Ш.Уәлихановтың педагогикалық және философиялық ой-пікірлері



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5.6

1 . Ш.Уәлихановтың педагогикалық ой.пікірлерінің қалыптасуы мен дамуы
1.1. Ш.Уәлихановтың өмірі мен ағартушылық қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7.9
1.2. Ш.Уәлиханов өзінің «Жоңғар очерктері» еңбегі арқылы әлемге танылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13

2 Ш.Уәлихановтың философиялық саяси әлеуметтік және ағартушылық көзқарастары.
2.1. Ш.Уәлихановтың орыс мәдениетінің алдыңғы қатарлы қайраткерлерімен творчестволық байланысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14.17
2.2. Шоқан Уәлихановтың еңбегіндегі тағы бір қазақ елін орыс жұртшылығына таныстырудағы өзіндік ерекшелігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18.21

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
Зерттеудің өзектілігі:
Қазақ топырағында ағартушылвіқ идеяның туын алған көтерген Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов бүкіләлемдік ғылым-білімнен мейлінше мол сусындаған, жан-жақты быімді, озат ойлы, ерекше дарынды адам еді. Ол өзін терең тарихшы, ерінбес этнограф, батыл саяхаттшы, талмас географ, білгір әдебиетші шебер суретші, жалынды публицист, жан сырын ұққыш, нәзік психолог, тәлімгер-үлгілі ұстаз ретінде көрсете білді. Небәрі отыз-ақ жыл өмір сүрген Шоқан аз өмірінің ішінде бүкіл азаматтық ғылымның көптеген салаларына бағасын мәңгі жоймайтын үлес қосуы осы жұмыстың өзекті мәселесі болып табылады.
Зерттеудің маңсаты:
Ш. Уәлихановтың әдеби мұрасынан халық ауыз әдебиетінің барлық нұсқаларына байланысты ойлы тұжырымдарды, тың мағлұматтарды табуға болады. Талантты ғалымның "Бұқардың Абылайва айтқаны", "Абылай туралы жырлар", "Шора", "Орақ жырлары", "ХVIII ғасыр батырлары туралы тарихи аңыздар" т.б. шығармалары қазақ әдебиеті тарихына қатысты көлемді зерттеулер болып табылуы, соңдай-ақ Шоқанның "Қазақ халық поэзиясының түрлері туралы" еңбегі поэзиямыздың теориясы жөніндегі алғашқы зерттеулердің қатарына жатуы, ал атақты "Жоңғар очерктері", "Қырғыздар туралы жазбалар" сияқты монография дерлік шығармаларының көптеген беттері қазақ әдебиеті мәселелеріне арналуы осы жұмыстың басты мақсаты болып табылады.
Зерттеудің міндеті:
Қазақтың әрбір ру басылары өз ру-тайпасының шежіресін шыққан тегін, елдің әдет - ғұрып заңдарын, ескі жарлықтарын, халықтың басынан өткен тарихи жайлары көп жасаған ақсақалдардан ыждаһатпен үйреніп, өзінің шешендік өнерін шындауда аңыз - әңгімелерді, мақал мәтелдерді, маңызды оқиғаларға қатысты ұлағатты асыл сөздерді ұзақ уақыт жатайтынын, сондай дайындығы бар билердің ауызынан шыққан сөздерді халық ұйып тыңдайтының ол нақыл сөздердің өмірдің бар саласын қамтитындай өсиет-өнегеге, тәлім-тәрбиелік, ғибраттық мазмұнға толы болатынын ұлы ғалым тебірене жазуы осы жұмыстың басты міндеті болып табылады.
Зерттеудің теориялық мәні:
Ш. Уәлиханов қазақ өлеңдері мен ауыз әдебиеті туралы алғаш деректер жинаған Н.П. Рычковтың 1770 жылы жарық көрген "Күнделік жазбаларын", А.И. Левшиннің 1832 жылы баспадан шыққан "Қырғыз-қазақ немесе қырғыз-қайсақ ордалары мен даласы туралы жазбаларьш" т.б. ғалым-саяхатшылардың жазғандарын ой елегінен өткізіп, сын-ескертпелер жасағанын айта кеткен жөн. Әдебиетімізді, тарихымызды, мәдениетімізді, ағартушылық тәлімді теріс түсіндіруді көздегендерге батыл наразылық білдірген Уәлиханов өзі бас болып әдеби мұрамыздың шынайы мәнін ғылыми негіздеуге арналған зерттеулер жазды. Қазақтың халық поэзиясына алғаш теориялық талдау жасалы.
1. Абдумаев М. «Баланың ақыл ойы мен парасатын тәрбиелеу». А, 2000ж.
2. Арын Мұхтар. «Бес анық» тәрбие туралы толғаулар. А, 1996ж.
3. Арғынбаев Халел. «Қазақтың отбасылық дәстүрлері». А, 2005ж.
4. Әнуар Имағамбетов. «Шоқан Уәлиханов таңдамалы». А, 1980ж.
5. Әбиев Ж, Бабаев С, Құдиярова А. «Педагогика». Алматы, 2004ж.
6. Әбиев Ж. «Педагогика тарихы». Алматы, 2006ж.
7. Әбиев Ж, А.Құдиярова. «Педагогика». Дарын: Алматы, 2004ж,
8. Әкбар Қажы Мәстүра Әшірбайқызы. «Қазақтың салт дәстүрлері». Алматы, 1999ж.
9. Әдібай Табылдиев. «Тағылым». Алматы,1995ж.
10. Бабаев С.Б., Оңалбек Ж.К. «Жалпы педагогика» Алматы, 2006ж.
11. Дербісәлиев Ә. «Қазақ даласының жұлдыздары». Алматы, 1995ж.
12. Жарықбаев Қ., Қалиев С. «Қазақ тәлім тәрбиесі». Алматы, 1995ж.
13. Қанафияұлы Н. «Шоқан әдебиетші публицист» Алматы, 1998ж.
14. Калиев С. «Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытудың педагогикалық негіздері». Алматы, 2001 жыл.
15. Қоянбаев Ж.Б. «Педогогика». Алматы, 1992 жыл.
16. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. «Педагогика». Алматы, 2002 ж.
17. Қазақ тәлімдік ойлар антологиясы 1 том, Алматы, 2005ж.
18. Қалижанұлы У. «Қазақ әдебиетіндегі діни - ағартушылық ағым». Алматы, 1998ж.
19. Илина Т.А. «Педагогика». Алматы: «Мектеп», 1984 ж.
20. Лемберг Р. «Оқыту әдістері». Алматы, 1958 ж.
21. Ұзақбаева С. «Тамыры терең тәрбие» Алматы, 1995ж.
22. Оразбекова К. «Иман және инабат» әдет және тұрмыс салт психологиясы. Алматы, 1993ж.
23. Нұрғалиева Г. «Оқыту әдістері». Алматы, 1991 ж.
24. Сағындықұлы Е. «Педагогика». Алматы, 1989ж.
25. Сейталиев К.Б. «Тәрбие теориясы». Алматы, 1986 ж.
26. Шашақова А. «Халық тәлімі - тәрбие бастауы». Алматы, 1994ж.

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5-6

1 . Ш.Уәлихановтың педагогикалық ой-пікірлерінің қалыптасуы мен дамуы
1.1. Ш.Уәлихановтың өмірі мен ағартушылық
қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7-9
1.2. Ш.Уәлиханов өзінің Жоңғар очерктері еңбегі арқылы әлемге
танылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13

2 Ш.Уәлихановтың философиялық саяси әлеуметтік және ағартушылық
көзқарастары.
2.1. Ш.Уәлихановтың орыс мәдениетінің алдыңғы қатарлы қайраткерлерімен
творчестволық
байланысы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...14-17
2.2. Шоқан Уәлихановтың еңбегіндегі тағы бір қазақ елін орыс жұртшылығына
таныстырудағы өзіндік
ерекшелігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...18-21

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..23
КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі:
Қазақ топырағында ағартушылвіқ идеяның туын алған көтерген Шоқан
Шыңғысұлы Уәлиханов бүкіләлемдік ғылым-білімнен мейлінше мол сусындаған,
жан-жақты быімді, озат ойлы, ерекше дарынды адам еді. Ол өзін терең
тарихшы, ерінбес этнограф, батыл саяхаттшы, талмас географ, білгір
әдебиетші шебер суретші, жалынды публицист, жан сырын ұққыш, нәзік
психолог, тәлімгер-үлгілі ұстаз ретінде көрсете білді. Небәрі отыз-ақ жыл
өмір сүрген Шоқан аз өмірінің ішінде бүкіл азаматтық ғылымның көптеген
салаларына бағасын мәңгі жоймайтын үлес қосуы осы жұмыстың өзекті мәселесі
болып табылады.
Зерттеудің маңсаты:
Ш. Уәлихановтың әдеби мұрасынан халық ауыз әдебиетінің барлық
нұсқаларына байланысты ойлы тұжырымдарды, тың мағлұматтарды табуға болады.
Талантты ғалымның "Бұқардың Абылайва айтқаны", "Абылай туралы жырлар",
"Шора", "Орақ жырлары", "ХVIII ғасыр батырлары туралы тарихи аңыздар" т.б.
шығармалары қазақ әдебиеті тарихына қатысты көлемді зерттеулер болып
табылуы, соңдай-ақ Шоқанның "Қазақ халық поэзиясының түрлері туралы" еңбегі
поэзиямыздың теориясы жөніндегі алғашқы зерттеулердің қатарына жатуы, ал
атақты "Жоңғар очерктері", "Қырғыздар туралы жазбалар" сияқты монография
дерлік шығармаларының көптеген беттері қазақ әдебиеті мәселелеріне арналуы
осы жұмыстың басты мақсаты болып табылады.
Зерттеудің міндеті:
Қазақтың әрбір ру басылары өз ру-тайпасының шежіресін шыққан тегін,
елдің әдет - ғұрып заңдарын, ескі жарлықтарын, халықтың басынан өткен
тарихи жайлары көп жасаған ақсақалдардан ыждаһатпен үйреніп, өзінің
шешендік өнерін шындауда аңыз - әңгімелерді, мақал мәтелдерді, маңызды
оқиғаларға қатысты ұлағатты асыл сөздерді ұзақ уақыт жатайтынын, сондай
дайындығы бар билердің ауызынан шыққан сөздерді халық ұйып тыңдайтының ол
нақыл сөздердің өмірдің бар саласын қамтитындай өсиет-өнегеге, тәлім-
тәрбиелік, ғибраттық мазмұнға толы болатынын ұлы ғалым тебірене жазуы осы
жұмыстың басты міндеті болып табылады.
Зерттеудің теориялық мәні:
Ш. Уәлиханов қазақ өлеңдері мен ауыз әдебиеті туралы алғаш деректер
жинаған Н.П. Рычковтың 1770 жылы жарық көрген "Күнделік жазбаларын", А.И.
Левшиннің 1832 жылы баспадан шыққан "Қырғыз-қазақ немесе қырғыз-қайсақ
ордалары мен даласы туралы жазбаларьш" т.б. ғалым-саяхатшылардың
жазғандарын ой елегінен өткізіп, сын-ескертпелер жасағанын айта кеткен жөн.
Әдебиетімізді, тарихымызды, мәдениетімізді, ағартушылық тәлімді теріс
түсіндіруді көздегендерге батыл наразылық білдірген Уәлиханов өзі бас болып
әдеби мұрамыздың шынайы мәнін ғылыми негіздеуге арналған зерттеулер жазды.
Қазақтың халық поэзиясына алғаш теориялық талдау жасалы.

Зерттеудің практикалық мәні:
Ғалым өзінің "Жоңғар очерктеріңде" халық аузындағы нақыл сөздерді
зерттеудің этнография үшін орасан зор маңызы бар екенін, оны өзінен бұрынғы
ғалымдар да сан рет аңғарғанын, өйткені одан халықтың тұрмысы мен әдет
ғұрпы айқынырақ көрінетінін тебірене жазған. "Ескі нақыл сөздерге бай келу
Солтүстік Азия мен Орта Азияның көшпелі халықтарының ерекше бір қасиеті
болып табылады. Овдай нақыл сөздер не ру ескерткіші ретіңде, мәселен заң,
ғұрып аңыздары ретіңде қариялар аузыңда қасиеттеліп сақталып отырады, не
халық жыры түрінде бір ұрпақтан екішпі ұрпаққа белгілі жыршылар арқылы
жеткізіліп отырады". Қазақ мақалдары ықылым замандағы көріністі, сенімді
айқындай түсетін құрал ретінде пайдаланылатынын жазады. Қазақ тілінде
халықтың мінез-құлқың, жалпы ерекшелігі туралы ұғымды нақты білдіретін
мақалдар да бар екенін айта келіп, мақалдарды бір тілден екінші тілге
аударғанда мәні кететінен, оны дәл аударудың қиындығын айтқан және өзінің
үш жүздей мақал жинағанын да білдірген. Зертгеуші халықтың тұжырымды ойға
құрылған мақал-мәтелдерінің қайсыбіреулерінің мазмұнын дәл сақтай отырып
орыс тіліне аударды, оған түсініктер берді. Ондағы ойы орыс оқырмандарын
халқымыздың мәдениетімен, әдебиетімен тереңірек таныстыра түсу болды.
1 Ш. Уәлихановтың педагогикалық ой – пікірлерінің
қалыптасуы мен дамуы

1.1 Ш. Уәлжхановтың өмірі мен ағартушылық қызметі

Тарихшы, публицист, лингвист, географ, музыка зерттеушісі, археолог,
этнограф, саяхатшы, ағартушы-демократ. Құсмұрын бекінісінде (Көкшетау
облысы), Абылайханның немересі, қазақтың сұлтаны Шыңғыс Уәлихановтың
отбасында дүниеге келген. Ауыл мектебінде оқыған, кадет корпусын бітірген
(1853). Батыс Сібір Генерал - губернаторында әскерлік қызмет атқарған. Орта
Азия мен Қытайға жасалған бірнеше экспедицияға қатысқан. 1859-1862 ж.ж.
Петербургке барған кездеріңде А. Шапов пен Т. Елисеев т.б. тобындағы,
тәрбиесіндегі демократиялық бағыттағы интелегенциямен араласалы. Н.Г.
Чернышевскийдің "Современник" және А.И. Герценнің "Колоколымен" танысалы.
Ғылым Академиясының және орысгың географиялық қоғамының жұмысына белсене
араласалы.
Шоқан Уәлиханов мұсылман дін басіпылары халық ағарту ісін өз қолына
алғанын, мектептер мен медреселер құнды оқушыларға құрғақ жаттататының,
оның маңызын түсінбейтінін, сол кезең үшін, оның ешбір пайдасыз екенін
қатты сынады. Қазақтардың білім сипатынын оның мәнділігі мен маңызын, сол
кезең үшін гумандық, халықтық - деп түсінген Шоқан, білім мен оқу ғана
қазақтарды әлеуметтік-әділетін күреске жұмылдырады, тек білім мен оқу
көшпенділерді қоғамдық прогресс пен еркін дамуға жол көрсетеді - деген
үлкен гуманистік ой-пікірде болды.
Шоқаныың көзқарастары материалистік бағыт ұстады. Психологияны, оның
ішінде этнопсихологияны, оның этнопсихологияның табиғатын түсінуі, оның
әртүрлі факторларын толықтыруы соны көрсетеді. Орта Азия, Қазақстан мен
Шығыс Түркістан халқының психологиялық ерекшелігі туралы мәселені Ш.
Уәлиханов жалпы мәдениетті дамыту және "халықтық рухты" қайта ояту
проблемаларымен берік байланыста етіп шешуге тырысты. Ғалым Шоқан халық
мінезінің сипатын, оның пайда болуын көп жоспарлы, сан қилы мақсатта
қарастырды. Сөйтіп, ол өзінің көптеген шығармаларында халық тұрмысын, әдет-
ғұрпын, тілін, өзара қарым-қатынасын, дінін, оның әрқайсының ерекшелігін
асқан дәлдікпен талдау жасалы.
Ш. Уәлихановтың оқу-ағарту қажеттілігі туралы ойы, ғылым халықты
дамытатынын, олардан оқу-тәрбиедегі маңызды жол ұрпақ тәрбиесінің бастауы
екенін дәлелдеуі, оның прогрессивтік көзқарастарының ерекшеліктерін көрсете
отырып, Қазақстандағы қоғамдық ойдың дамуына айтарлықтай әсер ететінін
дәлелдейді.
Ғалымның шығыс, батыс халықтарының көптеген тілдерін білуі әр түрлі
қайнар көздерге сүйене отырып, көне жазбаларды, жылнамаларды салыстыра
зерттеуге, тарихи шындықты айтуға мүмкіндік туғызды. Шоқан өз ойын нақты
дәлелдеу үшін Орта Азия халықтарының тарихын көп зерттеген Жолбарыс
әулетінен шыққан Абылғазының "Түрік шежіресі" атты белгілі кітабына
жүгінеді. "Түрік шежіресін" толықтыра түсу мақсатында ол "Қазақ шежіресі"
еңбегін жазады. "Қазақтардың көшпелі еркін тірлігі Азияда дүниеге келіп,
дамығаны күмән туғызбаса керек. Олай дейтін себебіміз, орыс жылнамалары
(Пеков жылнамалары) біздің сөзімізді растайды",-деп баяндайды да, сол
кездегі көптеген авторлардың еңбектеріне шолу жасайды, олардың деректерін
шежірелермен салыстырады.
Қазақтың әрбір ру басылары өз ру-тайпасының шежіресін - шыққан тегін,
елдің әдет-ғұрып зандарын, ескі жарлықтарын, халықтың басынан өткен тарихи
жайларды көп жасаған ақсақалдардан ыждаһатпен үйреніп, өзінің шешендік
өнерін шындауда аңыз-әңгімелерді, мақал-мәтелдерді, маңызды оқиғаларға
қатысты ұлағатты асыл сөздерді ұзақ уақыт жаттайтынын, сондай дайындығы бар
билердің аузынан шыққан сөздерді халық ұйып тындайтынын, ол нақыл сөздердің
өмірдің бар саласын қамтитындай өсиет-өнегеге, тәлім-тәрбиелік, ғибраттық
мазмұнға толы болатынын ұлы ғалым тебірене жазған.
Зерттеуші тарихи аңыздар - тарихи деректер жаңғырығы деп білген. Оның
танымдық мағлұматтарын ғылыми еңбектерінде шебер пайдаланған. Ауызша
айтылған тарихи толғаныстарды, жазба және археологиялық мәліметтерді өзара
салыстырып, ең сенімді дегенін кәдеге жаратқан. Тарихм аңыздардың маңызын
ашуда Шоқанның асқан білімпаздығын танытатын мұрасының бірі - "Оңтүстік
Сібір тайпаларының тарихынан жазбалар". Зерттеуші бұл еңбегін жазу үстінде
дүние жүзі шығыстанушыларының бұрын-сонды жарық көрген шығармаларына
жүгінгенін көреміз. Левшин, Риттер, Клапрот зерттеулеріндегі пікір
қайшылықтарын, неміс шығыстанушысы Бильгельм Шоттың және орыс этнографы
Евгений Огородниковтың якут (саха) халқының тарихы туралы айтқан
пікірлеріндегі бұрмалаушылықты, қателер мен үстірт жорамалдарды ғалым
аталған еңбегінде сынайды, өзінің батыл ойларын айтады.
"Қазіргі қолда бар деректерді ел аузындағы аңыздармен, ноғайлармен
қарым-қатынас жайлы орыстың елшілік фактілерін Жалайридың "Жылнамалар
жинағымен" салыстырған жөн" - деп жол сілтеген кемеңгер ғалым "Қырғыздар
туралы жазбаларында" Орта Азия көшпелілерінің өздерінің ата-бабаларының,
даңқты батырларының ерлік істерін баяндайтын, құйма-құлақ аңызшылар аумай-
төкпей жеткізген аңыздары бар, бұл аңыз-ертегілер халықтың өткендегі
өмірінің қысқаша тарихи суретін бейнелейді, өздерінің батырлары мен халық
арасындағы оқиғалары туралы аңыздарды жырға айналдырырп, келешек ұрпаққа от
басындағы естелік-әңгіме ретіңде жеткізіп отыру барлық көшпелілерге тән
салт", - деген саликалы қорытынды жасайды.
Ш. Уәлихановтың әдеби мұрасынан халық ауыз әдебиетінің барлық
нұсқаларына байланысты ойлы тұжырымдарды, тың мағлұматтарды табуға болады.
Талантты ғалымның "Бұқардың Абылайға айтқаны", "Абылай туралы жырлар",
"Шора", "Орақ жырлары", "XVІІІ ғасыр батырлары туралы тарихи аңыздар" т.б.
шығармалары қазақ әдебиегі тарихына қатысты көлемді зерттеулер болып
табылады. Соңдай-ақ Шоқанның "Қазақ халық поэзиясының тұрлері туралы"
еңбегі поэзиямыздың теориясы жөніндегі алғашқы зерттеулердің қатарына
жатады. Ал атақты "Жонғар очерктері", "Қырғыздар туралы жазбалар" сияқты
монография дерлік шығармаларының көптеген беттері қазақ әдебиеті
мәселелеріне арналған.
Ш. Уәлиханов қазақ өлеңдері мен ауыз әдебиеті туралы алғаш деректер
жинаған Н.П. Рычковтың 1770 жылы жарық көрген "Күнделік жазбаларын", А.И.
Левшиннің 1832 жылы баспадан шыққан "Қырғыз-қазақ немесе қырғыз-қайсақ
ордалары мен даласы туралы жазбаларын" т.б. ғалым-саяхатшылардың
жазғаңдарын ой едегінен өткізіп, сын-ескертпелер жасағанын айта кеткен жөн.
Әдебиетімізді, тарихымызды, мәдениетімізді, ағартушылық тәлімді теріс
түсіндіруді көздегеғідерге батыл наразылық білдірген Уәлиханов өзі бас
болып әдеби мұрамыздың шынайы мәғгін ғылыми негіздеуге арналған зерттеулер
жазды. Қазақтың халық поэзиясына алғаш теориялық талдау жасалы.
Ғалым өзінің "Жоңғар очерктерінде" халық аузындағы нақыл сөздерді
зерттеудің этнография үшін орасан зор маңызы бар екенін, оны өзінен бұрынғы
ғалымдар да сан рет аңғарғаның, өйткені одан халықтың тұрмысы мен әдет
ғұрпы айқынырақ көрінетінін тебірене жазған. "Ескі нақыл сөздерге бай келу
Солтүстік Азия мен Орта Азияның көшпелі халықтарының ерекше бір қасиеті
болып табылады. Оңдай нақыл сөздер не ру ескерткіші ретінде, мәселен заң,
ғұрып аңыздары ретінде қариялар аузында қасиеттеліп сақталып отырады, не
халық жыры түрінде бір ұрпақтан екінші ұрпаққа белгілі жыршылар арқылы
жеткізіліп отырады". Қазақ мақалдары ықылым замандағы көріністі, сенімді
айқындай түсетін құрал ретінде пайдаланыла-тынын жазады. Қазақ тілінде
халықтың мінез-құлқын, жалпы ерекшелігі туралы ұғымды нақты білдіретін
мақалдар да бар екенін айта келіп, мақалдарды бір тілден екінші тілге
аударғанда мәні кететінін, оны дәл аударудың қиындығын айтқан және өзінің
үш жүздей мақал жинағанын да біддірген. Зерттеуші халықтың тұжырымды ойға
құрылған мақал-мәтелдеріғгің қайсыбіреулерінің мазмұнын дәл сақтай отырып
орыс ттліне аударды, оған түсініктер берді. Ондағы ойы орыс оқырмандарын
халқымыздың мәдениетімен, әдебиетімен тереңірек таныстыра түсу болды.
Әпсаналар мен аңыздарда әр қырынан көрінетін, бүкіл түркі тектес
халықтарға ортақ тарихи тұлғалардың бірі - ұлы бабамыз Қорқыт Ата туралы
Шоқан Уәлиханов қысқа болғанымен мәнді, мағыналы мағлұматтар келтіреді. Әр
халықтың жазба мәдениеті, ауыз әдебиетінің үлгілері жайлы баяңдағанда,
Қорқыт Атаның да көптеген халықтарға танымал бейне екеніне тоқталады.
'Жоңғар очерктерінде" Қорқытқа байланысты ертегі, жырлар территориялық және
тіл жағынан жақын халықтардың әдеби, мәдени бірлігін нығайтуға септігін
тигізгенін айтады.
1.2 Ш. Уалиханов өзінің Жоңғар очерктері еңбегі арқылы әлемге танылуы

Ш.Ш. Уәлиханов өзінің атақты "Жоңғар очерктері" арқылы әлемге танылды.
Бұл ғылыми, әдеби, тарихи, публицистік құнды еңбек өткен ғасырдың алпысыншы
жылдарында Еуропа ғалымдарын, шетел баспасөзін, әсересе неміс зиялыларын
өлең еткізді. "Жоңғар очерктері" Шоқанның ардақты есімін дүниеге асқақтата
шарлатты.
Онда саяси-әлеуметтік мәні бар оқиғаларды ұлы ғалым жалынды
публицистикаға тән сипатта шебер баяндайды. Философиялық терең ой түйіп,
батыл пікірлер айтады. Сөйтіп, ғылыми очеркті саяси деңгейге көтереді. Ал
өзінің аса көрнекті мұрасы "Сот реформасы туралы ғылыми хатында" саяси
көзқарасын бұрынғыдан да тереңдете түскен.
Ш. Уәлиханов Қашқарға барған сапарында көптеген материалдар, ауыз
әдебиеті үлгілерінің бірнеше түрлерін, аса сирек кездесетін кітаптар алып
қайтты. Этнографиялық очерктер, санақ мәліметтері, тарихи хабарлар, онда
халық әдебиетінің үлгілері, білім, ғылым, оқу қырлары жинақталған деректер
толы.
Әлемдік әдебиет пен мәдениетен және оқу-ағарту ісінен хабардар болған
Шоқан - түркі тектес халықтардың әдеби мұраларын да білгірлікпен зерттеген
ұлы ғалым. Әсіресе, қырғыз елінің "Манас" жырына айырықша көңіл бөледі.
"Манасты" өркениетті елдерге тұңғыш таныстырутиы Ш. Уәлиханов екенін мақтан
етуге тиіспіз.
Зерттеуші өзінің "Қырғыздар туралы жазбалар" еңбегінде халық есіңде,
тамаша философ ретінде сақталған Асан қайғының Жырғаланда көшіп-қонып
жүрген қазақ екенін, оның аты тек қазаққа ғана емес көрші қырғыз еліне де
мәлім болып, "Манас" жырында кездесетін, зираты Ыстық көлдің маңында екенін
ескертеді.
Шоқан аса қабілетті қайсыбір жыршылар мен жыраулардың өміріне, ол
туралы айтылған естелік аңыздарға, жыршылар мен жыраулардың өздері шығарған
Ш.Уәлиханов зерттеулерінде "тарихи жыр" терминін қолданған. А.
Байтұрсыновтың "Әдебиет танытқыш" еңбегінде тарихи жырдың жанрлық
ерекшелігіне мынандай анықтама берілген: "Тарихи жыр деп, тарихта болған
оқиғалар, қазақтан шыққан адамдар турасында басқа жұрттардың тарихыңда
жазылған мағлұматтар бар, халықтың өзінің есінен кетпеген, қазақ басынан
кешірген оқиғалары толып жатыр, солар туралы өлең етіп шығарған сөздер
болса, солар тарихи жыр болады". Шоқан XVIII-XIX ғасырларда, Абылай заманы
тұсында ерекше дамыған тарихи жырларға зор мән берген. Ғалымның "XVIII
ғасыр батырлары туралы тарихи аңыздар" атты еңбегіңде тарихи жырларда,
аңыздарда есімдері зор сүйіспеншілікпен айтылатын тарихи тұлғаларға,
олардың қаһармандығына ғылыми дәлдікпен, көркем барлау жасаған.
Шоқан қазақтар импровизаторлық өнерге шебер келетінін атап көрсетеді.
Зерттеушінің көшпелі елдердегі суырып салушылық өнердің жоғары дәрежеде
дамығандығы жайлы пікірлері назар аударарлықтай мәнді. Өлең сөзді суырып
салып айту, кідіру-мүдіру дегенді білмеу себебін өзінше тоишылай келіп,
Шоқан: "Мұндай қасиеттің болуына көшпелілердің алаңсыз өмірі әсер етті ме,
болмаса ұшы-қиыры жоқ жасыл дала мен моншақтай тізілген жұлдызды, көк ашық
аспанды сұлу табиғат әсер етті ме, ол әзір бізге мәлімсіз", - деп жазады
және "қазақ ақындарының импровизаторлық өнері көшпелі елдің салт-тұрмысына
байланысты ғасырлар бойы қалыптасқан ақындық дәстүр негізінде туып,
дамыды"... "Импровизаторлық өнері жағынан қазақ ақындары көшпелі араб
ақындарынан бір де бір кем түспейді", - деп салыстыра ой түйеді.
Естеліктерден Ш. Уәлихановтың өнерге, оны баяндаушыға деген
сүйіспеншілігің, екіншіден, ана тіліміздің қоспасыз, таза күйінде сақталуын
қадағалаған қамқоршы екенін және халық арасыңда жылт етіп көрінген игі
нышанды қалт жібермей тыңдай да, зерттей де білгенін аңғарамыз.
"Қазақтар жаратылысының өзінен-ақ қабілетті, дарынды және ғажайып
сезімтал келеді... Сұлтандардың ерлік істері мен естеліктерін жырлайтын
суырып салма ақындары олардың барлық руларында кездеседі. Қазақтардың
барлық эпосы мен аңыздары, ертегілері өте көп және олар өлең мен музыканы
жақсы көреді".
Шоқанның бұл пікірлері поляк саяхатшысы Адольф Янушкевичтің ойларымен
үндес келеді: "... мен алғаш рет өлеңшілерді тыңдауға мүмкіндік алдым.
Бұлар қазақ трубадуралары, даланың бардтары - ұлы ақындары. Олардың өлең
шығаруы мен қазақтардың көбіне тән орындау дарыны осы халықтың ақыл-ой
қабілетін тамаша айғақтайды, қазақтар еңбекке де бейімділігін байқатады".
"Қытайлар мен мұсылман жазушыларының деректері бойынша, ертедегі
қазақтардың өз жазуы болған және басқа көшпелілерге қарағанда мәдениеттің
анағұрлым жоғары сатысында тұрған". Шоқанның мұндай қортындыға келуіне оның
Орхон-Енисей, Талас жазба нұсқаларымен де таныс болуы, Қасым ханның тұсында
Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайының нығайғаны, сондай-ақ
Қазақстан мен Ресейдің арасындағы алғашқы саяси байланыстар осы кезенде
жасала бастағаны, мұндай дипломатиялық қатынастардың болғандығын 1575-1584
жылдары жүргізілген патша тізімдері айқындайтыны, "38-ші жәшікте Қасым
ханның тұсындағы қазақ кітаптары мен көшірмелері бар" деген деректі дәлел,
басқа да көптеген көне жазба нұсқаларда сақталған нақты фактілер себепші
болған сияқты.
Шоқан Уәлихановтың әдебиет зерттеу ғылымына қосқан үлесі оның И.Н.
Березиннің "Хан жарлығына" жазған пікірі мен Жалайридің "Жәмих-ат-тауариғы"
("Жылнамалар жинағы") тарауларын алғаш орыс тіліне аударып, ондағы шығыс
терминдерінің сөздігін жасағанынан да көрінеді.
Ш. Уәлиханов "Профессор И.Н. Березиннің "Хан жарлығы" кітабына ескерше"
деген шығармасында Сеадат-Гирей жарлығыңда ноғайлының Орал ордасындағы
рубасы, ақтастық Әли биді қазақ жырларында күні бүгінге дейін айтылатын
Кіші орданың батыры Шораның қалай талқандағаны суреттелген.
"Жамих-ат-тауарихты" тарихи, әдеби құнды мұра ретінде бағалаған Ш.
Уәлиханов Қадырғали Жалайри халқымыздың тарихын, өмірін басқа тармхшылардан
жақсы білгендіктеп, өз еңбегінде оларға кең орын бергеніп, тілі өте көркем
екенін қызыға жазған. Есімі аңызға айналған, түріктілі арқылы дүние жүзінің
барлық негізгі тілдеріне аударылып, әлемді шарлаған атақты "Оғыз-нама"
эпопеясының бас қаһарманы Оғызхан жайлы мәліметтерге зор көңіл бөлген.
Ш. Уәлмхаіюв зерттеулерінде "тарихи жыр" терминін қолданған.
А.Байтұрсыновтың "Әдебиет танытқыш" еңбегінде тарихи жырдың жаирлық
ерекшелігіне мынандай анықтама берілген: "Тарихи жыр деп, тарихта болған
оқиғалар, қазақтан шыққан адамдар турасында басқа жұрттардың тарихында
жазылған мағлұматтар бар, халықтың өзінің есінен кетпеген, қазақ басынан
кешірген оқиғалары толып жатыр, солар туралы өлең етіп шығарған сөздер
болса, солар тарихи жыр болады". Шоқан ХУШ-ХІХ ғасырларда, Абылай заманы
тұсында ерекше дамыған тарихи жырларға зор мән берген. Ғалымның "XVIII
гасыр батырлары туралы тарихи аңыздар" атты еңбегінде тарихи жырларда,
аңыздарда есімдері зор сүйіспеншілікпен айтылатын тарихи тұлғаларға,
олардың қаһармандағына ғылыми дәлдікпен, керкем барлау жасаған.
Шоқанның "XVIII ғасыр батырлары туралы тарихи аңыз" шығармасында атақты
Баян батырдың қазасы, қалмақ әйелдерінің (Шарыштың анасының, Теміржан
батырдың қарындасының) жоқтау зары, елшілік алмасу дәстүрі және басқа да
жайлар қамтылған.
"XVIII ғасыр батырлары туралы тарихи аңыз" - белгілі сюжетке құрылған,
оқиғасы қызғылықты, адам психологиясын терең ашып суреттеген асыл мұра, әрі
қысқа, әрі нұсқа туынды. Ұлы зерттеуші осынау құнды шығармасында тарихи
кейіпкерлерді қандай шебер шоғырландырған, заман тынысын қалай дөп басып,
естен кетпестей айшықты бейнелеген десеңші! Көз алдыңызға кесек бітімді,
мәрт мінезді ірі тұлғалар, жанды қаһармандар келеді. Өзіңізді қазақ
даласындағы ұрыс майданына араласып кеткендей сезінесіз. Бұл қаламгер
дарынының сиқырлы құдіреті болса керек!
Ш.Ш. Уәлихановтың орыстың озық мәдениетімен танысып, көзқарасының
қалыптасуына Омскідегі кадет корпусына түсіп оқуы себеп болды. Осы оқу орны
арқылы жас Шоқан әскери даярлықтан өтумен бірге, жалпы білім беретін
физика, химия, арифметика, алгебра, геометрия, тригонометрия, география,
жалпы тарих, Ресей тарихы, орыс және Батыс Европа әдебиеті, философия
негіздері, сызу, сурет, орыс және түркі тілдері пәндерін оқып үйренді.
Кадет корпусында ол демократияшыл бағыттағы Н.Ф. Костылецский, К.К.
Гутковский және Г. Гонсевский т.б. сияқты өз кезінің жан-жақты білімді
адамдары болып табылатын оқытушылардан дәріс тыңдап, тәлім-тәрбие алды.
"Корпустың осылардай жақсы оқытушылары, - деп жазады Ә.Х. Марғұлан, - жас
Шоқанды білімге, ғылымға қызығушылық туғызды, оның демократиялық
көзқарастарының қалыптасуына көмектесті, кітапқа, ғылыми және көркем
әдебиетті оқуға сүйіспеншілігін тәрбиеледі".
Оқып жүрген кезінде Шоқанның өз кітапханасы болған, ол орыс және Батыс
Еуропаның атақты жазушыларынан Пушкин, Гоголь, Белинский, Герцен, Диккенс,
Теккерей т.б. көркем шығармаларын оқыған. Бұл жөнінде осы корпустағы оның
досы Г.Н. Потанин былай деп жазады: "Шоқанның ой-өрісі тез дами бастады.
Сондықтан ол өзінің орыс жолдастарын басып озып кетті. Оның табиғи
ақылдылығымен бірге басқа да артықша қасиеттері болушы еді... Шоқанға көп
адамдар құштар болатын...
Бұл қырғыздың баласы сондай қабілетті, тілші суретті де оқуға келуден
бұрын жақсы сала бастаған".
Ш. Уәлиханов корпус оқытушыларының үлгі, әсерінен тарих, географиямен
әуестеніп, соның негізінде өзінің туған өлкесін зерттеуді арман ете
бастайды. Г.Н. Потанин Шоқанның оқып жүрген кезінде-ақ ғылымға қатты
құмартқанын былай суреттейді: "Ол мектеп қабырғасында-ақ саяхатшылыққа
әзірленді, Палластың, Рычковтың, Левшиннің, Вельяминов, Зерновтың
шығармаларын және басқа да толып жатқан кітаптарды бірнеше рет қайталап
оқып үлгерді...
Оған кадет басшылары келешектегі зерттеуші, мүмкін ғалым болады деп
қарайтын еді". Ал кадет корпусының соңғы курсында өзінің оқытушысы Н.Ф.
Костылецкий арқылы Шоқан Қазан университетінің профессоры И.Н. Березинмен
танысалы. Осы таныстық Ш. Уәлихановтың Шығыс тарихы мен ауыз әдебиетін
зерттеуге бағытталған ынтасын бұрынғыдан да күшейте түсті.
Шоқанның орыс ғалымдарымен достық байланысының кеңейе түсуінде орыстың
көрнекті ғалымы және қоғам қайраткері Петр Петрович Семенов-Тянь-Шанскиймен
(1827-1914) танысуының зор мәні болды. 1856 жылдың қасында Омскіде П.П.
Семенов-Тянь-Шанским Шоқанды бірінші көргеннен-ақ, болашақ ғалымның
талаптылығына және табандылығына, білім құмарлығына сүйсініп, өмірін өз
халқы үшін ғылым жолына арнамақ болған ниетін жоғары бағалайды.
Ш. Уәлихановтың философиялық саяси әлеуметтік және ағартушылық
көзқарастары XIX ғасырдың ортасындағы орыстың материалистік философиясының,
Н.Г. Чернышевский бастаған революцияшыл демократтарының идеяларының
ықпалымен қалыптасты. Сонымен қатар оның демократиялық көзқарастарының
қалыптасуына екі жылдай Петербургте болуының да үлкен әсері тиді. Шоқанның
Петербургтегі еңбегін Тянь-Шанский жоғары бағалады. Ол: "Өте үздік талант
иесі болған Уәлиханов... соңынан Петербург университетінде лекция тыңдады
және француз бен ағылшын тілдерін сонша жақсы үйренумен бірге, "Шығыс
тарихын", әсіресе қырғыз тайпалас халықтар өмірін, өте білгіш болып шықты",-
деп жазды.
"Современник" журналының редакциясымен танысып, орыстың ұлы
революцияшыл демократы Н.Г. Чернышевскиймен кездесуі қазақтың жас демократ
ғалымының материалистік және демократиялық көзқарастарының қалыптасуын
жеделдетті.
Шоқан туралы: "Ол алпысыншы жылдардың қозғалысымен де әуестенді",- деп
жазды академик А.Н. Пыпин.
2 Ш. Уәлихановтың философиялық саяси әлеуметтік және ағартушылық
көзқарастары

2.1 Ш. Уәлихановтың орыс мәдениетінің алдыңғы қатарлы қайраткерлерімен
творчестволық байланысы

Ш. Уәлихановтың орыс мәдениетінің алдыңғы қатарлы қайраткерлерімен
творчестволық байланыстарымен өрістеуі мен дамуына оның орыстың ұлы
жазушысы Ф.М. Достоевский арасындағы таныстық 1854 жылы Достоевскийдің
Семейде айдауда болған кезінде басталып, әрі қарай Петербургте де жалғасты.
Сонымен бірге олар алты жыл бойы (1856-1862 жылдар) өзара үзбей хат жазысып
тұрды.
Ф.М. Достоевский мен Ш. Уәлихановтың жазысқан хаттары аса құнды тарихи-
педагогикалық дерек болып саналады. Өйткені онда орыс пен қазақ
қайраткерлерінің арасындағы достық қарым-қатынастардың тууы мен дамуы өте
әсерлі баяндалған.
Ф.М. Достоевский өз хаттарында қазақ досына мейлінше кең ағартушылық
міндеттер ұсынады. Атақты жазушы оны туған халқының ағарту жолындағы ой-
арманын білдіруші болуға шақырады. Бұл жөніндегі ойын ол:
"... қазақ даласының не екенін, оның маңызын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықтық эстетика Шоқан Ыбырай Абайдың эстетикалық көзқарастары
Қазақ ағартушыларының философиясы
Педагогика тарихы курсының мазмұны
Ш.Уәлихановтың ағартушылық қызметі
Әке мирасына Уәлидің үлкен баласы
Қазақстандағы ұлы педогок ағартушылардың үлес қосқан ой – пікірлері
Шоқан Уалихановтың еңбектерінің зерттелуін анықтау
ХІХ-ХХ ғ.ғ. ағартушы философиясының қалыптасуы мен тарихи кезеңдері
Абай, Ыбырай, Әл-Фараби тағы басқа ұлы адамдардың адамгершілік тәрбиесі туралы пікірлері
Уәлиханов шығармашылығын
Пәндер