Мемлекет қаржысының ұғымы және құрамы



КIРIСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .1

I Мемлекеттік қаржының мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.1. Мемлекеттік қаржының экономикалық тұрғыдағы мәні және Вагнердің
«Өспелі мемлекеттік белсенділік заңы» ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5.6
1.2.Мемлекеттік қаржының құрамы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
II Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.1. Қаржының функциялары мен рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8.9
2.2. Қаржының басқа экономикалық категориялармен өзара байланысы ... ... ... .10.11
2.3 Қазақстан Республикасындағы қаржы нарығының құрылымы ... ... ... ... ... 12.14

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
Мемлекеттің қаржысы мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, саяси функцияларын орындау үшін оны қажетті ақша ресурстарымен қамтамасыз ететін елдің қаржы жүйесінің маңызды сферасы болып табылады және олар экономика мен социумдағы сан алуан өзара байланыстарды қамтитын мемлекеттік сектордың өндірістік және әлеуметтік қатынастардағы іс-қимылымен байланысты.
Экономикалық мәні жағынан мемлекеттің қаржысы мемлекеттің, оның кәсіпорындарының қаржы ресурстарын қалыптастырып, алынған қаражаттарды мемлекет пен оның кәсіпорындарының функцияларын орындауға пайдалану үшін қоғамдық өнімнің құны мен ұлттық байлықтың бір бөлігін жасаумен, бөлумен және қайта бөлумен байланысты болатын ақша қатынастарын білдіреді.
Мемлекет (өзінің билік пен басқару органдары арқылы), бір жағынан, және кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер, азаматтар, басқа жағынан, бұл сферадағы ақшалай қатынастардың субъектілері болып табылады.
Қаржы термині латын тілінен аударғанда ақша төлемі деген сөзді білдіреді. Ал, мемлекет өзінің қызметін атқаруға арналған қаржыларды мемлекеттік қаржы деп атаймыз. Мемлекеттік қаржының көлемі мемлекеттің қоғамдағы өзінің орны мен рөліне байланысты өзгереді. Мемлекеттік қаржының келесідей функцияларын атап өтуге болады: экономикалық, саяси, әлеуметтік, экологиялық. Әрқайсысына қаншалықты көңіл бөлуге әрбір мемлекеттің ерекшелігіне байланысты.
Мемлекеттік қаржыны қаншалықты дұрыс жұмылдыру және оны тиімді бөлу мемлекеттің қаржы саясатының негізгі міндетіне әкелді. Қаржы саясаты мемлекеттің экономикалық саясатының негізгі бөлігі болып табылады. Қаржы саясаты - бұл қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайлары бойынша міндеттерді шешуге арналған мемлекеттің қаржыны пайдалану қызметі. Қаржы саясатты жүзеге асыру негізінде мемлекет әр түрлі процестерге әсер ете алады.
Қаржы қоғамда нақты өмір сүретін, объективті сипаты мен айрықша қоғамдық арналымы бар өндірістік қатынастарды білдіретін ақшалай қаржы ресурстары мен қорларды жасау және пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастарды қамтып көрсететін тарихи қалыптасқан аса маңызды экономикалық категориялардың бірі болып табылады. Ол натуралдық шаруашылықтан жүйелі тауар-ақша айырбасына көшу жағдайында пайда болып, дамыды және мемлекеттің және оның ресурстарға қажеттіліктерінің дамуымен тығыз байланысты болды.
Бүгінде қаржы терминін күнделікті қолданысқа енгізген авторды атау қиын. Бұл терминнің авторлығын 1577 жылы "Республика туралы алты кітап" деген жұмысын бастырып шығарған француз ғалымы Ж. Боденге қалдыруға болады.
Қаржы туралы жұмыстың ("Афин республикасының кірістері туралы") алғашқы авторы Ксенофонт (б.э.д. 430-365 жж.) болды.
Аристотельдің (б.э.д. 384-322 жж.) қаржы саласындағы көзқарасы оның "Афиннің мемлекеттік құрылысы" атты жұмысында баяндалған.
Қаржының мәні, оның даму зандылықтары, тауар-ақша қатынастарын қамту сферасы мен қоғамдық ұдайы өндіріс процесіңдегі рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады.
Түрлі қоғамдық-экономикалық формациялар қаржысының айырмашылығы негізінен мына себептерге байланысты:
-әр түрлі қоғамдық формацияға қоғамның өзіне меншікті таптық құрылымы сай келеді. Сонымен бірге қаржы ұлттық табысты мемлекеттің пайдасына қайта бөлуді ұйымдастыра отырып, оны бөлудің қатынастарын есепке алады;
-кез келген қоғамдық-экономикалық формацияларда қаржы билеуші таптың мүдделерін қорғайтын мемлекеттің мақсаттары мен міндеттеріне бағынады;
-3-
1. Қаржы негіздері жоғарғы оқу орындарына арналған оқулық Құлпыбаев.С.,Мельников В.Д. – Алматы 2009 – 670 бет
2. Ақша, несие, банктер. / Сейтқасымов.С. – Алматы : Экономика, 2001.
3. kk.wikipedia.org/.../Мемлекет қаржысының ұғымы және құрамы
4. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми кітапханасының сайты http://lib.kaznu.kz/
5. Қазақстандық ұлттық электронды кітапханасы http://www.rmeb.kz
6. www.kitaphana.kz/ Қаржы жүйесі
7. Жатқанбаев.Е.Б. Экономикалық теория бойынша практикалық оқу құралы. Алматы – 2006ж
8. Хабаршы ҚазҰУ. Қазақ Университеті 2007ж.
9. Нұрғалиев Қ. Р. «Қазақстан Экономикасы»; Алматы «Қазақ университеті» 1999 ж.
10. Әмірқанов Р.Ә., Тургулова А.Қ. Қаржы менеджменті. Оқу
қүралы. - Алматы: 1999. - 188 бет.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Экономика және Бизнес Жоғарғы мектебі

СӨЖ

Тақырыбы:
Мемлекет қаржысының ұғымы және құрамы.

Тексерген: Бекмурзаева Ж.А.
Орындаған:
Құрманқұлов Ә.М.
2 курс студенті
Мамандығы: Қаржы
Тобы: Ф10К3

Алматы 2012 ж

ЖОСПАР
КIРIСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .1

I Мемлекеттік қаржының мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.1. Мемлекеттік қаржының экономикалық тұрғыдағы мәні және Вагнердің
Өспелі мемлекеттік белсенділік заңы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5-6
1.2.Мемлекеттік қаржының құрамы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
II Негізгі
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1. Қаржының функциялары мен рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8-9
2.2. Қаржының басқа экономикалық категориялармен өзара
байланысы ... ... ... .10-11
2.3 Қазақстан Республикасындағы қаржы нарығының құрылымы ... ... ... ... ... 12-
14

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... 15

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .16

КIРIСПЕ
Мемлекеттің қаржысы мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, саяси
функцияларын орындау үшін оны қажетті ақша ресурстарымен қамтамасыз ететін
елдің қаржы жүйесінің маңызды сферасы болып табылады және олар экономика
мен социумдағы сан алуан өзара байланыстарды қамтитын мемлекеттік сектордың
өндірістік және әлеуметтік қатынастардағы іс-қимылымен байланысты.
Экономикалық мәні жағынан мемлекеттің қаржысы мемлекеттің, оның
кәсіпорындарының қаржы ресурстарын қалыптастырып, алынған қаражаттарды
мемлекет пен оның кәсіпорындарының функцияларын орындауға пайдалану үшін
қоғамдық өнімнің құны мен ұлттық байлықтың бір бөлігін жасаумен, бөлумен
және қайта бөлумен байланысты болатын ақша қатынастарын білдіреді.
Мемлекет (өзінің билік пен басқару органдары арқылы), бір жағынан,
және кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер, азаматтар, басқа жағынан, бұл
сферадағы ақшалай қатынастардың субъектілері болып табылады.
Қаржы термині латын тілінен аударғанда ақша төлемі деген сөзді
білдіреді. Ал, мемлекет өзінің қызметін атқаруға арналған қаржыларды
мемлекеттік қаржы деп атаймыз. Мемлекеттік қаржының көлемі мемлекеттің
қоғамдағы өзінің орны мен рөліне байланысты өзгереді. Мемлекеттік қаржының
келесідей функцияларын атап өтуге болады: экономикалық, саяси, әлеуметтік,
экологиялық. Әрқайсысына қаншалықты көңіл бөлуге әрбір мемлекеттің
ерекшелігіне байланысты.
Мемлекеттік қаржыны қаншалықты дұрыс жұмылдыру және оны тиімді
бөлу мемлекеттің қаржы саясатының негізгі міндетіне әкелді. Қаржы саясаты
мемлекеттің экономикалық саясатының негізгі бөлігі болып табылады. Қаржы
саясаты - бұл қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайлары бойынша
міндеттерді шешуге арналған мемлекеттің қаржыны пайдалану қызметі. Қаржы
саясатты жүзеге асыру негізінде мемлекет әр түрлі процестерге әсер ете
алады.
Қаржы қоғамда нақты өмір сүретін, объективті сипаты мен айрықша
қоғамдық арналымы бар өндірістік қатынастарды білдіретін ақшалай қаржы
ресурстары мен қорларды жасау және пайдалану процесіндегі экономикалық
қатынастарды қамтып көрсететін тарихи қалыптасқан аса маңызды экономикалық
категориялардың бірі болып табылады. Ол натуралдық шаруашылықтан жүйелі
тауар-ақша айырбасына көшу жағдайында пайда болып, дамыды және мемлекеттің
және оның ресурстарға қажеттіліктерінің дамуымен тығыз байланысты болды.
Бүгінде қаржы терминін күнделікті қолданысқа енгізген авторды атау қиын.
Бұл терминнің авторлығын 1577 жылы "Республика туралы алты кітап" деген
жұмысын бастырып шығарған француз ғалымы Ж. Боденге қалдыруға болады.
Қаржы туралы жұмыстың ("Афин республикасының кірістері туралы") алғашқы
авторы Ксенофонт (б.э.д. 430-365 жж.) болды.
Аристотельдің (б.э.д. 384-322 жж.) қаржы саласындағы көзқарасы оның
"Афиннің мемлекеттік құрылысы" атты жұмысында баяндалған.
Қаржының мәні, оның даму зандылықтары, тауар-ақша қатынастарын
қамту сферасы мен қоғамдық ұдайы өндіріс процесіңдегі рөлі қоғамның
экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен
айқындалады.
Түрлі қоғамдық-экономикалық формациялар қаржысының айырмашылығы негізінен
мына себептерге байланысты:
-әр түрлі қоғамдық формацияға қоғамның өзіне меншікті таптық
құрылымы сай келеді. Сонымен бірге қаржы ұлттық табысты мемлекеттің
пайдасына қайта бөлуді ұйымдастыра отырып, оны бөлудің қатынастарын есепке
алады;
-кез келген қоғамдық-экономикалық формацияларда қаржы билеуші
таптың мүдделерін қорғайтын мемлекеттің мақсаттары мен міндеттеріне
бағынады;
-3-

Мәселен, құл иеленуші және феодалдық формацияларға натуралдық қатынастар
сәйкес келсе, мемлекет табысының қалыптасуы да көбінесе натуралдық сипатта
болды. Капиталистік шаруашылық тауар-ақша шаруашылығы болып табылады.
Тиісінше мемлекеттің табысы да ақша нысанында қалыптасады;
-егер мемлекет басқару органы ретінде қалыптасқан өндірістік қатынастардың
ұдайы өндірісі мен таптық құрылыстың міңдеттеріне қызмет ететін болса, онда
бұл міндеттерге қаржы да қызмет етеді.
Құн категорияларының жүйесінде қаржы белгілі орын алады және өзінің ішкі
ерекшеліктерімен, сонымен бірге ұдайы өндірістегі өзгешілік рөлімен
айшықталады. Қаржының құндық бөлу стадиясында жұмыс істейтін басқа
экономикалық категориялардан – кредиттен, жалақыдан және бағадан
айтарлықтай айырмашылығы бар.
Қаржының пайда болуының бастапқы шарты ақша қатынастарымен ортақтастырылған
тауар өндірісі болып есептеледі.
Тауар өндірісінің негізі тауар өндірушілердің экономикалық оқшауланушылығын
шарттастыратын қоғамдық еңбек бөлінісі болып табылады. Олардың әрқайсысы
өндірістің материалдық-заттай факторларының айырмашылығы, олардың әр түрлі
деңгейі жағдайында өнім жасайды, ал сол себепті тіпті ұқсас тауарлар
нақтылы және затталынған еңбектің әр түрлі шығындарымен өндіріледі. Бұл
теңсіздіктің салдарынан шығындар мен еңбек нәтижелерін өлшеудің қажырлы
еңбектің және жұмсалынған күш-жігерге баламалы тұтынудың өлшемін ескере
алатын айрықша механизмнің объективті қажеттігі туады.
Ұдайы өндіріс процесінің үздіксіз жалғасып жататын белгілі өндіру, бәлу,
айырбастау және тутыну стадиялары оның қатысушылары арасында тауар
қатынастарының болуын айқындайды, өйткені өндірілген өнімдер сатып алу-
сатуға жататын тауарлар ретіңде болады: өнім оны тұтынудан бұрын айырбастау
және бөлу стадияларынан өтеді. Сонымен бірге материалдық өндіріс
қатысушыларының ғана емес, қоғамдық қатынастардың барлық қатысушыларының
қажеттіліктері мен мүдделері қанағаттандырылуы тиіс. Осыған орай олар
мамандандырылған еңбектің, орындалатын қызметтердің нәтріжелерімен, әр
түрлі өндірілетін игіліктермен олардың саны мен сапасына сәйкес
айырбасталуы тиіс. Тек өндірілген еңбек өнімдері айырбасталғанда, оларды
беліілі бір ақшалай баламамен өткізгенде өндірушілердің ақшалай түсімі
(табысы) жасалады.
Жасалынған игіліктер мен құндылықтарды өлшеу құн өлшемі мен жалпыға ортақ
балама ретіндегі ақшаның көмегімен жүзеге асады.
Қаржы ғылыми ұғым ретінде қоғамдық өмірде сан алуан нысандарда пайда
болатын қызметтермен ассоциацияланады және міндетті түрде ақша
қатынастарының қозғалысымен қосарлана жүреді.
Экономикалық өмірде қаржының сыртқы көрінісі қоғамдық өндірістегі әр түрлі
қатысушылар қаражаттарының қозғалысы түрінде болып жатады. Құбылыстар
бетінде бұл қозғалыс ақшалай соманы шаруашылық жүргізуші субъектілердің бір-
бірімен қолма-қол ақшасыз жасасатын есеп айырысулары; негізгі капиталға
жұмсалатын амортизациялық соманы есептеу; табысты (пайданы) бөлу және
кәсіпорындарда, фирмаларда ішкішаруашылық арналымның қорларын қалыптастыру;
мемлекеттік бюджеттің кірістеріне салық төлемдерін аудару; қайырымдылық
қорларына қаражат төлеу; экспортталатын тауарлар үшін кеден баждарын төлеу
және тағы басқа операциялар қолма-қол ақшасыз немесе қолма-қол ақшамен есеп
айырысу түрінде бір иеленушіден басқа иеленушіге беруі болып табылады.
Осының барлығында және осыған ұқсас қаржы операцияларында ақша
қатынастарының қозғалысы болып жатады. Қаржы ұғымы ақша нысанындағы
қоғамдық өнімді бөлумен байланысты болатын экономикалық қатынастардың кең
ауқымын қамтиды. Тауар-ақша қатынастарының жалпы қамтуындағы сипатқа ие
болып отырған нарықтық экономика жағдайында қаржы нақтылы және үздіксіз
болып жататын ақша айналымын — ақша ағынын бейнелеп көрсетеді.

-4-

I Мемлекеттік қаржының мәні
1.1. Мемлекеттік қаржының экономикалық тұрғыдағы мәні және Вагнердің
Өспелі мемлекеттік белсенділік заңы
Экономикалық мәні жағынан мемлекеттің қаржысы мемлекеттің, оның
кәсіпорындарының қаржылық ресурстарын қалыптастырып, алынған қаражаттарды
мемлекет пен оның кәсіпорындарының функцияларын орындауға пайдалану үшін
қоғамдық өнімнің құны мен ұлттық байлықтың бір бөлігін жасаумен, бөлумен
және қайта бөлумен байланысты болатын ақшалай қатынастарды білдіреді.
Мемлекет (өзінің билік пен басқару органдары арқылы), бір жағынан, және
кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер, азаматтар, басқа жағынан, бұл сферадағы
ақшалай қатынастардың субъектілері болып табылады.
Ішкі ұлттык өнімнің өсуімен салыстырғанда мемлекеттің шығыстары көлемінің
өзыңқы қарқынмен өсуі мемлекеттін қаржыларына тән сипат болып табылады. Бұл
құбылыс XIX ғасырдағы неміс экономисі Вагнердің заңы - Өспелі мемлекеттік
белсенділік заңы ретінде белгілі. Бұл заңға сәйкес өнеркәсіп саласы
дамыған елдерде мемлекеттің шығындары өндіріс көлеміне карағанда жылдамырақ
өсуі тиіс. А. Вагнер мемлекеттік белсенділіктің өсуін үш фактормен
байланыстырады:
1) экономика дамуының нәтижесінде экономикалық өмірдің күрделенуімен және
еңбек бөлінісінің тереңдеуімен; бұл мемлекет тарапынан тиімді және ұтымды
экономиканы, құқық тәртібін, заң қызметтерін кеңейтуді қолдаудың
қажеттігіне жеткізеді;
2) техника мен технология дамуы капиталдың үлкен мөлшеріне кажеттілікті
кажет етеді, бұл капитапды майда фирмалардың алдында артықшылықтары бар
акционерлік компаниялар немесе мемлекеттік корпорациялар камтамасыз ете
алады;
3) көрсетілетін кызметтерден болатын пайда экономикалық бағалауға төзбейтін
білім беру және денсаулық сақтау сфераларында мемлекет белсенділікті
күшейтеді.
Сөйтіп, Вагнердің заңы рыноктық шаруашылыктың белгілі бір шектеулілігін
және экономикалық үдерістерді мемлекеттік реттеудің қажеттігін дәлелдейді.
Мемлекет қаржысы үшін көп дәрежеде бөлгіштік тұжырымдаманың іс-әрекеті
колайлы, сондықтан ол бөлгіштік және бақылау функцияларын орындайды.
Сонымен бірге экономиканың мемлекеттік секторында нақтылы өндіріспен
байланысты (мемлекеттік кәсіпорындар, ұлттық холдингтер мен компаниялар)
қаржылық қатынастар әрекеті жағдайларында мемлекет каржысының
ұдайыөндірістік функциясы іс-әрекет етеді.
Жалпы кеңейтілген түсінікте бұл буын қоғамды құдайы өндіріске оның адамның
өсіп-
өнуіне, оның материалдык,әлеуметтік, табиғи және моралдык игіліктеріне
жәрдемдесу бөлігіне жұмыс істейді. Бұл мағынада қаржыда ұдайы өндірістік
функцияның ғаламдық әрекеті және жарым-жартылай бөлгіштік туралы айтуға
болады.
Мемлекеттің қаржысы қаржы ресурстарының орталықтандырылған қорын жасаудың
экономикалық нысаны мен мемлекекттің негізгі қаржы жоспары ретінде
мемлекеттік бюджетте, қоғамдық құжаттарды мақсатты қаржыландырудың қосымша
көзі ретіндегі бюджеттен тыс арнаулы қорларда, мемлекеттік несиеде
көрінетін қаржы қатынастарын қамтиды.
Несие қатынастарының қаржы қатынастарынан айырмашылығы болғанымен
мемлекеттік несие қаржы жүйесіне қамтылады. Бірақ несиенің бұл түрі
мемлекеттің бюджеттің тапшылығын жабу мақсатына бағытталғандықтан, мемлекет
қаржысының тұрақтылылығын қамтамасыз ететіндіктен, ол бойынша есеп айырысу
бюджет қаражаттары есебінен болатындықтан – бұл буын қаржы жүйесіне де,
сондай-ақ несие жүйесіне де жатады деп есептеуге болады.
Қаржы қатынастары сфераларының әрқайсысының ішінде буындар бөлінеді, оның
үстіне қаржы қатынастарын топтастырып, мақсатты ақша қорларының құрамы мен
арналымына белгілі бір әсер ететін субъектк қызметінің сипатына қарай
жүргізіледі.
Бұл белгі кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы сферасында мынадай буындары
бөлуге мүмкіндік береді: коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы;
коммерциялық емес ұйымдардың қаржысы.
-5-
1.2.Мемлекеттік қаржының құрамы
Мемлекеттік қаржылар – мемлекет пен шаруашылық жүргізуші
субъектілердің иелігіндегі қаржы ресурстарын құру және мемлекеттің жұмыс
істеуі үшін қажетті қаржы ресурстарын пайдаланумен байланысты ұлттық
банктің бір бөлігі мен қоғамдық өнім құнын бөлу және қайта бөлумен
байланысты ақша қатынастары. Мемлекеттік қаржылардың құрамына мемлекеттік
бюджет, бюджеттен тыс қорлар, мемлекеттік несие кіреді.
1. Мемлекеттік бюджет – экономиканы, әлеуметтік-мәдени, қорғаныс пен
мемлекеттік басқару қажеттіліктерін қаржыландыруға бағытталған елдің елдің
ортақтандырылған бюджет қорын құру және пайдаланумен байланысты мемлекет
пен заңды және жеке тұлғалар арасында ұлттық табысты бөлу және қайта бөлуге
қатысты туындайтын ақа қатынастарын бейнелейтін экономикалық категория.
Мемлекеттік бюджеке орталық және жергілікті бюджеттер кіреді.
2. Бюджеттен тыс мемлекеттік қорлар – қорлардың ұйымдық дербестігі
негізінде кешенді қолданылатын және кейбір қоғамдық қажеттіліктерді
қаржыландыру үшін қамтылатын қаржы ресурстарын қайта бөлу мен пайдаланудың
ерекше нысаны.
Оның негізгі қалыптасу көздері:
Бюджеттен тыс қорлар маңызды әлеуметтік шараларды уақтылы қаржыландыру және
түскен қаржыларды мақсатты түрде толық көлемде пайдалануға кепілдік береді;
қаржы қиындықтары болған жағдайда мемлекттік биліктің қаржы резерві ролін
атқарады.
3. Мемлекеттік несие – мемлекет пен заңды және жеке тұлғалар арасындағы
ақшалай қатынастар, оның ішінде мемлекеттік билік органдары қарамағына
уақытша бос ақша қаражаттарын жұмылдыру және оларды мемлекеттік шығындарды
қаржыландыру үшін пайдалану.
Қаржы жүйесіне сақтандыруды да жатқызуға болады, біраұқ көптеген ғалымдар
оны қаржымен байланысты дербес категория деп тұжырымдайды.
Сақтандыру – сақтандыру оқиғаларына орай отбасы табыстарындағы шығындарды
немесе шаруашылық жүргізуші субъектілерге тигізілуі мүмкін залалды мақсатты
сақтандыру қорының ақшалай салымдары есебінен жабуды оның қатысушылары
арасында жабық қайта бөлу қатынастарының жиынтығы.
Сақтандыру өзінің әлеуметтік сақтандыру (барлық әдістер), жеке сақтандыру,
мүлікті сақтандыру, жауапкршілікті сақтандыру және т.б. тәрізді негізгі
звенолары бар ерекше сала.

-6-
II Негізгі бөлім
2.1. Қаржының функциялары мен рөлі
Қаржының мәні, іс-әрекет механизмі және рөлі оның функцияларынан айқын
көрінеді. Қаржының мәнін толық ашу оның ұғымы мен қажеттігін ғана емес,
сонымен бірге қаржының қоғамдык арналымын, яғни оның функцияларын анықтауды
да талап етеді.
Қаржыға қатысты функция осы экономикалық категорияға тән қызмет тобын,
моннің іс-қимылдагы көрінісін, сапаның өзіне тән категориялары кескінінің
айрықшалықты одістерін білдіреді. Функцияда категорияның қоғамдық арналымы
қамтып көрсетіледі, оның экономикалық табиғаты ашылады.
Қаржы басқа тым жалпы категориядан - ақшадан туындайтын айрықшалықты
экономикалық категория болып табылатындықтан және бұл экономикалық
категорияның іс-қимылының шегін сызып қоюдың мүмкін еместігіне, оның
қоғамдық, саяси және экономикалық өмірдің барлық сферасына терең дендеп
енуіне байланысты қаржы функциясы туралы мәселе ғалым-теоретиктер арасында
осы күнге дейін пікірталас тудыруда.
Қазіргі уақытта қаржының бөлгіштік және ұдайы өндірістік тәрізді екі
тұжырымдамасы танылып отыр. Бірінші тұжырымдаманың жақтаушылары қаржы
қоғамдық өндірістің екінші стадиясында - ақша нысанындағы қоғамдық өнімнің
құнын бөлу процесінде пайда болады, қаржының бөлгіштік сипаты оның іс-
әрекет етуінің ерекшелігін көрсетеді деп санайды. Бұл тұжырымдамаға сәйкес
қаржы екі функция орындайды: болу және бақылау.
Бөлгіштік қатынастардың ерекше сферасы ретінде қаржының мәні ең алдымен
бөлгіштік функцияның көмегі арқылы көрінеді. Тап осы функция арқылы
қаржының қоғамдық арналымы - шаруашылық жүргізудің әрбір субъектісін оған
қажет арнаулы мақсатты ақша қорлары нысанында пайдаланылатын қаржы
ресурстарымен қамтамасыз ету жүзеге асырылады.
Жалпы қоғамдық өнімнің құны (оның ақша нысанында), сонымен бірге ақша
нысанында тұлғаланатын ұлттық байлықтың бір бөлігі қаржының бөлгіштік
функциясының іс-әрекетінің обьектілері болып табылады.
Қарамағында мақсатты арналымның қорлары қалыптасатын ұдайы өндірістік
процестің қатысушылары болып табылатын заңи және жеке тұлғалар (мемлекет,
кәсіпорындар, бірлестіктер, мекемелер, азаматтар) қаржылық бөлуде
субьектілер болып келеді.
Қаржының көмегімен бөлгіштік процесс қоғамдық өмірдің барлық сфераларында -
материалдық өндірісте, айналыс және тұтыну сфераларында өтеді. Бөлудің
қаржылық әдістері экономиканы басқарудың түрлі деңгейлерін: жалпы ұлттық,
аумақтық, жергілікті деңгейлерді қамтиды. Қаржылық бөлініске бөлінудің әр
түрлі түрлерін - ішкішаруашылық, ішкісалалық, салааралық, аумақаралық
бөліністі тудыратын көпсатылық тән.
Бөлу функциясы қаржы құралдарын қоғамдық жалпы өнім мен оның аса маңызды
бөлігі - ұлттық табысты, сондай-ақ ұлттық байлықтың бір бөлігін (мысалы,
айналым қаражаттарын, мемлекеттік мүлікті сату операцияларын шығарып
тастағанда) бөлу және қайта бөлу процесінде пайдаланған кезде көрінеді. Бұл
функцияны қаржы өнімді өздігінше бөле береді деген мағынада емес, қаржы тек
жасалған өнімді бөлуді ғана ортақтастырып, жүзеге асырады деп түсіну керек.
Былай деп айтқан дұрыс: өнімнің натуралдық-заттай құрамын бөлу ақша
қорларын бөлу арқылы жасалады. Мемлекет, кәсіпорын, фирма және халық
арасында ақша қорларын (табыстар мен қорланымдарды) бөлуге сәйкес жасалған
натуралдық өнім де бөлінеді.
Қаржының бөлгіштік функциясының іс-әрекеті оның мәнінен: жиынтық қоғамдық
өнімді, ұлттық табысты және таза табысты бөлумен және қайта бөлумен
байланысты қатынастарды қамтамасыз етуден; табыстар мен қорланымдарды
қалыптастырудан; ақша қорларын жасаудан туындайды.
Қоғамдық өнімді бөлу алғашқы және кейінгі, немесе қайта бөлу болып
ажыратылады.

-7-
Алғашқы белу кезінде жиынтық қоғамдық өнімнің жалпы көлемінен орнын толтыру
(өтеу) қоры (материалдық шығындар мен амортизациялық аударымдар) шығарып
тасталады және жаңадан жасалған құн — ұлттық табысты бөлудің нәтижесінде
мемлекеттің, өндірістік сфераның (шаруашылық жүргізуші субъектілердің) және
халықтың алғашқы табыстары қалыптасады, олар бөлудің және қайта бөлудің
күрделі процестеріне ұшырайды, бұл процестерде маңызды рөлді қаржы
атқарады. Қоғамдық өнім мен ұлттық табысты алғашқы бөлу кезінде қаржы
еңбекке ақы төлеу және баға сияқты экономикалық категорияларымен тығыз
байланыста дамиды.
Қайта бөлу салалық, сондай-ақ аумақтық тұрғыдағы шаруашылық жүргізуші
субъектілер бойынша қоғамдық өнімді мүшелеудің сан алуан процесін қамтиды.
Мұның нәтижесінде натуралдық – заттай нысандағы өнімді түпкілікті тұтынуды
қамтамасыз ету үшін ұдайы өндіріс қатысушыларының ақшаға деген әр түрлі
қажеттіліктері қанағаттандырылып отырады. Бұл орайда қатысушылардың бәрінің
табыстары басқалардың шығыстары есебінен қалыптасады және ұлттық табыс
қорлану қоры мен тұтыну қорына ие болады. Бірінші жағдайда қаражаттар
өндірісті кеңейту үшін немесе материалдық сфера капиталынан, әлеуметтік
инфрақұрылымның өндірістік емес қорларынан болатын өндірістік қорлардың
(капиталдың) өсімі үшін, резервтер мен сақтық қорларын жасау үшін
пайдаланылады. Тұтыну қорын бүкіл халықтың оның ұдайы толықтырылуы үшін
пайдаланылатын түпкілікті табыстарын, әлеуметтік сфераның мекемелерін
ұстауға, ғылымға, мәдениетке, басқаруға, елдің қорғанысына арналған
ресурстар құрайды.
Сөйтіп, ұлттық табысты қаржы көмегімен бөлу және қайта бөлу қоғам мен
кәсіпорынның, фирманың материал және ақша ресурстарының ұдайы өндірістегі
қажетті мөлшерлестігін қамтамасыз етеді.
Қаржының қоғамдық өнімді бөлу және қайта бөлу процесіне қатысуы бірдей
емес. Алғашқы бөлу кезінде, жоғарыда атап өтілгендей, қаржы басқа
экономикалық категориялармен – бағамен, еңбекақымен өзара іс-қимыл жасайды.
Қаржыны қолданудың негізгі сферасы – қайта бөлу, мұнда ол тектес
экономикалық категориямен – кредитпен өзара іс-қимыл жасайды. Қаржының
бөлгіштік функциясы аумақаралық, салааралық, ішкісалалық, ішкішаруашылықтық
бөліністі қамтиды. Аумақаралық жоне сала-аралық қайта бөлу мемлекеттік
бюджет арқылы жүзеге асырылады, бұл кезде ақша қаражаттары шаруашылық
жүргізуші субъектілердің бірінен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржы және қаржы жүйесінің экономикалық мәні
Мемлекет қаржысын басқару
Қазақстанның қаржы жүйесі
Құйылым пайдаларын түзету
Мемлекеттің қаржысы
Мемлекет қаржысының жалпы сипаттамасы
Құйылым шығындары
Қаржы мәні және қызметтері
Коммерциялық ұйымдар мен мекемелердің қаржысы
Қаржылық бақылаудың түрлері бойынша сыныпталу
Пәндер