Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендірудің психологиялық-педагогикалық тарихы



1 Оқушылардың оқу.танымдылық іс.әрекетін белсендірудің теориялық негіздері

2 Оқушылардың оқу.танымдылық іс.әрекетін белсендіру мәселесінің психологиялық.педагогикалық тарихына сипаттама

3 Оқушылардың танымдық іс.әрекеттерінің тән ерекшеліктері

4 Оқу.әдістемелік және психология.педагогикалық әдебиеттерге талдаулар

5 Психикалық іс.әрекеттің бағдарлы және нәтижелі нысаны
Білім беру жүйесі қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуында жетекші роль атқарады, сондай-ақ оны әрі қарай айқындай түседі.
Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбірлі айырмашылығы ол білімнің қалыптасуы мен негізделуінің жалпы ұстанымдарын, объективтік қатынастарды қалыптастырады. А.Н.Леонтьев: «Таным - әрекет түрлерінің бірі болғандықтан, таным барысындағы қиындықтарды жеңу жөніндегі ерік күші таным әрекетінің мақсатын кімнің алға қоятынына елеулі дәрежеде байланысты деп жорамалдауға болады»,-деп түсінік береді [1].
Ал, білімнің қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негізгі мәселесі – рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетін ілім таным теориясы деп аталады.
Таным теориясы танымдық іс-әрекет заңдары мен заңдылықтарын зерттейді. Әлемді тану мүмкіндіктері және оның заңдары туралы мәселені философиялық шешу тарихи өзгеріп отырды, онда әрбір тарихи дәуірде жекелеген ғылымдар жинақтаған дүние туралы білім деңгейі көрінеді. Философиялық білім араларында таным процесі мазмұны анықталатын танымның субъект және объектісі қарастырады. Танымның объектісі болып шындықтың өзі немесе оның субъектіден тәуелсіз тіршілік ететін үзіндісі болып табылады. Объект – қандай да бір затқа бағытталған әрекет. Объект – субъект белсенділігі сіңірілетін өріс. Таным субъектісі болып өз тарихи дамуындағы адам және адамзат болып табылады. Субъект өзін объектімен байланыстырып, материалдық, мақсатқа лайықты әрекетті тасушы ретінде көрінеді. Субъект – мақсатты болжап, шындықтың өзгеруін жүзеге асыратын белсенді де дербес тіршілік иесі. Алайда, объективті шындық та субъектінің өзімен белсенді танымдық қатынасқа таным түсетіндіктен, таным объектісі болады [2].
Таным процесі түрлі қиындықтарды жеңумен байланысты, таным барысындағы қиындықтарды жеңу, бұл үшін қажетті ерік күшін жұмсау жеке тұлғаның өзінің танымдық әрекетін нысаналы түрде және саналықпен реттеуін талап етеді. Еріктің болуы жеке тұлға үшін елеулі, маңызды мақсаттар мен міндеттердің болуымен байланысты. Мақсаткерлік адамның ерік мінез-құлқының негізгі нысандарының бірі, жеке адамның ерік күшін іске асыру үшін зор маңызы бар. Алға мақсат қою және оны қабылдау – жеке тұлғаның мақсатқа жету жөніндегі бұдан былайғы ерік күшін айқындайтын кезең болып табылады.
Таным мен оқу процесі арасында болатын маңызды ерекшеліктер:
- Таным – бұл қоғамдық-тарихи категория. Көптеген ғасырлар бойы ғалымдар табиғат, қоғам және адам ақыл-ойының біршама заңдылықтарын ашты. Яғни, ғалымдар жаңалықты тұңғыш күйінде таниды, сондықтан да ондай таным толық болмайды.
1 Леонтьев А.Н. Деятельность. Сознание. Личность. 2- е изд. - М.:
Политиздат, 1977.
2. Қабаева Ж. Философия. – Алматы, 2004. –71-б.
3. Познавательная традиция: философско-методологический анализ (сб.
статей).– М.: Философское общество СССР, 1989. – 203 с.
4 Коменский Я.А. Избранные педагогические сочинения. Т.1.–М.: 1982.-570 с.
5 Песталлоций И.Г. Избранные педагогические сочинения. - М.: Педагогика, 1981. – 334 с.
6 Дистерверг А. Избранные педагогические сочинения. - М.: Педагогика, 1981. – 259 с.
7 Избранные педагогические сочинения. М.: Педагогика, 1982. – 570 с.
8 Бержанов Қ., Мусин С. Педагогика тарихы. - Алматы, 1984. – 270-б.
9 Константинов Н.А., Медынский Е.Н., Шабаева М. История педагогики. – М., 1982. – 320 с.
10 Лордикиланидзе Д.О. Педагогическое учение К.Д. Ушинского. - М.: 1954.- 250с.
11 Әбілқасымова А.Е., Омарова Р.С. Мұғалімдердің танымдық ізденімпаздығын қалыптастыру негіздері. - Алматы: Ғылым, 2003. – 166 б.
12 Уәлиханов Ш. Таңдамалы. - Алматы: Жазушы, 1986. – 560-б.
13 Алтынсарин Ы. Шығармалары. – Алматы: Жазушы, 1986. – 201-б.
14 Құнанбаев А. Қара сөздер. –Алматы, 1996. – 67-б.
15 Шалғынбаева Қ.Қ. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың педагогикалық-ағартушылық идеялары. Пед. ғыл. канд. …Дисс. – Алматы, 1996, - 133-б.
16 Құдайбердиев Ш. Шығармалары. – Алматы: Жазушы, 1988. 560-б.
17 Байтұрсынов А. Шығармалары. – Алматы: Жазушы, 1989. – 318-б.
18 Дулатов М. Шығармалары. Т. 1. – Алматы: Жазушы, 1991. – 348-б.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Ф.4.7-006-01

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М. Ауезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
ҚББ институты

Психология және дефектология кафедрасы

Психология тарихы пәнінен

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендірудің
психологиялық-педагогикалық тарихы

Орындаған: Жораева К.
Тобы: ЗФК 04-3к1
Қабылдаған: Ахметова А.К.

Шымкент 2009

ЖОСПАР

1 Оқушылардың оқу-танымдылық іс-әрекетін белсендірудің теориялық негіздері

2 Оқушылардың оқу-танымдылық іс-әрекетін белсендіру мәселесінің
психологиялық-педагогикалық тарихына сипаттама

3 Оқушылардың танымдық іс-әрекеттерінің тән ерекшеліктері

4 Оқу-әдістемелік және психология-педагогикалық әдебиеттерге талдаулар

5 Психикалық іс-әрекеттің бағдарлы және нәтижелі нысаны

Кіріспе

Білім беру жүйесі қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуында жетекші
роль атқарады, сондай-ақ оны әрі қарай айқындай түседі.
Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбірлі айырмашылығы ол
білімнің қалыптасуы мен негізделуінің жалпы ұстанымдарын, объективтік
қатынастарды қалыптастырады. А.Н.Леонтьев: Таным - әрекет түрлерінің бірі
болғандықтан, таным барысындағы қиындықтарды жеңу жөніндегі ерік күші таным
әрекетінің мақсатын кімнің алға қоятынына елеулі дәрежеде байланысты деп
жорамалдауға болады,-деп түсінік береді [1].
Ал, білімнің қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның
негізгі мәселесі – рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан
зерттелетін ілім таным теориясы деп аталады.
Таным теориясы танымдық іс-әрекет заңдары мен заңдылықтарын
зерттейді. Әлемді тану мүмкіндіктері және оның заңдары туралы мәселені
философиялық шешу тарихи өзгеріп отырды, онда әрбір тарихи дәуірде
жекелеген ғылымдар жинақтаған дүние туралы білім деңгейі көрінеді.
Философиялық білім араларында таным процесі мазмұны анықталатын танымның
субъект және объектісі қарастырады. Танымның объектісі болып шындықтың өзі
немесе оның субъектіден тәуелсіз тіршілік ететін үзіндісі болып табылады.
Объект – қандай да бір затқа бағытталған әрекет. Объект – субъект
белсенділігі сіңірілетін өріс. Таным субъектісі болып өз тарихи дамуындағы
адам және адамзат болып табылады. Субъект өзін объектімен байланыстырып,
материалдық, мақсатқа лайықты әрекетті тасушы ретінде көрінеді. Субъект –
мақсатты болжап, шындықтың өзгеруін жүзеге асыратын белсенді де дербес
тіршілік иесі. Алайда, объективті шындық та субъектінің өзімен белсенді
танымдық қатынасқа таным түсетіндіктен, таным объектісі болады [2].
Таным процесі түрлі қиындықтарды жеңумен байланысты, таным
барысындағы қиындықтарды жеңу, бұл үшін қажетті ерік күшін жұмсау жеке
тұлғаның өзінің танымдық әрекетін нысаналы түрде және саналықпен реттеуін
талап етеді. Еріктің болуы жеке тұлға үшін елеулі, маңызды мақсаттар мен
міндеттердің болуымен байланысты. Мақсаткерлік адамның ерік мінез-құлқының
негізгі нысандарының бірі, жеке адамның ерік күшін іске асыру үшін зор
маңызы бар. Алға мақсат қою және оны қабылдау – жеке тұлғаның мақсатқа жету
жөніндегі бұдан былайғы ерік күшін айқындайтын кезең болып табылады.
Таным мен оқу процесі арасында болатын маңызды ерекшеліктер:
- Таным – бұл қоғамдық-тарихи категория. Көптеген ғасырлар бойы
ғалымдар табиғат, қоғам және адам ақыл-ойының біршама заңдылықтарын ашты.
Яғни, ғалымдар жаңалықты тұңғыш күйінде таниды, сондықтан да ондай таным
толық болмайды. Ал оқу процесінде оқушылар бұрыннан белгіліні жаңалық деп
қабылдайды, ғылым жинақтаған түсінік, ұғым, деректерді игереді. Олар өздері
үшін бұрыннан белгілі шындықты қайтадан ашқан сияқты болып, шәкірттердің
дара мүмкіндіктері мен ерекшеліктеріне орайластырылған, дидактикалық
бейімге келтірілген әрі қарай қарапайымдастырылған материалдарды меңгерумен
айналысады. Сонымен бірге оқу барысындағы таным міндетті түрде, мейлі
тікелей не жанама, мұғалімнің көмегінің болуын керек қылады, ал ғылым
тұлғааралық қатынастарды көбіне қажет етпейді.
Танымдық іс-әрекет – оқушылардың білімге деген өте белсенді ақыл-ой
әрекеті.
Оқушылардың танымдық іс-әрекеттерінің өзіне тән ерекшеліктері болады:
1. Таным процесінің ғылымдағы объектісі – белгісіз құбылыстар.
Оқушылар ғалымдар зерттеген жүйені өздігінен оқу арқылы танып біледі.
Оқушылар оқытуда адамзаттың танымдағы өткен жолын өтпейді. Олар ғылымның
ашылған жаңалықтарын, ақиқат жетістіктерін игереді. Ол игеретін білімдер
кездейсоқтықтардан тазартылған, жүйеленген, сенімді. Мұғалім оқушыларды
ғылымдағы таластармен танысытырады. Сол арқылы оқушыларды ғылыми
ізденістерге ынталандырады.
2. Оқушылардың таным процесі үнемдірек. Ғалымдардың, әдіскерлердің,
мұғалімдердің көмегімен, оқытудың тиімді жолдары арқылы білім беру
қарастырылады, әрбір мектеп пәні бойынша маңызды білімдер мазмұны іріктеліп
алынады.
3. Оқыту процесінің ерекшелігі оқушылардың оқуды әрі қарай
жалғастыруға, өз бетінше ізденуіне, еңбек әрекетіне дайындалуына, қажетті
іскерлік пен дағдыны игеруіне мұғалімнің басшылығымен оқушының өз бетінше
оқу әрекетінің өзара байланысы негізінде жүзеге асатын мұғалім үшін де
таным процесі болып табылады.
Оқудағы таным процесінің әрбір буыны өзіне тән сапалы белгісі бар
процестер. Сонымен бірге, оның әрқайсысы білімді қабылдауда оны дамытуда
маңызды рөл атқарады. Демек, оқыту процесінің сатылары, өзара бір-бірімен
байланысты, тұтас, толық таным процесі екені – табиғи заңдылық (1-сурет).

Оқу танымдық іс-әрекет – оқушының білім алуға деген белсенді ақыл-ой
әрекеті. Мектеп оқушыларының оқу-танымдық іс-әрекеттерін жетілдіру
мәселелеріне педагогтардың, психологтардың көптеген еңбектері арналған. Бұл
мәселенің кейбір жақтары сонау көне замандардан бастау алатыны жөнінде айта
кеткен ләзім. Сократтың өзі-ақ оқыту процесінде оқушылардың оқу-танымдық іс-
әрекетін белсендіруді арнайы басқарып отырудың қажеттігі жөнінде айтып
кеткен болатын. Кейіннен бұл идеяларды ежелгі Рим философтары өз
еңбектерінде жалғастырды. Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін
белсендірудің маңыздылығын Я.А. Коменский, И. Г. Песталоцци мен А.
Дистервегтің, Н.Г Чернышевскийдің және т.б. еңбектерінде одан әрі
дамытылып, тереңдетіледі. Мәселен, А Дистерверг оқу-танымдық іс-әрекетін
белсендіру баланың ақыл-ой қабілетін дамытудың аса маңызды құралдарының
бірі деп есептейді [3,4,5,6].
Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендірудің маңыздылығы
жөнінде құнды пікірлерді Ф. Бэкон, Ф. Рабле, М. Монтень, Д. Локк,
Я. А. Коменский, Ж.Ж.Руссо, К. Гельвеций, Д. Дидро, А. Ловуазье,
И.Г.Песталлоций, И. Кант және т.б. еңбектерінде көрсеткен [7].
М. Монтень оқу-танымдық іс-әрекеттің маңыздылығын, оқытушының басшылық
рөлі жөнінде былай деген: Оқушы мұғалімнен алған білімін түгел сүзгіден
өткізіп, өз бетінше талдау жасату қажет. Соның нәтижесінде оның білуге
құштарлығы дамиды [3].

Сурет 1 – Таным процесі мен оқу процесінің ерекшеліктері мен мәні

Я. А. Коменский: Заттың не құбылыстың түп тамырына жету, анықтау
қабілетін дамыту, оны шынайы түсіну және оны қолдана білу қажет,-деп
ерекше атап көрсеткен. Сонымен қатар, танымдық іс-әрекетті белсендіру
әдістемесін жасап, оны былай көрсеткен: Таным бастамасы - сезімнен, бала
сезіне білмесе, оның ой-өрісінде ешқандай өзгеріс болмайды. Оқытуды зат
туралы сөзбен емес, сол затты бақылау арқылы шәкірттің ойын дамыту керек.
Мен өз шәкіртімнің әрқашанда өз бетінше бақылауын, практикада өз бетінше
тұжырым жасауын дамытуды – білім берудегі негізгі жетістікке жету құралы
ретінде қарастырамын,-деп ерекше атап көрсетті [4].
Ж. Ж. Руссо тәрбие мақсатын аша отырып, оқу-танымдық, ізденімпаздық
іс-әрекетін белсендірудің маңыздылығын көрсетіп берді [6].
Ж.Ж. Руссо идеясы И. Г. Песталоццидің еңбектерінде өз жалғасын
тапты. И. Г. Песталоцци оқыту әдісінің жалпы психологиялық жағын
қарастыруды және сол арқылы ғана адамның дамуын жүзеге асыруға болады деп
есептеді. Адамның әрбір сөзі, әрбір іс-әрекеті деп, - жазды ол,- бұл оның
бақылаулары нәтижесінде қалыптасқан ой-өрісінің жемісі. Осы пікірге
сүйене отырып, ол алғаш рет баланың оқу-танымдық іс-әрекетіне әсер
ететін оқытудың эвристикалық әдістемесін жасайды [6].
Н. Г. Чернышевский еңбектерінде де оқушылардың оқу-танымдық іс-
әрекетін белсендірудің мәні айтылады. Ол: Егер біздің балаларымыз шын
мәнінде білімді боламын десе, білімді өз бетімен игере алуы, ізденуі
керек,- деп жазды [5].
Оқушының оқу-танымдық іс-әрекетін белсендірудің маңызын ашуда К.
Д. Ушинскийдің еңбектері көп үлес қосты. Дүниеде барлық болып жатқан
құбылыстарды, заттарды салыстыру арқылы ғана білеміз, егер бізге еш
нәрсемен салыстыруға болмайтын, еш нәрседен айыруға болмайтын бір жаңа зат
кездессе, біз бұл зат туралы бірде – бір пікір, бір ауыз сөз айта алмаған
болар едік, - деп танымдық іс-әрекетті белсендіру қажеттігін көрсетеді
[8].
Материалдың көлемін, сипатын және оқыту әдістерін анықтауда
оқушылардың ерекшеліктерін, олардың ой-өрісі мен қабілеттерін қатаң еске
алуды, материалдың біртіндеп және тізбектеп берілуін әрдайым сақтап
отыруды, мазмұндауларда да анықтамаларда да, қорытындылар мен тұжырымдардың
анық та дәл айтылуын талап етті. Сондай-ақ шәкірттердің ойлау қабілетін
дамытудың және өздігінше білім алу дағдыларын қалыптастырудың маңызды
құралы ретінде оқушылардың өздігінен істейтін жұмысына зор маңыз берді.
К.Д.Ушинский еңбектерінде ақыл-ой әрекеті оқушылардың оқуға
икемділігі, оқуға деген ұмтылысы мен қажетсінуі түрінде көрініс береді. Ол
ақыл-ойды қандай бағытта, қандай формада дамыту керектігі туралы қарастыра
отырып, өз еңбектерінде оқушының оқу процесінде ақыл-ойын дамыту мен
тәрбиелеудегі жағдайларға ерекше мән берді. Ақыл-ойды дамыту мен
тәрбиелеудегі ең негізгі дидактикалық шарт - мұғалім мен оқушының оқу
процесіндегі еңбегін дұрыс бөлу деп түсіндіреді [8].
Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіруде мұндай ішкі
мүмкіндіктерді зерттеудің маңызы зор.
Ағартушы - ғалым Ш. Уәлиханов өз еңбектерінде жалпы халыққа білім
беру және көздеген ой-пікірі, негізгі мақсаты - білім беру, оқыту, оқудың
танымдық негізін қалыптастыру болды [10].
Қазақтың аса көрнекті ағартушы педагогы Ы. Алтынсарин қазақ
мектептерінде оқыту мәселесін жетілдіруде көп үлес қосты. Алтынсариннің
пікірінше, педагогикалық жұмыстағы ең шешуші нәрсе: мұғалімнің жоғары
үлгідегі оқыту әдістерін таба біліп, оқушылармен тіл табыса біліп, дұрыс
сөйлей білуінде. Үлгілі жолға қойылған, дұрыс тәртібі бар жаңа типті
мектеп оқушыларды қызықтырып, оларды мәдениетке, жұмысқа және айналасын, өз
ортасын тануға, ой еңбегіне үйретуі тиіс,-деп көрсеткен [11].
Алтынсарин еңбектерінің маңызы қазақ мектептеріне байланысты
дидактикалық міндеттерді қоя білу, оқу-танымдық іс-әрекет жолдарын табу,
белсендірудің тиімді әдіс-тәсілдерді жетілдіру саласында оның еңбектері аса
маңызды болып табылады. Алтынсарин мұғалімнің міндеттері туралы нұсқаулары
- оларға қалай оқыту керектігі, оқушылармен болатын байланыс, олардың қалай
оқу керектігі - оның өз заманындағы оқыту әдістемесін терең және жан-жақты
білгенін көрсетеді. Ол: Баланың әрбір еңбегі құр босқа жаттауға жұмсалмай,
мағыналы және жүйелі болуы керек, - деп жазды. Ы. Алтынсарин шәкірттің
танымдық іс-әрекетінде оқыту әдістері мен тәсілдерінің маңыздылығына ерекше
тоқталды: ... оқыту әдістері-балалардың жүре келетін мектепке, сабаққа,
кейіннен ғылымға, өз бетімен білім алуға құмарландыратын жол –деп атап
көрсетті. Әсіресе, танымдық іс-әрекетте мұғалімнің басшылық рөліне мән
берді: Мұғалім балалармен істес болады: егер олар бір нәрсені түсінбесе,
онда мұғалім шәкірттерді кінәламай, оларға дұрыс түсіндіре алмағаны үшін
өзін-өзі кінәлауы керек. Мұғалім балалармен сөйлескенде ашуланбай,
күйгелектенбей, сабырлықпен сөйлеп, шұбалаңқы сөздер мен керексіз
терминдерді қолданбастан, әрбір затты ықыласпен қарапайым тілмен түсіндіруі
керек, - деп жазды [11].
Баланың жас кезінен-ақ танымдық әлемін кеңейту, сол бағытта әрекет
ету маңыздылығы қазақ халқының ұлы ойшыл ақыны А. Құнанбаевтың да
еңбектерінде көрініс тапты. Мысалы, Абайдың Жетінші қара сөзіндегі ақыл-
ой белсенділігі туралы пікірін айта кетелік: Жас бала анадан туғанда екі
түрлі мінезбен туады. Біреуі - ішсем, жесем, ұйықтасам деп туады. Бұлар-
тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды, hәм өзі
өспейді, қуат таппайды. Біреуі - білсем екен деп, не көрсе соған талпынып,
жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дәмін татып қарап,
тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, дауысына ұмтылып, онан
ер жетіңкірегенде ит үрсе де мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да
тұра жүгіріп Ол немене?, Бұл немене? деп, Ол неге үйтеді?, Бұл неге
бүйтеді?- деп көз көрген, құлақ естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді.
Мұның бәрі - жан құмары білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген
[12].
Ағартушы педагог С. Торайғыров халықты, жастарды оқуға дүниетануға,
өнеркәсіп үйренуге, мәдениетке жетуге, өнерлі, прогресшіл елдерден
үйренуге, үлгі алуға, ілгері өрлеуге, дамыған елдермен теңесуге шақырып,
шәкірттердің оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіру жөнінде құнды пікірлер
айтқан [13].
Халқымыздың көрнекті өкілдерінің бірі Ш.
Құдайбердиев,
Ш. Уәлиханов, А. Құнанбаев, Ы. Алтынсариндердің ғылым-білім жолына салған
арна-дәстүрді әрі қарай жалғастырды. Шәкәрімнің ұсынған жолы - адалдық және
ғылымды меңгеру. Берілген білім шәкірттің ойлау белсенділігін, ақыл-
парасатын дамыту қажет деген бағдарды ұстанды. Берілетін білім мен оның
тәлімдік-тәрбиелік ғибрат жолын бөлмей бірлікте қарауға ерекше мән берді.
Оқытудың әдіс-тәсілдеріне уақыт деңгейі тұрғысынан қарап, білім алудың
өнегелі жолын айқын көрсетті. Демек, ұстаздың беретін білімі де тәрбиелік
тәлімі де шәкіртінің шамасына үйлеспесе, нәтиже болмайтынын баса айтып:
Оқыту мен үйрету зорлау, күштеу емес, баланың дербес ерекшелігі мен
бейіміне қарай жүргізілсе дұрыс болады,- деп көрсетіп, бар білімнің түп
атасы - ақыл деп қорытындылаған [14].
Сонымен қатар А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ж. Аймауытов,
М. Жұмабаев сынды қазақ педагогтары да оқу-танымдық іс-әрекет туралы
аса құнды пікірлер айтқан .
А. Байтұрсынов өзінің барлық саналы өмірін қазақ жерінде білім-
ғылымның дамуына ат салысып, ауыл мектебінде бала оқытып, мектеп ісінің
жанданып, кемелденуіне бағыштап тәрбие, оқу-танымдық жұмыстарын жетілдіру
саласында көп ізденіп, еңбектер жазды.
А. Байтұрсынов Қазақ газетінде (1914 ж), Мектеп керектері деген
мақаласында : ...Ең әуелі мектепке керегі - білімді, педагогика методикадан
хабардар, оқыта білетін мұғалім. Екіншісі - оқыту ісіне керек құралдардың
қолайлы hәм сайлы болуы. Құралсыз іс істелмейді, hәм құралдар қандай болса,
істеген іс те сондай болмақшы. Үшінші - мектепке керегі белгіленген
бағдарлама. Әр іс көңілдегідей болып шығу үшін оның үлгісі я мезгілді
өлшеуі болу керек. Үлгісіз я өлшеусіз істелген іс - ол я артық, я кем
шықпақшы... -деп оқытудың дидактикалық принциптерін ғылыми тұрғыда нақтылы
белгілеп берді. Ол: Бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алуы керек.
Мұғалім балаға жұмысты әліне қарай шағындап беру мен бетін белгіленген
мақсатқа қарай түзетіп отыру керек,-деп оқушының танымдық іс-әрекетінде
дұрыс бағыт-бағдар беріп отыру қажеттігін атап көрсеткен [15].
Ж. Аймауытов болашақ ұрпақты озық жетістіктерге тәрбиелеуде, олардың
оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіруде, оларға білім беру процесінде сол
халықтың мінез-құлқымен, тұрмыс- салтын, әдет-ғұрпын еске ала отырып
жүргізу қажеттігін айтты [13].
М.Жұмабаевтың Педагогика кітабы қажетті де ғажап дүние, ана
тілімізде жазылып, ғылыми әлемді елең еткізген туынды. Ол : Бала заттарды,
көріністерді, ұқсас сындары бойынша топ-топқа бөліп үйренсін, жеңілден
ауырға көшуді естен шығармауы керек. Көріністердің, олардың аралығындағы
байламды hәм олардың қайсысына себеп екенін тауып үйренсін. Бұл балаға
мысалдардан ереже- заң шығартқызып үйрету сықылды істермен болады,-деп
жазды [7].
Жоғарыдағы шолудан айқын көріп отырғандай, ұлы педагогтардың
еңбектерінде баланың түсінуіне, ұғуына жеңіл етіп шебер түсіндіру,
қызықтыра білу, оқыту арқылы оқуға, білім алуға қызықтыруды, оқушылардың өз
бетімен жұмысын ұйымдастыруды, білімдерін үздіксіз жетілдіруді қажетсінуін
дамыту мен оқу-танымдық іс-әрекетте белсенділігін қалыптастыру
қажеттілігіне нақтылы тоқталады.
Ресейде кеңес үкіметінің алғашқы жылдарындағы көптеген ғалымдар мен
мемлекет қайраткерлері еңбектерінде оқыту үрдісіндегі оқушының оқу-танымдық
іс-әрекетін белсендіруді дамыту мәселелері көтерілді
(А. В. Луначарский, М. И. Калинин, Н. К. Крупская, П. П. Блонский және
т.б.) [18].
Алайда, оқу-әдістемелік және психология-педагогикалық әдебиеттерге
жүргізілген талдаулар бұқаралық мектепте 50-жылдарға дейін догматизм үлесі
басым болған көрнекі құралдармен түсіндіріліп оқытылғандығын көрсетеді. 50-
жылдардан бастап, ғылыми-техникалық жандану, мектеп пен өмірдің байланысуы
сияқты факторлардың ықпалымен дидакттар мен әдіскерлердің танымдық іс-
әрекет теориясына деген ықыласы қайтадан күшейе түседі.
Соңғы кезеңде бұл мәселе жөнінде Г. И. Шамова, Е. Б. Ястребова, М. И.
Махмутов, И. Я. Лернер, Г. Н. Кулагина, Б. П. Есипов, Г. И. Щукина, Н. А.
Половникова, Т. Сабыров, А. Е. Әбілқасымова, С. Смайлов, Р. С. Омарова,
т.б. зерттеулер жүргізді .
Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіруді оқу
процесіндегі маңызды педагогикалық шарттары ретінде қарастырады. Сонымен
қатар, оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіру ұғымының мазмұндарына авторлар
әр түрлі түсініктеме берген.
Өзінің еңбегінде бұл көзқарастарға талдау жасай отыра, Т. И. Шамова
екі ұғымды бір - бірінен бөліп - жарып қарауға болмайтындығын атап
көрсетеді. Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіруге төмендегідей
түсінік беріп: Біз оқу-танымдық іс-әрекетті белсендіру шәкірттің ақыл-ой
және дене қуатын жай ғана жұмылдыруына жатқызбаймыз, қайта оны жеке тұлға
әрекетінің сапасы ретінде қарастырамыз, бұл сапа шәкірттің әрекет мазмұны
мен процесіне көзқарасында, оның білімді және іс-әрекет тәсілдерін оңтайлы
қысқа мерзімде тиімді игеруге ұмтылуында, мінез-құлық, ерік-жігерін оқу-
танымдық мақсаттарға жұмылдыруында көрініс табады,-деп атап көрсетеді
[15].
Н. А. Половникова: Оқу-танымдық іс-әрекеттің мәні - мектеп
оқушысының білімді игеруде өз күшімен талаптануы,-дейді [7].
М. И. Махмутов: Оқу-танымдық іс-әрекет-шәкірттің ақыл-ой белсенділігі
және оның өз бетінше ізденіп оқуына мүмкіндік беретін әрекеті,-деп
қарастырған [2].
Оқу іс-әрекеті-мектеп жасындағы балалардың негізгі таным әрекеті (2-
сурет). Баланың жалпы психикалық дамуы – мектептегі оқу мен оның өздігінен
оқуы - на тығыз байланысты. Баланың оқу қабілеті оқу процесінде ерекше
дамиды. Білім мен ойлау арасында тығыз байланыс бар. Оқушының ақыл-ой
қабілетін қалыптастыру үшін білім мен ойлаудың өзара әсері өзара байланыс
ерекшеліктерін білген жөн. Білім мен ойлау ақыл-ой тәрбиесінің негізгі
шарты мен құралдары деуге болады.

Сурет 2 – Іс-әрекеттің мәні
Балалардың ойлау қабілеті олардың оқу әрекеті және мектептегі ғылыми
білім беру процесінде қалыптасады. Тәрбиешілер мен ата-аналар балалардың
оқуына дұрыс басшылық ету үшін, оқу әрекетінің ерекшеліктерін білуі, оның
ойыннан, еңбек әрекетінен айырмашылығы бар екенін есте сақтауы керек.
Баланың оқу іс-әрекеті мазмұнына мыналар кіреді: ғылыми ұғымдар мен
ғылыми заңдарды түсіну және практикалық міндеттерді шешуге бағытталған
ойлаудың жалпы амал тәсілдерін меңгеру. Осыған орай, балалардың, ғылыми
білімді және дағдыларды меңгеруі олардың оқу әрекетінің негізгі мақсаты
мен нәтижесі болып табылады. Оқу іс-әрекетінің белгілі құрылымы мыналар:
1. оқу міндеттері (немесе тапсырмалары);
2. оқу әрекеттері (баланың қолданатын нақтылы практикалық және ой
тәсіл - амалдары);
3. бақылау (оқушылардың өзін-өзі қадағалап, тексеріп отыруы);
4. бағалау (мұғалімнің және оқушының өзіне-өзі берген бағасы).
Осындай күрделі оқу іс-әрекетіне байланысты оқушылардың ойлау
қабілеті қалыптасады. Олардың дамуына ең алдымен оқыту, оқыту мазмұнының
ерекшеліктері (оқу материалының нақтылық және теориялық сипаты, жеңілдігі
мен күрделілігі т.б) әсер етеді.
В.В Давыдов: Барлық мектеп жасындағы оқушыларға тән оқу іс-әрекеті
олардың көрсетілген мазмұнды игерулерімен байланысты, - дейді. Көптеген
зерттеулер нәтижесінде оқу іс-әрекетіне психологияда төмендегідей түсінік
береді [6].
Оқу іс-әрекеті түсінігі үнемі бір жақты түсінік деп айтуға
келмейді. Кең мағынада алғанда ол кейде үйренудің, оқудың және тіпті
оқытудың синонимі ретінде қарастырылады. Тар мағынада, Д.Б. Эльконин, В.В.
Давыдов, А .К. Маркова жұмыстарында оқу іс-әрекеті түсінігі, субьектінің
оқу пәніне деген, С.Л. Рубинштейн бойынша түсіндірілетін, бүкіл оның
барысындағы ерекше жауапкершілік қатынаспен теңестіріле отырып, іс-
әрекетік мазмұн мен мағынаға толады [6].
Б.Б Эльконин бойынша, оқыту іс-әрекеті – бұл өз мазмұны жағынан
ғылыми түсініктер саласындағы әрекеттің жалпыланған тәсілдерін игеру
болатын іс-әрекет, мұндай іс-әрекет сәйкес түрткілермен сипатталуы керек.
Осындай мотивтер ретінде әрекеттердің жалпыланған тәсілдері бола алады
немесе, басқаша айтқанда өзіндік өсу, өзіндік шыңдалу мотивтері. Егер де

оқушыларда осындай мотивтерді қалыптастыра алған жағдайда, онда жаңа
мазмұнға тола отырып, іс-әрекеттің жалпы түрткілері, яғни мектеп оқушысының
қоғамдық мәнді және қоғамдық бағалы іс-әрекетті жүзеге асыру позициясымен
байланысты түрткілері қуатталады [7 ].
Оқу іс-әрекеті, олай болса, іс-әрекеттің ерекше түрі ретінде
қарастырылады. Ол іс-әрекеттің субьектісі ретінде үйренушінің өзіне
бағытталады, оның әлеуметтік – мәдени тәжірибені қоғамдық пайдалы,
танымдық, теориялық және практикалық іс-әрекеттің әр түрлері мен
формаларында саналы, мақсатты игеруі арасында тұлға ретінде қалыптасуы,
дамуы және шыңдалуы. Үйренуші іс-әрекеті терең жүйелі білімдер игеруіне,
әрекеттің жалпыланған тәсілдерін өңдеуге және де оларды түрлі жағдайларда
адекватты және шығармашылық түрде пайдалануға бағытталған.
Оқу іс-әрекетінің, оны оқудың басқа формаларынан ажырататын үш
негізгі сипаттамалары белгіленеді:
1. ол оқу материалын игеруге және оқу міндеттерін орындауға әдейі
бағытталған;
2. онда әрекеттердің жалпы тәсілдері мен ғылыми түсініктерді игеру
(мектепке дейін игерілген тұрмыстық түсініктерге қарағанда);
3. әрекеттің жалпы тәсілдері міндеттерді орындаудың алдын алады;
4. оқу іс-әрекеті субьектісінің өзін өзгеріске түсіреді;
5. үйренушінің психикалық қасиеттері мен мінез – құлқының оның өз
әрекеттерінің нәтижелеріне байланысты өзгеруі. Осылайша, оқумен теңестіре
отырып, оқу іс-әрекетінің бес сипаттамасы жайлы айтуға болады.
Оқу іс-әрекетінің, үйренушілердің әрекеттің жалпыланған тәсілдерін
игеруі, олардың мұғалімнің оқу әрекеттері арқылы әдейі қойған оқу
міндеттерін орындау арқасында өзіндік дамуы іс-әрекеті ретіндегі
анықтамасын негізге ала отырып, оның іс-әрекеттік сипаттамаларын
қарастырайық. Ең алдымен, Д.Б. Элькониннің ізімен оның қоғамдық сипатын
атап өтейік: мазмұны бойынша, адамзат жинақтаған мәдениет пен ғылымның
барлық байлықтарын игеруге бағытталған; мағынасы бойынша, ол қоғамдық мәнді
және қоғамдық бағалаушы; формасы бойынша, ол оқытудың қоғамдық өңдірілген
нормаларына сәйкес және арнайы қоғамдық мекемелерде өтеді, мысалы:
мектептерде, гимназияда, колледждерде, институттарда. Кез-келген іс-
әрекеттер сияқты оқу ісі әрекеті саналы түсіндірілгендігімен сипатталады
және оның белгілі бір құрылымы мен мазмұны бар.
А.Е. Әбілқасымованың пікірінше, оқу іс әрекетінде оқу міндеттері
шешіліп, мотив, танымдық белсенділік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жетім балалар үйіндегі балалардың әлеуметтенуінің анықтау кезеңіндегі эксперимент нәтижелерінің салыстырмалы көрсеткіші
Оқытудың кредиттік жүйесінде студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыру
Танымдық дидактикалық ойындар
Бәсекеге қабілетті болашақ мамандардың креативтік іс-әрекеттерін белсендірудің педагогикалық – психологиялық шарттары
Оқыту оқушы мен мұғалімнің өзара бірлесіп жасайтын әрекетінен тұратын күрделі процесс
Оқушылардың танымдық және өзіндік жұмыстарының ерекшеліктері
Бастауыш сынып оқушыларына ойындарды қолдану арқылы белсенділікке тәрбиелеудің педагогикалық шарттары мен тиімді жолдарын айқындау
Шет тілін оқытуда бастауыш сынып оқушыларының танымдық қабілеттерін дамыту
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлауда оқытудың белсенді әдістерін жүзеге асырудың дидактикалық жағдайлары
Мұғалімнің басшылығымен сабақ барысында оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру үрдісі
Пәндер