Ш. Жәңгірұлының өмірі мен шығармашылығы



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1.ТАРАУ. Ш. ЖӘҢГІРҰЛЫНЫҢ ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ
1.1. Ақынның өмірі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
2.ТАРАУ. ШӘДІ ЖӘҢГІРОВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ДӘСТҮР ЖАЛҒАСТЫҒЫ
2.1 Ш.Жәңгірұлының діни тақырыптағы шығармашылығы ... ... ... ... ... ... ... ...8
2.2 Шәді Жәңгірұлы өлең жырларының араб әдебиетімен байланысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
Қазақ әдебиетінде шығыс тақырыбына барған ақындарды “қиссашыл ақындар” немесе “кітаби ақындар” десе, кейде “нәзирагөйлік” деп те атайды.
Сондай “кітаби ақындарды” бірі – Шәді Жәңгірұлы. Өз ортасында Шәді төре атымен белгілі болған ақынның әкесінің аты бірде Жәңгір болып берілсе, кейде Жаһангир болып кездеседі. Оған себеп, оның Орынбордан шыққан кітаптарында “Шәді Жәңгірұлы” деп аты-жөні аталса, Қазан, Ташкент қалаларында баспа көрген кітаптарында тіл ерекшелігіне байланысты “Шәді Жаһангирұлы” болып көрсетілген.
Шәді есімі әдебиет сүйер қауымға таңсық есім емес. Оның өмірі мен шығармашылығын зерттеген бірнеше ғалымдар бар. Атап айтар болсақ, Ә.Қоңыратбаев, Б.Кенжебаев, Р.Бердібаев, Н.Келімбетов, Ө.Күмісбаев, У.Қалижанұлы сияқты ғалымдар ақын шығармашылығын өз деңгейінде зерттей білді.
Шәдінің әкесі Жәңгір –атақты Абылай ханның шөбересі, Кенесары ханның жорықтарына қатысқан. 1847 жылы Хан Кене дүниеден өткенде, оның кіші әйелі Мәуті ханымды әмеңгерлік жолмен Жәңгір алған. Осы Мәуті ханымнан болашақ шайыр туады.[1,8]
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері:Белгілі сөз шебері Шәді Жәңгірұлының шығармашылығының басты ерекшеліктеріне, оның шығармашылық өмірбаянына, шығармаларының идеялық, танымдық, тәрбиелік мәніне, өзіндік сыр-сипатына талдау жасау, сондай-ақ көркем туындыларының бізге жету жолын, жариялануын, танылуын, әр кезеңдердегі зерттелу ерекшеліктерін айқындау мақсат етілді. Осы мақсатты орындау үшін мынадай міндеттер іске асырылды:
- ақынның өмірі, шығармашылығы туралы айтылған
ой-пікірлерді жинақтап, талдау жасау;
- Ақынның әр кездерде жарық көрген шығармаларын түгелге
жуық қарастырып, әр түрлі жанрларда көрініс тапқан шығармаларын
жинақтап, жүйелей отырып талдаулар жүргізу;
Курстық жұмыстың теориялық және әдіснамалық негіздері:ақынның әдеби туындыларын талдауда арнайы жазылған әдебиет зерттеушілердің талдау жасаған еңбектерін басшылыққа ала отырып, өзіміздің жеке талдау білігімізге сүйендік.
Курстық жұмыстың дереккөздері:Зерттеу жұмысының мазмұнын ашу үшін көптеген әдеби мұралар пайдаланылды.
Курстық жұмыстың әдіс-тәсілдеріжұмысты жазу барысында. жинақтау, жүйелеу, салыстыру, талдау сияқты зерттеу әдістері қолданылды.
Курстық жұмыстың жаңалығы мен нәтижелеріақын шығармашылығының бұрын айтылмай келген қырларының айқындалуы, кейіннен табылып, соңғы жылдары жарық көрген шығармаларымен толықтырыла отырып ақын шығармашылығына жасалған тұжырымдар мен талдаулар деп білеміз.
1. Шәді төре. «Назым сияр шәріп» А., 1995. 35-бет.
2. «Шарх ақида әт-Тахауия» Ибн Аби әл-Ъиз әл-Ханафи. «әл-Макаб әл-ислами» баспасы. Бейрут, 1408 һижри жылы. 277-278 беттер. (1988 ж.) (кітап араб тілінде).
3. «Ахли-сүннет және жамағат ұғымы». Абу Жағфар Ат-Тахауи, Ибн Абил Ъиз әл-Ханафи. Қазақшаға аударған: Бақтияр қажы Жұмағали ұлы 60-бет. Шымкент 2003ж.
4. Сонда 52-бет.
5. Шәді төре. «Назым сияр шәріп» А., 1995. 46-бет.
6. Шәді Жәңгірұлы «Хикаят халифа Һарун ар-Рашид» Ташкент, 1914ж. 3-бет.
7. Әуезов М. Шығармалары. 16 том. Алматы: Жазушы, 1985. –400б.
8. Алтынсарин Ы. Қазақ хрестоматиясы. Алматы: Білім, 2003. –112б.
9. Байтұрсынұлы А. Шығармалары. 1 том. Алматы: Алаш, 2003. –408б.
10. Келімбетов Н. Қазақ әдебиет бастаулары. Алматы: Ана тілі, 1998. –256б.
11. Қирабаев С. Ұлт тәуелсіздігі және әдебиет. Алматы: Ғылым, 2001. –448б.
12. Сейфуллин С. Шығармалары. ҮІ том. Алматы: Қазкөркемәдеббас, 1964. –456б
13. Қоңыратбаев Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы.- Алматы:Санат.-1994.-б.210-214
14. Қалижанұлы У. Қазақ әдебиетіндегі діни-ағартушылық ағым. - Алматы: Білім. – 1998. -
б. 210-222
15. XX ғасыр басындағы әдебиет . Хрестоматия . – Алматы:Білім. – 1994. - б.30-34

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ:
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1-ТАРАУ. Ш. ЖӘҢГІРҰЛЫНЫҢ ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ
0.1. Ақынның өмірі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
2-ТАРАУ. ШӘДІ ЖӘҢГІРОВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ДӘСТҮР ЖАЛҒАСТЫҒЫ
2.1 Ш.Жәңгірұлының діни тақырыптағы шығармашылығы ... ... ... ... ... .. ... ... .8
2.2 Шәді Жәңгірұлы өлең жырларының араб әдебиетімен байланысы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29

КІРІСПЕ
Қазақ әдебиетінде шығыс тақырыбына барған ақындарды "қиссашыл ақындар" немесе "кітаби ақындар" десе, кейде "нәзирагөйлік" деп те атайды.
Сондай "кітаби ақындарды" бірі - Шәді Жәңгірұлы. Өз ортасында Шәді төре атымен белгілі болған ақынның әкесінің аты бірде Жәңгір болып берілсе, кейде Жаһангир болып кездеседі. Оған себеп, оның Орынбордан шыққан кітаптарында "Шәді Жәңгірұлы" деп аты-жөні аталса, Қазан, Ташкент қалаларында баспа көрген кітаптарында тіл ерекшелігіне байланысты "Шәді Жаһангирұлы" болып көрсетілген.
Шәді есімі әдебиет сүйер қауымға таңсық есім емес. Оның өмірі мен шығармашылығын зерттеген бірнеше ғалымдар бар. Атап айтар болсақ, Ә.Қоңыратбаев, Б.Кенжебаев, Р.Бердібаев, Н.Келімбетов, Ө.Күмісбаев, У.Қалижанұлы сияқты ғалымдар ақын шығармашылығын өз деңгейінде зерттей білді.
Шәдінің әкесі Жәңгір - атақты Абылай ханның шөбересі, Кенесары ханның жорықтарына қатысқан. 1847 жылы Хан Кене дүниеден өткенде, оның кіші әйелі Мәуті ханымды әмеңгерлік жолмен Жәңгір алған. Осы Мәуті ханымнан болашақ шайыр туады.[1,8]
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Белгілі сөз шебері Шәді Жәңгірұлының шығармашылығының басты ерекшеліктеріне, оның шығармашылық өмірбаянына, шығармаларының идеялық, танымдық, тәрбиелік мәніне, өзіндік сыр-сипатына талдау жасау, сондай-ақ көркем туындыларының бізге жету жолын, жариялануын, танылуын, әр кезеңдердегі зерттелу ерекшеліктерін айқындау мақсат етілді. Осы мақсатты орындау үшін мынадай міндеттер іске асырылды:
ақынның өмірі, шығармашылығы туралы айтылған
ой-пікірлерді жинақтап, талдау жасау;
Ақынның әр кездерде жарық көрген шығармаларын түгелге
жуық қарастырып, әр түрлі жанрларда көрініс тапқан шығармаларын
жинақтап, жүйелей отырып талдаулар жүргізу;
Курстық жұмыстың теориялық және әдіснамалық негіздері: ақынның әдеби туындыларын талдауда арнайы жазылған әдебиет зерттеушілердің талдау жасаған еңбектерін басшылыққа ала отырып, өзіміздің жеке талдау білігімізге сүйендік.
Курстық жұмыстың дереккөздері: Зерттеу жұмысының мазмұнын ашу үшін көптеген әдеби мұралар пайдаланылды.
Курстық жұмыстың әдіс-тәсілдері жұмысты жазу барысында. жинақтау, жүйелеу, салыстыру, талдау сияқты зерттеу әдістері қолданылды.
Курстық жұмыстың жаңалығы мен нәтижелері ақын шығармашылығының бұрын айтылмай келген қырларының айқындалуы, кейіннен табылып, соңғы жылдары жарық көрген шығармаларымен толықтырыла отырып ақын шығармашылығына жасалған тұжырымдар мен талдаулар деп білеміз.
Курстық жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы қіріспеден, 2 тараудан, қорытындымен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 - ТАРАУ Ш. ЖӘҢГІРҰЛЫНЫҢ ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ
1.1 Ақынның өмірі
Шәді Жәңгіров 1855 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданында қарапайым шаруаның отбасында дүниеге келген. Он жасына жетер-жетпесте ауыл молласынан діни сауат ашады. Имандылық жолға түскен Шәді ақын әуелі Шаян мешітінде оқып, кейін Шымкенттегі Абдолла Шәріп деген ғұламадан дәріс алады. Онда ол араб, парсы тілдерін толық меңгеріп, шығыс мұсылман шайырларының атақты шығармаларымен жете танысады. Қылым деген түпсіз терең теңіздің тамшысын ішкен болашақ шайыр, ілімін одан әрі жетілдіру мақсатымен, сол кездегі барша мұсылман баласына белгілі Бұхарадағы "Мир - араб" медресесінде оқиды. Онда Ислам құндылықтарымен жақыннан танысып, болашақ шығармаларына арқау болатын діни қағидаларды жақсы меңгереді. Өмірінің соңында "Молла" деген айып тағылып, қуғынға ұшыраған Шәді 1933 жылдың 12 қыркүйегінде дүниеден өтеді.[1,7]
Әрине, Шәді ақын туралы деректер толық жиналды деп айта алмаймыз. Әлі де ақын көзін көрген, онымен сұхбаттас болған жандардың бар екендігі, олардың күн санап азайып бара жатқандығы да анық. Сол себепті де ақын туралы деректерді Созақ өлкесі мен Оңтүстік аймақтың өзге де аудандарынан іздеген орында болған. Олай деуімізге себеп сондай бір іс-сапарларымыздың бірінде Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданы, Жамбыл ауылында тұратын Шүкірулла Әбдуат ақасақалдан Шәді ақын туралы мынадай деректер жинап алып едік. Сол мәліметті келтіре кеткеніміз артықтық етпейтін болар.
Ескi көздерден қалғандар үшiн Шәдiтөре Жәңгiрұлын таныстыру артық. Оны ендi аз да болса жаңа ұрпақта тани бастады. 1930 - шы жылдары қатаған заманда Шәдi төре елден туған жерден бас сауғалап қашып, Өзбекстанда көп босқын қазақтың бiрi болып жүрiп дүниден өткен ескерусiз қалған қазақтың бiрi.[2,.36]
Өзбекстанда босқын боп жүрген Шәдi сонда бiр қышлаққа имам боп тұрған Әбдуат биге, менiң әкемнiң ағасы "Тақсыр бiреу менi сұрай қалса өзiңiздi көрсетiңiзшi, мен Шәдiмiн деуге өз атымнан өзiм ұяламын" - деген екен. Шаянның ең соңғы биi Әбдуат би өте сауатты, қыраған да өте жақсы, шариғатты қатты бiлетiн, алғырлығымен, дарындылығымен, тапқырлығымен танылған кiсi болыпты, өзi де денелi, кеуделi, көрiктi, насапты, сырт келбетi мен iшкi дүниесi жарасқан кiсi болыпты. Ол кiсi өте сыпайы кiсi екен, сұхбаттасының iшкi ойын бiлiп, танып отыратын болыпты. Шәдi төренiң сырт пiшiнi келбетсiздеу, көрiксiздеу, бетiнде шешек дағы бар кiсi екен, ол кiсi өте сыпайы, iшкi дүниесi өте бай кiсi болыпты. Әбдуат би өзбектiң ақсақалдарынан жоғары, өзiнiң қасына Шәдi төренi отырғызып қойып, ол кiсiнi тақсыр, тақсыр деп дәрiптеп, оған үлкен iлтипат көрсетiптi. Сонда бiр өзбектiң бiр қарясына имамымыз қазақ болған соң қанына тартпай болмайды екен ғой, мына бiр дуанасын пәленше әкәмнанда жоғары өзiнiң қасына оң жағына отырғызып қойпты деген iштей бiр ой келiптi. Әбдуат би осы қаряға "Пiрадар, қарап отырғанша мына кiтапты жамағатқа оқып берсеңiзшi!" - деп Шәдi төренiң, "Алты бармағын", "Назым Сияр Шәрифiн" берiптi. Қария кiтапты оқып отырып өзi де жылапты, жамағатты да жылатыпты. "Ой жамағат-ай! Дүниеден осында кiтап жазған әзiздер де өтiп кеттi-ау, оның орнына мына мендей нас, ыпылас, пасық, надан өлсе едi күнәға көп бата бермей, ал осындай әзiз қалса едi" деп кеудесiн тоқпақтап өз қолымен ұрып. Сонда имам Әбдуат би: "Бұл кiтаптың муәллифi мына отырған Шәдi төре Жәңгiрұлы" - дептi. Сонда әлгi өзбек қария: "Бiз бұл кiтаптың муәллифi Фирдауси, Жами, Науайилардың замандасы шығар деп жүрушi едiк. Тақсыр, қазақ та мұсылман ба екен, олардан да ғалымдар, үлкен дамыллалар, пiрлер мен ишандар шықты ма екен деп жүрген адамның бiрi мен едiм",- деп орнынан атып тұрып, Шәдiмен құшақтасып көрiсiп, қолынан сүйiп, тәу етiп, қатты кешiрiм сұрапты. Қалтасында барын һәдия етiп, Шәдiге берiптi. Шәдi ол жерде де тұрақтап тұра алмай, қолға түсiп қаламын ба деп, кетiп қалыпты. Әбдуат би (бiр ауылдың) Шаянның биi, ары кеткенде Қаратаудың күнгейiмен терiскейiне ғана мәлiм кiсi. О да босқын, бiрақ оншалық атақты кiсi емес, көп имамның, молданың бiрiндей ғана. Ал, Шәдi болса түркiгөй халыққа, бүкiл Түркiстан елiне өзiнен бұрын аты кеткен "төрт аяғы тең жорға", "мусәнниф", "шубһалы сөзге бастаған Шәдi", "жәннәти Шәдi" атанған кiсi. Қожа Ахмет Яссауидiң "Диуани хикметiнен", Сопы Аллаярдың "Сәбәтул әжизинiнен" кейiнгi көп танылған шығарма Шәдi төренiң "Назым Сияри Шәрiбi" - "Алтыбармағы" мен "Назыми Фиқһ Кайдани" болды. Қолымда Назым Сияри Шәриф бар. Есебi түгелдей. Ал "Назыми Фиқһ Кайдани" жұрнағы бар, бас жағы, сыртқы мұқабасы жоқ. Қариялар "Назым Фиқһ Кайдани" ды да Шәдiнiкi дейдi. Солай болса солайда шығар, қариялар солай деп те жүруi мүмкiн. Ол жағын әдебиет зеттеушi ғалымдар анықтай жатар, мен қатардағы көп оқырманның, оның үстiне ескiше кiтаптарды ендi-ендi ғана танып оқып жүргендердiң бiрiмiн. Қарапайым халықтың фуқараның (бұқара халықтың) бiрi ретiнде өз ойымды бiлдiрiп отырмын. Бұл талас тудыруы да мүмкiн, ал бiрақ мен өз пiкiрiмде қаламын. Шәдi шубһалы сөзге бастаған. Оның әр сөзiне дәлел, құжат бар. Онда ақиқат тарихи шындық бар.
Шәдi төре Шаянда негiзiн Қосым ишан қалаған, оның баласы Сейтахмет (Сейiтжан мағзым) аяқтатқан, кеше 1930- шы жылдары оның немересi Әппәқ ишаннан кәнпiскеленiп (конфискаланып) алынған мешiт медресенiң түлегi. Бұл мешiт медресе кеңес үкметiнiң құжатында Әппәқ ишан мешiт медресесi деп аталып кеткен. 1990- жылдардаң аяғына таяу дүмшелер бастап, дүмшелердiң муфтиi Рәтпек қажы Нысанбайұлы оны қостап, Әппәқ ишан мешiт медресесiнен Әппәқ ишанның есiмiн алдырып тастап Шаян орталық мешiтi болып кеткен.
Шәдi төре Сейтахмет ишанға (Сейтжан мағзымға) ол кiсi дүниеден өткен соң оның баласы Әппәқ ишанға қол берген. Оған мурид болған. Ал Әбдуат би Сейiтахмет ишанның iнiсi Әлмұхаммет мағзымның үлкен ұлы, Әппәқ ишанның немере iнiсi. Шәдi төре Шаяннан соң Қарнақта одан соң Бұхарада оқыды. [3,15]
Шәді -- Қазан төңкерісіне дейін қазақ даласындағы баспадан ең көп кітабы шыққан ақын. Қазан, Орынбор, Ташкент баспаларынан Сияр Шариф, Хазіреті Мұса мен Перғауын, Төрт дәруіш сынды талай діни өлең-дастандары, қиссалары, шежірелері басылып шыққан. Кезінде Шәді шығармашылығы бойынша кандидаттық диссертация қорғаған филология ғылымдарының докторы, жазушы Немат Келімбетов 13 кітаптың атын атайды. Кейбір мәліметтер оны жиырмадан асырады. Шәді Пушкиннің Мыс салт атты поэмасын қазақшаға аударған. Тіпті роман жазған деген де сөз бар. Кенесары ханның бел баласы, атақты Сыздық сұлтан 1910 жылы қайтыс болғанда, жаназасын осы Шәді төре шығарады. Атақты композитор Шәмші Қалдаяқовтың шешесі Сақыпжамал Шәді төренің қарындасы болып келеді. Яғни Шәмші -- Шәді төренің жиені.
Шәді ақын да Шәкәрім қажы сынды зергер ұста болған. 1928-29 жылы кәмпеске кезінде Шәдіні кедей болса да, діншіл молда деп, Түркістан түрмесіне қамайды. Бірақ кезінде дәмдес-тұздас болған Сәкен Сейфуллиннің араласуымен босанып шығады.

2-ТАРАУ. ШӘДІ ЖӘҢГІРОВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ДӘСТҮР ЖАЛҒАСТЫҒЫ
1.1 Ш.Жәңірұлының діни тақырыптағы шығармашылығы
Ақын үлкенді-кішілі 18 дастан, поэма, қисса - хикая, бірсыпыра өлең-жыр жазып бастырған. Шәді өз шығармаларын көбіне XIX ғасырдың 80-90 жылдары , әсіресе XX ғасырдың алғашқы он жылдарында жазған. Шәді көбіне хикаялармен , дастан жазады. Өйткені, жасынан шығыс классиктерін оқып, солардан сусындаған таланттың шығармашылығы - дастандар еді. Олар: Хикаят Орка - Күлше, Хикаят Қамарзаман, Тарихат, (Абылай хан жайында дастан ) , Назым сияр Шәриф , Тарихнама т.б.
Шәді бірқатар шығармаларын діни бағытта жазды. Өйткені ақын діни сауатты болумен қатар, шығыстың қисса- дастандарын жетік білген және соның салдарынан сол замандағы көптеген мәселелер бойынша діни көзқараста болды. Ол дінді өзіне идеал етіп дәріптеді. Ол дінді- ағартушылықтың, адамгершіліктің, тазалықтың қайнар көзі деп білді .
Шәді Жәңгірұлының көп жыл ізденіп, көз майын тауысып жазған атақты дастаны - Назым сияр Шәриф атты туындысы. Бұл шығармада Мұхаммедтің (ғ.с.) туғаннан өлгенге дейінгі барлық өмір жолы суреттелген. Ол кісі кіммен дос , кіммен күреңқабақ болды, кәпірлермен қалай күресті , мұсылмандарды қалай қолдады, қанша баласы болды, кімнің тәрбиесін көрді , қанша рет некеленді ,әке-шешесі кім еді, туған-туысы бәрі-бәрі түп-түгел жырда көрініс табады .[4,18]
Ақынның Мұхаммед пайғамбар жайында қалам тербеуінің өзінде де көп мән бар . Біріншіден, пайғамбар өмір тарихының халық арасына тарауын көздесе , екіншіден , мұсылман ғалымдары арасындағы даулы мәселеге өзіндік көзқарасын білдіріп отырады. Дастанның басынан-ақ Нұр сипатына ерекше тоқталуы соны аңғартса керек . Өйткені орта ғасырлық ғұламалар Алланың алғаш жаратқан нәрсесі жайында дауласып , әр түрлі пікірлерді ұстанған болатын. Кейбірі алғаш жаратылған нәрсе пайғамбардың нұры десе , кейбірі қалам немесе ақыл екенін алға тартқан еді.
Біз Мұхаммедтің (ғ.с.) қалай өмірге келгенін де Назым сияр Шәрифтен оқимыз:
Ғабдолла Әмина атты әйел алды,
Ибраһим тәртібімен некеленді.
Әуелі кездескенде Ғабдолламен ,
Алты айда Ғабдоллаға ажал жетті ,
Пайғамбар тумай жатып өліп кетті .
Алланың әмірімен Мұхаммедті ,
Құрсақта анасының жетім етті .
Ақынның мәліметі бойынша , соңғы пайғамбар Мұхаммедтің (ғ.с.) тумай жатып жетім қалғанын білеміз, көптеген діни қолжазбаларда Алланың елшісін жетім өсті дейтін, ал қалай жетім қалғандығы жайында осы дастандай жан-жақты түсіндіріп айтқан емес.
Мекке арабтарында сол кезде жас баланы көшпенділерге тәрбиеге беру салты қалыптасқан екен . Осы әдет бойынша жыл сайын олар келіп , Меккеден сәбилерді алып қайтады екен . Жан-жағын тау қоршаған, барлық жағынан санитарлық нормаға сәйкес келмейтін : ауасы тар , ыстық, сасық қалада сәбилер өлімі 10 пайызға дейін жеткен . Неше түрлі адамдар келіп-кететін қалада әр түрлі жұқпалы аурулар көп таралған. Сондықтан шамасы келген отбасы ақыларын төлеп , сәбилерін сүті бар көшпенді әйелдерге өсіріп беруге берген . Бұл әдет жылына екі рет : көктемде және күзде жүзеге асатын . Көктемде Бату Саад тайпасының әйелдері қаланы аралап бала ала бастағанда сәби Мұхаммедті (ғ.с.) ешқайсысының алѓысы келмейді , өйткені оның жетім екенін біліп , оған уақытылы ақы бермейтін шығар , егер шешесі күйеуге шығып кетсе , мүлдем төемейтін шығар ,- деп, баланы алғысы келмейді . Сол уақытта ешқандай бала ала алмаған Халима , күйеуі Әл Харрус және бала алған құрбыларының алдында өзінше намыстанып , амалсыз Мұхаммедке (ғ.с.) сүт ана болады . Ол өлімді жан , ол қайдан білсін , Қандай адамға сүт ана болатынын , қандай адамға оның сүтінің керек болатынын ? [5,14]
Халиманың Мұхаммедті (ғ.с.) әкелгендігі оған бақыт-байлық , ырыс болыпты .Бұрын жоқтық көріп , үнеиі қарыздан шықпай жүрген бұл отбасына ойламаған жерден береке келіпті , істері ілгері басып , ел қатарына қосылыпты . Мұхаммед (ғ.с.) те ешбір қағажу көрмей , өз ата-анасындай болып кеткен осы отбасының бір мүшесіндей сезініпті өзін. Алайда ойламаған жерден Мұхаммед (ғ.с.) сөйлеп , күтпеген жерден жүріп, тез өсіпті бұл туралы дастанда :
Расул өзгелерден тез ер жетті ,
Екі айда еңбектемей жүріп кетті .
Сөйлеуге үш-төрт айда тілі кепті ,
Әуелі Бисмиллә деп сөзге кепті ,
Төрт айда балалармен жүріп кетті .
Мұхаммед (ғ.с.) жасынан қасиет иесі еді , оның ең үлкен киелігі сонда - тілінің Бисмиллә деп шығып бірден Калимаға келуі дер едік . Біздің көпті көріп , көнектің түбін тескен ата-бабамыз :
Әуелгі сөз бисмиллә ,
Бисмилләсіз іс қылма,-
деп тегіннен-тегін айтқан емес,бұл жағдайды бір Алланың құдіреті деп білеміз , халқымыз : Құдайсыз қурай сынбайды деп біліп айтқан.
Шәді Жәңгірұлының Назым сияр Шәриф атты дастанында пайғамбарымыздың жиырма бес жасында қырық жастағы Хадиша атты жесір әйелге үйленгенін де жырлайды. Меғражға барып, Алланың көргенін де толғайды . Қаншама көпірлерді ислам дініне кіргізіп күндіз-түні аянбай, Алла жолында қызмет еткенін, мүнафиықтарды (екі жүзді) ешқашан аямайтынын, күллі мұсылманды бір ел , әр қырынан жырлапты.
Шәдінің пайғамбар тарихына арнаған Назым сияр Шәриф дастанынан басқа , оның Ислам үшін шыққан ғазауыттарын көрсететін Хайбар дастанын да жазған. Хайбар- жердің аты.Мәдинеден бірнеше шақырым жерде орналасқан.Бұл соғыстың Ислам тарихында алар орны ерекше . Себебі Мұхаммед (ғ.с.) пайғамбардың мүшріктерді жеңіп, елдің сол қанатына шоғырланған жүгеттермен болған шешуші шайқасы Хайбарда өткен болатын.
Адам ата жаратылғалы бері адамзат баласының қас - Ібіліс. Оның көздегені адам баласын дұрыс жолдан тайдырып, жаманшылыққа бастау болып табылады.Әзәзіл Ібілістің бар айла-шарғысын ашып көрсететін ибн Жузидің Талбису Иблис (Ібілістің айлакерлігі) деген еңбегі діндарлар арасына осы еңбектің желісіне құрылған. Шығармада Барсиса деген діндардың хақ жолында жүріп, қалайша Ібілістің тұзағына түскені жайында айтылады . Шайыр осы шығармасы арқылы оқырманды өз нәпсісініңқұлы болмауға шақырған. [6,37]
Шәді Ахуал қиямет деген дастанын жазады. Осы дастаннан оның құран тәпсірін де жетік меңгергенін көруге болады. Шығарманың екінші жартысын оқығанда адамның өлер алдындағы сәтінен бастап, қабір азабына дейінгі аралықты суреттеген шайырдың еңбегіне сүйсінбесе амал жоқ .
Шәді ақын өлімді айтуда адамдарды қорқытудан аулақ. Тірлікте істеген әрбір әректтің о дүниеге апарар сенің еншінің екенін еске салады . Демек, адам баласы тіршілікте істеген қателіктері үшін тіршілікте Алладан кешірім сұрауы тиіс. Ақынның бұл көзқарасы түсінген кісіге имандылыққа шақырған жаны таза адамның жүрегінен шыққан өсиет сөз екенін аңғаруға болады.
Кеңес заманында Шәді Жәңгірұлының туындысын идеямызға жат деп бүркемклеп, жасырын ұстап келгені анық, осы бір жайды Ә.Тәжібаев ашына толғайды: Бұған дейін Шәді туралы сөз айтылмайды, өйткені көркем әдебиеттерді тану және оның ғылымын жасау, тарихын жазу ісіндегі солақайлықтар сонау бастан Шәді еңбектерін жат көрсетіп, әдебиет оқитын қауымнан жабық ұстады да, ақынның өмір тарихы да жаңа жұртшылыққа бейтаныс күйде қалды. Сондықтан бұлдыр бейнені анық көру, жаңа бір ақынды тыңнан ашу, онымен тілдесу, сырласу, оның мінез-құлқын, әдет-салтын, дүниеге қауымға, сұлулыққа көзқарасын білу, қай жағынан алсақ та қажет екен..
Ештен де кеш жақсы дейді ғой халқымыз, көп жылдай жабылып келген перденің беті ашылды, қазір Шәді Жәңгірұлы сияқты жұртын, жерін, дінін бар жанымен сүйген ғұлама жандарымыздың туындысын оқып, зерттеп, өз халқына терең түсіндіру қажет демекпін.

2.2 Шәді Жәңгірұлы өлең жырларының араб әдебиетімен байланысы

Шәді Жәңгірұлының көп жыл ізденіп, көз майын тауысып жазған атақты дастаны - Назым сияр Шәриф атты туындысы. Бұл шығармада Мұхаммедтің (ғ.с.) туғаннан өлгенге дейінгі барлық өмір жолы суреттелген. Ол кісі кіммен дос , кіммен күреңқабақ болды, кәпірлермен қалай күресті , мұсылмандарды қалай қолдады, қанша баласы болды, кімнің тәрбиесін көрді қанша рет некеленді ,әке-шешесі кім еді, туған-туысы бәрі-бәрі түп-түгел жырда көрініс табады. Шәді төре араб классикалық әдебиетіне басқа ақындардан да гөрі өте жақын болған десек артық емес сияқты. Сонымсн қатар бұл кісі Кеңес өкіметі келген күндері де діни мәтіндегі дастандарын жаза берген. Осы себепті болу керек 1931 жылы ауыл белсенділері Шәдіні молда деп айыптап, Марғүланға жер аудартқан.[7,74]
Бұл кісінің араб әдебиетіне көп жақын деу себебіміз, ақын ардақты әрі ең соңғы Мұхаммед (с.а.с.) пайғамбардың өмірін өлең түрінде жазған. Ал араб әдебиетінің жаңа беті Ислам дінінің келуімен басталады. Ислам діні келіп араб әдебиетінің Исламға дейінгі көптеген үлгісі ескіріп қалды. Ислам дінін әкелуші ол Мұхаммед пайғамбар (с.а.с). Шәді төре Мұхаммед (с.а.с.) пайғамбардың ақ жолы жайында "Назым сияр шәріп" атты дастан жазған. Пайғамбар жайында жазған адамдар азда емес, жетерлік. Сонау заманнан бері пайғамбардың өмірі жайында көптеген қисса, дастандар жазылған.
Ақын Шәді осы дастанында араб сөздерін көп пайдаланған. Оқиға араб жерінде болған ғой. Бізге бұл дастаннан керегі ақынның араб сөзін қалай қолданып жазғандығы ғана болар. Ақын кейбір араб сөздерін өз күйінде қолданған, кейбірін қазақша аудармасы бола тұрса да қолданған. Мәселен аталмыш дастанда:
Аспан, Жер, Ғарыш-Күрсілі Лаухы ғалам,
Сидырған жаннат, дозақ бәрін тамам, - дегенжолдары бар.
Осы жердегі тамам араб сөзі, қазақша біту, аяқталу деген мағына білдіреді. Мен ойлаймын осы жерде тәмәм сөзін ыңғайлы ұйқасу үшін қолданған.
Ал одан бұрынғы Ғарыш-Күрсілі, Лаухы сөздеріне тоқталар болсақ. Бұлар араб сөздері, дәлірек айтсақ діни сөздер. әр бірінің кең, ауқымды мағыналары бар.
Алдымен Ғарыш сөзіне тоқталайық. Ғарыш сөздікте патшалардың тағы деген мағынаны білдіреді. Арш яғни ғарыш шектен тыс үлкен жаратылыс, Аллаһтан басқа ешкім оны толық қамтымайды, яғни, Аллаһтан басқа ешкім ол жайында толық білмейді. Бірнеше періштелер оны көтеріп тұрады. Кейбір философтар Аршыны әлемнің барлық жағынан қоршап тұрған аспан деп айтады. Бұл сөз дұрыс емес. Демек Арш ол - Алла тағаланың тағы.Күрсілі бұл да араб сөзі. Ол екі баспалдақ орны. Алла тағла Бақара сүресінің 255 аятында былай дейді: Оның Күрсісі көктер мен жерден де кең. (Аршы және Күрсі Ислам шариғаты бойынша ғайыб іліміне кіреді. Олардлың қандай екендігін тек Алла ғана біледі).Лаухы бұл да араб сөзі, сөздікте тақта деген мағына береді. Лаух сөзі де діни термин. Ислам дінінде бүкіл жаратылыстардың тағдыры жазылған тақта (лаухы) Лаухул-Махфуз деп аталады.Шәді төре жоғарыда атап өткен өлең шумағында жәй ғана араб сөздерін қолданып қоймаған. Ислам дінінің негізгі діни терминдерін қолданған. Бұл жәй ғана терминдер емес. Он кез келген адамның түсіне қоюы қиынға соғады. Себебі бұл сөздер жайындағы ілім ғайыб іліміне жатады. Яғни, олардың ұғымын, түр-сипатын Алладан басқа ешкім білмейді. Тек кейбір сипаттары мен белгілері Мұхаммед с.а.с. пайғамбардың хадистерінде келген. Шәді төре бұлжайында сөз жүргізсе, демек ол кісі діни сауатты болғандығы. Әрі алдыңғы ақындарға қарағанда әлдеқайда сауатты деп айтсақ артық болмас.[8,15]Шәді кей жерлерде: "Ілгергі нәбилермен пайғамбардай"-деп араб, қазақ сөздерін бірдей қолданған. Мүндағы нәби араб сөзі қазақ тілінде пайғамбар деген мағына білдіреді. Өленді жақсы ұйқассын деген бе, әйтеуір осы жерде екі сөзді бірдей қолданған.Шәді аталмыш дастанда араб сөздерімен бірге сөз тіркестерінде арабша қолданған.Мысалы:Пайғамбар болмағына, иншалла, - деген қатарда.Осы қатардағы, Иншалла ол араб сөз тіркесі. Қазақша Құдай қаласа деген мағына білдіреді немесе солай аударылады.Шәді Жәңгірұлы да кітаби ақындар қатарынан болады. Шәді Шығыс шайырларына тән салт бойынша "Назым чәһар дәруіш" жөне "Хикаят Орқа-Күлше" және баска да дастандарын нәзирәгөйлік әдісімен жазған. Төрт дәруіш және Орқа-Күлше хикаялары Шығыс халықтары арасында көп тараған. Бұл дастандар араб, парсы, тәжік, өзбек, татар тілдерінде жарыққа шыққан. Шәді кезінде Шығыс, араб классиктері жырлаған тақырыптарды, сюжеттерді өзінше ой елегінен өткізіп, қайта қорытып, қазақ топырағына лайықты, өз оқырманына жақын етіп жырлаған.Әрине араб әдебиетінің әсері қазақ әдебиетіне бірден келе салған деп айта алмаймыз. Араб әдебиеті алдымен парсы, түркі елдеріне, одан кейін біздің әдебиетімізге әсерін тигизген.Араб Халифатын білмейтін адам жоқ шығар. Сол секілді жырлағандарда кем емес. Халифаларды жырлаған ақындар көп болған. Мәселен Харун Рашид халифа. Шәді бұл кісіні өз өлендеріне қосқан.Бір патша болып еді мұсылманда,Халифа Харун Рашид еді намда.Шәді төре шығыс халықтарына тән жазбаша айтыспен де айтысқан. Оның Тұрмағамбет Ізтілеуовпен айтысқан жазбаша айтысы бар. Осы айтыстың түрі арабтарда да болған. Олар алғашқыда ауызша кейін Ислам келген соң жазбаша айтысатын болған. Дамып, өркендеп айтыстың бүл түрі біздің де жерімізге жеткен.Айта берсек ақын Шөді төренің қазақша аудармасы болса да араб сөздерін қолданған жерлері өте көп.Сонымен қорыта айтқанда, кезінде түрлі діни мектеп-медреселерде оқып, араб, парсы, шағатай тілдерін жетік меңгерген, сол арқылы араб поэзиясынан еркін сусындаған, Ислам тарихы мен араб әдебиетін терең білетін қазақтың ғұлама шайыры Шәді төре Жәңгірүлы қазақ көркем сөз өнерін мазмұн мен норма жағынан байыта түсуге өзіндік үлес қосты. Ол шығыс классикалық поэзиясына тән нәзирә дәстүрін жан-жақты меңгеріп, қазақ оқырманының талап-тілектеріне сәйксс келетін шығармалар жазды. Ақынның Мұхаммед пайғамбар жайында қалам тербеуінің өзінде де көп мән бар . Біріншіден, пайғамбар өмір тарихының халық арасына тарауын көздесе , екіншіден , мұсылман ғалымдары арасындағы даулы мәселеге өзіндік көзқарасын білдіріп отырады. Дастанның басынан-ақ Нұр сипатына ерекше тоқталуы соны аңғартса керек . Өйткені орта ғасырлық ғұламалар Алланың алғаш жаратқан нәрсесі жайында дауласып , әр түрлі пікірлерді ұстанған болатын. Кейбірі алғаш жаратылған нәрсе пайғамбардың нұры десе, кейбірі қалам немесе ақыл екенін алға тартқан еді. Шәді - көп жазған ақын. Әрі оның жазған шығармаларының басым бөлігі өзінің көзінің тірісінде Орынбор, Қазан, Ташкент қалаларында жарық көріп отырған. Шәді дүниесін көп зерттеген Немат Келімбетов: "...Оның жүз мың жолдай өлең-жыр жазып, соның жетпіс бес мыңдай жолының ақынның көзі тірісінде түрлі қалаларда басылып шықты, "-дейді. [9,12]Ақынның баспа көрген бірқатар кітаптары мен әлі жарыққа шықпаған шығармалары Қазақстан Республикасы академиясының орталық ғылыми кітапханасы мен М.О.Өуезов атындағы Өдебиет және өнер институтының қолжазбалар қорында сақтаулы. Сондай қолжазбалардың бірінде Шәді төре Жәңгірұлының баспадан шыққан кітаптары мен баспаға берілген қолжазбаларының тізімі берілген. Баспадан шыққан еңбектерінің қатарында "Сияр Шәрип," "Назым Чоһар Дәруіш," "Шайхы Барсиса," "Беташар," "Қамарзаман," "Атымтай" сияқты жалпы саны он үш кітаптың аты көрсетілсе, "Хәзірәт Ескендір", „Тарихи Абылай хан," "Ибрахим Халилуллаһ," "Мұса Перғауын хикаясы," "Аһуал Қиямет," тәрізді тоғыз шығарманың баспаға берілгені айтылады . Ал, Немат Келімбетов шайырдың баспа көрген еңбектері жайында: "Шәді Жәңгіров үлкенді-кішілі он сегіз дастан-поэма, қисса-хикаят, бірсыпыра өлең-жыр жазып, бастырған деген дәйекті келтірген . Өзінің жазған шығармаларының көлемі жағынан бірнеше ақынды орап алатын Шәді төренің еңбектері әлі толық зерттеле қойған жоқ. Өсіресе, оның діни шығармалары белгілі бір себептерге байланысты бір жақты ғана қарастырылып, ақын сусындаған діни арналар ескерілмей келді. Тіпті, оны өзі жырлаған діни шығармаларға қарсы бағыттап, барынша діннен алшақ ұстауға тырысып келгені тағы бар. Десек те, оның шығармаларының басым бөлігін діни дастандардан тұрады. "Назым Хайбар," "Назым Сияр Шәриф," "Фикһ Қайдан," "Ахуал-Қиямат," "Қисса Барсиса," "Мұсаның тауратты алғаны" сияқты шығармаларының қазақтың ислам әдебиетіндегі алар орны ерекше. [11,45]Шәді медреседе оқыған ислами пәндерінің негізінде дастандар жазып отырса керек. Мысалы, медреселерде оқытылатын Мұхаммед пайғамбардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шәді Жәңгірұлы
Ш. Жәңгіровтың өмірі мен шығармашылығы (ғылыми мақала). Ғ. Қараштың ізденіс жылдары жайлы
Шәді Жәңгірұлының әдеби мұрасы
Ш.Жәңгіровтың өмірі мен шығармашылығы (ғылыми мақала)
Ш.Жәңгіровтың өмірі мен шығармашылығы (ғылыми мақала). Ғ.Қараштың ізденіс жылдары
Шәді Жәңгірұлының ғұмырнамасы
Ш.Жәңгіровтың мен Ғ.Қараштың өмірі мен шығармашылығы туралы
Шәді Жәңгірұлының көп жыл ізденіп, көз майын тауысып жазған атақты дастаны - Назым сияр Шәриф атты туындысы
XX ғасыр басындағы тарихи қоғамдық өзгерістердың қазақ әдебиетінің дамуына әсері
Ш. Жәңгіровтың өмірі мен шығармашылығы
Пәндер