«Балбөбек» төл бағдарламасы



Кіріспе
І ТАРАУ «Балбөбек» төл бағдарламасы.
1.1 «Балбөбек» бағдарламасы мектепке дейінгі тәрбиелеу мен білім берудің жаңарту негізі.
1.2 Мектепке дейінгі оқу . тәрбие жұмысын бақылау мен басшылық
1.3 «Балбөбек» Халық педагогикасының негізінде.
ІІ ТАРАУ Білім мен тәрбие беру жұмыстарының жаңарту жолдары.
2.1 Мектепалды даярлық жағдайында тәрбие мен білім беру мазмұнының жаңаруы
2.2 Мектепалды даярлық және бастауыш сынып оқушыларының ақыл. ойын дамытудың сабақтастығы.
2.3 “Балбөбек” бағдарламасының тәлімдік шуағы.
2.4 Мектепалды даярылық ісіне бағдар болар бас қосу.
Қосымша
Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2004 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында ұл бәсекелестігі алдымен оның біліктілігі деңгейіне байланысты екендгі, сондықтан 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу, сөйтіп халықаралық деңгейге жету мақсаты қойылып отыр. 12 жылдық білім беру жүйесі бойынша халықаралық тәжірибедегідей, орта білім берудің нәтижеге бағытталған моделіне көшу көзделуде. Ол м 2008-2009 оқу жылынан бастап жүзеге асса, ал оған дайындық қызірден бастап жүруге тиіс екендігі сөзсіз. Дайындықтың мақсатты, жүйелі жүруін қамтамасыз ету үшін институт жанынан «Балалар әлемі» ғылыми-әдістемелік зертханасы ашылды. Зертхана 4 бағытта жұмыс жасайды: «12 жылдық білм беру, оқулық теориясы». «Мектепалды даярлық». Әр бағыт іштей төрт мәселелер төңірегінде жұмыс жасайды. Сол дайындықтың негізгі мақсаттарының бірі мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш мектептің байланысын қамтамасыз етуге жағдай жасау болып табылады. Бұл екі кезеңнің жалғасы олардың байланысымен анақталады, яғни бала мектепке дейінгі соңғы кезеңнен бастауыштың алғашқы кезеңне қалай ететіндігімен анықталады. Бұл өтпелі кезең бала үшін оңай емес. «Осы байланыс қалай жүзеге асуда немесе жүзеге аспак?» - деген сауалдың жауабын іздеудегі проблемалар қандай? Алдымен бұл байланыстың негзі – баланы мектепке психологиялық дайындау болып табылады деп есептеуге болатынын айта кетуіміз керек. Психологтар: «Баланы мектепке психологиялық дайындау мектепке дейінгі және кіші мектеп жасының байланысының феномені» - дейді.
«Баланы мектепке психологиялық дайындау» ұғымының нақты анықтамасы әзір жоқ және мектеп жүйелі оқытуға дайындықтың сенімді, кең ақпаратты өлшемдері де әлі құрылмаған.
Шетелдік психологтар «мектептік кәмелеттікті» баланың мектептегі оқуға қатысуға қаблеттілігі дамыған кезең немесе «мектеп бағдарламасын меңгеруге қажетті білім, дағды, қаблет, мотивация және басқа деңгейлерді игеру»- деп атайды. Бірінші анықтама жалпы йтылса, екіншісінде психологиялық дайындық араласып кеткен. Оқу, жазу, есептеу сияқты білім, дағдының формальды деңгейі мектепке психологиялық дайындаудың белгісі бола алмайды. Оны игергенмен бала бағдарламасын меңгеруге қажетті ақыл-ой қызметінің механиздерін білмеуі мүмкін.
Ал, ресейлік психологтар баланы мектепке психологиялық дайындауды ұжымда мектеп бағдарламасын меңгеруге қажетті психикалық даму деңгейінің болуы деп түсінеді. Яғни оқу бағдарламасы баланың «таяудағы даму зонасына сәйкес» келуі керек.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2004 жылғы Қазақстан халқына
Жолдауында ұл бәсекелестігі алдымен оның біліктілігі деңгейіне байланысты
екендгі, сондықтан 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу, сөйтіп халықаралық
деңгейге жету мақсаты қойылып отыр. 12 жылдық білім беру жүйесі бойынша
халықаралық тәжірибедегідей, орта білім берудің нәтижеге бағытталған
моделіне көшу көзделуде. Ол м 2008-2009 оқу жылынан бастап жүзеге асса, ал
оған дайындық қызірден бастап жүруге тиіс екендігі сөзсіз. Дайындықтың
мақсатты, жүйелі жүруін қамтамасыз ету үшін институт жанынан Балалар
әлемі ғылыми-әдістемелік зертханасы ашылды. Зертхана 4 бағытта жұмыс
жасайды: 12 жылдық білм беру, оқулық теориясы. Мектепалды даярлық. Әр
бағыт іштей төрт мәселелер төңірегінде жұмыс жасайды. Сол дайындықтың
негізгі мақсаттарының бірі мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш мектептің
байланысын қамтамасыз етуге жағдай жасау болып табылады. Бұл екі кезеңнің
жалғасы олардың байланысымен анақталады, яғни бала мектепке дейінгі соңғы
кезеңнен бастауыштың алғашқы кезеңне қалай ететіндігімен анықталады. Бұл
өтпелі кезең бала үшін оңай емес. Осы байланыс қалай жүзеге асуда немесе
жүзеге аспак? - деген сауалдың жауабын іздеудегі проблемалар қандай?
Алдымен бұл байланыстың негзі – баланы мектепке психологиялық дайындау
болып табылады деп есептеуге болатынын айта кетуіміз керек. Психологтар:
Баланы мектепке психологиялық дайындау мектепке дейінгі және кіші мектеп
жасының байланысының феномені - дейді.
Баланы мектепке психологиялық дайындау ұғымының нақты анықтамасы
әзір жоқ және мектеп жүйелі оқытуға дайындықтың сенімді, кең ақпаратты
өлшемдері де әлі құрылмаған.
Шетелдік психологтар мектептік кәмелеттікті баланың мектептегі
оқуға қатысуға қаблеттілігі дамыған кезең немесе мектеп бағдарламасын
меңгеруге қажетті білім, дағды, қаблет, мотивация және басқа деңгейлерді
игеру- деп атайды. Бірінші анықтама жалпы йтылса, екіншісінде
психологиялық дайындық араласып кеткен. Оқу, жазу, есептеу сияқты білім,
дағдының формальды деңгейі мектепке психологиялық дайындаудың белгісі бола
алмайды. Оны игергенмен бала бағдарламасын меңгеруге қажетті ақыл-ой
қызметінің механиздерін білмеуі мүмкін.
Ал, ресейлік психологтар баланы мектепке психологиялық дайындауды
ұжымда мектеп бағдарламасын меңгеруге қажетті психикалық даму деңгейінің
болуы деп түсінеді. Яғни оқу бағдарламасы баланың таяудағы даму зонасына
сәйкес келуі керек.
Кейінгі кезде психологтар Л.а.Венгар мен С.В.Мухинаның көзқарасын
қолдауда, мектепке дейінгі жастағы балада мектептік қасиеттер таза
күйінде, яғни оқушыға лайықты психолологиялық белгілер болуы мүмкін емес,
өйткені олар оқу әрекеті барысында ғана қалыптасады-дейді. Осыдан келіп,
Л.А.Венгер мектептегі оқуға психологиялық дайындық балада мектептік
қасиеттердің қалыптасуынада деп есептейді. Психологияда осылайша бір
ұғымның болмауынан баланы мектепке психологиялық дайындау туралы әртүрлі
авторлар (Л.И.Божович, И.В.Дубровина, Н.Г.Салмина, И.Шванцара, т.б.) оның
құрылымдарын ұсынады.
Түрлі көзқарастарды қорыта келе, мектептегі оқуға психологиялық
дайындықтың компоненттеріне психомоторлық (функционалдық), интеллектуалдық,
эмоционалды-еріктік, тұлғалық (соның ішінде мотивациялық), әлеуметтік-
психологиялық дайындықты жатқызуға болады деген пікірлер бар екендігін
айтуға болады. Осы дайындықтар мектепке дейінгі ересектер тобында белгілі-
бір деңгейде қалыптасып келеді де, мектептегі жүйелі оқу әркетіне
араласқанда өзінің дамуын жалғастырады. Осы жағдай баланың бірінші сынып
оқушысы болып қалыптасуына негіз болады. Сондықтан психологиялық дайындық
және кіші мектеп жасының бірізді байланысының феномені - деп көрсетіледі.
Сонымен осы тұстағы проблемаларға нелерді жатқызамыз? Теорияны практикаға
алып келуде қандай қиындықтар бар? Психологтар, практик психологтар
мыналарды айтады:
Біріншіден, екі жас кезінде (мектепке дейінгі, кіші мектеп)
психологиялық бірлікте қарастыруға ықпал ететін интегративтік сипаттаманың
әлі де аз жасалуы (2 жас бір кезеңге – балалық шаққа жатады, сондықтан
бірінен бірінеөткендігі кризис, Д.Б.Элькониннің терминологиясымен айтқанда
аз. Сол өтпелі кезең болмай, баланың дамуына ыңғайлы, оңтайлы жолмен өту
керек. Осы жағдай тәжірибеде дұрыс етіп жытар ма, міне, зерттелетін мәселе-
осы). 2 жас кезеңінің байланысы бала дамуында үздіксіз болатын екі жақты
процесс екендігі ескерілуі керек.
Екінші мәселе деп психологтар баланың мектепке психологиялық
дайындығының бірыңғай тұжырымдамасыныңы болмауын атайды.
Үшінші мектепке дайындықтың психодиагностикасын жүргізудегі
мәселелер. Психодиагностика күрделі, көпкомпонентті құрылым, сондықтан
әдістемені ғана қолдану мүмкін емес, оның үстіне психологтың (егер білікті
маман болса) өз көзқарасы да болады. Сондықтан психолог алдында үлкен
таңдау тұрады. Ол оның жоғары оқу орнындағы әзірлігіне, біліміне, дағдысына
байланысты.
Төртіншіден баланы мектепке психологиялық дайындау жұмысына психолог
қана емес, ата-ана да, тәрбиеші де қатысады (қазір көбіне осы жұмысты
соңғылары атқаруда деуге болады). Ал олардың психолог ((мектеп психологы)
дайындау керек. Бұл қалай жүзеге асуда, ол қаншалықты компоненті жағдайда
өтуде? Бұл да мәселе.
Осы мәселелердің бәрі кадр мәселесіне келіп тіреледі. Жаңа тұрпатты
педагог (жолдауда аталғандай) дайындаудың бір қыры осы мәселелерді шешуде
деп түсінеміз. Бұл мәселелерді шешуде ЖОО-ң жалпыға міндетті мемлекеттік
стандарттарын талдай қарасақ, мәселелі жағдайларды бұл тұста да
кездестіреміз.
Өзіміздің қызметімізде басшылыққа алып жүрген жаңа классификатор
бойынша 050101- мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие, 050102- бастауыш
оқыту педагогикасы мен әдістемесі және 050103 – педагогика және
психология мамандықтаның стандарттарында мектепке баланың психологиялық
дайындығы маңызды мән беріле (акцент түсіріле) айқын аталмаған. Теориялық
мәселелері мен практика байланысының көрініс әлсіз. Студенттер жүйелі
түрдегі психологияылқ дайындықтың теориясы мен практикасын ұштастыра
біртұтас меңгермейді, Бір курста жас ерекшелік психологиясы, екінші бір
курста психодиагностика жұмыстарының негіздері, үшіншіден консультация т.б.
оқытылады. Теориялық білім практикалық дағдымен интеграцияланбай қалады.
Болашақ маман Фрагментті міндеттерді ғана шешеді. Студент күтілетін
нәтижеге қол жеткізе алмайды.
Бұл мәселелерді шешу үшін мыналарды ұсынымаыз:
1.Жалпыға міндетті мемлекеттік стандартта (ЖОО) баланы мектепке
психологиялық даярлау мәселесі пән ретінде нақты енгізіліп, үш мамандық
(050101, 050102, 050105) өз аспектісінде толық, жүйелі, бір-бірімен
байланыстылықты қарасытыра алатын, нәтижесінде студеттің психодиагностика
жасау дағдысын, машығын қалыптастыруға қол жеткізетін жағдай жасау керек.
Сонда ғана халақаралық тәжірибедегі деңгейге қол жеткізуге болады (тек оқу,
есеп, жазу мес, жалпы оқу дағдысы мен машығын қалыптастыру).
2.Болашақ маман өз ісіне берілген болуы тиіс. Ол мектеп қабырғасында
таңдылап, бейінді оқыту арқылы 10-12 сыныпта (12 жылдық бойынша) мақсатты
дайындалу керек. Міне, осы кәсіби бағдар кезінде әр мектеп, балабақша
тәрбиешісінен бастауыш сынып мұғалімнің жаңа тұрпатына (яғни жаңа
стандартта оқитын) өздері тапсырыс жасап, даярласа, өтпелі кезеңде ақсап
қалған мектепке дейініг педагог даярлау ісі жанданар еді. Сонымен қатар
ЖОО-ға қабылдау кезіндегі мәліметтер сан жағынан да, сапа жағынан да
өзгегер еді.
3.ЖОО стандарттары студентке бакалавр дәредесін, беруге арналған,
яғни мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие, бастауыш оқыту педагогикасы
менәдістемесі бакалавры дәрежесі беріледі. Одан соң магистратурада оқу
мүмкіндігі бар. Міне, осы жағдайды пайдалану үшін әр оқу орнына бастауыш
оқыту педагогикасы мен әдістемесі магистратурасын ашу мүмкіндігі туып
отыр. Мәселе, осы мамандық бойынша доктордың болмауы оған кедергі
келтіретіндігінде, яғни бұл да – мәселе. Сондықтан әр пән бойынша
педагогика ғылымының кандидаты бар оқу орындарына магистратура ашуға рұқсат
берілсе. Ал 12 жылдыққа көшудің басы-мектепке дейінгі және бастауыш буын
бойынша қазір ғалымдар өте қажет.
4.Кадр мәселесінен кейінгі мәселе оқулық, құралдарының сапасы болмақ
екені аян. Баланы мектепке психологиялық дайындау яғни мектепалды даярлыққа
қажетті вариативті оқулықтарға да жол ашу керек деп ойлаймыз.
5.Кадрды қайта даярлау мәселесінде мектепалды даярлық курстарында
Мектепке баланы психологиялық дайындау тақырыбы теориялық та, практикалық
та жағынан терең, нәтижесінде тәрбиеші де, мұғалім де, психолог та бұл
мәселемен айналыса алатын дәрежеде даярлануына назар аудару керек.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2007
жылы 1 наурыздағы жолдауы.

Он жетінші бағыт- Бастауыш және орта білім беру, сондай-ақ кадрларды
қайта даярлау жүйесін әлемдік стандарттарға жақындату.
Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар денгейінде сапалы білім
беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек.
Біріншіден, 3 ауысымдық оқытуды жою керек. Таяудағы үш жылдың өзінде
мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде Қазақстанның өңірлерінде 100
жаңа мектеп салу қажет.
Екіншіден, оқытудың, әр оқушының білімі мен қабілет деңгейінің
тиімділігін бағалаудың біртұтас жүйесін жасау керек.
Үшіншіден, он-лайн тәсілінде оқыту тәжірибесін дамытып, елімізде оқу
теледидарын құру қажет.
Төртіншіден, оқу жоспарларына жаратылыстану ғылымдары бойынша, бірінші
кезекте, математика мен ақпараттанудан қосымша
сағаттар немесе пәндер енгізу керек.
Сонымен қатар ғылыми жаратылыстану бейініндегі арнаулы сыныптар
жүйесін құруды қарастырған жөн. Үкімет осы бағытқа қажетті инвестициялар
тартудың тетіктерін әзірлейтін болсын.
Бесіншіден, мектептерге ағылшын тілінің шетелдік оқытушыларын тарту
қажет. Кез келген ортасанатты мектептің балалардың ең жоғары деңгейде шет
тілін оқып үйренуіне жағдай жасайтындай дәрежесіне қол жнткізуіміз қажет.
Алтыншыдан, жұмыстың жоғары нәтижелеріне қол жеткізген мектептерге
гранттар тағайындау жөнінде мемлекеттік конкурстар жүйесін енгізу туралы
ойластырған жөн, айталық, оларды аз қамтылған отбасындағы оқушыларға
арналған степендиялардықаржыландыру түрінде беруге болар еді. Бұл олардың
одан әрі неғұрлым беделді әрі озық білім беру мекемелерінде білім алуларына
жағдай жасайды.
Үздік оқытушылардың жұмысын бағалау мен оларға сыйақы төлеу жүйесін
өте мұқият зерделеген жөн.
Онсегізінші бағыт- Оқу орындарын халықаралық стандарттар деңгейінде
аттестациялауды енгізу, жоғары тбілім беру саласында нақтылы және
инженерлік ғылымдарды басым дамыту.
Біріншіден, Үкімет әрбір жоғары оқу орнындағы білім беру сапасын әділ
бағалауға мүмкіндік беретін халықаралық деңгейде аттестациялау жүйесін
енгізуге тиіс. Жоғары білім беру ұйымдарын халықаралық аккредитациялау үшін
беделді агенттіктерді тарту жөнінде де ойланған жөн.
Екіншіден, ғылымды құрылымдық реформалау шеңберінде бірқатар
академиялық ғылыми мекемелерді алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарымен
біріктірген тиімді, мұның өзі білім беру мен ғылыми зерттеу жұмысын
ұштастыратын университеттер құруға негіз болар еді.
Үшіншіден, Үкімет оқытудың мамандандырылған бағдарламалары мен нақтылы
және инженерлік ғылымдардың ғылыми –қолданбалы орталықтарын дамыту үшін
тиісті нормативтік құқықтық база әзірлеуге тиіс.
Төртіншіден, Білім және ғылым министірлігі мен Үкіметтің өзге де
тиісті құрылымдары ғылыми-техникалық оқыту бағдарламасын әзірлеп, ақша
қаражатын тиімді пайдалану мен ғылыми және қолданбалы зерттеулердің
қосарластығын еңсеру арқылы ғылыми, конструкторлықжәне технологиялық
жұмыстардың салааралық үйлестірілуін нығайту қағидаттары бойынша оның іске
асырылуын бақылауға алуы керек.
Бесіншіден, біздің шетелдердің мемлекеттік даму институттарын
белсендірек тартып, сонымен қатар жеке меншік сектор инвестицияларының
математикалық және ғылыми білім беру ісіне құйылуын көтермелеп отыруымыз
қажет.
Алтыншыдан, біз үшін барынша мүдделілік туғызып отырған білім беру
салаларына шетел ғалымдары мен оқытушыларын белсендірек тарту өзіміздің
білікті оқытушылар құрамы мен инженер-педагог кадрлардың санын ұлғайту
жөніндегі стратегиямыздың құрамдас бөлігі болуы керек.
Жетіншіден, ақпараттық технологиялар мен ақпаратты таратудың жаңа
нысандарына бағдарланған мамандандырылған білім беру бағыттарын құру
міндеті де алдымызда тұр.
Зерттеудің мақсаттары:
Балабақшадағы тәрбиелеу мен білім беру жұмыстары тұжырымдамаға сәйкес
түбегейлі жаңарту.
Зерттеудің міндеттері:
Тұлға ретінде баланың жеке басының іс әрекетін дамыта оқыту теориясы
негізінде, белсенді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, тәрбиелеу білім беру
жұмыстарын жетілдіру.
Зерттеудің әдістері:
Балбөбек бағдарламасы бойынша тәрбие жұмысында жаңа заман мүддесіне
лайықты, жан-жақты жетілген, бойында ұлттық санымен психилогия қалыптасқан
ертеңгі қоғам иегері, ұлт болашағы – ұрпақ тәрбиесін дұрыс
қалыптастыру.Бағдарламаға сәйкес әдіс-тәсілдерді қолдану.
Теориялық қолданылымы: Мектеп жасына дейінгі балалардың дағдылары мен
іскерліктері арқылы оның өзбеттілігін, мақсаттылығын, шығармашылығын,
логикалық пайымдауын дамытып, балаларға көрнекі-әрекеттік, көрнекі-
бейнелілік түрлерін берік қалыптастырып, сөздің логикалық қоры мен ойлауын
дамыта отырып, геометриялық материялдармен, конструкторлармен, үлестірме
шаблондармен қабілеттерін арттыра түсу.
Практикалық қолданылымы: Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойын,
логикалык сөздік қорын, ойлауын дамыту құралы ретінде: жұмбақтарды, қызықты
есептерді, логикалық жаттығуларды, сан-алуан сөзжұмбақ, анаграмма,
метаграмма, ребустарды, логикалық ойындарды пайдалана отырып баланың
шығармашылық қабілетін шыңдау.Бұны практика жүзінде жетілдіру жолдары:
сызбалармен жұмыс, тізбек құру, әр түрлі танымдық ойындар(дойбы, шахмат
т.б), танымдық сұрақтар арқылы баланы жан-жақты дамыған тұлға ретінде
қалыптастыру.
( ТАРАУ Балбөбек төл бағдарламасы.
1. Балбөбек бағдарламасы мектепке дейінгі тәрбиелеу мен білім
берудің жаңарту негізі.
Білім беру жүйесін реформалау, білім мазмұнын жаңарту ісі егеменді
еліміздің саяси, әлеуметтік, қоғамдық даму талаптарының туындап отыр.
Бұрынғы одақтық бағдарламаларда баланың жеке тұлға ретінде дамуына
нақты әсер ететіндей емес, жалпы ұжымдық мақсатқа жету жолдары ғана
көзделген. Әрі баланың өз ой-пікірін, сезімін еркін дамытып, үлкендермен,
құбылыстармен қарым-қатынаста болуына, ұлттық сана-сезімінің қалыптасуына
ойдағыдай көңіл бөлінбей келгені белгілі.Сондықтан Қазақстан Республикасын
Білім туралы Заңы, Қазақстандағы мектепке дейінгі тәрбиенің
тұжырымдамалары басшылыққа алына отырып, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен
білім беру мазмұнын түбегейлі жаңартуға негізгі тірек бола алатын, қазақ
халқын елдік рухани ерекшелігіне бейімделген жаңа БАЛБӨБЕК бағдарламасы
жасалды.Аталмыш бағдарламаның басты жаңалықтарының бірі-тақырыптық жүйеде
топтастырылып, баланың мінез-құлқын ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлеріне
үйлесімді қалыптастыру көзделген имандылық-инабаттылық тәрбиесі бөлімінің
енгізілуі, әрі тәрбие жұмысын кешенді ұйымдастыру.

1.2 Мектепке дейінгі оқу – тәрбие жұмысын бақылау мен басшылық

Оқу мен тәрбие егіз. Тәрбие – халықтың ғасырлар бойы жинақтап,
іріктеп алған озық тәжірибиесінен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына
сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын және соған сай мінез
құлқын қалыптастыру. Тәрбиенің негізі – ұлттық тәлім – тәрбие.
Ғасырдан астам тарихы бар және әлемдік қоғамдастықта балаларға
мектепке дейінгі тәрбие мен білім берудің негізгі нысаны ретінде сыннан
өткен балабақша бүгін де үздіксіз білім берудің алғашқы баспалдағының
үлгісі болып қалып отыр. Балабақшалардың жүйесін сақтау мен дамыту
мектепке дейінгі тәрбие микросаясатының басты басымдылығы.
Мектепке дейінгі және жалпы орта білім берудің бағдарламаларының
сабақтастығы мынадай:
1. Болашақ оқушының танымдық белсенділігінің негізі ретінде мектепке
дейінгі баланың білуге деген құмарлығын дамыту.
2. Шығармашылық және басқа міндеттерді өз бетінше шешу әдістері,
қызметтің әр түрінде, оның ішінде оқу қызметінде табысты болуға
мүмкіндік беретін құралдар ретінде бала қабілеттерін дамыту.
3. Баланың санаткерлік және жеке бастың даму бағыттары ретіндегі
шығармашылық қиялын қалыптастыру.
4. Оқу қызметінің табыстылығының шарттарының бірі болып абтылатын
коммуникативтілікті дамыту.
Сабақтастылықты қамтамасыз ету құралдары үздіксіз білім беру
технологиясы болып табылады.
Қазіргі кезде әлемдік қауымдастық Қазақстанды нарықтық экономика елі
ретінде танып отыр. Тәуелсізді алған қысқа тарихи кезең ішінде Қазақстан
экономикада сілкініс жасады, Әлемдік өркениетпен ықпалдасуда, жаңа
прогресшіл технологияларды пайдалануда.
Осыған орай қоғам өмірінің жаңа сапасының негізін құрайтын және елдің
экономиялық қуаты мен ұлттық қауіпсіздігінің аса маңызды факторлары әрі
базасы болып табылатын қоғамдық даму деңгейінің өлшемдері ретінде қазіргі
білім беру жүйесінің адам капиталының ролі мен мәні артуда.
Білім беру саласының жәй күйін талдау бір жастан бес жасқа дейінгі
балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың ұйымдастырылған
бағдарламаларымен нашар қамтылған деп атап көрсеткендей – ақ. Қазіргі жалпы
білім беретін мектептегі оқытудың мазмұны фактология қалып отыр, пәндік
тәсілге негізделген мемлекеттік стандарттар моральдік тұрғыдан ескірген,-
деп жақындаған көпшілік талқысына ұсынған білім министірлігінің Қазақстан
республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы
жобасында анықтан – анық көрсеткендей біздер балабақша әдіскерлер қарап
отырмауымыз керек. Бұл орайда тұжырымдама жобасы біздердің алдымызға мақсат
міндеттерқойып отыр: - білім беруді басқаруды одан әрі демократияландыру
негізде Қазақстандық білім беру моделінің жұмыс істеуінің заңнамалық,
нормативтік, құқықтық базасын жетілдіруді жүктейді.
Білім берудің деңгейлері әрине, тағы да балабақшадан басталмақ.
Мақсаты – мектепке дейінгі білім беру, сауықтыру және түзету
бағдарламаларымен қамтхуды дәйекті түрде ұлғайту жолымен балалардың білім
алуына бірдей бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету.
Тәрбие мен оқыту мазмұны бірінші деңгейге қызыметтің өзіндік түрлерін
және баланың даму бағытын, оның кейінгі мектеп жағдайына бейімделуін
қамтамасыз етуге тиіспіз.

1,3 Балбөбек Халық педагогикасының негізінде.
Балбөбек бағдарламасы бойынша өткізілген Қыс қызықтары деген
тақырыптағы сабақтың мақсаты: балалардың қыс мезгілі туралы білімдерін
тиянақтау, әңгіме, жаңылтпаш, өлең-тақпақтар, мақал-мәтелдер айту арқылы
сөздік қорын байту, көңіл-күйлерін көтеру. Кеңістікті, уақытты бағдарлай
білу, заттардың көлемін ажыратып санау, сандарды ажыратуды есте сақтау.
Сурет бойынша әңгіме құру, тілдерін дамыту, ойлау белсенділігін арттыру,
ұқыптылыққа, құрдастарының жауаптарын тыңдауғы, қажетіне қарай көмек беруге
тәрбиелеу, саусақ бұлшық еттерін жетілдіру, тапсырманы аяғына дейін
орындауға тәрбилеу.
Аудиокасеттаға жазылған жағымды әсем әуен (психологиялық треннинг),
магнитті тақта, оған ілінетін суреттер: көшет егіп жатқан адам, көбелектер,
сарғайған жапырақтар қажетті құралдар ретінде пайдаланылады.
Қыс мезгілі бейнеленген сурет: қар жамылып, жаңалаштанған ағаштар
(суреттің жоғары жағында), қыстапқалатын құстар (үкенді-кішілі көлеміндегі
құстар суреттің төменгі жағында, ағаш бұтақтарының әр жерінде орналасқан),
қарадан қарадамды жасаған балалар, ребусты шешуге арналған карточка: қар
суреті, адам бейнесі, шырша пішінді қағаздар, желім, қайшы, салфеткалар
көрнекілікке қолданылады.
Сабақтың технологиясы: психологиялық треннинг, көркем сөз,
суретшінің кестесін тап - магнитті тақтада жұмыс, ребусты шешу,
түсіндіру, сұрақ-жауап, жеке жұмыс, мадактау, қорытынды.
Сабақтың барысы: Балалар, 1,2,3-дегенде көздеріңді жұмып, көз
алдарыңа қар жауып тұр, қар жер бетін жапқан, үйдің шатырларында,
ағаштардың бұтақтарында да қар жатыр, аяқ асытындағы қарлар сықыр-сықыр
етеді деп елестетіңдер. 1,2,3-дегенде көзді ашыңдар. Әр баладан тәрбиеші
көз алдарыңа не елестетіндер?- деп сұрайды. Қыс туралы өлең-тақпақтар
оқылады (балалар), қыс мезгілі айларын айту, қыс ерекшеліктерін атап айту.
Жұмбақ жасыру:
Кезек-кезек қызмет етеді.
Жаңылмастан жетеді.
(апта күндері)
(Апта күндерін ретімен атау.)

Есік қағылады. Хат тастаушы келіп картина ұсынады. Сол картина
бойынша суретші қатесін тап деген ойын ойналады. Қыс мезгілі бейнеленген
суреттегі қателіктер-көбелектер (жазда ұшады), көшет отырғызған адам
(көктемде), сарғайған жапырақтар (күзде)-магнитті осы суреттер алынған соң,
қыс мезгілі бейнеленген картина шығады.
Ал, енді балалар осы картинада не бар, оны ребус арқылы табыңдар?
Карточканы көрсету: ҚАР+АДАМ (қарадам).
Қысқа төзімді қандай құстарды білесіңдер?
Құстарды санау: неше сауысқан, неше қарға, неше торғай?
Көлемін ажырату: қайсысы үлкен, қайсысы кіші?
Геометриялық пішіндермен құстардың орналасуын қағаз бетінде көрсету:
қарға оң жақта төртбұрышпен белгілеу, сауысқан сол жақта – ұшбұрышпен
белгілеу, торғайлар жоғарыда – тікбұрышпен белгілеу, шымшықтар төменде –
дөңгелекпен белгілеу.
Картинаға қарап, балалардың киімдері туралы айтып беру: қысқа тон,
ұзын тон, биік – аласа, қалың т.б.
Балалар картина бойынша әгіме құрайды: қарадам, көңілді балалар, қар
қалың жауған, құсатар, аяз т.б. сөздерді қолдану арқылы картина бойынша
алыста-жақында не бейнеленген айту. Аяқтары тоңған құстардың қимылын
көрсету. Секірген, қанатын жайған, жем шоқыған, аязды күні бауырына
тұмсығын тыққан құстар қимылдарын көрсету. Аязды күндері құстарға қиын,
оларға қамқорлық көрсетуді ұмытпаған жөн, торғайларға жем шашу қажет.
Құрастыру: құстарға жем салғышты бүктеу тәсілі арқылы қағаздан жасау.
Төрт бұрышты қағазды 16 шаршы шығатындай бүктеу арқылы жасау.
Тиым сөздер айту:
1.Құстардың ұясын бұзуға болмайды.
2.Торғайларды таспен атуға болмайды.
Жаңылтпаштар айту:
Қыста боран болар, қар болар.
Қыздар шөлі, орамал оранар.
х х х
Қырда қыру, қызыл ала бұзу.
Тауда тарғақ, тарғыл ала торпақ.
Құстар туралы өлең-тақпақтар айту:
Қарға, қарға, қарғалар,
Қар үстімен жоғалар.
Боран соқсақар борар.
Бұтаға келіп қорғалар.
Қысып кетсе сары аяз,
Көзден жасы сорғалар.
Ала қанат сауысқан,
Жауыр атқа жабысқан.
Ойда жауыр көрінсе.
Ойбайлатқан сауысқан,
Қырда жауыр көрінсе
Қиқандатқан сауысқан.
х х х
Торғай, торғай, тоқтаған
Торғайды торғай жоқтаған
Бір торғай ұшса боранда.
Бәрі жабылып жоқтаған.
Тәрбиеші сабақты қортындылаған соң, балалар бір-біріне жақсы тілектер
айтысады.

(( ТАРАУ Білім мен тәрбие беру жұмыстарының жаңарту
жолдары.
2.1 Мектепалды даярлық жағдайында тәрбие мен білім беру
мазмұнының жаңаруы
Халқымыз бала тәрбиесіне қашанда ерекше мән берген, өйткені
бала біздің болашағымыз, өміріміздің жалғасы. Сондықтан бүгінгі таңда да
балаларды қорғау - әлеуметтік мәні зор, халықтық іс болып табылады.
Балалардың өмірі мен денсаулығын қоғау, оларды тәуелсіз,
мемлекетіміздің білімді, білікті, мәдениетті азаматы етіп тәрбиелеу
барысында жасалып жатқан тың жұмыстар, өмірімізге еніп жатқан жаңалақтар
осыны дәлелдейді.
Бала тәрбиесі - бесіктен басталады - деген ұлы қағидаға сүйенсек,
1,5-6 жас аралығындағы сәбилерге білім және тәрбие беретін мекемелердің
орны да маңызды да ерекше.
Балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу Мемлекеттік коммуналдық
қазыналық кәсіпорынға қарасты алты балабақшаның алдына қойған мақсаты
Білім туралы заңның балабақшаларға арналған жоспарының орындалуын
қадағалау.
Егеменді елеміздің болашақ азаматтарын тәрбиелеуге елеулі үлес қосып
сәбилерге ұлттық тәлім-тәрбие бере отырып 6 жастағыларды мектепке дайындау
ісі отбасылар мен балабақшаларда берілетін білім мазмұнын жаңарту, оның
біртұтас жүйелігінің сақталуын қамтамасыз етуді мақсат етеді. Сондықтан да
5-6 жасар балаларды мектепке даярлау мәселелері ата-нанлар мен ұстаздар
қауымын ерекше толғандырады. Бағдарлама мазмұнын іске асыруда білім беру
мәселесіне көп көңіл бөлінеді. Неге десеңіз мектеп қабырғасын аттаған
балаларды байқағанда балабақшамен қамтыған балалар мен балабақшаға бармаған
балалар арасындағылардың айырмашылығы бірден көзге түседі. Балабақшамен
қамтыған балалар тәрбиешінің айтуы, нұсқау бойынша жұмыс жасап, іс-әрекетте
белсенділік көрсетіп, өз құртастарының арасында өзін-өзі еркін ұста, әрі
бақылау алатындығы байқалады. Ал үйден келген әр бір баланың психологиялық
дамуына, жаңа ұжымға, қызығушылығында кемдік орын алады. Олардды мектеп
шеберлігі үлкен роль атқарады.
Балабақшада тәрбиелеу негізінен оқу ойын және еңбекке негізделіп
жүргізіледі. Олай болса бала тәрбиесіндеақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық
еңбек және дене тәрбиесі бірін-бірі толықтырып жалғасып жатуы тиіс.
Балабақшалар жыл бойы осы бағытта негізге ала отырып, өздерінің алдына
мақсат қойып, сол міндеттерді шешу үшін еңбектенеді, яғни балабақша
бағдарламаны негізге алып тәрбиенің әр саласында тынымсыз жұмыс істейді.
Оқу жылының басынан бастап мектепалды топтарында балаларға білім беруде,
суретті әліппе, математика, сауат ашу кітаптары бойынша сабақтар
жүргізіледі. Ал білімдерін пысықтау барысында оқу бағдарламасына қосалқы
ретінде ребус, кроссворд, мақал-мәтел, сөзжұмбақтар кеңінен пайдаланылады.
Жылдан жылға материалдық техникалық базамыз, әдіскерлік құрал жабдықтарымыз
молдап түсуде.
Балалар мекткпалды топтарын бітіргенде толықтай бағдарламы меңгеріп
шығады. Буынға еркін бөліп оқуға, жазбаша, аузыша есеп шығаруға ойларын
жеткізе білуге дағдаланады. Әр тоқсан және жыл аяғынды балаларға байқау
тест өткізіледі. Сәуір айында облыстық білім басқармасынан келген тексеруде
балалар білімі жақсы көрсеткіш береді.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейін Білім беруді дамыту
тұжырымдамаснда 5-6 жастағы бала міндетті түрде мектепке дайындықтан өтіп
баруы тиіс делінген. Онда баланы оқыту, бағдарламының үйлесімділігі, оны
шаршаудан қорғау мақсатында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балбөбек бағдарламасы
Балабақша тәрбие бағдарламасының ерекшелігі мен қазіргі кезде қолдану жағдайын теориялық тұрғыдан негіздеу
Қарапайым математикалық түсініктер қалыптастыру
Балаларды көркем әдебиетпен таныстыру
Мектепке дейінгі мекемелерде зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру ерекшеліктері
Бастауыш мектеп математикасындағы шамалар және оны қалыптастырудың әдіс – тәсілдері
Мектепалды даярлық жағдайында тәрбие мен білім беру мазмұнының жанаруы
Балабақшадағы тәрбиелеу, білім беру бағдарламасы
Мектеп жасына дейінгі балаларға көркем шығарма арқылы эстетикалық талғамын қалыптастырудың міндеттері
Мектеп жасына дейінгі балалардың геометриялық пішіндер туралы ұғымдарын қалыптастыру
Пәндер