Дәрілік өсімдіктер туралы



І. Кіріспе
1. 1. Дәрілік өсімдіктерге сипаттама
1. 2. Дәрілік өсімдіктер . оларды қолдану ерекшеліктері
ІІ. Негізгі бөлім
2. 1. Таныс болыңыздар . көп қырлы дәрілік өсімдік
2. 2. Алтын мұртқа және түрлеріне ботаникалық сипаттама
2. 3. Алтын мұрт . биоактивті заттардың қоймасы Жалпы түсінік
2. 4. Алтын мұртты ашық егістікте, бөлмеде өсіру тәсілдері
2. 5. Алтын мұрттан алынатын емдік препараттар
2. 6. Медицинада қолданылуы
2. 7. Халықтық шаруашылықта қолданылуы
2. 7. Халықтық шаруашылықта қолданылуы
ІІІ. Тәжірибе бөлім
3. 1. Бастапқы заттарға сипаттама
3. 2. Алтын мұрттың сулы және спиртті ерітінділерінің рН . ын, сыну көрсеткішін, тығыздығын анықтау
3. 3. Сандық анализ
3. 4. Күлділік. Оны каллизияның жапырағы мен сабағынан анықтау
3. 5. Экстрактивті заттардың мөлшерін анықтау
3. 6. Органикалық қышқылдар
3. 7. Аскорбин қышқылын ( С дәрумені ) анықтау
3. 8. Пектинді заттарды анықтау
3. 8. Пектинді заттарды анықтау
3. 10. Кверцетинге есептеп флавоноид мөлшерін анықтау
3. 11. Каротинді ( А дәруменінің негізі ) анықтау
3. 12. Алтын мұрттың жапырағының және сабағының макро және микроэлементтер мөлшері
3. 13. Тәжірибеде алынған мәліметтерге жүргізілетін математикалық өңдеу әдісі
IV. Қорытынды
Жер бетінде шипалық қасиетке ие алуан түрлі өсімдіктер өседі.Осынау әрқилы географиялық аймақта қоныс тепкен емдік шипалық қасиеттері алуан түрлі өсімдіктерді адам баласы ерте кезден-ақ өз қажетіне жаратып келеді.
Халықтың денсаулығын сақтауға, ұзақ жыл өмір сүруге деген талпыныстары әрқашан да белсенді болған. Осыдан үш мың жыл бұрын-ақ кейбір шығыс елдерінде қазір қолданылып жүрген дәрілік өсімдіктердің бірсыпырасы белгілі болған.
Ал дәрілік өсімдіктерді зерттеу әдісі XVIII – XIX ғасырларда қолға алынып, 1878 жылы Н. И. Анненков «Ботаникалық сөздік » атты кітап құрастырды. Белгілі орыс агрономы А. Т. Болотов « Экономикалық дүкен » атты журнал шығарып, дәрілік өсімдіктер туралы көптеген мақалалар жариялады. 1912 жылы профессор В. К. Варлихтың « Орыстың дәрілік өсімдіктері » атты еңбегі жарық көрді. Кейінірек С. П. Боткин, Ф. И. Иноземцов сияқты көрнекті ғалымдар қазіргі кезде бүкіл дүние жүзінде жүрек ауруларын емдеуге пайдаланылып жүрген жалынгүл және меруертгүл тәрізді тамаша өсімдіктерді ғылыми медицинаға енгізді.
Дегенмен патшалық Россияда дәрілік өсімдіктерді пайдалану ісі ойдағыдай болған емес. Ұлы Октябрь социалистік революциясынан кейін ғана біздің елімізде шипалы шөптерді зерттеу ісі кең қанат жайып, мемлекеттік маңызға ие болды. 1921 жылы РСФСР Халық Комиссарлары Советі дәрілік өсімдіктерді жинау туралы декрет қабылдады. Ал 1925 жылы дәрілік өсімдіктер жөнінде тұңғыш рет Бүкілодақтық кеңес болып өтті. Міне, содан бері бұл салада біздің елімізде біршама жұмыстар жүзеге асырылды. Қазіргі таңда дәрілік өсімдіктерді зерттеумен алуан түрлі мамандық иелері – ботаниктер мен фармацевтер, фармакологтар мен әр түрлі мамандықтағы дәрігерлер шұғылдануда.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:   
І. Кіріспе
1. 1. Дәрілік өсімдіктерге сипаттама

Жер бетінде шипалық қасиетке ие алуан түрлі өсімдіктер өседі.Осынау
әрқилы географиялық аймақта қоныс тепкен емдік шипалық қасиеттері алуан
түрлі өсімдіктерді адам баласы ерте кезден-ақ өз қажетіне жаратып келеді.

Халықтың денсаулығын сақтауға, ұзақ жыл өмір сүруге деген талпыныстары
әрқашан да белсенді болған. Осыдан үш мың жыл бұрын-ақ кейбір шығыс
елдерінде қазір қолданылып жүрген дәрілік өсімдіктердің бірсыпырасы белгілі
болған.
Ал дәрілік өсімдіктерді зерттеу әдісі XVIII – XIX ғасырларда қолға
алынып, 1878 жылы Н. И. Анненков Ботаникалық сөздік атты
кітап құрастырды. Белгілі орыс агрономы А. Т. Болотов Экономикалық
дүкен атты журнал шығарып, дәрілік өсімдіктер туралы көптеген мақалалар
жариялады. 1912 жылы профессор В. К. Варлихтың Орыстың дәрілік
өсімдіктері атты еңбегі жарық көрді. Кейінірек С. П. Боткин, Ф. И.
Иноземцов сияқты көрнекті ғалымдар қазіргі кезде бүкіл дүние жүзінде жүрек
ауруларын емдеуге пайдаланылып жүрген жалынгүл және меруертгүл тәрізді
тамаша өсімдіктерді ғылыми медицинаға енгізді.
Дегенмен патшалық Россияда дәрілік өсімдіктерді пайдалану ісі
ойдағыдай болған емес. Ұлы Октябрь социалистік революциясынан кейін ғана
біздің елімізде шипалы шөптерді зерттеу ісі кең қанат жайып, мемлекеттік
маңызға ие болды. 1921 жылы РСФСР Халық Комиссарлары Советі дәрілік
өсімдіктерді жинау туралы декрет қабылдады. Ал 1925 жылы дәрілік өсімдіктер
жөнінде тұңғыш рет Бүкілодақтық кеңес болып өтті. Міне, содан бері бұл
салада біздің елімізде біршама жұмыстар жүзеге асырылды. Қазіргі таңда
дәрілік өсімдіктерді зерттеумен алуан түрлі мамандық иелері – ботаниктер
мен фармацевтер, фармакологтар мен әр түрлі мамандықтағы дәрігерлер
шұғылдануда. Бүкілодақтық дәрілік және хош иісті өсімдіктер институты
(ВИЛАР), Бүкілодақтық химия-фармацевтика ғылыми-зерттеу институты (ВНИХФИ),
РСФСР Денсаулық сақтау министрлігінің аптека ғылыми-зерттеу институты
(ЦАНИИ) сияқты көптеген ғылыми-зерттеу институттары жемісті жұмыстар
жүргізуде. Москва, Киев, Харьков, Томск, Шымкент және басқа да көптеген ірі
қалаларда арнаулы фармацевтика институттары құрылды.
Өсімдіктердің шипалық қасиеттері сонымен қатар, ботаникалық
бақтарда, көптеген жоғары оқу орындарының кафедраларында және аптекалық
мекемелерде де зерттеліп келеді. Шипалық қасиеті бар жаңа өсімдіктерді
тауып, зерттеуде Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы ғылыми-техникалық қоғамының
дәрілік өсімдіктер секциясы да көп іс тындырып отыр.
Совет ғалымдары соңғы жылдардың өзінде ғана қазіргі медицина
талабына сай көптеген өсімдіктерді жан-жақты зерттей отырып, айтарлықтай
табыстарға қолдары жетті. Мәселен, емдік қасиеттері қапысыз анықталған 324
өсімдіктің 107-сінің жолдама алған Отаны біздің еліміз болып табылады. Бір
ғана академик А. П. Ореховтың өзі әр түрлі өсімдіктердің құрамындағы
алкалоидтардың бұрын белгісіз болып келген 65 түрін ашты. Сондай-ақ,
витаминді өсімдіктерді зерттеуде де орасан зор жұмыстар тындырылды. Осыдан
жарты ғасырдан астам уақыт бұрын проф. Б. П. Токин тұңғыш рет қолға алған
әр түрлі микробтарды өлтіретін антибиотик-фитонцидтердің емдік қасиеттері
анықталды. Сонымен қатар еліміз құрамында алкалоидтары бар улы
өсімдіктерді зерттеуде алдыңғы қатарда келеді.
Медицинаның әр түрлі саласында мамандардың дәрілік өсімдіктерді
лабораторияда зерттеуге көптеген жылдар және күштер кетеді. Мысалы, тек
қана калонхоены зерттеу үшін 8 жыл және тағы тек оны Ресейдің Денсаулық
Министрінің фармкомитеті оның құндылығын қатайту және сол өсімдіктің
негізінде шырындарды және майларды медициналық практикада қолдануға рұқсат
беру үшін 7 жыл кеткен.
Иә, ғасырлар бойы көк өсімдік адам баласына қызмет етіп келеді.
Ішсе тамағы, кисе киімі, ауырса дәрісі, малына жем – шөбі, тағысын
тағылары. Қазіргі қала халқы адам баласының табиғатпен тығыз байланыста
екенін ұмытуда. Сонда да табиғат ана өзінің бар екенін, онсыз адам
баласының өмір сүруі мүмкін емес екенін еске салып отырады.
Сондықтан да қала халқы демалыс күндерін қала сыртында таза ауа,
көгалды жерлерге барып демалуды әдетке айналдыруда. Терезе алдында емдік
қасиеті бар өсімдік өсіруді де қолға ала бастадық.
Виктор Васильевич Тельятев еңбексүйгіштігінің және ыстық жүрегінің
жігерлігінің арқасында Шығыс Сібірде жабайы өсетін өсімдіктер туралы
көптеген мәліметтер белгілі. Ал, басқа кеңдіктен келген кірме өсімдіктер
туралы белгілі мағлұматтар аз. Тек, осы уақытта алтын мұртқа, ғылыми атауы
хош иісті каллизия (хош иісті ректантера) деген өсімдікке қызығушылық
талпына өсуде.
Сондықтан мен осы дипломдық жұмысымда алтын мұрт жайлы мағлұмат
беремін. Бұл өсімдік жайлы көптеген кітаптар мен мақалалар жазылды,
дегенмен адам баласына ашылмаған қырлары көп өсімдіктің бірі болып отыр.
Ресейде алтын мұртты зерттеушілердің бірі Владимир Николаевич
Огарков болды. Ол 20 жылдан астам осы өсімдіктің емдік қасиетін зерттеумен
айналысып келді. Ғалымның айтуынша Алтын мұрт құрамындағы биологиялық
активті зат ағзадағы зат алмасу процесін жақсартады, терідегі зақымданған
тканьдердің тез жазылып сауығуына әсер етеді, иммунді системаның қарсы тұру
қасиетін арттырады.
Қазіргі кезде алтын мұртты тиянақты зерттеуді Санкт – Петербургтегі
А. И. Герцен атындағы мемлекеттік университеттің биология кафедрасы қолға
алды.

1. 2. Дәрілік өсімдіктер – оларды қолдану ерекшеліктері

Дәрілік өсімдіктермен емдеу – өте ертеден келе жатқан тәсіл. Көп
өсімдіктер адамдардың досы және жақын көршісі болып табылады. Ғұмырымызда
олар бізді сүйсіндіріп келеді: шөлдесек – сусын, қарын ашса – тамақ,
ауырсақ – дәрі, ең аяғы қорегіміз ауаны оттегімен байытып отырады.
Күнделікті күйбең тіршілікті бір сәт қойып, айналаңа яғни табиғатқа
сүйіспеншілікпен қарау керек.
Өсімдік әлеміне жай ғана шөп деп жеңіл – желпі қарауға болмайды.
Және дәрілік мақсатқа да арнаулы маман дәрігерлермен ( фитотерапевпен )
ақылдасып барып қолдану лазым. Оларды дұрыс қолданбау ағзаны улау болып
табылады.
Дәрілік өсімдіктерді қолданғанда төмендегі шараларды есте ұстау
керек:
1. Арнаулы маман – дәрігермен ақылдасу.
2. Дәрілік шөптерді жинағанда жинау тәсілін білу керек ( яғни жинау
мерзімі, ауа – райы, тазалау, кептіру және сақтау секілді т. б. ).
3. Белгіленген мөлшерде ғана қолдану, дайындау тәсілін білу.
4. Қайнатпалар мен тұнбаларды қолданғанда емдік курс аралығын қатаң
сақтау.
5. Бір дәрілік өсімдікке байланып қалмау. Сондықтан оларды ауыстырып
қолдану.
6. Қолданбас бұрын дәріңіздің қандай ауруға ем, ал қайсысына зиянды
екенін оқып танысу.
Бір ғана фитотерапиялық әдіспен емделу нәтиже бермеген уақытта
дәріханалық дәрілерді қоса пайдаланып ауру уытын кетіруге болады.
Алтын мұртпен емделген кезде сақтық шаралары сақталмаған кезде
оның зиянды жағы анықталған.
Иркутскідегі медицина институтында тәжірибе нәтижесінде көп
қолданылған алтын мұрт адамның дауыс ырғағын бұзған және қайтып емдеуге
көнбеген.

Сақ болыңыз – биоактивті зат!

Алтын мұрттың дәрілік қасиеті әлі толық зерттеліп болған жоқ. Алтын
мұрттың ағзадағы әсері өте күшті, сондықтан оны қолданғанда дәрігерлік
бақылауда болған дұрыс.
Әр түрлі методикалық нұсқаулар мен кітап авторлары, ұлы ғалым
Парацельстің мына сөзін қайталаудан жалықпайтыны сондықтан: Дәріні емдеу
үшін де, улау үшін де пайдалануға болады, тек оны мөлшері ғана анықтайды
- деген сөзі.
Алтын мұрттың сабағын дәрілік мақсатқа қолданғанда қауіпсіздік
шарасын толық қарастырған жөн. Мысалы 50 – 100 г майдаланған сабағының
буындарын 0, 5 л суға араластырған тұнбасын бірінші рет пайдаланғанда адам
денсаулығының түзелгені білінеді. Яғни, қан айналамы жақсарып, адамның
көңіл – күйі көтеріліп, өн бойыңа жылылық сіңіріп тұрады. Бірақ бір апта
өткен соң оның кері әсерін байқайсыз. Яғни нормадан артық пайдаланған дәрі
басты ауыртады, тамақ бездері ісініп кетеді, соның әсерінен дауыс ырғағы
бұзылады, ағза әлсіреп көңіл – күй төмен құлдырайды. Денеге артық құйылған
биоактивті заттарды сыртқа шығаруға терінің шамасы жетпей, тері аурулары
қозады. Қарынның кіндік айналасы қышып, әрі қарай сулы экземаға ауысады.
Денеге артық жиналған биоактивті заттарды шығару үшін соларды сорып
сыртқа алып шығатын препараттар – энтеросгель, сульфодерм және
нормагасттарды пайдалану керек.
Сондықтан сабақтан жасалынған дәрілерді сыртқы ауруларға жараға
жағуға ғана қолдану керек. Мысалға, алтын мұрттың 5 – 6 сабағын 0, 5 л – 70
% спиртке тұндырып, оны остеохондроз, буын ауруларына қарсы теріге жағу
керек.
Алтын мұрт жапырақтарын сыртқы жараларға жапсырып қолданғанда
аллергиялық реакция бермес үшін оны сұйылтып, қолданған жөн. 1 : 3 немесе 1
: 5 қатынаста ыстық сумен мұртшалардың шырыны араласқан қоспасы.
Алтын мұртты емдік мақсатқа қолданып жүргенде төмендегі ережені
сақтаған жөн:
1. Спиртті ішімдіктен бас тарту.
2. Темекі шекпеу.
3. Бей – берекет басқа медициналық дәрілерді араластырмау.
4. Көкөніс және жеміс шырындарын көп мөлшерде ішпеу.
5. Ұзақ уақыт ашығып жүруге болмайды.
Алтын мұртпен емделіп жүргенде мына тағамдарды пайдаланған дұрыс:
1. Теңіз өнімдері;
2. Ірімшік – құрт ( сыр );
3. Жаңғақтар;
4. Өсірілген дәндер;
5. Көкөністі шикілей пайдалану – сәбіз, қызылша шырынын ішу, әр түрлі
ботқалар жеу.
Тағам дайындағанда өсімдік майын пайдаланған жөн.
Осы айтылған нұсқауларды қатаң сақтағанда алтын мұртпен емдеу
нәтижелі болады.

ІІ. Негізгі бөлім
2. 1. Таныс болыңыздар - көп қырлы дәрілік өсімдік
Алтын мұрт
( Өсу, шығу, таралу орындары )

Бұл өсімдік соңғы уақытта халық арасында көпшілікке белгілі болып
пайдалана бастады. Кейде оны венерин түгі немесе үй жүгерісі
және т.б. деп түрліше атайды. Ғылыми жағынан бұл өсімдік хош иісті
ректантера немесе хош иісті спиронема деп аталады. Халықтық қауесеттер оған
көптеген әр түрлі шипалы қасиеттерін бұрын жазылғанға қосып жазды. Бұл көп
жылдық шөптесін өсімдіктің Отаны - Мексика, Гватемала ормандары және Юкатан
түбегі , Американың оңтүстік штаттары, Қытай және Индия. Орталық және
Оңтүстік Американың тропикалық, субтропикалық облыстарында, Антиль
аралдарында және Азияның оңтүстік шығыстарында көп таралған көп жылдық,
сирек бір жаздық өсімдіктер.
Каллизия 38 туысқа 500 түр кіретін коммелиндер (Commelinaceae L.)
тұқымдасына жатады. Оңтүстік Америкада және Африкада ең үлкен әр
түрліліктері зерттелуде. Каллизия туысының коммелиндер тұқымдасынан 12 түрі
бар.
Сонымен хош иісті каллизия (Callisia fraqrans.). Бұл атауды
өсімдікке 1942 жылы R.E. Woodson берген. Туыстың атауы грек тілінен
аударғанда Kallos – әдемі және Lis – лилия деген сөздерден шыққан. 1840
жылы өсімдік бірінші рет Spironema fragrans деген атпен жазылған. 1932 жылы
ол Rectanthera fragraqns деген атқа өзгертілген. Бұл сәндік жапырақты
өсімдік әуесқой гүл өсіруші мамандарда жетістікпен қолданылуда. Ол халықтық
медицинада да қолданылады. Дұрысын айтқанда, каллизияны әзірше ағылшындық
және канадалық ғалымдар көбірек зерттеуде. Бірақ және біздің де мамандар
осы өсімдікке ақыр аяғында назар аударды.
Алтын мұрт тарихында өкінішке орай қателіктерге жол берілді.
Бөлме өсімдіктері және сәндік-гүлді бұталар кітабында ( Киев: Урожай,
1978ж. ) өсімдік аты тағы да бұрмаланып көрсетілді, онда Букетгүлді
дихоризандр ( Dichorizandra thyrsiflora ) деп аталды. Ал бұл мүлдем басқа
өсімдік. Шындығында, ол алтын мұртпен бір тұқымдасқа – коммелиндер (
Commelinaseae ) тұқымдасына жатады. Осыдан кейін каллизияның емдік
қасиеттері туралы мақалаларда каллизия дихоризандр деген атпен жазыла
бастады. Бұл өте қате пікір, өйткені дихоризандрдың емдік қасиеті жоқ,
сондықтан сақ болу керек. Оны емге пайдалану тіпті науқастың ауруын
асқындырып жібереді.
Дихоризандрдың алтын мұрттан негізгі айырмашылықтары төмендегідей:
· ең бастысы: дихоризандрдың мұрттары жоқ ( яғни көлденең өркендері!!!);
· жапырағын екі бөлікке бөлгенде олардан байланыстырып тұратын олардың
жіпшелері түзуленіп тұрмайды;
· жапырағы қызғылт түске ие ( алтын мұртта олар қара-жасыл );
· жапырақтары каллизияныкі сияқты кезектесіп орналаспай, сабақта спираль
тәріздес орналасқан 2.
Каллизияны Ресейде тек жақында өсіре бастады. Бұл жылу сүйгіш
өсімдік. Дегенмен, ол сіздің үйіңізде қысты әбден өткізе алады: теплицадан
қыш құмыраға көшіріп отырғызасыз да – үйге жылы орынға, қай жерде жарық
жеткілікті, сол жерге қоясыз.

2. 2. Алтын мұртқа және түрлеріне ботаникалық сипаттама

Жылы теплицалардың мәдениетінде бір түр белгілі - хош иісті
каллизия. Отаны – Мексика. Бұл әжептәуір кесек өсімдік. Табиғатта бүйірлік
өркендерінің ұзындығы 1 м-ге дейін, 2 м биіктікке жетеді, ал теплицада
(оранжереяда – қыста өсімдік өсіру үшін әйнектеліп жылытылған орын) 70-90
см-ге өседі. Екі түрлі өркендері болады. Өркендерінің біреулері тік
тұратын, етті, биіктігі 70-80 см-ден 2м-ге жетеді. Және қалыпты дамыған
жапырақты болып келеді. Қалыпты дамыған жапырақтардың ұзындығы 20-30 см, ал
ені 5-6 см, сыртынан жас жүгеріге ұқсас.
Ал өркендерінің басқа екінші түрлері - ұзын түтік тәрізді,
өркендерін қынаптармен, шетінде кірпікшелерімен қоршап алған. Мүшеленбеген
буындарының орнына жетілмей қалған жапырақтары көлденең (мұрттары) болады.
Мұрттарының ұшында сыпырғыш жапырақ қалыптасады.
Жақсы күтімде кей-кейде Алтын мұрт гүл ашады. Өсімдік атауын
гүлдері ұсақ, диаметрі 1 см-ден де аз, хош иісті гүл шоғырына жинақталған
тығыз шоқтары болғандықтан алған. Иісі сүмбіл гүлдікі сияқты жағымды.
Бөлмеде жапырағының ұзындығы 5-7 см және ені 2,5-3 см әсем
каллизия кездеседі. Жапырағы үстінен барқыт- қара жасыл, ұзына бойына тар,
күмістей ақ жолақтарымен жіп тәрізді талшықты, ал асты көк-жасыл немесе
күлгін түсті болып келген. Өсімдіктердің барлығы қысқа барқытты
мамықтанған.
Әсем каллизияға ұқсас каллизияның тағы бір түрі бар, бірақ
жапырағында күмістей жолақтары жоқ, гүлдері айқын-қызғылт бояулы келген.
Каллизиялар күй талғамайды, өсінділерімен көбейеді. Ұзын көлденең өркендері
жақсы тамырланады.

2. 3. Алтын мұрт – биоактивті заттардың қоймасы
Жалпы түсінік

Дәрілік өсімдіктер оларда әр түрлі химиялық қосылыстардың барына
тәуелділіктен емдік қасиеттерге ие. Ол химиялық қосылыстарды атап айтсақ:
алкалоидтар, гликозидтер, иілік заттар немесе таниндер, ақуыздар,
көмірсулар, майлар, шайырлар, шырыштар, бояғыш заттар, дәрумендер, табиғи
қосылыстардың топтары: кумариндер, липидтер, полисахаридтер, күрделі
органикалық қосылыстар: сапониндер, флавоноидтар және басқа заттар.

Алтын мұрт өз қатарында көптеген өсімдіктердің жақсы қасиеттерін
сақтаған. Оған мысал есебінде бүкіл халыққа таныс алоэ мен каланхоэні
айтсақ та жеткілікті.
Ғалымдар хош иісті каллизияны зерттеумен, (алтын мұрт дұрысында дәл солай
аталады) әлдеқашан айналысқан. Гватемала мен Мексикада каллизия жабайы
түрде өсіп жетілгендіктен Орталық және Оңтүстік Американың тропикалық
ормандарының өсімдіктерінің құрамдарын зерттеу жолында Гарвард
университетінде бұл зерттеулер өткізілген. Алтын мұрттың шырынында
биологиялық активті заттардың үлкен мөлшері табылған еді. Новосибирскіден,
Санкт-Петербургтан ғалымдар, Семенов профессордың жетекшілігімен Иркутск
медициналық институтының ғалымдар тобы хош иісті каллизияны зерттеумен
Ресейде айналысты.
Химиялық кинетика және өрт (СО РАН) Институтының мәліметтері
бойынша хош иісті каллизия мынадай биохимиялық құрам иеленеді. Бұл
мәліметтер үлкен маңызға ие. Өйткені, әрбір өсімдіктің биохимиялық
компоненттерінің дәл бірегей байланыстырылуы оның шипалы қасиеттерін
анықтайды.

Көрсеткіш Жапырақтарында Сабақтарында
Каратиноидтар, мг % 10,2 57,6
Аскорбин қышқылы, мг % 6,0 12,0
Флавоноидтар, % 0,1-0,4 0,2-0,6
Қанттар, % 6,8 6,4
Қышқылдық, % 0,3 0,2
Пектиндер, % 10,3 17,4
Иілік заттар, % 4,7 2,8
Катехиндер, % 0,5 0,1

Алтын мұрттың тамаша емдік қасиеттері оның бойындағы шырындардың
биоактивті заттармен тығыз байланыстылығында.
Алтын мұрт өз бойында биологиялық активті заттар фитостероидтар мен
флавоноидтар ( флавонолдар ) топтарын құрайды.
Әр топпен жеке – жеке танысайық.
Каратиноидтар – А дәруменнің негіздері, бауырда каротиназалардың
әрекетімен А дәруменіне айналады.
Каротиндермен петрушка (25мг % ), бақбақ ( 17 мг % ), шашыратқы (15
мг % ), сәбіз ( 8 мг % ), шпинат ( саумалдық ( 6,5 мг % ), итмұрын (5 мг %
) және көптеген басқалары өте бай. Дәруменнің жетіспеушілігі көз ауруларын,
бойдың бұзылуын, шырышты қабықтардың және терінің дегенераттық өзгеруін,
бауырдың қызметтерінің бұзылуын, холестериннің алмасуының бұзылуын және
басқаларды шақырады.
Сау үлкен адам үшін А дәруменіндегі күнделікті қажеттілік – 500-100
МЕ мөлшер, шамамен сәбіздің 100 г жуық болады. Сөйтсе де каротин аш ішекте
толық сіңірілмейді, сол себепті адамның тағамдарының құрамына А
дәрумендеріне бай жануарлардың өнімдері (сүт, сары май) міндетті түрде кіру
керек.
Аскорбин қышқылы – С дәрумені, қырқұлаққа қарсы фактор,
өсімдіктерде өте кең таралған. Ол дегидроаскорбин қышқылына өте отырып
жеңіл қышқылданады. Өсімдіктерде аскорбин қышқылы бір жағынан бос, бір
жағынан байланысқан жағдайда кездеседі. С дәрумені шамасы, тек қана
жануарлар үшін емес, және өсімдіктер үшін де физиологиялық маңыз иеленеді.
Пероксидазаларды ұстайтын өсімдіктер әсіресе С дәруменіне бай. С дәруменін
жинақтауда сонымен қатар жыл мезгілдері, өсімдіктің жас шамасы, экологиялық
факторлар және басқалар маңызды. С дәруменімен жасыл және қызыл бұршаққынды
бұрыш ( 210 мг % ), итмұрын ( 300 мг % ), құлпынай ( 40 мг % ), лимондар
және апельсиндер (50 мг % ), алмалар ( 2-20 мг % ) және басқалары өте бай.
Бұл дәруменнің жеткіліксіздігі ағзаның инфекциялық ауруларға қарсы
тұруының төмендеуіне әкеледі, адамды тез шаршатып, жұмыс істеу қабілетін
төмендетеді және төмендегі ауруларға апарып соқтырады: атеросклероз, жүрек
қабынуы, қан аздық. Бұл тапшылық ұлпалардағы қанды сүйелдермен, қызыл
иектің қанауға бейімділігімен білінеді. Ал С дәруменінің толық жоқ болуы
қырқұлақтың ( ағзада С дәруменінің жеткіліксіздігінен болатын тіс ауруы)
дамуына әкеледі. Адамның С дәруменіне күнделікті мұқтаждығы 25-50 мг.
Алтын мұрттың антисептикалық ( зиянды заттарды жою ) қасиеті,
ағзадағы иммунды жүйенің жұмысын жақсартуы мынаған байланысты: жоғарыда
айтып өткен биоактивті заттар мен аскорбин қышқылының бірігіп әсер етуінен
болады.
Ауырып қалған жағдайда адам ағзасы С дәруменіне деген қажеттілік
артады. Улы заттарды залалсыздандыру үшін С дәруменін қолдану арқылы жояды.
Бұдан басқа денедегі қосылғыш ұлпалар жұмысын жақсартып, коллаген
жіпшелерінің дұрыс бөлінуін қамтамасыз етіп, біздің терілеріміздің тез
сауығып, бітелуіне әсер етеді.
Аскорбин қышқылы қан тамырындағы артерилық қысымды реттейді, жүйке
жүйелерінің шаршаудан, тозуынан қорғайды, стероидты гормондардың
биологиялық бөлінуіне қатысады.
С дәрумені:
• тотығу – тотықсыздану процестерін реттеуге қатысады, күшті оксидант болып
табылады, оның әсері флавонолдардың есебінен күшейеді;
• қанның бұрылу процестерін тәртіпке салады;
• ұлпалардың регенерациясын ( жарақат жазатын эффект ) жоғарылатады;
• стероидты гормондардың түзілуін стимулдейді;
• коллаген және коллаген негізі ақуыздардың серпімділігі синтезіне
қатысады;
• капиллярлардың өткізгіштігін қалыптастырады;
• қан ағыстары кезінде, геморрагиялық диатездердің алдын алу үшін
қолданылады ( соның ішінде сәуле аурулары кезінде ).
• барлығына жақсы белгілі болғандай, инфекциялық аурулар уақытында
пайдаланылады ( оның әрекеті ағзаның қарсылығын жоғарылату
қабілеттілігіне негізделген );
• бауыр, бүйрек аурулары кезінде, сүйек сынғанда, дистрофияда көмектеседі.

Флавоноидтар - фенолды қосылыстарға жатады. Флавоноидтардың көпшілігі
өсімдіктердің әр түрлі бөліктеріне бояу беретін пигменттер топтарын
құрайды, өзара әр түрлі мөлшерде қосылыс жасап, өсімдіктер өміріне сиқырлы
түрлі – түсті өң береді. Басқалары иілік заттардың негізін салушылар.
Флавоноидтар (лат. Flavo - сары ) көптеген дәрілік өсімдіктерде және
тіпті кәдімгі шайда болады. Флавоноидтар антисептикалық әсерімен және Р -
дәрумендік белсенділігімен қабілетті болады. Олар өзімен бірге көптеген
күшті антиоксиданттарды ( ағза ұлпаларының және биологиялық сұйықтықтардың
қышқылдануына қарсы тұратын, сонымен қатар бүкіл ағзаны тұтас және
жасушалардың ескіруін тоқтататын және зат алмасу процестерін
қалыптастыратын заттар ), яғни барлығына жақсы таныс дәрумендер Е және С -
ні алып жүреді. Алтын мұрттың жапырағында және сабағында, цитрустарда,
доланада, облепихалардың жемістері мен тұқымдарында болады және айлар бойы
бұзылмай сақталады. Флавоноидтар тіпті өсімдікті кептіргенде және
экстракттағанда да ( мысалы, спиртті тұнбада ) өздерінің пайдалы
қасиеттерін сақтайды. Фармацевтикалық өндірісте бұл заттарды
антисептиктерді, бояғыштарды дайындау үшін пайдаланады. Флавоноидтарды
емдік мақсатта мына ауру түрлеріне қолданады: өт жолын тазалауға, қақырық
түсіруге, жүрек ауруына және де адам ағзасын радиоактивті заттардан
тазалауға. Олардың ісік ауруларын басу қасиеті де зерттеу үстінде.
Алтын мұрттың шырынында флавоноидтардың 2 түрі болады: кверцетин және
кемпферол.
1) Кверцетин - пентаоксифлавоноид болып табылады. Ол ісік ауруларының
ұлғаюын тоқтататын белсенділігімен, антиоксиданттық, диуреттік және
спазмолитикалық әсерімен қабілетті. Ол аллергиялық ауруларға қарсы
препараттардың құрамына кіреді. Бұл зат тамыр қабырғаларын сауықтырады.
Капилляр қан тамырлардың қабырғаларының өткізгіштігін төмендететін және
созылғыштығын көтермелейтін дәрі ретінде пайдаланылады. Нефрит (бүйректің
ісуі), бүйректің тырысуы, ревматизм (буын-буын мен бұлшық еттердің шаншып,
сырқырап ауруы), сақина қанның қысымы (артуы) және кейбір инфекциялық
ауруларда қолданылады. Кверцетин адам бауырының ұлпаларын улы заттардан
қорғайды, атап айтқанда төртхлорлы көміртегінен, бензолдан, хининнен,
хлороформнан және басқа улы заттардан.
2) Кемпферол – дәл осындай аталған барлық қасиеттерге қабілетті,
қосымша ағзадан натрий тұздарын шығарады. Суық тиіп ауырғанда, қуық
жолдары ауырғанда пайдаланылады. Қан тамырын сауықтырып, сергектік нәтиже
береді. Аллергиялық ауруларға да қарсы қолданылады.
Кверцетин және кемпферол - зиянды микробтар мен бактерияға
қарсы күшті әсер етеді. Олардың қан тоқтату қабілеті бар. Осы қабілетінің
арқасында оны тері ауруларымен зақымданған терінің тез жазылуына дәрі
ретінде пайдаланады. Бұдан басқа ұлпалардағы эластин мен коллагендердің
бөлінуін реттеп отырады. Соның арқасында тері өзінің сау қалпы мен
серпімділігін сақтап отырады.
Кверцетин мен кемпферол жүрек бұлшық еттерінің жақсы жұмыс істеуіне
әсер етіп, қан тамырларын кеңейтеді.
Кверцетин, кемпферол қуық жолдарының жұмысын жақсартып, ағзаны
керексіз заттардан тазартып отырады.
Сонымен қатар бүйректің улы заттардан арылуына көмектесіп, бүйрек
сөлдерінің дұрыс бөлінуін қамтамасыз етеді.
Флавоноидтарға сонымен қатар катехиндер жатады. Олар антиаллергиялық
әсерімен қабілетті.
Бұл флавоноид дәрілерін қолданғанда да басқа дәрілер сияқты сақтық
шараларын қамтамасыз еткен дұрыс. Мысалға, ағзада йод тапшылығы болатын
болса, алқымның ісіп ( зоб ) дамуына әкеліп соғады.
Гликозидтер қанттардың әр түрлі қант емес компоненттермен
байланыстары, өсетін ағзада алмасу өнімдері болып табылады. Гликозидтердің
көпшілігі – жақсы кристалданатын және суда еритін заттар. Олардың қантты
құрамдас бөлігі әдетте глюкоза немесе басқа гексоза немесе пентоза:
фруктоза, галактоза, манноза, арабиноза, рибоза, рамноза және басқалары.
Гликозидтер қышқылдардың немесе ферменттердің әсерімен қолайлы жағдайда
оларды құрайтын қанттарға және қант емес компоненттерге (агликондер,
гениндер) ажырайды. Өсімдіктерде олар кең таралған.
Пектиндер – полисахаридтер болып есептеледі. Олардан өсу ұлпаларда
жасушааралық зат құралады. Олар галактурунды қышқылдан тұрады: суда ісіп-
кебінеді және шырышты ерітінділер құрастырады. Соратын және бырыстыратын
қасиеттерімен қабілетті, сол себепті ішектің бұзылуында оларды пайдаланады.
Иілік заттар ( таниндер ) еменнің тамырына ұқсас, терілерді илейді,
яғни оларды су өтпейтін жасайтын қабілеттілігі үшін өз атауын алған.
Таниндер бырыстыратын ретінде, ішек-қарын бұзылуында бактерицидті дәрі,
тамақ шайқау үшін, созылыңқы жазылмайтын жараларда бактерицидтік
қолданылады. Иілік заттардың талаурауға қарсы күшті әсері шырышты
қабықтардағы қабыну процесінің одан арғы дамуына кедергі жасайтын қорғаныш
жұқа қабыққа негізделген.
Фитостероидтар. Каллизия өсімдігінің шырынында табылған биологиялық
активті зат фитостероид тобымен танысайық.
Фитостероидтар ( немесе фитогормондар ) - бұл күрделі органикалық
байланыстар (эфирлер). Олардың қызметтері еркектік және әйелдік
гормондардың ( эстрогендердің және андрогендердің ) қызметіне ұқсас.
Бұл зат бүкіл ағзаның ұлпалары мен жасушаларының дұрыс жұмыс
істеуін жақсартады. Фитогормондар бұйрығымен өсімдік ағзасында өмірлік
қажетті процестер жүріп тұрады. Алтын мұрттан табылған бета – ситостерол
заты осы топқа жатады. Бета – ситостерол ақуыздардың бөлінуіне әсер етеді
және зиянды бактерияға қарсы күреседі.
Бұл қосылысты ағзадағы эндокрин жүйесі бұзылғанда, қуық жолдарының
ауруы простатит пен аденоманы емдеуге, қандағы холестериннің көбеюіне қарсы
қолдануға болады.
Фитостероидтар әсерінен терідегі жаралар тез жазылады, себебі
жасушалар жылдам бөлініп, терінің өсуін тездетеді және ауру тудырғыш
бактерияларды өлтіреді.
Фитогормондар әсерінен терідегі зат алмасу реттеліп, қан айналымы
жақсарады. Осы қасиеті үшін оны косметикалық майларға ( кремдерге ) қосып
отырады.
Бұдан басқа зиянды бактериялар мен грибтарды жоятын қасиеттері бар.
Бұл биологиялық активті фитостероидтарды қолданғанда қауіпсіздік
шараларын есте сақтау керек. Мысалға, бұларды көп мөлшерде қолдану адам
ағзасындағы бала табу функциясын жояды.
Алтын мұрт шырынындағы биологиялық активті заттар онкологиялық
ауруларға қарсы емге қолданыла бастады. Бұл дәрілерді қолданғанда ағзада
ауруға қарсы иммунитет пайда болып, бөтен ауру жасушаларының өсіп таралуын
тоқтатады.
Кверцетин, кемпферол және фитостероидтар топтамасы ісік ауруларына
қарсы жақсы нәтиже береді.

Дәрумендер мен микроэлементтер – өмір сүру катализаторлары

Алтын мұртты зерттеу нәтижесінде оның шырынында көптеген дәрумендер
мен микроэлементтердің барлығы анықталды. Атап айтқанда, адам ағзасына өте
керекті мыс, хром, никель, темір секілді микроэлементтер бар.
Дәрумендер ағза қажеттілігіне байланысты әр топқа бөлінеді, олардың
химиялық құрамы өте күрделі. Адам ағзасына дәрумендер тамақ арқылы түседі.
Олардың энергетикалық құндылығы болмағанмен, ағзалардың дәруменсіз қалыпты
жұмыс істеуі мүмкін емес. Олар ағзадағы биохимиялық реакциялардың
катализаторы болып табылады немесе сол биохимиялық реакцияға тікелей өзі
түседі.

В тобының дәрумендері

В тобының дәрумендеріне 10 суда еритін гетероциклді қосылыстар
жатады. Олар әр түрлі тамақ өнімдерінде болады және әр түрлі әрекет
спектріне ие. Каллизияның шырынында олардың үшеуі бар: В2, В5, В12.
Рибофлавин ( В2 дәрумені ) дәруменінің тапшылығы салмақтың жоғалуына,
әлсіздікке, көру өткірлігінің төмендеуіне, майлардың синтезінің және ақуыз
алмасуының бұзылуына әкеп соқтырады. Әсіресе қант диабеті және бауыр
аурулары кезінде рибофлавинге мұқтаждық өседі.
В2 дәрумені ( рибофлавин ):
• жасушадағы тотығу – тотықсыздану процестерін, май, ақуыз және көмірсу
алмасуын реттейді, майлардың, көмірсулардың жануына жауап береді,
ақуыздардың энергетикалық алмасуына қатысады;
• орталық жүйке жүйесінің жағдайын тәртіпке келтіреді;
• терінің күйіне және көруге әсер етеді;
• антиоксидант болып саналады;
• антистрестік ықпал көрсетеді;
• шырыштылардың және эпителийдің регенерациясына мүмкіндік жасайды, көру
мүшелерінің функциясын жақсартады;
• жыныстық жетілуге себепкер болады;
• жарақат жазатын әрекетке ие, ішектің жұмысын реттейді;
• жүрек – қан тамыр жүйесінің ( жүрек бұлшық еттерінің ) функциясын
тәртіпке келтіреді;
• қандағы холестериннің деңгейін төмендетеді;
• ақшам соқыр, конъюктивит, көздің мөлдір қабығының жараларын, шел басуды,
жарақаттарды, бауырдың және ішек функциялары бұзылғанда, стоматит, тері
ауруларын ( дерматоза, теміреткі ), бас сақинасы ауруын, депрессияны,
ұйқысыздықты, еркек және әйелдердегі бедеулікті, қан аздықты емдеу
кезінде қолданылады.
Рибофлавиннің көп дозасы бүйрек үшін зиянды екеніне назар
аударыңыздар. Әлбетте, алтын мұртта оның концентрациясы тек сізге зиянын
тигізетіндей соншалық жоғары емес. Бірақ кей – кейде оны пайдаланудағы
жанама әсері зиянды болып табылады. Сондықтан каллизия негізіндегі
препараттарды қолданған уақытта бүйректің күйін қадағалап байқаңыз.

В5 дәрумені (пантотен қышқылы) қалыпты зат алмасуды ұстау үшін
қажет, улы заттарды зиянсыз етуде және саңырауқұлақ індеттерінің дамуын
басуға қатысады.
В5 дәруменінің жетіспеушілігі сіңір тартылуының пайда болуына,
қозғалыс жұмысының басқарылуының және асқорыту жүйесінің қызметінің
бұзылуына, шаршағыштықтың басталуына әкелуі мүмкін.
Ағзада В5 дәрумені:
• зат алмасуды реттейді ( жасушалы энергетик );
• жүйке жүйесін қалыптастырады, стрестен қорғайды;
• антиаллерген;
• ағзаның қарсыласуын көтере түседі ( иммунитетті көтереді );
• жасушалы мембраналарды нығайтады;
• қанның липидті ( майлы ) құрамын қалыптастырады, оның қасиеттерін
жақсартады;
• миокардтың жасушаларындағы заттардың алмасуын тәртіпке келтіреді;
• жыныстық бездердің және қалқанша безінің функцияларын реттейді;
• саңырауқұлаққа қарсы және детоксикационды әсер көрсетеді;
• тері, шаш, тырнақ күйін жақсартады, шаш ерте ағарғанда қолданылады;
• зат алмасу, дем алу ( бронхит және плеврит ) бұзылғанда, қыжылдауды,
асқазанға және он екі елі ішекке жара шығу ауруларын, жаралы колиттерді,
бауыр және ұйқы безінің созылмалы ауруларын, полиневрит, невралгия,
депрессия, стресс, ес бұзылғанда, теміреткі, аллергия, демікпе, жүрек –
қан тамырлары ауруларын ( стенокардия, жүрекке қатысты жеткіліксіздік ),
атеросклероз, күйіп қалғанды, кандидозды, тұз байланып ауырғанды,
гипогликемияны, безеуді, семіруді, маскүнемдікті емдеу уақытында пайдаға
асырылады.
В12 дәрумені:
• анаболитикалық ықпал көрсетеді ( жаңа жасушалардың өсімі );
• алмасу процестеріне қатысады;
• гемоглобиннің синтезіне, эритроциттердің пісіп жетілуіне қатысады;
• қандағы холестериннің мөлшерін төмендетеді;
• иммунитетті көтереді;
• аллергияға қарсы әсер көрсетеді;
• артериалды қысымды қалыптастырады;
• жүйке ұлпасының құрылымын қалпына келтіреді, ұйқыны қалыптастырады,
табиғи антидепрессант болып саналады;
• тәбетті жоғарылатады;
• ісікке қарсы әрекет көрсетеді;
• репродуктивті функцияларды жақсартады;
• жүйке жүйесін күшейту үшін пайдаланылады ( депрессия, ұйқысыздық, стресс,
зейіннің гиперактивтілігінде және бұзылуы кезінде );
• тері ауруларын ( псориаз, фотодерматоз, нейродермит, бауыр және
асқазанның ауруларын ( гепатат, циррозды, Боткин ауруын ), радикулитті,
артритті, остеастрозды, остеохондрозды, невралгияны, естің төмендеуін,
салды, Даун ауруларын, диабетті, артық қан кетуді, стоматитті,
маскүнемдікті емдеу үшін ұсынылады.
В12 дәруменін көп дозамен қолдану кезінде аллергиялық реакциялар
болуы ықтимал.
Үш аталған дәрумендер біздің тері жамылғымыздың, тырнақтарымыздың
және шашымыздың денсаулығын сақтауда ерекше маңызға ие, олар тері ауруларын
емдеуде ауыстыруға болмайтын дәрумендер.

Никотин қышқылы

Сонымен қатар каллизияның шырынында және жас өркенінде РР дәрумені
– никотин қышқылы табылды. РР дәрумені де суда еритін дәрумендерге жатады
және көптеген өсімдіктердің шырынында болады, соның ішінде каллизия да бар.
Тап осы дәруменнің жетіспеушілігі қиын ауру – пеллаграның дамуына
әкеледі, есте сақтаудың нашарлауына, жан дүниесі тарапынан бұзылудың
басталуына, дәрменсіздікке, ал сонымен қатар арықтауға дейін әкелуі
мүмкін.
РР дәрумені аллергиялық аурулармен күресу кезінде, әсіресе флавонол
топтарынан биоактивті заттармен бірге пайдалану кезінде жақсы нәтиже
береді.
Никотин қышқылы:
- ақуыз және көмірсу алмасуға қатысады;
- ішек – қарын жолдарының жұмысын қалыптастырады;
– бауырдың жұмысын, сондай – ақ ұйқы безі сөлінің құрамын және секрециясын
жақсартады;
– тотығу – тотықсыздану процестеріне қатысады;
– қан тамыр кеңейтетін әсер береді;
– қандағы қанттың, холестериннің және майлардың ( липидтердің ) мөлшерін
төмендетеді;
– антипелларгиялық ықпал көрсетеді;
– пеллаграны, ішек – қарын ауруларын ( гастритті, гепатитті, бауырдың
циррозын), қан тамырлардың тарылуын, невриттерді, атеросклерозды, қант
диабетінің жеңіл формаларын, нашар жазылатын жарақаттар және жараларды
емдеу кезінде пайдаға асырылады.

Таңқаларлық элементтер

А. И. Герцен атындағы Санкт – Петербургтың мемлекеттік
педагогикалық университетінің биология кафедрасының базасында А. А.
Кочегинаның тексеру барысында каллизия шырынының химиялық құрамы жөнінде
дәлелді артығырақ айтуға мүмкіндік беретін нәтижелер алынған болатын.
Сонымен, каллизияның мұрттарында хром иондарының , нитрат ионының, хлор
ионының, ал жапырақтарында хром және мыс иондарының жоғары мөлшері байқалуы
анықталған болатын. Алтын мұрттың жапырағын зерттеу нәтижесі төмендегіні
көрсетті: хром иондары 100 мг л шырынында, мыс 30 мг л дейін. Ал,
мұртшасында хром 700 мг л және хлор 200 мг л.
Каллизия өсімдігі адам ағзасына өте қажетті микроэлементтерге бай,
оларда никель, темір, мыс, хром да бар.
Бұл элементтер денеге аз мөлшерде қажет болғанмен, бұлардың
жетіспеушілігі ағзаның маңызды мүшелерінің жұмысын бұзады.
Темір мен мыс көптеген ферменттердің құрамына кіріп, тікелей
биохимиялық реакцияға түседі. Сөйтіп, электрондарын бере жүріп жасушалардың
демалуына жағдай жасайды.
Микроэлементтер қандағы холестериннің азаюына ат салысады.
Микроэлементтердің жетіспеуі асқорыту органының жұмысын бұзады, жиі
бас айналады, қан аздығы байқалады, тез шаршағыш болады, ал ауыр жағдайда
бұдан да жаман ауруларға апарып соғады.
Хром және мыс ультрамикроэлементтерге жатады, яғни тірі ағзаларда
олар өте аз, дегенмен бұл олардың ағзаға әсер етуі үлкен емес дегенді
білдірмейді. Бұл элементтердің жетіспеушілігі зат алмасудың қатты бұзылуына
алып келеді, ол аз болғандай, қанда олардың мөлшерін арттыра отырып,
көптеген сырқаттардан құтылуға болады немесе олардың бұрынырақ алдын алуға
болады. Олар көптеген биологиялық үстемелердің құрамына кіруі кездейсоқ
емес.

Хром

ХХ ғасырдың ортасында екі зерттеуші – Шварц және Мерц жануарлардың
тіршілік әрекетін және денсаулыққа әр түрлі элементтердің ықпал жасауын
оқып білу бойынша тәжірибелер өткізген. Нәтижесінде хромға жетімсіздеу
рациондағы ( белгілі бір мерзімге бөлінген азық ) егеуқұйрықтарда диабет
белгілеріне ұқсас күй келіп шыққан және қантқа төзе алмауы дамыған. Азыққа
хром қосқан кезде барлық симптомдар ( ауру белгілері ) жоғалып кеткен. Бұл
жануарлардың және соңынан анықталғандай, адамдардың қалыпты өмірі үшін
хромның қажеттілігін құптайтын алғашқы дәлел еді. Хром сыра ашытқысында,
бауырда, етте, бұршақта, бидай өнімдерінде болады, дегенмен оның
концентрациясы каллизияның сабақтарында және жапырақтарында айрықша жоғары
– 1000 мг л.
Хром адам ағзасына өте аз мөлшерде керек болғанмен, оның
жетіспеушілігі тез арада білінеді. Бұл микроэлемент қосылыстардың бөлінбес
компоненті болып, глюкозаның сіңуіне әсер етеді, инсулиннің белсенді
қызметін жақсартады. Хром глюкозаның жасуша мембранасы арқылы өтуін реттеп,
оның қан құрамында бірқалыпты жайылуын қамтамасыз етеді. Көптеген
ферменттердің жұмысына қатысады, холестерин ісіктерін болдырмауға көмегі
бар, артық майлардың байлануын болдырмайды, эндокринді жүйе жұмысын
жақсартады. Хром қалқанша бездерінің жұмысын және тиреоидты гормондардың
бөлінуін жетілдіреді.

Ағзадағы хромның функциялары:

1. Хром инсулиннің әрекетін күшейтетін гормон тәрізді нәрсе – глюкозаны
сіңіретін фактордың құрамына кіреді. Жасушалы мембраналар арқылы глюкозаның
тасымалдануын қамтамасыз етіп, ағзадағы жасушалардың глюкозаны сіңіруін
реттейді. Хром қандағы глюкозаның қалыпты деңгейде болуына қабілетті ( оның
жетіспеушілігі диабетке ұқсас күйді шақырады ), ағзаның гликогенді жинап
алу қабілеттілігін арттырады. Бұл бұлшық ет массасының ұлғаюын істей алады,
бұлшық ет тонусын ( оның ішінде жүрек бұлшық еттері ), жұмысқа қабілеттілік
және шыдамдылықты арттырады, миокардтың ақуыздарын күйзелуден сақтайды.
2. Қандағы жоғары тығыздықты холестериннің деңгейін көтере түсіп,
жағымсыз төмен тығыздықты холестерин және триглицеридтердің деңгейін төмен
түсіреді. Бұл холестериннің бір түрі атеросклероздың дамуының жүзеге
асырылуын төмендететін, қан тамырларда түзілетін, төмен тығыздықты
холестериннен артерияның тазаруына көмектесуге қабілетті.
3. Салмақтың төмендеуіне және майдың жануына көмектесе отырып,
ағзадағы холестериннің, липидтің және көмірсудың алмасуын тәртіпке
келтіреді. Хром май қышқылдарын, холестеринді, лецитинді синтездеу
процестеріне және бауырдағы зат алмасудағы заттардың зиянсыз болуына
қатысады.
4. Ішкі секреция бездерінің, әсіресе, тиреоидты гормондағы иодты қорғап,
қалқанша безінің қызметін жақсартады.
5. Көптеген ферменттердің құрамына кіріп, тамақты сіңіруге және жақсы
қорытуға қабілетті, тәбетті әсіресе тәттіге ұмтылуды нашарлатады.

Мыс

Каллизияның жапырақтарында мыстың концентрациясы ( 30 мг л )
айтарлықтай жоғары. Мыстың ағза үшін маңызы көпке белгілі. Олар қысымды
түсіреді, заттардың алмасуын қалыптастырады және дұрысын айтқанда барлық
бәлеге панацея ( барлық аурулардан емдейді – міс дейтін әмбебап дауа )
болып саналады. Шындығында, мыстың әрекетінің механизмі ақырына дейін
түсінікті болмаса да, оның ем болатын қасиеттері жоғары.

Ағзадағы мыстың функциялары:

1. Жақсы белгілі клиникалық факт – аурулардың үлкен мөлшері кезінде (
гепатит, бауырдың циррозы, қан аздық, ақ қан, диатез, туберкулез,
менингит және т. б. ) қандағы мыстың концентрациясы анағұрлым
көбейеді. Ол ол ма, қан сарсуындағы мыстың мөлшерінің және қабынудың
нәтижесінде дене температурасының жоғарылауының арасында тікелей
тәуелділік бар. Мыс жасушалы деңгейде тотығу - тотықсыздану
процестерінде маңызды роль атқарады, және оның жетіспеушілігі
қабынудың профилактикасын және емдеуді едәуір қиындатады.
2. Гемоглобиннің синтезделуін активтендіреді, жасушаның тыныс алу және
мидың жасушаларында оттегін сақтау процестеріне қатысады. Ол ол ма,
гемоглобинге ұқсас, оттегінің тасымалына қатысатын ақуызбен комплексті
қосылыстардың құрамына ( мыс – протеидтер ) кіреді.
3. Ақуызды алмасуды мақұлдайды, сүйек ұлпасының құрылымына қатысады.
4. Мыстың иондары көптеген ферменттердің құрамына кіреді.
5. Жүйке импульсінің өткізгіштігіне қатысады, жүйке жүйесінің жұмысын
қалыптастырады.
6. Біздің теріміз бен шашымыздың түсін қамтамасыз ететін пигменттердің
құрамына кіреді.
7. Шаштың жақсы өсуін қамтамасыз етеді және олардың күйіне игілікті
әсерін тигізеді. Мыстың жетіспеушілігі кезінде шаш сынғыш, құрғақ
және тіл алмайтын болып қалады.
Суық тиіп ауырғанда қан құрамындағы мыс тез көбейеді. Ағзаға мыс
микроэлементінің көбеюі бұл ауру түрін жедел емдеуге көмектеседі.

Хлор

Адам ағзасындағы негізгі анион ( теріс иондар ) - хлормен
танысайық. Натрийдің катионымен қосыла отырып, ұлпаларда су жинақтайды, сол
арқылы дене серпімділігін қамтамасыз етеді. Хлор әсерінен қан плазмалары
пайда болады, ішек – қарын сөлінің құрамына кіреді, жүйке импульстерінің
байланысына қатысады.
Мыс және хромнан ерекшелігі, адам ағзасындағы хлордың мөлшері
бірсыпыра жоғарырақ, ол микроэлементтерге жатады. Каллизияның мұрттарында
700, ал жапырақтарында 200 мг л хлор бар.

Ағзадағы хлордың функциялары:

1. Хлор ағзадағы негізгі теріс ион болып табылады, осының есебінен сулы –
тұзды алмасуға қатысады. Ұлпалардың серпімділігін ұстай отырып, судың
жиналуын ( ағзадағы негізгі оң зарядталған ион – натриймен бірге )
қамтамасыз етеді;
2. Жүйке импульстерінің өткізгіштігін қамсыздандырады;
3. қарын сөлінің құрамына тұз қышқылы түрінде кіреді, ас қорыту
ферменттерін активтендіреді;
4. қан плазмаларының түзілуіне қатысады;
5. саңырауқұлаққа қарсы белсенділікке ие.
Назар аударыңыздар! Каллизияның мұрттарында азот қышқылының қышқыл
қалдығы бар тұздардың нитраттарының жоғары мөлшері табылған. Сіздер
білетіндей, нитраттардың молшылығы тамақтан ауыр улануға және басқа
бұзылуларға әкелуі мүмкін.
Алтын мұрттың шырынының құрамына кіретін активті биологиялық заттар
туралы мәліметтер өсімдік шынында диабетті, зат алмасу ауруларын, тері
ауруларын емдеуге және ағзаның жалпы тонусын көтеруге қабілетті екеніне
сіздер сендіңіздер деп ойлаймын.
Көптеген заттар біртоға немесе аз ғана дозасы дәрілер, көп мөлшерде
– улар болып саналады. Бұл пікір сондай – ақ таңғажайып элементтер
жиынтығына бай каллизияға да қатысты. Барлығында мөлшер болу қажет, алтын
мұртты және соның негізіндегі дәрілік препараттарды қабылдағанда көп
жігерленбеңіз, сонда сіз уланудан немесе жағымсыз жанама әсерлерден аулақ
боласыз.
Адам ағзасының ұлпаларының, ферменттердің, гормондардың құрамына
минералды заттар кіреді. Адам ағзасынан химиялық элементтердің әр
қайнарынан 70-тен 90-ға дейін табуға болады. Химиялық кинетика және өрт (СО
РАН) Институтының мәліметтері бойынша хош иісті каллизияда мынадай
элементтік құрам бар.

Химиялық элемент Жапырақтарында Сабақтарында
Калий 16000 6000
Кальций 77000 92000
Ванадий 7 -
Марганец 57 17
Темір 270 104
Кобальт 3,5 1,4
Никель 1,7 1,8
Мыс 10 5,5
Цинк 34,2 54,3
Галлий 0,3 0,2
Бром 37,5 7,5
Рубидий 11,1 7,1
Стронций 334,9 372,4
Цирконий 4,2 1,2
Свинец 1,9 3,5
Торий 0,3 0,14
Уран 0,92 1,12

Калий – жасуша ішіндегі оң иондардың басымы, жүйке импульстерін
өткізуге қатысады.
Кальций – сүйек ұлпасының ең басты компоненті, ферменттердің жұмыс
қатарын және бұлшық ет талшықтарының азаюын активтендіреді. Сүйектер мен
тістерге мықтылық, қаттылық қасиет береді, қанның ұюын қамтамасыз етеді.
Қаңқа, бақалшақ түзуге қатысады. Жасушалардың бір – бірімен тығыз
байланысуын қамтамасыз етеді.
Ванадий – ДНҚ синтезін, инсулиннің тиімділігін күшейтеді,
ферменттер қатарына әсерін тигізеді.
Марганец – ағзаға бір ізді мөлшерде қажет.
Темір – көптеген органикалық заттардың, соның ішінде гемоглобиннің
құрамына кіреді.
Кобальт – алмасу процестеріне қатысады, дәрумендердің құрамына
кіреді, темірді сіңіруге қабілетті және, солай болғандықтан қан айналу
барысында пайдалы әсерін тигізеді, иммунологиялық белсенділікке жағдай
жасайды.
Никель – никельдің әрекеті кобальттың әрекеті сықылды; бірақ оның
молшылығы жүрек-тамыр жүйесінің бұзылуына, бүйректің және бауырдың
өзгеруіне, бала табу функциясының төмендеуіне әкеледі. Ұйқы безінде
жинақталады.
Мыс – ағзаға бір ізді мөлшерде қажет, кейбір ферменттердің
құрамынан табылған.
Цинк – ағзаға бір ізді мөлшерде қажет, кейбір ферменттердің
құрамынан және инсулиннен табылған.
Бром – бас мидың нейрондарының қабының тежеуіш процестерін
күшейтеді, нерв системасының қызметін бірыңғайлайды.
Хош иісті каллизияның шипалы қасиеттері барлық осы химиялық заттардың
бар болуымен келіскен.
Бұл өсімдіктің препараттары демікпеде, панкреатитте (ұйқы безінің
қабынуы), колитте (тоқ ішектің талаурауы, қабынып ауруы), іш жүрмегенде,
көрмей ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өсімдіктің белгілі бір түрімен емделетін ауруды анықтау күрделі шаруа
Дәрілік өсімдіктердің химиялық, формакологиялық құрамдары
Пайдалы өсімдіктердің зерттелуі
Қазақстандағы дәрілік өсімдіктердің теориялық мәнін негіздеу
Дәрілік өсімдікті дайындауды ұйымдастыру
Дәрілік өсімдіктердің тарихы
Дәрілік өсімдіктердің биологиясы
Дәрілік өсімдіктер ресурстарын қорғау
Қазақстанның өсімдіктер ресурсының түрлерін анықтау
Жаңа дәрілік өсімдіктер
Пәндер