Қазақ халқының ағаш төсектің көркемдеп жасау, әрлеу, әдіс – тәсілдерін игеру



Кіріспе
I Тарау. Ағаш өнері.
1.1. Ағаш өнерінің даму тарихы.
1.2. Қазақ қол.өнерінің майталманы . Дәркенбай Шоқпарұлы.

II тарау. Қазақ халқының ұлттық сусыны . арналған ыдыс . аяқ.
2.1 Қазақ халқының ұлттық үй жиһаздары
2.2 Ою.өрнектердің ағаш өнерінде алатын орны.
2.3 Ағаш төсектің жасалу технологиясы.

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Еліміздің тәуелсіздік алуы мәдениетіміз бен қоғамымызға елеулі өзгерістер әкеледі. Бейнелеу өнері жаңа қырынан көрінеді. Қайта құру барысында бұрыңғы кеңестік тақырып пен пішін өз күшін жойып, жаңа мазмұнға негізделген туындылар дүниеге келді. Өресі биік, өрісі кең өнер атаулының қай саласы болсын, жер жүзіндегі басқа да халықтар сияқты қазақ халқы да өзінің көне замандардан келе жатқан тамаша тарихымен және бір өзіне ғана тән қайталанбастай ерекшелігімен көзге түседі. Ал, қандай да болсын өнер және талант иелерін өмірге келтіретін де сол халық. Сондықтан да біз оларды халықтық дейміз. Міне сол халық таланттарының қолынан шыққан зергерлік бұйымдар, киім үлгілері, тұрмыс жихаздары, әсемде зәулім ғимараттар қай заманда болмасын өз маңызын жоғалтпайтыны мәлім. Сол сияқты қазір бізге келіп жеткен алтынмен апталып, күміспен күптелген алқалар мен өңіржиек, өңірше, үзбелі сырға, шаш теңгелер мен шашбау, кемер белдік, ертоқым әбзелдері мен үй мүліктерінің үлгілері кейінгі ұрпақтары үшін аса бағалы мұра болып табылады. Ал, сол халық шығармаларын жинап, зерттеуде, оларды насихаттауда Қазақстан музей қызметкерлерінің, ғалымдарының, архиологтарының да еңбегі аз емес. Солардың тырнақтап жинаған асыл бұйымдары қазіргі Республикамыздың тарихы - өлкетану және өнер зерттеу музейлерінде жинақталған.
1. Х. Арғымбаев. Қазақ халқының қолөнері. Алматы «Өнер» 1982
2. Ә. Тәжімұратов. Шебердің қолы ортақ. Алматы 1977
3. А. Марғұлан. Казахское народное прикладное искусство. Алматы «Өнер» 1986.
4. О. Жанибеков. «Эхо», «Өнер», А, 1994ж.
5. «Декоративное искусство», 8, 1980ж.
6. С. Қасиманов. Қазақ халқының қолөнері, «Қазақстан», А,1995ж.
7. С.В.Иванов. «Орнамент народов Сибири как ист. Источник». Изд. Ак. Наук. СССР, м, л, 1963ж.
8. Барманкулова Б. «А. Кастеев»: Альбом. Алма-ата: «Өнер», 1986
9. Актуально об актуальном. Сб. статей. Алматы: «АИК», 2000
10. Жансүгіров І. «Құлагер» Алматы: «Жазушы»,1994.
11. Ергалиева Р.А. «этнокультурные традиции в современном искусстве Кзахстана». Алматы: «НИЦ. Ғылым», 2002
12. Ибраева В. «Восток-дело тонкое и ...хитрое».// На страже,2007 23февраль
13. «Қайда кетіп барамыз». // Парасат,1996 № 1-6
14. «Қайнайды қаның, ашиды жаның...».// Ана тілі, 1994 20 қаңтар.
15. Көпбосынова Р. «Молодые художники Казахстана». Алма-Ата: «Жазушы», 1972.
16. Мәдениеттану сөздігі. Алматы: «Сорос-Қазақстан қоры»,2001.
17. Өз-өзіңді тану. Самоидентификация. Алматы: СЦСИ, 1999

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ халқының ағаш төсектің көркемдеп жасау, әрлеу,
әдіс – тәсілдерін игеру

ЖОСПАР

Кіріспе
I Тарау. Ағаш өнері.
1.1. Ағаш өнерінің даму тарихы.
1.2. Қазақ қол-өнерінің майталманы – Дәркенбай Шоқпарұлы.

II тарау. Қазақ халқының ұлттық сусыны – арналған ыдыс – аяқ.
2.1 Қазақ халқының ұлттық үй жиһаздары
2.2 Ою-өрнектердің ағаш өнерінде алатын орны.
2.3 Ағаш төсектің жасалу технологиясы.

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ
Еліміздің тәуелсіздік алуы мәдениетіміз бен қоғамымызға елеулі
өзгерістер әкеледі. Бейнелеу өнері жаңа қырынан көрінеді. Қайта құру
барысында бұрыңғы кеңестік тақырып пен пішін өз күшін жойып, жаңа мазмұнға
негізделген туындылар дүниеге келді. Өресі биік, өрісі кең өнер атаулының
қай саласы болсын, жер жүзіндегі басқа да халықтар сияқты қазақ халқы да
өзінің көне замандардан келе жатқан тамаша тарихымен және бір өзіне ғана
тән қайталанбастай ерекшелігімен көзге түседі. Ал, қандай да болсын өнер
және талант иелерін өмірге келтіретін де сол халық. Сондықтан да біз оларды
халықтық дейміз. Міне сол халық таланттарының қолынан шыққан зергерлік
бұйымдар, киім үлгілері, тұрмыс жихаздары, әсемде зәулім ғимараттар қай
заманда болмасын өз маңызын жоғалтпайтыны мәлім. Сол сияқты қазір бізге
келіп жеткен алтынмен апталып, күміспен күптелген алқалар мен өңіржиек,
өңірше, үзбелі сырға, шаш теңгелер мен шашбау, кемер белдік, ертоқым
әбзелдері мен үй мүліктерінің үлгілері кейінгі ұрпақтары үшін аса бағалы
мұра болып табылады. Ал, сол халық шығармаларын жинап, зерттеуде, оларды
насихаттауда Қазақстан музей қызметкерлерінің, ғалымдарының,
архиологтарының да еңбегі аз емес. Солардың тырнақтап жинаған асыл
бұйымдары қазіргі Республикамыздың тарихы - өлкетану және өнер зерттеу
музейлерінде жинақталған.
Менің дипломдық жұмысымның ағаш төсек атты тақырыпқа ие болуы осы
қазақи болмыстың рухын көтерумен байланысты. Мен жұмысты бастамас бұрын
көптеген искиздер жасадым. Солардан таңдалып алынғаны осы ұсынып отырған
төсек ағаш. Мұндағы ұлттық нақышта бейнеленген ою - өрнек қазақи табиғатты
ашып көрсетеді.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: Қазақтың ұлттық төсек ағаштың әдісі мен
сезімдік, мазмұндық мәнін анықтау.
Сонымен қатар осы төсек ағаштың өзара үйлесім табуы мен композициялық
орналасуын саралай отырып, философиялық егізін айқындау.
Дипломдық жұмыстың міндеттері: Дипломдық жұмыс аталған мақсатқа
негізделе отырып төмендегідей міндеттергежүгінеді:
• Ағаш өнерін заман ағынына сай қарастыру;
• Ағаштан жасалған туындылардың композициясы мен философиялық мазмұнын
айқындау;
• Төсек ағаштың ою-өрнектеріндегі композицияны байланыстыра зерделеу
• Тақырыптық ізденістерін айқындау;
• Ағаш өнеріндегі төсек ағаштың бүгінгі күнгі өзектілігін ескеріп баға
беру.
Дипломдық жұмыстың объектісі. Төсек ағаш тақырыбындағы жұмыстың ою-
өрнегінің үндестігі және оның сезімдік мәні.
Дипломдық жұмыстың пәні. Қол өнершілердің, өнер
зерттеушілердің ғылыми еңбектерді қарастыру.
Дипломдық жұмыстың әдістері. Тақырыпты жан- жақты зерттеп ашу
барысында төмендегідей әдістер қолданылады:
• Ағаш өнеріне қатысты еңбектерді ұтымды пайдалану;
• Дәркенбай Шоқпарұлы туындыларының ерекшеліктері мен
құндылықтарын сипаттау;
• Туындыларына формальді талдау жүргізу;
• Тақырыбы мен мазмұнына қарай иконографиялық қырынан талдау.
Дипломдық жұмыстың болжамы.
Дипломдық жұмысының тақырыбын таңдап жазубарысында кең көлемде зерттеу
жұмысы жүргізіліп, тақырып ашылды. А,аш өнеріне байланысты еңбектер
сараланып, ұтымды пайдаланылды. Сондықтан еңбек өзінің тақырыбының
қызықтылығымен және ауқымдылығымен оқырман қызығушылығына ие болды.
Дипломдық жұмыста жасалған талдаулар мен зерттеулер болашақ
студенттер мен талапкерлерге өзіндік ықпалын тигізе алады.
Ағаш өнеріне қатысты кіші көлемдегі еңбектердің бірі ретінде
болашақта өз жалғасын табуына да әбден мүмкіндігі бар. Оған қоса қолданбалы
сәндік өнерімен айналысатын студенттерге атқарып аясында көлемін қысқартып
дәріс ретінде оқуға болады.
Дипломдық жұмыстың зерттелу деңгейі.
Ағаш өнері көпшілікті өзінің ерекше мәнерімен қызықтырады. Бүгінгі
күні оның көпшілік таныс болуының бір себебі де осында деп білеміз.
Қазақтың қолданбалы сәндік өнері ғасырлар бойы дамып, қалыптасып келе
жатқан халық творчествосының сарқылмас қайнар көзі, халық мәдениетінің
айнасы.
Дипломдық жұмыстың метологиялық негізі.
Дипломдық жұмысты жаз барысында аналитикалық әдіс негіз болды.
Дипломдық жұмыстың практикалық құндылығы.
Жан-жақты зерттеулер мен еңбектерге сүйеніп жазылған дипломдық жұмысы
ағаш өнерін тағы бір қырынан қарастырды. Сондықтан еңбек белгілі бір
деңгейдегі қолөнершілер мен жас мамандарға және талапкерлерге зор көмегімен
тигізе алады. Себебі, дипломдық жұмыс қолөнердің жаңа бір қырынан алып,
бірнеше әдістермен қарастырады. Құнды деректер мен материалдарға сүйеніп
жазылған дипломдық жұмысы басқа да ізденушілерге пайдасын тигізеді деген
үмітіміз зор.
Дипломдық жұмыстың құрылымы.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған
әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады. Ағаш ұсталары ыдыс-аяқ жасауға
да айрықш дем қойған. Сонымен қатар жихаздардың ою-өрнектері де талғамға
қарай және мәнер, жақсы әшекейлер мен безендірілуімен және жиһаз
мүліктердің жаңа түрін шығару талабы да арта түсті. Бірақ келе-келе барлығы
өзгеріп, көп ағаш өнерлері ұмыт болды. Себебі, сол қолданбалы енді
заводтарда көптеген, мол түрінде шығарылды. Бұл айтылған қол-өнер халық
тұрмысында ежелгі маңызын жойды, ендігі жерде онымен шұғылданудың керегі
жоқ деген ұғым әсте тумайды. Қайта халық қол-өнерінің бай мұнараларын
жинап, сұрыптай отырып, заманымызға лайықты сапа, түр бері әдісі мен оларды
ілгері дамыта беру керек. Мысалы, киіз үйдің сүйегі қымыз ожау, ер-тоқым
тұрмандары керексіз деп ешкімге де айта қоймайды. Қайта мұраға қалып
отырған ұсы ұлттық қазақи ағаш өнерімізді дамыту парызымыз. Қазақтың ұлттық
қолөнерінде бұрыннан ағаштан көптеген затттар жасалған. Ағаш шеберлерінің
қолынан шыққан бұйымдардың үздік үлгілерін бұл кезде Республикамыздағы
көптеген музейлер мен көрмелерден көруге болады. Ағаш - өңдеуге қолайлы
бітімі өте әсем, жеңіл материал. Одан тұрмыста пайдаланылатын әр түрлі
бұйымдарды киіз үйдің сүйегін, мебелдер, ер-тұрман, ыдыс аяқ, мзыка
аспаптарын жасауға болады. Ежелгі өнерімізде балташылар, ершілер, үйшілер,
ағаш оюшылар болған. Балташылар арба, шана, еден салу, жақтау, қақпа
дегендей тағы басқа заттар жасайды. Ағаш шеберлерінің негізгі құралы:
балта, ара, пышқы, шот, аталғы, оңғыру, ағаш түрпісі, үскі, қашау, ағаш
балта, пышақ сияқты аспаптарды қолданады. Ағаштан әр түрлі бұйымдар жасау
үшін ең алдымен ақауы жоқ кебу ағаш таңдап алған жөн. Егер ағаш су болса
оны көлеңкеге қойып, жарылып кетпейтіндей етіп кептіру керек. Қазіргі кезде
көнеден жеткен қазақ халқының осы қол-өнер түрін әрі қарай жетілдіруде
жаңғыртып жаңартуға, зерттеуге, ат салысып келе жатқан майталман шеберлер
де жоқ емес.

I тарау. АҒАШ ӨНЕРІ
1.1 Ағаш өнерінің даму тарихы.
Ата-бабаларымыздың тарихына көз жүгіртсек, көшпелі мал шаруашылығымен
айналысқан. Кейіннен өмірдің ағымына байланысты жартылай отаршылдыққа ауыса
отырып, егіншіліккемашықтана бастады. Осындай өзгерістермен қатар қазақ
қауымы күнделікті тұрмыс тіршілігіне қажетті заттарды ағаштан, яғни басқа
да материалдарға қарағанда қолайлы заттан жасауға әкеліп соқтықты.
Сондықтан да небір бұйымдарды, қазақ үйдің сүйектерін, ыдыс-аяқтары,
соның ішінде келі, торсық, ағаш қасық, тостаған, теген сияқты заттарды көп
жасаған.
Негізінде қолөнері көне заманнан бері халық тұтынып келе жатқан
ұлттық мүліктер мен заттарға таяқша, сызықша салып оюлайтын қарапайым
әшекейлеуден бастап, қазіргі дәуірдегі айналаны қоршаған табиғи құбылысын
ағаш, сүйек, керамика мен түсті металға, жасау- жиһаздарға бейнелейтін
сюжетті өрнектермен әшекейлеуге дейін жоғары дамыған.
Қолөнер кәсібімен айналысқан шеберлердің қолынан шыққан әсем бұйымдар
осы күнге де жетіп үлгерді. Қазақстан жеріндегі ескерткіштердің барлығы
мемлекеттік қамқорлыққа алынып, арнаулы зерттеулер жүргізіп, халқымыздың
этнографиясына үлкен үлес қосты.
Сақ дәуіріндігі мұралар мен кейбір материалдық байлықтардың
қалдықтарынан қазақ халқының ертегілерінен сақтардың бірден бір мұрагері
екенін көрсетеді. Тарих ғылымының кандидаты К. Ақышев ашқан, Іле бойынан
табылған алтын киімді адам мен М. Қыдырбаев тапқан Тасмола қазындысы туған
жеріміздің топырағында болған ата-бабаларымыздың қол-өнер мәдениетін
көрсетеді. Қол-өнердің халық қажетін өтейтін үлгілері көп. Айталық, қазақ
халқында өрмек тоқу, алуан түрлі кілем, бау, басқұр, алаша, қоржын, аяққап,
тоқу мен текемет басып, сырмақ сыру, түс киіз жасау сияқты өнер кейіннен
тараған. Міне, осындай мәдени мұраны көне деп қарамай, оны байырғы ата-
бабаларымыздың қолынан шыққан байлығы деп бағалап, халқымыздың тұрмыс
қажетін тиімді падалану қажет. Қазақ халқының өмірінде ежелден бері
жасалған үй бұйымдарының орыны ерекше. Көшпелі мал шаруашылағымен немесе
жартылай отыршылдыққа алысып, егіншілікпен қазақ қауымының күнделікті
тұрмысына қажетті ағаштан жасалатын бұйымдардың түрі сан-алуан. Ағаш
өңдеуді кәсіп еткен шеберлерді халық олардың өндіретін бұйымдарына қарай
үйші, арбашы, ұста деп даралады. Ал, бұл шеберлердің әрқайсысы өзінің
негізгі кәсібінен басқа да уақ-түйек бұйымдар түрлерін жасайды. Әсіресе,
ұста атанған шеберлер үй бұйымдарының көптеген түрлерін жасаумен бірге,
әртүрлі метал және сүйек өңдеу ісімен де айналысты. Ағаш өңдеу өнерінің
ішінде аса іскерлік пен қыруар еңбекті шынайы талғамды керек ететін түрі –
киіз үй сүйегін жасайтын үйшілер ісі. Мұны халық тілінде үй басу деп
атайды.
Киіз үй сүйегі, яғни керегесі мен уықтары, көбінесе өзен жағасында
өсетін талдардан жасалады.
Ағаштан жасалған үй іші жиһаздарына төсек ағаш, жастық ағаш, үкаяқ,
кебеже, сандық, әбдіре, жағлан, қант шаққыш тоқпақ, сабыаяқ, піспек, астау,
табақ, тегене, шарааяқ, тостаған, ожау, қасық, күбі, ағаш шелек, келі,
келісап және де басқа да көптеген бұйымдар кіреді. Қазақта бұл бұйымдардың
әрқайсысын дербес жасайтын арнайы жасайтын арнайы мамандандырылған шеберлер
болмаған. Олай болса, әр шебер өзінің мүмкіндігіне қарай үй бұйымдарының
қайсысын болсын жасаған. Аса шеберлер, ұсталар ағаштан жасалатын үй
бұйымдарының беттеріне ою ойып, түрлі-түсті бояулар мен өрнек салып,
әсемдеумен бірге сүйек пен, әртүрлі металдармен, түрлі-түсті тастармен,
шынылармен көркемдей білген. Ендеше мұндай ұсталар темір, мыс, жез, күміс
ұстау ісінде меңгерген шынайы өнер иелері болған. Қазақ арасында он
саусағынан өнер тамған қол өнердің сан-саласын жақсы меңгерген ісмерлер аз
болмаған. Кейде ағайынды жігіттердің бірі ағаш ісін меңгерсе, екінші-
темір, үшінші – күміс дегендей, қол-өнердің бірнеше саласын игеру
нәтижесінде олар бірігіп, үй бұйымдарының сан алуан аса көркем етіп шығады,
еңбектері де өнімді болды.

1.2 Қазақ қол өнерінің майталманы –Дәркенбай
Шоқпарұлы.
Өнер көзі – халықта, дейді даналық. Ұрпақтан ұрпаққа осы сөзде
салғаннан санаға бірден сіңер сындарлы да, салмақты шындық жатыр. Жас
талант орындауындағы күмбірленген күйге әсерленсек те, көгілдір экраннан
шырқап салған әсем әнді тыңдасақ та, шебер қолымен жасалған қайталанбас
қымбат затты көрсек те, көкейіміздегінің бәрін осы бір ауыз сыйғызып: өнер
көзі өскелең, мәдениетіміз бен өнерімізде жақсы талап білдіріп жүрген өнер
майталмандары жыл санап көбеюде. Бұл да халық арасындағы таланттарға деген
қамқорлық пен қастерлеуліктің бірбелгісі. Соның ішінде бейнелеу өнер,
сәулет өнеріне қарағанда кенжелеу дамып келе жатқан ұлттық ғажайып өнер-
ұсталық, шеберліктің соңғы кездері бір қырынан көріне бастауы қуанышты да
құптарлық жай дер едік. Осы бір халық өнерінің дәстүрін өз творчествасының
арқауы етіп алып, жатпай тұрмай жігер қабілетін осы өнерге арнап кеткен
суретшілер одағының мүшесі, Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген суретші
–этнодизайнері Даркенбай Шоқпарұлы.
Қазіргі кезде көнеден жеткен қазақ халқының осы қолөнер түрін әрі
қарай жетілдіруіне, жаңғыртып, жаңартуға, зерттеуге ат салысып келе жатқан
шеберлер де жоқ емес.
Ескінің көзін ашқан, ұмыт болып кеткен саз аспаптарын қайта жаңғыртқан
Дәркенбай Шоқпарұлының еңбегі зор десек те болады. Дәркенбай Шоқпарұлының
творчествасын әзірше екі тұрғыдан қараған жөн. Біріншісі- тыңдырылған,
көпшілік талқысына ұсынылған дүниелері де, екіншісі- болашақ атқарыла
жұмыстар, ішкі толғаныс иірімдерінде қорытылу үстінде идеялар, сюжеттер.
Әрбір шебердің дара қолтаңбасы жасаған дүниелерінің сапалық, сұлулық,
сымбаты мен бірге сол арқылы ұлттық бояуды, халықтық нақышты қалай көрсете
білуімен, ой түйу қабілетімен көрінеді. Ол үшін өрелілік, білгерлік,
құштарлық, темірден түйін түйер шеберлік керек. Осы тұрғыдан қарағанда
шебердің бойында барлығын бір білекке жұмдастыру байқалады.
Бүгінгі таңда шеберге сын көп. Сондықтан, ұстаханадан ұзай алмаймыз.
Ескінің дүние-мүлкін жаңғырту үшін білгірлік керек... Тарихы, географияны,
әдебиетті, мәдениетті білу керек. Ол үшін том - том кітаптарды, қол-
жазбаларды ақтармай, онымен қанықай болмайды. Тіпті біздің жасайтын
заттарымыз ағаш, темір, көмір, қорғасын, мыс, былғары, қыл секілді әр түрлі
заттардан тұратындықтан оларды оңай айтып қою артық нәрсе дейді Дәркенбай
Шоқпарұлы.
Халық музыка аспаптарын жасау кезінде Дәркенбай Шоқпарұлы осындай
зерттеушіліктің бар бейнетін бастан кешірді. Мысалы, адырнаны жасау үшін
екінші ұстаз әл-Фарабидің музыка хақындағы трактаттарын сан қайтара оқып,
сондағы сипаттамаға сүйенуіне тура келді. Нар қобызды жасаудың жайы осы
тақілеттес. Зерделі зерттеуші ғалым, профессор Әуелбек Қоңыратбаев өзінің
мақаласында нарқобыз аспабының болғанын, оның өзі үлкен болатыны, үлкендігі
сондай – шанағыны бала сыйып кететін, дыбысының өте алысқа естілетінін,
жылқының қылы жетпейтін болғандықтан, ішекті түйе көңінен тартатынын
жазады. Ал, сақпан деген аспапты Дәркенбай Шоқпарұлы жас кезінде
қойшылардан көргені бар еді. Бірақ, оның бұл жасаған аспабы мұның халықтық
музыкалық аспап екендігін қалай дәлелдейсің? - деп күмәнмен қараушылар
болып, тосылып жүрген кезінде Венгрияға жол түсті. Сол сапарында нақ
осындай аспаптың ұлттық мейрамдарында пайдаланылатынын көріп, өзінің
қателеспегенін ұқты. Осының барлығын жинақтап, қорытып, соны айнытпай
жасаумен шектелмей, ұлттық нақыш бояуын бұзбай, дала халқының көзі ретінде
жеткізіп, ұсына білуі шебердің жан-жақтылықты талап ететін творчестволық
мақсат жүгін ауырлатумен қатар абыройды асыра түскенде түйсіне тұшынамыз.
Республикалық халық музыкалық аспаптар музейіндегі әрбір экспонатты
көргенде, шебердің қаншалықты тер төгіп, бейнеттенгенін байқау қыйынға
түспейді. Бір жағынан осының бәрі айналдырған бір ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Болашақ кәсіби мамандарды ұлттық өнерге баулу (сандықша жасау өнері мысалында)
Корпустық жиһаз
Білім беруде оқушылардың мектеп оқушыларына ағаш өңдеу технологиясын теориялық тұрғыда түсіндіру
5-7 сынып оқушыларына технология сабақтарында ағашты өңдеудің әдістемесі
Дәстүрлі қазақ қоғамында дамыған киіз жасау өнері - киіз басу
Әйелдер ұлттық көйлегін әзірлеу технологиясы және окыту әдістемесі
Қазақ халқының киіз басу өнері
Үші ішекті домбыра
Ағаш шеберлігін үйрету әдістемесі
Ағаштан жасалған бұйымдарды көркемдеп өңдеу. Оқушылардың шығармашылық кабілетін арттыру–технология пәнінің міндеті
Пәндер