Мәжит Айтбаевтың шығармашылық ғұмырнамасы



КІРІСПЕ
І ТАРАУ
Мәжит Айтбаевтың шығармашылық ғұмырнамасы
1. 1. М.Айтбаевтың ақын ретінде қалыптасу кезеңі
1. 2. Мәжит Айтбаевтың әдеби мұралары, өлеңдері мен жыр.дастандары
1. 3. Бүркеншік есімдерге бүркелген тарих
(«Қобызшы Қорқыт», «Сайран», «Асан Қайғы»)
ІІ ТАРАУ
М.Айтбаев шығармашылығының өзіндік ерекшелігі
2. 1. От кешкен жылдардың от жыры
2.2. Мәжит Айтбаевтың ақындық шеберлігі
2. 3. Қобызшы Қорқыт мұрасының ізімен
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
Ұлтының ұлы атанған Мұстафа Шоқайдың басшылығымен 1929 жылы бүкіл түркі жұртын қазақ ұлтының жай-күйімен, мәдениет-өнерімен таныстырып тұрған «Яш Түркістан» журналы өз жұмысын бастады. Париж қаласында бұл журналда қазақ ақындарының жырларын жариялап басу кеңінен өріс алды. Мұндай қадамға бару, яғни ата жұрттан соққан қуаныш самалына зарыққан жат жұрттағы қандастарды елдегі мәдени, рухани жаңалықтармен қауыштыруға деген талпыныс – ерлікке пара-пар іс еді. Журналда көбінесе Түркістан мемлекетін құру идеясы да жиі қозғалып тұрды. Алайда, Еуропада соғыс өртінің тұтануымен бірге «Яш Түркістан» журналы да жабылды. Дегенмен, эмиграциядағы түркістандықтардың әдебиеті өз өмірін жалғастыра берді. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде тұтқынға түсіп, Алманияның сапында «Түркістан легионын» құрған түркістандықтар «Милли Түркістан» атты жаңа журнал шығарды. «Милли Түркістан» комитетінің президенті әрі журналдың басшысы – Уәли Қаюм болды. Осы журналда жұмыс істеген және «Милли Түркістан» комитетінің жанындағы әдеби бөлімнің тарапынан шығарылған «Абылай хан» атты кітаптың авторы «Қобызшы Қорқыттың» өмір жолы Кеңес үкіметінің отызыншы жылдарына сәйкес келді. Алдымен, «Қобызшы Қорқыт кім және оның өз есімі қандай?» - деген сұраққа жауап берейік. Бұл туралы Сауытбек Абдрахманов «Егемен Қазақстан» газетінің 2004 жылы 24-қарашада шыққан «Жиырмасыншы ғасыр жырлайды» атты мақаласында баяндаған. «Бұл жерде кітаптың авторының аты «Қобызшы Қорқыт» болып көрініп тұрса да, оның өз аты еместігі белгілі. Екінші жапон соғысы кезінде құрылған «Түркістан легионында» онымен қызметтес болған, қазір өмірде бар достарына қарағанда, жазушының өз аты «Қобызшы Қорқыт» емес, Мәжит еді. Бірақ достары өкінішке орай, оның фамилиясын және қанша жаста болғанын еске түсіре алмады». Мәжит Айтбаев пен Мәулікеш Қайболдин есімдері еліміздің соғысқа дейінгі қаламгерлері арасында белгілі болған.
Жұмыстың жалпы сипаттамасы: Қазақтың төл әдебиетінде «ақтаңдақ» саналатын тұстар жиі ұшырасады. Қай дәуір әдебиетін алып қарасақ та елдің мұңын мұңдаған, кер заманға қарғыс айтып, шерлі жырлар толғаған ақындар мен жазушылар көптеп кездеседі. Түркістан Ұлттық әдебиетін қалыптастырған Мәжит Айтбаев, Мәулікеш Қайболдин, Хамза Абдуллиндер міне, осындай ақындар еді. Әрине, Кеңес үкіметі кезінде олардың шығармалары түгіл аты-жөні де белгісіз болатын. Олар туралы қажетті деректер мен маңызды мәліметтер арнайы орындарға, мұрағаттарға салынды. Олар қазақтың «керітартпа символист» ақындары ретінде ғана ара-тұра айтылды.
Ақын Хамза Абдуллин М.Айтбаевты 1914 жылы емес, 1913 жылы дүниеге келген деп есептейді. Өйткені, М.Қайболдиннің туған жылы 1913. Ал, Х.Абдуллиннің айтуы бойынша, ол екеуі түйдей құрдас. Айта кететін бір жайт – М.Айтбаев Алматыдағы ҚазПИ-ді белгілі жазушы М.Ғабдуллинмен бірге бітірген. Содан кейін туған жері – Қызылордаға барып, екі жылдық мұғалімдер институтында әдебиет пәнінен сабақ берген. Бұған қоса ол осы облыстағы Жазушылар одағының өкілі қызметін қоса атқарған. 1941 жылы соғыс басталғанда алғашқылардың бірі болып қан майданға аттанған. Соғыстың бірінші айында жау қолына тұтқынға түсіп, кейін «Түркістан ұлттық бірлік комитетіне» мүше болып қабылданады.
1. Абдрахманов С. «Мәжит Айтбаев өлеңдері» // «Егемен Қазақстан». – 2004 ж. 24 қараша. Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. 1 – том. -Алматы.
2. «Қазақ энциклопедиясының Бас редакциясы», 1998.
3. Айтбаев М. Шер. Шығармалары. –Алматы: Жазушы, 2005.
4. Айтбаев М. Жеке архивтері. Өмірбаяндық дерек. – Қызылорда, 1937 ж.
5. Айтбаев М. «Туған жер жыры». // «Колхоз туы». - 1934 ж. №3, 4-бет
6. Айтбаев М. «Қасқыр мен қақпан». // «Әдебиет майданы», 1936 ж. №2Кәкен 7. Айтбаев М. «Кавказ». Аударма. // 1936 ж. №10
8. Айтбаевтың жеке архивінен. Х.Тыныбековтың хаты. – Қызылорда, 1939 ж.
9. Мәуленов С. «Мәжит Айтбаев кім еді?» // «Қазақ әдебиеті». 1971 ж. №4, 5-бет.
10. Кәкен. А. Түркістан легионы. - Астана. Республикалық баспа – полиграфия орталығы, 2000.
11. Шоқай М. Түркістанның қилы тағдыры.- Алматы: Жалын,1992
12. Ахметова Ж. М. Шоқай туралы деректер\\ Қазақ тарихы. 2004. -№2
13. Бәкіров Ә. Түркістанның азаттығы үшін\\ Ана тілі. 1994, 7 сәуір
14. Данабаев Қ. Арманда кеткен ақын: Мәжит Айтбаев жайында\\ Сыр бойы. -2004. -1 шілде.
15. Жұмалиев Қ «Әдебиет теориясы», Алматы, Ғылым,
16. Қабдолов З. «Сөз өнері», Алматы, Қазақ университеті, 1991
17. Жұмабаев Мағжан. Шығармаларының екі томдық жинағы. Алматы, Жазушы.
18. Абдуллин Х. Қыршыннан қиылған қырық тоғыз\\ Халық кеңесі. - 1993 - 15 сәуір.
19. Абдуллин Х. Жау қолында қалған жазушылар\\ Қазақ елі.-1992, 7мамыр
20. Қайболдин М. Қубас (новелла) \\ Әдебиет және искусство. - 1940, -№12.
21. Чокай М. Я пишу Вам из Ножана...(воспоминания, письма, документы)
-Алматы: Қайнар, 2001. Қазақшасы: Шоқай М, Шоқай М. Естеліктер. –Ыстанбұл, - 1997 ж.
22. Абдуақап Қ. Мұстафа Шоқай. - Алматы: Арыс, 2004.
23. Исабай Қ. Сайран – Хамза \\ Қазақ әдебиеті. - 1996, - №29.
24. Абдуллин Х. «Шойын жолда». Дастан. // «Әдебиет және искусство». – 1940 ж., №12
25. Абдуллин Х. Мәжит-бек\\ Жұлдыз. -1991, -№11
26. «Милли әдебиет», №2. 05.03. Берлин.
27. Исабай Қ. Қала өлді \\ Қазақ әдебиеті. - 2005, - 5 мамыр.
28. Мәжит – Бек. Түркістан. Өлеңдер\\ Жұлдыз. -1991, -№2.
29. Сатаев А. Дозақты жеңген қазақ\\ Қазақ елі. -1999, -№12,13.
30. Смағұлұлы О, Қожаев М, Оразаққызы А. Абылай хан (Тарихи – антропологиялық зерттеу). –Алматы: Атамұра, 1999.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Ұлтының ұлы атанған Мұстафа Шоқайдың басшылығымен 1929 жылы бүкіл
түркі жұртын қазақ ұлтының жай-күйімен, мәдениет-өнерімен таныстырып тұрған
Яш Түркістан журналы өз жұмысын бастады. Париж қаласында бұл журналда
қазақ ақындарының жырларын жариялап басу кеңінен өріс алды. Мұндай қадамға
бару, яғни ата жұрттан соққан қуаныш самалына зарыққан жат жұрттағы
қандастарды елдегі мәдени, рухани жаңалықтармен қауыштыруға деген талпыныс
– ерлікке пара-пар іс еді. Журналда көбінесе Түркістан мемлекетін құру
идеясы да жиі қозғалып тұрды. Алайда, Еуропада соғыс өртінің тұтануымен
бірге Яш Түркістан журналы да жабылды. Дегенмен, эмиграциядағы
түркістандықтардың әдебиеті өз өмірін жалғастыра берді. Екінші дүниежүзілік
соғыс кезінде тұтқынға түсіп, Алманияның сапында Түркістан легионын
құрған түркістандықтар Милли Түркістан атты жаңа журнал шығарды. Милли
Түркістан комитетінің президенті әрі журналдың басшысы – Уәли Қаюм болды.
Осы журналда жұмыс істеген және Милли Түркістан комитетінің жанындағы
әдеби бөлімнің тарапынан шығарылған Абылай хан атты кітаптың авторы
Қобызшы Қорқыттың өмір жолы Кеңес үкіметінің отызыншы жылдарына сәйкес
келді. Алдымен, Қобызшы Қорқыт кім және оның өз есімі қандай? - деген
сұраққа жауап берейік. Бұл туралы Сауытбек Абдрахманов Егемен Қазақстан
газетінің 2004 жылы 24-қарашада шыққан Жиырмасыншы ғасыр жырлайды атты
мақаласында баяндаған. Бұл жерде кітаптың авторының аты Қобызшы Қорқыт
болып көрініп тұрса да, оның өз аты еместігі белгілі. Екінші жапон соғысы
кезінде құрылған Түркістан легионында онымен қызметтес болған, қазір
өмірде бар достарына қарағанда, жазушының өз аты Қобызшы Қорқыт емес,
Мәжит еді. Бірақ достары өкінішке орай, оның фамилиясын және қанша жаста
болғанын еске түсіре алмады. Мәжит Айтбаев пен Мәулікеш Қайболдин есімдері
еліміздің соғысқа дейінгі қаламгерлері арасында белгілі болған.
Жұмыстың жалпы сипаттамасы: Қазақтың төл әдебиетінде ақтаңдақ
саналатын тұстар жиі ұшырасады. Қай дәуір әдебиетін алып қарасақ та елдің
мұңын мұңдаған, кер заманға қарғыс айтып, шерлі жырлар толғаған ақындар мен
жазушылар көптеп кездеседі. Түркістан Ұлттық әдебиетін қалыптастырған Мәжит
Айтбаев, Мәулікеш Қайболдин, Хамза Абдуллиндер міне, осындай ақындар еді.
Әрине, Кеңес үкіметі кезінде олардың шығармалары түгіл аты-жөні де белгісіз
болатын. Олар туралы қажетті деректер мен маңызды мәліметтер арнайы
орындарға, мұрағаттарға салынды. Олар қазақтың керітартпа символист
ақындары ретінде ғана ара-тұра айтылды.
Ақын Хамза Абдуллин М.Айтбаевты 1914 жылы емес, 1913 жылы дүниеге
келген деп есептейді. Өйткені, М.Қайболдиннің туған жылы 1913. Ал,
Х.Абдуллиннің айтуы бойынша, ол екеуі түйдей құрдас. Айта кететін бір жайт
– М.Айтбаев Алматыдағы ҚазПИ-ді белгілі жазушы М.Ғабдуллинмен бірге
бітірген. Содан кейін туған жері – Қызылордаға барып, екі жылдық мұғалімдер
институтында әдебиет пәнінен сабақ берген. Бұған қоса ол осы облыстағы
Жазушылар одағының өкілі қызметін қоса атқарған. 1941 жылы соғыс
басталғанда алғашқылардың бірі болып қан майданға аттанған. Соғыстың
бірінші айында жау қолына тұтқынға түсіп, кейін Түркістан ұлттық бірлік
комитетіне мүше болып қабылданады. Яш Түркістан, Милли Түркістан
журналдарын шығарысады. Милли әдебиет альманағының бас редакторы болады.
Бұған қоса, ұлттық валютамыз теңгенің бұрынғы үлгісінде бейнеленген Абылай
ханның портертін жасап, оны 1943 жылы Берлинде бастырады.
Х.Абдуллин өзінің бір жазбаларында: Милли Түркістан журналын ең
алғаш көргенде, одан есте қалғаны – оның бірінші бетіндегі М.Шоқайдың әдемі
суреті мен Қобызшы Қорқыттың, Түркістан өлеңі еді.
Көркі көркем кереметті,
Күн келбетті көрер көзге.
Сұлу сәуле, нұр сәулетті,
Сапасы мол сөйлер сөзге –
Түркістаным, топырағыңда
Тұруыма таппай тағат,
Сандалып мен дүние кездім,
Сәтсіз бір күн соғып сағат...
Жұмыста негізінен қозғалатын мәселелер Мұстафа Шоқай, Мәжит
Айтбаевтың, Хамза Абдуллиннің әдеби-идеологиялық қызметі, атап айтқанда,
Түркістан легионындағы қалыптасқан әдеби орта туралы болмақ.
Зерттеудің мақсаты: Қазақ әдебиетінің ХХ ғасырдағы кезеңі – сан
тосқауылдан өтіп, бейнет жүгін қайыспай көтерген ерлердің әдебиет
майданындағы ерліктеріне толы болды. Қазақ ұлтының жеке ел ретінде
қалыптасуына іштегі азаматтар ғана емес, сырттағы тұлғалар да белсене ат
салысты. Қазір сол кездегі әдебиет Эмиграциядағы Түркістан әдебиеті деген
атпен белгілі. Жат жердегі қандастарды бір тудың астына біріктірген ұлт
қайраткері Мұстафа Шоқай мен оның орынбасары М.Айтбаев еді. Бүгінгі таңда
М.Шоқай есімі жалпыға жақсы таныс, М.Айтбаевты көбісі біле бермейді.
Негізінен, түрік тектес бауырлардың басын бір шаңырақ астына ұйыстырушы
Мұстафа Шоқай болса, олардың негізгі идеологы ролін М.Айтбаев атқарған.
Сондықтан оның артынан қалдырған мұраларын зерттеп, зерделеу – кезек
күттірмейттін іс.
Аймалап аспанменен аспандасқан,
Алтайдың асқар басы асқарды асқан.
Көресің көз жіберсең талай сырды,
Асусыз астам сол бір асқар тастан.
Қарт Алтай, қасиетті Ата жұртым,
Жас жаным жабыққанда дертпен бүгін,
Қосылып қойныңдағы сол сырыңа
Қолға алдым қайғы басқан өмір кілтін! -
деп шет жерде жүрсе де, қазаққа деген сағынышын жасырмаған Мәжит Айтбаев
кім еді? Қобызшы Қорқыт атын алып, неміс жеріне танымал болған қаламгердің
әдебиеттегі алар үлесі қандай деген сұрақтарға жауап беру –зерттеу еңбектің
негізгі мақсаты болмақ. Осыған байланысты алдымызға төмендегідей мақсат-
міндеттер қойып отырмыз:
1. Мәжит Айтбаевтың өмірбаяны жайлы мағлұмат
2. Бүркеншік есімдердің сырын ашу.
3. Ақынның азаппен өткен азалы жылдарына көзқарас
4. Қобызшы Қорқыт мұрасы туралы сақталған деректерді саралау
Жұмыстың көкейкестілігі: Мәжит Айтбаев жайлы, жалпы Түркістан легионы
жайлы зерттеулер әлі толық жүйеленіп зерттеле қойған жоқ. 1941-1945
жылдары болған Ұлы Отан соғысын қазіргі кездері тек соғыс ретінде ғана
қарайтындар жетерлік. Ал шындығында ол елдік идеялардың да тартысқа түскен
кезі болды. Бірақ бұл азаттық, ұлттық идеялар кеңес үкіметі билік құрған
Қазақстанда емес, немістердің қол астында, Германияда қарастырылды. Басы
Мұстафа Шоқай болып, аяғында Мәжит Айтбаев, Мәулікеш Қайболдиндер осы
идеологияның көрнекті өкілдері болды. Зерттеу жұмыста осы мәселелердің
қалай өрбігені және Түркістан легионындағы құрылған әдеби-мәдени бөлім
туралы сөз болады. Басты орынға Мәжит Айтбаевтың шығармашылық тұғырнамасы,
шығарған кітаптарын талдау, қазақ мәдениетіне, өнеріне қосқан үлесі
қойылған. Мәжит Айтбаевтың шығармашылығы әлі жарияланып, белгілі болмаған
тұста бұл еңбектің маңызы зор екендігі сөзсіз.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Түркістан легионы туралы Бақыт Садықова
мен Амантай Кәкеннің зерттеулерінен басқа тұщымды еңбектер әлі де жарыққа
шыққан жоқ. Ал одан бері жарты ғасырдан астам уақыт өкенін ескермеуге
болмайды. Түркістан легионы жайындағы үстірт шындықты біз тек Мұстафа Шоқай
есімімен байланысты тұрғыда ғана білдік. Легион құрамында болып, тұтқын
қазақтарды халықтың әдебиеті және мәдениетімен үзбей жалғастырған басқа да
ақын-жазушылар есімдері ұзақ жылдар бойы зерттеушілер назарынан тыс қалды.
Осы ақын-жазушылардың шығармашылығын қарастыру, олардың бүркеншік
есімдерінің сырын ашу, өлеңдеріне ғылыми талдау жүргізу бітіру жұмысының
басты жаңалығы болмақ.
Зерттеудің теориялық және практикалық негіздері: Зерттеу еңбекте қазақ
әдебиетінің Ұлы Отан соғысы кезіндегі маңызды бір бөлшегі эмиграциядағы
(мұғажырлық) әдебиет толығымен сөз болды. Бітіру жұмысындағы негізгі ғылыми
бөлімдерді әдебиеттің тарихына қатысты зерттеулерге пайдалануға болады.
Зерттеудің дерек көздері: Зерттеудің дерек көздері ретінде Мәжит
ақынның қаламдас серігі, досы Хамза Абдуллиннің баспасөз беттерінде
жарияланған естеліктері, Әдебиет майданы журналында жарияланған Мәжит
Айтбаев пен Мәулікеш Қайболдиннің өлеңдері мен новеллалары, журналист
Амантай Кәкеннің Түркістан легионы атты деректі толғамы, жүз теңгеліктегі
(ұлттық валютамыз теңгенің бұрынғы үлгісіндегі) Абылай ханның бейнесі
туралы басылып шыққан зерттеу еңбектер пайдаланылды.

І ТАРАУ
Мәжит Айтбаевтың шығармашылық ғұмырнамасы

Мәжит Айтбаевтың өмір жолы туралы азын-аулақ мәліметтер баспа
беттерінде жарияланды, ақынның жерлестері көне көз қариялардан оның ата
тегі жөніндегі деректерді жазып алды. Қызылорда облысы, Тереңөзек ауданы,
Шіркейлі қыстағында өмір сүрген, бір кездері діни ұстаз Сейітназар ахунның
немересі, шежіреші қарт Әбдіразақ Әбдірашитұлының айтуына қарағанда, Мәжит
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданына қарасты бір ауылда дүниеге келген. Өз
әкесі қарапайым кісі болғанымен, текті атадан тарайды. Анасы Патшагүл – Сыр
өңіріне мәлім Бұхарбай батырдың төртінші әйелі Қатшагүлдің сіңлісі. Бұл
анамыз жайында, оның шешендігі, өжеттігі турасындағы әңгімелер ел аузында
әлі күнге дейін сақталған. Қарт сонымен бірге, Мәжит Айтбаевтың Түркістан
легионында Мұстафа Шоқайдың қанаттас, кеңесші адамдарының бірі болғанын,
оның легионның вице-президенті дәрежесіне дейін көтерілгенін де айтты.
Айтылған сөзді тарихи мұрағаттармен салыстырған кезде, шындыққа сай
келетіндігі де аңғарылады. Әрі жазушы Дүкенбай Досжан да Мәжиттің Қармақшы
ауданында дүниеге келгенін растайды [1, 13]. Соғыс кезінде тұтқынға түсіп,
Мәжит Айтбаевпен бірге легионның әдеби-саяси бөлімінде қызмет істеген,
Милли әдебиет журналын шығарысқан ақын Хамза Абдуллин Жұлдыз журналында
жариялаған мақаласында: Біздің Мәжит-бек деп айтып жүргеніміз – Мәжит
Айтбаев. Ол соғыстан бұрын Алматыда қазақтың Абай атындағы педагогикалық
институтын бітірген. Мәлік Ғабдуллинмен бірге оқыпты. 1913 жылы туған. Ал,
туған жері – Қызылорда облысы. Ауданы мен ауылының атын білмеймін. Әйтеуір
соғыстан бұрын Қызылорда қаласында тұрып, сондағы екі жылдық мұғалімдер
институтында сабақ бергені анық, - деп, ақынның өмір жолынан мағлұмат
береді. Ал енді Қазақ Ұлттық энциклопедиясындағы Мәжитке қатысты деректерді
саралап, туған жылына тағы да бағдар жасап көрсек.

1. 1. М.Айтбаевтың ақын ретінде қалыптасу кезеңі

Елінің жоғын жоқтап, ереуіл атқа ер салып, егеулі найза қолға алып,
ұлтының тағдыры шешілер тұста тоқталып қалмай, толарсақтан саз кешкен
ұлдардың тағдыры қашанда ауыр болған. Енді қолда бар деректерге үңіліп, біз
сөз етіп отырған ақынның өмір жолына көз жүгіртейік.
Мәжит 1913 жылы Қызылорда облысы, Қармақшы ауданына қарасты ауылда
дүниеге келген. 1934 жылы Абай атындағы Қазақ Педагогикалық институтына
түсіп, 1938 жылы бітірген. Қызылорда пединститутында оқытушы, студенттер
даярлау курсының бастығы, Қазақстан Жазушылар Одағының Қызылорда облысы
бойынша өкілі қызметтерін атқарған. Өлең, әңгімелері мерзімдік баспасөзде,
жинақтарда жарияланып тұрған. Көркем аудармамен айналысқан. 1939 жылы
әскерге алынып, батыс шекарада қызметтер атқарған. Немістермен соғыста
тұтқынға түсіп, Түркістан Ұлттық Бірлігі комитетіне мүше болады.
Легионның насихат бөлімінде істеп, Милли әдебиет, Жаңа Түркістан газет-
журналдарын шығарысқан. Альманахтың бас редакторы болған. 1943 жылы
Берлинде Абылайхан атты өлеңдер жинағы шықты. Оған екі дастан, үш
баллада, төрт ән қырық бір өлеңі енген. Шығармаларын Қобызшы Қорқыт деген
бүркеншік атпен (псевдониммен) жариялаған. Шерлі ақын шынында да Қорқыт
болып күңіренеді. Алтайды, Арқаны, Сырды сағынады. Тұранды, Түркістанды
іздейді, туған жерге тәуелсіздік туын тігуді армандайды. Сағынышын
сарнаумен шығарып, осы жолда қан төгудің өзін қасиетті дейді [2, 145].
Мәжит Айтбаев 1945 жылы Дрезденде болған бомба жарылысынан дүние
салады. Абылайхан жинағындағы өлеңдерінің бәрі Қазақстанда жарияланып
басылған.
1998 жылы 27 ақпанда М.Әуезов мұражайында Мұстафа Шоқай қоры
ұйымдастырған Түркістан легионының шындығы деген жиналыс болды. Қобызшы
Қорқыт жайын мен баяндадым. Легион туралы Амантай Кәкен айтты. Жиналысқа
Мәжит Айтбаевтың немере інісі, белгілі суретші Салихитдин Айтбаевтың
қарындасы қатысты. Ақын әулетінің мән-жайын білдік. Бабалары Шойынбайдан –
Айтбай, одан Мәжит пен Әбдісадық туыпты. Салихитдин, Күләйім - Әбдісадықтың
балалары екен. Мәжиттен Пахриддин деген бала жалғыз. Мәжиттің әйелі Елена
Лукич, венгр қызы, мұсылман болып, Мария есімін алған. 1997 жылы қайтыс
болыпты, [3, 12] - деп жазады журналист, еларалық Шалқар газетінің бас
редакторы Уахап Қыдырханов. Журналист Мәжит Айтбаев 1913 жылы емес, 1914
жылы дүниеге келген деп есептейді [ 2 ,145].
Енді барлығы нанымды болу үшін ақынның жеке мұрағаттар қорынан
табылған, Мәжиттің өз қолымен жазылған, латын қарпіндегі Өмір тарихым деп
аталатын анкеталық дерекке сүйенеміз. Мәжит өз өмірбаянында Мен 1914
жылы, қазіргі Қызылорда облысында (ауданының аты түспеген) тудым. Әкем
Айтбай сол ауданға қарасты 3-ауылдың кедей шаруасы. 1914 жылға шейін жер
шаруашылығымен кәсіп істеп, 1916 жылы қайтыс болды.
Сонан шешемнің қарамағында болып, 1923 жылы Тәшкендегі интернатта,
одан кейін 5 жылдық интернатта оқыдым.
1924 жылы Ағай (Әбдісадық) Шымкентте қызмет істегендіктен, Шымкенттегі
Зиновьев атындағы мектепте, 1926-27 жылдары Мирзояндағы интернатта оқыдым.
1927 жылы Қызылордадағы 9-жылдық мектепте оқып, 1931 жылы Сталинабад
(Тәжікстан) қаласына көшіп бардық. 1932 жылы Мирзоянға қайта келіп, сол
жылы Қызылордаға көшіп бардым.
1934 жылы Қызылордадағы совпарт мектебінде оқып, оны бітіргесін, 1934
жылы қыркүйекте ҚазПУ-ге келіп түстім [4].
Осы деректен М.Айтбаевтың жастық шағы қалай өткендігі баяндалады.
Әкеден жастай жетім қалған, кедей отбасының ендігі тірегі туған ағасы
Әбдісадық қана болмақ. Мектепте де тұрақты оқи алмағандығы, көшіп-қонудан
көз ашпағандығы көрінеді. Оның бір себебі – сол кездегі ел басына түскен
ауыртпалық, тарихи жағдайлар, аштық болуы да мүмкін. Ашаршылық жайлаған
қазақ жерінің ащы шындығын ашып жазуға кедергілер келтірілген сияқты.
Сыр елі ежелден-ақ ән мен күйдің, өнердің мекені. Ежелгі тарихын, орта
ғасырдағы тарихын, сол кездегі шежіресін байыптап зерттеген адам өнер
биігіне шыққан тарихи есімдермен танысады. Мәжит Айтбаев өмір сүрген
кезеңде, ақынның жастық шағында ғұмыр кешкен Тұрмағамбет Ізтілеуұлы, оның
алдында өткен Бұдабай ақын, Қалжан ахундар сияқты белгілі шайырлар,
жыршылар – жас Мәжиттің ой-өрісіне, дүниетанымына әсер еткені анық.
Қаршадай бала кезінен қолына қалам ұстаған деуге де толық негіз бар. Сол
кезде Қазақстанды шарпып өткен өзгеріс, Кеңес үкіметінің орнауы – бұрын
бұйығы жатқан өлкеге тың жаңалықтардың келуіне жол ашты. Колхоз, совхоздар
құрылып, кедейлер ұйымдасып, қыбырласып, тіршілік ете бастады. Малға қарап
күнелтіп жүрген халық жер шұқылап, еңбек етуге кірісті. Сыр бойында жаңа
өмір басталғанын білдіріп, жер-жерде тынымсыз тракторлар гүрілдеді. Жазу-
сызуы ертеден араб тілінде жүретін қазақ елі орыс жазуына, латыншаға,
кириллицаға көшті. Сауатсыздықты жою, білім алу – күн тәртібіне басты
міндет болып қойылды. Балалар енді бұрынғыдай молданың алдына барып арабша
сауат ашпай, кириллица қарпімен жазып үйрене бастады. Сол жеткіншектердің
арасында Мәжит те жүрді. Жеті жасқа толып, оң-солын енді тани бастаған бала
тұрмыс ыңғайымен Қызылордада қалған жоқ, Тәшкенге (Ташкент) көшіп барды.
Өзінің өмірбаяндық жазбасында көрсететіндей, осында ол 1923 жылы 9 жасында
сауатын ашады. Бұл жетім балаларға арналған 5 жылдық интернат
болатын. Бірақ, Ташкент қаласында ұзақ тұрақтай алмайды. Ағасы Әбдісадық
қызмет бабымен Шымкент қаласына ауысқандықтан, отбасы да осында көшіп
келді. Шымкенттегі Зиновьев атындағы мектепте оқуын әрі қарай жалғастырады.
Содан кейін тағы да қоныс аударып, Мирзоян есімін иеленген Тараз қаласына
келеді. Бұл кезең 1926-27 жылдар еді. Мәжит осындағы интернатта жатып
оқиды. Бірақ бұл қаладағы интернатқа да ұзақ тұрақтай алмай, бір жыл өтпей
жатып, қайтадан туған жері Қызылордаға ат басын тірейді. Осы жылы
Қызылордадағы тоғыз жылдық орта мектепте оқуға кіріседі. Төрт жылдан кейін
қайтадан Тәжікстандағы Сталинабад қаласына келіп орналасады. 1932 жылы
Мирзоянға (Тараз) көшіп келіп, ақыры сол жылы Қызылордаға қайта көшеді.
Ақын 1934 жылы бастауыш, орта мектепті тәмамдап, 20 жасында
Қызылордадағы кеңестік партия мектебінде оқиды. Мұны өмірбаянында өзі де
атап көрсетеді. М.Айтбаев өзі оқыған жылдары өте белсенділігімен көзге
түседі. Партия мектебін бітіріп шыққанда берілген мінездемеде
алғырлығымен, сабаққа қатысуымен басқаларға үлгі бола білді делінген.
Мәжит Айтбаевтың осы кездері шығарған өлеңдері баспасөз беттерінде өте
жиі жарияланып тұрған. Оқып жүргенінде қабырға газетін шығаруға белсене
атсалысып, газеттің редакторы да бола білген. Осындай ұмтылыс оның өлең
өлкесіндегі алғашқы қадамдарының сәтті болуына себепкер. Оның тұңғыш өлең-
жырлары жаңарған ауыл өмірін, колхоз, совхоз тұрмысын сөз етті. Кеңес
үкіметінің көсемі Ленин – еңбекші елдің қамқоршысы дегенге күмәнсіз сенді.
Сталин тұсындағы сұрқия саясатты басқа ақындармен қосыла мадақтады. Сыр
елінің сорына айналған алапат өзгерісті халқының арманының орындалуы деп
түсінді. Осы тұста аудан, ауылдарда қаптап шығып жатқан Колхоз туы,
Колхоз өмірі, Қызыл еңбекші газеттеріне жырларын сиясы кеппей жатып-ақ
басуға берді. Бірақ оған ақынның өз басы емес, өмір сүрген ортасы, заманы
кінәлі еді. Ақиқатты ашып, бетке айтатын халық зиялылары атылды, асылды.
Ажал апанынан аман құтылмасын білген кейбіреулері басқа жұртқа бас сауғалап
құтылды. Шындық біраз жыл өткеннен кейін барып жария болды. Ал, кедейшіл
ақындардың ұлтына төнгелі тұрған қатерді – ой-саналарымен салмақтауға
дәрмені жетпеді.
Мәжит Айтбаевтың осы кезеңде Колхоз туы газетіне жарияланған Туған
жер жыры одасын толығымен келтіре кетуді жөн деп таптық.
Сүйем Сырым, туған жерім,
Сүйем сұлу тұрағым.
Неге сүймен сүттен тәтті,
Сырдың сұлу бұлағын.
Сүйем сырдың самал желін,
Сүйем сырдың әуесін.
Сүйем сырдың сондай тәтті,
Мөлдір қара мәуесін.
Сүйем сырдың гүлді көркем,
Жесең тоймас жемісін.
Сүйем сені колхоздардың,
Кең алапты егісін.
Сол алапта сом денелі,
Сүйем ерлер майданын.
Сүйем болат тракторлар
Асыр салған аймағын.
Сүйем сырдың айлы түнін,
Сол айлы түн сырларын.
Сайран салып, сауық құрған,
Қыз-бозбала жырларын.
Көрсем қанша көңілім тоймас,
Туған жерім түріңді.
Сондықтан да саған бүгін,
Тарттым тәтті жырымды.
Сүйем сырым, туған жерім,
Сүйем сұлу тұрағым,
Қалай ғана сүймен сені,
Бітсе сенен мұрадым.
Жаңалықтың жаңалығын,
Жаңа істің желісін.
Жедел көпке жеткізуге,
Сүйем сырым туған жерім.
Сүйем сұлу тұрағым.
Қалай сүймен өссе сенен,
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Сондықтан да сені неге,
Жырым етпейін туған жер.
Жерлеріңе жырдан неге,
Гүл екпейін туған жер[5, 4].

Мұнда қарап отыратын болсақ, тамсандырып, таңдай қақтырарлық сұлу
сурет те бар, қоғам бейнесін көрсетуге талпынған ниет те бар. Қалай
дегенмен де жаңа жетіліп, өсіп келе жатқан жас ақын үшін тым жақсы
көрсеткіш. Жас жігердің жалындай жанған үміті, жау жолында бар қуатын іркіп
қалмас қайраты толық көрінген. Мұндай жолдардың қанаттаса келе жатқан сол
тұстағы көп ақындардың қаламынан табылатындығы идеологиялық бағыттың бір
сарында өрбігендігін көрсетсе керек.

Мәжит Айтбаев Сыр бойының перзенті екенін жоғарыда айтып өттік. Жас,
балаң шағынан бастап, жыр-дастандарға елтіп өскенін, сөз сырына құмар
болғандығын тілге тиек еттік. Ол сонымен қатар ауылдан ұзап шыға алмайтын
көп өлеңшінің бірі болып қалған жоқ. Әрі сол кездегі әдебиеттегі жаңа
екпін, өзгеше сарын қызықтырып, әрі бойындағы бала кезден бері келе жатқан
өлеңге құмарлық оянып, әдебиет жайында жан-жақты теориялық түрде білім
алмаққа бел байлап, 1934 жылы Алматы қаласындағы қазақтың тұңғыш жоғарғы
оқу орны Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының табалдырығын
аттайды. Саналы жастың бұл талабы оң болып, педагогикалық институттың
филология факультетіндегі қазақ тілі мен әдебиеті бөлімінің студенті
атанады. Жастық шақтан жігіттік шаққа өткен Мәжит Айтбаевтың ендігі өмірі
үлкен-үлкен шығармашылық қызметімен ұштасады. Оның студенттік кезеңі туралы
қатарлас жолдастарының естеліктері көп нәрсені аңғартты.
Мәжит Айтбаев институттың филология факультетіне 1934 жылы түсіп, оны
1938 жылы бітіріп шығады. Ақын қазақ халқының мақтан тұтар тұлғасы, ғалым-
академик Мәлік Ғабдуллинмен бірге оқыған. Бұл туралы Хамза Абдуллиннің
мақаласын жоғарыда келтірдік. Мәжиттің ақындыққа, жазушылыққа жақындығы
институт қабырғасында жүргенде-ақ көріне бастайды. Қазақтың танымал
жазушылары, ақындары Сырбай Мәуленов, Қалижан Бекхожиндермен, Қапан
Сатыбалдиндермен жақын араласады. Сәкен Сейфуллин, Сәбит Мұқановтар, Ғабит
Мүсірепов шығармаларын жиі жариялап тұратын маңдай алды әдеби журнал
Әдебиет майданына өлеңдерін береді. Әдебиет майданы журналының 1936
жылғы латын қарпімен шығатын санында Мәжит Айтбаевтың Қасқыр мен қақпан
атты мысал өлеңі басылды. Ол кезде Мәжит 2 курс студенті еді.

Өрістің шөбі шүйгін шатқалында,
Мал көріп бір аш қасқыр қапқанында –
Ілікті екі аяқтан шықпастай боп,
Құруылы колхозшының қақпанына.

Қақпанда енді қасқыр талығады,
Кең дүние көз алдында тарылады.
Білгесін босамасын бір басының,
Қақпанға енді қасқыр жалынады.

- Қақпаным, қайырымды қарашығым,
Мен бе едім елден ерек ала шығын.
Өмірде екеуіміз де түзде тұрып,
Жүретін жан емес пе ек қарашығын.

- Жоқ! - деді, сонда қақпан даусын кернеп,
Жатсам да бірер қабат жерді жерлеп.
Мен кіммін? Колхоз малын қорғаушымын,
Сен кімсің? Шын жауызсың жүрген шендеп.

Жарқыным жайыңды айтып жалбарынба,
Істедің не сұмдықты жан барыңда,
Совхоз мен колхоз малын жалмап жұтып,
Іліндің ақыр менің қармағыма.

Кей жерде жеттің талай арманыңа,
Талайдың жәбір бердің жандарына.
Өрісіңе өмір жоқ енді сенің,
Сені ұстадым, түсемін қалғаныңа [6, 49] .

1935 ж. ҚазПИ.
Бұл өлең Сәбит Дөнентаевтың У жеген қасқырға деген өлеңімен үндес.
Колхоз малын ұрлап жеп, талай жандарды қан қақсатқан қасқырдың қақпанға
түсуі көп жортқан жаудың бір зауалға ұшырауын көрсетеді. Сонымен қатар,
Мәжит Айтбаев аудармашылық жанрмен де айналысқан. Аударма кез келген адам
оңай игере алмайтын жанр екендігі белгілі. Журналға оның А.С.Пушкиннен
жасаған аудармалары да енген. Мысалы ол орыс ақынының Кавказ өлеңін
қазақша сөйлеткен.

Кавказ төмен. Биікте тұрмын асып,
Жапа жалғыз жарқабақ қарын басып.
Көтеріліп бір қиыр шыңнан бүркіт,
Қалықтап жүр менімен қатарласып.

Осыдан байқап тұрмын тасқын басын,
Алғашқы солқылдаған құламасын.
Бұл жерде игерілген бұлт сұлап,
Шулаған тасып өзен таудан құлап.
Асты кесек жартастар жап-жалаңаш,
Онан төмен қаз оты, қалың құрақ.
Анау тұр жасыл орман қалың биік,
Сайраған құс секірген тағы киік.

Халқы жүр тау ұялап сағасында,
Қойлар жүр жоталардың арасында.
Қойшы жүр көңілді көп аңғарында,
Саялы Арабаның жағасында.
Үңгірге еніп жасырынды бір салт атты,
Масайрап жатқан жерде Терек жатты.
Темір қашау ішінен қарап тұрып,
Тамақ көрген жыртқыштай ойнап ұлып.
Тастарды аш толқынмен жалап жатты...
Мардымсыз нараздықпен жағаны ұрып.
Бекер! Жоқ не жұбаныш не бір тамақ,
Тықсырған мылқау түнек таулар қамап.

Түнгі зефир,
Ағызған әтір.
Шулайды
Ағады
Гвадалквивер
Қалқыды әне алтын ай,
Ақырын жатар дыбысы...
Сүйенді келіп балконға
Испанның сұлу жас қызы.
Түнгі зефир
Ағызған әтір.
Шулады
Ағады
Гвадалквивер,
Періштем, таста мантелді,
Көрінші күндей жарқырап!
Өткізіп қойын шарбақтан,
Аяқты таңсақ салбырап [7, 68].

Мәжит Айтбаевтың екінші және үшінші курста жүріп жазған осындай
өлеңдері республика жұртышылығна таныла бастады. Демек, 30-жылдар
әдебиетінде Мәжиттің өзіндік алар орны бар. Тіпті, 30-жылдар әдебиетіне
зерттеу жасаған ғалымдар да Мәжит өлеңдеріне соқпай өтпеген. Мәжит Мағжаның
ізбасары ретінде, символист деген атқа ие болып, социалистік сын тұрғысынан
сыналған. М.Айтбаевтың жерлесі, журналист Қази Данабаев бұл жайлы: Мәжит
Айтбаев туралы 30-жылдар әдебиетінен естуші едік. Онда ұлтшыл және
символист ақын ретінде өте төмен мінездеме берілетін.
Мәжит қана емес, онымен баспасөзде қатар танылып жүрген Қалижан
Бекхожин, Хакім Тыныбековтер де оқудан кейін, әр жаққа тарап кеткенімен,
хат-хабар алысып, арадағы достық байланысты үзбеген. КазПИ-ды аяқтағаннан
кейін, Қызылордаға қызметке жіберілген Мәжит Айтбаевқа досы Хакім
Тыныбековтың жазған хаты ақынның жеке мұрағатынан табылды. Латын қарпінде
жазылған хаттың мазмұны мынадай:

Мәжит!
Жазған хатыңды алдым. Көркіңді көріп сөйлескендей, қолыңды ұстап, еріп
жүрсің бе дескендей болдым.
Нұртілеу айтқандай: Алматы жұмақ қой. Оны қуып кеткен адамның
қаншалық ой-санасы бар дейсің?! дегені рас та болуы мүмкін, бірақ ішінде
көп жүрген, демалыс алып, ешқайда шықпаған, жолдастарынан айырылып, жұртта
қалған... секілді жүрген біздерге қадірлі ешнәрсесі көрінбейді. Көрінбек
түгілі ойыңды бөліп, көңіліңді ауламайтын сияқты болады да тұрады. Оған
себеп болатын, жолдастардың тарап кеткендігі болар дейсің.
Сенен басқа Нұртілеу, Абдолла, Бәкеннен хат алдым. Бәрінің де айтатыны
бір сарын, барған жерімізге үйрене алмай жатырмыз дегеннен басқа бөтен сөз
айтпайды.

1939 жыл. [8]
Хатқа баға беріп, жан-жақты, әр қырынан талдаған Уахап Қыдырханұлы
Мәжит пен Хакімнің тағдырларының Түркістан легионында тоғысқанын айта
кетеді: Айтбаевтың архивінде Хакім Тыныбековтың 1939 жылы жазған хаты
жатыр. Алматыдан әр жаққа тарағандарына әлі жыл тола қоймаса да, ыстық
сағыныштың лебі еседі. Өлең әлеміне бір кезде келген Қасым Аманжолов,
Қалижан Бекхожин, Қапан Сатыбалдиндердің қалам тартыстарын, қадам алыстарын
айтады. Сол Хакімнің де тағдыры тайғанақтап барып, Мәжитпен тұтқында
тоқайласыпты. Түркістан Ұлттық комитетінде насихат жұмыстарын басқарып,
легион басылымдарын ашысқан. Кейін Түркістан Ұлттық Комитетінен Орта Азия
Қазақстан құрылымын бөліп алуға әрекет жасаған, соның тілі ретінде Түрік
бірлігі газетін ашқан. Легионнан дербес Алаш отрядын құрған. Венадағы
(Австрия) Түркістан конгресінде Тіл бірлігі - ұлт бірлігі деген
баяндама жасаған. Тұтқында жүріп-ақ ұлтының тілін ұлықтаған, Алаш туын
көтерген осы оқиғалар айналасынан Хакім мен Мәжиттің іздері бірге
көрінеді.
Енді жоғарыдағы әңгімеге оралатын болсақ, пединститут бітіргеннен соң
Мәжит Айтбаев Қызылордаға келіп, мұнда Қазақстан Жазушылар Одағының
Қызылорда облысы бойынша өкілі және 1938-1939 оқу жылында Қызылорда
пединституытының бөлімін басқарады. Ақын Сырбай Мәуленовты, Оразгүл
Нұрмағамбетованы (ғалым), Әсия Жаналиеваны, содан кейін Роза Бағланованы
сол бөлімге өзі қабылдады. Сырбай Мәуленовтың айтуы бойынша, қазақ тілі мен
әдебиеті пәнінен сабақ берген. Орта бойлы, қара торы, қалың қасты, жиырма
бестер шамасында еді дейді.
Сырбай Мәуленов 1971 жылы Қазақ әдебиеті газетінде жарық көрген
Мәжит Айтбаев кім еді? деген мақаласында сол кездегі Қызылорда
қаласындағы қызу өмір, техникумдар мен мектептер көп болғаны жайында
айтылды. Сауда техикумында атақты Абдолла Жұмағалиев сабақ беріп,
№6 мектептегі әдебиет үйірмесіне жетекшілік етіпті. Темір жол техикумында
әдеби үйірмені өлеңді қазақ, орыс тілінде бірдей жазатын Асқар Нұртазин
жүргізіпті. Педучилищедегі әдебиетшілерді сол институттың ұстазы ақын
Меңдияр Киікбаев тәрбиелепті [9, 5].
Қазақ зиялыларының басына бұлт болып төнген 1937 жылдың ызғары
Қызылорданы да шарпыды. Жастық шағым бір күнім, көтерер де, орамал, таудан
аққан бұлақтай, сылқ-сылқ етіп жоғалар деген өлең жолдары үшін Мағжанның
шәкіртісің, Асан қайғы, Қорқытты көксейсің деген қудалауға шыдамай Абдолла
Жұмағалиев Алматыға бірақ тартты. Мәжит Айтбаевты өзі Жазушылар Одағының
өкілі болса да, одақтың екінші съезіне сайлатпай тастады. Облыс
жазушыларының тақырып жағдайындағы ауытқуының бәріне Мәжит кінәлі болып
шықты. Соған қарамай, ол қаламды қарыштап сілтеді. Болат құюшының жыры,
Қарлығаштың қанатындай, Қытай қызы деген өлеңдері Әдебиет майданы
журналында, газеттерде басылды. Толқын жыры поэмасын жазды. Лебедев-
Кумачтың Если завтра войнасын, Светловтың Каховка, Гренадасын,
Гетенің Орман патшасын аударды.
Сырбай Мәуленов мақаласында осы жайларды біраз шолады. Уахап
Қыдырханұлы әнші Роза Бағлановамен сұхбатында Мәжит ақын жөнінде біршама
мәліметтер ашады. Бұрнағы жылы, бұлбұл әнші, халық қаһарманы Роза
Тәжібайқызы Бағлановамен әңгімелестім. Бәрі есімде. Сыр-ағаң айтқандарды
түгел растады. Ақынның түр-тұлғасын, мінез мәдениетін дәл сипаттайды. Өзі
де әнші еді. Баянауылға ырғалып, еріп айтып отыратын. Сырымбетті –
әннің төресі, Айнамкөзді – дала ариясы, Зәурешті – трагедия дегенді
тұңғыш сол кісіден естідім, - деді.
- Өз тағдырыңызға тікелей әсері болды ма?
- Енді қалай? Оқытса, әннің ырғағын бұзбауға, сөзін анық айтуға
үйретсе, ол әсер емес пе екен?
Әнші қабағын шытып: Әттеген-ай, сақтай алмадым ғой. Өз қолымен жазып
берген ән мәтіндері болған еді, - деп ойланды.
- Мені Бұлбұл қыз дейтін еді. Ұстаздан гөрі әнші болғанымды
құптайтын. Ақыры институтты үшінші курстан қалдырып, өнерге кеттім
ғой.
- Если завтра война дей бергенімде Роза іліп ала жөнелді.
- Ойбай-ау! Әні жоғалған деген мәтіннің бірі осы болатын. Оны алғаш
рет қазақша, орысшамен айтқанмын мен!
Әннің бір шумағын айтқанда ырғаққа қарай дауысы да, өңі де құбылып кетті.
Сырағаң: 1939 жылы Мәжит армияға алынды. Меңдияр Киікбаев екеуіміз
шығарып салуға үйіне бардық. Үшеуіміз перзентханада босанып жатқан Мәжиттің
зайыбына соқтық. Әйелі бізге терезеден тырбаңдаған қызылшақа нәрестені
көрсетті.
Бұл да азамат болып, ат жалын тартып мінер ме екен? – деп ақын біраз
ойланып тұрды.
- Бір кезде Аттанған жері жігіттің, іші еді қалың шіліктің деп
өзіңіз айтқандай бұл да қалың шіліктің арасынан армияға өзіңіз
сияқты аттанар, - деп күлді Меңдияр.
Бірақ ақын өзінің ұлының ат жалын тартып мінгенін көре алмай кетті.
Оған әке мен баланы бірін – бірі көрісуге жазбаған сұм соғыстан басқа нені
жазғыруға болады.

1. 2. Мәжит Айтбаевтың әдеби мұралары, өлеңдері мен жыр-дастандары

Қобызшы Қорқыт – Мәжит Айтбаевтың өлең-жырларын, дастандарын жанрлық
тұрғыдан қарастыратын болсақ, бірнеше түрге бөлінетінін байқаймыз. Ақынның
лирикалық өлең-толғаулары да, эпикалық дастандары да бар. Неміс тілінен
аударған туындылары да жетерлік. Соғыстан бұрын баспасөз беттерінде қызмет
жасай жүріп, замандас ақын-жазушылар шығармашылығына байланысты сыни
пікірлерін де жариялаған. Абайдың өлең тәсілін, Махамбеттің жалынды
жырларын талдап, өзі қатты құрмет тұтатын Мағжанның лирикалық мәнерлеріне
әдеби баға берген.
Мәжит Айтбайұлы соғысқа кетпей тұрып, өз туындыларын жинақтап, баспаға
беруге дайындаған. Бас-аяғы үш кітапқа жүк боларлықтай көлемді дүние.
Бірінші жинағына Толқын жыры деп ат қойған. Бес поэма, он екі баллада,
отыз жеті өлең, жет мысал, он шақты аударма топтастырылған. Екінші, Алтай
тұтқыны - үш поэма, он тоғыз баллада-романс, жиырма үш өлең, аудармалар,
этюдтер. Үшінші, Қолқанаттар атты екі бөлімді, балаларға арналған жинақ
[3, 19].
Түркістан легионының жанынан құрылған Милли әдебиет журналында
редактор бола жүріп, ақын 1943 жылы Абылай хан атты толымды жыр жинағын
бастырып шығарады. Мұғажырлық әдебиеттің төлбасы туындысы да – осы кітап.
Жарыққа шыққан кезде бүкіл Түркістан легионының құрамындағы жауынгерлер,
қазақ болсын, өзбек болсын, мейлі ол қырғыз болсын, басқа ұлт өкілдері де
қолдан – қолға тигізбей оқып, тез таралған, тез танымал болған кітап.
Ішіндегі өлең – жырларды оқып, ой елегінен өткізген кез-келген оқырман
шерлі ақынның шерменде көңіл-күйіне куә бола алды. Туған жерге деген
сағыныш, сүйген жарына деген іңкәрлік сезім кітаптың өне бойын көктей өтіп,
жалынды жүректің ғұмырлық мұратынан хабардар етіп тұрғандай.
Халқын шын сүйген, азаттықты шынайы көңілімен аңсаған ақын алыста
жүрсе де, туған жер топырағын тәбәрік ете отырып, Түркістан деген өлеңін
толғайды. Түркістан бір ғана өлең емес, бір шоғыр өлеңдерден тұратын
цикл. Түркістан цикліне кіретін туындыларды толығымен санамалап шығуға да
болады:
Көркі көркем кереметті, күн келбетті көрер көзге,
Сұлу сәуле тым сәулетті, сапасы мол сөйлер сөзге
Түркістаным, топырағыңда тұруыма таппай тағат.
Сандалдым сан сапар шегіп, сағат соғып болмай санап.
Қала менен қырға қаһар кенет келіп, кесір салып,
Жанды жаншып, жайды жайпай, есіртті тым есімді алып,
Алтын Алтай, аялы Алтай, балаусалы Балқаш көлмен.
Қарағанды, Қаратаудай қара ордам болған жермен,
Ертіс, Еділ, Ембі, Есіл, сусасам сүт Сыр суымен,
Қарқаралы, Қарқарадай, Көкшетаудың кең нуымен,
Сән-салтанат, сұлу сарай, Алматыдай астанаммен,
Жора – жолдас, ағайынмен, құрбы – құрдас, дос – жаранмен.
Ақынның Түркістаны - Тұранда орын тепкен Түркістан қаласы емес екені
айқын аңғарылады. Түркістан – ақынның Отаны, туған жері – Қазақстан. Демек,
оның Қазағым, Қазақстаным демей, Түркістаным деп тебіренуінде бір сыр
бар.
Мәжит бұл өлеңінде қазақ жерінің жағрапиялық бедерін поэтикалық
тілмен соншалықты шебер, соншалықты көрікті бейнелейді. Бірақ жоғарыда
келтіргеніміздей, Қазақстан деп аталмаған, Түркістан атауын иеленген.
Бұл жерден ұлтшыл-қайраткердің ұлттық сананы әбден меңгергендігін көреміз.
Мағжанның Қазақ төңірегінде қарастыруға симайтын түркішілдік өлеңдеріне
жалғас сарындар да бар тәрізді. Қазақ халқын ғана емес, бүкіл түркі жұртын
бір шаңырақ астына біріктіріп, жұдырық боп жұмылуды армандайды ақын. Бұл
жерден сонымен қатар легиондық идеологияның да сарынын байқай аламыз.
Аудармашы ақын Хамза Абдуллин Милли Әдебиет журналының алғашқы
санында Мәжит Айтбаевтың Түркістан өлеңі жарияланғанын естеліктерінде
қайта-қайта еске алады [10,68]. Тұтқындағы бүкіл жауынгерлердің бастарын
алмай, қызыға, құмарлана оқитын Түркістан өлеңі журналдың сол санында
ғана емес, барлық санында шығып отырған:
Енді сені Түркістаным,
Қайта оралып көремін бе?
Қатты жапқан қақпамды ашып,
Ішіне енді енемін бе?
Ен далада, елсіз жерде,
Молам менің жатса құлап,
Мені ескеріп, кімдер келіп,
Бас жағыма тұрар жылап.
Ақын туған жеріне жете алмайтынын біледі. Кеудесін қысқан күйігін
жасыра алмай, торығу сезіміне беріледі. Өлеңінде өзі де бой көрсетіп, қапа
көңілін білдіреді, ішіне сыймай бара жатқан мұң-зарын шағады. Шерлі
заманның шермендесі, бірақ жалғыз Мәжит қана емес еді...
Түркістан легионының әнұранына айналып кеткен Мәжит Айтбайұлының
Жорық жыры атты өлеңі түркі жастарының ендігі беталысын аңғартқандай.
Жүрекке жаншылған жігерді жанитын, еңсесі түскен ерлерді үмітке жетелейтін
жырдың сазы да болған екен. Түркістан құрамындағы сарбаздардың сүйікті
күйшісі Сырым шығарған саз.
Түркістандай, гүлстандай Отанды,
Ел қылмаққа, ер қылмаққа қатарлы
Кел қатарға, ен қатарға,
Ер жорықта жатар ма,
Түрік жастары, толтырыңдар қатарды!
Ата-баба салған ерлік жолында,
Ата жолын ата жаудан қоруға
Ел атағын, ер атағын,
Өзге елмен тең атағын
Алу біздей батырлардың қолында.
Осы өлеңнің тууына әсер еткен Түркістан түркілерінің рухани һәм
қайраткер көсемі Мұстафа Шоқайдың саяси ойлары болуы мүмкін деп болжаймыз.
Себебі, жанындағы жолдастары Шоқайдың идеяларын жарыққа шығарып, таралуына
баспасөз беттері арқылы белсене атсалысып отырған. Оның санаулы
серіктерінің бірі Мәжиттің өзі болатын.
Мұстафа Шоқайдың идеясы бүкіл түркі халықтарының басын біріктіруге
бағытталған болатын. Ол 1936 жылы Берлин қаласында түркістан жастарының
алдында сөйлеген сөзінде осы ойын айқын бекіткен:
...Түрік халқы – батыр халық. Түрік халқы – арыстан ер халық. Кімнен
таяқ жегендей біздің түріктің баласы, алдырып жүрген дұшпанға аузының
аласы. Бұл нақыл сөзді ұмытпауымыз керек [11,64-65]. Айтбаевтың да осы
сөздерді сүйеніш еткені анық.
Ендеше Мәжит Айтбаевтың және басқа да жастардың жетекшісі болған
Мұстафа Шоқай жайында және ол құрылуына тікелей атсалысқан, шетелдегі
қазақтардың ғана емес, бауырлас халықтардың да басын қосқан Түркістан
легионы туралы арнайы тараушада қарастыра кеткеніміз жөн болар.

Мұстафа Шоқай және Түркістан легионы

Төңкерістен кейін билік басына большевиктер келгеннен соң орыстың
алдыңғы қатарлы зиялыларымен бірге қазақтың озық ойлы даналары да енді
мұнда өздеріне орын жоқ екендігін көрегендікпен ұғып, шет ел асты. Солардың
бірі Мұстафа Шоқай да болды.
Шоқай туралы бүгінгі күні жиі айтылып жүр. Оның жөні де бар. Шоқай
есімі қазақ қана емес, бүкіл түркі халықтарына ортақ есім. Кеңес үкіметінің
озбыр саясатына іште жүріп қарсыласа алмайтынын түсінген ол эмиграцияға
кетіп, мұғажырлық (эмиграциялық) күрескерлік жолды саналы түрде таңдап
алды. Сыртта жүріп қазақтың азаттық идеясына дем беруші болды. Шет жерде
газет-журналдар шығарып, өзі сияқты түркі жұртының азаматтарын біріктіріп,
үлкен істер атқаруға мұрындық болды. Францияда, Германияда, Түркияда саяси
қызметтер атқарды.
Мұстафа Шоқайдың өмір жолы Түркістан Ұлттық Легионымен тікелей
байланысты. Соғыс кезінде тұтқынға түскен қандас бауырларын немістердің
азап-қорлығынан құтқарып қалу үшін осындай қадамға барды.
Түркістан Легионы туралы бүгінгі зерттеушілер оның тұтас армия
дәрежесіне жеткенін, қуатты күш болғандығын айтады. Әр алуан деректер
бойынша 1942 жылдың көктемінде құрылған Түркістан легионы құрамында
болғандардың саны 180 мыңнан 250 мыңға жетіп, бұл әскери құрылым шығыс
легиондары арасында ең үлкені болыпты [10, 38].
Немістердің алдына Мұстафа Шоқай екі шарт қойған. Біріншісі,
немістердің көмегімен болашақ Түркістан мемлекеті кадрларын дайындау.
Екінші шарты – тұтқынға түскен ортаазиялық жауынгерлерден әскери бөлімшелер
ұйымдастырып, оларды немістер Орта Азия республикаларының шекарасына
жеткенше, Қызыл Армияға қарсы пайдаланбау.
Тиісті қолдау тапқан Шоқай мен көмекшісі Уәли Қаюм хан енді немістің
әскер басшыларының көмегімен Түркістан Ұлттық комитетін құрады
[12, 199].
Бірақ Уәли Қаюм опасыздық жасап, бәрін жеке басының мүдделеріне
пайдаланады. Ол Шоқайдың сыртынан немістермен келіссөз жасап, жауынгерлерді
жедел түрде қызыл әскерге қарсы ұрысқа салуды сұрайды. Билікқұмар ол
Шоқайға қастандық жасап, у беріп өлтіреді. Өзі легион басшылығына
жайғасады. Уәли Қаюмнің шыққан тегі өзбек екенін де ескеріп қойғанымыз
абзал. Оның тарапынан қазақтарға көпе-көрінеу қиянаттар жасалады. Осылайша
ұлттық мүдделерге қараниет пиғылдылар араласады.
Бұл саясатқа келіспей, Түркістан Ұлттық Комитетінің Қарыс Қанатбаев
бастаған бір топ қазақ жігіттері ұлттық намысқа тырысып, Уәли Қаюмға қарсы
шыққан. Кейіннен Қарыс Қанатбаев және оны жақтаушылар Уәли Қаюм басқарған
Түркістан Ұлттық Комитетінен бөлініп, өз алдына Түркістан Ұлттық Кеңесі
ұйымын құрған [13, 4].
Легион құрылымы төрт бөлімнен тұрған: әскери бөлім, насихат бөлімі,
ғылым бөлімі, әскери тұтқын бөлімі, радиохабар, шығыс жұмысшылары,
денсаулық сақтау бөлімдері.
Насихат бөлімінің ішінде Түркістан ұлттық әдебиеті қалыптасты.
Идеологиялық мақсатта газет-журналдар шығып тұрды. Милли Түркістан
(Ұлттық Түркістан) саяси журналы айына екі рет, Милли Әдебиет (Ұлттық
әдебиет) әдеби-көркем журналы айына бір рет шығып тұрды. Милли Әдебиет
журналы тұтқында жүрген қазақ жауынгерлерінің ұлттық санасын оятудың басты
құралы болды. Қазақ халқының дүниетанымы әріптер бояуымен бірге газетке
сіңген бұл журналдың мұғажырлық мәдениетті қалыптастырудағы еңбегі ересен.
Өйткені оның редакторлары болып Мәжит Айтбаев, Хакім Тыныбеков сияқты
қайраткер, күрескер тұлғалар жұмыс атқарған еді.
Мәжит ақынның өлеңдерінің келесі тобы жарына, отбасына, ұлына
арналған. Мәжиттің жары мажар (венгр) қызы Елена Лукич мұсылмандықты
қабылдап, Мария деген ат алған. Ақын 1939 жылы әскер қатарына шақырылғанда,
әйелі жас баласымен елде қалған. От пен оқтың ортасында жүрсе де, азамат
ердің елін, жарын бір сәтке де есінен шығармағанын оның Орамал атты
өлеңінен байқауға болады:
Айналсын жаным өзіңнен, жылама, жарым, қара көз,
Мен кетсем, ұзақ кетпеспін, жүрсең де менсіз шыдап төз! -
Дедім де құшып жарымды, тұрдым біраз қия алмай,
Жарым да тұрды сол кезде, көзінің жасын тия алмай.
Құшағыма енді де, құшырлана сүйді ол,
Құшағыма енді де, жалыныма күйді ол.
Мұңға батқан асыл жардың қолынан келгені – еріне кестелі орамал сыйлау
ғана. Орамалды да сезімсіз, бетіңнің терін сүрткенде мені есіңе алғайсың
деп бермейді, кемсеңдеп тұрып:
Сүртерсің сонда жасыңды, бердім мына орамал,
Орамалым мәңгіге сүйгендікке жорамал, -
деп егіледі. Жалпы, бұл элегиялық жырды психологиялық параллелизмнің
динамикалық көрінісі, яғни қозғалыс арқылы көрінетін сезім күйі деп
бағалауымызға толық негіз бар.
Отбасына арналған бірнеше өлеңдері Мәжиттің жалғыз баласы Пахраддиннің
есімімен байланысты. Берлинде жарық көрген Абылай хан жинағына оның
Пашаға деп аталатын ұзын – сонар толғауы да енген:
Қарашығы көзімнің,
Қызғалдағым, қырмызым
Тілеп алған тағдырдан
Көктегі алтын жұлдызым.
Алыс жерде жүрсем де,
Көріп тағдыр салғанын,
Тілеймін тыныш ұйқыңды,
Бір сен болып арманым,
Ұйықташы, жаным, ұйықташы!
Мәжит ақынның жерлесі журналист Қази Данабаев жергілікті Сыр бойы
газетінде басылып шыққан Арманда кеткен ақын деген мақаласында Мәжиттің
жары мен ұлы туралы мағлұмат береді: Мәжит аға 1943 жылы Берлинде басылып
шыққан кітабында сүйікті жарына арнап жырлар жазып еді-ау. Біз тірі
кейіпкермен осылайша табыстық... Сыр бойының бетінде Чапаға деген Мәжит
ағаның жалғыз ұлы Бахраддинге арнаған өлеңі жарқырап тұр. Чапа деу себебін
Мәжит ағаның бәйбішесі айтты.
- Алдында Мәжит екеуміз Чапаев туралы кино көргенбіз. Үйге келгесін,
кішкене Бахраддинді Чапа деп кеттік, - дейді.
Күлгеніңді көрсем де,
Жүргеніңді көргем жоқ, - деп Мәжиттің жүрегі жарыла жазған жыры
Бахраддинге бағышталған екен [14, 4].
Мәжит шығармашылығының ең үлкен қыры – аудармашылығы. Соғыстан бұрын
баспасөз беттерінде жарық көрген аударма өлеңдері де біршама. Ол Лебедев –
Кумачтың Если завтра войнасын, Светловтың Каховка, Гренадасын,
Гетенің Орман патшасын тұңғыш рет қазақ тіліне тәржімалаған [3, 11].
Если завтра война өлеңін әнімен қазақша-орысшасын бұлбұл әнші Роза
Бағлановаға да үйреткен Мәжит болыпты!
Легионда қызмет атқара жүріп, Мәжит тумысынан бірге жаралған өнерінен
қол үзіп кете алмайды. Неміс тілін аз уақыт ішінде үйреніп, классик
ақындардың өлеңдерін аударуға құлшына кіріскен. Бұған дәлел ретінде Гетеден
аударған Аңыз өлеңін ұсынамыз.Мұнда құдай жолында жүрген тақуа әулие кісі
мен ешкі аяқты бір тағы жанның сұхбаты баяндалады. Әулиеге жолыққан тағы
адам өмірінде байқамай көп қателіктер жасағанын, тәубеге енді келгендігін,
мүмкін болса, қиямет күнінде өзін құдайдың қаһарынан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жыраулар поэзиясындағы Абылай хан бейнесінің көрінісі
Абылай және Қазақ тарихы
Әдеби байланыс: Х.Оралтай және Қ.Шабданұлы шығармалары
Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы өкілдерінің қызмет кезеңі (1917-1925 жж)
Абылай хан(1711-1781)
Мағжан Жұмабаев шығармаларындағы тарихи шындық және көркемдік шешім
Абылай хан туралы ақпарат
Абылай – Жәңгір ханның бесінші ұрпағы
Әдеби байланыс Хасен Оралтай және Қажығұмар Шабданұлы шығармашылығы
Абылайдың шайқастары
Пәндер