Қазақстан тарихы курсының тәрбиелік мәні



Жоспар

І Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4

ІІ Негізгі бөлім

2.1. Қазақстан тарихын оқытудың мақсаты мен міндеттері ... ... ... ... ... ... 5

2.2. Қазақстан тарихы мектеп курсының құрылымы мен мазмұны,
ондағы маңызды өзгерістер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8

2.3. Дербес Қазақстан тарихы мектеп курсының оқу бағдарламасы ... ...10

2.4. Дербес Қазақстан тарихы курсының алғашқы оқулықтары
мен басқа да оқу құралдарының сипаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17

2.5. Қазақстан тарихы мектеп курсының қазіргі құрылымы ... ... ... ... ...28

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29

Сілтемелер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .32
Кіріспе


Зерттеудің мақсаты мен міндеттері: Оқушыларға оның жерін ежелгі заманнан бастап осы күнге дейін мекендеп келген адамзаттың жүріп өткен тарихи жолын, адамдар жасаған құндылықты, мәдениеті яғни олар жинаған тарихи тәжірибенің негізін оқытып үйрету.
Жастарды адам баласының өткен шындық тарихымен таныстыру, дүниежүзілік мәдениеттің басты-басты жетістіктермен сусындату, өткен тарихты өздігінше сын көзімен талдай отырып, келешекті бағдарлайтын, шығармашылықпен ойлана отырып, олрдан дұрыс қорытынды жасай алатын, тарихи деректермен өздігінше жұмыс істеп, өз білімін үнемі толықтырып отыратын, алған білімін күнделікті өмірде қолдана алатын азамат тәрбиелеу екені үнемі назарда болуы тиіс.

Зерттеудің құрылымы: Қурстық жұмыс бір бөлімнен құралған. Тарау бес мәселеге бөлінген.
Бірінші мәселесі Қазақстан тарихын оқытудың мақсаты мен міндеттері туралы айтылады.
Екінші мәселесі Қазақстан тарихы мектеп курсының құрылымы мен мазмұны, ондағы маңызды өзгерістер туралы тереңірек мағлұмат беріледі.
Үшінші мәселесі Дербес Қазақстан тарихы мектеп курсының оқу бағдарламасы хақында сөз болады.
Төртінші мәселесі Дербес Қазақстан тарихы курсының алғашқы оқулықтары мен басқа да оқу құралдарының сипатын толыққанды ашып көрсетеді.
Бесінші мәселесі Қазақстан тарихы мектеп курсының құрылымы жайында әңгіме болады.

Зерттеудің тарихнамасы: Осы тақырыпты зерттеудегі тарихнамаға тоқталсақ: Тұрлығұлов Т.Т., «Тарих сабағын жетілдіру жолдары», Алматы, 1984 жылғы кітабын, Тұрлығұлов Т.Т., «Қазақстан тарихын оқыту әдістемесі», Алматы, 2004 жылғы кітабын пайдаландым.
Пайдаланылған журналдар: Шаймерденов К.Ш., «Қазіргі сабақ және өзекті мәселелер», Алматы, 1990жыл /Қазақ тарихы/, N13, 8-9 бет. .
Назарбаев Н.А., «Қазақтың бүкіл тарихы, туыстану тарихы», /Егемен Қазақстан/, 1998, 16-18 бет.
Шаймерденов К.Ш., «Қазіргі сабақ және өзекті мәселелер», Алматы, 1990, /Қазақ тарихы/, N14, 21-22 бет.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Тұрлығұлов Т.Т., «Тарих сабағын жетілдіру жолдары»,
Алматы, 1984

2. Тұрлығұлов Т.Т., «Қазақстан тарихын оқыту әдістемесі»,
Алматы, 2004

3. Шаймерденов К.Ш., «Қазіргі сабақ және өзекті мәселелер»,
Алматы, 1990, /Қазақ тарихы/, N13, 2030 – 8-9 бет.

4. Аманжолов Қ., «Қазақ ССР Тарихын оқытуда көркем әдебиет
пайдалану», Алматы, 1971

5. Қасымбаев Ж.К., «Қазақстан тарихын оқыту туралы кейбір ойлар»,
«Қазақстан мектебі», 1989, N7, 21-24 бет.

6. Құсайынова Р., «Туған өлкенің тарихы мен мәдениеті қандай
болуы керек», Қазақстан мектебі, 1991

7. «Қазақстан тарихының хрестоматиясы», Рауан, Алматы, 1991

8. Тұрлығұлов Т., «Қазақ ССР тарихының эпизоттық әңгімелері»,
Алматы, 1990

9. Ысқақов Ә., «Лекция сабақтарын өткізудің кейбір жолдары»,
Қазақстан мектебі, 1985

10. Тұрлығұл Т., Адырбек Б., Көмекбай А., «Ежелгі Қазақстан тарихы»
5-сынып мұғалімдеріне арналған көмекші құрал, Алматы, 2001

11. Назарбаев Н.А., «Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан 2030», Алматы, 1997, /Егемен Қазақстан/, N6, 19-21 бет.

12. Назарбаев Н.А., «Қазақтың бүкіл тарихы, туыстану тарихы»,
Егемен Қазақстан, 1998, N13, 5-7 бет.

13. «Тарих бойынша орта мектеп бағдарламасы», 5-11 сыныптар,
Алматы, 1992

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ
БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

Қазақстан тарихы кафедрасы кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

ТАҚЫРЫБЫ: Қазақстан тарихы курсының
тәрбиелік мәні

Жоспар

І Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..4

ІІ Негізгі бөлім

2.1. Қазақстан тарихын оқытудың мақсаты мен міндеттері
... ... ... ... ... ... 5

2.2. Қазақстан тарихы мектеп курсының құрылымы мен мазмұны,
ондағы маңызды өзгерістер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8

2.3. Дербес Қазақстан тарихы мектеп курсының оқу бағдарламасы ... ...10

2.4. Дербес Қазақстан тарихы курсының алғашқы оқулықтары
мен басқа да оқу құралдарының сипаты
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17

5. Қазақстан тарихы мектеп курсының қазіргі құрылымы
... ... ... ... ...28

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 29

Сілтемелер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...30

Пайдаланылған әдебиеттер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...32

Кіріспе

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері: Оқушыларға оның жерін ежелгі заманнан
бастап осы күнге дейін мекендеп келген адамзаттың жүріп өткен тарихи
жолын, адамдар жасаған құндылықты, мәдениеті яғни олар жинаған тарихи
тәжірибенің негізін оқытып үйрету.
Жастарды адам баласының өткен шындық тарихымен таныстыру, дүниежүзілік
мәдениеттің басты-басты жетістіктермен сусындату, өткен тарихты
өздігінше сын көзімен талдай отырып, келешекті бағдарлайтын,
шығармашылықпен ойлана отырып, олрдан дұрыс қорытынды жасай алатын,
тарихи деректермен өздігінше жұмыс істеп, өз білімін үнемі толықтырып
отыратын, алған білімін күнделікті өмірде қолдана алатын азамат
тәрбиелеу екені үнемі назарда болуы тиіс.

Зерттеудің құрылымы: Қурстық жұмыс бір бөлімнен құралған. Тарау бес
мәселеге бөлінген.
Бірінші мәселесі Қазақстан тарихын оқытудың мақсаты мен міндеттері
туралы айтылады.
Екінші мәселесі Қазақстан тарихы мектеп курсының құрылымы мен
мазмұны, ондағы маңызды өзгерістер туралы тереңірек мағлұмат беріледі.
Үшінші мәселесі Дербес Қазақстан тарихы мектеп курсының оқу
бағдарламасы хақында сөз болады.
Төртінші мәселесі Дербес Қазақстан тарихы курсының алғашқы оқулықтары
мен басқа да оқу құралдарының сипатын толыққанды ашып көрсетеді.
Бесінші мәселесі Қазақстан тарихы мектеп курсының құрылымы жайында
әңгіме болады.

Зерттеудің тарихнамасы: Осы тақырыпты зерттеудегі тарихнамаға тоқталсақ:
Тұрлығұлов Т.Т., Тарих сабағын жетілдіру жолдары, Алматы, 1984 жылғы
кітабын, Тұрлығұлов Т.Т., Қазақстан тарихын оқыту әдістемесі, Алматы,
2004 жылғы кітабын пайдаландым.
Пайдаланылған журналдар: Шаймерденов К.Ш., Қазіргі сабақ және өзекті
мәселелер, Алматы, 1990жыл Қазақ тарихы, N13, 8-9 бет. .
Назарбаев Н.А., Қазақтың бүкіл тарихы, туыстану тарихы, Егемен
Қазақстан, 1998, 16-18 бет.
Шаймерденов К.Ш., Қазіргі сабақ және өзекті мәселелер, Алматы, 1990,
Қазақ тарихы, N14, 21-22 бет.

2.1. Қазақстан тарихын огқытудың мақсаты мен міндеттері.
Жалпы білім беретін мектепте Қазақстан тарихын оқыту ерекше
маңызды. Өйткені кез-келген мемлекеттің азаматы өз елінің, мемлекетінің,
сол мемлекетті мекендеп отырған халықтардың, оның өзінде де алдымен сол
елге аты берілген халықтың тарихын білуге міндетті. Өз халқының, елінің
тарихын, мәдениетін сүйе білмеген адам, басқа халықты, оның мәдениетін
сыйлай да, құрметтей де алмайды, оларды білуге ұмтылмайды. Ал осы
Республиканың азаматтарына Қазақстан тарихын жаппай оқытып үйрететін бірден-
бір оқу орны – жалпы білім беретін мектеп. Қазақстан тарихының білімдік,
тәрбиелік міндетін мектепте оқытылатын басқа пәндердің бірде біреуі
атқара алмайды.
Қазақстан тарихын оқытудың мақсаты – оқушыларға оның жерін ежелгі
заманнан бастап осы күнге дейін мекендеп келген адамзаттың жүріп өткен
тарихи жолын, адамдар жасаған құндылықты, мәдениетті яғни олар жинаған
тарихи тәжірибенің негізін оқытып үйрету.1
Тарих пәнінің мұғалімі Қазақстан Республикасының Білім туралы
Заңындағы: ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарға, ғылым мен практика
жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға,
шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамытуға, адамгершілік пен
салауатты өмір салтын берік негіздерін қалыптастыруға, азаматтық пен
елжандылыққа, өз Отаны – Қазақстан Республикасына сүйіспеншілекке,
мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге,
республиканың қоғамдық – саяси экономикалық және мәдени өміріне белсене
қатысуға, әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баулуға, қазақ
халқы мен республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен
дәстүрлерін зерделеуге, мемлекеттік, орыс, шетел тілдерін меңгеруге
көмектесуі тиіс - деген міндеттерді орындауға күш салады.
Қазіргі кезеңде мектепте тарихты оқытудың басты міндеті – жастарды
адам баласының өткен шындық тарихымен таныстыру, дүниежүзілік мәдениеттің
басты-басты жетістіктермен сусындату, өткен тарихты өздігінше сын көзімен
талдай отырып, келешекті бағдарлайтын, шығармашылықпен ойлана отырып,
олардан дұрыс қорытынды жасай алатын, тарихи деректермен өздігінше
жұмыс істеп, өз білімін үнемі толықтырып отыратын, алған білімін
күнделікті өмірде қолдана алатын азамат тәрбиелеу екені үнемі назарда
болуы тиіс.
Жоғарыда аталған, халықа білім беру саласы алдында тұрған жалып
міндеттерден Қазақстан тарихын оқытуда үнемі ескеріп отыруды қажет ететін
төмендегі нақты міндеттер шығады: олар: саяси тарихқа, идеялық ағымдар
мен олардың тарихына, түрліше, сондай-ақ көрнекті тарихи қайраткерлердің
қызметіне, іс-түрліше көбірек орын беру, ал оның есесіне шаруашылыққа
қатысты сандық көрсеткіштерге , соғыстарға, қанды төңкерістерге т.б.
орынды азайту азайту;
Тарих ғылымының соңғы жаңалықтарын үнемі ескеріп, олармен
оқушыларды мүмкіндігінше таныстырып отыру, белгілі ғылымын мәселелер

бойынша балама көзқарастардың болатындығын және оның қажеттігін ескеру,
тарихи үрдістердің көпқырлылығын, нақты дәлелдермен көрсету.
Қазақстан тарихын туған өлкенің, дүниежүзінің әсіресе көрші елдер,
халықтар тарихымен, республикамыз түрлі салаларда тығыз байланыс жасап
отырған мемлекеттер тарихымен, сондай-ақ өткен тарихи оқығаларды
мүмкіндігіне қарай қазіргі кезеңмен байланыстырып отыру;
Мәдениет пен өнер тарихына көбірек орын беру, қазақ халқының төл
мәдениетінің дамып өркендеуін, Республиканы мекендеген басқа да
халықтардың мәдени жетістіктерін, халықтар жалындағы мәдени
байланыстарға, олардың бір-бірін толықтырып, ендіруге тигізген ықпалын
көрсетуге баса көңіл бөлу;
Кеңес үкіметі тұсында Қазақстанда қол жеткен табыстарды, сондай-ақ
кездескен қиындықтарды, кеткен кемшіліктер мен қателіктерді, әсіресе
қазақ халқына кездескен ауыр қасірет пен қиындықтарды, олардың себеп-
салдарын тарихи шындық тұрғысынан көрсету, ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы
идеялық күресті, оның белсенді қайраткерлерін, олардың қызметін, жүргізген
идеялық күресін толығырақ баяндау;
Қазақстан тарихын басқа пәндермен, курстармен әсіресе тарихтың басқа
курстарымен, сондай-ақ ана тілі, дүниетану, әдебиет, жағырапия, құқық
негіздері, эстетика, экология, философия, экономика т.б. байланыстырып
отыру, ғылымның сол салаларынан қажетті мәліметтер ендіру:
- діннің тарихын, оның адамзат үшін атқарған пайдалы қызметін, сондай-ақ
оның қарама-қайшы әрекетін тарихи шындық тұрғысынан көрсету т.б. Мұнан
басқа да , әсіресе бірқатар нақты тәрбиелік міндеттер жүктеледі. Олар
арнаулы тарауда баяндалады. Қазақстан тарихын оқытуға қойылып
отырған жоғарыда аталған мақсаттар мен бұл бағдарламаның мүлде жаңа,
өзгеше екені, оны төмендегідей сипатты белгілері дәлелдейтініне негіз
болып отыр.2
Қазақстан тарихының жүйелі курсы негізі метептің 5-9 сыныптарында
оқытылады, оған 221 сағат уақыт бөлінеді. Ол Қазақстан жеріндегі адамзат
тарихын ежелгі заманнан бастап бүгінгі күнге дейін қамтиды, демек оқушылар
біршама жүйлеі, аяқталған білім алады.
Курстың құрылымы: 5-6 сыныптарда ежелгі Қазақстан тарихы оқылады. Ол
төмендегіше бөлінген: 5- сыныпта алғашқы адамдар пайда болған кезеңнен,
тайпа одақтары мен ертедегі мемлекеттер құрылғанға дейінгі дәуір
қамтылады. 6- сыныпта - тайпа одақтары мен мемлекеттердің құрылғанынан
бастап б.з. V –ғасырына дейінгі аралық қамтылады. Бұл екі сыныпта тарих
пәнін оқытуға 34 сағаттан уақыт бөлінеді. 7-сыныпта - орта ғасырлардағы
Қазақстан тарихы, 8- сыныпта – жаңа замандағы Қазақстан тарихы, 9-
сыныпта - қазіргі заманғы Қазақстан тарихы оқытылады. Соңғы үш сыныпта да
бұл курсты оқытуға 51 сағаттан уақыт бөлінеді. Сөйтіп, - тен бастап
барлық сыныптарда тарихтың екі курсын қатар оқуға қажетті біраз
дайындақ алады және Қазақстан тарихының бірқатар фактілерін, оқиғаларын
баяндайтын әңгімелермен танысады.

Бағдарламын құрастырушы авторлар 5-сыныпта тарихтың жүйелі курсын
бірден дайындықсыз оқытудың оқушылар үшін белгілі дәрежеде қиындық
туғызатынын ескере отырып, осы сыныпта тарихты оқытуға бөлінген уақыттың
тең жартысын Тарихқа кіріспе – тарихқа саяхат деген бөлімге арнауды
ұсынады. Оның сабақтарында оқушылар бастауыш мектепте алған тарихи
білімдер одан әрі жасғастыра отырып, тарих қандай ғылым, менің әулетім,
біздің өлке, тарихтағы уақыт өлшемі, менің Отаным, картадығы тарих т.б.
сондай-ақ тарихтың қосымша дерек көздері – топонимика, архитектуралық
ескерткіштер, нышандар мен тарихи белгілер, жазу тарихы сияқты
әңгімелермен танысады. Бұл әңгімелер оқушыларды тарихтың жүйелі курсын оқып
үйренуге дайындайды және дүние жүзі тарихы бойынша да осындай, оқу жылының
екінші жартысынан бастап жүйелі курстарды меңгеріп кетуі тиіс.
Курстың білім мазмұнын анықтайтын ұстанымдарға маңызды өзгерістер
енгізілді. Олар: білімнің функционалдық толықтығы:
Қазақстан тарихы ғылымында соңғы жылдары пайда болған заңдылықтарды,
ғылыми зерттеудің қол жеткен табыстарын қажеттігіне қарай бағдарламаға
енгізіп отыру;
Ұзақ уақыт тарих ғылымында үстемдік етіп келген еуроцентризи
салдарынан Шығыс өркениетін бүркемелеушілікпен, оған менсінбей
қараушылықтан бағдарламаны тазартып, Шығыс әсірсе көшпелілердің
дүниежүзілік өркениетке қосқан үлесіне лайықты тиып беру.
Педагогикалық, дидактикалық, психологиялық талаптарды ескеру және
оларды қолдануға оқушының іс-әрекет қызметі тұрғынан қарау;
Мемлекеттік білім стандарты талаптарына сай оқыту мәтижесін
тексеру туралы әдістемелік нұсқаулардың ендірілуі.

2.2. Қазақстан тарихы мектеп курсының құрылымы мен мазмұны, ондағы маңызды
өзгерістер.

Жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан тарихы өзінше курс болып,
бірақ КСРО тарихы құрамында оқытылған (1958-1959 оқу жылынан) бастап,
осы уақытқа (2000-2001 оқу жылына) дейін оның құрылымы үш рет үлкен
өзгеріске ұшырады.
Оның алғашқы құрылымы 1958-59 оқу жылынан бастап 1990 жылдар
аралығында пайдаланылды. Қазақстан тарихы бағдарламасы, оқулықтары бар
мектептік курс деп аталғанмен, оның оқу материалы мектептің 4(5), 7 (8)-
10 (11) – сыныптарында оқытылады, осы сыныпта 50-60 сағаттай ғана уақыт
бөлінді.
4-5 сыныптағы КСРО тарихынан эпизодтық әңгімелер курсы құрамында
Қазақ КСР тарихының эпизодтық әңгімелері 8-10 сағат көлемінде оқытылды.
Ал 7-8 – 10-11, яғни төрт сыныпта КСРО тарихының жүйелі курсы
құрамында Қазақ КСР тарихы 47-48 сағат, көлемінде оқытылды. Қазақ КСР
тарихының мазмұны алғашқы қауымдық құрылыстан осы уақытқа дейінгі
араллықтағы тарихты қамтыды. Бұл курстардың мазмұнының өте қысқа болғаны,
КСРО мектептерінде одақтас республикаларға аты берілген ұлттың тарихын
оқытуда орын алған кемшіліктер мен келеңсіз тенденциялар туралы басқа
тарауларда айтылатындықтан бұл жерде қайталаудың қажеті жоқ.3
Қазақстан тарихы құрылымының үлкен өзгерісі 1991-1992 оқу жылында
жасалды. Бұл өзгеріс өте қысқа уақытқа 10 жылға ғана созылғанмен дербес
оқу пәні деп оқу жоспарына енген Қазақстан тарихының келешегі үшін
үлкен маңызы болды. Өтпелі кезең деп аталатын аз ғана жылдарда тұңғыш рет
Жалпы білім беретін мектепте Қазақстан тарихын оқыту тұжырымдамасы
жасалып, баспасөз бетінде жарық көрді, оның оқулықтарына бәйге жарияланып,
қорытындысы шығарылды. Пәннің құрылымы мен мазмұнының қалыптасуына аса
қажет; Мемлекеттік білім стандарты, оқу бағдарламалары, жаңа оқулықтар мен
бірқатар шағын әдістемелік құралдар жарыққа шықты. 1990-1999 жылдар
аралығында Қазақстан тарихынан жалпы білім беретін мектептердің 5-11
сыныптарына арналған тек қазақ тілінде ғана 9 оқулықтың шыққанын және де
олардың әрқайсысының 3-5 реттен басылғанын айтсақ та жеткілікті. Аталған
құжаттардың, бағдарламалардың, оқулықтардың, әдістемелік құралдардың енді
ғана дербес, жеке пәнге айналған Қазақстан тарихын оқытуды жақсарта түсуге
көп пайдасы тиді, әсіресе тарихшы мұғалімдерге ғылыми-әдістемелік
басшылық, әрі нақты көмек болды. Екінші жағынан, осы жылдары жарық
көрген тұжырымдамалар, бағдарламалар, оқулықтар, әдістемелік құралдар мен
нұсқаулар, ұсыныстар жасау тәжірибесі келешекте Қазақстан тарихының жаңа
бағдарламаларын, жаңа буын оқулықтарын, оқу-әдістемелік кешенін жасауға
көмек болды. Осының бәрі келіп Қазақстан тарихын оқыту теориясы мен
әдістемесінің одан әрі қалыптаса түсуіне, дамуына пайдалы әсер етті.

Осы жағдайларға байланысты тараудың келесі параграфтарында 1990-1999
жылдары республика баспасынан шыққан мектептерде пайдаланылған
Қазақстан тарихының бағдарламалары, оқулықтары, шығармалары, кейбір
әдістемелік құралдары қысқаша талданды, өйткені олардың бәрі осы курстың
теориясы мен әдістемесінің жәнеоның әдістемелік жүйесінің құрамына енеді.

2.3. Дербес Қазақстан тарихы мектеп курсының
оқу бағдарламасы.

40 жылдардың аяқ кезінде КСРО-дағы қайта құруларға байланысты
Қазақстан тарихы мектептің оқу жоспарына дербес пән бойынша берілді. Бұл
тәуелсіздіктің жемісі еді. Қазақ халықының, Қазақстанның тарихы тұңғыш рет
жалпы білім беретін мектептерде дербес пән болып оқытыла бастады. Мұның өзі
білімбіділік, тәрбиелік жағынан да, саяси жағынан да және де еліміздің
келешегі үшін де маңызды оқиға болды. Осыған байланысты Республиканың
Халыққа білім беру министрлігі пәнді оқытуды жақсартуға бағытталған
бірқатар шаралар белгіледі: бағдарламалық топ, факультативтік топтардың
бағдарламалары мен оқулықтарын дайындайтын авторлар тобын құрды және де
Қазақстан тарихын қажетті оқулықтар тізім жасалып, олардың авторлары
белгіленді. 1992 жылы алғаш рет дербес Қазақстан тарихы пәнінің
бағдарламасы дайындалып, ол дүние жүзі тарихы бағдарламасымен бірге жеке
кітапша болып басылды. Алғашқы жылы оның құрамында 5-сыныпқа арналған жаңа
бағдарлама болған жоқ. Бұл бағдарлама келесі жылы дайын болып, екінші
басылымына енгізілді. Қазақстан тарихының осы бағдарламасы мектептерде он
жыл бойы өзгеріссіз пайдаланылды.
Дербес те, көлемді оқу пәнінің тұңғыш бағдарламасы - білім мазмұны
болғандықтан, оны толығырақ, әрі жеке сыныптар бойынша талдауды қажет
етеді. Мұның өзі, біріншіден, оның құрылысы мен мазмұны толық елестетуге
мүмкіндік берсе, екіншіден, келешекте жасалатын бағдарламаларды жетілдіре
түсуге пайдалы болмақ.4

Бағдарламалар негізінен екі бөлімнен құралған. Біріншісі -
Түсініктеме (түсінік хат), екіншісі – мазмұндық бөлім.

Түсініктімеде бағдарламаға сипаттама беріліп, оның
ерекшеліктеріне назар аударылады. Атап айтқанда, жалпы адамзаттық
құндылыққа, дүниежүзілік өркениетке, Қазақстан тарихындағы
мәдениет жетістіктерге, рухани тіршілікке, адамдардың қарым-
қатынасына, әлеуметтік топтар мен тарихи қайраткерлердің қызметіне,
саяси тарихы түрлі қырларынан ашып көрсетуге,
идеялық, саяси, ұлттық, діни қозғалыстарының
тарихына, ХІХ-ХХ ғасырлары Қазақстан
мен Ресей халықтарының тарихындағы түйінді оқиғалар мен құбылыстарды
жанаша түсіндіруге, бірқатар ұзақ тарихи үрдістерді кезендерге жаңаша
бөлуге баса назар аударылғаы айтылады. Кейбір дидактикалық талаптарды
жүзеге асыруға да көңіл бөлінген. Олар: оқушыларға түрліше көзқарастарды
салыстыртып, өздігінше қорытынды жасату, басқа да шығармашылық

жұмыстарға оларды белсенді қатыстыру, түрлі білім көздерімен көбірек
таныстырып, алған білімдерін сабақта пайдалану, т.б. Оқытудың семинар,
лекция, конференция, зачет, диспут сияқты формалары мен түрлі әдіс
тәсілдерді шығармашылықпен пайдалануға және тарихи материалдың тәрбиелік,
дамытушылық мумкіндіктерін үнемі жүзеге асырып отыруға назар аударылады.
5 сыныпта оқылатын Қазақстан тарихының әнгімелер курсы- Қазақ елінің
қысқаша тарихы деп аталды. Курстың өзіндік ерекшелігіне байланысты оның
түсініктемесі бөлек берілген. Онда курстың ерекшелігі: осы сыныпта бұған
дейін оқытылып келген КСРО және Қазақстан тарихының әнгімелер курстарына
құрылымы, мазмұны, көлемі жөнінен мүлде ұқсамайтындағы аталып көрсетіледі,
60 –тан стам сабақ әнгіменің 50-і қазақ халқының ерте заманнан осы күнге
дейінгі тарихын, ал қалған сабақтар оның жерін мекендеген басқа халықтар
мен көрші елдер тарихымен қысқаша таныстыратындығы айтылады.
Бағдарламада Қазақ елінің қысқаша тарихы оқулығын жазатын авторларға
ғылыми әдістемелік нұсқаулар берілген. Оқулықтың 10-11 жастағы балалардың
оқып –түсінуіне лайық жңіл, қызғылықты жазылуы, оның құрамында ауыз
әдибиетін, ақын – жазышілар шығармаларынан, құжаттардан және де басқа
деректерден үзінділер болуы ескертіледі.
Бағдарлама кіріспемен бес бөлімнен тұрады. Кіріспе – Қазақстан –
менің Отаным .1 бөлім. Ең ежелгі қазақ елі; II бөлім. Қазақ жеріндегі
ежелгі мемлекеттер . Қазақ халқының қалыптасуы. Қазақ хандықтары ( 6-17ғғ);
III бөлім. Қазақстан патшалы Ресей қол астында ( 18ғ.-1915) IV бөлім ,1916
жылғы көтеріліс . Ақпан және Қазан төнкерістері . Қазақстан ҚСРО құрамында
(1922-1991);
Түсінік хатта бағдарлама мазмұнының төмендегідей сипатты белгілеріне
назар аударылады.
Курстың білім мазмунын іріктегенде тарихтағы адамдар қызметіне,
олар жинаған құндылықтарды оқытып , үйретуге көбірек орын берілген.
Қазақстан тарихындағы қоғамдық саяси қайраткер лердің ғалымдардың,
ағартушылардың және де басқалардың халық жайындағы қызметін, жеке
бастарының қасиеттерін, бала кездеріндегі мінез құлықтарының үлгілі
жақтарын көрсетуге айрықша назар аударылған.
9-сынып оқушылар екеніне қарамастан тарихта орын алған ақтандықтар,
бұрмалаушылықтар, жасырылып келген фактілер мен оқиғалар, түрлі нәубеттер
мен келесіздіктер, олардың есептері көрсетілген.
Білім мазмұны іріктелгенде тәрбиелік маңызы басым материалдарға,
әсіресе оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке, отаншылыққа, әдептке, басқа
халықтарды құрметтей білуге, қоршаған ортаны қорғауға, діннің тарихтағы
рөлін дұрыс түсінуге тәрбиелейтіндеріне көңіл бөлінген. Сабақтастастық,
пәнаралық байланыс та ескерілген. Мұғалімдерге арналған әдістемелік
нұсқауларда осы курстың бастапқы сыныптардағы кейбір пәндермен, әсіресе

ана тілі, дүниетанумен байланыстыра назар аударылып, оларды жүзеге
асырудың тиімді жолдары көрсетілген.
Тарихтың әңгімелері курсында ғылыми ұғымдары қалыптастыруға
міндетті еместігі, бірақ та белігілі бір біліктерді қалыптастыру қажеттігі
ескертіледі. Олардың саны - 9, арасында тарихи тексті сауатты, шапшаң
оқу; тарихи әңгіменің жай жоспарын жасау; тарихи суреттер бойынша әңгіме
құрастыру сияқтылар бар. Оқушыларда осы біліктер ойдағыдай қалыптасса
Қазақ елінің қысқаша тарихы курсы өзінің алдына қойылған негізгі
міндеттерін - қазақстан тарихының елеулі кезеңдерімен, оқиғалармен
оқушыларды таныстыруды және де оларды жоғары сыныптардағы тарихтың жүйелі
курсы оқып, меңгеруге дайындауды - орындай алмайтыны ескертіледі.5
6-сыныптағы Қазақстан тарихының мазмұны ең ерте дауірден V ғасырға
дейінгі аралықты қамтиды. Оған 17 сағат бөлінген. Қалған 51 сағат дүние
жүзі тарихына берілген. Бұған дейін бұл сыныпта Қазақстан тарихы
оқытылған жоқ. Енді оқушылар өз елі тіршілігінен бастап, тайпалар мен
тайпа одақтарының құрылауы, ежелгі адамдардың шаруашылығы мен мәдениеті,
алғашқы мемлекеттік бірлестіктердің құрыла бастауына дейінгі қазақстан
жеріндегі адамзат жүріп өткен тарихи жолмен жүйелі түрде танысатын болды.
Бағдарламаның мазмұндық бөлімінің соңында: Жалпы тарихи білімдер -
ұғымдар мен біліктер тізіліп көрсетілген.
7-сыныптағы Қазақстан тарихы V-ХV ғасырлар аралығын қамтиды, оны
оқытуға 34 сағат бөлінген. Бағдарлама осы кезеңдегі Қазақстан тарихының
негізін – білім мазмұнын құрайтын басты-басты тарихи құбылыстар, оқиғалар,
фактілері қамтылған. Мұнда мемлекеттер тарихында, орта ғасырлардың басы
мен орта кезеңдеріндегі халықтардың тұрмыс – тіршілігіне, мемлекеттердің
қоғамдық-саяси жағдайларына баса назар аударылған. Қалалардың дамуы,
қала мәдениеті, басқа елдермен , халықтармен көп салалы, байланыс, әсіресе
сауданың дамуы, осыған орай Ұлы жібек жолы, оның өз уақытындағы маңызы
көрсетілген. Монғол империясы құрамындағы Қазақстан, ондағы халықтардың
этникалық және әлеуметтік құрамы және де сол кездегі саяси-тарихи
мәселелерге лайықты орын берілген.
8-сыныпта орта ғасырдағы Қазақстан тарихы одан әрі жалғастырылып, ХV
ғасырдан ХVІІІ ғасырға дейінгі аралықты қамтиды, бұл кезең тарихын
оқытуға 34 сағат уақыт бөлінген. Бағдарламаның бқл бөлімінде Монғол
империясы ыдырағаннан кейінгі Қазақстан территорисында пайда болған
мемлекеттердің саяси тарихы, олардағы халықтарда болған этникалық
үрдістер, қазақ халқы құралуының аяқталуы, ол мемлекеттердің тұңғыш
Қазақ мемлекеті - Қазақ хандығының құрылуы мен дамуы ашылып
көрсетілген. Бұрынғы бағдарламаларда болмаған ХVІ-ХVІІ ғасырлардағы
хандардың қазақ хандығын ұлғайту, нығайту жолындағы қызметі де
көрсетілген. ХVІ-ХVІІ ғасырлардағы Қазақстанның шаруашылығы мен
мәдениетін ашып көрсетуге баса көңіл бөлінгенғ мәдениет тарихы толық
дерлік қамтылып, оған барлық сағаттың 20%-тейі бөлінген. Доспанбет,

Шалкиіз, Жиенбет, Марқасқа сияқты ақын-жыраулар қызметіне тиісті орын
берілген. Қыпшақ, парсы, араб тілдеріндегі тарихи әдебиеттер де
қамтылған. Осының нәтижесінде бұрын мектеп оқушылары олардан жасырылып
келген қазақтың орта ғасырлардағы ақын-жазушыларымен, ғалымдарымен тұңғыш
рет танысады.
Мазмұндық бөлім соңындағы ұғымдар, проблемалар, идеялар айдаршасында
басты-басты сегіз мәселе көрсетілген.
9-сыныпта Қазақстан тарихы ХVІІІ ғасырдың басынан бастап 1914 жылға
дейін қамтиды. Оны оқытуға 34 сағат бөлінген. Негізінен жаңа заман тарихы
- деп аталатын бұл кезеңнің ерекшелігі - аса маңызды, елеулі тарихи
құбылыстар мен оқиғалардың көптігі. Олар: осы кезеңдегі Қазақстанның
күрделі сыртқы саяси жағдайы, қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы
ұзақ уақыт жүргізген азаттық жолындағы каһармандық күресі, Қазақстанның
Ресейге қосылуы, осы кезеңдегі қоғамдық-саяси, экономикалық –әлеуметтік
құрылыс және мәдениет саласындағы болған елеулі өзгерістер. Бұған дейін
оқушыларға есімдері белгіміз болып келген Қабанбай, Бөгенбай, Шапырашты,
Наурызбай сияқты халық қаһармандары , есімдері Абылай, Төле, Қазыбек,
Әйтеке деп еміс-еміс естілгенмен халық арасындағы қызметі жұмбақ болып
келгендер, тұңғыш рет Қазақстан тарихының мазмұнынан лайықты орындарын
алды. ХVІІІ ғасырдың соңғы үштен бірінде басталып, келесі ғасырда да
оқтын оқтын болып тұрған жән бірте-бірте ұлғая түскен отаршылыққа қарсы
ұлт-азаттық қозғалыстардың себептерін, барысын ашып көрсетуге баса назар
аударылған.
Қазақстанның Ресей қоластына өтуіне объективті баға берілген, жаулап
алу, отарлау деп дұрыс көрсетілген және оның зияндықтары мен пайдалы
жақтары да тарихи шындық тұрғыда құрылған. Бұл сыныпта да мәдениетке
қатысты мәселелер толық қамтылған. Бұрын беймәлім болып келген Бұқар,
Ақтамберді, Шал, Қабылан, Есет, Жанақ, Дәулеткерей, Ықылас, Тәттімбет басқа
да мәдениет, өнер қайраткерлерімен танысуға оқушыларға тұңғыш рет мүмкіндік
туды. 10 – сыныпта 1914-1945 жылдар тарихы оқытылады, оған 68 сағат
бөлінген. Бұл дәуір бағдарламасының мазмұны - саяси күрестер,
өзгерістер мен азаттық үшін болған қозғалыстар, әкімшілік-әміршілік жүйе
үстемдігі және оған қарсы шығуды тұншықтыру сияқты мәселелерімен
ерекшеленеді. Оқушылар үшін бідімдік-тәрбиелік, әрі дамытушылық маңызы
бар бірқатар жаңа мәселелер ендірілген. Олар 1916 жылғы ұлт-азаттық
қозғалыс тақырыбындағы : ұлтаралық қатынастардың шиеленісуі; патша
өкіметінің Қазақстандағы геноцид саясаты: көтерілісшілердің әскери өнері
мен ұлт-азаттық қозғалыстың жетекшілері қатарына Б. Алманов, Ә.
Жанбосынов, Ә. Бөкейханов, М. Дулатов, Кейкі және басқалардың жаңадан
қосылуы. Ақпан төңкерісінен Қазанға дейінгі саяси партиялар мен
ағымдардың арнайы мәселе болып ендірілуі, әсіресе Алаш партиясын, оның
және партия қайраткерлерінің қызметін көрсету әбден орынды. Жаңа
экономикалық саясаттың қиындықтары мен табыстарын, Қазақ жерлерін Қазақ
АКСР –інің құрамына біріктіруде кеткен қателіктер мен қиғаштықтар,

Голощекиншілдік, Орталық өктемдігінің күшеюі, идеологиядағы өзгеше
ойлаушылыққа шабуыл сияқты мәселелер оқушылардың тарихи-саяси
білімдерін толықтырып қана қоймайды, олардың тарихқа , әсіресе саяси
тарихқа деген қызығушылықтарын арттыра түседі. Мұндай қажетті тарихи-
саяси мәселелер кейінгі тақырыптарда да бар. Қазақстанды индустрияландыру
жөніндегі идеялық тартыстар, С. Сәдуақасов өлке экономикасының отарлық
құрылымын өзгерту қажеттігі жөнінде сияқты мәселелер осылардың қатарына
жатады. Ал, ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру және оның зардаптары,
шаруалар толқулары және Кеңес үкіметінің оған қарсы қолданған жазалау
шаралары, қазақтардың шет елдерге жаппай қоныс аударуы және оның
зардаптары, Қазақстандағы саяси процестер және жаппай террор, мектеп
құрылысы жөніндегі айтыстар, қазақ жазуы, тмектеп білімі саласындағы
реформалардың қолайсыз зардаптары, қазақ халқының мәдени мұрасына теріс
қатынас сияқты мәселелерді енгізу, курстың мазмұнын нақытлап, толықтырып
қана қоймайды, оның тәрбиелік мүмкіндіктерін артыра түседі. Көп
салалы Қазақ мәдениетінің дамуында, оның тарихында орын алған
келеңсіздіктер мен нәубеттер де толық көрсетілген. Кеңестік Қазақ
Республикасының қоғамдық – саяси дамуына қазақ әдебиеті мен өнерінің,
ғылымының өркендеуіне белгілі үлес қосқан, бірақ та есімдері ұмыт болы
бастаған қайраткерлер бағдарламада тиісті орын алған.6
Бағдарлама Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тарихқа, Қазақ
Республикасының соғысты жеңіспен аяқтауға қосқан үлесін әрі толық, әрі
жан-жақты ашып көрсетуге жеткілікті орын берілген. 11- сыныпта
Қазақстан Тарихы 1946 жылдан бүгінгі күнге дейін оқытылады, ол үшін 34
сағат бөлінген. Осы кезең тарихы бағдарламада бес тақырыпқа бөлініп
берілген. Алғашқы үш тақырып: Қазақстан 1946-1950жж. Қазақстан 50-
жылдардың басы мен 60- жылдардың ортасында; Қазақстан 60-жылдардың ортасы
мен 80-жылдардың басында – деп аталады. 4-тақырып: Өзгерістер жолында,
соңғы тақырып – Тәуелсіз Қазақстан.
Алғашқы тақырып – Соғыстан кейінгі жылдары Республика экономикасын
қайта құру. Соғыстан кейінгі өмірдің қиындықтары деген мәселелерден
басталады. Тақырыптың мұнан кейінгі негізні мәселелері: өнеркәсіптің
дамуы; ауыл шаруышылығының жағдайы; қоғамдық-саяси өмір; әлеуметтік
құрылыс; мәдениет. Осы 5-6 негізгі мәселе алғашқы үш
тақырыпта да өз дәуіріне байланысты қайталанып отырады. Әрине, бұлардан
басқа мәселелер де қамтылған. Мәселен, 1946-1950 жылдары карточка
жүйесін жою, ақша реформасын жүргізу, 50-60-жылдарыдағы ғылыми-
техникалық революция, тың жерлерді игеру, демографиялық өзгерістер; 60-80
дылдардағы халық шаруашылығын басқарудағы өзгерістер, шаруашылық
реформалар, экологиялық жағдай.
Бұл тақырыптарда да бұған дейін жасырылып келген мәселелер: мәдени
құрылысқа, партияның басшылық етуі және ондағы асыра сілтеушілік, ұлт
зиялыларын жазықсыз жазалау, жазықсыз жазалау құрбандарын ақтау, 1979
жылғы Целиноград оқиғалары, Семей полигоны сияқтылар қамтылған.

Өзгерістер жолында тақырыбынба 80-жылдардың екінші жартысындағы болған
өзгерістерді негізінен қамтитын қайта құру және оның барысында кездескен
қарама-қайшылықтар, демократия мен жариялық, коопреативтік қозғалыс ,
әлеуметтік-экономикалық жағдай, Қазақстанның сыртқа экономикалық
байланысының ұлғаюы сияқты мәселелермен қатар, 1986 жылғы Желтоқсан,
Жаңаөзен оқиғалары, Қарағанды шахтерлерінің ереуілі сияқты саяси мәні
бар оқиғалар да ендірілген.
Соңғы тықырыпта Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін экономика
саласындағы түбірлі өзгерістер - нарықтық жкономикаға көшу,
жекешелендіру, еркін баға, сондай-ақ халықтың әлеуметтік жағдайы, тілдер
туралы Заң, Республиканың сыртқы саясатының қалыптасуы, т.б. мәселелер
қамтылған.
Бұлармен қатар аталған бағдарламалар өтпелі кезеңге арналған
қазіргі талаптарға толық жауап бере алмайтындығы, нақты жақтары бар
екендігі, сондықтан жетілдіру қажеттігі айқындала бастады. Одлардың
қатарына төмендегілер жатады.
1. Бағдарламаның қолжазбалары негізінен 1992 жылдың бас кезінде дайын
болған, ал одан бері Қазақстан тарихы ғылымына жаңалықтар
қосылуда. Әсіресе кейін ашылған археологиялық ескерткіштер,
қазақ халқының қалыптасу эволюциясы, оның этникалық құрамы,
монғол үстемдігі кезіндегі Қазақстан, Қазақстанның Ресей
империясы қоластында болуы, ХІХ және ХХ ғасырлар аралығындағы
демократиялық қозғалыс, оның көрнекті өкілдері, өлкенің көп ұлтты
аймаққа айналуы, деомграфиялық хал-ахуал сияқты мәселелер,
халық алдындағы қоғамдық қызметі енді ғана анықтала бастаған
жеке қайраткерлер, Тәуелсіз Қазақстанның ішкі, сыртқы жағдайына
қатысты басқа да бірқатар материалдарды мектептік пәннің білім
мазмұнына енгізу қажеттігі анықталды.
2. Бағдарламалардың түсінік хатында пәнді оқытудың мақсат-міндеттері
туралы қысқаша болса да айтылғанмен, білім мазмұнын анықтауда
басшылыққа алынған негізгі ұстанымдар көрсетілмеген. Ал, олар
мұғалімдер үшін өте қажет, өйткені жеке тақырыптарды оқытудың
мақсат-міндеттерін анықтауда әдіснамалық басшылық болып табылар
еді.
3. Жеке пәндерінің оқу бағдарламалары мұғалімдерге шын мәніндегі
ғылыми-әдістемелік басшылық болу үшін, олардың құрылымы қазіргі
кезде қалыптасқан талаптарға сай болуы керек. Бұл талаптар бойынша
ендігі бағдарламалар үш құрамдас бөлімнен: түсінік хат, мазмұндық
бөлім, дидактикалық-әдістемелік нұсқаулардан тұруы тиіс.
Түсінік хатта - осы бағдарламаның ерекшеліктері, білім мазмұнын
анықтайтын ұстанымдар, оқытудың мақсат-міндеттері , пәнді оқытуды
жетілдіру және мұғалімнің бағдарламаны шығармашылықпен
пайдалану жолдары баяндалады.

Мазмұндық бөлімде - пәннің базалық білім мазмұны блоктар
бойынша топтап көрсетіледі де, одан әрі сыныптар бойынша
жіктеледі.
Дидактикалық -әдістемелік бөлімде - мемлекеттік білім стандарты
талаптарына сай білімнің мәндетті және мүмкін деңгейлері, оқыту
нәтижесін тексеруге арналған тапсырмалар мен сұрақтар үлгілері,
пән, курсаралық байланыстар, оқу-әдістемелік кешеннің тізімі
берілуі тиіс.
Талдап отырған бағдарламаларда бұл компоненттердің көбі
ендірілмеген.

4. Адамзат тарихын дәуірлерге бөлуде де кемшілік бар. Дүние жүзі
тарихы мен Қазақстан тарихының қатар оқытылатынына қарамастан
олардың жеке сыныптардағы хронологиялық шегі бір-біріне сәйкес
келмейді. Мысалы, 9-сыныптағы дүние жүзі тарихы 1640-жылдан, ал
Қазақстан тарихы ХVІІІ ғасырдан басталады. Осыған байланысты әр
халықтың, елдің тарихының өзіндік ерекшілігі болатынын, оны
ескеру қажеттігін айта кеткен дұрыс.
5. Сыныптар бойынша сағат бөлуді да қайта қарау қажет. 6-сыныптағы
Қазақстан тарихында 17 сағат тым аздық етеді және мұндай тым қысқа
оқу курсы педагогикалық талапқа сай келмейді, яғни өзіне
жүктелген қызметін толық жүзеге асыра алмайды. 10-сыныптағы 1915-
1945 жылдар тарихына 68, ал 11-сыныпта оқылатын 1946-1996 жылдар
тарихына 34 сағат бөлуді де дұрыс деуге болмайды.
6. Осы бағдарламаны жасауда кеткен үлкен кемшілік - оны бірден жүзеге
асыруға мүмкіндіктің бар жоғын ескермеу. Жаңа оқулықтардың
жоқтығынан осы бағдарламаларды 2-3 жылға толық пайдалануға
мүмкіндік болмады. Мұндай жағдайда өтпелі кезең үшін бағдарлама
жасалып, оны пайдалану туралы әдістемелік нұсқауларды қоса берген
дұрыс.

2.4. Дербес Қазақстан тарихы курсының алғашқы оқулықтары
мен басқа да оқу құрадарының сипаты

Қазақстан тарихы дербес пәнге айналып, оған бөлінген сағаттар саны мен
сыныптар саны көбейгендіктен соңғы оншақты жылда біраз оқулықтар жарық
көрді. Оларды жазып, дайындауға, талқылап бекітуге көптеген тарихшы,
әдіскер ғалымдар, әдіскерлер, мектеп мұғалімдері қатысты. Бұл алдымен
Қазақстан тарихы ғылымы мен оны мектепте оқыту әдістемесінің жетістігі.
Бұған Алматы қаласындағы N115 мектепте ұзақ жыл тарих пәнінен сабақ
берген марқұм Дүйсен Бабаевтың шығамашылық қызметі дәлел болады.
Ол ширке ғасырдан астам уақыт біз басшылық еткен ғылыми-әдістемелік
лабораториялармен шығамашылықпен байланыс жасай отырып, қатардағы
мұғалімнен Қазақстан тарихы оқулықтарының авторы, әдіскер мұғалім
Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген қызметкер деген құрметті атаққа
ие болу дәрежесіне дейін жетті.
Соңғы жылдары Д.Бабаевтың авторлығымен Қазақстан тарихының үш
оқулығы баспадан шықты. Оның алғашқысы 8 - сыныпқа арналған. 1990 жылы
жарық көрген Қазақстан тарихы бағдарламасының Б вариантына сәйкес
жаылған, 34 сағатқа лайықталған. Қазақстан тарихын ежелгі заманнан ХVIII
ғасырдың аяғына дейін қамтиды.
80 жылдардың аяқ кехзінде тарих ғылымында, оның әдәснамасында пайда
болған жаңалықтар ескерілген; бағдарламаға сәйкес жазылған; ғылыми
жағынан Қазақстан тарихы ғылымының сол кездегі дәрежесіне сай келеді;
тарихи материалдың тәрбиелік мүмкіндігі ескерілген; тарихи фактілер,
оқиғалар, құбылыстар нақты мысалдармен ашылып көрсетіледі; ғылыми-
теориялық материалдар жеткілікті дәлелдермен түсіндіріледі; тарихи
материал оқушылардың дайындық дәрежесі мен таным қызметін ескере отырып
іріктелген, оқулық тілі түсінікті; оқу материалының жүйелілігі, реттілігі
сақталған; сұрақтар мен тапсырмалар негізінен сәтті іріктелген;
иллюстрациялар берілген.7
1980 жылдардың аяқ кезінен бастап мектеп оқулықтарын жазуға белсене
қатысып жүрен белгілі тарихшы-ғалымдардың бірі- Ж. Қасымбаев. Автордың
1987 жылғы Қазақстан тарихы бойынша жарияланған бәйге шарттарына сай
жазған оқулығы сыйлық алып,и 1990 жылы жарыққа шықты. Ал, жаңа
бағдарламаларға байланысты осы оқулықтың толықтырылған, өңделген нұсқалары
1992 жылы орыс, ұйғыр, 1993-95 жылдары қазақ тілдерінде шықты. Оларға
зер салып қарағанда, автордың кітаптың әрбір келесі басылымын ұқыптылықпен
қарап, жетілдіріп отырғаны байқалады. Оқулықтың соңғы басылымында,
алғашқылармен саыстырғанда қазақ-жоңғар, қазақ-қытай қатынастары жаңа
деректермен толықтырылған, Қазақстанның Ресей империясының қол астында
болуы, оның осы өлкеде жүргізген отаршылдық, орыстандыру саясаты, оған
қарсы болған ұлт-азаттық қозғалыстар, әсіресе Кенесары Қасымұлы бастаған
қозғалыс тереңірек баяндалған, аталған тарихи құбылыстар мен оқиғаларға
объективтік баға

берілген. Оқулықтың соңғы нұсқасының мәдениет тарихы бөлімінің жаңа
деректермен толықтырылуы орынды, ХІХ ғасырда ашылған мектептер мен
медреселердің тарихына, қызметіне тоқтау, олардың игілікті істеріне
тарихи тұрғыдан баға беру, осы ғасырдағы қазақ өңірінің көрнекті
өкілдерінің қызметімен оқушыларды кеңірек таныстыру білімдік, тәрбиелік
жағынан маңызды.
Қазақстан тарихы мектеп курсының қалыптасып дамуына академик М.Қ.
Қозыбаев қомақты үлес қосты. 70-80 жылдары Оқу министрлігі жанындағы
тарих пәнінің оқу-әдістемелік кеңесінің төрағасы бола жүріп, осыкурсты
мектепте оқытуға қатысты дайындалған құрадардың бәрін дерлік:
бағдарламалардың, оқулықтардың, әдістемелік құралдардың, оқу фильмдері мен
диафильмдердің көпшілігін жеке өзі қарап, құнды пікірлер айтып, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тарихты оқыту әдістемесі
Қазақтың салт-дәстүрлерін оқу-тәрбие процесінде пайдаланудың педагогикалық шарттары (5-9 сынып бойынша)
Тарихты оқытудың зерттеу әдістері
Өлкетану материалдарын пайдалану арқылы негізгі мектептің оқушыларын елжандылыққа тәрбиелеу
Жоғары сынып оқушыларының құқықтық мәдениетін қалыптастыру
Мектептерде география мен өлкетануды байланыстыра оқыту негіздері
Бастауыш мектеп оқушыларының экономикалық тәрбиесі
Болашақ мұғалімдердің қыз баласын тәрбиелеуде даярлау мәселесі
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Оқытудың интерактивті технологиялары
Пәндер