Мектеп көшбасшылары тәлімгерлік пен коучинг арқылы өз мектепте еңгізілген өзгерістердің тиімді болғандығын қалай түсінуге болады



Еліміздегі болып жатқан әлеуметтік–экономикалық өзгерістер, соның ішінде білім беру саласы, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға өзгеріс енгізуді талап етіп отыр. Өзгеріс енгізу үшін әртүрлі мүмкіншілктер бар, өйткені оқытудың барлық әдістері баланы дамытуға құрылып келеді. Дәстүрлі оқыту түрлерінде оқулық пен мұғалімнің пікірін нысана етумен шектелу басым болды. Қазіргі кезде білім беру жүйесінде оқыту оқушы қабілеті, оның жан–жақты дамуы, даму әрекеттерін ұйымдастырудың қажеттілігін нақты дәлелдеп тұр.
Мектеп көшбасшылары тәлімгерлік пен коучинг арқылы өз мектептеріндегі мұғалімдерге тәжірибелерін өзгертуге қалай көмектесуге болатыны арқылы үнемі бағыт беру арқылы болу керек. Ал мұғалімдер оқушылардың оқу үдерісін жақсарту үшін не істеу керек екенін білуге тиісті. Сонымен өзгеріс еңгізу үдерісін ойдағыдай жүргізе білу үшін көшбасшылар мен мұғалімдер енгізіліп жатқан өзгерістердің мақсатын анық түсінсе жақсы жетістіктерге жетеді. Өзгерістер мақсатында ең бастапқы өзімнің мектепті дамыту жоспарымның «Оқу мен оқытудағы ақпараттық–коммуникациялық технологиялардың тиімділігін қалай арттыруға болады?» тақырыбына осы барлық атқарылған жұмыстың бағыты осы тақырыбыма жауап болды. Өйткені тәжірибе кезіндегі мектеп табалдырығын аттап басқаннан бастап деректер жинау осы ақпараттық–коммуникациялық технологияның көмегімен басталды, әкімшілікпен кездесу болсын, сабақтар үстінде, әріптестерімнен интервью, сұхбат алу және т.б.
Сонымен оқыту мен оқу тәжірибесіне енгізілетін өзгерістердің сапалы ықпал ету дәрежесі мен қорытындыларын анықтау үшін өзімнің басты қызметімнің мақсаты: мектептің шеңберіндегі даму бағдарламасын іске асыру, оқыту мен оқу тәжірибесіне жаңа тәсілдерді енгізуге бағытталған коучинг бағдарламасын енгізу барысында бірнеше әріптестеріме тәлімгер болу. Тәжірибе үстінде мониторингті жүзеге асырып, мектепті дамыту үдерісіне қолдау көрсету, сонымен қатар бағдарламаның ықпал ету дәрежесін анықтауым да міндетіме жатады.
Осылайша, тәжірибе барысында соңғы нәтижелердің ішіне мектептің даму жоспарына өз үлесімді қосуым мен бірге коучинг жүргізу, тәлімгерлік қызметімнің жұмысын атқару, коуч–мұғалімдерді оқыту мен оқу тәжірибесінде жаңа тәсілдерді енгізуге бағытталған даму бағдарламасын іске асыру болды. Мен коуч–мұғалімдеріммен бірге мұғалімдердің оқытушылық тәжірибесіне оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді енгізуге бағыт беріп тұрдым. Мектептегі дамыту бағдарламасының ықпал ету дәрежесінің мониторингін жүзеге асырып, даму бағдарламасын іске асыру барысында мәселелер туындаған жағдайда үдеріске араласып отырдым.
Сонымен қатар біраз жұмыс атқарылу үстінде аралық нәтижелердің көрсеткіштері арқылы мақсатқа қол жеткізу, дұрыс жолмен келе жатқанымды келесі айтылып кететін мәліметтерден байқауға болады деп ойлаймын.
Мәліметтерді қарастырудағы түйінді мәселелерді деректер жинағаннан кейін талдау және жүйелеу болды. Ол бастапқы деректер: мұғалімдерден, оқушылардан, ата–аналардан алған сауалналар (Қосымша №1), бірінші педагогикалық кеңестегі деңгейлік курстың бағдарламасына шолу жасаған кездегі мұғалімдердің бастапқы ой–пікірлерінің туындауы, ол коучингтар өткізу үстіндегі біршама пікірлерімен бөлісуі (Қосымша №2), сұхбаттасудағы, интервью берудегі, өз сабақтарына жаңа тәсілдерді қолданған кездері байқадым. (Қосымша №3)

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Мектеп көшбасшылары тәлімгерлік пен коучинг арқылы өз мектепте еңгізілген өзгерістердің тиімді болғандығын қалай түсінуге болады.

Еліміздегі болып жатқан әлеуметтік - экономикалық өзгерістер, соның ішінде білім беру саласы, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға өзгеріс енгізуді талап етіп отыр. Өзгеріс енгізу үшін әртүрлі мүмкіншілктер бар, өйткені оқытудың барлық әдістері баланы дамытуға құрылып келеді. Дәстүрлі оқыту түрлерінде оқулық пен мұғалімнің пікірін нысана етумен шектелу басым болды. Қазіргі кезде білім беру жүйесінде оқыту оқушы қабілеті, оның жан - жақты дамуы, даму әрекеттерін ұйымдастырудың қажеттілігін нақты дәлелдеп тұр.
Мектеп көшбасшылары тәлімгерлік пен коучинг арқылы өз мектептеріндегі мұғалімдерге тәжірибелерін өзгертуге қалай көмектесуге болатыны арқылы үнемі бағыт беру арқылы болу керек. Ал мұғалімдер оқушылардың оқу үдерісін жақсарту үшін не істеу керек екенін білуге тиісті. Сонымен өзгеріс еңгізу үдерісін ойдағыдай жүргізе білу үшін көшбасшылар мен мұғалімдер енгізіліп жатқан өзгерістердің мақсатын анық түсінсе жақсы жетістіктерге жетеді. Өзгерістер мақсатында ең бастапқы өзімнің мектепті дамыту жоспарымның Оқу мен оқытудағы ақпараттық - коммуникациялық технологиялардың тиімділігін қалай арттыруға болады? тақырыбына осы барлық атқарылған жұмыстың бағыты осы тақырыбыма жауап болды. Өйткені тәжірибе кезіндегі мектеп табалдырығын аттап басқаннан бастап деректер жинау осы ақпараттық - коммуникациялық технологияның көмегімен басталды, әкімшілікпен кездесу болсын, сабақтар үстінде, әріптестерімнен интервью, сұхбат алу және т.б.
Сонымен оқыту мен оқу тәжірибесіне енгізілетін өзгерістердің сапалы ықпал ету дәрежесі мен қорытындыларын анықтау үшін өзімнің басты қызметімнің мақсаты: мектептің шеңберіндегі даму бағдарламасын іске асыру, оқыту мен оқу тәжірибесіне жаңа тәсілдерді енгізуге бағытталған коучинг бағдарламасын енгізу барысында бірнеше әріптестеріме тәлімгер болу. Тәжірибе үстінде мониторингті жүзеге асырып, мектепті дамыту үдерісіне қолдау көрсету, сонымен қатар бағдарламаның ықпал ету дәрежесін анықтауым да міндетіме жатады.
Осылайша, тәжірибе барысында соңғы нәтижелердің ішіне мектептің даму жоспарына өз үлесімді қосуым мен бірге коучинг жүргізу, тәлімгерлік қызметімнің жұмысын атқару, коуч - мұғалімдерді оқыту мен оқу тәжірибесінде жаңа тәсілдерді енгізуге бағытталған даму бағдарламасын іске асыру болды. Мен коуч - мұғалімдеріммен бірге мұғалімдердің оқытушылық тәжірибесіне оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді енгізуге бағыт беріп тұрдым. Мектептегі дамыту бағдарламасының ықпал ету дәрежесінің мониторингін жүзеге асырып, даму бағдарламасын іске асыру барысында мәселелер туындаған жағдайда үдеріске араласып отырдым.
Сонымен қатар біраз жұмыс атқарылу үстінде аралық нәтижелердің көрсеткіштері арқылы мақсатқа қол жеткізу, дұрыс жолмен келе жатқанымды келесі айтылып кететін мәліметтерден байқауға болады деп ойлаймын.
Мәліметтерді қарастырудағы түйінді мәселелерді деректер жинағаннан кейін талдау және жүйелеу болды. Ол бастапқы деректер: мұғалімдерден, оқушылардан, ата - аналардан алған сауалналар (Қосымша №1), бірінші педагогикалық кеңестегі деңгейлік курстың бағдарламасына шолу жасаған кездегі мұғалімдердің бастапқы ой - пікірлерінің туындауы, ол коучингтар өткізу үстіндегі біршама пікірлерімен бөлісуі (Қосымша №2), сұхбаттасудағы, интервью берудегі, өз сабақтарына жаңа тәсілдерді қолданған кездері байқадым. (Қосымша №3)
Зерттеу барысында енгізілетін өзгерістердің нәтижелілігін растайтын деректерді жинақтауға келетін болсам, ол сауалнамалардың қорытыныдысының нәтижесі, мұғалімдердің Lesson Study бойынша пікірлері, жақсы өткен және қиыншылықтар болған сабақтардың талдауы, кері байланыс. (Қосымша №4)
Өзімнің А. тәлім алушым үшінші деңгейлі курстың бағдарламасын өтіп келген мұғалім, оған бастапқы кезде осы LS тәсілі туралы айтып кеткен едім және С. екінші деңгейлі тәлімгерім Сыни тұрғыдан ойлау арқылы Microsoft Word бағдарламасына шолу атты коучинг өткізгенде қатысып осы тәсіл бойынша біраз мәлімет алған. А. тәлім алушым мен бірігіп жоспар құрастыруға анықталған тағы да төрт мұғаліммен бірігіп жоспар құрдық А. тәлім алушым ағылшын тілі мұғалімі. Тізбектелген сабақтар берді, қатысқан төрт мұғалімдер: биология, бастауыш сынып, ағылшын тілі және сызу пән мұғалімдері. Осы мұғалімдерді анықтағанда ең алдымен мен оқушылардың жас ерекшеліктеріне көңіл бөлгім келді. Себебі қай мұғалім қандай буында сабақ беретініне, мысалы: биология пән мұғалімі орта және жоғары буынға, бастауыш сынып мұғалімі бастауыш буынға, ағылшын тілі мұғалімі бастауыш, орта және жоғары буынға, ал сызу мұғалімі орта және жоғары буынға. Оны неліктен ескерттік, өйткені әрі қарай осы бағдарлама бойынша Lesson Study тәсілін еңгізуді жалғастырғанда, анықталған мұғалімдер ең бірінші өздерінің әдістемелік бірлестіктеріне, өз буындарында істеген мұғалімдерге жеткізе алып, бірлесіп LS тәсілімен сабақ жүргізуді болжадық. Әріптестеріме LS тәсілі өте ұнады, өйткені топ мұғалімдердің пікірінше: осы зерттеу барысында басқаша қарауларына мүмкіндік беріп, өз сабақтарында осындай кемшіліктерді жібермеуге тырысуымыз керек деді. Осы тәсіл тек қана сабақ өткізген мұғалімге емес, сабақ үстінде зерттеу жүргізген мұғалімдерге де бір шама пайдасы тиеді екен - деген пікірлер көп айтылды. Оқушылар осындай тәсілге өте қызығушылық танытып, өз пікірлерін позитивті көңілмен бөлісіп айтты. (Қосымша №5)
LS тәсілі бойынша сабақ берген А. мұғалімнің пікірі:
Жаңалық! Қандай жаңалық болмасын адам жүрегінде үрей тудырады. Адамзат ойында өте көп ойлар туады. Бұл жаңалық қалай болмақ? Маған қалай әсер етеді? Несімен ол маңызды? Және тағы басқа. Әрине қандай болмасын жаңалық әр адамға әр қилы әсер етеді, яғни адам жаңалықты қалай қабылдағысы келсе солай болады. Мұғалімдерге қатысты жаңалықтардың бірі - үш айлық курс, яғни Кенбридж университетінің тренерлері жасап шығарған жаңа жеті модулдерді игеруге арналған курс. Бұл курс педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға арналған және негізгі мақсаты оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел - уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір - көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы ретінде қалыптасуын қамтиды.
Осы бағдарламаны оқып келгеннен кейін, сабақтарды беруге бастадым. Мен ең бірінші сабақтарымды Lesson Study сабағы ретінде өткіздім. Себебі біздің мектепке бірінші деңгейді оқып жүрген ұстаз Б., тәжірибеге келді, және менімен бірге LS сабақтарын өткізуге бағыт беріп тәлімгерім болды. LS сабағына біз басқа пән мұғалімдерін анықтап оларға жаңа әдісімен сабақ беруді бірге жоспарлап, өткіздім. Сабақ үстінде біз үш оқушыны зерттедік. Жақсы оқитын, орташа оқитын және төмен оқитын оқушыларды таңдап зерттеу жүргіздік. Бірақ зерттеуді сабаққа келген мұғалімдер жүргізді. Үш мұғалімге оқушыларды бөліп бердік. Сабақтарым барлығы жақсы өтті деп айта алмаймын, себебі басында басқа мұғалімдер отырғандықтан кішкене қобалжып, өзімді еркін ұстай алмадым. Бірінші сабақта оқушылардың да сабаққа қатысуларынан өзгешелік байқалды. Содан соң үйрене бастадық. Мен үш Lesson Study сабағын өткіздім. Сабақтардың тақырыптары бір-бірімен байланысты. "My school bag", "My school lunch box", "Review".
Бұл методиканың тиімділігі көп, өйткені әр мұғалім жеке - жеке оқушыларды зерттеген соң оқушыны толық зерттеді деп айта аламын. Кейін ол оқушыға қай жағынан көмек керектігін маған айтылды. Келесі сабақта мен ұстаздардың маған айтқанын ескердім. Мысалы, нашар оқитын оқушыны мен қасына барып арқасынан сипаған соң ол оянып сабаққа қызығушылығы артты. Топта өзін көрсеткісі келіп талпынды. Бірақ ол оқушыға әлдеқайда сенімділік жетіспейтіндігін маған зерттеуші ұстаз айтты. Ал жақсы оқитын оқушы зерттеуші ұстазға керісінше әсер қалдырды. Басқа оқушыларға мүмкіншілік бермей топтағы оқушыларды басып тастайды. Менің ойымша бұл методика жақсы оқитын оқушыға ұнамайды. Мысалы жаңағы оқушыны алатын болсақ неге мен топта жасаймын, ал қалған оқушылар көріп отырады немесе менен көшіріп алады деген ойлар туындайды екен.
Осы жұмыстардың жақсы да өткен қиыншылықтар туындаған да сәттер болды. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұғалімдердің кәсіби қоғамдастығы
Коучинг әдістері
Кембридж бағдарламасы бойынша мектепте өзгерістерді қалай енгізетін боламыз
Мектепте өзгеріс еңгізу үшін көшбасшының іс-әрекеті
Жеке оқушымен жұмыс Озық тәжірибелермен танысу, тиімділігін анықтау. Мерзімді басылымдарды шолу. Дарынды және педагогикалық тұрғыдан қараусыз қалған балалармен тәрбие жұмысы
Мектептегі әдістемелік қызмет және мұғалімдерді аттестациялау
Мектептің даму жоспарының жобасы және бастапқы нәтижелерді талдау туралы рефлексиялық есеп
LESSON STUDY: TEOPИЯСЫ MEH ҚОЛДАНУ ТӘСІЛДЕРІ
Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде инновациялық технологияларды қолдану әдістері мен тиімділігі
КОУЧ ЖӘНЕ КОУЧИНГ
Пәндер