Арамшөптердің биологиялық ереекшеліктері, таралу және олардың тіршілік жағдайларына бейімделуі



І . КІРІСПЕ
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Арамшөптердің биологиялық ереекшеліктері, таралу және олардың тіршілік жағдайларына бейімделуі.
2.2. Арамшөптердің негізгі биологиялық топтары мен өкілдері.
2.3. Арамшөптер мен күрес жүргізу шаралары мен өсірушілердің алдын алу шаралары.
2.4. Арамшөптерді жою шаралары және арамшөптермен күресудегі биологиялық шаралары.
2.5. Арамшөптермен күресудің химиялық тәсілдері.
ІІІ. ҚОРЫНТЫНДА
ІV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Арамшөп – егін арасында өсетін дала өсімдіктері. Табиғи шабындықтар мен жайылым сапасын кемітетін улы және азықтық ққасиеті жоқ өсімдіктер мен арамшөп қатарына жатады. Бір дақылдың арасында екінші бір дақыл, мәселен бидай егісінде арпа өсіп тұрса, мұны да зиянды өсімдік деп есептейді.
Арамшөп егіске зор зиянын тигізеді: ылғалға, қоректік заттарға ортақ болады, егінің түсімін, өнімнің сапасын кемітеді, топырақты баптау жұмысын қиыдатады, егіске зиянды жәндіктер мен ауру таратады.
Армшөптер мәдени өсімдіктердің зиянкестері мен аурулардың қоректенетін орны. Мысалы, жататын бидайық сымқұрт және линиялы тот ауруының таралуына мүмкіндік туғызады.
Арамшөптердің вирусты аурулары шіркей арқылы мәдени өсімдіктерге жұғады. Қант қызылшасы егісінің ең қауіпті зиянкесі қант қызылшасының бізтұмсығының мекені алабұта болып табылады.
Мәдени өсімдіктердің егісінде арамшөптердің санын, зияндылығын барынша азайту немесе танаптардан оларды толық жою, ауыл шаруашылық дақылдарын егіс – өсіруіне жұмсалатын шығынды елеулі түрде төмендетеді. Арамшөп мәдени дақылдың қоректігі, ылғалын және жарығын пайдаланып, өнімін азайтады.
1) И.Сейітов, Т.Садабаев, Ш.Әбдізалиев «Агрономия негіздері»
Алматы «Ана тілі» 1991 ж.
2) Е.Жамалбеков, Р.Білдебаев. «Топырақтың және топырақ географиясы мен экологиясы». Алматы Қазақ университеті.
3) Агрохимия және тыңайтқыш қолдану жүйесі. Р.Елешов, Т.Смағұлов, Ә.Балғабаев. Алматы 2000ж.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
І . КІРІСПЕ

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2.1. Арамшөптердің биологиялық ереекшеліктері, таралу және олардың
тіршілік жағдайларына бейімделуі.

2.2. Арамшөптердің негізгі биологиялық топтары мен өкілдері.

2.3. Арамшөптер мен күрес жүргізу шаралары мен өсірушілердің алдын алу
шаралары.

2.4. Арамшөптерді жою шаралары және арамшөптермен күресудегі биологиялық
шаралары.

2.5. Арамшөптермен күресудің химиялық тәсілдері.

ІІІ. ҚОРЫНТЫНДА

ІV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ

Арамшөп – егін арасында өсетін дала өсімдіктері. Табиғи шабындықтар мен
жайылым сапасын кемітетін улы және азықтық ққасиеті жоқ өсімдіктер мен
арамшөп қатарына жатады. Бір дақылдың арасында екінші бір дақыл, мәселен
бидай егісінде арпа өсіп тұрса, мұны да зиянды өсімдік деп есептейді.

Арамшөп егіске зор зиянын тигізеді: ылғалға, қоректік заттарға ортақ
болады, егінің түсімін, өнімнің сапасын кемітеді, топырақты баптау жұмысын
қиыдатады, егіске зиянды жәндіктер мен ауру таратады.

Армшөптер мәдени өсімдіктердің зиянкестері мен аурулардың қоректенетін
орны. Мысалы, жататын бидайық сымқұрт және линиялы тот ауруының таралуына
мүмкіндік туғызады.

Арамшөптердің вирусты аурулары шіркей арқылы мәдени өсімдіктерге
жұғады. Қант қызылшасы егісінің ең қауіпті зиянкесі қант қызылшасының
бізтұмсығының мекені алабұта болып табылады.

Мәдени өсімдіктердің егісінде арамшөптердің санын, зияндылығын барынша
азайту немесе танаптардан оларды толық жою, ауыл шаруашылық дақылдарын егіс
– өсіруіне жұмсалатын шығынды елеулі түрде төмендетеді. Арамшөп мәдени
дақылдың қоректігі, ылғалын және жарығын пайдаланып, өнімін азайтады.

2.1. АРАМШӨПТЕРДІҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Арамшөптердің барлық жерге тарауы және олармен қарсы күресудің
қиыншылығы, олардың тірі қалуы мен таралуына мүмкіндік беретін биологиялық
ерекешеліктеріне байланысты.

Арамшөптерге тән қасиет олардың жоғарғы өсімталдығы. Мысалы,
жусанжапырақ тұқымдары бір өсімдіктен 50000 дана, алабұта 200 мың, қызылша
гүлтәжі 500 мың, сарықурай 730 мың тұқым бере алады.

Астық тұқымдас ауылшаруашлық дақылдарының бір өсімдігі әрі кетсе 2000
дана дән береді. Яғни арамшөптердің олармен салыстырғанда 2,5 еседен 37
есеге дейін өсміталдығы анықталған.көптеген арамшөптер тұқымдарын жан –
жаққа тез тарата алатын қабілеті бар. Мысалы, күрделі гүлді арамшөптердің –
ұшпа ұрықтары, кәдімгі кәріқыздың, тікенді сарысояудың – тікендері мен
ілгешектері. Қарасұлының бұратылған иінді қылтанағы дымқылданғанда жазылады
да, құрғағанда бұралып шиырланады, сонымен дәннің орын ауыстыруына,
жылжуына жағдай туады. Мұндай елеусіз орын ауыстыру тұқымдарының
жарықшақтарға, топырақ түйіршігінің астына түсуіе мүмкіндік береді.

Арамшөптердің тұқымы топырақ қабатында тіршілік қабілетін ұзақ мерзімге
дейін сақталады. Кейбір арамшөп тұқымдары тіршілігінің тыныштық кезеңі
ондаған жылдар бойы сақталатындығы анықталған. Мысалы, дала қышасы 7 жылға,
жолжелкен 9 жылға, мальва 12 жылға дейін өніп – өсікіне сақтай алады.

Кейбір арамшөп түрлерінің тұқымы жануарлардың ішегіне түскенде де
өнгіштігін сақтайды. Дала шырмауығының тұқымы ішек жолынан өткеннен кейін
бұзауларда -22,3 процент, жылқыларда – 6,2 процент, қойларда – 21 процент
тіршілік қабілетін сақтайды.

Арамшөптер тіршілігі үші олардың тұқымдарының біркелкі піспеуінің,
шашылып – төгілу қабілетінің маңызы зор. Осының себебенен топырақ қабатында
арамшөптердің тіршілікке қабілетті тұқымдарының едәуір қоры әр уақытта да
болады.

Арамшөптердің тамырларымен бірге құртпай, үстіңгі сабағын отай немесе
тамырларын кесіп – бөліп тастағанда, көптеген арамшөптер бүлінген мүшелерін
қайтадан қалпына келтіруге, қарабасқонақ жатады, ал бұлардың сабақтарын
отағанда, жаңадан гүлденгіш сабақтар құрылады және едәуір тұқым мөлшерін
бере алады.

Арамшөптердің таралу және олардың тіршілік жағдайларына бейімделуі.

Арамшөптердің тұқымы жылдам таралатындығы байқалады. Тұқымы еңіл
мәселен егістік қалуен, сарыбасгүл, қызғылт қалуе желмен тарайды.

Арамшөптер өз тұқымдарының аналық өсімдіктен әлдеқайда алысқа жетуіне
түрлі әдістерді қалыптастырады.

Жабайы шомар, үйбидайық, кәдімгі у таспа секілді дәнді дақылдармен
бірге өсіне бейімделген кейбір арамшөптер астық орылғанша пісіп, тұқым
төгуге асығады. Басқалары, керісінше егістің негізгі дақылымен бірге пісіп,
солардың тұқымына ұқсас тұқым түзуге тырысады. Бұл – келесі жылы себілген
тұқыммен бірге топыраққа еніп, қайта өсіп шығады (сасық мендуананың
тұқымдары жақтаулы қауашақ ішінде, ал мендуананыкі – қақпақшалы қауашақта
болады). Одан тұқымның бәрі тек жел соққанда ғана бұтағы иіліп, жан – жаққа
ұшады.

Әрбір тұқым піскен соң жерге түседі, осы жерден оның жылжуы басталады.
Түнде ауа суытуына байланысты су буына қанығады, ал күндіз едәуір құрғақ
болады. Қылтаң біресе ісіне және жазылады, біресе кеуіп ширатылады. Бұл
қарасұлы тұқымына топырақ бетімен қозғалуыға және жерге тереңдей енуге
мүмкіндік береді.

Егістік қалуеннің айдарша – түкшелері де осылай ұшады. Пісіп –
жетілгеннен кейін өздері алыс сапарға шығатын арамшөптерде бар. Арамшөптер
өз тұқымын алысқа таратуына су да көмектеседі. Ерте көктемде қар еріген
немесе жазғы нөсер жауы кезінде су ағысының топырақтың үстіңгі қабатын шаюы
нәтижесінде көптеген арамшөптердің тұқымдары төбе етегі мен ойпаңдарға
көшеді. Кейде өсіп тұрға арамшөптерге қарап, мұнда оның тұқымын жеткізген
су ағыстары өткен жыы қай жерлерде болғаны байқауға болады. Арамшөптер
жемісінен жануарлардың жүніне жабысуға мүмкіндік беретін алуан түрлі
бейімделушіліктер анықталған. Мұнда тікенек те, ілмек те, тағы басқа толып
жатқан түрі бар. Құстар болса арамшөп тұқымдарын өз қауырсынына, лаймен
бірге табанына жабыстырады немес тұмсығымен қыстырып алады.

2.2. АРАМШӨПТЕРДІҢ НЕГІЗГІ БИОЛОГИЯЛЫҚ ТОПТАРЫ МЕН ӨКІЛДЕРІ

Өзінің биологиялық ерекшеліктеріне қарай арамшөптер топтарға бөлінеді.
Одақта 2500-ден астам, ал Қазақстанда 300-ге жақын арамшөп түрлері
анықталғын.

Аймақтарда топырақ – клмат жағдайлардғы арамшөптердің қайсыбір түрлерін
биологиялық топтарға бөлудегі мақсат оларға қарсы күресу шаралырын тиімді
қолдану.

Арамшөптердің бірнеше топтары бар. Соның ішіде мекендейтін ортасы
бойынша: а) егіс арамшөбі немесе аңыздағы арамшөптер; б) тұрғын үйлерге,
қора – жай құрылысына т.б. жақын маңда өіп – өсетін сыпырынды арамшөптер;
в) шалғын мен жайлауда өсетін арамшөптер. Мекендейтін ортасы бойынша
арамшөптердің осы аталған үш тобының арасында айқын шекара жоқ екенін еске
алған жөн. Мәселен, түйетікен құлан далада, жайлауда, тіпті аңыздарда да
өсе береді. Арамшөптердегі агробиологиялық топқа бөлудің егіншілікте мәні
зор. Бұл топтың негізінде мынандай белгілер алынған. Қоректену әдісіне
қарай барлық арамшөптер паразиттер, жартылай паразиттер және празит еместер
(көкшөптер) болып бөлінеді.

Паразитті арамшөптер деп басқа өсімдіктер арқылы қоректеніп өніп –
өсетін өсімдіктерді айтады. Бұлар фотосинтез құбылысын жүргізуге
бейімделген жоғалтқан, себебі олардың жапырақтары жетілмеген, сондықтан
оргникалық заттар мен суды өздерінің қысқа емізікшелеріме не өсмідіктің
тамырына абысып алады да нәрін сорады. Немесе өсімдіктердің қандай
мүшесімен байланыс жасауына қарай паразитті арамшөптер екіге бөлінеді.

Егер қоректік заттарды асыраушы өсмсідіктердің сабағынан алатын болса,
онда оларды сабақтық паразитті арамшөптерде дейді. Бұған барлқ арамсояудың
түрлері жатады.

Егер арамшөптер қоректік заттарды өсімдіктердің сабағынан алатын болса,
оларды тамыр паразитті арамшөптер дейді. Бұл топтың өкілдері барлық
сұңғыланың түрлері.

Жартылай паразиті арамшөптерде фотосинтез құбылысы толық жүреді,
сондықтан да олар басқа өсімдіктер суды және онда ерітілген минералды
заттар және бірен саран органикалық заттарды сорып алады.

Паразитті емес арамшөптер. Паразитті емес арамшөптер өте көп. Олар
өзінше өмір сүреді және фотосинтез арқылы органикалық емес заттардан (көмір
қышқыл газы, су және минералдық тұздар) органикалық заттар синтездейді. Бұл
топтағы арамшөптер, олардың өсіп – өнуінің ұзақтығына, кобею әдістеріне
және даму ерекшеліктеріне қарай азжылдық және көпжылдық болып екі топқа
бөлінеді.

Паразитті емес арамшөптер. Паразитті емес арамшөптер өте көп. Олар
өзінше өмір сүреді және фотосинтез арқылы органикалық емес заттардан (көмір
қышқыл газы, су және минералдык түздар) органикалық заттар синтездейді. Бүл
топтағы арамшөптер, олардың өсіп-өнуінің ұзақтығына, көбею әдістеріне және
даму ерекшеліктеріне қарай азжылдық және көпжылдық болып екі топқа
бөлінеді.

Аз жылдық арамшөптер деп тек тұқымы арқылы көбейетін, тіршілік ұзақтығы
1—2 жылдан аспайтын өсімдіктерді айтады. Бүл арамшөптер өздерінін
вегетативтік өсу мезгіліне байланысты мына топтарға бөлінеді.

Аз жылдық раңтәріздес арамшөптер (эфемерлер). Бұлардың вегетативтік
кезеңі қысқа, 45...60 аптадан аспайды, сол маусым ішінде бірнеше ұрпақ бере
алады. Бұл топтың негізгі өкілдері дымқыл жүлдызшөп, сеппе көкнәр.

Жаздық арамшөптер деп көктемде өсіп, күзде тұқым беріп өзінін өсіп-өну
кезенін аяқтайтын өсімдіктерді айтады. Олар көктеп өсу мезгіліне байланысты
жаздық ерте жетілетін және жаздық кеш пісетін арамшөптер болып бөлінеді.

Жаздық ерте жетілетік арамшөптерге тұқымдары топырақ қабаты Ю...12°С
жылылықта, яғни ерте көктейтін, сондықтан ерте жетілетін өсімдіктср жатады.
Бұлар: алабота, қарасүлы, дала қышасы, жабайы шомыр, ерменжапырақты
амброзия, жабайы сора, шырмауық қарақұмығы.

Кеш жетілетін жаздық арамшөптер деп тұқымдары топырақ қабатынын
жылылығы 15...20°С болғанда көктейтін, сондықтан да кеш пісіп жетілетін
өсімдіктерді атайды.

Қыстан шғгатын арамшөптер екі түрлі жолмен дамуы мүмкін. Егер олар
көктемде өніп шықса, онда өздерінін өніп-өсу кезеңін күзге карай аяқтайды,
яғни жаздық арамшөптер тәріздес дамиды. Олардын көктеп өсуі кешеуілдесе,
онда олар қыстап калады да, келер жылы өсіп-өну кезеңін аяқтайды, яғни
олардын дамуы күздік арамшөптер тәрізді.

Күздік арамшөптердің тұқымы алғашқы тіршілік жылында кез келген кезеңде
көктеп өседі, тек тамыр маңайындағы жапырақтар құралады да, қара күзде
яровизаңия сатысынан міндетті түрде өткеннен кейін осы сатысында қыстап
шығады да, келесі жылы тұқым береді. Аталған топқа жататындар — қара бидай
арпабасы, дала арпабасы, егістік сыпыртқысы, кәдімгі сіпсебас т.б.

Көпжылдық арамшөптер. Көп жылдық арамшөптерге өздерінің толық дамуына
бірнеше өсіп-өну кезеңдерін қажет ететін өсімдіктерді жатқызады. Бұл топтың
арамшөптері тұқымы арқылы және вегетативтік жолмен көбейеді. Көпжылдық
арамшөптерді тамыр жүйесіне байланысты бірнеше топқа бөлуге болады.

Тамырсабақты көп жылдық арамшөптер түқым арқылы және түрі өзгерген
топырақ қабатындағы тамырсабағының көмегімен көбейеді. Қазақстанда ең көп
тарағандары жатаған бидайык, құмай, кәдімгі қамыс, салалы қарашоғыр.

Атпатамырлы арамшөптер негізінен вегетативті жолмен көбейеді. Бірінші
жылы негізгі тамырын құрайды. Негізгі тамырдан қосалқы бүршіктері бар жіп
тәріздес вегетативті тамырлар тарайды. Ол тамырлар топырақ бетіне көлбеу
орналасады. Келесі жылы ерте көктемде осы бүршіктерден жер бетіне
бұтақшалар өсіп шығады. Бұл топтағы арамшөптерді тамыр жүйесінің терең
орналасуына байланысты жою қиын, сондықтанда олар егістікке көп залал
келтіреді.

Жатаған арамшөптер тұқымнан басқа тамырланған сабақтарының көмегімен
тарайды. Бұл топқа жататындар: кәдімгі қазтабан, жатаған сарғалдақ,
шырмауық будра. Топыраққа жанасқан сабақтардан тамырлар және топырақ
беткейінде жапырақты өркендер пайда болады. Жатаған сабағы үзілсе,
тамырланған өсімдіктер өз бетімен өсіп-өнеді.

Түйнекті арамшөптер негізінен вегетативті жолмен көбейеді. Оған
түйнекті чина, батпақ қайызғақ шөбі, жұмыр жәлемшөп жатады. Бұлар
дымқылданған ойысты алқаптарда кездеседі.

Карантиндік арамшөптер. Бұл топқа таралуы шектелген, немесе елімізде
өспейтін ерекше зиянды арамшөптер жатады. Осыған орай ішкі және сыртқы
карантиндік арамшөптерді жыратуғаға болад.

Улы арамшөптер. Олардын ішінде өсімдіктердің өздері(сасык. мендуана)
немесе жас көктері, құмайшөп тұкымы, далалық ярутка, дала арамсояуы улы
болып келеді. Улы арамшөптерге жататындар — кәдәмгі қарамықша, қыздырма
үйбидайық, күрең үкекіре, нағыз сасық меңдуана, күйдірг сарғалдақ, ericтік
ярутка, қара мендуана, құмайшөп, жусанжапырақ, ойраншөп және басқалар.

2.3. АРАМШӨПТЕРДІ ӨСІРМЕУДІҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ

Арамшөбі жоқ танап - диқаннын ежелгі арманы. Қара бидай ішінде кeкipe,
бидайда - көкнәр, арпамен аралас алтын түймедағы өскен жағдайда диқанда
маза болмайды. Өйткені олар себілмесе де өciп шығады, дақылдармен қатар
өciп, залалын тигізеді кейде тiптi мәдени дақылды құртады.

Арамшөп танапқа eнiп қоймай, оны басып алған соң, кұрту шараларынан
үміт жоқ екеніне диқанның көзi жетті, осыдан кейін ғана олар амшөптерге
қарсы алғаш өз иелігіне жақын жерден, ал одан соң алыстан күзет қояды. Ол
ескерту ретінде жүргізілетін күрес шараларының бipi.

Біздің елде өспейтін, бipaқ әлемнің әр түкпірінде өceтiн кәнігi
арамшөптердң тiзімi анықталған. Осыдан келіп нeгiзгi міндет туады: олардың
шекарадан өтуіне жол бермеу.

Мәдени өсімдіктердің тұқымымен бipгe кәнігі және карантиндік арамшөптер
ғана емес, топырақтағы қоры мол арамшөптер де eнyi мүмкін.

Демек, тұқымнын өзi танаптың қосымша ластану кезi болуына жол бермеу
керек. Ескерту шаралары жургізілтетін күрестің негiзгi мақсаты-арамшөп
тұқымдары мен вегетативтің мүшелері таралатын жолдарын бөгеу. Oсығaн орай
арамшөптер тұқымдары eгic алқабына қайдан және қалай келетінін білу шарт.
Ол үшін себетін тұқымды жоғары дәрежеде тазалау қажет. Тұқымның тазалығы
егістен басталады. Тұқымдық учаске үшін ең жақсы ericтік таңдап алынып, оны
тыңайтып, өңдейді. Көктемге дейін тұқым арамшөптерден мұқият тазартылады.
Көптеген арамшөп тұқымдары мөлшері мен пiшiмi жөнінен мәдени өсімдіктер
тұқымдарымен ұқсас болады, олар көбінесе тұқымды ластайды. Сондықтан да
тазартатын машиналарда тұқымды салмағы, ұзындығы, калыдығы мен басқа да
белгілеріне қарай бөліп тазартады.

Кез келген дақылдың тұқымын егіске пайдаланар алдында оларды
мемлекеттік тұқым инспекциясынын лабораториясында бірқатар көpceткiштepi,
соның ішінде ластану көрсеткіші бойынша мiiндeттi түрде тексереді.

Стандартқа сәйкес тұқым бipiншi класқа жеткізілуі үшiн, бip килограмм
бидайдың, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Синантропты өсімдіктердің жіктелуі
Арамшөптердің биологиялық ерекшеліктері
Арамшөптер және олардың жіктелуі
Арамшөптердің зиянды шегі
Арамшөптер экологиясы
Жануарлардың кейбір биологиялық ерекшеліктері. Комменсализм, симбиоз, паразитизм
Арамшөптермен алдын ала күресу шаралары
Паразитті емес арамшөптер
Ауыл шаруашылығы жерлерінде арамшөптердің өсімдіктердің пайда болуы
Арамшөптер және өсімдіктерді қорғау мәселелері
Пәндер