Қазіргі таңдағы дидактиканың оқыту және дамыту мәселелері



І. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3.4
ІІ. Негізгі бөлім
І ТАРАУ.
І.1 Оқуты мен дамытудың теориялық негізі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5.7
ІІ.2. оқытудың әдіснамалық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8.22
1.3. 12.жылдық білім беруді енгізу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22.24
ІІ Тарау.
2.1. Оқыту технологияларының түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23.29
2.2. Модульдік . блоктік оқыту технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29.31
2.3. Саралап және топтап оқыту технологиялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31.34

ІІІ. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 35

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .36
Курстық жұмыстың зерттеу өзектілігі: Біртұтас педагогикалық процесті құраушы екі басты бірліктің біреуі - оқу поцесі. Бұл процесс өте күрделі, сипаты жағынан ол тек тәрбие және даму процестерінен кейін тұруы мүмкін. Сондықтан оған толық та жан-жақты анықтама беру қиынға соғады. Оқу процесі әр текті және табиғаты жағынан әртүрлі көптеген жағдаяттардың мың санды байланыстары мен қатынастарым қамтиды. Процесс анықтамаларының көптігі де осыдан болар.
Кейінгі жылдары «оқу» ұғымы оқушылардың танымдық іс-әрекет тәсілдерін қалыптастырушы мұғалімнің басқару іс-әрекетін де мұғалімдер мен оқушылардың бірлікті іс-әрекетін де андататын болды. Мұгалім мен оқушының бірлікті іс-әрекеті болған оқу процесінің мәні оқыту мен оқып үйренудің бірлігін аңдатады. Бүгінгі түсінім тұрғысынан оқу келесі белгілерімен сипатталады: 1) екі тараптылық; 2) мұғалім мен оқушының бірлікті әрекеті; 3) басқарым мұғалім тарапынан; 4) жоспарлы ұйымдасу және басқару; 5) біртұтастық және бірлік; 6) оқушылардың жас даму заңдылықтарына сәйкестік; 7) оқушылардың дамуы мен тәрбиесіне жетекшілік.
Оқу және білімдену проблемалары педагогиканың дидактика деп аталатын бөлімінде зерттеледі. «Дидактика» термині грек тілінен енген, аудармасы «үйретуші» дегенді білдіреді. Алғашқы рет бұл сөз неміс педагогы Вольфганг Ратке (1571-1635) шығармаларында қолданылып, оқыту өнері мәнін андатқан. Ал Я.А.Коменский дидактиканы «баршаны барлық нәрсеге үйретудің әмбебап өнері» деп түсіндірген. XIX ғасырдың басында неміс педагогы И.Гербарт дидактиканы тәрбиелеп оқытудың өз алдына тұтас және қайшылықсыз теориясы ретінде таныған. Дидактиканың негізгі міндеттері В.Ратке заманынан бермен қарай бірде өзгерместен келе жатыр. Олар: нені үйрету және қалай үйрету проблемасын шешу; қазіргі заман педагогикасы бұларға қоса -қашан, қай жерде, кімді және не үшін оқыту қажет деген мәселелерді қарқынды зерттеуде.
1. Н.И. Балдырев. Мектептегі тәрбие жұмысының методикасы,
-А., 1987 .
1. М.Коротов және т.б. Мектептегі тәрбие жұмысы. –А., 1978.
2. Ж.Б.Қоянбаев және т.б. Педагогика. –А., 1978.
3. Ж.Б.Қоянбаев. Семья және балалар мен жетістіктер тәрбиесі-А., 1990.
4. Ж.Әбиев. Педагогика тарихы-А., 2006.
5. И.Аманова. Тәрбие негіздері. –А., 2005.
6. С.Бабаев. Жалпы педгогика. –А., 2001.
7. С.Қалиев. Педагогика тарихы. –А., 2001.
8. Р.М.Қалибаев. Педагогика. –А., 1996.
9. М.М.Мұханов. Ақыл ой өрісі.-А., 1980.
10. Ақиқат. №4 2007.
11. Қазақ тілін оқытудың жаңа кезеңдегі келелі мәселелері. Журнал. №2-3, 2004.
12. Қазақтың болашағы – қазақ тілінде. №28, 2006.
13. Болашақ. №33(456), 2007.
14. Білім әлемі. №9(119). 2007.
15. Білім әлемі. №2(0112), 2007.
16. Егемен Қазақстан. 15 тамыз. 2007 ж.
17. Қоянбаев. Ж.Б. Педагогика. А-1992.
18. Педагогикалық ізденіс. А-1990.
19. Педагогикалық ізденіс. А-1989.
20. Дайрабаев Е., Дайрабаева А.Педагогика пәнінің негіздері. А-2005-223 б.
21. Жұмабаев М. Педагогика. А-1993.
22. Сағындықов Е. Педагогика. А-1999.
23. Әбиев Ж.., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика. А-2004.
24. Тілеуова С., Әліпбек А. Педагогика. Ш-2006-160 б.
25. Сейталиев К.Б. тәрбие теориясы. А-1986.
26. Әбенбаев С. Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі. А-2004.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Қазіргі таңдағы дидактиканың оқыту және дамыту мәселелері
Жоспар:
І.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3-4
ІІ. Негізгі бөлім
І ТАРАУ.
І.1 Оқуты мен дамытудың теориялық негізі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5-7
ІІ.2. оқытудың әдіснамалық негіздері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8-22
1.3. 12-жылдық білім беруді енгізу
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22-24
ІІ Тарау.
2.1. Оқыту технологияларының
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23-29
2.2. Модульдік – блоктік оқыту технологиясы
... ... ... ... ... ... ... ... ... . ..29-31
2.3. Саралап және топтап оқыту
технологиялары ... ... ... ... ... . ... ... ... ...31-34

ІІІ.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .35

ІV. Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...36

Кіріспе

Курстық жұмыстың зерттеу өзектілігі: Біртұтас педагогикалық процесті
құраушы екі басты бірліктің біреуі - оқу поцесі. Бұл процесс өте күрделі,
сипаты жағынан ол тек тәрбие және даму процестерінен кейін тұруы мүмкін.
Сондықтан оған толық та жан-жақты анықтама беру қиынға соғады. Оқу процесі
әр текті және табиғаты жағынан әртүрлі көптеген жағдаяттардың мың санды
байланыстары мен қатынастарым қамтиды. Процесс анықтамаларының көптігі де
осыдан болар.
Кейінгі жылдары оқу ұғымы оқушылардың танымдық іс-әрекет тәсілдерін
қалыптастырушы мұғалімнің басқару іс-әрекетін де мұғалімдер мен оқушылардың
бірлікті іс-әрекетін де андататын болды. Мұгалім мен оқушының бірлікті іс-
әрекеті болған оқу процесінің мәні оқыту мен оқып үйренудің бірлігін
аңдатады. Бүгінгі түсінім тұрғысынан оқу келесі белгілерімен сипатталады:
1) екі тараптылық; 2) мұғалім мен оқушының бірлікті әрекеті; 3) басқарым
мұғалім тарапынан; 4) жоспарлы ұйымдасу және басқару; 5) біртұтастық және
бірлік; 6) оқушылардың жас даму заңдылықтарына сәйкестік; 7) оқушылардың
дамуы мен тәрбиесіне жетекшілік.
Оқу және білімдену проблемалары педагогиканың дидактика деп аталатын
бөлімінде зерттеледі. Дидактика термині грек тілінен енген, аудармасы
үйретуші дегенді білдіреді. Алғашқы рет бұл сөз неміс педагогы Вольфганг
Ратке (1571-1635) шығармаларында қолданылып, оқыту өнері мәнін андатқан. Ал
Я.А.Коменский дидактиканы баршаны барлық нәрсеге үйретудің әмбебап өнері
деп түсіндірген. XIX ғасырдың басында неміс педагогы И.Гербарт дидактиканы
тәрбиелеп оқытудың өз алдына тұтас және қайшылықсыз теориясы ретінде
таныған. Дидактиканың негізгі міндеттері В.Ратке заманынан бермен қарай
бірде өзгерместен келе жатыр. Олар: нені үйрету және қалай үйрету
проблемасын шешу; қазіргі заман педагогикасы бұларға қоса -қашан, қай
жерде, кімді және не үшін оқыту қажет деген мәселелерді қарқынды зерттеуде.
Курстық жұмыстың мақсаты: Оқушыларын оқыту, тәрбиелеу үрдісі үстінде
психикалық процестері мен танымдық қасиеттерін, адамгершілік нормаларын
халық дидактикалық тұрғыдан меңгертіп дамыту.
Зерттеу объектісі:
Бастауыш сынып оқушыларын дидактиканы оқыту негізінде өңделген
сабақтармен, ұлттық ойындар арқылы оқыту, тәрбиелеу және дамыту.

Зерттеу пәні:
Оқушылардың психикалық процестері мен танымдық қасиеттерін дамытуға
бағытталған сабақтар.

1.1 Оқуты мен дамытудың теориялық негізі
Оқыту-қазіргі заманның талаптарын ескере отырып, оқушылар тұлғасын , білім,
іскерлік және дағдыларды меңгерте отырып, мақсатты қалыптастыру мен дамыту
процесі. Оқыту - қоғамдық құбылыс түріндегі мақсатты бағдарланған жүйелі
ұйымдастырылған қоғамдық қатынастар тәжірибесі, қоғамдық сананың даму
нәтижесі, еңбек өндірісінің мәдениеті, қоршаған ортаны қорғау мен оны
белсенді қайта өзгерту, білімдерді аға ұрпақтың өскелең ұрпаққа үйретіп,
оны олардың меңгеруі. Оқыту ұрпақ сабақтастығын, қоғамның толық құндылықгы
қызмет атқаруын және тұлғаның соған сәйкес дамуына мүмкіндік жасайды. Оның
қоғамдағы объективті міндеттерінің мәні осында. Оқыту процесіндегі негізгі
мазмұнды игеру тетігі - өзара әрекеттестіктің арнайы формасындағы мақсатты
ұйымдастырылған балалар мен ересектердің бірлескен іс-әрекеті, олардың
мазмұнды танымдық әңгімелері.
Түрлі деңгейлерде іске асырыла отырып, оқыту процесі циклдік сипатқа ие
болды. Оқыту процесінің циклдері дамуының ең негізгі көрсеткіштері, басты
екі мақсатқа негізделіп топталған, педагогикалық еңбектердің ең жақын
дидактикалық мақсаттары:
-білім беру - бұл мақсат оқушылардың танымдық іс-әрекеті тәсілін
меңгеріп, олар арқылы ғылым негіздерін игерулерін, белгілі бір білімдердің,
дағдылар мен іскерлікті үйренулерін, өздерінің рухани, денелік және еңбек
қабілеттерін жетілдірулерін, еңбек және кәсіби дағдыларды игеруін көздейді:
-тәрбиелеу - әрбір оқушының ғылыми көзқарасын, адамгершілігін, белсенді
шығармашылығын және әлеуметті кемелденген жоғары адамгершіліктегі үйлесімді
дамыған тұлғасын дамытуды мақсат етеді.
Оқыту педагогика ғылымының категориясы ретінде және оқыту процесі немесе
дидактикалық процесс бірдей мағынадағы ұғымдар емес. Процесс оқыту
жағдайларының толық педегоғикалық құбылыс ретінде педагогикалық іс-әректтің
үзіндісі, актісі ретінде ауысып отыруы. Іс-әрекет ретінде оқыту ұғымымен іс-
әрекеттердің шеңберін, міндетін білдіретін "қызмет" ұғымы тығыз байланысты.
Оқытудың қызметі оқыту процесінің мәнін сипаттайды.

Оқытудың әлеуметтік, педагогикалық психологиялық мәні оның қызметтерінен
біршама анық айқындалады. Солардың ішіндегі, бірінші кезектегі біршама
оқушыларда білімділерді, дағдыларды және шығармашылық іс-әрекет
тәжірибесінің іскерлігін қалыптастыруы (білім беру қызметі). Оқытудың
екінші қызметі — оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру (тәрбиелеу қызметі).
Ол балалар мен ересектерде объективті түрде қоршаған орта жөнінде ой
толғауға мүмкіндік жасайтын білімдерінің толығуына қарай біртіндеп
қалыптасады. Алдыңғы екі қызметімен тікелей байланыстағы тұлғасын және оның
өз бетінше ойлауын дамыту қызметі атқарылады (дамыту қызметі).
Адамның дамуы - бұл оның денесінін физиологиялық және психологиялық
сипаттамаларының олардың ішіндегі ең бірінші ақыл-ойының сапалы дамуын
білдіреді. Сонымен қатар, оқытудың профориентациялау қызметінің де мәні
зор.
Үздіксіз білім беруде дайындау қызметі, адамды өндіріске және қоғамдық
қарым-к,атынастарға белсенді араласуға бағыттайды, практикалык іс-әрекетке
дайындайды, өзінің политехникалық, кәсіби, жалпы білімі, толық дайындығын
үнемі жетілдіріп отыруға бағыттайды. Креактивтілік қызметі тұлғаның жан-
жактылығын үздіксіз дамытуды көздейді. Өзінің мәні жағынан оқыту процесі —
түрлі реттегі және деңгейдегі зандар мен заңдылықтар арнайы айқындалатын
заңдылықты түрде дамитын процесс. Заңдылықтар объективті, мәнді қажетті,
жалпы, тұрақты және белгілі бір жағдайларда қайталанып отыратын өзара
байланыстарды бейнелейді. Феноменнің мәнінің қатаң түрде айқындалған
ерекшеліктері — заңдарды құрайды.

ІІ.2. оқытудың әдіснамалық негіздері
Оқытудың әдіснамалық негіздері. Оқытудың жалпы ұйымдасуын формалары
мен әдістерін таңдауды белгілейтін ұстанымдық ережелері педагогикалық
процесстің жалпы әдіснамасынан дамиды. Сонымен қатар, оқытудың оқушылардың
танымдық әрекеттерінің ұйымдастырылуымен тікелей байланысты болғандықтан,
оның әдіснамалық негізін арнайы құрастыру қажет.
Бихевиризм және прагматизм-оқып білудің тәсілдерін (тетіктерін)
түсіндіруге мүмкіндік жасайтын, оқытудың кең таралған тұжырымдамалары. Бұл
бағыттарға экзистенцализм және неотомизмде қосылады. Олар оқытудың ролін
төмендетіп, сезімді тәрбиелеуге ақыл -ойды дамытуды тәуелдендіреді, бұл
позицияның мәні тек жеке дәйектерді тануға, олардың заңдылықтарын ұғынуға
болады деген зандылықтардан шығады.
Жаңа бағыттардың ішінде ерекше назар аударуға тұратыны: Д.Бруннер (АҚШ)
жасаған "жаңалық ашу арқылы оқыту" тұжырымдамасы. Д.Бруннердің
тұжырымдамасына сәйкес оқушылар дүниені, олардан барлық танымдық күштерін
талап ететін және саналы ойлауға қаблетін дамытуға тікелей әсер ететін, өз
бетінше жаңалық ашулары арқылы тануға білімді меңгеруге тиіс.
Шығармашылықта оқытуға тән ерекшелік, Д.Бруннердің пікірі бойынша, белгілі
бір тақырып бойынша мәліметтерді жинақтап, бағалау және осы негізде тиісті
қортындыны жасау ғана емес сонымен қатар, оқылып отырған материалдың
шеңберінен тыс заңдылықтарды да анықтау.
Ұстанымы тәжірбиелік педагогикалық іс-әрекетінің негізінде жатқан,
қазіргі таңдағы дидактиканы төмендегі ерекшеліктері сипаттайды:
І.Оның әдіснамалық негізін таным философиясының объективті заңдылықтары
құрайды.
2.Материалистік диалектика негізінде жасалған, қазіргі таңдағы дидактикалық
жүйедегі оқытудың мәні мен оқушыларға дайын білімді беруді. не
қыйыншылықтарды өз бетінше жеңулеріне, не болмаса оқушылардың өзбеттерінше
жеке жаңалық апта оқуларына сәйкес келмейді. Оның айырмашылығы оқушылардың
жеке пікірлері мен тәуелсіздігі, белсенділіктерінің, педагогикалық
басқарымның саналы үйлесімділігінде.
Оқыту процесінің әдіснамалық негізін объективті дүниені танудың арнайы
түрін және ғылымның танымын бейнелейтін, оқушылардын, іс-әрекеттерінде
оқуды салыстыру арқылы түсіндіруге болады.
Ғылым объективті жананы, ал оқушы — субъективті жаңаны таниды, бірақ
қандайда бір ғылыми жаңалықты ашпайды, тек ғана ғылым жинақтаған ғылыми
түсініктерді, ұғымдарды, зандарды, теорияларды, ғылыми дәйектерді
меңгереді.
Ғалымның танымын эксперемент, ғылыми ойлау, сараптау, қателіктер,
теориялық пікірлер құрайды, ал оқушының танымы мұғалім шеберлігінін
көмегімен біршама жылдам және жеңіл түрде өтеді. Оқу танымы тікелей және
жанама түрдегі оқушының көмегін міндетті түрде пайдаланады, ал ғылым тұлға
аралық өзара әрекеттің көмегінсіз таниды. ғалым мен оқушы танымының
арасындағы осы зор айырмашылыққа қарамастан бұл процестер негізін ұқсас
яғни, әдіснамалық негіздері бірдей.
Оқыту процесін танымның арнайы процесі ретінде оның үнемі қозғалыстағы,
дамушы процесс ретінде қарама-қайшылықтарында түсіндіру керек. Осыған
байланысты мұғалім ешқандай тікелей түзуліктің шындық жолында тұрақты
қозғалыс тетіктерінің болмайтынын және керісінше үлкенді кішілі
серпілістердің, құлдыраудың күтпеген ойлардын, туындайтынын, толғаныстарын
болатынын білу керек. Таным бейнемен беріле отырып, қайшылықтардан пайда
болады. Онда логикалық талдау, индукцйя да, мәндісі де, мәнсізі де болады.
Негізгі қайшылықтар оқыту процесінің қозғалыс күші, себебі таным процесі,
ол да сарқылмайтын құбылыс. М.А.Данилов оны оқытудың қозғалыстағы қадамдары
танымдық және практикалық міндеттермен оқушылардың білімдерінің,
іскерліктерінің және дағдыларының деңгейлерінің, олардың ой-өрісінің
дамуы мен қатынастарының арасындағы қарама-қайшылықтар деп түсіндіреді.
Педагогикалық процестің қозғаушы күшін, М.А.Данилов тұлғаның дамуының
қарама-қайшылықтарымен байланыстырады. Педагогикалық процестің ішкі
қозғаушы күші танымдық еңбек, практикалық қоғамдық сипаттағы талаптар мен
оларды іске асырудағы оқушылардың іс жүзіндегі мүмкіндіктерінің арасындағы
қарама-қайшылықтар, яғни, әрбір жеке тұлғаның оқытудың қозғаушы күші — бір
жағынан оған қойылатын талаптар мен екінші жағындағы оның құралдары мен
мотивтерінің арасындағы қарама-қайшылықтар. Қажеттілік мотивсіз жасалмайды.
Сондықтан оқушылардың мотивациясы, жеке тұлға мен ұжымды оқытудың қозғаушы
күшін құрайтын қарама-қайшылық маңызды компоненті болып есептеледі.
Қарама-қайшылық мазмұнды болған жағдайда ғана оқушылар үшін мәнді болып,
оқытудың қозғаушы күші бола алады, ал, қарама-қайшылықтың шешімі — олардың
анық ұғынулары керек қажеттілік. Оқытудың қозғаушы күші ретінде қарама-
қайшылықтың болуы шартты — оқушылардың танымдық өрісіне сәйкестігі.
Оқушылардың білімді тек қана "ұстап қалмауы", соған "тіреліп" қалмас үшін
және өз беттеріне шешу тәсілдерін табу үшін, оқу процесінің барысында
логикаға сәйкес қайшылықтар алдын-ала әзірленуі маңызды.
Сонымен, жалпы білім беретін мектептердегі оқыту процесінің әдіснамалық
негізі төмендегі әдіснамалық ережелерді біріктіреді: танымның жлпы әдісі
ретінде диалектикалық әдіс; объективті ақиқаттың құбылыстарын сараптаудың
тарихи тәсілі, қарама-қайшылықтың қозғалысындағы, дамуындағы процесті
қарастыратын таным теориясы; диалектикалық ойлау; абстрактілік және
нақтылық; объективтілік және субъективтілік, теория мен тәжірибенің
бірлігі, анықтылық және белгісіздік, шектеулік және шамалық; қарама-
қайшылықтың рөлі мен мәні; оқыту теориясындағы тарихилық және логикалық;
мән мен құбылыс; мазмұн мен форма: мақсат пен құралдың үйлесімділігі;
мүмкіншілік пен ақиқат: оқыту теориясының сапалық және сандық қатынастары;
Оқытудың психологиялық негіздері. Оқыту мен дамудың өзара қарым-қатынасы
барлық уақытта педагогиканың өзекті мәселесі болып отырған Я.А.Коменскийдің
еңбегінен бастап, оқытудың ғылыми неізін іздестіру басталған, соның
негізінде әрбір оқушынын жеке мүмкіндіктері мен олардың жасының даму
процесіндегі өзгерістерін дамыта оқытудың ғылыми негізін іздестіру
басталған. Бұл мәселеге орыс педагогикасының негізін салушы К.Д.Ушинскийде
назар аударған. Ол өзінің Адам тәрбие пән атты еңбегінде, баланың түрлі
жас ерекшеліғі кезеңіндегі негізгі психологиялық даму ерекшеліктерін айта
отырып, баланы оқытудың ең күшті факторы оқыту мен тәрбиелеу деп жазды.
Оқыту мен тәрбиелеудің арақатынасы жөніндегі мәселе одан бергі уақытта
да, өз өзктілігін жойған жоқ. Оны психология ғылымының көрнекті өкілдерінің
бірі Л.С.Выготскийде зерттей отырып, оқыту мен дамудың арақатынасы
мәселесін шешудің өзіндік тәсілдерін ұсынды:
-оқыту мен даму бір-біріне тәуелсіз екі түрлі процесс;
-оқыту кемелденуге негізделеді, оқыту мен даму процесінде пайда болатын
мүмкіндіктерді пайдаланады;
-оқыту мен даму екі түрлі салыстырмалы процесс;
-оқыту дамудан кейін жүріп отыруы мүмкін, сонымен қатар дамуды алға
жылжыта отырып, оның алдында болуы да мүмкін.

1.3. 12-жылдық білім беруді енгізу
Елде 12 жылдық орта білім жүйесін енгізіп, жоғары білім
беруді халықаралық стандарттарға сәйкестендіруді көздейді.
28-шілдеде Қазақстан Президенті Н.Назарбаев білім туралы жаңа
заңға қол қойды. Білім және ғылым министрлігінің хабарлауынша, енді
осы заңға сәйкесорта мектеп оқушылары біртіндеп, дамыған
мемлекеттердегідей, 12 жылдық оқу жүйесіне көшеді және ғылым
докторларын дайындау талаптары біртіндеп күшейтіледі. Ата-аналар
комитетінің кейбір өкілдерібілім саласына инвестиция салмай тек
қағаз жүзінде өзгеріс енгізу мүмкін болмайды деген пікірде.
Президент қол қойған жаңа заңға сәйкес Қазақстан мектептерінде
12 жылдық білім беру жүйесі енгізіледі. Егер бағдарламаларды оқыту
бағдарламасы 12 жылға бөлінсе, оқу оңайға түседі әрі оқушыларға
жан-жақты дәріс беріледі деп хабарланып отыр. Ол үшін жаңа
оқулықтар шығарылады. Бірақ, бұған сыни пікір айтушылар да бар.
Екі баланың анасы Қамар Айтжанова білім саласын тек қағаз жүзінде
өзгерткен жеткіліксіз деген пікірде.
Мысалы, жаңа оқулықтарды өмірде түк қажеті жоқ ақпарат
жазылады, кәдімгі жауын құртының жүйке жүйесі мен ас қорыту
жүйесінің 10 ерекшелігін білудіңқажеті қанша? - дейді ол.
Білім министрлігінің бас заңгері Марат Күзембаев елдегі орта
білім мекемелері 2008 жылдың қыркүйек айынан бастап 12 жылдыққа
біртіндеп көшеді деп отыр.
Заңды ерте қабылдағанымыз да – оқулықтарды дайындап алу үшін
жасалып отыр, - дейді Кзембаев.
Әскерилер болса мектеп партасынан шықпаған, бірақ 18-ге толып,
үлгерген баланы әскер қатарына қалай шақырамыз деген сауал қойып
отыр. Ал орта мектепте 12 жылдық білім жүйесіне көшу керек дейтін
мұғалімдер еуропа елдерін мысалға келтіреді.
Онда білім беру 5-6 жастан басталып, балалар 18 жасқа дейін
мектепте білім алады. Екіншіден, 12 жылдық білім беру жүйесі ешбір
елде міндетті түрде барлығына бірдей жүктелмейді, дейді олар.
Бірақ, енді Қазақстанға көп мұғалім қажет, 28-30 мың мұғалім керек
болады дейді бұрынғы білім министрі Жақсыбек Құлекеев.
Білім министрлігінің бас заңгері Марат Күзембаевтың айтуынша,
елде жаңа үлгідегі мұғалімдерді дайындайтын 5 педагогикалық
университет ашылған. Бірақ, бақылаушылардың айтуынша, мұғалімдердің
еңбекақысы төмен. Білім жүйесінде орташа еңбеақы көтеріліп, 25 мың
теңгеден 29 мың теңгеге жеткенімен ол Қазақстандағы жалпы орташа
еңбекақы көрсеткішінің тек 64 пайызын құрайды. Деген салыстырмалы
дерек келтіреді білім министрі. Заңгер Күзембаевтың айтуынша, жаңа
заңда тағы бір ерекшелік: жоғары білім беру Қазақстанда бакалавриат
– магистратура – докторантура PhD сынды 3 сатыдан тұратын болады.
Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаевтың айтуынша
реформалардың мақсаты білім сапасын көтеру болмақ:
- Сапасыз білім бізге керек жоқ, - дейді министр.
Қазақстандық студенттер бұл жаңа енгізулерге түрлі пікір айтып
отыр.
- Бәрібір оқу керек. Білім болмаса ешқандай мамандық ала
алмайсың.
- Дұрыс емес, қазір білім нашар. Ауылдан шыққан бәрі.
Білім министрлігінің бас заңгері Марат күзембаевтың айтуынша,
ғылым докторларын дайындаудың жаңа жүйесі елде 2007 жылдың
қыркүйек айынан бастап біртіндеп енгізіледі. Бұл жергілікті
дипломдарды шетелдерде де танып-мойындауы үшін жасалған, өйткені
әлемде ғылым кандидаттары жоқ, тек магистр мен PhD докторлары
бар, дейді Күзембаев.
Бөбек тілді өзі өмір сүре бастаған ортадан үйренеді, ал
олардың мектепте оқуына байланысты сол табиғи процесс онан әрі
жалғаса түседі. Сондықтан мектептегі тіл үйрету жұмыстары да үйдегі
басталған табиғи процестің заңғдылықтарына негізделіп жүргізіледі.
Бірінші заңдылық. Тілді ұғыну барысында адам фонологиялық,
грамматикалық джәне лексикалық мағыналарды игереді.
Грамматикалық мағынаны ұғыну үшін бала жан – жақты, кең ойлай
алатындай болу керек. Сондықтан грамматикалық мағынаны ұғыну
барысында олар шындықтағы заттар мен құбылыстардың арасындағы
қатынастарды тьүсінеді, ойлауға үйренеді. Міне, осыдан тіл мен
ойлаудың тығыз байланысы келіп шығады. Сөйтіп, тілді ұғынуда ана
тілінің фонологиялық, грамматикалық және лексикалық фактілерін жақсы
айырып, оны балалардың тіл байлығын арттыруға пайдалана білу
қажеттігі туады.
Мұғалім бұл міндетті әдістемелік құралдарды дұрыс іріктей
алғанда ғана ойдағыдай іске асыра алады.
Әдістемелік принцип төмендегідей әдістемелік ережелерді сақтауды
талап етеді:
• Оқушыларды орфоэпиялық дағды қалыптастыру;
• Грамматиканы оқыту барысында логикаға үйрету;
• Қазақ тілі сабақтарын басқа пәндермен байланыстырып,
балалардың лексикалық қорын байыту және оларды жүйелі
сөйлеуге үйрету.
Осы ережеге сай, бастауыш мектептер үшін бағдарламалар
жасалады, дидактикалық материалдар іріктеледі және оқыту әдістері
белгіленеді.
Екінші заңдылық. Тілді ұғыну үшін орасан сезімталдық керек.
Зерттеушілер мұндай қасиеттің балада тіпті сәби кезден болатынын
айтып жүр.
Үшінші заңдылық. Фонологиялық, грамматикалық және лексикалық
мағыналармен қатар мәнерлеп сөйлеу, сезімге бөлене сөйлеуді меңгеру.
Мұндағы әдістемелік принцип: мәнерлеп сөйлеуге назар аудару.
Төртінші заңдылық. Жазбаша сөйлеу ауызша сөйлеуді таңбалау
жүйесіне аудару ретінде ұғынылады.
Сауат ашу кезеңінде баланы жазуға үйретудің бастапқы шағында
әуелі оған таныс емес әріптің бұрыннан таныс, естіп жүрген дыбысы
айтылады. Мұнда тағы бір маңызды мәселе – ауызша сөйлеудің жазбаша
сөйлеумен салыстырылып тұруы. Мысалы, тыныс белгілерін қоюды дауыс
ырғағының рөлы.
Сонымен, ана тілін оқытуды жазбаша сөйлеудің ауызшамен
салыстырылуы мынадай әдістемелік принципке негізделеді.
Бесінші заңдылық. Фонетикалық, грамматикалық және лексикалық
мағыналардың барлығы тіл материясын, яғни тіл таңбаларын – дыбыс,
морфема, сөз, дауыс ырғағы және тиісті жазбаша таңбалар – ұғыну
барысында меңгеріледі.
Тілді оқушы мазмұны және формасы жағынан, яғни логикалық,
грамматикалық жағынан қабылдайды. Ал әрбір сөйлемнің грамматикалық
ерекшеліктері тілдің көмегімен келіп шығады.
Алтыншы заңдылық. Тілге үйрену сөйлеу органдарының, жазатын
қолдың жаттығулары, қимыл – қозғалыстарының тәртіптелуі, дағдының
қвалыптасуы арқылы ғана іске асады.
Мұғалімнің айтқанын естіп немесе жолдастарының жұмысына қарап
қана тіл үйренуге болмайды. әрбір оқушы өзі оқып, жазып, айтып,
түрлі сөздер мен сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастырып, сөйлемдерді
сан – салаға өзгертіп, өзі әрекет еткенде ғана нәтижеге жетеді.
Жетінші заңдылық. Тілге жүйелі түрде сатылып үйрету. Тіл
лексика және грамматикалық формалар арқылы дамиды, екінші жағынан
тіл неғұрлым бай болса, тілдік фактілер де соғұрлым тез
ұғынылалды.
Мұнда қайталаудың алатын орны ерекше және бала есінде саналы
түрде, түсініп сақтауы үшін ойлау операцияларын қолдану керек:
салыстыру, анализ, синтез, дерекксіз ұғым, жалпылау, нақтылау және
индуктивтік, дедуктивтік ой қорытындыларын жасай алатындай болуға
тиіс.
Сөйтіп, ана тілін меңгерудің заңдылықтары оны мекитепке
оқытудың негізі болып табылады; ал әдістемеғлік принциптер осы
заңдылықтардан туындайды, мұндай принциптерге негізделген әдістеме,
сөз жоқ оқушыларға ана тілін үйрету жұмыстарын жүйелі жүргізуге
көмектеседі.
Мемлекетіміздің жалпы білім беретін салаларында білім және
тәрбие әдеби тілде беріледі. Ана тілін меңгеру қарым – қатынас пен
ойлау негізінде жүзеге асады. Онсыз басқа пәндерді оқу, меңгеру,
дүниетанымын қалыптастыру, өткенді саралау, кейінгіге болжау жасау
мүмкін емесе. ҚР қазақ тілі тек пән объектісі ғана емес ойлау,
тіл дамыту, тіл ұстарту, дүниетанымды қалыптастыру, сонымен қатар
басқа пәндерді оқып – үйрену қызметін толық атқарады. Жалпы білім
беретін мектептерде қазақ тілі жүйелі түрде ұлттық дүниетанымға,
тілдің қарысм – қатынас қызметіне, көркемдік негізіне сүйенуі керек.
Қазақ тілінің көркемдік ерекшеліктерін түсіну, қарым – қатынас
барысында тіл көркемдігін, тіл құнарлылығын, тіл мазмұндылығын, тіл
астарын, тіл тазалығын, ойлау мен қисындылыққа бағындырылуын жүелей
білу. Осы бағытта қазақ тілін оқытуды қолдайтын аздаған жеке
бағдарламалар мемлекетімізде қазақ тілін дамыту тұрғысында аздық
етіп отырғаны анық. Ана тілінде оқыту курсы тілді қолданудағы
жүйелілікке, тіл мәдениетіне және тіл ұстартуға бағытталады. Тіл
жүйелілігі тілдік единицалар мен олардың қатанасынаң, біріне бірінің
байланысын көрсетеді. Тіл – қарым қатынаста ой мазмұнын көрсете
алатын процесс. Тілді оқу барысында тілдік единица мен мәтін
игеріледі. Оқушының ана тілін оқу мен игерудегі басты нәрсе –
мәтінді игеру.
Қазіргі қазақ тілінің жағдайы барлығын ашындырады деп алдануға
болмайды. Қазақ тілінің қазіргі жағдайәы орыс тілді қазақтарды
толық қанағаттандырады. Жеке адамның жетілуіндегі гармониялылық
туралы жорамалдар мансап пен баю жолындағы әрекетке басым көрініс
бере бастады. Ұрпақтың ауысуы, менталитентінің де дамуына ықпал ете
бастағанын көрсетті. Барлығы мектепті, мектеп мұғалімдерін, мектеп
оқулықтарын сынға алды.
Тіл – қазіргі кезеңде аса көңіл аударарлық нәрсе қазақстандық
патриотизмнің қалыптасуы мен ұлттық және жеке тұлғалық дамудың
қалыптасуына тікелей бағыт бағдар беретін құбылыс.
Қазақ тілін оқытуда: жеке тұлғаны қалыптастыру, тілдіңжоғарғы
статустық мазмұнын игерген, жеке тілдік ерекшелігі бар, көп тілде
сөйлей алу мүмкіндігінің, тілдік қорының жетілуін, тілдік ойлау
қабылеттіліктерінің жоғарылығын, қарым қатынас кезіндегі сөз қорының
қордалануын, ойлау мүмкіндіктерінің шапшаңдығы мен сауаттылыған және
тілдік тәрбиелілігінің жоғарылылығымен ерекшеленеді.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданды,онда мыналар
көзделген:
• білім және ғылым саласындағы заңнамаларды жетілдіру;
• білім сапасын мемлекеттік бақылауды оның барлық
деңгейлерінде күшейту;
• оқу прцесіне жаңа ақпараттық және білім беру
технологияларын енгізу;
• ғылыми және ғылыми – педагогикалық кадрларды даярлау
жүйесін жақсарту;
• ғылымның өндіріспенжәне білім берумен ықпалдастығын
тереңдету, елдің ғылыми – технологиялық және индустиалдық –
инновациялық дамуының басым бағыттарына ресурстарды
шоғырландыру жүзеге асырылып жатқанын атап өтеміз.
Қазіргі заманның білім жүйесінің басты ерекшеліктерінің бірі –
мемлекеттік басқарудан мемлекеттік – қоғамдық басқаруға өту. Білім беруді
мемлекеттік – қоғамдық басқарудың негізгі идеясы – білім проблемаларын
шешуде мемлекет пен жұртшылықтың күш – қуатын біріктіру, мұғалімдер,
оқушылар мен ата – аналарға оқу процесінің мазмұны мен түрін ұйымдастыру
әдістерін және білім беру мекемелерін таңдауға барынша кең құқық
пен еркіндік беру.
Білім беру жүйесінің мемлекеттік сипаты елде Білім туралы заң
негізінде бірыңғай мемлекеттік саясат жүргізілуімен ерекшеленеді. Заң
аясында Қазақстан Республикасының білім саласында басымдық берілген, яғни
еліміздің әлеуметтік – экономикалық, саяси халықаралық салаларындағы
жетістіктері білім саласындағы жетістіктерімен байланыстырылады. Білім
саласының басымдылығы білім жүйесінің материалдық, қаржылық мәселелерін
бірінші кезекте шешуді талап етеді.
Сонымен бірге білім беруді басқарудың мемлекеттік сипаты Білім
туралы заңда белгіленген мемлекеттік саясат принциптерін мынадай
бағыттарымен де айқындайды:
- білім берудің гуманистік сипаты, жалпы адамзаттық
құндылықтардың, адам өмірі мен денсаулығын, жеке тұлға
бостандығының басымдылығы. Азаматтық пен Отанға деген
сүйіспеншілікке тәрбиелеу;
- республикадағы мәдени және білім беру кеңістігінің бір
тұтастығы, аз ұлттардың білім беру жүйесінің қорғалуы;
- білімнің жалпыға бірдейлігі, білім беру жүйесінің дайындығы, даму
деңгейі мен ерекшеліктеріне бейімделгіштігі;
- білім жүйесінің еркіндігі мен көптүрлілігі;
- білім беруді басқарудың демократиялық, мемлекеттік қоғамдық
сипаты. Білім беру мекемелерінің дербестігі.
Мемлекеттік басқару органдары – білім департаменттері өздерінің
компетенциясы шеңберінде білім берудің мақсат бағдарламаларын жасайды
және іске асырады: мемлекеттік білім стандарттарын жасап, білім туралы
құжаттардың баламаларын айқындайды: білім мекемелерін қаржыландырады және
т.б. көптеген мәселелерді шешеді. Қазіргі жағдайда білім беруді
басқару жүйесін орталықсыздандыру процесі жүреді. Оның мәні жоғарғыбасқару
органдарының бірқатар функциясын жергілікті органдарға беру. Бұл жерде
республикалық органдар стратегиялық бағыттарды талдап жасаумен айналысса,
жергілікті органдар нақты қаржылық, кадрлық, материалдық және
ұйымдастырушылық мәселелермен айналысуы тиіс.

ІІ ТАРАУ.
2.1. Оқыту технологияларының түрлері
Технологиялар туралы ұғымдар. Педагогикалық технологияларға негізгі
сипаттамалар.
Қазіргі кезендегі психологиялық педагогикалық әдебиетгер ғылыми-
технологоиялық процестің жетістіктері мен білім беру саласына "жаңа
компьютерлік технологияларды" енгізуімен бірге келген "технология" деген
ұғым жиі кездеседі. ұылымда арнаулы технологиялық бағыт пайда болды. Бұл
бағыт XX ғасырдың 60-шы жылдарында АҚШ және Англияда пайда болды және
қазіргі уақытта практика жүзінде барлық дүниежүзі елдеріне тарады.
Барлық жасалған және қазіргі күнде адамның қолданып жүрген
технологияларды екі түрге бөлуге болады: өңдірістік және әлеуметтік,
өндірістік технологияларга үлігі ретінде табиғат шикізатын қайта өндеу
технологиясы болады. Бұл жағдайда технология деп бастапқы материалды өнім
"шығуында" белгілі бір алдын ала берілген қажеттерді бөліп алу мақсатымен
қайта өңдеу процесі деп айтады.
Әлеуметтік технология деп, онда бастапқыда соңғы нәтиже болатын адам
болады, ал негізгі оның көрсеткіші өзгеріп тұратын бір немесе бірнеше оның
қасиеттері болады. Әлеуметтік технологияға классикалық үлгі ретінде
жұмысшыларды өз мамандықтарына оқыту қызмет етуі мүмкін. Әлеуметтік
технологня ол өндірісте қолданатын технологиядан принципиалды түрде
өзгешелігі бар. Әлеуметтік технологиялар ұйымдастыру мен жүзеге асыру
жағынан өте күрделі және оралымды. Әлеуметгік технология бұл өте жоғары
деңгейдегі ұйымдастырылған технологиялар деуге болады, себебі адам
әлеуметтік технологияның объектісі, ал ол өте тым көп жақтылы жүйе. Оған
күші мен бағыты әртүрлі болатын соны көп сыртқы әсерлер ықпал етеді, кейде
олар қарама-қайшы болады, осыған орай көбінесе әсерлер қандай қаншалықты
тиімді болатындығын алдын-ала айтуға қиын. Сондықтан әлеуметтік
технологияны өндірістік технологияның анықтамасында мүмкін болатындай
белгілі бір дәл таңдап алынған процестердің жиынтығы деп айтуға болмайды.
Өндірістік технологияны дамыту арқылы тым жоғары нәтижелерге жетуге деген
ұмтылушылық білім беру саласында тастап кетпейді аттап кетеді.
Педагогикалық іс -әрекет саласына "технология" деген сөздікті енгізу
"индустриялдық" технология (Ф.Б.Гильбрейт,
Ф.У Тейлор және т.б.) деген идеяға негізделген және ол оқытуда техникалық
жабдықтарды қолданумен байланысты. Бұл бағытты бірқатар бұрынғы кеңестік
үкіметгің аймағында ғалымдар (В.П. Беспалько, П.И. Пидкасистый және т.б.)
қолдайды. Білім беру салсындағы педагогикалық технологияның басқа бағыттары
оқу материалын талдау техникасын, мұғалім мен оқушылардың оқу іс- әрекетін
(Т.А. Ильина) ұйымдастыруды іздестіруде. Осымен қатар педагогикалық
технология ұстаздар мен оқушылардың аз ғана күш жұмсапең жақсы нәтижелерге
жетудің тиімді принциптері мен әдістерін анықтауға бағытталған.
Бірақ егер материалдық өндіріс саласында еңбек затын бірте-бірте терең
меңгеру негізінде еңбек өнімінің өсуіне әкелінетін жаңа технологиялар
жасалса, ол білім беру саласында басқаша технологиялар ұстаз іс-әрекетінің
жеке жақтарына сай жасанды, қолдан істелген конструциялар ретінде
жасалынады. Ғылыми әдебиеттердегі бар терминде технологияны жасаушылардың
дара жеке мәселелерге (проблемаларға) білім меңгеруге бағытталған оку
моделі жағына өлшем жасалған.
Назар аударған: (оқыту технологиясы, ойын технологиясы, тест жасау
технологиясы, информативтік-оқыту технологиясы, дистанциондық оқыту
технологиясы, рейтингілік оқыту технологиясы және т.б.) (Г.К. Селевко).
Шындығында педагогикалық технологияны жасаушылардың назары (терминдік
түсініктемелеріне қарағанда) педагогикалық еңбектің жеке құбылыстар
саласына бағытталған. Білім беру технологияларының басым көпшілігі
негізінен оқушылардың белгелі бір білім жиынтығын меңгеруге бағытгалған.
Концепция жасаушылардың "ұстаздар-оқушылар" жүйесінің ерекшеліктерімен
ұстаз еңбегінің технологиясының өзгешіліктері арасындағы өзара
байланыстардың түрленген түрлерін көрсетудің басылмауы олардың ең осал
жері. Егер кәсіби іс-әрекетгке жеке өзгерістер енгізілсе еңбек саласында
түбегейлі өзгерістерге жету және оның нәтижелеріне аса ықпал жасау мүмкін
емес. Бұл тағы да "технология" ұғымының мазмұны туралы айтуға мәжбүр етеді.
Бар және жасалынатын жаңа педагогикалық технологияны бағалаудың
негізінде: концептуальдық ұстаздық қатысы бар заттық саласының мазмұнын
түсіну ұстаздың қатысы бар; ұстаз іс-әрекетінің соңғы парадигмасының
нақтылғы; жалпы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұтас педагоикалық процестегі оқыту
БИОЛОГИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ ДИДАКТИКАЛЫҚ ПРИНЦИПТЕРІ
Қазіргі таңдағы оқыту процесінің мәні
Оқытудың заңдылықтарымен принциптері
Жоғары мектепте оқытудың қазіргі кездегі теориялары және концепциялары
Оқу процесінің мəні жəне дидактика жөнінде
Ғылымның қазіргі даму деңгейіндегі дидактика пәні және оның мақсаты жайлы мәлімет
Информатиканы орта мектепте оқытудың теориялық-әдістемелік негіздері жайлы
Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық белсенділігі
АУДИОЛИНГВАЛДЫ ӘДІСТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
Пәндер