Дамыған елдердегі нарықтың түрлері және инфрақұрылымы



Мазмұны:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

1. Нарықтың мәні, құрылымы және атқаратын қызметі
2. Дамыған елдердегі нарықтың түрлері және инфрақұрылымы
3. Қазақстан Республикасындағы нарықтың даму бағыттары және оны реттеу

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Кіріспе
Қоғамдық өндіріс процесінде қоғамдық өнімнің нақтылы қозғалысы сан мыңдаған шаруашылық байланыстары арқылы жүреді. Олар кәсіпорындар-дың, салалардың, аймақтық кешендердің ( территориялық кешендердің), ха-лық шаруашылығының экономикалық қан тамыры іспетті, осы байланыстар арқылы өндірістің «қан айналымы» жүзеге асады. Міне, қоғамдық өнімнің осы қозғалысында нарық маңызды қызмет атқарады. Әрине, оның өміршең-дігі өндірістің табиғатына, экономикалық, әлеуметтік жағдайына байланыс-ты, дегенмен нарықтардың біраз дербестілігі бар, сондықтан да болар ұдайы өндірістің барлық сатыларына, түпкі нәтижесі мен тиімділігіне айтарлықтай әсер етеді.
Адамның қоғамда өмір сүру тарихында, экономиканы ұйымдастырудың үш моделі қалыптасқан, соның бірі: а) жоспарлы – нұсқаулы; ә) нарықтық; б) аралас болып келеді.
Нарықтық модельге негізделген экономика шаруашылықты ұйымдастыруды былай жүзеге асырды: жеке тұтынушы мен өндірушілер нарық арқылы өзара іс-әрекет жасап, экономикадағы басты үш мәселені мақсат етеді. Оларға: нені, қалай және кiмгe өндірулі (жүзеге асыру қажеттілігін жатқызамыз.
Нені өңдіру'? Тұтынушы кезкелген тауарды таңдау арқылы өз дегенін жүргізеді. Erep сатып алушы белгілі тауар түрін көптеу алатын болса, онда ол тауарға баға өседі. Мұндай механизмнің қалыптасуы экономикалық тәртіпке шақырып, бірақ ретсіздікке анархияға жол бермейді. Нарықтық шаруашылық механизімінің іс әрекеті автоматты сипат алып: тауарға сұраным өссе, баға көтеріледі және тауар өндіруші өндіріс көлемін ұлғайтады. Кейде кері құбылыс болуы әбден мүмкін.
Қалай өндіру? Тауар өндірушінің өзара бәсекелестігімен анықталады. Баға бәсекелестігін жеңіп, белгілі пайда алу үшін тауар өндірушінің бірғана соқпағы бар — арзан әрі сапалы өнімді шығару. Мұндай өнім қандай тауар өндірушіде болмақ ? Әрине, өндірісте ҒТП элементін кен қолдануды ұйымдастырған, ресурсты үнемдеген, білікгі кадрлары бар тауар өндірушілер болады. Нарық өндіріске ҒТП-ті ендіріп, тұтынушыға баға мен сапасы көңілінен шығатын өнімді шығаруға өндірісті барынша итермелейді.
Кімге өндіру? Бұл құбылыс сұраным мен ұсынымның арақатынасымен байланыстырылып түсіндіріледі. Нарықты тұтынушының саны мен құрылымы, оның табыс деңгейі және т.б. нараметрлер арқылы тамырын басып, біліп отыру керек.
Нарықтық модель кезінде экономиканы кім басқарды? Экономиканы тұтынушы сұраным ментехникалық прогресс деңгейінің дамуын реттеу , арқылы рыноктық механизм басқарады. Осы үш мәселе «нені өндіру керек», «Қалай өндіру керек», «Кімге өндірілуі керек» экономикалық жүйенін деңгейі болып табылады. Нарық — қоғамдық тұтыну мен өндірісті келістірудің тиімді механизмі. Сондықтанда ол әлемдік өркениеттің басты жетістігі болып табылып адамзат ойының математика, гендік инженерия, электроника сияқты жаңалықтарымен салыстыруға болады. Неміс экономисі Людвиг Эрхард «Барша жанға әлауқаттылық» (1956ж.) еңбегінде былай деген.
«Нарықтық шаруашылықтың кез-келген жоспарлы шаруашылықтан артықшылығы сол, нарыктық шаруашылықта күнде, сағат сайын икемделу процесі жүрді. Ол ұлттық өнім мен ұлттық табыстың, сұраным мен ұсынымының арақатынасын дұрыс жолға қойып, тепе-теңдікке ; келтіреді». Оның да келенсіз жақтары баршылық: әлеуметтік жіктелу, дәрменсіздерге қаталдығы, әсіресе банкрот болғандарға, жұмыссыздықтың болуы. Бұл келеңсіздіктері оның жетістігімен көмкеріліп отырады. Қоғам нарықтық қатынастардың келеңсіз салдарын амортизациялауды үйреніп, оны бағаны реттеу салық жүйесі негізінде табысты қайта бөлудің үлестірудің көмегімен іске асырады. Сондай-ақ бюджеттік қаржыландырудың арқасында жұмыскерлердің біліктілігін арттырып, жұмыссыздарға жәрдемақы және әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін қалыптастырады. Нарық күрделі экономикалық категория бола тұра өзімен өзі болған емес. Ол белгілі және нақты әлеуметтік-экономикалық жағдайда өмір сүреді және көптеген факторларға тәуелді:
а) меншік түрлерінің көп болуы;
ә) нарықтағы шаруашылық субьектілерінін қойылатын экономикалық жауапкершілікке сай болып, тәуелсіз әрі өз-өзінше болуы;
б) тауар өндірушілер мен сауда делдалдарының бәсекелестігі (аз дегенде 5-7 бәсекелес);
в) белгісіз нарыққа өнім шығару;
г) өнімге бағаны контрагенттердін қою құқықтығы;
д) керекті инфрақұрылымның болуы
Нарық өндіріске қатысушыларға қоғамдық қажетті өндіріс шығындары жайлы жедел объективті ақпарат береді. Қазіргі нарық күрделі жүйені құрап, ол көптеген саладан және табиғаты әр түрлі функцияналдық жүйелер тобынан тұрып, өндіруші мен тұтынушы арасындағы шаруашылық байланыстарын құрайды. Нарықтық экономиканың бой көтеруі нарықтық инфрақұрылым негізгі элементтерін қалыптастыруға мүмкіндік жасайды.
Нарықтық теория мен практикадағы мәнінің зор екендігі соншалықты нарық туралы таяу шетел мен Қазақстан Республикасы ғалым профессор экономистері көптеген пікірлер мен еңбектерін жазған. Нарық жайлы көптеген анықтамалар бар. Сол көптеген анықтамаларды пайдалана отырып Мен Нарықтың мәні, құрылымы, қызметі, туралы жазамын.
Қолданылған әдебиеттер тізімі

1 Нарықтық экономикасына кіріспе. Алматы. Экономика 1995.
2 Аубакиров “Экономика теориясының негізі” Алматы. 2000.
3 Конституциясы.–Алматы “Жеті жарғы”, 1996.
4 Р.Пиндайк, Д.Рубинфельд «Микроэкономика». -М.: Экономика, 1992.
5 Д. Хайман «Современная микроэкономика: анализ и применение». Т.1.
М.: Финансы и статистика, 1992. - Гл. 6,7.
6 К.Макконелл, С.Брю «Экономикс.- M».: Республика, 1992.- Т.1,2.
7 Б. Жүнісов, Ұ. Мәмбетов, Ұ. Байжомартов «Экономикалық теория».-
Алматы.- 1994.
1. Микроэкономика Практикум/Под общ. ред. Ю.А. Огибина. - С.-Пб.: АО
«Литер плюс», «Санкт-Петербург оркестр», 1994.
2. Ж.Күлекеев, К.Есенғалиева, Н.Тастандиева «Микро және
макроэкономика терминдерінің орысша-қазақша сөздігі».-Алматы:
1996.
3. А.Мамыров, Ж. Кулекеев, Г. Султанбекова «Микроэкономика». –
Алматы: Экономика, 1997
4. М.Искалиев «Экономикалық теория негіздері».- Алматы.-1998.
5. Микроэкономика. Теория и российская практика /Под ред. А.Г.
Грязновой и А.Ю. Юданова. - М.: 1999.
6. В. Крымова. «Экономикалық теориясы».- Алматы.- 1999.
7. Ж.Күлекеев., А. Мамыров. «Экономика»- Алматы.- 2000.
8. Ә.Әубәкіров.,Нәрібаев. «Экономикалық теория негіздері».- Алматы.-
2001.
9. Ж.Күлекеев., К.Есенғалиева.«Макро-Микро экономика терминдері».-
Алматы.- 2000.
10. Ә. Әубәкыров. «Экономикалық теория негіздері».- Алматы.- 2001.
11. А.Мамыров, Тілеужанова. «Макроэкономика».- Алматы.- 2002.
12. Ө.Қ. Шеденов, Е.Н. Сағындықов, Б.А. Жүнісов, Ү.С. Байжомартов, Б.И.
Комягин «Жалпы экономикалық теория» Ақтөбе 2004ж.
13. Журнал «Экономика негізі» №6 20 Наурыз 2005 ж.
14. Газет «Егемен Қазақстан» №21 19 Ақпан 2005 ж.
15. С.Райымқұлұлы, Г. Утемисова, Г. Жұманова «Экономикалық теория
негіздері» Шымкент 2006ж.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .. 1. Нарықтың мәні, құрылымы
және атқаратын қызметі
2. Дамыған елдердегі нарықтың түрлері және инфрақұрылымы
3. Қазақстан Республикасындағы нарықтың даму бағыттары және оны реттеу

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .

Кіріспе
Қоғамдық өндіріс процесінде қоғамдық өнімнің нақтылы қозғалысы сан
мыңдаған шаруашылық байланыстары арқылы жүреді. Олар кәсіпорындар-дың,
салалардың, аймақтық кешендердің ( территориялық кешендердің), ха-лық
шаруашылығының экономикалық қан тамыры іспетті, осы байланыстар арқылы
өндірістің қан айналымы жүзеге асады. Міне, қоғамдық өнімнің осы
қозғалысында нарық маңызды қызмет атқарады. Әрине, оның өміршең-дігі
өндірістің табиғатына, экономикалық, әлеуметтік жағдайына байланыс-ты,
дегенмен нарықтардың біраз дербестілігі бар, сондықтан да болар ұдайы
өндірістің барлық сатыларына, түпкі нәтижесі мен тиімділігіне айтарлықтай
әсер етеді.
Адамның қоғамда өмір сүру тарихында, экономиканы ұйымдастырудың үш
моделі қалыптасқан, соның бірі: а) жоспарлы – нұсқаулы; ә) нарықтық; б)
аралас болып келеді.
Нарықтық модельге негізделген экономика шаруашылықты ұйымдастыруды
былай жүзеге асырды: жеке тұтынушы мен өндірушілер нарық арқылы өзара іс-
әрекет жасап, экономикадағы басты үш мәселені мақсат етеді. Оларға:
нені, қалай және кiмгe өндірулі (жүзеге асыру қажеттілігін жатқызамыз.
Нені өңдіру'? Тұтынушы кезкелген тауарды таңдау арқылы өз дегенін
жүргізеді. Erep сатып алушы белгілі тауар түрін көптеу алатын болса, онда
ол тауарға баға өседі. Мұндай механизмнің қалыптасуы экономикалық тәртіпке
шақырып, бірақ ретсіздікке анархияға жол бермейді. Нарықтық шаруашылық
механизімінің іс әрекеті автоматты сипат алып: тауарға сұраным өссе, баға
көтеріледі және тауар өндіруші өндіріс көлемін ұлғайтады. Кейде кері
құбылыс болуы әбден мүмкін.
Қалай өндіру? Тауар өндірушінің өзара бәсекелестігімен анықталады. Баға
бәсекелестігін жеңіп, белгілі пайда алу үшін тауар өндірушінің бірғана
соқпағы бар — арзан әрі сапалы өнімді шығару. Мұндай өнім қандай тауар
өндірушіде болмақ ? Әрине, өндірісте ҒТП элементін кен қолдануды
ұйымдастырған, ресурсты үнемдеген, білікгі кадрлары бар тауар өндірушілер
болады. Нарық өндіріске ҒТП-ті ендіріп, тұтынушыға баға мен сапасы
көңілінен шығатын өнімді шығаруға өндірісті барынша итермелейді.
Кімге өндіру? Бұл құбылыс сұраным мен ұсынымның арақатынасымен
байланыстырылып түсіндіріледі. Нарықты тұтынушының саны мен құрылымы, оның
табыс деңгейі және т.б. нараметрлер арқылы тамырын басып, біліп отыру
керек.
Нарықтық модель кезінде экономиканы кім басқарды? Экономиканы тұтынушы
сұраным ментехникалық прогресс деңгейінің дамуын реттеу , арқылы рыноктық
механизм басқарады. Осы үш мәселе нені өндіру керек, Қалай өндіру
керек, Кімге өндірілуі керек экономикалық жүйенін деңгейі болып
табылады. Нарық — қоғамдық тұтыну мен өндірісті келістірудің тиімді
механизмі. Сондықтанда ол әлемдік өркениеттің басты жетістігі болып табылып
адамзат ойының математика, гендік инженерия, электроника сияқты
жаңалықтарымен салыстыруға болады. Неміс экономисі Людвиг Эрхард Барша
жанға әлауқаттылық (1956ж.) еңбегінде былай деген.
Нарықтық шаруашылықтың кез-келген жоспарлы шаруашылықтан артықшылығы
сол, нарыктық шаруашылықта күнде, сағат сайын икемделу процесі жүрді. Ол
ұлттық өнім мен ұлттық табыстың, сұраным мен ұсынымының арақатынасын дұрыс
жолға қойып, тепе-теңдікке ; келтіреді. Оның да келенсіз жақтары
баршылық: әлеуметтік жіктелу, дәрменсіздерге қаталдығы, әсіресе банкрот
болғандарға, жұмыссыздықтың болуы. Бұл келеңсіздіктері оның жетістігімен
көмкеріліп отырады. Қоғам нарықтық қатынастардың келеңсіз салдарын
амортизациялауды үйреніп, оны бағаны реттеу салық жүйесі негізінде табысты
қайта бөлудің үлестірудің көмегімен іске асырады. Сондай-ақ бюджеттік
қаржыландырудың арқасында жұмыскерлердің біліктілігін арттырып,
жұмыссыздарға жәрдемақы және әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін
қалыптастырады. Нарық күрделі экономикалық категория бола тұра өзімен өзі
болған емес. Ол белгілі және нақты әлеуметтік-экономикалық жағдайда өмір
сүреді және көптеген факторларға тәуелді:
а) меншік түрлерінің көп болуы;
ә) нарықтағы шаруашылық субьектілерінін қойылатын экономикалық
жауапкершілікке сай болып, тәуелсіз әрі өз-өзінше болуы;
б) тауар өндірушілер мен сауда делдалдарының бәсекелестігі (аз дегенде
5-7 бәсекелес);
в) белгісіз нарыққа өнім шығару;
г) өнімге бағаны контрагенттердін қою құқықтығы;
д) керекті инфрақұрылымның болуы
Нарық өндіріске қатысушыларға қоғамдық қажетті өндіріс шығындары
жайлы жедел объективті ақпарат береді. Қазіргі нарық күрделі жүйені
құрап, ол көптеген саладан және табиғаты әр түрлі функцияналдық
жүйелер тобынан тұрып, өндіруші мен тұтынушы арасындағы шаруашылық
байланыстарын құрайды. Нарықтық экономиканың бой көтеруі нарықтық
инфрақұрылым негізгі элементтерін қалыптастыруға мүмкіндік жасайды.
Нарықтық теория мен практикадағы мәнінің зор екендігі соншалықты
нарық туралы таяу шетел мен Қазақстан Республикасы ғалым профессор
экономистері көптеген пікірлер мен еңбектерін жазған. Нарық жайлы
көптеген анықтамалар бар. Сол көптеген анықтамаларды пайдалана
отырып Мен Нарықтың мәні, құрылымы, қызметі, туралы жазамын.

1.Нарықтың мәні,құрылымы және атқаратын
қызметі
Нарық – экономикалық проблемаларды тиімді шешуді қамтамасыз ететін
тауарларды өндіру және оларды ақшаның көмегімен айырбастау процесінде
туындайтын экономикалық қарым-қатынастардың жиынтығы, шаруашылық- ты
ұйымдастыру формасы.
Нарық қатынастарының зерттеуін экономикалық теория классикалық мек-
тебі өкілдерінің еңбегінен іздегеніміз дұрыс. Оған – Адам Смит пен Давид
Рикардо жатады. Адам Смит нарықтық зкономикаға барынша еркіндік беру қажет
деп есептеген. Мемлекет “laissez faire”-“өзінше жүре берсін” саясатын
жүргізгені абзал. Нарықтың өзі ұлы үйлестіруші саналады. Нарықтық тепе-
теңдік жай адам эгоизмінің негізінде жүзеге асады – пайдаға (табысқа)
мүдделі және еркін бәсекенің болуы. А.Смиттің ойынша, адам нарықта өз
0пайдасын көздей отырып, "қаперінде жоқ нәрсеге көрінбейтін қол арқылы
мақсатқа бағытталады. Өзінің мүддесін көздей отырып, қоғам мүддесіне жйірек
қызмет жасайды". Еркін нарыққа бар ниетінің артуының арқасында
А.Смит либерализм мектебінің айтулы идеологы болды (liberalis-еркін деген
латын сөзі).
Қоғамдық еңбектің бөлінуі және мамандануы, экономикалық дербестік
немесе шаруашылық автономиясы, ресурстармен еркін айырбас арқылы
нарық пайда болады.
Нарық - қоғамның әлеуметтік – экономикалық өмір түрі пайда табу
үшін шаруашылық іс әрекеттерін еркін тауар өндірісімен айналысынан
негізінде материалдық игіліктердің, қатынастың, мүдденнің ұдайы
өндірісін іске асыру. Нарық нарықтық экономиканың бөлінбейтін
элементтері
Нарық — белгілі жүйе әрі айырбас нәтижесі мен жағдайын немесе өндіріс
факторына қарай өндірістік қатынастарды қысқарту, шаруашылық субъектілерін
байланыстырушы ұйым.2
Нарық — тауар айырбасынын аясы, сатушы мен сатып алушылар арасындағы
белгілі экономикалық қатынастар жүйесінің сипаттамасы.1
Нарық — сатушы мен сатып алушы арасындағы тауарды жайлы қатынастар
жүйесін көрсетеді.
Осы көзқарастың әркайсында жеткілікті аргумент келтірілген және
нарықтық қатынастардың объективті нақтылығын көрсетеді, бірақ мәселенің тек
бір жағын ашады, анықтамалардағы ортақ пікір: нарықты өндірістің емес,
айырбас саласының категориясы ретінде қаран, нарықтық қатынастырдың
субъектісіне сатушы, сатып алушы және тұтынушылар жатқызылады. Тауар
қатынасының дамыған түрі мен сауда делдалының болған кезіндегі оның нәрсе,
сатушы мен сатып алушы нарықтық қатынаста мүлде әртүрлі субъекті болып
табылады. Белгілі жағдайдың бірі тауар — ақша, нарық байланыстары сату —
сатып алу аспектісімен ғана шектелмейді.
Бастау айырбас пен айналыс аясының қатынасынан басталмайды. ол
өндірістік басталады және өнім сол жерде өндіріліп, экономикалық
байланыстар туындайды. Сөйтіп өндірілген өнім қай кезде тауар болып,
қандай нақты түрде тауарлы — ақша қатынасы болатындығы айқындалады. Нарық
іс-әрекетінің саласын тек айырбаспен шектеу, онын бәсекелестікпен шығын
минимумын төмендетуге, өзара пайдалы өндірістік байланыстарды құру сияқты
сапалы қасиеттерінен айырады. Демек, нарық пен нарықтық қатынастар жою
өндіріспен салыстырғанда, тауарлы өндірісті тиімді көрсететін жоғарыдағы іс-
әрекеттер екендігі аян.
Мемлекеттік — әміршілдік экономикадан басқасына өту экономиканы
орталықтан жоспарлы басқарудан бас тартуға әкеледі. Қоғамның экономикалық
өмірін басқаруды жақсы әрі тиімді тек нарық атқара алады. Нарыктың мәні
тұрғысынан қарасақ, онда оның мән-мағынасын жоғарыдағы анықтамалардың
ешқайсысы аша алмаған. Біздің ойымызша, нарықтың мәнін дәлірек Ю.Я.
Ольсевич айтқан: Нарықты әдеттегідей айналым саласына теңей салу...
дұрыс емес, себебі өндіріс, болу, тұтынудың тұла бойы нарықтық таңбамен
сызылған.1
Нарық — өзін-өзі реттеуші ұдайы өндіріс жүйесі, барлық элемент пен
буындар төлем қабілетгілігі бар сұраным мен ұсынымның тұрақты әсерінде
болады.
Біздің ойымызша, бұл анықтамаға мына сөздерді қосуға болады: тек
қатаң бәсекелестік ортада. Осы анықтама біздің нарық жайлы шектелген
ойымызды кәдімгідей кеңейтеді. Осыдан байқалатыны, өзін-өзі қалпына
келтіретін біртұтас экономикалық жүйені нарық дейміз және ол
орталықтанған мемлекеттік жоспарлы реттеуші экономиканы ауыстыруға
қабілетті.
Осыдан мынадай тұжырым жасауға болады: нарық ұғымын шap шеңберде сату
түрін ұйымдастырған және орнын анықтаған деп түсінсек, кең шеңберде
қоғамдағы экономиканы ұйымдастырудың түрі деп қарастырамыз.
Қазіргі нарық күрделі жүйені құрап, ол көптеген саладан және табиғаты
әртүрлі функционалдық жүйелер тобынан тұрып, өндіруші тұтынушы арасындағы
шаруашылық байланыстарын құрайды.
Нарық — күрделі жүйе, оның құрылымын әртүрлі белгілермен
классификациялауға болады. Елдегі барлық нарықты былай жіктейміз: ішкі
(ұлттық) нарық, еларалық, аймақтық, біріккен нарық және ішкі
(республикалық, облыстық, облысаралық) нарық, әлемдік нарық. Әлемдік нарық
жеке елдің ішкі нарығымен байланысты. Ол байланыстар өндірістік кооперация
мен интеграция, сыртқы сауда, тауар айырбастау операциясымен жүзеге асып
отырады. Қазіргі уақытга нарықтар арасындағы байланыстап жоюда. Шығыс
Еуропа мен Еуропаның экономикалық қауымдастық (ЕЭҚ) елдері арасында және
дүниежүзілік нарық қалыптасуда.
Нарық қызметін тек қана айырбас саласымен шектеу - оны бәсеке, ең аз
шығынға ұмтылуы, өзара тиімді өндірістік байланыстарды жасау сияқты
қасиеттерінен бірге, нарықты жайғана тауар айырбасы емес, тауар
өндірушілер мен тұтынушылардың қарым-қатынастарына тоңайтарымдылық,
эквиваленттілік, бәсекелестік болатын айырбастын экономикалык өткізілуі
ретінде қарау керек. Осы тұрғыдан алғанда, нарықты әртүрлі тауар
өндірушілер мен тұтынушылардың арасында болатын экономикалық байланыстар
мен қатынастар жүйесі деп сипаттауга болады.
Тек өндірушілер мен тұтынушылардың арасындағы жеке байланыс пен қатынас
қана емес, сонымен катар өндірушілердің, өндірушілер мен сатып алушы-
тұтынушылардың, тұтынушылардың өздері арасындағы байланыстар мен қатынастар
туралы болып отыр. Бұл қатынастар мен байланыстар қайтарымдылықты, тепе-
тендікті, объективті түрде алдын-ала анықтайды, яғни шаруашылық
серіктестерінін қатынас субъектісі ретіндегі тең құқылығын бейнелейді.
Бұдан серіктестердің шаруашылық қызметтердің варианттарын және оңтайлы
өткізу бағасын таңдаудағы, табыстарды иемденудегі дербестігі мен
тәуелсіздігі туындайды. Алғашқы екі жағдайдың шүбәсіз салдары бәсеке-
өндіріс процесінде де тұтыну процесінде де болатын шаруашылық
байланыстардың өзгеруіне себебін тигізуі мүмкін.
Кесте - 1
Әртүрлі белгісіне қарай нарықты классификациялау:

Ұйымдық тұрғыдағы белгісі. Құрылымдылық тұрғыдан бөлу.
1.Территориялық. Базар, биржа, аукцион, жәрмеңке,
аймақтық нарық, ішкі
(ұлттық)нарық, әлемдік нарық.
2.Бәсекелестік сипат пен деңгейі Монополиялық, олигополиялық,
тұрғысынан. монополиялық бәсеке, еркін,
реттеуші.
3.Пропорцияналық деңгейі тұрғысынан.Баланыстанған, баланыстанбаған.
Сала аралық, салалық,ішкі салалық.
4. Салалық сипаты тұрғысынан.
5. Тауарды бағыттау тұрғысынан. Азық-түлік, азық – түліктік емес,
тағамдық немесе тағамдық емес.
6. Заңдылықа сай келу тұрғысынан Арнайы ресми, ресми емес
(көлеңкелі).
7. Жетілу деңгейі тұрғысынан. Дамыған нарық, қалыптасушы
нарық.
Сатушы нарығы, тутынушы нарығы.
8. Нарық субъектісі тұрғысынан.

Нақты шаруашылық немесе белгілі бір әлеуметтік-экокомикалық міндеттерді
шешу үшін қолданылатын арнайы шаралар жиынтығы түрінде болатын мақсатты
бағдарлама - ұзақ мерзімді реттеудің тиімді нысаны болып табылады. Ондай
бағдарламалар мақсатты сипатта, нақты уақытпен бағдарланған, орындалуы
адресті болады. Олар реттеуші әдістердің барлық жүйесін қолдану арқылы
жүзеге асырылады. Мысалы, екінші дүние жүзілік соғыстан кейін Германияда,
Францияда және Жапонияда экономиканың бірсыпыра жетекші салаларын (қарт
металлургия, транспорттық машина жасау), сонымен бірге қазіргі заманғы
техникалық прогреете ерекше рөл атқаратын салаларды тездетіп дамытудың
арнайы шаралары қабылданған болатын;
Бұған тәуелсіз Қазақ Республикасында қолданылып жатқан шараларда дәлел
бола алады.
Экономиканы тұрақтандыру және нарыққа көшу кезеңіне арналған
"дағдарысқа қарсы шұғыл шаралар және әлеуметтік-экономикалық реформаларды
тереңдету бағдарламасында" құрылымдық дағдарысты жоюдың қажеттілігі баса
көрсетілген. Қазір бұл проблеманы тек нарыктық механизммен шешуге
болмайтынын, ол үшін мемлекеттің өндірістік құрылымды қайта құруға,
жұмыссыздықты, салалық және аймақтық диспропорцияны жеңілдетуге, ғылыми-
техникалық прогресті ынталандыруға бағытталған қаржы көмегінің қажеттілігі
көзделген. Республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының және экспорттық
мүддесінін негізін құрайтын отын-энергетикалық кешені, металлургиялық
кешені, агроөнеркәсіп кешені, коммуникациялар мемлекет барынша көңіл
бөлетін салалары болмақ.
Экономиканы жоғары тиімділікпен реттеу сапалы болжамдауды қажет етеді.
Бірақ оның мүмкіндігі компаниялар мен банктердің коммерциялық құпияларын
ашуға қабілеті жете бермейтін статистикалық мәліметтердің
жеткіліксізлігімен шектеледі. Бұндай жағдайда мемлекеттік реттеуде
белгісіздіктерге, тіпті қателіктерге де жол берілуі мүмкін.
Нарықтық экономика жағдайында мемлекет және тауар өндірушілер тек
хұқылы серіктестер ретінде көрінеді. Мемлекет өзінің қатынасын
кәсіпорындардың барлық типімен шарттық немесе келісім жасау жолымен
орнатады. Ал бұл, нарықты реттеудің маңызды нысаны болып табылады.
Нарықтың ұқтық жетілмеген шаруашылықтың жаңа әдістері толық игерілмеген
жағдайла бұл келісімдер экономикалық проблемаларды шешуге мемлекет пен
кәсіпорындардың күшін біріктіруі мүмкін.
Нарықты реттеуде, монополиялық үстемдікке қарсы шаралар жүйесі маңызды
роль атқаруы тиіс. Қазіргі таңда Қазақстанда 100-ден астам маңызды
түрлерін шығаруда монополист болып табылатын 10-ға жуық ірі кәсіпорындар
бар деп есептеледі. Бұл жерде жағдай, сонымен бірге, экономиканың
технологиялық әр келкілігімен және өндірістің территориялық факторларымен
күрделіленеді. Сондықтан нарықтық қатынастарды дамыту экономикадағы
монополиялық үстемдікті шектеу арқылы жүзеге асуы мүмкін. Нарық жағдайында,
мемлекет, экономиканы басқаруда, салалық принциптен толығымен бас тарта
алмайды. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғанындай нарық жағдайында
мемлекеттің маңызды міндеті -қоғамдық өндірістің тиімді дамуына
бағдарланган, дұрыс бәсеке үшін жағдай жасайтын, халық шаруашылығының
шешуші салаларына ықпал етуде экономикалық әдістерді белсенді түрде
пайдаланатын экономиканы реттеу әдістері болып табылады. Айта кетейік,
барлық дамыған елдер реттелмелі нарық жүйесіне XX ғасырдың 30-шы жылдарының
басында көше бастады. Жалпы қазіргі танда реттелмейтін нарықтық экономика
еш жерде жоқ, және ол болғанда емес. Бұл елдер, біздің жоспарлы реттеу
тәжірибемізді пайдалану арқасында.
Жалпылама тұрғыдан алғанда нарықтың мәні оның атқаратын қызметтері
арқылы ашылады. Ең алдымен нарық экономикалық тұрғыдан бөлектенген
материалдық игіліктерді және қызметтерді өндірушілер мен тұтынушыларды
байланыстыратын буын түрінде көрінеді. Нарықсыз, іс жүзінде қоғамдық
өндірістің екі нақты қатысушыларының арасындағы қандай да болмасын
технологиялық байланыстың қаншалықты өзара тиімді болатынын анықтау мүмкін
емес.
Адамзат қызметінің әрбір аясы ұлттық нарықтық жекелеген элементін
қалыптастырып, нақты өмірде біркелкі тұтастықты байқатады. Олар өзара бір-
бірімек байланысты және бір-біріме тәуелді. Мысалы, өндірістік сала және
материалдық емес игіліктер мен кызмет көрсету салалары - өндіріс құрал-
жабдығы, тұтыну тауарлары мен қызмет жасау, жұмыс күші нарықтарын
қалыптастырады.
Нарық кызметініц көп түрлерінің ішіндегі ерекшесі реттеуші роль атқаруы
солып табылады. Ол ұдайы өндіріс процесін тиімді әрі қамтамасыз етеді.
Нарыктың реттеуші ролін әкімшілік басқарудың ауыстыруы экономикалық жүйенін
түрінін.өзгеруіне қалып келіп, сүйкессіздікке, тапшылықтың тууына, адамның
экономикалық өсудегі қозғаушы күші ролін жоюға алып барады.
Нарықтың келесі қызметі — ақпараттық. Тауар бағасы мен қызмет көрсету,
банктегі депозит пен несиеге проценттік (пайыздық) есімнің призма арқылы
тұрақты өзгеруі Нарықты экономиканың борометріне әрі айнасына
айналдырады. Нарық өндіріске қатысушыларга қоғамдық қажетті өндіріс
шығындары жайлы жедел объективті ақпарат берелі. Сондай-ак, әрқайсысы
сатылатын әрі сатып алынатын тауар мен қызмет көрсетудің қоғамдық қажетті
сапасы мен ассортимент туралы да нарық хабар жеткізеді.
Нарықтық механизм санациялық (сауықтыру) қызметті де атқарады.
Бәсекенің көмегімен ол қоғамдық өндірісті тиімсіз біріңғай шаруашылықтан
тазалап, үміт артантындардың дамуына ыңғайлы жағдай жасайды.
Біздің нарық терең монополияланған. Нарықтағы барлық тауардың 50-70%
солардың ендірген өнімін құраса, онда кәсіпорын (фирма) қызметі
монополияланған саналады. Сондықтан нарықтық ортаны қалыпқа келтіру үшін
бәсекелестер әлемін жасау қажет. Бұл нарықтық қатынастардың табиғи күй-
жайы. Осы жағдайда тауар өндірушілер марапатталып, кәсіпкер өндіріспен
байланысады және өнімді шығаруға қызыға түсіп, қызметке белсенді кіріседі.
Нарықтың қажеттілеу қызметтеріне — тауардың қоғамдық маңызын мойындау,
еңбекті материалдық ынталандыруды экономикалық тұрғыдан қамтамасыз ету және
басқаларын жатқызамыз.

Нарық қатынасының екі жақты сипаты:
Әлсіздігі:

- Еңбек пен табысқа кепіл бермейді. Нарық жүйесі теңсіздікті
одан әрі күшейте түседі. Әлеуметтік қажеттілік үшін пайдаланатын
тауарлар мен қызмет көрсетулерді өндіруді ынталандырмайды.
- Капиталдық айналымын тездетуді көздейтін нарық экономикасы
күрделі құрылысқа қаржы жұмсауға ынталы емес, себебі, бұл салада
қаржы айналымы ұзақ мерзімге созылғандықтан, бұл қызметті қоғам
атқару керек.
- Халық шаруашылығы салалары арасындағы қарым қатынастарды
макроэкономикалық пропорцияларды реттей алмайды, керісінше
диспропорциялар тудырады. Бұл өте қауыпты, құрылымдық дағдарыстар
тудырады.
- Ғылыми техникалық жаңалықтарды қолдануға ерекше ұмтылғанымен
осы жетістіктерді пайдалануда сарандық жасайды. Себебі Ғ.Т.П.
тәуекелдікпен жұмсалатын көп қаржы капитал қажет етеді.
- Нарық экономикасы өте күрделі әлеуметтік проблемаларды
тудырады. Оған жататын – жұмыссыздық, табыстардың күрделі жіктелуі,
инфляция. Нарық экономикасының осы тәрізді қолайсыз жақтарын азайту
мемлекеттің ерекше назарында болуы тиіс.
Жоғарғы тиімділігі:
- Экономикалық жағдайлардың тез бейімделігіштігі мен икемділігі
- Өндіріс шығындарын азайту мен пайданы көбейту үшін жаңа
технологияны жылдам пайдалану.
- Өндірушілер мен тұтынушылардың шешімдер қабылдау, мәмілелер
жасау кезіндегі тәуелсіз еркін болуы.
- Әр түрлі қажеттіктерді қажетті мөлшерде және жоғарғы сапамен
қанағаттандыру қабылеті.
- Бағаның еркін қозғалысы. Нарық бағаның мөлшері мен динамикасы,
сұраныс пен қажеттілік ұсыныстың еркін өзара қатынасы процесінде
қалыптасады.
- Экономиканы сауықтыру өз алдына шаруашылық жүргізушілердің
еңбек нәтижесі қоғамдық бағалау бағаның еркін қосғалысы арқылы
жүзеге асырылса, артта қалған өндірушілерді озық өндірушіден аясыз
алшақтатады.
- Бәсекенің жалпыға ортақ бірдейлігі.
Нарық экономикасына тән тапшылықтар.
- Арзан ресурстар тапшылығы болғандықтан өндірушілер оларды
неғұрлым үнемдеуге мәжбүр. Ал нарық экономикасында ерекше ресурс
еңбек болғандықтан - оған төленетін ақы да жоғары.
- Төлем тапшылығы - тауар тапшылығы емес, төлем құралы жетіспей.
Осы жағдай мол табысты қызмет атқаруға ынталандырады, бірақта бұл
жағдай ұсыныстың керексінуден артық болғанында орын алады.
- Бюджет тапшылығы – мемлекеттік шығындардың мемлекет табысына
артық болуы.
- Сауда балансы тапшылығы – инфорттың экспорттан артық болуы
немесе шет елден келген тауарлардың шетке шығаратын тауарлардан
артық болуы.
- Төлем балансына тапшылы – басқа елдерге ақша төлемдерінің
олардан алатын ақшалай төлемдерден артық болуы экспорт - инфорт
операцияларынан тыс, төлем балансы көлік тасмалшығындарын, туристік
қызмет, қамсыздандыру, халықаралық кридит және процентті қамтиды.
Нарықтың типтері
- Дамымаған нарық
- Еркін (классикалық) нарық
- Реттелетін нарық
- Бұзылған (деформация) нарық
Нарықтың негізгі атқаратын 5 қызметі бар.
- Коммуникативтік – нарық бұл қызметінде нарық механизмнің
мынандай компоненттері: қажеттілік, мүдде сұраныс пен ұсыныс
арқылы өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы тікелей және кері
өзара байланысты қамтамасыз етеді.
- Бағалау – нарықтың бұл қызметінің мәні өнімнің нарықтық құнын
анықтаушы қоғамдық қажетті шығындарды жеке өндіріс шығындарымен
салыстырады.
- Ынталандырушылық - сала ішіндегі және салааралық бәсекенің,
сұраныс пен ұсыныстың арақатынастарының нәтижесінде анықтаушы
шара ретінде көрініс табады.
- Бөлу – бұл қызметінде бөлу процесін эквиваленттік принципте
айырбас арқылы қамтамасыз етеді. Атап айтқанда, экономикалық
(материалдық, еңбек, ақша несие және қаражат) ресурстарын
тауар өндірушілер мен сатушылар арасында салалар мен
аймақтар көлемінде бөлуді қамтамасыз етеді.
- Информациялық (хабарлаушылық) – нарықтың бұл қызметі бағаның,
несие ставкасының, пайызының өзгеруі арқылы нарық
тауарөндірушілерге қоғамға қажет сатып алатын және сатылатын
тауарлар мен қызметтердің санын, ассортементі, сапасы туралы
хабар бергенде көрініс табады.

Сызба -1

Нарық экономикалық байланыстар мен қатынастар ретінде

Сызба - 2

2.Дамыған елдердегі нарықтың түрлері және инфрақұрылымы
Нарықтық экономиканың негізгі шаруашылық субъектілеріне үй
шаруашылығын, фирма мен үкіметті жатқызамыз. Бұл субъектілер бір-бірімен
ресурс нарығында қаржы мен тұтыну нарығында өзара іс-әрекет жасап, шығыс
пен кірісті айналым жасайды. Бұны кестелік түрде көрсетуімізге болады.
Үй шаруашылығы материалдық (жер мен капитал) және адам (еңбек пен
кәсілшідцік) ресурстарды өткере (өткізу) отырып, оларды фирмаларға нарық
ресурстары арқылы ұсынады. Соңғылары тауар өндірісіне қажетті сұраным
ресурстарын талап етеді. Сұраным мен ұсыныстың өзара іс-әрекеті әрбір
ресурс түріне нарықтық бағаны белгілейді. Үй шаруашылығы тұтыну нарығында
тауарға сұраным жасай отырып, ресурстарды сатудан алынған табысты қажетті
өнім мен қызмет жасауға жұмсайды. Ал, фирмалар өз өнімін өткере отырып,
ақшалай табыс алады.
Үй шаруашьшығы тапқан табыстың барлығын өнім сатып алуға жұмсамайды,
белгілі бөлігін жинайды (кор) және ресурстар мен салықты төлеуге жұмсайды.
Фирмалар өндіріс ресурстарын біріктіреді және қозғалысқа келтіріп, өнім
шығарады, қызмет көрсетеді және осы тауарды ұсынады. Оларды нарықта сату
фирманың ақшалай табысын қалыптастырады. Үй шаруашылығы сияқты фиpмaлap да
алынған табысты (өткеруден түскен табыс) ресурстарды төлеуге толық
жұмсайды. Фирмалар үй шаруашылығындай қажетті салықтарды инвестмцияны
жүзеге асырады.
Үкімет фирмалардан салық алып, жеке кәсіпорындарға дотация, субсидия
береді және кәсіпкерлерден қажетті ресурстарды сатып алады. Үкімет
жұмысымен қамтамасыз ету саясатын жүргізді және инфляция деңгейіне, ұлттық
өнімнің қозғалысы мен құрылымына әсер етіп, табыстарды үлестіреді. Салықтан
түскен ақшалай қаржыны шоғырландырып, үкімет жалақыны, трансферттік
төлемдерді (мемлекеттік зейнет ақы, табыс аздарға көмек ақы, жұмыссыздарға
жәрдем ақы) төлейді. Құқықтық негізде қамтамасыз етіп, экономиканы тиімді
дамыту үшін мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсынады. Демек, табыс пен
шығындардың шеңбер айналымы үнемі қозғалыста болып, теңгеріледі. Түпкі
есепте (нәтижеде) өндірістің жалпы көлемін байқатып, тұрғындардың
жұмыстылығы мен табысы көрсетіледі.
Нарықтың құрлымы мына төмендегі критерийлері бойынша жіктеледі.
- Заңдылықты сақтау бойынша – заңды заңды нарық
-
көлеңкелі (заңсыз) нарық
- Нарықтық қатынасты қатысушылар бойынша – көтерме сауда нарығы
- бөлшек сауда нарығы
- мемлекеттік тапсырыс нарығы
- Сала бойынша – мұнай нарығы
- бидай нарығы
- көлік нарығы
- Географиялық жағдайларға байланысты - жергілікті нарық

- ұлттық нарық

- әлемдік нарық
-Бәсекені шектеу дәрежесіне байланысты – жетілген бәсеке нарығы

- монополиялық бәсеке нарығы

- абсолютті бәсеке нарығы

- олигополия нарығы
Экономикалық бағытына байланысты – құрал жабдық нарығы
-
тауарлар мен қызметтер нарығы
-
шикізат нарығы
-
еңбек нарығы
-
ақша нарығы
-
құнды қағаздар нарығы
Жетіншіден, шаруашылық субъектілерінің нарық туралы нақтылы мәліметі
(маркетинг қызметі), олардың өздері шығарған тауарларға өздерінің баға
белгілеу құқығы да нарықтық экономиканың пайда болу шарттапрына жатады.

Нарықтық инфрақұрылым.
Кесте №4.

Аукциондар Консультациялық-делдалдық фирмалар
Биржа мен брокерлік конторлар Бизнестің коммерциялық орталықтары
Банктер Сақтандыру және аудиторлвқ
компаниялар
Коммерциялық орталықтар және Жарнамалық-ақпараттық қызметтер
компаниялар
Мемлекеттік резервтік және Складтық, элеваторлық, тоңазытқыш-тық
сақтандыру қорлары және транспорттық
шаруашылық
Баға мен стандартты бақылаушы Сауда үйлері
мемлекттік инспекция
Мемлекеттік салық инспекциясы Маркетингтік зерттеу
орталықтары
Бағалы қағаздарды бақылау Көтерме сауда орталықтары
инспекциясы
Құқық қорғау органдары Кадрларды дайындау
орталықтары
Лизингтік компаниялар Жәрмеңкелер
Кеден қызметтері Өндірушілердің әртүрлі
ассоциациясы
Тұтынушыны қорғайтын қоғам Және басқалары

Нарыктық экономиканың қажетті элементтерінің бірі болып
инфрақұрылым жатады.
Инфрақұрылым - деп нарықты қатынастардың жемісті қызмет етуін
қамтамасыз ететін мемлекеттік мекемелер мен комерциялық фирмалардың
жиынтығын айтады.
Инфрақұрылым — бұл институттар (ұйымдар, фирма, мекемелер) (Жиынтығынан
тұрады және оның мән-мағынасы нарықтың дамуы мен қызмет жасауы үшін қалыпты
жағдай қалыптастырып қызмет көрсетеді.
Нарықтың инфрақұрылымының элементіне — тауарлық, қор биржасы, еңбек
биржасы, делдалдық және маркетингтік қызметтер, ақпараттық жүйелер,
коммерциялық банктер, көтерме сауда орталықтары, аукциондар, жәрменкелер
және т.б. жатады.
Нарықтық экономиканың бой көтеруі нарықтық инфрақұрылым негізгі
элементтерінің қалыптасуына мүмкіндік жасайды.
Нарық түрлерін саралап көрсететін терен құрылым жасау факторы-нарық
қатынастары объектілерінін экономикалық бағдары болып табылады. Осы фактор
бойынша олар өндіріс құрал-жабдықтары, тұтыну және қызмет көрсету, қаржы
(бағалы қағаздар, қарыз, валюта, капитал) еңбек, ғылыми-техникалық,
ақпарат, астыртын экономика нарықтары болып бөлінеді.
Нарыктық экономикаға қажетті элементтердің бірі - оның инфрақұрылымы.
Ол нарықтың дамуын және оның қалыпты жұмыс жасау жағдайын қамтамасыз ететін
институттардың (ұйымдар, фирмалар, мекемелер) жиынтығы түрінде көрінеді.
Нарықтың инфрақұрылымының элементтеріне тауар шикізат, қор, еңбек
биржалары, делдалдық және маркетингтік қызметтер, ақпараттық жүйелер,
коммерциялық банктер, көтерме сауда орталықтары, аукциондар, жәрменкелер
жатады.
Ұлттық нарықты құру, оның дүниежүзілік нарық жүйесіне енуі-жоғары
талаптар деңгейінде жасалған жолдар жүйесінсіз, транспорт пен байланыс
құралдарынсыз жүзеге аспайды. Бұл салаларда бізде көптеген проблемалар мен
шешілмеген сұрақтар барынша жеткілікті. Біздің еліміздің көптеген әдеттегі
шаруашылық байланыстар, жолдардың болмауынан және әртүрлі көлік
құралдарының бұл байланыстарға қызмет көрсетуге қабілетсіздігінен
жеткілікті түрде өткізілмей отыр.
Нарық инфрақұрылымының негізгі элементтері.
Негізгі элементтері:
- Еңбек нарығының инфрақұрылымына кіретіндер – еңбек биржалары,
жұмысқа қамту мен кадрларды қайта даярлау қызмет орындары,
жұмыс күшінің реттеу және т.б. айналысатын мекемелер.
- Қаржы нарығының инфрақұрылымына кіретіндер – қор және волюта
биржалары, банкте сақтандыру компониялар мен қорлары.
- Тауар нарығының инфрақұрылымына жататындар – тауар биржалары,
көтерме және сауда кәсіпорындары, аукциондар, жәрменкелер,
делдалдық фирмалар
3. Қазақстан Республикасындағы нарықтың даму бағыттары және оны
реттеу
Нарықтық модель кезінде экономиканы кім басқарады? Экономиканы тұтынушы
сұраным мен техникалық прогресс деңгейінің дамуын реттеу ар-қылы нарықтық
механизм басқарады. Осы үш мәселе Нені өндіру керек, Қалай өндіру
керек, Кімге өндірілуі керек экономикалық жүйенің діңгегі болып
табылады, бірақ оларды шешу әртүрлі жолмен жүзеге асады.
Таң ғажайып неміс экономикасының авторы, профессор Людвиг Эрхард
Барша жанға әлауқаттылық (1956ж.) еңбегінде былай деген: Нарықтық
шаруашылықтың кез-келген жоспарлы шаруашылықтан артықшылығы сол, нарықтық
шаруашылықта күнде, сағат сайын икемделу процесі жүреді. Ол ұлттық өнім мен
ұлттық табыстың, сұраным мен ұсынымның арақатынасын дұрыс жолға қойып, тепе-
теңдікке келтіреді.
Қазақстан өз азаматтары үшін өмір сүрудің жоғарғы стандарттарын
жасай отырып, әлемнің тиімді дамып келе жатқан елдеріннің қатарына
қосылуға тиіс. Біз бұны ұлтымызбен экономикамыз бәсекеге қабілетті
болған жағдайда ғана істей аламыз.
Біз экономиканы диверсификациялауға бағытталған Индустриялық –
инновациялық стратегияны іске асыра бастадық. Бұл болашақтың
бағдарламасы. Біз бәсекеге қабілетті экономиканың үлгесін таңдай
отырып, бәсекелестікке қарымы мол басым салаларды дамытуға
кірістік, сол арқылы қазақстандық кластерлер жүйесінің дамуына жол
аштық. Биылғы жылдың ортасына қарай біздің қолымызда нарықтың
туризм, мұнай – газ машиналарын жасау, тамақ және тоқыма өнеркәсібі,
көлік – логистикалық қызмет көрсету, металлургия және құрылыс
материалдары сияқты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның нарықтық экономиксы
Нарықтық шаруашылықтың артықшылықтары және кемшіліктері жайлы мәлімет
Нарықтық экономика жағдайы
Маркетинг түрлері және олардың Қазақстанда даму тенденциялары
Халықаралық туризм
НАРЫҚТЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚТЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ. Нарықтың мәні мен пайда болу жағдайлары
Әрбір өндіріс әдісіндегі нарық
Нарықтық шаруашылықтың артықшылықтары және кемшіліктері жайлы
Нарықтық шаруашылықтың артықшылықтары мен кемшіліктері жайлы ақпарат
Шағын кәсіпкерліктің инфрақұрылымының қалыптасуы мен дамуы (Жамбыл облысы бойынша)
Пәндер