Қоғамдық ұдайы өндіріс



Кіріспе
I.тарау. Қоғамдық ұдайы өндіріс түсінігі және экономикалық мәні.
1.1. Қоғамдық өндіріс және оның формалары.
1.2. Қоғамдық өндірістің экономикалық мәні

II.тарау. Мемлекеттік қаржы ұғымы мен құрамы.
2.1. Мемлекеттік қаржының мазмұны мен құрылымы.
2.2. Мемлекеттік бюджет . ұлттық экономиканы басқарудың басты механизмдерінің бірі.
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер.
Қазіргі қоғамның экономикалық өмірінің шындығы кәсіпорындарда шығарылған өнімдер жоспарлы түрде тауар формасына айналуында. Қазіргі шынайы өмір фактілері адамзат қоғамының бүгінгі таңдағы экономикалық өмірінде әрі қарайғы даму жолын айқындау үшін теориялық тұрғыдан ой елегінен өткізілуі қажет.Саяси жүйеге, мемлекет құрылысына тәуелді емес эр түрлі қоғамдық өндіріс формалары бар екенін көрсетіп отыр. Оқулықтарда және ғылыми әдебиеттерде адамзат қоғамының тарихында қоғамдық өндірістің екі ғана формасы натуралдық және тауарлы өндіріс болған және солай болуда деген пікір терең тамыр жайған. Қоғамдық өндірістің жалпыға танылған формаларымен қатар әдебиеттерде тікелей қоғамдық өндіріс, сондай-ақ жоспарлы шаруашылықтар туралы да айтылады. Натуралдық шаруашылық түсінігіне жеке тұтынуға қажетті өнімді өз қолымен жасау жатады. Ол өндіргіш күштердің әлсіз дамуымен, өндірілген өнімде қосымша еңбек үлесінің жоғары еместігімен сипатталады. Еңбектің қандай түріне болсын жеке меншік немесе қоғамдық, жеке немесе бірлескен еңбекке негізделсе, на¬туралдық шаруашылық артық өніммен өзара айырбас жүргізбейді. Натуралдық өндірістің айқын сипатына оның бөлшек түрдегі, шаруашылық өмірдің тұйықталушылығы жатады. Осыған байланысты еңбек өнімі тек қауым шеңберінде, құл иеленушінің немесе феодалдық шаруашы-лығында ғана кәдеге асты. Осының салдарынан, қоғамдық байланыс қатаң түрдегі сипатта болады — өнім қауым мүшелері, құл иеленуші, феодал, олардың отбасы мен бала-шағасы тұтыну үшін ғана өндіріледі. Еңбек нәтижесі шаруашылық ауқымынан аспайды, ал сыртқы байланыс болған жағдайда ол тұрақты емес, кездейсоқ сипатта бо¬лады. Еңбекті ұйымдастыру принципі оның негізінде (айқындауда) бола тұра қоғамдық шаруашылық жүргізуді айқындауда шешуші рөлге ие емес. Өндіріс түрі байланыс түрімен, яғни шаруашылық жүргізудің қайсыбір типінің бейімдік түрін айқындайтын қатынастармен сипатталады.
1. Аубакиров Я. А. Байжұманов Б.Б. / Экономикалық теория . Оқу құралы. – Алматы. Қазақ университетi.
2. Ю. К. Шокоманов Состояние и перспективы экономического развития Казахстана в переходной период // Вестник КазНУ, Серия экономическая, №4, 2001 г. - с. 38-44.
3. Қазақстан Республикасының статистика жөнiндегi агенттiгiнiң бюллетенi. 2004 жылғы Қазақстан Республикасының өңiрлерi бойынша. – Алматы. 2004 жыл. – 6 бет.
4. Статистический ежегодник. Алматы. – 2004г.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
Кіріспе
I-тарау. Қоғамдық ұдайы өндіріс түсінігі және экономикалық мәні.
1.1. Қоғамдық өндіріс және оның формалары.
1.2. Қоғамдық өндірістің экономикалық мәні

II-тарау. Мемлекеттік қаржы ұғымы мен құрамы.
2.1. Мемлекеттік қаржының мазмұны мен құрылымы.
2.2. Мемлекеттік бюджет – ұлттық экономиканы басқарудың басты
механизмдерінің бірі.
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер.

I-тарау. Қоғамдық ұдайы өндіріс түсінігі және экономикалық мәні.
1.1. Қоғамдық өндіріс және оның формалары.
Қазіргі қоғамның экономикалық өмірінің шындығы кәсіпорындарда
шығарылған өнімдер жоспарлы түрде тауар формасына айналуында. Қазіргі
шынайы өмір фактілері адамзат қоғамының бүгінгі таңдағы экономикалық
өмірінде әрі қарайғы даму жолын айқындау үшін теориялық тұрғыдан ой
елегінен өткізілуі қажет.Саяси жүйеге, мемлекет құрылысына тәуелді емес эр
түрлі қоғамдық өндіріс формалары бар екенін көрсетіп отыр. Оқулықтарда және
ғылыми әдебиеттерде адамзат қоғамының тарихында қоғамдық өндірістің екі
ғана формасы натуралдық және тауарлы өндіріс болған және солай болуда деген
пікір терең тамыр жайған. Қоғамдық өндірістің жалпыға танылған формаларымен
қатар әдебиеттерде тікелей қоғамдық өндіріс, сондай-ақ жоспарлы
шаруашылықтар туралы да айтылады. Натуралдық шаруашылық түсінігіне жеке
тұтынуға қажетті өнімді өз қолымен жасау жатады. Ол өндіргіш күштердің
әлсіз дамуымен, өндірілген өнімде қосымша еңбек үлесінің жоғары еместігімен
сипатталады. Еңбектің қандай түріне болсын жеке меншік немесе қоғамдық,
жеке немесе бірлескен еңбекке негізделсе, натуралдық шаруашылық артық
өніммен өзара айырбас жүргізбейді. Натуралдық өндірістің айқын сипатына
оның бөлшек түрдегі, шаруашылық өмірдің тұйықталушылығы жатады. Осыған
байланысты еңбек өнімі тек қауым шеңберінде, құл иеленушінің немесе
феодалдық шаруашы-лығында ғана кәдеге асты. Осының салдарынан, қоғамдық
байланыс қатаң түрдегі сипатта болады — өнім қауым мүшелері, құл иеленуші,
феодал, олардың отбасы мен бала-шағасы тұтыну үшін ғана өндіріледі. Еңбек
нәтижесі шаруашылық ауқымынан аспайды, ал сыртқы байланыс болған жағдайда
ол тұрақты емес, кездейсоқ сипатта болады. Еңбекті ұйымдастыру принципі
оның негізінде (айқындауда) бола тұра қоғамдық шаруашылық жүргізуді
айқындауда шешуші рөлге ие емес. Өндіріс түрі байланыс түрімен, яғни
шаруашылық жүргізудің қайсыбір типінің бейімдік түрін айқындайтын
қатынастармен сипатталады.
Натуралдық шаруашылықты жүргізуде өнім жеке адамның немесе көптің
біріккен еңбегімен де өндіріле береді. Соңғысының негізіне дара бастың,
оның еңбек жағдайының қожасы алдындағы міндеткерлігі жатады,
осылайша олар өнім арқылы бір-бірімен қарама-қарсы тұрады, бір
жағында — дара еңбек, екінші жақта — еңбек жағдайын меншіктеуші. Бірақ
дара еңбек тұйықталған шаруашылық шеңберінде, көп ретте, жалпылар
еңбегінің бір бөлігін құрай отырып, қоғамдық еңбек бөлінісінің
алғашқы табиғи мәйегіне негізделеді. Соңғысы мануфак-туралық еңбек
бөлінісінің осыған сәйкес кейін ірі өнеркәсіптің мәрелік пункті болып
табылады. Сөйтіп, бірілескен еңбек дами отырып, өзгеріске ұшырайды, басқа
жағдайға өтіп, шаруашылық жүргізудің жаңа түрінің пайда болуына себін
тигізеді. Натуралдық формадағы еңбектің әр қилы түрлері және шаруашылық
жүргізудің натуралдық типі бір ұғым емес. Біріншісі қандайда болсын
өндірістің табиғи элементі болып табылады. Екіншісі болса тарихи сипатқа
ие, өйткені ол адамзат дамуының белгілі бір кезеңінде пайда болып,
өзінің өрлеуінде басымдық жағдайға жетті, кейін, анағүрлым жетілген
формаларға орын беріп, құлдырауға түсті. Натуралдық шаруашылықтағы бөліс,
айырбас пен тұтыну жеке жұмыскердің сіңірген еңбегіне байланысты емес.
Әсіресе өндірістің осындай типі қалыптасуының ерте кездегі
сатыларында бұл қатты байқалады. Натуралдық өзгерудегі қайта өндіру
өндірілген өнімнің жалпы санына байланысты. Натуралдық өндірістегі еңбек
өнімдерімен алмасу тікелей натуралдық, заттық өлшем бірлігі бойынша қауым
мүшелерінің тірлік етуіне, қажеттілігіне қарай жасалды. Мұнда бөліс
теңдестіру сипатында жүреді, ал топтар арасындағы өнім алмасу болмады.
Алғашқы қауымдық қоғамның басты кезеңінде жеке меншік, қоғамдық еңбек
бөлінісі дегенді білмеді, ал өнімді (табысты) өздері тұтынды (қоректенді).
Әрі қарай, натуралдық өндіріс заңдылықтары өз-өзінше қайшы келді де
қауымдық шаруашылық заңдылықтары емес, еңбек құралдары мен жерді меншіктеу
заңдылықтарына тәуелді болды. Көп жағдайда еңбекшілер
экономикалық заңдылықтарга емес құл иеленушінің, яки феодалдың еркі мен
көңіліне тәуелді болып отырды.
Осылайша натуралдық өндірісте шаруашылық жүргізудің өктемшіл
формасының алғашқы жұқанасы пайда болды. Тарихи жағынан шаруашылық
жүргізудің келесі дамыған формасы ретінде тауарлы өндіріс пайда болды.
Тауарлық қарым-қатынастың негізі ретіндегі қоғамдық еңбек бөлінісінің дамуы
араларындағы байланыс айналым арқылы сату, сатып алу түрінде орнығып, өз
ерекшеліктері бойынша оқшауланған өндірісшілердің пайда болуына алып келді.
Тауарлы қарым-қатынастардың дамуы тауар өндіруші қауымдар арасындағы
байланыстан, жеке тауар өндірушіге, ал олардан әрі қарай қарапайым тауар
өндірісі заңдылығы өзіне-өзі қайшы келген капиталистік кәсіпорындарға қарай
жылыстады. Яғни, капиталистік тауар өндірісі заңдылықтары өзінің дамуымен
қарапайым тауар өңдірісін қайта түлетті. Өндіріс күштерінің дамуы,
өндірістік қатынастардағы болмай қоймайтын өзгерістерге жетелей отырып,
экономикалық заңдылықтар формасын да өзгеріссіз қалдыра алмайды.
Заңдылықтардың формалық айқындық модификациясы өндіріс қатынастары
арасындағы байланыстарды түлетеді. Бұл натуралдық та, тауарлық та
шаруашылық жүргізу. Формаларында айқындала түседі. Бәрі де сол, бірақ
алғашқы қауымдық, құл иеленушілік, феодалдық және капиталистік өндіріс
әдістеріндегі көріністері ғана әр қилы. Сондықтан, оларды пайдалану,
қолдану немесе олардың заңдылық әрекеттерін біріктіру туралы сөз болғанда
өндірістің әрбір жаңа түріндегі заңдылық өзгеріске ұшырайды, сондықтан
оларды бастапқы түрінде қабылдауға болмайтынын да баса көрсету керек.
Қарапайым тауар өндірісі жағдайындағы құн заңының әрекеті айырбас
эквиваленттілігімен сипатталады. Тауарлық қатынастарының дамып, шаруашылық
жүргізудің капиталистік жүйесіне өтумен қатар тауарлық қатынастардың
маңызды принципі эквиваленттілік өзгеріске ұшырайды және өз қарама-
қайшылығы пайда болады. Және де бұл өзгеріске ұшырау жаңа тауарлық
қатынастың әлпетін айқындайтын тауар — жұмыс күші алмасуы негізінде пайда
болады. Бұл алмасу басым қатынастың жаңа түрін айқындайтын эквиваленттік
негізде жүрмейді.
Өндіріс саласындағы өзгерістерге байланысты айналым, бөліс және тұтыну
саласында да өзгерістер жүріп жатады. Тұтыным құны өндіріс және айырбас
мақсатынан өз бойында құн сақтап жүрушіге, ал соңғысы — мақсатқа айналады,
осыдан барып ең соңғы толассыздық қасиетіне ие болады. Сөйтіп адамзат
қоғамы байлық арқылы билікке қол жеткізуге және керісінше болатын
қозғалыстың жаңа сапалы түріне ие болады. Осы мақсаттарды жүзеге асырудың
негізін өндіріс құралдарына меншік құрайды. Тауарлық қатынастардың дамуы
үдей түседі. Соңғысының өндірісі және оны иелену бәсекелік күрес механизмі
арқылы жүреді, бұл өндіріс күштерінің дамуын тездетеді. Бұл процесс әрі
қарайғы еңбек бөлінісін тудыруы өндіріс құралдарын қоғамдастыруды
жеделдетеді. Осының бәрі жаңа қатынастардың тарихи алғы шарттарының пайда
болуына алып келеді.
Адамзат тарихы алғашқы қауымдық құрылыста өндірістің түрлі типінің
пайда болуы мен қалыптасуының белгілі бола бастағанын көрсетті. Көп
жағдайда олар бір-бірімен тым тығыз түйіскені соншалық, мыңдаған жылдар
өткен соң зерттеушілер олардың ара жігін ажыратпайтын да болды.
Экономикалық оқулықта алғашқы қауымдық құрылыстың бастапқы кезеңі
шаруашылық жүргізудің натуралды және ұжымдық формалары ретінде сипатталған.
Оларда жеке меншік, қоғамдық еңбек бөлінісі болмады, ал өндірілген өнім
шаруашылықтың өз ауқымында тұтынуға жұмсалды. Шаруашылық топтары арасындағы
байланыс болмаған. Аталған ұқсас сипаттар зерттеушілерді бұл да
шаруашылықтың сол түрі болар деген ойға жетеледі. Бірақ осылай бола
тұрғанымен олар айырмашылықтарын байқамаған. Негізгі және басты айырмашылық
жеке және бірлескен еңбек нәтижесінде қалыптасқан еңбек ету тәсілдерінде
жатыр. Еңбек ету тәсілдерінің дамуы табиғи және қоғамдық еңбек бөлінісіне
алып келді, сондай-ақ адамның еңбек құралын жасау және онымен еңбекке
қажетті заттарды өңдеуді үйрену қабілетінің өсуіне әсер етті. Осы
процестердің барлығы бастапқы кезеңдердің өзінде-ақ олардың арасындағы
айырмашылықтың артуына қарай бастады. Шаруашылық жүргізудің қарастырылып
отырған типі бұлтартпастық сипатына ие, өйткені онда олар өмір сүруге
қажетті нәрселерді өздерінің еңбек әдістерімен тапқан жағдайда неге қол
жеткізгендерін алдын ала сезді.
Қоғамдық және ұжымдық өндірістегі тікелей қоғамдық сипаттың өз
айырмашылығы бар, біріншісінде адамдар нені жасай алатын, қанша керек
екенін өздері білді. Екінші жағдайда ұжымның мүмкін болар тұтынымы,
тауарлар өндірісінің технологиясымен анықталады. Ортақ сипаттармен қатар
бұл екі жағдайдың айырмашылық ерекшеліктері, яғни арнайы бейімдік формасы
ретінде көрініс берер қарама-қайшылығы бар. Натуралдық шаруашылықтың мұндай
сипатына тұйықтық, түрлі топтар, аймақтар арасындағы алмасудың, айырбастың
жоқтығы жатады.
Адамзат қоғамының дамуымен бірге натуралдық және ұжымдық өндіріс
арасындағы айырмашылық та айқын көрініс бере бастады. Бұлар пайда бола
бастаған өндіріс әдістерінін негіздерін байытты. Бұл процестер қоғамдық
өндірістің бір түрі екіншісіне бағынып, оның дамуына әсер еткен қоғам
дамуының өне бойында жалғасып отырды. Құл иеленуші және феодалдық
өндіріс әдістері ұжымдық еңбектің артықшылығын барынша пайдаланды және
оны реттеу әдістерін жақсы игерді. Бірақ натуралдық шаруашылық ұжымдық
өндірісті емес, тауарлы өндірісті ығыстырып шығарды. Тауарлы
және ұжымдық өндірістің арасындағы ортақ жәйт еңбек бөлінісі мен істелген
шаруа нәтижесін қажетке айырбастау. Осы бір сипаттар арқылы олардың
арасындағы айырмашылық байқалады, өйткені еңбек бөлінісі де
айырбас секілді түрлі формаларға ие. Осы түрлі формаларды өзіндік
өндіргіш күштерге сәйкес шаруашылық жүргізудің түрлі типтері қалыптаса
бастады. Тауарлы және ұжымдық өндірістің пайда болу негізіне қызмет
ететін еңбек бөлінісіндегі айырмашылық өндіріс құралдарына деген
меншіктің түрлі формаларын қалыптастырады. Мұнымен қоса,
тауарлы өндіріс құралдарына деген меншік базасында болып, өзінің үрдісімен
жаңа түр — мануфактуралық еңбек бөлінісінің пайда болу негізін
жасады. Соңғысы толымды мөлшерде тауарлы қатынастардың
заңдылықтарына сай болды, бірақ онын дамуы қоғамдық шаруашылық
жүргізу типі ретінде тауарлы өндірістің рөлін шектеуге алып келді.
Мануфактуралық еңбек бөлінісі, жеке меншік қатынастардың құлашын жайғызумен
бір мезгілде жинақтау процесін де дамытты. Қоғамдық өндірісте еңбек
процесі негізінен өңдірістің жоғалып кетердей болған типіне жаңа
серпін берерлік сипатта дами алатын еді.
Ұжымдық өндіріс ғайыптан қайта пайда болғандай көрінгенімен оның
болмысы оған құндық қатынастардың әсер етуінен мүлдем басқа түрге айналған
формада жүзеге асты. Осылайша, тауарлы өндіріске түбірлі себеп болған
қоғамдық еңбек бөлінісі келесі формаға көше отырып, шаруашылық жүргізудің
мүлдем қарама-қайшы түрі ұжымдық өндіріске ұйытқы бола бастайды. Шаруашылық
жүргізудің жаңа жүйесінің қалыптасуы айналымнан түбірлі айырмашылығы бар
айырбастың жаңа әдісін талап етті.
Ұжымдық өңдіріс қоғамдық өндіріс формасы ретінде тауарлы өңдіріспен
жай орын алмасып қана қоймайды, мұнда диалектикалық өту процесі де жүреді.
Бұл процесс өз дамуының белгілі бір кезеңінде қоғамдық дамудың тұңғиық
процестерінің ықпалымен жаңа сапалы секірісті бастан өткеруі мүмкін. Сапалы
секіріске дейін және одан кейін де шаруашылық жүргізудің екі формасының да
өмір сүруі сол тұстағы бар өндіріс типінің ене бастау процесінен хабардар
етеді. Бұл өндіріс типінің ене бастауы жаңа жүйенің туа
бастап, ескінің біртіндеп өшу процесімен қат-қабат жүреді. Бірақ
бұл тауарлы өндірістің ене бастау процесімен тікелей байланысты екен
дегенді білдірмейді. Бір заңдылықтың пайда болуы қатарлас келе
жатқан заңдылықты жояды деу емес. Қандай да болмасын экономикалық
құрылысты осындай сипат негізінде зерттесек, оны өндірістік қатынастар
жүйесі ретінде классификациялау жеткіліксіз әрі ол толық та болмас еді,
өйткені бұл пайда болу генезисін көрсетпейді, соның салдарынан құбылыстың
пайда болу прогресі және даму перспективасы көрінбейді. Қоғамдық
қатынастардың әр түрлі формаларының қатынастары, проблемалары да тиісті
қарастырылмайды. Өндірістің барлық әдістері алдыңғы формацияның
аясында қалыптасып қана қоймайды, олар өзінің дамуына қолайлы сәтті
күтіп жаңа қатынастар мәйегі негізінде пайда болады. Құл
иеленуші натуралдық және капиталистік тауарлы өндірістер жағдайы да
осындай. Егер олар болмағанда, алғашқы қауымдық құрылыс ішінде құл
иеленуші, ал феодалдық қоғамдық құрылыс ішінде өндірістің капиталистік
тәсілі де пайда болмас еді. Шынында да шаруашылық жүргізу типінің
алдыңғысының рөлі мен орнын айқындап ал май, экономкалық қатынастың
жаңа жүйесіндегі соңғысын түсіну мүмкін де емес. Жаңа
жағдайдың қалыптасуына нендей серпін әсер етті десек мәселе басқаша.
Бірінші жағдайда, ондай серпін қажетсіз, ал соңғысында жаңа жүйенің
қалыптасуы үшін төңкеріс қерек болды. Бірақ осылардың бәріне бірдей
белгілі бір заңдылықтардың белгісі бар тарихи алғы шарт жоспарлы өндіріс
концепциясында жоқ. Ал енді бұл жоқ болғандықтан,
өндіріс тәсілі құбылыс ретінде органикалық емес, механикалық қасиетке
өтеді, тарихы өрнектелген, белгілі бір ретпен қатпарланған блоктардан
тұрады.

1.2. Қоғамдық өндірістің экономикалық мәні
Қоғамдық өндіріс мәселесі экономикалық теорияның бастапқы
негізін құрайды. Адамзат баласының тіршілігінің негізін қалайтын да
қоғамдық өндіріс. Ол материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбас және
тұтыну процесін қамтиды. Өндіріс процесінің қоғамдық формасы қандай
болса да, ол әйтеуір үздіксіз процесс болуға, яғни оқтын-оқтын сол бір
сатылардан қайта-қайта өтіп отыруға тиіс. Қоғамның тұтынбай отыра алмайтыны
сияқты, ол өндірмейде отыра алмайды.
Тарихты материалистік жолмен ұғыну мынадай қағидаға
сүйенеді: өндірістен соң оның өнімдерін айырбастау да әрбір қоғамдық
құрылыстың негізі болып табылады, тарихи өмір сүретін әрбір қоғамда
өнімдерді бөлу, сонымен бірге қоғамның таптарға немесе топтарға бөлінуі,
қоғамның нені өндіретініне, қалай өндіретініне және өндірілген бұл
өнімдердің қалай айырбасталатынына байланысты. Өмірде болып жататын барлық
қоғамдық өзгерістер мен саяси төңкерістердің негізгі себептерін адамның
ақыл-ойынан, олардың ақиқат пен әділеттілікті түсіну деңгейінен,
философиядан іздемеу керек, оны өндіріс пен айырбас әдісінде орнаған
өзгерістерден, сол заманның экономикасынан іздеу керек. Міне, бұл елімізде
болып жатқан экономикалық саяси-әлеуметтік сілкіністер мен өзгерістердің
баршасына да тікелей қатысты. Оны тек осылай түсінуге болады. Қоғамдық
өндірістің адамзат өміріндегі орны мен рөлі ерекше. Егер өндірісті бір жыл
түгіл, бірнеше апта тоқтататын болса, адамзат аштықтан құрып кеткен болар
еді. Қазіргі таңда да рынокты қалыптастыруда қоғамдық өндіріс зор маңызға
ие болып отыр. Қоғамдық өндіріс, жоғарыда атап өткеніміздей өндіргіш күштер
мен өндірістік қатынастардың бірлігі. Ал оның орын алуы, дамуы белгілі бір
факторларға байланысты. Ол факторларға мыналар жатады: а) субъективті
факторлар немесе жұмыс күші; ә) объективті, заттық факторлар немесе өндіріс
қүрал-жабдықтары. Осы арада ең алдымен еңбек туралы түсінік бере кетейік.
Еңбек — дегеніміз мақсатқа сай атқарылған қызмет, адам мен табиғат
арасындағы қарым-қатынас процесі. Мұнда адам өз қызметі арқылы өзі мен
табиғат арасында заттардың өзгеруіне себепкер болады, бұл алмасуды реттеп,
бақылап отырады. Еңбек — бұл адамның саналы әрекеті. Оның басты ерекшелігі
— алдын ала ойланып істелінеді, мақсатты ісқимыл, белгілі бір нәтижеге жету
көзделінеді. Мысалы, хайуанаттар табиғатта бармен ғана қоректенеді. Ал
адамның еңбек етудегі басты ерекшелігі — табиғаттан ала да біледі, оны
өзгерте де, сақтап, қорғай да біледі. Осыған байланысты адамдардың
тәжірибесі жинақталады. Белгілі бір білімді, мамандықты игереді, оны
жетілдіре түседі. Адамды адам еткен еңбек деген даналық ой осыдан туған,
еңбек адамның дамуының және жетілуінің басты факторы. Еңбек ете отырып адам
жұмыс күшін жұмсайды. Ал жұмыс күші — адамның еңбекке деген қабілеттілігі.
Жұмыс күшін тұтынудың өзі де еңбек.
Қоғамдық еңбек бөлінісінің тереңдеуімен байланысты жұмыс күші өзінің
жеке ерекшелігін сақтап, дамыта отырып, бірте-бірте қоғамдық сипатқа ие
бола бастайды.
Сөйтіп жиынтық жұмыс күші пайда болады. Жұмыс күшін пайдалану тек
белгілі бір қоғамдық іс-қимыл негізінде ғана мүмкін. Ол өндірістің жеке
факторы ретінде орын алады. Жұмыс күші — қоғамдағы ең басты, жасампаз күш.
Қоғамдық дамудың бүкіл тарихы көрсеткендей, қоғамдық өндірістің дамуында,
әсіресе ғылыми-техникалық прогрестің қарқындылығымен байланысты жеке фактор
рөлі барған сайын өсіп келеді, ол заңды да.
Ал заттық факторлар туралы әңгімені еңбек заттары мен еңбек
құралжабдықтарынан бастаймыз.
Еңбек заты дегеніміз бұл өңделетін материалдар, яғни адамның күш-
қуаты, еңбек құралы арқылы өңделетін зат. Олардың екі түрі бар: а) табиғи —
руда, көмір, мұнай, балық т. б.; ә) белгілі бір табиғи процестен, өңдеуден
өткен — шикізат, материал т. б.
Екбек құралдары дегеніміз адамның өзі мен еңбек затының
арасында тұратын және оның осы затқа ететін ықпалын іске асырушы ретінде
пайдаланатын зат немесе заттар жиынтығы (комплекс), яғни адамның сол арқылы
табиғатқа әсер ететін, ықпал жасайтын зат. Еңбек құралдары бірнеше түрге
бөлінеді: а) еңбек құралдары, аспаптар, машина, механизмдер. Еңбек
құралдарының бұл түрін классикалық экономикалық теория өндірістің сүйек
және бұлшық ет жүйесі деп атайды; ә) өндірістің ыдыс жүйесі (құбырлар,
бөшкелер, сауыттар т. б.); б) өндірістік объектілер (өндірістік үйлер,
құрылыстар, жолдар т. б.); в) жер де еңбек құралы болып табылады; г)
еңбек құралдарына электр қуаты, бу, химиялық, ядролық реакцияларда
жатады.
Материалдық игіліктерді өндіру үшін пайдаланылатын еңбек құралдары мен
еңбек заттарының жиынтығы өндіріс құрал-жабдықтарын құрайды.
Олардың жұмыс күшінен айырмашылығы, өндірістің материалдық-заттық
факторына жататындығы. Өндірісті жұмыс күшінің, еңбек заттары мен
еңбек құралдарының жай ғана қосындысы деп қарау дұрыс емес. Сөз жоқ,
олар өзара байланысты күрделі біртұтас жүйені құрайды. Ал біртұтас
жүйенің элементтердің жай қосындысына қарағанда сапалы айырмашылығы
бар екені белгілі. Олардың өзара қатынасы, тиімділігі өндірістің
технологиясы мен ұйымдастырылуынан айқын көрінеді.
Технология өндірістің негізгі факторларының өзара
әрекетін белгілейді, адамдардың еңбек заттарына ықпалының өндірістік
факторлардың (механикалық, физикалық, химиялық) қасиеттеріне
негізделгенін көрсетеді. Заттардың осы кезге дейінгі белгісіз
қасиеттерін аша отырып, адамдар жаңа өнімдерді дайындаудың құпиясын
меңгеріп, осыған байланысты аса үздік технологияны, сапалы жаңа
материалдарды пайдалануды күн тәртібіне қояды. Осымен бірге өндірісті
ұйымдастыру да өзгереді, яғни оның бүкіл факторларының бірлесіп әрекет
етуі талап етіледі. Еңбек бөлінісі, қоғамдық өндірістің салалық
жіктелуі тереңдейді, оның құрылымы күрделіленеді мамандандыру,
кооперация, шоғырлану, ұйымдастыру кеңінен дамиды. Осының нәтижесінде
өңдірістің қоғамдық сипаты ұлғаяды. Сөйтіп, халық шаруашылығы бірте-
бірте күрделі кешенге (комплекске), ірі салалық, аумақтық ұйымдарға
айналады. Ұйымдық қатынастардың осылайша күрделі, икемді жүйесі
өндірістің маңызды факторын құрайды.
Қазіргі ғылыми-техникалық революция өндірістің жаңа
факторын ақпаратты (информацияны) туғызады. Ал информация қазіргі
машина жүйесінің маңызды шарты. Сонымен бірге, өндірісте орын алатын
ұйымдық-экономикалық және әлеуметтік-экономикалық қатынастарды ажырата
білу керек. Ұйымдық-экономикалық қатынастар өндіріс процесін
ұйымдастырумен байланысты. Ол адамдар арасындағы қатынасты бейнелей
отырып, өндіріс жағдайын да, оның факторларының дамуындағы
ерекшеліктерін де сипаттайды. Өндірістің әлеуметтік-экономикалық
нысандары өндіріс қүрал-жабдықтарына иелік етумен байланысты орын
алатын қатынастарды, яғни меншік қатынасын құрайды. Олардың негізінде
қызметкерлердің құрал-жаб-дықтарды қолдануының қоғамдық әдісі жатыр.
Ал мұның өзі өндірістің кімнің мүддесіне қызмет ететінін, оның
нәтижелерін қалай бөлу керектігін анықтайды. Осыдан келіп қоғамның
таптық және әлеуметтік құрылымы пайда болады. Ол өз алдына бір мәселе,
яғни оны зерттеу қоғамдық ғылымдардың басқа саласының міндеті.

2 – тарау. Мемлекет қаржысының ұғымы және құрамы.
2.1. Мемлекет қаржысының мазмұны мен құрлымы.
Мемлекеттің қаржысы мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, саяси
функцияларын орындау үшін оны қажетті ақша ресурстарымен қамтамасыз ететін
елдің қаржы жүйесінің маңызды сферасы болып табылады және олар экономика
мен социумдағы сан алуан өзара байланыстарды қамтитын мемлекеттік сектордың
өндірістік және әлеуметтік қатынастардағы іс-қимылымен байланысты.
Экономикалық мәні жағынан мемлекеттің қаржысы мемлекеттің, оның
кәсіпорындарының қаржы ресурстарын қалыптастырып, алынған қаражаттарды
мемлекет пен оның кәсіпорындарының функцияларын орындауға пайдалану үшін
қоғамдық өнімнің құны мен ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлу және қайта
бөлумен байланысты болатын ақша қатынастарын білдіреді.
Мемлекет (өзінің билік пен басқару органдары арқылы), бір жағынан,
жеке кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер, азаматтар, басқа жағынан, бұл
сферадағы ақша қатынастарының субектілері болып табылады.
Ішкі ұлттық өнімнің өсуімен салыстырғанда мемлекеттің шығыстары
көлемінің озыңқы қарқынмен өсуі мемлекеттің қаржыларына тән сипат ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұдайы өндіріс процесінің құрылыс бөлігі
Ұдайы өндіріс теориясы
Қоғамдық өндіріс туралы мәлімет
Ұдайы өндіріс процесінің құрамдас бөлігі
Қоғамдық ұдайы өндіріс тұжырымдалары
Ұдайы өндіріс
Өнідірс оның мәні және факторлары
Экономика ілімі классиктерінің еңбегіндегі ұдайы өндіріс теориясы
Ұдайы өндірістің түрлеріндегі негізгі шарттары
Жүйе ретіндегі Ұлттық экономика
Пәндер