Қазақстан Республикасының банк жүйесінің қалыптасуы мен дамуы. Екі деңгейлі банк жүйесін құру



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
I тарау. Қазақстан Республикасының банк жүйесі
1.1 Банк жүйесінің қалыптасуы мен дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.2 1930.1932 ж.ж. несие реформасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
1.3 1988 жылғы түбегейлі банк реформасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
II тарау. Екі деңгейлі банк жүйесін құру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
2.1 Ұлттық банк.Қазақстан Республикасының орталық банкі ... ... ... ... ... ..17
2.2 Екінші деңгейлі банктердің қалыптасуы мен дамуы ... ... ... ... ... ... ... ...21
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...36
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..38
Банк жүйесі-нарықтық экономиканың ең маңызды әрі ажырағысыз құрылымы.
Банк жүйесі өзін-өзі реттейтін, «өзін-өзі ұйымдастыратын» жүйенің сипатына ие. Тұтастай алғанда жүйе өзінің әрекет ету саясатын экономикалық, әлеуметтік саяси ахуалдарға қарай өзгертіп отырады. Экономикалық дағдарыс орын алса оған өзінше саясат ұстанады, экономиканың тұрақты даму жағдайына басқа саясатты жүргізеді.
Банк жүйесінің мақсаттары мен міндеттері негізінен тұтас экономиканы басқарудың мақсаттары мен міндеттеріне ұқсас. Алайда, банктер басқарудың қосалқы жүйесі ретінде экономиканы басқарудың жалпы мақсаттарына қол жеткізуді қамтамасыз ететін өзіндік ерекшелігі бар жеке міндеттерді орындайды. Банктердің ролі экономиканы басқарудың органы ретінде өздерінің қызметтерін орындау процесінде және банк ісін ұйымдастырудың жалпы принциптері сақталғанда анықталады.
Әр мемлекеттің банк жүйесі болады, оның дамуы елдегі саяси жағдай мен экономикалық қатынастың және т.б. даму деңгейіне тәуелді.
Ал, біздің мемлекетімізге келетін болсақ, банк жүйесі нарықтық қатынасқа көшуіне байланысты алдынан жаңа мүмкіндіктер ашылды. Осы мүмкіндіктер туралы курстық жұмыста, яғни «Қазақстанның банк жүйесінің қалыптасуы мен дамуы» деген тақырыпта қарастырамын. Бұл курстық жұмыста Ұлттық және коммерциялық банктердің міндеті мен операциялары, банк жүйесінің жоғарғы және төменгі буын арасындағы өзара қарым-қатынасы, Қазақстандағы банк реформасы, Ұлттық банктің ақша-несие саясаты және коммерциялық банктердің қызметін реттеу туралы баяндалады.
Онда нарықтық экономикаға өту кезеңіндегі Қазақстанда экономикалық реформаларды жүргізу барысында банк жүйесінің жаңа қызметінің ролі толық ашылып көрінеді.
1. Ә.Алдаберген «Ақша, күміс ақша-байлықтың, тарихтың, мәдениеттің көзі», // Егемен Қазақстан-2005 мамыр, №15, 6б.
2. М. Абдуллаұлы, //Қазақ елі -2005, 18 тамыз №32, 7 б.
3. М.Мұқаштегі «Қаржы саясат», // Алматы ақшамы – 2002, 6 шілде №74, 1 б.
4. М.С.Саниев «Ақша, несие, банктер», Алматы-2001, №6-19б.б.
5. Ө.К .Шеденов «Жалпы экономикалық теория», Алматы-Ақтөбе, 2002ж. 143б.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

I тарау. Қазақстан Республикасының банк жүйесі

1.1 Банк жүйесінің қалыптасуы мен
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...4

1.2 1930-1932 ж.ж. несие
реформасы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .7

1.3 1988 жылғы түбегейлі банк
реформасы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... 10

II тарау. Екі деңгейлі банк жүйесін
құру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14

2.1 Ұлттық банк-Қазақстан Республикасының орталық
банкі ... ... ... ... ... ..17

2.2 Екінші деңгейлі банктердің қалыптасуы мен
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. .21

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...36

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
38

Кіріспе

Банк жүйесі-нарықтық экономиканың ең маңызды әрі ажырағысыз құрылымы.
Банк жүйесі өзін-өзі реттейтін, өзін-өзі ұйымдастыратын жүйенің
сипатына ие. Тұтастай алғанда жүйе өзінің әрекет ету саясатын экономикалық,
әлеуметтік саяси ахуалдарға қарай өзгертіп отырады. Экономикалық дағдарыс
орын алса оған өзінше саясат ұстанады, экономиканың тұрақты даму жағдайына
басқа саясатты жүргізеді.
Банк жүйесінің мақсаттары мен міндеттері негізінен тұтас экономиканы
басқарудың мақсаттары мен міндеттеріне ұқсас. Алайда, банктер басқарудың
қосалқы жүйесі ретінде экономиканы басқарудың жалпы мақсаттарына қол
жеткізуді қамтамасыз ететін өзіндік ерекшелігі бар жеке міндеттерді
орындайды. Банктердің ролі экономиканы басқарудың органы ретінде өздерінің
қызметтерін орындау процесінде және банк ісін ұйымдастырудың жалпы
принциптері сақталғанда анықталады.
Әр мемлекеттің банк жүйесі болады, оның дамуы елдегі саяси жағдай мен
экономикалық қатынастың және т.б. даму деңгейіне тәуелді.
Ал, біздің мемлекетімізге келетін болсақ, банк жүйесі нарықтық
қатынасқа көшуіне байланысты алдынан жаңа мүмкіндіктер ашылды. Осы
мүмкіндіктер туралы курстық жұмыста, яғни Қазақстанның банк жүйесінің
қалыптасуы мен дамуы деген тақырыпта қарастырамын. Бұл курстық жұмыста
Ұлттық және коммерциялық банктердің міндеті мен операциялары, банк
жүйесінің жоғарғы және төменгі буын арасындағы өзара қарым-қатынасы,
Қазақстандағы банк реформасы, Ұлттық банктің ақша-несие саясаты және
коммерциялық банктердің қызметін реттеу туралы баяндалады.
Онда нарықтық экономикаға өту кезеңіндегі Қазақстанда экономикалық
реформаларды жүргізу барысында банк жүйесінің жаңа қызметінің ролі толық
ашылып көрінеді.

I тарау. Қазақстан Республикасының банк жүйесі

1.1 Банк жүйесінің қалыптасуы мен дамуы

Кеңес үкіметі тұсында Қазақстан одақтас республикалардың бірі
болғандықтан оның дербес банк-несие жүйесі болған жоқ. Қазақстан
территориясында КСРО-ның орталықтанған банк-несие жүйесінің филиалдары мен
бөлімшелері қызмет көрсетті. Сондықтан Қазақстанда банк жүйесінің
қалыптасуы мен дамуы қазан төңкерісіне дейінгі патшалық Ресейдің және КСРО-
ның банк жүйесінің тарихымен байланысты.
Ресейдің банк жүйесі батыс елдердің банк жүйесіне қарағанда әлдеқайда
кеш қалыптаса бастап, өз даму жолында бірнеше кезеңдерден өтті. Алғашқы
банкер 18 ғ. екінші жартысында мемлекеттік (қазыналық) банк түрінде пайда
болып, 19ғ. аяғы және 20ғ. басында Ресейдің банк жүйесі негізінен мынадай
банк-несие мекемелерінен құрылды;
мемлекеттік банк (1860ж.құрылған);
қоғамдық қалалық (252 банк) және жер банктерді;
көп буынды жеке банктер; акционерлік банктер (49филиалдары бар 44
банк), өзара несиелейтін қоғамдар (83), комерциялық банктер (32),
несие-жинақтау серіктестіктері (729)және т.с.с.
Бұлардан басқа банктік операциялардың көпшілігін жүргізіп, сонымен
қатар жоғары қауіпті операциялар жүргізу үшін клиенттердің қаражатын
тартумен шұғылданатын банктік кеңселер, сауда үйлері, айырбастау дүкендері
болды.
1917 ж.қазан төңкерісінен кейін банк ісін ұйымдастыруды мемлекет
монополиялы түрде өз қолына алып, нәтижесінде жеке комерциялық банктер мен
басқа несие мекемелері Мемлекеттік банкпен біріктірілді. Сонымен қатар
Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында кооперативтік, жеке, мемлекеттік-
капиталистік, шетел капиталының қатысуымен мемлекеттік және басқа банктер
құрыла бастады. 1922ж. Тұтыну кооперациясының банктері және Өнеркәсіп банкі
құрылды.
1927ж. акционерлік қоғам үлгісіндегі Сыртқы сауда банкі құрылып,
оның акционерлері мемлекет, кооперативтік және қоғамдық ұйымдар болды. Ол
КСРО-ның Мемлекеттік банкісінің құрамында болып, сыртқы сауда операцияларын
және халықаралық есеп айырысу жұмыстарын жүргізді. Сөйтіп 1925 ж. КСРО-да
Мемлекеттік банк, Өнеркәсіп банкі, Сауда банкі және Ауыл шаруашылық банкі
болды. Сондай-ақ Орталық коммуналды банкі (Цекомбанк), Кооперативтік банк
(Всекобанк) және акционерлік, салалық, аймақтық (Қиыр Шығыс, Орта Азия)
банктер құрылды. Ұсақ тауарлы өндірістің дамуына байланысты өзара несиелеу
қоғамдары, ауыл шаруашылығын несиелейтін қоғамдар, жинақ кассалары,
несиелік кооперативтер пайда болды.
Барлық одақтас республикаларда, оның ішінде Қазақстанда барлық
банктердің республикалық мекемелері ұйымдастырылды. Бұл арада банк ісін
орталықтандырудың принципі қатаң сақталды, банк мекемелері жоғары банк
органдарына бағынды, қандай да бір жергілікті мәні бар ереженің енгізілуіне
үзілді-кесілді тыйым салынды.
КСРО-да банк реформасы 1987-1988 жылдары жүргізілді. Осы реформаның
нәтижесінде КСРО Мемлекеттік банкісінің және КСРО Құрылыс банкісінің
негізінде Өнеркәсіп құрылыс банкісі (Промстройбанк), Аграрлық өнеркәсіп
банкісі (Агропромбанк) және Әлеуметтік тұрғын үй банкісі (Жилсоцбанк)
құрылды. КСРО Мемлекеттік банкісінің құрамына кіретін жинақ касса жүйесінің
негізінде Жинақ ақша банкісі құрылды, ал Сыртқы сауда банкісінің негізінде
Сыртқы экономика банкісі құрылды, осы тұста КСРО Мемлекеттік банкісі
кәсіпорындар мен ұйымдарға кассалық тұрғыдан және несие-есеп айырысу
секілді қызмет көрсетуін тоқтатты. Ол елдің Орталық банкісі боп жарияланды.
КСРО Өнеркәсіп-құрылыс банкісіне (Промстройбанк) несие саясатын
жүргізу, несие жүйесінің тиімділігін арттыру жүктеліп, капитал салымдарын,
сонымен бірге, өнеркәсіптегі, құрылыстағы, көліктегі және байланыстағы,
КСРО Мемлекеттік жабдықтаудағы есеп айырысуларды қаржыландырумен несиелеу
де оның міндетіне кірді. Банк кәсіпорындардың және шаруашылықтың бірлескен
салаларының есеп айырысу, саудалық және басқа да шоттарын жүргізді. Мұндай
кешенді несие-есеп айырысу қызметін аграрлық-өнеркәсіп банкісі, сауда мен
әлеуметтік салалардағы кәсіпорындар мен ұйымдар үшін-КСРО Әлеуметтік тұрғын
үй банкісі жүзеге асырса, ал халыққа КСРО Жинақ банкісі қызмет көрсетті.
КСРО Сыртқы экономика банкісі экспорттық және импорттық операциялар бойынша
есеп айырысуды ұйымдастырды әрі жүргізді.
Мамандандырылған банктердің құрылымы аймақтық-әкімшілік пинципі
бойынша құрылды. Одақтас республикаларда республикалық банктер, ал облыстар
мен өлкелерде банк басқармалары ұйымдастырылды. Аудан орталықтарында немесе
қалаларда банктердің өз мекемелері болды. Олар бастапқыда мынадай принцип
бойынша құрылған болатын; мамандандырылған банктердің клиенттері бар
аудандарда ғана олардың (мамандандырылған банктердің) мекемелері (әр
ауданда бір мекемеден) болды. Тек КСРО Жинақ банкісінің ғана мекемелері
әрбір ауданда, ұжымшар мен кеңшарда ашылды. Мамандандырылған банктердің
(Жинақ банкісінен басқасы)төменгі буындары мамандандырылғанына қарамастан
өздерінің клиенттері бар аудандарда қызмет көрсетті. Банктердің мамандану
мәні тек басқару деңгейінде ғана көрінгені болмаса, олардың төменгі
мекемелерінің әмбебап несие мекемесінен ешқандай айырмашылығы болған жоқ .
Олар ауданның барлық клиенттеріне, яғни, кәсіпорындарға, барлық салаларға
қызмет көрсетуіне тура келді.
Банктердің санына қарай олардың 4 жоспары болды. Аталмыш банктердің
салалық өзгешеліктері өз клиенттерінің әмбебаптығына қайшы келгендіктен, ең
алдымен несие ресурстарына байланысты көптеген проблемалар туындады. Бұл
проблемалар бір банктен екіншісіне өзара аймақаралық есеп айырысу жүйесі
арқылы құйылатын қаражатқа бақылау болмағандықтан одан ары тереңдеді. Әрбір
банк өз ресурстарының шегінде жұмыс істеуі үшін КСРО Мемлекеттік банкісінде
ашылған корреспонденттік шот бойынша аймақаралық есеп айырысуға көшуі қажет
болды. Мемлекеттен банктен бөлінген коммерциялық банкттер әдетте
мамандандырылған банк ретінде жұмыс істеді, нақты салаларда (өнеркәсіп,
құрылыс, ауыл шаруашылығы, сыртқы сауда) әрбір банктің өз монополиясы
болды. Олар өз кәсіпорындарын көбінесе олардың (кәсіпорындардың) қабілетін,
мүмкіндігін және т.б. ескермей өте төменгі пайызбен қаржыландыруды және
несиеледі. Бұл банктердің активтері залалға ұшыраған мемлекеттік
кәсіпорындардың мерзімі өтіп кеткен сапасыз саудаларына ие болды.
Тұтастай алғанда банктерді мамандандыру туралы идея банк жүйесінің
жұмысын тығырыққа тіреді, ал монополиялаудан арылмады, несие тетігіне
түбегейлі өзгеріс енгізе алмады, керісінше үлкен кедергі келтіріп, елеулі
шығынды қажет ететін көп буынды болуымен сипатталады. КСРО Мемлекеттік
банкісінің рөлі де көп төмендеп кетті-ол мамандандырылған банктердің
жұмысына елеулі ықпалын тигізе алмады.
Бұл жағдайдан шығудың бірден бір дұрыс жолы мыналар болды; банк
реформасын жүргізу, банк жүйесін батыс үлгісіндегі екі деңгейлі ұйымға
көшіру.
Банк құрылымын қайта құру үшін Мемлекетік банктің монополиясын банк
деполарына тарту қажет болды. 1988 жылға дейін Орталық, коммерциялық және
инвестициялық банктердің қызметларын орындайтын КСРО Мемлекеттік банкісінің
әмбебап несие мекемесінен еш айырмашылығы болмады десем артық болмас.
Қазақстандағы КСРО Құрылыс банкісінің республикалық кеңсесі қаладағы-
өнеркәсіптегі, көліктегі және шаруашылықтың басқа салаларындағы
инвестийияларға қызмет көрсетті. Акционерлік негізде жұмыс істейтін КСРО
Сыртқы сауда банкісі валютадағы және валютамен операцияларды жүзеге асырды.
КСРО-ның банк жүйесінде, оның ішінде, Қазақстанда 70 жыл бойы қатаң
орталықтандыру мен шоғырландыру саясаты үстемдік етті, несие-банктік ықпал
ету әдістерінде әкімшілік және ұсақ реттемелеу, сондай-ақ шаруашылық
органдарының қызметінде де осындай жағымсыз жағдайлар басым болды.
Ақша-несие қатынасының қалыптасқан іс-тәжірибесі нарық қатынасы
тудырған шарттармен сәйкес келмейді.
Социолистік жүйе ғасырлар бойы қалыптасқан қаржы нарығының
институттары мен аспаптарын жойды. Утопиялық әрі идеологиялық
тұжырымдаманың негізінде КСРО Мемлекеттік банк түрінде орасан үлкен дара
банк (монобанк) пирамидасы тұрғызылды. Ол барлық несие жүйесін өз уысынан
шығармады, шынайы бәсекелестікті, тәуекелдіктің бүкіл элементтерін жойды.
1990 жылдың желтоқсанында Қазақстан Республикасы егемендікке қол
жеткізгеннен кейін бірден нарықтық экономиканың талаптарына жауап бере
алатын өзінің банк жүйесін құруға кірісті. 1991 жылдың қаңтар айында Қазақ
ССР-інің банктері мен банк қызметі туралы заң қабылданды. Мәні бойынша бұл
заң елдегі банк реформасының бастамасы болды.
Республикалық Мемлекеттік банк Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісі
боп қайта құрылды. Облыстарда ҚР Ұлттық банктің бөлімшелері ашылды.
Республикалық Өнеркәсіп құрылыс банкісі-акционерлік-коммерциялық банк болып
табылатын Тұран-банкке, Аграрлық өнеркәсіп банкісі-акционерлік-коммерциялық
банк болып табылатын Қазақстан Республикасы Аграрлық өнеркәсіп банкісіне,
Сыртқы сауда банкісі-акционерлік-коммерциялық банк болып табылатын
Алембанкке, Республика Жинақ банкісі-акционерлік-коммерциялық банк болып
табылатын Қазақстан Республикасы Жинақ банкісіне айналды. 1993 жылы бұл
банктер акционерлік банктер боп қайта құрылды, ал Жинақ банкісі Қазақстан
Республикасының Халық банкісі атауына ие болды.
1989 жылдан бастап алғаш рет коммерциялық, аралас, кооперативтік,
жеке меншік банктері пайда болды. Осы жылдары коммерциялық банктер-
Интеринвестбанк, КРАМДС банк және т.б. ашылды.

1.2 1930-1932ж.ж несие реформасы

1930-1932 ж.ж. жүргізілген несие реформасы елдегі банк жүйесінің
дамуындағы жаңа кезеңнің басталуы еді. Бұл кезде 1927 ж. қабылданған халық
шаруашылығын өркендетудің бірінші бесжылдық жоспары бойынша елді
индустрияландыру және ауыл шаруашылығын ұжымдастыру мемлекеттік бірыңғай
жоспар бойынша орталықтан қаржыландырылуы қажет еді. Ол үшін ақша қаражатын
қаржы-несие жүйесіне жинақтап, одан соң жоспарлы түрде шаруашылық
салаларына бөліп беру керек. Бұл міндеттерді оған дейін айналым қаражатын
өз бетімен жоспарсыз бөлумен шұғылданған әр түрлі несие мекемелері орындай
алмады. Онымен қоса ірілі-уақыты өнеркәсіп орындары біріне-бірі
коммерциялық несие бергенде есеп айырысуды вексель берумен жүргізіп, банк
бақылауынан тыс қалды. Іс жүзінде банктің несие алушымен, яғни тауар сатып
алушымен байланысы болмады. Нәтижесінде шаруашылық орындарының бірін-бірі
несиелеуі (яғни коммерциялық несие) тікелей мемлекеттік жоспарлы басқарумен
қайшы келіп, елдегі несие қатынастарын түбегейлі өзгерту қажеттілігін
тудырды.
Несие реформасын жүргізу үшін елде біраз алғы шаралар жүргізілді.
Біріншіден, бұл кезде экономика салаларында біраз жетістіктерге қол
жетті және олардан жеке капитал ығыстырылды. Сөйтіп, 1930 жылы мемлекеттік
сектордың өнеркәсіптегі үлес салмағы 99,1%-ке көтерме саудада 97,2%-ке, ал
бөлшек саудада 86,5-ке жетті. Ауыл шаруашылығындағы мемлекетік және ұжымдық
шаруашылықтар тауарлы астықтың 55%-ін өндірді.
Екіншіден, халық шаруашылығын тікелей мемлекеттік жоспарлы басқару
жүзеге аса бастады. 1928 ж. Халық шаруашылығын өркендетудің бірінші
бесжылдық жоспары дайындалып, олар шаруашылықтың әрбір буынына жеткізілді.
Жоспар кәсіпорынның өндірістік және қаржылық іс-әрекеттерін қамтыды.
Үшіншіден, шаруашылықтың негізгі буыны-өнеркәсіп мекемесі шаруашылық
есепке көшірілді.
Төртіншіден, коммерциялық вексельді айналымнан шығарып,оның орнына
есеп айырысуды тек банк арқылы жүргізудің және қысқа мерзімді несиені тек
банктерде жинақтаудың нәтижесінде 1929 жылдың 1 қарашасында халық
шаруашылығына берген қысқа мерзімді несиенің 80%-ке жуығы банктер үлесіне
тиді.
Сонымен, несие реформасын жүргізу үшін алғы шаралар жасалып, 1930
жылдың қаңтарында несие реформасы жүргізіле бастады. Несие реформасының
мақсаты-есиелеу мен несие-есеп жұмыстарының жаңа түрлерін енгізу.
Несие реформасы төрт кезеңде жүргізіліп, негізгі мынандай мәселелер
шешілді;
Шаруашылық орындарының бірін-бірі коммерциялық несиелеуін тікелей
банктік несиемен өзгерту;
Мемлекеттік банктің бағытын нығайтатын есеп жұмысының жаңа түрін-
шаруашылық есепті енгізу;
Халық шаруашылығын қысқа мерзімді несиелеу процесін Мемлекеттік
банкке шоғырландыру. Өндіріс мекемелерінің өзінің және қарызға алған
қаражаттарының жұмсалу бағыттарын ажырату, шаруашылықтың несиелеудің
принциптерін бекіту.
Несие-банк жүйесін қайта құру, яғни Мемлекеттік банк пен ұзақ
мерзімді несие беретін арнаулы банктердің қызметін ажырату.
Сөйтіп несие реформасының негізгі мақсаты коммерциялық және жанама
банктік несиелеуді тікелей банктік несиемен алмастыру жүзеге асырылады.
Банктік несие деген несие алушыға, яғни тауар сатып алушы кәсіпорынға
жоғары басқару органының жоспары бойынша тікелей банк беретін несие. Бұл
банктің несиенің коммерциялық несиеден негізгі айырмашылығы.
Дегенмен банктік несиенің бұл артықщылығы несие реформасын жүргізуде
жіберілген қателерге байланысты халық шаруашылығына бірден өзгеріс енгізе
қойған жоқ. Банктік жіберген қателері төмендегілер еді;
Есептесудегі автоматизм (санасыз, тек бұрын қалыптасқан дағды бойынша
істелетін әрекет); жабдықтаушының банкісі сатып алушыға жіберілген барлық
тауарлар үшін ақшаны дағдылы автоматты түрде аударса,ал сатып алушының
банкісі де дәл солай автоматты түрде оның шотынан түскен тауарлар құнын
шығарып отырды; жіберген жүктің дұрыстығы және шаруашылықтың органдардың
арасындағы келісімнің орындалуы бақыланған жоқ;
Несие берудегі автоматизм (немесе жоспармен несие беру); жоспардың
нақты орындалуын тексермей-ақ, банк шаруашылық мекемелеріне жоспарлы түрде
несие берді;несиенің мөлшері жоспарды орындау үшін қажетті айналым
қаражатының жалпы жетіспеуіне қарай анықталып, оның пайдалану мақсаты мен
қайтарылу мерзімі көрсетілмей-ақ берілді.
Шаруашылықтардың өзінің және қарызға алған айналым қаражаттарын
ажыратпауы (араластыруы); әрбір шаруашылық мекемесіне банкте бір шот
ашылып, онда өз қаражатының да,банктік несиенің де барлық кірісі де, шығыны
да есептелді, олардың арасындағы ерекшеліктер көрсетілмеді;
Банктің несиелеу және есеп айырысу реформасын жүргізуге техникалық
дайынсыздығы; ережелер, нұсқаулар, құжаттардың түрлері алдын ала дайын
болған жоқ, сондай-ақ банктің төлем жүргізуге қабылдайтын құжаттары саны
жағынан да қарастырылмады. Есеп айырысудың жаңа тәртібі бойынша аз сомаға
толтырылған құжаттардың тасқынын банк өңдей алмауының нәтижесінде халық
шаруашылығындағы есеп айырысу ісі қиындап кетті.
Несие реформасының келесі кезеңдері осы жіберілген кемшіліктер мен
бұрмалаушылықтарды жойып, шаруашылық органдарының арасындағы келісім
тәртібін нығайту мен Мемлекеттік банктің ролін күшейтуге арналды.
Сонымен 1930-1932 жж. Жүргізілген несие реформасының қорытындысында
жоспарлы социалистік экономикаға сәйкес үйлестіру типіндегі несие-банк
жүйесі құрылып, Мемлекеттік банк өндіріс пен тауар айналымын есептейтін
және бақылайтын бірыңғай аппаратқа айналды. Коммерциялық банктердің ролі
төмендеп, кейін елде тек мемлекеттік банктерден тұратын монобанктік жүйе
қалыптасты.
Банк жүйесі көрсететін қызмет белгілеріне қарай қайта ұйымдасып,қысқа
мерзімді несие беретін жалпы мемлекеттік банк және күрделі қаржымен
қамтамасыз ететін маманданған банктер жүйесі құрылды. Бұндай бір буынды
банк жүйесіне; КСРО Мемлекеттік банкі және күрделі қаржымен несиелейтін
төрт Одақтық маманданған банктер-Өнеркәсіп банкі, Ауыл шаруашылық
банкі,Орталық коммуналдық банк, Сауда банк-кірді. Сонымен бірге орталық
банк жүйесіне шетел банктермен кең корреспонденттік қатынастарды
ұйымдастыратын Сыртқы сауда банкі және халықтың бос қаржысын
тарту,төлемдерін жүргізу мен мемлекеттің зайымдарын орналастыру арқылы
халыққа қызмет көрсететін бірыңғай жалпы мемлекеттік несие мекемесі, яғни
кассалары қарады.
1959 ж. ұзақ мерзімді несие беретін банк жүйесі қайта қаралды. Ауыл
шаруашылық банкі мен Орталық коммуналдық банк таратылып, олардың қызметтері
Мембанкке берілді. Өнеркәсіп банкі мен Сауда банкісінің негізінде күрделі
қаржы беретін Одақтық банк-Құрылыс банкі құрылды. Ол халық шаруашылығының
әр түрлі салаларының (ауыл шаруашылығынан басқа) ұйымдары мен
кәсіпорындарын қаржыландырумен және ұзақ мерзімді несиелеумен шұғылданды.
Осы өзгерістерден кейін 1960 жылдан 1988 жылға дейін КСРО банк жүйесінің
құрамы келесідей болды; Мемлекеттік Құрылыс банкі, Сыртқы сауда банкі және
Мембанк құрамына кіретін жинақ кассалары жүйесі.

1.3 1988 жылғы түбегейлі банк реформасы

Елдің әлеуметтік-экономикалық өркендеуін жеделдету және ақша-несие
қатынастарының маңызын арттыру мақсатында Кеңес Одағы Компартиясы Орталық
Комитетінің Пленумы 1988 ж. 1 қаңтарынан бастап банк жүйесін қайта құру
туралы Қаулы қабылдады. Оған дейін бұрынғы КСРО-да және Шығыс Еуропа
социалистік елдерінде банк жүйесінің құрылымы негізінен бірдей болды. Олар:
елдің эмиссиялық, несие беру, есеп айырысу және кассалық орталығы-
Мемлекеттік банк; күрделі құрылысқа қызмет ететін мемлекеттік банк және
сыртқы сауда-саттыққа қызмет көрсететін Мемлекеттік банк.
Сан жағынан шамалы несие мекемелерінде банк ісін шоғырландыру және
несие беруді, есеп жүргізуді, мемлекеттік валюталық монополияны жоспарлы
ұйымдастыру негізінде банктерді басқаруды орталықтандыру сияқты ерекше
нышандар сол кездегі барлық социалистік елдердің банк жүйесіне тән еді.
Дамыған мемлекеттердің банк жүйесінің әр буыны атқаратын көптеген банктік
қызметтерді бұл елдерде тек Мемлекеттік банк атқарды. Шын мәнінде
Мемлекеттік банк жан-жақты қызмет көрсететін әмбебап несие институты
ретінде болды.
Шаруашылық механизмінің жалпы бағыты-банктердің құрылымы мен ондағы
қызметкерлер санын анықтайтын басты фактор.Бір банктік жүйе-басқаруды қатал
орталықтандыру мен шоғырландырудан шыққан нәтиже.Ал монополизмді бұзу
концепциясы, экономиканы басқаруды жергілікті жерлерге беру бірнеше дербес
банктердің құрылуына себеп болады. Бастапқыда осы жолды бұрынғы социалистік
елдер-Венгрия, Қытай Югославия –таңдап алды.Әлемдік тәжірибеде орталық
банкпен қатар көптеген жеке және мемлекеттік емес несие институттарының
(коммерциялық, кооперативтік, арнаулы және басқа) қызмет істеу үлгісі кең
тараған.
Сөйтіп 1988ж. қаңтарынан бастап КСРО-да банк жүйесін түбегейлі
өзгертетін реформа жүргізіле бастады. Оның алғашқы кезеңінде елдегі
Мемлекеттік банк пен Құрылыс банкінің негізінде мемлекеттік банкпен қатар 5
салалық мемлекеттік маманданған банктер құрыла бастады. Олар:
КСРО Мемлекеттік банкі,оның міндеті - банктердің банкісі ретінде
елдің ақша айналымын ұйымдастыру. Ол бірыңғай мекемелер мен ұйымдардың
кассалық және несие-есеп қатынастарын жүргізбейді, оның клиенті -
маманданған мемлекеттік банктер;
КСРО Өнеркәсіп-құрылыс банкі; Оның міндеті-өндіріс, құрылыс,
транспорт, байланыс салаларындағы негізгі жұмыстарды несиелеу, күрделі
шығындарды қаржыландыру мен несиелеу және олардың есеп айырысу жұмыстарын
жүргізу;
КСРО Аграрлық-өнеркәсіп банкі; Оның міндеті-аграрлы-өнеркәсіптік
кешендерінің мекемелері мен ұйымдарына қызмет көрсету;
КСРО Тұрғын үй және әлеуметтік банкі-тұрғын үй шаруашылығы мен
әлеуметтік салалар мекемелеріне қызмет көрсету үшін құрылды;
КСРО Жинақ банкі-ол бұрынғы жинақ кассаларын біріктіру арқылы
құрылған,оның негізгі міндеті-халыққа қызмет көрсету.
КСРО Сыртқы экономикалық банкі-ол бұрынғы Сыртқы сауда банкінің
негізінде қайта құрылған банк. Оның міндеті-экспорт-импорт операцияларын
ұйымдастыру және ол бойынша есеп жүргізу, сыртқы экономикалық байланыстағы
шаруашылық орындарын несиелеу, жинақ-валюталық жоспардың орындалуын
бақылау, елдің валюта ресурстарын тиімді пайдалану халықаралық валюта және
несие нарығында операция жүргізу жұмыстарын қамтамасыз ету.
Бұл маманданған салалық банктердің құрылымы әкімшілік-территориялық
принциппен ұйымдастырылған. Олардың әрқайсысының (КСРО Сыртқы экономикалық
банкісінен басқа) республикалық банкі (Алматыда, 5 банк) және облыс
орталықтарында сол банктердің облыстық басқармасы (Қазақстанның 19
облысында әр банктің өз басқармалары құрылды). Аудан орталықтарында және
қалаларда олардың дамуының негізгі бағытына байланысты кейбір салалық
банктердің бөлімшелері құрылып, маманданған банк өз клиенттермен қатар сол
аудандағы немесе қаладағы басқа салалық банктердің клиенттеріне де қызмет
көрсетті. Сонда банктердің мамандануы тек облыстық басқарма деңгейінде
жүріп, несие-банк жүйесінің төменгі сатысын өзгерткен жоқ. Бұл әрине банк
реформасындағы негізгі минус еді.
Жаңадан құрылған банк жүйесі бұрынғыдан да көлемді, әрі ыңғайсыз, көп
сатылы, көп шығынды, үлкен бюрократия аппараты бар жүйе болды.Осы
айтылғандар төменгі, яғни аудандық, қалалық банк мекемелерінің несие және
есеп жұмыстарының бұрынғыдан бірнеше есе көбеюіне әкеп соқтырды. Банк
жүйесінің төменгі буынындағы бөлімшелер жоғары деңгейдегі әрбір маманданған
салалық банктерге (облыстық басқармаларға және республикалық кеңселерге
өздері қызмет көрсететін клиенттері бойынша несие ресурстарын жоспарлап
және оның пайдалануы туралы есеп беріп отырды. Оны мына бір мысал
дәлелдейді, 1987 ж. (реформаның алдындағы жыл) Мемлекеттік банк бойынша
негізгі экономикалық жоспар 82 баптан құрылса, ал 1988 ж.яғни реформадан
кейінгі бір жылда Агроөнеркәсіп банкі, Тұрғын үй және әлеуметтік банкі,
Мемлекеттік банк бойынша дәл сол көрсеткіш 112 баптан құрылды. Ал осы
көрсеткіштердің бәрін банк бөлімшелері қызметкерлері орындап, ол жөнінде
салалық банктердің жоғары сатыларына есеп беріп отырды.
Банк жүйесін қайта құрудан кейін маманданған банктер арасында әр
түрлі қайшылықтар туындады. Сонымен қатар жаңа банк жүйесі клиенттері мен
банктер арасындағы қарым-қатынастарға да кері әсерін тигізді. Мысалы,
реформаға дейін банк бөлімшесінде клиенттердің бәріне бірдей қызмет
көрсетілсе, ал реформадан кейін қызмет көрсететін банктің мамандануына
қарай клиент біздікі немесе басқанікі болып бөлінді. Әрине бұндай
қолайсыз жағдайлар несие-есеп механизмнің қоғамдық өндірістің тиімділігін
төмендетуіне себеп болды. Бірдеңгейлік жүйеде банктердің көп болуы, олардың
қызметтерінің араласуы банк жүйесін қайта ұйымдастырудың себептерін одан
әрі штеленістірді.
Банктік өзгерістердің ең елеулі кемшіліктері-банк ісінің мазмұнын,
әдістері мен тәсілдерін түбегейлі өзгертпей-ақ, негізінен банк
шығармашылығымен (банкотворчество) айналысу болды деп мәлімдеді кейбір
сарапшылар. Сондай-ақ олардың ойынша банктер өз қызметін нашарлатып алды,
банк жүйесін қайта құру жаңа экономикалық үлгі құруға ешқандай әсер етпеді.
Банк реформасының бірінші кезеңіндегі сәтсіздіктің ең негізгі себебі-
оның жоғарыдан берілген нұсқау әдісімен жүргізілуі және оған айтарлықтай
дайындықтың болмауы, қажетті алғы шаралардың жүргізілмегендігі. Экономиканы
басқаруды негізінен қайта құру тек 1987 ж. басталған болатын. Елде банк
реформасының басталу кезінде жалпы экономикалық реформадағы банктің ролін
түсіну қалыптаспаған еді. Экономикалық даму мәселелері мемлекет пен
экономика субьектілерінің қаржылық жағдайын нашарлатты. Мемелекеттік
бюджеттің тапшылығы, несиені бюджет қажетіне қолдану, тауар айналамы мен
халыққа көрсетілетін қызметтердің даму қарқынымен салыстырғанда ақша
массасының даму қарқының асып түсуі экономикадағы инфляциялық тенденцияны
күшейтті.
Банк реформасының келесі кезеңі осы қателіктер мен кемшіліктерді
жоюға арналды. 1988 ж. Кооперациялар (серіктестіктер) туралы Заң
қабылданып, соған сай қаражат тарту және несиелеу қызметтермен шұғылданатын
кооперативтік банктер пайда бола бастады. Банктік кооперативтер ашуға
жасалған қолайлы жағдайлар өз алдына банктік шу туғызып, көптеген
банктердің пайда болу толқынына әкеп соқтырды. Оған мынадай статистикалық
мысал келтірейік, 1989 ж.1 қаңтарында елде 43 коммерциялық банк тіркелсе,
бір жылдан кейін-224, ал 1991ж. аяғында оардың саны 1357-ге жеткен.
Дегенмен осы банктердің негізгі бөлігін тек пайданың көп өзіне алу үшін
ашылған бір күндік банктер құаған. Кейін олар жабылып, орнына клиенттерге
төтенше қолайлы жағдайлар ұсынған, бірақ өз міндеттемелерін орындамаған
жаңа банктер ашылды.
Анк жүйесін бірсыпыра реттеген 1990 жылдың аяқ шенінде одақтық екі
заң- Мемлекеттік банк туралы Заң және Банктер және банк қызметі туралы
Заң бекітілді. Заңдарда банк ашу жағдайы, оларды бақылау әдістері
белгіленді. Осы Заңдарға сай бұрынғы маманданған банктер акцияландырылу
негізінде коммерциялық банктерге айнала бастады.

II тарау. Екі деңгейлі банк жүйесін құру

Қазақстан Республикасының қазіргі банк жүйесінің құрылуы 1990 ж.
желтоқсанында ҚазКСР-ның Жоғары Кеңесі қабылданған Банктер және банк
қызметі туралы Заңынан бастау алады. Заңға сәйкес республикада екі
деңгейлі банк жүйесі құрылды;жоғары (бірінші) деңгейдегі банк-ҚазКСР-ның
Мемлекеттік банкі және төменгі (екінші) деңгейдегі банк-коммерциялық
банктер жүйесі.
Банк-өзінің жарғысы бар, толық шаруашылық есеп және өзін-өзі
қаржыландыру негізінде қызмет жасайтын заңды тұлға. Ол ақша қаражатын
тарту, орналастыру және басқа банктік операциялар жүргізетін мекеме. Қазақ
Кеңес Социалистік Республикасының территориясында жинақталған несие
ресурстары осы Заң шыққан күннен бастап Республика меншігі және оның
Орталық банкі болып саналады. Қазақстан территориясында біртектес ақшаны
пайдалану және біртектес ақша саясатын жүргізу мәселелері Одақтық шартта
көрсетілген. Оның айналымға монополиялы құқықпен ақша белгілерін
змиссиялауға, ақша-несие қатынасарын реттеуге, мемлекеттік бюджеттің
кассалық жұмысынжүргізуге, республика территориясында коммерциялық банктер
ашуға рұқсат беретін құқығы бар.
Мемлекеттік банк осы Заң бойынша қызмет атқарып, ҚазКСР-ның Жоғары
кеңесіне есеп береді, жер-жерлерде өз мекемелерін ашуға құқығы бар.
Мемлекеттік банктің басқару органы-оның Басқармасы. Басқарманың төрағасын
Рееспубликаның Жоғары кеңесі 6 жыл мерзімге бекітеді. Банктің құрылымы мен
міндеттері оның Жарғысында бнлгіленеді.
Кәсіпорындардың,ұйымдардың, кооперативтер мен азаматтардың несие-есеп
жұмыстарын жүргізу үшін республика территориясында коммерциялық банктер мен
басқа несие мекемелері ұйымдастырылды.Коммерциялық банктер өз жұмысында осы
Заңды және Қазақстан Мемлекеттік банкісінің нұсқаулары мен ережелерін
басшылыққа алады. Клиенттерімен шарттасып қызмет көрсетеді. Коммерциялық
банктер мен басқа несие мекемелері мемлекеттік, ұжымдық, жеке және аралас
(шетел капиталы қосылған) меншікте болуы мүмкін. Қазақстан заңдарына сай
Мемлекеттік банк деп (Орталық-Ұлттық банктен басқа) капиталы толығынан
үкімет иелігінде, немесе акционерлік капиталдың басым бөлігі мемлекеттік
құрылтайшылардың (мысалы, мемлекеттіек кәсіпорындар мен ұйымдардың) акциясы
болғанда есептеледі.
Коммерциялық банктер өздерінің акционерлік жиналысында қабылданған
Жарғысы бойынша қызмет істейді. Сонымен бірге республика территориясында
шетел мекемелерімен бірігіп құрылған коммерциялық банктер қызмет істеуі
мүмкін. Егер банктің жарғылық капиталын қалыптастырғанда өзіміздің
мемлекеттік емес құрылым, немесе шетел мемлекеттік, ия болмаса мемлекеттік
емес құрылымдары қатынасса, онда аралас банктің түрлері деп есептеледі.
Аралас банктер мынадай варианттарда құрылуы мүмкін: мемлекеттік-жеке,
мемлекеттік-кооперативтік, жеке-кооперативтік. Қосылып құрылған банктермен
олардың филиалдарының қызметі Қазақстан заңдарымен реттеледі делінген
Заңда.
Сөйтіп тәуелсіз Қазақстан Республикасының банк жүйесінің қалыптасуы
мен даму жолдарын шартты түрде бірнеше кезеңге бөлуге болады.
Бірінші кезең, 1917 ж. мен 1930 ж. аралығы – патшалық Ресейден қалған
банк жүйесін жаңадан қалыптастыру, бұл кезде әр түрлі меншіктегі банктер
мен несие мекемелері қатар қызмет істеді.
Екінші кезең, 1930 ж. мен 1987 ж. аралығы – елде КСРО Мемлекеттік
банкі әмбебап қызмет атқарады, яғни ол мемлекеттің Орталық банкі ретінде
эмиссиялау және несие беру қызметімен қоса клиенттерге де қызмет
көрсетеді.
Үшінші кезең, 1988-1991 жж. аралығы – елде мемлекеттік маманданған
банктердің құрылуы, яғни КСРО Мемлекеттік банкі банктердің банкісі
ретінде эмиссиялық, ереже, нұсқау және т.б. норматифтік актілер
шығарушылық, бақылау және басқа қызметтермен шұғылданып, ал маманданған
банктер экономиканың әр түрлі салаларына қызмет көрсетеді. Сонымен бірге
1990 ж. басында коперативтік және коммерциялық банктер де құрыла
бастады.
Төртінші кезең, 1991 жылдан қазіргі уақытқа дейін – нарықтық банк
жүйесінің қалыптасу кезеңі, яғни тәуелсіз республикасының нарықтық
қатынастарға өту жағдайында екі деңгейлі банк жүйесінің пайда болуы және
дамуы.
Қазіргі уақытта экономикасы нарықтық типпен дамыған мемлекеттердің
барлығында дерлік екі деңгейлі банк жүйесі құрылып, белсенді түрде одан әрі
өрістеуде. Оның бірінші деңгейдегі эмиссиялық, қадағалау, нұсқау ереже
шығару, рұқсат ету және сол сияқты басқа қызметтермен шұғылданатын, ал
екінші деңгейінде клиенттерге қызмет көрсететін коммерциялық банктер
орналасқан. Бұл елдердің тәжірбиесі дәлелдегеніндей олардың банк жүйесі
ақша айналымын ұйымдастыратын орталық банкпен, ал кәсіпорындарды, ұйымдарды
және халықты несиелейтін коммерциялық банктерден құрылған.
Банктерді эмиссиялық және іскерлік (коммерциялық) деп бөлу Қазақстан
мемлекетінің жаңа экономикалық механизмін құруға септігін тигізуде.

1 кесте - Қазақстанда банк жүйесінің қалыптасу және даму кезеңдері

1930 жылға 1930-1987 жж. 1988-1990 жж. 1991 жылдан
дейінгі банк (одақтық бір (Одақтық бір бастап (дербес
жүйесі деңгейлі банк деңгейлі екі деңгейлі
жүйесі) маманданған банк жүйесі)
банктер жүйесі)
Ресей 1. КСРО Мембанкі1. Банк жүйесін 1. Егемен
Мемлекеттік қайта Қазақстанда
банкі және (оның ішінде ұйымдастыру: өзінің банк
көптеген КСРО КСРО Мембанкі жүйесінің
несие-банк Мемлекеттік және Маманданғанқұрылуы. Екі
мекемелері еңбек жинақ банктер: КСРО деңгейлі банк
кассалары Өнеркәсіп жүйесі – Ұлттық
жүйесі). құрылыс банкі. банк және
2. КСРО КСРО коммерциялық
Мемлекеттік Агроөнеркәсіп банктер.
Құрылыс банкі. банкі.
3. КСРО КСРО Тұрғын
Сыртқы-сауда үйәлеуметтік
банкі. банкі.
КСРО Жинақ
банкі.
КСРО
Сыртқы-эконом
банкі.
2. Жаңадан
кооперативтік
және
коммерциялық
банктердің
құрыла басталуы.

2.1 Ұлттық банк – Қазақстан Республикасының
Орталық банкі

Қазақстан Республикасының Орталық банкі еліміз тәуелсіздік алғаннан
соң КСРО Мембанкінің Республикалық Кеңсесінің негізінде 1990 жылдың
желтоқсанында алғашқыда Қазақстанның Мемлекетттік банкі ретінде құрылып,
ал 1995 жылдың наурызынан Қазақстан Ұлттық банкі деп аталады. Ол
республикадағы банк жүйесінің жоғары (бірінші) денгейіндегі банкі, өз
қызметін Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 30 наурыздағы
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы Заң күші бар Жарлығы
бойынша жүргізеді және осы Жарлыққа сай Президентке есеп береді. Сонымен
қатар Ұлттық банк өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын
және басқа заңдарды, халықаралық шарттар мен келісімдерді басшылыққа
алады.
Ұлттық банк – заңды тұлға, дербес балансы бар, өзіне тікелей
бағынатын төменгі бөлімшелермен бірге тіке бағыныстағы біртұтас
орталықтандырылған құрылымы, іс-әрекетін толық шаруашылық есеп негізінде
жүргізеді. Әр түрлі салық жинаудан, баж салығын және кеден салығын төлеуден
босатылады. Ол республиканың кез келген жерінде және одан тыс жерлерде
өзінің басқармасын және басқа да бөлімшелерін ашуға құқығы бар. Өз жұмысын
үкіметпен келісіп, үнемі кеңесіп жүргізеді. Үкімет Ұлттық банктің
міндеттемелері бойынша жауапты емес, дәл сол сияқты, егер өзіне белгілі бір
жауапкершілік алмаса, Ұлттық банк те үкіметінің міндеттемелері бойынша
жауап бермейді. Үкіметтің өкілдік және атқарушы органдарының Ұлттық банк
пен оның құрылымдық бөлімшелерінің заңды қызметтерін атқаруға араласуға
құқығы жоқ.
Қазақсан Ұлттық банкі Қазақстан Республикасы заңдарының негізінде
өзінің қызметіне қарай Ұлттық банк берген лицензия негізінде кейбір банктік
операция түрлерін жүргізетін барлық банктердің, банктік емес қаржы
мекемелерінің міндетті түрде орындауы үшін нормативтік актілер шығарады.
Ол нормативтік актілер Қазақсан Ұлттық Банкінің хабаршысы, Вестник
Национального Банка Казахстана атты қазақ және орыс тілдерінде шығатын
ресми басылымдарда жарияланады.
Ұлттық банктің негізгі міндеті – ұлттық валютаның ішкі және сыртқы
тұрлаулылығын қамтамасыз ету. Сондықтан ол:
. ақша айналымы, несие, банктік есеп айырысу мен валюталық
қатынастарды ұйымдастырады;
. ақша, несие және банк жүйелерінің тұрақты қызметін қамтамасыз
етеді.
. несие берушілер мен салымшылардың, сондай-ақ шетел валютасын
салып алу-сату және айырбастау операцияларын жүргізетін банктік және басқа
ұйымдардың мүддесін қорғау және олардың жұмысын бақылау сияқты
мемлекеттің экономикалық саясатын жүргізеді.
Ұлттық банктің міндеті оның атқаратын қызметтері арқылы орындалады:
Біріншіден, Қазақсан Республикасында мемлекеттік ақша-несие
саясатын жүргізу, яғни Ұлттық банк айналымындағы ақша массасының көлемін
реттеумен және ресми проценттік мөлшердің деңгейін өзгертумен шұғылданады.
Егер ақша-несиелік реттеу әдісімен инфляция деңгейін тежеу мүмкіндігі
болмаған жағдайда Ұлттық банктің несие салымдарын шектеуге және банк
операцялары бойынша проценттік мөлшерді өзгертуге құқығы бар. Сондай-ақ
алты айға дейінгі мерзімге шығарылған бірінші коастық жай және айналмалы
вексельдерді, чектерді сатып алып және қайта сатады.
Ұлттық банк өзінің бағалы қағаздарын шығарады, сонымен қатар
мемлекеттік бағалы қағаздарды, облигацияларды,депозиттік сертификаттарды,
дисконттық және өтеу мерзімі бір жылға дейінгі проценттік бағалы қағаздарды
сатып плу және сатумен шұғылданады. Ұлттық банкте сақталатын міндетті
резервтердің нормативін белгілеп, айналымда жүретін төлем құралдарының
түрлерін анықтайды.
Екіншіден, Қазақстан Республикасында қолданылатын банкнота және
монетаны (теңге мен тиынды) эмиссиялау. Ол үшін Ұлттық банк поминалдардың
құрылымын, теңге мен тиындарды пішінін (дизайн), олардың қажет мөлшерін
анықтап, дайындығын қамтамасыз етеді.
Ұлттық банктің қолма-қол ақша қаражатыншығаратын, теңге мен тиынның
қолма-қол ақшасыз эквивалентін алып сату арқылы айналысқа түсіруді
ұйымдастыратын айрықша құқығы бар. Сондай-аққолданылған ақша белгілерін
айналымын шығарып, оларды жаңасымен айырбастап, тозығы жеткендерін жоюмен
шұғылданады.
Үшіншіден, банктердің банкісі қызметін атқару. Ол үшін Ұлттық банк
республикадағы қайта қаржыландыру жүйесін ұйымдастырып, бірінші класты
(жоғары өтімді қауіпсіз) бағалы қағаздармен және басқа активтермен
қамтамасыз етілген несиені алты ай мерзімге береді. Ұлттық банк – екінші
деңгейдегі банктер үшін соңғы сатыдағы несие беруші. Несиені ұлттық
валютамен де, шетел валютасымен де, сондай-ақ қамтамасыз етілген, ия
болмаса қамтамасыз етілмеген несиені Ұлттық банктің басқармасы белгілеген
тәртіппен және мерзімге береді. Қазақстан Республикасындағы есеп айырысу
формалары мен тәртібін анықтап, қазақстандық теңгемен жүргізілетін
банкаралын есептесуді өз уақытымен және тоқтаусыз жүргізуін қамтамасыз
ететін төлем жүйесінің қызметін ұйымдастырады.
Төтіншіден, үкіметтің және мемлекеттік органдардың банкі және агенті
қызметін атқару үшін кепілшісі үкімет болған республиканың ішкі және сыртқы
қарызын өтеуге қатысады, Қаржы министрлігінің шоттары юойынша дебеттік
қалдықты (сальдо) болдырмау үшін қажетті іс-шараларды қабылдайды. Қаржы
министрлігімен келісілген шарт негізінде мемлекеттік бағалы қағаздарды
орналастырып, олардың депозиторлық ісін жүзеге асырады.
Бесіншіден, банктердің ісін бақылау және қадағалау қызметі. Ол үшін
Қазақстан территориясында, сондай-ақ одан шет жерлерде банктермен олардың
филиалдарын ашуға рұқсат және банктік операциялар жүргізуге лицензия
береді. Барлық банктер, банк емесқаржы мекемелері және оардың клиенттері
міндетті түрде орындауы үшін банк ісі,есептеу есептесу, валюта
операцияларын жүргізу мәселелері бойынша нормативтік актілер
шығарып,олардың орындалуын қадағалайды.
Банктердегі бухгалтерлік есеп айырысудың, бухгалтерлік банктік және
басқа есептің мерзімін, формасын, тізімін, тәртібін және әдісін бекітіп,
сондай-ақ олардың орындалуын бақылайды. Банктер мен олардың филиалдарының
қызметін жергілікті жерде немесе аудиториялықұйымдарды шақырып бақылайды.
Ұлттық банк өзінің бақылау қызметін атқару үшін банктердің балансын, есбін
және басқа құжаттарын тексереді.
Алтыншыдан, валюталық реттеу және валюталық бақылау қызметі. Оны
атқару үшін Ұлттық банк шетел валютасының және шетел валютасындағы бағалы
қағаздардың айналым аясын және тәртібін белгілеп, шетел валютасымен
жүргізілетін операцияларға қажетті кезде, оның проценттік мөлшер деңгейіне
шектеу қояды.
Резиденттер үшін шетел валютасын және шетел валютасындағы бағалы
қағаздарды Қазақстанға аудару,әкелу және салып жіберу тәртібін белгілеп,
сондай-ақ Қазақстан Республикасының резиденттерінің республикадан шетел
валютасында шот ашуының мақсатын, тәртібін жағдайын анықтап, шот ашуға
рұқсат береді.
Ұлттық валютаның шетел валютасымен салыстырып, реттейді. Халықаралық
есеп айырысуда ұйымдастырып шетелдермен валюта-қаржылық және несие-есеп
қатынастарын жетілдіреді. Шетелден алынған банктік несиенің есебін
жүргізеді.
Жетіншіден, елдің алтын валюта қорларын басқару қызметі. Оны атқару
үшін Ұлттық банк мемлекеттің алтын валюта қорларын қалыптастырып, олармен
операция жүргізеді. Қазақстан Республикасы Президентінің Бағалы металдарға
және асыл тастарға байланысты қатынастарды мемлекеттік реттеу туралы Заң
күші бар Жарлығына сай бағалы метелдардың алғашқы саудасына бірінші сатып
алушы құқымен қатынасып, қазақстандық және басқа өндірушілерден (сатып
алушылардан) Ұлттық банктің алтын валюта қорын толтыру үшін бағалы
металдарды сатып алады. Оларды сақтауға қабылдап, одан әрі сақталуын
қамтамасыз етіп, қажет жағдайда заңға сәйкес сатады.
Президенттің немесе үкіметтің тапсырмасы бойынша Ұлттық банктің
қоймасында сақтау үшін үкіметтік (бюджеттік) резервке алынған құндылықтарды
қабылдайды. Алтын және басқа да бағалы металл құймаларын, монеталарды,
өндеген және өндемеген табиғи асыл тастарды ішкі және сыртқы нарықта сатып
алу және сату операцияларын жүргізеді.
Ұлттық банк өз шығындарын өз қаражатымен өтейді. Оның өз қаражаты;
жарғылық, резерв капиталынан, қаржы бағалау шоттары және арнайы
провизияларынан (резервтерінен) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның банк жүйесінің қалыптасуы мен даму кезеңдері
Қазақстан Республикасының банк жүйесiнің қалыптасуы мен дамуы
Банк жүйесінің қалыптасуы және дамуы
Сыртық экономикалық банкі
Банк жүйесінің қалыптасуы және дамуы, қызметі
Қазақстан Республикасының банк жүйесі жайында
Қазақстан Республикасының банк жүйесінің қалыптастыруы
Банк жүйесінің қалыптасуы
ҚР банк жүйеcін дамыту рефoрмаларды жүзеге аcыру барыcы
Коммерциялық банктердің экономикадағы қызметі және операциялары
Пәндер