Ақ «Ұлар үміт» ЖЗҚ жағдайына қаржылық талдау



1. Қаржылық талдау мәні. Қазақстанда жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қалыптасуы, қазіргі жағдайы, проблемалары, даму жолдары.
2. АҚ «Ұлар Үміт» ЖЗҚ қалыптасуы, қазіргі жағдайына талдау
Нарық жағдайында кәсіпорынның өміршеңдігінің кепілі мен жай-күйінің орнықтылығының негізі оның қаржы тұрақтылығы болып табылады. Ол ақша қаражатын еркін орын алмастыра отырып қолданып, тиімді пайдалану жолымен өнімді өндіру мен сатудың үздіксіз процесін қамтамасыз ете алатын өзінің қаржы ресурстары жағдайын көрсетеді.
Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын бағалау, объективті, ғылыми негізделген және үйлесімді басқару, өндірістік, әсіресе қаржылық шешімдер қабылдау үшін оның қаржылық жағдайын талдау қажет. Кәсіпорынның қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақтылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді.
Кәсіпорынның өндірілетін өнім, көрсетілетін қызметімен тығыз байланысқан қаржылық тұрақтылығының маңызды факторларының бірі – активтердің тиімді құрамы мен құрылымы, сондай-ақ кәсіпорынның басқару стратегиясын дұрыс таңдап алуы болып табылады.

Бұрыңғы КСРО-да, сондай-ақ оның құрамында болған Қазақстанда ынтымақтастық зейнетақы жүйесі жұмыс істеді. 1998 жылы 1 қаңтардан бастап «ҚР-да зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заң күшіне еніп, елімізде зейнетақы реформасы қолға алынды. 1998-2000 жылдар аралығы зейнетақы жүйесін реформалау және жинақтаушы зейнетақы қорларының (ЖЗҚ) қалыптасуының кезеңі болып саналады. Қысқа мерзім ішінде зейнетақы қызметтерінің нарығына жеке инвесторлар көптеп тартылды, заңдық және нормативтік база, нарықтық инфраструктура қалыптасты. Қазақстанның зейнетақы жүйесін реформалаудың кемшіліктеріне қарамастан қазіргі кезде оның қаржылық экономикалық секторға жағымды әсері байқалуда. Зейнетақы қорларының активтері инвестициялық ресурстың маңызды құрамы және мемлекеттің қаржы жүйесінің тұрақтындырғышына айналды.
Жаңа зейнетақы жүйесі үш деңгейлі жүйе:
1. Әрбір жұмыскер міндетті түрде еңбекақының 10 пайызын мемлекеттік зейнетақы қорына аударады;
2. Зейнетақы жарнасы міндетті түрде жұмыскердің өз еркіне қарай ҰБ-тің лицензиясын алған жекеменшік зейнетақы қорына аударады. Қорда жұмыскерге есеп-шоттар ашылып, жарналар инвестицияға жіберіледі.
3. Ерікті түрде зейнетақы жарналары жеке меншік зейнетақы қорына аударылады.
1. Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы Қазақстан Республикасының 1997 ж. 20 маусымдағы N 136-1 Заңы;
2. «Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау», Дүйсенбаев К.Ш., Төлегенов Э.Т., Жұмағалиева Ж.Г. Алматы: Экономика, 2001. – 325 б
3. «Финансовые рынки и посредники», Искаков У.М., Бохаев Д.Т. Рузиева Э., Алматы: Экономика.
4. Рынок ценных бумаг, № 14, 2006;
5. Рынок ценных бумаг, № 13, 2006;
6. Рынок ценных бумаг, № 23-24, 2005;
7. Мир финансов, № 8, 2005;
8. www.ularumit.kz
9. www.Google.kz
10. www.Yandex.ru

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Т. РЫСҚҰЛОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Қаржы нарығы және банктік бизнес кафедрасы

Инвестициялық және зейнетақы
қорларының қызметін қаржылық
талдау пәнінен
Ъ

РЕФЕРАТ
Тақырыбы: АҚ ҰЛАР ҮМІТ ЖЗҚ ЖАҒДАЙЫНА ҚАРЖЫЛЫҚ ТАЛДАУ

Тексерген: Өмір А.Ж.
Орындаған: Бағалы қағаздар нарығы, 404 топ
студенті: Жанысбекова Айгүл

АЛМАТЫ 2006
Қаржылық талдау мәні. Қазақстанда жинақтаушы зейнетақы жүйесінің
қалыптасуы, қазіргі жағдайы, проблемалары, даму жолдары.

Нарық жағдайында кәсіпорынның өміршеңдігінің кепілі мен жай-күйінің
орнықтылығының негізі оның қаржы тұрақтылығы болып табылады. Ол ақша
қаражатын еркін орын алмастыра отырып қолданып, тиімді пайдалану жолымен
өнімді өндіру мен сатудың үздіксіз процесін қамтамасыз ете алатын өзінің
қаржы ресурстары жағдайын көрсетеді.
Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын бағалау, объективті, ғылыми
негізделген және үйлесімді басқару, өндірістік, әсіресе қаржылық шешімдер
қабылдау үшін оның қаржылық жағдайын талдау қажет. Кәсіпорынның қаржы
жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын және
оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі мен өзінің қарыз
міндеттемелерін уақтылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуін
көрсетеді.
Кәсіпорынның өндірілетін өнім, көрсетілетін қызметімен тығыз
байланысқан қаржылық тұрақтылығының маңызды факторларының бірі –
активтердің тиімді құрамы мен құрылымы, сондай-ақ кәсіпорынның басқару
стратегиясын дұрыс таңдап алуы болып табылады.

Бұрыңғы КСРО-да, сондай-ақ оның құрамында болған Қазақстанда
ынтымақтастық зейнетақы жүйесі жұмыс істеді. 1998 жылы 1 қаңтардан бастап
ҚР-да зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заң күшіне еніп, елімізде
зейнетақы реформасы қолға алынды. 1998-2000 жылдар аралығы зейнетақы
жүйесін реформалау және жинақтаушы зейнетақы қорларының (ЖЗҚ) қалыптасуының
кезеңі болып саналады. Қысқа мерзім ішінде зейнетақы қызметтерінің нарығына
жеке инвесторлар көптеп тартылды, заңдық және нормативтік база, нарықтық
инфраструктура қалыптасты. Қазақстанның зейнетақы жүйесін реформалаудың
кемшіліктеріне қарамастан қазіргі кезде оның қаржылық экономикалық секторға
жағымды әсері байқалуда. Зейнетақы қорларының активтері инвестициялық
ресурстың маңызды құрамы және мемлекеттің қаржы жүйесінің тұрақтындырғышына
айналды.
Жаңа зейнетақы жүйесі үш деңгейлі жүйе:
1. Әрбір жұмыскер міндетті түрде еңбекақының 10 пайызын мемлекеттік
зейнетақы қорына аударады;
2. Зейнетақы жарнасы міндетті түрде жұмыскердің өз еркіне қарай ҰБ-
тің лицензиясын алған жекеменшік зейнетақы қорына аударады. Қорда
жұмыскерге есеп-шоттар ашылып, жарналар инвестицияға жіберіледі.
3. Ерікті түрде зейнетақы жарналары жеке меншік зейнетақы қорына
аударылады.
1998-2002 жж. зейнетақы алушылардың саны 921 мың адамға төмендеу
тенденциясы байқалғанымен реформа жүргізуде мына оң нәтижелерге қол
жеткізілді: 1997-2001 жж. орташа зейнетақы 40 %-ке өсуі және минималды
зейнетақы 6,5 есеге өсіп, 4947 теңге құрады.
Алайда, зейнетақы реформасының жетістіктерін зерттей келе, біз ең
басты мақсатқа жете алмағанымызды көреміз. Ол: зейнетақы активтерін
Қазақстан экономикасының нақты секторына салу. Зейнетақы активтерінің 80 %-
нен астамы мемлекеттік бағалы қағаздарға салынған және ол нақты секторға
жұмыс істемейді.
Зейнетақы активтерін инвестициялаумен байланысты қазіргі маңызды
проблемалар:
1) ҚР-ның ішкі нарығында мерзімі 1 жылдан ұзақ өтімді қаржы құралдарының
ағымдағы жетіспушілігі;
2) Мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша табыстылық деңгейінің елдегі
инфляция деңгейіне сәйкессіздігі;
3) Қаржы құралдары және валюталар бойынша зейнетақы активтері портфелінің
жеткілікті түрде әртараптандырылмауы;
Қазіргі кезде зейнетақы заңнамасына өзгерістер еңгізу, зейнетақы
нарығын ақпараттық жетілдіру, нарықты, ЖЗҚ-лардың инвестициялық қызметін
және оларды басқаратын компанияларды ырықтандыру қажеттілігі туындап отыр.
2004 ж. 24 желтоқсанындағы ҚР Үкіметінің №1359 Қаулысымен 2005-2007
жж. арналған жинақтаушы зейнетақы жүйесін дамыту бағдарламасы қабылданды.
Бағдарлама жинақтаушы зейнетақы жүйесінің (ЖЗЖ) дамуының негізгі бағыттарын
анықтайды және келесі шаралардан тұрады:
← Елдің ЖЗЖ-не қатысуын кеңейту, яғни инфраструктурасы дамыған аймақтарда
ЖЗҚ-лар ашып, олардың қызметі туралы елге жарияландыру;
← Бір салымшы – бір қор қағидасын орындау жолымен міндетті зейнетақы
жарналарын төлеудің тиімділігін қамтамасыз ету және міндетті жарналары
бойынша агенттердің қарыздарын төмендету;
← ЖЗҚ-лардағы міндетті зейнетақы жарналарын мемлекетпен сақтау
кепілдігінің тәртібін орнату, ол зейнетақы алушы өз зейнетақы төлемдерін
алған кездегі инфляция деңгейін ескеріп беру түрінде жүзеге асырылады;
← Зейнетақы активтерін басқару тиімділігін көтеру, зейнетақы
активтеріндегі ұзақ мерзімдік қаржылық құралдардың үлесін көбейту, ЖЗҚ-
лардың портфелінің қаржылық құралдарын бағалық және валюталық тәуекелдерін
хеджирлеу, ұзақ мерзімді индекстелген мемлекеттік бағалы қағаздарды
шығару, жобалық инвестицияларды дамыту және ақша нарығының белсенділігін
көтеру;
← ЖЗЖ-нің субъектілеріне тиімді бақылау жасауды дамыту және зейнетақылық
реттеушілердің халықаралық ассоциациясының мемлекеттік емес ЖЗҚ-ларды
реттеу қағидаларын еңгізу.
ҚР-ның қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарды реттейтін және
бақылайтын Агенттігінің мәліметтері бойынша 2006 жылдың 1 шілдесіне қарай
елдегі зейнетақы активтері (есептелген сыйақылар бойынша, зейнетақы
төлемдері бойынша кредиторлық міндеттемелерін қоспағанда) 770 825,7 млн.
теңге құрады, оның 764 282,1 млн теңге инвестицияланды. 2006 жылдың 1
маусымына қарай салыстырмалы көрсеткіш – 757 399,0 млн теңге. ҚР-ның
жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтері ырғақты өсуде және
соңғы 2,5 жыл ішінде олар екі еселенді. (2,0 млрд АҚШ доллардан 4,1 млрд.-
қа дейін).

Жиынтық зейнетақы активтерінің көлеміндегі өзгерістер
(01.05.2005-01.05.2006)
.
Таза зейнетақы активтері жөнінен ірі ЖЗҚ болып АҚ ҚР Ұлттық
Банкінің ЖЗҚ, АҚ ҰларҮміт және АҚ ЖЗҚ Мемлекеттік ЖЗҚ. Қазақстанның
жинақтаушы зейнетақы жүйесінде жоғары деңгейлі дамумен АҚ ҰларҮміт ЖЗҚ
ерекшеленеді. Оның соңғы жылдары қаржылық жағдайының жоғарылуын төмендегі
қаржылық талдау арқылы көз жеткізуге болады.

АҚ Ұлар Үміт ЖЗҚ қалыптасуы, қазіргі жағдайына талдау

ҚОР ТУРАЛЫ
Зейнетақы қызметі нарығында көшбасшы болу үшін, көп нәрсе қажет.
Соның ішінде, талас тудырмайтын ең маңыздысы - өз ісіңе шын берілу. Әуел
бастан-ақ Ұлар Үміт ЖЗҚ өз алдынға бірінші болу мақсатын қойды. Сондықтан
өз салымшыларымызға ұсынары – тек көтеріңкі табыс, жоғары технологиялы және
сапалы қызмет көрсетулер болмақ.
ҰларҮміт қоры № 0000001 мемлектеттік лицензиямен жұмыс істейді.
Қор зейнетақы жарналарын тарту және төлеуді жүзеге асыру бойынша қызмет
көрсетеді және зейнетақы жинақтау қорларының үздік үштігіне кіріп, олардың
зейнетақы активтерінің жалпы сомасы бүкіл зейнетақы жүйесінің 63,17%-дан
астамын құрайды.
ҰларҮміт қоры ірі институционалдық инвестор болып табылады. Қордың
зейнетақы активтерінің үштен екі бөлігі А тізіміндегі корпоративтік
эмитенттердің құнды қағаздар шығаратын акциялары мен облигацияларына,
ипотекалық облигацияларға, Қазақстан даму банкі облигацияларына, екінші
деңгейдегі банктер депозитіне салынған. Бұл - республикамыздың экономикалық
секторының дамуына қосылған елеулі үлес екені даусыз.

ҚОРДЫҢ ТАРИХЫ
1997 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан
Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін реформалау концепциясын
бекіту туралы Қаулысы қабылданғаннан кейін қордың акционерлері бірінші
болып бұл идеяға қолдау көрсетті және зейнетақы жинақтау қорын құру жөнінде
стратегиялық шешім қабылдады. Осылайша, республиканың қаржы нарығында
бірінші корпоративтік зейнетақы жинақтау қоры – Қазақтелеком –Үміт пайда
болды. Бірінші қазақстандық қор зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы
төлеуді жүзеге асыру қызметі бойынша № 0000001 мемлекеттік лицензия алды.
Қазақтелекомның бүкіл ұжымы Қордың салымшыларына айналды.
1998 жылы акционерлердің шешімімен Қорды Үміт ашық зейнетақы
жинақтау қорына айналдыру жөнінде шешім қабылданды.
2000 жылы Кәсіподақтар Федерациясының зейнетақы жинақтау қоры Үміт
ЖЗҚ-на қосылды.
2001 жылдың 6-шілдесінде Ұлар ЖЗҚ және Үміт ЖЗҚ акционерлері
ҰларҮміт ЖЗҚ ЖАҚ деген атаумен елдегі ең ірі екі қорды біріктіру жөнінде
стратегиялық шешім қабылдады. Бірігу мақсаты - зейнетақы саласына қызмет
көрсетуде бүгінгі заманның ең озық талаптарына жауап беруге қабілетті
қуатты қаржы және әлеуметтік институт құру идеясы болды. Сондықтан 2001
жылдың 3-қыркүйегі – қордың біріккен бренд негізінде жұмысын бастаған күн–
ҰларҮміт зейнетақы жинақтау қорының даму тарихындағы жаңа кезең деуге
болады.
Зейнетақы реформасының әлемдік тәжірибесін пайдалана отырып,
зейнетақы қызметінің инновациялық әдістерін енгізе отырып, Қор “ҚР-да
Жинақтаушы зейнетақы жүйесін дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасының” орындалуы жолында белсенді жұмыс жүргізіп
келеді.
2005 жылдың 12-мамырында Жарғының жаңа редакциясы қабылдануына
байланысты ҰларҮміт Жинақтаушы Зейнетақы қоры Жабық Акционерлік Қоғамы -
ҰларҮміт Жинақтаушы Зейнетақы қоры Акционерлік қоғамы болып атауын
өзгертті.
2005 жылдың шілде айында ҰларҮміт Зейнетақы жинақтау қоры
салымшыларының зейнетақы жинақтары 100 миллиард теңгеден  асты.
2006 жылы наурыз айында “ҰларҮміт” Жинақтаушы зейнетақы қоры” АҚ-ның
зейнетақы активтері 129 млрд теңгеге немесе 1 млрд АҚШ долларына жетті.
Бүгінде ҰларҮміт ЖЗҚ Республика зейнетақы нарығының қалыптасуы мен
дамуында маңызды рөл атқаратын Қазақстандағы көшбасшы жинақтаушы қорлардың
бірі.

ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУЛЕР
Салымшылар үшін Қор келесі қызмет түрлерін көрсетеді:
• зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасау;
• жинақтаушы зейнетақы жүйесі мәселелері жөнінде кеңес беру;
• Интернет торабына қосылған кез келген компьютерден немесе ұялы
телефонның көмегімен зейнетақы шотының жай-күйі жөнінде on-line
тәртібінде хабардар ету;
• салымшының  несие ресімдеуі үшін жеке зейнетақы шотының (ЖЗШ) жағдайы
туралы көшірме беру;
• Электронды пошташы – электронды пошта арқылы басқа қорлардан
аударылған жинақтар немесе келіп түскен  жарналар сомасы
жайлы салымшыларды хабардар ету;
 Корпоративтік клиенттер үшін қызмет көрсетулер:
• зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар жасау;
• дербес корпоративтік менеджер бекіту;
• бухгалтерлерге Интернет жүйесі арқылы нақты уақыт тәртібінде
жүргізілген зейнетақы төлемдерін салыстырып тексеру үшін мүмкіндікті
ұсыну;
• ЭКОВиД+ бағдарламасын орнату;
• анықтама-растау кұжаттарын ресімдеу;
• Зейнетақы кеңесшісі - бухгалтерлерге арналған консалтингтік қызмет
көрсетулер және оқыту семинарлары;
• зейнетақымен қамсыздандыруға қатысты нотариалдық қызмет көрсету
кезіндегі көмек.

ҚАРЖЫЛЫҚ ТАЛДАУ

Жылдық есеп
2005ж.    2004ж.    2003ж.   2002ж.

    Кіріс және шығыс туралы есеп

2006 жыл 01 қаңтарға

(мың теңгемен)  

Атауы
2005 жылға
2004 жылға

Комиссиялық сыйақы
2 114 674
784 921

Ағымдағы шоттар мен орналастырылған салымдар бойынша сыйақы түріндегі
табыстар
5 458
 2 805

Сатып алынған бағалы қағаздар (купон жәненемесе дисконт)бойынша сыйақы
түріндегі табыстар
19 057
8 743

Бағалы қағаздарды сатып алу –сатудан (нетто) табыстар (шығындар)
41 455
174

Сату үшін қолда бар (нетто) сауда бағалы қағаздары мен бағалы қағаздар
құны өзгеруінен түскен табыстар(залалдар)
-2 887
-1 706

“Кері РЕПО” операциясы бойынша табыстар
932
 

Шетелдік валютаны қайта бағалаудан (нетто) табыстар (шығындар)
10
-392

Қаржылық емес активтерді сатудан және активтерді алудан табыстар
1 719 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бюджеттен тыс қорлар, олардың қаржы жүйесіндегі орны туралы
Жинақтаушы зейнетақы қорлары
Жинақтаушы зейнетақы қорын мемлекеттік реттеу
Зейнетақы жүйесін реформалаудың теориялық негіздері
Халықты зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесін басқарудың теориялық және методологиялық аспектілері
Қазақстан Республикасындағы зейнетақы жүйесінің дамуы: теориясы, тәжірибесі
Бюджеттен тыс қорлар және олардың қызметі
Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесі жайлы
Қазақстан Республикасындағы зейнетақы реформасы
Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің теориялық негізі
Пәндер