Білімді бақылауды автоматтандыру. Тест құру теориясы мен әдістемесі



Кіріспе
1.Тест құру теориясы мен әдістемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1.1.Тест құрудың теориялық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1.2 Информатикадан тест тапсырмаларын құрудың ерекшеліктері және оқушының білімін бағалау критерийлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
2.Информатика курсы бойынша білімді бақылауды втоматтандыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .34
2.1. Информатика курсы бойынша тест тапсырмалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..37
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Соңғы жылдарда біздің елімізде жоғары оқу орындарында, мектептерде студенттердің және оқушылардың білім деңгейін тексеріп, бақылауда кеңінен таралып жүрген әдіс -тест әдісі.Бұл әдістің басқа бақылау әдістөрінен артықшылығы мынада: негізгі ұғымдар мен тұжырымдар туралы қандай біліктілігінің бар екендігін аңғаруға болады. Оқушы тестегі әрбір жауапты бір бірімен салыстыра отырып талдау жасайды, яғни белсенді ойлау процесі жүреді де, оқушының ойлау қабылетінің дамуына мүмкіндік туғызады.
Тест (байқау, тексеру) - оқушының білімін, біліктілігін және дағдысын тексеретін стандартталған тапсырмалар жиынтығы. Тестілеу әдісінің кеңінен таралуына, тестілеу нәтижелерін мейлінше тез және сапалы түрде өңдеп шығаруға компьютерлердің үлкен септігі тиері сөзсіз. Тестілеуде компьютерді қолдану біріншіден, уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді, екіншіден тексеру нәтижесі неғұрлым объективті болып, оқушылардың материалды игеруі және білім дәрежесін талдауға мүмкіндік береді, қызметтік жаңалығына байланысты оқушылардың білім деңгейін сырттан бақылауды және олардың өзін-өзі бақылауын қамтамассыз ету мақсатында қолданылады .Қазіргі кездегі компьютерлер бұл салада өте жоғарғы мүмкіндіктерге ие болды, бірақ әлі де программалық базаның әлсіздігі сақталып отыр. Сондықтан да компьютерді программамен қамтамасыз ету саласында тестік программа құруға мүмкіндік беретін программаға сұраныс пайда болды. Бір жағынан жаппай компьютерлендіру негізінде тестілеу программасына үлкен сұраныстың болуы, екінші жағынан, тестер (тестілеу прграммасы) құру технологиясының айтарлықтай дамымауы қазіргі кезде білімді тексерудің әмбебап жүйесін құруды ең өзекті мәселеге айналдырып отыр. Ұсынылып отырған жұмыста білімді тексеру жүйесінің әдістемесі мен теориясы қарастырылады және соған орай "білімді тексеру жүйесінің программалық қабықшасы" деп аталатын программалық құрал жобасы беріледі.
1. Перовский Е.И. Проверка знаний учащихся в средней школе. - Афтореф.
дис. докт. пед. наук. — М., 1958, -92с.
2. Амоношвили Ш.А. Воспитательная иобразоваельная функций оценки
учения школьников. М., 1984.
3. Подласый И.П. Педагогика.- М.: Владос, 1996, 398 с.
4. Гурьянов Е.В. Учет школьной успешностий. Школьные тесты и
стандарты.
- М.: Работник просвещения, 1926, 158с.
5. Костюк Г.С. О зависимости результатов тестирования от формы теста.- В
сб.: Тесты .Сб.2/Под. Ред. М.С. Бернштейна и др. - М.: 1928, с. 129-144.
6. Ильина Т.А. Педагогика. Курс лекций. Учебное пособие для студ. Пед.
инстов. — М.: Просвещение, 1984, 426 с.
7. Розенберг Н.М. Проблемы измерений в дидактике. —киев. Вица
школа,1979.- 176 с.
8. Беспалько В.П. Программированное обучение. — М.: Высшая школа,
1970.
9. Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологий. М.: Педагогика ,
1989.-192 с.
10. Сағымбаева А.Е. Білімді тексерудің тестілік әдістемесі. // Информатика
негіздері. №2. 2002. Б. 15-17.
11. Портнов М. Тест и протесты. // Педагогический вестник, 1995 г. №5, с.7.
12. Хубулашвили В.В. Дидактические возможнасти тестого контроля. -М7:
Знание, 1974.-48с.
13. Матушанский Г.У. Проектирование педагогических тестов для контоля
знаний. // Информатика и образование. №6-2000.с. 7-10
14. Бидайбеков Е.Ы. , Сағымбаева А.Е. Тест құрудың бір критерийі //
ИФМ.№5 1997. Б. 3-5
15. Каймин В.А. Научные основы и методика преподавания информатики.

1992. 159с.
16. Сағымбаева А.Е., Нұрбекова Ж.К. Компьютер көмегімен білімді бағалау
критерийлерін бір жүйеге келтіру. - Алматы, 2001. - Б.146.
17. Сағымбаева А.Е. Тестілеу программасының көмегімен оқушылардың
білімін бақылау. //Хабаршы. №2(6). 2002. - Б. 189-191.
18. Сағымбаева А.Е. Тестілеу программасына қойылатын талаптар. // Білім
беруді компьютерлендіру: проблемалары мен перспективасы республикалық
конф. Материалдары. - Алматы, 1998. -Б. 186-187.
19.Балапанов Е.К. , Бөрібаев Б., Даулетқұлов А. Информатикадан 30 сабақ.
Алматы, «Шартарап» , 1998 ж.
20. Рунин В. Программа по информатике для основной школы.
21. Радионов Б.У., Татур А.О. Стандарты и тесты в образовании. Исслед.
Центр.-М., 1995, 47с.
22. Ермеков Н., Стифутина Н. Информатика. Жалпы білім беретін
мектептің 7-сыныбына арналған оқулық. - Алматы «Атамұра» 2003.

Мазмұны
Кіріспе
1.Тест құру теориясы мен
әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1.1.Тест құрудың теориялық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
2. Информатикадан тест тапсырмаларын құрудың ерекшеліктері және оқушының
білімін бағалау
критерийлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... .26
2.Информатика курсы бойынша білімді бақылауды
втоматтандыру ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..34
2.1. Информатика курсы бойынша тест
тапсырмалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...37
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Соңғы жылдарда біздің елімізде жоғары оқу орындарында, мектептерде
студенттердің және оқушылардың білім деңгейін тексеріп, бақылауда кеңінен
таралып жүрген әдіс -тест әдісі.Бұл әдістің басқа бақылау әдістөрінен
артықшылығы мынада: негізгі ұғымдар мен тұжырымдар туралы қандай
біліктілігінің бар екендігін аңғаруға болады. Оқушы тестегі әрбір жауапты
бір бірімен салыстыра отырып талдау жасайды, яғни белсенді ойлау процесі
жүреді де, оқушының ойлау қабылетінің дамуына мүмкіндік туғызады.
Тест (байқау, тексеру) - оқушының білімін, біліктілігін және дағдысын
тексеретін стандартталған тапсырмалар жиынтығы. Тестілеу әдісінің кеңінен
таралуына, тестілеу нәтижелерін мейлінше тез және сапалы түрде өңдеп
шығаруға компьютерлердің үлкен септігі тиері сөзсіз. Тестілеуде компьютерді
қолдану біріншіден, уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді, екіншіден тексеру
нәтижесі неғұрлым объективті болып, оқушылардың материалды игеруі және
білім дәрежесін талдауға мүмкіндік береді, қызметтік жаңалығына байланысты
оқушылардың білім деңгейін сырттан бақылауды және олардың өзін-өзі
бақылауын қамтамассыз ету мақсатында қолданылады .Қазіргі кездегі
компьютерлер бұл салада өте жоғарғы мүмкіндіктерге ие болды, бірақ әлі де
программалық базаның әлсіздігі сақталып отыр. Сондықтан да компьютерді
программамен қамтамасыз ету саласында тестік программа құруға мүмкіндік
беретін программаға сұраныс пайда болды. Бір жағынан жаппай
компьютерлендіру негізінде тестілеу программасына үлкен сұраныстың болуы,
екінші жағынан, тестер (тестілеу прграммасы) құру технологиясының
айтарлықтай дамымауы қазіргі кезде білімді тексерудің әмбебап жүйесін
құруды ең өзекті мәселеге айналдырып отыр. Ұсынылып отырған жұмыста білімді
тексеру жүйесінің әдістемесі мен теориясы қарастырылады және соған орай
"білімді тексеру жүйесінің программалық қабықшасы" деп аталатын
программалық құрал жобасы беріледі.

2.Тест құру теориясы мен әдістемесі.
1.1. Оқушылардың білімін бақылау мәселелеріне шолу. Оқушылардың білімін,
біліктілігін және дағдысын бақылау оқу процесінің құрамдас бөліктерінің
бірі болып табылады. Көпшілік жағдайда бақылаудың қортындысынан бүтіндей
оқу процесінің жетістіктерін көруге болады.
50-жылдар әдебиеттерінде оқушылар оқу материалын сабақта немесе оқулықта
айта алғандай емес, мұғалім қалай сұрайды, солай меңгереді деп көрсетілген.
Педагогика ғылымында бақылау мәселесінің әртүрлі қырлары қарастырылады.
Бақылаудың жалпы дидактикалық мәселелері. С.И.Архангельский, В.П.Беспалько,
В.И. Михеева, Б.П.Есипов, Т.И. Илина, Н.М.Розенберг, Е.И.Перовский,
Л.С.Рысс, Г.И.Щукина және тағы басқалар еңбектерінде зерттелген.
Білім беру саласындағы бақылау мәселелері көптеген ғалымдардың
зерттеулерінде талай жылдан бері орын алып келеді. Оқушылардың білімін
тестік бақылау мәселелері Қазақстандық ,ғалымдар Ғ.М.Мутанов, Е.Ө.Медеуов,
Е.Ы.Бидайбеков, Т.О.Балықбаев, С.С.Джузбаөв және т.б. еңбектерінде
зерттелді.
"Бақылау" ұғымы оқушылардың білімін, біліктілігін айқындау, өлшеу және
бағалау деген түсінікті білдіреді. Айқындау және өлшеу тексеру деп аталады.
Сондықтан мұғалімге оқушы біліміндегі жетіспеушілікті дер көзінде анықтауға
мүмкіндік беретін, оқушылардың оқу материалын меңгеру дәрежесі туралы
дәйекті ақпарат бөретін тексеру бақылаудың құрамдас бөлігі болып табылады.
Тексерудің мақсаты - оқушылардың білімді меңгеру дөңгейі мен сапасын
анықтау ғана емес, сонымен қатар алған білімінің көлемін де анықтау.Тексеру
мен қатар бақылау жеткен жетістікті бағалауды және тексеру нәтижелерінің
бағасын қамтиды. Бақылаусыз жеке тұлғаның қалыптасуы мен тануын қамтамасыз
етуге болмайды. Бақылаудың психологиялық-педагогикалық мәні - оқушыларға
дер кезінде көмек көрсету, олардың
шығармашылық күшіне, қабылетіне сенім білдіру, оқушыларды оқу
тапсырмасын нәтижелі етіп орындау үшін ынталандыру және іске жұмылдыру.
Бақылау процесінде мұғалім оқушыларға ерекше көңіл бөліп, құрмет сезімін
білдіруі керек. Бақылау процесінде оқушылардың алған білімді игеруі және
оның баяндылығы бойынша оқу жұмысының сапасы туралы толық мәлімет алу өте
қажет.
Бақылау әдістері, функциялары, ролі мен алатын орны тәрізді маңызды
мәселелер отандық, сонымен қатар шетелдік мамандар еңбектерінен орын алды.
50 жылдардың аяғында Е.И.Перовский кеңес мектебінде жинақталған тәжірибені
қорытындылау негізінде оқушылардың білімін бақылау қағидалары мен қызмет
ету аясын тұжырымдады. Сонымен қатар бақылаудың тұрпаты мен әдістерін,
бақылау тапсырмаларының түрлерін сипаттады.
Зерттеулерде педагогикалық бақылаудың диагностикалық үйретуші, дамытушы
және тәрбиелеуші сияқты негізгі міндеттері көрсетіледі. Сонымен қатар
бақылаудың қайталаушы, бекітуші және жалпылаушы қызметтері көрсетілді.
Оқушының білімін және біліктілігін бақылау мәселесі бойынша дидактиканың
негізгі жетістіктерінің бірі бақылаудың әрбір қызметінің мәнін көп қырынан
айқындау болып табылады.
Диагностикалық қызмет бүкіл бақылау мәселелері үшін айырықша және аса
маңызды қызмет болып табылады. Оқушының үлгерімі- оқыту тиімділігінің
маңызды өлшемдерінің бірі. Оның нәтижесі оқытудың әртүрлі кезеңінде білім
мен біліктілікті игеру барысын сынауға, сонымен бірге оқу процесінің
оңтайлылығын арттыруда қолданылатын құралдар мен әдістердің тиімділігін
салыстыруға мүмкіндік береді.
Бақылаудың маңызды қызметтерінің бірі үйретушілік болып табылады. Бұл
қызмет аясын оқушылардың жаңа білім мен біліктілікті меңгеру және оларды
бақылау тапсырмалары арқылы жетілдіру жолындағы іс-әрекеті деп түсіну
қажет. Білімді жетілдірудің өзі толықтыру, түзету, нақтылау жолдары арқылы
жүзеге асады. Бақылау тапсырмаларын орындау барысында оқушының өткен
материалды ой түйінінен өткізіп, оның жөкө бөліктерін бір тұтас жүйөге
біріктіреді. Үйретушілік қызметінің ролін бақылау процесінде оқыту ұғымымен
түсіндіру қажет. Бұл ұғым мынандай құрамдас бөліктерден: бақылау барысында
жаңа ұғымдарды бөліп алу; басты және қосымша ұғымдарды ажырату; білімді
тереңдету, түсініктерді жіктеу, қосымша ақпарат алу; жаңа жағдайларда алған
білімді қолдана білу; алынған білімді шығармашылықпен түйіндеу; білімді
күнделікті іс-әрекетте пайдалану мүмкіншілігінен тұрады.
Бақылау барысында мұғалім оқушыдан дәлелдеуді, негіздеуді, дәйектеуді,
себеп-салдарлық байланыстарды анықтауды талап еткен жағдайда ғана дамытушы
қызмет көрінуі мүмкін. Бақылау оқушының ойлау қабылетін дамытады, өйткені
бақылаудың кез келген түрінде оқушыға жұмыс істеу, қажетті білімді еске
түсіру және оны өңдеу қажет. Бұл процестердің барлығы ойлануды қажет етеді.
Оқу сапасын бүтіндей жақсартуды бақылаудың қайталаушы және бекітуші
қызметтері қамтамасыз етеді. Мәселені әртүрлі деңгейде қарастыруды, оқу
материалын қайталауды бақылаудың жалпылаушы қызметі жүзеге асырады. Кері
байланысты алуды және оны ұйымдастыруды бақылаудың басқарушы қызметі
қамтамасыз етеді. Білім мен біліктілікті бақылау мәселесінің маңызды
қырларының бірі оның барлық қызметтерінің табысты жүзеге асыруға мүмкіндік
беретін шарттар мен құралдар болып табылады. Ол үшін бақылаудың әртүрлі
әдістері мен түрлерін жүйелі түрде қолдану жеткілікті.
А.С.Аванесов, В.П.Беспалько, Р.М.Соколов және тағы басқа зерттеушілер
оқытуды бақылаудың байырғы түрлері үнемі объективті, нақты (валидті) және
сенімді бақылау әдісі бола бермейтінін атап көрсетті.
Бағаның субъективтілігі, бақылау қорытындыларын қайта қалпына
келтірмейтіні дидактикалық прцесте нақты және пәрменді шешімдерді
қабылдаудың және оны жетілдіру жолдарын табу мүмкін еместігіне әкеледі,
демек, педагогикалық бақылаудың байырғы әдістерінің жеткіліксіздігін
көрсетеді.
Тәжірибе білімді бақылауды ұйымдастырудың үш негізгі түрін (жекеше,
жаппай (фронтальды), топтап) және білімді бақылаудың: алдын-ала,
күнделікті, аралық және қорытынды бақылау сияқты төрт түрін ұсынады.
Бақылаудың әр түрі өзінің міндетін , сонымен катар олар бір-бірімен және
оқыту процесінің құрамдас бөліктерімен тығыз байланысты болады.
Алдын-ала бақылау мұғалімді материалдың күрделілігінің мүмкін болатын
көлемін шамалауға бағдарлай отырып, білімнің негізгі деңгейіне диагностика
жасауға қызмет етеді және алдын-ала табысты жоспарлау мен басқарудың алғы
шарты болып табылады.
Күнделікті бақылау оқыту процесінің оқушының оқу материалының меңгеру
дәрежесін анықтайтын табиғи бөлігі болып табылады. Күнделікті бақылаудың
міндеттері мынандай: 1) оқытылған материалды меңгеру көлемін, сапасы мен
тереңдігін анықтау; 2) білімдегі бар олқылықтарды анықтап және оларды жою
жолдарын белгілеу; 3) оқушының өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын меңгеру
деңгейін анықтау және оларды жетілдіру жолдарын белгілеу; 4) оқушылардың
пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Жеке тараулар мен тақырыптарды оқу сапасының көрсеткіші аралық бақылау
болып табылады. Егер күнделікті бақылау меңгерудің бірінші деңгейін , яғни
тақырып бойынша жалпы бейімділігін барлау мақсатында өткізілетін болса,
тақырыптық бақылау алынған білімді меңгерудің беріктігін бірталай уақыт
өткеннен көйін бақылауға мүмкіндік береді. Тақырыптық бақылау пәннің
көлемді тарауларын, бөліктерін қамтиды, бақылау жалпылаудың, неғұрлым
жоғарғы дәрежесінде өткізіледі. Қорыта келгенде, аралық бақылау оқышыларға
бағдарлама тақырыбын толық қабылдауға және меңгеруге, оның басқа
тақырыптармен байланысын ашуға мүмкіндік береді, мұның өзі оқушы білімін
бір жүйеге келтіруге жағдай жасайды.
Қорытынды бақылау оқушылардың алған білімдерінің мазмұнын сапалылығы,
тереңдігі және көлемі бойынша бақылауға, оны іс жүзінде қолдану
біліктілігін анықтауға қызмет етеді. Қорытынды бақылау бақылаушылық
міндетін басқа бақылаудың түрлеріне қарағанда әлде қайда жоғарғы дәрежеде
жүзеге асырады.
Оқушылардың білімін бақылау әртүрлі әдістермен, атап айтқанда, ауызша,
жазбаша, бағдарламалы және тестік бақылау түрінде іске асырылады.
Ауызша түріне жататындар: тақта алдында сұрау, жаппай фронтальды сұрау,
көзбен шолып бақылау (ескерту, талқылау, баяндамалар), оқушылардың өзара
бақылауы, сынақ, емтихан.
Білім берудің қазіргі жүйесінде оқушының білімін бақылаудың кең тараған
түрі бақылаудың ауызша түрі болып табылады. Ауызша бақылау түрі әрбір
сабақта оқушының өткен сабақтың тақырыбын қалай меңгергендігін қысқаша
бақылау ретінде өткізіледі. Қорытынды бақылау алдында ауызша бақылау
көбірек өткізіледі және жеке даралық сипатта болады. Барлық ресми
емтихандарда бақылаудың ауызша түрі маңызды роль атқарады. Соған қарамастан
ол бақылаудың аз зерттелген түрі болып табылады, өйткені ауызша жауап ұзақ
уақыт бойы оны қайтадан талдауға мүмкіндік беретін түрде бейнеленбей келді.
Алғашқы зерттеулер көрсеткендей, білімді бақылаудың ауызша түрі нақты
(валидті), сенімді және объективті емес. "Қарама -қарсылық әсері" : нашар
оқитын оқушыдан кейін жақсы оқитын оқушы жауап берген көзде немесе
керісінше жағдайда балл шашыраңқылығы 2,95 -тен 3,84 (5 балдық шкалада)
беріледі. "Сөйлеу қарқынының әсері" -жылдам, баяу- 2,51-ден 3,38-ге дейін.
Мұғалім оқушының сөйлеу қарқынының жоғарылығы оның білімінің тереңдігін
және қабылетінің жоғарлығының белгісіндей көрінеді. Өткенді қайталау
мақсатында ауызша бақылау кезінде әрбір оқушыға әртүрлі қиындық дәрежесінде
сұрақтар берілетіні, бұл сұрақтардың қиындықтарындағы айырмашылықтары
мұғалім қате қабылдайтыны дәлелденгенін үнемі есте ұстауы қажет.Өткен
материалды қайталау мақсатында өткізілетін мұндай бақылауларды оқушының
үлгерімін бақылауда қолдануға болмайды. Емтихан алушыға бір күнде бірнеше
ауызша емтихан қабылдауға болмайды, өйткені "жауап кезектілігі әсерін"
бақылау мүмкін емес. Сонымен, оқушының үлгерімін бақылауда ауызша бақылау
жарамсыз құрал болып табылады.
Мұғалімдерді қарқынды түрде дайындамай және оқытпай тұрып, ауызша сұрау
бақылаудың объективті, нақты емес және сенімсіз бақылау түрі болып қалады.
Дегенмен, оқушыны оқытуды ауызша сұрау үлкен роль атқарады, ол мұғалімге
оқушыларды өз ойын айтуға үйретуге мүмкіндік береді. Оқушы өз ойын сауатты
түрде айтып үйреніп, сонымен қатар ойлай білуге де үйренеді. Соған орай,
ауызша бақылау мәселесін көтергенде мыналарды ескеру керек: 1) жауапта
барлық маңызды нәрселер айтылды ма; 2) оқулыққа не қосылды; 3) баяндау
реті; 4) ой түйіндерінің дәйектілігі; қорытындының дұрыстығы; 5) оқушының
сөйлеуі. Оқушы жауабының мынадай жобасын ұсынуға болады: 1) не туралы сөз
болуда; 2) не алынуы керек; 3) бұл қалай алынады.
Бақылаудың жазбаша түріне бақылау жұмыстары, диктанттар, рефераттар,
карточкалар бойынша жауап беру, тәжірибе жұмыстары, сынақ, емтихан жатады.
Білім беру жүйесінде емтихандық жазба жұмыстары ең жиі қолданылатын бақылау
құралы болып табылады. Барлық зерттеулерде бір ауыздан дәстүрлі жазбаша
білімді бақылаудың әділдігі, нақтылығы, сенімділігі, жеткіліксіз екені және
сыныптан сыныпқа, пәннен-пәнге өткен сайын баға ауқымында айтарлықтай
айырмашылықтар пайда болатыны дәлелденді. Жазба жұмыстарының әділдігі
жеткіліксіз екенін көрсеткен зерттеулердің қорытындысын жалпылай келе,
барлық пән бойынша емтихан жұмысының бағасына мыналар әсер етөтінін
көреміз: 1) жазба жұмысының сыртқы түрі; 2) бағалаудың реті; 3) сыналушы
туралы белгілі болған ақпараттың сипаты; 4) грамматикалық қателері; 5)
қолтаңба; 6) оқушыға көзқарас; 7) сыныптың үлгерім дейгейіне қатысты
бағалаудың салыстырмалы жүйесі. Жазба жұмыстарының сенімділігі мен
нақтылығын зерттеу де жағымсыз қорытынды берді. Баға қойғанда, мұғалім
сапаның абсалюттік ауқымына емес, сынып үлгеріміне бағдарланған жеке сапа
ауқымын алады. Оқушының біліміне алған бағасы оның білімінің сапасы емес,
бүкіл сыныпқа қойылатын бағаға және сонымен қатар оқушыны бағалаушы
мұғалімге де тәуелді болады. К.Ингенкамп өзінің зерттеуінде бір пәннің өзі
егер ол мектепте негізгі болмаса, әртүрлі бағаланатынын, яғни пәннің
"қиындығы" оның мазмұнына тәуелді емес екендігін дәлелдейді.
Бақылаудың бағдарламалы түріне есепті шығару, бақылау және
лабораториялық жұмыстар, әртүрлі жоба -сызбалар жатады. Бағдарламалы
бақылау оқу процесінің табиғи бөлігіне айналды, ол оқушы мен мұғалім
арасындағы кері байланысты қамтамасыз ететін құрал болып табылады. әрбір
оқушы бір тақырыпты меңгергеннен кейін басқаларды күтпей, келесі тақырыпты
оқи алады, яғни оқыту саралап оқыту сипатына ие болды. Оқушы дұрыс жауап
бермеген жағдайда пәннің меңгерілмеген тақырыптарын қайта оқуға мүмкіндік
алады. Оқыту қарқыны жекешелендіріледі. Бірақ көптеген мектептерде
материалды -техникалық базаның жоқтығына байланысты бағдарламалы бақылау
көп таратылмаған.
Тестік бақылау- оқушының жетістіктерін неғұрлым әділ бағалауға мүмкіндік
беретін, арнайы жасалған ғылыми -ұтымды процедура.
1.2.Тест құрудың теориялық негіздері.
80-90 жылдары зерттеушілер мен тәжірибелі оқытушылардың назары бұрынғы
Кеңес Одағында 20-30 жылдарда қолданылған және қәзіргі шетел мектептерінде
кеңінен пайдалынып жүрген тест әдісіне жұмылдырылды. Оған қызығушылық
бірнеше себептермен түсіндіріледі: 1) біліктілікті қалыптастыруда
бақылаудың үйретушілік міндетінің және соның ішінде адамға өте қажет таңдау
біліктілігінің күшеюі; 2) жалпы оқу процесінде бақылауды әділеттендіруге
бағытталу; 3) бақылау процесін интенсивтендіру арқылы оқыту процесін
интенсивтендірудің әлемдік үлгісіне ұмтылу; 4) бақылаудың жиілігін арттыру
және оған жіберілетін сабақ уақытын қысқарту қажеттігі.
Оқушылардың білімін бақылауда алғашқы тест әдісін 1864 жылы
Ұлыбританияда Дж.Фишер қолданды. Тестілеуді әдіс ретінде бірінші рет
американдық психолог Дж.Каттел ұсынған еді. Ол "тест" терминін енгізді,
бірақ тестілеудің теориялық негізін 1883 жылы ағылшын психологы Ф.Гальтон
жасаған болатын. Ф.Гальтон оны үш негізде тұжырымдады: 1) бірдей сынауды
сынаушылардың көп тобына қолдану; 2) нәтижелерін статистикалық түрде өңдеу;
3) баға эталонын белгілеп алу.
Алғаш тестер XIX -XX ғасырда психология ғылымының шапшаң дамуына
байланысты психологияда кеңінен қолдана бастады. "Тест" ұғымымен алғаш
танысқандар оны адамдардың бір қабылетін, білімін, қасиетін, бейімділігін
сынайтын немесе тексеретін құрал деп білді.
XX ғасырдың 20-30 жылдарында тестердің теориясын қамтитын психологиялық
өлшеулер теориясының негіздері салынды. Психология үшін тың жаңа бұл
бағыттың пайда болуы қауырт приактикалық мәселелерді шешу және сонымен
тығыз байланысты қолданбалы зерттеулерді жүргізу қажеттігінен туған
болатын. XX ғасырдың басында тестілеуде екі бағыт пайда болды;
психологиялық тестер және педагогикалық тестер. Психологиялық тестерге ақыл-
ойдың даму деңгейін өлшейтін, парасаттық (интеллектуалды) тестер жатады.
Педагогикалық тестерге белгілі уақыт аралығындағы белгілі бір пәндерден
алған оқушылардың білімі мен біліктілігін бақылайтын тестер жатады.
Алғашқы стандартталған педагогикалық тестерді жасаған белгілі
американдық психолог Р.Трондайк бірінші рет психологикалық және
педагогикалық тестілеудің XX ғасырдағы дамуының бірнеше кезеңдерін атап
көрсетті.
1. 1900-1905 жылдар -"іздену кезеңі". Бұл уақытта Францияда Бинэ жасаған
алғашқы психологиялық тестер пайда болды. Осы мезгілде әртүрлі пәндерден
педагогикалық тестер жасалынды: арифметикадан- Стоун тестері, жазу
ережесінен- Бекингем тестері және Р.Тройндайктың жазу ережесінің шкаласы.
2. 1915-1930 жылдары -тестердің дамуындағы қауырт өсу кезеңі, бұл кезде
мектеп пәндерінің барлығынан үлгерім тестері жасалынды. Тест қорытындысын
өңдеу әдістемесі зерттелді. Жекеше тестерден тестік жүйеге өту байқалды,
бұған Бинэ мен К,Спирменнің еңбектері әжептәуір әсер етті.
Батыс елдерінде, әсіресе АҚШ-та мектептегі оқытуда Стен, Кортис, Монро,
Трондайк, Бекингем және т.б. тестері кеңінен қолданылады. Олардың барлығы
төрт арифметикалық амалдарды білу , дауыстап оқу дағдысын бақылауға
арналған тестер.
Кеңестік ғалымдар Т.И. Ильина, Г.Г. Маслов, П.Я. Гальперин, С.Г.
Шаповалено және басқалар АҚШ тестерінің негізін зерттей келе, олар
зоопсихологияға, бихеоверизмге негізделген, олар оқушының танымдық іс-
әрекетін және оны басқаруды елемейді деп көрсетті. Американдық тестерді
біздің ел мектептерінде пайдалану мүмкін емес, өйткені С.Скиннер, С.Пресси,
Н. Краудер және теғы басқалар жасаған тестердің теориялық негіздері білімді
меңгерудің және біліктіліктер мен дығдыларды қалыптастырудың психологиялық
процестерін түсінудегі және түсіндірудегі мөханикалық тұжырымдаманы
бейнелейді; біздің мектептердің оқу жоспарының құрылымы, пәндердің мазмұны
мен материал көлемі шетелдерден басқаша болғандықтан да оларды қолдану
мүмкін емес.
Кеңес Одағында тестерді құру мен қолдану 1925 жылдарда басталды. Осы
жылдың көлемінде кеңес мектеперіне арналған стандартталған тест жасап
шығару үшін мектеп жұмыстарының әдістемесі институтының педагогикалық
бөлімінде ерекше тестілеу комиссиясы құрылды. 1926 жылдың көктемінде
бірінші тестер сериясы жасалды, олардың негізіне мектеп тестерінің
американдық Детройт және Стэнфорд жүйелері алынды.
Кеңестік психологтар мен педагогтар, атап айтқанда М.С. Бернштейн,
А.П.Болтунов С.Г. Геллерштейн А.М. Шуберт және басқалар тестілеуді қолдану
мен зерттеуді және тестің сапасын бағалау мәселелері бойынша көп зерттеулер
жүргізді. Бұл бағытта Гурьянов және Г.С:Костюковтың еңбектері елеулі назар
аударатын еңбек болып есептеледі. Бұл кезеңнің ерекше сипаты психилогия,
социология және педагогикадағы тестік зерттеулерді жүргізуде жалпы
көзқарастың бірдей болуы еді. Тесті осылайша пәнаралық бағытта қолданудың
жарқын үлгісін жасаған С.М. Василейский болды. Ол тест саласында теоретик,
практик ретінде маңызды із қалдырды. Оның "Психологиялық, педагогикалық
және психотехникалық зерттеулер теориясына кіріспе" деп аталған оқулығы
(1927) тест құру әдістемесі бойынша және тестілеу қорытындысын
статистикалық әдіспен өңдеу туралы тараулар енгізілген алғашқы оқулығы
болып табылады. Бұрынғы Кеңес Одағында 80- 90 жылдары көптеген мамандар
әртүрлі пәндер бойынша оқушылар білімін бақылауда мектеп тестерін қолдану
мәселесін зөрттеумен айналысты. Оған мектеп маңызды үлес қосқан:
Корниниская, Л.М.Панчашникова,З.И.Калмыкова,А.Е. Гуревич,А.Я.Шульман,В-
И.Травинский, В.А.Крутецкий, Р.Н.Кравошапова, С.И.Воскерчьян және тағы
басқалары болды. Соңғы он жыл көлемінде Қазақстанда да оқушылардың білімін
тексеріп,бағалауда тест әдістері кеңінен қолдануды.
Тест - оқушының білімін,біліктілігі мен дағдысын бақылаудың немесе оқушы
білімінің белгілі бір сапалық қасиеті бар-жоғын тексерудің ерекше түрі
болып табылады. Көп жұмыстарда "тест" ұғымы анықталды және дамытылды.
"Тест" (ағылшынша ТЕST - байқау, зерттеу, сынау) - психологиямен
педагогикада сынаушының білімін, біліктілігін және дағдысын сонымен қатар
психофизиологикалық және өзіндік мінездемелерін стандартталған
тапсырмалардың орындалу қорытындысы бойынша өлшеу. Осы уақытта әдебиеттерде
бұл терминнің көптеген анықтамалары кездеседі.
Т.А. Ильина тестің мынандай анықтамасын ұсынады: "Тест - қысқа жауап
беру немесе берілгендерден дұрыс жауыпты таңдауды талап ететін көп
тапсырмалар беруге негізделген білімді әділ және біріңғай тексеруді
қамтамассыз ететін оқушы білімімен біліктілігін бақылаудың бір түрі". Т.И.
Ильина "жекеше тестер жинағынан білімді бақылаудың психология-педагогикалық
негіздерін және пәнді толық білмей жасалған тестердің көп мөлшерін
кездестіруге болады" деп атап өтті. Педагог ғалым В.П.Беспалько білім
стандарты туралы ой- тұжырымдамаларында оқушылардың игерген білім сапасын
бақылау мәселерін зерттей келе , тестке мынадай анықтама берген. "Белгілі
дәрежедегі іс-әрекетті орындауға арналған бақылау тапсырмаларын қамтитын
білімді игеру сапасының нақты бағасын анықтау құралы тест деп аталады". Ал
Н.М.Розенберг тестің анықтамасын былайша тұжырымдаған:"Үлгерім тестісі-
білім мен мазмұнның белгілі бір қырларын меңгеру деңгейін өлшеуге
бағытталған тапсырмалар жиынтығы". В.С. Аванесов төмендегідей анықтамаларды
ұсынды:
"Педагогикалық тапсырма - оқу процессінің сапасын және тиімділігін
арттыруға,белсенділігін күшейтуге мүмкіндік туғызатын оқыту және дайындық
деңгейін бақылау құралы".
"Тест - жеке тұлғаның қызықтыратын қасиеттері мен сапасын өлшеудің
дәйекті ғылыми әдісі".
"Педагогикалық тест - оқу пәні бойынша білімді,біліктілікті,дағдыларды
және түсініктерді тиімді өлшеуге,оның құрылымын сапалы түрде бағалауға
мүмкіндік беретін белгілі мазмұны бар,қиындықтары үнемі артып отыратын
ұтымды фасетті тапсырмалар".
"Тестік тапсырмалар - белгілі бір талаптарға жауап беретін мәтіннің бір
бөлігі, бақылау материалының техникалық және дидактикалық жағынан тиімді
бірлігі".
"Тест түріндегі тапсырма - бұл мазмұнынан басқа тестің түріне де мынадай
талаптар қойылатын тапсырма: барлық сынаушылар үшін нұсқаулардың бірдей
болуы; нұсқаулардың тапсырма мазмұны мен түріне сәйкестілігі; қысқалығы;
тапсырманың - ақиқат немесе жалған, жауапқа қатысты логикалық түрде
тұжырымдалып айтылуы; тапсырма элементтерінің дұрыс орналасуы,
қысқалығы,фасеттілігі,жауаптың белгілі бір орнының болуы, бағаның
қабылданған қалыптағы бірдейлілігі".
В.П. Беспалько еңбектерінде тестік тапсырмалардың ғылыми-теориялық
негізі жете зерттелді. Оның зерттеулері тесті құру және пайдалану
әдістемесі мен теориясына үлкен үлес қосты. В.П. Беспалько тестік
тапсырмаларды білімге қойылатын талаптарға сәйкес деңгейлерге бөліп, тест
классификациясын жасаған. Ол классификация бойынша:
I- деңгейдегі тестер оқушылардың танысу деңгейі,оқушы обьектіні басқа
ұқсас обьектілерден ажырата алуы,түсініктеме көмегімен біліктілігін
бақылауға арналған тапсырмалар. Бұларға жататындар ерекшелігіне байланысты
ажыратуға берілетін танымдық тапсырмалар. I - деңгейдегі меңгерудің сапасын
тексеру үшін төмендегідей тестер қолданылуы керек: альтернативті (тануға
бағытталған), таңдап алу (айырмашылыққа), салыстырмалы (классификацияға
бағытталған).
II- деңгейдегі тестер оқушының оқу обьектісін қасиеттері және
ерекшеліктері туралы ақпаратты зердеде сақтау немесе түсіну дәрежесінде
қабылдау әрекетімен сипатталады.Бұған жататындар тапсырмаларда арнайы
араласып кеткен құрамды бөліктерін орнына қоюға арналған, конструктивті
тестер, есеп жауабын өз бетінше ойлап шығарылатын есептер жатады.
III- деңгейдегі тестер оқушылардың еңбекке дайындығын бақылауға
арналған, яғни оқушылар алған білімін іс жүзінде қолданып жаңа ақпарат
алуына бағытталған тапсырмалар.

IV - деңгейдегі тестер оқушылардың шығармашылық біліктілігін, олардың
жаңа ақпаратты қабылдауға ыңғайлы зерттеу мүмкіндігін анықтауға арналған
тапсырмалар. Бұған жататындар – проблемалық .

Тапсырманың түрін таңдап алу бақылайтын материалдың мазмұнына және
тестілеу мақсатына тәуелді болады. Бақылаудың бұл төрт түрі негізгі болып
табылады. Тест тапсырмаларының әртүрлігіне қарамастан оларға қойылатын
жалпы талаптарды бөліп көрсетуге болады:
оқушы қолданатын ақпарат кезіне дәлме-дәл сәйкес келуі. Тапсырманың
тұжырымдамасы жеткілікті түрде сыналушы алдындағы мәселені түсіндіруі, яғни
тіл және терминдер, белгілеу, графикалық бейне және тапсырманың
безендірілуі және оған жауап сөзсіз бір мәнді, оқушыға түсінікті болуы
керек.
таңдалған тестілеу стратегиясында белгіленген тапсырманың қиындығының әділ
бағасына сәйкес әрбір тапсырманың өзінің реттік нөмері болады;
логикалық түрде айтылған тапсырма тұжырымдар, оқушы жауабына тәуелді ақиқат
немесе жалған болады;
тапсырманың негізгі мәтіні жеті -сегіз сөзден аспауы және бірден кем емес
бағыңқы сөйлемнен тұруы қажет;
өңделген тапсырмаға дұрыс жауап эталоны көрсетіледі;
тестің бір тапсырмасын орындауға бір - екі минут қана уақыт кетуі керек.
Тарихи тұрғыдан тапсырманың жабық түрі бірінші болып есептеледі, дайын
жауаптың ішінде бір дұрыс жауабы болады, ал қалғандары дұрыс емес. Олар 20
- жылдың басында қолданыла бастады және тапсырманың жабық түрі деген атқа
ие болды.
Жабық тапсырманың дұрыс емес жауабы дистрактор деп аталады.
Дистрактордың саны тапсырманың түрімен анықталады, ол бестен аспауы керек.
Егер білетін оқушылар оны дұрыс орындаса, ал білмейтіндер қате жауапты
таңдаса, тестік тапсырма "жақсы жұмыс істейтін"деп есептеледі. Бірақ,
тапсырма орынды тұжырымдалған болу үшін бүл шарт әлі жеткілікті емес.
Тапсырманың жабық түрінің жетістерімен қатар кемшіліктері де бар. Оның
жетістігіне тестілеудің көп уақыт алмайтындығы, балл санаудың
қарапайымдылығы жатады. Дайындықтары нашар сынаушылардың қиынырақ тест
тапсырмаларына жауапты кездейсоқ ойлап табуы оның кемшілігін
көрсетеді.
Осындай тапсырманың нұсқауы "дұрыс жауапты дөңгелектеп белгілеу".
Тапсырма вариантының жауап саны төрт немесе бестен аспауы керек, осындау
шектеу қою жауапты кездойсоқ табу ықтималдығының сиректігі үшін жеткілікті
болады.
Тапсырманың бес жауабы бар жабық түріне мысал келтірейік:
Мысалы
1. Байт деген не?
а) бір белгілі тобынан екінші белгі тобына көшіру ережесі.
б) дыбыстық таңбалар
в) * 8 екілік таңбалардан тұратын код.
г) екілік белгінің бірі
д) есептеуіш техникасында ең көп пайдаланылатын код
2. Z. мәнін 5-ке азайту үшін жазу керек:
а)Z.: = Z+5
б) *Z: = Z-5
в) Z-5
г) Z- 5: = Z
д) Z+5: = Z
Ашық түрдегі тапсырма. Ашық тапсырмаға жауап бергенде оқушы тапсырмадағы
жоқ сөзді және қойылған сызықтың орнын сан немесе формуламен толықтырады.
Тапсырма бір мәнді анық жауапты талап ететіндей және екі жақты түсінік беру
жіберілетіндей етіп құрылады. Сызықша бақылау материалы үшін маңызды болып
табылатын термин кілтінің орнына қойылады. Бірінші жеті-сегіз сөзден
аспайтын сұрақты тұжырымдау ұсынылады. Сосын құрастырушы қойылған сұраққа
жауап жазады. Содан кейін тест құрастырушы шамамен сол сұрақтың көлеміне
сәйкес мөлшерде жауап жазады. Ары қарай айтылғандардан сөз кілті немесе
бір,екі сөз алынып тасталады да олардың орнына сызықша қойылады.
Ашық түрдегі тапсырмалар үшін бір сөзден тұратын "Толықтыр" нұсқауын
қолдануға болады. Болжам болмағандықтан ашық тапсырмалар сыналушы үшін
қиынырақ болуы мүмкін. Шындығындада, өзі дұрыс жауапты құрастырып
шыққанша,жауаптардың ішінен дұрыс жауапты таңдап алу оңайырақ. Педагогтар
үшін ашық тапсырманың бұл қасиеті ерекше қызықтыратындай болып табылады.
Сонымен қатар ашық түрдегі тапсырмалардың да кемшіліктері бар. Оқушы
сызықша орнына жауапты жазғанда жауаптың синонимін жазып көтуі мүмкін
немесе қалып кеткен формуланың элементтерінің ретін өзгертіп алуы мүмкін.
Мұндай жағдайда орындалған тапсырманың қорытындысын дұрыс бағалауды, оқушы
жауабына талдау жасайтын, оны эталонда жауаппен салыстыратын,мықты
инструментальды жүйені қолдану қажет.
Тапсырманың ашық түріне мынадай мысал келтірейік:
1.Ақпаратты уақытша сақтауға арналған жад .
2. Ақпаратарды қағазға басып шығаратын құрылғы
3. Екілік белгінің бірі (0 немесе 1) деп аталады.
Тест тапсырмаларының үшінші түрі "сәйкестікті анықтау" нұсқауымен
берілген тапсырмалар болып табылады. Олардың мәні мынада, бір жиынның
элементтерін екінші жиынның элементтерімен салыстыру. Жиынның бір
элементіне екінші жиынның тек бір элементі ғана сәйкес келуі керек.
Тапсырманың бұл түріне мысал келтірейік: Мысалы:
1. Сәйкестікті анықта
1. 1бит а)1024Кбайт
2. 8 бит б) 0 немесе 1
3.1 Кбайт в) 1 байт
4. 1 Мбайт г) 1024 Мбайт
5. 1 Гбайт д) 1024 байт
1. 1. компьютер а) телевизорға ұқсас компьютер бөлігі.
2. 2.пернетақта б) берілгендер мен программаларды
сақтайтын компьютер
құрылғысы.
3. монитор в) ақпаратты өңдеу машинасы.
4. жады г) телефон желісі арқылы
компьютермен ақпараттарды
алмасуға арналған құрылғы.
5.модем д) түймелермен берілген тақта.
Сәйкестік дұрыс қойылған жағдайда тапсырма дұрыс орындалған деп
есептеледі. Жабық түрдегі тапсырмалар сияқты бірінші жиын элементтеріне
ұқсас екінші жиын элементтерін таңдап алуда қиындықтар туады. Егер оқушылар
ұқсас емес элементтерін бірден ажырататын болса, онда тапсырманың
тиімділігі төмендейді. Әрбір артық элементтің шындыққа ұқсастығының өлшемі
тәжірибемен белгіленеді және осы элементті дұрыс элемент ретінде таңдаған
оқушылардың үлесімен анықталады.
Тестік тапсырманың төртінші түрі - дұрыс тізбек құруға арналған
тапсырма, сыналушыдан амалдар немесе процестердің орындалу тәртібін көрсету
талап етіледі. Нұсқау ретінде тапсырма тұжырымдамасына кіретін, "дұрыс
тізбекті құрыңыз" деген сөзді қолдануға болады. Көрсетілген амалдар
нөмірленеді, ал жауапта дұрыс тізбек құрылатын код көрсетіледі.
Мысалы: Сурет салу кезеңдерін ретімен көрсет.
кескіннің түсін таңдау.
сурет салу
құрал таңдау
сызықтың қалыңдығын, кисть түрін немесе төртбұрыштың типін тағайындау.
5. фонның түсін таңдау.
Психологиялық-педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерде тестілеуді
және тест түріндегі тапсырманы оқушының білімін және біліктілігін бақылау
құралы ретінде қолдануға талдау жасалынуы тегін емес, өйткені тестік
тапсырмалардың бірқатар жағымды,ұтымды жақтары бар.
Тестілеу оқушының тақырыпты меңгеру деңгейін айқындауға сонымен қатар
оқыту қорытындысының қойылған мақсатқа сәйкестігін көруге мүмкіндік береді.
Егер оқушылардың көпшілігі бірдей бір тапсырманы орындамаса, онда мұғалімге
оқытқанда кеткен кемшіліктері бар деген белгі береді.
Тестік тапсыпмалар оқу қорытындысын бақылауды оқушылардың жекеше
ерекшеліктерін және тақырыпты бүтіндей сыныптың және жекеше әрбір оқушының
меңгеру деңгейіне көңіл қоюға мүмкіндік береді.
Тестік тапсырмалар сұрауға кеткен сабақ уақытын үнемдейді, оның орнына
уақыт жаңа тақырып түсіндіруге жіберіледі. Сонымен қатар оқушылар орындаған
жұмысты тексеруге кеткен мұғалімнің де уақытын үнемдейді.
Тест түріндегі тапсырмалар оқушылардың пәнге деген қызығушылығын
арттырады, оқу процесін жандандырады. Әр түрлі тест тапсырмаларын қолдану
арқылы мұғалім бақылау процесіне айтарлықтай әртүрлілік енгізеді. Оқушылар
мұндай тапсырмаларды орындауға зор қызығушылықпен кіріседі.
Тестік тапсырмалар бүкіл сынып оқушыларының білімін жүйелі түрде, үнемі
бақылауға нақты мүмкіндіктер береді. Бұл оқушылардың сабаққа белгілі бір
уақыт өткеннен кейін емес, жүйелі түрде, үнемі дайындалуға мәжбүр етеді.
Тестік тапсырмалардың осындай жақсы жағымен қатар олардың кейбір
кемшіліктері де бар. Педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерде
(Александров Г.Н., Данилов И.А.,Портнов м. және Файнберг Н.Л. атап
көрсетілгендей, тестің және тестік тапсырмалардың мынадай кемшіліктерін
айтуға болады:
1.Оқушылар дұрыс емес.қате жауаптардың көп санын оқып және талдап
оларды еріксіз есте сақтап қалып, біраз уақыт өткеннен кейін оны дұрыс
сияқты еске түсіруі мүмкін.
2. Оқушылар дайын тұжырымдармен жұмыс істеп үйреніп алып, алған білімін
сауатты және қисынды жауаптармен толық құрай алмай, айтып бере алмауы
мүмкін.
1. Оқушылар дұрыс жауапты болжаммен табуы мүмкін.
2.Оқушылар дұрыс жауапты сұрақтың мәнімен байланыспай, ұқсастығы,
жауаптағы сөздөр саны және т.б.,дұрыс емес жауаптан шартты белгілері
арқылы айыра алуы мүмкін.
3.Оқушылар дұрыс жауапқа көздейсоқ, қате ойлау нәтижесінде келуі
мүмкін.
В.В. Хубулашвилидестің кемшіліктөрін қарастыра отырып, оларды екіге
бөлді. Біріншісі тестік тапсырманың жауабын таңдап алуына, екіншісі тестің
сапасына байланысты.
• қазіргі кезде жарияланған информатикадан тестік тапсырмалар көбінесе
сапалы емес және барлық талаптарды қанағаттандырмайды.
• мұғалімдер ешқандай керекті әдістемелік құралдардың жоқтығынан
әртүрлі жинақтардағы жайдан-жай құрылған тестерді қолданады.
• қазіргі кезде тесті құру үнемі субъективті сипатта болады,
көптеген жағдайда оларды алдын-ала талапты бағалау жүргізілмейді.
Тестке қойылатын талаптарды анықтау негізгі мәселелердің бірі болып
табылады. Кездейсоқ алынған тапсырмалар жиынтығын тест деп қарастыруға
болмайды, тест оқушы білімін нақты өлшеу құралы ретінде қолданылып, қатал
және нақты әдістемелік талаптарды қанағаттандыруы керек. Тестке қойылатын
талаптарды анықтау өзекті мәселелердің бірі екені даусыз. Тестерге
қойылатын негізгі талаптарға мыналарды жатқызуға болады:
- валидтілік (нақтылық) (сәйкесті,негізділік,дәйектілік);
- анықталғандық (жалпы түсініктілік);
-қолданудағы қарапайымдылық;
- бір мәнділік және сенімділік; болжау құндылығы;
Бақылау тапсырмаларының нақтылық қасиеті деп - тапсырмадағы бақылау
сұрағының өз мақсатына сай (тән) болуын айтамыз. Нақтылық критерийіне
тапсырма пән бағдарламасына сәйкес келе ме? Тапсырма бүкіл пәнді немесе
оның тарауларын қамти ма? Оқушы тапсырманы дұрыс орындағанмен сол
тапсырмаға сәйкес материалды білу ықтималдығы жеткілікті ме?
Нақтылықтың 3 түрін бөліп алуға болады:
1)мазмұнды - тестің мазмұны пәндегі нақты мәліметті білуін, яғни бүкіл
бағдарламалық талаптар комплексін қамти ма деген сұраққа жауап береді.
2)эмпирикалық-жекеше тестің мақсатын болжау үшін жекеше құрылған тесті
басқа бір тестпен тексеруді білдіреді
3)Консептуальды - тест негізіне тиісті теориялық тұжырымдамалардың
дұрыстығын дәлелдеу жолымен тағайындалады.
Тестің анықталғандығы (жалпы түсініктілік)- тест тапсырмаларын оқу
кезінде оқушы алынған қорытынды қойылған есепке сәйкес келуі үшін, қандай
тапсырманы қалай орындау керектігін жақсы түсініп алуын білдіреді.
Ал бақылау тапсырмасының сенімділік қасиеті деп , тестің дидактикалық
немесе психологиялық элементтерде, сол сияқты тұтас тапсырмада және оның
бөліктерінде біркелкі көрсеткішті сипаттау қабілеті, басқаша айтқанда, сол
көрсеткіш бір тапсырмамен, бірақ әртүрлі уақыт аралығында, көрсеткішті
сипаттау қабілеті деп түсінуге болады.
Жоғарыда тұжырымдалған сенімділік қасиеті кез-келген өлшеу құралына тән
екендігін байқау қиын емес. Мысалы: өлшеу құралы ретінде сызғышты алып
қарастырайық, егер кез-келген ұзындықты сызғыштың әр-түрлі бөліктерімен
өлшесек немесе бір өлшемді ұзындықты басқа бір уақыт аралығынан кейін
өлшесек онда белгілі бір дәлдікке сәйкес бір ғана шаманы аламыз, яғни бұл
сызғыштың сенімділігін көрсетеді.
Ал енді бақылау тапсырмасымен сенімділігіне мысал келтіріп
көрейік.Мысалы, көбейту кестесі класс оқушыларына толық оқытылса,онда
барлық оқушыларға кестенің тек тақ жолдарының көбейтіндісін тексеруге
тапсырмалар беріп және басқа уақыттан кейін (мысалы екі күннен кейін)
тағыда осыған ұқсас бақылау жүргізейік; әр жолы оқушылардың алған
бағаларының реті бойынша (мысалы тапсырманы табысты орындағандардан нашар
орындағандарға дейін) тізімдеп көрсек, онда әр ретте шамамен бірдей
фамилиялар тізбегін аламыз, яғни бұл бақылау тапсырмасың сенімділік
қасиетін көрсетеді.
Тапсырманың сенімді болып, нақтылық қасиеті болмауы мүмкін. Сонымен
қатар нақтылық қасиеттері арасында тікелей байланыс болмайды. Мысалы,
оқушылардың көбейту кестесінен білімін тексеру барысында тек қана бірдей
сандардың көбейтіндісінен тұратын (мысалы, 2*2,3*3 т с с) тапсырма
қолданылса, онда ол тапсырманың сенімділік қасиеті болды: жоғарыдағыдай
бірнеше тәжірбиелер легін жүргізгенде, оқушылардың көпшілігі бірдей бағалар
алады,осы тіркелген бағалар оқушылардың жалпы көбейту кестесі туралы
білімін тексере ала ма? Әрине, жоқ. Егер бақылаудың мақсаты оқушылардың
көбейту кестесі туралы білімін тексеру болса, онда бірдей сандардан
құралған тапсырманың нақтылық қасиеті жеткіліксіз болады.
Сонымен тест деп стандартты үлгіде құрастырылған нақтылық және
сенімділік қасиеттерін қанағаттандыратын, білім, іскерлік, дағдының,
сонымен қатар дидактикалық және психологиялық зерттеулерде ақыл-ой дамуын,
қабілеттіліктің салыстырмалы бағасын беретін тапсырмалар жиынтығын айтамыз.
Тестің қарапайымдылық талабын тесте тапсырманың айқын және тікелей
айтылуының қажеттілігімен түсіндіруге болады.
Тестің танымдық талабын оқушылардың тестерге берген жауабын әр түрлі
сарапшылардың бірдей бағалау міндеттілігі деп түсіну керек.
Тестің нақтылығы статистикалық әдістермен анықталады.
0,7- 0,9 шамасы тестің жоғарғы нақтылығын көрсетеді. Егер корреляция
коэффициенті 0,45 - 0,55- ке дейін жетсе, онда тестің нақтылығы
қанағаттандырарлық,ал одан төмен болғанда қанағаттандырарлықсыз болып
табылады.
Сауатты түрде құрылған және мақұлданған тестер сенімділік коэффициенті
0,9 -ра жеткізуге мүмкіндік береді. Тестің сенімділігі оны орындау
қиындығына қатысты болады. Тестің қиындығы тест сұрақтарының дұрыс және
қате жауаптарының арақатынасы арқылы анықталады.
Тестің жеткілікті сенімділік және нақтылық қасиеттерін
қанағаттандыратын тест мазмұнды тест деп аталады.
Тестің сенімділік және нақтылық қасиеттерінен басқа негізгі
сипаттамаларының бірі - тестің ұзындығы. Тест ұзындығы деп тесті құрайтын
тапсырмалар санын айтамыз. Тестің 2 түрі бар: ұзын тест, қысқа тест. Егер
тест 7-15 тапсырмадан тұрса, онда қысқа тест деп аталады, ал 500-ден аса
тапсырмалардан тұрса ұзын тест деп аталады. Егер тест өте ұзын болса, онда
оның негізділігі мен оқушылардың ықыласы нашарлайды. Ол тестің нақтылығы
мен сенімділігін кемітеді. Егер тестілеу бір жарым сағат уақыт алатын
болса, онда практика көрсеткендей тестің сұрақтарына оқушылардың жауап беру
ынтасы төмендейді. Тестің нақтылығы тестің ұзындығына тәуелді болады.
Тестің нақтылығы "гомогенді тест " және "гентогенді тест" ұғымымен
тікелей байланысты. Егер тест бір пәннен ғана білімді тексеру үшін құрылып,
барлық сұрақтар сол пәнмен байланысты болса, онда ол гомогенді (біркелкі)
тест деп аталады. Ал оқушының білімін бірнеше пәндерден кешенді түрде
тексеруге құрылған тестер гетерогенді (әркелкі) тестер деп аталады. Егер
әркелкі тестер бірнеше біркелкі тест топтарынан тұрса, онда олар көпсалалы
тест болып табылады. Біркелкі тестер мен әркелкі тестер мазмұндарына
қойылатын талаптар да әртүрлі болып келеді.
Оқушының үлгерімін бағалаудың негізгі бақылаудың қорытындысы, нәтижесі
болып табылады. Ол үшін оқушы жұмысының сапалық және сандық көрсеткіштері
ескеріледі. Сандық көрсеткіштер баллмен немесе пайызбен, ал сапалық
көрсеткіштері -бағалау пікірімен "өте жақсы", "жақсы" тәрізді бағалары
арқылы алынады. Әрбір бағалау пікіріне алдын ала келісілген ұпай (мысалы,
бағалау пікірі бойынша "өте жақсы" -5 балл) алынады. Бағаның өлшеу және
есептеу нәтижесінде алынған сан емес, бағалау пікірінің бекітілген нәтижесі
екенін қажет. Бағалау пікірін (баллмен) санмен басқаруға рұқсат етілмейді.
Бағаны шынайы түрде меңгерілген білім, іскерлікпен меңгеруге ұсынылған осы
білім мен біліктіліктің жалпы көлемінің арасындағы қатынасы ретінде
түсінге(нде ғана бағаның оқыту деңгейіндегі сандық мәні алынады.
Б=ШТ*100%
Мұндағы Б- оқу үлгерімін бағалау, Ш-шынайы меңгерілген білім мен
іскерлік көлемі, Т-меңгеруге арналған білім мөн іскерліктің толық білім
көлемі. Меңгеру көрсеткіші ақпаратты толық меңгеру 100% пен ондай толық
білімінің болмауы 0% арасында ауытқиды. Бұл критерий бойынша бағалауды
анықтау үшін меңгерілген және ұсынылған ақпараттардың көлемін өлшеп үйрену
қажет. Бұл мәселе қолайлы практикалық технология деңгейінде шешілген. Баға-
бұл оқытушының оқушыны оқуға жетелеп қызығушылығын арттыратын, жеке
тұлғалық қасиетіне әсер өтетін бірден -бір құрал болып табылады. Дәл осы
объективті бағалаудың нәтижесінде оқушыда соған бара-бар өзін-өз бағалау,
өзінің табыстарына сын көзбен қарайтын көзқарас пайда болады. Сондықтан,
бағалаудың мәні, оның қызметінің әртүрлілігі оқушылардың оқу іс-әрекетін
жан -жақты бейнелейтін және оның ашылуын қамтамасыз ететін көрсеткіштерін
іздеуді талап етеді. Қалыптасқан 5 баллдық бағалау жүйесі білім беру
мазмұны, оны меңгеру деңгейі біріңғай материалды меңгеру мезгілі бірдей
мектептер үшін қолайлы болған.
Бір қызығы мұғалімдер алдыңғы партада отырған оқушыға көбірек көңіл
бөліп, оларға жоғары баға қояды. Бұл мұғалімнің өзіндік субъекті пікірге
бейімділігіне байланысты болады. Қазіргі кезде оқушылар көбінесе
компьютерге және бақылауды тестілеу түріне жоғары баға береді, оның себебі
педагогикалық субъективизмге жол берілмеу болып табылады. Мұғалім оқушының
орындаған жұмысын бағалағанда әділ және дұрыс бағалауға тырысуы керек. Әр
уақытта қойылатын бағаның не үшін, қалай қойылатынын ескеріп отыруы қажет.
Тестілеп бақылаудың тиімділігі тапсырманың сапасына ғана емес, сонымен
қатар қорытындысын салыстыру әдісімен, яғни әртүрлі тестердің әртүрлі
тапсырмалар санын және бағаларды ұпайлар қосындысы арқылы әділ ақпаратты
көрсетуге негіздеуінен де көрінеді. 5 баллды жүйе мектеп үшін бірдей білім
мазмұнын және оны бірдей меңгеру деңгейін, материалды оқу мерзімінің
бірдейлілігін қамтамасыз ету үшін қолайлы. Өзгерген жағдайда бірдей бағалар
әртүрлі ақпарат беруі мүмкін. Мысалы жоғары оқу орнына түсуге келген
талапкерлердің аттестаттарындағы бірдей баға әртүрлі дайындық деңгейлерін
көрсетеді. Сандық шкаланың артықшылығы - олардың қарапайымдығы мен
анықтылығы бірақ ақпараттың аздығы. Реттік шкалалар, әсіресе, дискриптивті
шкала жоғары ақпаратты және мазмұнды. Олардың кемшілігі болып жоғарғы
шегінің анықталмағандығы, сараптау жүйесінің міндетті болуы саналады.
Тестілеуде көбінесе салыстырмалы және рейтингтік шкалалар қолданылады.
Әртүрлі пәндер бойынша жасалынған тестер жүйелері әртүрлі теориялық
түсініктерге негізделеді. Алайда тестік тапсырмаларды құрастыру біртұтас
жоба-сызба бойынша жасалады. Бұл жоба сызба мыналарды қамтиды: 1) тестілеу
мақсатын анықтау; 2) тестік қолжазбаның алғашқы нұсқасы түрінде құру; 3)
бақылау тапсырмаларының мазмұнын және оларды қолдану әдістемесін талқылау
және құрастырылған тестерге пікір беру; 4) сынаушылардың өкілдерімен
тәжірибе өткізу арқылы тапсырмалардың сыннан өтуі; 5) тестердегі
кемшіліктерді жөндеу; 6) қорытындыларды түсіндірудің өлшемдері мен
ережелерінің шкаласын жасау.

І.3.Информатикадан тест тапсырмаларын құрудың
ерекшеліктері және оқушының білімін бағалау критерийлері.
Ақпараттық технологияны оқу саласында қазіргі заман оқушыларын, яғни
ақпараттық қоғамдық болашақ мүшелерін дайындаудың негізгі нәтижесі
информатика бойынша стандартталған білім беру нәтижелерінің жетістіктері
болып табылады.
Осы мақсатты іске асыру үшін информатиканы оқыту процесінде білім
бақылауды ұйымдастырудың тиімді тәсілдерін анықтап алу қажет және осыған
байланысты мынадай мәселелерді шешу керек:
1) информатика курсы мазмұнының ерекшелігіне сәйкес бақылау түрімен
әдістемесін бөліп алу
2) информатикадан білім бақылауды тиімді іске асыру үшін бақылау
түрінің ерекшелігін есепке алу және анықтау.
3) білім бақылауда нормативті технологиялық және жеке тұлғаға
бағдарланған әдістің бірдейлігін қамтамасыз ету.
"Информатикадан жетістікке жету тестілерін қолдану, оқушыларды пән
бойынша даярлау әртүрлі оқыту әдістемесін, оқулықтарды және қолданбалы
прогаммалар пакетін салыстыру сияқты әдістемелік мәселелөрді шөшуге елеулі
әсер етөді. Информатикадан оқыту нәтижелерін бағалау үшін тест
тапсырмаларын жасау және қорытыны тестерді құру мәселелері туындайды.
Жұмыс тәжірибесімен ғылыми пөдагогикалық әдебиеттерді талдау
нәтижесі бойынша информатика пәнінен білім бақылаудың негізгі
түрі педагогикалық тестілеу болып табылады. Информатикадын білім бақылауды
іске асырудың ерекшелігі, ""Информатика" білім беру саласының әртүрлі
аспектілері болып табылады, олар: дүниетанымдық компьютерде пайдаланушылар
алгоритмдеу және программалау мамандыққа баулу курсы бойынша
техникалық және мамандандыру.
Информатика жаңа сала ретінде әртүрлі ақпараттық процестер ағыны және
оларды компьютердің көмегімен оқу, зерттеу, табиғаттағы ақпараттық
процестерді модельдеу және басқару мәселелерін қарастырады, осылардың
барлығы оның пән аралық өзгешелігі және дүниетанымдық қызметін анықтайтынын
айта кету керек.
Осыған байланысты дүниетанымдық аспекте бақылау тапсырмалары әртүрлі
білім саласынан нақты өзекті оқу материалында, оқушылардың информатиканы
пән ретінде алгоритм, ақпарат және т.б негізгі ұғымдарды қалай меңгеру
деңгейін анықтауға мүмкіндік туғызатындай құрылуы қажет.
Мысалы 1. Файл дегеніміз не?
а) ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал.
б) бір типтегі биттердің тізбегі.
в) * бір типтегі байттардың тізбегі.
г) бірнеше типтегі кодтардың тізбегі.
д) ақпараттық құралдардың жиынтығы.
2. Ең ерте заманғы есептеу құралы
а) калькулятор
б) *есепшот
в) компьютер
г) аяқшалар
д) рифмометр.
Информатиканың компьютерді пайдаланушылар аспектісінде оқушылардың
білімін бақылауды олардың компьютермен және стандарттық программалық
құралдармен жұмыс істеу дағдыларын анықтауды сонымен қатар компьютердің
потенциалды мүмкіндіктерін өмірдегі мәселелерді шешуде жоспарлай
білу іскерлігін және оны танымның жаңа құралы ретінде осы потенциалын
тиімді пайдалануын ескере отырып жүргізу керек. Мысалы:
1."Компьютер жұмыс істеу үшін әмбебап құрылғы" қате пікірін көрсетіңіз
а) сандармен;
б) ақпаратпен;
в) символмен;
г) программамен;
д) адамдармен;
2.Операциялық жүйе дегеніміз не?
а) дербес компьютерлердің негізгі құрылғыларының жиынтығы;
б) дербес компьютер жұмысын басқаратын программалар жиынтығы
в) дербес компьютердің жұмысын вирустан тазарту программасы;
г) дербес компьютерде орындалатын программалар жиынтығы;
д) дербес компьютерде программаны орындау жүйесі;
Бұл аспекте оқушылардың өз бетінше жұмысымен қатар практикалық сабақта
компьютерде оқушылардың өзін-өзі бақылауын ұйымдастыруға болады.
"Информатика" пәнінің ерекшелігі бұл пәнді оқыту әдістемесінің маңызды
элементінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тестілеу білімді бақылау және бағалау құралы ретінде
МАТЕМАТИКА САБАҚТАРЫНДА КОМПЬЮТЕРЛІК ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕМЕСІ
Компьютерлік презентациялық материалдарды қолдануы және электронды құралдарды дайындау мәселелері
Тест тапсырмаларын жасау және таңдау
Ақпараттық оқыту ортасы
Білімді ақпараттандырудың техникалық құралдары
Білім беру
ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚҰРАЛДАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ЖӘНЕ ЭЛЕКТРОНДЫ ҚҰРАЛДАРДЫ ДАЙЫНДАУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Студенттердің кәсіптік құзырлықтарын қалыптастырудағы педагогикалық шарттар
Технология сабақтарында оқушылардың білімі мен ептіліектерін есепке алу мен тексерудің теориялық негіздері
Пәндер