Болашақ педагогты мектепке дейінгі балалардың коммуникативтік біліктіліктерін қалыптастыруға даярлаудың теориялық негіздері



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1 БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТІ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ КОММУНИКАТИВТІК БІЛІКТІЛІКТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА ДАЯРЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
1.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың коммуникативтік біліктерін қалыптастырудың мәндік сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.2 Мектепке дейінгі балалардың коммуникативтік біліктерін қалыптастырудағы балалар әдебиетінің тәрбиелік мүмкіндіктері ... ... ... ..30
1.3 Болашақ педагогті мектепке дейінгі балалардың коммуникативтік біліктіліктерін қалыптастыруға даярлаудың педагогикалық шарттары ... .50

2 БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТІ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ КОММУНИКАТИВТІК БІЛІКТІЛІКТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА ДАЯРЛАУ ӘДІСТЕМЕСІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.1 Мектепке дейінгі балалардың коммуникативтік біліктіліктерін балалар әдебиеті арқылы қалыптастырудың формалары және әдістері ... ... ... ... ... ... ...
2.2 Болашақ педагогті мектепке дейінгі балалардың коммуникативтік біліктіліктерін балалар әдебиеті негізінде қалыптастыру бойынша тәжірибелік.эксперименттік жұмыс нәтижелері ... ... ... ... ... .

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Зерттеудің көкейкестілігі. Қоғам өмірін ізгілендіру мен демократияландыру жағдайында елімізде болып жатқан түбегейлі өзгерістерге орай білікті болашақ педагогті даярлауға, оның ішінде мектепке дейінгі балалардың коммуникативтік біліктіліктерін қалыптастыруға даярлауға аса мән беріліп отыр. Өйткені қоғамның жаҺандану тұрғысында жандануы, жеке тұлғаны әлемдік кеңістікке көтеру мен тұлғалық асыл қасиеттерді қалыптастыру болашақ педагогтың мектепке дейінгі балалардың коммуникативтік біліктіліктерін қалыптастыруға даярлығына тікелей байланысты.
Қазіргі таңда бүкіл әлемдегі өркениетті дамыған елдердің басты көңіл бөліп отырған мәселесі - оқытудың жаңа технологияларын қолдана отыра, өскелең ұрпаққа жалпы бірдей қалыптасқан жан-жақты, дәстүрлі әдістермен әлемдік деңгейдегі озық технологиялармен салыстырылған, өмір тәжірибесіне ұштастырылған терең білім беріп, білікті маман даярлау.
Мектепке дейінгі ұйымдардағы білім беру әрекетінің типтік Ережесінде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазіргі кезеңдегі мектепке дейінгі ұйымдардың негізгі міндеттері туралы» 2004 жылғы 21 желтоқсандағы №1353 Қаулысында мыналарды атап көрсеткен болатын: балабақша жасына дейінгі балалардың интеллектуалдық және жеке тұлғалық дамуын, олардың қызығушылықтарын қанағаттандыруды қамтамасыз ету, жалпы адами және ұлттық құндылықтарға баулу негізінде қабілеттіліктерін дамыту; балабақша жасына дейінгі балалардың белсенділіктерін, білімқұмарлықтарын, еріктілік пен шығармашылық тану қабілеттіліктерін дамыту; балабақша жасына дейінгі балалардың тәрбиелеу мен оқыту бағдарламаларын игеруіне жағдай туғызу [3].
Аталған міндеттерді жүзеге асыру мектепке дейінгі тәрбие мен білім беруді ұйымдастырушылардан әлемдегі тиімді іс шараларды оқып үйренуді, тәжірибе алмастыруды, сондай-ақ әдістемелік жұмыстарды жетілдіруді, еліміздегі озат іс-тәжірибелерді кеңінен насихаттауды, жинақтауды және таратуды талап етеді.
Сондықтан болашақ педагогтердің мектепке дейінгі балалардың коммуникативтік біліктіліктерін қалыптастыруға қоятын қоғамымыздың жаңа әлеуметтік тапсырыстары, ең алдымен, осы даярлықтың мазмұнын, формалары мен әдістерін өзгертуді, екіншіден, оны білім берудің бүкіл жүйесін жаңарту мен қайта құру принциптеріне сай дамытудың негізінде айтарлықтай жаңа деңгейге көтеруді көздейді. Бұның бәрі, түптеп келгенде, болашақ педагогтерді мектепке дейінгі балалардың коммуникативтік біліктіліктерін қалыптастыруға даярлаудың аса көкейкесті проблема екендігін дәлелдейді.
Қазақстанда мектепке дейінгі тәрбиенің қалыптасуы, алғашқы мектепке дейінгі тәрбие ұйымдарының ашылуы, олардың дамуы, аталған мекемелерде тәрбие беру үдерісін ғылыми-педагогикалық тұрғыдан ұйымдастыру, балабақша жасына дейінгі балаларды дамыту, тәрбиелеу мәселелері М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, Н.Құлжанова сынды азаматтардың еңбектерінде ұсынылған [4;5;6].

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 72 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТІ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ КОММУНИКАТИВТІК БІЛІКТІЛІКТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА ДАЯРЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...8
1.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың коммуникативтік біліктерін қалыптастырудың мәндік сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.2 Мектепке дейінгі балалардың коммуникативтік біліктерін қалыптастырудағы балалар әдебиетінің тәрбиелік мүмкіндіктері ... ... ... ..30
1.3 Болашақ педагогті мектепке дейінгі балалардың коммуникативтік біліктіліктерін қалыптастыруға даярлаудың педагогикалық шарттары ... .50

2 БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТІ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ КОММУНИКАТИВТІК БІЛІКТІЛІКТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА ДАЯРЛАУ ӘДІСТЕМЕСІ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.1 Мектепке дейінгі балалардың коммуникативтік біліктіліктерін балалар әдебиеті арқылы қалыптастырудың формалары және әдістері ... ... ... ... ... ... ...
2.2 Болашақ педагогті мектепке дейінгі балалардың коммуникативтік біліктіліктерін балалар әдебиеті негізінде қалыптастыру бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмыс нәтижелері ... ... ... ... ... .

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі. Қоғам өмірін ізгілендіру мен демократияландыру жағдайында елімізде болып жатқан түбегейлі өзгерістерге орай білікті болашақ педагогті даярлауға, оның ішінде мектепке дейінгі балалардың коммуникативтік біліктіліктерін қалыптастыруға даярлауға аса мән беріліп отыр. Өйткені қоғамның жаҺандану тұрғысында жандануы, жеке тұлғаны әлемдік кеңістікке көтеру мен тұлғалық асыл қасиеттерді қалыптастыру болашақ педагогтың мектепке дейінгі балалардың коммуникативтік біліктіліктерін қалыптастыруға даярлығына тікелей байланысты.
Қазіргі таңда бүкіл әлемдегі өркениетті дамыған елдердің басты көңіл бөліп отырған мәселесі - оқытудың жаңа технологияларын қолдана отыра, өскелең ұрпаққа жалпы бірдей қалыптасқан жан-жақты, дәстүрлі әдістермен әлемдік деңгейдегі озық технологиялармен салыстырылған, өмір тәжірибесіне ұштастырылған терең білім беріп, білікті маман даярлау.
Мектепке дейінгі ұйымдардағы білім беру әрекетінің типтік Ережесінде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазіргі кезеңдегі мектепке дейінгі ұйымдардың негізгі міндеттері туралы 2004 жылғы 21 желтоқсандағы №1353 Қаулысында мыналарды атап көрсеткен болатын: балабақша жасына дейінгі балалардың интеллектуалдық және жеке тұлғалық дамуын, олардың қызығушылықтарын қанағаттандыруды қамтамасыз ету, жалпы адами және ұлттық құндылықтарға баулу негізінде қабілеттіліктерін дамыту; балабақша жасына дейінгі балалардың белсенділіктерін, білімқұмарлықтарын, еріктілік пен шығармашылық тану қабілеттіліктерін дамыту; балабақша жасына дейінгі балалардың тәрбиелеу мен оқыту бағдарламаларын игеруіне жағдай туғызу [3].
Аталған міндеттерді жүзеге асыру мектепке дейінгі тәрбие мен білім беруді ұйымдастырушылардан әлемдегі тиімді іс шараларды оқып үйренуді, тәжірибе алмастыруды, сондай-ақ әдістемелік жұмыстарды жетілдіруді, еліміздегі озат іс-тәжірибелерді кеңінен насихаттауды, жинақтауды және таратуды талап етеді.
Сондықтан болашақ педагогтердің мектепке дейінгі балалардың коммуникативтік біліктіліктерін қалыптастыруға қоятын қоғамымыздың жаңа әлеуметтік тапсырыстары, ең алдымен, осы даярлықтың мазмұнын, формалары мен әдістерін өзгертуді, екіншіден, оны білім берудің бүкіл жүйесін жаңарту мен қайта құру принциптеріне сай дамытудың негізінде айтарлықтай жаңа деңгейге көтеруді көздейді. Бұның бәрі, түптеп келгенде, болашақ педагогтерді мектепке дейінгі балалардың коммуникативтік біліктіліктерін қалыптастыруға даярлаудың аса көкейкесті проблема екендігін дәлелдейді.
Қазақстанда мектепке дейінгі тәрбиенің қалыптасуы, алғашқы мектепке дейінгі тәрбие ұйымдарының ашылуы, олардың дамуы, аталған мекемелерде тәрбие беру үдерісін ғылыми-педагогикалық тұрғыдан ұйымдастыру, балабақша жасына дейінгі балаларды дамыту, тәрбиелеу мәселелері М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, Н.Құлжанова сынды азаматтардың еңбектерінде ұсынылған [4;5;6].
Қазақтың ұлы ойшылдары мен ағартушы ғалымдары Ш.Уәлихановтың, Ы.Алтынсариннің, А.Құнанбаевтың және т.б. педагогикалық ой-пікірлерінде жас бала тәрбиесінің маңыздылығы айтылып, еңбектерінде көрініс тапқан [7;8;9].
Болашақ педагогтерді балалардың коммуникативтік біліктіліктерін қалыптастыруға тікелей қатысы бар әдістемелік жұмыс (кейінгі жылдары әдістемелік қызмет деп аталып жүр) проблемасына да біраз ғылыми зерттеулер арналған (Ю.К.Бабанский, Ю.А.Конаржевский, Н.Горская, М.Р.Грушевская, Т.Н.Макарова, Е.Н.Нұрмахамбетов, А.Х.Қазиева, т.б.).
Болашақ мамандарды даярлау проблемасы ТМД мемлекеттері ғалымдарының еңбектерінде көрініс тапқан. Атап айтсақ: жеке тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру заңдылықтары (Н.В.Кузьмина, В.А.Сластенин, А.И.Щербаков, т.б.) [1; 2; 3]; әдістемелік даярлықты практика жүзінде қамтамасыздандырудың тиімді жолдары (О.А.Абдуллина, В.Г.Максимова, т.б.) [4; 5]; түрлі маман иелерінің даярлығын жүзеге асырудың шарттары (Л.А.Брызгалова, И.А.Новик, Г.М.Чернобельская, т.б.) [6; 7; 8; педагогикалық технологияны оқытуда педагогикалық үлгілеу әдістерін ендіру (Ю.Н.Кулюткин, Л.И.Рувинский, т.б.) [9; 10]; тілдік қатынас теориясы және әдістемесі( Ф.Ш. Оразбаева).
Болашақ мамандарды даярлау мәселесіне қазақстандық ғалымдар да (Н.Д.Хмель, А.П.Сейтешев, М.А.Құдайқұлов, Н.Х.Балтабаев, А.А.Қалыбекова, Ш.Б.Құлманова, Л.А.Ивахнова, М.Р.Қондыбаева, т.б.) өздерінің сүбелі үлесін қосты [14; 15; 16; 17; 18; 19; 20; 21] .
Психологиялық және педагогикалық зерттеулер аталған даму деңгейінің: баланың тәрбиешімен (М.Лисина, А.Виноградова, В.Петровский, Л.Кларина) [35;59;60;61]; ата-анамен (З.Богуславская, С.Корницкая, А.Рузская, Ш.Алтынбай және т.б.) [62;63;58;64]; құрдастарымен қатынасы (Л.Башлакова, Т.Ерофеева, А.Рояк )[65;66;67]; ондағы іс-әрекетпен табысқа жету (Р.Буре, Т.Репина, Р.Стеркина, Ш.Мұхамбетова)[68;69;70;71]; қатынас мәдениеті (Т.Антонова, А.Тұрысбаева, М.Есенғұлова, Е.Оразбаев) арқылы анықталатынын дәлелдеді[72;73;43;46].
Балабақша жасына дейінгі баланың коммуникативтік дамуы мәселесі бойынша қатынас тренингін ұйымдастырудың психологиялық және педагогикалық негіздері Ж.Әубәкірованың, балабақша жасына дейінгі балалардың тілін дамыту Б.Баймұратованың, А.Бақраденованың, балабақша жасына дейінгі балалардың өзара бірлесіп атқаратын іс-әрекеттерін гуманистік негізде жүзеге асыру Х.Т.Наубаеваның еңбектерінде қарастырылған [10;11;12;13].
Балабақша жасына дейінгі баланың коммуникативтік біліктерінің қалыптасуы және оның дамуы ақыл-ой, адамгершілік тәрбиесінен өрбиді. Балабақша жасына дейінгі баланың адамгершілік тәрбиесінде көркем шығармалар мен ауыз әдебиетін пайдалану бойынша зерттеу жүргізген Ә.Әмірова (Ересектер тобындағы балаларды қазақ балалар әдебиеті арқылы адамгершілікке тәрбиелеу), Р.Жұмағожина (Ауыз әдебиеті үлгілерін балалар бақшасында пайдалану), А.Меңжанова (Балабақша жасына дейінгі балаларды көркем әдебиет арқылы тәрбиелеу) секілді ғалымдар мектепке дейінгі тәрбие мәселесі бойынша қомақты үлес қосқан [p14;15;16].
Қатынас күрделі де көп қырлы әрекет, сондықтан адам баласына алдыңғы аға буын жинақтап жеткізген әлеуметтік тәжірибені игеру үдерісінде қажетті білім мен білік керек. Оның ішінде коммуникативтік біліктің жоғары деңгейде қалыптасуы адам баласының кез-келген әлеуметтік ортаға бейімделуінің кепілі болып табылады.
Қатынас жасау проблемалары ХIХ - ХХ ғасыр педагогтарының еңбектерінде (Н.А. Добролюбов, Л.Н. Толстой, К.Д. Ушинский, С.Т. Шацкий, А.С. Макаренко) бастау алып ХХғасырдың 60-шы жылдары дербес теориялық мәселе ретінде қалыптаса бастады [17;18;19;20;21]. Проблеманың философиялық аспектелеріне И.А. Ильясова, В.И.Соковнин, А.И. Титаренко және т.б. ғалымдар назар аударса [22;23;24], психологиялық-педагогикалық аспектілері адамның коммуникациялық ерекшеліктері жөніндегі жалпы теориялық тұжырымдар негізінді түрлі зерттеулерге арқау болған (Г.М. Андреева, А.А.Бодалев, А.А. Брудный, И.А. Зимняя, А.А. Леонтьев, Б.Ф. Ломов, В.Н. Мясищев, Е.В. Руденский, Т. Шибутани және т.б.) [25;26;27;28;29;30;31;32;33].
Қатынастың коммуникативтік міндеттерін шешу арқылы коммуникативтік білікті дамыту мәселесін қарастырғандар А.Мудрик, Н.Никандров және т.б., коммуникативтік біліктің факторларын В.Захаров, Ю.Хрящева, коммуникативтік біліктің компоненттерін Ю.Емельянов, Ю.Жуков, В.Лабунская анықтаған [48;49;50;51;52;53;54]. Коммуникативтік біліктің эмоционалдық компоненттерін А. А.Бодалев, Б. Ф. Ломов және т.б. ғалымдар қарастырған [26;30].
Бірқатар еңбектерде коммуникативтік біліктердің мектепке дейінгілердің психикасының дамуына (А.В. Запорожец, М.И. Лисина, А.Г. Рузская) және олардың іс әрекет етуінің жалпы деңгейіне әсер ететіндігі қарастырылған (З.М. Богуславская, Д.Б. Эльконин)[34;35;36;37;38].
Аталған мәселе әртүрлі тұрғыда зерттеліп, педагогика ғылымын дамытуға айтарлықтай үлес қосқаны белгілі жайт. Мәселен, қатынастың даму ерекшелігін анықтауға арналған Х.Құдиярова, Н. Тоқсанбаева, А. Шерьязданова сияқты ғалымдардың ғылыми еңбектері бар[39;40;41]. Ал қатынастың тәрбиелік ерекшелігіне көңіл бөлген ғылыми зерттеулерді отандық ғалымдар Қ.Алдияров, М.Есенғұлова, Т.Жүнісбайқызы, А.Құнанбаева, Е.Оразбаев, К.Төребаева еңбектерінен көруге болады [42;43;44;45;46;47].
Коммуникативтік қабілеттің қалыптасу маңыздылығы баланың балабақшате білім алу кезеңіне өту барысында аса ерекше орын алатындығын М.Лисина, Е.Кравцова, Г.Кравцов, В.Петровский, А.Рузскаяның еңбектерінде кездестіруге болады [35;55;56;57;58].
Психологиялық және педагогикалық зерттеулер аталған даму деңгейінің: баланың тәрбиешімен (М.Лисина, А.Виноградова, В.Петровский, Л.Кларина) [35;59;60;61]; ата-анамен (З.Богуславская, С.Корницкая, А.Рузская, Ш.Алтынбай және т.б.)[62;63;58;64]; құрдастарымен қатынасы (Л.Башлакова, Т.Ерофеева, А.Рояк )[65;66;67]; ондағы іс-әрекетпен табысқа жету (Р.Буре, Т.Репина, Р.Стеркина, Ш.Мұхамбетова)[68;69;70;71]; қатынас мәдениеті (Т.Антонова, А.Тұрысбаева, М.Есенғұлова, Е.Оразбаев) арқылы анықталатынын дәлелдеді[72;73;43;46].
Қатынасты зерттеу объектісі ретінде таңдай отырып, ғалымдар оның бүгінгі заман жағдайында өзгеше сапаға ие екендігіне көз жеткізді. Қоғамда нықты орынды иеленуге талпыныс жасап, коммуникативтік ортаны жасауға ықпал етуші жаңа ақпараттық технологиялардың (компьютерлік бағдарламалар, телевизиялық көпірлер, телеконференциялар және т.б.), нәтижелілігі артуда.
Мектепке дейінгі баланың жас ерекшелігіне тән өзіндік құндылығын мойындауға, оған жеке тұлғаның маңызды даму кезеңі ретінде қарауға, сондай-ақ әр баланың қоршаған ортадағы өзге адамға жеке бағдарлануымен, олармен қатынасын жүзеге асыру ретінен хабардар болуымен, әртүрлі іс-әрекетте белсенділік танытуымен ерекшеленетін өмірлік жолын таңдау мүмкіндіктерін кеңейту міндетін анықтап беруге мүмкіндік туды.
Балада өзгелермен қатынасқа түсудің қарапайым түрінің тапшылық етуі оның құрдастарымен және үлкен адамдармен өзара іс-әрекетінде үлкен қиындықтар туғызатыны сөзсіз. Олардың үрей мен абыржу сезімдері артып, білім алу үдерісіне үлкен нұқсан келтіреді. Міне, сондықтан коммуникативтік білікті қалыптастыру мектепке дейінгі кезең мен бастауыш балабақшате білім беру кезеңінің сабақтастығын қамтамасыз етудің басымдылығы, оқу әрекетінің табыстылығын қамтамасыз етудің қажетті шарттары әлеуметтік жеке тұлға дамуының маңызды бағыттары болып табылады.
Қазақстанда психология ғылымының негізін қалаушы ғалым Ж.Аймауытов пен психологтар: Т.Тәжібаев [36], М.Мұқанов [37], Е.Суфиев [38], С.Балаубаев [39], А.Темірбеков [39], Қ.Жарықбаев [40], Х.Т.Шерьязданова [41], т.б. зерттеулерінде балаға мектепте білім беруде психологиялық жағынан дайындаудың ерекшеліктері туралы ой толғайды.
Баланың тұлға ретінде дамуында көркем әдебиеттің құдіретті күші туралы ой түйіндеген Ресей психологтары В.В.Давыдов [42], Д.В.Эльконин [43], Л.С.Выготский [44], А.В.Запорожец [45], А.Леонтьев [46] т.б. еңбектері зерттеуімізге өзек болды.
Жас ұрпақты ата-анаға, өз еліне деген сүйіспеншілікке, қазақ елін мекендеуші ұлттар мен ұлыстар достығына, бірлікке, ерлікке тәрбиелеудің бірден-бір құралы әдеби мұралар екені белгілі. Бұл туралы еларалық байланыс құралы әдебиеттің өнердегі, тәлім-тәрбиедегі маңызы жөнінде ғалым-жазушылар З.Қабдолов [47], Р.Сыздықова [48], М.Ғабдуллин [49], Б.Адамбаев [50], Ш.Ахметов [51], М.Әлімбаев [52], А.Сейдімбек [53], т.б. еңбектерінде айтылатын көркем сөз өнерінің баланың ой-қиялын, шағармашылық, көркемдік талғамын дамытатыны, өмірді танытатыны, ел мен ел арасын байланыстырып, достыққа тәрбиелейтін құрал екендігі ерекше аталып өткенін байқадық.
Қазақстан Республикасы көлемінде балалар әдебиетінің дамуы туралы Ш.Ахметов, С.Қалиев [54], Ә.Табылдиев [55], К.Нұғыбаева [56], Б.Ыбрайымов [57], С.Рахметова [58], К.Сейсембаев [59], Н.Албытова [60] т.б. зерттеулерінде балалар әдебиетінің бастауыш сынып оқушыларын оқыту және тәрбиелеу үрдісіндегі тәлімдік және білімбік мәні, әдеби шығармаларды оқу-тәрбие үрдісіндегі тәлімдік және білімдік мәні, әдеби шығармаларды оқу-тәрбие үрдісінде қолдану тәсілдері жөнінде келелі ой қозғағанына көз жеткіздік.
Дегенмен, психологиялық-педагогикалық әдебиеттерге және озық педагогикалық тәжірибелерге жасаған талдау зерттеу проблемасының күні бүгінге дейін шешімін таппағанын дәлелдейді.
Балабақша болашақ педагогтардың осы саладағы білім, іскерлік деңгейлері мен әдістемелік жұмыс қүжаттарын зерттеп, зерделеу де бұл проблемаға аса назар аударылмайтынын айғақтайды.
Демек, болашақ педагогтарды мектепке дейінгі балалардың коммуникативтік біліктіліктерін қалыптастыруға даярлау практиканың үдемелі сұранысы мен бұл проблеманың педагогика ғылымында теориялық тұрғыда жеткіліксіз зерттелуі арасында; педагогика жаңашылдығын оқу-тәрбие процесінде пайдалануға болашақ педагогтерді балабақша жағдайында даярлау қажеттігі мен оларды жүзеге асыруға байланысты жүйелі әдістемелік даярлықтың жүргізілмеуі арасында қайшылықтар бар екені анық байқалады.
Осы қайшылықтардың шешімін іздестіру біздің зерттеу проблемамызды айқындауға және тақырыпты Болашақ педагогті мектепке дейінгі балалардың коммуникативтік біліктіліктерін қалыптастыруға даярлау (балалар әдебиеті негізінде).
Зерттеу объектісі - болашақ педагогті мектепке дейінгі балалардың коммуникативтік біліктіліктерін қалыптастыруға даярлау жүйесі.
Зерттеу пәні - болашақ педагогті балалар әдебиеті негізінде мектепке дейінгі балалардың коммуникативтік біліктіліктерін қалыптастыруға даярлау балабақша жағдайында болашақ педагогтерді даярлау процесі.
Зерттеудің мақсаты - болашақ педагогті балалар әдебиеті негізінде мектепке дейінгі балалардың коммуникативтік біліктіліктерін қалыптастыруға даярлауды әдістемелік қамтамасыз ету.
Зерттеудің болжамы - егер мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың коммуникативтік біліктерін қалыптастырудың мазмұны теориялық тұрғыдан ашып көрсетілсе, мектепке дейінгі балалардың коммуникативтік біліктерін қалыптастырудағы балалар әдебиетінің тәрбиелік мүмкіндіктері нақтыланса, онда мектепке дейінгі балалардың коммуникативтік біліктіліктерін қалыптастыруға даярлығы қалыптасады, өйткені болашақ педагогтерді мектепке дейінгі балалардың коммуникативтік біліктерін балалар әдебиеті негізінде қалыптастыруға даярлығы баланың коммуникативтік біліктерді жеткілікті меңгеріп, коммуникативтік әрекетке қажетті дағдыларды ретімен еркін меңгеруіне ықпал етеді.
Зерттеудің міндеттері:
-білік, коммуникативтік білік, коммуникативтік білікті қалыптастыру ұғымдары теориялық негіздерін ашып көрсету;
-мектепке дейінгі балалардың коммуникативтік біліктерін қалыптастырудағы балалар әдебиетінің тәрбиелік мүмкіндіктерін нақтылау;
-болашақ педагогтерді мектепке дейінгі балалардың коммуникативтік біліктерін балалар әдебиеті негізінде қалыптастыруға даярлаудың педагогикалық шарттарын анықтау;
- болашақ педагогтерді мектепке дейінгі балалардың коммуникативтік біліктерін балалар әдебиеті негізінде қалыптастыруға даярлау әдістемесінің тиімділігін тәжірибелік эксперимент жұмысында тексеруден өткізу.
Зерттеудің әдіснамалық негіздерін таным теориясы, өзіндік таным теориясы, білім беру жүйесінің философиялық, психологиялық педагогикалық негіздері, тұлғаны дамыту теориясы, психология және педагогика ілімінің теориялық тұжырымдамалары, Қазақстан Республикасы Білім туралы Заңы, Үкіметтің қаулы-қарарлары, ғылым мен тәжірибені кіріктіру теориясы, тілдік құндылықтарды пайдалану жөніндегі идеялар мен тұжырымдар құрайды.
Зерттеудің көздері: Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа Жолдаулары; мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың қолданыстағы заңдары мен нормативтік, құқықтық және әдістемелік құжаттары; Мектепке дейінгі ұйымдардағы білім беру әрекетінің типтік ережесі; Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазіргі заман кезеңінде мектепке дейінгі ұйымдардың негізгі міндеттері туралы Қаулысы; Қазақстан Республикасының 2016-2019 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы; Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы; зерттеу мәселесі бойынша ғалымдар еңбектерінде көрініс тапқан философиялық және педагогикалық тұжырымдамалар; оқу-тәрбие үдерісіндегі озат тәжірибелер; оқу-әдістемелік құралдар, сондай-ақ диссертанттың зерттеушілік және әдіскерлік іс-тәжірибесі.
Зерттеу әдістері: зерттеу мәселесі бойынша ғылыми психологиялық және педагогикалық әдебиеттерге, білім беру стандарттарына, оқу бағдарламаларына теориялық талдау жасау; озат іс-тәжірибелерді талдау, салыстыру, зерделеу, жинақтау; тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар жүргізу, жүйелеу, модельдеу; сауалнама, бақылау, тестілеу жүргізу, әңгімелесу, бейнетаспаға және суретке түсіру, сахналау; эксперимент нәтижелерін математикалық тұрғыда өңдеу, қорытындылау.
Зерттеудің негізгі кезеңдері:
Бірінші кезеңде (2015жыл, қыркүйек-желтоқсан) зерттеу мәселелері бойынша материалдар жиналып, жүйеге келтірілді. Коммуникативтік білік түсінігінің мазмұны анықталды. Балалар әдебиетіне арналған зерттеулерге, ғылыми әдістемелік еңбектерге талдау жасалып, озық тәжірибелер қорытындыланды, материалдар сұрыпталды.
Екінші кезеңде (2016 жыл, қаңтар-наурыз) зерттеу жұмысының теориялық және практикалық негізі нақтыланды, мектепке дейінгі мекемелердің әдістемелік құжаттары зерделенді. Болашақ педагогтердің мектепке дейінгі балалардың коммуникативтік біліктерін балалар әдебиеті негізінде қалыптастырудың моделі құрылды, оның педагогикалық шарттары анықталып, эксперимент бағдарламасы жасалды.
Үшінші кезеңде (2016 жыл, наурыз-сәуір) жүргізілген тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың нәтижелері қорытындыланды, жүйеленді. педагогтардың мектепке дейінгі балалардың коммуникативтік біліктерін балалар әдебиеті негізінде қалыптастыру әдістемесі тексерістен өтті, элективтік курс бағдарламасы жасалды, нәтижелері сұрыпталды, арнайы әдістемелік ұсыныстар берілді.эксперименттік тексерістен өтті, магистрлік диссертация рәсімделді.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:
-білік, коммуникативтік білік, коммуникативтік білікті қалыптастыру ұғымдары теориялық негіздрі ашып көрсетілді;
-мектепке дейінгі балалардың коммуникативтік біліктерін қалыптастырудағы балалар әдебиетінің тәрбиелік мүмкіндіктері нақтыланды;
-болашақ педагогтерді мектепке дейінгі балалардың коммуникативтік біліктерін балалар әдебиеті негізінде қалыптастыруға даярлаудың педагогикалық шарттары анықталды;
- болашақ педагогтерді мектепке дейінгі балалардың коммуникативтік біліктерін балалар әдебиеті негізінде қалыптастыруға даярлау әдістемесінің тиімділігі тәжірибелік эксперимент жұмысында тексеруден өткізілді.
Зерттеудің практикалық мәнділігі:
болашақ педагогтерге мектепке дейінгі балалардың коммуникативтік біліктерін балалар әдебиеті негізінде қалыптастыруға даярлауға бағытталған Мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың коммуникативтік біліктілігін қалыптастыру атты элективтік курс бағдарламасы әзірленіп ұсынылды;
- ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелерін мектепке дейінгі тәрбие мекемелерінде, мектепалды сыныптарында және тәрбиешілерді даярлау және біліктілігін арттыру жүйесінде қолдануға болады.
Зерттеу базасы: Эксперименттік жұмыс Алматы облысы, Талдықорған қаласындағы балабақшаларда өткізілді. Экспериметке 28 тәрбиеші эксперименттік, 26 тәрбиеші бақылау тобына алынды.?????????
Магистрлік диссертация жұмысының құрылымы: Магистрлік диссертация жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Зерттеу жұмысында 13 кесте, 4 сурет берілген.????????
Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:
- мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың коммуникативтік біліктері туралы ұғымдарға берілген теориялық сипаттама;
-мектепке дейінгі балалардың коммуникативтік біліктерін қалыптастырудағы балалар әдебиетінің тәрбиелік мүмкіндіктері нақтыланды;
-болашақ педагогтерді мектепке дейінгі балалардың коммуникативтік біліктерін балалар әдебиеті негізінде қалыптастыруға даярлаудың педагогикалық шарттары;
- болашақ педагогтерді мектепке дейінгі балалардың коммуникативтік біліктерін балалар әдебиеті негізінде қалыптастыруға даярлаудың құрылымдық-мазмұндық моделі, өлшемдері мен көрсеткіштері, деңгейлері;
- болашақ педагогтерді мектепке дейінгі балалардың коммуникативтік біліктерін балалар әдебиеті негізінде қалыптастыруға даярлаудың педагогикалық шарттары;
- болашақ педагогтерді мектепке дейінгі балалардың коммуникативтік біліктерін балалар әдебиеті негізінде қалыптастыруға даярлау әдістемесі.
Зерттеудің негізгі нәтижелері педагогика және психология кафедрасының кеңестерінде, мектепке дейінгі мекемелердің педагогикалық кеңестерінде баяндалды және 2 басылымда жарық көрді.
Кіріспеде зерттеу тақырыбының көкейкестілігі негізделді, ғылыми-зерттеу жұмысының мақсаты, нысаны, пәні, болжамы, міндеттері тұжырымдалды, зерттеу әдістері, теориялық негіздері, нәтижелері мен олардың практикалық маңызы сипатталды, сонымен қатар қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар мен оның нәтижелерінің тәжірибеде пайдапланылуы туралы мәліметтер келтірілді, магистрлік диссертация жұмысының құрылымы қарастырылды.
Болашақ педагогті мектепке дейінгі балалардың коммуникативтік біліктіліктерін қалыптастыруға даярлаудың теориялық негіздері деп аталатын бірінші бөлімде қатынас мәселесінің психология және педагогика ғылымдарында қарастырылуы, қазіргі таңдағы зерттелу дәрежелері талданды, мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың коммуникативтік біліктері туралы ұғымдарға теориялық сипаттамалар берілді, мектепке дейінгі балалардың коммуникативтік біліктерін қалыптастырудағы балалар әдебиетінің тәрбиелік мүмкіндіктері нақтыланды, болашақ педагогтерді мектепке дейінгі балалардың коммуникативтік біліктерін балалар әдебиеті негізінде қалыптастыруға даярлаудың педагогикалық шарттары нақтыланды.
Болашақ педагогті мектепке дейінгі балалардың коммуникативтік біліктіліктерін қалыптастыруға даярлау әдістемесі атты екінші бөлімде көркем әдебиетті пайдаланудың әдістемесі талданып, әдебиетті оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану мүмкіндігі анықталды. Балалар әдебиетті қалыптасатын бастауыш сынып оқушыларының тәрбиелілік моделі жасалынды. Зерттеу нәтижесін эксперименттік байқаудан өткізілуі сөз болады.
Қорытындыда педагогикалық тәжірибе жұмыстарының нәтижелері негізінде тұжырымдар мен ұсыныстар беріледі.

1 БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТЫ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ КОММУНИКАТИВТІК БІЛІКТІЛІКТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА ДАЯРЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың коммуникативтік біліктерін қалыптастырудың мәндік сипаттамасы

Егемен еліміздің тірегі - білімді ұрпақ. Білім бастауы - балабақшадан бастап берілетіні айқын. Оқыту білімдік, танымдық және дамытушылық қызметтер атқарады. Сондықтан ұйымдастырылатын іс-әрекетке байланысты білім, біліктілік, икемділік пен дағды қалыптасса, танымдық қызметте ғылыми таным жолдарын, көздерін, әдістерін игеру жүзеге асырылып, жеке тұлғаның қалыптасуына ықпалы зор болады.
Демек, мектепке дейінгі балалардың коммуникативтік біліктіліктерін қалыптастыру- олардың тілін дамытудың бір бағыты.
Вики сөздікте қатынасу, тілдесу (communication) - қатысушының екеуіне де ақпараттың түсініктілік шарты орындалған кезде бір қатысушыдан екінші қатысушыға ақпаратты жеткізудің екі жақты процесі; екі немесе одан да көп адамдардың әлеуметтік-психологиялық өзара әрекет ету процесі,сонымен қатар коммуникация (лат. communication байланысамын, катынасамын) (катысым) - адамдардың танымдык-еңбек процесінде катынас жасау, пікір алысу, ой бөлісу -- олардың бір-бірімен әрекет жасауының айрықша формасы болып табылады. Адамзаттық коммуникацияның хайуанаттар коммуникациянан басты ерекшелігі - оның тіл арқылы жүзеге асырылатындығында деп анықтама берілген [].
Коммуникация ұғымы ғылыми әдебиеттерде Communicatio - латын тілінен аударғанда - хабарлау, жеткізу, яғни хабарландыру, байланыс - ақпарат информация алмасу мақсатындағы қарым-қатынас актісі ретінде нақтыланған [Р.Ә.Нұрмұхаметова, Б.А.Молдағалиев, С.А.Фейзулдаева. А.Б.Урбисинова сияқты ғалымдар дайындаған оқу құралында коммуникация лат. -].
В.И.Даль сөздігінде коммуникацияны хабарлау, байланысу жолдары мен құралдары деп түсіндіреді [103, 43б.].
Шерьязданова Х.Т. коммуникация анықтамасының әр түрі бар екендігін айтады [28, 17б]:
- кез-келген материалдық және рухани әлем объектілерінің байланыс құралы;
- қатынас, адамның адамға хабарлауы;
- қатынас және қоғамдағы хабар алмасу, яғни әлеуметтік коммуникация [104, 125б].
Т.Парсонстың [105, 35б.] айтуы бойынша, коммуникация үдерісінде бірнеше элемент өзара әрекетке түседі:
- автордың (әлеуметтік іс-әрекет субъектісі) немесе хабарды тасымалдаушының әрекеті;
- қабылдаушының жауап беру реакциясы;
- коммуникативтік үдерістің мазмұны;
коммуникативтік өзара іс-әрекетке қатысушыларды байланыстырушы рөлдер.
Г.М.Андреева адамдардың коммуникациясы туралы сөз қозғағанда, оның тар мағынасында бірлескен іс-әрекет барысында әртүрлі идеялар мен қызығушылықтар, көңіл-күйлері мен сезімдері сияқты түсініктердің алмасатындығын ескертеді, яғни бәрін хабар алмасу деп қана қарастыруға болады. Олай қарастыратын болса, коммуникация үдерісі хабар алмасу үдерісі ретінде ғана қабылданып кетуі мүмкін деп топшылайды [106, 215 б.].
Адам коммуникациясы хабар теориясы тұрғысынан алғанда, іс-әрекеттің формальді түрі ретінде тіркеледі: хабар беріледі, дәл сол уақытта адамдардың қатынасында хабар беріліп қана қоймайды, сонымен бірге ол қалыптасады, анықталады, дамиды.
Ғалым Ф.Ш. Оразбаева коммуникация термині туралы былай тұжырымдайды: коммуникация сөзінің негізгі мазмұны жалпы қарым-қатынас, араласу, хабарласу, байланыс деген сияқты мағыналарды білдіре келіп, адамдардың тіл арқылы сөйлесу процесін, тілдесу ерекшеліктерін, тілдік әлеуметтік мәні мен қоғамдық қызметін, адамдар арасындағы қарым-қатынасты, өзара түсінушілікті көрсетеді,-деп санайды [].
Б.А. Родионов коммуникация қатынас үдерісінен туындап отырғанымен, ол қатынас сияқты көпшілікке ортақ, жан-жақты байланыс емес екендігін дәлелдей келе, бір жағынан коммуникация қатынас құралы, әлеуметтік басқару, ақпаратты әлеуметтік тұрғыда жеткізу екендігін айтады [103, 44б.].
Г.Ж. Бақтыбаева өз зерттеулерінде Коммуникация әлеуметтік қатынастың мазмұндық аспектісі болып табылатындығын айтады. Сапалы түрде мазмұнын түсініп, қабылдауға бағыт алған іс-әрекеттерді коммуникациялық деп атайды. Коммуникацияның негізгі функциясы - әрбір элементтің даралығын сақтай отырып, әлеуметтік ортақ әрекетке жету - деп сипаттайды [106, 298б.].
Адамдар арасындағы коммуникация білімді, ойды, идеяларды, құндылық қатынастарды, эмоционалдық жағдайды, қатынасқа түсіп отырған екі жақтың іс-әрекет бағдарламасын бейнелейтін қатынас формасы түрінде коммуникативтік кеңістіктерде жүзеге асады.
Коммуникативтік кеңістік терминіне П.А.Сорокин қоғамдағы барлық әлеуметтік статустардың жиынтығын жатқызады [107, 25б].
Коммуникативтік кеңістік бір қалыпты. Оның мәнділігі әр кеңістікте әр түрлі болып келетіндіктен, нәтижелері де әртүрлі болады, ерекшелігіне қарай төрт деңгейге бөлінеді:
Физиологиялық деңгей - қатынастың арақашықтығы өте жақын, бірақ коммуникация үстірт келеді. Бұл деңгейге адамдардың табиғи қажеттіліктерін қанағаттандаруы жатады: ауқаттану, тұрғын үй, ұрпақ жалғастыру, материалдық өнімдерді шығару немесе оны тұтыну.
Психологиялық деңгей - қатынастың арақашықтығы жақын, коммуникация терең болып келеді. Бұл деңгейдің алдыңғы орнында жан түбіндегі құпиялық, жеке тұлғалық жүректен шыққан ақпарат тұрады. Психологиялық деңгей сенімді қатынасты қажет етеді. Деңгейдің бұл түрінде адам өзінінің махаббаттық, достық, отбасылық, интимдік, эмоционалдық қажеттіліктерін қанағаттандырады.
Ақпараттық немесе интеллектуалдық деңгей - қатынас арақашықтығы алшақ, бірақ коммуникация терең. Коммуникация сыртқа шықпастан, адамның ішінде, миында есте сақтау мен қиялдың нәтижелі жұмыс істеуге берілуі арқылы жүзеге асады. Аталмыш деңгей арқылы адам өзінің дарындылығын, талантын, шығармашылық қабілетін қанағаттандырады
Әлеуметтік деңгей - қатынастың бұл түрінде арақашықтық алыс, коммуникация үстірт келеді. Ол қоғамдық нормалармен (адамның әлеуметтік мінез-құлқы, мәдениеті), дәстүрлермен, заң шығарушы орындармен, мемлекеттік институттармен реттеліп отырады [108, 5б]. Коммуникация деңгейлерінің бұл түрі индивидтің қызығушылығы мен қажеттілігін социумның (лат. socium - ортақ, бірлескен, үлкен әлеуметтік тұтастық) мүддесіне, қажеттілігіне, оның талабына тәуелді етеді.
Біз зерттеуімізде назарымызды коммуникацияның әлеуметтік маңызына аударудық. Г.Ж.Бақтыбаеваның пікіріне сүйене отырып, оны игеру жолдарын қарастырдық. Коммуникацияның әлеуметтік негізде жүзеге асуы белгілі бір адами қабілетті, білікті, білімді қажет етеді.
Мектеп жасына дейінгі баланы дамытып, қалыптастырудағы ең алғашқы ұстазы ата-анасы болса, балалар бақшасына келген соң отбасылық тәрбие негізін ары қарай дамытушы тәрбиеші-педагог болады. Өзінің қарамағындағы тәрбиеленушілері үшін қолайлы әлеуметтік ортаны жасай отырып, баланың психикалық дамуына жағымды әсер беретін, қатынас үдерісін басқарып, бақылаушы болатын тек тәрбиеші ғана. Тәрбие үдерісіндегі тәрбиешінің рөлі Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында [1,47б.],
Ұлы педагог А.С. Макаренко ...бала қандай жақсы білім алып, біліктерді игергенімен әлеуметтік және рухани қатынастары дұрыс қалыптаспаған болса, ол тәрбиелілер санатына қосыла алмай қалуы мүмкін екендігін айтады. Сондықтан ол баланың әлеуметтік мәдениеттілігін басты орынға қоюды аса маңызды деп есептейді.
Адамның әлеуметтік болмысы оның табиғатын мәдени қоршаған ортамен, өзге адамдармен тікелей және жанама байланысқа түсуін қажет етеді. Соған сәйкес ол кез-келген іс-әрекетінде белгілі бір әлеуметтік қатынасқа, қатынастың әйтеуір бір формасына араласатыны белгілі. Қатынастың қоғамдық қатынасты жүзеге асырушы ретіндегі ерекшелігі Л.П.Буева [68], М.С.Кветный, Э.В.Соколов зерттеулерінде қарастырылған [69].
Адамның қоғамдық қатынастарға түсу ерекшелігін коммуникативтік дағдылары мен біліктерінің қалыптасу деңгейі анықтайды. Бұл дағдылар мен біліктердің қоғамдық нормаларға сай жүзеге асуы адам өмірінің белгілі бір кезеңдерінде қалыптасуы тиіс. Ол кезеңнің алғашқы баспалдағы мектепке дейінгі шақ екендігін мектеп жасына дейінгі бала психологиясы мен педагогикасын зерттеуші ғалымдар дәлелдеген.
Тұлға тек іс-әрекеттің әр түрінің жүзеге асуы барысында ғана дамиды. Ол жеке тұлғалық қасиеттердің тәрбие пәні ретінде қалыптасуына тікелей байланысты. Қатынастың қалыптасуы үшін аса қажет, әрі маңызды әрекет тәрбиеші-педагогтың балалардың іс-әрекетін ұйымдастыруда олардың жеке тұлғалық даму қажеттіліктері мен талпынысын ынталандыратындай, санасының (білімін, көзқарасын және сенімін) қалыптасуына ықпал ететін мінез-құлқы мен өзіндік жеке тұлғалық қасиеттерінің алғы шарттарын туғызатын еріктілік сферасын дамытатындай әдіс-тәсілдерді орнымен дұрыс қолдана білуі болып табылады.
Қатынасты біз адамдардың ортақ бір мақсатқа жету барысында әртүрлі ақпараттармен алмасуы негізінде белгілі бір өзара іс-әрекетке түсуі деп түсінеміз [70, 37б ]. Қатынас - іс-әрекеттің баланың іс-әрекетімен ерекшеленетін жағы [71, 55б.]. Қатынас өзара іс-әрекетке қатысушылардың бірлескен жұмысының бір аспектісі ғана. Кез-келген іс-әрекеттің белгілі бір құрылымы болады. Оның элементтері - түрткі беруші қажеттілік, қызығушылық, мақсат, іс-әрекет пәні, іс-әрекет пәні мен түрткілердің үйлесімділігі, өнім немесе нәтиже, іс-әрекеттер мен оны жүзеге асырушы құралдар.
Қатынас терминінің дәстүрлі әлеуметтік психологияда нақтылы аналогтарының болмауы және оның коммуникация деп аталатын ағылшын терминіне толық пара-пар келе бермейтіндігінде емес, мазмұнының түсіндірме сөздігінде аса маңызды психологиялық іс-әрекет теориясы түрінде берілуі.
Қатынасты зерттеуші ғалымдар оның адамдар арасындағы қоғамдастықты орнатуға, олардың бірлескен іс-әрекетін реттеуге ықпалдық етіп, жеке адамның танымын, сана сезімін оятатын құрал, жеке тұлғаның өзін-өзі анықтау қызметі болып табылатындығын ерекше атап көрсетеді. Қоғамдық және тұлға аралық қатынас адам мен адамның өзара тілдесуі арқылы ашылады. Адамға қатысты жүйені жүзеге асырушы - қатынас. А.Н.Леонтьевтің айтуынша Қалыпты жағдайдағы адамның қоршаған заттар әлеміне қатынасы қашанда адамдармен, қоғаммен қатынасына негізделеді [72, 102б.].
Адамның әлеуметтік болмысы оның табиғатпен, айналасындағы адамдармен мәдени қатынасын қарастыратын тікелей немесе жанама байланысты қажет етеді. Айнала қоршаған әлеммен қатынас жасау адамдар жаратылысындағы аса қажетті шарттардың бірі болып табылады [73, 310б.]. Өзінің жеке өміріндегі алдыңғы ұрпақтан қалған білім мен тәжірибені игеру үшін адамға өзге адаммен немесе өзге ұрпақ өкілдерімен қатынас жасау қажет. Қатынас кезінде іс-әрекет түрлерімен және нәтижелерімен, сезімдермен, идеялармен алмасу жүзеге асады. Дәл осы қатынас социумды ұйымдастырып, адамның сол арқылы дамуына, өзге адамдардың іс-әрекеті мен мінез-құлқына қарай өзін реттеуіне мүмкіндік туғызады [73, 81б.].
Енді қатынас туралы ғалымдардың берген анықтамаларын саралайық.
М.К.Есенғұлова қатынасқа өзіндік анықтамасын бере отырып, қоғамда мәдениеттің өмір сүруінің қажетті шарты қатынас болып табылады және жеке адамның дамуы үшін басты құралы ретінде жеке қатынастар, өзара қатынастар мен қатынастың коммуникативтік мәдениеті енеді - дейді [29, 20б.].
Қазіргі заманғы ғылымда қатынас субъектілердің (әлеуметтік топтың, тұлғалардың) іс-әрекет, хабар, тәжірибе, қабілеттер, біліктер, дағдылар және іс-әрекет нәтижесімен алмасу үдерісінен туындайтын жалпы ортақ өзара байланыс, өзара іс-әрекет ретінде анықталады. Бұл анықтамадан адамның бүкіл өмірлік іс-әрекеті, ең алдымен, қатынас үдерісі арқылы жүзеге асатындығын және оның мәдениет жүйесіндегі орнын айқындамауға болмайтындығын байқауға болады. Сондықтан қатынас мәдениет түрлерін және қоғамдық тәжірибені жеткізу құралы ретінде қызметін атқара отыра, этникааралық және мәдениаралық байланыстарды қамтамасыз етіп, қоғамды ынтымақтастырады және кіріктіреді.
Қатынас мәселесінің осындай әлеуметтік маңыздылығы бүгінгі күнде әртүрлі бағыттағы ғалымдар мен мамандардың назарын аударуда. Қатынасты қоғамдық феномен ретінде зерделеу гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар дайындаған әртүрлі әдіснамалық тәсілдерге сүйенуді қажет етеді. Қатынас үдерісіндегі әлеуметтік әдіс екі аспектіде қаралады: біріншісі - тұлғаның әлеуметтік мәдени құндылықтарды игеруі, екіншісі - әлеуметтік өзара іс-әрекет барысында өзін-өзі танытуы. Осыдан келіп, қатынас адамдар арасындағы қоғамдық тәжірибені, мәдени мұраларды жеткізу және бірлескен іс-әрекетті ұйымдастыру мақсатындағы белгілер жүйесі арқылы берілетін әлеуметтік өзара әрекет екендігі анықталады [74, 134б]. Сол себепті де адамның қатынасқа түсуі белгілі бір дайындықты қажет етіп тұрады.
А.В. Мудрик қатынасқа дайындықтың 5 аспектісін атап көрсетеді [23, 96 б]:
Ойлау ерекшелігін дамыту.
Тілді үйрене отырып баланың ойы дамып, танымдық әрекеті жаңа сапалы баспалдаққа көтеріледі.
Еркін тілдік қатынасқа түсу дағдыларын қалыптастыру;
Белгілі бір жеке ерекшеліктерін (ашық мінезді, қатынасқа бірден түсе білетін, өзін біреудің орнына қоя білетін ерекшеліктерін) дамыту;
Қатынас сферасындағы белгілі бір ережені қалыптастыру:
іс-әрекеттегі серіктесіне көңіл бөлу;
қатынас үдерісіне қызығушылық тудыру;
қатынасқа диалог ретінде шыдамдылық таныту.
Жаңа коммуникативтік біліктерді дамытып, қалыптастыру.
Қатынасты, оның табиғатын, жеке ерекшеліктерін зерттеу әртүрлі ғылым салаларындағы ғалымдарды әр уақытта қызықтырған. Мәселенің алғаш болып генезисін зерттегендер ағылшын психологы Дж.Боулби (J.Bowlbu, 1973) және өзінің шығармашылық тұғыры жағынан оған өте жақын Р.Спитц (R.Spitz, 1957). Олар қатынастың ана мен бала арасындағы бірінші дәрежелі маңыздылығын олардың психологиялық дұрыс дамуына үлес қосуда аса ерекше орын алатындығын атаған.
КСРО кезінде қатынасты зерттеудің негізі 1960 жылдан басталып, кең етек жая бастады.
Адамның қандай да болмасын іс-әрекеті қатынассыз жүзеге аспайды. Қатынас арқылы адамдар әртүрлі теориялық және практикалық іс-әрекеттерді ұйымдастырады, хабар алмасады, өзара бір-біріне әсер етеді. Қатынас үдерісінде тұлғааралық өзара қатынас қалыптасып, айқындалып, жүзеге асады. Қатынас әрбір жеке тұлғаның дамуындағы аса маңызды құрал болып табылады. Тек қатынас үдерісінде ғана әлеуметтік-тарихи тәжірибе, білім меңгеріліп, тәжірибелік біліктер мен дағдылар, рухани қажеттілік пен эстетикалық сезім қалыптасады.
Қатынас социумның дамуында ерекше рөлге ие. Қатынас үдерісінде қоғамдық қатынастар жинақталып, жүзеге асады. Бүгінгі күнгі философиядағы қатынас мәселесі маңызды да өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Қатынас адам өміріндегі қажетті шарттардың бірі ретінде қоғамның да, жеке тұлғаның да дамуына ықпал етеді. Қатынас үдерісінде индивидтер физикалық жағынан да, рухани жағынан да бір-бірін дамытады. Сондықтан адамның қатынас үдерісінде дене субстанциясы емес, оның қоғамдық субъекті ретінде қалыптасуы алдыңғы орынға шығады. Адам тарихи қалыптасқан қабілеттер мен қажеттіліктердің белгілі бір жиынтығын игерген тәжірибелік әрекет етуші субъект болып табылады. Басқа сөзбен айтқанда адамның қоғамдағы мәні адамдардың әлеуметтік тұрмысы негізінде қалыптасады. Тек еңбек пен әлеуметтік қатынас үдерісінде ғана табиғи индивид әлеуметтік орта мүшесіне және жеке тұлғаға айналады.
Әлеуметтік ғылымда қоғам мен тұлға арасында өзара диалектикалық байланыс орнатылған. Ол адамның әлеуметтік тұрмысы жеке индивидтердің, тұлғаның және социумның арасындағы қатынастарды бақылаушы форма болып табылатындығын көрсетеді. Тұлға қоғаммен үздіксіз байланыста бола тұра онымен толық қанды араласып, бітісіп кетпейді. Адамның тұлға ретінде қоғамнан жекеленіп шығуы, өз-өзіне және қоғамға деген қатынасын түсінуі оның тұлға ретіндегі мәнді де, айрықша сипаты болып табылады. Қоғам мен тұлға - өзара байланыстағы бір-біріне серттес күрделі де, кіріккен бірлік.
Тұлғаны қалыптастыруда қатынастың рөлі ерекше. Қатынас өзіне тән рөлді әлеуметтік үдерісте ғылыми-теориялық және тәжірибелік империкалық деңгейде жүзеге асырады. Көбінесе бұл жерде таным субъектісі ретінде жеке индивид емес, қоғам бүтіндей субъект ретінде танылады.
Адамдардың қатынас үдерісі әлеуметтік орта жағдайына байланысты түсіністіктің толыққандылығымен сипатталуы мүмкін. Бүгінгі жағдайда адамдар қызығушылық негізінде бір-бірімен көптүрлі байланысқа түсіп, әртүрлі қатынасқа түсудің неғұрлым жағымды алғы шарттарын туғызады. Адамдар арасындағы ізгіліктік қатынастарды қатынастың барлық сферасында орнату өзара түсіністіктің, өзара сыйласудың және адами түсіністіктің жүзеге асуын көздейді.
Философтар өз зерттеулерінде қатынастың теориялық және тәжірибелік маңыздылығын дәлелдейді. Оқыту мен тәрбиенің қатынаспен органикалық байланысын адамның іс-әрекеті түрінің бірі ретіндегі байланысын және қатынастың шығармашылық табиғатын Л.П.Буева [68], М.С.Каган [75] еңбектерінде; қатынастың мәдениетін талдауы И.А.Илиясов [76], еңбектерінде; қатынас; қатынастың адамгершілік негізін А.И.Титаренко [77], Р.С. Буре [46], А.М.Виноградова еңбектерінде кездестіруге болады [78].
Тарихи-қоғамдық санадағы қатынас мәселесінің пайда болуына философиялық талдауды М.С.Каган өзінің Мир общения деп аталатын еңбегінде жасайды. Аталмыш еңбекте қатынас субъектілік-объектілік қатынастар жүйесінде қарастырылады.
Философия үшін қатынастың маңыздылығы - ой мен іс-әрекет түрлерінің, индивидтердің жалпы маңызды категориялары мен субъективті мүддесінің бір жерге шоғырлануы.
Қатынас мәселесі философтар мен әлеуметтанушылардың теориялық және эксперименттік пәндерін құрайды.
Бүгінгі күнге дейін қатынас категориясының ортақ деп табылған анықтамасы жоқ деп айтуға болады. Ғылымда іс-әрекет ретінде адамдар арасындағы байланысты орнату мен оны дамытудың күрделі үдерісі ретінде, әлеуметтік шындықтағы қоғамдық қатынастарды жүзеге асыру үдерісі ретінде қатынастың әртүрлі түсіндірмелі анықтамалары жинақталған [45, 10б.].
Қатынас ұғымын педагогика мен психологияға алғаш енгізген А.Ф.Лазурский. Ол тұлғаның сыртқы объектіге, адамға, рухани байлыққа, материалдық дүниеге қатынасын білдіретін ұғым.
В.Н.Мясищев өз зерттеуінде қатынасты белгілі бір тұлғалардың өзара іс-әрекет үдерісі ретінде бір-бірінің бейнесін, бір-біріне деген қатынастарын, бір-біріне ықпалы мен әсерін танытатын үдеріс ретінде қарастырады [78,16б.].
А.А. Бодалев (В.И.Мясищевтің оқушысы) тұлғалар арасындағы өзара байланыс пен қатынас мәселелерін қарастырғанда: Қатынас деп оған қатысатын әрбір адамның түсіністігі негізінде белгілі бір мақсатқа жетуді жүзеге асыратын үдеріс екендігін айтады [79, 151б].
Қатынас - бірлесіп іс-әрекет ету қажеттілігінен туындайтын және хабар алмасуды, өзара іс-әрекеттің стратегиялық жоспарын бірігіп ойластыруды, өзге адамды түсіну негізінде адамдар арасындағы байланысты орнататын және оны дамытатын күрделі де, көп қырлы үдеріс [80, 9б.].
А.И. Леонтьевтің пікірінше, қатынасты егер оның өзіндік мақсаты мен ең бастысы өзіндік мотивациясы бар болса, әлеуметтік іс-әрекеттегі қоғамдық қатынастардың жүзеге асуы немесе оны өзекті ету үдерісінің жағдайы деп түсіну керек. Ол қатынасты іс-әрекеттің бір түрі деп атағанымен, оның барлық жағдайда өз бетінше іс-әрекет болып табыла бермейтіндігін ескертеді. Сондай-ақ оның басқа коммуникативтік емес іс-әрекеттерге компонент, құрамдас бөлік бола алатындығын айтады.
Қатынастың ақпараттық-коммуникативтік қызмет атқаратыны мен тілдік құрал бола алатынын ерекше атай отырып, қатынастың бірлескен іс-әрекет үдерісі үшін жағымды қатынас орнату мақсатында әртүрлі коммуникация құралдарының көмегімен мазмұны өзара таным мен хабар алмасу болып табылатын адамдар арасындағы өзара іс-әрекет екенін анықтауға болады.
Қатынас - адамдар арасындағы өзара ой мен эмоция алмасу үдерісі, яғни тікелей тұлға аралық немесе топтық байланыстағы хабар алмасу [81, 23б.].
Б.Ф.Ломовтың зерттеуінде қатынас шынайы өмір сүріп тұрған субъект-субъектілік қатынастар категориясы ретінде сипатталады. Ол әлеуметтік болмыс өзінің құрамына тек заттық әлеммен қатынасты ғана емес, сонымен қатар сол адам тікелей немесе жанама байланысқа түсетін адамдармен қатынасын да енгізетіндігін ерекше атайды [82, 17б.].
Адам өзінің жеке дамуында адамзаттың қолынан шыққан дүниелерді іс-әрекетте ғана емес, сонымен қатар өзге адамдармен қатынасқа түсу арқылы да игереді.
Б.Ф.Ломов индивидтің өмірінде қатынастың аса маңызды рөл атқаратындығын айтады. Ғалым қатынас үдерісінде өзара түсіністік, идея, қызығушылық, көңіл-күй алмасулары жүзеге асатындығын ескертеді және ол қатынасқа - іс-әрекетке серіктес ретінде түсуші субъектілердің өзара әрекеті деген анықтама береді.
Қазіргі заманғы ғылымда қатынас терминіне берілетін түсіндірмелер біркелкі емес. Біздің зерттеуіміз тұрғысынан алғанда қатынасты хабар алмасу ғана емес, өзге адамды қабылдап түсінуді, бірлескен іс-әрекетте өзара істес бола білу қабілетін енгізетін адамдар арасындағы байланысты құру үдерісі деп қарастырған маңызды.
Зерттеуші ғалымдардың көпшілігі қатынасты іс-әрекетпен байланыстырады.(А.А.Бодалев,1982;М. С.Каган, 1988; Я.Л.Коломенский, 2000; М.И.Лисина,1977) [83, 230б., 288б. ].
Тұжырымдамалар бойынша іс-әрекет - операциялар мен іс-әрекеттер жиынтығын құрайтын шынайы үдеріс. Бір іс-әрекеттің басқа іс-әрекеттерден басты айырмашылығы ондағы заттардың ерекшелігінде. Яғни қатынас кез-келген басқа іс-әрекеттер сияқты өзінің құрылымына ие. Қатынас құрылымына - пән, қажеттілік, қызығушылық, іс-әрекет, міндет, құралдар және өнім компоненттері енеді.
Қатынастың кез-келген іс-әрекеттегідей өзінің пәні болады. Қатынастың пәні бірлескен іс-әрекеттегі адам - серіктес. Кез-келген іс-әрекетте адам толығымен ашыла бермейді, тек өзінің кейбір қасиеттері мен сапаларын анықтауы мүмкін. Дәл осы өзара іс-әрекетте байқалған тұлға қасиеттері қатынасқа пән ретінде қызмет етеді, ал оның көрінісін басқа адамның бейнесі құрайды.
Қатынас кез-келген өзге іс-әрекеттер сияқты қажеттілікті қанағаттандыруға бағытталады. Қатынастағы қажеттілік - адамның басқа қажеттіліктерімен қосыла бермейтін өз алдына жеке бір қажеттілік. Қатынастағы қажеттілік танымға, өзге адамдарды бағалауға сол арқылы өзін бағалауға деген талпынысынан тұрады.
А.А.Леонтьев Бала дамуының әртүрлі кезеңіндегі қажеттілігі коммуникативтік емес, ең алдымен әлеуметтік-тәжірибелік қажеттіліктерді қанағаттандыруда қолданылатын қатынаспен орайлас келетіндігін айтады. Ондай қажеттіліктер (әлеуметтік-практикалық) бала тұлғасы мен оның айналасындағылармен әлеуметтік өзара қатынастарының арасын жалғастырушы дәнекерлік қызметін атқарады [72, 219б.].
Біріктіруші құрылымдық компонент - қатынасқа қызығушылық (не үшін?, себебі). Қатынасқа деген қызығушылық үлкен адам мен бала арасындағы туындаған бірлескен іс-әрекетке тәуелді болуы тиіс. Бірлескен іс-әрекеттің барысында ғана үдеріспен шарттас болып келетін адамның қасындағы серіктесімен ой бөлісуге деген қажеттілігі туындайды, яғни іс-әрекет қатынасқа бастапқы ынталандыруды бере отырып, шамалы дәрежеде іс-әрекетке қатысып отырған адамдардың алдағы коммуникативтік қатынастарының мазмұнынын анықтайды.
Қатынасқа қызығушылықтың негізгі тобы адамның төмендегідей басты қажеттіліктерімен байланысты болып келеді:
- әсер алу қажеттілігі;
- белсенді іс-әрекет ету қажеттілігі:
- мойындауға, қолдау көрсетуге деген қажеттілік.
Осы қажеттіліктерден келіп, қызығушылықтың негізгі топтары пайда болады:
- танымдық;
- іскерлік;
- тұлғалық.
Балалық шақтың әрбір кезеңінде танымдық, іскерлік және тұлғалық қызығушылықтардың рөлдері өзгеріп отырады: негізгі рөл біресе біреуіне, біресе екіншісіне ауысып өзгереді. Мотивтердің белгілі бір тобының алдыңғы орынға шығуы қатынас мазмұнымен байланысты болып келеді.
Қатынастың құрылымдық бөлімінің бірі ретінде қатынас әрекеті қарастырылады. Қатынас әрекеті - коммуникация бірлігі болып табылады. Қатынас әрекеті аяқталған ойды білдіре отырып екі категорияда байқалады: басқа адаммен белсенді байланысқа түсу немесе басқа адамның сұрағына жауап беру.
Жоғарыда аталған қатынас компоненттерінің ішінде міндет ерекше орынға ие. Қатынас міндеті - қатынас үдерісінде әртүрлі әрекеттерді орындау арқылы жетуге бағытталған мақсат. Қатынас міндеті индивидтің қатынасты сақтап немесе созып, өзгертіп немесе оны тоқтатумен байланысты.
Қатынасқа талдау жасауда оның ең бөлшектенгіштігі - қатынас құралы болып табылады. Ол операциялардың көмегімен әрбір қатынасқа қатысушы адам өзінің іс-әрекетін құрып, өзге адаммен өзара іс-әрекетке түсуге өз үлесін қосады.
Қатынас құралының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық құзыреттілігін қалыптастыру мүмкіндіктері
Болашақ педагогты жеткіншектердің көркемдік мәдениетін қалыптастыруға даярлау
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКАДА СТУДЕНТТЕРДІҢ КӘСІБИ БІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ - ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Оқытушылардың іскерлік ойындарын колледж оқушыларын оқытуда қолдануы
Бастауыш сыныпта компьютерді қолданып математиканы оқыту нәтижесін бақылау тиімділігін арттыру жолдары
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің 12 жылдық білім беру жағдайында даярлаудың ғылыми педагогикалық жүйесі
Дене тәрбиесінің әлеуметтік - педагогикалық әсерлері
ІІ БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА КОМПЬЮТЕРДІ ҚОЛДАНУ
Бастауыш сыныптың жаңа тұрпатты мұғалімін қалыптастырудың педагогикалық негіздері
Оқушылардың танымдық белсенділігі ұғымының теориялық негізі және мәні
Пәндер