Корпорация қаржыларын ұйымдастыру



Кіріспе
1.ші тарау. Корпоративтік қаржылардың мазмұны және ұйымдастыру негіздері
1.1.Корпорация қаржыларын ұйымдастыру ерекшеліктері
1.2.Корпорация қаржыларын ұйымдастыру қағидалары (принциптері)
1.3.Ұйымдық . құқықтық нысанына сәйкес қаржы қатынастарының ерекшеліктері
1.4. Корпорация қаржыларын басқару

2.ші тарау. Корпорацияның негізгі және меншікті капиталдарын қалыптастыру
2.1.Корпорация негізгі капиталының экономикалық мәні, құрамы және жіктелуі
2.2.Негізгі қорлардың бағалануы
2.3.Негізгі қорлардың тозуы және амортизациясын анықтау әдістері
2.4.Негізгі қорларды тиімді пайдаланудың көрсеткіштері
2.5.Корпорация меншікті капиталын қалыптастыру
2.6. Капиталдың оптималды құрылымын анықтау

3.ші тарау. Корпорация айналым капиталын ұйымдастыру және қаржыландыру негіздері
3.1.Айналым қаражаттарының құрамы мен құрылымы
3.2.Айналым қаражаттарына қажеттілікті және оның құралу көздерін анықтау
3.3.Айналым қорларын бағалау
3.4.Айналым капиталын пайдаланудың тиімділігін анықтау

4.ші тарау. Корпорацияның инвестициялық қызметін ұйымдастыру
4.1.Инвестицияның экономикалық мәні мен түрлері
4.2.Корпорацияның инвестициялық саясаты
4.3.Қаржылық лизинг . инвестиция қызметін қаржыландыру формасы (нысаны)

5.ші тарау. Корпорацияның өнім өндіруге жұмсалған шығындары және оны өткізуден түскен түсімдер
5.1.Корпорация шығындарының экономикалық мәні мен жіктелуі
5.2.Өнімнің өзіндік құнының құрамы және оны анықтау
5.3.Өнімдерді өткізуден түскен түсімдер

6.ші тарау. Капиталдың құрамы және құны
6.1.Капиталдың экономикалық мазмұны және жіктелуі
6.2.Капитал құны және оның түрлері
6.3.Капитал құрылымы және инвестициялық шешімдер қабылдау



7.ші тарау. Корпоративтік қаржылық жоспарлау
7.1.Қаржылық жоспарлаудың экономикалық мәні және мазмұны
7.2.Қаржылық жоспарлау үдерісі
7.3.Корпорация балансын жоспарлау
7.4.Қаржылық жоспарлаудың әдістері

8.ші тарау. Қаржы.несие шешімдерін қабылдаудың математикалық негіздері

9.ші тарау Корпорацияның қаржылық жағдайы
9.1.Қаржы жағдайын талдаудың экономикалық мәні
9.2.Өндірістік және қаржы жағдайын талдаудың ерекшеліктері
9.3.Қаржы жағдайын талдаудың әдістері

Арнайы әдебиеттер тізімі
Жалпы қаржы жүйесін жетілдіруде корпоративті қаржы секторы жетекші орын алады. Қазақстан Республикасында жүргізіліп жатқан рыноктық реформалар барысында экономиканың салаларында әртүрлі коммерциялық, кәсіпкерлік ұйымдар қалыптасып дамуда. Бұл жағдай салалық және корпоративтік қаржылардың мәнін арттырумен қатар оларды тиімді басқару мәселелерін күрделендіре түсуде. Сондықтан өндірістік, әсіресе кәсіпкерлік қызметтерді дұрыс ұйымдастырып, олардың қаржыларын тиімді пайдалануда корпоративтік қаржының атқаратын рөлі айрықша.
Сондықтан негізгі пәндердің бірі болып табылатын «Корпоративтік қаржы» курсы, экономистерді дайындауда оқытылуы міндетті.
Корпоративтік қаржыны білудің басты мақсаты өндірістік кәсіпорындар мен коммерциялық ұйымдардың қаржы ресурстары және олардың құралу көздерін қалыптастыру, капитал құрамы мен құрылымын жетілдіру, ақша қаражаттарын тиімді пайдалану және басқару арқылы корпорациялардың қаржылық тұрақтылығын және төлем қабілеттілігін қамтамасыз ете отырып, жоғары нәтижелілікке жету болып табылады. Осыған орай корпорациялар мен ұйымдардың және қаржы-несие мекемелерінің қаржы мамандарын дайындауда жоғарғы оқу орындарында осы корпоративтік қаржы пәнін оқытудың теориялық және практикалық тұрғыдан маңызы өте зор.
Осы аталған оқу құралының негізгі міндеттері студенттердің корпоративтік қаржы теориясын толық меңгере отырып, оның түрлі ұйымдастыру, жоспарлау, қаржыландыру, несиелеу, ынталандыру, басқару т.б. механизмдері мен әдістерін практикалық тәжірибеде тиімді қолдана білуін қалыптастыру, сол арқылы экономикалық-қаржылық, аналитикалық талдау негізінде дұрыс қаржылық басқару шешімдерін қабылдауға үйрету.
Барлық қаржылық категориялар мен ұғымдарды, олардың әлеуметтік-экономикалық мазмұнын анықтауды студенттің меңгеру барысында, оны теориялық дайындықпен қамтамасыз ету маңызды. Студенттің қазіргі Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы кезеңінде қаржыны қайта құру бағытын радикалды экономикалық реформа жағдайында негіздеп бере білуі міндетті.
Бұл оқу құралының ерекшелігі бірнеше қаржылық пәндермен тығыз байланысты: «Қаржы теориясы», «Қаржы менеджмент», «Ақша, несие және банктер», «Бухгалтерлік есеп» т.б.
Оқу құралы 9 тараудан тұрады. Жеке тараулар оқу бағдарламасына сәйкес басты тақырыптар мен сұрақтарды қамтиды. Әрбір тараудан соң бақылау сұрақтары да берілген. Ол студенттердің өткен тақырыптарды жете меңгеруіне және емтиханға дайындалуын қамтамасыз етеді.
1. Бочаров В.В. Корпоративные финансы. СПб: Питер 2004
2. Ван Хорн Дж. Основы управления финансами /Пер.с анг. – М.: Финансы и статистика, 2000
3. Жуйриков К.К и др. Учебник. Корпоративные финансы – Алматы. 2004
4. Попова Р.Г., Самонова И.Н., Добросердова И.И Финансы предприятия – СПб; Питер, 2001
5. Павлова Л.Н. Финансы предприятий. Учебник – М.: Финансы, ЮНИТИ, 2005
6. Мельников В.Д. Основы финансов. Учебник – Алматы, 2005
7. Мейірбеков А.К., Әлімбетов Қ.Ә. Кәсіпорын экономикасы. Оқу құралы – Алматы,2003
8. Моляков Д.С., Шохин Е.Н. Теория финансов предприятий. Уч.пос. – М.: Финансы и статистика, 2004
9. Росс С., Вестерфилд Р., Джордан Б. Основы корпоративных финансов / Пер. с англ. М.: Лаборатория базовых знаний, 2000
10. Финансы предприятий. Учеб./Под. Ред М.В Романовского – СПб: Бизнес – Пресса, 2000
11. Финансы организаций (предприятия). Учеб./Под.ред Н.В Колчиной- М.: 2001
12. Шуляк П.Н. Финансы предприятия. Учеб. – М.:ИТП «Дашков и К», 2003
13. Өсербайұлы С Корпоративтік қаржы. Оқу құралы. Алматы, «Қазақ Университеті» 2005
14. Кадерова Н.Т . Корпоративные финансы Учебник Алматы, 2008
15. Құлпыбаев С. Қаржы. Оқулық. Алматы, 2005

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 97 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе
1-ші тарау. Корпоративтік қаржылардың мазмұны және ұйымдастыру негіздері
1.1.Корпорация қаржыларын ұйымдастыру ерекшеліктері
1.2.Корпорация қаржыларын ұйымдастыру қағидалары (принциптері)
1.3.Ұйымдық – құқықтық нысанына сәйкес қаржы қатынастарының ерекшеліктері
1.4. Корпорация қаржыларын басқару

2-ші тарау. Корпорацияның негізгі және меншікті капиталдарын қалыптастыру
2.1.Корпорация негізгі капиталының экономикалық мәні, құрамы және жіктелуі
2.2.Негізгі қорлардың бағалануы
2.3.Негізгі қорлардың тозуы және амортизациясын анықтау әдістері
2.4.Негізгі қорларды тиімді пайдаланудың көрсеткіштері
2.5.Корпорация меншікті капиталын қалыптастыру
2.6. Капиталдың оптималды құрылымын анықтау

3-ші тарау. Корпорация айналым капиталын ұйымдастыру және қаржыландыру
негіздері
3.1.Айналым қаражаттарының құрамы мен құрылымы
3.2.Айналым қаражаттарына қажеттілікті және оның құралу көздерін анықтау
3.3.Айналым қорларын бағалау
3.4.Айналым капиталын пайдаланудың тиімділігін анықтау

4-ші тарау. Корпорацияның инвестициялық қызметін ұйымдастыру
4.1.Инвестицияның экономикалық мәні мен түрлері
4.2.Корпорацияның инвестициялық саясаты
4.3.Қаржылық лизинг – инвестиция қызметін қаржыландыру формасы (нысаны)

5-ші тарау. Корпорацияның өнім өндіруге жұмсалған шығындары және оны
өткізуден түскен түсімдер
5.1.Корпорация шығындарының экономикалық мәні мен жіктелуі
5.2.Өнімнің өзіндік құнының құрамы және оны анықтау
5.3.Өнімдерді өткізуден түскен түсімдер

6-ші тарау. Капиталдың құрамы және құны
6.1.Капиталдың экономикалық мазмұны және жіктелуі
6.2.Капитал құны және оның түрлері
6.3.Капитал құрылымы және инвестициялық шешімдер қабылдау

7-ші тарау. Корпоративтік қаржылық жоспарлау
7.1.Қаржылық жоспарлаудың экономикалық мәні және мазмұны
7.2.Қаржылық жоспарлау үдерісі
7.3.Корпорация балансын жоспарлау
7.4.Қаржылық жоспарлаудың әдістері

8-ші тарау. Қаржы-несие шешімдерін қабылдаудың математикалық негіздері

9-ші тарау Корпорацияның қаржылық жағдайы
9.1.Қаржы жағдайын талдаудың экономикалық мәні
9.2.Өндірістік және қаржы жағдайын талдаудың ерекшеліктері
9.3.Қаржы жағдайын талдаудың әдістері

Арнайы әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Жалпы қаржы жүйесін жетілдіруде корпоративті қаржы секторы жетекші
орын алады. Қазақстан Республикасында жүргізіліп жатқан рыноктық реформалар
барысында экономиканың салаларында әртүрлі коммерциялық, кәсіпкерлік
ұйымдар қалыптасып дамуда. Бұл жағдай салалық және корпоративтік
қаржылардың мәнін арттырумен қатар оларды тиімді басқару мәселелерін
күрделендіре түсуде. Сондықтан өндірістік, әсіресе кәсіпкерлік қызметтерді
дұрыс ұйымдастырып, олардың қаржыларын тиімді пайдалануда корпоративтік
қаржының атқаратын рөлі айрықша.
Сондықтан негізгі пәндердің бірі болып табылатын Корпоративтік
қаржы курсы, экономистерді дайындауда оқытылуы міндетті.
Корпоративтік қаржыны білудің басты мақсаты өндірістік кәсіпорындар
мен коммерциялық ұйымдардың қаржы ресурстары және олардың құралу көздерін
қалыптастыру, капитал құрамы мен құрылымын жетілдіру, ақша қаражаттарын
тиімді пайдалану және басқару арқылы корпорациялардың қаржылық тұрақтылығын
және төлем қабілеттілігін қамтамасыз ете отырып, жоғары нәтижелілікке жету
болып табылады. Осыған орай корпорациялар мен ұйымдардың және қаржы-несие
мекемелерінің қаржы мамандарын дайындауда жоғарғы оқу орындарында осы
корпоративтік қаржы пәнін оқытудың теориялық және практикалық тұрғыдан
маңызы өте зор.
Осы аталған оқу құралының негізгі міндеттері студенттердің
корпоративтік қаржы теориясын толық меңгере отырып, оның түрлі ұйымдастыру,
жоспарлау, қаржыландыру, несиелеу, ынталандыру, басқару т.б. механизмдері
мен әдістерін практикалық тәжірибеде тиімді қолдана білуін қалыптастыру,
сол арқылы экономикалық-қаржылық, аналитикалық талдау негізінде дұрыс
қаржылық басқару шешімдерін қабылдауға үйрету.
Барлық қаржылық категориялар мен ұғымдарды, олардың әлеуметтік-
экономикалық мазмұнын анықтауды студенттің меңгеру барысында, оны теориялық
дайындықпен қамтамасыз ету маңызды. Студенттің қазіргі Қазақстан
Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы кезеңінде қаржыны қайта құру
бағытын радикалды экономикалық реформа жағдайында негіздеп бере білуі
міндетті.
Бұл оқу құралының ерекшелігі бірнеше қаржылық пәндермен тығыз
байланысты: Қаржы теориясы, Қаржы менеджмент, Ақша, несие және
банктер, Бухгалтерлік есеп т.б.
Оқу құралы 9 тараудан тұрады. Жеке тараулар оқу бағдарламасына
сәйкес басты тақырыптар мен сұрақтарды қамтиды. Әрбір тараудан соң бақылау
сұрақтары да берілген. Ол студенттердің өткен тақырыптарды жете меңгеруіне
және емтиханға дайындалуын қамтамасыз етеді.

Бұл қазақ тілінде дайындалған бірінші оқу құралына қосымша ретінде
оқу бағдарламасына сәйкес кейбір тақырыптармен толықтырылып жазылды.
Ұсынылған әдебиеттер тізімі оқушылардың корпоративтік қаржы пәні
жайлы қосымша білімін жетілдіруге көмектеседі.

1-ші тарау. Корпоративтік қаржылардың мазмұны және ұйымдастыру
негіздері

1.1. Копорация қаржыларын ұйымдастыру ерекшеліктері
Қазіргі нарықтық экономикада шаруашылық субьектілер арасынан
корпорациялар маңызды орынға ие болуда. Соңғы онжылдықта экономиканың
корпоративті секторы деген термин қазіргі заман бизнесінің экономикалық
теориясы мен тәжірибесіне кең түрде енуде. Экономиканың нақты секторындағы
жетекші орынды корпорациялар алады. Мысалға, АҚШ-та компания нарығының 15
бөлігін алатын корпорациялар жалпы сату көлемінің 80%-на ие.
Көптеген жағдайларда корпорациялар акционерлік қоғам нысанында
ұйымдастырылып, өздерін шаруашылық субьектілердің өзіндік және ерекше түрі
ретінде көрсетеді. Корпорациялар акционерлік қоғам ретінде келесідей
ерекшеліктермен көрініс табады:
Біріншіден, компания иелерінің қолында бар бөлінген акциялар
нысанындағы капиталдары бар ірі компаниялардың акциялары қор нарығында
сатылады және сатып алынады.
Екіншіден, акционерлік қоғамдардың ерекшеліктерінің қатарына олардың
өздерін өз бастамашылығымен қызмет атқаратын заңды тұлға ретінде
көрсетуінде.
Үшіншіден, акционерлік қоғамдар өндірістік және коммерциялық қызмет
мақсатында ұйымдастырылады.
Төртіншіден, қазіргі заманның акционерлік қоғамдары өздерін бизнесті
ұйымдастырудың тиімді нысаны ретінде көрсетеді.
Олар едәуір қосылған құн жасайды, ірі капитал қорын жинақтайды,
қарыздың жоғары деңгейін болдырмауға тырысады, үлкен табысқа ие және
жетекші қаржылық технологияларды қолданады.
Ірі акционерлік қоғамдар экономиканың корпоративті секторын құрайды.
Олар нарықтық жағдайда бизнесті ұйымдастырудың әртүрлі және қазіргі
заманның талаптарына сай технологияларын қолданылады.
Сонымен қатар, ірі акционерлік қоғамдардың қаржыларының жиынтығы
түріндегі корпоративті қаржылар – компания мен экономиканың басқа да
қатысушылары арасындағы қаржылық нысанындағы әртүрлі ішкі және сыртқы қарым-
қатынастарын білдіреді. Олар компанияның табыстарын құру, бөлу және
пайдалану процесінде пайда болады. Корпоративті қаржылар ақша
қатынастарының ауқымдылығымен және әртүрлілігімен ерекшелінеді.
Корпорация (латын сөзінен алынған) – тап немесе маманданған
мүдделерімен біріккен қоғамдасты, қоғам, одақ, тұлғалар тобын білдіреді. Ол
капиталистік жүйеде кеңінен қолданылатын акционерлік қоғам формасы, қазіргі
кезеңде монополиялық бірлестіктердің негізгі түрлеріне айналып отыр.
Ван Хорн копорацияға келесідей анықтама береді: Корпорация – бұл
заңды негізде құрылған кәсіпорын, оның мүлікті иемденуде және
міндеттемелерді алуға мүмкіндігі бар.
Росс С. бұл ұғымға келесідей түсініктеме береді: Корпорация –
құрылтайшылары бір немесе одан да көп жеке немесе заңды тұлғалар болатын
дербес жеке тұлға ретінде құрылған бизнес түрі.
Басқа бизнес ұйымдарымен салыстырғанда корпорациялардың айрықша
белгілері – олар меншік иелеріне тәуелсіз қызмет етеді, сонымен қатар
жауапкершілігі шектеулі серіктестікпен немесе жеке кәсіпкерлікпен
салыстырғанда маңызды артықшылықтары бар. Корпорация меншік иелеріне
шектеулі емес жауапкерліксіз өз атынан ақшалай нысанда капитал тарту
құқығына ие. Сондай-ақ корпорацияға қатысты кемшіліктерді қанағаттандыру
үшін акционерлердің жеке мүлкін тәркілеу мүмкін емес. Корпорация меншігінің
бір бөлігіне құқығы акционерлік капиталдағы үлесімен расталады, мұндағы әр
акция иеленушіге акцияның жалпы мөлшеріне сәйкес мүлік бөлігі тиесілі.
Келесі бір артықшылығы бұл акцияларды өзге тұлғаларға беруге болады.
Сонымен қатар, акция иелері өз акция пакетін басқа инвесторларға сатып,
корпорациядан шықанымен корпорация өз қызметін тоқтатпайды.
Сонымен бизнесті ұйымдастыру нысаны ретінде корпорацияның негізгі
артықшылықтары болып келесілер табылады: меншік құқығын иелену және жаңа
акция пакеттерін эмиссиялау көмегімен салыстармалы түрде аз уақытта қосымша
ақша ресурстарын алу. Бұл екі артықшылық индустриалды дамыған елдерде
корпоративтік қаржыландыруда маңызды рөл атқаратын қаржы нарығында нақтылы
іске асырылады.
АҚШ, Канада, Жапония және тағы басқа индустриалды дамыған елдерде
кәсіпкерлік қызметтің корпоративтік ұйымдастырылу нысаны шешуші болып
табылады.
Мамандардың бағалауы бойынша бүгінгі таңда 150 мемлекеттегі 180 мың
бөлімшелерін қоса алғанда корпоративтік құрылым белгілеріне ие 40 мыңға
жуық салааралық бірлестіктер бар. Олар дамыған мемлекеттердің саудасы мен
өнеркәсіптік өнімдердің 50 %, ноу - хау, технология, жаңа техникаға
барлық лицензиялар мен патенттердің 80% жуығын бақылауда.
Шоғырландыру мен орталықтандыру корпоративтік құрылымдардың құрылуына
бастапқы негіз қызметін атқарады.

1.2. Корпоративтік қаржыларды ұйымдастыру қағидалары
Корпоративтік қаржыларды ұйымдастыру қағидаларына төмендегілер жатады:
1. шаруашылық қызметті өзін-өзі реттеу;
2. өзін-өзі қаржыландыру және өзін-өзі өтеу;
3. айналым қорларын қалыптастыратын көздердің меншікті және
тартылған болып бөлінуі;
4. ақшалай (резервтер) ресурстардың болуы.
Шаруашылық қызметті өзін-өзі реттеу қағидасының мәні – корпорацияларға
өндірістік және ғылыми - техникалық дамуы туралы шешімдерді қабылдауға және
оны іске асыруға қолда бар материалдық, еңбек және қаржылық ресурстар
тұрғысынан дербестік беру. Корпорация тікелей өзі қызметін жоспарлайды және
өндірілетін өнімге (қызметке) деген сұранысына байланысты даму
перспективасын анықтайды. Жедел және ағымдағы жоспарлардың негізін өнімді
тұтынушылар мен материалдық шикізаттарды жеткізушілермен жасалған келісім –
шарттар (контрактілер) құрайды. Қаржылық жоспарлар өндірістік (бизнес-
жоспарларды) жоспарларда көзделген шараларды ақшалай ресурстармен
қамтамасыз етуге, сонымен қатар мемлекеттің бюджет жүйесінің мүддесіне
кепілдік беруге бағытталған.
Қосымша – қаржы ресурстарды тарту үшін корпорациялар бағалы қағаздарды
(акциялар, облигациялар) шығарады және қор биржалардың қызметіне қатысады.
Өзін-өзі реттеу қағидасының мәні – корпорацияның дамуына жұмсалған
қаражаттар пайда және басқа да меншікті қаржылық ресурстар есебінен өтелуі
тиіс. Бұл қаражаттар корпорацияның меншікті капиталының минималды
нормативтік экономикалық тиімділігін қамтамасыз етуге қажет. Қаржыландыру
жай және ұдайы өндірістегі меншікті көздердің және бюджет есебінен
жүргізіледі және бюджет жүйесіне салық төленеді.
Өзін-өзі қаржыландыру өзін-өзі өтеуге қарағанда тек рентабельдік
жұмысты емес, сонымен бірге бюджет жүйесінің кірісін қалыптастыруды жай
және ұдайы өндірісті іске асыратын коммерциялық негіздегі қаржы ресурстарын
қалыптастыруды көздейді.
Өзін-өзі қаржыландыру қағидасы келісім-шарттағы міндеттемелерді,
несиелік-есеп айырысу және салықты төлеу ережелердің орындалуы үшін
корпорацияның материалдық жауапкершілігін күшейтуге мақсатталған.
Шаруашылық келісім шарттарды бұзғаны үшін айыппұл төлемдерін өтеу,
басқа ұйымдарға шығындарын төлеуден, кәсіпорынды өнімді (жұмысты, қызметті)
жеткізу міндеттемесін орындаудан босатпайды.
Айналым капиталының қорлану көздерінің меншікті және тартылған болып
бөлінуі экономиканың арнайы салаларында өндірісті ұйымдастыру және
технологиялық ерекшеліктерімен анықталады.
Маусымдық сипаттағы өндіріс салаларында айналым қорлардың тартылған
көздерінің үлесі басым, ал ауыр өнеркәсіп, көлік, коммуникация салаларында
меншікті айналым қорлары басым.
Қаржы резервтерін құру қағидасы нарықтық коньюнктура жағдайында
корпорацияның серіктестіктері алдындағы өз міндеттемелерді өтемеу
жауапкершілігін реттейтін тұрақты қызметін қамтамасыз ету үшін қажет.
Акционерлік қоғамдағы қаржы резервтері таза пайдадан заңды негізде
құрылады, ал басқа шаруашылық субьектілерде олардың жинақталуы
құрылтайшылық құжаттарда белгіленеді.
Практикада бұл қағидалардың іске асырылуы қаржы саясатын жасау және
шаруашылық субьектінің қаржысын басқару жүйесін ұйымдастыру арқылы
жүргізіледі. Ол үшін төмендегідей жағдайларды ескерген жөн:
- қызмет саласы (коммерциялық және коммерциялық емес);
- қызмет түрі (бағыты) – экспорт, импорт;
- салалық ерекшелігі (өнеркәсіп, құрылыс, көлік, байланыс, ауыл
шаруашылығы);
- кәсіпкерлік қызметтің ұйымдық-құқықтық нысандары.
Бұл қағидаларды орындау корпорацияның табыстылығын және қаржылық
тұрақтылығын практика жүзінде арттырады.

1.3 Ұйымдық-құқықтық нысанына сәйкес қаржылық қатынастардың
ерекшеліктері
Кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысаны, олардың қаржылық ерекшеліктерін
көрсетеді. Кәсіпорындардың қаржысын заманға сай ұйымдық-құқықтық нысанының
жалпы және негізгі ерекшеліктерін айқын көрсетуге өте қажетті. Ол өз ішінде
керекті нысанын, формасын анықтауды көздейді. Практика жүзінде кәсіпорын
қаржылық ерекшеліктерді ескермесе, онда ол жеке меншікті иеленушілердің,
әкімшіліктердің, жұмысшылардың арасында келіспеушілікке алып келуі мүмкін.
Кәсіпорынның ұйымдық-құықтық нысаны өзінің жарғылық капиталында
көрсетіледі, ал ол өз кезегінде заңнама талаптарына сәйкес болуы керек. ҚР-
ң заңнамасында меншіктің екі нысаны қарастырылған: жеке және мемлекеттік
меншік. Жеке меншікке азаматтардың немесе мемлекеттік емес заңды
тұлғалардың және олардың бірлестіктерінің меншігі кіреді. Меншік құқығының
ерекше түріне қоғамдық ұйымдардың меншігі жатады.
Мемлекеттік меншікке республикалық және коммуналдық меншік жатады.
Жоғарыда аталған меншік нысандарының ішінде әртүрлі шаруашылық құрылымдар
құрылуы мүмкін, ол өз кезегінде көп түрлі ұйымдық-құқықтық шаруашылық
нысандарын құрайды.
1. Мемлекеттік меншікке негізделген, мемлекеттік кәсіпорындар, оның
ішінде:
- республикалық – ҚР-ң әлеуметтік және экономикалық дамуына, жалпы
мемлекеттік мақсаттарға сәйкес негізделген.
- коммуналдық меншіктегі кәсіпорындар – белгілі территорияға
байланысты тұрғылықты халықтың әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерін
қамтамасыз ету мақсатында құрылады және ол жергілікті тәуелділікте,
басқаруында болады.
2. Заңды тұлғалардың жеке меншігінде құрылған кәсіпорындар:
- шаруашылық серіктестіктердің әр түрлі, соның ішінде, акционерлік
қоғамдар, кооперативті кәсіпорындар және ұйымдар.
3. Қоғамдық бірлестіктердің меншігінде құрылған кәсіпорындар.
4. Құрылтайшылардың бірлескен мүлкінен, соның ішінде шетел заңды
тұлғалардың және азаматтардың бірлескен кәсіпорындары.
5. Азаматтардың меншігінде негізделген жеке меншігі.
6. Жоғарыда аталған меншік нысандарынан құрылатын аралас кәсіпорындар.
Кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің жіктемелік сипаттамасы,
әсіресе жеке субьектінің күрделі қаржылық жүйесінің ерекшеліктері оны
әрдайым жақсартып отыруды, қызметін құқықты негізде реттеуді, тиімді
басқаруды және қаржылық процестерін бақылап отыруды қажет етеді.
Корпорация қаржысының ұйымдастырылуы келесідей негізде жүргізіледі:
бірінші – кәсіпорындарды заңды тұлға деп тану белгілері:
1) мүліктің жекешеленуі, бухгалтерлік баланстың болуы;
2) осы мүлкімен, міндеттемелері бойынша жауапкершілік;
3) банкте есеп шотының болуы;
4) өз атынан қатынасқа түсуі.
екінші – кәсіпорын қаржысының ұйымдастырылу қағидасы:
1) дербестік;
2) өзін-өзі қаржыландыру;
3) қаржылық қызметінің нәтижесіне қызығушылық;
4) қаржылық қызметінің нәтижесіне жауапкершілік;
5) қаржылық қызметті бақылау.
үшінші – кәсіпорынның қаржылық ресустарының қалыптасу көздері:
1) амортизациялық төлем;
2) қаржылық қызметтерден және шаруашылық іс-әрекеттердің барлық
түрлерінен келетін пайда;
3) серіктестікке қатысушылардың қосымша пай жарнасын төлеу;
4) шығарылатын облигациялардан алынатын қаражат;
5) акционерлік қоғамдардың жабық және ашық түріне акцияларды шығару
арқылы және үйлестіру арқылы жұмылдыратын қаражаттар;
6) банктерден алынатын мезгілінен бұрын төленетін несиелер және басқа
кредиторлардан алынатын несиелер (облигациялық займдардан басқа);
7) басқа да заңды қаражат көздері (заңды тұлғаның және жеке тұлғаның
ерікті ақысыз жарна төлемі).
Акционерлік қоғам заңды және жеке тұлға акционерлерін біріктіреді.
Акционерлік қоғамдардың акционерлердің құқықтарын қорғау акционерлік
қоғамның қаржылық қызметінің негізгі жағдайы болып табылады. Акционерлік
қоғамның мүліктері тапқан табыстардан құралады, оны ашық түрде сатып немесе
жабық түрінде тіркелу арқылы және басқада құралу көздерден көруге болады.
Мүліктің қалыптасып құрылуы:
- акцияларды жабық және ашық нысанда сату;
- табыс табу, алу;
- басқа да құралу көздері.
Акционерлер қоғамның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және
өздеріне тиесілі акциялары шегінде тәуекел етеді.
Акционерлер өздеріне тиесілі акцияларына толығымен қоғамның
міндеттемелері бойынша төленбеген сома көлемінде ортақ жауапкершілікте
болады.
Акционерлік қоғамның фирмалық атауы болады, оның ұйымдық-құқықтық
нысанын және түрін анықтайды.
Акционерлік қоғамның құрылуы, немесе нақты заңды тұлғаны ұйымдастыру
ол мемлекеттік орындарда міндетті тіркелген кезден бастап құрылды деп
есептелінеді.
Акционерлік қоғамды құруға қатысушылар өз араларында шарт жасасады,
ол шартта бірлесіп қоғамды құру тәртібі, жарғылық капиталдың мөлшері,
акциялардың түрлері және категориялары, оларды қалыптастыру туралы, талап
тәртібі, құқықтары мен міндеттері көрсетіледі. Қоғамды құру шарты, оның
құрылтай құжаты болып табылмайды.
Акционерлік қоғамды мемлекеттік тіркеуге дейінгі құрылуына байланысты
қоғамның міндеттемелеріне ортақ жауапкершіліктері болады. Акционерлік
қоғамды құруға байланысты құрылтайшылардың міндеттемелері бойынша қоғам
жауап береді, егер де ол акционерлердің жалпы жиналысында келісіп
бекітілсе.
Акционерлік қоғамның негізгі бір ғана құрылтай құжаты жарғы болып
табылады. Құрылтай құжатындағы көзделген мәселелер, АҚ органдардың және
барлығына бірдей орындау міндетті деп қаралады.
Акционерлік қоғам жарғысының қысқаша мазмұны келесідей:
- орналасқан жері және толық немесе қысқаша фирманың атауы;
- қоғамның үлгісі;
- қоғаммен қалыптастыратын акциялардың категориялары, саны,
номиналды құны және артықшылықты акциялардың түрлері
белгіленеді;
- әрбір акцияларды иеленушілердің оның категориялары мен түрлері;
- жарғылық капиталының мөлшері;
- қоғам органдарының шешім қабылдау тәртібі, өкілеттіктері және
құрылымы;
- акционерлердің жалпы жиналысын әзірлеу мен өткізу тәртібі,
сондай-ақ қоғам басқару органдарының шешім қабылдау тәртібі,
оның ішінде шешім білікті көпшілік дауыспен қабылданатын
мәселелердің тізбесі;
- бөлімшелер және өкілдіктер туралы мағлұмат;
- тағы басқа ережелер.
Жарғылық капиталдың мөлшерін кеңейту мақсатындағы қосымша шығарылатын
акцияларды номиналды құны есебімен тіркеледі.
Жарғыға толықтырулар мен өзгертулер енгізу немесе қабылдау акционерлер
жалпы санының 34-нен анықталады.
Дивиденд төлеу көздері – таза табыс, одан басқа да арнайы қорлар.
Акцияларға дивиденттер төлеуде келесі шектеулер бар:
- жарғылық капитал толығымен төленгенше;
- барлық акциялар төленгенше;
- дивиденттер төлемі уақытында дәрменсіздігі анықталса;
- егер таза активтер құны жарғылық капитал және резервтік капиталдың
мөлшерінен төмен болса.
Жарғылық капиталдың маңызды мәселелері қоғамның жалпы жиналысында
қаралады, ол өз кезегінде Акционерлік қоғамның жоғарғы басқару органы болып
табылады.
Акционерлердің жалпы жылдық жиналысы қоғамның жарғылық капиталында
белгіленген уақытында жүргізіледі, (яғни қаржылық жыл өткен соң кемінде
және алты ай мерзім аралығында).
Қоғамның жалпы жиналысының құзырына мынадай қаржылық және
ұйымдастырушылық мәселелері кіреді:
- акционерлік қоғамды қайта құру;
- акционерлік қоғамды тоқтату, тексеру комиссияларын тағайындау
және бір жолата тоқтату баланстарын бекіту.
- жарияланған акциялардың шекті көлемін анықтау;
- қоғамның жарияланған жарғылық капиталының мөлшерін акциялардың
номиналды құны бойынша немесе қосымша акцияларды қалыптастыру
арқылы көбейту;
- қоғамның тексеру комиссияларының мүшелерін сайлау және олардың
өкілеттігін мерзімнен бұрын тоқтату;
- қоғамның аудиторын бекіту;
- қоғамның жылдық қаржы есебін, бухгалтерлік балансын, табыстар және
шығындар есебін, оның табыстарын және шығыстарын бекіту;
- қоғам қалыптастырған акцияларды сатып алу және иемдену, егер ол
заңда көрсетілсе.
Директорлар Кеңесі - қоғамның жалпы басшылық жасайтын органы. Қоғам
жарғысындағы Акционер – қатысушылардың акциядағы үлес салмағы 50%-дан кем
болған жағдайда, директорлар кеңесінің қызметін акционерлердің жалпы
жиналысы атқару мүмкін.
Акционерлік қоғамдағы шаруашылық бақылауды жүргізу үшін жарғыға
сәйкес акционерлер жалпы жиналысымен тексеру комиссия немесе тексеруші
сайланады. Тексеру комиссиясының қызмет ету тәртібі акционерлік қоғамның
ішкі құжаттарымен анықталынады, өз кезегінде акционерлердің жалпы
жиналысымен бекітіледі.
Тексеру комиссиясынан басқа жалпы жиналыстың бекітуімен акционерлік
қоғамды аудитор бақылауы мүмкін. Тексеру комиссиясы және аудитор
акционерлік қоғамның шаруашылық қызметін және қорытындысын жасайды.
Оған мыналар кіреді:
- акционерлік қоғамның есеп беру құжаттарында және басқада қаржылық
құжаттарда мәліметтердің дұрыстығын тексеру;
- бухгалтерлік есептің және қаржылық есеп беру ережелердің
бұзылғандығы жайлы мағлұмат беру. Акционерлік қоғамның қызметін
акционерлер бақылау қажет, себебі олардың акциялары еркін
айналымда жүреді.

1.4. Корпорация қаржыларын басқару
Коммерциялық қызметтің мақсаты – пайда табу. Коммерциялық бағытта
материалды өндіріс саласы кәсіпорындарының көп бөлігі және материалды емес
саланың мекемелері мен ұйымдарының басым бөлігі қызмет етеді.
Барлық кәсіпорындардың қаржыларын басқару бірдей қағидалар негізінде
жүзеге асады. Коммерциялық корпорациялардың қаржылары келесі қағидаларға
негізделеді:
- коммерциялық есеп;
- жоспарлылық;
- барлық меншік түрлерінің теңдігі;
- қаржылық резервтердің болуы.
Коммерциялық есеп – кәсіпорындар мен ұйымдардың шаруашылық-қаржылық
қызметін жүргізудің негізгі қағидасы болып табылады. Мемлекеттік
кәсіпорындар мен ұйымдарға қатысты бұл шаруашылық есеп ретінде қолданылады.
Кәсіпорынның қызмет етуіне қажетті негізгі және айналым қорлары кәсіпорын
меншігіне тұрақты қолдануға беріледі. Шаруашылық қызметті жүргізу әдісінің
бірі ретінде коммерциялық есеп қағидасы шығындар мен кірістердің өлшемі
және кәсіпорынның пайдалы (рентабельді) жұмысын көрсетеді. Коммерциялық
есеп қағидасы кәсіпкерлік формасында жүзеге асады. Коммерциялық есепті
анықтайтын негізгі қағидаларға өзін-өзі өтеу және өзін-өзі қаржыландыру
жатады.
Өзін-өзі өтеу – кәсіпорын кірісі есебінен өзінің өндіріс және өткізу
шығындарын толық жабуды білдіретін шаруашылық жүргізудің негізгі қағидасы
болып табылады. Өзін-өзі өтеудің төменгі шегі – зиянсыздық, яғни шығындар
мен кірістердің сандық теңдігі. Шығындардың өтелуі – кәсіпорынның
шаруашылық қызметінің бастапқы кезеңіне тән, яғни бұл кезеңде кәсіпорын
нарықтық жүйеге үйреніп, өнімді өндіруге қалыптасуы. Нарықтық қатынастар
жүйесінде кәсіпорын міндетті түрде пайдалы қызмет етуге көшу керек, себебі
сыртқы қолдауға тек қоғамдық басымды немесе жақсы дамыған кәсіпорындар ғана
жете алады.
Өзін-өзі қаржыландыру өндіріс және өткізу шығындарын жабуды ғана емес,
сонымен қатар қызмет етіп жатқан өндірісті ұлғайту, оны техникалық
жетілдіруге, өндірістік емес құрылысты, ұжымдардың әлеуметтік
қажеттіліктері мен еңбекақы қорларын қалыптастыру, ынталандыру, өнім
түрлерін (ассортиментін) өзгерту шығындарын жабатын табыс алуды білдіреді.
Өзін-өзі қаржыландыру кезінде барлық қаржылар кәсіпорын меншігінде болады
және алымға жатпайды. Екінші жағынан, кәспорындарға орталықтандырылған
көздерден қаржылар бөлінбейді, олар өздерінің дамуын тек меншікті немесе
қарыз қаржылар есебінен жүргізеді. Сондықтан кәспорын басшылары міндетті
түрде өзінің меншігінде бар құралдардың тиімді пайдалануын үнемі талдап
отыруы қажет.
Коммерциялық есептің құрылымдық белгісіне қаржылық дербестілік жатады.
Бұл кәсіпорынның өзінің негізгі және айналым құралдарымен ең көп табыс алу
мақсатында қалаған бағытында пайдалана алатындығын білдіреді.
Коммерциялық есептің құрамына сонымен бірге қаржылық жауапкершілік те
кіреді, яғни кәсіпорын өзінің жоспарлары, шарттары, тапсырмалары бойынша
міндеттемелеріне жауап береді, ал егер бұл міндеттемелер өз уақытында,
сапасына, көлеміне сәйкес орындалмайтын болса, онда ол тиісті айып
пұлдарды, тұрақсыздық төлемдерін, өсімдерді төлеуге міндетті болады.
Қаржылық мүдделік коммерциялық есептің бір талабы болып табылады. Бұл
кәсіпорынның қаржылық ресурстарын, жұмысшыларды материалдық ынталандыруға,
өндірісті дамытып жетілдіруге, сол арқылы келешекте кәсіпорынның мүддесін
қорғауды көздейді.
Жоспарлылық қағидасы – кәсіпорынның мақсаттарына және алдына қойған
міндеттеріне жету үшін қаржылық қызметінің мерзімдерін және тәртібін
белгілеуді білдіреді. Белгіленген қаржылық нормативтерді пайдаланып,
есептеулер нәтижесінде қаржылық көрсеткіштерді анықтайды. Бұл көрсеткіштер
арнайы құжаттарда-қаржылық жоспарда көрсетіледі. Нарықтық қатынастар
жүйесінде кейбір факторлардың анықталмауы мүмкін. Бұл жағдайда көбінесе
қаржылық болжау қолданылады.
Барлық меншік түрлерінің (формаларының) теңдігі қағидасы бұл меншіктің
әрбір жеке түрлерінің дамуына байланысты болады. Мүлік иесі өзінің
қарамағындағы барлық мүлкін өзінің шешіміне қарай пайдаланады.
Қаржылық резервтердің болуы кәсіпорын қаржыларын ұйымдастырудың
қажетті қағидасы болып табылады. Басқарудың кез-келген сатысында
корпорацияда міндетті түрде резервтер құрылуы керек. Қаржылық резервтер
әртүрлі әдістермен құрылуы мүмкін: мысалы қорлардың көлеміне байланысты
пайыз, табыстарын – бекітілген нормативтер бойынша аударымдар арқылы
жүргізіледі.
Қаржылық резерв уақытша қаржылық қиыншылықтарды жоюға, қалыпты
шаруашылық қызметті қамтамасыз етуге, сонымен қатар қаржылық жоспарларда
көзделмеген өндірістік және әлеуметтік даму шығындарын қаржыландыруға
арналған.
Фирмаларда және компанияларда қаржыларды басқару жоғарыдағы
келтірілген қағидалар негізінде жүзеге асады.
Кәсіпорындардағы қаржылық жұмысты қаржылық бөлімдер жүргізеді. Шағын
фирмаларда қаржылық бөлімдер өткізу бөлімімен немесе бухгалтериямен қосылуы
мүмкін.
Қаржылық жүйенің бұл буынында рынок жағдайындағы басқару қаржылық
менеджмент деп аталады. Бұл шаруашылық субьектілердің кәсіпкерлік қызметі
арқылы соның шегінде әлеуметтік-экономикалық процестерімен және ақша
ағымдарының қозғалысын басқаруды білдіреді. Кәсіпкерлік қызмет тәуекелді
болып табылады және өнім өндіруден, қызмет көрсетуден, мүлікті пайдаланудан
пайда табуға бағытталған.
Қаржылық менеджменттің обьектісі ретінде төменгі буындарда мыналар
болады: қозғалатын және қозғалмайтын мүліктер, меншік құқығы, жұмыстар және
қызметтер, ақпарат, интеллектуалды қызметтің нәтижелері, материалды емес
игіліктер.
Қаржылық менеджмент адамдардың немесе ұжымдардың қажеттіліктеріне
сәйкес тәртібін анықтайтын мақсаттарға жету әрекеттерінің мотивациясына
негізделеді. Мотивация іскерлік белсенділікті, өнімділікті, еңбек сапасын
ынталандыру процестерінде көрінеді.
Шаруашылық субьектілердің (фирмалардың) қаржылық бөлімдері несиелік
және есептік операциялардың жаңа формаларын (акциялар, вексельдер,
факторинг және т.б.) қолданып, оперативті қаржылық жоспарлау, қаржылық
ресурстармен тиісті жұмыстар жүргізеді.
Шаруашылық серіктестіктерінде қаржыларды басқаруды, басқа
функциялармен қоса, жоғары органдар – қатысушылардың жалпы жиналысы
акционерлік қоғамдарда – акционерлердің жалпы жиналысы жүзеге асырады.
Басқарудың атқарушы органы - өзінің құрамына міндетті тұлғаларды, оның
ішінде қаржыларды басқару бойынша: қаржылар бойынша – вице-президент, ол
серіктестіктің сәйкес бөлімін жүргізеді – қаржылық бөлім, топ, сектор
немесе оның қол астында жеке қызметкерлер жұмыс істейді, яғни шаруашылық
субьектінің қаржылық қызметі бағытындағы қаржылық менеджер болып табылады.
Жалпы қаржылық бөлімнің құрылымы келесі жұмыс бағыттарынан тұрады:
болжамды талдау, есептік, талап қою, оперативті қаржылық жұмыстар. Қаржылық
бөлімінің типтік құрылымы: жоспарлы-экономикалық бюро, құрамындағы
топтармен: қаржы-несиелік жоспарлау, оперативті жоспарлау және бақылау,
экономикалық талдау; есептік бюро, құрамындағы топтармен: сатып алушылармен
есеп айырысу, мердігерлермен есеп айырысу. Валюталық операцияларды
жүргізетін кәсіпорындарда валюталық топ құрылады.
Ірі кәсіпорындарда қаржылық қызметті экономика және қаржы бойынша
директордың орынбасары, қаржылық директор, вице-президент (әсіресе
акционерлік қоғамдарда), қаржылық менеджер жүргізеді. Бұл міндетті
тұлғаларға басқа экономикалық қызмет бөлімдері бағынуы мүмкін: жоспарлы-
экономикалық, бухгалтерия, экономикалық талдау секторы т.б.

Кәсіпорынның қаржыларын басқару

Кәсіпорынның қаржылық бөлімі
Жоспарлы-экономикалық Банктік және кассалық Есеп айырысу бюросы
бюро операциялар бюросы
Топтар
Қаржылық-несОперативті Экономикалық Сатып Мердігерлермен Талап
иелік жоспарлау талдау алушылармен есеп айырысу қою
жоспарлау және есеп айырысу
бақылау

Қаржылық-өткізу бөлімдері келесі топтарға бөлінеді: сатып алушылармен,
мердігерлермен, бюджетпен, банктермен және қаржылық жоспарлау, талдау,
кассалық, жоғары ұжымдармен есеп айырысу т.б. Осындай функцияларды жеке
атқарушы-мамандар іске асыра алады.
Шаруашылық субьектілердің қаржылық қызмет бөлімдерінің маңызды
қызметтері:
• табысты көбейту және рентабельділікті арттыру жолдарын іздеу;
• өндіріс бойынша тапсырмаларды қаржылық ресурстармен қамтамасыз ету;
• инвестиция тарту, жаңа техниканы енгізу және басқа жоспарлы шығындарды
анықтау;
• мемлекеттік бюджет, банктер, мердігерлер, жоғары ұйымдар алдындағы
қаржылық міндеттемелерді орындау;
• есеп айырысуды ұйымдастыру;
• өндіріс қорларын және күрделі (капиталды) салымдарды тиімді
пайдалануға көмектесу;
• қаржылық ресурстардың дұрыс пайдалануын бақылау жасау, айналым
қорларының үздіксіз айналымдылығын және сақталуын қамтамасыз ету.
Фирма, кәсіпорын қаржыларын оперативті басқаруда банктің мекемелері
қатысады. Екінші деңгейлі банктер есеп айырысу – кассалық қызмет көрсетеді,
ақша қаражаттарының уақытша қажеттіліктерін несиелендіреді.
Негізінен қаржылық менеджмент кәсіпорын қаржыларын ұйымдастыру
қағидаларына сүйенеді. Ол келесідей басқару элементтерінен тұрады: ақпарат,
жоспарлау, ұйымдастыру, реттеу, бақылау. Қаржылық менеджментті іске
асырудың негізгі шарты – рыноктық ортаның болуы, яғни еркін бағалар
жүйесінде коммерциялық есеп және кәсіпкерлікпен айналысу.
Қаржылық менеджментті кезекті тәртіппен ауысатын кезеңдер арқылы
көрсетуге болады:
1) ақша қаражаттарын пайдалану мақсатын анықтау;
2) ақша ағымдарының қозғалысымен басқарудың қаржылық әдістерін
анықтау;
3) бизнес-жоспар түрінде немесе инвестициялау бойынша шешімінің басқа
рәсімделген түрде іс-әрекеттердің бағдарламасын құрастыру;
4) жобаны орындауды ұйымдастыру;
5) орындалу барысын және қажетті түзетулерді енгізуді бақылау;
6) қайта инвестициялау үшін жоба нәтижелерін талдау және бағалау.
Қаржылық менеджментте шешімдерді қабылдау тәуекелмен бірігеді, яғни
болжамды нұскамен салыстырғанда табыстардың бір бөлігін алмау немесе
зияндардың пайда болуы. Тәуекелді талдау оның көздерін және себептерін
анықтаудан, анықталған жоғалтулар деңгейінің ықтималды өлшемін бекіту, яғни
тәуекелдің қабылданатын дәрежесі. Көбінесе тәуекел жобаның ақпаратпен
қамтамасыз етілгендігімен анықталады. Тәуекел дәрежесі ақша салымдарының
табыстылығының артуымен өседі, ереже бойынша жоғары табысты операциялар
тәуекелі жоғары болып табылады.
Қаржылық менеджменттің маңызды тұлғаларының бірі – кәсіпорынның
қаржылық жағдайына талдау жасау. Бұл кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын
(ретабельдігін, төлем қабеліттілігін, несиеге қабілеттілігін), оның
рыноктағы орнын (бәсекеге қабілеттілігін) сипаттау үшін керек.
Осылайша қаржылық менеджмент кәсіпорынды тактикалық және стратегиялық
тұрғыдан қаржылық қамтамасыз ету үшін тиімді қызмет ету мақсатында қаржылық
ағымдарды басқару болып табылады.

Бақылау сұрақтар:
1. Шаруашылық құрылымның түрлері.
2. Корпорацияның қаржы ресурстарының ерекшеліктері.
3. Корпорация қаржыларын ұйымдастыру қағидалары.
4. Корпорацияның негізгі қаржы көздері.
5. Акционерлік қоғамның қаржы ресурстарының ерекшелігі.
6. Акционерлік қоғам жарғысының қалыптасуы.
7. Корпорация қаржыларын басқару.
8. Қаржылық менеджменттің негізгі мақсаттары және міндеттері.
9. Корпорацияның қаржылық қызметін ұйымдастыру және оның атқаратын
міндеттері.

2-ші тарау. Корпорацияның негізгі және меншікті капиталдарын қалыптастыру

2.1. Негізгі капиталдың экономикалық мәні, құрамы және жіктелуі
Жалпы негізгі құралдар деп өндірісте ұзақ уақыт (бір жылдан астам)
пайдаланылатын, өзінің бастапқы заттай нысанын (пішінін, түрін) сақтай
отырып, құнын өндірілген өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке
біртіндеп, бөліп-бөліп амортизациялық аударым мөлшерінде ауыстырған еңбек
құралдарын, яғни материалдық активтерді айтады.
Негізі қорларға – жылжымайтын мүліктер, жер учаскелері, үйлер мен
ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар мен жабдықтар, өлшеуіш және
реттеуіш аспаптары мен құралдары, есептеуіш машиналар мен техникалары,
көлік тасымалдау құралдары, аспаптар, өнідірістік және шаруашылық құрал-
саймандары, өнім және жұмыс малдары, көп жылдық көшеттер, шаруашылықтың
ішкі жолы, тағы басқалары жатады.
Көлемінің үлкенді-кішілігіне, бағасының азы-көптілігіне қарамастан
пайдалану мерзімі бір жылдан аспайтын өндіріс құралдары негізгі қорлар
қатарына жатпайды. Сонымен қатар негізгі құралдардың құрамына шаруашылық
субъектінің қоймаларындағы дайын өнімдер (тауарлар) болып саналатын
жабдықтар мен машиналар, күрделі құрылыс құрамында есептелетін монтаждауды
(құрастыруды, орнатуды) қажет ететін жабдықтар, сондай-ақ құрылыс-монтаж
жұмысының өзіндік құнының құрамында қаралған қосымша шығындардың есебінен
салынған титулдық тізімге кірмеген ғимараттар мен тетіктер, сонымен бірге
жас малдар, яғни мал төлдері де жатпайды.
Барлық негізгі құралдар өздерінің өндіріске қатысуына қарай өндірістік
және өндірістік емес болып екі топқа бөлінеді. Өндірістік негізгі құралдар
деп өндірісті қызмет ететін, яғни өнім өндіру орындарында пайдаланатын
негізгі құралдарды айтады. Олар: өндіріске арналған үйлер, ғимараттар,
өткізгіш тетіктер, құрылыс машиналары, көлік тасымалдау құралдары, әртүрлі
станоктар, двигательдер, құрал-саймандар, өлшеуіш аспаптар және тағы
басқалар. Өндірістік емес негізгі құралдардың қатарына шаруашылықтың
өндірістен басқа салаларында пайдаланылатын негізгі құралдар жатады. Оларға
тұрмыстық үй жай (коммуналдық) шаруашылығындағы, денсаулық сақтау,
әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдниет салаларында
пайдаланылатын негізгі құралдар т.б. жатады.
Экономиканың салаларына және көрсететін қызметтерінің түрлеріне қарай
барлық негізгі құралдар: өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, орман (тоғай)
шаруашылығы, тасымалдау, байланыс, құрылыс, материалды-техникалық жабдықтау
және сату-өткізу ұйымдары, қоғамдық тамақтандыру, басқару органдары,
әлеуметтік сақтандыру, ғылым және білім беру тағы басқалар бойынша
топталады.
Негізгі құралдарды экономика салаларына қарай топтастырған кезде
олардың қатысуымен шығарылған өнімдердің, болмаса орындалған жұмыстар мен
қызметтердің халық шаруашылығының қай түріне жататындығы негізге алынады.
Егер шаруашылық субъектіге негізгі құралдардың бәрі тек қана
субъектінің негізгі шаруашылығының түріне ғана қызмет істейтін болса, онда
бұл субъектідегі негізгі құралдардың барлығы түгелімен сол шаруашылық
субъектінің атқаратын қызметі саласындағы топқа жатады.
Шаруашылық субъектісінің балансындағы тұрғын үй шаруашылығының негізгі
құралдары халық шауаршылығының тұрғын үй шаруашылығы және халыққа тұрмыстық
қызмет көрсету саласына жатады.
Негізі құралдар алдына қойған мақсатына және атқаратын қызметіне қарай
мынадай топтарға бөлінеді:
1. үйлер (тұрғын үй, кеңсе үйі, қойма тағы басқалар);
2. ғимараттар (көпірлер, аспалы жолдар, жасанды бөгеттер,
эстакадалар, скважиналар, тағы басқалар);
3. өткізгіш тетіктер (жұмыс машиналары, энергия бөлетін тетіктер,
құбырлар, тағы басқалар);
4. машиналар (бумен жұмыс істейтін және іштен жанатын двигательдер,
электроаппараттар, трансформаторлар, экскаваторлар, грейдерлер,
бульдозерлер, бетон араластыратын машина, көтергіш крандар, жүк
көтергіш шығырлар, су өлшегіш құралдар, монометрлер, таразылар,
кассалық аппарттар мен тағы басқалары);
5. тасымалдау құралдары жолаушылар және жүк тасымалдайтын көліктер,
жеңіл көліктер, көлікке тіркемелер (прицеп), тракторлар және
тағы басқалар;
6. құрал саймандар мен жабдықтар, түрлі қорабтар, ыдыстар,
контейнерлер, тағы да басқалары);
7. шаруашылық құрал-жабдықтар (диван, креслолар, кілемдер, сейфтер,
тағы да басқалары);
8. жұмыс және өнім малдары;
9. көп жылдық өсімдіктер мен көшеттер;
10. жер (шаруашылық субъектінің сатып алған жер көлемінің құны);
11. жерді жақсартуға (өңдеуге) жұмсалған күрделі шығындар;
12. басқа да негізгі құралдар (кітапхана қорлары және тағы
басқалары).
Негізгі құралдар кімнің меншігінде, иелегінде екендігіне қарай
меншіктік, яғни шаруашылық субъектінің өзіне тиісті және уақытша жалға
алынған болып екіге бөлінеді. Шаруашылық субъектісі уақытша жалға алған
негізгі құралдарды баланс сыртындағы шотта есептейді. Қазіргі кезде
пайдалану барысына қарай негізгі құралдар жұмыс істейтін, жұмыс істемейтін
және сақтауда тұрған деп үш топқа бөлінеді.
Жұмыс істейтіндерге өндіріс процесіндегі, яғни қолданыстағы негізгі
құралдар жатады.
Жұмыс істемейтін негізгі құралдардың қатарына тоқтатылған, белгілі
себептермен және басқа да жаққа әзірше беріле қоймаған басы артық жабдықтар
жатады.
Сақтауда тұрған негізгі құралдардың қатарына келешекте, яғни алдағы
уақытта тозып немесе басқа да жағдайларға байланысты істен шығатын негізгі
құралдардың орнына пайдалануға арналған құрал-жабдықтар жатады.
Материалдық активтер сатылып алыну мақсатына қарай төмендегідей 3
топқа бөлініп, есептелінеді:
а) негізгі құралдар;
ә) тауарлы материалдық қорлар;
б) қаржылық инвестициялар.
Негізгі құралдар материалдық өндіріс саласында және өндірістік емес
(әлеуметтік) салада да ұзақ мерзімді (1 жылдан астам уақыт) қызмет етеді.
Негізгі құралдар дегеніміз ұзақ уақыт жұмыс істейтін материалдық-
заттық құндылықтар. Олар ұзақ уақыт бойы көптеген өндіріс циклында
пайдаланылады, өзінің қасиеті мен түрін сақтай отырып өз құнын жаңадан
өндірілген өнімге біртіндеп аударады.
Негізгі капитал корпорацияның өтімді емес активтерін қалыптастыратын
капиталдың бөлігін білдіреді. Негізгі капиталға салынбаған қаражаттардың
орны ұзақ мерзім аралығында біртіндей толтырылады.
Экономикалық мазмұны жағынан негізгі капитал ұғымы негізгі құралдар
ұғымынан кеңірек. Негізгі капиталдың құрамына бірінші материалды активтер,
яғни еңбек құралдарына (негізгі қорларға) аванстық капиталды салымдар
кіреді. Бұл еңбек құралдарының айналымының ерекшелігі өндіріс процесінде
олармен ұсталатын құн, кейін тауар құнының бөлігі ретінде айналысқа түседі,
ол сол кездегі натуралды нысанда қызмет етуін жалғастырумен түсіндіріледі.
Сондықтан қолданылатын еңбек құралдарының құны жоғалмайды, яғни тауар
құнына құрамдас бөлігі ретінде біртіндей кіреді. Негізгі капиталдың бөлігі
ретінде материалды активтердің айналымы шын мәнінде олардың қызмет ету
мерзімі аяқталған кезде, немесе олардың тозған және өндірістен
шығарылғандардың орнына жаңа материалды элементтердің келуімен тоқтатылады.
Негізгі капиталдың материалды элементтері (көліктер және құрал-жабдықтар)
өндірістен өзінің физикалық тозу уақытына дейін шығарылуы мүмкін. Оның
себебі, еңбек құралдарының моральдық тозуын ескеру қажеттілігі болады. Бұл
негізгі капиталдың материалды элементтерінің әртүрлі құндық бағалауды
қолдануды керек екенін көрсетеді.
Негізгі капиталдың құрамына екінші материалды емес активтер кіреді.
Оған натуралды-заттық формасы жоқ, бірақ кәсіпорынның шаруашылық қызметіне
қатысатын және оған табыс әкелетін активтер жатады. Атап айтқанда:
жекелеген ресурстарды (табиғат, жер, ғимараттарды жалға алу, құрал-
жабдықтар және т.б.) пайдалану үшін кәсіпорынның өзі алған құқықтар; өнер
туындыларын қолдануға патенттік құн, ноу-хау, техникалық құжаттар түрінде
рәсімделген техникалық, басқару, коммерциялық т.б. білімдер жиынтығы;
инновацияның пәні болып табылатын, бірақ патенттелінбеген өндірістік
тәжірибеден жинақтаулар; өнеркәсіптік үлгі мен модельдерге құқық; тауар
белгісі; компьютерлік, программалық өнімдерді пайдалануға құқық; гудвилл –
(фирма бағасы); заңды тұлғаның білім алуымен байланысты ұйымдастырушылық
шығындар т.б.
Корпорацияның негізгі капиталының құрамына үшінші қаржылық активтер
кіреді. Оған корпорацияның басқа кәсіпорындар мен мемлекеттің бағалы
қағаздарына салынған (акция) ұзақ мерзімді салымдары жатады. Мысалы,
кәсіпорынның басқа ұйымдардың жарғылық капиталына салымдары, сондай-ақ
басқа ұйымдардан алынған займдар жатады. Қаржылық салымдар инвесторлар
үшін, қор рыногының қалыптасуы мен бағалы қағаздар рыногына сенімінің
артуына маңызды ролін атқарады.
Корпорацияның негізгі капиталының құрамдарының әр бірінің үлесі
негізгі капиталдың құрылымын қалыптастырады. Басты роль өндірістік
кәсіпорын үшін материалды активтер атқарады.
Негізгі капитал – бұл негізгі қорлардың ұзақ мерзімде қалыптастыратын
материалды құндылықтар ретінде ақшалай бағасы. Осыған байланысты негізгі
қорлар өзінің құнын өндірілетін өнімге біртіндей қосады.
Негізгі қорлар – бұл өндіріс процесінде ұзақ мерзім аралығында
қатысатын және натуралды заттық санын сақтай алатын, сондай-ақ
амортизациялық есептеу түрінде тозуы бойынша өзінің құнын дайын өнімге
біртіндеп аударатын өдірістік материалды-заттық құндылықтардың жиынтығы.
Негізгі қорлар өндірістік және өндірістік емес болып бөлінеді.
Негізгі өндірістік қорларға өндірістік процеске тікелей қатысатын
(станоктар, құрал-жабдықтар т.б.) немесе оған жағдай жасайтын (өндірістік
ғимарттар, қондырғылар т.б.) негізгі қорлар (құралдар) жатады.
Негізгі өндірістік емес қорлар корпорацияның әлеуметтік аясында
қолданылатын негізгі қорлар. Оларға тұрмыстық, коммуналдық, шаруашылық,
мәдени мақсаттағы үйлер, ғимараттар, денсаулық және білім мекемелері т.б.
қорлар жатады.
Негізгі қорлардың құрылымы корпорацияның қажетті технологиялармен
жабдықталғанын және күрделі салымдардың тиімділігін көрсетеді. Кейбір
негізгі қорларды көбейту өндіріс көлемінің және өнім малдары, көп жылдық
өсімдіктер т.б.). Бұл қорлар активті деп аталады. Кәсіпорынның өндірістік
процесіне жағдай жасайтын басқа негізгі қорлар пассивті деп аталады, оған
жататындар: ғимараттар, қондырғылар т.б.
Негізі қорлар тиістілігіне қарай: меншікті (өз меншігіндегі)
кәсіпорындардың балансында көрсетілген; жалдағы, ұзақ және қысқа мерзімдегі
шарттар бойынша көрсетілген болып бөлінеді.
Сондай-ақ негізгі қорлар пайдалануына қарай: қызмет етуші негізгі
қорлар, консервациядағы және жалға берілген негізгі қорлар болып бөлінеді.

2.2. Негізгі құралдардың бағалануы
Негізі құралдардың есебін ұйымдастыруда оларды бағалаудың маңызы зор
болып табылады.
Негізгі құралдарды біртұтас принцип негізінде бағалау олардың көлемін,
құрылымын, тозуын айқындап, қайта өндіруді жоспарлауға мүмкіндік береді.
Негізгі құрал-жабдықтардың бастапқы құны, ағымдағы, баланстық құны,
сатып-өткізу құны, тозу және қалдық құны болады.
Бастапқы (тарихи) құн – негізгі құралдарды сатып алуға, салуға және
жасап шығуға кеткен нақтылы шығындардың және сатып алу барысында төленген,
т.с.с. негізгі құралдарды нақтылы жұмыс істеу жағдайына жеткізген тиісті
шығындардан тұратын құны.
Ағымдағы құн – бұл негізгі құралдардың белгілі бір мерзімдегі рыноктық
бағасы бойынша бағаланған құны.
Баланстық құны – бұл бухгалтерлік және қаржылық есептерде көрсетілетін
тозу сомасын алып тастағанға дейінгі негізгі құралдардың жинақталған
бастапқы немесе ағымдағы құны.
Сатылу (өткізу) құны – бір-бірін білетін, мәмілеге сәйкес дайын
тәуелсіз жақтардың негізгі құралдарды сатуға (өткізуге) келісілген құны.
Жойылу құны – тиімді қызмет ету мерзімі біткен негізгі құралдарды жою
кезінде пайда болатын қосалқы бөлшектердің болжамды құны.
Тозу құны – негізгі құралдардың бастапқы және жойылу құндарының
арасындағы айырмашылығы, яғни амортизациялық жолмен есептеліп, өндіріске
немесе айналымға жатқызылған шығындары.
Қалдық құны – бұл өндірілген өнімге, орындалған жұмысқа және
көрсетілген қызметке әлі аударылмаған құн. Оны анықтау үшін бастапқы құннан
негізгі құралдардың тозу құнын алып тастайды.
Негізгі құралдардың келісілген құны – бұл кез келген екі жақтың, яғни
негізгі құралдарды сатушы мен алушының арасындағы келісімімен болатын құн.
Кәсіпорынның қаржылық есеп қорытындысында мынадай ақпараттар болуы
керек. Негізгі құралдардың әр түрі бойынша олардың қозғалысы, іске
қосылғаны, шығып кеткені, бастапқы құнының өзгеруі, оның себептері ескеріле
отырып есеп беру кезеңінің басындағы және соңындағы бастапқы құны.
Негізгі құралдардың әр түрі бойынша амортизация есептеген кезде
қолднанылған әдіс, амортизацияланатын құралдардың есеп беру кезеңінің
басындағы және соңындағы бастапқы құны мен жинақталған амортизация сомасы.
Негізгі құралдардың әр түрі бойынша бағалау жүргізгенде есеп беру
кезеңінің басындағы және соңындағы ағымдағы құны, қайта бағалау жүргізудің
негіздемесі мен мерзімділігі, қайта бағалап өткізілетін күні, өткізу әдісі
және сараптық баға қарастырылады.

2.3. Негізгі қорлардың тозуы және амортизациясын анықтау әдістері
Жалпы негізгі қорлар өндіріске қызмет ету кезінде тозады, яғни
физикалық қасиетін жоғалтады, немесе ғылым және техниканың дамуына
байланысты қазіргі талапқа сай болмай қалады. Осыған сәйкес негізгі
қорлардың құны өзгеріске ұшырайды.
Негізгі қорлардың тозуы ғимараттар мен қондырғылар, өткізгіш тетіктер,
машиналар мен жабдықтар, көлік құралдары, құрал-сайманы, өндірістік және
шаруашылық инвентарь, көп жылдық өсімдіктер, материалды емес активтер
бойынша анықталып есептелінеді.
Тозу физикалық және моральдық болып бөлінеді. Физикалық тозу негізгі
қорларды пайдалану барысында сыртқы факторлар (табиғи күштер, еңбек
процесі) әсерінен болатын тозу. Негізгі қорлардың физикалық тозуын анықтау
үшін есептеудің екі әдісі қолданылады:
1. Физикалық және нормативтік мерзім қызметі немесе жұмыс көлемін
салыстыруға негізделген.
2. Зерттеулер процесінде бекітілген еңбек құралдарының техникалық
жағдайы туралы мәліметтерге негізделеді.
Моральдық тозу ғылыми техникалық прогреспен байланысты негізгі
қорлардың қазіргі уақытқа сай болмай қалуы, немесе толық физикалық тозудың
мерзімінен бұрын болуына байланысты болады.
Моральдық тозудың екі түрі болады:
1. Қазіргі уақытқа сәйкес оның қайта өндіруіне машиналар мен құрал-
жабдықтардың құнының төмендеуі мен арзандауы.
2. Өндіріске машиналар мен құрал-жабдықтардың өнімділік және
экономикалық түрін құру мен енгізуге негізделген.
Амортизация - өндірілген өнім есебінен негізгі қорлардың тозған
бөлігін толықтыру. Ол екіге бөлінеді: амортизациялынатын (ғимараттар,
үйлер, құрал-жабдықтар, көлік-құралдары); амортизацияланбайтын (жер, көп
жылдық өсімдіктер, консервациядағы негізгі қорлар, тарихи есерткіштер,
мұражай құндылықтары т.б.).
Жылдық амортизациялық есептеулер келесідей әдістердің біреуімен
есептелінеді:
1. Негізгі құралдардың (НҚ) құны бойынша амортизацияны бірқалыпты
(түзу сызықты) есептеу әдісі. Бұл әдіс әрбір жыл үшін
амортизациялық жарна сомасы амортизацияланатын құнды (бастапқы
құнына оның жойылу құнын щегергенде), оның пайдалану мерзіміне
бөлу арқылы есептелінеді. Мысалы, жүк автокөлігінің бастапқы
құны 100000 теңге, оның 5 жыл мерзім өткеннен кейінгі жойылу
құны – 10000 теңге. Бұл жағдайда жыл сайынғы амортизациялану
нормасы амортизацияланушы құнының 20 пайызын құрайды, немесе
бірқалыпты әдіске сәйкес 18000 теңге болады (100000-10000)5

Негізгі қорлардың амортизациясын бірқалыпты (түзу сызықты) әдіс
бойынша есептеу.

Бастапқы құны Амортизацияның Жинақталған Қалдық құны
жылдық сомасы тозу сомасы
Сатып алынған 100000 - - 100000
мерзім
1-ші жылдың 100000 18000 18000 82000
аяғында
2-ші жылдың 100000 18000 36000 64000
аяғында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Корпорациялар қаржысы: ұйымдастыру негіздері және олардың қаржы ортасының мазмұны
Корпорация қаржысы
Корпорациялардың қаржысы: мәні мен мазмұны, атқаратын функциялары және қаржы механизмі
Акционерлік қоғамдардың қаржысы
Корпорация қаржысын ұйымдастыру мен басқару
Қазақстан Республикасындағы ақша айналымы және банк жүйесін тұрақтандыру
Кәсіпорын қаржысын ұйымдастыру мен басқару
Корпорациялар қаржысының мазмұны және оларды ұйымдастыру
Кәсіпорын, ұйымдар және мекемелер қаржылары
Корпорация табыстарын қалыптастыру және пайдалану
Пәндер