Жеке тұлға туралы жалпы түсінік



Кіріспе
І. Бөлім . Жеке тұлға туралы жалпы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4.5
1.1. Жеке тұлға құрылымының теориялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6.10
1.2. Типтер теориясы мен бітістер теориясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11.13
1.3. Жеке тұлғаның түрткілері мен қасиеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14.15

ІІ. Бөлім . Жеке тұлғаның бітістері және оларды өлшеу ... ... ... ... ... ... ..16
2.1. Диссоцацияға қабілеттілік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17.21
2.2. Хартшорн мен Мэйдің табандылықты өлшеу мен нәтижелері ... 22.31
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...32
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33
Қосымшалар
Жаңа туған нәресте "адам" деп аталғанымен, "тұлға" деген атқа көпке дейін ие бола алмайды. Өйткені, кісі болып, ержету үшін бала оңы мен солын, өзінің "менің" басқа "мендерден", яғни басқа адамдардан ажырата білуі тиіс. Сондықтан да нәресте, сәби, бөбектерді кісі, тұлға деп айту қиын. Есейіп, ер жетіп, өз бетінше әрекет ете алатын адамды ғана кісі, не тұлға дейміз. Қандай да болмасын бір іспен айналысатын, азды-көпті өмір тәжірибесі, білімі мен дағдысы, икемі, дүние танымы, сенімі мен талғам-мұраты, бағыт-бағдары бар адамды тұлға деуге болады. Мінез, қабілеті бір сыдырғы қалыптасып үлгерген, өзінің іс-әрекетін тізгіндей білетін, өз бойындағы жаман-жақсы қылықтары үшіп жауап бере алатын адамды да кісі, не тұлға дейміз. Тұлғаның түрлері сан алуан. Оның жақсы, озық, ерен, топжарған түрлерімен қатар жауыз, керітартпа, бұзық, қасқай т.б. толып жатқан өкілдері болады. Мәселен, бүкіл әлемді қан қақсатқан Гитлер адамзатқа жаны қас жауыз тұлға.
Имандылықтың ерекше бір көрінісі халқымыз ерекше қастерлейтін кісілік ұғымы, тұлғаның аса өнегелі түріне жатады. Төл тілімізде "Он үште отау иесі" (қыз балалар үшін), "Он бесте отау иесі" (ұл балалар үшін) дейтін аталы сөз бар екені де хақ. Осы жасқа келгенде бал дәурен балалық шақ аяқталады. Бұл - өмір талабынан, ауқымы кең тыныс-тіршіліктен туындайтын құбылыс. Халқымыз кез келгенді кісі деп атай бермей, оны имандылық пен адамгершіліктің басты белгісі, ес жиып, етек жабу нәтижссінде біртіндеп қалыптасатын адамның азаматтық ар-ожданы, кісілік, кескін-келбеті, адамшылықтың өлшемі деп түсінген.
Кісіліктің түрліше деңгейі болады. Оның жаман, жақсысы, көргенді, көргенсізі, өнегелі, өнегесізі, т.б. түрлері болады. Жұрт имандылықты бойына дарыта білген пенделерді ғана пір тұтқан, адамгершілігі төмен, не одан жұрдайларды "имансыз", "көргенсіз" деп иттің етінен жек көрген. Ондайлар кінәлі әрі күнәлі деп саналып, ерге ме, кеш пе жазасын тартатын болған. Кісіліктің басты белгілерінің бірі - ар-ұятқа кір келтірмеу, намысты аяққа баслау. Қазақта "жарлы болсаң да, арлы бол" деген сөз осыған орай айтылған. Ар-ұяты бар кісі ғана биязы, ақжарқын, иманжүзді, ақыл-парасатты келеді.
1. Жарықбаев Қ. «Жалпы психология» , Алматы, 2004 ж.
2. Тәжібаев «Жалпы психология» , Алматы , 1993 ж.
3. Бап-Баба С. «Жантану негіздері», Алматы, 2003 ж.
4. Рубинштейн С.Л. «Основы общей псхологии» , Москва 1989 г.
5. Жарықбаев Қ. «Жантану негіздері», Алматы, 2002 ж.
6. Вейн А.М. Память селовека, Москва 1973 ж.
7. Лурия А.Р. «Внимание и память», Москва , 1985 ж.
8. Громова е.А.Эмоциальная память и ее механизмы, Москва, 1980 ж.
9. Лядуис В.Я. Память в процессе развития. Москва 1976 г.
10.Дудкин К.Н.Зрительное воспирятие и память Информационные
процессы и нейронные механизмы. Л., 1965 г.
11.Выготский Л.С. «Психология», Москва , 2000 г.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе
І. Бөлім . Жеке тұлға туралы жалпы
түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4-5
1.1. Жеке тұлға құрылымының теориялары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6-10
1.2. Типтер теориясы мен бітістер
теориясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11-13
1.3. Жеке тұлғаның түрткілері мен қасиеттері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14-15

ІІ. Бөлім . Жеке тұлғаның бітістері және оларды
өлшеу ... ... ... ... ... ... ..16
2.1. Диссоцацияға қабілеттілік
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17-21
2.2. Хартшорн мен Мэйдің табандылықты өлшеу мен нәтижелері ... 22-31
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .32
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..33
Қосымшалар

Тұлға туралы жалпы түсінік
Жаңа туған нәресте "адам" деп аталғанымен, "тұлға" деген атқа көпке
дейін ие бола алмайды. Өйткені, кісі болып, ержету үшін бала оңы мен солын,
өзінің "менің" басқа "мендерден", яғни басқа адамдардан ажырата білуі тиіс.
Сондықтан да нәресте, сәби, бөбектерді кісі, тұлға деп айту қиын. Есейіп,
ер жетіп, өз бетінше әрекет ете алатын адамды ғана кісі, не тұлға дейміз.
Қандай да болмасын бір іспен айналысатын, азды-көпті өмір тәжірибесі,
білімі мен дағдысы, икемі, дүние танымы, сенімі мен талғам-мұраты, бағыт-
бағдары бар адамды тұлға деуге болады. Мінез, қабілеті бір сыдырғы
қалыптасып үлгерген, өзінің іс-әрекетін тізгіндей білетін, өз бойындағы
жаман-жақсы қылықтары үшіп жауап бере алатын адамды да кісі, не тұлға
дейміз. Тұлғаның түрлері сан алуан. Оның жақсы, озық, ерен, топжарған
түрлерімен қатар жауыз, керітартпа, бұзық, қасқай т.б. толып жатқан
өкілдері болады. Мәселен, бүкіл әлемді қан қақсатқан Гитлер адамзатқа жаны
қас жауыз тұлға.
Имандылықтың ерекше бір көрінісі халқымыз ерекше қастерлейтін кісілік
ұғымы, тұлғаның аса өнегелі түріне жатады. Төл тілімізде "Он үште отау
иесі" (қыз балалар үшін), "Он бесте отау иесі" (ұл балалар үшін) дейтін
аталы сөз бар екені де хақ. Осы жасқа келгенде бал дәурен балалық шақ
аяқталады. Бұл - өмір талабынан, ауқымы кең тыныс-тіршіліктен туындайтын
құбылыс. Халқымыз кез келгенді кісі деп атай бермей, оны имандылық пен
адамгершіліктің басты белгісі, ес жиып, етек жабу нәтижссінде біртіндеп
қалыптасатын адамның азаматтық ар-ожданы, кісілік, кескін-келбеті,
адамшылықтың өлшемі деп түсінген.
Кісіліктің түрліше деңгейі болады. Оның жаман, жақсысы, көргенді,
көргенсізі, өнегелі, өнегесізі, т.б. түрлері болады. Жұрт имандылықты
бойына дарыта білген пенделерді ғана пір тұтқан, адамгершілігі төмен, не
одан жұрдайларды "имансыз", "көргенсіз" деп иттің етінен жек көрген.
Ондайлар кінәлі әрі күнәлі деп саналып, ерге ме, кеш пе жазасын тартатын
болған. Кісіліктің басты белгілерінің бірі - ар-ұятқа кір келтірмеу,
намысты аяққа баслау. Қазақта "жарлы болсаң да, арлы бол" деген сөз осыған
орай айтылған. Ар-ұяты бар кісі ғана биязы, ақжарқын, иманжүзді, ақыл-
парасатты келеді.
Халық түсінігінде мінез-құлықтың әр түрлі жағымды жақтары "кісілік"
ұғымының төңірегіне топтасады. Кісіліктің басты белгілері: ар-ұятты
қастерлеп сақтау, намыстылық, мейірімділік пен қайырымдылық , ізеттілік,
адамдық пен шыншылдық, ілтипаттылық пен кішіпейілділік. Қазақ дәстүріндегі
үлкенді сыйлау, оның алдынан кесе өтпеу, оған міндетті түрде сәлем беру,
үйге келгенде төрден орын беріп, кісінің көңіл-күйіне қарап, орынсыз сөзге
араласпау кісілікке жарасымды қасиеттер.
Сондықтан адамның жеке басының психологиясын ұғыну үшін ең алдымен оның
әлеуметтік жағдайын, яғни оның қандай қоғамның мүшесі, қандай таптың өкілі
екендігін, нақтылы кәсібін, білімін, іс-тәжірибесін білуіміз қажет.
"Әлеуметшіліксіз,— дейді X. Досмұхамедов (1883— 1939), — қазақта ұлт
тіршілігі ұлт мемлекеті болуға мүмкін емес... Оңды әлеуметшілік құру үшін
елдің өткен-кеткен тұрмысын бұрынғы болған әлеумет қимылдарын тану керек".
Осы айтылғандар бізге оның психиологиясы туралы белгілі пікір айтуға
мүмкіндік береді. Жеке адамның өмір бағытын көрсететін компоненттер көп.
Олардың бастылары: мотивтер мен қажеттер, бейімділік пен қызығулар,
дүниетаным мен сенім, мұрат пен талғам.

Жеке тұлға құрылымының теориялары
"Теориясыз эксперимент соқыр, эксспериментсіз теория сенімсіз әрі
негізсіз. Сірә, психологияның жеке тұлға құрылымы жайлы ілімінен басқа,
Канттың осы сөздері аса маңызды болатын саласы жоқ болар. Бақылаушылар
біртұтас зерттеу бөлімі болуы тиіс іюрсепің окі багытқа ыдырап кетуіпе
қайта-қайта ұшырасып отыр. Теория мен тәжірибе арасындағы үйлесімді өзара
әрекеттестіктің орнына, бізде, бір жағынан, жеке тұлғаға немесе теориялық
бағдарға ғана қатысы бар ұсақ-түйек процесторлі егжей-тегжейлі зерттейтіг
экспериментті мектеп пен, екінші жағынан, "динамикалық бағыттағы"
эмпирикалық бекітілу қажеттігін сезбейтін тоориялық мектептер бар.
Психологтардың көпшілігі осындай еңбек бөлінісінің шегіне жеткені
соншалықты, ғылыми зерттеу саласы ретіндегі "жеке тұлға" ұғымының өзіне де
қауіп төнгенімен еді.
Дегенмен, өз теорияларының негізгі идеяларын бекітк отырып, екі жақ
та бірдей дәлелді болып көрінгенімен, олар басқа мектептердің ғылымға
қосқан еңбегін бағалауда әділетсіз болуы да мүмкін. Теорияға сүйенбеген
эксперимент өнімді нәтижелерге әкеледі, не болмаса эксперимент жүзінде
дәлелденбеген теория ғылымға мәнді үлес қосады дегенге ешкім дн сене
қоймайтын шығар. Шешімі жоқ болып көрінген дауларда да, егер әр жақтың
дәлелдері өзінің логикалық қисынып тауып жатса, орынды түрде келісімге
келуге болады.
Мысал ретінде, біз "жеке тұлға" ұғымы анықтамасының өзін қарастыра
аламыз. Осы тұста біз жеке тұлғаны мінез-құлық актілері бойынша анықтайтын
және психодинамикалық ұғымдарлы қолдана отырып жасайтындар арасындағы
шешімі жоқ қарама-қарсылыққа кездесеміз. "Жеке тұлға — бұл қажет ақпаратты
алу үшін жеткілікті уақыт мөлшерінде шынайы мінез-құлықты бақылауда
анықталуы мүмкін іс-әрекеттердің жиынтығы" деген Уотсонның сөзін
биховиористік анықтаманың мысалы ретінде келтіре аламыз. Принстің сөзін
психодинамикалық анықтаманың мысалы ретінде келтіре аламыз: "Жеке тұлға —
бұл индивдттің тума биологиялық диспозицияларының, инстиігктілерінің,
құмарлықтарының және өмір сүру барысында иеленген бейімділіктері мен
бітістерінің жалпы жиынтығы".
Бақыланатын мінез-құлық актілері анықтамасына кіргізілген ұғымдар —
ипстинктілер, бейімділіктер, құмарлықтар сияқты екінші психодинамикалық
анықтамалардағы ұғымдарға соншалықты сәйкес келмейтіні анық. Дегенмен бұл
қарама-қарсылық, солай қөрінгенімен, шешімсіз емес. Біздің инстинктілер,
бейімділіктер және құмарлықтар жайлы тікелей біліміміз жоқ; тек бақыланатын
мінез-құлық актілерінің негізінде қалыптасатын әрі оларды түсіпу және
жалпылау үшін жасалған абстрактілік ұғымдар ғана бар. Осындай мінез-құлық
актілерінсіз ұғымдардың өзінің нақты мағынасы болмайды: біздің адам мінез-
құлқы жайлы білгеніміздің барлығы оның мінез-құлқын бақылаудан алынады.
Алайда тек қана осындай бақылаудың өзі жеткіліксіз. Біз жағдайлардың
белгілі бір қатарына ортақ мінез-құлықтың қырларын белгілейтін ұғымларды
енгізуіміз қажет. Ғылым абстракцияга сүйенбей тіршілік ете алмайды.
Осылайша, екі анықтама да бір жақты болып келуде, ал теңбе-тең анықтама
білімдеріміз эмпирикалық негізін әрі жалпылаушы ұғымдардын теориялық
табиғатын бейнелеуі тиіс.
Осы кітаптың мақсаттарына сай, біз, төмендегідей анықтамаларды
ұстанамыз.
Жеке тұлға — бұл адамның қоршаған әлемге дербес бейімділігін
анықтайтын, оның мінезінің, темпераментінің, интеллектісінің және дене
құрылысының (конституциясының) азды-көпті тұрақты құрылымы.
Мінез мотивациялы-еріктік мінез-құлықтың азды-көпті тұрақты жүйесі.
Темперамент адамның аффективті, эмоциялы мінез-құлықтың азды-көпті
тұрақты жүйесі.
Интеллект — бұл когнитивті мінез-құлиқтың азды-көпті тұрақты жүйесі.
Конституция деп біз дене бітімінің және нейроэн-докринді реттеудің азды-
көпті тұрақты жүйесін айтамыз. Бұл анықтама көбінесе Америка ғылымында 20-
шы жылдардан бері біздің уақытымызға дейін ықпал еткен "Мінез-құлықтың
айрықшалығы" доктринасына қарама-қайшы келген "жүйе", "құрылым" немесе
"ұйым" ұғымдарына баса назар аударған Робактың (1921), Оллпорттың (1937),
Маккишгонның (1944) идеяларымен үндеседі. Сондықтан ерекшелік пен
біртұтастықты қарама-қарсы қою мәселесін осы кітапта келтірілген барлық
экспериментті зерттеулердің әсіресе осы мәселеге тікелей қатысты болуына
байланысты қарастырған жөн.
Дұрыс мағыналығы психология табандылық, анқаулық, батылдық, ұқыптылық,
алаңғасарлық, асқақтық, әртістік, дарақылық сияқты түрлі сипаттамаларды
пайдалана отырып, немесе интеллектуал, жуас немесе желікпе сияқты түрлі
психологиялық типтерді бөліп қарастыра отырып, сенімді түрде адам мінез-
құлқын бейнелеп түсіндіреді. Ортодоксалды психология көбіне осы ұғымдарды
пайдаланып, бізді доминанттылық—бағынушылық, сенімділік—сенімсіздік,
мезіқылушылық сияқты бітістердің негізінде сонымен бірге
экстраверт—интроверт, шизоид—циклоид сияқты типтерді болмаса Шпрангердің
өмірлік типтеріп қолдана отырып бейнелейді. Ғылымның осындай жалпыға тектес
ұғымдарды пайлаланушы кейбір сыншылардың "жеке тұлға мінез-құлқының
бірізділігі мен оның тұрақтылығын қамтамасыз ететін, жеке тұлғаның ортақ,
негізгі бітістері, мінез-құлықтың жалпы және үйлесімді формалары болмайды,
тек әдет пен жауап қайтарудың дербес және айрықша тәсілдері бар" деген
пікірлеріне жауап ретінде болады.
Айрықшалықтың осы теориясы экспериментті дәстүрден бастау алады, ал
априорлы шындыққа жанаспауы біздің оның шығу тегінің негізгі қайнар көзімен
танысуымызға келергі келтірмеуі тиіс. Осы ғасырдың бірінші онжылдықтарында
үстемдік еткен Торыдайқтың үйрету теориясы осындай бастаулардың бірі болды.
Стимул-реакция байланыстары тұрғысында қарастырылған үйрету белгілі бір
дәрежеде шартты және шартсыз рефлекс ұғымымен арақатынаста. Егер жеке
тұлғаның құрылымдық ұйымдасуы көбінесе үйретумен байланысты болса — осы
жерде авторлардың көпшілігі сенімді экспериментті дәлелдерді келтірместен
тұқым қуалаудың ықпалын жоққа шығарады, — онда үйрету процесінің
айрықшалығы үйретудің ақырғы өнімінде, яғни ересек жеке тұлғаның бейнесінде
көрінуі тиіс. Егер стимул—реакция байланыстарына сүйенген үйрету теориясы,
үйрету — бұл құрылым мәселесінің, атап айтқанда, перцептивті құрылымның
жеке жағдайы деп тұжырымдайтын, белгі— мағына байланыстарына негізделген
теориялардан бастау алған болса, ал айрықша емес теориялар онымен
салыстырғанда жақын арада ғана белгілі бола бастады, аса тарихи ықпалы
болмаған әрі жеке тұлғаны бейнелеу сферасында айрықша орын иелене қойған
жоқ. Дағдыны көшіру маселесін қозғайтын еңбектердің көпшілігі біріншісімен
байланысы жоқ айрықшалық теориясының шығу тегінін басқа бір бастауы ретінде
танылды. Нақты айрықша әрекеттер: тақпақтарды жаттау, арифметикалық
операциялар немесе француз тілінің бұрыс етістіктерін теріп жазу уақыт
өтесе, ерік күші, логикалық ойлау және т.б. сияқты жалпы қабілеттердің
дамуына әкеледі деп есептеу жөн саналады. Джеймс пен Торндайк бірқатар
зерттеулерінде осындай қарапайым болжамның жеткілікті эмпирикалық негізі
жоқ екенін көрсетті. Тең дәрежеде қабілетті сыналушылардың екі тобына
тақпақтарды жаттау тапсырмасы ұсынылады. Бір топқа стимулға ұқсас
материалды есте сақтаудың алдын ала даярлығы жүргізілгенде, бұл топ
нәтижелерінде басқасымен салыстарғанда үміт еткен басымдылық байқалмады.
Сірә, үйрету тым айрықша болған және оны жаттықтыруда болжалды қабілеттің
жалпылай дамуы бола қоймайтын сияқты. Дағдылардың кез келген көшірілуі
қайсыбір психикалық қабілеттерге емес, алғашқы және қайталанушы
әрекеттердегі сәйкес теңбе-тең элементтердің тіршілік етуіне байланысты деп
саналды. Бұл теория теңбе-тең элементтер теориясы ретінде белгілі және
Торндайктың айтуы бойынша: "бір функциядағы өзгерістер екіншісіндегі
өзгерістерге, сол функциялардағы ортақ элементтердің қаншалықты мөлшерде
кездесуіне сәйкес жүреді... Нақты мысал ретінде көбейту дағдыларының
дамуына ықпал ететін, қосудың арифметикалық дағдыларының дамуын қарастыруға
болады, өйткені қосу операииясы көбейту операциясының бір амалына өте ұқсас
әрекет қозғалысы және басқа да арифметикалық әрекеттерде абстракциялану
сияқты кейбір басқа да процестер көбінесе сол арифметикалық операцияларды
орындауда ұқсас келеді. Осылайша, жеке тұлғаның дамуы, математикалық пемесс
лингвистикалық дағдылардың дамуы сияқты, дербес ассоциациялардың арнайы
жаттықтырылуы ретінде көрінсе де, психиканың немесе қабілеттердің қайсыбір
элементтерінің негізі дамуы ретінде көрінбейді.
Хартшорн мен Мэйдің (Мау) (1928, 1929, 1930) осы мәселені тікелей
эксперимментті зерттеуі жоғарыда аталған екі теориядан гөрі ықпал өте
қоймаған жеке тұлға ұйымдасуының айрықшалығы теориясының үшінші бастауы
болып табылады. Бұл психологтар бірнеше жүздеген балаларға, жағдайдың
шынында эксперименттің бақылауында болғанына қарамастан, айланы анықтай
алмаудың айқын жағдайларында алдау мүмкіншілігі ұсыпылатын кең ауқымды
эксперимент жүргізген. Аса күрделі емес бірқатар әдістердің көмегімен мінез-
құлықтың табанды, импульсивті, моральды, ықыласты сияқты типтері және
өзіндік бақылау зерттелді. Керемет жоспар және эксперименттің жүргізілуі,
мәліметтердің сәйкес статистикалық өңделуі, зерттеудің айрықшалық
теориясына шешуші ықпал еткенін тұжырымдауға мүмкіндік береді. Хартшорн мен
Мэй тестілер арасында тым төмен корреляциялар бар екенін анықтаған, ал ол
шыншылдық, табандылық, ынтымақтастыққа деген ұмтылысты немесе кейбір
тестілік ситуациялардағы ықыластылықты танытқан балалардың басқа
жағдайларда өздерін дәл солай ұстамайтынын көрсетті. Олардың зерттелген
сапалардың "мімез-құлықтың жалпы бітістерінен гөрі, айрықша әдеттердің тобы
болғаны" жайлы қорытындысы айрықшалық теооиясының ақырғы дәледі ретінде
қабылдайды.
Типтер теориясы мен бітістер теориясы
Біз бітістер тұжырымдамасынан анықтаушы доктрина ретінде дамыта
аламыз және дамытуға тиіспіз. Бірақ жеке тұлғаның бүкіл іс-әрекетінде біз
тек өзгермелі өлшемдерді ғана емес, бітістер тұжырымдамасының мазмұны
болатын тұрақты детерминанттарды да бақылай аламыз", — деген Штерннің
тарапынан ерекше қолдау тапты (1921). Алайда сол тұжырымдамалы бітістерді
қалай анықтауға болады? Осы тұжырымдаманың ағылшын тілдес елдерде таралуы
үшін көп еңбек еткен Оллпорттың ойынша, "бітістер... — бұл қисынды ойдың,
постулаттаудың немесе белгілеудің нәтижесі емес әрі өздігінен тікелей
бақыланбайды да. Бұл бітістер жалғыз жолмен — индивидтің нақты тіршілік
әрекетінде және мінез-құлықтың жекелей бақыланатын актілерінің айқын
үйлесімділігін анықтау (немесе иптерпретациялану) арқылы ғана анықталуы
мүмкін". Әрі қарай: "Бұл бітістер тікелей анықталмайды, олардың тіршілігі
кез келген детерминделуші үрдіс сияқты болжанады және жобаланады. Алайда
мұндай болжамсыз мінез-құлықтың тұрақтылыгы мен үйлесімділігі түсіндірілмес
еді. Кез келген нақты әрекет сапсыз көп детерминанттардың — тек бітістердің
емес, ситуацияның және басқа да айрықша ықпалдардың өнімі болып табылады.
Алайда ұқсас стимулдардың соңынан жүретін және жеке тұлға үшін сәйкес
маңызы бар нақты әрекеттердің қайталануы біздің бітістер жайлы болмыстың
күйі ретінде айтуымызға мәжбүр етеді. Бітістер әрқашан белсенді емес, бірақ
латенттігінің немесе әлсіздігінің өзінде де тұрақты".
Келтірілген дәйек сөздерден "бітіс" ұғымының алғашында-ақ "корреляцйя"
ұғымымен байланысатыны анық болуы тиіс әрекеттердің тұрақтылығы,
жүйелілігі, қайталанбастығы — осы ұғымдар неғұрлым анық, ғылыми тілге
ауыстырылғанымен, бірқатар мінез-құлық актілерінің нақты өзара
байланыстылығына жатады. Мұндай өзара байланыстардың тестілер арасындағы,
түрлі жеке тұлғалар арасындағы, тіпті бір ғана жеке тұлғаны зерттеудің
түрлі жағдайларының арасындағы корреляцияның негізінде түсіндірілуі мүмкін
екенін кейінірек көреміз. Бітіс мінез-құлықтың өзара байланысқан
актілерінің қатары ретінде анықталуы мүмкін; ол адам мінез-құлқының
бақыланған үйлесімділігінен туындаған ұйымдастырушы принцип болып табылады.

Біріншіден, типтер теориясының соңғы екеуі унимодальды немесе
мультимодальды үлестірілу ұсынылған типтерге сәйкес болжамды үлестірілуге
негізделген. Бірақ қапдай да болсын психикалық құбылыстың үлестірілу
формасы жанды ешбір білім осы құбылысты өлшеудің ғылыми негізделген
жүйесінсіз мүмкін емес. Біз тестілердің немесе сұрақнамалардың "жете
өңделмеген" ұпайларын қолдана отырып графиктерді тұрғыза аламыз, бірақ кез
келгсн статистикадағы жаңа адам да мұндай мәліметтердің, әсіресе құралымыз
нәтижелердің шынайы дисперсиясынан гөрі, қателерге едәуір сезімтал болатын
жағдайларда гипотетикалық зерттелген бітістің үлестірілуін бейнелемейтінін
байқайды. Үлестірілу формасы жайлы ешбір талқылау тиісті өлшеуші құрал
қолданылмайынша, ескерілмейді. Және жеке тұлға психологиясында әлі күнге
дейін осындай өлшеуші құрал ұсынылмағандықтан, статистикалық үлестірулер
негізінде типтер теориясының жетістіктерін талқылау мүмкін емес.
Екіншіден, үлестірудің үзліксіз және үзбелі фуикцияларының арасындағы
айырмашылықтар (1а, ә, б-суреттер) толық сенімді болғанымен, қазіргі
заманғы психологиялық типологияларға көп ықпал еткен психологтардың, атап
айтқанда Юнг пен Кречмердің, көзқарастарын бейнелемейді. Бұл айырмашылықтар
осы авторлардың және осы салада еңбек етіп жүрген басқалардын да кең
ауқымды адасуларын бейнелейді. Сонымен бірге бұлайша адасудың
психологтардың арасында кеңінен өріс алғаны соншалықты, олардың
позицияларына қысқаша көз жүгірту қажеттілігі айқып көрінуде.
Сонда оның типтер тұжырымдамасының негізі неде? Психолотиядағы
типология жөніндегі көзқарастары Юнгтің пікіріне жақын болған және осы
мәсслеге қатысты ойын таңғаларлық айқындылықпен анықтатап Кречмердің
сөздерін келтіре отырып, осы сұрақтың жауабын таба аламыз: "Тип ұғымы
биологияда неғұрлым манызды және іргелі болып табылады. Табиғат... айқын
контрастар және нақты анықтамаларды пайдаланбайды, олар ойлауымыздың және
ұғынудағы қажеттілігіміздің нәтижесі болып табылады. Табиғатта баяу асулар
үстем; бірақ сол баяу асулардың ұшы-қиырсыз теңізінде ешбір нақты және
объективті еш нәрсе тіршілік ете алмайды деп есептегеніміз қате болар еді,
қайта — керісінше болар. Белгілі бір салаларда үнемі бізге деректердің
қайталанушы топтары кездесіп отырады, біз оларды объективті түрде зерттей
бастағанда қандай да бір заңдылықтармен, байланысқан бітістер жиынтығымен
істес болғанымызды ұғына бастаймыз... Биология үшін, клииикалық
медицинадағыдай, жеке корреляциялар емес, корреляциялардың тобы маңызды;
тек солар ғана шынайы ішкі байланыстарды дәлелдей алды. Еш қиындықсыз жалпы
теориямен расталуы мүмкін психологиялық типологияның күнделікті тәжірибесі,
сипаттамалардың тобы жеке сипаттамаға қарағанда неғұррлым маңызды
корреляцияларды беретінін көрсетеді... Математикада статистикалық
корреляциялардың негізгі бөлімі ретінде белгіленетін едәуір сипаттамалы
жоспарда конституционалды типтер деп атаймыз... Биологиялық жоспарда
маңызды байланыстардың таза типтің белгісі болып табылады.

Тұлғаның түрткілері мен қасиеттері
Адамды әрекстке бағыттайтын, қажетін өтеуге талаптандыратың бір түрткі
болады. Бұл түрткіні психологияда мотив (себеп) деп атайды. Қандай болмасын
объектінің себебін білмей тұрып, адамның бір мақсатқа жетем деген ойын
қалайша тоқтата алатынын және оның мінез-құлқының мән-жайын толық түсіну
қиын болады.
Түрлі жағдайлардың әсер етуіне қарай адам психология әртүрлі өзгеріске
түсіп отырады. Осыған орай, оиың түркілері де, мақсатқа жету үшін қажетті
шаралары да өзгеріске түседі. Түрткінің өзгеруі іс-әрекеттің бағыт-
бағдарына нәтижесіне әсер етеді. Мәселен, қоғамдық мәні күшті түрткі іс-
әрекет нәтижесіне ерекше әсер етеді.
Жеке адамды қандай болмасын әрекетке итермелейтін негізгі қозғаушы
мотив — оның түрлі қажеттері, ягни бір нәрсеге мұқтаждануы. Адамнын
қажеттері қоғамдық еңбекте, еңбек ету процесінде қалыптасқан. Сыртқы
ортамен байланыс жасауда адамның өмір сүруі үшін ең алдымен ерекше маңыз
алған материалдық қажеттер (тамақ, баспана, киім, еңбек құралдары т. б.)
болады. Қадам баласының тарихи даму жағдайында туған еңбек әрекеті еңбек
кқұралдарымен пайдалану секілді негізгі материалдық қажеттері біртіндеп
дами келе, қажеттердің жаңа тобын — рухани қажеттерді (білім, көркемөнер т.
б.) туғызады. Рухани қажеттердің дамуы — материалдық қажеттерінің
қанағаттандырылуына байланысты. Адам қажеттерінің дамуы — тарихи дамудың
елеулі бір кезеңі. Олар адамның алдына ор түрлі мақсаттар қойып отыруына
себепші болатын негізгі түрткілер. Адам озінің қажеттерін өтеу үшін бар
мүмкіндігін пайдаланады. Бұл оны белсенді түрде іс-әрекет істеуге
талпындырады. Оның қажеттері саналы әрекетінің нәтижесіңде біртіндеп өтеліп
отырады. Адам өз қажетін өтеу жолында сыртқы ортаны, табиғатты өзгертуге
дейін барады. Қажеттердің өтелу, өтелмеуі адам пскхологиясына, оның,
күйініш-сүйінішіне әсер етеді. Қажеттер орындалу тәсіліне қарай кісіде
мазасыздану, не тынышталу, рахат, ләззаттану, не азап шегу сезімдерін
туғызады. Қажеттерді өтеу арқылы адам тиісті құралдарды іздестіріп солардың
күшімен, түрлі теориялық, практикалық сипаттағы мәселелерді шешуге
мүмкіндік алады. Өйткені қажет-адамның ойлау қызметін тудыратын негізгі
себептердің бірі болып табылады, білдіріп қана қоймай, ол заттарды өз
қажетіне байланысты өзгертуге, қайтадан жасауға әрекет етеді. Олай болса,
адамдардың қажеттері — іс-әрекетінің негізгі мотивтері, яғни оның
психологиисының қайнар көзі, бастамасы болып табылады. Қажет — (әсіресе,
табиғи қажеттер) өмір сүрудің. Тіршілік етудің арқауы. Егер, табиғи қажкт
өтелмесе, өмір сүру үшін тиісті жағдайлар болмаса, адам да, жануарлар да
тіршілік ете алмайды. Алам өмірі үшін рухани қажеттерді өтеп отырудың да
маңызы зор. Осындай қажеттердің өтелмеуімен адам көп қиыншылық көреді,
өйткені бұл оның сана-сезімінің өсуіне кедергі келтіреді. Қажет жануарларда
да бар. Бірақ бұл — биологпялық сипаттағы қажеттер. Жануарлардың қажеттері
— олардың қоректенетін заттарын іздестіруінен жақсы байқалады. Мәселен,
тауық жерден дән іздеп зыр жүгіреді. Ит қожасын көргенде тілін салақтатып,
аузынан сілекейін шұбыртады. Мысық мұрнына еттің иісі келгенде елең ете
түседі де, сол жерден мияулап шықпайды. Сөйтіп, аң біткеннің бәрі өз
қажетін өтеу үшін әрекеттенеді. Мұндай қажет аңдарға туа бітеді, олар
шартсыз рефлекекстік сипатта болады.

Жеке тұлғаның бітістері және оларды өлшеу
Бітістер жеке тұлғаны талдауда едәуір жоғары реттегі ұғымдарды
қалыптастырудың негізі екені бірінші тарауда көрсетілді. Экспериментті
психологияда жеке тұлға бітістерінің үлкен көлемі зерттелген. Осы тараудың
мақсаты, Кеттелл сияқты, сол зерттеулерлі толықтай шолуда емес.
Талқылауымыз үшін жеке тұлғаның бітістерін өлшеуде факторлы талдауды
қолдануда маңызды кейбір мезеттерді ашуға көмектесетін немесе тарихи
тұрғыда ерекше қызықтыратын, немесе кейінгі баяндауларымызда маңызды болар
бірнеше нақты бітістерді іріктейміз. Шынымен, жеке тұлғаның осы жерде
келтірілген бітістеріне деген зейін жоғарыда аталған екі немесе үш себеппен
міндеттеледі.

Диссоциацияға қабілеттілік
Біз Кречмер теориясында шизотимия—циклотимия секілді жеке тұлғаны өлшеу
жайлы мәселені қозғаған болатынбыз. Кречмер диссоциация ұғымының кері ұғымы
"интеграцияның" циклотимияны түсіну үшін қаншалықты маңызды екеніп
тұжырымдайды. Оның диссоциация жайлы түсінігі ол жайлы Уорреннің: "Бұл кез
келген комбинацияның бөлшектерге ыдырауы" деген түсінігінсн кеңірек. Оның
астарында "күрделі материалды бөлшектеріне бөлуі туындайтын сапаның
біртұтас актісінің шеңберіндегі бөлек және жеке топтарды қалыптастыру
қабілетін" түсінуге болады. Шизотимияға тән диссоциацияға деген осындай
қарқын тым дамып, шизофренияға әкеледі. Мұндай қабілеттің болмауы
циклотимияға, ал шекті жағдайларда маниакалды-сарыуайымшыл күйлерге тән
дүниені нақты синтетикалық қабылдауға әкеледі.
Кречмер мен оның ізбасарлары ұсынған мәліметтерді және оның ұғымдарына
қолданыстағы анықтамаларлы берген объективті тестілерді қарастыра отырып,
біз адамның физиологиялық сипаттамаларын талдауға арналған тарауда егжей-
тегжейлі қарастырылатып теориясының бір ерекшелігін естен шығармауыз қажет.
Кречмер шизотимиямен өзі лепосоматикалық немесе астоникалық деп атаған лене
бітімі арасындағы және циклотимия мен пикниктік дене бітімінің арасындағы
жоғары корреляциялардың кездесетінін айтады. Дене бітімі атлеттік адамдар
аралық типке жатады. Кречмер және оның оқушылары эксперимснтті еңбектерінде
циклотимді сыналушыларға қарағанда, шйзотимиялықтардың диссоциацияға едәуір
жоғары бейімділігі жайлы жорамалын тексерудің баламалы тәсілі ретінде
"диссоциацияға бейімділік" тестілері мен дене бітімі түрлерінің арасындағы
әрі сол тестілердің психиатриялық диагноздармен байланысын қолданды.
Ағылшын тілінде Айзенк (1950) және неміс тілінде Бренгельмен шолып
шыққан сол саладағы эксперименнтті зерттеулер бойынша әдебиеттердің үлкен
көлемі бар. Типологияларды құрастырумен айналысқан басқа психологтарға
қарағанда Кречмер едәуір экспериментті және объективті тұрғыны ұстанып,
үнемі жске тұлғаның бітістерін өлшеу құралы ретінде объективті
психологиялық тестілердің маңызын баса айтып отырды. Континентті Еуропада
құрастырылған көптеген типологияларға қарағанда, бұл жағдай оның теориясын
қатаң ғылыми тексеруден өткізуге мүмкіндік береді. Оқырманның
психологиядағы континентті мектептерде орын алған тұрғылар жайында түсінігі
қалыптасуы үшін төмендегі беттерді біз Кречмердің өз еңбектерінде қолданған
диссоциацияға бейімділікті анықтауға арналған сегіз тесті сипаттаймыз.
1. Алғашында Ван дер Хорст кейін
Киблер қайталап жүргізген эксперимент "диссоциацияға бейімділік" ұғымының
қалыптасуына қомақты үлес қосып, көрнекі түрде Кречмер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп оқушыларына өзін-өзі тану пәнін оқытудың негіздері мен ерекшеліктері
Индивидуалды айырмашылық психологиясы
Жеке тұлға психологиясы
Тұлға туралы ұғым
Жеке және заңды тұлға
Есі дұрыстық қылмыстық жауапкершіліктің шарты ретінде
Заңды тұлға туралы ақпарат
Инновациялық сабақты ұйымдастырудың (жоспарлаудың) қазіргі формасы
Мектеп оқушыларына өзін-өзі тану пәнін оқытудың ерекшеліктері
Этнопсихология пәнінен дәрістер
Пәндер