Саяси партиялар туралы ақпарат



1. Саяси партиялардың пайда болуы, мәні және қызметтері
2. Саяси партиялардың жіктелуі
3. Қазақстандағы көппартиялықтың қалыптасуы
4. Қоғамдық . саяси ұйымдар мен қозғалыстар
Саяси жүйеге мемлекетпен қатар саяси партиялар да кіреді. "Партия" деген сөз латын тілінен шыққан, бөлу, бөлшек деген мағынаны білдіреді.
Тарихқа белгілі алғашқы саяси партиялар Ежелгі Грецияда пайда болды. Олардың мүшелері аз, тұрақтылығы шамалы, жөнді ұйымдаспаған шағын топтар болатын. Олар, негізінен, құл иеленушілердің әр түрлі ағымдарының мүдделерін қорғады. Мұндай партиялар феодалдық қоғамда да болды. Бірақ шексіз әкімшілік билеген дәуірде олардың айтарлықтай маңызы болмады. Еңбекші топтар болса экономикалық бытыраңқылық пен рухани езгінің астында еді. Сондықтан олардың саяси партиялар құруға мүмкіндіктері жоқ болатын. Олардың мүддесін ара-тұра билеуші топтың алдыңғы қатарлы мүшелері қорғады.
Қазіргі біздің түсінігіміздегідей саяси партиялар Еуропада XIX ғ. екінші жартысында пайда бола бастады. Бұған сол кезде болған буржуазиялық революциялар тікелей ықпал етті. Мемлекеттік биліктің ұйымдастырылу түрі және жүзеге асырылуы ретінде парламенттер мен парламентаризм дүниеге келді. Жалпыға бірдей сайлау құқығының енгізілуі бұқара халықтың саясатқа қатысу аясын одан әрі кеңейте түсті. Жұмысшы табының ұйымшылдығы күшейді. Олар парламентте өз мүдделерін қорғайтын көпшілік партияларды құра бастады. Саясатқа көптеген адамдар тартылып, әлеуметтік қайшылықтар шиеленіседі. Осыған байланысты саяси партиялардың рөлі одан әрі өсті. Олар саясаттың негізгі субъектісіне айналды.
Бірақ саяси партиялар бірден көпшілік партия бола қалған жоқ. Оның ұзақ тарихы бар. Мысалы, немістің көрнекті саясаттанушысы Макс Вебер саяси партиялардың дамуында мынадай кезендерді атап көрсетті:
1) аристократиялық үйірмелер;
2) саяси клубтар;
3) көпшілік партиялар.
Саяси клубтардың аристократиялық үйірмелерден айырмашылығы — олар ең алдымен буржуазияның мүддесін білдірді. (Ал аристократиялық үйірмелер жер иелерінің максатын корғаған болатын). Олардың тұрақты идеологиялық байланыстары мен дамыған ұйымы болды. Мұның бәрі оларға коғамдық жұмысты кең өрістетуіне мүмкіндік туғызды.
Ал көпшілік партиялардың саяси клубтардан ерекшелігі — олар жұмысын тек сайлау кезінде ғана емес, сонымен катар әдеттегі, дағдылы уакытта да көпшілікке ы0пал етуге тырысты. Өз катарына барынша көбірек адамдарды тартты. Өздерінің үгіт-насихат жұмысында саяси ағартушылық, үгіт, тәрбие, мәдени қызмет т. с. с. саяси әсер етудің бай мүмкіндіктерін пайдаланды.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары

1. Саяси партиялардың пайда болуы, мәні және қызметтері
2. Саяси партиялардың жіктелуі
3. Қазақстандағы көппартиялықтың қалыптасуы
4. Қоғамдық - саяси ұйымдар мен қозғалыстар
1. Саяси партиялардың пайда болуы, мәні және қызметтері

Саяси жүйеге мемлекетпен қатар саяси партиялар да кіреді. "Партия"
деген сөз латын тілінен шыққан, бөлу, бөлшек деген мағынаны білдіреді.
Тарихқа белгілі алғашқы саяси партиялар Ежелгі Грецияда пайда болды.
Олардың мүшелері аз, тұрақтылығы шамалы, жөнді ұйымдаспаған шағын топтар
болатын. Олар, негізінен, құл иеленушілердің әр түрлі ағымдарының
мүдделерін қорғады. Мұндай партиялар феодалдық қоғамда да болды. Бірақ
шексіз әкімшілік билеген дәуірде олардың айтарлықтай маңызы болмады.
Еңбекші топтар болса экономикалық бытыраңқылық пен рухани езгінің астында
еді. Сондықтан олардың саяси партиялар құруға мүмкіндіктері жоқ болатын.
Олардың мүддесін ара-тұра билеуші топтың алдыңғы қатарлы мүшелері қорғады.
Қазіргі біздің түсінігіміздегідей саяси партиялар Еуропада XIX ғ.
екінші жартысында пайда бола бастады. Бұған сол кезде болған буржуазиялық
революциялар тікелей ықпал етті. Мемлекеттік биліктің ұйымдастырылу түрі
және жүзеге асырылуы ретінде парламенттер мен парламентаризм дүниеге келді.
Жалпыға бірдей сайлау құқығының енгізілуі бұқара халықтың саясатқа қатысу
аясын одан әрі кеңейте түсті. Жұмысшы табының ұйымшылдығы күшейді. Олар
парламентте өз мүдделерін қорғайтын көпшілік партияларды құра бастады.
Саясатқа көптеген адамдар тартылып, әлеуметтік қайшылықтар шиеленіседі.
Осыған байланысты саяси партиялардың рөлі одан әрі өсті. Олар саясаттың
негізгі субъектісіне айналды.
Бірақ саяси партиялар бірден көпшілік партия бола қалған жоқ. Оның ұзақ
тарихы бар. Мысалы, немістің көрнекті саясаттанушысы Макс Вебер саяси
партиялардың дамуында мынадай кезендерді атап көрсетті:
1) аристократиялық үйірмелер;
2) саяси клубтар;
3) көпшілік партиялар.
Саяси клубтардың аристократиялық үйірмелерден айырмашылығы — олар ең
алдымен буржуазияның мүддесін білдірді. (Ал аристократиялық үйірмелер жер
иелерінің максатын корғаған болатын). Олардың тұрақты идеологиялық
байланыстары мен дамыған ұйымы болды. Мұның бәрі оларға коғамдық жұмысты
кең өрістетуіне мүмкіндік туғызды.
Ал көпшілік партиялардың саяси клубтардан ерекшелігі — олар жұмысын тек
сайлау кезінде ғана емес, сонымен катар әдеттегі, дағдылы уакытта да
көпшілікке ы0пал етуге тырысты. Өз катарына барынша көбірек адамдарды
тартты. Өздерінің үгіт-насихат жұмысында саяси ағартушылық, үгіт, тәрбие,
мәдени қызмет т. с. с. саяси әсер етудің бай мүмкіндіктерін пайдаланды.
Дегенмен, көрсетілген үш кезеңді толығымен Ұлыбританияның екі партиясы
ғана басынан кешірді. Олар либералдык (виги) және консервативтік (тори)
партиялары. Ал казір өмір сүріп отырған партиялардың көбінің даму жолы
кыска. Олардың біразы екі сатысынан өтсе, біразы бірден көпшілік партия
болып калыптасты.
Бірінші саяси көпшілік партия болып 1861 жылы Англияда либералдык
партия кұрылды. Сонымен қатар мұндай партиялардың дамуына жұмысшы козғалысы
да зор әсер етті. Жұмысшылардың өзіндік жарғысы, кең тараған жергілікті
ұйымдары бар, жазба түрде мүшелік жарна төлейтін, мерзімімен съездер
өткізетін партиялары ұйымдасады. Бірінші көпшілік жұмысшы партиясы болып
1863 жылы Жалпы Германияның Жұмысшы Одағы (Ф. Лассальдың басшылығымен)
кұрылды. XIX ғ. аяғына қарай Батыс Еуропа елдерінде түгелге жақын көпшілік
партиялар пайда болды. Мұндай партиялар басқа континенттерде де құрыла
бастады.
Американың белгілі саясаттанушысы Дж. Ла Паломбараның ойынша партиялар
мынадай 4 белгімен сипатталады: 1) партия белгілі бір идеологияны корғайды
немесе кем дегенде адамды, дүниені ерекше көре біледі; 2) партия -
адамдарды жергілікті ұйымнан бастап, халықаралық дәрежеге дейін саясаттың
әр түрлі деңгейінде әжептәуір ұзақ біріктіретін ұйым; 3) партияның мақсаты
- билікті қолға алып, жүзеге асыру (көбінесе ол коалициялық жолмен
жасалады); 4) әр партия өзіне халықтың дауыс беруінен бастап, мүше болуына
дейінгі колдауын қамтамасыз еткісі келеді.
Саяси партия тапты немесе әлеуметтік топты ұйымдастырады, олардың саяси
сауаттылығын арттырады, жұмысына ұйымшылдық және максаттылық сипат береді.
Оның белгілі бір идеологиясы болады. Ол идеология саясаттың басты
принциптерін белгілеуге, саяси партияның ұйымдық қүрылысы мен практикалық
іс-әрекетін анықтауға негіз болады. Олар партияның бағдарламалары мен
жарғыларында айқындалады.
Саяси жүйеде партиялар үлкен әлеуметтік жіктердің (топ-тардың,
таптардың, бірлестіктердің) мүддесін көздейді. Партиялардың өмір сүруінің
өзі сол жіктеудің арасында дау-жанжалдардың тууы мен оларды шешу
қажеттігінен шығады.
Поляктың белгілі саясаттанушысы А. Боднардың көрсеткеніндей, қазіргі
қоғамда саяси партиялар мынадай қызметтерді атқарады:
а) коғамның ірі топтарының мақсат-мүдделерін анықтау, тұжырымдау және
негіздеу;
ә) олардың белсенділігін арттырып, жинақтау;
б) саяси идеология мен саяси ілімдерді жасау;
в) саяси жүйелерді, оның жалпы принциптерін, элементтерін, қүрылымдарын
қалыптастыруға қатысу және т. б.;
г) мемлекетте билік үшін күреске қатынасу және оның жұмысының
бағдарламасын жасау;
д) мемлекеттік билікті іске асыруға қатынасу;
е) қоғамдық пікірді қалыптастыру;
ж) жалпы қоғамды, яки оның белгілі бір бөлігін (топты, тап-ты, жікті)
саяси тәрбиелеу;
и) мемлекеттің, кәсіподақтарының, қоғамдық ұйымдардың аппараты үшін
кадрлар даярлау мен ұсыну және т. т.
Сонымен қатар партиялар сайлау науқанын дайындау мен өткізу, өз
мүшелерінің санын көбейту, орталық және жергілікті ұйымдардың материалдық
ахуалын күшейту, өз еліндегі және шетелдердің мақсаттары жақын
партияларымен байланысты нығайтумен үнемі айналысады.
Қазіргі демократиялық қоғамдағы партияның маңызды міндеті — азаматтық
қоғам мен мемлекеттің арасындағы байланысты баянды ету. Партиялар арқылы әр
түрлі әлеуметтік топтар өздерінің саяси талаптарын мәлімдейді. Бұрынғы
әлеуметтік-экономикалық саясатты одан әрі жүргізу немесе оны өзгерту
керектігі жөнінде өздерінің көзқарастарын білдіреді. Соның ар-касында
қоғамның саяси саласындағы қайшылықтардың басы ашылады, әлеуметтік
копарылысқа соқтырарлық өткір, ойда жок шиеленістердің мүмкіншілігі азаяды.
Коғамның қай жігіне партияның ыкпалы күшті жүріп, олардан ұзак уақыт
қолдау тапса, сол топ партияның әлеуметтік негізін қалайды. Ал оған сайлау
кезінде әрдайым даусын беруші сайлаушылар оның электоратын (латынның
сайлаушылар тобы деген сөзінен) құрайды. Еуропадағы социал-демократиялық
партиялардың дәстүрлі әлеуметтік негізіне жұмысшылар жататын. Либералдық-
демократиялық партияларды орта жіктегі қызметкерлер, зиялы қауым, үсақ
кәсіпкерлер және т. б. қолдайтын. Аграрлық партия шаруаларға сүйенетін.
Консервативтік партия-лар ірі меншік иелерін, шаруалар мен орта
буындылардың бір бөлігін тірек ететін. XX ғ. ортасынан бастап жағдай
өзгерді. Ірі партиялар сайлауда халықтың әр түрлі топтарының даусын жинады.
Демек, солардың мүддесін де көздейді.
Сонымен, Партия деп мемлекеттік билікті қолга алуга немесе билік
жургізуге қатынасуға бағытталган, ортақ мүдде, бір идеология негізінде
қүралган адамдардың ерікті одағын айтады. Партиялар сайлауға, мемлекеттік
органдар құруға, мемлекеттік маңызды шешімдер қабылдауға және оларды іс
жүзіне асыруға белсене қатынасады.

2. Саяси партиялардың жіктелуі

Саяси партияларды жіктеп, жүйелеудің көптеген белгілері мен өлшемдері
бар. Мысалы, институциондық тәсіл партияларды топтастырғанда ұйымдастыру
ерекшелігін басшылыққа алады, либералдык дәстүр идеологиялық байланыстардың
сипатына басты назар аударады, марксистер болса таптық белгілеріне айрықша
мән береді.
Бұл мәселені терең зерттеген саясаттанушылардың бірі француз ғалымы М.
Дюверже XX ғасырдың 50 жылдарында сайлаушылар мен белсенділер санына
байланысты партияларды кадрлық және бұкаралық деп екіге бөледі (оларды
ұйымдық қалып-тасқан және ұйымдық қалыптаспаған деп те атайды). Кадрлық деп
қатарында сайлаушылардың 10%-ынан кемі ғана болатын, мүше саны аз партияны
айтады. Бірақ ол ұйымдастырылуымен және тәртібімен көзге түседі. Оның әрбір
мүшесінің партия билеті бо-лады, мүшелік жарналарын уактылы төлейді,
жарғысында қаралған тәртіпті мүлтіксіз орындайды. Мысалы, оған Австрия
халық партиясы, Англия консерваторлар партиясы, ГФР-дің Христиандык-
демократиялықт одағы, Жапония либералдық-демократиялық партиясы, Француз
коммунистік партиясы, Швеция орталық партиясы жатады. Бұқаралық партияда
оны үнемі жактап дауыс беретін сайлаушылары, мүшелері, белсенділері көп
болады. Бірақ олардың ресми мүшелері болмайды. Партбилет алып, мүшелік
жарна төлемейді. Мысалы, мұндайларға АКШ-тың республикалық және
демократиялық партиялары, Англия лейбористер партиясы т. т.
60 жылдардың аяғында жоғарыда аты аталған Ла Паломбара-ның көрсеткен
екі партиясынан баска әмбебап партиялар (уни-версалдық немесе сайлаушылар
партиясы) деген үшінші түрін бөліп шығарды. Олардың ерекшелігі — партияның
мүше санын емес, сайлаушылар санын көбейтуге тырысуда. Онда әлеуметтік,
этникалық, діни және т. б. өзгешеліктеріне мән берілмейді. Мүндай
партиялардың саны соңғы жылдары Еуропа мен Амери-ка елдерінде тез етек
алуда.
Саяси жүйедегі рөлі мен іштей ұйымдасуына байланысты саяси партияларды
төрт түрге топтастырады:
1.Авангардтық партиялар (Лениндік тұжырымдама). Олардың ұйымы жоғары
орталықтанумен сипатталады, өзінің барлық мүшелерінен партияның жұмысына
белсенді қатынасуын талап етеді. Мысалы, Үндістанның ұлттық конгресс
партиясы. Бұрынғы СОКП.
2. Сайлаушылар партиясы. Олардың негізгі мақсаты үміт-керлердіңсайлау
алдындағы науқанын ұйымдастыру: қаржы жинау, үгіт жүргізу, т. т. Оларда
түракты мүшелік, идеологиялық негіз, ұйымдык қүрылым жоқ. Мысалы, АКШ-тағы
республикалық және демократиялық партиялар. Сондыктан американдық азамат
Мен демократиялық партияның мүшесімін, демейді, Мен демократтар үшін
дауыс беремін дейді.
3. Парламенттік партия. Ол негізгі екі қызметті атқарады: сай-лауға
дайындалу және парламентке бакылау жасау. Мәселелерді алдын ала талқылап,
қабылданатын шешімдерді сәйкестеу, келістіру үшін партиялар парламенттер
мен муниципалитеттерде (жергілікті өзін-өзі басқару органы) жіктер
(фракциялар) жасайды. Премьер-Министрдің кандидатурасы мен үкімет күрамы
парламенттегі көпшілікке байланысты. Мысалы, Германияда, Италияла.
Ұлыбританияда, Францияда солай.
4. Кауымдастық партиясы. Ол адамдарды белгілі бір саяси жол-ды
ұстанғандығына карай емес, ортак көзкарас, ұксас мүдделеріне орай өзара
катынасып, маңызды мәселелерді талкылау үшін біріктіріледі. Мысалы, оларға
"Жасылдар" партиясы, балаларды, малдарды, жануарларды корғау партиялары,
соғыска, ядролық каруға карсы козғалыстар жатады.
Саяси идеологиясына карай партияларды 5 түрге жүйелеп жүр.
1. Коммунистік партиялармен солшыл радикалдық багыттағы партиялар. Олар
К. Маркстің ілімін басшылыққа алады. Жеке меншіксіз, тапсыз коғам кұруға
тырысады. Баска партиялар коммунистік партияның баскарушы рөлін мойындауы
керек. Мысалы, Қытай, Солтүстік Корея, Куба, бұрынғы КСРО. Батыста мұндай
партиялардың айтарлықтай салмағы жоқ.
2. Социал-демократиялық (немесе социалистік, лейбористік) партиялар.
Олар казіргі капиталистік коғамды еңбекші халықтың мүддесіне сай ұдайы
реформалап, өзгертіп отыруға тырысады. Олардың басты кұндылықтары:
бостандык, әділеттілік, ынтымактастык, тендік. Оған жататындар: Австрияның,
Германияның, Швецияның социал-демократиялық партиялары, Ұлыбританияның
лейбористік партиясы және т. б.
Казіргі кезде адамзатты айнала коршаған орта күннен-күнге нашарлап,
азып-тозып бара жатканы баршаға аян. Сондыктан Еуропада социал-
демократтардың әлеуметтік және экологиялық жағынан жаңарған индустриялық
мәдениеттілік орнатпақ та ойлары бар.
3. Буржуазиялық-демократиялық партиялар. Олар XIX ғасырда Еуропа мен
Солтүстік Америкада бір кезде пайда болды. Мынандай принциптерді басшылықка
алады: коғамда билік үшін әркашан ашық күрес жүруі керек, өкіметке жалпыға
бірдей сайлау аркылы жету, парламентте көпшілік дауыс алған партия немесе
партиялық бірлестік өкіметті билейді, басқарушы партияға (партияларға)
карсы үздіксіз ашык оппозиция жұмыс істейді. Заң алдында бәрінің де тең
болғанын, сөз, баспасөз, жиналыстар бостандығын калайды. Мысалы,
Германияның еркін демократиялық партиясы, Ұлыбританияның социал-либералдық
партиясы және т.б.
4. Консервативтік партиялар. Негізінен ірі буржуазияның мүддесін
корғайды. Әлеуметтік теңсіздікті сактағысы келеді, адамдык және азаматтык
ар-намыс, плюрализм, ынтымактастыкты жактайды. Мысалы, АҚШ-тың
республикалық партиясы, Германияның Христиандык-әлеуметтік одағы мен
Христиандык - демократиялық одағының блогы, Ұлыбританияның консервативтік
партиясы,т.т.
5. фашистік партиялар. Олар жеке мүлдеден мемлекеттік мүдденің басым
болғанын, басқаруда катаң орталықтандырылуды, адамның кұқықтары мен
бостандыктарын шектеуді калайды. Ұлтшылдықты уағыздайды. Бұл тоталитарлық
немесе авторитарлық жүйеге жол ашады. Фашистік партиялар кезінде Германия
мен Италияда болған. Бірақ сол елдерде және т.б. жаңарған неофашистік
ұйымдардың пайда болуы сактандырады.
Партияларды басты идеологиялық бағытына қарай - революциялық,
реформистік, консервативтік, реакциялық деп те бөліп жүр. Революциялық
партиялар коғамдык өмірді түбегейлі өзгертуге тырысады. Реформистік
партиялар коғамда маңызды өзгерістер жасамақ, бірақ оның негізгі кұрылысын
сақтап калмак. Консервативтік партиялар казіргі әлеуметтік өмірдің негізгі
сипат, ерекшеліктерін тұракты сақтап калмақ. Реакциялық партиялар - қоғам
дамуындағы өтіп кеткен формацияларға не дәуірлерге қайтып оралуды
көксеушілер.
Қандай саяси тәртіпті қолдауына байланысты партиялар демократиялық,
авторитарлық, тоталитарлық болып жіктеледі. Демократиялық партиялар басқа
партияларға төзімділікпен, түсіністікпен карайды, пікіралалығын жақтайды.
Идеологиялық факторға онша мән бермейді. Тоталитарлық партиялар, керісінше
саяси жүйенің басқа элементтерін өзіне бағындыруға тырысады. Әсіре
идеологияланған, катаң тәртіпке негізделген бірпартиялық жүйе құруға
тырысады. Авторитарлық партиялар, әдетте, дамып келе жаткан елдерде пайда
болады және отаршылықка қарсы бағытталады. Олардың көбі ең алдымен өз
елдерінің саяси және экономикалық тәуелсіздігі, әлеуметтік прогресі үшін
күреседі. Өз әрекеттерінде көбінесе күшке сүйенеді.
Саяси өмірдегі алатын орны, билікті жүзеге асыруға катысына қарай саяси
партиялар билеуші және оппозициялық (латынның "карсы кою" деген сөзінен
шыққан) болып бөлінеді. Билеуші партиялардың колдарына мемлекеттік билік
тигендіктен оларға бүкіл қоғам дамуының басты бағыттары мен сипатын
айқындауға мүмкіндік туады. Яғни, олар басқа партиялардың үстінен билікке
ие болады. Мұндай мүмкіндігі жоқ қалган партиялар өз мүдделерін басқа
жолмен корғайды. Олар бұл максатта өздерінің конституциялық құкығын,
парламент мінбесін, бұқаралық акпарат кұралдарын пайдаланады. Белгілі бір
қоғамдық пікір тудырып билеуші партияға сырттай ықпал жасайды. Мұндай саяси
партияларды оппозициялық деп атайды. Олар басқарушы партияның саясатын сын
көзбен бағалайды. Коғамның даму бағдарламасын жасайды, басқа мемлекеттермен
қарым-қатынастарға өздерінің көзқарастарын білдіреді. Жалпы оларға
қарсыластық қасиет тән келеді.
Жұмыс істеу жағдайына, заңның рұқсат етуіне байланысты партияларды
ресми, жартылай ресми, құпия деп жіктейді. Егер қоғамдық-саяси өмірге
қатынасуына заң жүзінде рүқсат етіліп, мемлекеттік тіркеуден өтсе, ол ресми
партия болып саналады. Ол жұмысын ашық жүргізеді. Бірақ формальды түрде
рүқсат етілсе, оны толық танылды деуге болмайды. Біраз жағдайларда партияға
сырттай мойындаған сыңай білдіріп, шын мәнінде, жұмысына шек қойып,
кедергілер жасалады. Мұндай партияларды жартылай ресми деуге болады. Ал
егер партияға заң бойынша тыйым салынып, жұмысын астыртын, жасырын
жүргізсе, ол қщия партияга жатады. Әдетте, олар үстемдік етіп отырған
құрылысты күшпен өзгертуді мақсат етіп қояды. Егер қүпия партияны халық
шыны-мен қолдап, беделі зор болса, оны ресми мойындамағанымен жұмысын
тоқтата алмайды. Оның айғақтығын құпия жағдайда жүріп отаршылдыққа қарсы
қажырлы күрес жүргізген көптеген үлт-азаттық партиялардың даму жолынан
байқауға болады.
Партиялар жиылып, партиялық жүйені қүрады. Сондықтан оларды жіктеудің
де мәні зор. Партиялық жүйе мемлекеттік мекемелерді қалыптастыруға шынымен
мүмкіндігі бар, елдің ішкі және сыртқы саясатына ықпал ете алатын саяси
партиялар жиынтығын айтады. Ел ішінде қанша партиялар болуы және олардың
қайсысы партиялық жүйеге енуі сол елдің тарихи дәстүріне, әлеуметтік-
экономикалық шиеленістер сипатына, негізгі әлеуметтік күштердің ара
салмағына байланысты. Оған халықтың бір ұлтты әлде көп ұлтты, бір дінге
әлде көп дінге бағынуы да әсеретеді.
Билік үшін күреске қатысып жүрген саяси партиялардың саны жағынан олар
көппартиялық, екіпартиялық және бірпартиялық болып топтастырылады.
Көппартиялық деп мемлекеттік билік үшін күрес барысында бірнеше саяси
партиялардың әр түрлі мүдделері мен пікір алалығын пайдалана отырып басқару
түрін айтады. Онда үш және одан артық партия қатысады. Бұл — адамзаттың
қоғамдық басқаруда ойлап тапқан өркениетті түрі. Дегенмен, орыстың белгілі
саясатшысы Б. Чичерин айтқандай, көппартиялықтың өзіндік жағымды және
жағымсыз жақтары бар. Жағымды жағына жататындары — онда саяси мәселелер жан-
жақты қаралады. Кемшіліктерді кешірмейтін оппозициялық партиялардың болуы
үкіметті тиімді жұмыс істеуге мәжбүр етеді. Бюрократияның өрістеуіне тежеу
салынады. Партияны тәртіпке шақырады. Билік басына кездейсоқ емес нағыз
дарынды адамдардың келуіне мүмкіндік тудырады. Ұнамсыз жағына жататындар -
өмірдегі көп мәселелерге өз партиясының тұрғысынан ғана қарайды. Бар ойы
қарсы партияны жеңуге арналып, ол жолда алдау-арбау, өсек-өтірік сиякты жат
қылықтар мен тәсілдер пайдаланылып жатады. Дегенмен, қазіргі танда
көппартиялықсаяси өмірдіңтәуір жетілген түрінің бірі болып танылады.
Ондайларға Австрия, Бельгия, Дания, Нидерланды дағы көппартиялықты
жатқызуға болады.
Екіпартиялық жүйеде (бипартизм) басқа да кішігірім партиялар болуы
мүмкін, бірақ билік үшін нағыз бәсекелестік ең ірі екі партияның арасында
жүреді. Мүнда жалпыға бірдей тікелей сайлау нәтижесінде екі партияның бірі
өзінен-өзі автоматты түрде парламентге көпшілік орынды камтамасыз етеді. Ол
Министрлер Кабинетініңорныктылығын қамтамасыз етеді. Себебі, ол үкіметті
заң бойынша көрсетілген мерзімі біткенше қызметін атқаруына мүмкіндік
береді. Ол мемлекет басшысын сайлауға жіберілген қаржыны да үнемдейді.
Өйткені ол орынға сайлауда жеңіске жеткен партияның серкесі ие болады.
Бипартиялық көппартиялықтағы сияқты өзінің жіберген қателіктерін бірге
билеген баска партияларға аудара сала алмайды. Бүған мысал ретінде АКШ-тағы
республикалық және демократиялық, Үлыбританияда — консерваторлар мен
лейбористер, Германияда - христиандық демократгар мен социал-демократтар
жатады. Саяси күреске басқа да партиялар араласады. Бірақ, әдетте, олар
шешуші рөл атқармайды және жеңіске жетерлік мүмкіндіктері де жок. Дегенмен,
мүндай жүйенің өміршеңдігін аты аталған елдердің өмірі дәлелдеп отыр.
Бірпартиялық жүйе өзінен басқа, әсіресе бәсекелес партияларды
болдырмайды. Ол тоталитарлық және авторитарлық коғамдарға тән. Мұндай
тәртіпте баскарушы партия бақылаушы және сынаушы оппозициялық партиялардың
жоқтығын пайдаланып, саяси билікті бүтіндей қолына алып, басқа мемлекеттік
органдарды ығыстырады. Ондай партия бұрын КСРО-да болды, қазір Қытай, КХДР,
Кубада бар.
Демек, партиялық жүйе әр түрлі болады. Сондықтан солардың ішінде ең
тәуірі, тиімдісі қайсысы деғен сұрақ тууы мүмкін. Бүған бірыңғай кесіп
жауап беру, бір үлгіні ұсыну дүрыстыққа жатпайды. Әйтсе де партиялық
бірлестіктердің тиімділігіне жалпы өлшеуіш боларлық жағдайлар мыналар. Олар
халықтың әлеуметтік мүдделері мен мұқтаждықтарын бірінші сезініп,
қамтамасыз етуге тырысуы ләзім. Партия арқылы шешімдер қабылдағанда
азаматтардың барынша мол қажеттіктерін қамту. Үкімет бағытын сын көзбен
түзету және басқарушы топтың жұмысына демократиялық бақылау жасау және
т.с.с.
Саяси партиялардың ішінде фракциялар (латынның "бөлшектену",
"бөлектену" деген сөзінен) болуы мүмкін. Бұл сөз екі мағынада қолданылады:
I) бір партияның парламентте, мемлекеттік органдарда, қоғамдық ұйымдарда
өздерінің саяси нұсқау, мақсаттарын ұйымшылдықпен жүргізу үшін құрған
ұйымы; 2) бір партияның ішінде өзіндік бағыты, қүрылысы, тәртібі бар, бірақ
сол партияның қатарынан шықпаған мүшелердің бөлігі. Мұндай жағдай
азшылықтың құқы бұрмаланған кезде дүниеге келуі мүмкін. Әдетте, ол өтпелі
кезендерде пайда болады және үзаққа созылмайды.
Мемлекеттік билікті жүзеге асыру үшін партиялар коалиция (латынның
"бірлестік" деген сөзінен) құруы мүмкін. Коалиция деп жалпы мақсатқа жету
үшін партиялардың жасаған бірлігін айтады. Оның мынадай түрлері болады:
а) парламентке қатысатын партиялардың ешқайсысы өз алдына бөлек, дербес
басқара алмайтындай жағдайда (дауыстың аздығынан) қүралған көппартиялық
коалиция;
ә) екі күшті партияның әрқайсысы өкіметті өз қолына алып билей
алатындай жағдайда екіпартиялық коалиция орнайды. Мұндайда бір партия
парламентте көпшілік дауыс алады да, екіншісі оппозицияда болады. Егер
екеуінің де парламенттегі орны тең болса, үкіметті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси партиялар мен Қазақстанның партиялық жүйесі. ҚР-ның саяси партиялар туралы Заңы және оның маңызы
Қазақстан Республикасындағы саяси партияларға түсінік
Саяси партиялардың қоғамда алатын орны
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ САЯСИ ПАРТИЯЛАРДЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ - ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ
Партия – саяси институт ретінде
Қазақстанда саяси партиялардың – қоғамдағы ролін, институционалды қалыптасуын зерттеу
Саяси партия ұғымы
Саяси партиялардың атқаратын қызметтері
Қазақстанда көппартиялы жүйенің қалыптасуы және олардың тәуелсіздікке қосқан үлесі
Идеологиялық партиялар
Пәндер