Қаныш Имантайұлы Сәтпаев-қазақтың ұлы данасы



• Мәңгілік есте қалған Қаныш аға
• Қаныш және сұлу саз
• а)Қаныш.өнер адамы
• б)Шыңға өрілген.Қаныш
• Қорытынды:
• а)Өнер саласындағы Қаныш туралы айтылатын сыр
• б)Мен Қаныш Имантайұлы Сәтпаевты кім деп білемін
• в)Қаныш Имантайұлы Сәтпаев.қазақтың ұлы данасы
Қаныш Имантайұлы Сатпаев! Бұл - ғаламшарға айналған ғажайып ұлы тұлға. Елінің Баянауыл секілді баянына, Ұлытау секілді ұранына телінген есім. Оның ұлылығының дәмі асыл әулетпен сол туған жердің құнарлы топырағына өніп-өскен. Ал, Қаныш деген тегін таратар шежірені қолға алсаңыз “Бұқар жырау, Қалқаманұлынан бастау алып. Шоқан, Жаяу Мұса, Сегіз сері, Сұлтанмахмұттармен көшін-көлікті, төрін көрікті еткен, бергі жағы Жүсіпбек Аймауытов, Әлкей Марғұлан, Әбікей Сатпаев, Олжастарға қарай тармақ-тармақ, тарам-тарам соқпақ тартатын, халқына небір аймандай арыстанды сыйлаған, бақ қонып, қыдыр дарыған елден екеніне көз жеткізесіз. Сол құлашын кең жайған сүйкімді бәйтеректің мәуелі бір бұтағы - Қаныш. Ол халқының асыл қасиетін зердесіне сіңіріп, ертегі, аңыз, батырлар жырлап, жаттап өскен қимаұлақ ұл тегіне таратып туған азамат.
Ғаламдық ғылымда Қаныш шоқжұлдызының жарқырағаны әлемге аян. Ал, оның сімін елінің етене тұтуы оның салалы еңбегінің жапырақтай жайқалып, сол халыққа сая болуында. Сол қыруар еңбектің бір парасы мұхитқа құйған жылғадай ел жүрегіне жетіп жатқан халқымыздың фольклоры мен әніне қатысты. Қазақ батыр болар баланы бесігінде танитын халық. Қаныштың жас бүркіттей қанатын қомдануына Абай, Шоқан, Ыбырай аз әсер етпеген. Ол Абай өлеңдерін жанымен сүйген әндерін үздік орындаған. Студент кезінде Шоқан еңбектерін терең талдап оқыған. Шоқанның Қостанай өңіріндегі ақын-жыраулардың қолынан жазып алған әйгілі Ер Едіге жайлы дастанды қазақшаға аударады. Ол еңбекпен айналасуына тіліміздің тазалығына деген қамқорлығы, ыстық-ынтасы әке ліп отыр.
Жалпы Қаныштың өнерге деген ілтипатының қалыптасуы бала күнін де Сарыарқаның шұрайлы пұшпағындай қасиетті Баянауылдан,ерке қыздай сылаңдаған Ертістің ерке толқындарынан бастау алғандай көрінеді де тұрады. Думан-тойы тарқамайтын осы ауылда ақын, жыраулар, әнші, термешілер жиі бас қосар еді. Өнер иелерін қадір тұтқан әулет жайлы бізге жеткен әңгімеде ааз емес. Соның бірі - Сәтпай үлкен ұлы Имантай дүниеге келгенде шілдехана тойына небір сал, серілерді шақырған. Бұл 1845 жылы еді. Осы жиында арнау өлеңді суырып салып, өнерін өрістетіп әнін әулеткен Сегіз сері де осы саалтанатта Арқаның айлы түнін тербетіп, домбыра ішегінен әуен үзіп,” Сарыарқаның сәні бол,қз еліңнің әні бол” - деген сияқты тілеген аппақ көңілімен өлең тілінде сөйлеткен.
1. “Қазақ өнертанымының бастаулары” - Б.Г.Ерзакович
2. “Қаныш аға домбырасы”-Ш.Ешукенов. Жұлдыз №4-1999ж
3. “Қазақ халқының зор ғалымы”- М.Әуезов.
4. “Қаныш және сұлу саз”-К.Салықов; Ғ.Жайлыбай

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

• Мәңгілік есте қалған Қаныш аға
• Қаныш және сұлу саз
• а)Қаныш-өнер адамы
• б)Шыңға өрілген-Қаныш
• Қорытынды:
• а)Өнер саласындағы Қаныш туралы айтылатын сыр
• б)Мен Қаныш Имантайұлы Сәтпаевты кім деп білемін
• в)Қаныш Имантайұлы Сәтпаев-қазақтың ұлы данасы

Қаныш Имантайұлы Сатпаев! Бұл - ғаламшарға айналған ғажайып ұлы тұлға.
Елінің Баянауыл секілді баянына, Ұлытау секілді ұранына телінген есім. Оның
ұлылығының дәмі асыл әулетпен сол туған жердің құнарлы топырағына өніп-
өскен. Ал, Қаныш деген тегін таратар шежірені қолға алсаңыз “Бұқар жырау,
Қалқаманұлынан бастау алып. Шоқан, Жаяу Мұса, Сегіз сері,
Сұлтанмахмұттармен көшін-көлікті, төрін көрікті еткен, бергі жағы
Жүсіпбек Аймауытов, Әлкей Марғұлан, Әбікей Сатпаев, Олжастарға қарай тармақ-
тармақ, тарам-тарам соқпақ тартатын, халқына небір аймандай арыстанды
сыйлаған, бақ қонып, қыдыр дарыған елден екеніне көз жеткізесіз. Сол
құлашын кең жайған сүйкімді бәйтеректің мәуелі бір бұтағы - Қаныш. Ол
халқының асыл қасиетін зердесіне сіңіріп, ертегі, аңыз, батырлар жырлап,
жаттап өскен қимаұлақ ұл тегіне таратып туған азамат.
Ғаламдық ғылымда Қаныш шоқжұлдызының жарқырағаны әлемге аян. Ал, оның
сімін елінің етене тұтуы оның салалы еңбегінің жапырақтай жайқалып, сол
халыққа сая болуында. Сол қыруар еңбектің бір парасы мұхитқа құйған
жылғадай ел жүрегіне жетіп жатқан халқымыздың фольклоры мен әніне қатысты.
Қазақ батыр болар баланы бесігінде танитын халық. Қаныштың жас бүркіттей
қанатын қомдануына Абай, Шоқан, Ыбырай аз әсер етпеген. Ол Абай өлеңдерін
жанымен сүйген әндерін үздік орындаған. Студент кезінде Шоқан еңбектерін
терең талдап оқыған. Шоқанның Қостанай өңіріндегі ақын-жыраулардың қолынан
жазып алған әйгілі Ер Едіге жайлы дастанды қазақшаға аударады. Ол еңбекпен
айналасуына тіліміздің тазалығына деген қамқорлығы, ыстық-ынтасы әке ліп
отыр.
Жалпы Қаныштың өнерге деген ілтипатының қалыптасуы бала күнін де
Сарыарқаның шұрайлы пұшпағындай қасиетті Баянауылдан,ерке қыздай сылаңдаған
Ертістің ерке толқындарынан бастау алғандай көрінеді де тұрады. Думан-тойы
тарқамайтын осы ауылда ақын, жыраулар, әнші, термешілер жиі бас қосар
еді. Өнер иелерін қадір тұтқан әулет жайлы бізге жеткен әңгімеде ааз емес.
Соның бірі - Сәтпай үлкен ұлы Имантай дүниеге келгенде шілдехана тойына
небір сал, серілерді шақырған. Бұл 1845 жылы еді. Осы жиында арнау өлеңді
суырып салып, өнерін өрістетіп әнін әулеткен Сегіз сері де осы саалтанатта
Арқаның айлы түнін тербетіп, домбыра ішегінен әуен үзіп,” Сарыарқаның сәні
бол,қз еліңнің әні бол” - деген сияқты тілеген аппақ көңілімен өлең тілінде
сөйлеткен.
Сал-серілердің өнерін бұл әулет сезінген де сыйлаған. Бұл әулет
сезінген де сыйлаған. Имантайдың өзі де жас кезінде серілік дәстүрді аса
құрметтеп, Г.Н.Потаниннің сұрауымен жерлестерінің ауызынан Бұқар жыраудың
ән жырларын жазып алған.Оның шаңырағында Жарылғап, Атубай, Әбжан, Әубәкір,
Сұр-Омар секілді белгілі әншілер жиі бас қосып”, Баянауыл”, ”Жеңеше”,
”Алтыбасар”, ”Сармойын”, ”Балқадиша” сынды сұлу әндерін сайраушы еді.
Оның ұлдары Әбікей, Кәрім, Ғазиздер домбыраға қосылып, тамаша әндер
шырқауға жас кезінен дағдыланған. Бала Қаныш жергілікті дәстүр бойынша
“Алтыбасар”, ”Мұстафа”, ”Ырғақты” секілді ән төрелерін сәби күнінде-ақ
үйренген болатын.
Ал, Керекудегі орыс-қазақ училищесінде оқыған жылдары Қаныш
өзінің ән репертуарын кеңейтіп, домбырамен қоса шертіп, мондаин секілді
аспаптарды шебер ойнауға машықтанды, ол скрипка да тарта біліпті. Семей мен
Томскіде оқыған жылдарында концерттер мен кештерге қатысып, Абай, Мұстафа,
Жарылғап әндерін бабына келтіре, шегіне жеткізе орындайтын. Қаныштың халық
әніне деген құрметті анасының бесік жырынан басталып, көз жұмғанша
толастамады. Қуанса да, қиналса да, ән асыл досы, айнымас серігі боп кетті.
Қаныштың ауқымды да биік,қаз дауысты, қобыз үнді, сырнайдай созылмалы
қоңыр сарынына,мәнері мен маңызы қабысқан орындаушылық әсем әдісіне
сүйсініп, әншілік өнерін қазақтың ұлы әншісі Әміре Қашауба евтің өзі де
жоғары бағалаған. Затаевич Баянауыл әндерінің бұрын хатқа түспеген шоғырын
Қаныштың ауызынан жазып алу керектігі жөнінде ұсыныс білдірген Әміре екені
анықталып отыр. Болашақ акдемик туған халқының әні мен күйінің керемет
тыңдарманы һәм шежіресі болған. Ол әсіресе Ыбырай, Жаяу Мұса, Естай,
Майра, Әміре, Иса, Жүсіпбек, Елубай Өмірзақов өнер жұлдыздарын жоғары
бағалаған, олардың кейбірімен сырлас, дәмдес-тұздас болып, көп кездескен.
1923 жылы Қ.И.Сәтпаев “Қазақ тілі” газетіне “Обаған” әні туралы мақала
жариялайды. Ал, 1926 жылы А.В.Затаевичтің өінішімен Мәскеуде домбырамен
сүйемелдеп, Баян өңірінің 25 әнін жаздырған, 500 ән-күй жинағын әзірлеу
үстінде де Қаныш өз ақыл кеңесін аямаған. Бұл 1931 жылы болатын.

“Айтушылар егеді,тыңдаушылар орады” - деген мақал бар. Қаныш ағамыз
нотаға түсіріп, мәңгі өлмес ән егісін толқытты, еліміздің асыл мұрасы
өлместікке жетті.
Қаныштың осы еңбегін жоғары бағалаған Қазақстанның халық әртісі
А.В.Затаевичтің өзі: ”Баянауыл әндерінің тамаша білгірі мен жақсы
орындаушысы” - деп сүисіне бағалаған. Ұлы ғалымның халқымыздың тарихи
ескерткіштерді өнер мұралары ән-күйін хатқа түсірткені артына қалған
өшпес із деп түсінеміз. 1927 жылы “Еңбекші қазақ” газетіне жарияланған
“Қазақтың ұлттық театры” туралы мақаласында Әміре Қашаубаев пен Иса
Байзақовтың ән орындау мәнеріне баға беріп, кеңінен толғанады. Міне
осының бәрін қосып айтқанда “Қаныш Сәтпаев және музыка” деп арнайы
кітап шығару ұлтымыздың өнер туын желбірете түспек. Қаныш Имантайұлының
ғұмыры әрдәйім қуаныш пен шаттықтан тұрмағаны белгілі.
Бірақ, қашанда ол қазақ фольклоры мен әдебиеті, мәдениеті мен ән-
күйінің жаңашары да, насихатшысы болған. Және айтакетерлік бір шындық: ол
қай мәселені қолына алса да, оны жақсы байыптап, биік дәрежеде бітіруге
тырысқан.
Академик Ахмет Жұбанов Қаныштың небір жақсы қасиеттерін айта кетіп,
”Әрине, Қанышты дұрыс тану үшін, біз ғылым, білім және өнер қызметкерлері
туралы көп оқуымыз керек”. Қанышекең бастаған игілікті дәстүрлерді
жалғастыруымыз керек.
Б.Г.Ерзаковичтің әңгімесіне құлақ түрсек. Қаныш Имантайұлы жас кезінде
театрмен әуестегені,ауыл жастарының постановкалары мен концерттік кештеріне
қатысып жүргені мәлім. Мұның өзі тегін еместі.
20-жылдардың көптеген озық қайраткерлері сияқтьы Қаныш Имантайұлы да
қазақ театры өнерін дамыту перспективалары туралы көп ойластырды.1926 жылы
Қызылордада ашылған,сол кездегі қазақ театрының қызметіне сын көзімен баға
берген алғашқы мақаланы Қаныш жазған болатын. Театр құрылуының бір
жылдығына арналған мерекелік спектакль мен концертті көруге қатысқан жас
инженердің “Қазақстанның ұлттық театры” деген көлемді мақаласы “Еңбекші
қазақ” газетінде 1927 жылы яньвар айында жарияланды. Онда актерлер
жұмысының жетістері мен кемшіліктеріне білгірлікпен егжей-тегжейлі талдау
жасалды.
Бұл мақаласында Ол театр-музыка өнерінің мәні мен маңызын өте терең
түсінетіндігін танытты. Ол қазақ мәдениеті бұл жаңа жанрды дамытудың
міндеттері мен жолдарын белгіледі. Мерекелік кеште Ержан Ерданаевтың
“Малқамбай” атты бір актілі комедия және әншілердің, хордың, би тобының
қатысуымен екі бөлімді концерт қойылды.
Қаныш Имантайұлы пьеса қойылысындағы жекелеген кемшіліктерді атай
келіп, орындаушының актерлік шеберлікке бейімделе бастағанын, сахнада
өздерін еркін ұстайтынын айтты. Ол, әсіресе Әміре Қашаубаев пен Иса
Байзақовтың тума таланты мен репертуарларының мазмұндылығына, Қалибек
Қуанышпаевтың салт-сана, тұрмыс тақырыбына көрсеткен өнеріне жоғарғы
баға берді. Қаныш Имантайұлының Құрмамбек Жандарбеков басқарған хор туралы
айтқан сын-пікіклері де маңызды. Ол хор дың мүмкіндіктерін ұлғайту,біріңғай
дауыстан көп әуенді дауысқа көшу туралы ақыл-кеңес берді. Мұхамеди қойған
би номерлері жайлы Қаныш Имантайұлы: Егер бұрын қазақтың өз биі болып, ол
ұмытыла бастаса қайтадан жандыру қажет, бұл үшін жастарды бір-екі жыл
уақытқа Москвадағы балет студиясына жіберу керек. Сонда олар ұлттық
балет негізінде тәрбиеленіп, мұны дамытып қайтар еді - деп жазған
еді.
Сәтпаевтың мақаласында қазақтың тұңғыш режиссері, кейіннен көрнекті
театр қайраткері Жұмат Шониннің қызметіне жоғары бал берді. Ол Аса
көрнекті, қазіргі кезде, - деп жазды Қаныш, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАНЫШ СӘТПАЕВ ҚАЗАҚ КСР ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ
Ғалым-геолог Қаныш Имантайұлы Сәтбаев
Қ. Сәтпаевтың өмiрi
Қ.И.Сатпаевтың жер қойнауын зерттеуі мен Қазақстан Өндірісінің дамуына қосқан үлесі
ҚАНЫШ ИМАНТАЙҰЛЫ СӘТБАЕВ – ҒЫЛЫМИ - ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ
1946 жылғы Қазақ Ғылым Академиясының құрылуы Қаныш Имантайұлы Сәтбаев
Қаныш Сәтпаев - алғашқы геолог
Абзал адам, ғұлама ғалым - Қаныш Имантайұлы Сәтбаев
Дара шыққан дарын еді
Қаныш сәтбаев
Пәндер