Таным процестері



І. Кіріспе.

ІІ. Негізгі бөлім.
2.1. Түйсіктер.
2.2. Қабылдау.
2.3. Ес.
2.4. Ойлау.
2.5. Сөйлеу.
2.6. Қиял.
2.7. Эмоциялар мен сезімдер.
2.8. Ерік.

ІІІ. Қорытынды.
Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттерінің сезім мүшелеріне тікелей әсер етуінен пайда болған мидағы бейнелерді түйсік деп атайды.
Сыртқы дүниені танып білу түйсіктен басталады. Ол білім атаулының алғашқы көзі. Мәселен, жолдасыңнан көзін жұмуын өтініп, оның алақанына белгісіз бір затты тигізсең, сосын одан оның не екенін сұрасаң, ол: «қатты, жылтыр, мұздай, жұмсақ, жылы, кедір-бұдыр бір нәрсе» деп жауап береді. Заттың нақты атауы емес, тек түрлі қасиеттерін білдіретін осы тітіркеністері түйсік болып табылады.
И.П.Павловтың жүйке қызметі туралы ілімі түйсіктердің пайда болуын анализатор (талдағыш) деп аталатын анотомиялық-физиологиялық жүйке ақпараттарының жұмысына байланысты түсіндіреді. Адамдар мен жануарларда көптеген анализаторлар бар. Олардың қай-қайсысы болмасын (көру, есту, қозғалыс) үш бөліктен түрады.Біріншісі сезім мүшесі (рецептор). Сезім мүшесі сырттан келген тітіркендіргішті жүйелік қозғауға айналдырып отырады. Екінші бөлігі ─ миға баратын жүйке талшықтары. Олар секундына 120 метр тездікпен рецепторларға түскен қозуларды мидың түрлі бөлігіне жеткізіп отырады. Анализатордың үшінші компоненті ─ мидағы түрлі жүйке орталықтары. Олар тітіркендіргіштерді айыра алуға қабілетті.

Түйсіктердің негізгі заңдылықтары.
Психологияда адамдардың түйсінуіне алу қабілетін сезгіштік деп аталады. Сезгіштік: 1)абсолюттік; 2)айырма сезгіш деп екіге бөледі. Абсолюттік сезгіштік дегеніміз ─ сезім мүшелерінің өте әлсіз тітіркендіргіштерді түйсіне алуы. Абсолюттік табалдырық ─ түйсік табалдырығының шегі. Түйсік табалдырығының шамасы азайған сайын адамның абсолют сезгіштігі арта түседі. Егер тітіркенудің шамасы табалдырықтан төмен болса жатса, онда түйсік пайда болмайды. Мәселен, адам денесіне қонған тозаңды сезе алмайды, көз ультра күлгін сәулелерді көрмейді, құлақ әлсіз дыбыстарды естімейді.
Айырма сезгіштік деп ─ сезім мүшелерінің тітіркендіргіштердің арасындағы болмашы айырмашылықты түйсіне алуын айтады. Айыру табалдырығы түйсіктің түрлерінде әр ьүрлі болып келеді. Мәселен, жарықты айыратын табалдырықтың күші 1/100 тең. 100 шамдық жарық күшіне тағы бір шамды жарық қосылса, сонда жарықтың аздап та болса артықтылығы байқалады.

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Таным процестері.

Жоспар.

І. Кіріспе.

ІІ. Негізгі бөлім.
2.1. Түйсіктер.
2.2. Қабылдау.
2.3. Ес.
2.4. Ойлау.
2.5. Сөйлеу.
2.6. Қиял.
2.7. Эмоциялар мен сезімдер.
2.8. Ерік.

ІІІ. Қорытынды.

Түйсіктер туралы жалпы ұғым.
Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттерінің сезім
мүшелеріне тікелей әсер етуінен пайда болған мидағы бейнелерді түйсік деп
атайды.
Сыртқы дүниені танып білу түйсіктен басталады. Ол білім атаулының
алғашқы көзі. Мәселен, жолдасыңнан көзін жұмуын өтініп, оның алақанына
белгісіз бір затты тигізсең, сосын одан оның не екенін сұрасаң, ол: қатты,
жылтыр, мұздай, жұмсақ, жылы, кедір-бұдыр бір нәрсе деп жауап береді.
Заттың нақты атауы емес, тек түрлі қасиеттерін білдіретін осы
тітіркеністері түйсік болып табылады.
И.П.Павловтың жүйке қызметі туралы ілімі түйсіктердің пайда болуын
анализатор (талдағыш) деп аталатын анотомиялық-физиологиялық жүйке
ақпараттарының жұмысына байланысты түсіндіреді. Адамдар мен жануарларда
көптеген анализаторлар бар. Олардың қай-қайсысы болмасын (көру, есту,
қозғалыс) үш бөліктен түрады.Біріншісі сезім мүшесі (рецептор). Сезім
мүшесі сырттан келген тітіркендіргішті жүйелік қозғауға айналдырып отырады.
Екінші бөлігі ─ миға баратын жүйке талшықтары. Олар секундына 120 метр
тездікпен рецепторларға түскен қозуларды мидың түрлі бөлігіне жеткізіп
отырады. Анализатордың үшінші компоненті ─ мидағы түрлі жүйке орталықтары.
Олар тітіркендіргіштерді айыра алуға қабілетті.

Түйсіктердің негізгі заңдылықтары.
Психологияда адамдардың түйсінуіне алу қабілетін сезгіштік деп
аталады. Сезгіштік: 1)абсолюттік; 2)айырма сезгіш деп екіге бөледі.
Абсолюттік сезгіштік дегеніміз ─ сезім мүшелерінің өте әлсіз
тітіркендіргіштерді түйсіне алуы. Абсолюттік табалдырық ─ түйсік
табалдырығының шегі. Түйсік табалдырығының шамасы азайған сайын адамның
абсолют сезгіштігі арта түседі. Егер тітіркенудің шамасы табалдырықтан
төмен болса жатса, онда түйсік пайда болмайды. Мәселен, адам денесіне
қонған тозаңды сезе алмайды, көз ультра күлгін сәулелерді көрмейді, құлақ
әлсіз дыбыстарды естімейді.
Айырма сезгіштік деп ─ сезім мүшелерінің тітіркендіргіштердің
арасындағы болмашы айырмашылықты түйсіне алуын айтады. Айыру табалдырығы
түйсіктің түрлерінде әр ьүрлі болып келеді. Мәселен, жарықты айыратын
табалдырықтың күші 1100 тең. 100 шамдық жарық күшіне тағы бір шамды жарық
қосылса, сонда жарықтың аздап та болса артықтылығы байқалады.
XIX ғ. орта шенінде өмір сүрген неміс ғалымдары Э.Вебер (1795-1878)
мен С.Фехнер (18011887) тітіркендіргіштердің күшімен адам түйсігінің
арасындағы байланысты заң түрінде тұжырымдады. Мұны түйсіктің
психофизикалық заңы деп атайды.
Сезім мүшелерінің сезгіштігі әсер етуші тітіркендіргіштерге біртіндеп
бейімделуге байланысты да өзгертіп отырады. Бұл құбылысты адаптация деп
атайды.
Мәселен, жарық жерден қараңғы үйге кіру бізде қараңғылықтың
адаптациясын туғызады. Жарық жерден қараңғы ибуөлмеге кіргенде көздің
қарашығы 17 есе үлкейеді.
Адаптация тері түйсіктерінде де күшті байқалады.Мәселен, судың бір
қалыпты бір қалыпты салқындығына дене тез уақыт ішінде төселеді де, адамның
терісі суыққа тітіркенбейтін болады.
Егер адаптация анализаторлардың сезгіштігінің түрлі жағдайларға
байланысты төмендеуінің көрсеткіші болса, сенсибилизация сезгіштіктің тек
артуын ғана көрсететін құбылыс болып табылады.
Тітіркендіргіштер сезім мүшелерінің біреуінде ғана түйсік туғызудың
орнына сол сәтте басқа түйсіктердің, пайда болуына да жағдай жасайды.
Мәселен, кейбір адамдардың бір қызғылт түстен жылылықты, екіншілері-
көгілдір-жасыл түстен суықты сезінеді. Түйсіктердің осылайша қосарланып
жүруін сенестезия дейді. Синестезия ─ түйсіктердің өзара байланысының
мөлшерден тыс дамыған бір көрінісі.
Тітіркендіргіштердің әсерінен тоқталғанына қарамай, аз ғана уақыт
болса да, түйсіктің өз күшінде қалатын кездерін бір ізді образдар деп
атайды. Бұлар көру, есту, иіс, дәм тактиль түйсіктерінде жиі кездеседі.
Мәселен, адам 2-3 сек бойы көз алмай шамға қарап отырып, содан кейін көзін
жұмса (көзді жұмғанда қабақтан жарық түсірмеу үшін шамды алақанмен қалқалау
керек), жарықтың ізін айқын көре алады. Бір ізді образдардың бұл түрі оң
бір ізді образдар деп аталады.
Түйсіктің түрлері.
Түйсіктің түрлерін үлкен үш топқа бөлуге болады.
І. Сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстардың жеке қасиеттерінің
бейнесі болып табылатын түйсіктер. Осындай сыртқы анализаторлардың
рецепторларын экстрорецептор деп атайды. Бұған көру, есту, иіс, дәм, тері
түйсіктері жатады.
ІІ. Ішкі мүшелеріміздің күйін бейнелейтін түйсіктерге түрлі
органикалық түйсіктер жатады. Олардың рецепторларын интерецепторлар деп
атайды.
ІІІ. Дене мүшелерінің қозғалысы мен бір қалыпты орналасуын қозғалыс
немесе кинестезиялық түйсіктер хабарлап отырады. Мұның рецепторы
пропиорецептор деп аталады.
2.2. Қабылдау туралы жалпы ұғым.
Егер түйсік сыртқгер түйсік сыртқмен құбылыстардың жеке қасиеттері мен
сапаларының миымызда бейнеленуі болса, қабылдау заттар мен құбылыстардың
мида тұтастай бейнеленуі болып табылады.
Қабылдауда заттар мен құбылыстардың түсі, дыбысы, дәмі, иісі, формасы
т.б. қасиеттері тұтас күйінде бейнеленеді. Қабылдау процесінде адамның
өткендегі тәжірибесі ерекше маңыз алады. Сыртқы ортадан адамға дамылсыз
ақпарат келіп отырады. Кісі бұлардың бәрін бірдей дұрыс қабылдай алмайды,
немесе үлгермейді. Егер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жоғары сынып оқушысының танымдық қызығулары және кәсіби анықталуының психологиялық ерекшеліктері
Оқушылардың мамандыққа қызығушылығын диагностикалау
Білім беру жүйесіндегі психологиялық қызмет көрсету
Ғылыми-таным кезеңдері мен деңгейлері. Акселерация және жеке тұлғаның әлеуметтік жетілу мәселесі сараптама
Психологтың мектепке даярлық тобындағы балалармен жүргізілетін жұмысы
Мектепке дейінгілердің жеке басының қалыптасуына және үлкендермен қатынасына келелік
Сана қарапайым жолмен зерттеуге және түсіндіруге келе бермейтін, ерекше нысан
Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойының дамуы
Оқыту барысында баланың көру қабілетінің бұзылуындағы психологиялық ерекшеліктері
Психологтың мектеп алды тобындағы балалармен жүргізілетін жұмысының мазмұны
Пәндер