Қазақстандағы ұлттық киноматографиясының алғашқы қадамдары (1920-1940 жж.)



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

І.Қазақстандағы ұлттық киноматографиясының алғашқы қадамдары (1920.1940 жж.) ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
1.1.Кинофикация және алғашқы көркемсуретті фильмдер ... ... ... ..7
1.2.Хроникалық сюжеттер мен деректі фильмдер ... ... ... ... ... ... ..14
1.3.Ұлттық кинодраматургияның алғашқы кезеңі ... ... ... ... ... ... .24
1.4. Қазақ киносы . соғыс жылдарында ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
1.5.Қазақ киносының алғашқы актерлік мектебі ... ... ... ... ... ... ...27

2. Қазақ ұлттық кино өнерінің 1945.1980 жж. қалыптасуы мен дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...35

2.1. Қазақ киносы . соғыстан кейінгі жылдарда ... ... ... ... ... ... ... ... 35
2.2.Қазақ кино өнерінің жанрлық түрлері ... ... ... 37 2.3.Ұлттық режиссура мен актерлік мектеп ... ... ... ... ... ... ... ... ... .38
2.4. Қазақ кинодраматургиясының тоқырау кезеңі ... ... ... ... ... ... ... ... ... 43
2.5. Тарихи тақырыптағы фильмдер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...47
3. Қазақ кино өнері тәуелсіздік кезеңінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...52
3.1.Көркемсуретті киноның өзекті мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... ...52
3.2. Бүгінгі кино өндірісіндегі ізденістер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..57

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...62

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...65
●Тақырыптың өзектілігі. Тарихи шындық, XX ғасырдың бас кезеңіне дейін Қазақстанда кино өндірісі қалыптаспаған еді және кино саласында ұлттық мамандарда болмады Қазан көтерілісіне дейін Қазақстанда бар-жоғы 13 қана киноқондырғы жұмыс жасады және олардың барлығы дерлік жеке кәсіпкерлердің меншігінде болды. . 1918-1920 жылдардан бастап Қазақстан жеріндегі бұған дейінгі барлық кинотеатрларды мемлекет қарамағына енгізу жұмысы жүргізілді.
1920 жылдармен салыстырғанда 1930 жылдар тұсында Қазақстан туралы түсірілген фильмдердің саны күрт өсті. Бұл тек хроникалық-деректі фильмдерде ғана емес, көркемсуретті киноға да қатысты болған құбылыс еді. Осы жылдары «Дала әндері», «Жұт», «Қаратау құпиясы», «Жау сүрлеуі» атты алғашқы көркемсуретті фильмдер экранға шықты. 1930 жылдар кезеңіңде жоғарыда аталып кеткен фильмдермен қатар «Востоккино» тресінен «Жау сүрлеуі», «Көтеріліс» фильмдері жарық көрді. 1930 жылдардың екінші жартысында экранға бірқатар көркем фильмдер шығып, ендігі жерде ұлттық көркем кино өндірісін жолға кою қажеттілігі туды.
Ұлттық кинодраматургияның алғашқы ұшқыны «Амангелді» және «Райхан» фильмдерінің сценарийлерінен бастау алды. Сонымен қатар, қазақ тарихында кинодраматургияның қалыптасуына Қазақстан тақырыбына түсірілген ең алғашқы көркемсуретті фильмдердің барлығына дерлік театр сахнасының актерлары қамтылды. С. Қожамқұлов, Қ.Қуанышбаев, Е.Өмірзақов, Қ.Жандарбеков, Қ.Байсейітов, Ш.Айманов, Қ. Бадыров, Ә.Өмірзақова, Х.Бөкеева, Б.Римовалардың алғашқы керкемсуретті фильмдердегі рольдерінен ұлттық актерлык кино тарихы бастау алды.
Қазақ ұлттық киносында сәтті басталған актерлық дәстүр бұдан былайғы уақытта Н.Жантөрин, А.Әшімов, Ы.Ноғайбаев, К.Қожабеков, Л.Абдукаримова, Ф.Шәріпова, С.Телғараев сынды талантты келесу буынның шығармашылығында жалғасты.
1960-1980 жылдар тұсында қазақ киносынын тарихында әр түрлі тақырыпты меңгеру және жанрлық түрлену құбылысы кең етек жайды. Егер жаңа заман және замандас тақырыбы тұрғысында қамтылған фильмдердің көркемдік деңгейі әлі де болса бір жақты иллюстративтік суреттеу аумағынан шыға алмай жатқан болса, осы кезеңде экранға шыққан Ұлы Отан соғысы тақырыбындағы фильмдердің көркемдік деңгейі ұлттық киномызды жана деңгейге көтере алды
Кеңес Одағы ыдыраған тұста жеке республикалар киностудиялары да жаңа өндірістік қарым-қатынасқа көше бастайды. Бұдан былайғы кезеңде «Қазақфильм» киностудиясы да аударма фильмлерден гөрі, ұлттық фильмдер өндірісіне басымырақ көңіл бөлді. 1988-1998 жылдар аралығында Қазақстанда 84 көркемсуретті фильм түсірілді. Қазақстан кино өндірісінің осындай жылдам қарқынмен дами бастауына себеп болған құбылыс - осы жылдар тұсында көптеп пайда бола бастаған жеке шағын киностудиялардың үлесі еді.
1. Сиранов К. Казахское киноискусство. - Алма-Ата: Казгосиздат, 1958. -112с.
2. Сиранов К. Киноискусство Советского Казахстана. Пути становления и развития : Автореф. дисс. … канд. искусствоведения. – М., 1964. – 19 с.
3. Сиранов К. Киноискусство Советского Казахстана. - Алма-Ата: Казгосиздат, 1966.- 124 с.
4. Сиранов Қ. Советтік Қазақстанның кино өнері. – Алматы: Білім, 1970. – 18 б.
5. Сиранов Қ. Кино туралы әңгіме. – Алматы: Жазушы, 1973. - 224 б.
6. Сиранов Қ. Кино. Жылдар. Ойлар: Мақалалар жинағы. – Алматы: Өнер, 1983. – 160 б.
7. Майшекин М. Көркемөнер шеберлері. – Алматы: Қазақ мемлекеттік баспасы, 1959. - 140 б.
8. Новожилов Г. Қазақстанның кинохроникасы. – Алматы: Қазақ мемлекеттік басылымы, 1962. – 72 б.
9. Атушев Ф. Қазақ кино өнерінің тууы мен дамуы. – Алматы: Білім, 1974. – 20 б.
10. Богатенкова Л.И. Народный артист СССР Шакен Айманов. – Алма-Ата: Наука, 1973. – 120 с.
11. Богатенкова Л.И. Нурмухан Жантурин. – Алма-Ата: Жазушы, 1975. – 95 с.
12. Смаилов К. Фильм осылай туады. – Алматы: Өнер, 1981. – 119 с.
13. Төлегенов Е., Әбдікаримов С. Өнер мұрасы. – Алматы:Өнер, 168 б.
14. Айнагулова К., Ашимбаева К.Тенденции развития киноискусства Казахстана. – Алма-Ата: Өнер, 1990. – 128 с.
15. Ногербек Б.Р. Кино Казахстана. – Алматы: НЦЛ, 1998. – 116 с.
16. Ногербек Б.Р. Вопросы периодизации истории казахского кино // Вопросы культуры и искусства Казахстана на пороге XXI века. – Алматы, 1999. – С. 37-46.
17. Ногербек Б.Р. Тернистый путь киноматографии // Нива. – 2005. - № 2. – С.120-128.
18. Нугербеков Б.Р. Когда оживают сказки: Мультипликационное кино Казахстана. – Алма-Ата: Өнер, 1984. – 98 с.
19. Рахманқызы Н. Кинорежиссер Ораз Әбішев. – Алматы: Қазақстан /Шапағат, 1998. – 136 б.
20. Абикеева Г.О. Кино Центральной Азии (1990-2001 гг.)7 – Алматы: Өнер, 2001. – 198 с.
21. Абикеева Г.О. Нациостроительство в Казахстане и других странах Центральной Азии, и как этот процесс отражается в кинематографии. – Алматы: Центр Центрально-азиатской кинематографии, 2006. – 308 с.
22. Садық М. Деректі фильмнен үлкен киноға дейін. – Астана: Фолиант, 2004. – 276 б.
23. Жандарбеков Қ. Көргендерім мен көңілдегілер. – Алматы: Өнер, 1989. – 112 б.
24. Мұхамеджанов Қ. Өзіме де сол керек. – Алматы: Жазушы, 1991. – 341 б.
25. Әшімұлы А. Жан бөлек. – Алматы: Санат, 2001. – 2008 б.
26. Әл-Тарази Т. Наз: Ғұмырнамалық хикаят, қаз-қалпындағы құжаттар. – Алматы: Нұрлы әлем, 2001. – 320 б.
27. Әбусейітова М. Пәк сезім. – Алматы: Дайк-Пресс, 2002. – 288 б.
28. Римова Б. Өмір белестері: Эссе. – Алматы: Арыс, 2003. – 264 б.
29. Кенжетайұлы К. Егер сурет сөйлесе... – Алматы: Алаш, 2004. – 480 б.
30. Теменов Т. Ой-жасын. – Алматы: Бауыр, 2004. – 280 б.
31. Актер Сәбит Оразбай. – Алматы: Атамұра, 1999. – 304 б.
32. Санбаев С., Бегалин Қ. Шәкен Айманов. – Алматы: Өнер, 2004. -158 б.
33. Шәкен Айманов туралы естеліктер / Құрастырған: К.Кенжетаев, Р.Сатаев. – Алматы: Білім, 2004. – 224 б.
34. Айнагулова К. Легендарный Шакен Айманов // Мәдениет. – 2004. – С. 38-41.
35. Қазақстан жөнінде шыққан көркем суретті фильмдердің каталогы. – Алматы: Қазақстан мемлекеттік басылымы, 1963. – 82 б.
36. Документальный экран Казахстана. –Алма-Ата: Кітап, 1978. – 128 с.
37. Очерки истории казахского кино. Алма-Ата: Өнер, 1980. – 236 с.
38. Қазақфильм киностудиясы. – Алматы : Өнер, 1986. – 132 б.
39. Новожилов Г.Н. В объективе - жизнь. - Алма-Ата: Өнер, 1984.
40. Еңбекші қазақ. – 1930. – 20 ноябрь.
41. Геннадиев И. Қазақстанда алғаш түсірілген ленталар // Жаңа фильм. -1970. - № 19. – 11-13 бб.
42. Казахская кинематография // Кинословарь в 2-х т. - Т. 1. - М., 1966.
43. Малахов П. Красная Армия на страже СССР // Советский экран. – 1927.- № 35. – С. 18-19.
44. Абрамов Н. Дзига Вертов. - М.: Искусство, 1962. – 138 с.
45. Советская степь. - 1931. - 9 мая.
46. Жансүгіров I. Мың мылқауға тіл бітгі [Дауысты кино туралы көлемді мақала] // Еңбекші қазақ. - 1930. - 4 ноябрь.
47. Правда. – 1934. – 25 апреля.
48. Енисеева Л. Начало пути (история ЦОКСа) // Новый фильм. – 1969. - №8. – С. 28-29.
49. Варшавский Л. Забыть не в силах ничего... (О деятельности ЦОКСа) // Новый фильм. - І969. - №16. – С. 7-8.
50. Давлетбеков X. Это было так... (Из истории создания казахстанского кинематографа) //Новый фильм. – 1972. - №12.- С. 9-11.
51. Бадыров К. Время тревожное, счастливое (Воспоминания о ЦОКСе) // Новый фильм. – 1975. - №7. – С. 13-14.
52. Мусрепов Г. Роблемы казахской кинодраматургии // Простор». – 1963. - № 2. – С. 5-6.
53. Океев Т. Серый лютый // Экран. – М., 1974. – С. 154-156.
54. Мусрепов Г. Легенда о Қыз Жібеке (о художественном фильме «Қыз Жібек») // Советский экран. – 1969. - № 1. – С. 43-44.
55. Жас алаш. - 2000 .- 18 наурыз.
56. Жаңа фильм. – 1990. - № 1. – 7 б.
57. Жантурин Н. Я - актер. Я - человек. Высшее достижение создателя. – Алматы: Атамұра, 1997.- 136 с.
58. Жаңа фильм. – 2002. - № 1. – 38 б.
59. Наурызбеков Г. Ұлттық кино және жас көрермен // Өмір. – 2004. - № 1. – 65-67 бб.
60. Наурызбекова Г. Қазақ киноөндірісінің жаңа толқыны // Өмір. – 2004. - № 4. – 48-50 бб.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 75 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ...3

І.Қазақстандағы ұлттық киноматографиясының
алғашқы қадамдары (1920-1940 жж.) ... ... ... ... ... ... ... ... ...7

1.1.Кинофикация және алғашқы көркемсуретті фильмдер ... ... ... ..7
1.2.Хроникалық сюжеттер мен деректі
фильмдер ... ... ... ... ... ... ..1 4
1.3.Ұлттық кинодраматургияның алғашқы
кезеңі ... ... ... ... ... ... .24
1.4. Қазақ киносы - соғыс
жылдарында ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .25
1.5.Қазақ киносының алғашқы актерлік
мектебі ... ... ... ... ... ... ...2 7

2. Қазақ ұлттық кино өнерінің 1945-1980 жж. қалыптасуы
мен дамуы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... 35

1. Қазақ киносы - соғыстан кейінгі
жылдарда ... ... ... ... ... ... ... ... .35
2.2.Қазақ кино өнерінің жанрлық түрлері ... ... ... 37
2.3.Ұлттық режиссура мен актерлік
мектеп ... ... ... ... ... ... ... . ... ... 38
2.4. Қазақ кинодраматургиясының тоқырау
кезеңі ... ... ... ... ... ... ... . ... ...43
2.5. Тарихи тақырыптағы
фильмдер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 47

3. Қазақ кино өнері тәуелсіздік
кезеңінде ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... .52

3.1.Көркемсуретті киноның өзекті
мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... 52
3.2. Бүгінгі кино өндірісіндегі ізденістер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...57

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 62

Пайдаланылған әдебиеттер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 65

КІРІСПЕ

●Тақырыптың өзектілігі. Тарихи шындық, XX ғасырдың бас кезеңіне
дейін Қазақстанда кино өндірісі қалыптаспаған еді және кино саласында
ұлттық мамандарда болмады Қазан көтерілісіне дейін Қазақстанда бар-жоғы 13
қана киноқондырғы жұмыс жасады және олардың барлығы дерлік жеке
кәсіпкерлердің меншігінде болды. . 1918-1920 жылдардан бастап Қазақстан
жеріндегі бұған дейінгі барлық кинотеатрларды мемлекет қарамағына енгізу
жұмысы жүргізілді.
1920 жылдармен салыстырғанда 1930 жылдар тұсында Қазақстан туралы
түсірілген фильмдердің саны күрт өсті. Бұл тек хроникалық-деректі
фильмдерде ғана емес, көркемсуретті киноға да қатысты болған құбылыс еді.
Осы жылдары Дала әндері, Жұт, Қаратау құпиясы, Жау сүрлеуі атты
алғашқы көркемсуретті фильмдер экранға шықты. 1930 жылдар кезеңіңде
жоғарыда аталып кеткен фильмдермен қатар Востоккино тресінен Жау
сүрлеуі, Көтеріліс фильмдері жарық көрді. 1930 жылдардың екінші
жартысында экранға бірқатар көркем фильмдер шығып, ендігі жерде ұлттық
көркем кино өндірісін жолға кою қажеттілігі туды.
Ұлттық кинодраматургияның алғашқы ұшқыны Амангелді және Райхан
фильмдерінің сценарийлерінен бастау алды. Сонымен қатар, қазақ тарихында
кинодраматургияның қалыптасуына Қазақстан тақырыбына түсірілген ең алғашқы
көркемсуретті фильмдердің барлығына дерлік театр сахнасының актерлары
қамтылды. С. Қожамқұлов, Қ.Қуанышбаев, Е.Өмірзақов, Қ.Жандарбеков,
Қ.Байсейітов, Ш.Айманов, Қ. Бадыров, Ә.Өмірзақова, Х.Бөкеева,
Б.Римовалардың алғашқы керкемсуретті фильмдердегі рольдерінен ұлттық
актерлык кино тарихы бастау алды.
Қазақ ұлттық киносында сәтті басталған актерлық дәстүр бұдан былайғы
уақытта Н.Жантөрин, А.Әшімов, Ы.Ноғайбаев, К.Қожабеков, Л.Абдукаримова,
Ф.Шәріпова, С.Телғараев сынды талантты келесу буынның шығармашылығында
жалғасты.
1960-1980 жылдар тұсында қазақ киносынын тарихында әр түрлі тақырыпты
меңгеру және жанрлық түрлену құбылысы кең етек жайды. Егер жаңа заман және
замандас тақырыбы тұрғысында қамтылған фильмдердің көркемдік деңгейі әлі де
болса бір жақты иллюстративтік суреттеу аумағынан шыға алмай жатқан болса,
осы кезеңде экранға шыққан Ұлы Отан соғысы тақырыбындағы фильмдердің
көркемдік деңгейі ұлттық киномызды жана деңгейге көтере алды
Кеңес Одағы ыдыраған тұста жеке республикалар киностудиялары да жаңа
өндірістік қарым-қатынасқа көше бастайды. Бұдан былайғы кезеңде
Қазақфильм киностудиясы да аударма фильмлерден гөрі, ұлттық фильмдер
өндірісіне басымырақ көңіл бөлді. 1988-1998 жылдар аралығында Қазақстанда
84 көркемсуретті фильм түсірілді. Қазақстан кино өндірісінің осындай жылдам
қарқынмен дами бастауына себеп болған құбылыс - осы жылдар тұсында көптеп
пайда бола бастаған жеке шағын киностудиялардың үлесі еді.
1990-2000 жыддардағы қазақ киносында елеулі құбылыс болған Жаңа
толқын киносымен бірге ұлттық экранымызға жаңа кейіпкердің келгенінің
куәсі боламыз. Соңғы жиырма жыл көлемінде қазақ киносы танымастай езгерді.
Сондықтан да, қазақ киноматогра-фиясының тарихын, қалыптасуын, дамуын
зерттеу қазіргі заман талабына сай және оларды тыңғылықты зерттеу бүгінгі
күннің өзекті мәселесі.

● Тақырыптың зерттелу деңгейі. Отандық киноматографияның тарихын,
оның құрылуын, дамуын алғашқылардың бірі болып жан-жақты зерттеген
К.Сиранов болды (1, 2, 3, 4, 5, 6). Осы тақырыпта біз тек ғалымның Мәскеуде
қорғаған кандидаттық диссертациясын ғана емес, сонымен қатар көптеген қазақ
және орыс тілдерінде жарық көрген басылымдарын да айта аламыз. Оның
еңбектерінде тек кәсіби жағынан емес, сонымен қатар Қазақстан кино өнерінің
қандай соқтықпалы-соқпалы қиын жылдардан өткендігінің тамыры тереңнен
зерделеген. Солардың ішінде респуб-ликамыздағы кинофикацияның тарихы мен
алғашқы хроникалық, деректік және көркемсуретті фильмдер де зерттелген.

Қазақ киноматографиясыныңдағы алғашқы ұлттық актерлер, олардың театр
сахнасымен байланысы, көркемсуретті фильмдердегі олардың ойнаған рольдері
мен шеберлігі М.Майшекиннің 1959 жылы басылымнан шыққан еңбегінде жан-жақты
көрсетілген (7).

1962 жылы жарық көрген Г.Новожиловтың құнды зертеуінде 1920-1940
жылдардағы республикамыздағы хроникалық-деректі киноның ақпараттық тәсілмен
түсірілген сюжеттері айқын берілген (8). Солардың ішінде Е.Блехманның,
Я.Толчанның және т.б. операторлардың фильмдерінде Ақтөбе, Қостанай,
Қызылорда, Ақмола облыстарындағы қазақтардың тұрмыс ахуалы, шаруашылығы
және т.б. мәселелер орынды көрініс тапқандығы.

Отандық кино өнерінің тууы, қалыптасуы мен дамуы, жалпы қазақ
киносындағы маңызды құбылыстарға тарихи тұрғыдан баға Ф.Атушевтың 1974
жылы жарияланған шағын брошюрасынан көруге болады (9).

1970-1980 жылдары жарық көрген көптеген құнде еңбектерде көрнекті
отандық актерлер мен режиссерлердің шығармашылық жолдары мен кеңестік және
қазақстандық кинодраматургия дамуына қосқан үлестері қамтылған. Солардың
ішінде Л.И.Богатенкованың (10, 11), К.Смаиловтың (12) және т.б.
зерттеулерін (13) атап өтіуізге болады.

1990-2000 жылдары ұлттық кинорежиссура, актерлық өнер және
кинодраматургия салалары бойынша, дәстүрлі мектепті қалыптастырған
жекелеген киноқайраткерлердің шығармашылық қолтаңбаларын терең зерттеу
Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ұстаздары Е.Төлегенов,
С.Әбдікаримов(13), К.Айнағұлова (14), Б.Р.Нөгербек ( 15, 16, 17, 18),
Н.Рахманқызының (19), Г.О.Әбікеева (20, 21), М. Садық (22) және т.б. сапалы
ғылыми ізденістерінен байқауға болады.

Қарастырып отырған тақырыбымызға қатысты ерекше қызығушылықты туғызатын
- отандық кино өнерінің көрнекті қайраткерлері мен тұлғалары ( 23, 24, 25,
26, 27, 28, 29, 30), сонымен қатар замандастары мен шәкірттерінің олар
туралы естеліктері мен эсселері ( 31, 32, 33, 34, 35).

●Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Бұл тақырыпты зерттеудегі
біздің мақсатымыз: қазақ киноматографиясының тарихын, қалыптасуын және
дамуын зерттей отырып, қазіргі тарих ғылымының бүгінгі таңдағы көтерілген
дңгейі тұрғысынан талдап, саралап, шынайы баға беру. Көзделген мақсатты
жүзеге асыру үшін, ізденушінің алдына мынадай міндеттер қойылды:

-Қазақстандағы ұлттық киноматографиясының 1920-1940 жж.
қадамдарына талдау жасау;
-қазақ киносының алғашқы актерлік өнер мектебінің және режиссура
салалары бойынша ерекшеліктерін көрсету;
- қазақ киносының соғыс жылдарындағы бағыттарын байыптау;
-еліміздің 1945-1980 жж. ұлттық кино өнерінің қалыптасуы мен
дамуын қарастыру;
-ұлттық кинодраматургиясының тоқырау кезеңіне зер салу;
-тәуелсіздік кезеңіндегі республика кино өнерінің маңызды
құбылыстарын, бағдарын, ізденістерін анықтау.

●Зерттеу жұмысының негізгі дерек көздері. Жұмыстың дерек
көзіне жарық көрген каталогтар (36) мен деректі жинақтарда (37, 38, 39),
мерзімді баспасөздерде, әсіресе қазақстандық киноматографистердің арнайы
Жаңа фильм журналында жарық көрген материалдар; сонымен қатар
Қазақфильм және басқа да киностудияларда, яғни Мосфильм және жекеменшік-
коммерциялық киностудиялардың жасаған деректі, хроникалық және
көркемсуретті фильмдері. Бұлардың барлығы бірлесе отырып кеңестік және
отандық көркемсуретті фильмдері, оларды түсірген режиссерлер мен
сценаристері, сонымен қатар кеңестік, отандық және шетелдік өздерінің зор
үлестерін қосқан актерлер әртүрлі кезеңдегі нақты жағдайын көрсетеді.

● Бітіру жұмысының хронологиялық шеңбері. Жұмыстың тақырыбын
толық қамтуға тырысып, оның қазақ мәдениетіндегі алатын орнын айқын көрсету
барысында біз XX ғасырдың бірінші ширегі мен XXI ғасырдың бас кезеңін
алдық. Тақырыптың бас кезеңі – ол Қазақстандағы киноматографияның
бастамасы, ал соңғы кезең – еліміздің егемендігімен байланысты.

●Жұмыстың методологиялық және әдістемелік негіздері.
Тақырыптың ғылыми зерттеулерініңің құндылығын ашып көрсетуде және
көтерілген басқа да мәселелердің сәтті шешімін табуында қазақ кмно өнерінің
көрнекті өкілдерінің ғылыми еңбектері басшылыққа алынды. Сонымен қатар,
шетел және отандық ғалымдарының ой-тұжырымдары мен пікірлері бағыт-
бағдарлық, теориялық және методологиялық негіз ретінде қолданылып, қажетті
тұстарда кеңінен пайдаландық.

●Зерттеу әдісі. Жұмысымызда тарихилық, жан-жақтылық, тарихи
салыстырмалылық және талдау әдіс-тәсілдері басшылыққа алынды. Бұл қазақ
кино өнерінің дамуының жүйелілік тұрғысынан талдауға, олардың орны мен мәні
жөнінде қалыптасқан нақты тұжырымдар жасауға мүмкіндік береді.

●Жұмыстың құрылымы. Бітіру жұмыс кіріспеден, үш
тараудан, қорытынды, әдеби тізімінен тұрады.

І. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ КИНОМАТОГРАФИЯСЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ҚАДАМДАРЫ (1920-1940
жж.)

1.1. Кинофикация және алғашқы көркемсуретті фильмдер
Әлемдік кино өнері тарихымен салыстырғанда қазақ жерінде кино өндірісі
кешеуілдеп дамыды. 1920 жылдар тұсына дейін Қазақстан өңірінде кино
өндірісі әлі қалыптаса қоймаған еді және кино саласында ұлттық мамандарда
болмады. Жас республиканың бұл жылдары мәдени өмірінде бірінші кезектегі
маңызды мәселелер қатарында қазақ даласына кинофикация кұбылысын кеңінен
тарату болды. Ұлы Қазан көтерілісіне дейін Қазақстанда бар-жоғы 13 қана
киноқондырғы жұмыс жасады және олардың барлығы дерлік жеке кәсіпкерлердің
меншігінде болды. Ең алғашқы киносеанс 1910 жылы Верный (қазіргі Алматы)
қаласында Марс жазғы кинотеатрында өтті. Дәл осы жылы Қазакстанның тағы
бірқатар қалаларында жылжымалы кинотеатрлар іске қосылады. Екі жыл
аралығында Верный қаласының бір өзінде ғана үш стационар кинотеатр жұмыс
істей бастады. Киносеансты табыс көзі деп таныған кәсіпкерлер (Омбы
қаласынан келген Г.Фабри, Ташкенттен келген М.Сейфуллин) бір-бірімен
өзара бақталастықта болды, олар кинотеатрлардың мәдени дәрежесі мен
көрсетіліп жатқан кинотуындылардың көркемдік деңгейіне аса мән бере
қоймады (1, 7-8 бб.).
Көп ұзамай-ақ казақ даласын кинофикациялау процесі мемлекеттік
дәрежеде жүйелендіріле бастады. 1919 жылдың 19 тамызында Москвада
Халықаралық Комиссарлар Кеңесінің Фотографиялық және киноматографиялық
сауда мен киноөндіріс орындарын мемлекеттендіру жөніндегі Декреті
қабылданады. Осы құжат негізінде 1921 жылдың 24 қазанында Бүкілодақтық
Фотокино өндірісінің Қазақстандағы бөлімі құрылады. Жаңа құрылған бұл
бөлімшенің күн тәртібінде кезек күттірмес мәселелердің барлығы дерлік кино
өндірісін қалыптастыру бағытында болады, олардың негізгілері:
1. губерниялық аймақтар бойынша фотокино бөлімдерін құру және
дамыту;
2. жылжымалы киноқондырғылар жүйесін ұйымдастыру;
3. кинопленкалар, диапозитив өндіретін және оны өңдейтін лабораториялар мен
фотоательелер ашу;
4. Қазақстан жеріндегі бұған дейінгі барлық кинотеатрларды мемлекет
қарамағына енгізу және оларды бір жүйеден басқару жұмысын
жолға қою (3, 15 б.).
Ендігі жерде жаңа құрылған Фотокино бөлімі осы бағытта қызу жұмысқа
кірісе бастайды. Кинотеатрлар саны жыл өткен сайын көбейе түседі, бірқатар
қалаларда шағын кинобірлестіктер іске қосылады. 1924 жылдың соңына қарай
Қазақстан жерінде 44 кинобірлестіктер жұмыс істей бастады, оның ішінде,
Верный (Алматы) округы бойынша - 10, Ақмола бойынша - 9, Орал округы
бойынша - 15 және тағы бірқатар қалаларда бірден-екіден кинотеатрлар іске
қосылады. Бұл аталып отырған көрсеткіштер Қазақстан өңірінде кинофикация
құбылысының кең етек жая бастағанын дәлелдейді. Дегенмен де,
киноқондырғылар санының жыл санап өсе бастауы алыс жатқан шалғай өңірлерге
кино туындыларын насихаттау барысында әлі де болса жеткіліксіз еді. Осы
кезеңнен күн санап өсіп жатқан киноқондырғыларды меңгере алар арнайы
мамандар даярлау қажеттілігі туады. Қазақстанның бірқатар ірі-ірі
қалаларында киномеханиктер, техниктер, киноинженерлер, кинофикация жүйесіне
мамандар даярлайтын қысқамерзімдік курстар ашыла бастайды. Осындай алғашқы
оқу орындарының бірі Қызылорда қаласында ашылған киномеханиктер курсының
алғашқы түлектері жылжымалы киноқондырғылардың жұмысын меңгеріп,
Қазақстанның шалғай жатқан ауылдарына сапар шегеді (38, 21б.).
Кинофикация жүйесінін Қазақстан жеріне баяулап болса да кең таралуына
сол кездегі үкімет тарапынан көрсетілген көмектің пайдасы зор болды.
Проекциялау аппараттарының түр-түрі, позитивтік кинопленкалар және тағы
басқа толып жатқан техникалық жабдықтар шет елден сатып алынып жатты. Жас
мемлекеттің өзіндік киноөндірісінің қуаты әлі де болса тым әлсіздеу
болатын. Бастапқы кезеңдегі киносеанстардың негізгі мазмүны үгіт-насихат
құралы ретінде қабылданады. Әр ауданда, әр қалада сеанс алдында өткізілетін
кинолекторийлардың басты тақырыптары сол кездегі жаңа үкімет саясатымен
тікелей ұштасып жатты. Күн өткен сайын кинотеатрларға көрермендер арнайы
ұйымдастырылған жүйе бойынша ағыла бастады. Билеттің бағасы арзандатылды,
мектеп оқушылары мен кедей қауымдастықтарының мүшелеріне ақысыз кіруге
рұқсат берілді. Жылжымалы киноқондырғылардың өнімсіз қызметіне сол кездегі
жергілікті халыктың хат танымауы да себеп болды. Киношығарманың дыбыссыз
мылқау жағдайына байланысты кинолекторлар сеанс басталмай тұрып көрермен
алдында фильм сюжетінен аз да болса мағлұмат беріп отыруға мәжбүр еді.
Кинофикация құбылысының ел арасына мейлінше кең тарауына Көшші кедей-
шаруа қауымдастығы мен тұтынушылар кооперацияларының да ролі зор болды.
Кәсіби одақтар бірлестігі өндіріс орындарында шағын стационар кинотеатрлар
құрылысын қолға алады. Кинофикациялау органдарына Совет киносынын достары
одағы да үлкен көмек көрсете бастайды. Бұл Одақтың тұңғыш төрағасы болып
белгілі коғам қайраткері Нығмет Нұрмақов сайланады. Осы Одақтың күшімен
республиканың ірі-ірі қалаларында, фабрикалар мен заводтарда кино
үйірмелері көптеп ашыла бастайды. Әр киносеанс алдында үйірме мүшелерінің
ұйымдастыруымен саяси тақырыптарда әңгімелер өткізу жұмыстары жолға
қойылады.
Дегенмен де, кинофикациялау шараларының осындай жан-жақтылығына
қарамастан, казақ жерінде кино өнерін насихаттау жұмыстары әлі де болса
баяу қарқында өтіп жатты. Кино өнерін насихаттау сияқты жаңа құбылыстың
дамуына тежеуші болған факторлардың басты себептерінің бірі - ауыл-
ауылдарға таратылып жатқан жылжымалы киноқондырғыларды дер кезінде фильм
көшірмелерімен қамтамасыз ету жұмыстарының қиындығы еді. Кинопрокат
жүйесінің қызметі бақылаусыз болғандықтан, әр киноқондырғыда фильм
көшірмесінің нақты бағасы қалыптаса қоймады. Сондықтан да уақыт талабымен
жылжымалы қондырғыларды фильмдер көшірмесімен қамтамасыз ету жұмыстарын бір
жерден басқару қажеттілігі туады.
Осы мақсатта 1921 жылы арнайы кинопрокат конторы құрылды. Аталмыш жылдар
соңына карай жоғарыда аталып кеткен бірқатар шаралардың нәтижесінде
Қазақстан өңірін кинофикациялау қарқыны біртіндеп көтеріле бастайды. 1927
жылғы есеп бойынша Қазақстанда қалалық прокат жүйесінде 21 кинотеатр, 30
клубтық киноқондырғылар болса, ауылдық прокат жүйесінде 41 жылжымалы
кинокондырғылар мен 39 стационар кинотеатрлары көрерменге қызмет көрсетті.
Республиканың енді ғана аякталып келе жатқан кинофикация органдарының
қызметіне жұмысшы комитетінің колдауымен 1928 жылы құрылған Совет
киносының достары (ОДСК-общество друзей советского кино) атты қоғамдық
үйірменің кемегі аса зор болды. Қазақстандағы аймақтық ОДСК жетекшісі
кызметіне Нығмет Нұрмақов тағайындалады. Бұл қоғамның негізгі міндеттері
қалалық жерлердегі кино үйірмелерінің жұмысын жолға қою болды. Заводтар мен
фабрикаларда, оқу орындары мен мекемелерде кинотеатрлардың репертуарымен
таныстыру және киноның маңызы жайында үгіт-насихат жұмыстары жоспарлы түрде
іске асырыла бастайды. Киносеанстардан түскен қаражаттың артық түсімі
көмегімен үсті-үстіне жаңа киноартельдер құрыла бастайды. Ендігі жерде
жылжымалы және стационар киноқондырғыларды іске қосатын киномеханиктер мен
кәсіби инженерлер қажеттілігі туады (9, 31 б.). Сондықтан да, ірі қалаларда
мемлекет қолдауымен кино мамандарын даярлайтын кысқа мерзімдік курстар
ашыла бастайды.
Ұлттық кадр ретінде көсіби білім алған Қызылорда киномеханиктер курсының
алғашқы түлектерінің бірі Садуақас Кадиевтің қол астындағы жылжымалы
киноқондырғысымеен ауыл-ауылды аралап, кино өнерін насихаттаудағы аса
белсенділігі жайында Бейімбет Майлин Еңбекші қазақ газетінің 1930 жылғы
20 қарашадағы санында былай деп жазады: Садуақас Каддиев өз ісінің шебері,
ол үнемі жол үстінде. Оның жылжымалы киноқондырғысы күн демей, түн демей,
дамыл көрместен, Марқакөл және Бесқарағай аудандарындағы ауылдарды түгел
аралап шықты. Ол тек фильм көрсетіп кана қоймайды, сонымен қатар, әр сеанс
алдында кино жайында үгіт-насихат жүргізеді, жергілікті халықты өнердің
жаңа түріне қызықтыруға тырысады (41).
Кеңес кезеңі кинематографиясының тарихы хроникадан бастау алады. 1920-
жылдар кинорепертуарларында негізінен жас мемлекеттің жаңа саясаты мен
идеологиясы уағыздалды. Кинонеделя, Госкинокалендарь, Киноправда,
Совкиножурнал сияқты апталық киножурналдар ел өмірінде болып жатқан
өзгерістерді экраннан үздіксіз көрсетіп жатты. Киноплакат, қысқа форматты
киноочерктер түрінде түсірілген алғашқы хроникалық сюжеттер совет киносы
тарихында революциялық кинопублицистика жанрының қалыптасуына негіз болды.
Қазақстан тақырыбына түсірілген алғашқы көркемсуретті фильмдер.
Киноматография өнерінің қалыптасу кезенінде маңызды роль атқарғанымен
де, хроникалық-деректі фильмдер жас республика өмірін жеткілікті дәрежеде
көрсете алмады. Техникалық шектеулі мүмкіндіктердің аясы бірен-саран ғана
фильмдер түсіруге жетіп жатты. Қазақстан тақырыбына көркем жанрда жаңа
экран туындыларының кажеттілігі туралы баспасөз беттерінде қоғамдық
пікірталастары үздіксіз жарияланады. Орталық студиялар тарапынан Қазақстан
тақырыбына фильмдер жасау талпыныстары нәтижесінде 1928 жылы экранға Д.
Фурмановтың әдеби шығармасы желісімен Көтеріліс (Мятеж) атты алғашқы
көркемсуретті фильм шығады (сценарийдің авторлары М. Блейман, С.Тимошенко;
қоюшы-режиссер - С. Тимошенко, операторы Л. Патлис). Авторлардын әдеби
нұсқа ретінде Д. Фурмановтың осы шығармасын алуы кездейсоқ құбылыс емес
еді. Жиырмасыншы жылдар тұсыңда жаңа өкімет идеясын насихаттау мақсатында
кинематограф өнімдерін кеңінен тарату өз нәтижесін беріп жатты. Жазба
нұсқадағы келтірілетін революциялық қырағылық, қулақтар мен байлардың
халыққа қарсы іс-әрекеттерін ашу сияқты касиеттер және сол арқылы таптық
күресті нығайту сияқты басты тармақтар экраннан заңды жалғасып табады.
Мятеж фильмінен кейін Қазақстан территориясында көркем фильмдер өндірісін
негіздеу қажеттілігі туады (7, 31-33 бб.).
1929 жылы Алматы қаласында Бүкілрессейлік Востоккино акционерлік
қоғамының жергілікті өндірістік бөлімі ашылып, пленкаға түсірілген
материалдарды өңдеу лабораториялары, шағын көлемді монтаждау бөлмелері
жабдықталады.
1920 жылдармен салыстырғанда 1930 жылдар тұсында Қазақстан туралы
түсірілген фильмдердің саны күрт өседі. Бұл тек хроникалық-деректі
фильмдерде ғана емес, көркемсуретті киноға да қатысты болған құбылыс еді.
Осы жылдары Дала әндері (1930 ж., сценарий авторы Е. Арон, режиссер А.
Лемберг), Жұт (1931 ж., сценарий авторлары С. Ермолинский, М. Каростин;
режиссер М. Каростин), Қаратау құпиясы (1932 ж., сценарий авторлары А.
Дубровский, Эль-Регистан; режиссер А. Дубровский), Жау сүрлеуі (1935 ж.,
сценарий авторлары И. Шухов, И. Правов; режиссер О. Преображенская, И.
Правов) атты алғашқы көркемсуретті фильмдер экранға шығады (42).
Дала әндері коркемсуретті фильмі Қазақстан республикасының 10 жылдық
мерейтойына арнайы түсірілді, негізгі мазмұны жаңа өкімет қолдауымен еңді
ғана аяқ басып дамып келе жатқан Советтік Қазақстан Республикасының алғашқы
жетістіктері төңірегінде өрбітіледі. Кинематографиялық шығарма
заңдылықтарының мүмкіншіліктері кеңейіп, осы фильмде павильондық
көріністердің шеңбері табиғи табиғат аясына ұласады. Кадрлардың басым
көпшілігі жалпы планмен алынған, көпшілік қозғалысымен (народные массы)
беріліп отыратын көріністер жаңа қоғамдық өзгерістерге халықтық сипат беру
мақсатында жасалған. Оқиға желісін өрбіту барысында жеке кейіпкерлердің
тағдыры тарихи деректер көріністерімен үйлесімді түрде алма-кезектесіп
отырады, сонысымен де деректілік мағынаға ие болады. Композиция
құрылымындағы мұндай бұлыңғырлық көркем шығарма мазмұнын сұйылтып жіберуі
де мүмкін, осы орайда Дала әндері фильмі төңірегінде сол кезеңдегі
киношығарма талаптарына сәйкес келмеді деген де пікірлер айтылып жатты.
Алайда осындай көзге көрінбес кемшіліктеріне қарамастан, Дала әндері
көркемсуретті фильмін қазақ даласын оның өз ерекшеліктерін сақтай отырып,
жаңа тарихи өзгерістер қойнауында сипаттауға бағытталған алғашқы туынды деп
бағалаған жөн. Әрине, мұнда жеке кейіпкерлер тағдыры тарихи деректер мен
қоғамдық өзгерістер жанғырығы аласапыранында көлдегі бір тамшыдай ғана
майдаланып кеткеңдіктен де, көркем шығарма суреттеу әдістерін бірден байқай
алмаймыз, сол себептен де, фильм композиииясындағы сюжеттік тармақтар аса
айқын көрініс таппаған. Осы аталып отырған кемшіліктерге қарамастан, Дала
әндеріндегі актерлық фактура және табиғи талант жеңісін айтпауға болмас.
Кино саласында жергілікті ұлт өкілдерінен кадрлар жоқтың қасы болғандықтан
да, Дала әндері фильмінде ойнаған тұңғыш қазақ актері Серке Қожамқұлов
ролі ұлттық киноактерлық мектебінің тарихында алғашқы тәжірибе ретінде
жоғары бағаланады. Шығарма авторлары республикада болып жатқан өзгерістер
мен жаңалықтар туралы әңгімелей отырып, дала әндері мен күмістей төгілген
күй сиқырын қатар көрсетеді.
Бұдан кейін экранға шыққан келесі фильмнің де жетістігі айтарлықтай
болды. 1931 жылы экранға шыққан Жұт көркемсуретті фильмінің құрылымдық
сипаты әлдеқайда нақты, таптық тартыс жеке кейіпкерлер деңгейінде беріледі,
бай мен кедей арасындағы шиеленіс фильм оқиғасының дамуында шарықтау
шегіне жетеді, сол арқылы әрқайсысының мінезіндегі ерекшеліктер
айқындалады. Бас кейіпкер Малай (рольде - Хакім Дәулетбеков) өмірінің
жартысын бай есігінде өткізгендіктен, адам ретінде жеке басына тән
қасиеттерден біртіндеп айрыла бастағандай сыңайлы. Барып кел, шауып кел
жағдайында қолбалаға айналып кеткен Малайдың болашағынан үміті әбден
үзілгендей болады, алайда ендігі жерде жаңа өкіметтің келуімен оның өміріне
өзгерістер енеді. Малайдың санасы біртіңдеп ояна бастайды. Көп уақыт бойы
бай қарамағында жалшы болған батрақтар оның малын көз қарашығындай бағып-
қаққан, талай жұттан да аман алып шыққан. Ендігі жерде Малай да басқа
батрақтар сияқты байдың малын өзінікі деп есептегндей. Бұлардың саналарының
өсуі таптық тартыс мазмұнын қоюлата түседі. Жұт фильміндегі негізгі
идеялық мақсат - революциямен келген қоғамдық өзгерістер нәтижесінде таптық
сана айырмашылықтарының тереңдегенін көрсету, сол арқылы Қазақстан өңірінде
жұмысшылар қозғалысының өріс алғандығын насихаттау. Хакім Дәулетбековтің
сомдаған Малай бейнесі өте сәтті шыққан. Осы ролінен кейін ол тағы бірқатар
фильмдерге шақырылады (15, 28 б.).
Келесі көркемсуретті фильм Қаратау құпиясы экранға 1932 жылы шықты.
Фильмде өмірде болған шын оқиға негіз етіп алынған. Кеңес үкіметі
орнағаннан кейін өндіріс орындарын жаппай индустриялау жұмыстары басталады.
Күн санап қаулап өсіп келе жатқан заводтар мен фабрикаларға табиғи
ресурстар қажеттілігі жаңа мүмкіндіктер қарастыруға мәжбүр етеді. Каучук
өнімдерін беретін көк сағыз Тянь-Шянь тауларының батысында, әсіресе, Кеген,
Сарыжаз, Текес бөктерлерінде кездесетін болғаңдықтан, енді сол өсімдікті
жинауға экспедиция шоғырланады. Каучуктың қасиеттерін зерттеп жүрген жас
ғалымдар тобына жергілікті адамдар шын ниеттерімен көмек көрсетеді.
Қаратау құпиясы фильмі қым-қиғаш оқиғалар негізінде түсірілген. Негізгі
оқиға бірнеше адамнан тұратын экспедицияның каучук өсімдігін іздестіру
мақсатымен шыққан жорығы жайында. Экспедиция мүшелерінің жол бойы кездескен
қиындықтары сюжеттік тармақтың қосалқы элементтері ретінде негізгі бағытты
қоюландыра түседі. Фильмнің авторлары - режиссер А. Дубровский,
операторлары - Г. Блюм, А. Зильберник. Көне кездегі профессордың ролінде
СССР Халық артисі В. Гардин, жас ғалымның ролінде - Б. Азаров. Хакім
Дәулетбеков бұл фильмде ғылыми экспедицияның жол көрсетушісі ролін
орындайды.
1930 жылдар кезеңіңде жоғарыда аталып кеткен фильмдермен қатар
Востоккино тресінен Жау сүрлеуі (жазушы И.Шуховтын Ненависть романы
бойынша, фильмнің режиссеры - О. Преображенская), Көтеріліс (Мятеж) (Д.
Фурмановтың Мятеж романы бойынша, режиссеры - С. Тимошенко) фильмдері
жарық көреді.
Бұл аталып отырған Көтеріліс (Мятеж), Дала әндері, Жұт,
Қаратау құпиясы, Жау сүрлеуі фильмдерінің көркемдік деңгейі экрандық
шығарма заңдылықтары тұрғысынан алып қарағанда әлі де жеткіліксіз дәрежеде
еді. Дегенмен де, бұл фильмдердің кемшіліктеріне қарамастан, Қазақстанда
көркемсуретті киноның дүниеге келуінің алғашқы нышандары болды деп бағалау
керек. Бүкілресейлік Востоккино акционерлік қоғамының Алматыда ашылған
өндірістік бөлімі болашақ киностудияның негізі болып қалануы тиіс еді.
Алайда ол бөлімнің жұмыс істеу мерзімі ұзаққа созылмай, 1931 жылы мүлдем
жабылып қалады. 1933 жылы Алматыда Союзхроника тресінің Қазақстандағы
базасы ашылады да, Советтік Қазақстан киножурналын шығару міндеттеледі.
Киножурнал Қазақстан өмірі туралы хроникалық-деректі сюжеттерді түсіруге
тиісті болды. Ал 1935 жылдың соңында аталмыш база Алматы кинохроникасы
студиясы болып қайта ашылады. Алғашқы жылдарда ғылыми емес, кино өндірісін
жолға коюға техникалык және шығармашылық күші жағынан толык мүмкіндігі бар
жаңа студияның кұрылуы Қазақстанда ел алдына жеке кино өнеркәсібінің
дүниеге келуінің дәлелі болды. Бұл ұлттық киноөнері тарихындағы аса маңызды
кезең. Алматы кинохроника студиясы алғашқы кезенде тек киножурналдар мен
хроникалық деректі фильмдер түсірумен ғана шектеліп отырды.
Қазақстан кино өнеріндегі көркем жанрдың дамуының өзіндік ерекшеліктері
бар. 1930-шы жылдардың екінші жартысында экранга бірқатар көркем фильмдер
шығып үлгерген тұста, ендігі жерде ұлттық көркем кино өндірісін жолға кою
қажеттілігі туды (16, 39-40 бб.).
Амангелді көркемсуретті фильмінің маңызы. Шәкен Айманов өзінің
естеліктерінде республика басшыларының кино мамандарын жинап алып, олардың
алдына аты аңызға айналган Амангелді батыр жайында фильм түсіру
қажеттілігін баса айтып, мақсат қойғандығын айтады. Шығармашылық түрғыдан
алғанда Амангелді жайыңда фильм түсіру мүмкін еді, ал сол кездегі
материалдық базанын кемшіліктеріне байланысты техникалық жабдықтау жағы
қиынға түсті. Соған қарамастан, аты аңызға айналған Амангелді батыр жайында
фильм түсіру жөнінде шешім қабылданады. Сценарий жазу үшін Москвадан жазушы
Вс.Иванов шақырылады. Қазақ жазушыларынан Амангелді фильміне сценарий
жазу жұмысына Ғабит Мүсірепов және Бейімбет Майлин косылады. Ленфильмнен
режиссер М. Левин, Мосфильмнен оператор X. Назарьян шақырылады. Жұмыс
қызу басталып кетеді. Фильмге түскен актерлардың барлығы дерлік театр
сахнасынан келді (5, 34 б.).
Техникалық жабдықтау, павильондық көріністерді түсіру және түсірілген
материалды монтаждау жүмыстары толығымен Ленфильм киностудиясының
шеңберінде жүзеге асырылды. Ал табиғи көріністердің барлығы дерлік Алматы
каласының төңірегінде түсірілді. Фильм бастапқыда-ақ бірден екі вариантта
түсіріледі: орыс және қазақ тілдерінде, Фильмнің негізгі окиғасы - 1916
жылы қазақ даласында болған. Амангелді баскарған ұлт-азаттық көтерілісі
төңірегінде баяндалады, Көтерілістің шығуының басты себебі әлеуметтік-
экономикалык және саяси сипаттағы факторлар еді. Солардың бірі - Ресей
патшасының 1916 жылы 25 маусымдағы армияның тыл жұмыстарына Қазақстанның,
Орта Азияның бұратана халықтары арасынан 19-дан 43 жасқа дейінгі ер
адамдарды шақыру жөніндегі жарлығы тікелей сылтау болды. Қазақстаннын
далалық аймақтарынан - 100 мыңнан астам, бір ғана Жетісу өңірінен 87 мың
адам қара жұмыска еріксіз алынуға тиіс болды. Осы жарлық шығысымен-ақ,
жергілікті болыстар дереу тізім жасауға кіріседі. Патшаның катал жарлығына
және жер-жерде оны орындаудағы әділетсіз тәсілдерге қатты ашынған
жергілікті халық бас көтере бастайды. Әр жерде, облыс облыстарда қарулы
көтерілістер ұшқыны шығып, қазақ даласында стихиялық қозғалыстар бірте-
бірте ұйымдасқан сипат ала бастайды. Ұлт-азаттық көтерілісінің аса ірі
орталықтары Жетісу мен Торғай өңірі болды. Осындай тарихи деректер
Амангелді фильмінің негізгі драматургиялық желісін құрайды. Амангелді
Иманов бастаған 15 мыңға жуық көтерілісшілердің бастапқы қарулы
дүмпулерінен ақпан революциясына дейін созылған уақытта қаншалықты күрделі
сынақтан өткендігін көрсету арқылы және жеке кейіпкердің характеріндегі
эволюциялық өсу дәрежесіне дейінгі құбылысты экрандық шығарма мысалында
байкауға мүмкін болды.
Фильмге арнайы жазылған әдеби сценарий 1936 жылы Новый мир журналының
№ 11 санында жарияланып, талқыға түседі. Түсіру кезеңінде, әрине, бастапқы
сценарий вариантына көп өзгертулер мен қысқартулар енгізіледі.
Кеңес кезеңі киносының калыптасуындағы бастапқы саты көп жағдайда
революция идеясымен қаныққан романтикалық сарын арқылы сипатталады. Бұл
құбылыс қазақ киносына да тән болды. Ұлы Қазан көтерілісі алдындағы тарихи
кезең қамтылған Амангелді фильмінде бас кейіпкердің ел өміріндегі елеулі
іздері сюжетке арқау болып, шы-ғарма жанрының табиғатын тарихи-биографиялық
бағытқа бұруға мүмкіндік береді. Амангелді - халық қалаулысы, демек ол жаңа
идеяны тасымалдаушы да болып отыр. Бас кейіпкерді сомдағаң Елубай
Өмірзақовтың актерлык. шеберлігі Амангелді бейнесін кезең сипатымен
тұтастықта бере алды. Экрандық шығарма заңдылықтарына орай Амангелді
бейнесі оны қоршаған адамдар қарым-қатынасы арқылы тереңдетілді, фильм
сюжеті өрбіген сайын бас кейіпкердің де мінезіндегі ерекшеліктер айқындала
түседі, сол арқылы характерінің өсу деңгейін көруге мүмкіндік болды. Ол тек
қана батыр болып көрінген жоқ, оның бойында қарапайым адамға тән
қасиеттердің барлығы да бар. Амангелдінің жүріс-тұрысында қолбасшы
ретіндегі бойындағы жинақылық та басым, махаббатта да көріне алды, қателік
жібергендерге ашуланады да, бір сөзбен айтқанда, Амангелді мінезіндегі
ерекшелік жеке адам ерекшелігі тарапынан жан-жақты ашыла алды. Сол кездегі
қазақ театр сахнасының жұлдыздары Серке Қожамқұлов, Қүрманбек Жандарбеков,
Шара Жиенқұлова, Қанабек Байсейітов, Қалибек Куанышбаевтардың фильмге
қатысуы бұл шығарманың дәрежесін одан бетер көтере түсті. Кең көлемді
көпшілік көріністердің ірі пландармен жиі алмасуы бас кейіпкердің ішкі
дүниесін тереңдетуге біршама көмегін тигізді.

Амангелді фильмі экранға шыққаннан кейін І939 жылы Қазақстан ұлттық
кино өндірісін өркендету жолында бірқатар шаралар жоспарланады. Сондай
шаралардың маңыздылары қатарында Қазақстан тақырыбына арнайы жазылған
сценарийлер бәйгесінің жариялануы еді. Алғаш ұйымдастырылып отырған ұлттық
сценарийлер бәйгесіне 40-тан астам жұмыс қатыстырылды. Солардың ішінде ең
үздігі болып Мұхтар Әуезовтін Райхан сценарийі бас жүлдеге ие болады. Осы
кезеңнен енді қазақ, ұлттық көркем киносының қалыптасу және даму тарихы
басталады.

1.2. Хроникалық сюжеттер мен деректі фильмдер

Қазақстанның өмірі тек 1920-шы жылдардың ортасында ғана экранда пайда
болады. Бүған дейін қазақтың тыныс-тіршілігі бірде-бір сюжетте
бейнеленбейді. Фотограф Е. Блехман 1924-ші жылы Қазакстанның сол кездегі
астанасы Орынбор қаласына С. Буденныйдың келуін пленкаға түсіріп алады.
Сюжет Москвадан шығатын киножурналдардың бірінде көрсетіледі. Бұл -
Қазақстанның шеңберінде түсірілген алғашқы сюжет болатын. Осы сюжеттен
кейін іле-шала Қызыл әскер, Ликбез мектептері, Ауылдас кооператив
сияқты очерк мәнерінде түсірілген сюжеттер пайда болады. Негізгі тақырыбы -
революцияның қазақ жеріне ала келген алғашқы өзгерістері. Барлық сюжетке
тән ортақ мақсат - Кеңес үкіметі жүргізіп жаткан шараларға жергілікті
халықты қоса жұмылдырып, үгіттеу болды. Қызыл әскерде алғашқы қазақ
жастарының қызыл әскер қатарына өтуі, олардың әскери шеберлікті меңгеріп,
Кеңес Одағын адал корғауға шакырады. Ликбез мектептері сюжетіңде қарттар
мен жастардың, әйелдер мен ер-азаматтардың білім алудағы алғашқы кадамын
бейнелейді (43, с.18). Бұл алғашқы хроникалық ақпараттар нақты үгіттеу
міндетін атқарды.
Жоғарыда аталған сюжетгердің бәріне тән кемшілік - оқиғалардың бір
нүктеден жалпы планда түсірілуі, кадрлардың ұзақ бөлшектермен
монтаждалуында болды. Ірі пландар өте сирек кездеседі. Монтаждау әдісінің
қарапайым, яғни мазмұны бірінен-бірі өрбіп отыратын кадрлардың өзара
біріктірілуі Қазақстанда түсірілген алғашқы деректі фильмдердің барлығына
төн ортақ касиет болды.
Қазақстан туралы Қазакстанның бес жылдығы , ҚССР Кеңесінің V-ші
съезі атты деректі фильмдері 1925 жылы Қызылорда қаласында түсірілді. Екі
фильмнің де авторлары - Москвадағы Мемлекеттік Кинематография техникумының
студенті Яков Толчан және қазақстандық фотограф Е. Блехман болды.
Е.Блехман революцияның алғашқы жылдарынан бастап Ревкомда, Губ ЧК, ВЧК
және КазЦИК-те жүмыс істейді. Қазақстандағы Кеңес үкіметінің алғашқы
жылдарынан бастап, жергілікті халықтың өмір-тынысы бейнеленген мыңдаған
фотографиялар түсіреді. Қазақтың тұрмыс мәдениеті, шерулер, съездер,
қалалар, фабрикалар мен заводтардың құрылысы, алғашқы колхоздар сияқты жаңа
құбылыстың барлығы Блехман түсірген фотографияларда көрініс тапты. Олардың
ішінде 1918-1919 жылдары түсірілген Амангелді Иманов, Әліби Жангелдиннің
бейнелерін де көруге болады.
1922 жылы Е.Блехман Орынборда Пате кино түсіру аппаратына ие болады.
Таңсық, өрі беймәлім құрал фотографты өте қызықтырады. Бүған дейін
киноаппаратпен жүмыс істеп көрмеген, тіпті, өзгелердің түсіру жүмысымен
таныс емес ол алғашқы түсіру жүмысын бастайды.
Қазакстанның бес жылдығы атты деректі фильмінің көріністерін түсіріп
жүрген Я.Толчанмен қатарласа, мерекені, митинг пен шеруді, Қызылорда
қаласының өмірі мен тұрмысын пленкада бейнелейді.
1928 жылы Ақтөбе, Қостанай, Акмола облыстарындағы ауыл кеңестерінің
жұмысын тексеру үшін Мемлекеттік комиссия құрылады. Бұл комиссияның
құрамында фотограф және кинооператор ретінде Е. Блехман жұмыс істейді.
Комиссия мүшелерімен бірге бірнеше ай бойы түсіру жүмысын жүргізген ол,
Қазақстанның түкпір-түкпіріңде, алыс аудандарында Кеңес үкіметін орнату
шаралары туралы бай киноматериал ала келеді. Бұл материалдарда ауылдағы
қазақтардың тұрмыс ахуалының жұпынылығы бейнеленеді. Батырақтар мен
кедейлер, қазақ әйелдері мен комсомолдар қатысқан жаңа Кеңеске сайлау
сюжеттері көрініс тапқан бұл материалдар Москвадан шығатын киножурналдар
мен деректі фильмдерде қолданылады.
1929 жылдың сәуір айында Қазақстан Кеңесінің VII съезі өтті. Бұл
республиканың тұтасымен ұжымдастыру және индустрияландыру жолына түсіп,
бесжылдықтарға аяқ басқан кезең болатын. Е. Блехман осы съездің бүкіл
жұмысын және Бірінші Мамыр күнгі мерекелік шеруді түсіріп алады. Осы
сюжеттерді қолдана отырып, Кеңестердің VII-ші съезі фильмін монтаждайды.
Бұл қазақстандық кинооператор түсірген алғашқы деректі фильм 1929 жылы 4
маусымда тұңғыш рет көрермен назарына ұсынылады (9, 7 б.).
1929 жылы 19-шілдеде Алматыда Түрксіб темір жол бойымен келген алғашқы
поезды қарсы алу мерекесіне бүкіл қала халкы вокзалдың басына жиналады.
Оқиғаны түсіруге Москвадан келген оператор және Е. Блехман қатысады.
Москвалық оператор жалпы пландарды, ал Е. Блехман жиналған халық арасынан
жеке адамдардың ірі пландарын түсіреді. Е. Блехман 1930 жылы түсірген
екінші деректі фильмін шекарашылардың қызметіне арнайды.
Отызыншы жылдардың бірінші жартысынан бастал ол кино түсіру жұмысын
тоқтатады. Қолындағы аппаратын студияға тапсырып, ендігі гұмырын фотография
өнеріне арнайды. Өмірінің соңғы күндеріне дейін осы салада еңбек етіп, 1980-
шы жылы тоқсанға_қараған шағында дүние салады.
Қазақстан туралы Қазақстанның бес жылдығы атты алғашқы деректі
фильмді 1925 жылы Москваның культкино студиясының арнайы тапсырмасымен
режиссер Я. Толчан түсіреді. Фильмде Кеңес үкіметінін Қазақстандағы алгашқы
қадамдары, бес жыл ішіндегі республиканың жеткен жетістіктері көрініс
табады. Қазақстанда түсірілген алғашқы сюжеттер мен деректі фильмдердің
авторлары Ресейден келген операторлар мен режиссерлар болды. Бұган себеп
Қазақстаннын жеке кино базасы мен киномамандарының жоктығы еді.
Қазақстанның бес жылдығы фильмінің авторы Я.Толчан былай деп еске
алады: Культкино студиясынан арнайы тапсырма алып, алыстағы белгісіз
Қазақстанга сапар шегуіме тура келді. Дмитрий Вертов қоштасып тұрып, колыма
300 метр пленка мен ескі Эклер киноаппаратын ұсынды да, Кеңестік
Қазақстанның бес жылдығы тойланады, сол жөнінде деректі фильм түсіру керек
деп тапсырды. Қазақстанның сол кездегі астанасы Қызылорда қаласына
мерекенің алдында екі күн бұрын келдім де, түсіру жұмысына кірісіп кеттім.
Қалада мерекелік көңіл-күй атмосферасы орныққан екен. Салынып жатқан мектеп
және аурухана құрылыстарын түсіріп алдым. Мереке басталған күні жүздеген
шақырым жерден малшылар мен қойшылар үздіксіз ағылып келіп жатты... (37,
29 б.).
Республика шеңберінде түсірілген киносюжеттердің саны біртіндеп көбейе
бастады. Олардың негізгі тақырыбы - революцияның қазақ жеріне ала келген
өзгерістері мен жаңалықтары болды. Яғни, бұл сюжеттер Кеңес үкіметін
насихаттау және мадақтау мақсатымең түсірілді. Олардың барлығы дерлік
ақпараттық мәнерде бейнеленіп, Москвадан шығып отырған Кинонеделя,
Киноправда, Союзкиножурнал атты Бүкілодақтық киножурналдардан
көрсетіліп отырды. Олардың көпшілігі 1960 жылдары түсірілген Ширек ғасыр,
Советтік Қазақстан, Бақыт туралы толғаныс, неміс режиссерлары Андре
және Аннели Торндайктардың Орыс ғажайыбы фильмдерінде қолданылады.
Советтік Қазақстан туралы алғашқы фильмдердің қатарында 1927-шы жылы
Москвадан келген операторлар тобы түсірген Қызыл Армия - ҚСРО күзетінде
фильмін айтуға болады. Фильмнің режиссеры П.Малахов Советский экран
журналының 1927-ші жылғы 35-санында былай деп жазады: ... Біз Кеңес
Одағының түкпір-түкпірін аралай жүріп, Қазақстан, Өзбекстан, Түркменстан,
Әзірбайжандағы Қызыл Армияның тұрмысын, тыныс-тіршілігін түсірдік. Бұрын
түсіру камерасымен кездеспеген қазақстандық кызылгвардиялықтар таң калумен
болды. Біз қазақша, олар орысша тіл білмегендіктен, арамызда мүғалім
аудармашы қызметін аткарды... Олардың ат құлағыңда ойнауы біздін
кавалеристерден де асып түседі екен... (44).
1928 жылы РСФСР Халык Комиссарлары Кеңесі жанынан Бүкілресейлік
Востоккино тресі құрылды. Негізгі мақсаты - Ресей Федерациясының құрамына
еңген халықтардың тұрмыс-тіршілігін бейнелейтін фильмдер түсіру және ұлт
өкілдері арасынан талантты киномамандар даярлау болды. Востоккино
акционерлік қоғамының өкілдері 1929 жылы бірінші болып Алматыға келеді. Осы
жылы Востоккино тресінің Алматыдағы өндірістік бөлімі ашылып,
лаборатория, монтаждау цехы, мультипликация және жазуларды түсіріп алатын
цехтар салынады.
Востоккино тресінде түсірілген деректі фильмдер. Востоккино
тресінің Алматыдағы бөлімінің ашылуындағы басты мақсат - Қазакстанда
біртіндеп өз киностудиясының ашылуы болды. Өндірістік бөлімде Соңғы
жаңалыктар деген айдармен бірнеше кинохроникалық журналдар экранға шығады.
Журналға еңген сюжеттер Алматыдағы әртүрлі құрылыстар, еңбекшілердің
алғашқы мерекелік шерулері туралы баяндалады. Толығымен болмаса да,
Қазақстанның шаруашылығы мен мәдени өмірінен алынған күнделікті окиғалар
осы журналда көрініс тапты. 1929-шы жылы Востоккино тресінің Алматыдағы
бөлімшесінде В. Турин әлем кино тарихына көрнекті шығарма ретінде енген
Түрксіб фильмін (сценарий авторлары - Е. Арон, В. Шкловский, А. Мачерет,
В. Турин; операторлары - Е. Славинский, Е. Франциссон) түсіреді. Фильм
Түркістан-Сібір темір жолының құрылысы туралы лирикалық поэма формасында
әңгімеленеді. Шығармада бір-біріне мазмұны тұрғысынан қарама-қарсы
кадрлерді қолдану тәсілі кеңінен көрініс тауып, параллельді монтаж арқылы
бұл кадрлерді көрсетуде салыстыру тәсілін колданады. Мысалы, Онтүстік
Қазақстан өңірінің апталық ыстығы мен Сібірдің қақаған аязы, түйе мен
паровоз, киіз үйлер мен көп қабатты зәулім үйлер, тіршілік нышаны
білінбейтін аңызақ дала мен жаңа салынып жатқан құрылыстар, т.б. көріністер
арқылы кешегі мен бүгінгі күнді салыстырады (37, 48 б.).
Түрксіб фильмінің драматургиясы әлем киносына үлкен әсерін тигізді.
Егер Д.Вертовтың фильмдері мазмұны тұрғысынан бір-біріне қарама-қарсы
эпизодтардың кақтығысы негізінде құрылыл, елдің тарихи даму жолын бірыңғай
нүктелер арқылы көрсетсе, ал Түрксіб фильмі өмірдің диалектикалық
күрделілігін ескі мен жаңаның бір кезеңде өтетіндігін, кешегі уақыт пен
бүгінгі күнді кайнаған өмір ортасында бейнелейді. Фильм жаңа кезеңнің пайда
болу диалектикасын ашады. Бұл жиырмасыншы жылдардың соңында кино өнерінің
жаңа бейнелеу тілі, жаңа драматургиялық күрылымының пайда болған нышанын
білдірді.
Түрксіб фильмінің драматургиясы, яғни кеше мен бүгінгіні салыстыру
принципі Қазақстан деректі киносының кейінгі жылдардағы даму тарихына әсері
болды. Мысалы, Абсент фильмі аты әлемге әйгілі сәйгүліктің кешегі
жүлдызды сәті мен бүгінгі қартайған кезі арасындағы қақтығыс негізіне
құрылады. Өткен шағын әртүрлі халықаралық олимпиадаларда жұлдызы жарық
болғанын дәлелдейтін хроникалық кадрлар арқылы бейнелейді. Ал хроникалық
кадрлар Абсент фильмінде екі түрлі роль атқарады: біріншіден, бұл
Абсенттің өткен күндерінен хабар береді; екіншіден, А.Филатовтың Абсентпен
кездесуіне көрерменді эмоциональды түрде алдын ала дайындайды.
Сондай-ақ, кеше мен бүгін принципін Бір хаттың ізімен, Жоқтау
фильмдерінен көруге болады. Түрксіб фильмі әлем кино экранын аса
сәттілікпен аралап шығып, тек Қазақстанның ғана емес, бүкіл кеңес кино
өнеріне шығармашылық табыстар әкелді. Белгілі киносыншы Жорж Садуль Франция
кино өнерінің дамуына әсер еткен ең үздік кеңес фильмдерінің катарында
Түрксібті де атайды. Фильмнің кадрлары екі түрлі кезеңнің алмасуын
баяндайтын символы болып қалды. Әлі күнге дейін Түрксіб фильмінен алынған
эпизодтар көптеген тарихи-деректі фильмдерде цитата ретінде қолданылып
келеді.
Түрксіб фильмі шын мәнінде 1920-шы жылдардағы деректі киноөнерінің
дамуында орын алған сан алуан пікірлер мен ойлардың корытындысы болды. 1929-
шы жылы Советский экран журналында жарияланған Түрксіб сабақтары
макаласында режиссер В. Туриннін өзі былай деп жазады: Түрксіб фильмі
коркемдік сапасы түрғысынан экспримент ретінде түсірілген жоқ. Ол ең
алдымен мың ойланып, мың толғанған еңбектің нәтижесі ретінде өте маңызды.
Фильмнің барлық кадрлары автордың ойына және идеясына тұтасымен бағынышты
болды (45, с. 31-33 ).
Қазақстан кино өнерінін тарихында Бүкілресейлік Востоккино тресінің
Алматыдағы бөлімінде Қазақстан тақырыбына түсірілген фильмдер өте маңызды
роль атқарады. Олардың саны оннан астам және көпшілігі бір-екі бөлімнел
түрады. Тек Жайлауда фильмі ғана бес бөлімнен күралды. Мүнда Қазақстанның
кең даласы, мал шаруашылығына ыңғайлы жайлаулар көрсетіледі. Ал
Қазақстанның жануарлар әлемі (1930 ж., операторы - В. Доброницкий) фильмі
Жайлаудың көріністерін қайталағанымен, мазмұны жағынан өзгеше. Фильмде
адамның күнделікті тұрмыс-тіршілігіне қажетті еті мен сүті қолданылатын мал
шаруашылығын дамыту туралы мәселені козғайды. Алтын жағалаулар (Золотые
берега, 1930 ж., режиссер және оператор - А. Лемберг) фильмі Ертіс өзені
туралы, әдемі табиғат көріністері, Ертіс өзені бойымен Өскеменнен
Павлодарға дейін салынып жатқан құрылыс жұмыстары көрсетіледі. Салыстырмалы
түрде Ертістің жағасына қоныс тепкен қазақтардың революцияға дейінгі өмірі
бейнеленеді. Ал Астық жинау фильмінде алғашқы ауыл шаруашылық артельдер
жұмысының нәтижесі баяндалады. Жоғарыда аталып өткен фильмдер қолданылған
көркемдік тәсілі әрқалай. Мысалы, Жайлауда, Қазақстанның жануарлар
әлемі фильмдері ғылыми-көпшілік киносының, ал Астық жинау деректі әңгіме
жанрларының тәсілімен түсірілген. Сондай-ақ Қазақстандағы жаңа өндіріс
тақырыбы Соғыс жариялаймыз (1928 ж.), Миллиондарға арналған рапорт
(1928 ж.) фильмдерінде көрініс табады. Алғашқысында Алматы заводының
металлургиялық цехы мен Ембі мұнай өндірісі, ал екінші фильмде Қарсақбай
мыс балқыту заводының іске қосылуы туралы баяндалады.
1920-1930 жылдары Қазақстан деректі киносында жиі көрініс тапқан тағы
бір тақырып - Түркістан-Сібір темір жолының салынуы, Түрксібтің ашылуы,
алғашкы поездың келуі болды. 1929 жылы атақты Турксіб фильмінен өзге, бір
бөлімді Бірінші поезд (1929 ж., Первый поезд) фильмі түсіріледі. Сібір
және Орта Азия елдерін жалғастырып тұрған темір жолдың торабында орналасқан
Алматы станциясына келген алғашқы эшалоңдар, №1 Москва поезының келуі,
мақталы өңірлерге Түрксіб темір жолымен алғашқы нан жіберу көріністері орын
алады. Ал 1930 жылы түсірілген екі бөлімді Түрксібтің ашылуы (оператор Л.
Косматов) фильмі Түрксіб темір жолының ашылуына орай ұйымдастырылған
мерекелік шеруді баяндайды. Осы жылы Түрксіб такырыбына арналған тағы бір
Түрксіб торабы (режиссер В. Немоняев, оператор Б. Козлов) фильмінде
Түрксіб құрылысының онтүстік және солтүстік бөлімдерінің бір жерде
кездесуін көрсетеді. Мұнда мерекелік митинг, Тұрар Рысқүловтың баяндамасы,
алғашқы паровоз, Түрксіб құрылысшыларының И. Сталинге жолдаған хатының
мәтіні көрініс табады (37, 56 б.).
Сонымен, 1920-1930 жылдардағы Қазақстанда болған үлкен окиғалардың бірі
- Түрксіб темір жолының тарихы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан кино өнерінің соқтықпалы-соқпалы қиын кезеңдері
Гитлердің Германиядағы билігінің ұлғаюы
Мәдени жаңғыру қарқыны
Қазақстандағы ғылыми кітаптар басылымының тарихы (ХХ ғ. 20–40 жж.)
Қазақстан қазіргі заман тарихы пәннің лекция сабақтарының әдістемелігі
Авторлардың еңбектерінде жоғарғы оқу орындарымен даярланған ауыл шаруашылық мамандары
Семей губерниясындағы ашаршылық және оның салдары
XX ғ. 20 -30 жж. Қазақстандағы демографиялық мәселелер
Қазақстанның саяси-экономикалық жағдайы туралы
Қазақ жастары мерзімді баспасөзінің тарихы (ХХ ғасырдың басы – 1940 жж.)
Пәндер