Педагогикалық шеберлік және педагогикалық іс әрекет



1. Педагогикалық шеберлік
2. Педагогикалық іс.әрекет
3. Педагогикалық шеберлік жүйелері
4. Педагогикалық шеберлікті қалыптастыру
Қандай да бір істі өзінің нақты деңгейіне жеткізіп атқару үшін шеберлік керек. Шеберлік барлық іс-әрекеттерге де, барлық мамандықтарға тән қасиет.
А.С.Макаренко былай деген болатын: "Тәрбиешінің шеберлігі ол бір ерекше өнер емес. Ол мамандық. Мамандық болғанда да дәрігерді өз мамандығына, музыканттарды өз мамандығына үйреткен сияқты мұғалімді де өз мамандығына үйрету" деп атап көрсеткен болатын.
Негізгі мақсат педагогикалық шеберліктің өзіне тән ерекшеліктері мен қасиеттерін білуіміз керек. Педагогикалық шеберлікті жетілдірудегі негізгі мақсат - мұғалімдік мамандық бойынша өзінің алдына қойған мақсатты педагогикалық іс-әрекеті деңгейіне жеткізе нәтижелі түрде іске асыра білу.
Мұғалімнің шеберлігі екі жағынан бірдей танылады: бірінші жағы, баланы қалай, қалайша оқыту үшін оның психологиясын білу, екінші жағы, оқытып-тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін, жолдарын терең білу және оны қолдана білу. Тәжірибеде осы талаптарға сай мұғалімдер шеберлігі калыптасып жетіледі. Бұл жөнінде біз өзімізге белгілі болып келе жатқан көптен таныс, даңқты педагогиканың іс-тәжірибесін оқып үйрену арқылы педагогикалық шеберліктерді танып-біліп, олардың іс-тәжірибелерін жаңа жағдайда жаңа форма-әдістермен жандандыра отырып, өз ісімізде басшылыққа алуға тиіспіз. Сонда ғана өзіміздің педагогикалық шеберлігімізді жетілдіріп, шыңдай түсеміз.
Мысалы, А.С.Макаренконың, М.Горький атындағы, Э.Дзержинский атындағы балалар колониясындағы атқарған педагогикалық шеберлігі "Ұстаздық дастан", "Мұнара үстіндегі тулар" атты еңбектерінде айқын суреттелінген.
Қазақстанда педагогикалық іс-әрекеттің шеберлері Макаренконың педагогикалық шеберлігін қайталаушы Семей облысы "Көкпенті" балалар үйінің директоры Жақия Шайжүнісов, Алматы қаласындағы қиын балалар үйінің директоры - Архимед Мыңбаевтың іс-әрекеттері нағыз шеберліктің үлгісі болады.
Қазір бір жаңашыл деп атап жүрген бір топ педагогтардың: И.Ф.Шаталов, И.Е.Ильина, Ш.А.Аманашвили, Т.И.Гончаров, С.Н.Лысенко т.б. педагогтардың іс-әрекеттерінен нақты педагогикалық шеберлікті байқаймыз.
Қазақстанда педагогикалық шеберлігімен белгілі болған педагогтар Алматыдағы №4 мектеп директоры Нүртазина Рафиғаның шеберлігі бізге көптен таныс. Орыс тілінің маманы ретінде өзі оқытқан балаларына саналы білім беруде көрнекті еңбек еткен. Атырау облысы, Махамбет ауданы Алға орта мектебінің директоры қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі. Халық мұғалімі. Айтқалиев Құснидың педагогикалық шеберлік іс-әрекеттерін бүкіл республика мүғалімдеріне таныс болып отыр.
1. Основы педагогического мастерства (под., ред. И.А.Зязюна) Москва: Просвещение, 1989.
2. Макаренко А.С. Некоторые выводы из моего педагогического опыта. пед. соч. в 8 т. Москва.1984. С. 235-236
3. Бондоревский В.А. Беседы о самовоспитании. - М., 1976.
4. Елканов С.Б. Основы профессионального самовоспитания будущего учителя. - м., 1989.
5. Сухомлинский В.А. Балаларға жүрек жылуы. Алматы: Мектеп, 1976.
6. Макаренко А.С. Педагогическая поэма. - М., 1971.
7. Кузьмина Н.В. Мастерство учителя как фактор развития способностей учащихся. Вопрос псих. н 4. 1984.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Пайдаланатын әдебиеттер
1. Основы педагогического мастерства (под., ред. И.А.Зязюна)
Москва: Просвещение, 1989.
Макаренко А.С. Некоторые выводы из моего педагогического опыта. пед. соч. в
8 т. Москва.1984. С. 235-236
Бондоревский В.А. Беседы о самовоспитании. - М., 1976.
Елканов С.Б. Основы профессионального самовоспитания будущего учителя. -
м., 1989.
Сухомлинский В.А. Балаларға жүрек жылуы. Алматы: Мектеп, 1976.
Макаренко А.С. Педагогическая поэма. - М., 1971.
Кузьмина Н.В. Мастерство учителя как фактор развития способностей учащихся.
Вопрос псих. н 4. 1984.

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ІС ӘРЕКЕТ

1. Педагогикалық шеберлік
Қандай да бір істі өзінің нақты деңгейіне жеткізіп атқару үшін
шеберлік керек. Шеберлік барлық іс-әрекеттерге де, барлық мамандықтарға тән
қасиет.
А.С.Макаренко былай деген болатын: "Тәрбиешінің шеберлігі ол бір
ерекше өнер емес. Ол мамандық. Мамандық болғанда да дәрігерді өз
мамандығына, музыканттарды өз мамандығына үйреткен сияқты мұғалімді де өз
мамандығына үйрету" деп атап көрсеткен болатын.
Негізгі мақсат педагогикалық шеберліктің өзіне тән ерекшеліктері мен
қасиеттерін білуіміз керек. Педагогикалық шеберлікті жетілдірудегі негізгі
мақсат - мұғалімдік мамандық бойынша өзінің алдына қойған мақсатты
педагогикалық іс-әрекеті деңгейіне жеткізе нәтижелі түрде іске асыра білу.
Мұғалімнің шеберлігі екі жағынан бірдей танылады: бірінші жағы, баланы
қалай, қалайша оқыту үшін оның психологиясын білу, екінші жағы, оқытып-
тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін, жолдарын терең білу және оны қолдана білу.
Тәжірибеде осы талаптарға сай мұғалімдер шеберлігі калыптасып жетіледі. Бұл
жөнінде біз өзімізге белгілі болып келе жатқан көптен таныс, даңқты
педагогиканың іс-тәжірибесін оқып үйрену арқылы педагогикалық шеберліктерді
танып-біліп, олардың іс-тәжірибелерін жаңа жағдайда жаңа форма-әдістермен
жандандыра отырып, өз ісімізде басшылыққа алуға тиіспіз. Сонда ғана
өзіміздің педагогикалық шеберлігімізді жетілдіріп, шыңдай түсеміз.
Мысалы, А.С.Макаренконың, М.Горький атындағы, Э.Дзержинский атындағы
балалар колониясындағы атқарған педагогикалық шеберлігі "Ұстаздық дастан",
"Мұнара үстіндегі тулар" атты еңбектерінде айқын суреттелінген.
Қазақстанда педагогикалық іс-әрекеттің шеберлері Макаренконың
педагогикалық шеберлігін қайталаушы Семей облысы "Көкпенті" балалар үйінің
директоры Жақия Шайжүнісов, Алматы қаласындағы қиын балалар үйінің
директоры - Архимед Мыңбаевтың іс-әрекеттері нағыз шеберліктің үлгісі
болады.
Қазір бір жаңашыл деп атап жүрген бір топ педагогтардың: И.Ф.Шаталов,
И.Е.Ильина, Ш.А.Аманашвили, Т.И.Гончаров, С.Н.Лысенко т.б. педагогтардың іс-
әрекеттерінен нақты педагогикалық шеберлікті байқаймыз.
Қазақстанда педагогикалық шеберлігімен белгілі болған педагогтар
Алматыдағы №4 мектеп директоры Нүртазина Рафиғаның шеберлігі бізге көптен
таныс. Орыс тілінің маманы ретінде өзі оқытқан балаларына саналы білім
беруде көрнекті еңбек еткен. Атырау облысы, Махамбет ауданы Алға орта
мектебінің директоры қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі. Халық мұғалімі.
Айтқалиев Құснидың педагогикалық шеберлік іс-әрекеттерін бүкіл республика
мүғалімдеріне таныс болып отыр.
Айтқалиев бастап ұйымдастырған республикада көптеген жаңашыл
педагогтардың өз облыс-аудандарында ұйымдастырып отырған атаулы мектеп
тәжірибелері оның Республикаға таратыла бастауы - республикамызда
педагогикалық шеберлік іс-әрекеттерінің кең қанат жайып, барлық жерлер де
кең өріс ала бастауының айғағы.
Мысалы, Бунич Валентин - Қарағанды өнер мектебінің директоры.
Очнур Елена Афанасьевна - Алматы эксперименталды мектеп директоры,
биологая пәні мұғалімі.
Фомин Юрий Павлович - Орал облысы, Бөрлі орта мектебінің орыс тілі
пәнінің мұғалімі.
Бітібаева - Шығыс Қазақстан облысы, Жамбыл атындағы орта мектеп
директоры. Қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі.
Бұлардың педагогикалық шеберліктерінің негізі балалардың өз еркімен
дамуына жол ашу, жергілікті мұғалімдердің пікірімен, тәжірибелерімен санаса
отырып, оқу құрал, бағдарламалардың балама түрлерін жасау, сөйтіп білім-
тәрбие берудін жаңа талаптарына сай педагогикалық шеберліктерді дамытуға
үлес қосу болып табылады. Оқу-тәрбие процесінде оқушылармен педагогикалық
ынтымақтастықта жұмыс атқарудың формаларын, әдістерін дамыту. Әрбір оқу
пәндерінің ерекшеліктеріне сай оқу-тәрбие әдістерін жетілдіру. Балаларға
деген камқорлықты, сүйіспеншілікті арттыру. Жаңа жұмыс әдіс-тәсілдерін
жандандыра түсу - олардың педагогикалық шеберліктерінін, сипаты.
Осы жоғарыда болғандай педагогикалық шеберлік іс-әрекеттерді әрбір
аудандар да, әрбір облыстарда шығармашылық сипатта еңбеқ ететін
педагогтардық іс-әрекеттерінен байқауымызға болады. Сондықтан олардың іс-
тәжірибедерін үйрену, үнемі шығармашылық сипатта еңбек ету - бізді
педагогикалық шеберлікке шындай түседі.

2. Педагогикалық іс-әрекет
Педагогикалық іс-әрекет дегеніміз - мұғалімнің оқу-тәрбие істерін
нәтижеге жеткізетін әрекеттер құрылымы.
Мұғалімнің шеберлігі педагогикалық іс-әрекетті жоғарғы педагогикалық
мамандық негізінде басқара білу.
Педагогикалық іс-әрекеттер мынадай құрылымдардан тұрады: іс әрекет
мақсаты, іс-әрекет объектісі, іс-әрекет субъектісі, іс-әрекет құралы.
Аталған іс-әрекет құрылымдары бір-бірімен байланыстй комплексті жүзеге
асырылып іс-әрекеттің компоненгтері да болды.
Осы аталған іс-әрекеттер компоненттері де болып табылатын іс-әрекет
мақсаты, объектісі, субъектісі және іс-әреке құралдарын жеке-жеке алып
қарайтын болсақ: Іс-әрекет мақсаты - жас ұрпақты жан-жақты тәрбиелеудГ
көздейді Жак-жак,ты Іәрбиелеуді- квздейді. Жан-жақты тәрбиелеу тәрбие
жұмысын комплекс жүзеге асыруды қажет етеді
Комплексті жүргізу адамгершілік, еңбек, эстетикалық, дене,
экономикалық экология, ақыл-ой тәрбиелерін тұтас бір-бірімен ұштастыра
жүргізу болып табылады.
Тәрбие жұмысын комплексті жүргізу тәрбиеленушілердің санасына да,
мінез-құлқына да, олардың тіршілік қызметше де бір мерзімде ықпал жасауға
мүмкіндік береді.
Жеке адамды жан-жақты дамыту жас ұрпақтың тіршілік қызметінің алуан
түрлі: өндірістік, қоғамдық саяси, рухани адамгершілік салаларында барлық
қабілет дарындарын дамытуды қарастырады.
Іс-әрекет объектісі - Адамдардың қалыптасуынын, объективтік негізін -
қоғамның материалдық-техникалық базасы, қоғамдык. қатынастар, тұрмыс
салалары, табиғи орта және адамның туа біткен қасиет-нышандары сияқты
адамдардың еркі мен санасына тәуелді емес факторлар құрайды.
Адам жанасқан нәрселерінің бәрі - адамдар, заттар, табиғаттың және
айнала қоршаған қоғамдық өмірдің құбылыстары осының барлығы оның санасы мен
мінез-құлқына, оның рухани әлпетіне ізін қалдырады. Адам коғамның белсеңді
мүшесі ретінде қалыптасады. Сөйтіп, адам әркайсы қайталанбайтын дара
ерекшеліктерімен көзге түседі.
Сондықтан адамға арналған педагогикалық іс-әрекетті шығармашылық
негізінде ұйымдастыра білуді қажет етеді.
Баланың тәрбиесіне педагогтық іс-әрекеттің объективтік жағдайлары,
қоршаған өмірде әсер етеді. Сондықтан тәрбие жұмысында өзін-өзі тәрбиелеу
жұмыстарын айналадағы объективті өмірмен байланысты үйлестіре жүрізген жөң.
Іс-әрекет субъектісі - Тәрбиеъектісі - Тәрбиежеткіншектерге тәрбие
жөнінен әсер етушілер: педагогтар, жанұя, педагогикалық коллектив және
жұртшылықтар болып табылады
Мектеп ішінде балаларға тәрбие және оқу жұмысын ұйым-дастыратын
негізгі тұлға мұғалімдер. Мұғалімнің педагогикалық іс-әрекеттері, оның
білімі, білгірлігі, оқыту және тәрбие әдіс-тәсілдері үлкен әсер етеді.
Нағыз балаларға лайықты, ұтымды, нәтижелі тәрбие беретін педагогтарды өзін-
өзі жетілдірумен шұғылданатын, адамгершілік-ізгілік қасиеттері мол
тәжірибелі шебер педагогтар деп айта аламыз.

Педагогикалық іс-әрекет құралдары
Педагогикалық іс-әрекет құралдарына: оқу, еңбек, ойын, қарым-
қатынастар жатады.
Әрбір педагогтар өзінің қалауынша осы аталған құралдарды тәрбие
жұмысында басшылыққа алады.
Мысалы А.С.Макаренко өзінің іс-әрекетінде тәрбие құралы етіп "еңбекті"
қолданған. М.Горький атындағы, Э.Дзержинский атындағы балалар колония
тәрбиеленушілерін тәрбиелеуде көп нәтижеге жетеді.
Қазақстанда Макаренконың тәжірибесін басшылыққа алушы, өзінің қиын
балалармен жұмыс ұйымдастыруда Архимед Мыңбаев тәрбие жұмысының құралы етіп
еңбек процесін адды. Әр оқушының ерекшелігін біле отырып, еңбекке баулаудың
нәтижесін олардың жүрегінен жол тауып, "Қиын" оқушыларды дұрыс жолға сала
білді. Еңбекке деген олардың сүйіспеншілігін арттыра біледі.
Кейбір педагогтар іс-әрекет құралдары ретінде, бірлескен коллективтік
оқуды, басқа да бірлескен іс-әрекеттерді ұйымдастыруды құрал еті. пайдалана
білді. Мысалы Москвалық мұғалім В.А.Караковский, Ленинградтың мұғалімі
В.Н.Сорока-Россинский тәрбие жұмыстарының құралы етіп коллективтік оқуды
ұйымдастыруды алған. Мұндай тандау олардың шеберлік және мүмкіндік ыңғайына
байланысты жүргізілді.

3. Педагогикалық шеберлік жүйелері
Педагогикалық кәсіптік әрекеттерге өзін-өзі бағыттап, ұйымдастыратын
педагогикалық білгірлік қасиеттер педагогикалық шеберліктер жүйесіне
жатады.
Педагогикалық шеберлік мынадай жүйелерге бөлінсдк Педагогтық іс-
әрекетіндегі гуманистік бағыттылық, педагогтық кәсіптік білгірлік,
педагогтық іс-әрекетіне бейімділік, педагогтық техника. Бұл аталған
педагогтық шеберлік жүйелері бір -бірімен байланысты жүзеге асырылады.

а) Педагогтық іс-әрекеттегі гуманистік бағыттылық
Педагогтық іс-әрекеттегі гуманистік бағыттылық тәрбиешілерлің,
мұгалімдердің балаларға адамгершілік-ізгілік қарым-қатынас орнату жағынан
жетіле түсуін қажет етеді. Гуманистік бағыттылық жүйесі - педагогтардың
балалармен ынтымақтастық, демократтық бағыттағы ізгілі-адамгершілік,
сүйіспеншілік қатынас орнату стратегиясы мен тактикасының болуын қажет
етеді.
Л.Н.Толстой былай деген болатын:
"Егер мұғалім өзінің балаларға деген сүйіспеншілігін, педагогикалық іс-
әрекетпен жалғастыра білсе, ол жетілген мұғалім". Педагогтық іс-
әрекетіндегі гуманистік бағыттылық әр жақты бағалы бағдарлар құрады. Олар
мыналар:
өзін шебер педагог ретінде танып білу№
педагогикалық әсер ете білу ықпалының болуы.
балаларға, балалар коллективіне деген сүйіспеншілі ынтымақтастық
бейімділігінің болуы.
педагогикалық іс-әрекет мақсатының, гуманистік стратегиясының, тактикасының
болуы.

ә) Кәсіптік білім, білгірлік
Педагогикалық кәсіптік шеберліктің фундаменттік негізі кәсіптік білім.
Мұғалімнің кәсіптік білгірлігі - біріншіден, оқытатын пәнін терең, негіздей
білуге негізделсе, екіншіді сол пәнді оқып тани білетін оқушыларға
арналады.
Кәсіптік білімнің ерекшеліп оның комплекстігінде; білім мазмұны, оны
оқыту әдісі, оны ұйымдастыру принцип-тері жатады.
Кәсіптік білімнің комплекстігі ол кәсіптік білімді, санал ереже
принцип-тәртіпті қалыптастырады.
Кәсіптік білім - теориялық, технологиялық, методикалық жағынан
тұтасады. Оны әрбір педагогтар өз тәжірибесіне құрады, ғылыми білімі
негізінде оның заңдылықтарын көбіледі

б) Педагогикалық іс-әрекетке бейімділік
Педагогикалық шеберлік жүйелерінің тағы бір маңызды түрі -
педагогикалық іс-әрекетке бейімділік.
Психологиялық жағынан танып білуімізге байланысты бейімділік
дегеніміз өзі белгілі бір затқа, объектіге, іс әрекетке адамның сезімдік
талғамының арта түсуі соған де құлшынысының арта түсуі деп білеміз.
Сол педагогикалық іс-әрекетке бейімділікті танытатын төмендегідей
түрлі сезім құлшынысын, жетекші бейімділікті атауға болады.
Адамдармен ыңғайласа білуге құлшыныс көрсету, тіл табыса білу,
адамдармен коммунативтік қатынаста болуға бейімділік көрсету.
Кәсіптік көргендік, бейімділік, байқағыштық. Адамдарда болатын күрделі
сапалық қасиеттерді, ажыратып тани білу қабілеттлігі (эмпотия,
педагогическая интуиция).
Жеке бас динамизмі - эмоциялық тұрақтылықты байқата білу, ішкі әсер ету
сезімін, ерікке әсер ету сезімін байқату, логикалық көз жеткізу. (жаңашыл
педагогтар тәжірибесінен байқалады).
Эмоциялық тұрақтылық өзін-өзі меңгеру, өз бейімділігін реттеп басқара
білу. Ситуацияларды бағдарлай біліп дұрыс шелім қабылдай білу.
Оптимистік болжай білушілік алға үмітпен қара, оқушыларды келешекке үміт ,
сенімге бағдарлап тәрбиелеу.

в) Педагогтың іс әрекеттің техникасы
Педагогикалық шеберлік жүйелерінің тағы бір түрі - педагогикалық,
техника. Педагогикалық техника дегеніміз - педагогтык іс-әрекетті
ұйымдастыра білу іскерліп.
Педагогикалық техникалық іскерлік - осы салада білудін екі түрін
құрады. Біріншісі, педагогтың өзін-өзі басқара білуі; екіншісі - педагогтық
міндетті жүзеге асыру үшін өзара әсер ете білуді меңгеру.
Біріншісі бойынша - педагог өз денесін, эмоциялық сезім дүниесін,
сөйлеу техникасын меңгеріп басқара білу
Екіншісі бойынша - педагогтың дидактикалық өзін-өзі ұйымдастыра білу,
өзара ұйлесімділік жүзеге асыру. Біз жоғарыда атап көрсеткен педагогикалық
шеберлік жүйелері оның функцияларын атап көрсете отырып, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіптік шеберлік құрылымындағы педагогикалық қатынас
Кәсіби-педагогикалық іс-әрекет – педагогикалық шеберліктің қалыптасуының негізі
Мұғалімнің кәсіби шеберлігін арттыру
Педагог тұлғасын қалыптастырудағы педагогикалық шеберліктің ролі
Педагогикалық шеберлік негіздері
Жаңа қоғам мұғалімінің бейнесі, оның педагогикалық үрдісті ұйымдастырудағы рөлі
“Педагогикалық шеберлік” пәніне типтік оқу жоспары
Педагогикалық шеберлік, педагогикалық мәдениеттің компоненттерінің мәні мен мазмұны
Мұғалімдерге қойылатын қазіргі талаптар
Кәсіби педагогикалық білім
Пәндер