Жалпы инклюзивті білім беру



Кіріспе
1. Жалпы инклюзивті білім беру
2. Еліміздегі инклюзивті білім беру деңгейінің дамуы
3. Мемлекеттік бағдарлама негізінде инклюзивті білім берудің мазмұны мен инновациялық жолдарын жүзеге асыру
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Дене және психикалық дамуында ауытқулары бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін сөз етсек, елімізде шешілмей жатқан түйін жетерлік. Соның ең өзектісі – мүмкіндігі шектеулі балаларды сапалы біліммен қамту. Соңғы жылдары арнаулы білім жүйесінде кемтар балалардың білім алуға қол жетімділігін кеңейтуге оң өзгерістер жасалуда. Инклюзивті білім беру мәселелері тұңғыш рет мемлекеттік деңгейде көтеріліп, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасында инклюзивті білім жүйесін дамыту жан-жақты қарастырылған.
Инклюзивті оқыту деген не? Және де бүгінгі күні даму мүмкіндігі шектеулі балаларды инклюзивтік оқыту неге өзекті мәселеге айналып отыр деген сұрақтарға тоқталсақ,
Инклюзивті білім беру – барлық балаларды жалпы білім үрдісінде толық енгізу және әлеуметтік бейімделуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзету-педагогикалық және әлеуметтік қажеттіліктерін арнайы қолдау, қоршаған ортаның балаларды жас ерекшеліктеріне және білімдік қажеттіліктеріне бейімделуіне жағдай қалыптастыру, яғни жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат.

Жалпы инклюзивті білім беру
Инклюзивті оқыту – барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеретін, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісінің дамуы. Бұл оқыту түрі балалардың оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады және мүгедек баланың адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттікті дамытуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту негізінде балалар құқығын кемсітпеу, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге ерекше оқыту қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр.
Бала – болашағымыз, болашағымызға бәріміз жауаптымыз. Десек те, ата-аналардың басым бөлігі баласының оқу-тәрбие мәселесіне келгенде жайбарақаттық, салғырттық басым. Көптеген ата-аналар баласының тілі жай шыққанына, есте сақтау қабілетінің нашарлығына, өңі үнемі бозарып жүретініне дер кезінде мән бермейді, білікті маманға апарып көрсетуге мойыны жар бермейді, тіпті, баласының болашағына алаңдайды дегеннің өзінде қаражат жоқтығын сылтауратып, қозғала қоймайды. Олардың көбі псиологиялық-медициналық, педагогикалық комиссияның қызметі тегін екендігін, логопедтен, психологтан тегін кеңес алуға болатынын біле бермейді немесе баласының еркелігін сылтау ететіні жасырын емес. Соның кесірінен баланың ақыл-ой дамуы нашар деңгейде екені мектепке барғанда бір-ақ белгілі болады. Міне, осыдан кейін барып Үкіметтің инклюзивті білім беру мәселесіне не үшін соншама баса назар аудара бастағанын түсінуге болатындай.
1. «Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы». -А.,2010ж.
2. 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (І кезең) - А., 2011ж.
3. «Инклюзивное обучение» (дидактический материал к лекционному курсу) РИПКСО кафедра коррекционной педагогики. -А., 2002г.
4. www.asip@nursat.kz. Ассоциация социологов и политологов Казахстана. Стандарттық сұхбат үшін.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
1. Жалпы инклюзивті білім беру
2. Еліміздегі инклюзивті білім беру деңгейінің дамуы
3. Мемлекеттік бағдарлама негізінде инклюзивті білім берудің мазмұны мен инновациялық жолдарын жүзеге асыру
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе
Дене және психикалық дамуында ауытқулары бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін сөз етсек, елімізде шешілмей жатқан түйін жетерлік. Соның ең өзектісі - мүмкіндігі шектеулі балаларды сапалы біліммен қамту. Соңғы жылдары арнаулы білім жүйесінде кемтар балалардың білім алуға қол жетімділігін кеңейтуге оң өзгерістер жасалуда. Инклюзивті білім беру мәселелері тұңғыш рет мемлекеттік деңгейде көтеріліп, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасында инклюзивті білім жүйесін дамыту жан-жақты қарастырылған.
Инклюзивті оқыту деген не? Және де бүгінгі күні даму мүмкіндігі шектеулі балаларды инклюзивтік оқыту неге өзекті мәселеге айналып отыр деген сұрақтарға тоқталсақ,
Инклюзивті білім беру - барлық балаларды жалпы білім үрдісінде толық енгізу және әлеуметтік бейімделуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзету-педагогикалық және әлеуметтік қажеттіліктерін арнайы қолдау, қоршаған ортаның балаларды жас ерекшеліктеріне және білімдік қажеттіліктеріне бейімделуіне жағдай қалыптастыру, яғни жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат.

Жалпы инклюзивті білім беру
Инклюзивті оқыту - барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеретін, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісінің дамуы. Бұл оқыту түрі балалардың оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады және мүгедек баланың адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттікті дамытуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту негізінде балалар құқығын кемсітпеу, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге ерекше оқыту қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр.
Бала - болашағымыз, болашағымызға бәріміз жауаптымыз. Десек те, ата-аналардың басым бөлігі баласының оқу-тәрбие мәселесіне келгенде жайбарақаттық, салғырттық басым. Көптеген ата-аналар баласының тілі жай шыққанына, есте сақтау қабілетінің нашарлығына, өңі үнемі бозарып жүретініне дер кезінде мән бермейді, білікті маманға апарып көрсетуге мойыны жар бермейді, тіпті, баласының болашағына алаңдайды дегеннің өзінде қаражат жоқтығын сылтауратып, қозғала қоймайды. Олардың көбі псиологиялық-медициналық, педагогикалық комиссияның қызметі тегін екендігін, логопедтен, психологтан тегін кеңес алуға болатынын біле бермейді немесе баласының еркелігін сылтау ететіні жасырын емес. Соның кесірінен баланың ақыл-ой дамуы нашар деңгейде екені мектепке барғанда бір-ақ белгілі болады. Міне, осыдан кейін барып Үкіметтің инклюзивті білім беру мәселесіне не үшін соншама баса назар аудара бастағанын түсінуге болатындай.

Еліміздегі инклюзивті білім беру деңгейі
Біздің елімізде инклюзивті білім идеясына қоғамның қатынасы әлі де болса төмендігі байқалады. Бұқаралық ақпарат құралдары (газет, журнал, теледидар, радио) арқылы инклюзив идеясын халыққа жеткізу жеткілікті дамымаған десе де болады. Көп жағдайда бұқаралық ақпарат құралдары мүмкіндігі шектеулі балалар кейпін кемтар, мүгедек, әрдайым материалдық жәрдемді қажет ететін қоғам мүшесі ретінде көрсетеді.
Елімізде инклюзивті білімнің нашар дамуы ҚР-да білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік білім бағдарламасында сипатталып, оның жоспарлы дамуына әсер ететін қауіп-қатер ретінде елімізде мүмкіндігі шектеулі балалар мен мүгедек балалардың көбеюі атап көрсетілді және 2 кезеңге белгіленген инклюзивті білімді жүзеге асыруға мақсаттар мен міндеттер айқындалды. Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде ҚР-да 2015 жылға қарай инклюзивті білім берумен мүмкіндігі шектеулі балалардың 25%-н қамту көзделсе, инклюзивті білім беруге жағдай жасаған мектептер үлесі 30%-ға, 2020 жылға қарай 70%-ға ұлғаяды, инклюзивті біліммен қамтылған балалардың үлесі даму мүмкіндігі даму мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы санынан 50% құрайтын болады. Дегенмен бұл саланың да проблемалары жетерлік. Қазіргі уақытта инклюзивті білім беруді дамытудағы нақты прогреске бірнеше факторлар: объективті және субъективті қиындықтар кедергі келтіруде.
Интеграциялы оқытудың объективті қиындықтары:
* Интеграциялық мектептерді ұйымдастыруға бір қалыпты ережелер мен талаптарды реттеуге арналған нормативтік құжаттамалардың жоқтығы.
* Арнайы сыныптарды ұйымдастыру проблемалары, оларлың аса толық болуы, себебі, бұл сыныптарға тек мүмкіндігі шектеулі балалар ғана емес, девиантты мінез-құлықты, жанұясының жағдайы нашар, немесе тағы сол сияқты балалар болады.
* Кемшіліктердің түрін анықтау тәсілдері мен диагностиканы жасау тиімділігінің жоқтығы, сол себептерден арнайы сыныптардың мүмкіндіктері және салалы диагноздың сәйкес келмеуі.
* Стандарттық процедуралардың әзірленбегендігі, мүмкіндігі шектеулі оқушылардың оқу дәрежесін үнемі қадағалау мақсатында білімді мониторинг жүргізу үшін индикаторлардың және инструменттердің жоқтығы.
* Штатта логопед, дефектолог, сурдопедагог, тифлопедагог және т.б. мамандардың жоқтығы.
* Оқу-тәрбие процесінің ұйымдастыру жоспарларын өзгертуде басқару ұйымдарының қызықпаушылығы мен біліктіліктің жеткіліксіздігі.
* Ресурстар орталығының мамандары жағынан тұрақты кеңестің болмауы.
Мектептер көбінесе объективті мынадай қиындықтармен кездеседі:
* Төмен дәрежелі материалды-техникалық жабдықтау. Арнайы дайындалған кадрлармен және көрнекі құрал материалдарымен, бағдарламалық-әдістемелермен жеткілікті қамтамасыз етілмеуі.
* Мүмкіндігі шектеулі балалармен оқыту процесінде жеке-дара тіл табуды жүзеге асыру үшін мүмкіндігінің шектеулілігі.
* Мамандар мен бос оқу бөлмелерінің жетіспеуі салдарынан, сабақтан тыс уақытта жеке-дара өткізу проблемасы.
* Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істейтін, жалпы мектеп мұғалімдері үшін біліктілігін жоғарылатуы мен қайта дайындау курстары ұдайы жүргізілмейді.
* Мектептер қажетті арнайы әдебиеттермен қамтамысз етілмеген.
* Біріктіріп оқыту сұрақтары бойынша ақпарат пен тәжірибе алмасу үшін мектеп арасы байланыстар жүйесі дамымаған.
* Мүмкіндігі шектеулі балаларға деген мектеп ұжымында қоғамдық қатынас, үстемік стереотиптер;
Дені сау балалармен мүмкіндігі шектеулі балалардың бірігіп оқу кезіндегі субъективті түрде болатын қиындықтарына тоқталсақ:
* Мүмкіндігі шектеулі балалармен жеке проблемалардың болуы, олардың жеткіліксіз дамуымен байланысты (ауру, сабақтан қалу, үлгермеу, жалпы оқу мотивациясының төмендігі, сабақ үстінде өзін-өзі адекватты ұстамау).
* Ұстаздар мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынас проблемалары, олардың арасындағы шиеленістер.
* Оқушылардың жүріс-тұрысындағы проблемалары, сау балалармен мүмкіндігі шектеулі балалардың қарым-қатынас арасындағы шиеленістер.
* Дені сау балалар жағынан ауру балаға дөрекі қарым-қатынас, немқұрайлықпен қарау, дискриминация.
Осы қиындықтардан инклюзивті оқыту жалпы мектептің педагогынан басқаша дайындықты, жоғары мамандандырылуды, шығармашылықты және тәжірибені талап ететіндігі байқалады. Өйткені баланың психикалық даму мәселесіне сауатсыздықпен қарау оның жеке басына қосымша кемістіктердің пайда болуына себепкер болуы мүмкін. Дәл осы тұста, білім мекемелеріне ПМПК мамандары әдістемелік көмек беруге тиісті.
ПМПК мамандарының міндеттері: арнайы педагогиканың жетістіктеріне сүйене отырып, балабақшалар мен мектептерге психологиялық, коррекциялық әдістемелік көмек көрсету, интеграциялық тәлім-тәрбиесіндегі әр оқушыны жеке даму ерекшеліктеріне сай тұжырымдар жасау кіреді. Одан басқа, инклюзивті білім беруді дамытудың сұрақтары бойынша педагогикалық қызметкерлерге, ата-аналарға арналған ағарту жұмыстарын жүргізеді және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы үгіт-насихат жұмыстарын ұйымдастырады.
Қызылорда облысы Қазалы ауданында 2005-2006 оқу жылында аудандық ПМПК қорытындысына сәйкес инклюзивті білім беретін 2 сынып ашылды. Осы орайда ата-аналар тарапынан туындаған қарсылықтар, келіспеушіліктер, педагогтардың қарама-қайшы пікірлері алдымыздан шығып отырады. Бірақ, осындай кедергілерге қарамай, жергілікті басқару органдарымен біріккен өзара іс-қимыл жасаудың нәтижесінде кездескен қиындықтарды жеңіп, арнайы сынып әлі күнге дейін жұмыс жасап келеді. Инклюзивті класқа сабақ беретін мұғалімдер облыстық, республикалық білім жетілдіру курстарынан өткізілді. Мектепте арнайы 2 класс кабинеті бөлінген. Диагностикалық материалдарға және кабинет безендірілуге қаржы қаралмаған. Класс жетекшілер өз қаражаттары есебінен кабинетті балалардың психофизиологиялық денсаулығын, оқушылардың даму ерекшелігіне сәйкес, әр баланың психологиялық-эмоционалдық саулығына жағымды әсер ететіндей етіп безендіруде. Класс оқушылары бір мезгіл ыстық тамақпен, тегін оқулықпен қамтамасыз етілген. Балалрдың шығармашылық талаптарын ұштау және дамыту іс-шаралары өткізіліп отырады. Спорттық байқаулар, ертеңгіліктер, өнер байқаулары, балаларды қорғау күндері, мүгедектер күндеріне арналған түрлі тақырыптағы шаралар жүргізіліп отырады. Арнайы сынып оқушыларына ПМПК-ның логопед, дефектолог, психолог мамандарының коррекциялық-педагогикалық көмектері көрсетіп келеді.
Арнайы түзету класының алғашқы оқушылары қазіргі таңда жалпы кластың 7-класында білім алуларын жалғастыруда. Оларды ПМПК-ның жыл сайынғы бақылау қорытындысы интеграциялық жағдайда білім алудың нәтижелі болатындығын көрсетіп отыр. Ата-аналармен бірігіп жұмыс жасау нәтижесінде балалардың үлкендермен, құрбыларымен, жалпы айналасымен қарым-қатынасы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс жасауға даярлау процесін талдау
Инклюзивті білім берудің ерекшеліктері
Инклюзивті білім берудің халықаралық тәжірбиесі
Инклюзивті білім беруде колледж студенттерін оқытудың педагогикалық шарттары ның теориялық негіздері
Бастауыш сыныпта инклюзивті білім беруді ұйымдастыру ерекшеліктері
Инклюзивті білім берудің халықаралық тәжірибесі
Мүмкіндігі шектеулі балаларды қашықтықтан оқыту
Мүмкіндіктері шектелген балаларды оқытудың тұжырымдамалық негіздері
Инклюзивті білім беруді регламеттейтін дамытуға бағытталған құқықтық құжат
Инклюзивті білім беру
Пәндер