Халықтық педагогикадағы жастарды тәрбиелеуінің негізгі мәселелері



І.Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3.4

І.ТАРАУ ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКАДАҒЫ ЖАСТАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУІНІҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ.
1.1 Халықтық педагогиканың жастарды тәрбиелеу мәні ... 5.9
1.2 Халықтық педагогикадағы жастарды тәрбиелеудің басты
қағидалары ақыл . ой, ізгілік пен адамгершілік және еңбек пен
өнер тәрбиесінің алатын орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13.16

ІІ ТАРАУ ЖАСТАР ТӘРБИЕСІНДЕГІ ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКАНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАР Ы
2.1. Жастар тәрбиесіндегі халықтық педагогиканың
негізгі бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17.21
2.2. Жастар тәрбиесінің ұлттық дәстүрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21.25

ІУ. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26.27

УІ. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28.29

У. Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29.34
Зерттеудің өзектілігі: Қазақ ежелден ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән берген халық. Өйткені, біздің қазақ - бала дүниеге келмей жатып-ақ, оның тәрбиесіне әзірлене бастаған. Оның бір мысалы тегі жақсы жермен құдаласып, алдымен екі жастың жан тазалыығына мән берген. Жас келіннің бойына бала бітісімен енесі мен абысыны жерік асын қамдап, ерекше күтімге алып, қамқорлық жасаған. Кейіннен бүкіл ұлттық психологиямызға «атойлап» шабуыл жасаған кешегі кеңестік идеология ұрпақ тәрбиесіне де көптеген өзгерістер енгізіп, таза қазақи тәлім-тәрбиені шұбарлап жіберді. Соның салдарынан өзгеше ойлайтын жан дүниесі, мінезі басқаша балалар көбейіп, жұртымыздың рухани азғындау көріністері жиі байқала бастады.
Халық педагогикасының негіздері ғылым жолымен іздестірілмей келгенін ашып айтқан жөн. Өйтксні халық педагогикасы тек өмірлік факті ретінде пайдаланылып, оның ғылыми негізде дамымауына тікелей империялық саясат кері әсер етті. Ал, империя атаулы өз езгісіндегі халықтардың ұлттық тарихының да, халықтық педагогикасының да бой көтеруін қаламайды. Себебі бұл екеуінен халықтың ұлттық санасы оянады.
1) Жалпы халық педагогикасының негіздері адамның өз бойынан, яғни оның физиологиялық кезеңдерінен құралады. Оның тән құрылысы -биологиялық заңдылықтардың бесігінде тербиеліп шықса, ал жандүниесі - тәрбиелік тәлімнен ғана нәр алады. Олай болса, бала тәрбиесінің физиологиялық өсу кезеңдері оның тәрбие жүйесінің негіздерін жасайды. Өйткені баланың өсу жолындағы әрбір кезеңінің өзіне тән тәрбие әдістері бар.
Тегінде ұрпақ тазалығы жөнделмей, жан тәрбиесі түзелмейді.
Өйткені ұрық тазалығы - адам тәрбиесінің алғашқы шарты. Таза ұрықтан бірте-бірте өсетін жан иесінің жүрек тәрбиесі (бала тәрбиесінің бұдан басқа тағы бір жүйесі - ақыл тәрбиесі бар) жалғасады. Ана құрсағындағы тоғыз ай тоғыз күнге созылатын өмірінде нәресте бүкіл жер бетіндегі тіршіліктің миллиондаған жылдар бойы қалыптасқан баспалдақтарын басып өтеді. Бала осы кезенінде өзіндік биологиялық ерекшеліктерімен қатар кейін көкірек көзіне айналатын түйсіктік тәрбиелерін жетілдіреді.
1. Абдумаев М. «Баланың ақыл ойы мен парасатын тәрбиелеу» А, 2000ж
2. Арын Мұхтар «Бес анық» тәрбие туралы толғаулар. А, -1996ж
3.Арғынбаев Халел «Қазақтың отбасылық дәстүрлері» А,-2005ж
Азоров Ю.П. «Семейное педогогика» Москва 1982 г.
4. Ақназаров Б. «Класс жетекшісі» Алматы: Мектеп, 1973 ж.
5. Айтмамбетов Б. Р. «Коллективті қалыптастыру және оқушылардың
(жеке басына оның ықпалы». Алматы, 1991 ж.
6. Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А «Педагогика» Алматы, 2004ж
7. Әбиев Ж «Педагогика тарихы» Алматы, 2006ж.
8. Әбенбаев С.Ш. «Сынып жетекшісі» Алматы, 2004ж.
9. Әбиев Ж., А.Құдиярова «Педагогика» Дарын – Алматы 2004
10. Әкбар Қажы Мәстүра Әшірбайқызы «Қазақтың салт дәстүрлері»
Алматы, 1999ж
11.Әдібай Табылдиев «Тағылым» Алматы-1995ж
12. Бабаев С.Б. Оңалбек Ж.К. «Жалпы педаггогика» Алматы, 2006ж.
13. Безкаравайный С, Жұмабаев А, «Мектепте өткізілетін тарихи
әдеби кештер» Алматы « Мектеп » ,1968ж
14.Болдырев Н. И. «Класс жетекшісі» Алматы – Мектеп, 1980 ж
15.Болдырев Н.И. «Мектептегі тәрбие жұмысының методикасы»
Алматы: Мектеп, 1987 ж.
16. Жарықбаев Қ. Қалиев С. «Қазақ тәлім тәрбиесі» Алматы, 1995ж.
17. Крупская Н. «Вопрсы семейного воспитания и быта» 1959 год.
18. Калиев С. «Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытудың
педагогикалық негіздері» Алматы, 2001жыл
19. Крупская Н. К. «Таңдамалы педагогикалық шығармалары». А,1973 ж.
20.Көшекбаев Н. «Оқыту теориясы». Алматы, 1976 ж.
21.Қоянбаев Ж.Б. «Педогогика» Алматы 1992 жыл.
22. Қоянбаев Ж. Б., Қоянбаев Р. М. «Педагогика». Алматы, 2002 ж.
23.«Қазақ әдебиетінің тарихы ІІІ» Алматы 2000ж.
24. Қазақ тәлімдік ойлар антологиясы 1 том, Алматы, 2005ж.
25. Қалижанұлы У. «Қазақ әдебиетіндегі діни – ағартушылық ағым».
Алматы, 1998ж.
26.Қозыбаев М.Қ. және т.б. «Қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт- санасы: өтккендегісі мен бүгіні.» Алматы «Ғылым» –2001ж
27. Қасымбекова С. ., Мырзамед Д. «Дене тәрбиесі» Алматы, 2001ж.
28. Икіманова Г. «Саулық пен сымбат» Алматы, 1991ж.
29. Илина Т. А. «Педагогика». Алматы «Мектеп», 1984 ж.
30. Ұзақбаева С. «Тамыры терең тәрбие» Алматы, 1995ж.
31. Оразбекова К. «Иман және инабат» әдет және тұрмыс салт психологиясы . Алматы-1993ж
32.Лемберг Р. «Оқыту әдістері». Алматы, 1958 ж.
33.Нұрғалиева Г. «Оқыту әдістері». Алматы, 1991 ж.
34. Сағындықұлы Е «Педагогика» Алматы, 1989ж.
35. Сейталиев К. Б. «Тәрбие теориясы». Алматы, 1986 ж.
36.Шашақова А. «Халық тәлімі – тәрбие бастауы» Алматы, 1994ж

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
І.Кіріспе ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3-4

І.ТАРАУ ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКАДАҒЫ ЖАСТАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУІНІҢ НЕГІЗГІ
МӘСЕЛЕЛЕРІ.
1.1 Халықтық педагогиканың жастарды тәрбиелеу мәні ... 5-9
1.2 Халықтық педагогикадағы жастарды тәрбиелеудің басты
қағидалары ақыл – ой, ізгілік пен адамгершілік және еңбек пен
өнер тәрбиесінің алатын
орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13-16

ІІ ТАРАУ ЖАСТАР ТӘРБИЕСІНДЕГІ ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКАНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАР
Ы
2.1. Жастар тәрбиесіндегі халықтық педагогиканың
негізгі
бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...17-21
2.2. Жастар тәрбиесінің ұлттық
дәстүрлері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .21-25

ІУ.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..26-27

УІ. Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 28-29

У.
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .29-34

І. КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі: Қазақ ежелден ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән берген
халық. Өйткені, біздің қазақ - бала дүниеге келмей жатып-ақ, оның
тәрбиесіне әзірлене бастаған. Оның бір мысалы тегі жақсы жермен құдаласып,
алдымен екі жастың жан тазалыығына мән берген. Жас келіннің бойына бала
бітісімен енесі мен абысыны жерік асын қамдап, ерекше күтімге алып,
қамқорлық жасаған. Кейіннен бүкіл ұлттық психологиямызға атойлап шабуыл
жасаған кешегі кеңестік идеология ұрпақ тәрбиесіне де көптеген өзгерістер
енгізіп, таза қазақи тәлім-тәрбиені шұбарлап жіберді. Соның салдарынан
өзгеше ойлайтын жан дүниесі, мінезі басқаша балалар көбейіп, жұртымыздың
рухани азғындау көріністері жиі байқала бастады.
Халық педагогикасының негіздері ғылым жолымен іздестірілмей келгенін ашып
айтқан жөн. Өйтксні халық педагогикасы тек өмірлік факті ретінде
пайдаланылып, оның ғылыми негізде дамымауына тікелей империялық саясат кері
әсер етті. Ал, империя атаулы өз езгісіндегі халықтардың ұлттық тарихының
да, халықтық педагогикасының да бой көтеруін қаламайды. Себебі бұл екеуінен
халықтың ұлттық санасы оянады.
Жалпы халық педагогикасының негіздері адамның өз бойынан, яғни оның
физиологиялық кезеңдерінен құралады. Оның тән құрылысы -биологиялық
заңдылықтардың бесігінде тербиеліп шықса, ал жандүниесі - тәрбиелік
тәлімнен ғана нәр алады. Олай болса, бала тәрбиесінің физиологиялық өсу
кезеңдері оның тәрбие жүйесінің негіздерін жасайды. Өйткені баланың өсу
жолындағы әрбір кезеңінің өзіне тән тәрбие әдістері бар.
Тегінде ұрпақ тазалығы жөнделмей, жан тәрбиесі түзелмейді.
Өйткені ұрық тазалығы - адам тәрбиесінің алғашқы шарты. Таза ұрықтан бірте-
бірте өсетін жан иесінің жүрек тәрбиесі (бала тәрбиесінің бұдан басқа тағы
бір жүйесі - ақыл тәрбиесі бар) жалғасады. Ана құрсағындағы тоғыз ай тоғыз
күнге созылатын өмірінде нәресте бүкіл жер бетіндегі тіршіліктің
миллиондаған жылдар бойы қалыптасқан баспалдақтарын басып өтеді. Бала осы
кезенінде өзіндік биологиялық ерекшеліктерімен қатар кейін көкірек көзіне
айналатын түйсіктік тәрбиелерін жетілдіреді.

Зерттеудің мақсаты: Мектеп жасындағы балалардың білімі мен тәрбиесіндегі
халықтық педагогиканы қолдануда балалардың дағдыларын қалыптастыру
барысындағы әдістемелік әдебиеттерді талдап, ғылыми негіздерін белгілеу.

Зерттеудің міндеттері:
- Мектеп жасындағы балаларды тәрбиелеуде халықтық педагогиканы
қолданудың ғылыми - теориялық негіздерін анықтау;
- Қазіргі жастардың тәрбиесінің мазмұнын, көлемін және оның жүйесін
қатысымдық әрекет негізінде белгілеу;
- Мектеп жасындағы балалардың оқу тәрбиесінің әдістемесін жасау.

Зерттеудің нысанасы: Мектептерде білім білік дағдылары, тестілеу тәсілі
арқылы жүйелі есепке алынып отырса, онда балалардың білім, білік жағдысы
артады. Осыған байланысты қағидалар мен тұжырымдар халықтық педагогиканы
оқыту әдістемесі мен педагогика ғылымдарын теориялық тұрғыдан толықтырады.

Зерттеудің пәні: Осы жұмыста ұсынылып отырған балалардың білім, білік
дағдысын қалыптастыру әдістемесі орта мектептерде мұғалімдерге көмекші
құрал бола алады.

І.ТАРАУ ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКАДАҒЫ ЖАСТАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ ТЕОРИЯЛЫҚ
МӘСЕЛЕЛЕРІ.

1. ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКАНЫҢ ЖАСТАРДЫ
ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ РОЛІ
Қазіргі кезеңде қазақ халқының өмірінде бұрын-соңды болмаған оқуға,
еңбекке, қоғамдық өмірге ықыласы жоқ балалар саны күннен күнге артуда. Олар
дөрекі, әдепсіз, барлық жарамсыз әдеттерге еліктеуге бейім келеді.
Бұл мәселені тудыратын себептердің бірі - отбасы тәрбиесіндегі ата-
аналардың жауапкершілік сезімінің жоқтығы бала мінезінде мейірімсіздікті,
қатыгездікті, дөрекілікті, өзімшілікті туғызады. Ал, тарихқа кез жүгіртетін
болсақ, кең байтақ өлкемізде буыннан-буынға жалғасып ұяттылық, әдептілік,
көргенділік, мейірімділік салтанат құрып үйлесімін тауып жатты. Міне, сол
қымбат қасиеттердің бәрі отбасы, ошақ қасында бүршік атып, бұтағын жаяды.
Екінші себеп - бұл отбасындағы маскүнемдік, ұрыс-керіс, ата-аналарының
және басқа жанұя мүшелерінің жеңілтек мінез-құлқы, ал бәрінен жаманы
ажырасу яғни неке бұзу. Балалар тәрбиесінде ата-аналардың мінез-құлқы
шешуші рөл атқарады. "Сіз өз балаларыңыздың тәрбиесін бастамастан бұрын
өзіңіздің мінез-құлқыңызды тексеріңз... Сіздің жеке мінез-құлқыңыз нағыз
шешуші нәрсе... Ата-аналардың өздеріне талап қоюы, олардың өз үйелменін
қадірлей білуі, өзінің әрбір қадамын қадағалап отыруы - тәрбиенің ең
бірінші және ең басты әдісі" деген болатын А.С.Макаренко.
Ал, ұлы ата-бабаларымыз "Ата-ананың тәрбиесі бала мінезінің іргетасы",
"Үяда не керсе, ұшқанда соны іледі" деп түсіндіреді. Сондықтан балаға
өмірінің алғашқі жылдарында адамгершілік сезімдерін егудің орны бөлек. Егер
әке маскүнем болса, мектеп жасына дейінгі балалар жүйке ауруынан, жиі
қояншық ұстамадан аза шегеді. Мұндай балалар енжар, тынымсыз, ашушаң
келеді.
Үшінші себеп - ұл балаға үнемі жеткіліксіз көңіл аударылады. Кейбір отбасы
баланың ішкі дүниесін, тілектерін, ойларын, қайғысын, қоршаған ортаға
қатынасын жете біле бермейді. Бала тәрбиесіне ең әуелі оның өз ата-анасының
еңбекқорлығы, ұстамдығы, кішіпейілдігі, ақыл-ойы, сана-сезімі,
адамгершілігі әсер етпек. Ұрпақ тағдыры дегеніміз - ұлт тағдыры. Әрбір
ұлттың болашағы, оның білім, де іскер, талантты да мәдениетті, адамгершілік
асыл қасиеттерді бойына сіңірге тәрбиелі ұрпақтарының қолында.
Халықтық педагогика құндылықтарына үңіле отырып жастарды салауаттылық
тәрбиелеуде оның озық үлгілерін оқу-тәрбие барысында кеңінен пайдалануымыз
керек.
Қазақ халқы өз тіршілігінің сан ғасырлық тарихында өмірінің жалғасы,
мұрагер балаға тәрбие берудің өзіндік әдеп-ғұрпын жинақтады. Оларға
бұқаралы жасампаз тәжірибесі, рухани бай орнықты қазыналары, санқилы
қағидалар топтастырылды.
Халықтың әлеуметтік-экономикалық, тарихи-географиялық жағдайлары мен
көшпелі өмір салтының өзіндік ерекшелігіне сәйкес балаға жан-жақты тәрбие
берудің өзгеге ұқсай бермейтін өзіне тән ерекше талаптары қалыптасты.
Бала тәрбиесі көшпелі малшы отбасының күнделікті тұрмыс тіршілігімен тығыз
байланыста болды. Содан да олар баланы жұбатса да, жақсы көрсе де, он жақсы
қасиеттерін бағалағысы келсе де өз тіршілігінің негізі болған малдың
ерекшелігі жақсы қасиеттеріне, сұу тұлғасы мен әсем бейнесіне теңеп
"қошақаным, құлыным, ботам, қозым" деп еркелетті.
"Қанағат қарын тойғызар" деп қанағатшылдыққа, үнемшілдікке пайымда "бұлақ
көрсең көзін аш" деп табиғатқа деген аяушылықты үйретгі, бес уақыт намаз
гигиеналық т азалыққа баулыса, қырық парыздың бірі - ілім деп өнерге,
ілімге үйретті.
Әрбір адам ол қандай мамандық иесі, қандай дәрежедегі қызметкер болсын, ең
алдымен, шаңырағы аясында ұл-қыз өсіріп, мәпелеп, солардың жемісін көру,
жас ұрпақтын бойына сініру, баланын қоршаған ортадаты қарым-қатыкаеын,
дүниетанымын, өмірге деген көзқарасын және соған сай мінез-кұлқын
қалыптастыру.
Тәрбие жеке адамды мақсатты багытта жүйелі түрде қалыптастыру. Аға
ұрпақтың тәжірибесіне беру және игеру, сананы қалыптастыру, төрбиелеудің
және мінез-құлық дағдыларын қалыпқа түсіру, оларды өмір мен еңбекке даярлау
тәрбиелу процесінае жүзеге асырылады.
Тәрбие баламен сөйлесумен әнгімелесумен оған ақыл-кенес
берумен ғана шектелмейді - дейді Макаренко. Ол тұрмысты ұйымдастыра
білуде балаға әркімнің өз жеке басы арқылы үлгі-өнеге көрсете білуде.
Тәрбие беру мен білім беру-ажырағысыз ұғым. Білім бермей тұрып,
тәрбиелеуге болмайды, ал берген әр білімнің тәрбиелік ықпалы зор. Тәрбие
жұмысынын ен терен мәні адамнын Тәрбиенін негізгі максаты-дені сау ұлттық
сана-сезімі оянған, рухани ойлы дәрежесі биік мәдениетті, парасатты, ар-
ожданы мол енбекқор, іскер, бойында басқа игі қасиеттер қалыптасқан адамды
тәрбиелеу.
Еліміздегі саясат пен экономикадағы түбірлі өзгерістер қоғамымыздын
барлық саласын, соның ішінде білім беру жүйесі және оның алғашкы баспалдағы
- мектепке дейінгі тәрбиені де қамтып отыр. Бүл кездейсоқ нәрсе емес. Ұзак
уакыттар бойы біз мектеп жасына дейінгі баланын тәрбиесінде отбасының
алатын орнын жеткілікті дәрежеде ескермей келдік. Көбінесе коғамдық
тәрбиеге баса назар аударып, әсіресе, оның бала дамуына тигізетін жетекші
рөліне сүйендік. Ал бүгінгі таңда мемлекетіміз мектепке дейінгі мекемелер
жүйесін толыққанды қаржы және материалдық жағынан камтамасыз ете алмауы
себепті балабақшалар көптеп қыскара бастады. Соған орай керісінше тенденция
- отбасындағы тәрбиенің рөлін күшейту талабы қойылып отыр.
Көптеген елдерде балалардың екі тәрбие ошағында да - отбасы - және
мектепке дейінгі мекемелерде қатар тәрбиеленіп дамуы жүзеге асуды. Жоғары
дәрежеде дамыған елдердің бір қатарында мектеп жасына дейінгі балалардын
басым көпшілігі қоғамдық балалар мекемелеріне барады. Мысалы, Францияда –
Швецияда Финляндияда - 65-75% және т.б. Отбасы - бала жанына жақын, жеке
туысқандық қарым-қатынасты қамтамасыз етеді.
Үлкендердің балаға шексіз сүйіспеншілігі, емен-жарқын сөйлесу, аялау,
еркелету, қалыптасқан от-басылық дәстүрлер, әдет және т.б. тағылымды
тәрбиенің негізін қалайды.
Әрбір отбасының өзіне ғана тән ерекшеліктері бар: олардың ішінде жас
ерекшелігі және туысқандық қатынастар бойынша құрамының әр түрлі болуы,
отбасы өмірінің стилі, материалдық байлық пен рухани құндылықтарды
пайдалану мүмкіндігі, отбасының ересек мүшелерінің әлеуметтік кемелдігі,
т.б. Бұның барлығы баланың күнделікті өмірін ұйымдастыру және оған
тәрбиелік ықпал жолдарын анықтайды.
Жеке тұлғаның қалыптасуы отбасы өмірінін тұрмыс-тіршілігін ұйымдастыру,
көңіл - күй адамгершілік тынысы, қалыптасқан отбасылық дәстүрлері сияқты
барлық саласымен тығыз байланысты. Міне, сондықтан да баланы тәрбиелеу,
оның өмірін ұйымдастыру ата-ананың өзін-өзі тәрбиелеу, отбасы өмірін дұрыс
ұйымыдастыра білу, жылы да бейбіт микроклиматты қамтамасыз ететін ізгілікке
құрылған үй-ішілік қарым-қатынасты орнықтырудан басталады.
Ал отбасылық микроклиматтың дұрыс болуы көбінесе педагогикалық ықпалдын
тиімділігін арттыруға септігін тигізеді, яғни өзара құрмет, достық сенім
атмосферасында өскен бала жетекке онай жүріп, тәрбелік әсерге көнгіш
болады.
Сонымен, отбасының тәрбиелік ықпал деңгейін былайша анықтауға болады:
Отбасының әлеуметтік құндылығы. Бұл отбасының беріктігімен, оның
мүшелерінің адами, рухани жан саулығымен, ортақ іске қызығушылық-тын
болуымен анықталады. Пайдалы іс-әрекетке толы күнделікті ортақ тірлік,
отбасылық және қоғамдық мерекелер, мәдени және спорттық демалыстар
отбасының бірлігін нығайта түседі. Өсіп келе жаткан кішкентай азаматқа
үлкен қуаныш сыйлайды.
Балаға оны тәрбиелеуші ересек адамдардың тарапынан қойылатын талаптың
бірлігі. Бұл жерде атақты педагог А.С.Макаренконың педагогтарға арналған
тәрбиенің педагогикалық мақсат-міндеттерге жұмылған барлық тәрбиешілердің
ортақ ісі екендігі, егер педагогтардың тәрбиеге ортақ көзқарасы, ортақ
қатынасы болмаса, мақсатқа бағытталған тәрбие үрдісін қамтамасыз ету мүмкін
еместігі жөніндегі сөзін еске алуға болады.
Отбасының барлық ересек мүшелері бала үшін тәрбиеші, олардың тарапынан
болатын талаптың бірлігі өте маңызды.
Отбасындағы өзара қарым-қатынастың дұрыс болуы. Бала тәрбиесінде әке мен
шеше рөлінің өте маңызды екені белгілі. Ана өз баласының тәрбиешісі ғана
емес, отбасының ұйытқысы. Отбасы мүшелерінің өзара түсінісуінің бірі-біріне
кішіпейіл, қамкор қатынасы мен үйде жылы атмосфераның орнығуына бірден бір
себепкер болатын әйел – ана. Сондай-ақ әке - азамат, от ағасы. тәрбиеші,
Парасатқа құрылған әке-шеше қатынасы баланың адамгершілік сапаларына
жетудегі теңдесі жоқ үлгі- өнеге.
Отбасылық дәстүрлер. Отбасының рухани байлығы мен потенциалды - тәрбиелік
мүмкіндіктерін онда қалыптаскан дәстүрлерге қарап анықтаймыз. Уақыт
сынынан, өмір елегінен өткізілген отбасылық дәстүрлер бала тәрбиесіне аса
зор ықпал етеді. Бұл отбасын ұжым ретінде нығайта түседі. Қалыптаскан өзара
жауапкершілік пен тендік атмосферасы баланың өзімшілдік, жалқаулык,
дәрменсіздік, канағатсыздык сияқты жаман қасиет-терден аулақ болуға
баулиды.
Отбасындағы еңбекке қатынас. Үйдегі барлық отбасы мүшелеріне орған
жұмыстарға үлкендермен бірге араласа отырып, бала әркімнің өзіндік міндеті
бар екенін, оны орындау қажеттігінің маңызын байқайды.
Үлкендер де балалар да не істегісі келсе соны істеп қана қоймайды,
сонымен бірге оны тек өзі үшін ғана емес басқалар үшін
жасайтынын, яғни, отбасы ұжымының барлық іс - әрекеті ортақ қажеттілікке
бағынатындығын саналы түсінеді.
Отбасындағы өсіп келе жатқан жеке тұлғаның қалыптасуына отбасындағы
көңіл=күйге қатысты адамгершілік микроклиматтың әсері де зор. Кейбір
отбасында барлық жағдай байыппен ақылмен шешіледі, ал кейбір отбасыларда
жәй әңгіменің өзі ұрсы-керіспен балаларға дауыс көтерумен шешіледі.
Осынау атап көрсетілген тәрбиелік ықпалдың дұрыс жүзеге асуы отбасындағы
балаға берілетін өнегенің нәтижелі болуының айғағы деуге болады. Неге
десеңіз, отбасы - баланың сезім мектебі. Ондағы ересектердін әрбір іс-
әрекеті, сөзі, араласатын адамдармен қарым-қатынасының барлығына бала
еліктей отырып, бойына жұқтырады. Егер бала ересектер қатынасынан үнемі
татулық, достық, жанашырлык, адалдық, өзара көмекі байқайтын болса, бұл
бала жүрегіне адамгершілік - ізгілік сезімдерін құяды. Ал керісінше дау-
жанжал, өсек, өтірік, немқұрайдылық бас пайдасын ойлау, қатыгездік сияқты
қасиеттер байқаса, бала санасын улайды.

1.2. ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ-БОЛАШАҚТЫҢ ТІРЕГІ
'Бала тәрбиесі - баршаның ісі". Ендеше бала тәрбиесіне оның болашағыне
немқұрайды қарау кешірілмес күнә. Халқымыздың ''балалы үй бәзар баласыз үй
мазар" деген аталы сөзі текке айтылмаған Балғындардың риясыз күлкісі, әсем
қылыаынсыз өмірді, келешекті көз алдымызға елестету мүмкін емес. Бала десе
жүрегіміз езіліп көңіліміз толқып, мерейіміз таси түсетіні де сондықтан
болар.
Нарық заманы бүгінде қай салаға да жеңіл тиіп отырған жоқ. Бірақ сол
қиыншылықтарды тілге тиек етіп, жас ұрпақ тәрбиесіне, келешегіне немқұрайлы
қарауға болмайды.
Ата-бабаларымыздың өткен тарихын, ғасыр ауламаларын балғын-дардың
жүрегіне ұялатып, болашақта олардың ел қамын ойлайтын отансүйгіш азамат
болып өсуіне басты назар аударылады Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауына сай
"Қазақстан - 2030" бағдарламасын қуаттап, "Ақбота" балабақшасында көптеген
тыңғылықты істер жүзеге асырылуда. Мысалы: "Мен Қазақсандықпын"
әдеби-музыкалық мейрам "Отан отбасынан басталады", "Болашақ" атты
интелектуаль-ды ойын-сауық. патриоттық, саяси тақырыптарды Отан-
Ананың не екенін бүлдіршіндерге жан-жақты түсіндірсек, "Ақын Абай", "Мұхтар
ата", "Қыз Жібек", "Біржан - Сара" тақырыптары қазақ даласының, өнері мен
дәстүріне деген кішкентай сәбилердің сезімін оятты деуге болады. Сондәй-ақ
әртүрлі тақырыпта өткізілген ашық сәбақтар: "Отан -екінші үйім", "Көршімен
тату болайық", "Достық"тағы басқа семинар-кеңестер, өзге бақшалармен іс
тәжірибе алмасу, облыстық, қалалық байқауларына өнерпаз балғындарды үзбей
қатыстырып, олардың бойларынан ұшқын атқан титтей жақсылықты одан әрі
ұштап, қанатын қомдау бәрі-бәрі игі жақсылықтарға бастаған еңбектің
нәтижесі деп білеміз.
Жаратылысынан жүрек жылуы мен мейірім шуағы мол халықтың бірі - қазақ.
Бала тәрбиесіне деген немқұрайлық оның табиғатына мүлдем жат. Өйткені,
қазақтың ел алдындағы абырой-беделі, қадір-қасиеті тек жеке басының
жақсылығы немесе дәулетімен ғана емес, бауырынан өрген ұрпақтарының
салауаттылығы, жарақтылығымен де өлшенген.
Ата-бабаларымыздың сондай-ақ тектілік деген киелі ұғымды ежелден
қастерлеп, оны атадан балаға мирас қып қалдыруында да терең сыр жатқандай.
Туа бітгі тектілігін, табиғи қадір-қасиетін сақтап қалу үшін олар
мүмкіндігінше тәрбиелі отбасылармен құдалы-жекжат болуға ұмтылған. Тарих
қойнауына үңіліп, ұлттық тәрбие сырларына тоқталып отырғанымыз да тегін
емес. Өркениетті ел қатарына қосыламыз, келешекте көш бастайтындай көшелі
ұрпақ өсіреміз дейтін болсақ, ұлттық тәрбие сырларын, тағылымдарын еш
уақытша да естен шығармауымыз керек.
Шығыстың ғүламасы әл-Фараби: "Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен
сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін" - деген.
Адам өмірге бәрі бірдей болып келеді, бірақ та өсе бара олардың тағдыры
әртүрлі болып қалыптасады. Баланың құдіреті санасында, сондықтанда әрбір
бала саналы өмір сүрсе және бәрін ақылға салып, ойлап істесе, оның алдына
қойған мақсатына да, байлыққа да, бақытқа да қол жеткізуіне болады.
Адамзат баласының осы кезге дейін құрған қоғамы, жасаған рухани және
материалдық байлығы, осының бәрі сананың жемісі. Ендеше біз адамды
адамгершілік әдетке баулығанда оның санасына салмақ салуымыз керек. Сана
арқылы адамның 5 дүниетанымы, өмірге көзқарасы, рухани мәдениеті
қалыптасады. Адамның ғұмыры жан мен тәнге негізделген. Яғни адам жан мен
тәннен тұрады. Жан жайбарақат болуы үшін тәннің жайбарақат болуы шарт. Олай
болса, адам бақытты болу үшін жаны мен тәнін қоса тәрбиелеуі керек. Яғни
салауаттылық өмір қағидасын ұстануға тиіс. Бұл орайда бабаларымыз: "Тәні
саудың - жаны сау" - деп, салауаттылық өмірді игерудің жолын көрсетіп
берген. Баланың жастайынан дені сау азамат болуын аңсаған халқымыз
келіндерге жаңа туған нәрестені қалай күту жөнінде ақыл-кеңес берген,
сәбиді тұзды сумен шомылдырып, денесін маймен сылаған, қол-аяғын созып,
"өс-өс" - деп буындарын бекіткен. Дене сұлулығына, әсіресе, қыз баланың
көрікті болуына ерекше көңіл бөлген "Аттың көркі - жал, қыздың көркі - шаш"
деп ұққан.
"Денсаулық - зор байлық" деп қазақ халқы дене тәрбиесіне ерекше көңіл
бөлген. Дене тәрбиесіне жеңіл қарауға болмайды. Дене жанның құралы. Құралы
мықты болса, иесі де мықты. "Сау жан сау денеде ғана болады" деген мәтел
ескіден қалған.
Бала бақытты өмір сүру үшін ең әуелі рухани саулығына көңіл бөлуі тиіс.
Рухани саулыққа көңіл қойылған жағдайда адам елмен сыйласымды, ойлау
қабілеті жоғары, шама-шарқын білетін, ақылмен іс істейтін, өте сезімтал,
ұстамды да байсалды, қоғамдағы өз орнын білетін, жауапкершілігіне
ұқыптылықпен қарайтын, адамдармен тез тіл табыса алатын, табиғатты сүйетін,
қоршаған ортадан хабардар, бақыт дегеннің не екенін түсінетін жан болады.
Ал, рухани саулығы жоқ адам аталған барлық қасиеттен жұрдай болмақ.
Халқымыз бала тәрбиесіне қашанда ерекше мән берген, өйткені бала біздін
болашағымыз, өміріміздің жалғасы. Сондықтан бүгінгі таңда да балаларлы
қорғау - әлеуметтік мәні зор. халықтық іс болып табылады.
Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау, оларды тәуелсіз. мемлекетіміздін
білімді, білікгі, мадениетті азаматы етіп тәрбиелеу барысында жасалып
жатқан тың жұмыстар, өмірімізге еніп жатқан жаңалықтар осыны дәлелдейді.
"Бала тәрбиесі — бесіктен басталады"— деген ұлы қағидаға сүйенсек, 1,5 –
6 жас аралығындағы сәбилерге білім және тәрбие беретін мекемелердің орны да
маңызды да ерекше.
Балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу Мемлекеттік коммуналдық қазыналык
кәсіпорынға қарасты алты балабақшаның алдына қойған мақсаты "Білім туралы"
занның балабақшаларға арналған жоспарының орындалуын қадағалау.
Егеменді еліміздің болашақ азаматтарын тәрбиелеуге елеулі үлес қосып,
сәбилерге ұлттық тәлім-тәрбие бере отырып 5 - 6 жастағыларды мектепке
дайындау ісі отбасылар мен балабақшаларда берілетін білім мазмұнын
жаңарту, оның біртұтас жүйелігінің қамтамасыз етуді мақсат
етеді. Сондықтанда 5-6 жасар балаларды мектепке даярлау мәселелері ата-
аналар мен ұстазлар қауымын ерекше толғандырады. Бағдарлама мазмұнын іске
асыруда білім беру мәселесіне көп көңіл бөлінеді. Неге десеңіз мектеп
қабырғасын аттаған балаларды байқағанда балабақшамен қамтылған балалар мен
балабақшаға бармаған балалар арасындағылардың айырмлшылығы бірден көзге
түседі. Балабақшамен қамтылған балалар тәрбнешінің айтуы, нұсқау бойынша
жұмыс жасап, іс-әрскетте белсенділік көрсетіп, өз құрдастарының арасында
өзін - өзі еркін ұстап, әрі бақылай алатындығы байқалады. Ал үйден келген
әр бір баланың психологиялық дамуына жаңа ұжымға, күн режиміне үйренуінде
мектепке леген қызығушылығында икемдік орын алады. Оларды мектеп жағдайына
қалыптастыруға педагогтың шеберлігі үлкен роль атқарады.
Халықтың өсімі негізінен тұрғылықты қазактардың есебінен деп есептелсе,
олардың негізі ауылдарды мекендейді. Алдағы үш жылды ауыл жылы атап, арнайы
бюджеттен қаржы бөлініп, ауыл экономикасын көтеру ісіне мемлекет тарапынан
көңіл бөлінуі де жоғарыдағы мақсаттың жүзеге асуына қолқабыс жасары анық.
Атам заманнан нешеме зобалаңды бастан кешкен казақ халқының ұлттық
қасиетіндегі бір ерекшілігі ұрпақ жалғасын бір сәтте естен шығармағаны.
Атадан ұл туса игеді, ата жолын қуса игеді деген нақыл да осы мақсаттан
тумасына кім кепіл? Жұбан ақын жырлағандай мың өліп, мың тірілген
халқымыздың ықылым заманнан бері санай бастасақ жүздеген,
мыңдаған ұлы, дана, бір туар адамдарды дүниеге әкелгенін, тарихта олардың
көбісінің есімі алтын әріппен жазылғаны ұмытуға хақымыз жоқ? Мүмкін:
мұның сыры қазақ халқының жеті атаға толмай қыз алыспау салтын
сақтаған ұлттық ерекшелігінде болар. Аталас, бір қаннан тарағандар
емес, басқарудан некелесуден туған үрпақтың адами қасиеттернің
сапалы болуын медицина ғылымы да дәлел деген көрінеді. Сол
сапалы қасиетімізден жаралған жас ұрпақты бүл күнде маскүнемдікте,
нашақорлықтан, қатігездіктен, имансыздықтан сақтай білу де зор міндет болып
тұр. Мұндай аса кау іпті індеттен арылмайынша халықтың санының өсімін
арттыру да оңай емес. Бұл да ел болып ойланатын жағдай.
Ендеме сол ұрпақты дүниеге әкеліп қана қою аз. Оны өсіріп жетілдіруге
уақыт талабына сай жан-жақты тәрбие беруге көп жағдай керек екені айтпаса
да түсінікті. Бес саусақ бірдей емес дегендей балаға берілетін үйдегі
тәрбие, оған мән берушілік те бірдей емес. Баланың тамағы мен киіміне де,
тәрбиесіне де қалай болса солай бейқамдықпен қарайтындар аз ба? Оған қоса
маскүнемдікке салынған, өз тесегінен жерінген әкелер, тастанды сәбилердің
көзін жәудіреткен көбелек шешелер азаймай, ұрпақ алдындағы жауапкершілікті
жолға қою шешіле қояр ма екен?
Ата-аналар бала тәрбиелеудің әдіс-тесілін білу жөніндегі білімін арттыру,
баланың денсаулығын қадағалау, мектепке дейінгі сәбилерді
арнайы ғылымға негізделген әдіспен білім мен тәрбие беретін
балабақшаларға беріп, мектепке жан-жақты дайындыкпен апару
сияқты аса қажет жауапкершіліктерге бейқамдыкпен карамай, зор мән бергені
жөн дер едім. Сонда ғана заман талабына сай ұрпақ өсіріп, халқымыздың санын
көбейте аламыз.

1.3. ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКАДАҒЫ ЖАСТАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ БАСТЫ ҚАҒИДАЛАРЫ АҚЫЛ-
ОЙ, ІЗГІЛІК ПЕН АДАМГЕРШІЛІК ЖӘНЕ ЕҢБЕК ПЕН ӨНЕР ТӘРБИЕСІНІҢ АЛАТЫН ОРНЫ
"Адамның қабілетін жан-жақты жетілдіре тәрбиелеу үшін дене енбегімен
қатар, ақыл-ой тәрбиесін өрістету аса қажет. Өйткені қоғамның дамуы еңбек
пен ғылымның үштаса өрістеуімен тығыз байланысты. Қоғамдағы барлық байлық —
ой еңбегі мен дене енбегінің, ғылым мен техника жетістіктерінің ортақ
жемісі.
Ақыл-ой тәрбиесі, көріп-білу, жүрекпен терең сезіну — біртіндеп толыға,
молыға қалыптасатын тәжірибеден туатын үздіксіз жаттығудың жемісі. Қөрген-
білгенді ой еаегінен өткізіп, оны түйіндеп миға тоқу, үнемі сарапқа салу
ынта-жігерді, күшті қажыр-қайратпен талапты керек етеді. Білімдіден шыққан
сөз, талаптыға болсын кез— деп тектен-текке айтпаған, шешендік өнерді
құрметтеп оған жастарды ерте жаттықтыруға ерекше мән беріп, өнерлі
азаматтарға жиын-тойларда төрден орын беріп, ерекше қошемет көрсеткен. Сөз
бастаған шешенді қол бастаған батырмен пара-пас қойған, шешендікті тапқыр
ойдың тұтқасы деп санаған.
Орыс ғалымы И. П. Павлов: Фактілер — ғылымның ауасы десе, ғұлама
ғалымдардың осынау ой-пікірлеріндей тұжырымдарды өзі өмір-тәжірибесіне
сүйеніп, ой топшылаған ата-бабаларымыз: Тәрбие негізі — ғылым, даналық
негізі — білім деп қорытынды жасаған. Ал сол ғылымды меңгеру, даналық ойға
ие бблу оқумен, оқығанды көңілге терең тоқумен байланысты деп" дұрыс
түсінген қазақ халқы.
Жастарды ойланғыштыққа, тапқырлыкка тәрбиелеуде дидактикалық ұлт
ойындарының да өзіндік орны бар. Мысалы, бас бармақтан бастап шынашаққа
дейін саусактардың аттарын жаңылмай жылдам ататтыру секілді санамақ ойыны
немесе ортаға шыққан адамның жаңылмай, шапшаң он ақынның, он өзеннің, он
қыздың атын атауы сияқты күлдіргі ойындар да жасеспірімнің ақыл-ойын
кеңейтуде тәрбиелеудің әдіс-тәсілдері ретінде қолданылған.
Ізгілік пен адамгершілік тәрбиесі.
Адам баласы қоғамда өзінің адамгершілік қасиеттерімен, қайырымдылығымен,
адалдығымен, әділеттілігімен ардақталады. Моральдық қасиеттер адамдардың
қимыл-әрекеттерінен, қарым-қатынаеынан шығады. Жақсылық пен жамандық,
зұлымдық пен махаббат, әділет-тік пен әділетсіздік, борыш пен намыс, ар мен
ождан адамның іс-әрекеті арқылы өлшенеді. Бұларды адам бойын жастайынан
мінез-құлық ережесі етіп калыптастыру тәрбиеге байланысты. Осыны ұстанған
қазақ халқы жастарды от басында кішіпейілділікке, ізеттілікке, имандылыққа-
, инабаттылыққа тәрбиелеуді бірінші міндет етіп қойған: Ер балаларға
ауылдың үлкендеріне қос қолдап, сәлем беруді, қыз балаларға ибалық жасап,
үлкендер,се жол беруді, олардың алдын кесіп өтпеуді уағыздаған. Ж.астардың
жадына сіз деген сыпайылық, сен деген анайылық, Адаэддықтың белгісі,
иіліп сәлем бергені, Кішіпейілділіктен кішіреймейсің, Жұпыны жұтамайды,
сыпайы сүйкімді; Құдай деген құр қалмайды деген кағидаларды үнемі
уағыздаған. Халқымыз Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер деп бала
тәрбиелеуші ата-аналардың да өнегелі болуын талап еткен. Отбасының,
коғамның тәрбиесі аналарға байланысты екеніне ерекше мән берген, кыздың
көркіне ақыл-ойы мен мінез-кұлқының сай болуын қадағалаған. Қыз қылығымен
сүйкімді, Қызым үйде, кылығы түзде, Қысыла, қысыла қыз болдым деген
мақал-мәтелдер үлкен жауапкершілік жүктейді. Қыз өссе — елдің көркі деу
арқылы арлы, инабатты, сымбатты қызды бүкіл ауыл-аймақ болып тәрбиелеуді
мензейді.
Адамгершілік қасиеттің өзекті мәселесі — қайырымдылық, достық. Халық
ұғымында жақсылық пен жамандық, достық пен қастық адамгершілік қасиеттің
екі түрлі белгісі ретінде егіздің сынарындай қатар салыстыра суреттеген.
Еңбек пен өнер тәрбиесі.
Еңбек өмірдің тұтқасы, тіршіліктің көзі. Еңбексіз өмір жоқ.
Қоғамдағы байлықтың бәрі адам еңбегімен жасалады. Осыны терең түйіп, ой
топшылаған халық: Еңбек — адамның екінші анасы, Еңбек түбі — бере-ке,
Жалқаулық аздырады, еңбек оздырады, Еңбексіз өмір — сөнген көмір,
Еңбегі қаттының ембегі тәтті деген мақал-мәтелдер арқылы жастарды еңбек
сүйгіштікке тәрбиелеудің мәнісін, сондай-ақ еріншектік, жалқаулық — кісінің
соры жаман әдет, жат мінез екендігің жас буынға тәптіштеп түсіндірген.
Осы жәйтті терең түйіп, еңбектің бейнеті мен зейнетін басынан
өткізген халқымыз баланы еңбекке тәрбиелеуді отбасынан бастаған. Қазақ
халқы ежелден ұл бала мен қыз баланың тәрбиесін өзара белісіп алған. Ұлды
мал бағуға, отын шабуға, аң аулауға, мылтық атып, мергендік құруға, қолөнер
шеберлігіне, мал тауып, отбасын асырауға әкелері мен аталары үйретсе, қыз
балаларға үй сыпыру, төсек жинау, ас пісіру, шай құю, кесте тігу, тон пішу,
өрмек тоқу, ою-өрнек сияқты отбасынын ішкі жұмысына үйретуді анасы мен
әжесі өз міндеттері-не қалдырған. Қыз баланы келешек ана, бала тәрбиешісі,
отбасы ұйытқысы деп түсінген халкымыз оның еңбек сүйгіш, өнегелі, өнерлі
болып өсуіне ерекше мән берген. Қолөнеріне икемі жоқ қыздарды: Өз үйінде
ою оймаған, кісі үйінде тон пішер деп келеке еткен. Тіпті шай құю мен
төсек жинаудың өзі үлкен сын болған. Ақындардың өлеңдерінде кездесетін
Қыздың жиған жүгіндей деген теңеулер текке айтылмаған.
Еңбекті дәріптеу, жастарға еңбек адамын үлгі-өнеге етіп ұсыну Аяз би
ертегісіндегі Аяз бидің, Керқұла атты Кендебай ертегісіңдегі Кендебайдың,
Күн астындағы Күнікей кыз өртеуісіндегі қарапайым қойшы баланың бейнелері
арқылы берілген. Мал баққан, еңбек сүйген, қару-жарақ асынып, ел-жұртын
мергендікпен асырап-сақтаған қарапайым шаруа адамдарының адал еңбегі
арқасында қиындық біткенді жеңіп шығып, мұратына жетуін баяндау арқылы
халық еңбекпен ер көгереді, мұратына жетеді деп, жастарға үлгі-өнеге-
етіп ұсынады.
Халқымыз еңбек пен өнерді егіз деп қараған. Қолөнер Шеберлігін мал бағып,
егін салып, аң аулау кәсібінен артық санамаса, кем санамаған. Қазақ
шаруасының қолөнері өзінің күнделікті өмір тіршілігімен, тұтыну қажетімен
тығыз ұштасып жатады. Оның ішер асы да, киер киімі де, баспанасы да малдың
өнімімен байланысты болғандықтан, қолөнері де сол мал өнімін өңдеуге,
ұқсатуға арналған. Жүн иіріп, өрмек тоқу, киіз басып, үй жабу, ою ойып,
сырмақ, түс киіз өрнектеу, тері илеп, бас киім мен сырт киім тігу қыздар,
әйелдер үшін ерекше өнер болып саналған.
Қорыта айтқанда халықтық педагогиканың әр түрлі жақтарын сөз еткенімізде,
алдымен дене тәрбиесін бірінші орынға қоюдың өзіндік себеп, дәлелдері бар.
Өйткені адам баласы алғаш дүниеге келген күнінен бастап дене тәрбиесі қолға
алынады, содан кейін біртіндеп еңбекке, ойынға үйрету тәрбиесі
жүргізіледі. Ақыл-ой сол еңбектің нәтижесінде қалыптасып дамиды. Ал
адамгершілік тәрбиесі баланың сана-сезімі оянған кезде жүргізілетін
тәрбиенің жиынтығы іспеттес.

ІІ ТАРАУ ЖАСТАР ТӘРБИЕСІНДЕГІ ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКАНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАР Ы

2.1. ЖАСТАР ТӘРБИЕСІНДЕГІ ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКАНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАР
Қоғамды дамыту үшін қоғам мүшелерін жан-жақты
тәрбиелеп, жетілдіру керек. Тәрбие жұмысының бағыт-бағдарын
белгілейтін әр топқа сай өзіндік мораль болған. Мораль қоғам мүшелерінің
этикалық саналарын: ізгілікті, мейірбандылық әділдікті, мінез-құлықты
бейнелейтін қоғамдық сананың оң түрі. "Мораль - адамдардың бір-
біріне және қоғамға міндеттері мен қарым-қатынастарын анықтайтын қауымдық
өмір сүру ережелерінің, мінез-құлық нормаларының жиынтығы".
Таптық қоғамда мораль белгілі бір таптың идеясын, өмірген деген көз
қарасын дәріптейді. Бұл құбылысты жете аңғарған қазақ халқы "Тауына қарай
аңы, заманына қарай заңы" деп қарапайым сөзден философиялық топшылау
жасаған.
Таптық, экономикалық идеологиялық ерекшеліктеріне қарамастан
негізгі сақтап халық педагогикасындіағы ақыл-ой идея қай халықтың
болсын тіршілік тынысымен шаруашылық кәсібімен, семьялық, қоғамдық, ұлттық
тәрбие дәстүрімен тығыз байланысты туып, өсіп өркендеп, дамып
ұрпақтан ұрпаққа жалғасып жетіп отырған.
Халық келер ұрпағын өзіне дейінгі қоғамда қолы жеткен тәрбиелік жақсы
дәстүрін жинақтап пайдалана отырып, шынайы адамгершілік қасеттерге баулып
тәрбиелеуді мақсат еткен.
Бірде бір адамзат қоғамы өзінен бұрынғы ақыл-ойын,
тәрбиелік тәжірибесін пайдаланбай емес.
ХҮІI-XҮIІІ ғасырлардағы орыстың және
демократияшыл бағыттағы педагог ғалымдары ғылыми еңбектерін халықтың
ғасырлар бойы жинақталған тәрбиелеу тәжірибесіне негіздей отырып
көпшілікке ұсынған болатын. Мысалы чехтіц ұлы педагогы Амос Коменский
жұмысындағы халықтық дәстүрдің жақсы нәтижелеріне сүйеп
отырып, баланы жастайынан еңбекке және жақсы мінез-құлықтарға
тәрбиелеу жолдарын белгілеп берді.
Швейцарияның педагогі И.Г.Песталоци тәрбиені ана тілінде оқытатын
халықтық мектептердің бай тәжірибесіне негіздей отырып жүргізуді мақұлдады.
Ол адамның ақыл-ойы қалыптасуының және дұрыс дамуы ұлт тіліндегі оқудың
мазмұны мен оқыту әдісін дұрыс ұйымдастыруға байланысты деп ерекше атап
көрсетті. И.Г.Песталоци "Бала тәрибиесі оның дүниеге келген күнінен
басталуы керек. Баланың дүнені түсінуі отбасында басталып мектепте әрі
қарай жалғастырылуы шарт" - деген қағиданы ұсынды.
Францияның ұлы ағартушысы Ж.Ж.Руссо да бала тәрбиесінің көзі еңбекте,
сондықтан баланы жан-жақты азамат етіп тәрбиелуді отбасында еңбекке
үйретуден басталуы қажет деп тапты.
Ал орыс педагогі К.Д.Ушинский халықтық тәрбиенің мақсаты мен мазмұнына
және тәрбие мен оқыту әдісіне тоқтала келіп: Орыс халқының бала тәрбиесі
сол халықтың сан ғасырлық тарихымен тығыз байланысты, тәрбиенің негізін
халықтың жақсы-жаман дәстүрінен іздестіру керек. - деді.
Халық ағартушылары мен әдебиетшілерінің бойынша ұлттық
мәдени тәрбие ісінің алтын қазықпен М.Горький, Сәбит Мұқанов пен
әңгімелескенде қазақ халқының мәдени мұрасының асылдарын
іріктеп халық қажеттілігіне, ұрпақ тәжірибесіне жарату қажет деп кеңес
берген.
Қазақ халқымың педагогикалық ой-пікірін халықтың өткендегі өмірімен
салт-санасы мен тұрмыс тірішілігімен етене бірлікте, тығыз байланыста алып
қараған жөн.
Мал бағып күнелткен, ұлттық баспасөзі, өзінің ана тілінде мектебі мен
театры болмаған көшпелі қазақ елінің өткендегі өмірінде фольклор, салт-
дәстүр жалпы айтқанда ұлттық рухани мәдениетінің ролі зор болды. Академик
М.Әуезов адамзат мәдениетінің алтын қорына дүние жүзінің халықтарын қосқан
өзіндік үлесін сөз ете келе: "Гректер атақты храмдарын египеттіктер
пирамидаларын, қытайлыктар фарфор бұйымдар мен мәрмәр тастан жасалған адам
мүсіндсрін, итальяндықтар әсем әуенді музыкалық шығармаларын, фраицузлар
сурет өнерін үлгі етсе, көшпелі қазақ елі аса ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықтық педагогика - ұлттық тәрбиенің негізі
Оқушыларды отансүйгіштік интерноционалдық тәрбиелеудің теориялық мәселелері
Оқушылар тәрбиесінде халық педагогикасын қолдану
Балабақша тәрбиесі
Халықтық педагогикадағы эстетикалық тәрбие берудің озық үлгілерін тәрбие процесінде қолдану жолдарын зерттеген, пікірлерін айтқан ғалымдар
Халық педагогикасының жастарды тәрбиелеудегі рөлі
Тәрбие қажеттілігі мен педагогикалық теория дамуының әлеуметтік - экономикалық факторлары
Бала тәрбиесі - баршаның ісі
Жеке тұлғаның өзін - өзі тәрбиелеуі мен өзін жетілдіру мәселесі
ПЕДАГОГИКА ТАРИХЫНДА БАЛАЛАР ТӘРБИЕСІ
Пәндер