Электрондық кестенің көмегімен білімді бақылаудың тесттік жүйесін құру жолдары



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

I. Ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы білім сапасын арттыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
Білім берудің ақапараттандыру жағдайларында мектеп информатикасын оқытудың әдістемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
Орта мектепте білім беру жағдайында информатиканы оқытудың сапасын арттыру жолдару ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
Мектеп информатикасын оқытудың сапасын арттыруда педагогикалық технологияларды қолдануының дидактикалық материалдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13

II. Мектептің информатика курсы бойынша тест тапсырмаларын жасау
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
2.1. Тестілеу тәсілін қолданып оқушыларды білімін дамытуда
компьютерді пайдалану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
2.2. MS Excel. де тестік тапсырма жасау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...34
2.3. HTML.тілінде тестік тапсырма жасау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 48

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 58

Қосымша
Елбасы Н.Назарбаевтың 2007 жылғы 28 ақпандағы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауында «Әлемдік шаруашылық байланыстарына белсене кіріккен барлық осы заманғы бай қауатты мемлекеттер «парасатты экономикаға» сүйенген болатын. Ал ондай экономика жасақтау үшін, ең алдымен, өз қарауымыздағы адами капиталымызды дамытқанымыз жөн», -деп атап көрсетті. Бұл – білім беру білімінің қайнар көзі ретінде аса маңызды басымдылық әрі қоғамның дамуының негізі болып отырғанын көрсетеді.
Қазіргі ақпараттық қоғам орта білім беретін мектеп мұғалімдері алдына төмендегідей міндеттер қояды:
- өз бетінше білім алу, өмір жағдайларына тез бейімделу;
- сыни тұрғыдан ойлай білу;
- жаңа технологияларды пайдалану;
- ақпаратпен сауатты жұмыс жасау;
- өзін-өзі дамыту.
Ауыл – қазақтың бесігі болса, мектеп ауылдың ұйытқысы. Мектеп оқушыларға білім беретін орын ғана емес, ауылдың бүкіл мәдени өміріне қан жүгіртетін жүрегі, рухани өміріне ықпал ететін ордасы. Еліміздің ертеңінің тізгінін ұстап, өзіне сенімді, Отанның әлеуметтік – экономикасының дамуына өз үлесін қоса алатын, жан-жақты дамыған, білімді тұлғаны дайындап, тәрбиелеу аса құрметті қоғамдық міндет.
ХХ ғасыр – жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыр. Тәуелсіз Қазақстан да сол ғасырға нық қадам басты. Ел өмірінің барлық саласы компьютерлендіріле бастады. Ендігі кезекті еліміздің болар бүгінгі жас ұрпақ компьютердің қыры-сырын терең меңгеруі тиіс.
Бүгінгі таңда Республика мектептері түгелдей компьютерлендірілді. Бұл ұлт болашағы үшін маңызы зор. Сондықтан информатика пәні мұғалімдеріне көп іздену, өз білімдерін жетілдіру, маман ретінде қалыптасу талаптары қойылады. Жалпы информатика пәні балалардың қоршаған әлем туралы білімін логикалық факторлармен байланыстыру, оқушының логикалық ойлау қабілеттерін дамыту мүмкіндіктерін ашады. Оқушылар кез-келген уақытта интернет мүмкіндіктерін пайдалана отырып, қалаған мағлұматтарын алуға, ғылыми жаңалықтармен танысуға мүмкіндіктер туып отыр. Осы мүмкіндіктерді мектеп оқушылары әр ай сайын 40 сағат тегін интернетке шығып пайдаланып отыр. Соны дұрыс, өз дәрежесінде пайдалана алмай отырған қаншама мектептер бар. Мектептерде кәсіби дайындықтан өткен мамандар жетіспейді.
Қазіргі кезде ақпараттық – коммуникациялық технологияны дамыту білім беру саясаттың ажырамас бөлігі болып табылады. Соңғы жылдары ақпараттың – коммуникациялық технологиялар саласында ауқымды ілгерлеу байқалып отыр. Барлық пәндер бойынша электронды оқулықтар жасалып, кеңінен таратылуда. Осы электронды оқулықтармен жұмыс жасау үшін барлық мұғлімдер, мектеп әкімшілігі компьютерлік сауатты болулары керек.
1. Е.Қ.Балапанов, Б.Бөрiбаев, А.Дәулетқұлов. Информатикадан 30 сабақ. Алматы, Шартарап, 1998ж.
2. С.Ә.Исаев, А.Н.Мұхамади, О.С. Ахметова Компьþтерлiк технология негiздерi курсына арналған практикум, Алматы, 2000ж.
3. Т.Қ.Қойшиева, М.Н.Жакина, Ұ.Қ.Ергебекова MS EXCEL 2000 зертханалық жұмыстар жинағы алматы 2003ж.
4. Ж.А.Қараев, С.М.Кеңесбаев, Г.И.Салғараева, Ж.Е.Ахатова Информатика пәнiнен ықшамдалған бағдарлама бойынша тест сұрақтары Жаратылыстану мамандықтары үшiн. Алматы-2004ж.
5. А.В.Могилев, Н.И.Пак, Е.К.Ханкер. Информатика, М., 2000г.
6. С.Симонович, Г.Евсеев. Практическая информатика. М., 1999г.
7. Фигурнов В.Э. ЭВМ РС для пользователя. Краткий курс, 7 издание, 1997г., Инфра-М.
8. Харвей Г. Word для «чайниковң, 1998 г., М,
9. Левин А.В. Самоучитель работы на компьютере ,1997г., М.
10. MICROSOFT OFFICE 97. Наглядно и конкретно. Пер. с англ. -М., Издательский отдел «Русская редакцияң, 1997.

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

I. Ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы білім сапасын

арттыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1. Білім берудің ақапараттандыру жағдайларында мектеп информатикасын
оқытудың
әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... 4
2. Орта мектепте білім беру жағдайында информатиканы оқытудың сапасын
арттыру
жолдару ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... .10
3. Мектеп информатикасын оқытудың сапасын арттыруда педагогикалық
технологияларды қолдануының дидактикалық
материалдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13

II. Мектептің информатика курсы бойынша тест тапсырмаларын жасау

әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
1. Тестілеу тәсілін қолданып оқушыларды білімін дамытуда
компьютерді
пайдалану ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
2. MS Excel- де тестік тапсырма
жасау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...34
3. HTML-тілінде тестік тапсырма
жасау ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ..48

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..58

Қосымша

Кіріспе
Елбасы Н.Назарбаевтың 2007 жылғы 28 ақпандағы Жаңа әлемдегі жаңа
Қазақстан атты жолдауында Әлемдік шаруашылық байланыстарына белсене
кіріккен барлық осы заманғы бай қауатты мемлекеттер парасатты экономикаға
сүйенген болатын. Ал ондай экономика жасақтау үшін, ең алдымен, өз
қарауымыздағы адами капиталымызды дамытқанымыз жөн, -деп атап көрсетті.
Бұл – білім беру білімінің қайнар көзі ретінде аса маңызды басымдылық әрі
қоғамның дамуының негізі болып отырғанын көрсетеді.
Қазіргі ақпараттық қоғам орта білім беретін мектеп мұғалімдері алдына
төмендегідей міндеттер қояды:
- өз бетінше білім алу, өмір жағдайларына тез бейімделу;
- сыни тұрғыдан ойлай білу;
- жаңа технологияларды пайдалану;
- ақпаратпен сауатты жұмыс жасау;
- өзін-өзі дамыту.
Ауыл – қазақтың бесігі болса, мектеп ауылдың ұйытқысы. Мектеп
оқушыларға білім беретін орын ғана емес, ауылдың бүкіл мәдени өміріне қан
жүгіртетін жүрегі, рухани өміріне ықпал ететін ордасы. Еліміздің ертеңінің
тізгінін ұстап, өзіне сенімді, Отанның әлеуметтік – экономикасының дамуына
өз үлесін қоса алатын, жан-жақты дамыған, білімді тұлғаны дайындап,
тәрбиелеу аса құрметті қоғамдық міндет.
ХХ ғасыр – жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыр. Тәуелсіз
Қазақстан да сол ғасырға нық қадам басты. Ел өмірінің барлық саласы
компьютерлендіріле бастады. Ендігі кезекті еліміздің болар бүгінгі жас
ұрпақ компьютердің қыры-сырын терең меңгеруі тиіс.
Бүгінгі таңда Республика мектептері түгелдей компьютерлендірілді. Бұл
ұлт болашағы үшін маңызы зор. Сондықтан информатика пәні мұғалімдеріне көп
іздену, өз білімдерін жетілдіру, маман ретінде қалыптасу талаптары
қойылады. Жалпы информатика пәні балалардың қоршаған әлем туралы білімін
логикалық факторлармен байланыстыру, оқушының логикалық ойлау қабілеттерін
дамыту мүмкіндіктерін ашады. Оқушылар кез-келген уақытта интернет
мүмкіндіктерін пайдалана отырып, қалаған мағлұматтарын алуға, ғылыми
жаңалықтармен танысуға мүмкіндіктер туып отыр. Осы мүмкіндіктерді мектеп
оқушылары әр ай сайын 40 сағат тегін интернетке шығып пайдаланып отыр. Соны
дұрыс, өз дәрежесінде пайдалана алмай отырған қаншама мектептер бар.
Мектептерде кәсіби дайындықтан өткен мамандар жетіспейді.
Қазіргі кезде ақпараттық – коммуникациялық технологияны дамыту білім
беру саясаттың ажырамас бөлігі болып табылады. Соңғы жылдары ақпараттың –
коммуникациялық технологиялар саласында ауқымды ілгерлеу байқалып отыр.
Барлық пәндер бойынша электронды оқулықтар жасалып, кеңінен таратылуда. Осы
электронды оқулықтармен жұмыс жасау үшін барлық мұғлімдер, мектеп
әкімшілігі компьютерлік сауатты болулары керек.

І. Ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы білім сапасын арттыру

1.1. Білім беруді ақапартандыру жағдайында мектеп
информатикасын оқытудың әдістемесі

Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры
деп аталады. Қазақстан Республикасы да ғылыми-техникалық прогрестің негізгі
белгісі қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді. Қоғамды
ақпараттандыру – экономиканың, ғылымның, мәдениеттің дамуының негізгі
шарттарының бірі. Осы мәселені шешудегі басты рөл мектепке жүктеледі.
Қазақстан Республикасының білім беруді 2010 жылға дейін дамытудың
Мемлекеттік бағдарламасына ақпараттық және коммуникативтік технологияны
білім беру жүйесін жеделдетіп дамытудағы қолдану негізі міндеттердің бірі
ретінде анықталады.
Білім беруді ақпараттандыру, білім салаларының барлық қызметіне
ақпараттық технологияны енгізу және ұлттық модельді қалыптастыру
қазақстандық білім беруді сапалы деңгейге көтерудің алғы шарты.
Білім беруді ақпараттандыру процесі мұғалімнің дайындық деңгейі мен
мамандық сапасына үлкен талап қояды. Ол мұғалімнің өзін-өзі дамуына,
өзіндік білім алуына және шығармашылық түрде өздігінен қызметтерін іске
асыруға мүмкіндік береді. Адамзаттың қолы жеткен ең үлкен табыстарының бірі
– осы ақпарат. Бірақ оны шектен тыс ашық қолдана берсе, жастар санасын
улайтын да нәрсеге айналып кетуі мүмкін. Бұл ақпараттың пассивті түрде
пайдаланатын бөлігінің артуына байланысты болып отыр. Интернеттің кең
таралуына орай ақпарат таратудың бақылауға көнбейтін кері процесінің күнен-
күнге артып жатқаны байқалады.
Компьютерлік технологиялардың даму жағдайындағы ақпараттық
сауаттылыққа К.А.Каймин компьютермен өз бетінше жұмыс істей білу,
компьютерлік техниканың көмегімен есептеу, жазу, анықтама береді.
Пеадгогикалық білім берудің нормативтік базасы (білім берудің мемлекеттік
стандарттары мен оқу пәндерінің типтік бағдарламалры) білім беруді
дамытудың қазіргі заманғы басым бағыттарын белгілі бір дәрежеде бейнелей
алуы тиіс.
Бүгінде бізді орта білім беруді әрі ақпараттандырудың екінші кезеңіне
көштік, ол мазмұндық тұрғыда және компьютерлік сауаттылықтан және тұлғаның
ақпараттық мәдениетінің іргелі операциялық негіздерінде ауысуды білдіреді,
мұнда әрбір оқушы ақпаратқа, қазіргі ақпараттық технологияларға назар салып
қана қоймай, оны тиімді қолдана білуі, біліп сурет салу, ақпараттарды іздеу
дағдылары мен біліктердің болуы деп беру жүйесінде білімдік және ақпараттық
технологияларды іс жүзінде үйлестіре қолдануда кемшіліктер кездеседі. Оның
үстіне ақпараттық технология тез жаңару мәселені қияндата түседі. Жағдайды
жақсарту үшін білім беру технологиялары мен ақпараттық қарым-қатынастық
технологияларды кіріктіру қажет, сонда педагог өзі білетін, жақсы
меңгерген, бейімділігін техникалық құралдарды сабақта тиімді қолданады.
Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағындағы оқушылардың ойлау қабілетін
қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан
тарайтын педагогикалық технологиялардың тиімділігі жоғары деп есептеймін.
Білім берудегі ақпараттық технологиялар оқытуда қолданылатын
электронды құралдар мен оларды функционалдау тәсілдерінің жиынтығын
анықтайды. Орта білім беру жүйесіндегі информатиканың ролі қазіргі
қоғамдағы ақпараттық мәдениеттің негізгін құрайтын – ақпараттық және
комуникациялық технологияны пайдалану дағдыларын қалыптастыру.
• Оқуылардың логикалық және алгоритмдік ойлау қабілетін дамыту;
• Оқушылардың компьютерлік сауаттылығын дамыту;
• Оқушылардың коммуникативтік тілдік ойлау қабілеті мен
шығармашылыққа бейімділігін дамыту;
• Оқушылардың жүйелік – ақпараттық бейнесін, ақпараттық мәдениетін,
өзін-өзі дамытуға және қызмет субектісі ретінде қалыптастыру.
Бастауыш білім берудегі Ақпараттық мәдениет негіздері онда берілген
іргелі ұғымдар жұмыс дәптеріндегі қызықты деңгейлік тапсырмлармен,
сұрақтармен, логикалық есептермен және дамытушылық ойындармен, сергіту
сәттерімен сипатталады. Ақпараттық мәдениеттің базалық ұғымдары туралы
алғашқы мағлұмат бізді қоршаған орта – зат, тірі және өлі табиғаттағы
нысандар, ақапарат және оның түрлері, оларды алу және беру тәсілдері сияқты
білімдерімен оқушылардың қаруландырады.
- ақпарат және оның түрлері туралы түсініктермен;
- ақпараттық үрдістің негізгі заңдылықтармен;
- әрекетте жоспарлау және оны сипаттау, нысан белгілерін
ерекшеліктерімен;
- нысанды топтаумен және оны бөлумен;
- логикалық модельдермен тұжырымдармен;
- орындаушы ретінде компьютерде жұмыс істеу дағдыларын меңгерумен;
- графикалық және мәтіндік редакторлары жұмыс істеумен;
- алгоритмдеумен және оның атқарушыларымен.
Сонымен, оқушылардың ақпараттық қоғамда өмір сүруге білуге жан-жақты
дайындап, олардың өзіндік – танымдық мүмкіндіктерін қалыптастыруға жағдай
жасайды.
Ақпараттық технологияның маңыздылығын түсіндіру үшін оған деген оқушы
қызығушылығын ояту қажет. Қызығушылықты ояту жолдары мен әдістеріне
тоқталып өтсек. Олардың алғашқы, өзіндік жұмыс. Оқушылардың қабілетін
арттыру өз бетінше жұмыс жасауына жағдай жасау, оқушы қызығушылығын
арттырып қана қоймай, өз кезегінде оқу-тәрбие ісінде жақсы нәтижеге қол
жеткізуге де жол ашады. Үздіксіз оқыту процесінде танымдық қызметтің
артуына байланысты жаңа ойлау жүйесі қалыптасып отырады. Оқушы оқу
материалы бойынша алған білімін қорытындылай білетін болса ол ойдағыдай
табысқа жетеді. Оқушының қызығушылығын арттырудың екінші жолы – оқу
материалдарының теориялық мәнін өмірлік тәжірибеде ашып беру болып
табылады. Білім беру саласындағы компьютерлендіру оқушыларды интелектуалды
дамыту үшін күшті құрал екені әркімге аян. Осы саладағы компьютердің басты
тиімділігі оқушы компьютерді пайдалану арқылы өткен сабақты аса
қызығушылықпен, белсенділікпен меңгереді. Сабақта электронды есептеуіш
машинасын пайдалану оқушыларды шапшаңдыққа, тапқырлыққа өз бетімен жұмыс
жасай білуге үйретеді және оқушылардың танымдық, шығармашылық
қабілеттерінің жоғары деңгейде болуына, оқу процесінің тиімділігін
арттыруға ықпал етеді. Бүгінгі күн талабына сай оқушылардың қызығушылығын
арттырудың үшінші элемент – электронды оқулықтар арқылы кез-келген пәнде
компьютерді пайдалану, оқыту сапасын арттырады және мұғалімнің сабақты
жоғары деңгейде өтуіне мүмкіндік тудырады.
Ақпараттық технологияның негізгі алға қойған есептің шешімін табу үшін
адам мен компьютердің өзара байланынысы. Адам мен компьютердің байланысының
үш жағы бар: біріншіден, адам өз білімін, өзіне белгілі арнайы түрдегі
ақпаратты компьютерге жібереді, екіншіден, ақпартты өңдеуде адам
компьютермен бірлесіп орындайды, үшіншіден, адам компьютердің көмегі арқылы
ақпаратты бағалап, оны есепті шешуге пайдаланады.
Бірінші байланыс – оқушылардың енгізу құрылғыларымен еркін жұмыс істей
білуін қажет етеді. Енгізу құрылғыларының ішінде балалар үшін компьютерде
жазудың ең тиімді тәсілі пернетақтадан символдар теруден тұрады. Сондай-
ақ оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырудың тағы бір жолы –
шығармашалық жұмыс десек, бұл ретте қолда бар ақпаратты кеңінен пайдалану
қажеттілігі туындайды. Қағаз немесе фотопленкаға басылған осындай
бейнелерді олар сканерден өткізу арқылы өз шығармаларына қоса алады.
Екінші байланыс үстінде оқушылар программа құрып, оның нәтижесінде
есеп шығару процесін жеңілдетулеріне болады. Енгізу құрылғыларын толық
меңгерген оқушы енді келесі этапты, яғни есеп шешуге программа құруды оңай
игереді.
Үшінші байланыс, өзінің теориялық және практикалық тиімділігімен
маңызды. өйткені бүгінде біз орта білім беруді компьютірлендіру процесінің
жүзеге асып отырғанының куәсіміз. Сондықтан үшінші байланысқа қол жеткізу
мектептегі информатика курсының мақсаты. Бұл байланысты меңгерген бала
ақпараттың алыну жолын, оның маңыздылығын, пайдалылығын түсінеді.
Ал, танымдық қызығушылықтың өзі белгілі компоненттерді қамтитын
динамикалық жүйе десек, олар:
1) қызметі мен қатынасына эмоцияның оң жақтары;
2) эмоцияның танымдық жақтарының болуы (білудің, танудың, қуанышы, танып-
білу);
3) танымдық қызығушылық қызметінде бірден-бір мотивтік (ізгіліктің)
болуы.
Оқушының қызығушылығы мен қабілетін дамытуда басты қажет нәрсе
мұғалімнің педагогикалық шеберлігі, жаңа оқыту технологияларды сабағында
пайдалана білуі. Сабақты түрлендіріп дәстүрлі емес әдістерді қолдана
отырып, ойын, жарыс сабақтарын, конференция сабақтарын т.б. өзі қажет деп
тапқан әдістерді көптеп қолдану оң нәтиже береді.
Кез-келген пән мұғалімі үшін ең ұтымды да тиімді әдіс болып табылатын
жаңа ақпараттық технология-электрондық оқулықтар сабақтың өнімділігін
арттырады. Электрондық оқулықтардан алған танымдық білімі мен әсері арқылы
да оқушы компьютердің құдыреті мен артықшылығын жете түсіне алады.
Ақпараттық технология – бүгінгі күннің тамаша жетістігі, осы
техниканың озық үлгісін мектеп қабырғасынан терең меңгерту болашақ кәсіп
мамандарын тәрбиелеуде, бәсекеге қабілетті ел азаматтарын қалыптастыруда
орны айырбасталмас нәрсе.
Информатика пәні мұғаліміне қажет педагогикалық шеберлік
Бүгінгі таңда компьютірлендіру ғасырына бет бұрғандықтан балаларды
өздерін қошаған ортамен жан-жақты таныстыру, олардың логикалық ой-өрісін
шығармашалық жағынан дамыту, сөйлеу және жүріс-тұрыс мәдениеттілігін
арттыру, оларды компьютер әлеміне баулу заман талабынан туындап отырған
көкейкесті мәселелердің бірі. Информатика – басқа білім салаларына
интегралдайтын білімнің мүлдем жаңа саласы болып табылады. Информатика
басқа пәндердің де дамытылуын қамтамасыз ете алатын іргелі, әрі маңызды
пән. Ол басқа пәндерде берілетін білімді бір ортаға жинақтап, сұрыптап,
оларға жаңа мән беріп, әлемдегі болып жатқан процестер мен құбылыстарды
жаңаша жүйелі түрде оқып білуіне, терең түсінуіне мүмкіндік береді. Қазіргі
кезеңде біздің еліміздің бүкіл әлемдік информациялық кеңістікке белсенді
түрде кірді деуге болады. Оның ертеңі қалай болмақ? Біз қандай
информациямен кіреміз, не аламыз? Осы салада белгілі бір жетістіктерге қол
жеткізу үшін бізде талғамдық мәдениет қалыптасуы керек, яғни
информациялық аймақтағы құндылықтарды бағалай білетін, әр адамның моральдық
деңгейін биіктететін информациялық мәдениет қалыптастыратын тәрбие
беруіміз керек. Ертеңіне лайық ұрпақ тәрбиелемеген елдің келешегі жоқ
десек, сол ұрпақты тәрбиелеудегі ұстаз еңбегі – ұлы еңбек Ұстазын
сыйламаған елдің – ұрпағы азады дейді халық даналығы. Осыған байланысты
шығармашылық ізденіс деген әр ұстаздың алдында тұрған үлкен міндет деп
ойлаймын. Оқушының өзін-өзі тануға ұмтылуына, ізденуіне жол ашу мұғалім
міндеті. Өмірде дұрыс жол табуы үшін адам дұрыс ой түйін, өздігінен сапалы
дәлелді шешімдер қабылдау керек. Демек бүгінгі күні мектептің алдына қойған
ең басты мақсат – қазіргі заманның өркениетті, прогресшіл бағытына сай
азаматтық адамгершілік қасиеті мол, жоғары өрлеу терең білімді ұрпақ
тәрбиелеу. Олай болса білім беру ісінде – ұстаз басты, әрі шешуші тұлға
болып саналады.
Информатика пәнін оқытуды төменгі сыныпқа көшіру тиімді екендігін
пратика жүзінде дәлелдеп отырмыз.
Информатика пәнін оқытуды төменгі сыныптарға көшіруде төменгі
факторлар негізге алынды:
- кіші жастан балаларды ақпараттық қоғамға бейімдеу;
- кіші жастан балалардың ақпараттық ойлау қабілетін дамыту үшін
информатика пәнін пән ретінде енгізу;
- кіші жастағы балалардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру барысында
оларды әлемдік ақпараттық білімдік кеңістікке даярлау.
ХХІ ғасыр компьютерлік ақпараттар заманы. Жер бетінде болып жатқан
жаңалықтармен өзгерістер туралы спутник арқылы, интернет арқылы күн сайын,
сағат сайын мағлұмат алып отырған жас жеткіншектерді басқа нәрсемен
таңдандыру, жаңа сабақты айтып тыңдата білу мұғалімдерге оңай емес. әрбір
пайда болған өзгеріс пен жаңалық бұдан бұрын да қолданылып жүрген
жаңалықтардан басталады, соны өзіне негіз етіп алып баланы қызықтыра алатын
оңай жолды іздестіру көбінесе ұстаздардың біліктілігіне байланысты болады.
Шын беріле қызықтарған нәрсе ғана адамның жүргенінен орын алады
деген екен Әл-Фараби.
Жаңа шыққан техникалық ақпарттық материалдармен ең бірінші қаланың
мектептері жабдықталса, қазіргі уақытта ауылдың мектептері де біртіндеп
жабдықталып келеді. Мұғалімдердің техникалық құралдар көмегімен сабағын
сапалы өткізуге мүмкіншілігі мол. Электронды оқулықтармен мультимедиялық
бағдарламамен сабақ өту мұғалімдер үшін тиімді, себебі компьютерлік сыныпта
өтетін сабақтар оқушының ынтасын, белсенділігін арттырады. Тіпті, сыныптағы
нашар оқушының өзі компьютермен жұмыс істеу арқылы өз бетінше ойланып,
танымдық қабілеті артып жақсы нәтижеге жетеді. Алайда баламыз компьютерде
неғұрылым көбірек ойнап, тілін тереңірек ұқса – соғұрылым өркениетке
жақындай түседі, - деген ата-аналардың пікірін құптай алмаймын.
Компьютер арқылы машина, бірақ, өз мамандығына шын берілген дана да
дара, жаңалыққа жаны құмар, әр баланың жүрегіне жол табатын нәзік психолог,
үлкен жүректі білімді мұғалімнің орнын ешнәрсе де ауыстыра алмайды.
Информатика пәнінен білім беру әдістері сан алуан. Осы әдістерді
жіктеп көрсетудің мәні зор. Жіктеп көрсетуде, біріншіден, оқушыға берілетін
білімнің сапасы артады, екіншіден, оқушымен жүргізілетін жұмыстың дәлдігі
артады, үшіншіден компьютерлік технологияны пайдаланып оқытуда мұғалімнің
атқаратын қызмет жеңілдейді. Әрине, оқыту әдістерін таңдап қолдану оны
өтілетін материалға байланысты сұрыптап алу ең қиын мәселелердің бірі.
Сондықтан оқушыларға берілетін білім көлемін сұрыптап алу оқыту әдістерінің
іске асырылуын жеңілдетеді. Оқыту әдістерін іске асыруда оларды топтастыру
мен жіктеу қажетті мәселелердің бірі болып табылады.
Ақапараттық білім мен тәрбие және оқушылардың кәсіби дайындықтарының
арасында сәйкессіздік бар. Біздің пайымдауымызша, ақпараттық білім беру
төмендегідей біліктіліктерге сүенеді: ақпараттық ұғымдар мен пайымдауларға
сүйене алу; тұжырым жасай алу, дәлелді пікір айта білу, мәлімдей білу,
ақпараттық категориялар мен көрсеткіштерді білу; сондай-ақ оқуда және өз
қызметтеріне компьютерлік техниканы еркін пайдалана білуге үйрету;
ақпараттық технологияның мүмкіндіктерін игеру; өзіндік оқу мен өзіндік іс-
әрекеттің қалыптасуына әсерін бағалай білу; практикалық іс-әрекеттерге
байланысты түрлі мәселелерді шешудің тиімді тәсілдерін таба білу. Сонымен
бірге, орта мектептің 10-11 сыныптарынан бастап орта және бастауыш кәсіптік
білім беру мекемелерін бітіргенге дейін әрбір оқушының психологиялық және
физиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, ақпараттық білім, білік және
біліктілік дағдыларын меңгерудегі белсенділіктерін арттыру жұмыстарын
жүргізген орынды.
Информатика пәнін оқытудың негізгі мақсаттары мен міндеттері:
➢ оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру
➢ оқушылардың ойлау қабілетін дамыту
➢ оқушыларға ақпараттандыру құралдары мен технологияларын үйрету
➢ оқушыларға өмірге, еңбекке және білімдерін дамыта білуіне даярлау
➢ қоршаған ортаны жаңа ақпараттық үрдістерді, табиғат, қоғам, техника
аймақтарында қарастыру
➢ оқушылрадың теориялық, шығармашылық ойлау қабілетін дамыту
➢ ақпараттандыру құралдары мен ақпараттық технологиялар саласында
білім, білік және дағдыларды қалыптастыру мен оларды дамыту
➢ оқушылардың ақпараттық сауаттылығы мен мәдениетін қалыптастыру.
Информатика пәнінің зерттеу объектілері:
➢ ақпарат;
➢ ақпараттық ресурстар;
➢ ақпараттық үрдістер;
➢ ақпараттандыру құралдары мен технологиялар.
Білм саласында компьютер оқушы үшін оқу құралы, ал мұғалім үшін
жұмысшы болып табылады. Оның қолданылуы нәтижелі болуы үшін бағдарламалық
құралдар толық түрде мұғалімнің және оқушының алдына қойған мақсатына
жетуін және шығару жолдарын қамтамасыз ету керек.
Информатика пәні мұғалімі өз сабағына математика, физика мысалдарымен
қоса тарих, биология, валеология сабақтарынан да суреттер, үзінділер,
анимациялық элементтер келтіру арқылы компьютер ерекшелігін арттыра түскені
дұрыс.
Компьютер және ақпараттық технологиялар арқылы жасалып жатқан оқыту
процесі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік
байланыстар мен заңдылықтарды табуға итеріп, нәтижесінде - өздерінің кәсіби
потенциалдарының қалыптасуына жол ашуы керек.
Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағындағы оқушылардың ойлау
қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы
заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологиялардың тиімділігі жоғары
деп есептейміз.

1.2. 12-жылдық білім беруге кошу жағдайындағы информатиканы
оқытудың сапасын арттыру жолдары

Қазіргі замен талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-
қатынасына ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кеңінен қолданысқа
еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру
қажетті шартқа айналып отыр. Осы орайда келешек қоғамымыздың мүшелері-
жастардың бойында ақпарттық мәдениетті қалыптастыру қоғамның алдында тұрған
ең басты міндет.
Адамзаттың қолы жеткен ең үлкен табыстардың бірі – осы ақпарат.
Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры деп
аталады. Қазақстан Республикасы да ғылыми-технологиялық прогресстің негізгі
белгісі-қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді. Қоғамды
ақпараттандыру-экономиканың, ғылымның, мәдениеттің дамуының негізгі
шарттарының бірі. Осы мәселені шешудегі басты рөл мектепке жүктелді
Елімізде білім берудің жаңа жүйесі, оның мазмұнының түбегейлі өзгеруі,
оның дүниежүзілік білім кеңістігіне енді бүкіл оқу-әдістемелік жүйеге,
мұғалімдер алдына жаңа талаптар мен міндеттер жүктелді. Жаңа ғасыр мектепке
жаңа проблема қойып отыр. Оның тұжырымдық мақсат-оқушының танымдық және
ұжымдық жұмыс жасау формулаларын қалыптастыруына ықпал ететін
информатиканың рөлін күшейту.
Білім беру жүйесіндегі қайта құрулардың негізгі субъектісі-мұғалім.
Сондықтан қазіргі мұғалімге шығармашылық ізденіс және шеберлік талап
етіледі. Қазіргі мектпке шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа
педагогикалық технологияларды жете меңгерген мамандық шеберлігі қалыптасқан
мұғалім қажет. Ол бір уақытта педагог, психолог және оқу-процесін
ұйымдастырушы технолог бола білуі керек. Сонымен қатар оқушының шектеусіз
қабілетін дамыта алатындай білім берудің әлемдік кеңістігін құруға
қабілетті бола білуі шарт. Бұдан мұғалімнің мамандық шеберлгі анықталады.
Қазақстан Республикасының Президентінің халқына Жолдауында ХХІ ғасыр
білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық дегені мәлім. Шынында
да оқушылрадың жалпы білімін көтеру кең ауқымды мәселе болып отыр. Олардың
біліктілігін, дағдыларын қалыптастыру қажеттігі еліміздегі ғылыми-
техникалық және әлеуметтік-мәдени жетістіктерінің қарыштап дамуынан
туындауынан туындауда. Жастарды оқытуға, оларға кәсіби білім беруге,
мамандарды жан-жақты даярлауға қоғам мен мемлекеттің бүгінгі таңда барынша
назар аударуы да сондықтан. Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім
алып, білік пен дағды-машыққа қол жеткізу ғана емес, солардың негізгі
дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке ақпаратты өзі іздеп табу,
талдау және ұтымды пайдалану жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеде лайықты
өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады. әлемдік тәжірибе көрсеткендей,
білім берудің жаңа сапасына қол жеткізу 12 жылдық жалпы білім беретін
мектептер жағдайында мүмкін болды, ол білім туралы құжаттардың
айырбасталуын, бейімдік оқытуды, көп тілдікті қамтамасыз етеді. Қазақстанда
12 жылдық білім беруге көшуді 6 жастан бастау көзделді, бұл жас мектепте
білім алуға неғұрылым қолайлы, адам дамуының физиологиялық ерекшеліктеріне
сәйкес деп есептелді. Бастауыш мектепте оқу жүктемесін ұлғайтпай-ақ, шетел
тілі мен информатика негіздері енгізіледі делінген.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту
тұжырымдамасында.
2007 жылы барлық жерде 12 жылдық оқытуға көшуге басталды. Он екі
жылдық білім беру үш сатыда іске асырылатын болды. Әрбір сатының білім
бағдарламаларын меңгеру сырқы бақылаумен аяқталады:
І – бастауыш білім беру, 1-4 сыныптар
ІІ – негізгі білім беру, 5-10 сыныптар
ІІІ – орта білім беру, 11-12 сыныптар делінген Елбасы Жолдауында. Осы
саты іске асырылатын болса білім беру жүйесі де нақтылай жолға қойылатын
болады.
Егер әрбір сатыға білім беру жүйесі тұрғысынан қарайтын болсақ, онда
сатының өзінен бастап – ақ оқушыларды мамандық әлемімен таныстыра
бастаймыз, қазіргі уақытта мамандықтар туралы, яғни оқу ағарту жұмыстары
орындалуы тиіс.
ІІ сатыда сынып жетекшілері, мектеп мұғалімдері, психологтары ата-
аналармен біріге отырып әрбір оқушымен жекелей жұмыс атқарып, оларды
нақтылай мамандық таңдауға даярлайды. Біздің іріктеуімізде осы жерде жүзеге
асырылуы керек.бұл жерде өзіміздің пайдаланып жүрген психодиагностикалық
тесттер, сауалнамалар, сұхбат және т.б. әдістердің маңызы зор.
ІІІ сатыда оқушыларға нақты таңдаған мамандығы бойынша білім беру.
Сондықтан осы жерде ақпараттандыру жұмыстарын тоқтатпай үздіксіз мамандық
әлемімен байланысты ақпарттармен, сол уақыттағы мамандыққа қойылатын
талаптармен, жаңалықтармен қаруландырып отыру.
12 жылдық білім беру жүйесінің бұрынғы білім беру жүйесі моделінен
айырмашылығы мынадай:
1. Оқушының функционалдық сауаттылығы (оқу сауаттылығы; математикалық
сауаттылығы; ғылыми сауаттылығы).
2. Көпвариенттылығы
3. Деңгейлі және бағдарлы сараланғандығы,
4. Аймақтық білім беру.
5. Жеке тұлғаға бағдарланғандығы
6.Бағдарлы бағыт ұстайтын педагогикалық функциялармен ерекшеленеді.
Мектептердің 12 жылдық білім беруге көшудегі мақсаты-еркін бағдарды
ұстайтын өзін-өзі іске кірістіре алатын, өзін дамыта алатын және тез
өзгеретін өмірдегі жағдайаяттарды өздігінен дұрыс шешім қабылдайтын, жоғары
білімді, мәдениетті, қоғам мен мемлекеттің қызығуын, талабын
қанағаттандыратын, халықаралық еңбек бәсекесінде қабілет жоғары, отандық
ұлттық рухы жоғары маман, жеке тұлға қалыптастыру.
Олай болса. Он екі жылдыққа білім беру бағдарламасын жүзеге асыруда
ауданымызда Ө.Жаңабаев атындағы орта мектепте эксперимент жұмыстарын
жүргізу мақсатында 2003-2004 оқу жылынан бастап 2 сынып оқушыларына
информатика пәні оқытыла бастады. Бұдан шығатын қорытынды оқушылардың пәнге
деген қызығушылығын, білімге құштарлығы, тапқырлығы, тәуелсіз дербестігі,
жауапкершілігі зерттеліп, диагностика жүргізіліп отырды. Білім
көрсеткіштерінің талапқа сай екендігі анықталды. 12 жылдық білім беру
эксперименттік жұмыстарында оқушылардың білім алуға және тәрбие ізгілктерін
қабылдауға және дамытуға толық мүмкіндік бар екендігін көрсете біледі.
Оқушының информатика пәнін меңгеруде қызығушылық белсенділігі өте жоғары.
Алайда, бұл сағатта вариаттивтік сағаттан алғандықтан топқа бөлініп
оқытылмайды. Бұл әрине мұғалімге де, оқушыларға аса қиындық тудырады. Бұған
қоса жас ерекшеліктері ескерілетін информатика кабинеті болуы аса
қажеттілік тудырады. Мүмкіндігімізше толық жабдықталған мультимедиялық
кабинет, оқу құралдары мен қамтамасыз етілген жағдайда 12 жылдыққа жалпы
мақсатқа жету жолдары былайша сипатталады:
1. Жалпы білім беретін пәндердің мазмұны әлемдік білім
стандартына сай қолданбалы сипатта болуын қамтамасыз ету.
2. Функционалды сауаттылықты анықтайтын нақты критерийлердің
болуы керек.
Егер 12 жылдық білім құрылымы және мазмұнының тұжырымдамасын жүзеге
асырсақ, онда жас өспірімдерді өмірге, еңбекке, еңбекқорлыққа дайындауға,
шығармашылық әлеуетін арттыруға, өзін-өзі білімдендіріп, тілін, мәдениетін,
сондай-ақ басқа да ұлттық тілін, мәдениетін білуге ықпалын тигізіп, жан-
жақты дамуын қамтамасыз етеді.
Білім беруде әрбір жаңалықты, әсіресе соның ішіндегі ақпараттық білім
берудегі жаңалықтарды өзіміздің тәжірибемізге енгізудің бізге қаншалықты оң
нәтижеделерін беріп жатқанын білеміз.
Біздің 12 жылдық білім беруден күтетін нәтижеміз мыналар:
- компьютерлік сауатты, жоғары болашақ маман;
- ақпараттық бәсекелестік қабілеті жоғары жеке тұлға.
Мұндай жетістіктерге жету үшін әрбір пән мұғалімі компьютерлік сауатты
мұғалім болуы міндетті.
Әлемдік білім беру кеңістігіне кіру, инновациялық педагогикалық
шеберлікті меңгеру компьютерлік сауаттылыққа тікелей байланысты. Әрбір пән
мұғалімінің сабақта жаңа заманға сай, ғылыми техникалық ақпарат
құралдарымен жабдықтап жұмыс атқару компьютерлік сауаттылықтың нәтижесі
болар еді.
Өз бойынан компьютерлік сауаттылығы табылған 12 жылдық білім беру
үрдісіне де дайындығы бар мұғалім – деп бағалауға болады. Олай болса 12
жылдық білім беруге көшу жағдайында информатиканы оқытудың сапасын
арттыруда пән мұғалімдерінің де қосар үлестері де зор болмақ.

1.3. Мектеп информатикасын оқытудың сапасын арттыруда педагогикалық
технологияларды қолданудың дидактикалық мәселелері
Осы үрдісін технологияландыру жағдайында мұғалімде жаңа түсініктер
қалыптасты. Әрбір шағын мақсат орындалатын және оқушының жақын даму
аймағы болып табылатны сабақтардың белгілі бір тобын көздейді. жақын даму
аймағы термині мұғалімнің жұмысын құрылымы мен мазмұны жағынан ашып,
бағыттап отырады. Даму өрісі – логикалық құрылымның екінші деңгейі. Үшінші
деңгей- түсініктер өрісі, ол сабақтар бойынша үлестірілген тақырыптың
түсініктемелік аппараты. технологиялық жобаны нақтылау сабақтың
ұйымдастырылуы арқылы жүзеге асырылады. ол мыныдай алгоритмнен тұрады:
сабақтың мақсаты, оқу-танымдық іс-әрекеттер құрылымы, оқу мазмұны,
мұғалімнің әдістемелі құралы, оқушы мен мұғалімнің өзара әрекеттерінің
нәтижелері.
Оқу үрдісін осы алгоритм бойынша жобалау және оны жүзеге асыру
кезеңдерінде оқу үрдісін мақстақа лайықты, шынайы, нақты басқаруға жаңа
мүмкіндіктер береді.
Американдық психолог Б.Блеумның Толық меңгеру теориясы бойынша
мақсаттар мынадай шағын мақсаттарға жіктеледі:
бірінші шағын мақсат (ШМ1) – танып-білу (1-нәтиже);
екінші шағын мақсат (ШМ2) – түсіну (2-нәтиже);
үшінші шағын мақсат (ШМ3) – қолдану (3-нәтиже);
төртінші шағын мақсат (ШМ4) – талдау (4-нәтиже);
бесінші шағын мақсат (ШМ5) – жинақтау (5-нәтиже);
алтыншы шағын мақсат (ШМ6) – тақырыпқа баға беру (6-нәтиже);
Бұдан мақсаттар арасында мынадай байланыс пайда болады:
ШМ1□ ШМ2□ ШМ3□ ШМ4□ ШМ5□ ШМ6

нәт1 □ нәт2 □ нәт3 □ нәт4 □ нәт5 □ нәт6

В.П.Беспальконың 4 деңгейіне сай аталған шағын мақсаттар былайша
бөлінеді:
1-деңгей – репродуктивтік – ШМ = ШМ1 + ШМ2
2-деңгей – алгоритмдік – ШМ = ШМ2 + ШМ3 (өзгертілген жағдайда)
3-деңгей – эвристикалық – ШМ = ШМ4 + ШМ5 + ШМ6

4-деңгей – шығармашылық – ШМ = ШМ1+ШМ2+ШМ3+ШМ4+ШМ5+ШМ6
4-деңгейдегі тапсырманы орындалған оқушылар олимпиядалық
тапсырмаларды, ғылыми жобаға дайындық жұмыстарын жүргізе алады. Бұл
деңгейде мұғалімнің басқаруынсыз оқушы тапсырмаларды өздігінен орындап, оны
талдай алатындай дәрежеге жетеді.
Бұл теорияны информатикадан білім мазмұнын құру технологиясына
пайдаланып, қарастырып көрейік.

1-сурет. Блум теориясы негізгі информатиканың мазмұнын құрастыру
технологиясы
Б.Блум теориясы бойынша оқу жоспарына сәйкес информатика бөлімдерінің
ішіндегі негізгі бөлімдер:
5-бөлім. Модельдеу және формальдау.

Модельдеу. Формальдау. Материалдық және ақпараттық модуль. Ақпараттық
модельдеу.
Ақпараттық модельдер типтері (кестелік, иерархиялық, желілік). Түрлі
салаларды ақпараттық модельдеуге компьютерді пайдалану.
Оқушының дайындығына қойылатын талаптар:
- модельдеуге мысалдар келтіруде;
- нысандар мен үрдістерді формалдауға мысалдар келтіруді;
- бір нысанның бірнеше модельдер жиынының бар болуы;
- қарапайым ақпараттық модельдерді құра білуді;
- компьютердің көмегімен есептерді шешудің негізгі кезеңдері;
- қарапайым ақпараттық модельдерді құрып, оларды компьютерде зерттей
білуді.
7-бөлім. Ақпараттық технологиялар.
3-тақырып. Ақпараттарды іздеу, реттеу, және оларды сақтау
технологиясы. Деректер қоры: мәні және оның мүмкіндіктері. Деректер қорының
типтері. Дерекетер қорын басқару жүйесі. Жазуларды енгізу және редактрлеу.
Жазуларды реттеу және оларды іздеу. Деректер қорындағы негізгі объектілер
және олармен жұмыс жасау амалдары (жазу, алаң) . деректер қорының құрылымын
өзгерту.
Сұраудың түрлері және оны ұйымдастыру тәсілдері.
Оқушының дайындығына қойылатын талаптар:
➢ деректер қорының мәні мен мүмкіндіктерін сипаттай білуді;
➢ деректер қорының түрлі типтерін анықтап, сипаттай білуді;
➢ деректер қорының негізгі объектілеріне қолданылатын амалдармен жұмыс
жасай білуді;
➢ қарапайым деректер қорын құра білуді, мысалы Жазу кітапшасы;
➢ ақпаратты іздеу мен оларды реттеуді жүзеге асыра білуді;
➢ деректер қорын басқару жүйесі туралы негізгі мағлұматтарды білуді.
Аталған бөлімдерді Б.Блум теориясын негізге ала отырып, оқу жоспары,
мектептік бөлік және оқу бағдарламасы деңгейлерінде жазуды қарастырайық.
Құрылымдық элементтер минималды және мақсаттар Блум теориясы бойынша танып-
білу, түсіну және қолдану деңгейлеріне сәйкес бөлінген. Минималды базистік
мақсаты мемлекеттік білім стандарттағы оқушылардың біліміне қойылатын
минималды деңгейге сәйкес анықталса, ал мүмкіндік базистік мақсаты
мемлекеттік білім стандарттағы оқушылардың біліміне қойылатын талаптан
жоғары деңгейге сәйкес анықталып отыр. Сонымен бірге, МММ – мүмкіндік
мектептік мақсаты және МинМҚМ – минималды мектептік қосымша мақсаттар да
берілген. Олар оқушылардың сыныптағы және сыныптан тыс берілетін білім
деңгейлерін анықтайды.

Б.Блум теориясы бойынша оқу жоспары деңгейінде аталған бөлімдердің
мазмұнын құрылымдық элементтерге бөлу
Танып-білу Түсіндіру Қолдану
5. Модельдеу және формальдау
МБМ 5.1.4. Ақпараттық (МинБМ) 5.1.2.4. Ақпараттық модельді
модельдің негізгі Қарапайым ақпараттық күнделікті өмірде
типтері (кестелік, модельдерді құрып, кездесетін ақпараттарға
иерархиялық, желілік) оларды компьютерде қолдануды; Мектеп
туралы мағлұматты білу. зарттей біледі оқушыларының сабаққа
МинБМ 5.1.1.5. Бір қатысуы туралы
объектінің бірнеше мәліметтер ведомосін
модельдер жиынытығының құруды кез келген
бар болуы. ақпараттарды
МинБМ 5.1.6. компьютерлік
Компьютердің көмегімен модельдеуді.
есептерді шешудің
негізгі кезеңдері
Ақпараттық технологиялар
3. Ақпараттарды іздеу, реттеу және оларды сақтау технологиясы
(МинБМ) 7.3.1.1. (МинБМ) 7.3.3.1.
Деректер қорының мәні Қарапайым деректер қорын
мен мүмкіндіктерін құра білуді, мысалы
сипаттай білуді. Жазу кітапшасы
(МинБМ) 7.3.1.2.
Деректер қорының түрлі Жазу кітапшасы
типтерін анықтапсипаттай берілген мәліметтерді
білуді. Деректер қорының түрлі тәсілдермен
негізгі объектілеріне өңдеуді, оны деректер
қолданылатын амалдармен базасына жинау
жұмыс жасай білуді. технологиясын
(МинБМ) 7.3.15. Деректер
қорының басқару жүйесі
туралы негізгі
мағлұматтарды білуі.
7-бөлім. Ақпараттық технологиялар
3. Ақпараттарды іздеу, реттеу және оларды сақтау технологиясы
(МинБМ) 7.3.1.1. (МинМҚ) 7.3.2.3. (МинМҚМ) 7.3.3.1.
Деректер қоырынң мәні Деректер қорын басқару Қарапайым деректер қорын
мен мүмкіндіктерін жүйесі ортасында жұмыс құра білуді, мысалы,
сипаттай білуді жасай білуді үйрету Жазу кітапшасы
(МинБМ) 7.3.1.2.
Деректер қорының түрлі
типтерін анықтап,
сипаттай білуді.
(МинБМ) 7.3.1.3.
Деректер қоырының
негізгі объектілеріне
қолданылатын амалдармен
жұмыс жасай білуді.
МБМ 7.3.1.5. Деректер
қорын басқару жүйесі
туралы
незгімағлұматтарды
білуді.
МММ 7.3.1.6.Деректер
қорын басқару жүйесі
туралы негізгі
мағлұматтарды білуді.
МММ 7.3.1.6. Ақпараттық
жүйе туралы мағлұматты
үйрену

Блум теориясы бойынша оқу бағдарламасы деңгейіне Ақпараттық
технология бөлімінің мазмұнын құрылымдық элементтерге бөлу кестесін (кесте
№1) қарастырайық. Блум теориясы бойынша бағдарламасы деңгейінде Ақпараттық
технология бөлімінің мазмұнын құрылымдық элементтерге бөлу

Кесте №1
Танып-білу Түсіну Қолдану
(МинБМ) 7.3.1.3. – 1.2. Деректер қорының негізгіДеректер қорының
деректер қорының негізгіобъектілерімен жұмыс мүмкіндіктерін
объектілерімен жұмыс жасау амалдарын білуді ақпаратарды реттеуге,
жасау амалдарын білу. үйрету. Деректер қорын іздеуге және оларды
МБМ 7.3.1.5.-1.1. басқару жүйесінің түрлі сақтауға қолдана білу.
деректер қорын басқару типтерін қолдана білуді Ақпараттық жүйенің
жүйесін түрлі типтерін үйретеді. Деректер қорынэлементтерін кез келген
білу. басқару жүйесінің ақпараттарды өңдеуге
МБМ 7.3.1.5.-1.2. құрамын қоладана білуді реттеуге, іздеуге және
деректер қорын басқару үйрету. Деректер қорын оларды сақтауға қолдана
жүйесінің құрамын білу басқару жүйесіне білу.
МБМ 7.3.1.5.-1.3. мысалдар келтіре білуді
деректер қорын басқару үйрету. Ақапараттық
жүйесінің мысалдар жүйеге мысалдар келтіре
келтіре білу білуді үйрету.
МММ 7.3.1.6.-1.1.
ақпараттық жүйенің
элементтерін білу.
МММ 7.3.1.6.-1.2.
ақпараттық жүйенің
мүмкіндіктерін білу
МММ 7.3.1.6.-1.3.
ақпараттық жүйенің
анықтамасын білу
МММ 7.3.1.6.-1.4.
ақпараттық жүйеге
мысалдар келтіре білу
(МинБМ) 7.3.1.1.-1.1. МинМҚ 7.3.2.3.-2.1. (МинБМ) 7.3.3.1.-3.3.
деректер қорының мәнін деректер қорын басқару қарапайым реляциялық
білу. жүйесінің интерфейсінің деректер қорының
(МинБМ) 7.3.1.1.-1.2. элементтерін қолдана құрылымын құра білуді
Деректер қорының білуді үйрету. үйрету.
мүмкіндіктерін білу.
(МинБМ) 7.3.1.2.-1.1. МинМҚ 7.3.2.3.-2.2. (МинБМ) 7.3.1.1.-3.4.
деректер қорының түрлерідеректер қоырн басқару деректер қоырнда
типтерін білу жүйесінің негізгі мәліметтерді енгізу,
(МинБМ) 7.3.1.2.-1.2. амалдарын орындай редакторлеу және
деректер қоырынң түрлерібілудіүйрету. жазуларды қарауды іске
сипаттамасын білу. (МинБМ) 7.3.1.1.-2.2. асыра білуді үйрену.
(МинБМ) 7.3.1.3.-.1.1. қарапайым реакциялық
деректер қоырының деректер қорының
негізгі объектілерін құрылымын сипаттай
білу білуді үйрену.
МинМҚ 7.3.2.3.-1.3. МинМҚ 7.3.2.3.-2.1. МинМК 7.3.2.3.-1.4.
деректер қорын басқару деректер қорын басқару деректер қорын басқару
жүйесінің мәнін білу. жүйесінің интерфейсінің жүйесімен жұмыс жасау
МБМ 7.3.3.1.-1.1. элементтерін қолдана режимдерінің қолдана
қарапайым реляциялық білуді үйрену. білу.
деректер қорын
құрукезеңдерін білу.

Оқыту мақсаттарын нақтылау
Б.Блум теориясы оқытудың әрбір мақсаты оқу бағдарламасына сәйкес
оқытудың мазмұнын бөлшектеуге мүмкіндік береді. Мысалы, Деректер қоры
тақырыбын оқыту мақсатын Б.Блум теориясы бойынша нақтылап көрсетейік:
(МинБМ) 7.3.1.1. деректер қорының мәні мен мүмкіндіктерін сипаттау:
1) дерекетер қорының мәнін сипаттау;
2) деректер қорының мүмкіндіктерін сипаттау.
(МинБМ) 7.3.1.2. деректер қорын түрлі типтермен атау және оны сипаттау:
1) деректер қорының мәнін сипаттау;
2) деректер қорының мүмкіндіктерін сипаттау.
Мұғалім өз қызметіне педагогикалық технологияны пайдалану үшін іс-
әрекеттерін жобалап, оны жүзеге асыру кезеңдерін анықтап алуы керек. Ал
жобалау шағын мақсаттар жүйесін анықтау мен әрбір модельді жобалау оқушының
өз бетімен дамуын қамтамасыз ететін тапсырмаларды құрастырудан тұрады.

ІІ. Мектептің информатика курсы бойынша тест тапсырмаларын жасау
әдістері

Қоғамды ақпараттандыру жағдайында оқушының жеке тұлғасын
қалыптастырып, ақпараттық қоғамдағы өмір сүруіне, сонымен қатар оның
ақпарат ағымында дұрыс бағдар жасап, тиімді шешім табуына қажет жаңа
ақпараттық технологияларды таңдап алу және оларды қолдану қабілетін
қалыптастыруда информатика пәнінің маңызы зор.
Қазіргі кезде Республикамызда сапалы білім беру мәселесіне үлкен мән
беріліп отыр. Сондықтан да заман талаптарына сай оқушылардың білім сапасын
бақылау және бақылауды жетілдіріп отыру іргелі мәселелердің бірі болып
табылады. Оқыту үрдісінің міндетті компонеттерінің бірі оқыту нәтижелерін
тексеру немесе бақылау болып табылады. Оқыту нәтижесін тексерудің мәні оқу
пәні бойынша білім беру стандартына сәйкес оқушылардың білімін меңгеру
деңгейін анықтау болып табылады.
Информатика пәні бойынша білім беру стандартын енгізуде оқыту сапасын
жетіруге бағытталған оқушылардың білімін, біліктілігін бағалау және тексеру
әдістемесін бірқатар өзгерістер енгізілгенін айта кету керек. Осыларды
ескере келе, білім беру стандартына сәйкес білімділіктің қажетті ең аз
деңгейін мөлшерлеу, атап айтқанда, онсыз тұлғаның дамуы, білім алуды
жалғастырудың мүмкін еместігі, мұнда оқушылар білуі тиіс оқытудың
нәтижесіне біртіндеп жақындайтын төрт деңгей іске асырылады:
- білім беру аймағы немесе оқу пәнінің жалпы сипаттамасы;
- оқушыға оқу материалын ұсыну деңгейінде курстың мазмұнын сипаттау;
- оқушылардың оқу даярлығына қажетті ең төменгі деңгейіне қойылатын
талаптарды сипаттау;
- оқушылардың міндетті дайындықтары өлшеуіш деңгейін, яғни олардың
орындаған тексеру жұмыстары және жекеше тапсырмалар арқылы қажетті
талаптар деңгейінің жетістіктерін байқап көру.
Информатикадан қарастырылған стандарт жобасының принципті жаңалығы
оқушылардың міндетті дайындықтарының деңгейін бағалау болып табылса, онды
дихотомиялық шкалаға негізделген (сыналды - сыналмады) баға
процедаурасының негізінде критерилік-бағытталған жүйе қаланды. Осы мезетте
стандарттың ең төменгі талаптарынан асып кететін оқушылардың жетістіктерін
бағалау, дәстүрлі жүйе аналогын орынды қолдану керек. Осыған сәйкес
оқушылардың білімін, біліктілігін тексеру мен бағалау дайындықтың екі:
міндетті және жоғары сатынысында жүргізілуі тиіс. Ол үшін бақылаудың:
күнделікті тексеруде тапсырмалардың екі деңгейін қамту, оқыту үрдісінде
және емтиханда бақылаудың осындай түрін бөліп алу сияқты әр түрлі
технологиялары болуы мүмкін.
Сонымен қатар информатика пәнінің бір ерекшелігі пәнді оқыту
әдістемесінің маңызды элементінде оқушылардың білімін бақылау мен бағалау
тікелей көрініп тұруы керек. Оқу ақпаратты қабылдау мен түсіну және оны
меңгеру процесінде меңгерілген білім сапасының бағасын бақылау, таным
процесінің жалпы құрылымының өзгермейтініне қарай заңды болып табылдаы.
Осы мақсатта информатиканы оқыту процесіне білім бақылауды
ұйымдастырудың тиімді тәсілдерін анықтап алу қажет осыған байланысты
мынадай мәселелерді шешу керек:
- информатика курсы мазмұнының ерекшелігіне сәйкес бақылау түрі мен
әдістемесін бөліп алу;
- информатикадан білім бақылаудың тиімді іске асыру үшін бақылау түрінің
ерекшелігін есепке алу және анықтау;
- білім бақылауда нормативтік-технологиялық және жеке тұлғаға
бағдарланған әдістің бірдейлігін қамтамасыз ету 1.
Информатикадан жетістікке жету тестрін қолдану, оқушылардың пән
бойынша даярлауда әртүрлі оқыту әдістемесін, оқулықтарды және қолданбалы
программалр пакетін салыстыру сияқты әдістемелік мәселелерді шешеуге елеулі
әсер етеді. Информатикадан оқыту нәтижелерін бағалау үшін тест
тапсырмаларын жасау және қорынытынды тестерді құру мәселелері туындайды.
Тест – оқушының білімін, біліктілігі мен дағдысын бақылаудың немесе
оқушы білімінің бір сапалық қасиеті бар-жоғын тексерудің ерекше түрі болып
табылады. Көп жұмыстарда тест ұғымы анықталды. Тест (ағылшынша Test –
байқау, зерттеу, сынау) – психология мен пеадагогикада сыналушының білімін,
біліктілігін және дағдысын, сонымен қатар психофизиологиялық және өзіндік
мінездемелерін стандартталған тапсырмалардың орындалу қорытындысы бойынша
өлшеу дегенде білдіреду.
В.С.Аванесов Тест түріндегі тапсырма – бұл мазмұнынан басқа тестің
түріне де мынадай талаптар қойылатын тапсырма: барлық сынаушылар үшін
нұсқаулардың бірдей болуы, нұсқаулардың тапсырма мазмұны мен түріне
сәйкестілігі; қысқалығы; тапсырманың – ақиқат немесе жалған, жауапқа
қатысты логикалық түрде тұжырымдалып айтылуы; тапсырма элементтерінің дұрыс
орналасуы, қысқалығы, фасеттілігі, жауаптың белгілі бір орнының болуы,
бағананың қабылданған қалыптағы бірдейлігі деп тұжырымдады 2.
Тарихи тұрғыдан тестін жабық түрі алғашқы болып есептеледі, дайын
жауаптардың ішіндегі біреуі дұрыс жауап болады да, ал қалғандары дұрыс емес
жауаптар болады. Егер білетін оқушылар оны дұрыс орындаса, ал білмейтіндер
қате жауапты таңдаса, тестік тапсырма жақсы жұмыс істейтін деп
есептеледі. Бірақ, тапсырма орынды тұжырымдалған болуы үшін бұл шарт әлі
жеткілікті емес. Тапсырманың жабық түрінің жетістіктерімен қатар
кемшіліктері де бар. Оның жетістіктеріне тестілеудің көп уақыт
алмайтындығы, балл санаудың қарапайымдылығы жатады. Дайындықтар нашар
сынаушылардың қиынырақ тест тапсырмаларына жауапты кездейсоқ ойлап табуы
оның кемшілігін көрсетеді.
Осындай тапсырманың нұсқауы дұрыс жауапты дөңгелектеп белгілеу.
Тапсырма вариянтын жауап саны төрт немесе бестен аспауы керек, осындай
шектеу қою жауапта кездейсоқ табу ықтималдығының сиректігі үшін жеткілікті
болады.
Excel – электрондық кестеде жасалған информатиканың Телекоммунмкация
мазмұндық желісі бойынша жасалған жабық тестің жабық тестің үлгісі 1-
суретте көрсетілген.

1-сурет. Тестің жабық түрі
Ашық тестке жауап бергенде оқушы тапсырмадағы жоқ сөзді және қойылған
сызықтың орнын сан немесе формуламен толықтырады. Тапсырма бір мәнді анық
жауапты талап етеіндей және екі жақты түсінік беру жіберілмейтіндей етіп
құрылады. – Бақылау материалы үшін маңызды болып табылатын термин кілтінің
орнына қойылады. Бірінші жеті-сегіз аспайтын сұрақты тұжырымдау ұсынылды.
Сосын құрастырушы қойылған сұраққа жауап жазады. Содан кейін тест
құрастырушы шамамен сол көлеміне сәйкес мөлшерде жауап жазады. Ары қарай
айтылғандардың сөз кілті немесе бір, екі сөз алынып тасталады да, олардың
орнына сызықша қойылады.
Ашық тест тапсырмалары үшін бір сөден тұратын Толықтыр нұсқауын
қолдануға болады. Болжам болмағандықтан ашық тапсырмалар сыналушы үшін
қиынырақ болуы мүмкін. Шындығында да, өзі дұрыс жауапты құрастырып
шыққанша, жауаптардың ішінен дұрыс жауапты таңдап алу оңайырақ. Педагогтар
үшін ашық тапсырманың бұл қасиеті ерекше қызықтыратын болып табылады.
Сонымен қатар ашық түрдегі тапсырмалардың да кемшіліктері бар. Оқушы
сызықша орнына жауапты жазғанда жауаптың синонимін жазып кетуі мүмкін
немесе қаліп кеткен формуланың элементтерінің ретін өзгертіп алуы мүмкін.
Мұндай жағдайда орындалған тапсырманың қорытындысын дұрыс бағалауда, оқушы
жауабына талдау жасайды, оны эталонды жауаппен салыстыратын, мықты
инструментальді жүйені қолдан қажет.
Excel-электрондық кестесінде жасалған информатиканың
Телекоммуникация мазмұндық желісі бойынша жасалған ашық тестің үлгісі 2-
суретте көрсетілген.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Компьютерде мәліметтер қоры бойынша тест сұрақтарының қорын құрып, тестілеу программасын жасау
Электрондық оқулық
Тест бағдарламасының үлгісі
Электрондық оқулық және оның құрылымы
Тест тапсырмаларын құрастыру
ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚТЫ ҚҰРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Қазақ әдебиеті сабақтарында тесттерді қолдану жолдары
Жаңа ақпараттық технологиялар жайлы
Тест тапсырмаларын сынақтан өткізу
Технология сабақтарында оқушылардың білімі мен ептіліектерін есепке алу мен тексерудің теориялық негіздері
Пәндер