Сұлтанмахмұт Торайғыров романдары мен өлеңдері



І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
1. Сұлтанмахмұт Торайғыров романдары мен өлеңдерінің психологиялық . теориялық мәні.
«Қамар сұлу» романындағы жеке тұлғаның ролі.
Қамар кейпіндегі қазақ қызының психологиялық бейнесі.
І ТАРАУҒА ҚОРЫТЫНДЫ
2. Сұлтанмахмұт Торайғыров романдары мен өлеңдерінің іс.тәжірибиесіндегі маңызы.
2.1. Бұрынғы және қазіргі Қамар сұлудың психологиялық бейнесі.
2.2. «Шығамын тірі болсам, адам болып» шығарамасы арқылы жеке тұлғаның ерік . жігерін дамыту.

ІІ ТАРАУҒА ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОСЫМША

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Ұлт болып қалыптасқан кезден бастап өз ұлтың шығармаларымызбен бала тәрбиесін дамытуымыз қажет. Осы ашрттарды болдырмау үшін Сұлтанмахмұт Торайғытовтың «Қамар сұлу» романы мен «Шығамын тірі болсам, адам болып» өлеңі арқылы әри баланың тәрбиесіне қолдану таптырмас әдіс.
Зерттеудің мақсаты:
Сұлтанмахмұт Торайғытовтың психологиялық ой-мақсаттарын өз шығармалары арқылы оқушылар санасына жеткізу.
Зерттеудің теориялық мәні:
Психология ғылымында Сұлтанмахмұт Торайғытов шығармаларының орны.
Зерттеудің практикалық мәні:
Психологиялық терминдер және психикалық құбылыстар жайлы Сұлтанмахмұт Торайғытовтың пікірлерін қолдану.
1. Асқар Алтай. Алматының асыл перзенті (С.Торайғыровтың туғанына 100 жыл) Қазақ әдебиеті , 1993-2 көкек.
2. Әбденов М. Ақынның қолтаңбасы (С.Торайғыров туралы) Қазақ әдебиеті , 1983 , 28 октябрь
3. Әлімбаев М. Қыршын классик (С.Торайғыров 100 жылдығына) Алматы 1993 , 30 мамыр
4. Әсіп С. Қайталап оқитын дастан (С.Торайғыров туралы)// Халық кеңесі. -1993- 8 шілде.
5. Батаева Д. Сұлтанмахмұт ірі суреткер (С.Торайғыров туралы) Қазақ және ғылым әдебиеті 2006 №3
6. Белбаева М. Әміреева С.Торайғыров шығармалары тілінің сөздігі, Алматы: Ғылым, 1995 ж.
7. Жұматаева С.Торайғыров шығармашылығына жаңаша оқытудың мәнісі // Ұлт тағылымы. 2004 , №2
8. Жүрекжарды жырау хат (С.Торайғыровтың туғанына 100 жыл) Халық кеңесі . 1993 -24 шілде.
9. Естанов С, Жұматов жыр сұлтаны (С.Торайғыровтың туғанына 100 жыл) Халық кеңесі . 1993. 24 шілде
10. Ергөбек К. (Ұлы ақын С.Торайғыровтың туғанына 100 жыл). Халық кеңесі . 1993 . 8 шілде
11. Рақымжанов Т. Көркем деталь мен шығармашылық өнердің мәні . Қазақ тілі мен әдебиеті. 1992 . №10,11,12.
12. Рысбеков Қ. «Шығамын тірі болса, адам болып» Оңтүстік Қазақстан-2003. 6 қараша
13. Торайғыров С. Асыл сөз: өлеңдер мен дастандар. С.Торайғыров –Алматы: ҚАЗақпарат, 2005, 8 бет
14. Шамкенов А. Аққан жұлдыздың сыңары. (С.Торайғыровтың шығармаларынан) Қазақ әдебиеті . 1993 , 2 шілде
15. Ысқақұлы Д. «Мен, қазақ, қазақпын» деп мақтанамын. Егемен Қазақстан 2003. 1 қараша.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
1. Сұлтанмахмұт Торайғыров романдары мен өлеңдерінің психологиялық –
теориялық мәні.
1. Қамар сұлу романындағы жеке тұлғаның ролі.
2. Қамар кейпіндегі қазақ қызының психологиялық бейнесі.
І ТАРАУҒА ҚОРЫТЫНДЫ
2. Сұлтанмахмұт Торайғыров романдары мен өлеңдерінің іс-тәжірибиесіндегі
маңызы.
2.1. Бұрынғы және қазіргі Қамар сұлудың психологиялық бейнесі.
2.2. Шығамын тірі болсам, адам болып шығарамасы арқылы жеке тұлғаның
ерік – жігерін дамыту.

ІІ ТАРАУҒА ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОСЫМША

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі:
Ұлт болып қалыптасқан кезден бастап өз ұлтың шығармаларымызбен бала
тәрбиесін дамытуымыз қажет. Осы ашрттарды болдырмау үшін Сұлтанмахмұт
Торайғытовтың Қамар сұлу романы мен Шығамын тірі болсам, адам болып
өлеңі арқылы әри баланың тәрбиесіне қолдану таптырмас әдіс.
Зерттеудің мақсаты:
Сұлтанмахмұт Торайғытовтың психологиялық ой-мақсаттарын өз шығармалары
арқылы оқушылар санасына жеткізу.
Зерттеудің теориялық мәні:
Психология ғылымында Сұлтанмахмұт Торайғытов шығармаларының орны.
Зерттеудің практикалық мәні:
Психологиялық терминдер және психикалық құбылыстар жайлы Сұлтанмахмұт
Торайғытовтың пікірлерін қолдану.

І ТАРАУ
1. Сұлтанмахмұт Торайғыров романдары мен өлеңдерінің психологиялық –
теориялық мәні
1.1. Қамар сұлу романындағы жеке тұлғаның ролі
Соңғы ғасырдың ішінде қазақ халқының маңдайына сыймай, дүниеден тым,
ерте өткен дарын иесіне деген ынтық көңіліміз суыған емес, ешқашан суымайды
да. XX ғасырдың бас кезінде Сұлтанмахмұт Торайғытов аз ғана ғұмыр кешіп,
өмірден аққан жұлдыздай зу етті ғой. Әттең не керек, құдайым тым болмаса
тағы бір оншақты жылды бұйыртқанда, қаншама мұраға кенелер едік. Бірақ
ақынның мәңгі өшпейтін із қалдырғаннын ескерсек, өкініштің де реті жоқ
секілді. Мәселе кімнің көп, кімнің аз жасағанында емес – ау, сірә. Ең құнды
шығармаларын жасы ұлғайған шақта жазғандар бар да, аз уақыттың ішінде баға
жетпес мол дүние қалдырған орыстың Лермонтовы сияқты дарындар әр халықтың
әдебиетінен де кездеседі. Соның бірі - өзіміздің Сұлтанмахмұт.
Ғұмырының аққан жұлдыздай жалт беретінін сезгендей, Сұлтанмахмұт алты
жасынан хат тани бастап, он бір жасынан – ақ өлең жазумен әуестенген екен.
Әуелгі әуесқойлық оны он төрт жасынан бастап, осы өнерге әбден мойындатты:
Қаламды шын беріліп алдым берік,
Әлдеқандай бір күшке көңіл сеніп,
Бұрын жалғыз оқу еді іздегенім,
Енді оған өлең жазу болсын серік, - деп енді өзінің осы жолдан
айнымайтынын білдіріп, өзіне-өзі серт бергендей болады.
Он жеті, он сегіздің арасында-ақ, кәдімгі көргені көп салиқалы
жыршыдай, адамгершіліктің биік сапынан көрінеді. Тіршіліктің тауқыметін
бала кезден сезінген ақын еліне елеулі адам болу үшін, бәрінен бұрын білім
керектігін әр кезеңде еске алып отырады. Бар қиындықты тек ғылым жолымен
жеңуге болатынын уағыздайды. Өнерлі ел өзіне керек бар мұхтажын жерден
өндіріп табатынын, басқаға малайлыққа жеккен күшін адам өзі үшін жұмсаса,
көрінгенге жем болмай тер төгіп еңбек етсе, сонда ғана теңдікке қолы жетер
еді дегенге шақырады. Әйтеуір надандықтың бұғауынан құтылып, іргелі ел болу
үшін бар күш – жігерін соған қайар бейімдеу керектігіне баса назар
аударады.
Ақынның психологиялық пікірлері Қазан тәңкерісі алдындағы дала
өңіріндегі дүрбелеңмен сабақтасып отыратындығы белгілі, сондықтан да оның
пәлсапасының басты мәселесі ретінде жаңа заманның лебі жақсы байқалады.
Мәселен, оның таным жайлы пікірінің негізгі түйіні: бізді қоршап тұрған
сыртқы дүниенің ұшы - қиыры жоқ, ол сансыз атомдардан тұрады, бұлардың
бірі тозып, өшіп жатса, екіншілері жаңадан пайда болып жатады, ал адамның
жан дүниесі атомдардан тұрады, тәннің өзіндік заңдылықтарына орай жүріп
отырады деуі – ғылымилығымен ерекшеленеді.

Ойласам дүниеде қанша жан бар,
Адам бар, ағаш бар, мал мен аң бар,
Жанды, жансыз нәрсенің бәрі – дағы
Әр себептің жемісі байқасаңдар.
Қасқыр болмақ, құс болып, ұшып – қонбақ –
Сол болғандар болмаған өздігінен,
Болғызған еріксіз бір себеп қолдап.
Сұлтанмахмұт Торайғытовтың пікірінше, адам табиғатының туындығы,
ондағы себептіліктің жемісі. Ол дүниенің сырларын біртіндеп ашып, оны шама
– шарқына өзгертіп отыратын белсенді тұлға. Адам сыртқы дүниемен байланыса
отыра оны біртіндеп тани біледі, сөйтіп өзінің ақыл – ойын дамытады, оның
ешбір рухани қасиеті туысынан пайда болмаған. Ақын бізді қоршап тұрған
дүние сыры мол, үлкен дүние, бірақ оны тануға әбден болады деп келіп,
мұндай ғылымның алатын орны ерекше екендін былайша түйеді:
Зерттесе де адамға білмейтін ғып,
Дүние ешбір сырын жасырмаған...
Әлемдегі терең сыр
Ғылыммен ғана ашылмақ...
Дүние, табиғат, тіршілік жөнінде осындай ғылыми жаратылыстардың пікір
айтқан ойшыл ақын айналада болып жатқан дүбірлі өзгерістер мен оқиғалардың
шығу себебін, олардың түпкі негізінің неде жатқандығын қозғаушы кімдер
екенін ажырата алмай, бұлардың басты себебін адамның ақылы мен ой-санасынан
іздеді. Жалпы, Сұлтанмахмұт көркем әдебиеттің барлық саласында да өзіндік
ізін қалдырған талан иесі екені мәлім. Аз ғұмырының ішінде соншама күрделі,
сүбелі, кесек дүниелерді туғызып, өнімде еңбек еткеніне қайран қалмасқа
болмайды. Бір өкінішті жағдай Қайғы, Айтыс Қала ақыны мен дала ақынның
айтысы секілді поэмаларын аяқтай алмай кетті. Кім жазықты? романының
соңғы жағын да жоғалтып алған. Кейбір драмалық шығарманың уақиға желісі
ғана қағазға түсірілген күйде қалды. Соның өзінде де, Сұлтанмахмұттың
Жарқынбай, Адасқан өмір, Кедей атты поэмалары мен Қамар сұлу,
Кім жазықты? романдары қазақ әдебиетінің биік шыңдарының қатарынан
саналатыны айдан анық.
Ал енді, ақынның бүкіл шығармасын қамтып, әсіресе жоғарыда аталған
күрделі туындыларына талдау жасамақ түгіл, шолып өтудің өзі бір мақала
үшін ауыр жүк. Әйтсе де, сезімнің сыртқа шықпас түрі бар ма? деп ақынның
өзі айтқандай халқымыздың аяулы қазынасына айналып кеткен дастархандарын
тағы бір сәл де болса еске сала кетпеуге болмас.
Ақынның Қамар сұлуы - қазақ әдебиетіндегі алғашқы романдардың бірі
боп саналатыны белгілі. Көлемі жағынан да, көтерген әлеуметтік мәселелері
жағынан да, бұл романның әдебиетімізден алатын орны өзгеше, күрделі дүние.
Қамар сұлуда әйел теңдігі, бас бостандығы сөз болып, сан алуан адамдардың
қақтығыстары суреттеледі. Бір-біріне ынтыққан байдың қызы Қамар мен кедей
баласы Ахмет екі топтың кесірінен бейнет шегеді.
Сұлтанмахмұт өмір сүрген кездегі ең күрделі мәселелердің бірі - әйел
теңдігі. Қалың малдың қырсығынан жас қызды шалға беру немесе әмеңгерлік
дәстүрі, қысқасы қазақ қоғамындағы әйелдің теңсіздігі сол кездегі
үйреншікті жексұрын көрініс десе де болғандай. Жаңа заманның лебі, орыс
мәдениетінің тікелей әсер етуі нәтижесінде қазақ ауылына енген жаңалықтар
(газет – журналдардың шығуы, оқу ағарту орындарының көбеюі, оқыған қазақ
жастарының пайда бола бастауы, т.б.) ежелден шешілмек келе жатқан әйел
мәселесін қайта қарау қажет екендігін күн тәртібіне әкеліп қойды. Сонымен
бірге осы тақырыпқа өлең, әңгіме, роман, мақалалар жазылатын болды.
Мұсылманша болсын хат танып, көзі ашылып, сана-сезімі оянған қазақ
қыздарының өздері де даусын көтеріп, ғасырлар бойы еңсесін басып келген
теңсіздікке қарсы шықты. Міне, осы тақырып Сұлтанмахмұт шығармаларынан да
зор орын алып, жазушы өз творчествосының өн бойында үнемі назарын аударып
келді. Несіпжан деген жас қыздың ауру шалға берудің құсасынан хал үстінде
жатқанына арнаған шағын әңгімесінен бастап, Кім жазықты? мен Қамар сұлу
тәріздес кесек шығармаларына дейін жазушы бұл тақырыпта үлкен мән беріп,
жеке бастың мұңын мұңдаудан гөрі, әйел тағдырының әлеуметтік сырын ашуға
ұмтылғанын анық аңғарамыз.
Автор роман сюжетін қазақ әйелінің теңсіздігі күйін көрсетуге
құрғанмен, сол оқиғаға байланысты бүкіл қазақ қоғамының тіршілігін, ұғым –
нанымын терең бейнелейді бүкіл қазақ қоғамының тіршілігін, ұғым нанымын
терең бейнелейді, ескі ауылды құрт аурудай жайлап есеңгіреткен, тоздырып
бара жатқан әдет-ғұрыптың кертартпа жақтарын әшкерелейді. Сол негізде
феодалдық – патриорхатдық қоғамның күйреуін көрсетеді.
Сұлтанмахмұт Торайғытов бұл романда жеке тұлғаның бейнесін өте
әсерлі бейнелеп, оның өзіне сай, сол заманның кертартпа әдет- ғұрпына сай
мінез-құлық та жаратып береді. Осы негізге сүйене отырып, Сұлтанмахмұт
романның кейіпкерлерін былай сомдайды:
Жіңішке сымға тартқан әні қандай,
Балауыз балбыраған тәні қандай.
Ақыл, ой, мінез, көрік түгел келіп,
Толықсып толып тұрған сәні қандай
Еріткен іші – баурыңды көзі қандай,
Бал тамған майда бұлбұл сөзі қандай.
Жұп-жұмсақ, бып-биязы іші кіріп,
Жатқандай жан күйдірген кезі қандай!
Күлгенде көзіңді алып кірсіз тісі,
Қайнамас оны көріп кімнің іші?
Алмас қылыш жүзіндей аударылған,
Сүйгізіп көлеңкесін әрбір ісі.
Нұрлы жүз жан – жағына сәуле шашып,
Бойының мінсіздігі онан асып.
Өзгеден сып-сыпайы һәм сүйкімді,
Ең арты жүрсе – дағы аяқ басып, - деп сомдау романның басты
кейіпкері, Омардың бар мейірімі түскен ару қызы – Қамар еді.
Сұлтанмахмұттың суреттеуіндегі Қамар - өз заманының озық қызы, сұлуы,
ақылдысы, ақыны, аздап болса да оқығаны бар тұлға.
Қамар көптің бірі, надан, кедей қызы емес. Текті атаның бетінен қақпай
өсірген ерке, есті, әдепті қызы. Ата-анасының алдына шығып, елдің салтын
бұзсам деген ойында да жоқ.
Сұлу Қамар, ақын Қамар, жаным Қамар,
Қамаржан, сені ойласам, ішім жанар.
Үлбіреген аузыңнан бір сүйгізген,
Ішкендей кәусар суын мейірім қанар... - дегендей өлеңдер сол
маңайдағы бозбалалардың аузынан екі елі тастамайтын тәспиғы еді. Және бір
нәрсені көңілдері ұнатып, мақтағысы келмес: Уай шіркін! Мынау Қамардай
екен! десуші еді. Кей уақыт Қамардың көзіне жазатайым көздері түсіп
кеткендері де әлдеқандай көтеріліп, қуанып қалушы еді. Қамар біреуінен
әншейін бір істің жөнін сұарса да: Қамар маған сүйдеді, бүйдеді... деп,
неше күндей әркімге бір әңгімелеп, дамытуға со да жетуші еді. Мінекей,
Сұлтанмахмұт Торайғытовтың сомдаған Қамар осындай еді!
XIX ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген қазақ ағартушылары сияқты
Сұлтанмахмұт та адам тағдыры жайлы, мүдде – мақсаты туралы көп ойлап,
терең толғанды. Ол еңбекші халыққа жаны ашып дала өміріндегі тұрмыстың
бүкіл тауқыметі кедей атаулының басында екендігін, өмірдегі адамға қажетті
жердегі жандайшаптары бұларды сүлікшей сорып отырғандығын жақсы аңғарды.
Ақынның ойынша, адам - өскен ортасының, өмір сүрген жағдайының
туындысы, Дүниедегі нәрсенің бәрі, - деп жазды Сұлтанмахмұт Торайғытов
бір сөзінде, - белгілі бір жағдай мен орта әрекетінің нәтижесі. Бұл
жағдай ортаны жасау – жарату адамның қолынын келеді, адамның хайуанаттан
өзгешелігі де осында, адамның ақыл-ойымен табылған нәрсенің бәрі де осылай
жасалған. Сұлтанмахмұт Торайғытов адам психологиясының қалыптасуы іс-
әрекеті үстінде болып отыратын, адам тіршілігінің мазмұнын да қоршаған
ортасы, әлеуметтік жағдайлар бейлейтіндігін, сондай-ақ үй іші, отбасы, әке-
шешесінің де (көргені әке - шеше қандай болса, алмақшы сонан үлгі баласы
да) дегендей жас ұрпақ санасының қалыптасуында, шешуші рол атқаратындығын
жақсы түсіндірген. Ол адам психологиясы тағдырға, жазмышқа байланысты емес,
керсінше оның өскен ортасына, бәрінен бұрын оның өзіне, нақтылы іс-
әрекетіне тәуелді екендігін айтты. Ақын қоғамдық жағдай адам психологиясына
тағдырға, жазушылыққа байланысты емес, керсінше оның өскен ортасына,
бәрінен бұрын оның өзіне, нақтылы іс-әрекетіне тәуелді екендігін айтты.
Ақын қоғамдық жағдай адам психологиясына ерекше әсер етіп, терең із
қалдыратындығын, әр түрлі қоғамды адамдардың сана-сезімі де түрліше болып
қалыптасатынын нақты деректермен романдағы Қамардың сүйген жігіті, жәуке
баласы Ахметті өте нанымды көрсеткен: сол кезде аса жақын болмаса да,
омарларға үш-төрт атадан барып қосылатын Сарбас деген ауылда Жәуке деген
кісінің оқу соңында жүрген жиырма бір жаста Ахмет есімді бір жақсы зерек
баласы бар еді. Жәуке өзі нашар кісі болса да, бар тапқан – таянғаннын
жалғыз баласы Ахметтің оқуына салып, жасынан олай сүйреп, былай сүйреп
жүріп, әйтеуір молда атына іліктіріп еді. Бертін келген кездерде Жәукенің
ол бейнеті босқа кетпей, Ахметтің арқасында аузы асқа, ауы атқа тиіп,
есіктегі басы төрге жетті. Аса байып келе қоймаса да, өзіне-өзі тоқ, жақсы
ғана дөңгелек ауқат та бітті.
Бұл Сарбас ауылы осы Омекеңдермен ыңғайлас, жазы қысы қоныстары бір,
аралас – құралас еді. Ахмет пен Омардың үлкен баласы - Қасен құрдас. Һәм
жасынан бірге өсіп, бірге оқып, біте қайанған сырлас еді. Бірінсіз бірі
тыншып тұрмас еді. Мұсылманша оқуды екеуі сабақтас болып оқып рушді
сыныптарын (5-7 кластар көлеміндегі оқу) бітіріп, онан соң ауылнай школда
оқып тамамдаған соң Қасенді әкесі гимназияға енгізіп, Ахмет қолының
қысқалығынан онан артық ұзай алмай қалғандығына онан артық ұзай алмай
қалғандығына бірсыпыра жыл болып еді. Ахмет онан соң да тағы талпынып оқып,
иғдади сыныптарын бітірді (10 класс көлеміндегі оқу). Бертін уақыттарда
үлгілі жердерді аралап, тәртіп, дүние танығысы келсе де, қартайған әкесін
қимай, өзі жалғыз болған соң қайтерін білмей қарайлап жүрген жайы бар еді.
Және Ахметтің ақыл – ойы зеректілігінің үстіне сұңқардың баласындай
бітімі жақсы, көзге түсерлік көзкі бар, сөзге шешен ойдан шығарға ақын,
жорып салма өткір еді. Той секілді жұрт жиналған жерлерде өлең болсы, ойын
болсын, газет, журнал, кітап оқып, шариғат – насихат айту болсын, ең арты
біреуді сықақтаған қулық болсын, ең арты біреуді сықақтаған қулық болсын,
бас бәйге Ахметтікі еді. Тартынбай тамылжытып сөйлегенде өзінен үлкен
кішілердің аузынан суын ағызып, көңілдеріндегі уын шығара жаздаушы еді.
Соның үшін елдің атқамінер, ақсақалдары: Оқыды деп Жәукенің баласын айт.
Әне сондай болсайшы, - деп біреуге ақыл айтақнда қызға Қамарды үлгі
қылатын секілді, бозбалаға Ахметті үлгі қылып ұстаушы еді. Қыз қылығынан
деп ... не қылса да, Ахмет осындай – осындай ... қылықты мінездермен
құрбы – замандастары арасында айтулы һәм ағайын, халқына сүйкімді болып,
жас та болса біраз жұртқа атаға да шығып кетті... Міне, Ахмет бас болған
жерде бас болып, жас болған жерде жас болып, тіпті мас болған жерде мас
болып, тоғыз қырлы, тоқсан сырлы жігіт ағасы деуге лайық болып жүреді.
Міне, романдағы Сұлтанмахмұт Торайғытовтың бейнелеген Ахмет бейнесі
нағыз қазақ ұлдарына сай мінез – құлық иесі еді.
Сонымен қатар мен бұл анықтамаға өз көзқарасым тұрғысын халықтың
педагогиканың бала тәрбиелеу қағидаларын келтіріп өтейік. Яғни, оны мына
кесте арқылы көруге болады:
Халық педагогикасының сегіз қырлы, бір сыпрлы, толық адам
тәрбиелеу қағидалары.

1 2 3 4 5 6 7 8
Ақылды, Еңбек Тән АдамгершіліОтан Жігітке ҚоршағанДенені
арлы, сүйгіш, сұлулығык сүйгіштжетпіс өнерортаны ,шынықтыр
намысқойелгезек н қасиеттергеікке, аз, Өнер табиғаттуға
азамат етіп, қарастыр(ізгілікке,ұлтжандөрге ы тәнрбиел
болуын тәрбиелеу, имандылыққаылыққа,сүйрейді аялайға еу
қарастыру әсемдікк, бүкіл деп қарап, тәрбиеле
у е баулу қайырымдылыадам өнер мен у
ққа, баласынбілімді
адалдыққа сүйюге насихаттау
тәрбиелеу) тәрбиел
еу

Сонымен қатар романда жағымсыз кейіпкер рөлінде –Жарға Нұрым мен оның
жандайшаптары Оспан би еді. Қынның салдауынша бұл екі кейіпкерлер былай
суреттелген: Жасында аттан жығылып , бір жақ аяғынғының арқауы болғанға
құрдастары Жорға Нұрым деп , сонан елге де Жорға Нұрым атанып кетіп
еді.
Бұл өзі жеті атасынан бері уызы орынмаған, бағы тайшымаған, қолынан
ұры кетпеген , бір жақсылық естпеген, басы сәждеге тимеген, жамандықтан
басқаны сүймеген , бірде –бір атыстырып, елін қан жылатуымен шынжыр бұлақ ,
шұбар төс қанды ауыз атанған бір жауыз еді. Белгілі қазақта ондай заман
адамдардың өзіне қауіптілеу орынды күзеттіріп, , сопа сумен алдып қоятын
иттері болатын. Сол арсылдатып қойған ииттерінің ең басты төбеті –біздің
Оспан би еді. Сол кезде бұл екекунің залымдығына бір өлеңші былай деген
екен:
Халқыңды қан жылаттың Жорға Нұрым
Болдың ғой заманымда сорға Нұрым!
Оспан деген жұтқышы тағы шықты
Бара-бар қайтерсің , қайран күнім!
деп, құр Нұрымның залымдығы мен атағы болмаса Әліпті таяқ деп
білмейтін , надан пішіні де жаман, аузы толған боғауыз бен былши-былши
насыбай, ішпе нас әрі нас елу шамасында жасы бар , жай форманың өзі сұп-
суық буы секілді түскиген, басқа мойын, өгіз құрсақ , алақан көз, жайлы
ауыз, добыра сақал, тоқпақ мұрын, бір түрлі нысаналы жануар еді.
Бұрын қатыны тірісінің өзінде-ақ Қамарды тоқалдыққа сұрайға
балалрынан шиеніп, амалсыз жер тепкілеп өмір сүрген Нұрым , енді не жорық
күні – түні Оспан досыныкінен ат үздірмей , Қамарды сұратты. Оспанға
өзінше Жорға Нұрым секілді дәрежелі кісінің күеу баласы дегеннің құдайдың
көктен айдап түсірген жақсылығы еді. Шылқымайға кірдім ғой деп мұртынан
күліп тіпті бұрынғы бұрынғы ма, төбесі жайлау , төсі қыстау болып есі шығып
еліріп кетті. Бірақ ізденіп келген қыдырдың бетін қайтармай, уәде беріп
жіберейін десе де Омардың мінезі өзіне белгілі ғой. Құдай жазса , сізден
артық кімге береміз. Шыдай тұрыңыз деп, Омар келуге созбалады. Нұрым оған
да тоқталмай қасына ақсақал , билерін ертіп, баяғыдан бері достығымыздың
айрылысқан жері осы деп болыс басымкен әдейі өзі келіп салмақты салған
соң оны көтеретін лажы қайсы? Қан-жыны араласып қалған неге ғой, қия
алмады. Қырық жылқы, он түсйе, бес жүз сом ақшаға Қамардың сорын
қайнатып, саудасын, пісіріп қояды.
Ауыл отағасылары да: Жөні осы. Бәрекелді, қайырлы болсын. Бір-
біріңнің ықыластарына қарай, міне, жарасты ғой, деп , өліп-өшіп
жарамсақтнып-ақ жатыр. Олар келесімен тез құда түсу хабарын бермекші
болып қонақтарын аттандырады.
Міне, адамына заманы сай уақытта туылып, қолрлық көрген Қамар осылайша
ұзатылып кете барды.

1.2. Қамар кейпіндегі қазақ қызының психологиялық бейнесі

Заман туралы үлкен толғаныс –Сұлтанмахмұттың осы тұста жазған алғашқы
этикалық туындысы Қамар сұлу романының да негізгі тақырыбы. Бұл тұрғыда
оны әлеуметтік роман есебінде қарауға әбден болады. Автор роман жемісіне
қазжақ әйелінің теңсіздіңк күнін көрсетуге құрсанмен сол оқиғаға
байланысты сол бүкіл қазақ қоғамының тіршілік тынысы, ғұғым-нанымы, салт-
санасы, терең бейнеленеді, ескі ауылды құрт аурудан жайлап
есеңдеткіреткен тоздырып бара жатқан әдет –ғұрыптың кертартпа жақтары
әшекерелейді. Сол негізде феодалдық –патриархалдық қоғамның күйреуін
көрсетеді. Сұлтанмахмұттың суреттеуінді Қамар -өз заманының күйреуін
көрсетеді. Сұлтанмахмұттың суреттеуінде Қамар -өз заманының озық қызы ,
ақылды, ақын, аздап болса да оқыған. Қамарды сүймеген адамына қалың малға
сатып, байлап берген , оның жан ауруын түсінбей бақсы-балгерге емделіп ,
төбесін тестіріп, қолдан өлтірген –сал дәуірдің қоғамдық тәртібі.
Сұлу Қамар ақын Қамар жаным Қамар,
Қамаржан , сені ойласам, ішім Жанар
Үлбіреген ауызыңнан бір сүйгізсең,
Ішкендей икәусар суын мейірлі қанар...-дегендей өлеңдер сол маңайдағы
бозбалалардың аузынан екі елі тастамайтын тәсбиғы еді.
Қамар бейнесі – қазақ қызының психологиялық бейнесі ретінде қарастыра
болса, қазақ қызын тек отбасы ғана емес, қызды Қамарды да бүкіл ауылды
тәрбие беруде сүбелі еңбектерін аямаған. Ерте замандардан бері ата-
бабаларымыз қыз бала тәрбиесәіне үлкен көңіл бөліп, оны әдемілікке ,
ұяңдыққа, биязылыққа, еңбексүйгіштікке, үлкенді сыйлай білуге және де ибалы
болуға тәрбиелеген. Осы әрбі қасиетке психологиялық тұрғыдан былайша
сипаттама бере аламыз. Дене сұлулығына әсіресе қыз баланың әсем, көрікті
болуына ерекше көңіл бөлген. Аналар аттың көркі жая, қыздың көркі шаш деп
ұққан. Қыз баланың шашын өсіру үшін айранмен, ірімшіктің сары суымен және
қынамен жудырған. Шаштарын қос бұрым немесе бестемше өсіру бойжеткен
қыздардың көркі болған. Халық жырларында аруларды Шашының ұзындығы
ізінбасты немесе Шаштарын он күн тарап, бес күн өрген деп сипаттаған.
Халқымыз арулардың киім киісіне де ерекше мән берген. Адам көркі –
шүберек, ағаш көркі –жапырақ деп қыз балаға қынша камзол дүрия бешпет,
камшат бөрік, қосетек көйлек , биік өкше етік тіктіріп кигізген. Сырға,
білезік , шолпы , шашпай, жүзік сияқты әшекей заттарды тақтырған.
Қазақ халқы ежелден қыз балаға үй сыпыру, төсек жинау, ас пісіру, шәй
құю, кесте тігу, тон пішу, өрмек тоқу, ою-өрнек сияқты отбасының ішкі
жұмысына үйретуді анасы мен әжесі өз міндеттеріне қалдырған. Қыз баланы
келешек ана бала тәрбиесі, отбасы, ұйытқысы деп түсінген. Халқымыз оны
еңбек сүйгіш, өнегелі өнерлі болып өсуіне ерекше мән берген. Қол өнеріне
икемі жоқ қыздарды өз үйінде ою оймаған , кісі үйінде де тон пішер деп
келеке еткен. Тіпті шай құю мен төсек жинаудың өзі үлкен сын болған.
Ақындардың өлеңдерінде кездесетін қыздың жинаған жүгіндей деген теңеулер
текке айтылмаған. Жастар ойнағштыққа топыраққа тәрбиелеуде дидактикалық ой
–ойларының да өзіндік орны бар. Мысалы басбармақтан бастап шынатаққа дейін
сақтардың аттарын жаңылмай жылдар айттыру секілді санақ ойын немесе ортаға
шыққан адамның жаңылмай, шапшаң он ақынды он сөзінің он қыздың атын атау
сияқты күлдіргі ойындар да жас өспірімдердің ақыл-ойын кеңейтуге де
тәрбиелеудің әдіс-тәсілдері ретінде де қолданылған.
Әкеге қарап, ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер деп бала тәрбиелеушіні
ата-аналардың да өнегелі болуын да талап еткен. Отбасының қоғамның
тәрбиеші аналарға байланысты екенін ерекше мән берген. Қыздың көркуінк ақыл-
ойымен мінез-құлқының сай болуын қадағалаған. Қыз қылығымен сүйкімді.
Қызым үйде , қылығы түзде деген мақал-мәтелдер үлкен жауапкершілікке
жүктейді. Қыз өссе елдің көркі деу арқылы бүкіл ауыл аймақ болып
тәрбиелеуді меңзейді.
Адамгершілік қасиетінің өзекті мәселесі –қайырымдылық , достық. Халық
ұғымында жақсылық пен жамандық, достық пен қастық, адамгершілік қасиетінің
екі түрлі белгісі ретінде егіздің сыңарындй қатар салыстыра суреттеген.
Осындай халықтың педагогиканы пйдлан отырып, қазақ қызына тәрбие беру
барлық ата-ананың мақсатына бейім еді.
Толғанай шілдедегі жалт-жұлт еткен,
Мүбәдә көрген кісі қиыр шеттен
Көлеңкісі күйдіріп күні-түні,
Есінен екі-үш айда әрең кеткен
Талай бозбаланың болған ғашық
Уай шіркін! Болсайшы деп бізге нәсіп
Егер де Қкамарменен тіл қағысса
Құдай ұрып жым болар қара басы
Омар да қоя берді бетін қақпй,
Жүрсе де соңынан жұртқа жақпай
Әкімдер құдалықты ойланса да
Қамар қыз қайдан көрсін теңін таппай.
Қамар осындай сәулетпен бұлғақтап болып тұрған кезінде құдай берген
дәулетінің арқысында аброй атақ бірдей келіп толқысып тұрған шағында Сарбас
ауылындағы Жәуеке дегеннің баласы Ахментпен танысып, бірін-бірі ұнатып
қалды. Қамар Ахмет шеттерінен бірін-бірі жанындай болып жарылып кетер
жаздасада ағасы Хасеннің жаны бірге досы пәш құдасы болып бірге жүріп,
бірге тұрған соң, бірі аға, бірі қарындас секілді болып бірін-біріне ойнап
болсын, шындап болсын, сыр ашып сыбырласа қойған жерлері жоқ еді. Және
біраз күлкі ойын күлкі ғана болмаса Қамар Ахмет түпкілікті болып қосарлы
ешбір реті жоқ еді. Себебі: Ахметтің құр жікттікі болмаса құда болып
аларлық малы жоқ, қолына қарап тұрған әке-шешесі бар: олардың тастау оңай
болып па? Тең теңі келсе тегін бер деген көне қоятын қазақ па? Айытпек
тұрсын Қамар деп аузынан шығарса да ойып салып, бірдеңесін өртегеннен жаман
тереңге айтатын жайы бар. Міне, бұған Қамардың көзі жеткен секілді.
Ахметтің де көзі жетіп Әйтеуір түпкілікті бола алмайтынымыз-ақ олай
болғанда нақақ біреуді қорлауда қанша пайда деп, олай-бұлай құмартып
келгенмен иақылға жеңдіріп тоқтала беруші еді. Алайда шын сүйіп күюшілік
бір дерт шыдата ма? Таң атпайын десе де күн қалмайды деген секілді осынша
тырысып шыдайын десе де жүрек қоймай барады. Күннен-күнге сабыры қалмай
жатса –тұрса көз алдына Қамардың суреті елестеп, жанын қоярға жер таптырмай
қояды.
Ақыр іштегі дертіне шыдай алмады: біраз күн болса да, ептеп мауқын
баса тұру қиялына тсті. Ал енді Қамардың оңаша уақтын тауып, жүрек тегісін
ашып салайын дап-ақ батырланып келеді. Неге Хикмет? Қамармен тап бетпе-бет
келген уақытта беті күйгендей ұялып қызара бастаушы еді. Ойына әлдене
қорқау пайда болған сияқты. Тұла бойы тітіркедіргіштік қызынап, қуынашты,
қорқынышты аттай тулап аузына қарай тығылқыранған жүрегі сөйлесе дірілдеп
кетейін деп суынып, ісініп, қымтарылынып, қымсынып бір жоғары бір төмен
қайта ұмсынып ешбір нәрсе айта алмай шығушы еді. Сөйтіп іштерінен сүйсініп
күйінгендігін көлеңкелеген болып отырса да жаным жоғарлайын деп аө ішкі
бауыры елжіреп бара жатқандықтан есалаңданып отырмын, қайтейін? Дегендей
қылып қырын баяу ғана аударысқан көзі бір-біріне түсініп кете қалса
өздерінің ықтиярсыз барып шап етіп қосылған көлеңкелерін көрген секілді.
Беттерінен оттары шағылып, бір нірсені шұөқылаған болып күбіжіктеніп кетуші
еді.
Солай Ахмет әлдене рет Әй енді ме деп көңілін бекіте қайтып келсе де
әлгіндей хлге ұшырай береді. Таудан тсқа қайтпаған жүрегі Қамарға бір ауыз
сөз айтуға бата алмсады. Ақыры өз көңілін де айырбастауға былай хатқа
түйіндеді.
Көп жүрдім шыдаймын деп ішден жанып
Кейде олай , кейде бұлй ойға қалып
Амалсыз арды түйнеп қалам алдым
Кеткен соң ғашық оты бойымды алып
Ойнайық аз ғана күн дәулет өтпей
Тұрғанда басымыздан биік кетпей
Шығаршы жүректегі шын сырыңды
Жаутаңдай екі көзі мөлдіретпей
Толқыны қол селміртіп ұшқан құсқа
Болса да жетер ме деп қолым қысқа
Көзге күйік көңілді іш күйдірді
Мейірімсіз отқа салды бұл дұрыс
Бір өзіңнен басқаны қайдам қойдым жауып
Ұят па ойнап күлй теңін табу
Көрген соң жалғыз ғана ішін білер
Жау мұнда лап жүреміз елге шауып
Қарайсың мөлдіретіп жәудір көзін
Шын айтам шыбын жаным сенің өзің
Елжіреп іші бауырым ынтығып тұр
Тез естір мейірбанды жылы сөзін
Қамар хатты оқып болған соң бір қызарып, бір сұрланып жүрегі кеудесіне
сыймай, не қуану емес белгісіз қысылып қарап, тұрып бір тынымсыздыққа
қалды. Мұнан соң қайға басқан киесі секілді әрдайым мұңайып ойланып жүретін
болды.
... Бір күні қағаз алып , әлдене жазуға ойланса да: Не Хикмет қолы
жүрмей жіпсіз байланған секілді бір түрлі мұңайған түспен қаламды бір сияға
батырып, бір қағаз үстіне жоғарлатып, бір ұшы –қиыры жоқ ұзын ойға батты да
отырды. Бір жазып өмірді , бір жазып жыртты. Қаламды қайтадан сия ішіне
қойып, бір жоқ қолымен жағын таяп көзін сүзіп тұнжырады да қалды. Ары
ойлады, бері ойлады. Уысына ешнірсе түсіре алмады, біраздан соң ауыр
күрсінді де қайтадан қаламын алып :
А, Құдай, жасты жасқа пар қылғанның
Біреуді жоқ , біреуді бар қылғаның.
Біреуге алтын гауһар тақ беріп,
Астына жұрт билеген хан қылғанрың
Біреуге мал мен бақты үйір беріп,
Ақылсыз екі аяқты мал қылғаның
Біреуге аплатондай білім беріп,
Мінер ат , ішер асқа зар қылғаны.
Қыздарын теңге бермей малға беріп,
Қазақты қара көңіл аң қылғаның
Мейлі доңыз болсын, қоңыз болсын
Малдыны кісілестіп таң қылғаның
Көрсетіп құдіреттің шеберлігін
Пенденің миы жетпес таң қылғаның
Осындай бір-бірінің ғашықтық хат алынып , іштей күйіп-жанып жүрген
күндерде Ахметтің бір хатын көшірмелері көріп қойып айғай –шу шығарып , бұл
әңгіме олардың туған ағасы қалтаң қажы , Оспан бидіңң құлақтарына түсіп,
Ахметтің түрін қоймай қопарып: Қап бәлем, саған қылмасам өлген әкемнің
көріне кірейін деп тістене –тістене үйіне сыймай көпірсіпа жтып еді.
Заманның Қамары өзінің дәстүрге қанша қарсы тұрса да, өз арманына
жете алмай, ақыр соңында ел кезіп, осы істерді көргісі келмесе кетіп
қалған Ахметті де Қамарының осынша қорлыққа ұшырағанын есітіп жанына
келеді.

Сондағы Қамардың :
-Жан достым, Ахметпісің, жанымбысың! Қайдан! Қайдан, қайдан, келдің?
Қайда жүрдің? Қарағым дейтін Қамарыңды көруге келдің бе? Міне, Қамарың!
Көр!, көр... Міне, көр...
Қорлықты зорлықпенен көрген Қамар,
Амалсыз бәріне де көнген Қамар.
Айдай әлем аузының құртып,
Арманда арсыздардан елген Қамар.

Құайға бүгін алса арманым жоқ
Тұқигеи түк сақалға барғаным жоқ
Қорлықта қсыла алмай кетсем-дағы
Әйтеуір, жүзік көрмей қалғаным жоқ.

Қарағым жатыр едім сені тосып,
Әуелден сүйген жарым құдай қосып.
Мұндай күйге ұшырадым, ғашық достым,
Сақалды перғауыннан жаным шошып.

Кетейін, берірек кел, арыздасып,
Азырақ сөзіңді естіп, мауқым басып.
Тіріде обалымыз — қазақққа ғой,
Кұдайым қияметте қылсын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сұлтанмахмұт Tорайғыров өмірі туралы
ХХ ғасыр басындағы тарихи-әлеуметтік жағдай және оның әдебиеттің дамуына тигізген әсері. Қазақ зиялылары ұлт қамы жолында
С.Торайғыров (1893-1920)
Таңдамалы шығармалары
Сұлтанмахмұт Торайғырұлы өмірі мен шығармашылығы
ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті
Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті
XX ғасырдың басындағы қоғамдық саяси ой - пікір
ХХ ғасырдың басындағы ірі саяси- қоғамдық өзгерістердің ұлттық әдебиетке тигізген ықпал
ХХ ғасыр басындағы тарихи-әлеуметтік жағдай мен оның әдебиеттің дамуына тигізген әсері
Пәндер