Қазақстан экономикасындағы өңдеуші кәсіпорындар



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1.КӘСІПОРЫН ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТТІН НАҚТЫЛАУ ЖӘНЕ ЖОСПАРЛАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5

1.1.Қазақстан экономикасын жаңарту: басымдықтары, міндеттері және кезеңдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2. Өңдеуші кәсіпорындардың экономикалық тиімділік көрсеткіштері
және оған әсер ететін факторлар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ӨҢДЕУШІ КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІН ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22

2.1. Қазақстан Республикасында өңдеуші өнеркәсіптің қазіргі жағдайын экономикалық талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
2.2. «FoodMaster» ЖШС.нің экономикалық тиімділігін бағалау ... ... ... ... ...28

3. ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ЖАҢАРУ ЖАҒДАЙЫНДА ӨҢДЕУШІ КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ
ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...33

3.1.Қазақстанда өңдеуші кәсіпорындардың тиімділігін арттыру тетіктері...33
3.2. «FoodMaster» ЖШС қызметінің нәтижелілігін жақсарту жолдары ... ... 36

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..40

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР КӨЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .42
Өңдеушi өнеркәсiпте және қызмет көрсету саласында бәсекеге түсуге қабiлеттi және экспортқа негiзделген тауарларды, жұмыстар және қызмет көрсетулер өндiрiсi, шикiзаттық бағыттан бас тартуға ықпал ететiн экономика салаларын әртараптандыру жолымен елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзуге; ұзақ мерзімді жоспарда сервистiк-технологиялық экономикаға өтуге болады. Бәсекеге түсу қабiлетi дегенiмiз қазақстандық кәсiпорындардың экспортқа шығарылатын өнiмдердi өндiру қабiлетiн бiлдiредi. Басқаша айтқанда, өңдеушi өнеркәсiптiң өнiмi осындай әлемдiк стандарттарға сәйкес келуi керек және баға бойынша бәсекелесуге қабiлеттi болуы тиiс.
Шикізаттық ресурстар өндірісі мен экспортын белсенді дамыту ұлттық экономиканың дағдарыстан шығуына және экономикалық өсудің жоғары қарқынын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Бүгінгі күннің басты стратегиялық міндеті – экстенсивтіге негізделмеген, жоғары технологиялы өндіріске және ұлттық экономикалық жүйенің жаңа ұйымдық құрылысының бәсекелі артықшылықтарына шығу есебінен экономиканың өсу сапасына көтерілу.
Қазақстан Республикасы Үкіметі қызметінің орта мерзімді кезеңдегі стратегиялық мақсаты орнықты даму қағидаттарының негізінде еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады [4].
Үкімет күш-жігерді Қазақстанның халықаралық бәсекеге қабілеттілігін және еліміздің азаматтарының өмір сүру сапасын арттыру үшін қолайлы институционалдық және экономикалық жағдай жасауға барынша бағыттайды. Бұл Қазақстанның таяу он жылда әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіруі жөніндегі стратегиялық міндетті шешуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтылғандай, қолымызда бар мүмкіндіктерді айқындау және пайдалану, сондай-ақ жаңа бәсекелестік артықшылықтар қалыптастыру арқылы Қазақстанды жаһандық экономикаға ойдағыдай кіріктіру, өндіруші сектордың тиімділігі мен макроэкономикалық қайтарымдылығын едәуір арттыру қажет. Сондай-ақ әртараптандыру, инфрақұрылымдық дамыту және жоғары технологиялық одан әрі индустрияландыру негіздерін жасау арқылы Қазақстан экономикасының өсуі мен тұрлаулылығын басқаруға көңіл аудару қажет.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес еліміздің әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің клубына қарай ілгерілеуі үшін Қазақстанды жеделдете жан-жақты жаңғырта жаңарту қажет.
Бұл жолда Қазақстан мен өңірдің нақты жағдайын ескеріп, әрі әлемнің озық мемлекеттерінің жетістіктерін өзімізде іске асыра отырып, біздің:
Біріншіден, қандай да бір табыстарға қолымыз жетіп үлгерген секторларды жаңғырта жаңарту қарқынын жеделдете түсуіміз қажет;
1. «Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан» Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2007 жылдың 28 ақпанындағы Қазақстан халқына Жолдауы. Астана, 2007 ж. 28 ақпан
2. «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2006 жылдың 1 наурызындағы Қазақстан халқына Жолдауы. Астана, 2006 ж. 1 наурыз
3. Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық
дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасын дамытудың 2006 – 2008 жылдарға арналған бағдарламасы
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 – 2009 жылдарға арналған бағдарламасы
6. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аумақтық даму стратегиясы
7. Қазақстан Республикасы Үкіметінің экономиканың басым секторларында пилоттық кластерлерді жасау мен дамыту жөніндегі жоспарларды бекіту туралы: 2005ж. 25 маусым №633 қаулысы. Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің Актілер жинағы – 2005ж. №26
8. ҚР-ның статистикалық жинағы - 2005ж.
9. ҚР-ның статистикалық жинағы - 2006ж.
10. Алшанов Р. «Жаңа экономикаға барар жолда». Егемен Қазақстан -2004ж. 24 желтоқсан
11. Алшанов Р. «Қазақстан және даму өрісі». Егемен Қазақстан - 2002ж. 31 шілде
12. Алшанов Р. «Қазақстан экономикасы дамудың жаңа кезеңінде». Егемен Қазақстан - 2004ж. 5 мамыр
13. Арыстанбеков Қ. «Қазақстанның дамуы қай деңгейде?: Әлем және Қазақстан». Егемен Қазақстан – 2005ж. 13 қыркүйек
14. Ашанұлы Қ. «Экономикамыздың дамуына инвесторлардың да үлесі бар: Елбасы Жолдауына орай». Ана тілі – 2005ж. ақпан №6
15. Әбдірахман Н. «Біз бәсекеге қабілетті ұлт бола аламыз: Қазақстан Республикасының премьер-министрі Д.Ахметов». Жетісу – 24 қыркүйек
16. Әліпбай С. «Экономикамыздың даму қарқыны күткендегімізден де жоғары». Егемен Қазақстан – 2003ж. 30 сәуір
17. Әшімбаев М. «Жаһандану дүниесі және Қазақстан». Егемен Қазақстан – 2004ж. 28 сәуір
18. БайзақовС., Райхан Н. «Қазақстан экономикасын кластерлер көтереді». Ақиқат – 2005ж. №5
19. Байсақалова Н. «Көрер көз болса жетістіктер жеткілікті». Алматы ақшамы – 2006ж. 29 шілде
20. Бораш Қуат «Өңдеуші өнеркәсіпсіз өсу болмайды». Егемен Қазақстан 2006 ж. 12 қаңтар
21. Еспаев Сәкен «Қазақстан экономикасы: нәтижелер, басымдықтар, міндеттер». Егемен Қазақстан 2006 ж. 31 қаңтар
22. Есполов Т. «Бәсекелестік бағытымен – орнықты экономикаға». Егемен Қазақстан – 2006ж. 14 сәуір
23. Мауқараұлы А. «Экономиканың мақсаты – дүниежүзілік стандартқа жету: Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ-нің ректоры Ә.Ә.Әбішевпен сұхбат». Қазақстан Заман – 2005ж. 9 қыркүйек
24. Райхан Н. «Қазақстан экономикасы жедел жаңармақ». Абай – 2005ж. №3
25. Сағадиев К. «Жедел жаңару жолында: Жаңа экономика және әлеуметтік мемлекет туралы». Егемен Қазақстан – 2005ж. 23 ақпан
26. Сағадиев К. «Он бес жылда ел жаңа». Егемен Қазақстан 16 желтоқсан 2006 ж.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 47 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1.кәсіпорын экономикасының қызметтін нақтылау және
жоспарлау ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..5

1.1.Қазақстан экономикасын жаңарту: басымдықтары, міндеттері және
кезеңдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5

1.2. Өңдеуші кәсіпорындардың экономикалық тиімділік көрсеткіштері
және оған әсер ететін
факторлар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .11

2. Қазақстан Республикасында өңдеуші кәсіпорындардың қызметін және
экономикалық тиімділігін
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 22

2.1. Қазақстан Республикасында өңдеуші өнеркәсіптің қазіргі жағдайын
экономикалық
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 22

2.2. FoodMaster ЖШС-нің экономикалық тиімділігін
бағалау ... ... ... ... ...28

3. Қазақстан экономикасының жаңару жағдайында өңдеуші кәсіпорындардың
экономикалық
тиімділігін
арттыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..33

3.1.Қазақстанда өңдеуші кәсіпорындардың тиімділігін арттыру тетіктері...33

3.2. FoodMaster ЖШС қызметінің нәтижелілігін жақсарту жолдары ... ... 36

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...40

Пайдаланылған әдебиеттер көздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .42

КІРІСПЕ
Өңдеушi өнеркәсiпте және қызмет көрсету саласында бәсекеге түсуге
қабiлеттi және экспортқа негiзделген тауарларды, жұмыстар және қызмет
көрсетулер өндiрiсi, шикiзаттық бағыттан бас тартуға ықпал ететiн экономика
салаларын әртараптандыру жолымен елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзуге; ұзақ
мерзімді жоспарда сервистiк-технологиялық экономикаға өтуге болады.
Бәсекеге түсу қабiлетi дегенiмiз қазақстандық кәсiпорындардың экспортқа
шығарылатын өнiмдердi өндiру қабiлетiн бiлдiредi. Басқаша айтқанда, өңдеушi
өнеркәсiптiң өнiмi осындай әлемдiк стандарттарға сәйкес келуi керек және
баға бойынша бәсекелесуге қабiлеттi болуы тиiс.
Шикізаттық ресурстар өндірісі мен экспортын белсенді дамыту ұлттық
экономиканың дағдарыстан шығуына және экономикалық өсудің жоғары қарқынын
қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Бүгінгі күннің басты стратегиялық міндеті – экстенсивтіге
негізделмеген, жоғары технологиялы өндіріске және ұлттық экономикалық
жүйенің жаңа ұйымдық құрылысының бәсекелі артықшылықтарына шығу есебінен
экономиканың өсу сапасына көтерілу.
Қазақстан Республикасы Үкіметі қызметінің орта мерзімді кезеңдегі
стратегиялық мақсаты орнықты даму қағидаттарының негізінде еліміздің
бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады [4].
Үкімет күш-жігерді Қазақстанның халықаралық бәсекеге қабілеттілігін
және еліміздің азаматтарының өмір сүру сапасын арттыру үшін қолайлы
институционалдық және экономикалық жағдай жасауға барынша бағыттайды. Бұл
Қазақстанның таяу он жылда әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің
қатарына кіруі жөніндегі стратегиялық міндетті шешуді қамтамасыз етуге
мүмкіндік береді.
Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында
айтылғандай, қолымызда бар мүмкіндіктерді айқындау және пайдалану, сондай-
ақ жаңа бәсекелестік артықшылықтар қалыптастыру арқылы Қазақстанды жаһандық
экономикаға ойдағыдай кіріктіру, өндіруші сектордың тиімділігі мен
макроэкономикалық қайтарымдылығын едәуір арттыру қажет. Сондай-ақ
әртараптандыру, инфрақұрылымдық дамыту және жоғары технологиялық одан әрі
индустрияландыру негіздерін жасау арқылы Қазақстан экономикасының өсуі мен
тұрлаулылығын басқаруға көңіл аудару қажет.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес еліміздің
әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің клубына қарай ілгерілеуі үшін
Қазақстанды жеделдете жан-жақты жаңғырта жаңарту қажет.
Бұл жолда Қазақстан мен өңірдің нақты жағдайын ескеріп, әрі әлемнің
озық мемлекеттерінің жетістіктерін өзімізде іске асыра отырып, біздің:
Біріншіден, қандай да бір табыстарға қолымыз жетіп үлгерген
секторларды жаңғырта жаңарту қарқынын жеделдете түсуіміз қажет;
Екіншіден, жаңғырта жаңартуды ешқандай алалаусыз Қазақстан экономикасы
мен әлеуметтік өмірінің барлық салаларына тарату керек [1].
Курстық жұмысының мақсаты қазіргі экономикалық даму жағдайына сай
экономика салаларын әртараптараптандыру және өңдеуші өнеркәсіптік
кәсіпорындардың экономикалық тиімділігін нақтылау және жоспарлау.
Алға қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттер шешілуі тиіс:
- экономиканы жаңарту жағдайында өңдеуші кәсіпорындардың экономикалық
тиімділігін арттырудың теориялық негіздерін қарастыру;
- Қазақстан Республикасында өңдеуші кәсіпорындардың тиімділігін
арттырудың өзекті мәселелерін анықтау;
- Қазақстан Республикасында өңдеуші өнеркәсіптің қазіргі жағдайын
экономикалық талдау;
- кәсіпорынның экономикалық тиімділігін бағалау;
- Қазақстанда өңдеуші кәсіпорындардың тиімділігін арттыру тетіктерін
анықтау;
- кәсіпорынның экономикалық тиімділігін арттыру жолдарын ұсыну.
Бұл тақырыпты Оқаев Қ.О., Мамыров Н.Қ., Дәуренбекова А.Н., Ихданов
Ж.О. сынды көптеген отандық және шетел экономистері зерттеген. Бірақ әлі
шешімін таппаған мәселелер бар, сондықтан тақырып зерттеуді қажет етеді.
Зерттеу объектісі ─ FoodMaster жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Курстық жұмысының теориялық және әдістемелік негізін өнеркәсіптік
кәсіпорын экономикалық тиімділігін арттыру мәселелері бойынша отандық,
бірқатар шетелдік ғалымдардың еңбектері, монографиялары, оқулықтары мен оқу
құралдары, мерзімді баспасөздегі мәліметтер мен ақпатраттар, сондай-ақ
арнайы заңдар, заңнамалық құжаттар, нормативтік-құқықтық актілер мен
Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің бұйрықтары, қаулылары
мен жарлықтары, ҚР-сы статистикалық агенттігінің мәліметтері, сүт өнімдері
саласында қызмет ететін ФудМастер ЖШС-нің жылдық есептемелік құжаттары
құрайды.
Курстық жұмысының құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан,
пайдаланылған әдебиеттер көздері мен қосымшалардан тұрады.
Кіріспеде тақырып өзектілігі, зерттелу дәрежесі, жұмыстың мақсаты және
теориялық әдістемелік негіздері туралы айтылған.

1. Экономиканы жаңарту жағдайында өңдеуші кәсіпорындардың экономикалық
тиімділігін арттырудың теориялық негіздері
1.1. Қазақстан экономикасын жаңарту: басымдықтары, міндеттері және
кезеңдері

Өнеркәсіп - шаруашылықтың шешуші саласы. Ол еңбек құралдарын, халық
тұтынатын заттарды жасаумен, шикізат, отын, электр энергиясын өндірумен
шұғылданады. Ол қоғамымыздың материалдық-техникалық базасын жасауда,
өндірістің барлық салаларының индустриялық негізін онан әрі нығайтуда
маңызды рөл атқарады. Қазақстан өнеркәсібінің жетекші салалары – түсті және
қара металлургия, отын, химия индустриясы, машина жасау, тамақ және жеңіл
өнеркәсіп.
Қазақстан экономикасының бір ерекшелігі, ол – жергілікті шикізатпен
және отынмен толық қамтамасыз етілген. Бірақ мұнда өңдеуші өнеркәсіптен
гөрі, өндіруші өнеркәсіп басым, оның себебі, жер қойнауы шикізатқа өте бай
және өндірістің көптеген салаларының дұрыс қызмет атқарылмауында. Ендігі
мақсат алдағы уақытта пайдалы қазбалардың жаңа кендерін игеріп қана қоймай
оларды өңдеу арасындағы орын алып отырған алшақтықты жою.
Сыртқы және ішкі нарықтардағы өзгерістерге байланысты экономиканың
тұрақты түрде өзгеріп отыруы заңды құбылыс. Біртұтас экономикалық жүйені
құру, оның құрамдас бөліктерін дұрыс анықтау арқылы экономиканың негізін
қалау немесе қайта құру шаралары неғұрлым нақты жүргізілсе, солғұрлым оның
дамуы бірқалыпты және тұрақты болмақ. Сондықтан қандай бір ауытқушылық
немесе ірі өзгерістер болмасын, іргесі нық экономикалық жүйе күрделі
күйреуге ұшырай алмайды.
Әлемдегі тауар, қаржы және валюта нарықтарында жиі кездесетін тұрақсыз
жағдай, минералдық шикізаттық ресурстарға деген бағаның құбылмалы болуы
ұлттық экономиканың тұрақты дамуына теріс ықпалын тигізуі мүмкін. Сондықтан
да осындай жағдайларға тап болмас үшін, тек бір ғана шикізатымыздың көмегі
жеткіліксіз. Сол себепті сыртқы және ішкі нарықтардағы барлық жағдайларды
ескере отырып, ел экономикасын әртараптандару қажет. Әртараптандыру сипаты
елдің әлеуметтік – экономикалық ерекшеліктеріне байланысты. Оның дамуына
ғылыми – техникалық процесс, жоғары пайда үшін күрес, өз капиталын
орналастыруға лайықты нарық іздеу қажеттілігі, бәсекелік күрес сияқты
себептер ықпалын тигізеді. Әртараптандыру нәтижесінде өнеркәсіп көпсалалы
сипат алады. Өйткені, компанияларға кешенді өндірісті дамыту пайдалы болып
табылады. Күрделі қаржының табысы аз саладан барынша пайдалы салаға құйылуы
капиталдың дәстүрлі нарығына соқпай-ақ әртараптандыру арқылы жүріп жатады.
Әртараптандыру көмегімен экономиканың құрылымы өзгеріп, көпсалалы
кешендерге айналады.
Көптеген мемлекеттер экономикасы әртараптандырылған. Соның
нәтижесінде, олар әлемдік аренада алдыңғы орындарды иемденген. Кез келген
мемлекет үшін экономикасы қаншалықты әртараптандырылғандығы өте маңызды.
Өйткені әртараптандыру экономиканың барлық секторларын жан-жақты жандандыру
берілген мемлекеттің жалпы экономикалық-әлеуметтік, адами көрсеткіштер
дәрежесін анықтайды.
Елбасының 2007 жылдың ақпанындағы Жолдауында көрсетілгендей: Біз
мүлдем жаңа экономикалық жүйенің, демократиялық құқықтық мемлекеттің
іргетасын қалыптастырып, осы заманғы қоғамдық институттарды нығайттық, өмір
сапасы мен ұстындарын елеулі түрде өзгерттік. Біз ішкі тұрақтылыққа қол
жеткіздік, дамудың әлеуметтік базасының сенімділігін қамтамасыз етіп,
өңірдегі үздік экономиканы құрдық. Қазақстан өңірде геосаяси тұрақтылық пен
халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі маңызды міндеттерді
атқаратын халықаралық қоғамдастықтың толыққанды және жауапты мүшесі ретінде
орнықты [1].
Дегенмен оған жету үшін талай қиындықтарды бастан кешіруге тура келді.
Ауқымды реформалар жүргізілді. Егемендіктің алғашқы жылдарында ең қиын
жағдайлар экономика саласында болды, ең ауқымды реформалар да осы салада
жүргізілді.
Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев қоғамдағы реформалардың алғашқы
басталар шағында алдымен экономикаға көңіл бөлу керек екендігін айтты.
Егемендік алғаннан кейінгі іс-қимылдың ең басты бағыты, шешуші басымдылығы
осы экономика саласы деп атап көрсетті. Бұл дұрыс пікір еді. Өйткені жеке
басты ғана емес, әр елді, әр халықты тұрмыс билейді. Ал тұрмыстың негізі
экономикада, оның тиімділігі немесе тиімсіздігінде. Сондықтан қоғам алдына
қоятын мақсатың, оның орындалуы ел экономикасының мүмкіндігіне байланысты.
Саясат та экономиканың шоғырланған келбеті.
Егемендік алардың қарсаңында, Қазақстанда өндірістің өңдеуші салалары
өте мардымсыз дамыды. Жер астынан алынған, жер үстіндегі байлық та басқа
республикаларда, әсіресе, Ресейде өңделіп жатты. Сол кездері Қазақстан
экономикасына керек құрал-жабдықтардың 34 бөлігі Одақтың басқа өңірлерінен
келетін еді. Біз осындай Одақ экономикасына деген шексіз тәуелділіктің,
оның бұйымдарына деген үлкен мұқтаждықтың шеңберінде болдық [15].
Сонымен, республикааралық экономикалық байланыстар үзілді, басқа
жерлерден келетін жабдықтар тоқтады, өз еліңде жасалған бұйымдар да
бұрынғыдай басқа республикалардан көлемді сұраныс таппады. Соның салдарынан
республикадағы экономикалық кеңістік күрт шектеліп, азайды. Мысалы, 1992-
1993 жылдары Қазақстан халық шаруашылығының көптеген салаларында
кәсіпорындардың жартысына жуығы, ал жеңіл өнеркәсіп пен кейбір өңдеуші
салаларда 60-тан 80% дейіні жартылай жұмыс істеп немесе толық тоқтап тұрды.
Елде жұмыссыздық барынша өсіп, экономика дағдарысқа кірді [14].
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары экономикада орын алған қатты
күйзелістің себебі мен сипаты осылар болды. Қазақстандағы жалпы ішкі
өнімнің (ЖІӨ) жылдағы көлемі 40 пайызға жуық азайды. Осындай құлдыраудың
80% себебі елдің экономикалық байланыстарының үзілуінен болды. Тек бізде
ғана емес, басқа республикалардың мамандары да осындай тұжырымға тоқтады.
Кешікпей нарыққа көшудің ауқымды реформалары басталды. Нарық
экономикасына көшудің ең басты мәселесі мемлекеттік мүлікті ыдыратып,
меншікті жекешелендіру болды. Қай елде болса да бұл өте жауапты науқан,
көптеген елдерде осы саладағы реформаларға жылдар емес, ондаған жылдар
кеткенін әлем тарихынан білеміз. Үш-төрт кезеңмен жіктелген меншікті
жекешелендіру науқаны бізде, Қазақстанда, 8-9 жылдың ішінде орындалды. 1995-
1997 жылдар мемлекеттік мүліктің 60%-на жуығы жекешелендірілді, 2001 жылы
елдің жекеменшік секторында кәсіпорындардың 74,4%, елдегі жұмыскерлердің
60%-нан артығы жұмыс істеп, олар республикадағы жалпы өнімнің 83%-ын
шығарып отырды. Кейін бұл көрсеткіштер тағы да өсті. Ал қазір Қазақстан
экономикасының қай саласын алсақ та олардың негізін қалайтындар
жекешеленген кәсіпорындар мен ұжымдар [14].
Қазақстандағы жедел реформалар негізінде нарық экономикасы қалыптасты,
олардың тиісті тетіктері жасалды, институттық орындары мен байланыстары
құрылды. Даму үрдісінде тұрақтылық орнай бастады. Әлем экономикасында
қалыптасқан өркениетті үлгі негізінде шетелдермен сауда-саттық қатынастары
орнап, олар жылдан-жылға кеңейе бастады. Нәтижесінде Еуропа Одағы, басқа
елдер Қазақстан нарық экономикасының елі деп танып, мойындады.
Дегенмен, мүлікті жекешелендіру көптеген қайшылықтармен өтті.
Мемлекеттік мүлікті қолындағы әкімшілік мүмкіндігін пайдаланып арзан
бағамен сатып алушылар аз болған жоқ, осының салдарынан бай мен кедейдің
ара-жігі үлкейіп, халықтың наразылығын тудырды.
1997-1998 жылдардағы әлемдегі, әсіресе, Оңтүстік Азия елдеріндегі,
Ресей Федерациясындағы қаржы саласындағы күйзелістер Қазақстанға да теріс
әсерін тигізді. Дегенмен, 1999 жылы кейбір көріністері белгі беріп, 2000
жылдан бастап Қазақстан экономикасы үзбей тұрақты даму жолына шықты. Содан
бері әр жылда республиканың ЖІӨ 10% шамасында өсіп, даму қарқыны жағынан
ТМД елдерінің алдына шықты. Нәтижесінде, ЖІӨ-нің екі есе өсуіне
жоспарлағанымыздай 10 жылда емес, 8 жылда қол жеткізуімізге мүмкіндігіміз
толық бар [15].
Тұрақты даму жолы экономика саласында бұрынғыдан да ауқымды шаралар
белгілеп, оларды іске асыруға жол ашты. Қазақстанның табиғи байлығын,
өндіргіш күштерін, шетелдіктермен қатынастардан туған мүмкіндіктерді
пайдалана отырып, жаңа экономиканы түбегейлі және жан-жақты жасақтау осы
тұрақты даму жолына шығудан басталды.
Соңғы жыл мәліметтері тұрақты даму мысалы бола алады. 2005 жылы
Қазақстанда жалпы ішкі өнімнің көлемі Орталық Азия мен Кавказдағы жеті
мемлекеттің ЖІӨ-дерінің жиынтық көлемінен асып түскен. Жан басына
шаққандағы ЖІӨ 5 есеге жуық – 1994 жылғы 700 доллардан 2005 жылғы 3400
долларға дейін өсті. 2006 жылы ЖІӨ-нің жылдық өсімі болжамды мәннен 2,1
пайыздық пунктке арта түсіп, 2005 жылғы деңгейге қарағанда 10,6%-ды құрады.
Бұл ретте халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ 2006 жылдың қорытындылары
бойынша 5083 АҚШ долларын құрады.
Өнеркәсіптік өндіріс көлемінің өсімі 2006 жылы 2005 жылмен
салыстырғанда 7%-ды құрады, өңдеуші өнеркәсіпте – 7,3%, тау-кен өндіруде –
7%. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі көлемінің өсімі 2006 жылы өткен жылмен
салыстырғанда 7%-ды құрады. Көлік қызметтері 5%-ға, байланыс қызметтері
20,4%-ға ұлғайды. Негізгі капиталға инвестициялардың көлемі 10,6%-ға
ұлғайды. Құрылыс жұмыстарының көлемі 20,1%-ға ұлғайды.
Сыртқы сауда айналымы 2006 жылы 37%-ға, оның ішінде экспорттың көлемі
37,3%-ға, импорт 36,4%-ға өсті.
Жұмыссыздардың саны 2,4%-ға азайды. Жұмыссыздық деңгейі
2005 жылғы 8,1%-ға қарағанда 7,8%-ды құрады. Халықтың нақты ақшалай
кірістері бағалау бойынша 10%-дан астам өсті.
Қаржы секторы экономиканың ең серпінді дамып келе жатқан салаларының
бірі болып табылды. Алдын ала деректер бойынша экономикаға кредиттердің
көлемі 2006 жылы 2005 жылмен салыстырғанда 82,7%-ға - 4736 млрд. теңгеге
дейін ұлғайды. Банк жүйесіндегі депозиттердің көлемі 2006 жылы 88,4%-ға
ұлғайып, 2007 жылғы 1 қаңтарда 3115 млрд. теңгені құрады.
Ұлттық Банк пен Үкімет қабылдап жатқан шараларға қарамастан,
2006 жылы инфляция деңгейі жеткілікті түрде жоғары деңгейде сақталды –
8,6%. Инфляция өсімінің түйінді факторларының ішінде банк жүйесінің жоғары
өтімділігі, кірістердің және халықтың тұтынуының өсуі, мемлекеттік бюджет
шығыстарының едәуір қарқынды өсуі, инфляция импорты байқалып отыр.
Ұлттық қордың активтері 14 млрд. АҚШ долларына дейін өсті. Алтын-
валюта резервтерінің көлемі олардың есебінен 33 млрд. АҚШ долларынан асты
[5].
Соңғы 10 жылда ең төменгі жалақы 25 есеге жуық өсті; зейнетақылардың
орташа айлық мөлшері 4,6 есе ұлғайды; жеке тұлғалардың банктердегі
депозиттері мен бір тұрғынға шаққандағы салым көлемі іс жүзінде 36 есе
өсті. 2005 жылы бюджет саласы қызметкерлерінің: мұғалімдердің,
дәрігерлердің, мәдениет, әлеуметтік қамсыздандыру қызметкерлерінің, сондай-
ақ мемлекеттік қызметшілер жалақысының мөлшері орташа есеппен 30 пайызға
ұлғайтылды. Қазіргі кезде Қазақстандағы жалақы ТМД елдерінде Ресейден кейін
ең жоғарылардың бірі екенін атап өту қажет [17].
Қолымыз жеткен жетістіктер әрбір қазақстандықты қуантады. Алайда
дүниежүзiлiк экономиканың ғаламдануы аясында Қазақстан экономикасы бiрқатар
проблемаларға тап болып отыр. Негiзгi проблемаларға мыналарды жатқызуға
болады: бiр жақты шикiзат бағыттылығы, әлемдiк экономикаға ықпалдасудың
әлсiздiгi, ел iшiндегi салааралық және өңiраралық экономикалық ықпалдасудың
босаңдығы, iшкi рынокта тауарлар мен қызметтерге деген тұтыну сұранысының
мардымсыздығы (шағын экономика), өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымның
дамымауы, кәсiпорындардың жалпы техникалық және технологиялық тұрғыдан
артта қалушылығы, ғылым мен өндiрiстiң арасында ықпалды байланыстың
болмауы; ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға (бұдан
әрi - ЗТКЖ) қаржының аз бөлiнуi, менеджменттiң экономиканы Ғаламдану
процестерiне және сервистiк-технологиялық өтуге бейiмдеу мiндеттерiне
сәйкес келмеуi.
Осы кедергілерді жеңу үшін ашық экономиканы дамыту және оны жаңарта
отырып жетілдіру қажет. Осы жөніндегі Қазақстанның басым міндеттерінің
біріншісі - ел экономикасында қазір орын алып отырған сыңаржақтықтан
шығарып, тек қана табиғи ресурстарды игере беру емес, өңдеуші салаларды,
жаңа технология, техникамен жарақталған, өнімді өте терең өңдейтін өндіріс
салаларын дамыту. Екіншісі – тек қана нарық экономикасы емес, оның әлемнің
озық елдеріндегі ең тиімді үлгілерін енгізу, қазіргіден де жаңа, білім мен
ғылым, инновациялық технологиялар негізінде жұмыс істейтін экономиканы
жасақтау. Яғни жаңа экономика құру. Жаңа экономика дегеніміз білім мен
ғылым негізінде дамыған экономика, яғни тек өнім, тауар шығаратын экономика
емес, білімге білім қосып, ол ғылыми жаңалыққа айналып, ғылым жаңалығы жаңа
технология туғызып, соның негізінде дамитын экономика. Сондықтан да ол
бұрынғымен салыстырғанда дамудың ең тиімді жолы. Әлем тәжірибесіне
сүйенсек, қазіргі таңда дамыған елдерде жаңа технология, жаңа білім
негізінде ұлттық ішкі өнімнің 75-80%-ы жасалынады. АҚШ-та, Жапонияда,
Германияда, Канадада, Швеция, Финляндия, Норвегия елдерінде осы сипаттағы
жаңа экономика жан-жақты дамып келеді. Осы жолға Азия елдері де түсу
қамында.
Мемлекет басшысының соңғы екі Жолдауы осы олқылықтардың орнын
толтыруға, яғни өңдеуші өнеркәсіп салаларында бәсекеге түсуге қабілетті
және экспортқа негізделген тауарларды шығаруға бағытталды. Президент ұлт
алдына орасан үлкен мақсат қойып отыр: біз әлемнің бәсекелестікке қабілетті
ең мықты деген 50 елінің қатарына кіруіміз керек. Бұл нақты және шынайы
мақсат. Қазір біз бәсекелестік қабілет жағынан Ресейден кейін тұрмыз.
Әлемнің бәсекелестікке қабілеті алғашқы 50 елінің қатарына қосылу үшін —
бәсекелестік қабілет бойынша жоспар қажет. Елбасы Жарлығымен
Қазақстан экономикасын алдағы уақытта одан әрі жаңарту мен әртараптандыру
мақсатында келешекке есептелген бірнеше бағдарламалар қабылданып, іс-
шаралар жүзеге асырылуда.
Қабылданған бағдарламалардың бастысы ретінде Қазақстан
Республикасының Индустриялық- инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға
арналған стратегиясын атап айтуға болады.
Бұл Стратегия Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Елдегi жағдай
туралы және 2002 жылға арналған iшкi және сыртқы саясаттың негiзгi
бағыттары туралы" Қазақстан халқына Жолдауында және Қазақстан
кәсiпкерлерiнiң оныншы форумында берген тапсырмаларына сәйкес әзiрлендi.
Тұтас алғанда Стратегияны iске асыру үш кезеңде: бiрiншi - 2003-2005
жж., екiншi - 2006-2010 жж., үшiншi - 2011-2015 жж. жүзеге асырылады.
      Бiрiншi кезең (2003-2005 жж.) басты түрде дайындық сипатындағы iс-
шараларды жүзеге асыруға байланысты болады. Стратегияны табысты түрде iске
асыру мақсатында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына
өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу, жаңа заңдар әзiрлеу, инвестициялық және
инновациялық жобаларға мемлекеттiң қатысуын қамтамасыз ететiн мемлекеттiк
институттар құру, мамандарды даярлау, мемлекеттiң қатысуымен iске
асырылатын тиiмдi жобаларды айқындау көзделедi.
Екiншi кезең (2006-2010 жылдар) Стратегия iс-шараларын экономиканың
барлық салаларында белсендi iске асыру кезеңi болады. Бұл халықаралық
стандарттар бойынша ғылым мен техниканың жетiстiктер негiзiнде қуаттарды
құру, сондай-ақ қажеттi мамандарды даярлау жөніндегі мәселелерiн кешендi
шешуге мүмкiндiк бередi.
Жеке сектордың, шетел инвесторларының, мемлекеттiк бюджет пен
мемлекеттiк қаржы институттарының қаржы ресурстары бiрыңғай бағытта жұмыс
iстеп, инфрақұрылымды дамыту, қайта жаңғырту, жұмыс iстейтiн кәсiпорындарды
кеңейту және жаңа өндiрiстер құру проблемаларын кешендi түрде шешедi. Бұл
ретте iрi, орта және шағын кәсiпорындарды үйлесiмдi дамыту қамтамасыз
етiледi.
Кейбiр кәсiпорындар құру нормаларын ескере отырып, индустриялық-
инновациялық даму стратегиясын iске асырудың алғашқы нәтижелерiн көредi.
      Экономиканы әртараптандыру саласындағы бiрқатар iлгерiлеуге
қарамастан экономиканы дамыту негiзiнен мұнай мен газды өндiру және
экспорттаудың өсiмi есебiнен қамтамасыз етiледi.
Болжам бойынша 2010 жылы 2000 жылмен салыстырғанда ЖIӨ екi еселенуi
саласындағы стратегиялық мақсат мұнай мен газды өндiрудi дамыту қарқынының
өсуi есебiнен iске асады.
Yшiншi кезең (2011-2015 жылдар) Стратегияны iске асыру бөлiгiнде аса
өнiмдi болады. Осы кезеңде iске қосылған қуаттарды және жаңа салалар мен
рыноктардағы ҚҚТ дамыту жүзеге асатын болады. Тауарлар мен қызметтер
өндiрiсiнiң және экспорттаудың өсу қарқыны мұнай мен газ өндiрудiң өсiмiнен
асып түседi. Экономика салалары мен экспорт құрылымын әртараптандыру
жүредi.
Индустриялық-инновациялық саясатты белсендi жүргiзу кезінде күтілетін
нәтижелерді атап өтсем. Экономиканың өсу қарқыны жылына кемiнде 8,8-9,2%-ды
құрайды. Бұл 2000 жылмен салыстырғанда 2015 жылы ЖIӨ көлемiн 3,5-3,8 еседей
ұлғайтуға мүмкiндiк бередi. Бұдан басқа өңдеушi өнеркәсiпте орташа жылдық
өсу қарқынын 8-8,4%-ке дейiн жеткiзуге, 2000 жылмен салыстырғанда 2015 жылы
еңбек өнiмдiлiгiн кемiнде 3 есе арттыруға және ЖIӨ энергия сыйымдылығын 2
есе төмендетуге мүмкiндiк бередi.

1.2 Өңдеуші кәсіпорындардың экономикалық тиімділік көрсеткіштері және
оған әсер ететін факторлар
Кәсіпорын тиімділігі – белгілі бір уақытта өндіріс ресурстарының
барлығын пайдаланғандағы соңғы нәтижелердің кешенді немесе жалпы көрінісі.
Кәсіпорын тиімділігі шығындардың ең төмен деңгейін сақтай отырып,
еңбек өнімділігін жоғарылатуды, өндірістік қуаттарды, шикізат пен материал
ресурстарын толық пайдалануды және ең жоғары нәтижелерге жетуді сипаттайды
[11].
Экономикалық тиімділікті бағалау үшін өндіріс нәтижелері шығындармен
салыстырылады:
Тиімділік ═ Нәтиже Ресурстар (Шығындар)
Өндіріс нәтижелері деп өндірістің пайдалы соңғы нәтижесін түсінеміз.
Ол келесі түрлерде болады:
1) натуралды және құндық сипаттағы өнім көлемімен өлшенетін өндірістік
үрдістің материалды нәтижесі;
2) кәсіпорын қызметінің халықшаруашылықтық нәтижесі. Ол тек
шығарылған өнім санын ғана емес, сонымен қатар оның тұтынушылық құнын да өз
құрамына кіріктіреді.
Белгілі бір уақыт кезеңіндегі кәсіпорынның өндірістік – шаруашылықтық
қызметінің соңғы нәтижесі болып таза өнім саналады, яғни жаңадан құрылған
құн. Ал коммерциялық қызметінің қаржылық нәтижесі болып пайда саналады.
Өндіріс тиімділігін өлшеу экономикалық тиімділік критерийлерін
анықтауға мүмкіндік береді. Бұл экономикалық тиімділік кәсіпорыннан жалпы
халық шаруашылығына дейінгі барлық сатыларда біркелкі болу керек.
Өнім динамикасы мен ресурстар динамикасы (шығындарының) арақатынасы
экономикалық өсу сипатын анықтайды. Өндірістің экономикалық өсуіне
экстенсивтік немесе интенсивтік тәсілмен қол жеткізуге болады. Өнімнің өсу
қарқынының ресурстардың немесе шығындардың өсу қарқынынан артық болуы
экономикалық өсудің басым интенсивті екендігін дәлелдейді [11].
Өндірістің экономикалық тиімділігінің жеткілікті жоғары қарқынды және
бірыңғай өсуін қамтамасыз ету мүмкіншілігі тек дамудың интенсивті түріне
өтуге жағдай жасайды. Бұдан шығатын қорытынды, өндірісті жан-жақты
интенсивтендіру – оның тиімділігін арттырудың шешуші себебі. Сөз ең
алдымен, әрбір материалдық, еңбек және қаржы ресурстарының бірлігінің
қайтарымын арттыру үшін негізгі өндірістік қорларды тиімді пайдалану туралы
болып отыр.
Өндіріс тиімділігі көрсеткіштердің бір-бірімен байланысқан жүйесінде
нақты сандық мағынаға ие. Бұл көрсеткіштер өндірістік үрдістің негізгі
элементтерін пайдалану тиімділігін сипаттайды. Өндірістің экономикалық
тиімділігінің көрсеткіштер жүйесі келесі қағидаларға сәйкес келуі керек:
өндіріс тиімділігінң нақты көрсеткіштерінің жүйесі мен критерийлері
арасындағы байланысты қамтамасыз ету;
өндірісте қолданылатын ресурстардың барлық түрлерін пайдалану тиімділігінің
деңгейін анықтау;
басқарудың әртүрлі деңгейлеріндегі өндіріс тиімділігін өлшеуді қамтамасыз
ету;
өндіріс тиімділігін жоғарылатуға бағытталған өндірісішілік резервтердің
мобилизациясын ынталандыру.
Аталған қағидаларды ескере отырып өндіріс тиімділігінің
көрсеткіштерінің келесі жүйесі анықталды:
1.Кәсіпорынның қаржы шаруашылық қызметінің тиімділігін бағалау
көрсеткіштері
Бір еңбеккерге шаққандағы орташа жылдық шығарым ═ Өнімді өткізуден
түскен түсім Еңбеккерлердің орташа тізімдік саны
Бір жұмысшыға шаққандағы орташа жылдық шығарым ═ Өнімді өткізуден
түскен түсім Жұмысшылардың орташа тізімдік саны
Бір жұмысшыға шаққандағы орташа күндік шығарым ═ Өнімді өткізуден
түскен түсім Барлық жұмысшылардың еңбек еткен күн саны
Бір жұмысшының орташа сағаттық шығарымы ═ Өнімді өткізуден түскен
түсім Барлық жұмысшылардың еңбек еткен адам-сағат саны
Қор қайтарымдылығы ═ Өнімді өткізуден түскен түсім Негізгі
өндірістік қорлардың орташа жылдық құны
Қор сыйымдылығы ═ Негізгі өндірістік қорлардың орташа жылдық құны
Өнімді өткізуден түскен түсім
Материал қайтарымдылығы ═ Өнімді өткізуден түскен түсім Шығындалған
материалдар ресурстарының орташа құны
Материал сыйымдылығы ═ Шығындалған материалдар ресурстарының орташа
құны Өнімді өткізуден түскен түсім
Базистік деңгеймен салыстырғанда бір жұмысшының орташа жылдық өнім
өндіруінің өзгеруіне нақты мына себептер ықпалын тигізеді:
*бір жұмысшының орташа жұмыс күнінің саны;
*жұмыс күнінің орташа ұзақтығы;
*бір жұмысшының орташа сағаттық өнім өндіруі.
Орташа жылдық және орташа күндік өнім өндіру бойынша жоспардың
орындалу пайызындағы алшақтық, жұмыс уақытының толық күндік жоғалуын
немесе есеп беру кезеңіндегі бір жұмысшының істеген жұмыс күні санының
өскенін бейнелейді. Орташа күндік және орташа сағаттық өнім өндіру бойынша
жоспардың орындалу пайызындағы алшақтық ауысым ішінде жоғалту болуымен
немесе керісінше, күні бойғы жұмыс уақытының ұзақтығы артқанымен байланысты
болуы мүмкін.
Қор қайтарымы – негізгі өндірістік қорларды пайдалануды
қорытындылаудың көрсеткіші. Оның шамасы мен динамикасына кәсіпорынға
байланысты және байланыссыз себептер әсер етеді. Шаруашылықты интенсивті
жолмен жүргізу негізгі өндірістік қорлардың орташа жылдық құнының 1
теңгесіне өнім шығаруды жүйелі көбейтуді болжайды, оған механизм, машина
мен жабдықтардың өнімділігін арттыру, олардың босқа тұруын азайту,
техниканы оңтайлы жұмыс істету, негізгі өндірістік қорларды техникалық
мейлінше жетілдіру арқылы жетуге болады.
Шаруашылықпен айналысушы субъект қызметінің тиімділігін сипаттайтын
маңызды көрсеткіш, материал қайтарымы болып табылады, ол тауар өнімі
құнының жұмсалған материалдық ресурстар құнына қатынасымен анықталады.
Бұған кері көрсеткіш – материал сыйымдылығы, оған жұмсалатын материал
сомасы мен тауар өнімі шамасына әсер ететін себептер ықпал жасайды.
2.Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалау көрсеткіштері.
Кәсіпорынның қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі қаржылық
тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі мен өзінің
қарыз міндеттемелерін уақытылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз
етілуін көрсетеді.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы – бұл тәуекелділіктің мүмкін болатын
деңгейінде төлем қабілеттілігі мен несие қабілеттілігін сақтай отырып,
табысты өсіру негізінде қаржыны тарату мен пайдалану арқылы кәсіпорынның
дамуын көрсететін қаржы ресурсының жағдайы. Қаржылық тұрақтылықтың мәні –
қаржы ресурстарын тиімді қалыптастыру, тарату және пайдаланумен анықталады.

Тәуелсіздік коэффициенті - меншікті капиталдың кәсіпорын активтерін
қалыптастыру көзінің жалпы көлеміндегі үлесін сипаттайды. Ол бойынша
кәсіпорынның қаншалықты деңгейде қарыз қаражатқа тәуелді екендігін және
меншікті қаражатын қалай пайдаланатынын білуге болады.
Тәуелділік коэффициенті – қарыз қаражаттарының жиынтық капиталдағы
үлесін сипаттайды.
Қарыз және меншікті құралдардың арақатынасы – кәсіпорын активтерінің
қай бөлігі қарыз қаражаты есебінен қаржыландырылғандығын көрсетеді, 1
теңгеге қанша қарыз тартылғандығын көрсетеді.
3.Кәсіпорын активтерінің өтімділігін мен төлем қабілетін бағалау
көрсеткіштері. Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін, активтер мен
міндеттемелер арасындағы жалпы сомасы бойынша, келіп түсу уақыты бойынша
әрдайым теңдікті өтімділік көрсетеді. Өтімділіктің екі тұжырымдамасы
белгілі. Бірінші тұжырымдама бойынша өтімділік: кәсіпорынның өзінің қысқа
мерзімді міндеттемелерін өтеу қабілеттілігі ұғынылады. Екінші тұжырымдама
бойынша, өтімділік – бұл ағымдағы активтердің ақша қаражаттарына айналуға
дайындығы мен жылдамдығы. Ал кәсіпорынның төлем қабілеттілігі деп, оның дер
кезінде өзінің барлық міндеттемелері бойынша төлемдер жүргізуге дайындығын
түсіну керек. Кәсіпорынның перспективті төлем қабілеттілігін анықтау үшін
кәсіпорын активіндегі ақша қаражатына айналдыра алатын жылдамдық және
дайындықты сипаттайтын өтімділіктің статистикалық көрсеткіштері кеңінен
пайдаланылады.
Абсолютті өтімділік коэффициенті - баланс жасалған мерзімінде немесе
жақын мезгілде ағымдағы қарыздардың қандай бөлігі өтелетінін көрсетеді.
Жедел өтімділік көрсеткіші – ағымдық міндеттемелердің қандай бөлігінің
тек ақша қаражаттары есебінен ғана емес, сонымен қатар жасалған жұмыс,
көрсетілген қызмет, тиелген өнім үшін келіп түсетін түсім есебінен
өтелетіндігін көрсетеді.
Ағымдағы өтімділік коэффициенті – ағымдағы активтер мен
міндеттемелердің қандай есесін өтейтінін белгілеуге мүмкіндік береді және
дебиторлармен өз уақытында есеп айырысу және дайын өнімді тиімді өткізу
жағдайларында ғана емес, сонымен бірге материалды айналым құралдарын сату
жағдайындағы төлем мүмкіндігін көрсетеді.
4.Табыстылық коэффициенттері салыстырмалы талдау мен кәсіпорынның
қаржы жағдайын бағалаудың міндетті элементтері болып табылады, өйткені олар
кәсіпорын табысын қалыптастырудың факторлық ортасын сипаттайтын маңызды
көрсеткіштер.
Өткізілген өнімнің рентабельділік коэффициенті
Қордың рентабельділік коэффициенті
Негізгі қызметтен алынатын табыс.
Сату көлемінің табыстылығы коэффициенті
5.Кәсіпорынның іскерлік белсенділігі мен қызметінің тиімділігін
бағалау және талдау қаржылық талдаудың қорытынды кезеңі болып табылады.
Іскерлік белсенділікті талдау кәсіпорынның өз қаражатын қаншалықты тиімді
пайдаланғандығын анықтауға мүмкіндік беретін, әртүрлі қаржылық айналымдылық
коэффициенттерінің деңгейі мен қозғалысын зерттейді.
Капиталдың жалпы айналымдылық коэффициенті - жылына қанша рет айналу
мен өндірудің толық циклі болатындығын және активтердің әрбір ақша бірлігі
сатылған өнімнің қанша ақша бірлігін әкелгендігін көрсетеді.
Негізгі құралдардың айналымдылығы қор қайтарымдылығын көрсетеді, яғни
кәсіпорынның кезеңдегі өндірістік қорларын пайдалану тиімділігін
сипаттайды.
Меншікті капиталдың айналымдылығы. Бұл көрсеткіш қызметті әр қырынан
сипаттайды: коммерциялық көзқараспен қарағанда ол сатудың артықтығын немесе
жеткіліксіздігін анықтайды; қаржылық жағынан – салынған меншікті капиталдың
айналым жылдамдығын, ал экономикалық тұрғыдан – кәсіпорынның меншік иелері
(акционерлер, мемлекет немесе басқадай меншік иелері) тәуекелдік етіп салып
отырған ақша қаражатының белсенділігін көрсетеді.
Тиімділіктің өсуіне әсер ететін факторлар:
Өнеркәсіптегі экономикалық тиімділік деңгейі бір-бірімен байланысқан
факторлардың көптүрлілігіне байланысты. Өнеркәсіптің әрбір саласы үшін
тиімділіктің арнайы факторлары сәйкес келеді. Бұл оның технико-экономикалық
ерекшеліктеріне байланысты.
Тиімділіктің өсуіне әсер ететін факторлардың барлығын үш белгі
бойынша классификациялауға болады:
1) тиімділікті жоғарылату көзіне байланысты, олардың негізгілері: өнім
өндірісінің материал-, еңбек-, қор-, капиталсыйымдылығын төмендету, табиғат
ресурстарын рационалды пайдалану, уақытты үнемдеу және өнім сапасын
жақсарту;
2) өндірісті жетілдіру және дамытудың негізгі бағыттары бойынша,
оларға: ғылыми-техникалық прогрессті жылдамдату, өндірістің технико-
экономикалық деңгейін жоғарылату, өндіріс құрылымын жетілдіру, басқарудың
ұйымдастырушылық жүйелерін енгізу; өндірісті, жоспарлау мен мотивацияны,
еңбек қызметін ұйымдастыру әдістері мен түрлерін жетілдіру жатады;
3) өндірісті басқару жүйесіндегі сату деңгейі бойынша, ал осы жердегі
өндіріске байланысты факторлар келесі түрлерге бөлінеді:
А) ішкі (өндірісішілік), олардың негізгілері: өнімнің жаңа түрлерін
ойлап табу; механизациялау және автоматизациялау; жаңа құрал-жабдықтар мен
прогрессивті технологияларды негізу; шикізатты, материалды, сондай-ақ отын
мен энергияны пайдалануды оңтайландыру; басқару стилін жетілдіру;
Б) сыртқы – бұл өндіріс пен өнеркәсіптің салалық құрылымын жетілдіру,
мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясаты; нарықтық инфрақұрылым мен
нарықтық қатынастарды қалыптастыру.
Негізгі ішкі факторларды қарастырайық. Кәсіпорынның тұрақтылығы ең
бірінші өндіріс шығындарымен үздіксіз байланысқан өндірілген өнім мен
көрсетілген қызметтің құрамы мен құрылымына тәуелді. Сондай-ақ, тұрақты
және айнымалы шығындар арасындағы қатынас маңызды болып табылады.
Кәсіпорынның өндірілетін өнім және өндіріс технологиясымен тығыз
байланысқан қаржылық тұрақтылығының маңызды факторларының бірі –
активтердің тиімді құрамы мен құрылымы, сондай-ақ кәсіпорынның басқару
стратегиясын дұрыс таңдап алуы болып табылады. Ағымдағы активтерді басқару
өнері – кәсіпорын шотында оның ағымдағы жедел қызметі үшін қажет болатын
қаржының ең төменгі сомасын ұстаудан тұрады.
Маңызды факторлардың бірі – бұл қаржы ресурстарының құрамы мен
құрылымы, оларды басқару стратегиясы мен тактикасының дұрыс таңдалып
алынуы. Кәсіпорынның өз қаржы ресурсы, соның ішінде таза табысы қаншалықты
көп болса, соншалықты ол өзін жайлы сезіне алады.
Сонымен бірге, тек таза табыстың көлемі ғана емес, оны тарату
құрылымы, әсіресе, өндірісті дамытуға бағытталған бөлігі де өте маңызды
болып табылады.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына қарыздық капиталдар нарығындағы
қосымша жұмылдырушы (мобилизацияланушы) қаражаттар үлкен әсерін тигізеді.
Кәсіпорын ақша қаражаттарын қаншалықты көп тартатын болса, оның қаржылық
мүмкіндіктері де соншалықты жоғары болады, алайда, қаржылық тәуекелдік те
өседі – яғни кәсіпорын өз кредиторларымен уақытында есептесе ала ма, жоқ
па? – деген қауіп туады.

1.3. Қазақстан Республикасында өңдеуші кәсіпорындардың тиімділігін
арттырудың өзекті мәселелері
Өңдеуші саланы дамыту үшін экономистер өздерінің тарапынан
кластерлерді қалыптастырудың бағыт-бағдарын белгілеп, оны дамытуға
байланысты ұсыныстарын беріп жатыр. Әрине, кластердің жолға қойылып, жұмыс
істеп кетуіне, біріншіден, көп мүмкіндіктер қажет. Екіншіден, міндетті
түрде мемлекет тарапынан қолдау керек.
Қалыптасып отырған олқылықтардың ең бастысы - перспективті
кластерлерде әрекет ететін шағын және орта бизнестің бірқатар компаниялары
үшін даму институттары ұсынған құралдарға қол жеткізілмеуі. Бұл, ең алдымен
мұндай кәсіпорындардың төмен даму деңгейіне байланысты болды. Орта және
шағын бизнес бізде күткендегідей дәрежеде дамымай отыр. Жеті кластер
айқындалды. Соны дереу жүзеге асыруда өңірлік даму ерекшеліктерін қоса
ескеру керек болды. Осыған қатысты Президенттің әлеуметтік-кәсіпкерлік
корпорациялар желісін құру туралы тапсырмасы өңірлік бизнес
қауымдастықтарын және шағын, орта бизнесті жедел дамытуға бағытталған.
Бізде талай ірі кәсіпорын бар. Олардың қаржылық жағдайы тұрақты. Шағын
кәсіпорындар да жеткілікті. Олардың жағдайы көбіне мәз болмай тұр.
Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар бірінші кезекте әр өңірде шағын және
орта бизнестің ірі, қаржылық жағдайы тұрақты кәсіпорындармен байланысын
нығайту керек. Өңірлердегі шағын және орта бизнестің өніміне тұрақты
сұраныс бар ма бізде? Өкінішке орай, жоқ. Міне, осы жағдай өңдеуші
кәсіпорындардың тиімділігіне әсер ететін негізгі мәселе болып табылады.
Өйткені біздің рынок соншалықты ауқымды емес, екіншіден, адамдардың сатып
алу мүмкіндігі шектеулі. Яғни әлі күнге дейін еңбекақы төмен. Таза
теориялық жағынан келгенде, ең төменгі тұтыну себеті біз белгілеп
отырғандай 4 мың теңге емес, шамамен 6,5 мың теңгенің құрайды. Мұның өзі
адамға ең қажетті деген тамақты есепке алғанда. Ал өмір сүру деңгейі 6-7
мыңды емес, 14-15 мың немесе одан да көп теңгені қажет етеді. Халықтың
орташа табысы шамамен 15 мың теңгені құрайды десек, адамдардың күнделікті
тұтынатын заттарды сатып алу қабілетінің қаншалықты екендігін осыдан-ақ
байқауға болар. Және ол 15 мың отбасындағы бірнеше адамға бөлінсе. Тұтыну
қабілеті жоқ жерде өндірістің дамуының да екіталай екендігін өмірлік
тәжірибеде көріп жүрміз. Өйткені сатып алушы жоқ. Бұдан шығар бір жол –
бюджет саласындағылардың еңбекақысын 20-30 пайызға емес, екі-үш есеге
ұлғайту керек.
Сонымен, өңдеуші сала үшін тұтынушылардың сатып алу қабілеті маңызды
рөл атқарады, тағы бір мәселе – кәсіпкерлік қызметтің түр-түріне берілетін
қаптаған лицензиялар, бір-бірінің үстінен қарауыл қараған кадағалау-бақылау
жүктемелері. Осыдан бізде жасырын салық орын алады, басқаша – сыбайлас
жемқорлық. Пара ала бастаған кезде, әсіресе, шағын бизнестен, кәсіпкер
алдын ала оларға қанша беретінін біледі. Содан кейін барып, шенеуніктерге
берген парасын өнімінің бағасына қосады. Оны айналып келгенде, тұтынушылар
қалтасы көтереді. Баға осылай өзіндік құнынан бірнеше есе асып кеткен
жағдайда халық оны қалай сатып алады? Сондықтан да менің дамыған
мемлекеттер мен дамушы елдер экономикасын салыстырғанда, жинақтаған ойым –
бәрі де айналып келгенде, сатып алу қабілетіне келіп тіреледі [21].
Тұтынушылардың сатып алу қабілетінің төмендігінен өңдеуші саланың
дамуына теріс әсерін тигізетін бірқатар жағдайлар орын алып отыр. Атап
айтқанда, нақты өндірістер дамуы үшін оларды толық модернизациялау керек.
Кластерге кірген барлық шаруашылықтар мен кәсіпорындар бүгінгі заманғы жаңа
инновациялық техникалармен жабдықталуы тиіс. Сондықтан оның өнімі де
бәсекеге сай емес. Әзірге ауыл шаруашылығында пайдаланып жүрген
техникалардың барлығы да бұл талапқа сай емес. Ал ол техникаларды сатып алу
үшін мемлекет кластерлік шаруашылыққа мол көлемде инвестиция құюы шарт. Ал
шет ел инвесторлары өңдеуші салаға қаржыларын салмайды, олар үшін бұл
ақшаны желге шашқанмен бірдей.
Келесі олқылық ретінде өндірушілер психологиясына ықпал ету жағының
бәсеңдігін атап өтуге болады. Ғылым жетістігін, әсіресе, жергілікті, өз
ғалымдарымыздың ұсыныстарын сараптап, пайдалану жолы ойластырылмаған.
Ғалымдар ізденістерінің нәтижелері көбінесе шаруашылыққа жетпейді,
тұтынушыларға таратылмайды, пайдаланушыларға ұсынылмайды. Оның себебі —
тиімді механизмнің жоқтығы. Ой, идея бар. Соны өндірісте қолдану
жеткіліксіз. Ғылыми талдамаларды нақты нарықтық өнім түріне дейін жеткізе
алатын инновациялық менеджерлер жоқ. Ғылым жетістіктерін пайдаланбай,
әлемдік сапаға сай өнім өндіру мүмкін емес, бәсекелестікке төзу тек қиялға
айналады. Яғни ғылым жетістіктерін пайдалану – өнім сапасын арттырудың
бірден-бір тиімді бағыты.
Сосын рентабельді емес кәсіпорындар бар. Оларды оңалту қажет. Осылайша
тұтас бір тізбек құру керек болып отыр. Әлеуметтік-кәсіпкерлік
корпорацияларын құру арқылы біз тұрақты экономикалық бизнес құрылымына қол
жеткіземіз. Мұның ең басты пайдасы: алынған табыс сол өңірдің әлеуметтік,
экономикалық немесе мәдени мақсаттарын іске асыру үшін қайта
инвестицияланады.
Одан кейін күні бүгінге дейін ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасын
реттеу жолға қойылмай отыр. Осыдан жарты жыл бұрын мемлекет тарапынан
қабылданған ауыл шаруашылығын реттеу туралы заңда бұл мәселе баса айтылса
да, өкінішке қарай, әлі күнге бағаны реттеудің механизмі жоқ. Көптеген шет
ел тәжірибесінде мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығы өнімінің бағасын
құлдыратпау механизмі нақты ескерілген. Егер баға төмендейтін болса, үкімет
әлгі өнімді өзінің ресурсына белгілі бір тұрақты бағамен сатып алады да,
кластерге қатысушылардың шыққан шығынының өтелуіне ықпал етеді. Бұл – ауыл
шаруашылығы өндірісін тұрақтандыруға бағытталған шара. Бізде де осы
мақсатта Азық-түлік корпорациясы және басқа да мемлекеттік ұйымдар
құрылған, бірақ олар әлі күнге дейін нарықтық бағаны қалыптастыруға
айтарлықтай ықпал ете алмай келеді. Мысалы, 2006 жылы 18,5 миллион тонна
астық жиналды. Ал мемлекет тарапынан тек 500 мың тонна астықты сатып алуға
қаражат бөлінген. Егер өндірілген астықтың 1 тоннасының бағасы 100 АҚШ
доллары болса, онда бөлінген қаржы жиналған әлгіндей астықтың бағасын
қалыптастыруға ықпал ете ала ма? Әрине, ықпал ете алмайды. Демек, мемлекет
тарапынан белгіленген сатып алу бағасы өнім бағасын тұрақтандыратындай
деңгейде болуы тиіс. Өткен жылы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі осы кластер
мәселесіне байланысты бір конференция өткізді. Сонда мынандай дерек
келтірілді: мысалы, өнімді сатқанда түскен пайданың тек 25 пайызы ғана ауыл
шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің үлесіне тиеді екен. Ал қалған 75
пайызын арада жүрген делдалдар мен сатып алушылар иемденеді. Мұндай жағдай
ауыл шаруашылығында ұдайы өндірістің экономикалық негізін қалыптастырмайды
[15].
Біздің елімізде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушінің табатын пайдасы
төмен болғандықтан, мұның өзі ұдайы өндірісті қалыптастыруға әлі күнге
мүмкіндік бермей келеді. Сондықтан олардың өнімдерін өткізуден түскен
қаржыға жаңа техника сатып алатын шамасы жоқ. Мұның өзі ауыл шаруашылығында
техниканың тозып, санының азайып, өнім сапасының төмендеуіне соқтыруда.
Әрине, бұл тұста мемлекет тарапынан қолдау жоқ деп айтуға мүлде болмас.
Мемлекет ауылға лизинг беріп, техниканы жаңартуға көмектесуде. Бірақ сол
бөлінген техникалардың көлемі ауыл шаруашылығында инновациялық үрдісті
қалыптастырып, нақты табысқа қол жеткізуге мүмкіндік бермей отыр. Себебі
біріншіден, осы заманғы техникалар жеткіліксіз. Екіншіден, қайсыбір шаруа
қожалықтары техниканы лизингке алуға үрке қарайды. Сондай-ақ ауыл
шаруашылығын дамытудағы көлденең тұрған тағы бір мәселе, ол – банктерден
несие алу. Мысалы, ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу бағасы төмен,
банктердің пайыздық ставкасы жоғары болса, онда ауыл шаруашылығын қолдап
отырмыз деп айту қиын. Тағы бір шешілмеген мәселе, ол – несиені беру
мезгілі. Мысалы, 2006 жылы Плодо-экс кәсіпорнының басшылары банктер несие
беруді кешігіп жүзеге асыратындығын айтты. Сондықтан бұл мәселені қайта
қарап, нақты шешім қабылдануы тиіс. Тағы бір назар аударарлық нәрсе, ол –
бізде ауыл шаруашылығы өнімдеріне салық салу мәселесі де толық
ойластырылмаған. Меніңше, өнімге салық салғанда, оны өндіруші кәсіпорынның
өңдеуші кәсіпорыннан қаншалықты алыс-жақын орналасқанын, олардың осыған
байланысты қанша шығын шығаратыны да ескерілмеген. Өйткені өнімді
тасымалдау шығыны аз емес. Демек, ауыл шаруашылығын жүргізуде осындай
реттелмеген мәселелер бар. Өндірісті баға реттейтінін ескермесек, ауыл
шаруашылығы өнімдерін өндіріп, оны сатуда көп нәрседен ұтыламыз.
Тағы бір айта кететін жайт, кез келген адам кәсіпкер болып, жеке
шаруасын дөңгелетіп кете алмайды. Экономикада еңбек ресурстарын жіктеуде
кәсіпкерлік қабілет көрсетілген. Бұл капитализмнің ұзақ мерзімдік даму
тәжірибесінен түйінделген қорытынды. Қазіргі жағдай қалай? Кеденнің
жанынан, өрт сөндірушілердің жанынан, салық салушының жанынан сәлемдеспей
өте алмайсыз. Бизнесмен болғанша, кеденші, не салық салушы болған жақсы.
Мұны мектеп қабырғасынан көріп өскен адамда кәсіпкерлік рух бола ма!? Міне,
қазір біз жол айрығында тұрмыз: біздің жастарымыз қайда барады - салық пен
кеденге ме, жоқ әлде маркетолог болуға ма? Бір күндік пайда жақсы ма, мың
күндік пайда жақсы ма?
Қорыта келгенде Қазақстанның қазiргi таңдағы экономикасында мынадай
проблемалар орын алуда:
     -экономиканың шикiзат бағыттылығы;
     -әлемдiк экономикаға ықпалдасудың әлсiздiгi;
     -ел iшiндегi салааралық және өңiраралық экономикалық ықпалдасудың
босаңдығы;
     -өңдеушi өнеркәсiп өнiмдiлiгiнiң төмендiгi;
     -iшкi рынокта (шағын экономика) тауарлар мен қызметтерге деген
тұтыну сұранысының мардымсыздығы;
     -өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымның жеткiлiктi дәрежеде
дамымауы;
     -мұнай-газ және кен-металлургиялық кешенге жатпайтын экономика
салаларында негiзгi қорлардың тез тозуы;
     -кәсiпорындардың жалпы техникалық және технологиялық тұрғыдан
артта қалуы;
     -ғылым мен өндiрiс арасында ұтымды байланыстың болмауы;
     -ЗТКЖ қаржының аз бөлiнуi;
     -отандық ғылымның нарықтық экономика жағдайларына нашар
бейiмделуi, ғылыми-техникалық өнiмдi тауар деңгейiне дейiн жеткiзудiң
ықпалды тетiктерiнiң болмауы, соның салдарынан тұтастай алғанда
инновациялық ұсыныстар деңгейiнiң төмен болуы;
     -мамандарды және жұмысшы кадрларды даярлау мен қайта даярлаудың
қазiргi заманғы жүйесiнiң болмауы;
     -экономиканың өңдеушi секторларына инвестициялар салуға отандық
қаржы институттары үшiн ынталандыру көздерiнiң болмауы;
     -менеджменттiң экономиканы ғаламдану үрдiстерiне және сервистiк-
технологиялық экономикаға өтуге бейiмдеу мiндеттерiне сәйкес келмеуi [3].
Өңделетін сектор мен қызмет көрсету саласын жедел әртараптандыру және
басым бағыттардағы экономикалық серпінді секірістерге қол жеткізу жолымен
экономиканы орнықты дамытуды қамтамасыз ету үшін мынадай бағыттар бойынша
шаралар қабылданатын болады:
- негізгі қорларды жаңарту және экономиканың нақты секторын техникалық
қайта жарақтандыру;
- ғылыми жетістіктер мен инновациялық әзірлемелерді енгізу есебінен
еңбек өнімділігін арттыру;
- ресурстар мен энергия үнемдейтін технологияларды енгізу жолымен
отандық өндірістердің энергияны қажетсінуін азайту;
- трансұлттық шетелдік компаниялардың капиталы мен технологияларын
республиканың экономикасына тарту;
- жаңа өсу нүктесін қамтамасыз ететін және елдің технологиялық
серпінді секірістер үшін негіз болатын макро-жобаларды сәйкестендіру және
іске асыру;
- Қазақстанның өңірлік нарықта көшбасшы болуына мүмкіндік беретін
қызметтер көрсету саласын дамытуға арналған күш-жігерді шоғырландыру. Бұл
жерде мынадай басымдықтарды атап өткен жөн: қаржы секторы, өнеркәсіп
инжинирингі, құрылыс индустриясы, туризм, ІТ-индустрия, көліктік логистика,
денсаулық сақтау;
- мемлекеттің жәрдемдесуі кезінде ішкі сұраныстың өсуін арттыру,
сонымен бірге бәсекелестік бизнес ортасын дамыту;
- ДСҰ-ға кіру;
- негізгі серіктес елдермен ықпалдастықты тереңдету және шет елдердің
рыноктарын белсенді игеру;
- кадрлар даярлау мен қайта даярлаудың тиімді жүйесін жасау.
Бұл міндеттерді шешу үшін Үкімет мынадай бағыттарда жұмыс жүргізуді
жоспарлап отыр.
Қазіргі кезде белгілі болып отырған өнеркәсіп секторы мен қызмет
көрсету саласы өсуінің баяу қарқыны жүйелі проблемалардың бар екендігін
көрсетеді. Соңғы жылдарда қабылданып жатқан күш-жігер мен шаралар өнеркәсіп
секторы мен қызмет көрсетутер саласының құрылымдық өзгеруінің қажетті
қарқынын бере алмады.
Бұл айтарлықтай дәрежеде отандық өндірушілер қанағаттандыра алатын
сапалы тауарлар мен қызметтерге ішкі төлеуге қабілетті сұраныстың болмауына
негізделген.
Елге инвестицияларды тарту жөніндегі жұмыс тәжірибесі де ішкі нарықтың
бір жақтылығында Қазақстан аумағындағы өндірістерді құруда шетелдік
инвесторлардың қызығушылығының төмендігін көрсетіп отыр.
Тұтастай алғанда, бұл жалпы ұдайы өндірісті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жылдарындағы жалпы ішкі өнім
Инвестициялық саясат жайлы
Аймақтық өнеркәсіптік саясат
Инвестицияның экономикадағы рөлi және шетелдік инвестициялар
Қазақстан Республикасындағы индустриялық инновациялық стратегияны жүзеге асырудың сараптамалық мәселелері
Қазақстан экономикасындағы шетел инвестицияларының рөлі және қызметтері
Инвестицияның негізгі түрлері
ҚАЗАҚСТАН РНСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӨНЕРКӘСІП САЛАЛАРЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ
Шетел инвестициялары мен олардың Қазақстанда алатын орны
Экономиканы дамыту шығындары
Пәндер