерде біз өз тарихымызды бұрынғыдай көп ұлтты мемлекеттің құрамында емес, дербес зерттеп, тарихтың ұзақ жолында ұтқанымыз бен ұтылғанымызды, жеткеніміз бен қолымыз жетпеген жайларды кең ашып, бүгінгі егемендікке жетудің заңды жолын көрсетуге тиіспіз. Жалпы ұлтпен, ұлт мәдениетімен бірге қайшылықты жолдан өткен біздің әдебиетіміздің тарихы да осындай талғаммен қайта қараудан қажет етеді. Бұрын жазылған қазақ кеңес әдебиетінің тарихына арналған еңбектер («Қазақ совет әдебиеті тарихының очеркі». 1949, 1958. Қазақ әдебиет тарихы, 3 томдық, 6 кітап. Соның 3-томы -5-6 кітаптар, 1967. Тарихтың жеке мәселелеріне арналған зерттеулер) бұл күнде ескірді. Ең алдымен ол еңбектерде қазақ әдебиетінің ұлттық сипаты жеткілікті ашылмай, ол көп ұлтты кеңес әдебиетінің бір бұтағы есебінде ғана қаралды. Тілі ғана бөлектігі болмаса, оның мазмұны түгелдей кеңестік идеологиялық ықпалына бағынды. Екіншіден, ол кездің тарихына, біздің ұлттық әдебиетіміз бен мәдениетіміздің тіпті тарихымыздың өзіміздің жаңа беттер қосқан талантты ақын –жазушылар тобы кірмей қалды. Олардың аттары да аталмады. Бұл, алдымен, «алашордашыл» ақын –жазушылар А.Байтұрсынов, Ш.Құдайбердиев, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, тағы басқалар есіміне, байланысты. Бұларды сөз етпеудің нәтижесінде, XX ғасырдың басындағы әдебиетте Абай дәстүрінің дамуы, ағартушылық идеяның халықтың азаттығы жолындағы күреске ұласуы сияқты маңызды мәселелер тарихта дұрыс шешімін таба алмады. Кеңес әдебиеті өзінің алдындағы дәстүрлерінен үзіліп зертелді. Кеңестік атаулардың бәрі көркемдік ізденістерінен бөлініп алынып, тақырыбы жағынан қаралды, жадағай мақталды. Жазушылар мен шығармаларды бағалауда талғампаздық жете бермеді. Ал, кеңес идеологиясына қайшы деген туындылар мен олардың авторлары қуғынға түсті.
«Мұның барлығының түп –төркіні әдебиеттің партиялық идеологияның шылауында болуы қажеттілігі жайында В.И.Ленин ұсынған әдебиеттің партиялығы теориясының салдары еді. Бүкіл әдеби процесс, әдеби туындылар, жеке жазушылардың көзқарасы осы өлшеммен өлшенеді. Көркем әдебиет қоғам міндеттерімен тікелей байланыстырылды. Сондықтан онда науқаншылық өріс алды, адамзат иелігіне ортақ мәселелер көтерілмеді. Бұл әдебиетті өзінің табиғатынан, даму заңдылықтарынан айырды. Кеңес дәуіріндегі әдебиет тарихын қайта қараудың қажеттігі осындай зерттеуліктен туады. Бірақ кеңес үкіметі, кеңестік идеология құлады деп, ол дәуірде туған жарамды әдебиет туындыларын жаппай жамандаудан сақ болуымыз керек. Кеңес үкіметі өмір сүрген 70 жылдан артық мерзім –біздің бастан кешкен тарихымыз» [1-50].
1. Мұқанұлы С. ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті.-Қызылорда,1932.-360 б.
2. Кенжебаев Б. Мақыш Қалтаев // Әдебиет және искусство. – 1950.-№2. – 121-127 б.
3. Кенжебаев Б.ХХ ғасыр басындағы әдебиет.-Алматы: Білім,1993.-248 б.
4. Кенжебаев Б. Қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы демократ жазушылары.-Алматы: Қазақ мемлекеттік баспасы, 1958.-307 б.
5. Қабдолов З. Сөз өнері.-Алматы: Санат, 1992. -416 б.
6. Кәкішев Т. Санадағы жаралар.-Алматы: Санат, 1993.-343 б.
7. Қазақ әдебиетінің тарихы. – Алматы: Ғылым, 1965.-2 т., 2-к. -252 б.
8. Қалтайұлы М. Шығармалары: Өлеңдер, аудармалар, мақалалар.-Семей, 1998. – 127 б.
9. Наушабайұлы Н. Алаш.-Қостанай:ЖШС, 1997.-198 б.
10. Көпеев Ж. Таңдамалы. 2 томдық шығармалар жинағы.-Алматы: Ғылым, 1990.-1 т.-245 б.
11. Қалижанұлы У. Қазақ әдебиетіндегі діни-ағартушы ағым. – Алматы: Білім, 1998. – 256 б.
12. Кенжебаев Б. Сұлтанмахмұт Торайғыров.-Алматы: Қазақ мемлекеттік баспасы, 1957 – 120 б.
13. Кенжебаев Б. Әдебиет белестері.-Алматы: Ғылым, 1986.-227 б.
14. Нуртазин Т. Шеберлік туралы ойлар. –Алматы: Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасы, 1968. – 267 б.
15. Қирабаев С. Ақын тағдыры // Торайғыров С. Екі томдық шығармалар жинағы. –Алматы: Ғылым, 1993.-1 т.- 197 б.
16. Дулатов М. Ахмет Байтурсынович Байтурсынов // Труды общества изучения Киргизского края. – Оренбург, 1922. – Вып.ІІІ. – С. 52-64.
17. Әуезов М. Әр жылдар ойлары. – Алматы: Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасы, 1959.-235 б.
18. Әуезов М. Жиырма томдық шығармалар жинағы. – Алматы: жазушы, 1985.-16 т. – 312 б.
19. Нұрғали Р. Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры: Зерттеу.-Астана: Күлтегін, 2002.-528 б.
20. Қирабаев С. Қазақтың алғашқы революцияшыл-демократтары // Лениншіл жас. – 1991. – 17 маусым.
21. Әбсеметов М. Міржақып Дулатов. – Алматы: Ғылым, 1995. – 188 б.
22. Аймауытов Ж. мағжанның ақындығы // Бес арыс (жинақ). – Алматы: Жазушы, 1992. – 434 б.
23. Жұмабаев М. Өлеңдер, поэмалар, қара сөздер // Шығармалары. – Алматы: Жазушы, 1989. – 15 б.
24. Жұмабаев М. Поэмалары // Шығармалар. – Білім, 2003. -2 т.-512 б.
25. Поспелов Г.Н. Теория литературы. – М.: Высшая школа, 1978.-221 б.
26. Қозыбаев М. Аласұрғын ХХ ғасыр // Казахстан в начале ХХ века: методология, историяграфия, источниковедение. Сборник статей. – Алматы: Ғылым, 1993. – 167 б.
27. Ахметов З. О своебразии казахского литературного процесса в начале ХХ века // Известия АН КазССР. Серия филологическая. – 1990. №2. – С.30.
28. Мұқаметханов Қ. Шәкәрім Құдайбердіұлы // Семей таңы. – 1988. -15-16 апрель.
29. Құдайбердиев Шәкәрім. Шығармалары (өлеңдер, дастандар, қара сөздер).- Алматы: Жазушы, 1988. – 334 б.
30. Әбдіғазиев Б. Асыл арна. – Алматы: Білім, 1992. – 142 б.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ...6

І тарау
Кеңестік кезеңдегі ХХ ғасыр басындағы әдебиеттің мәселелерін зерттеудегі
ізденістер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...10

ІІ тарау
ХХ ғасыр басындағы әдебиет тарихын зерттеудің жаңаша сипаты
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... .37

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ...62

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...63

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстанның егеменді, тәуелсіз ел болуы
–біздің жаңа тарихымыздың басы. Ендігі жерде біз өз тарихымызды
бұрынғыдай көп ұлтты мемлекеттің құрамында емес, дербес зерттеп,
тарихтың ұзақ жолында ұтқанымыз бен ұтылғанымызды, жеткеніміз бен
қолымыз жетпеген жайларды кең ашып, бүгінгі егемендікке жетудің
заңды жолын көрсетуге тиіспіз. Жалпы ұлтпен, ұлт мәдениетімен бірге
қайшылықты жолдан өткен біздің әдебиетіміздің тарихы да осындай
талғаммен қайта қараудан қажет етеді. Бұрын жазылған қазақ кеңес
әдебиетінің тарихына арналған еңбектер (Қазақ совет әдебиеті
тарихының очеркі. 1949, 1958. Қазақ әдебиет тарихы, 3 томдық, 6 кітап.
Соның 3-томы -5-6 кітаптар, 1967. Тарихтың жеке мәселелеріне арналған
зерттеулер) бұл күнде ескірді. Ең алдымен ол еңбектерде қазақ
әдебиетінің ұлттық сипаты жеткілікті ашылмай, ол көп ұлтты кеңес
әдебиетінің бір бұтағы есебінде ғана қаралды. Тілі ғана бөлектігі
болмаса, оның мазмұны түгелдей кеңестік идеологиялық ықпалына
бағынды. Екіншіден, ол кездің тарихына, біздің ұлттық әдебиетіміз бен
мәдениетіміздің тіпті тарихымыздың өзіміздің жаңа беттер қосқан
талантты ақын –жазушылар тобы кірмей қалды. Олардың аттары да
аталмады. Бұл, алдымен, алашордашыл ақын –жазушылар А.Байтұрсынов,
Ш.Құдайбердиев, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, тағы басқалар есіміне,
байланысты. Бұларды сөз етпеудің нәтижесінде, XX ғасырдың басындағы
әдебиетте Абай дәстүрінің дамуы, ағартушылық идеяның халықтың
азаттығы жолындағы күреске ұласуы сияқты маңызды мәселелер тарихта
дұрыс шешімін таба алмады. Кеңес әдебиеті өзінің алдындағы
дәстүрлерінен үзіліп зертелді. Кеңестік атаулардың бәрі көркемдік
ізденістерінен бөлініп алынып, тақырыбы жағынан қаралды, жадағай
мақталды. Жазушылар мен шығармаларды бағалауда талғампаздық жете
бермеді. Ал, кеңес идеологиясына қайшы деген туындылар мен олардың
авторлары қуғынға түсті.
Мұның барлығының түп –төркіні әдебиеттің партиялық
идеологияның шылауында болуы қажеттілігі жайында В.И.Ленин ұсынған
әдебиеттің партиялығы теориясының салдары еді. Бүкіл әдеби процесс,
әдеби туындылар, жеке жазушылардың көзқарасы осы өлшеммен өлшенеді.
Көркем әдебиет қоғам міндеттерімен тікелей байланыстырылды. Сондықтан
онда науқаншылық өріс алды, адамзат иелігіне ортақ мәселелер
көтерілмеді. Бұл әдебиетті өзінің табиғатынан, даму заңдылықтарынан
айырды. Кеңес дәуіріндегі әдебиет тарихын қайта қараудың қажеттігі
осындай зерттеуліктен туады. Бірақ кеңес үкіметі, кеңестік идеология
құлады деп, ол дәуірде туған жарамды әдебиет туындыларын жаппай
жамандаудан сақ болуымыз керек. Кеңес үкіметі өмір сүрген 70 жылдан
артық мерзім –біздің бастан кешкен тарихымыз [1-50]. Жоғарыда
айтылғандай, онда қайшылықтармен бірге пайдалы нәрселер де жасалады.
Жасырмай айтсақ, біздің бүгінгі кәсіби (профессионалды), әлемге
танылған әдебиетіміз –сол жылдардың жемісі. Әдебиет жанрларын байтып,
жетілдірді заманың ырқына кете бермей, оның қайшылықтарына сын
көзімен қараған, адамзатқа ортақ мұра қалдырған жазушыларымыз аз
емес. Сондықтан барды барша, жоқты жоқша дәл айту, әр құбылысты
диалектикалық қайшылығы мен, даму, өзгеру үстінде көру, зерттеу –біздің
басты міндетіміз. Қанша дегенмен, әдебиет -өмір айнасы. Өмірде болған
қоғамдық шындық тудырған жайттар мен олардың әдебиеттегі көрінісі
де тарихтан өз бағасын алуға тиіс. Қазан төңкерісіне қөзқарас
бүгін өзгергенмен, жалпы төңкеріс атаулыға, халықтың азаттық,
әділдік іздеген күресіне көзқарас өзгере қоймайды. Әділетті қоғам
аңсау, ол үшін ұмытлу –адам баласаның ғасырлар бойы арманы. Барлық
халықты теңдікке жеткізу, жұрттың өмір сүру жағдайларын жақсарту,
біреудің еңбегін біреу жей алмайтын қоғам құру, құлдықтан құтқару –
ұлы мақсат қой. Осы ұлы мақсат жолында күресе жүріп жалаң ұранға
түсіп кету, адасу –үлкен трагедия. Бұған жеке тұлғалар емес, заман,
партиялық саясаттың бір жақтылығы кінәлі. Олай болса, қазақ халқының
төңкеріс кезіндегі ізденістері де, осыны жырлаған ақындар да өз
болмысының бар шындығымен, қайшылығымен тиісті бағасын алғаны жөн.
Ал, бостандық үшін күрес тап тартысына, елдің ішкі жағдайының
аласапыран күйіне ауысып кетсе оған сын көзімен қарау керек.
20- жылдардағы қазақ әдебиеті қызықты ізденістермен
басталғаны белгілі. Патша цензурасы тиым салынып, ой –пікірін ашық
айта алмаған қаламгерлердің бірқатары осы тұста сөз еркіндігін
пайдаланды. Әдебиет дамуының бағдары, міндеттері жайында кең көлемде
пікірлесу орын алады. Ақын - жазушылар да қалаған, жанына жақын
тақырыпқа шығармалар жазады. Алайда, 1925 жылғы партияның көркем
әдебиет саласындағы саясаты туралы қаулының шығуы, әдебиеттің партия
ықпалына түсуі мұндай еркіндікке тез тұсау салды. Осы тұстағы
әдебиеттік ой –пікірлер де, бұрын айтылмай келген, не теріс
бағаланған шығармалар да бүгін жаңаша бажайлауды керек етеді.
Осылардың бәріне біз бүгінгі талаптар, елдің егемендігі мен ұлт
мүддесі тұрғысынан қарауға тиіспіз. Сол тұстағы партиялық
саясаткерлер, Каз ААП-тың сыңаржақ сыншылары таққан таңбалар мен
штамптар да бүгін шынайы бағасын алуы қажет.
Осындай күрделі мәселелердің оң шешімін табуы үшін , ХХғасыр
басындағы әдебиет тарихын зерттеген ғалымдар: Б.Кенжебаев , С.Қирабаев , Т.
Кәкішов сынды ғалымдардың кешегі кеңестік дәуірдегі зерттеулері мен еліміз
тәуелсіздік алып , жариялыққа жол ашылғаннан кейінгі кезеңдегі
еңбектеріндегі күрделі мәселелерді қатар алып қарастырудыңда маңызы
зор.Және де бүгінгі талап тұрғысынан зерттеліп , зерделеген көрнекті
ғалымдар З.Бисенғали мен Ө.Әбдиманұлының монографиялық еңбектеріндегі
көтерілген ғылыми тұжырымдар мен жаңашыл танымдарды қоса алып зерделеу
ұлттық әдебиетіміздегі көкейкесті сұрақтардың дұрыс шешімін табуына үлкен
өріс ашады деп білеміз.
Диплом
жұмысының мақсаттары мен міндеттері. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің
тарихын әр кезде зерттеген ғалымдарымыздың еңбектерін тәуелсіз таным
тұрғысынан қарауды мақсат ете отырып, алдымызға мынандай міндеттер қойдық.
- ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің тарихын зерттеген ғылыми еңбектерді
жазылу кезеңін тұтасымен қарастыру (Б.Кенжебаев, Т.Кәкішұлы, С.Қирабаев);
- кеңестік дәуір тұсында жазылған еңбектердегі саяси идеология мен
қоғамдық талаптардың мән-маңызын ашып көрсету;
- қатаң саяси талаптың ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетнің тарихын жазуға
айтарлықтай кері әсер- ықпалы болғанын айқындау;
- ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің тарихының кеңестік идеология
тұсындағы зерттелуіндегі ғылыми тенденциясының ішкі мазмұнын қарастыру;
- көрнекті ғалымдар Т.Кәкішұлы және С.Қирабаев еңбектерін бүгінгі және
өткен дәуір талабы тұрғысынан сараптап көрсету;
- еліміз тәуелсіздік алғаннан бергі уақытта жазылған Т.Кәкішұлы,
С.Қирабаев, З. Бисенғали, Ө.Әбдиманұлы зерттеулеріндегі тың мазмұн мен жаңа
танымды жан-жақты талдап таныту;
Тақырыптың зерттелу деңгейі: XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің
тарихын зерттеген көрнекті ғалымдармыз Б.Кенжебаев, Т.Кәкішұлы, С.Қирабаев
еңбектері арнайы ғылыми зерттеудің объектісіне тұтасымен айналмаса да,
зерттеушілердің әдебиет тарихына сіңірген еңбектері жөнінде көптеген
ғылыми мәні зор мақалалар, әдеби портреттер, шағын эсселер жазылды. Және
де қазіргі таңда тап осы кезең әдебиетінің тарихынан айтарлықтай құнды
еңбек жазып жүрген ғалымдарымыз З.Бисенғали мен Ө.Әбдиманұлының
монографияларына көптеген ғылыми рецензиялар және мақалалар жазылғаны
белгілі. Диплом жұмысымызға ХХ ғасыр басындағы әдебиетті зерттеген
ғалымдардың еңбектерінде пайдаландық. Олар: М. Әуезов, С. Мұқанов, Ә.
Марғұлан, Қ. Жұмалиев, Е. Ысмайылов, Ы. Дүйсенбаев, 3. Қабдолов, Т.
Кәкішев, 3. Ахметов, Мырзахметов, Қ. Мұхаметханов, Р. Нұрғалиев, С.
Қасқабасов, М. Жолдасбеков, М. Мағауин, Қ. Өмірәлиев, Ш. Елеукенов, Н.
Келімбетов, Ө. Күмісбаев, А. Қыраубайқызы, Ж. Дәдебаев, Д. Ыскақұлы, С.
Дәуітов, С. Негімов Қ. Ергөбеков, Б. Майтанов, Қ. Әбдезұлы, 3. Сейітжанұлы,
Ж. Тілепов, Б. Әбдіғазиев, Т. Телегенов, Т. Есенбеков, А. Жақсылыков т.б.
еңбектері болып табылады.
Зерттеу нысанасы: Тақырыптың мәнін ашу үшін әр жылдары жылдары
жазылған ғалымдардың еңбектері алынды. Б.Кенжебаев Сұлтанмахмұттың
ақындығы, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Қазақ халқының ХХ ғасыр
басындағы демократ жазушы, Жиырмасыншы жылдардағы қазақ совет
әдебиеті, Шындық пен шеберлік, Жылдар жемісі, Әдебиет белестері,
Сын сапары (1971) және Оңаша отау (1982) ; Ұштасқан үш өзенмен
(1978), Жол үстінде 80 күн (1983), Жасампаз өлке (1989), Санадағы
жаралар (1992);
С.Қирабаевтың Ғабиден Мұстафин (1956), Спандияр Көбеев
(1958), С.Сейфуллин (1962), Ж.Аймауытов (1993), Октябрь және
қазақ әдебиеті (1968), Әдебиет және дәуір талабы (1971), Революция
және әдебиет (1977), Талантқа құрмет (1988), Ұлт тәуелсіздік және
әдебиет (2001), Әдебиетіміздің ақтаңдақ беттері (1995); З.Бисенғали
ХХ ғасыр басындағы қазақ прозасы, ХХ ғасыр басындағы қазақ романы,
Ө.Әбдиманұлы ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті, Ұлт-азаттық идеяның ХХ
ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі көркемдік мәні мен жаңашылдық сипаты.
Зерттеу әдістері. Бұл дипломдық жұмыс жинақтау, сараптау, бақылау, қорыту
әдістерінің негізінде жазылды.
Жұмыстың құрылымы. Диплом жұмысы кіріспе, негізгі бөлім мен қорытынды және
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Негізгі бөлімде Кеңестік
кезеңдегі ХХ ғасыр басындағы әдебиеттің мәселелерін зерттеудегі
ізденістер (Б.Кенжебаев, Т.Кәкішұлы, С.Қирабаев еңбектерінің негізінде)
және ХХ ғасыр басындағы әдебиет тарихын зерттеудің жаңаша сипаты
(Б.Кенжебаев, Т.Кәкішұлы, С.Қирабаев, З.Бисенғали, Ө.Әбдиманұлы
еңбектерінің негізінде).

І Тарау. Кеңестік кезеңдегі ХХ ғасыр басындағы әдебиеттің мәселелерін
зерттеудегі ізденістер
Қазақ әдебиеттануында тарихи дәуірлеу мәселесі кеңес дәуірінде
біржақты зерттеліп келді. Кеңес дәуірі кезеңіндегі әдебиеттануда Абайдан
кейінгі кеңес қазақ әдебиеті бірден басқа жағы сөз болмайтын.
Қазақ әдебиеті "младописьменный" әдебиеттер қатарында шоғырланып келді.
Яғни, кеңес кезеңіне дейін өз жазуы жок, әдеби тілі, әдеби жанрлары жоқ,
енді ғана қалыптасқан жаңа әдебиет ретінде қарастырылатын. Мәскеуде 1988
жылы шыққан "История всемирной литературы" атты кітапта қазақ әдебиеті
осылай таныстырылды.
1973 жылы Ғылым баспасынан шыкқан
Б.Кенжебаевтың "Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері" атты еңбегі
"Қазақ әдебиетінің тарихи дәуірлеу" деген зерттеумен ашылады. Осы
он бір беттік мақалада әдебиеттанушы Б.Кенжебаев қазақ
әдебиет тарихына қатысты дәуірлеу жүйесін алға тартады. Бұл
дәуірлеу бойынша қазақ сөз өнері өз тарихы, бастау көздері, өз арналары
бар қалыптасқан ғылыми жүйе ретінде берілген. Ғалымның бас қағидасы:
"Әдебиет - тарихы халық тарихымен тығыз байланысты, соның
бейнесі, көрінісі, сүрлеуі, ол қай кезде болсын халық тарихының
ізімсн жасалады. Демек, қазақ әдебиетінің ғылыми тарихы да қазақ халқы
тарихының ізімен жасалуы тиіс"[2-45].
Қазақ халқының тарихы қашаннан басталады, мекені қайсы, қандай
елдердің құрамынан шыққан деген сауалдарға ғалым нақты жауап
береді: ... тарихи деректер бойынша мысалы, қазақ халқы болып құралған
рулардың дені біздің жыл санауымыздан бұрынғы ІҮ ғасырда
Сырдарияның орта, жоғары бойын жасаған, I ғасырда Ыстық көл
төңірегіне қоныстанған. Біздің жыл санауымыздың алғашқы
ғасырларында Шу, Талас, Қаратау, Сарысу жағын алып жатқан; ҮІІ-ҮІІІ
ғасырларда Орталық Азия мен шығыс-оңтүстік Сібірді жайлаған;
Х-ХІV ғасырларда орта, төменгі Еділ бойын, Каспийдің шығыс, солтүстік,
батыс жағалауларын мекендеген[3-17].
Осы орайда, мемлекеттігі жөнінде нақты мәлімет бере кетеді:
Тарихтан мәлім, ертедегі түрік, монғол ру- тайпалары
мекендеген жерлерде әр заманда әр түрлі одақ-бірлестіктер, қауым-
мемлекеттер болған. Мысалы, Үйсін мемлекеті, Түрік қағанаттары, Хорезм
патшалығы, Қыпшақ бірлестігі ("Дәшті Қыпшақ"), Алтын Орда. (Ақ Орда, Көк
Орда) мемлекеті, түрлі халықтар өмір сүрген[3-20].
Осы орайда Б.Кенжебаев қазақ тарихшылары үндемей отырғандықтан елдің
қалыптасу кезеңдері туралы сол кезде мәліметтер беріп кетеді. Тұрақты
қазақ ру-тайпалары қандай ұлыстардан, қандай мекендерден құралған? Ғалым
бұған былай дейді: "Ертедегі қазақ ру-тайпалары бұрынғы уақытта, қазақ
халқы, қазақ хандығы болып құрылғанға дейін Қытай, Рим аралығындағы
аймақтар мен өлкелерді мекендеген түрік, монғол руларымен бірге болған,
бірге тірлік еткен. Сондықтан бәрінің тарихи, коғамдық, мәдени өмірі ұқсас
болған"[5-14].
XIX ғасырда қазақ халқы Ресейге қосылып болды деп санаған әдебиетші-
ғалым Б.Кенжебаев XIX ғасырдың соңы XX гасыр басындағы қазақ әдебиетінің
жағдайын былай суреттейді: (ІХ ғасырда XX ғасырдың басында қазақ тілінде
кітаптар көп басылды, газет-журанлдар шықты)
Бұл дәуірде қазақ халқының жаңа әдебиеті демократшыл-ағартушылық
идеялы, сыншыл реалистік әдебиеті туып өркендеді. Онда әдебиет жанрларының
жаңа түрлері, көркем проза, публицистика пайда болды. Бірді-екілі драмалық
шығармалар көрінді".
Соңғы сөйлемдерімен әдебиеттанушы ғалым XX ғасыр басындағы қазақ
әдебиеттануының биік ахуалын алға тартқандай. Кеңес кезінде ашық
айтылмайтын, С.Көбеев пен М.Сералиннен басқа есімдері жоқ кезеңнің одан
гөрі куатты болғанын Б.Кенжебасв осылай өрбіткендей болды.
1973 жылы басылып шыққан кітабының беташары болып тұрған қазақ
әдебиетінің еншісін анықтайтын басты мақаласында әдебиеттанушы Б.Кенжебаев
өзі өмір сүрген кеңес дәуірі туралы бір-ақ абзац береді және ол бірінен
бірі қысқа үш-ақ сөйлемнен тұрады. Сараланып отырған макаланың негізі кеңес
кезіне дейінгі қазақ сөз өнерінін тарихын қамтиды.
Бүгінгі қазақ әдебиеттануына бағыт-бағдар беріп тұрған бұл мақала
автордың басты ойымен түйінделеді. Зерттеудің атауындағы басты тақырыптың
тоқетерін Б.Кенжебаев былай қорытады; Сонымен, жинақтап айтқанда, қазақ
халқының бұрын-соңды әдебиетінің тарихын былай жүйелеген дұрыс деп білеміз.
1. Бұрынғы әдебиет (Ү-ХҮ ғасырлар арасы). Қазақ ру-тайпаларының ежелгі
ру, ұлыс дәуірлеріндегі әдебиеті. Көбінше, сол замандардағы түрік ру-
тайпаларымен бірге жасаған ортақ әдебиет.
2. Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет (ХҮ-ХІХ ғасыр арасы).
Қазақтың өзіндік әдебиеті.
3. Қазақтың XIX ғасырдағы жаңа сыншыл, реалистік әдебиеті.
4. Қазақтың XX ғасыр басындағы (1900-1920 жылдардағы)
әдсбиеті.
Қазақ халқының Ұлы Октябрь социалистік революциясынан
кейінгі советтік әдебиеті.
Біз қазақ халқы әдебиетінің тарихын дәл осы жүйемен жасауды, жоғары
оқу орындарында осы тәртіппен окытуды жөн көреміз".
Айтар ғылыми ойы бар оны ұлттық мүддені қорқауға арнаған әдебиеттанушы-
ғалым Б.Кенжебаев кеңес кезінде жазылған бір мақаласында бізге бүгін
қажетті дәлелденгені ғылыми жоба ашып кетіпті. Кеңес кезінде көлеңкесінен
қорыққан, бірақ лауазымдары биік әдебиетшілерден бөлініп
ғалымдық парызын алға тартқан Б.Кенжебаевтың сол кезде қорықпай "Қазақ
хандығы дәуіріндегі әдебиетті — "қазақтың өзіндік әдебиет" деп бөліп алуы;
қазқтың XIX ғасырдағы әдебиетінің дәрежесін сыншыл, реалистік деп көтеріп
XX ғасыр басындағы әдебиетті бөліп (1900-1920) алып, төңкеріске
дейінгі қазақ әдебиетінің дәрежесі биік екендігін дәлелдеп кетті.
Осының бәрі шыншыл ғалымның Ахмет Байтұрсыновтың
"Әдебиет танытқышын" меңгерген әдебиетшінің пікірі екені сөзсіз.
Олай болса, бүгінгі Б.Кенжебаевтың мұрасын жаңаша тұрғыдан қарайтын
кез келді.
XX ғасырдың басы - қазақ халқының тарихында бүкіл қоғамдық даму
өзгеріске ұшырап, Ресей патшалығы әдейі тұмшалаған ой-сананың ояну дәуіріне
жол ашқан кезең. Бұл тұста Шәкәрім мен Мәшһүр Жүсіп шығармашылығы өзінің
кемел шағына жетіп, шырқау биігіне көтерілсе, Ахмет, Міржақып,
Сұлтанмахмұт, Мағжан, Бернияз т.б. сөз өнерінің алыптары әдебиетті
жаңашылдықпен байытып, биік көркемдік сипаттағы дүниелерін халық назарына
ұсынды. Олардың шығармашылығына қозғаушы күш болған ғасыр басындағы бүкіл
ой-арнаның алтын қазынасына йналған ұлт-азаттық идея еді.
Ұлт-азаттық идеяны сөз өнерінің өзегіне айландыру XX ғасыр басында
пайда бола қалған жоқ, онын алғашқы белгілері, бастау арналары тіптен арыда
жатыр. Ежелгі әдебиеттегі ерлік жырлары, жыраулар поэзиясындағы жауынгерлік
рух, Махамбеттің күреске үндеген азатшыл ұранды толғаулары, сол ұлт-азаттық
идеяны жырлаудың дәстүрлік көріністері болып табылады. Осынау өлмес дәстүр
XX ғасыр басындағы ақын-жазушылар шығармашылығынан жалғасын тауып, жаңаша
сипатпен танылды. Өйткені олардың шығармашылығы, ең алдымен, ресейлік
отаршылдыққа қарсы күрес идеясымен қуаттанған болатын. Оны заманаға
үндестіре жырлау жаңа керкемдік талаптарды қажетсінді.
Жұмыста осы мәселелердің барлығы ұлт-азаттық идеяның XX ғасыр
басындағы қазақ әдебиетіндегі көркемдік мәні мен жаңашыл сипатын
айқындаудың негізінде зерттеледі.
XX ғасырдың басындағы қазақ даласындағы өзгерістер санасын оятқан ұлт
зиялылары арасынан шыққан ақын-жазушылар өмір шындығын көркемдікпен айтуға
талпынып, өмірдің өзінен ойып алған оқиғалардағы тарихи шындықты көркем
ойға ұштастырып, қазақ қоғамындағы сан қатпарлық құбылыстың жұмбағы шешуге
ұмтылыс жасады. Сөйтіп замана рухына сай шығармалар жазып,
санасын серпілтуге даңғал жол ашты. Сондықтан болар көпшілігінің
туындыларында көбіне көп ой басымдау келіп, тереңдік танытып тұратын. Міне
осынау айтар ой тереңдігі мен көркемдік жетістіктеріне орай "алтын ғасыр
әдебиеті" аталған кезеңді зерттеудің қызығы да, қиындығы да жетерлік.
Қазақ әдебиетінің осы бір қайшылыққа, толы, күрделі де кемел кезеңін
зерпіліс пен тану ғасыр басында-ақ атап айтқанда, 20-30 жылдарда қолға
алына бастады.
М.Әуезов, С.Мұқанов сынды дара даналарымыздан бастап, кейінгі толықан
ғалымдар да жаңа ғасыр басындағы әдебиетке айрықша назар аударып, заманының
сан соқтырған талай "соқтықдалы-соқдақты" қиянтұрыс құбылмағына орай ой
айтып, қалай болғанда да, кезең тұсындағы жеткен жетістікті, кеткен
кемшілікті нақты көрсетуге тырысты. Әрине, 90 жылдарға дейін еңбектерде көп
нәрсе уақыт ығына жығыла айтылып, "жабулы қазан жабулы күйінде" кетіп,
іштен тынған сәттің көп болғанын да жасыра алмаймыз.
Жалпы XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетін зерттеуге ерекше үлес қосқан,
осы кезең әдебиетін тұтас күйінде қарастыруға айрықша көңіл бөлген ғалым
Б.Кенжебаев. Ғылыми ізденісінің көп бөлігін осы тақырыпқа арнаған әйгілі
ғалымның"Сұлтанмахмұт ақындығы" (1949), "Қазақ халқының XX ғасыр басындағы
демократ жазушылары (1958), Журналист Мұхамеджан Сералин, (1957), ХХ ғасыр
басындағы қазақ әдебиеті (1976),. т.б. еңбектері тікелей осы кезең
әдебиетін зерттеуге арналған. Қазақ әдебиетінің алтын ғасырының асылын
жарқыратып, жасығын ащы сынаған және тым асырмай, аса кемітпей турашылдығын
танытқан ғалымның бұл жолда талай қиыншылдыққа кезіккені рас.
Ғұлама ғалымның азаматтық тұлға ретіндегі рухани өмірімізден
дара орны туралы кезіндегі шәкірті, бүгіндегі көрнекті жазушы, мемлекеттік
қайраткері Әбіш Кекілбаев -жиырмасыншы ғасырдағы қазақ көркем сөзі мен
ойының әрлеуіне қадірлі Бейсекеңдей - Бейсембай Кенжебаевтай еңбек сіңірген
азамат кемде-кем. Ол социализм дәуірдегі ұран кездің өзінде де
халқымыз бен мәдениетіміздің тарихын тереңнен қозғап, оңың әлеуметтік-
философиялық жан-жақты талдап, бере алды. Ғалым ретінде де, ұстаз
ретінде де кейінгі кезеңдегі рухани гүлденуімізге мұрындық бола білді. Азат
елдің, азат ойының дәуірлеу тұсында Бейсекеңе ұлт болып, тағзым етуіміз
әбден заңды — деп бағалаған болатын.
Бейсембай Кенжебаев XX ғасыр басындағы әдебиетті зерттеуге үлкен
дайындықпен келді. Алдымен бірнеше ғылыми мақалалар жазды.
Сонан соң, Сұлтанмахмұт Торайғыров творчествосын тереңдей зерттеуге
ден койды.
Ғалым ғасыр басындағы әдебиетті жалынды жырларымен, ойлы поэмаларымен
байытқан асқақ үнді ақын шығармашылығы арқылы екі ғасыр тоғасындағы
әдебиеттің дәстүрлік жалғастығын танып, жаңашыл сипатын айқындауға тырысты.
Сөйтіп 1946 жылы "Сұлтанмахмұт Торайғыровтың ақындығы атты тақырыпта ғылыми
еңбегін жазып бітірді. С.Торайғыровтай тума талант, дархан дарынның
шығармашылығы арқылы жалпы XX ғасыр басындағы әдебиетке тон сыр-сипатты
ашып, кезең әдебиетінің тарихы маңызын айқындауға ұмтылды[6-34]. Мұның
басты себебі Сұлтанмахмұт поэзиясы XX ғасыр бас кезіндегі әдебиеттің бүкіл
табиғатын бойына жинақтаған жаңашыл поэзия болатын. Сондықтан Б.Кенжебаев
Сұлтанмахмұттың осы кезең әдебиетінен алар орнын айқындап, замана сырын
ашқан суреткердің ақындық болмысын танытты. Бұған дейінгі Сұлтанмахмұтты
"ұлтшыл", "байшыл" деген пікірлерге қарсы шығып, ақын поэзиясындағы
елшілдік рухын көре біліп Сұлтанмахмұтты XX ғасыр әдебиетіндегі ірі құбылыс
деп бағалады.
Б.Кенжебаевтың Сұлтанмахмұт поэзиясы туралы тұжырымды қорытындысы мына
пікірден толыққанды, көрініс табады: "Қазақ халқының өмірі мен тұрмысын,
әлеуметтік және рухани бейнесін түгел қамтып жырлаған талантты ақын қазақ
халқының Абайдан кейінгі реалист үлкен ақыны".
Бүгінде әдебиеттану мен оны оқытудағы өзіндік биік салаға айналған.
Сұлтанмахмұттануға Б.Кенжебаев қосты дегенде мыналарды атап айтуымыз
керек. алдымен, Бейсембай Кенжебаев С.Торайғыровтың Ж.Аймауытов жинастырып,
бірақ шығаруға үлгере алмай кеткен, 1933 жылы жарық көрген жинағына енбей
қалған тіпнектей теріп, оның әдеби мұрасын қосты.
Екіншіден, Ы.Дүйсенбаев, Т.Әбдрахманов, Ә.Дербісалин сынды әдебиетші
ғалымдармен пікірталастырып жүріп ақын
шығармаларының текстологиясын жасап, түпнұсқалық күйіне жеткізуге үлкен
еңбек сіңірді үшіншіден, ғалым Сұлтанмахмұттануда" өзіндік мектебін
қалыптастырып, ұзак жылдар бойы қазақ ұлттық университетінде
"Сұлтанмахмұттанудан" арнаулы курс жүргізді.
Әрине "Сұлтанмахмұттану" оңай қалыптаса қойған жоқ. Алғашқы кезде
қарсыластар көп болды. Бірақ ғылыми ізденіске келгенде табандылығынан
таймайтын Бейсембай Кенжебаев алған бастан қайтпай, Сұлтанмахмұт туралы
ізденістерін тереңдете де, кеңіте түсті. Сөйтіп 1968 жылы "Сұлтанмахмұт
Торайғұровты зерттеу, тану мәселесі" деген зерделі еңбегі дүниеге келді.
Бұл зерттеу "Сұлтанмахмұттанудағы" биік белес, болашақ зерттеулерге бағыт
берер бағдар шам іспетті болды.
XX ғасыр басындағы әдебиет атты алып шыңын, етегіне Сұлтанмахмұт
шығармашылығы арқылы табан тіреген Б.Кенжебаев енді осы әдебиетті бүтіндей
қарастырып түгелдей жинақтауға батыл қадам жасайды. Көкірек көзі ашық
мақсаты нақты ғалымның осынау тылсым сыры терең дүниеге бет бұрған кезінде
қазақ әдебиетінің тарихы әлі "жабулы қазан, жабулы күйінде" жатқанды. Бұл
бағыттағы еңбектердің дені мектепке арналып жазылған окулықтар болатын.
Зерттеушілердің осы бір кезең әдебиетін зерттеуге деген талпыныс
танытпауының өзіндік себептері де аз емес еді. Оның ең бастысы осы кезең
әдебиетін дамытуға айырықша еңбек сіңірген арыстарымыз бен алыптарымызды
1929 бен 1937-нің зобалаңының орып кетуі еді. Оның үстіне ғасыр басындағы
әдебиетке өзіндік үлес қосып, кітап шығарып, сөзі тасқа басылған
ақындарымыздың басым көпшілігі діншіл, кертартпа деп аяқ асты болып қалғаны
тағы бар. Бейсекең қалай болғанда да, осы әдебиеттің кер заманның көріне
ұшырамаған өкілдері шығармашылығын бір жүйеге түсіру мақсатына ен қойды.
Бұл жағдайда ғалымға кейде жауырынды жаба тоқуға да тура келді.
Ізденімпаз ғалым XX ғасыр басында еңбек еткен ақын-жазушыларды түрлі
бағыттарға бөле отыра, жаңа ғасыр бас кезіндегі әдебиетін түбегейлі
тарихын жасап шықты. Олардың бір тобын сынай отыра есімін "тасқа
басылған" тарихта қалдырса, екіншілерінің кемшілігін
көрсете отырып, жетістігін де байыптауға тырысты. Үшіншілерінің азын көп
етіп көрсетіп барын әспеттеді. Бұлай болмаған жағдайда барымыздан айырылып
қалған болар едік.
Көне кітаптар мен шаң басқан архивтерді ерінбей-жалықпай аударыстырған
тынымсыз еңбектің нәтижесінде, XX ғасыр бас кезіндегі әдебиетті жүйелі
зерттеудегі оқулықтар орнын толтырған XX ғасыр басындағы қазақ халқының
демократ жазушылары атты монография дүниеге келді. Зерттеу еңбектің өзіне
тән басты ерекшелігі - тарихилығында болатын. Мұнда әдебиет ғасыр басындағы
қазақ қоғамындағы тарихи-әлеуметтік, саяси-экономикалық дамудың және
үлкенді-кішілі өзгерістердің бірлігінде алынып қаралады.
Отаршылдық озбырлықтың қасіреті, ұлт ретінде жойылудың алдында тұрған
ел тағдыры, жұртын тығырықтан шығару қамында жүрген зиялылар іс-әрекеті,
осылардан туындайтын әдебиеттердегі түрлі ағым-бағыттар басты назарда
ұсталған жайттар еді. Сондықтанда түрлі бағытта еңбек еткен ақын-
жазушылардың шығармашылық ерекшелігін айқындауды ғалымның ең басты мақсаты
деп ұғынған жөн. Зерттеуші әр акын-жазушыны белгілі бір бағытқа жатқыза
отырып, оның әдебиеттегі орнын айқындауға, әдеби дамуға қосқан үлесін
анықтауға тырысады. Ғалым әдебиетті жүйелеуге сол тұста белең алып тұрған
таптық идеология тұрғысынан емес (әрине, одан қашып құтыла алмасы белгілі),
әдебиеттің дамуы барысындағы ұстанған идеялық көзқарастар жиынтығы
тұрғысынан қарады.
Осы мақсаттан келгенде Бейсембай Кенжебаев қазақ әдебиетін алға
сүйреп, оның дамуына өзіндік үлес қосты деп білетін творчестволық тұлғаға
мынадай талап деңгейінен қарайды: "Жазушының дүниеге көзқарасы оның сол
болмысты, өмірді, қоғамдық құбылысты көретін көзі, екшейтін елегі, өлшейтін
таразысы, жазушының дүниеге көзқарасы қаншалықты ғылыми, тиянақты, озат
өмірді, зиялыларды осы кезеңдегі қазақ мәдениеттануынан бағыт-бағдар
ала отырып, татар әдебиеттерімен салыстырмалы түрде
қарастырылды. Ресейдегі түркі тектес халықтар
әдебиеттерінің озық үлгілі өкілдерінің қазақ әдебиетіне тигізген
әсері және керісінше қазақ әдебиетінен оларға еткен әсері кең көлемде
болды. Осы арқылы қазақ жазба әдебиетінің қалыптасу барысындағы өте бір
өрісті кезең әдебиетінің даму үрдісі жан-жақты қаралып, нақтылана
түсті. С.Мұқанов, Е.Ысмайлов, Қ.Жұмалиев т.б. оқу-құралдарынан
жеке тұлғалардың портреттік зерттеу тәсілінен қаша отырып, көреген
ғалым дәуір әдебиетінің түгел кестесін түсіруге тырысты.
Зерттеудің алғашқы бөлімінде діншіл ақындар
шығармашылығы түрінде қаралып, олардың шығармаларындағы
ағартушылық ой-идеяға баса назар аударылады. Яғни ғалым осы бағыттағы
ақын-жазушылар шығармашылығындағы мән-мазмұнның мәйегін ашады десе
болғандай. Діншіл ақындардың шығыстық әдеби мектебін, дәстүрлік
негіздерін айқындай отырып, "Бұл ақын-жазушылар Россиядағы
капиталистік қарым-қатынастың дамуының әсерімен, 1905-1907
жылдардағы буржуазиялық-демократтық революцияның ыкпалымен оянды —
деп, осы ақын-жазушыларға әсер еткен саяси-әлеуметтік ықпалдар сырына
бойлайды. Сөйтіп Ақмолла, Әубәкір, Нұржан, Мәшһур Жүсіп, Шәді, Мақыш
т.б. бұрын шығармашылықтарына қырын көзқарас басым болып келген, діншіл,
ұлтшыл, байшыл, кертартпа деген таңба басылып, қара күйе жағылған
ақындарды жалған жаладан арашалап алып ғылыми айналым ендіреді. Бұл өз
тұсындағы әдеби зерттеуді ілгерілетудің бір көрінісі болатын.
Аталмыш ақындарды әдебиет тарихына қосудың қажеттілігі жөнінде Б.Кенжебаев
осы тараудың қорытынды бөлімінде мынадай тұжырым жасайды: ...
олар бізге өздерінің жоғарыда айтылған бірқатар демократтық
ағартушылық пікірлері үшін қазақ халқының қоғамдық ойының дамуын, өнер-
білімге жетілуін, мәдениетті мақсат ете жырлағаны үшін қажет.
Зерттеуші - ғалым ғылыми мәні зор еңбегінің келесі
тарауларында XX ғасыр басындағы әдебиетке ерекше зор үлес қосқан, түрлі
зерттеулерде белгілі дәрежеде сөз болып жүрген М.Сералин,
Ә.Тәңірбергенов, С.Торайғыров, С. Көбеев, С. Дөнентаев, Б.
Өтетілеуов, Б. Ғалымов шығармашылығына жеке тараулар
арнап, кеңінен қарастырады. Сөйтіп олардың
шығармашылық ғұмырнамасын тың материалдармен толықтырады
Б.Кенжебаевқа дейін бұл ақын-жазушылар туралы ғылым айналымда біраз
сөз қозғалғанымен, олардың ақындық ерекшеліктері,
шығармашылығының өзіндік сипаты толыққанды ашыла қоймағанды.
Б.Кенжебаев еңбегінің басты құндылығы аталған
ақын-жазушылар шығармашылығының жоғары ғылыми деңгейде жан-жақты
зерттеулерінде.
Әрине, қай зерттеуші болмасын өз дәуірінің ұлы. Өзі ғұмыр кешкен
дәуіріндегі қоғамдық ойдан ұзақ, шығып, шығандап кетуі мүмкін емес.
Әсіресе, кеңестік кезеңдегі коммунистік идеологиялық құрығы тым ұзын
болатыны одан құтылып кету тіптен мүмкін еместін. Әйтсе
Бейсембай Кенжебаевтай үнемі ізденіс үстінде жүретін ғалымның,
қайткенде өзіндік бір жол табуға ұмтылыс үнемі белгі беріп қалып
отырады. Бұның өзі негізіне қазақ әдебиеті саласында еңбек еткен
қандайда бір ақын жазушыны назардан тыс қалдырмауға тырысудан көрініс
табатын еді. Кеңестік тұстағы әдебиеттің таптығын бастан назарда ұстаған
идеологияның ыңғайына көне бермейтін ақын-жазушыларды мүмкіндігінше иіп
әкеліп әдебиет тарихына жанастыру, сөйтіп оны ақтап алуға әрекет жасап
әдебиеттің ауқымын кеңейтуден туған азаматтық әрекет [7-64].
Ғалым өзінің докторлық диссертациясына негіз болған 1958 жылғы осы
монографиясында XX ғасыр басындағы әдеби бағыттарды ескішіл феодальдық
буржуазиялық ұлтшылдық бағыттағы әдебиет, демократтык ағартушылық бағыттағы
әдебиет, ауыз әдебиеті деп бөледі. Әрине, бұл пікірде сол кездегі таптық
идеологияның бары рас. Өйткені бұл кітап 1958 жылдары саяси "қателіктері"
табылып, қазақ ғалымдар түрлі қудалауға түскеннен кейін жарық көрген.
Аласапыран заманда басқаша жағы мүмкін еместі.
Мәселен 1943 жылы жазылған қазақ әдебиетінің тарихы туралы
мақаласында ХХ ғасырдың алғашқы 20 жылындағы жазба әдебиетіміз яғни
буржуазиялық- демократиялық революциялар дәуіріндегі жазба әдебиетіміз" -
деген болатын, бұдан біздің ұғарымыз - алғашқы 20 жылдықтағы әдебиет – ұлт
қамын жеген күресшіл әдебиет деген тұспалды ой 50-жылдардағы түрлі қаулы-
қарарлар нәтижесінде ұстанған бағыттан лажсыз қайтып, XX ғасыр басындағы
әдебиет пен оның көрнекті өкілдерінің шығармашылығы туралы ой айтудың
өзгеше бір ыңғайын табуды көздейді. Тарихтың "актаңдағына" айналған ақын-
жазушылардың "ақ", "қарасына" қарамай, есімін атап, еңбектерін саралауда
мақсат тұтты. Есімі ел есінде қалса, тарих көшінің бір кезеңдерінде ұрпақ
елеп, екшеп алар деген ұлы арман іште бұққан болуы керек. Бұл ойымызға
нақты мысалды XX ғасыр басындағы әдебиет жайлы, жазылған кейінгі
еңбектерінен табамыз. Олардан біз ізденімпаз ғалым-ұстаз ойға сәлде болса
еркіндік берілген кезеңдер де уақытпен үйлескен ойларын - білдіріп
отырғанын көреміз.
ХІХ гасыр басындағы әдебиет тарихын Б.Кенжебаев әрдайым назарға ұстады
десе болғандай. Жылт еткен оңтайлы сәтті қалт жібермей, мүмкіндігінше
бұрынғы монографиясындағы жайды сылап-сипап, түзеп-күзеп қайтадан бастыра
салмай ойын уақыт тезінен өткізе қайта жазды. Қашанда жаңаша ой айтуға,
жаңа бағдар беруге тырысты. Мұның, алғашқысы 1966 жылы Ө.Есназаровпен
бірігіп жазған "XX ғасыр басындағы қазақ әдебиеті", кейінгісі 1976 жылы
жарық көрген (1983,1993 жылдары қайта басылып шыққан) "XX ғасыр басындағы
қазақ адебиеті" окулықтары.
Бұл оқулықтарда ғалым XX ғасыр басындағы әдебиетті бұрынғы
монографиялық сипаттан бөлек құрып, шәкірттер кабылдауына жеңіл
тілмен жағып, ұғымды ой,тиянақты пікірге құрды. Шәкірттер
талғамынан шыға алмауы мұнда қатаң сакталған. Сонымен бірге ғылыми-
теориялық ойлар өзіндік жүйелілігімен айшықктала түскен.
Оқулықта ғалым-ұстаз XX ғасыр басындағы әдеби
бағыттарға "Ағартушы ақын-жазушылар, Ағартушы демократ
ақын-жазушылар, демократтық-төңкерісін халық жазушылары" деп бөледі.
Әрине, бұлай бөлуді ХХ ғасыр басындағы әдебиеттегі бағыттарды түгелдей
танып білу, әрі дәлме-дәл бөлу деп бағалауға болмайды. Бірақ бұндай
тұжырымдардан өзгешелік бар екені бірден көзге ұрып тұр. Б.Әбілқасымов
тап басып танығандай "Бұлай, бөлуге ақын-жазушылардың дүниетаным
принципі негізі болған. Көркем әдіс тұрғысынан келгенде, XX
ғасыр басындағы әдебиетшілерді бұдан гөрі басқадай ыңғаймен топтастыруға
тура келеді.
Бұл еңбектерде де уақыт сазы белгі беріп қалатынын аңғаруға қиын емес,
оны ғалымның өзі де мойындайды. Ол 1976 жылғы окулықтың қорытынды бөлігінде
XX ғасыр басында әдебиет туралы кейбір сыңар жақ пікірлерді сынай келе
мынандай түйін жасайды: "XX ғасыр басындағы қазақ әдебиеті жөніндегі бұл
көзқарас теріс көзкарас еді. Мұның теріс дейтініміз - өткен дәуір әдебиетін
бүгінгі күн, бүгінгі талап тұрғысынан қарап бағалауға болмайды".
Қалай тауып айтылған, өз уақытының болмысын дәл көрсеткен пікір
десеңізші! Мәніне бойласаңыз өзгені сыйлай отырып, өзін іштей жеген
өкінішті де сездіреді [8-37].
Жоғарыда келтірілген бағыттар бөлінісінен ғалымның XX ғасыр басындағы
әдебиеттегі бағыттарды ажыратуында айқындық бары көзге түседі. Бұрынғы
қаралауы басым? "ескішіл-феодалдықтың" орнына енді Мәшһүр Жүсіп сынды
ақындар табиғатына өте жақын "ағартушы" деген нақтылығы басым анықтама
қолданысқа енеді. Осы арқылы "діншіл" атауы жабысып қалмай келе жатқан бір
топ акындар поэзиясын кеңінен талдауға мүмкіндік туып, шын мәнінде одарды
ақтап алған еді.
Ғалым бұл топтағы ақын - жазушылардың творчестволық тұлға екендігіне
ерекше назар аударады. Ал творчестволық тұлғада шығармашылық еркіндік басым
екендігі әмбеге аян. Оларды тек исламдық уағызы кітаптарға, шығыстық
үлгілерге еліктеушілер ретінде бағалаушыларға Б.Кенжебаев ашық қарсы
шығады. 1966 жылғы окулықта өз көзқарасын былайша білдіреді. Бұл ақын
жазушыларды кейбір әдебиетшілер кітаби ақындары атауды орынды көреді.
Шындығында бұл аталған деп жазушыларды бұлай атау көп жағдайда орынды
болатын тіпті себебі "Кітаби ақын", "Кітаби жазушы" деген кітаптағы, қоғам
өмірімен қарым-қатынасы, байланысы жоқ, тек ескі діни кітаптарды бастырып
отырған ақын-жазушыны көзге елестеді...
XX ғасыр басындағы ақын, жазушылардың көбінің көрген мектебі, оқып нәр
әдебиеті ертедегі араб, парсы әдебиеті, казақтың, татардың, әзербайжанның,
Орта азия халыктарының бұрынғы әдебиеті, шығыстық әдеби дәстүр еді...
Дегенмен, тұтас алғанда, бұл акын, жазушылар өмірімен азды-көпті байланыста
болды; қоғам өміріне араласты; шығармаларының тақырыбын көбінесе қазақ
халқының өз арасындағы қоғам өмірінен алып жазды; қазақ өмірінің күнделікті
әлеуметтік мәселесін сөз етті. Сондықтан да бұл ақын, жазушыларды, әсіресе
Мәшһүр Жүсіп пен Мақышты "кітаби ақын" деп атау орынсыз болады".
Әрине, бұл оқулықтарда XX ғасыр басындағы әдебиеттің көрнекті
өкілдерінің үлкен бір бөлігі назардан тыс қалғаны, олар тек сөз арасында
ғана "ұлтшыл-буржуазшыл" деп аталып өткені белгілі . Біз бүгінде "ұлт-
азатшыл" әдебиет өкілдері деп жүрген ақын-жазушыдардың атын атаудың өзі ол
кезде үлкен күнәға саналатын.
Оқулықта діни-ағартушылардың басын арашалап алып олардың XX ғасыр
басындағы әдебиеттегі орнын айкындаған Б.Кенжебаев ағартушы-демократтық
бағыт өкілдеріне айрықша мән береді. Мұның себебі көп-ақ.
Біріншіден, бұл бағыт өкілдері XX ғасыр басындағы әдебиетті биік
көркемдік деңгейге көтерген әдеби шығармашылықтың шынайы
шеберлері болды. Екіншіден, Абай дәстүрін жалғастырып, оның
әдеби өнегесін жаңашылдыкпен өрбіткен де негізінен осы бағыт өкілдері
болатын. Үшіншіден, әдебиетті көркемдік ізденістер арқылы
түрлі әдеби жанрларда алғашқы тәжірбиелерге атып барып, әдебиетті
жанрлық тұрғыдан байытқанда осы ағартушы-демократтар еді. Олар орыс
әдебиеті арқылы, - жазба әдебиетінің үлгілерін игеріп, өмір шыкдығын
бейнелеу тәсілін жете меңгерген шеберлерін сынау қасиеттер өз
нәтижесін бермей қалған жоқ. Жазба түгел дәуір жүгін арқалаған
әдебиеттің бүкіл болмысын жарқырата ашып, тарихын жасады, белгілі
бір жүйеге түсірді.
Иә, бұл оңайлықпен орындалар дүние емес, қажымас
қайрат, мұқалмас жігер, ерен еңбек, ғаламат қайсарлық кажет-ақ.
Бұл қасиеттер Бейсенбай Кенжебаев бойынан табылды. Соның нәтижесінде
Бейсекен қазақ әдебиеттану ғылымының тарихында XX ғасыр басындағы қазақ
әдебиетінің ғылыми жүйесінің негізін қалаған, сол дәуір ақын-
жазушыларының азды-көпті дүниесін түгел түгендеген, сөйтіп кезең,
әдебиетінің тарихын жасаушы аса көрнекті ғұлама ғалым ретінде
рухани мәдениетімізден мәңгілік орын алды.
1961 жылы Б.Кенжебаевтың қазақ кеңес әдебиетінің алғашқы кезеңін
қарастырған 'Жиырмасыншы жылдардағы қазақ совет әдебиеті" атты еңбегі жарық
көрген. Ал, 1981 жылы Т.Кәкішұлының қазақ әдебиетінің теория, тарих
мәселелерін зерттеген ғалым, үзеңгілес досы, Мырзабек Дүйсеповпсн бірлесіп
жазған Ұлы Октябрь шуағы" атты еңбегі жарық көреді. Қарап отырсақ, екі
еңбектің арасында жиырма жылдай уақыт бар. Бірақ, бұл аттары аталған
Б.Кенжебаевтың және Т.Кәкішев, М.Дүйсеновтің кітаптарын салыстыра отырып
қарастырған жөн. Өйткені, бұл еңбектердің қарастырған дәуірлері қамтитын
мәселелері бір. Ол дәуірлері - қазақ әдебиетінің алғашқы жылдары.
Нақтыласақ, бұл екі кітап та 1917-1930 жылдар әдебиетін, оның әр түрлі
мәселелер жалпы тарихын тарамдап баяндайды, баяндағанда да әр автор өз
еңбегінде әр қилы әдіс қолданған. Сондыктан зерттеудің ой-пікір
сабақтастығы мен алшақтықтарын айқындау арқилы әр автордың қазақ
әдебиеті тарихын зерттеуге қосқан үлестерін анықтауға мүмкіндік мол.
Ғалым Б.Кенжебаев өз еңбегінің кіріспесінде қазақ көбінесе әдебиетінің
тарихын төрт дәуірге бөледі. Алғашқысы Қазан төңкерісінен бастап 1930 жылға
дейінгі дәуір (1917-1930 жж)- Бұны: "Октябрь революциясы, азамат соғысы,
шаруашылықты қалпына келтіру жылдары",- деп таниды автор- екіншісі, 1930-
1941 жылдар арасын қамтиды. Бұған, индустрияландыру, колхоздастыру кезеңін
жатқызады, үшінші кезең, 1941-1946 жылдар, яғни Ұлы Отан соғысы кезіндегі
әдебиет деп, төртіншіге сол Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан бастап, осы аты
аталған еңбек жазылғанға дейінгі дәуірді кіргізеді. Ол - 1946-1961 жылдар .
Осы аталғандардың ішінде өз кітабында Б.Кенжебаев алғашқы, 1917-1930
жылдар әдебиетін қарастырғанда оларды 1917-1920, 1920-1925, 1925-1930
жылдардағы әдебиет деп жеке-жеке тарауларға бөліп, сол жылдарда әдебиетке
келіп қосылған ақын-жазушылар туралы соны талданған, жинақты ой-пікірлер
айтады.
Ал, Т.Кәкшіев пен М.Дүйсенов бірлесе жазған кітап сол жылдардағы
әдебиет ғылымының өскен өресін аңғарта алды. Оның зерттелу тәсілі
өзгешерек. Өйткені, қазақ кеңес әдебиетінің алғашқы жылдары сөз болған
"Дәстүр тағылымы" атты бөлімінде авторлар әр нәрсенің бастауы бар екенін
жете түсініп, пікір айтады. Бұнда авторлар ең алдымен XX ғасырдың алғашқы
ширегіндегі қазақ әдебиетінің бастау алған арналарын, яғни кеңес
әдебиетінің сусындаған қайнар бұлақтарын атап-атап көрсетеді. Бұдан
авторлардың тарихи сабақтастық "принципін ұстанғаны анық көрініп тұр. Сөз
басында кітап авторлар Кеңес дәуірі әдебиетінің бастау-бұлақтарын, нәр
дәуір әдебиетін санамалайды. Ауыз әдебиеті, 1916 ұлт-азаттық көтеріліс
туралы туған жырлар, көне түркі ескерткіштері мен Орта Азиялық әдебиет
Кеңес дәуірі әдебиетінің нәр алған қайнар көздері болып, деп есетпейді
авторлар. XX ғасыр басындағы жылғы ұлт-азаттық қозғалыс кезінде дүниеге
келген ардың тікелей фольклордан нәр алғандығын айта осы жерде: "Халық
творчествосы күресшілдік идеяға, алу мұратьша ойысты...Соз саптау
дәстүрі біріншісін, "сыншыл реализм әдісін қалыптастырып, демократиялық-
ағартушылық бағытты өркендеткен Абай саласы" деп, екіншісін, "жаңа
жағдайда, әлі де феодалдық қарым-қатынастарға шырматылып туа бастаған қазақ
буржуазиясының тілек-мұңын жақтаған буржуазияшыл-ұлтшыл" әдебиет деп атап
көрсетеді. Бұл -авторлардың Абай тұлғасын қазақ әдебиетіндегі феномен деп
танитындығының және оның шығармашылығын бір дәуірден екіншіге өтуде
алтын көпір ретінде бағалайтындығының дәлелі.
Б.Кенжебаев өз еңбектеріңде бірде-бір ұлтшыл-алашшылдардың атын
атамайды. Ол түсінікті де. Өйткені саясаттың құрсауы мықты кезең болатын.
Т.Кәкішұлы мен М.Дүйсеновтерде кейбір ақын-жазушылардың шығармашылығына
Мағжандай кертартпа ақын шығармаларының әсер еткені жайлы пікірлер
кездеседі. Жалпы, Мағжан шығармашылығының Абайдан кейінгі жерде, өзі
тұстас, одан кейінгі де қаламгерлердің көркем дүниелерінің жазылуына, ақын-
жазушыларының таным-түсініктеріне әсер еткенін байқап, оны талдап, саралау
бертін келе 1988 жылдары басталды.Ал одан жеті-сегіз жыл бұрын, мейлі
"декадент", күйзелген ақын деп таныса да, негізінде М.Жұмабаевтың
шығармаларының әсерін байқап, талдай отыра пікір білдіру бір емес, бірнеше
жерде есімін атап, көркем дүниелерін талдау ғалымның заман қыспағына
қарамай Мағжанның әдебиеттегі орны туралы ой айта білгендігін
танытады.Басқа каламгерлерге қарағанда алашшылдардың арасынан М.Жұмабаевтың
шығармаларынан мысал ала отырып, саралау көбірек кездеседі. Ұлы Октябрь
шуағы атты осы кітаптың басынан аяғына дейін, өзі әңгімелеп отырған
дәуірінің әсерлісін, көркем, тыңдығын дамыту социалистік реализмге қарама-
қарсы бағыттағы көрсетіп талдау керек болған. Сол себептен не нәрсені
айтарда салыстыру үшін Мағжан шығармашылығына жүгіну, сол жылдар үшін,
өзінің дұрыс шешімін тапқан.
Сәкен басында қара бұлт өзінің шығармашылық еңбегіне 20
жыл толарына дейін –ақ үрейленген болатын. Сәкеннің 1913 жылдан бергі
танысы, сібірдің төңкерісшіл жазушысы Ф.Березовский пенделік өкпемен
КСРО жазушылар одағының 1936-жылы қаңтарда Минск қаласында өткен I-
пленумында қазақ әдебиетінің жай –күйін әңгімелей келіп,
С.Сейфуллиннің Қызыл ат поэмасы мен бірнеше шығармаларында
троцкизмге іш тартатын саяси қателіктер бар. Қазір Сейфуллин бұл
қателіктен арылдыI деген. Бұл сөз сол жиынның төрінде отырған, бұрын
қазақстан өлкелік партия комитетінде ұйы мдастыру хатшысы болып
істеген, Сәкен, Абдолла Асылбекотармен талай көріскен, енді КСРО-ның
ішкі істер халық комиссары болған қанішер Н.Ежовтың көңілінің бір
қыртысына қыстырылып қалған еді.
Феокист Березовскийдің Минскіде сөйлеп, өзін троцкилермен
байланыстыруы Сәкеннің ұйықтаса да ойына келмеген жай. Сөйтсе, оған
өзі кінәлі екен.
1935-жылы Қазақтың автонамиялық кеңес республикасының
құрылғанына 15 жыл толып, оны мерекелеуге Москвадан шақырылған
қонақтардың ішінде Феокист Березовский де болды. Қарсы алушылардың
біреуі Березовскийге Сәкеннің іс -әрекетін бұрмалап жеткізген
сияқты. Адамнан пенделік қала ма, сол үшін Березовский Минскіге
сөйлегенде Сәкенмен есеп айырысып, троцкистердің сорпасын ішкен
адам қылып көрсетті. 1936-жылы 26-наурызда Сәкен оған хат жазды: Я
в Казахстане был и остаюсь Вашем другом. Я всегда с уважением
произносил Ваше имя на литературных собраниях. В прошлом году по
моей, только по моей инициативе, по моему настоянию были
официально приглашены Вы Только я везде и всюду у наших
руководителей рекламировал Вас, -деп ішкі құрмен – сый мол көңілін
ашып жазды да, өсек сөзге сеніп қалған пендеге өкпесін ащылау
айтады. Сіздің пленумда сөйлеген сөзіңізге баспасөз арқылы да жауап
беруіме болар еді, бірақ, бірден өзіңізге жазғанды жөн таптым дей
келе, Правда, тон моего письма и некоторые выражения резковаты, но
Вы понимаете причину этого и простите мне. Я Вас не виню в
прямом смысле. Вы должны были глубже изучать и понять все, что
есть в нашей литературе. Вы должны были критически относиться к
статьям Тогжанова и тому подобных. Среди них были и те,
которые Вас подвели - дегені шынайы көңілдің шырқырап шыққан
шындығы болатын.
Голощекин заманында, тіпті, насырға шапқан алауыздық әлі
тарқай қоймағанын және оның аяғы неге бастап келе жатқанын
Ф.Березовский жауабынан айқын көреміз: Очень и очень сожалею,
чтосвои выступлением на пленуме в Минске и причинил Вам столько
огорчений. Но во всем этим повинен не только я лично. Виною были
и субъективные и объективные причины. Признаюсь, что кое в чем я
введен в заблуждение товарищами, кое в чем виноват я лично, а
кое в чем повинны те офицальные сведения, которыми я пользовался
деген сөздер өзім оқыған бір құжатты есіме түсіріп отыр.
Л.Мирзоян Қазақстанға басшы болып келгенде Мемлекеттік
қауіпсіздік мекемесі ақын – жазушылардың әрқайсысына саяси мінездеме
берген. Жалғыз Тайыр Жараковтан басқа бірде –бір кеңес үкіметін
жақтайтын ақын –жазушы жоқ деген кесірлі құжат жасалған, ол партия
архивынан маған кездесіп еді. Тегінде, Березовскийге сол сияқты
мәлімет беріліп, талайымыз сабырлап та үлгерген сияқтымыз. Бұл оқиға
айрықша тоқтауымыздың бір себебі, КСРО ішкі істер комиссары
Н.Ежовтың ревалютционер Березовскийдің сөзін өз құлағымен аузынан
естуі. Өйткені, бұл тұста троцкий –зиновьшілдермен күрес басталып,
белсенді белсенді мүшелері түрмеге алына бастаған –ды. Абдолла
Асылбековпен екеуі Қазақстан өлкелік комитетінде Ежовпен бір мезгілде
қызмет істеп, талай мәселеде кері керілдескенін ұмыта қоятын
қортық еместігін Сәкен ескерген болатын. А.Асылбеков, Нұрғали
Нұрғайытов , Мәнсүр Гатаулиндердің Қарағандыда ашық соты болғанда,
Сәкеннің аты зорлықпен бірнеше аталғанды. Мұның бәрі сол уақытта –ақ
жіпке тізіліп, кейін тізіліп айналған-ды.
Мұның үстіне, 1937- жылдың көк темінде жеті жылдық
айдаудан қайтып оралған, бір кезде Омбы оқытушылар семинариясында бірге
оқыған, бірақ ақындық бақталастық саяси жолдарын екіге айырған
М.Жұмабаев Алматыға келгенде Сәкен зор адамгершілік көрсеткен еді.
Мұны С.Мұқановқа жаныстыра баяндап өтудің үлкен әлеуметтік және
саяси мәні бар. Себебі, бұл төңіректегі жаяу өсектер мен пыш –пыш
әңгімелердің ініне су құю –тарихи қайраткерлеріміздің әрен
тұлғаларын ғана емес, елдігіміздің сипатын тану үшін керік.
Мағжан түрмеден шығып, елге келен соң 1936-жылы 27-
қыркүйекте С.Мұқанов басшылық етіп отырған Қазақстан жазушылар
одағына Өзімнің кінәма лайықты жазамды өтедім. Еңбектің қара
қазанында қайнап, адасулар мен арам ойлардан мәңгілікке арылдым. Мен
бұрынғы ойларымнан арылып, бай мен ұлшылдардың жолынан бас
тартым және жаңа жолға, еңбекшілер жолына біржолата бет бұрдым.
Ескі көзқарастан арылғанымды ісіммен көрсеткім келеді. Мен үшін
енді еңбекші таптың, коммунистік партияның жолынан басқа жол жоқ.
Еңбекші табы әдебиетінің жетекшісі Жазушылар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Б.КЕНЖЕБАЕВ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ТАРИХЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ
ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ (тақырыптық, жанрлық және көркемдік)
Ағартушы-демократтық бағыттағы ақын-жазушылар
ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиет көрінісі
ХХ ғасыр басындағы тарихи-әлеуметтік жағдай және оның әдебиеттің дамуына тигізген әсері. Қазақ зиялылары ұлт қамы жолында. Әдеби бағыттардың ерекшеліктері мен ортақ бірлігін ажырату
Мақыш қалтайұлы жайлы
Қазақ әдебиет тарихын қай дәуірден, кімнен бастау керек деген мәселеде
ХХ ғасыр басындағы қазақ поэмасы
Мақыш Қалтаев
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТАРИХЫ. ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Пәндер