Мақал-мәтелдердегі аналитикалық байланысудың көріністері



Кіріспе
1. Мақал.мәтелдердегі аналитизмнің сипаты
1.1 Мақал.мәтелдердің зерттелуі.
1.2 “Аналитизм” ұғымы
2. Сөйлем типті мақал.мәтелдердің құрамы, жасалуы
2.1 Жай сөйлем типті мақал.мәтелдер
2.2 Құрмалас сөйлем типті мақал.мәтел
Тақырыптың өзектілігі. “Мақал-мәтелдердегі аналитикалық байланысудың көріністері” атты бітіру жұмысымның негізгі көтерген мәселесі - халық ауыз әдебиетінің кәусар бұлағына айналган мақал мен мәтелдегі аналитикалық байланысудың көріністерін тауып, соның ішінде мақал мен мәтелдің синтаксисіне көз жүгірту. Мақал-мәтелдердеі аналитикалық байланысудың көріністері туралы қазақ тіл білімінде арнайы зерттелген ғылыми еңбек жоқ. Дей тұрғанмен, бұл жұмысымды жазу барысында мақал-мәтелдермен етене таныса отырып, солардың ішінде де еш жалғаусыз, яғни орын тәртібі, интонация және көмекші сөздер арқылы байланысқан мақал мен мәтелдерді кездестірдім. Аналитикалық тәсілмен байланысқан мақал мен мәтелдерге сүйене отырып, тіліміздің барлық әлем тілдеріне ортақ төрт типтің ішінде агглютинативті, яғни жалғамалы тілдер қатарына жатуымен қатар, оның белгілі дәрежеде даралаушы типке де жататынын анық айтуға болатынына көз жеткіздім.
Мақал-мәтел бүгін пайда бола салған жоқ. Ол - сонау дәуірлерден келе жатқан рухани қазық, кестелі сөз орамдары. Соңғы жылдарда қазақ тіл білімінде прозалық, поэзиялық шығармалардың тілдік ерекшеліктері, жекелеп айтқанда лексикасы, синтаксисі сияқты бөлімдері де арнайы қарастырылып келеді. Соның ішінде мақал-мәтелдердің тілдік ерекшелігін зерттеу мәселесі де кең өріс алып келеді.
Мақал-мәтелдердің идеялық-эстетикалық мән-мағынасы, мазмұны оқырманға сөз құдыреті, сөз қуаты арқылы жетеді, оны ойландырады, иландырады.Ұлттық мәдениет, болмыс, діл сияқты ұғымдарды тоғыстыратын ана тілі байлығынан мақал-мәтел адамзатқа ой-өрісін, пікір-көзқарасын, әлемді түсініп-түйсінуін мейлінше толық, барынша ұғынықты, әсерлі жеткізіп, қажетті сөздерді сұрыптап, таңдап көрсетеді. Сондықтан да лайықты пайдаланылған мақал-мәтел арқылы берілген информациясының адресатқа, оқырманға жетуі, сайып келгенде, оны ойландырып, оның көңілінде түрлі ассоциациялар туғызуы, оның рухани деңгейін көтеріп, интеллектуалдық әлеуетін арттыруға, жан-жақты жарасымды дамуына қызмет етеді, сол арқылы қоғамды жақсартуға, жетілдіре беруге үлес қосады.
Бұл бітіру жұмысымда жалпы мақал-мәтелдің қыр-сырын ашумен қатар, оның синтаксисіне де, тілдік ерекшелігіне де назар аударуды жөн көрдім. Ал, мақал мен мәтелдердегі аналитизм құбылысын айқындау менің қызығушылығымды одан сайын арттыра түсті. Аналитикалық тәсілмен байланысқан мақал-мәтелдер бар және біз оларды күнделікті тұрмыста қолданамыз. Тіл – қарым-қатынас құралы. Демек, аналитизм бүгінгі таңда зерттеуді қажет етіп отыр. Оның өзіндік формалары мен жасалу жолдары бар. Бұл – болашақта зерттеу нысанына айналатын құбылыстың бірден-бір таптырмас қарулары.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. “Мақал-мәтелдердегі аналитикалық байланысудың
көріністері” атты бітіру жұмысымның негізгі көтерген мәселесі - халық ауыз
әдебиетінің кәусар бұлағына айналган мақал мен мәтелдегі аналитикалық
байланысудың көріністерін тауып, соның ішінде мақал мен мәтелдің
синтаксисіне көз жүгірту. Мақал-мәтелдердеі аналитикалық байланысудың
көріністері туралы қазақ тіл білімінде арнайы зерттелген ғылыми еңбек жоқ.
Дей тұрғанмен, бұл жұмысымды жазу барысында мақал-мәтелдермен етене таныса
отырып, солардың ішінде де еш жалғаусыз, яғни орын тәртібі, интонация және
көмекші сөздер арқылы байланысқан мақал мен мәтелдерді кездестірдім.
Аналитикалық тәсілмен байланысқан мақал мен мәтелдерге сүйене отырып,
тіліміздің барлық әлем тілдеріне ортақ төрт типтің ішінде агглютинативті,
яғни жалғамалы тілдер қатарына жатуымен қатар, оның белгілі дәрежеде
даралаушы типке де жататынын анық айтуға болатынына көз жеткіздім.
Мақал-мәтел бүгін пайда бола салған жоқ. Ол - сонау дәуірлерден келе
жатқан рухани қазық, кестелі сөз орамдары. Соңғы жылдарда қазақ тіл
білімінде прозалық, поэзиялық шығармалардың тілдік ерекшеліктері, жекелеп
айтқанда лексикасы, синтаксисі сияқты бөлімдері де арнайы қарастырылып
келеді. Соның ішінде мақал-мәтелдердің тілдік ерекшелігін зерттеу мәселесі
де кең өріс алып келеді.
Мақал-мәтелдердің идеялық-эстетикалық мән-мағынасы, мазмұны оқырманға
сөз құдыреті, сөз қуаты арқылы жетеді, оны ойландырады, иландырады.Ұлттық
мәдениет, болмыс, діл сияқты ұғымдарды тоғыстыратын ана тілі байлығынан
мақал-мәтел адамзатқа ой-өрісін, пікір-көзқарасын, әлемді түсініп-түйсінуін
мейлінше толық, барынша ұғынықты, әсерлі жеткізіп, қажетті сөздерді
сұрыптап, таңдап көрсетеді. Сондықтан да лайықты пайдаланылған мақал-мәтел
арқылы берілген информациясының адресатқа, оқырманға жетуі, сайып келгенде,
оны ойландырып, оның көңілінде түрлі ассоциациялар туғызуы, оның рухани
деңгейін көтеріп, интеллектуалдық әлеуетін арттыруға, жан-жақты жарасымды
дамуына қызмет етеді, сол арқылы қоғамды жақсартуға, жетілдіре беруге үлес
қосады.
Бұл бітіру жұмысымда жалпы мақал-мәтелдің қыр-сырын ашумен қатар, оның
синтаксисіне де, тілдік ерекшелігіне де назар аударуды жөн көрдім. Ал,
мақал мен мәтелдердегі аналитизм құбылысын айқындау менің қызығушылығымды
одан сайын арттыра түсті. Аналитикалық тәсілмен байланысқан мақал-мәтелдер
бар және біз оларды күнделікті тұрмыста қолданамыз. Тіл – қарым-қатынас
құралы. Демек, аналитизм бүгінгі таңда зерттеуді қажет етіп отыр. Оның
өзіндік формалары мен жасалу жолдары бар. Бұл – болашақта зерттеу нысанына
айналатын құбылыстың бірден-бір таптырмас қарулары. Мұнымен қоса аналитизм
саласында бірнеше бағыттарды ашуға болады. Мәселен, аналитикалық түрде
жазылған көнеден келе жатқан ескерткіштердегі жазбалар тіліне, одан
бергідегі ақын-жазушылардың аналитикалық өлеңдері мен шығармашылық
туындыларына және аналитикалық хаттарға жол ашу – ғылымға қосқан үлкен олжа
болмақ.
Зерттеу нысаны. Менің жұмысымның зерттеу нысаны – мақал-мәтелдердегі
аналитикалық байланысудың көріністерін табу. Мақал мен мәтелдің өзара
ерекшелігіне және олардың фразеологизмнен айырмашылығына тоқтала отырып,
жалпы мақал-мәтел синтаксисін ашып көрсету.
Аналитикалық тәсілмен жасалған мақал-мәтелдердің құрамындағы сөз
тіркестері интонация, көмекші сөздер және орын тәртібі арқылы жасалады.
Мақал мен мәтел сөйлем типті болып келетіндіктен, мен оларды жай сөйлем
және құрмалас сөйлем деп екі тарауға бөліп тастадым. Мәселен, жай сөйлем
типті мақалдарды бөлек жинап, олардың өзін жай сөйлем бөліністеріне қарай
жіктедім. Жай сөйлем типті мақал-мәтелдердің ішінде номинативті жай
сөйлемдер көптеп кездеседі. Сол сияқты құрмалас сөйлем типті мақал-
мәтелдерде салалас құрмаластар сабақтасқа қарағанда жиі ұшырайды. Мұнымен
қоса, әр жылдарда жарық көрген мақал-мәтелдер жинақтарына тоқталып,
олардың ішінде өзара айырмашылықтарына тоқталдым.
Зерттеудің мақсаты. Менің мақал-мәтелдердегі аналитикалық байланысудың
көріністерін зерттеудегі мақсатым – қазақ тіл ғылымының дамуына үлкен үлес
қосатын аналитизм бағытына жол салу, осы аналитикалық тәсілдің мақал-
мәтелде де өзіндік орны барына назар аударту.
Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдердің даму, қалыптасу, зерттелуі жайындағы
еңбектерді саралай отырып, олардың фольклор жанры ретінде қалыптасуын
айқындау, оның тұрақты тіркеспен ара-қатынасы, афоризмнен ерекшелігін,
синтаксистік тұрғыдан, олардың сипаттарын ашу зерттеудің басты мақсаты
болып табылады.
Зерттеудің дерек көздері.Бұл тақырып арнайы зерттелмегендіктен, ол
туралы ғылыми пікір табу немесе шетел ғалымдарының ғылыми болжамдары мен
ойын талқылауға мүмкіндік болмағаны рас. Дегенмен, “аналитика” ұғымы бізге
белгілі және аналитикалық байланысудың көріністерін түсіну қиындық
туғызбайды.
Ең алдымен сан жылдар бойы жинақталып келе жатқан халықтық қор болып
саналатын мақал-мәтелдерді қолыма алдым. Оларды оқи отырып, расында да,
аналитикалық тәсілмен жасалған мақал мен мәтелдің барына көз жеткіздім.
Бірақ олардың жасалу жолдарының өзгешелігіне, құрамына сол уақытқа дейін
көңіл бөлмей келіппін. Маған ғылымның жаңа бір сатысына жол ашылғандай
күйге ендім.
Қазақ тіл білімінде халық философиясының көрінісі саналатын мақал-
мәтелдерді зерттеу, қалыптасу негіздері мен алғышарттары, өзіндік
ерекшеліктері М.Әуезов, М.Ғабдуллин, М.Әлімбаев, М.Балақаев, Р.Сәрсенбаев,
Б.Адамбаев, Ө.Айтбаев, О.Сұлтаняев, Г.Турабаева сынды ғалымдардың
еңбектерінде кейбір қырлары жақсы қарастырылған.
Бұл еңбектер негізінен мақал-мәтелдердің жекелеген даму, қалыптасу,
сөйлеу мен жазудағы орны, стилистикалық, грамматикалық, жалпы тілдік
ерекшеліктерін қарастырған. Ал, жалпы мақал-мәтелдердің синтаксистік
ерекшеліктерін, лингвистикалық мәселелерін қамтыған еңбектердің аздығы,
олардың бір арнаға топтаспағандығы бұл тақырыптың менің қызығушылығымды
арттырып, одан әрі ізденіске жетелегені анық.
Мен жұмысымның негізгі зерттеу бөлімінде мақал мен мәтелдің ауыз
әдебиетінің басқа жанрларына қарағанда ортақ белгілермен өзіндік
ерекшеліктері барына және олардың қолданыс ерекшеліктері, тілдегі қызметі
теориялық тұрғыдан анықталып, жалпы лингвистикалық мәселелері мен
синтаксистік ерекшеліктері толық жинақталып, зерттеуге алынды. Бұдан басқа
мақал-мәтел мен тұрақты тіркестің өзара айырмашылықтарын теориялық
еңбектерді негізге ала отырып анықтадым. Мақал мен мәтел құрам жағынан
сөйлем формасына ұқсас болады. Кез келген сөйлем сияқты олардың да өзіне
тән конструкциялық белгілері болады. Бұл аталғандарды қағаз бетіне түсіре
отырып, аналитизм ұғымын да естен шығармадым.
Ғылыми жаңалығы. Жалпы мақал мен мәтел туралы ұғым көнеден-ақ зерттеліп
келгенімен, олардың лингвистикалық мәселелері мен синтаксистік
ерекшеліктері назардан тыс қалып жатқаны анық.Осы тұрғыдан қарағанда
кейінгі ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып, мақал мен мәтелді сөйлем
типті деп алып, оларды өзара жіктедім. Соның ішінде аналитикалық тәсілмен
жасалған мақал мен мәтелдерді тіл білімінің заңдылықтарына сәйкес бөліп,
жеке-жеке топтастырдым. Бұл тақырып зерттелмегендіктен, зерттеу бөліміндегі
өзім ұстанған қағида арқылы тапқан мақал-мәтелдердегі аналитикалық
байланысудың көріністерін жұмысымның басты жаңалығы деп білемін.

1. Мақал-мәтелдердегі аналитизмнің сипаты
1.1 Мақал-мәтелдердің зерттелуі.Фразеологизм және мақал-
мәтел
Ел аузында, көбіне сөйлеу тілінде қолданылатын сөздердің мазмұнды
саласы – мақал-мәтелдер. “Сөз асылы – мақал” деп тегіннен-тегін айтылмаса
керек. “Мақал – логикалық, образдық ойдың қос қанаттасқан ғажап табысы,
тәжірибеден туған философиялық сөздер. Оның ұйытқысын, ең алдымен, мақалдан
іздеу керек. Онда этикалық, философиялық, ұжымдық мазмұн бар, мақалдың
қорытындыларын халық еш уақытта теріске шығармайды”,-дейді ғалым, профессор
Ә.Қоңыратбаев.
Мақал-мәтел – сан ғасырлар бойы халықпен бірге өмір сүріп келе жатқан
қастерлі қазына. Бұл қазына тәрбиелі қыз, ұлағатты ана, ардақты ұл, елі
аялаған ер, жылы жүректі әке қандай болу керек, осының бәрін тобықтай
сөздің түйінінде түйіндейді.
Қазақ халқы мақалға бай. Кезінде оны зерттеушілер өте көп болған.
Мысалы:орыс ғалымдары Плотников, Васильев, Катанов, Пантусов, Катаринский,
Алекторов, Диваев сияқты көптеген ғалымдар жинап бастырған. Мақал-мәтелде
халқымыздың өніп-өсуіне, мінез-құлқын қалыптастыруға, тіршіліктің қыры мен
сырын түсінуге, оның қайшылығын тануға терең баға берілген.
Мақал-мәтелді кез-келген адам шығаруға қақылы. Ал, ұрпақтан-ұрпаққа
жалғасып, уақыт арқалатқан жүкті мойымай көтеріп, сөйтіп қалың елдің
мұқтажын өтейтін мақал-мәтелдер салиқалы ой иесі, ділмар шешен, адуын
мінезді ақындар араласуымен жасалған. Қазақтың мақал-мәтелдеріне өз үлесін
қосып, отты сөздері ел аузына тараған М.Әуезов, Б.Момышұлы, Ғ.Мүсірепов,
Ғ.Мұстафин сияқты ұлы адамдар есімі елдің есінде сақталады.
Жастарға өнер-білім, тіл үйретуге мақал-мәтелдің мәні зор. Білім - өрен
еңбектің бір түрі болса, аз сөйлеп, көп тыңдаған, оқып білімін байытқан
бала ғана өмірден өз сыбағасын алмақ.
Қазақ халқының даңқын шығарып, абыройын асырған айтулы ұлдарының бірі –
жазушы, батыр Б.Момышұлының “Ер серігі – сергек ой”, “Сын ерді шыңдайды,
қорқақты қинайды”, “Азаматқа өмірден де ар қымбат,өлімнен де ұят күшті”,
“Қорқақ – дөрекі, әрі ақымақ”, “Алғырлық ойдың ішкі мазмұнын нұрландырып
тұрады”, “Ақылгөйлік кейде өнегесіздікке тірейді” деген ұлағатты сөздерін
жас ұрпақ оқып-үйренсе, адам мінезінің қыр-сырын түсінуіне кең жол ашатыны
сөзсіз.
Б.Момышұлының мақалдары ерлікке, адамгершілікке шақырады.
Мысалы:Ана үшін аянба – ант ұрады.
Бала үшін аянба – бетің күйеді.
Ел үшін аянба – ерлігіңе сын.
Жұрт үшін аянба – жігітіңе сын.
Немесе:
“Жерге тер төгіп,
Халыққа қан төгіп қызмет ет”,
“Қайратыңа әдісіңді жолдас ет, Әдісіңе ақылыңды жолдас ет”, - деген
мақалдары әрбір елжанды ұрпақтың жүрегіне әсер етпей қоймайды.
Халық ақыны Қайып Айнабековтің мақалдарына көңіл аударсақ:
“Алаңғасар адамнан ақау шықпай қалмайды”, “Бос өткізу өмірді, ақымаққа
көңілді”, “Ердің сыны – сырында, сөздің сыны – шынында”, “Ерінбегеннің
еңбегі жанады, іркілмегеннің ерлігі артады”, “Ойлай берсең дана боласың,
ойнай берсең бала боларсың”, - деген мақалдары тәлім-тәрбиесі мол даналық.
Қазіргі бүкіл тіршілік техникаға жүгінген заманда жас ұрпақтардың
ойын мақал-мәтел даналығына қарай бұра берсек, нұр үстіне нұр болар еді.
Қазіргі таңда қазақ мақал-мәтелдерін құрылымдық тұрғыдан зерттеу
мәселелері де өз алдына күшіне еніп, талдауды қажетсініп отырған құнды
дүние.
Халықтың дәстүрлі мәдениеті мен дүниетанымдық көзқарасы бейнеленген
ауыз әдебиеті үлгілерін қазіргі заманғы ғалымдар жетістігінің биіктерінен
тану – алда тұрған үлкен міндеттер болып қала бермек. Бұл мақсатқа тіл
білімінің мәтін құрылымы, мәтін лингвистикасы, инженерлік лингвистика,
компьютерлік лингвистика, этнолингвистика т.б. осы тектес салаларының озық
әдіс-тәсілдері нәтижесінде қол жеткізуге болады. Сонда ғана, ауыз
әдебиетінің кіші жанрларына нені жатқызу керек, олардың ерекше белгілері
мен сипаты қандай болады, мақал-мәтел мәтіндеріне ЭЕМ(ЭВМ немесе компьютер)
арқылы талдау жасау, компьютерлік тілге түсірілген түрлі жинақтар мен
арнайы сөздіктер (жиілік сөздік, негізгі тірек сөздер сөздігі мен
көрсеткіші т.с.с.) шығару – қазақ паремиологтары алдында тұрған келелі
мәселелер.
Қазақ мақал-мәтелдерінің мәтіндеріне құрылымдық талдауды төмендегідей
бөліністерге бөлуге болады.
1.Қазақ мақал-мәтелдерін дәстүрлі тақырыптық топтарға бөлу (Отан,
еңбек, достық, т.б.) жанрдың табиғатын толық ашып бере алмайды.
2.Жанрға құрылымдық талдау жасау принципі ғана мақал мен мәтелдің
табиғатын, жанрлық, өзара ауысу, өзгеру, мағыналық даму құбылыстары мен
заңдылықтарын нақты дәлелді түрде анықтайды. Себебі, кіші жанрларды бұлайша
топтастыру олардың сыртқы белгілеріне қарай емес, объективті заңдылықтарға,
яғни барлық мәтіндердің ортақ белгілерін ажыратуға негізделетіндіктен, шын
мәніндегі типологиялық зерттеулердің өзегі болып табылады.
3.Құрылымдық талдау негізінде қазақ мақал-мәтелдерінің толыққанды
ғылыми жинағын шығаруға болады.
Мақал-мәтелдердің жанрлық ерекшеліктері төңірегінде сөз болғанда,
соқпай өтуге болмайтын бір күрделі құбылыс – ол паремиялардың бір-біріне
ауысу және өту құбылысы.Бұл құбылысты зерттеу еңбектерде әр түрлі атайды:
паремиологиялық трансформация, жанрлық түрлену құбылысы, жанраралық
диффузия, т.б.Паремиялардың бір-біріне өтуі – қазақ паремиологиясында бұрын-
соңды сөз болмаған мәселелердің бірі. Жалпы, мақал-мәтелдердің
жұмбақтармен, қысқа күлдіргі әңгімелермен, новеллалық ертегілермен,
шешендік сөздермен, халықтық түрлі наным-сенімдерімен, дүниетанымымен
байланысты туған сөздермен, афоризм, нақыл сөздермен, қара өлеңдермен қарым-
қатынасын, заңдылығын анықтау қиын да, күрделі әрі қызықты мәселе.

Қазақ фольклорының кіші жанрлар жүйесіне талдау жасалғанда, паремияның
бірнеше түрлері анықталған. Олар: велеризм, жұмбақ мақал-мәтелдер, алғыс,
бата-тілек мәнді мақалдар, қарғыс, теріс бата мәнді мақалдар,наным-сенім,
болжамдық мәнді мақалдар, табу мәніндегі мақалдар.
Қазақ мақал-мәтелдерін құрылымдық тұрғыдан зерттеу мәселелері – жалпы
мақал мен мәтелдердің қандай тақырыптық не құрылымдық топқа жататындығын
дәл анықтауға жол ашады.
Фразеологизм және мақал-мәтел
Тілдегі мақал-мәтелдер де тұрақты сөз тіркесіне жатады. Бірақ, барынша
тар ұғымда алынатын фразеологизмдер мен мақал-мәтелдердің арасында үлкен
айырым бар. Мақал мен мәтел фразеологизмдерден өзінің сөз қолданыс,
мағыналық жағынан ерекшеленіп тұрады. Ішкі мазмұны, сыртқы түрі жағынан,
яғни өздерінің семантикасы, грамматикалық құрылысы жағынан мақал-мәтелдің
фразеологизмдерден елеулі айырмашылығы бар. Фразерлогизмге кейбір
ұқсастықтары бола тұрса да, мақал-мәтел сөз саптаудың дербес түрі болып
есептеледі. Демек, олардың өздеріне тән лексика-семантикалық, грамматика-
стильдік ерекше (релеванттық) белгілері бар.
Мақал-мәтелдерді лингвистикада фразеологияның объектісі ретінде
қарастыру – түбегейлі шешімін таппаған мәселенің бірі.
Фразеологиялық тіркестер қай тілде болмасын мақал-мәтелдермен қат-
қабат, қатарласа өмір сүреді. Бұл тілдік категориялар тіл байлығының ең
құнарлы тармағына жатады және көркем сөз қорының мәйегі болып саналады.
Атап кететін бір нәрсе: мақал-мәтелдер бұрын да, қазір де көбінесе ауыз
әдебиетінің кіші жанры ретінде әдебиетшілердің зерттеу нысаны, ал
фразеологиялық тіркестер тіл фактісі ретінде негізінен тіл мамандарының
зерттеу объектісі болып келеді. Алайда, осы категорияларды бөле-жармай,
басын біріктіріп қарауға да болатын сияқты. Осыған сәйкес фразеологияның
зерттеу объектісі туралы ғалымдардың ой-пікірлері бір жерден шықпай жатады.
Фразеологизмдерді тар мағынада түсінушілер оның құрамына атауыштық
(номинативті) қызметі бар сөз тіркесі түрінде келген фразеологиялық
тіркестерді ғана жатқызады. Ал, фразеологизмдерді кең көлемде қарастыру
бағытын жақтаушылар номинативті сөз тіркесі түріндегі фразеологиялық
тіркестермен бірге коммуникативті сипаттағы сөйлем түрінде келген
фразеологиялық тізбектерді, яғни мақал-мәтелдерді де фразеологияның
құрамында қарастырады.
Н.Н.Амосованың пікірінше, фразеологияның құрамында номинативті
фразеологизмдерді қарастыру керек, себебі коммуникативті сипаттағы
предикатты мақал-мәтелдер номинативті қызмет атқара алмайды. Зерттеушінің
ойынша, мақал-мәтелдерді фразеологияның қатарына енгізбеуге негіз –
фразеологизмдердің сөзге балама болып жұмсалуы. Бірақ барлық тілші-
фразеологтар фразеологизмдердің сөзге баламалық қызметіне бірдей көзқараста
деп айтуға болмайды, өйткені соңғы жылдардағы зерттеулер барлық номинативті
фразеологиялық оралымдар сөзге балама бола бермейтінін көрсетуде.
Фразеологияның құрамында мақал-мәтелдерді қарастыратын тілші-ғалымдарға
(В.В.Виноградов, В.Л.Архангельский, В.Н.Телия, Г.Х.Ахунзянов, Р.Сәрсенбаев,
Ө.Айтбаев, Н.Уәлиев, Ф.Ахметжанова т.б.) қосыла отырып, осы айтылғандарды
Н.М.Шанскийдің ойларымен сабақтастыруға болады. Яғни, мақал-мәтелдер
фразеологиялық единицаның басқа түрлері сияқты сөйлеу үстінде бірден түйдек
күйінде пайда бола салмай, алдын-ала ойлау процесінде әзірленген даяр
қалпында жұмсалады. Бұлардың тұрақтылығы мен қолданылатын сипаты мақал-
мәтелдерді фразеологияның аясында қарастыруға мүмкіндік береді. “Демек,
фразеологизмдер, мәтелдер мен мақалдар бір-бірінен алабөтен дүние емес,
олардың арасында тұрған ешқандай “қытай қорғаны” жоқ, қайта олар өзара
астарласып, бірінен-бірі туындап, өрбіп, дамып жатқан етене жақын, жүйелес,
ыңғайлас құбылыстар”. Бұл қағида бойынша, тіл-тілдегі тіркестердің бәрі бір
үрдісте дамыған, бірақ әр түрлі мағыналық даму сатысында тұрған біртұтас
категория деп танылады. Бұл теорияның негізін салушы профессор
М.М.Копыленко мен З.Д.Поповалардың пікірлерін қолдаушылар да баршылық.
Тұрақты тіркестерге деген бұл кең көзқарасты көпшілік қолдайды. Өйткені,
фразеологиялық тіркестер де, мақал-мәтелдер де – тіл дамуының әр түрлі, әр
деңгейдегі нақыштары.
Бұл құбылыстың бір көрінісін фразеологиялық тіркестердің мақалдардың
құрамында кездесуінен байқаймыз. Мәселен, қазақ тілінде ор қазу деген
тіркес бар. Тіл даму процесінде осы тіркестің негізінде “Біреуге ор қазба”
деген мәтел, одан “Біреуге ор қазба, өзің түсесің” немесе “Біреуге ор
қазба, ор қазсаң терең қазба, өзің түсерсің” деген мақалдар пайда болған
деп есептейміз. Осындағы фразеологизмнің мақалдардан бұрын пайда
болғандығын дәлелдеу қиын емес. Өйткені, логикаға сүйенсек, өмір тәжірибесі
негізінде “біреу үшін ор қазу” тіркесінің фразеологиялық мағынасы
қалыптасып, санамызға сіңбеген болса, аталмыш мақалдар да дүниеге келмеген
болар еді. Мақалда фразеологиялық тіркес істің бастапқы себебін білдіріп
тұр да, ал оның салдары (өзің түсерсің) кейіннен анықталып, күрделі ойды
білдіретін мақал жасалғанын көреміз. Мақалдың жасалуын схемамен көрсетейік:
сөз – фразеологизм – мәтел – мақал.
Зерттеу барысында мақалдардың құрамында (кейде мәтелдердің де) көбінесе
фразеологиялық тіркестердің кездесетіндігі байқалған. Мысалы:
Әдет ету. Адам әдет етеді, әдет түпке жетеді.
Жағадан алу. Жау жағадан алғанда,бөрі етектен тартады.
Аталы сөз. Аталы сөзді арсыз қайырар.
Әзілі жарасу.Әзілің жарасса, атаңмен ойна.
Аузы дуалы. Көп аузы – дуалы, мал иесі – куәлі.
Бұл мысалдар фразеологиялық тіркестердің мақал-мәтелдермен түп-тамыры
бір, мағыналық, тұлғалық табиғаты ортақ құбылыс екендігін айқын көрсете
алады.
Мақал-мәтелдерді бір-бірінен ажырату жұмыстары орыс тілшілері мен
халықтың даналық сөздерін жинастырушылардың арасында ХIХ ғасырдан басталып
еді. Атап айтсақ, И.М.Снегирев, В.И.Даль, Е.А.Ляцкий, А.А.Потебня секілді
зерттеушілер өз еңбектерінде мақал мен мәтелдің айырмашылықтары туралы
қызықты ойлар айтқан. Дегенмен де, жүйелі зерттеу жұмыстары ХХ ғасырдың 30-
жылдарынан бері жүре бастады. Мысалы, О.Широкова, М.А.Рыбникова,
С.Г.Гаврин, А.Н.Кожин тәрізді ғалымдар мақал-мәтелдерді айыру мәселесіне
мақалдар арнаса, кейбір зерттеушілер диссертациялық жұмыстарының жеке
тарауларында сөз етті. Айталық, Р.Сәрсенбаев, Ө.Айтбаев, С.Сатенова,
Ғ.Тұрабаева, т.б.қазақ ғалымдары мақал-мәтелдердің өзара айырмасын ғылыми
жұмыстарына арқау етті.
Зерттеушілердің бір тобы (М.А.Рыбникова, Л.А.Морозова, А.Нұрмаханов)
мақал-мәтелдердің айырмашылығын олардың құрылым-құрылысымен байланыстыра
қарайды, яғни мақал аяқталған толық сөйлем түрінде, ал мәтел сөз тіркесі
түрінде келеді деп ажыратады. Бірақ та, бұл зерттеушілер мәтелдің тек қана
сөз тіркесі түрінде ғана емес, сөйлем түрінде келетініне мән бермеген.
Мысалы, Аз асқа бақауыл болма, аз елге жасауыл болма; Қызым, саған айтам –
келінім, сен тыңда сияқты мәтелдер қос тармақты күйде, құрмалас сөйлем
түрінде жасалып тұр ғой.
Бұл туралы С.Г.Гаврин: “Барлық мәтелдер сөйлем түрінде және сөз тіркесі
түрінде келген мәтелдер деп бөлінеді” дейді. Осы пікірді мақал-мәтелдердің
табиғатын зерттеген ғалым Г.Л.Пермяков та мақұлдап, “Мәтелдерді
синтаксистік құрылымына қарап екі түрге бөлу қажет: 1) сөз тіркесіне балама
мәтелдер; 2) сөйлемге балама мәтелдер” деп жоғарыдағы ойды одан әрі
нақтылай түседі.
Сонымен, мақал-мәтелдерге берілген көптеген анықтамаларды ой елегінен
өткізіп, былайша түйіндеуге болады.
Мақал – халықтың өмірден алған тәжірибесінің, ой-тұжырымының қорытынды
жиынтығы, айқын ойды үлгі-өнеге, ақыл ретінде қысқа қайырып, көркем
бейнелеп жеткізетін халықтың дана нақыл сөзі. Мақал аяқталған (жай я
құрмалас) сөйлем түрінде келеді, тура және ауыспалы мағыналы болады.
Мәтел – мақалға қарағанда ойды ақырына дейін жеткізбей, топшылама,
болжам ретінде түсіндіретін, сөйлем түрінде де, сөз тіркесі түрінде де
келетін фразеологиялық бірлік.
Айта кету керек, осы уақытқа дейін халықтың даналық сөздерін мақал және
мәтел деп қана бөліп келеміз. Ал, шын мәнінде ғибраты мол бейнелі сөздерді
зерделей қарасақ, олардың ішінде мақалға да, мәтелге де тән қасиеттерге ие,
яғни мақал мен мәтелдің аралығындағы оралымдар бар екен. Мұндай тіл
бірліктерін мақал-мәтелдік оралымдар деп атау ұсынылып жүрген мәселе. Бұл
мәселе орыс тіл білімінде Г.Л.Пермяковтың (От поговорки до сказки, 1970),
В.П.Жуковтың (Словарь русских пословиц и поговорок, 1993) еңбектерінде сөз
болған.
Ал, қазақ тіл білімінде бұл туралы арнайы сөз болған емес. Сол себепті
халық даналығының үшінші түрі деп мақал-мәтелдік оралымдарды, яғни бойында
мақалға да, мәтелге де тән қасиеттер болатын, құрамындағы компоненттердің
жартысы тура мағынасында, жартысы ауыспалы мағынада (егер қос тағанды
болса) келетін тіл бірліктерін атауды кейінгі ғалымдар қоштап отыр. Мысалы:
1. Сиыр сипағанды білмейді, жаман сыйлағанды білмейді.
2. Жүрген аяққа жөргем ілінер, жатқанға жан жуымас.
3. Сырын білмеген аттың сыртынан жүрме.
Ал, халық даналығының төртінші түріне халықтың өмірде көрген-білгенін
мысал ретінде түйіп айтатын және тарихи уәждемелері (мотивтері) бар
оралымдарды жатқызып, оларды Ә.Қайдаровтың ұсынуы бойынша тәмсіл деп атауды
жөн көрген. Мысалы:
1. Қайда барсаң – Қорқыттың көрі.
2. Аяз, әліңді біл, Құмырсқа, жолыңды біл.
3. Абылайдың асында шаппағанда, Атаңның басына шабасың ба?
4. Жүзігі барда – Сүлеймен. Жүзігі жоқта – сүмірейген.
5. Есім ханның ескі жолы, Қасым ханның қасқа жолы.
Бұл әрбір тәмсілдің астарында ұзақ сыр, мәңгілік тарих, асқан
даналық, ұлылық жатыр.
Сонымен, фразеология – 1).белгілі бір тілдегі тұрақты сөз
нұсқаларының жиынтығы; 2).тіл білімінің, оның ішінде лексикологияның
тұрақты сөз нұсқаларын зерттейтін саласы. Фразеологизмдер – тіл атаулының
бәріне тән құбылыс. Бұлар саны жағынан еркін тіркестерден әлдеқайда аз
болады. Фразеологиялық бірліктер мағынасы жағынан жеке сөзбен, тұлғасы
жағынан еркін тіркестермен ұштасып жатады. Фразеологизмдерді дербес тілдік
бірлік ететін фактор – фразеологиялық мағына, яғни метафоралық қасиет. Жеке
сөзде тура атауыштық мағына басым болса, фразеологизмде бейнелеуіш
атауыштық семантика үстем келеді. Еркін тіркес құрамындағы жеке сөздер
өздерінің лексикалық мағыналарын дербес сақтай алатын болса, фразеологизм
компоненттері көбінесе бәрі жиналып тұтас бір мағынаға ие болады.
Фразеологизм мүшелерінің орны тұрақты, бір-бірімен байланысы бекем болады.
Бір тілден екінші тілге сөзбе-сөз аударуға келмейді. Фразеологизмдер
стилистикамен тығыз байланысты болғандықтан, оларды тіл білімі мен қатар
әдебиеттану ғылымы да зерттейді.
Фразеологизмдерге тән үш түрлі ортақ белгі болғанымен, бұлар бір-бірінен
әрдайым ашық ажыратыла бермейді. Бұл белгілер, әсіресе мағына тұтастығы,
біреуінен ап-айқын көрінсе, екіншісінен көмескі, үшіншілерінен өте
солғындау болып кездеседі. Сондықтан фразеологизмдерді түр-түрге бөліп
топтастыру тіл біліміндегі ең күрделі де қиын мәселелердің бірінен
саналады. Зерттеушілердің бір тобы тұрақты тіркестің біртұтас мағынасы мен
солардың құрамындағы сыңарлардың ара-қатынасына қарай жіктеп бөлсе,
екіншілері құрылым-құрылысы жағынан, үшіншілері атқаратын қызметі мен
стильдік мәні жағынан топтастырады. Орыс тіл білімінде академик
В.В.Виноградовтың классификациясын негізге алып бөледі. Қазақ тіл білімінде
де осы классификацияны бірден-бір арқау етіп келе жатырмыз.
Қазақ халқында ғана емес, басқа халықтардың күнделікті өмірінде кездесіп
отыратын, талай замандар бойы жасалып, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып келген
халықтық тарихи мұра, атадан балаға тәлім-тәрбие берген мақал-мәтелдер,
қанатты сөздер фразеологизмдердің қатарына жатқызылады. Олардың сөйлеу
кезінде тыңнан жасалынбай, даяр қалпында жұмсалатыны, құрамның тұрақтылығы
ескеріледі.
Мақалдар көбінесе екі бөлімді болып келеді де, алдыңғысында шарт немесе
жалпы байымдау, соңғысында қорытынды, түйінді пікір айтылады. Мысалы: Кең
болсаң, кем болмайсың. Тұз астың дәмін келтірсе, мақал сөздің сәнін
келтіреді және т.б. Я болмаса, екі нәрсені бір-біріне қарсы қойып
салыстырады. Мысалы: Жақсымен жолдас болсаң, жетерсің мұратқа, жаманмен
жолдас болсаң, қаларсың ұятқа. Жұмсақ ағаш құртқа жем, жұмсақ адам жұртқа
жем т.б.
Мәтелдер ой-пікір, топшылау мақалдардағыдай, тікелей кесіп айтылмайды
да, образды түрде жанамалай айтылған ишара болады. Мысалы: Айдағаның екі-ақ
ешкі, ысқырығың жер жарар. Мұртқа өкпелеп жүргенде сақал шығып және т.б.
Мақал-мәтелдерде әбден қалыптасқан, орныққан; оның құрамындағы
компоненттердің де орны бекем. Мақал-мәтелдерден – құрылысы жағынан әрі
ықшам, әрі көркем, мағынасы жағынан терең ой, кең мазмұнды қамтитын, асқан
шеберлікпен жасалған сөз өрнегі.
Мақал – келелі ой, кең мазмұнды бір-ақ ауыз сөзбен айтып, қорытынды
жасаудың тамаша үлгісі, халық тапқырлығымен айтқанда, “тоқсан ауыз сөздің
тобықтай түйіні”. Сондықтан да бұрыннан келе жатқан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Баяндауыштың жасалу жолдары жайында
Сан компонентті мақал-мәтелдердің ұлттық мәдени ерекшелігі
Мақал-мәтелдер құрамындағы сан есімдердің этнолингвистикалық сипаты
Қазақ тіліндегі теңеулердің жасалу жолдары
Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдердің танымдық бейнелілігі (Ғ.Мұстафин, С.Мұқанов шығармалары негізінде)
Құрамында киелі сандары бар мақал-мәтелдерді зерттеу, жіктеу, талдау
Баяндауыштың мақал - мәтелдерде атқаратын ролі
Қазақ паремиологиясының тіл білімінде зерттелуі
Сандар тарихынан
Ағылшын, қазақ және түрік тілдеріндегі анималистік мақал – мәтелдер
Пәндер