Қазақстан тарихы пәні бойынша оқулықты пайдалану



Жоспар.

Кіріспе. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

I.Тарих сабағында білім берудің негізгі құралы оқулықты пайдалану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5 1.1.Мектеп оқулығы және оның құрауыштары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2.Тарих сабақтарында оқулықпен жұмыс істеу жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8

II. ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ПӘНІ БОЙЫНША ОҚУЛЫҚТЫ ПАЙДАЛАНУ. 2.1.. «Қазақстан тарихы бойывша әңгімелер» курсының ерекшеліктері..13

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
Кіріспе.

Курстық жұмыстың өзектілігі ;
Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін Тарих пәнін жаңа көзқараста оқыту мәселесі алға қойылды. Соңғы он бес жылда еліміздің тарихы мектептерде оқыту кең қолға алыныеп жаңа кітаптар шыға бастады, жаңа шыққан кітаптар мен оқу әдістемелік кешендерді соңғы озық әдіс тәсілдерді мектеп оқушыларына оқыту және білім беру. Қазақ тарихын барынша жаңа қырынан көрсету ашылмаған тарих беттерін кітапқа оқу құралдарына түсіру өте өзекті мәселе.

Курстық жұмыстың мақсаты :
Мектепте оқушыларға Қазақстан тарихы пәні бойынша негізгі оқыту құралы оқулық пен оқу-әдістемелік кешенді пайдалану аркылы білім беру арқылы көзқарас пен дағдыны қалыптастыру.

Курстық жұмыстың міндеттері :
-Мектеп оқулығына кең ғылыми түрде сипаттама беру.
- Мектеп оқулығының құрауыштарын толық баяндау.
-Тарих пәні сабағында оқулықпен жұмыс істеу жүйесін түсіндіру
-тарих сабағына пайдаланылатын әдістемелік кешендердің казіргі кезде кең қолға алынуын атап өту.
-Жаңадан шығып жатқан әдістемелік-кешендік кітаптарға сипаттама беру.

Курстық жұмыстың тарихнамасы: Курстық жұмыста негізінен Тұрсын Хәзретәлінің Мектепте тарихты оқыту әдістемесі, ( Алматы2004.):
Тұрлығұл Тотай Тәжіұлының Мектепте Қазақстан тарихын оқытудың құралдары( Оқу әдістемелік құрал Алматы Ғылым 2003.): Г.А. Жансбекованың Тарихты оқыту әдістемесі (Семинарға арналған оқу құралы . М Әуезов ОҚМУ: Шымкент.): Абдуғулова Бағланның Жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан тарихын оқытудың дидактикалық негіздері( Автореферат Алматы 2004.): атты еңбектері кеңінен пайдаланылды. Жоғарыдағы аталған тарихшы ғалымдар кітаптарында осы тақырып баяндалған.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
1.Тұрсын Хәзретәлі.
Мектепте тарихты оқыту әдістемесі.(Жоғары оқу орындарының тарих мамандығының студенттеріне арналған дәрісбаяндар жинағы.)Алматы. Дарын 2004.
2.Тұрлығұл Тотай Тәжіұлы.
Мектепте қазақстан тарихын оқытудың құралдары. Оқу әдістемелік құрал. Алматы Ғылым 2003.
3.Жансбекова Г.А.
Тарихты оқыту әдістемесі. Семинарға дайындық құралы. М. Әуезов ОҚМУ Шымкент. 2004.
4.Абдуғулова Бағлан.
Жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан тарихын оқытудың дидиктикалық негіздері. Автореферат. Алматы 2004.
5. Ежелгі Қазақстан тарихы. Методикалық көмекші құрал. Т. Тұрлығұлов, Б.Адырбек. А.Көбекбай. 5 сынып мұғалімдеріне арналған Алматы 2001. 20-23 беттер.
6. Тұрғанбаев Б.А. Дамыта оқыту технологиялары. Алматы 2000 жыл. 11-20 беттер.
7. Төлеубаева К.Т. Тарих факультетінің жоғарғы курс студентерінің оқу-тәрбиелік практикасын өткізу және ұйымдастыру. Әдістемелік талқылама. Алматы 1997 жыл. 30-35 беттер.
8. «Педагоикалық ізденіс» құрастырушы И.Н. Баженова Алматы 2000 жыл. 17-20 беттер.
9. Тілеубаева К.М. 10-11 сыныптар үшін тәрбие сағаттарын өткізу. «Қазақ тарихы» Алматы 1998 жыл. 40-45 беттер.
10. «Қазақстан тарихы» журналы 2006 жыл. Алматы №14
11. «Қазақстан тарихы» журналы 2006 жыл. Алматы №15
12. «Қазақстан тарихы» журналы 2006 жыл. Алматы №16
13. «Қазақстан тарихы» журналы 2006 жыл. Алматы №14
14. «Қазақстан тарихы» журналы 2006 жыл. Алматы №18

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар.

Кіріспе.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
I.Тарих сабағында білім берудің негізгі құралы оқулықты
пайдалану ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5

1.1.Мектеп оқулығы және оның
құрауыштары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ...5
1.2.Тарих сабақтарында оқулықпен жұмыс істеу
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ...8
II. ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ПӘНІ БОЙЫНША ОҚУЛЫҚТЫ ПАЙДАЛАНУ. 2.1.. Қазақстан
тарихы бойывша әңгімелер курсының ерекшеліктері ... .13
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...25

Кіріспе.

Курстық жұмыстың өзектілігі ;
Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін Тарих пәнін жаңа көзқараста оқыту
мәселесі алға қойылды. Соңғы он бес жылда еліміздің тарихы мектептерде
оқыту кең қолға алыныеп жаңа кітаптар шыға бастады, жаңа шыққан кітаптар
мен оқу әдістемелік кешендерді соңғы озық әдіс тәсілдерді мектеп
оқушыларына оқыту және білім беру. Қазақ тарихын барынша жаңа қырынан
көрсету ашылмаған тарих беттерін кітапқа оқу құралдарына түсіру өте
өзекті мәселе.

Курстық жұмыстың мақсаты :
Мектепте оқушыларға Қазақстан тарихы пәні бойынша негізгі оқыту құралы
оқулық пен оқу-әдістемелік кешенді пайдалану аркылы білім беру арқылы
көзқарас пен дағдыны қалыптастыру.

Курстық жұмыстың міндеттері :
-Мектеп оқулығына кең ғылыми түрде сипаттама беру.
- Мектеп оқулығының құрауыштарын толық баяндау.
-Тарих пәні сабағында оқулықпен жұмыс істеу жүйесін түсіндіру
-тарих сабағына пайдаланылатын әдістемелік кешендердің казіргі
кезде кең қолға алынуын атап өту.
-Жаңадан шығып жатқан әдістемелік-кешендік кітаптарға
сипаттама беру.

Курстық жұмыстың тарихнамасы: Курстық жұмыста негізінен Тұрсын
Хәзретәлінің Мектепте тарихты оқыту әдістемесі, ( Алматы2004.):
Тұрлығұл Тотай Тәжіұлының Мектепте Қазақстан тарихын оқытудың
құралдары( Оқу әдістемелік құрал Алматы Ғылым 2003.): Г.А. Жансбекованың
Тарихты оқыту әдістемесі (Семинарға арналған оқу құралы . М Әуезов
ОҚМУ: Шымкент.): Абдуғулова Бағланның Жалпы білім беретін мектептерде
Қазақстан тарихын оқытудың дидактикалық негіздері( Автореферат Алматы
2004.): атты еңбектері кеңінен пайдаланылды. Жоғарыдағы аталған тарихшы
ғалымдар кітаптарында осы тақырып баяндалған.

I.Тарих сабағында білім берудің негізгі құралы оқулықты
пайдалану.

1.1.Мектеп оқулығы және оның құрауыштары.
Мектеп оқулығының сипаттамасы оқушылардың жас
ерекшелігі мен дайындық деңгейіне сәйкес ғылым негіздерін ашуға қойылатын
маңызды талаптарды қамтиды. Дидактикада мектеп оқулығына мынадай анықтама
беріледі: ол білім мазмұнын баяндайтын оқушылардың жас ерекшелігін ескеріп
міндетті білім алудың әрекет түрін айқындайтын көпшілік қолданатын кітап.
Көбінесе оқулық сабақ құрылымының негізі ретінде танылады.
Дегенмен оқулық көмекші рөль атқаратын немесе мүлдем керек болмайтын
сабақтар да бар. Кейде оқу процесіне оқулықты қолданудың мүлдем керегі жоқ
дейтін пікірлер де бар. Тіпті Н. В. Гоголь тәрбиеленушіге кітаптың керегі
жоқ, өйткені ол қиялды тұсап тастайдцы деген.
Казіргі кезде дәстүрлі оқулықтан бас тартуға шақырған пікірлер де
кездесіп қалады.(Мысалы Ю. Тройцкий мен К.К. Умбрашко). Қалай дегенмен
депедагогтар, әдіскерлер мен мұғалімдердің басым бөлігі оқулық қажет және
пайдалы деп есептейді. Ғалымдар мектеп оқулығының мынадай қызметтерін
бөліп көрсетеді:
-Ақпараттық ( білім беру мазмұнвн ашады , оқушылардың жасын
ескеріп , сабақтағы материалдыцң көлемін белгілейді):
-Жүйелеушілік ( мазмұнды баяндаудың бірізділігін қамтамасыз
етеді және жүйелейді):
- оқытушылық (білімді меңгертіп, бекітуді жеңілдетеді);
-тәрбиелік (тарихты оқытудың тәрбиелік мақсаттарьн іске асыруға ықпал
жасайды).
Окулык құауыштары. Құрылымы әртүрлі көптеген мектеп оқулықтары бар.
Оқытуды жіктеуге сәйкес көп деңгейлі оқулықтар жасалу үстінде.
Оқулықтың әрбір тарауы қисындық конспект сияқты жоспар-схемамен басталуы
мүмкін.
Кітап мәтінінде ұғымдар, терминдер, тірек сөздер
ерекшеленеді және түсіндіріледі. Негізгі мәтінде құжатгардан үзінділер,
анықтамалық аппарат үлгісі және күрделілік деңгейімен ерекшеленетін
сұрақтар мен тапсырмалар қамтылады. Сұрақтар қисынды түрде мазмұнды
жалғастырады және нақтыландыра түседі. Оқулық соңында жоғары сынып
оқушыларына алдыңғы тақырыптан нені еске алу, тапсырманы қалай орындау
жөнінде ұсыныстар беріледі. (1)
Жинақтау сұрақтары, қосымша мәтіндік материал бөлімнің
соңына орналасады да бұл материал оқу кітабының немесе семинарға
дайындалуға негіз болатын қызмет атқарады.
Оқулықтар бір-бірінен қанша ерекшеленгенімен олардың ұқсастықтары да көп.
Оқулықта деректерді талдау жүйесі арқылы айқындалған мәтінен тұрады. Оның
мазмұны тараулар, бөлімдер және параграфтардан құралады. Параграфтардың
көлемі біртекті, мазмұны тұжырымдалған, тұтас сипатта болады және олардың
саны пәннің оқу жоспарына сай келуі тиіс.
Оқулықтың мазмұны негізгі (теориялық және деректік материал)
толықтырушы (анықтамалық), түсіндіруші (үлгі, түсініктеме) болып бөлінеді.
Негізгі мәтіннің өзегін маңызды идеялар мен ұғымдар, әрекет тәсілдері мен
теориясы туралы ақпараттар құрайды. Мұғалім сабаққа дайындық кезінде оқулық
мазмұнынан негізгі, базалық білімді таба алуы тиіс. Ол оқу мазмұнының үштен
бір бөлігін қамтиды. Қалған бөлігі сабақты түсіндіруге қосымша
материалдарды құрайды. (2) ,
Мектеп курсында барлық материал бірдей баяндала бермеуі мүмкін.
Кеңейтілген баяндау конспектілік баяндауға ұштасады. Негізгі деректер
бұлжытпай баяндалады және құжаттармен] безендірумен толықтырылады. Негізгі
дерекке байланыстьі мәліметтер қысқа анықтама түрінде беріледі.

Окулықтың күрделілігі пәндік, қисындық және тілдік
болып бөлінеді. Тарихи мазмұнның күрделілігі мәтіннің үғым термин,
теориялық сипаттағы тұжырымдармен қаншалықтв қамтылуына тікелей
байланысты. Ғалымдардың пікірінше ,
оқулық мәтінін жақсы түсіну үшін толықтыру мазмұньшдағы сөйлемдер
базистік материалдан төрт есе көп болуы керек. Оқулықтьң мәтіннен
тыс құрауыштары безендіру, сұраулар мен тапсырмалар, құжаттар мен көрсеткіш
материалдарды қамтиды. Безендендіру мен сұлбалар
кітап мазмұнын бейнелі және шартты көрнекіліктер арқылы ашуға
пайдаланылады. Оқулықтың әдістемелік аппаратының негізгі бөлігін
параграфтарға берілгенсұраулар мен тапсырмалар құрайды. Олар окушыларға
сабақ мазмынын сапалы және терең игеруге көмектесіп, мұғалімдерге
оқушылардың оқу әрекетін басқаруға мүмкіндік : береді.(3)

1.2.Тарих сабақтарында оқулықпен жұмыс істеу жүйесі.
Окулықпен жұмыс істеудің бастапқы дағдылары. Мұғалім бастауыш
мектептен сыныпты қабылдап алғанда ең алдымен оқушылардың оқу сауатгылығын
тексеруі тиіс. Оқу сауаты төмен оқушылармен дербес жұмыс жүргізуіне тура
келеді. Оқу техникасы оқулық параграфын оқушылардың кезектесіп оқуы арқылы
тексеріледі.
Оқулықпен алғашқы танысу оны мазмұндап, оқушылардьң нені
үйренетіндігі, оқулықтың хронологиялық шеңбері туралы ұғымдарды
түсіндірумен басталады. Содан соң барып мұғалім оқушыларды оқулықтың
құрылымымен, жасалу ерекшеліктерімен, сұрақтар мен тапсырмалар,
безендендіру және карталармен таныстырады.
Алғашқы сабақтарда оқушыларға басгауыш сыныптан белгілі
түсіндіре оқу тәсілін қолдануға болады. Ол тәсіл бір-бірімен тығыз
байланысты оқу, түсіндіру, оқығанды толықтыру және безендендіруді талдап,
әңгімелеуді қамтиды. Бүл тәсіл оқушылардың оқыған материалды игеріп, есте
сақтауына көмектеседі, оның алдында әңгімелеу тәсілін қолданған тиімді.(4)
Түсіндіре оқыту кезінде азат жолдарды, оларды құрайтын жекелеген
сөйлемдерді бөліп алып, олардың басты ой, мағыналық байланыстары
айқыңдалады.
Оқульқ бойынша тапсырма біртіндеп күрделене түседі.
Оқушылар деректік материалды табуды (мысалы, кісі аттары, даталар), оларды
жазып алуды; сұрақтарға жазбаша жауап дайындап, оны оқып беруді; оқулықта
дайын күйінде кездеспейтін жауаптарды өз бетінше құрастыруды үйренеді.
Оқулық оқушыларға үй тапсырмасын тексеру кезінде қажет
болады. Сұрау кезінде олар кітаптан анықтама іздеп, жолдастарының жауабын
тексеріп отырады. Жауап беруші оқушы да оқулықтан қажетті мәтінді оқып, өз
жауабын түзете алады.
Мұғалімнің ең бірінші кезектегі міндеті - оқушылардың оқулықтарының
түсініксіз жерлерін, белгісіз термиидерді таба білуге үйрету. Оқушыларды
белгісіз сөздер мен терминдерді қалт жібермей, олардың түсінігін анықтама,
сөздіктен немесе мүғалім баяндауынан іздеуге баулудың маңызы зор.
Жоғары сыныптарда оқушылар сөздік түрлерін өздері
жасайды.
Оқулық дараграфымен оқушылардың жүргізетіні жүмыстарын ұйымдастыруда
мынадай жадынаманы қолдануға болады:

1. Параграфты түгел оқып шық, ондағы оқиғалар мен
қүбылыстар туралы тұтас үғым қалыптастыр. Карта, сұлба, безендендіруді
мүқият қарап шық.

2. Әсіресе оқулықта ерекшеленген деректер, түжырым,
идеяларғабаса назар аудар.

3. Кеңейтілген жоспар жаса, ол үй тапсырмасын орындауды
жеңілдетеді.

4. Сабақта естігеніңді параграф материалдарымен
байланыстыр.
5. Тақырып бойынша не оқьғанынды, қандай фильм, экспонат
көргеніңді еске түсір.
6. Қажетілігінше өткен параграфтарды қарап шық.

7. Түсінбеген сөз, мәселелер бойынша сөздік,
энциклопедия көмегіне жүгін.
8. Жоспардың көмегімен, кейін жоспарсыз тақырып
материалын мазмұнда.
9. параграф соңындағы сүрақтар мен тапсырмаларға жауап
дайында Мұғалім ұсынган тапсырмаларды орында.
Егер мұғалім жұмысты жаңа сыныппен бастаған жағдайда ол оқушылардың
оқу әрекетінің деңгейін, негізгі дағдыларын анықтауы тиіс. Мысалы, 7
сыныпта оқушылардың оқулық мәтініндегі басты ойды анықтап, деректер мен
құбылыстарды салыстыру, жинактаушы сипаттама түзе алуы айқындалады.

Жаңа материалды түсіндіруде оқулықтың көмегі мол. Тақырыпы оқып-
үйренубарысындамұғалімоқушыларғаата уын,сосынпараграфтың тақырыптардың
аттарын оқыту; арқылы жаңа материалдың жоспарымен таныстырады. (5)

Оқулықпен жүмыста мазмұнды және нақты жауап беруге
арнайы тапсырмаларды орындау көмектеседі. Ол тапсырмалар: оку мәтінінен
сұраққа жауап тауып, оны дауыстап оқу; баяндау; бірнеше сұраққа жауап беру
үшін материал тандау және т.б. болып келеді.
Оқулықтар оқушылардың зейінін дамытуға да көмектеседі.
Мысалы, түсіндіруден соң мұғалім оқушыларға оқулықтағы параграфты оқып
шығып, мәтіннен қаңдай мәселені тастап кетті және одан тыс қандай материал
қосты деген тапсырма береді.
Мұғалім оқушыларды қорытынды жасауға үйреткенде де оқулықтың көмегіне
сүйенеді. Мұғалім басшылығымен оқушылар бұрынғы бір немесе бірнеше
тұжырымның негізінде жаңа қорытынды жасайды өз қорытындыларын оқулықпен
салыстырады. Кейін олар қорытындыны бір-екі параграф, тұтас тақырыптар
бойынша жасайтын болады да, ол тарихи құбылыс себебінің маңызы мен оқиға
салдарының қорытындысына айналады.
Оқушылар мұғалім жасаған қорытындының немесе әлдебір
пайымдаудың дәлелдеуін оқулықтан іздейді. Мысалы, оқушылар оқулық бойынша
ортағасырлық Сауран қаласының мықты бекініс болғандығын дәлелдеуі керек.
Жоғары сыныптарда дәлелдеу тәсілі оқулық мазмұнының мәтіні бойынша тарихтың
маңызды мәселелеріне арналғаи баламалы көзқарас, түрлі болжамдар арқылы
талдау кезінде қолданылады.
Төменгі сынып оқулықтарын жоғары сыныптарда өтілген тақырыпты кеңейту
мақсатында пайдалануға болады. Мысалы, Англияның жаңа тарихын оқуға
дайындық кезінде оқушылардың бірі ортағасырлық Англия туралы хабарлама
дайындайды. Окулықпен бірге тарих сабағына ғылыми-көпшілік және көркем
әдебиеттерді де тарту тиімді болмақ.(6)
Жоғары сыныптарда оқулық мазмұнын тереңдетуге арналған тапсырмалар
беріледі. Оқушылар ғылыми әдебиетгі пайдалана огырьш, оқулықтаға деректер
мен оқиғалардьң сырын ашьп және тұлғаларға сипаттама береді. Олар
оқулықтағы мазмұндалған деректерді тұпнүсқа құжат негізінде жасалған
мазмұндаумен салыстыра алады. Тарихқа барынша қызығатын оқушылар көркем
әдебиетте баяндалған тарихи деректердің шындығьна көз жегкізуге
құлшьнады.(7)
Оқушылардың тақьрыпты мұғалімнің алдын-ала түсндріруінсіз өз беттерінше
оқып-үйренуі мүмкін. Мұндай жағдайда мұғалім жаңа тақырыптың материалын,
сұрақтар мен тапсырмаларды алдын ала ұсынып, негізгі ережелерді қысқаша
түсіндіруі мүмкін.
Сабақта оқулыққа енгізілген карта үнемі пайдаланылуы керек.
Қабырғалық картада көрсетілген нысанды оқулықтағы картадан іздеп табу қатар
қолданылуы тиіс. Жоғары сынып оқушыларына оқиға бойынша карта құрастыруды
үсынуға болады.
Безендіру жүмысы. Төменгі және орта буын оқушыларының оқулық
мәтінін әңгімелеп беру көп уақыт алады. Ол әңгіме байланысты және бірізді
болуы тиіс. Әңгімелеу барысында окулықта безендендірулер қолданылады.
Оқушыларға безендірулерді түсіндіргенде ол суреттердің нақты тарихи шындығы
емес, адамдардың қиялға негізделген түсінігі, шарты сипатталып құрал
екендігіне көзін жеткізу керек. .
Оқушыларға безендірудің түсіндірме мәтінін оқып, оның бейнелеу
сипатын анықтау (фото әлде сурет, тарихи құжат әлде қайта құрастырылған
ақиқат), қайта құрастыруды қүжатты сипатгаумен салыстыру ұсынылады. Бұл
тапсырманы орындауға қабырғалық картина, кино үзінді, диапозитивтерді
қолдануға болады. Кейде оқушылар оқулық бойынша қаланың жоспарын пайдаланып
немесе оқулықтағы безендендірулерді қолданъп қаланың сипаттамасьн
құрастырады. (8)
Оқулық безендіруі бойынша көптеген тапсырмалар орындалады,. мысалы,
безендіру бойынша әңгіме құрастыру; жел құрастырушы деректерді түсіндіру;
күрделі емес суреттерді қайта салу, диаграмма, картограммаларды қалпына
келтіру; әртүрлі халықтардың әртүрлі дәуіріндегі еңбек құралдары, қарулары
бойынша безеидіруді салыстыру. Немесе оқулықтарға суреті бейнеленген бес
қаруы бойындағы жауынгердің қандай елді оның қандай соғысқа қатысуы мүмкін
екендігін анықтау туралы тапсырма беруге болады.

"Ежелгі Қазақстан тарихы" (6 сынып) оқулығына оқушыларға сақ, ғұн,
сармат сарбаздарын суреттері бойынша салыстыруға тапсырма беріледі. Олардың
киімдерінде нендей айырмашылықтар бар, қару-жарақтарының ерекшелігі неде
Олардьң қаруы, киімдеріне қарап наным-сенімдерін ажыратуға болама
!
Безендірудің қандайын сыныпта, қандайын үйде пайдалануға болатьндығын
жоспарлау қажет.
Қорытынды дағдылар. Оқулықпен жұмыс барысында оқушыларда
мьнадай қорытынды дағдылар қалыптасуы тиіс 5 сынып — мәтін үзіндісінен ең
бастысын бөліп алу; оқулықты пайдаланғанда бағдар алу үшін оның мазмұнын
пайдалану, бсзендіруді қолданып, әңгімелеудің жай жоспарын құрастыру,
мәтінді мазмүндап бсру; 6 сынып — параграфтағы басты мәселені таба алу;
қайта әңгімелеуде бірнеше дереккөзін(құжатты)қолдану. Мәселені даму үсгінде
қарастыру (мысалы, мәдениеттің дамуы); 7 сынып - бірнеше параграфтың
материалын мазмұндау; күрделі жоспар құру; әртүрлі көрнекіліктер қолдана
алу, 8-9 сыныптар мұғалімнің тұжырымына оқулықтан дәлел таба алу; тақырып
жоспарын түзу; ұғьмдар мен терминдеді тұжырымдай алу; екі оқулықтың мэтінін
салыстыру; 10-11 сыныптар — бір мәселе бойынша бірнеше тақырыптарың
материалын мазмұндау (мысалы, мемлекеттің қүрылуы); бірнеше тақырып бойынша
жоспар-конспект түзу; бүрынғы сьшыптардың окулықарын пайдаланьп, рефераттар
жазу; оқулық деректерін дерек көзімен салыстыру; оқулық мазмұньн қосымша
өдебиеттер арқылы дамыту және тереңдету.(9)

II. ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ПӘНІ БОЙЫНША ОҚУЛЫҚТЫ ПАЙДАЛАНУ.
2.1.. Қазақстан тарихы бойывша әңгімелер курсының ерекшеліктері
Адам баласы тарихты жас кезінен үйрене бастайды. Оған белплі
дәрежеде өскен ортасы, ата-анасы, бастауыш мектеп бағдарламасы әсер етеді,
негіз жасайды.
Жас баланы тарихқа сол елді-мекендегі мұражайлар, тарихи
тұлғаларға арналған ескерткіштер, тіпті, көше және аула атаулары да
тәрбиелейді. Егер ауыл баласы туралы айтар болсақ, оған көп жағдайда атасы
мен әжесінің айтқан ертегілері мен аңыздары, шежірелері, естеліктері, ауыл
маңындағы көне заманнан қалған қорғандар мен сынтастар, т.б. тікелей әсер
етеді.
Осылай жас бала азамат есебінде қалыптаса бастайды. Дегенмен,
қоғамның белсенді мүшесін, қайраткер азаматы, жалпы тарихи сананы
тәрбиелеуде мектептің орыны ерекше. Қазақстан тарихы — арнайы курс және пән
есебінде 5-сыныптан басталады. Сіздердің қолыңыздағы Қазақ-стан тарихы
бойынша әңгімелер балалар ұғымына сәйкес жазылған қысқаша тарихи этюдтер
арқылы ертеңгі ер азаматтың берік азаматтық ірге тасын қалайды.
Оған тарихын 5-сыныптан бастап оқу орта мектеп жүйесінде өте
маңызды қызмет атқарады. Осы жастан Қазақстан тарихы бойынша әңгімелер
курсы арқылы тарихи құбылыстар туралы негізгі түсініктер, қоғамдық-саяси
үрдістерге өзіндік көзқарас қалыптасады.
Қазақстан тарихы бойынша әңгімелер қазақ жерінің, осы жерді мекендеген
жасампаз елдің сонау көне замандардан бастап бүгінгі күнге дейінгі
тарихының ең маңызды, ең басты мәселелерін хронологиялық жүйеде әдемі
әңгімелер түрінде баяндап шығуға арналған.
Қазақстан тарихы бойынша әңгімелер өзге сыныптар мен оқу жүйесінің басқа
да сатыларына арналған оқулықтарынан бөлек. Басты мақсат — жас балаларға
Отан тарихының ең шешуші сәттерін көрсету, жадына бекіту. Бұл әңгімелер
сәнді және жарқын картина түрінде жылдам есте сақталып қалуы керек. Осы
себептерге байланысты біз оқулыққа қосымша сұрақтар, тестілер, т.б.
тапсырмаларды мүмкіидігі келгенше аз беруге тырыстық. Екіншіден жас баланың
есінде тарих жүйелі түрде сақталсын деген оймен біз хронологиялық жүйеден
ауытқығанды дұрыс көрмедік.
Бұл жағынан оқулық пен бағдарлама арасында аздаған
сәйкессіздік бар. Бағдарламаны жасаған мамандар 5-сынып оқушыларының жас
ерекшеліктерін және Қазақстан тарихы бойынша әңгімелер курсының маңызын
жете түсінбеген деп есептейміз. Қазақстан тарихы бойынша әңгімелер — бұл
тарихи сананың және білімнің ірге тасы.(10)
Осындай қағидаларға сүйене отырып авторлар оқулықтың мазмұнындағы соңғы
тақырыпшалардан арнайы бөлім жасады. Ол Тәуелсіз Қазақстан деп аталады
және біздің мемлекетіміздің егемендік алған 90-жылдардан бергі тарихын
қамтиды.
Бағдарламамен сәйкеспей жатса да, жүйелеудің біз қолданған әдісі
тарих ғылымының қалыптасқан танымдық деңгейіне сай. Екінші бір ескеретін
мәселе — тәуелсіздік алғанына он бес жылдан астам уақыт, қазақ елінің
қазіргі тарихи дамуы, қалыптасып жатқан мемлекеттік және қоғамдық
институттары бір бөлімнің жүгін көтеруге молынан жетеді.
Қазақстан тарихы бойынша әңгімелер курсы тарихы түгел бастан-аяқ, бүге-
шігесіне дейін баяндауды өзі алдына жоспар есебінде қоймайды. Мәселен,
кейбір бізге кеңес берген адамдардың ойынша 7-11сынып оқулығында Тянь-шань,
Арал теңізі, Бетпақ дала, т.б. шөлдер мен шөлейт аймақтарға қатысты
деректер аз.
Әрине, қазақ баласының өзінің туған жерін, оның асқар
биіктері мен құс қанаты талатын сайын даласын түстеп білгені жақсы, бірақ
бұл мәселелер арнайы география пәнінде өтіледі және осы мәліметтердің
оқулықта жоспарлаған тарихи тақырыптарды игеруге тікелей қатысы жоқ. Екінші
ұсыныс Қазақстан қалалары туралы мәліметтерді көбірек беру керек дегенге
саяды, оның ішінде оқулықта солтүстік өңірдегі қалалары туралы мәліметтер
толық емес, т.б. Егер де, авторлар ұжымы бұл ұсынысты негізге алса, онда 5-
сынып оқулығы Қазақстан қалалары туралы әңгімелерге айналып кетер еді. Біз
тағы да ескертеміз, оқулықтың негізгі мақсаты жас балаларға өз Оганының
тарихын есте қаларлықтай қылып баяндау, оның негізгі белестері мен
кезеңдерін көрсету, сол арқылы тарихи сананың негізін салу.(11)
Қазақстан тарихы бойынша әңгімелер қаншалықты қарапайым болғанымен, жас
оқушының білім деңгейіне ыңғайланғанымен де, өзіндік танымдық негізі бар,
ішкі жүйесі, басы мен аяғы бар дербес курс. Авторлар ұжымы оқушының алдымен
тарих әлеміне жетелейді. Бұл тараудағы он екі параграфта тарих ғылымы
туралы, оның сан-қилы дерек қоры жайында, тари-хи уақыт және тарихи
кеңістік деген ұғымдарға қатысты үсініктер берілген.
Одан әрі Қазақстан мысалында тарихтың үрдісі, жер
бетіндегі өзге де, халықтардың тарихы, әлемдік дамуда Қазақстанның алатын
орыны жан-жақты көрсетілген.
Адамзат қоғамының өткен күрделі де, қызықты жолынан аздап
хабар бере отырып, авторлар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тарих сабағында білім берудің негізгі құралы оқулықты пайдалану
Компьютерлік оқыту бағдарламалары
«Технология» пәнін оқыту үдерісінде оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру
5-сыныптың «Ежелгі дүние тарихы» оқулығымен оқушылардың жұмыс істеуі
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДА ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУЛЫҚТЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
Электронды оқулықтарды құру технологиясы
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДА ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУЛЫҚТЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1930-40 жылдардағы ана тіліндегі математика оқулықтары және олардың ерекшеліктері
ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚТЫ ҚҰРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Электронды оқулықты пайдалану. Электронды оқулық құрудың жолдары туралы
Пәндер