PowerPoint бағдарламасында слайдпен жұмыс істеу



І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Power Point терезесінің құрылымы.
2.2.Көрме жасаудың тиімді тәсілдері.
2.3. PowerPoint бағдарламасында слайдпен жұмыс істеу режимі.
ІІІ. Қорытынды
Microsoft PowerPoint – Microsoft Office-тiң құрамындағы презен-тация материалдарын дайындауға арналған программа. Бұл программа кодоскоптарға және 35 мм-лiк мөлдiр қабыр¬шақтарға (пленка) арналған слайдтар, қағазда үлестiрiлетiн материалдар, компьютер экранында анимациялық көрiнiстердi бейнелей алатын тұсаукесерлерді дайындау мүмкiндiгiн бередi. Microsoft PowerPoint программасында баяндама немесе мекеменiң ашылу салтанаты т.с.с әртүрлi материалдарды оның дыбыстық және мультимедиалық мүмкiндiктерiн пайдаланып жандандырып жiберуге болады.
Microsoft PowerPoint- көрмелерді әзірлеуге арналған Microsoft Office қолданбалы бағдарламасы. Ол дәріскерлерге дәріс оқығанда немесе баяндама жасағанда және т.б. материалдарды көрнекі материал түрінде жеткізуге мүмкіндік береді. PowerPoint-тың негізгі міндеті — ақпаратты қабылдау және есте сақтаудың тиімділігін арттыру мақсатымен көрмелерді жоспарлау, жасау және өңдеу.
Көрме – Сіздің қандай да бір қызметіңізге байланысты материалды ұсынуға арналып, компьютерде жасалған слайдтардың көрсетілімдік жиынтығы. Слайдтар әр түрлі қызықты суреттермен, сызбалармен және эффектілермен безендірілген жобаның мазмұндық бөлігін қамтиды. Белгілі бір тақырыпқа байланысты жасалған слайдтар тізбегі презентация деп аталады. Презентация жасау процесі өте күрделі. Себебі онда қолданылатын пакеттің мүмкіндіктері, презентация құруға бағытталған объективтік факторлар мен аудиторияның физиологиялық және психологиялық ерекшеліктері ескерілетін субъективтік факторларға ерекше көңіл бөлген жөн.
Power Point-тың негізгі міндеті – ақпаратты қабылдаудың және есте сақтаудың тиімділігін арттыру мақсатымен көрмелерді жоспарлау, жасау және өңдеу. Көрме – бұл диафильмдердегі сияқты, бірақ қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды (компьютер, проектор, өзіне сәйкес бағдарламалық жасақтама және т.б.) пайдалана отырып әзірленген слайдтардан тұратын қысқа ғана әңгіме. Слайдтар қызықты суреттермен, сызбалармен және пәрмендермен безендірілген жобаның мазмұндық бөлігін қамтиды. PowerPoint көрмелерге түрлі жан бітірім және мультимедиа пәрмендерін қосуға мүмкіндік береді.
1. «Информатика негіздері» журналдары
2. Байжұманов М.Қ., Жапсарбаева Л.Қ. «Информатика»
3. Балапанов Е.Қ., Дәулетқұлов А.Бөрібаев Б.«Информатикадан 30 сабақ»
4. Есжанов А.Е., Тәжіғұлова Ә.І., Тюлеев Т.К. «Компьютерлік сауаттану»

І. Кіріспе

Microsoft PowerPoint – Microsoft Office-тiң құрамындағы презентация
материалдарын дайындауға арналған программа. Бұл 
программа кодоскоптарға және 35 мм- лiк мөлдiр қабыршақтарға (пленка) 
арналған  слайдтар,  қағазда  үлестiрiлетiн  материалдар, компьютер
экранында анимациялық көрiнiстердi бейнелей алатын тұсаукесерлерді дайындау
мүмкiндiгiн бередi. Microsoft PowerPoint программасында баяндама немесе
мекеменiң ашылу салтанаты т.с.с әртүрлi материалдарды оның дыбыстық және
мультимедиалық мүмкiндiктерiн пайдаланып жандандырып жiберуге болады.
Microsoft PowerPoint- көрмелерді әзірлеуге арналған Microsoft Office
қолданбалы бағдарламасы. Ол дәріскерлерге дәріс оқығанда немесе баяндама
жасағанда және т.б. материалдарды көрнекі материал түрінде жеткізуге
мүмкіндік береді. PowerPoint-тың негізгі міндеті — ақпаратты қабылдау және
есте сақтаудың тиімділігін арттыру мақсатымен көрмелерді жоспарлау, жасау
және өңдеу.

Көрме – Сіздің қандай да бір қызметіңізге байланысты материалды
ұсынуға арналып, компьютерде жасалған слайдтардың көрсетілімдік жиынтығы.
Слайдтар әр түрлі қызықты суреттермен, сызбалармен және эффектілермен
безендірілген жобаның мазмұндық бөлігін қамтиды. Белгілі бір тақырыпқа
байланысты жасалған слайдтар тізбегі презентация деп аталады. Презентация
жасау процесі өте күрделі. Себебі онда қолданылатын пакеттің мүмкіндіктері,
презентация құруға бағытталған объективтік факторлар мен аудиторияның
физиологиялық және психологиялық ерекшеліктері ескерілетін субъективтік
факторларға ерекше көңіл бөлген жөн.
Power Point-тың негізгі міндеті – ақпаратты қабылдаудың және есте
сақтаудың тиімділігін арттыру мақсатымен көрмелерді жоспарлау, жасау және
өңдеу. Көрме – бұл диафильмдердегі сияқты, бірақ қазіргі заманғы ақпараттық
технологияларды (компьютер, проектор, өзіне сәйкес бағдарламалық жасақтама
және т.б.) пайдалана отырып әзірленген слайдтардан тұратын қысқа ғана
әңгіме. Слайдтар қызықты суреттермен, сызбалармен және пәрмендермен
безендірілген жобаның мазмұндық бөлігін қамтиды. PowerPoint көрмелерге
түрлі жан бітірім және мультимедиа пәрмендерін қосуға мүмкіндік береді.

ІІ. Негізгі бөлім

2.1. Power Point терезесінің құрылымы.

PowerPoint бағдарламасын іске қосу үшін Бастау- Бағдарламалар — Microsoft
PowerPoint командасын орындаймыз. Microsoft PowerPoint терезесі мынадай
негізгі элементтерден тұрады:

• Тақырып жолағы- құжаттың аты және басқару батырмалары орналасады.
• Мәзір жолағы- басқа бағдарламалардан өзгешелігі мұнда Слайдты көрсету
әмірі орналасқан.
• Стандартты құралдар және Пішімдеу үстелі бұның басқа бағдаламалардан
өзешелігі мұнда Жасақтама және Жаңа слайд әмірлерімен ерекшеленеді.
• Сурет салу құралдар үстелі- сызбалық нысандармен жұмыс істеуге арналған
әмірлер тобын қамтиды. Бұл суреттер салуға, эмблема жасауға мәтінді әдемі
етіп безендіруге мүмкіндік береді.
• Қалып күй жолы- құжат ақпаратын қамтиды, беттер санын көрсетеді.
• Жұмыс аймағы- слайдтар жасауға, мәтін, сурет, диаграмма, клип, дыбыстарды
орналастыруға арналған аймақ. 6- слайд
• Тапсырмалар аймағы- ағымдағы тапсырмалар тізімін қамтиды.
PowerPoint-тың жаңа бағдарламасында өзгешеліктер:

• Тақырып жолағында Office батырмасы орналасқан. Ол құжатты ашу, жаңа
құжат құру, баспаға шығару, дайындау, жариялау, жіберу, сақтау
командаларын орындайды. Бұл бағдарламаның мүмкіншіліктері өте зор.
Мұнда Жіберу командасын алатын болсақ, автоматты түрде Электрондық
почтаға немесе Интернетке автоматты түрде жіберуге болады.
Жариялау командасы арқылы кез-келген бағдарламаға презентация
автоматты түрде ауыстырылады. Және де бұл бағдарламада сақтаған кезде
ескі компьютерде ашылу үшін 97-2003 форматын таңдау қажет.

2.2.Көрме жасаудың тиімді тәсілдері.

Microsoft PowerPoint терезесін ашқаннан кейін тапсырмалар аймағында жаңа
көрмені жасау үшін бірнеше нұсқалар ұсынылады:

• Жаңа презентация (Новая прзентация)
• Слайд жасақтамасы (Шаблон презентации)
• Автомазмұн шебері (Мастер автосодержания)
Автомазмұн шебері көмегімен:

• Жалпы мәселелер бойынша баяндамалар;
• Қызмет бабы бойынша баяндамалар;
• Сауда-саттық және маркетинг жөнінде есеп –қисаптар;
• Жеке хабарламалар; т.б. тақырыптарда алдын ала дайындалып қойылған
презентациялар ішінен өзіңе қажетті презентацияны таңдап құруға болады.
1-ші қадамда: Презентацияның түрін, яғни оның жалпы тақырыптық бағытын
таңдаймыз. Келесі қадамға өту үшін тақырыпты таңдаған соң, Ары қарай
батырмасын шертеміз.

2-ші қадамда: Презентацияны көрсету тәсілдерін таңдаймыз.

3-ші қадамда: Презентацияның тақырыбын жазамыз. Сонан кейін Дайын
батырмасын басамыз. Дайын болған презентацияны өз қажетімізге қарай өзгерте
аламыз.

Жаңа презентация  құру қажет болса Пішімдеу құралдар үстеліндегі Жаңа
слайд әмірін басу қажет. Бұл жерде слайдтар белгіленуінің 27 түрі бар.
Мұнда әтін, кесте, диаграмма, графикалық объектілер, дыбыс орналасу схемасы
көрсетілген. Осының ішінен өзіңізге қажеттісін таңдап ала аласыз.
Слайд жасақтамасы мен жұмыс жасау үшін тапсырмалар аймағы үстелінде-Слайд
жасақтамасы қосымшасын таңдап, барлық безендіру қалпын қолданып көруге
болады.
Түстер сұлабасын қолдану үшін тапсырмалар аймағы үстелінде- Түстер
сұлабасы қосымшасын таңдаймыз. Осыдан кейін барлық қол жетерлік түстер 
сұлабаларын қолданып көруге болады. Сондай-ақ фондық түсті өз қалауыңызша
өзгертуіңізге болады. Ол үшін Формат-Фон командасын орындаймыз.Осы
терезеден түстің қанықтылығын және  өрнек немесе текстура ішкі беттерінде
слайдтағы фонның түрлерін әртүрлі етіп өзгертуге болады. Түс қанығуы
өзгерісінің арнайы градиентті құю деп аталатын түрін қолдана отырып, өте
әдемі дизайндарды дайындауға болады. Өз қалауыңызша кез-келген түстерді
таңдап ОКбатырмасын одан кейін Қолдану батырмасын шертеміз.

2.3. PowerPoint бағдарламасында слайдпен жұмыс істеу режимі.

PowerPoint бағдарламасында слайдпен жұмыс істеу режимінің 3 түрі бар:

• Қарапайым режим (әр слайдты жеке-жеке көрсетеді)
• Сұрыптау режимі (презентацияның барлық слайдтары тізбектеліп орналасады)
• Слайдтарды көрсету режимі (слайдтарды экранда бірінен кейін бірін
көрсетеді)
Презентацияда бір слайдтан келесі слайдқа ауысудың бірнеше түрі бар.
Сұрыптау режимі арқылы  Слайдты өзгерту (Смена слайдов) қосымшасын таңдап
кез-келген слайдты белгілеп көруіңізге болады.
  Power Point 2007 бағдарламасын бірінші рет ашқан кезде пайдаланушылық
тілдесудің өзгергенін көресіз. Терезенің жоғарғы бөлігінде Power Point
пәрмендеріне арналған жаңа құрылым орналасқан. Бұл құрылым қажетті
мүмкіндіктерді табуға және пайдалануға, сонымен қатар, өте тартымды
көрмелер жасауға көмектеседі.

Алға ұмтылып, жаңа PowerPoint бағдарламасын пайдалануды бастаңыз.
Ненің және неліктен өзгергенін көріңіз. Содан кейін әдеттегіше
әрекеттеріңізді істеп көрмемен жұмыс істеңіз. Кері оралғыңыз келмейтін
болады.

Power Point терезесінің жоғары жағы елеулі өзгерістерге ең көп
ұшыраған аймақ болып табылады. Әдетте көріп жүрген мәзірлер мен құралдар
тақталарының орына бұл жерде топтарға реттелген көптеген өте көрнекі
пәрмендері бар ұзын таспаны көруге болады.
Бұл таспа деп аталады және ол — көрмелерді жасауға арналған басқару
орталығы. Оның жасақтамасы бойынша бұрынғы дағдыларды алып, құлымдарының
толық мәліметтерін қарайсыз, сонда оларды пайдалану оңай болады.
Power Point 2007 бағдарламасының пернелер тіркесімдері, жылдам қатынау
тақтасы және тағы басқалар сияқты басқа жайттары туралы көбірек
мәліметтерді тауып алыңыз.
Сонымен, үйреншікті пәрмендер жүйесін не мақсатпен өзгерттік? Себебі,
біз сіздің қалай жұмыс істейтініңізді біліп алдық. PowerPoint бағдарламасын
пайдаланатын адамдар нақты бір пәрмендерді ұнатып, сол пәрмендерді қайта
қайта пайдаланады.
Осыны сипаттап, қолдау үшін, біз сол пәрмендерді барынша танымал, ең
бірінші көрінетін етіп жасадық. Мақсатымыз оларды көрсетілмейтін
мәзірлерден немесе құралдар тақталарынан іздеп жүрмеу үшін көрнекі етіп
жасау және сақтау болып табылады.
Таспаның бірінші қабаты немесе қойындысы ең көп пайдаланылатын
пәрмендер жинағы және Басты қойынды деп аталады. Түймешіктер түрінде
көрсетілетін осы пәрмендер ең жиі қолданылатын көшіру мен қою, слайдтарды
қосу, слайд орналасуын өзгерту, мәтінді пішімдеу мен орналастыру және
мәтінді табу мен ауыстыру сияқты тапсырмаларды қолдайды.
Таспада басқа да қойындылар бар. Қойындылардың әрқайсысы көрмені жасау
барысында орындалатын жұмыстар түріне арналған. Әр қойындыдағы түймешіктер
логикалық топтарға бөлінген. Әр топтағы ең көп пайдаланылатын түймешіктер
өлшемдері бойынша ең үлкендері болады. Пайдаланушымен бұрынғы нұсқаларда
сұралған, бірақ табылмаған жаңа пәрмендер енді көзге көрінетіндей етіп
жасалған.
Таспа бірнеше қойындылардан жасалады. Басты қойындылары:
Кірістіру қойындысы Бұнда слайдқа орналастырылуы мүмкін барлық
элементтер — кестелерден, суреттерден, диаграммалардан, және мәтін
ұяларынан бастап, дыбыстарға, еренсілтемелерге, үстіңгі деректеме және
төменгі деректеме бар.
Жасақтау қойындысы Өң жасақтамасын, қаріптерді және түсті
схемаларды қамтитын слайдтың кемел көрінісін таңдаңыз. Одан кейін сол түрді
теңшеңіз.
Қимылдану қойындысы Барлық қимылдану әсерлері осы жерде
жинақталған. Тізімдерге немесе диаграммаларға негізгі қимылдануларды қосу
енді әлдеқайда оңай.
Слайдтарды көрсету қойындысы Бастау үшін түсті қарындашты немесе
нақты бір слайдты таңдаңыз. Жазба мәтіні, көрсетуді іске қосу және басқадай
дайындық элементтері.
Сараптау қойындысы Емлені тексеру мен анықтамалық материалдар
қызметін осы жерден таба аласыз. Егер тобыңызға көрмені қарап шығу үшін
түйін жасап, одан кейін сол аңғартпаларға шолу жасау қажет етілсе, осында
кіріңіз.
Көрініс қойындысы Ескерімдер бетінің көрінісіне жылдам ауысуды,
тор сызықтарын қосуды немесе ашық тұрған барлық көрмелеріңізді терезеде
үйлестіріңіз.
Қажет етілетін қойындылар
Таспада жұмыс істегенде пайда болып және жасырылып отыратын бірегей
түсті қойындыларға назар аударыңыз. Олардың қатарына суреттер мен сызбалар
сияқты элементтерге арналған арнайы пішімдеу құралдары бар мәтінмәндік
қойындылар болады. Олар жөнінде қосымша мәліметтер кейінірек беріледі.

1. Өту әсерлерінің бірнеше түрі таспада көрсетілген.
2. Қосымша әсерлерді табу үшін Қосымша түймешігін басыңыз.
3. Өту әсерлерінің толық жиынтығы көрсетілген. Слайдта алдын ала
қарап алу үшін меңзерді кез келген әсерге апарыңыз; оны қолдану үшін
нұқыңыз.

PowerPoint бағдарламасында кескіндер мәнерлері немесе WordArt түрлері
немесе қимылдану әсерлері сияқты кез келген элементің көптеген таңдауы
болса, таңдаудың бірнешеуі таспада көрсетіледі. Таңдаулардың толық
жиынтығын көру үшін, суретте көрсетілгендей Қосымша көрсеткісін нұқыңыз.
Алдын ала қарап шығуды көрсету Тінтуір меңзерін жиынтықтағы нобайға
апарғанда (көрсеткішті апару), кескін немесе қимылдану әсері қолданылғанда
қандай көрініске ие болатындығын көруге болады. Оны ұнатпасаңыз,
болдырмайтын ештеңе жоқ. Не бары көрсеткішті басқа нобайға апарып,
қолданғыңыз келетіннің бірін нұқыңыз.

1. Қалаған параметрді топтан көрмесеңіз, мысалы, осы жерде суреттелген
Қаріп тобын, бұрыштағы көрсеткіні нұқыңыз.
2. Таңдауға болатын көптеген параметрлері бар тілқатысу терезесі
ашылады.

Бұл жерде топқа сыйғызуға болатын қосымша пәрмендер мен параметрлер
әлде қайда көп болатындығы анық. Тек ең көп пайдаланылатын пәрмендер ғана
көрсетілген. Егер сирек қажет етілетін біреуін пайдаланғыңыз келсе, топтың
төменгі бұрышында көрсетілетін қиясызық көрсеткіні нұқыңыз. Ол қосымша
параметрлерді ашып береді.
Мысалы, Басты қойындысының Қаріп тобында қаріп түрлері мен өлшемдері,
қалыңдығы, көлбеулігі, түсі және т.с.с. арналған әдеттегі пішімдеу
түймешіктерін табуға болады.
Егер пішімдеудің басқа түрлері қажет етілсе, мысалы, жол үстілік,
Қаріп тілқатысу терезесін ашу үшін осы топтағы көрсеткіні нұқыңыз.
Көрсеткі осы топтағы пәрмендерді ашуды қажет ететін слайдпен жұмыс
істегенде көрсетіледі. Мысалы, слайдтағы мәтін толтырғышын нұқығаныңызда
көрсеткі Басты қойындысының мәтінмен жұмыс істеуге қатысты пәрмендері бар
әр топта шығарылады.
Кеңес: Таспаны кішірейту Егер терезеде қосымша жұмыс кеңістігі
қажет етілсе, таспа пәрмендерін уақытша жасыру жолымен оған қол жеткізуге
болады. Бұны жаттығу сеансында орындап көре аласыз.
Көрмемен жұмыс істеп отырғанда негізгі немесе қайталанбалы болып
табылатын кейбір әрекеттер орындалады және бұл кезде үрдістің жеке
бөлігінде файлды сақтау немесе орындағыңыз келмеген әрекетті болдырмау
сияқты әрекеттерді орындау қажет етілмейді.
Бұндай жағдайларда жылдам қатынау тақтасын пайдаланыңыз. Ол таспаның
жоғарғы жағындағы сол жақтағы түймешіктердің шағын жинағы болып табылады.
Онда Сақтау, Болдырмау және Қайталау немесе Қайтару пәрмендері қамтылады.

1. Түймешіктердің көрінісі бұрынғыдай. Олардың терезедегі
орналастырылуы ғана өзгертілген.
2. Слайдтың көрінісін ұлғайту немесе кішірейту үшін ұлғайту
жүгірткісін апарыңыз. Алу таңбасы (-) және қосу таңбасы (+) түймешіктерін
нұқу да ұқсас нәтиже береді.
3. Осы түймешікті слайдты ұлғайтқаннан кейін терезеге қайта сыйғызу
үшін нұқыңыз.

Көп жағдайларда Power Point бағдарламасындағы көріністі өзгертіп
отыруды қажет етесіз және оны әрқашан түймешіктерді пайдалана отырып оңай
орындайтынсыз. Бұл қасиет өзгертілмеді. Қалыпты, слайдты сұрыптауыш пен
слайдтарды көрсету көрінісі түймешіктері сол қалыптарында қалды — олар тек
терезенің төменгі сол жақ бұрышынан төменгі оң жақ бұрышына ауыстырылды.
Ол ұлғайту жүгірткісін және слайдты ұлғайтқаннан кейін немесе
кішірейткеннен кейін қайтадан терезеге сыйғызу түймешігін қамтитын жаңа
құралдар тақтасының құрамдасы болып табылады.
Есте сақтаңыз Бұнда да Көрініс қойындысы бар және онда
көріністердің толық жинақтамасы — Ескерімдер бетінің көрінісі, Басты
көрініс, басқа ашық көрмелердің тізімі және тағы басқалар болады.

Егер Power Point бағдарламасында жұмыс істегеніңізде тінтуірге
қарағанда пернетақтаға көбірек сенетін болсаңыз, пернелер тіркесімдері
туралы толығырақ білгіңіз келетін болады.

Таспа жасақтамасы жаңа пернелер тіркесімдерімен жабдықтала
жеткізіледі. Бұның ең басты екі артықшылығы енді әр жеке перненің
тіркесімінің болуы (ол бұрынғы нұсқалардағы мәзір пәрмендерінде болмаған)
және әдетте бірнеше пернені қатар басуды қажет ететін тіркесімдер болып
табылады.

Енді ол тіркесімдерді қалай пайдалану туралы қосымша ақпарат.

1. Алдымен, ALT пернесін басыңыз.
2. Пернелер бойынша көмектер деп аталатын әріптер мен сандар сәйкес
перне тіркесімдері түрінде таспаның түрлі бөліктерінде шағын ақ шаршы
ішінде шығарылады. Олар әріптер түрінде бүкіл таспа қойындылары бойынша
және Microsoft Office түймешігінде көрсетіледі. Олар жылдам қатынау
тақтасындағы сандар. Пернелер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АКТ - ның тиімді тәжірибесі
MICROSOFT POWER POINT БАҒДАРЛАМАСЫ
PowerPoint 2007
Суретті слайдтың өзінен кірістіру оңай
Microsoft PowerPoint программасы
Жұмыс үлгілермен жұмыс істеу
Microsoft Power Point программасы
Презентация құру сұхбат терезесі
Мәліметтер базасы обьектілері
Microsoft PowerPoint программасы Презентациялар құру
Пәндер