Коммерциялық банкте депозиттік саясаттың қалыптасуы



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

I КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕ ДЕПОЗИТТІК САЯСАТ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.1 Депозит . коммерциялық банкте ресурстар базасын құрудағы негізгі көзі ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Банктік депозиттердің классификациясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
1.3 Коммерциялық банктерде депозиттік саясаттың қалыптасуының
негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14

II «РЕСЕЙ ЖИНАҚ БАНК» АҚ ЕБ .НЫҢ ДЕПОЗИТТІК САЯСАТЫ ... ... ...37
2.1 Қазақстанның депозиттік нарығындағы «Ресей Жинақ банк» ЕБ АҚ рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..37
2.2 «Ресей Жинақ банк» ЕБ АҚ қызметінің жалпы сипаттамасы ... ... ... ... ..39
2.3 «Ресей Жинақ банк» ЕБ АҚ депозиттік саясатының негізгі қаржылық көрсеткіштері мен қызметін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..41

III «РЕСЕЙ ЖИНАҚ БАНК» ЕБ АҚ ДЕПОЗИТТІК САЯСАТТЫНЫҢ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .47
3.1 «Ресей Жинақ банк» АҚ ЕБ.ның депозиттік саясатын жетілдіру
құралдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..47

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 49
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 53
Коммерциялық кәсіпорын түрлерінің бірі ретінде банктік мекеменің өзіндік ерекшелігі оның ресурстардың басым бөлігі меншікті құралдардан емес, тартылған құралдардан құрылуында. Қаражаттарды тартуда банктердің мүмкіндіктері шектеулі және кез келген елде Орталық Банк тарапынан реттемеленеді. Банк капиталының мөлшері мен тартылған қаражаттар көлемі арасындағы ара қатынасты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі міндетті экокнкомикалық нормативтер арқылы реттейді.
Барлық банктік саясаттың маңызды құрамдас саясаты – бұл ресурстық базаның қалыптасу саясаты. Банк әрқашан пассивті операцияларын жүзеге асыру үрдісіндегі ресурстық базаның қалыптасуы банктің активті операцияларына қатысты бірінші әрі анықтаушы рөлді ойнайды. Банктік ресурстардың негізгі бөлігі бәрімізге белгілі депозиттік операцияларды жүргізу үрдісінде құрылады, осы операцияларды дұрыс әрі тиімді ұйымдастыруға кез келген несиелік ұйымның қызмет етуінің тұрақтылығы тәуелді. Осыған байланысты пассивтерді тиімді басқару арқылы ресурстар әлуетін өсіру және оның тұрақтылығын қамтамасыз ету өзгеше өзектілік пен маңыздылықты иеленуде.
Біздің елімізде депозиттік саясаттың қалыптасу мәселелеріне қажетті көңіл аударылған жоқ екендігін белгілеуге болады. Бұл жоғары инфляция және арзан ресурстардың қолда бар болған кезде банктік ісметтерге сұраныс ұсынысқа қарағанда елеулі асты, ал осы шарттар банктік операциялар тәуекелінің табиғатын өзгерте отырып, жоғары пайда нормасын қамтамасыз етумен байланысты болды. Пайда нормасының төмендеуі, банкаралық несиелер және мерзімдік валюталық нарықта операциялары сияқты табыстың дәстүрлі көздерінің жоғалуы өздерімен тартылған қаражаттың құрылымын оңтайландыру және олар бойынша пайыздық шығындарды қысқартуда коммерциялық банктер депозиттік саясаттың қалыптасуын бірінші нөмерге шығарды. 1998 жылы болған банктік дағдарыс және одан кейінгі Қазақстан Республикасының банк жүйесінің дамуы коммерциялық банктердің депозиттік саясатының рөлін көтерудің, сонымен қатар жетілдірудің қажеттілігін растады.
Осы жұмыстың теориялық және практикалық негізі ретінде, экономистердің еліміздегі мәселелерді зерттеген материалдары, Қазақстандық коммерциялық банктердің жұмысын талдау барысында алынған материалдар, статитикалық материалдар және мерзімдік басылымдардың мәліметтері табылады.
Зерттеу мақсатынан туындайтын негізгі міндеттер:
- ақша-несие қатынастары жүесіндегі «депозит» экономикалық
- категориясының мәні мен мазмұнын зерттеу;
- банктік депозиттердің жіктелуін қарастыру;
- халық қолындағы салымдарды коммерциялық банкке тартудағы бағыттарды жетілдіру жолдарын анықтау;
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы Заңы. 2005 // www.zakon.kz
2. Микронесиелік мекемелер туралы. Қазақстан Республикасының Заңы. 2005 // www.zakon.kz
3. Ищенко Е.Г, Алексеева В.И. Банковское кредитование: российский и зарубежный опыт. М: Русская деловая литература, 2004. – 365с
4. Дробозина Л. А. Финансы. Денежное обращение. Кредит. М: ЮНИТИ, 2000. – 451с
5. Абрамов М.А., Александрова Л.С. Финансы. Денежное обращение и кредит. М: Институт международного права и экономики, 2008. – 456c
6. Антонов Н.Г., Пессель М.А. Денежное обращение, кредит и банки. Москва: Финстатинформ, 2005. – 510c
7. Правила краткосрочного кредитования экономики. 2004 // www.afn.kz
8. Батракова Л.Г. Финансовые расчеты в коммерческих сделках. Москва: Логос, 2004. – 316c
9. Белгібаева К.К. Банктік – қаржылық статистикасы. Алматы: Экономика, 2006. – 313б
10. О классификации активов банка и условных обязательств и расчета по ним банками второго уровня РК. Положение Национального банка РК. 2005 // www.nbrk.kz.
11. Екінші деңгейлі банктерді несиелендіру бойынша құжатты енгізу ереже. 2006 // www.afn.kz.
12. Статистический ежегодник 2007 // www.stat.com.
13. «Ресей Жинақ банк» АҚ ЕБ - ның жылдық есебі. 2007-2008 // www.imp.ru.
14. Жуков Е.Ф. Банки и банковские операции. М: ЮНИТИ, 2003. – 280с.
15. Жуков Е.Ф. Деньги, кредит, банки. М: ЮНИТИ, 2007. – 350с.
16. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы. Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімі. 2005 // www.zakon.kz.
17. Калиева Г.Т. Қазақстандағы Коммерциялық банктер: тұрақтылық мәселелер. Алматы: Экономика, 2007. – 523б.
18. Коновалов К.С. Банки - опора в вашем бизнесе. Алматы: Экономика, 2008. – 396с.
19. Лаврушин О.И. Деньги, кредит, банки. М: Финансы и статистика, 2007. – 254с.
20. Мыржақыпова С.Т. Қазақстан Республикасындағы банктік есеп. Алматы, 2002. – 312б.
21. Носкова И.Я. Международные валютно-кредитные отношения. М: ЮНИТИ, 2007. – 203с.
22. Свиридов О.Ю. Деньги, кредит, банки. Ростов-на-Дону: Феникс, 2005. – 329с.
23. Сейтқасымов Г.С. Банк ісі. Алматы: Қаржы – қаражат, 2008. – 214б.
24. Сейтқасымов Г.С. Бухгалтерский учет и отчетность в банках. Алматы, 20007. – 210с.
25. Калиева Г.Т. Қазақстандағы Коммерциялық банктер: тұрақтылық мәселелер Алматы: Экономика, 2007. – 523 б.
26. Белгібаева К.К. Банктік – қаржылық статистикасы Алматы: Экономика, 2006. – 313 б.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 53 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

I КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕ ДЕПОЗИТТІК САЯСАТ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.1 Депозит - коммерциялық банкте ресурстар базасын құрудағы негізгі көзі
ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Банктік депозиттердің классификациясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
1.3 Коммерциялық банктерде депозиттік саясаттың қалыптасуының
негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..14

II РЕСЕЙ ЖИНАҚ БАНК АҚ ЕБ -НЫҢ ДЕПОЗИТТІК САЯСАТЫ ... ... ...37
2.1 Қазақстанның депозиттік нарығындағы Ресей Жинақ банк ЕБ АҚ
рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . .37
2.2 Ресей Жинақ банк ЕБ АҚ қызметінің жалпы сипаттамасы ... ... ... ... ..39
2.3 Ресей Жинақ банк ЕБ АҚ депозиттік саясатының негізгі қаржылық
көрсеткіштері мен қызметін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..41

III РЕСЕЙ ЖИНАҚ БАНК ЕБ АҚ ДЕПОЗИТТІК САЯСАТТЫНЫҢ ЖЕТІЛДІРУ
ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .47
3.1 Ресей Жинақ банк АҚ ЕБ-ның депозиттік саясатын жетілдіру
құралдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... 47

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ..49
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 53

КІРІСПЕ

Коммерциялық кәсіпорын түрлерінің бірі ретінде банктік мекеменің
өзіндік ерекшелігі оның ресурстардың басым бөлігі меншікті құралдардан
емес, тартылған құралдардан құрылуында. Қаражаттарды тартуда банктердің
мүмкіндіктері шектеулі және кез келген елде Орталық Банк тарапынан
реттемеленеді. Банк капиталының мөлшері мен тартылған қаражаттар көлемі
арасындағы ара қатынасты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі міндетті
экокнкомикалық нормативтер арқылы реттейді.
Барлық банктік саясаттың маңызды құрамдас саясаты – бұл ресурстық
базаның қалыптасу саясаты. Банк әрқашан пассивті операцияларын жүзеге асыру
үрдісіндегі ресурстық базаның қалыптасуы банктің активті операцияларына
қатысты бірінші әрі анықтаушы рөлді ойнайды. Банктік ресурстардың негізгі
бөлігі бәрімізге белгілі депозиттік операцияларды жүргізу үрдісінде
құрылады, осы операцияларды дұрыс әрі тиімді ұйымдастыруға кез келген
несиелік ұйымның қызмет етуінің тұрақтылығы тәуелді. Осыған байланысты
пассивтерді тиімді басқару арқылы ресурстар әлуетін өсіру және оның
тұрақтылығын қамтамасыз ету өзгеше өзектілік пен маңыздылықты иеленуде.
Біздің елімізде депозиттік саясаттың қалыптасу мәселелеріне қажетті
көңіл аударылған жоқ екендігін белгілеуге болады. Бұл жоғары инфляция және
арзан ресурстардың қолда бар болған кезде банктік ісметтерге сұраныс
ұсынысқа қарағанда елеулі асты, ал осы шарттар банктік операциялар
тәуекелінің табиғатын өзгерте отырып, жоғары пайда нормасын қамтамасыз
етумен байланысты болды. Пайда нормасының төмендеуі, банкаралық несиелер
және мерзімдік валюталық нарықта операциялары сияқты табыстың дәстүрлі
көздерінің жоғалуы өздерімен тартылған қаражаттың құрылымын оңтайландыру
және олар бойынша пайыздық шығындарды қысқартуда коммерциялық банктер
депозиттік саясаттың қалыптасуын бірінші нөмерге шығарды. 1998 жылы болған
банктік дағдарыс және одан кейінгі Қазақстан Республикасының банк жүйесінің
дамуы коммерциялық банктердің депозиттік саясатының рөлін көтерудің,
сонымен қатар жетілдірудің қажеттілігін растады.
Осы жұмыстың теориялық және практикалық негізі ретінде, экономистердің
еліміздегі мәселелерді зерттеген материалдары, Қазақстандық коммерциялық
банктердің жұмысын талдау барысында алынған материалдар, статитикалық
материалдар және мерзімдік басылымдардың мәліметтері табылады.
Зерттеу мақсатынан туындайтын негізгі міндеттер:
- ақша-несие қатынастары жүесіндегі депозит
экономикалық
- категориясының мәні мен мазмұнын зерттеу;
- банктік депозиттердің жіктелуін қарастыру;
- халық қолындағы салымдарды коммерциялық банкке
тартудағы бағыттарды жетілдіру жолдарын анықтау;
- коммерциялық банктің тұрақтылығын күшейту мақсатында
оның депозиттік саясатын оңтайландырудың перспективалы
бағыттарды анықтау;
- депозиттерді сақтандыру қорының қызметіне талдау жасай
отырып, оны жетілдіру жолдарын анықтап беру.
Зерттеу пәні коммерциялық банктің депозиттік саясаты және оның
қалыптасуы мен жүзеге асырылу үрдісіндегі экономикалық және
ұйымдастырушылық қатынастары болып табылады.
Зерттеу объектісі: Ресей Жинақ банк ЕБ АҚ-ның қызметі.

I КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕ ДЕПОЗИТТІК САЯСАТ
ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. Депозит - коммерциялық банкте ресурстар базасын құрудағы негізгі
көзі ретінде

Банктік депозит (латынан depositum- сақталуға берілген зат) – бұл
банкке клиеттердің уақытша бос ақшаларын беру жөніндегі экономикалық
қатынас. Алайда депозит терминін түсіндіретін анықтамалар көп. дік
тәжірибеде депозит - бұл заңды және жеке тұлғалардың құралдарды салу
мерзіміне тәуелсіз қаржылық институтқа салу. Ал Қазақстанда заңды
тұлғалардың салымдары депозит, ал жеке тұлғалардың– салымдар деп аталады.
Есеп-айырысу және ағымдағы шоттардағы қалдықтар депозит болып саналмайды
[1].
Уақытша бос ақшалай қаражаттарды Жинақтау – коммерциялық банктердің
алғашқы дәстүрлі-базалық қызметі. Бұл банктің пассиві меншікті капиталымен
тартылған қаражаттардан тұрады. Меншікті капитал – банктің несиелік
ресурстарының маңызды және ажырамас бөлігі, бірақ ол оның барлық
ресурстарының тек 10%-ын құрайды. Басқа кәсіпорындармен салыстырғанда
қаржылық ресурстар құрамында меншікті капиталдың төменгі деңгейі болуы
мынандай жағдайлармен түсіндіріледі: біріншіден, банктер қаржылық
нарықтарда қаржы делдалы ретінде басқа кәсіпорындардың, мекемелердің және
халықтың уақытша бос қаражат сомасын депозит түрінде Жинақтайды, осы
жағдайда оларды тиімді басқарады, сондай-ақ олардың қауіпсіздігін
қамтамасыз етеді және пайдалық негізде қарызды қарыз алушыға ұсынады.
Екіншіден, депозиттерді мемлекеттік сақтандыру жүйесі болады, бұл слымдарды
жаппай кері алу қауіптігін төмендетеді. Үшіншіден банктерге тартылатын
депозиттер басқа кәсіпорындардың материялдық объектілерінде орналастырылған
активтеріне қарағанда қондырғы ғимараты ыңғайлы, өтімді және нарықта оңай
өткізіледі. Басқа кәсіпорындармен салыстырғанда осы барлық міндеттемелер
коммерциялық банктарге меншікті капиталдың тартылған өзара қатынасында өз
міндеттерін жүзеге асыруға және дұрыс қызмет етуіне мүмкіндік береді. Ең
алдымен меншікті капитал банк қызметін бастау үшін қажет [2].
Жоғарыда айтылып өткендей, банктер өздерінің активтік операцияларын
жүзеге асыру үшін тартылған қаражаттардың 90%-нан жоғары бөлігін
пайдаланады, сондай-ақ банктер өз клиенттерінің уақытша бос ақшалай
қаражаттарын Жинақтайды. Дәстүрлі түрде осы қаражаттардың негізгі бөлігін
депозиттер құрайды.
Каценеленбаум З.С. банктік депозиттің мәнін зерттей отырып оның қос
табиғатында тұжырымдалатын ерекшеліктерін атап көрсетеді: Депозиттер
салымшы үшін әлуетті ақша болып табылады... Салымшы үшін олар екі рөлде
шығады: бір жағынан ақша рөлінде, екінші жағынан пайыз әкелетін капитал
рөлінде... бірақ капитал әкелетін пайызға қарағанда депозит аз пайыз әкеледі.
Бұл төменделген пайыз – кездейсоқ құбылыс емес, банк табиғатының маңызды
мезеті. Өйткені банк табиғатының бүкіл мәні мынада: депозит бойынша
төленетін пайыз банк әртүрлі кәсіпорындарға салған капитал үшін
алатынпайызға қарағанда төмен. Пайыздардағы бұл айырма активті операциялар
бойынша алатын пайыздардың ¼ бөлігін құрайды [3,35].
Сонымен, депозит тек қана салымшы үшін ғана емес, және банк үшін
тиімді. Көптеген депозиттер банкке несие капиталды құруға ықпалын тигізеді,
банк кейін бұл несие капиталын тиімді шарттарда шаруашылықтың кез келген
аясына орналастырады. Депозиттер бойынша пайыздармен және қарызгерлер
төлейтін пайыздар арасындағы айырма – банк атқарған бос ақша қаражатты
тарту және несие капиталын орналастыру жұмыстары үшін сыйақы болып
табылады.
Банк үшін пассивті операциялар маңызды орын алады. Пассивтіге пассивті
шоттағы ақша қаражаттардың ұлғаюына әсер ететін банк операциялары жатады.
Осылардың көмегімен банктер ақша нарығындыа несие ресурстарын таба алады.
Коммерциялық банктердің 4 түрлі пассивті операциялары бар:
1) бағалы қағаздардың алғашқы эмиссиясы;
2) қор құруға немесе ұлғайтуға банк табысынан аударым;
3) басқада заңды тұлғалардан алынған несиелер мен борыштар;
4) депозиттік операциялар.
Пассивті операциялар айналымда бола отырып банкке ақша қаражаттар
тартуға мүмкіншілік тудырады. Жаңа ресурстар банк жүйесінде активті
операциялар нәтижесінде құрылады. Алғашқы екі пассивті операциялар (1,2)
түрімен бірінші ірі несиелік ресурстар тобының меншікті ресурстары
құрылады.Келесі екі пассивті операциялар (3,4) түрі екінші ірі ресурстар
тобын - қарыздық немесе тартылған несиелік ресурстарды құрайды.Банктің
меншікті ресурстары банк капиталы мен оған теңестірілген баптарын
көрсетеді. Коммерциялық банктердің меншікті капиталының ролі мен көлемі
түрлі басқа қызметтермен айналысатын кәсіпорындар мен ұйымдардан
ерекшеленетін айрықша өзгешелікке ие. Банктер меншікті капиталы арқылы
қаражаттарының жалпы қажеттілігінің 10%-дайын жабады. Жалпы мемлекет
банкткрдің меншікті ресурстары мен тартылған ресурстарының арасындағы
қатынастың шекті мөлшерін белгілейді. Қазақстанда банк ресурстарының
арақатынасы белгіленген. Яғни коммерциялық банктердің тартылған қаражаты
меншікті капиталынан аспауы керек.
Банктің меншікті капиталының мәні оның тұрақтылығын ұстау болып
табылады. Банкті құру кезіндегі банк онсыз қызметін бастай алмайтын алғашқы
шығындарын (жер, ғимарат, жабдықтар, жалақы) дәл осы меншікті қаражаты
жабады. Меншікті ресурстар арқылы банктер өздеріне қажетті қор құрады.
Нәтижесінде, меншікті капитал ұзақ мерізімді активтерге салынытын салымның
негізгі көзі болып табылады.
Банктің төртінші пассивті операциялар тобы банктік тәжірибеде негізгі
болып табылатын – депозиттік операциялар. Бұл коммерциялық банк қызметіне
еркін нарықтағы несиелік ресурстарды сатып алуына делдал ретінде қатысады.
Депозит экономикалық категория ретінде Жинақ ақшаның құрамдас бөлігі
болып табылады. Бірақ, егер Жинақ ақша табыстары бөлу және қайта бөлумен
тығыз байланысты болса, депозит қайта бөлу қатынастары аясын қамтиды.
Депозиттер деп депозиттік операциялардың субъектілері – жеке және
заңды тұлғалардың депозиттік шотқа белгілі-бір мерзімге немесе талап
еткенге дейін салған ақша қаражаттарының сомасын айтамыз.
Егер Қазақстан Республикасының нарықтық экономикасының дамуы
жағдайындағы депозиттік нарықтың даму ерекшелігін ескеретін болсақ, онда
депозит анықтамасы келесідей болып түсіндірілуі керек:
Депозит дегеніміз коммерциялық банктерге белгілі-бір мерзімге және
мерзімсіз, қайтарылу шартыменен, пайызы төленуі тиіс болып, сақтандырыла
отырып салынған кәсіпорындардың ақша қаражаттары.
Банктердің ақшалай қаражаттарды салымдарға тарту және оларды пайда
табу мақсатында орналастыру жұмыстары депозиттік операциялар деп аталады.
Депозиттік операциялар банктік ресурстардың бос ақша нарығында ресурстарды
иемденуде инвесторлармен құралдарды пайдаланушылар арасындағы делдал
ретіндегі банк қарекетін көрсетеді.
Депозиттерді тарту арқылы банк клиенттерге, басқа банктерге несие беру
мүмкіндігін арттырады, ал бұл табыс алуға негіз жасайды.
Депозиттік операциялар бұл – салымға ақша қаражатарын тарту (пассивті
депозиттер) немесе қолда бар құралдарды басқа банктер немесе несие-қаржылық
институттарда орналастыру бойынша (активті депозит) операциялар. Депозиттік
операциялар негізінде банктің несиелік ресурстарының басым бөлігі құралады.
Депозиттік операциялар заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос ақшаларын
жұмылдыру бойынша маңызды дәстүрлі банк операцияларының біріне жатады.
Депозиттік операциялардың негізінде коммерциялық банктердің несилік
ресурстарының негізгі бөлігі құралады.
Депозиттердің келесідей қызметтерін атап айтуға болады:
1) Коммерциялық қызмет – жеке және заңды тұлғалардан ақша қаражаттарын
депозитке белгілі бір мүдде төлеу шартымен тарта отырып оны осы қаражаттар
қажет болып отырған тұлғаларға өзінің белгілі үстеме ақысын қолдана отырып
сатады. Банктің осы қатынасы оның коммерциялық банк деген атына негіз
болады.
2) Ынталандыру қызметі – депозиттік салымдардың әр түрлі шартпен
құрылуы, салымдардың белгілі бір шарттағы салым түріне ақша қаражаттарын
сала отырып табыс алуға деген қызығушылығын тудырады. Ол табыс ақша
қаражаты, несие алу мүмкіндігі және белгілі бір сыйлық есебінде алу түрінде
болады.
3) Қорлану қызметі - депозитке тартылатын қаражаттар ақша түрінде
болғандықтан, ол банктің белгілі бір қорларын құруға негіз болады. Олар –
банктің өсімділігін жоғары деңгейде ұстап тұруға негізделген қорлар. Бұл
қорларды коммерциялық банк реттеуші органдардың талап етуімен және өз
қызметін тиімді атқару үшін өз еркімен құрады.
4) Банк ресурстарын құру қызметі – депозиттік салымдар тарихи қалыптасуы
бойынша олар банктік ресурстарды құрудың негізгі көзі болып табылады.
Өйткені бұл ресурстар банк үшін арзан және әр уақытта бар болып тұратын
қаражаттар. Депозиттік қаражаттар банктің пассивтерінің 70-80 % құрайтын
ресурс болғандықтан олар активтік операцияларды жүргізуге қажетті банк
ресурстарының негізін құрайды.
Коммерциялық банктердің несиелік ресурстары дегеніміз – бұл оның
жарғылық капиталы мен басқа да пассивті операциялары нәтижесінде құралған
және уақытша бос тұрған ақшалай қаражаттарының жиынтығы.
Банктің несиелік ресурстары – бұл меншікті капиталдың және тартылған
қаражаттардың ақшалай түрдегі активті-несиелік операцияларға бағытталатын
бір бөлігі. Несиелік ресурстар несиеге берілген уақытында олар банкке
ресурс болудан қалады және олар қор емес (клиент қайтарымдылығы – тәуекелді
операция), ол орналастырылған несиелік ресурстарға айналады.

1.2 Банктік депозиттердің классификациясы

Банктік депозиттер бірнеше критерийлер бойынша жіктеледі: ақшаны алу
нысыны бойынша (сурет 1), салымшылар категориясы бойынша (сурет 2),
мақсаттық арналуы және табыстылық дәрежесі бойынша.
Коммерциялық банктерде депозиттердің әртүрлі критерийлері бойынша
жіктелуі реті 1,2 суреттерде көрсетілген.
Талап еткенге дейінгі депозиттер- белгісіз уақытта салымшылардың
ағымдағы, есеп айырысу шоттарында болатын ақшалай қаражаттар, олар банкті
алдын ала ескертусіз кез клген уақытта салымшылармен алынуы немесе басқа
шотқа аударылуы мүмкін. Әдетте банк талап еткенге дейінгі салымдар бойынша
ең төмен процент төлейді, ал кейбір жағдайларда олар бойынша сыйақы мүлдем
төленбйді. Кейбір мемлекеттерде пайыздарды есептеуге заңды тәртіппен тыйым
салынған. Талап еткенге дейінгі депозиттер бірінші кезекте ағымдағы есеп
айырысуларды жүзеге асыру үшін арналған. Шот иесі оларды әр түрлі
формаларда – қолма-қол ақшалармен, чектермен, аударымдармен жүргізе алады.
Осындай шот ашып клиент банкке өзінің төлем операцияларын техникалық
жүргізуге сенім білдіреді.
Банктерде күнделікті төлем операцияларын жүргізу біраз шығындарды
талап етеді, алайда ЭЕМ-ді, компьютерлік техникаларды қолданумен ол біршама
азайды, әйтседе ол банктердің шығындарының маңызды факторы болып табылады.
Клиенттің шоты бойынша күнделікті банкте жүздеген немесе мыңдаған
бухгалтерлік өткізбелер жасалынады.
Талап еткенге дейінгі шоттарды иеленуші клиенттерді жалпы қарастыратын
болсақ, олар өз шоттарындағы бар ақшалай қаражаттарды ағымдағы есеп
айырысулар үшін толықтай пайдаланбайды, ал бұл банк шығындарын көп немесе
аз дәрежеде компенсацияландырады. Банктің коммерциялық мақсаттары үшін
банкімен пайдаланылатын тұрақты қалдық қалады, сондай-ақ ол пайда табу
мақсатымен қарызға берулуі мүмкін.

Сурет 1 Кері алу нысаны бойынша депозиттер[3,75].

Сурет – 2 Салымшылар категориясы бойынша депозиттер [3,80].

Ол банктің көптеген клиенттері өздерінің ағымдағы шоттарынан
қаражаттарды үнемі алып және оны бірнеше күннен немесе аптадан кейін
қайтадан толтырып отырулары нәтижесінде қалыптасады. Бірақ көптеген
клиенттер өз міндеттемелерін төлеу үшін салымның бүкіл сомасын алмайды.Бұл
экономиканың айналымдық сипатына негізделеді. Осы қаражаттар қалдықтары мен
талап еткенге дейінгі шоттар 60, 90, 120 күнге вексельге немесе нақты несие
бере алады.
Талап еткенге дейінгі салымдар депозиттік немесе контокоррентік
шоттарды орналастыруы мүмкін. Олардың арасында айырмашылықтар бар.
Депозиттік шот жағдайында клиент шоттағы қалдық сомасын ғана алуы немесе
аударуы мүмкін, сондай-ақ ол өз салымдарын иемдене алады. Ал
контокорренттік есеп шоттарда теріс немесе оң қалдықтар болуы мүмкін.
Клиент кез келген уақытта шоттан өз салымын алып қана қоймай, ол белгілі
бір уақытқа несие алуы мүмкін. Алайда, тәжірибеде бұл айырмашылық бірте-
бірте шегеріледі. Қазіргі кезде клиент келісім бойынша депозиттік шоттардан
несие алуы мүмкін. Бұл шоттар АҚШ-та трансакциялық немесе чектік шоттар деп
аталады, сондай-ақ оларға чек жазылып берілуі мүмкін.
Бұл шоттардың жоғары өтімділігі, төлем құралы ретінде оларды үздіксіз
пайдалану мүмкіндіктері олардың басты артықшылығы болып табылады, негізгі
кемшілік (салымшы үшін) – шот бойынша төмен пайыз немесе пайыздарды
төлеудің жоқ болуы. Бұл шоттардың ерекшелігі банк мерзімді салымдарға
қарағанда орталық банкте ең төменгі резервтерді көбірек сақтауға міндетті
және ол шоттардың иелері шотты пайдаланғаны үшін банкке комиссия төлейді.
АҚШ-та талап еткенге дейінгі шоттарға пайыздарды коммерциялық
банктерге төлеуге заң бойынша тыйым салады. Коммерциялық банктер өз
салымшыларын сақтап қалу мақсатымен депозиттік шоттың жаңа түрін
салымшыларға ұсынады, ол бір жағынан жоғары өтімділік деңгейін, шоттарды
есеп айырысу үшін пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз етсе, ал екінші жағынан
салымшыларға белгілі бір табыс алуды қамтамасыз етті. Бұл шот – наушот деп
аталады. Ол тек жеке тұлғаларға ғана ашылады. Бұл үшінші тұлғаға төлемдер
үшін пайдалануы мүмкін есеп айырысу траттасы немесе қаражаттарды алу туралы
бұйрыығы, сондай-ақ ол чектер сияқты есеп айырысу тратталарын беруге
болатын депозитті шот, ол бойынша нарықтық мөлшерлеме пайыздық төлемдер
түрінде табыс алуға болады. 1981 жылдан бастап заң арқылы АҚШ-тың бүкіл
аймағында шоттың бұл формасы рұқсат етілді.
Депозиттердің екінші тобын мерзімді салымдар құрайды. Терминнің өзінен
көрініп тұрғандай, мерзімді салымдар белгілі бір айдан жоғары мерзімге
орналастырылады. Салымшы үшін ақшаларды ұзақ мерзімге салудың мәні жоғары
пайыздарды табу болып табылады. Сондай-ақ банк үшін бұл депозит тиімді,
өйткені ол жоғары пайыз табумен қандай-да бір қарыз алушыға қарыздарды
ұсыну үшін осы қаражаттарды ұзақ уақыт бойы иемдене алады. Мерзімді
салымдар талап еткенге дейінгі шоттарда орын алатын ағымдағы төлемдер үшін
пайдаланылмайды. Мерзімді салымдар меншікті мерзімді салымдар және кері алу
туралы ескертуі бар мерзімді салымдар болып бөлінеді. Меншікті мерзімді
салымдар шот иелеріне алдын ала белгіленген күні қайтарылады, ал осы күнге
дейін банк оларды өз қалауы бойынша иемденеді. Егер шот иесі белгіленген
күні соманы кері алмаса, онда оны сол күннен кейін ағымдағы шот секілді
пайдаланады, сондай-ақ ол өз ақшаларын кез келген келесі күндерде кері ала
алады.
Ескертуі бар мерзімді депозиттерде салымшының ақшаларды кері алу
туралы арнауы арызын банкке алдын ала түсіруі талап етіледі. әдетте ескерту
мерзімдері – 1 айдан 3 айға дейін, 3 айдан 6 айға дейін, 6 айдан 12 айға
дейін және 1 жылдан жоғары. Ескерту мерзіміне байланысты сәйкес пайыздық
мөлшерлемелер белгіленеді. Көбінесе тәжірибеде алдын ала ескертуге
(хабарламасы бар) мерзімді депозиттер қолданылады.
Депозиттердің үшінші түрі – Жинақ салымдары. Олардың кеңірек тараған
түрі кәдімгі Жинақ шоты немесе Жинақ кітапшасы бар шот деп аталатын Жинақ
салымы. Шот иесі шотқа ақша салу немесе одан кері алу үшін Жинақ
кітапшаларын міндетті түрде ұсынуы керек. Депозиттердің басқа түрлеріне
қарағанда жоғары пайыздарды төлеуінің Жинақ салымдарын құнтты демеу және
салымшылардың Жинақтарын банктерде сақтауды ынтыландыру үшін пайдаланады.
Халық пен коммерциялық емес ұйымдар кәдімгі Жинақ салымдарын кеңінен
қолданады. АҚШ-та корпорациялар, фирмалар және басқа да коммерциялық
ұйымдар үшін шоттың шекті сомасы 150 мың долларға белгіленген.
Халықтың салымдарын тарту мақсатында Жинақтардың түрлі формалары
қолданылады: ұтысқа, сыйлыққа, жастарға мақсатты және т.б. Әдетте олар
халыққа қосымша қызметтерді (почталық, телеграфтық, саудалық және т.б.)
ұсынулармен бірге жүреді. Жинақ шоттарының тұрақты мерзімі болмайды және
шот иесінен ақшаны кері алу туралы алдын-ала ескерту талап етілмейді, олар
бойынша чектер берілмейді.
Қазақстан Республикасының коммерциялық банктері депозиттік
операцияларды Конституцияға, Қазақстан Республикасындағы банктер және
банктік қызмет туралы №2444 1995ж. 31 тамыздан, Салықтар және бюджетке
басқада міндетті төлемдер туралы 1995 ж. 24 сәуірден, валюталық реттеу
туралы 1996 ж.24 желтоқсанынан заң күші бар Қазақстан Республикасының
Президент жарлықтарына, Ұлттық Банктің екінші деңгейдегі банк клиенттерінің
банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы нұсқаулыққа сәйкес
жүзеге асырады.
Депозиттік немесе Жинақ сертификаты – бұл банк-эмитенттің ақша
қаражаттардың салынуы туралы жасбаша куәлігі, бұл куәлік салымшының ақша
қаражаттарын белгіленген мерзімнің өтуі және пайыздары бойынша алуға
құқығын куәландырады. Сертификаттар сатылған тауарлар мен қызметтерге есеп
айырысу немесе төлем құралы ретінде шыға алмайды. Депозиттік сертификаттар
ірі сомаларда шығарылады және заңды тұлғалар үшін. Табысталмайтын
депозиттік сертификаттар салымшыда сақталады және уақыты өтуі бойынша
банкке ұсынылады. Табысталатын депозиттік сертификаттар қайталама нарықта
сатып алу-сату жолымен үшінші тұлғаға беріле алады. Депозиттік
сертификаттар 14 күннен 18 айға дейінгі мерзімге шығарылады. Жинақ
сертификаттары жеке тұлғаларға сатуға арналған. Мерзімдік Жинақ
сертификаттардың айналыс мерзімі егер олардың шығарылу шарттары Ұлттық
Банкпен келісілген болса 1 жылдан 3 жылға дейін. Егер депозит немесе
сертификат бойынша салымды алу мерзімі өткен болса, онда осындай сертификат
талап ету құжаты болып қалады. Банк онда көрсетілген соманы иемденушінің
бірінші талабы бойынша төлеуге міндетті. Жинақ сертификаттары тек қана жеке
тұлғаға ғана табыстала алады
Жоғарыда қарастырылған депозиттер банктік ресурстардың басты көзі
болып табылады. Коммерциялық банктерде салымдар құрылымы ақша нарығы
конъюктурасына және салымдар бойынша пайыздың мөлшерін мемлекеттік реттеуге
тәуелді өзгереді. Депозиттермен байланысты пассивті операцияларды жүргізе,
банк менеджерлері салымдардың әртүрлі категориясы бойынша шығындар көлемін,
мүмкін болатын тәуекелдерді ескере отырып салымдарды тарту және олардың
құрылымын оңтайлатуға күш салады.
Банктер және басқа қаржылық құрылымдар арасында заңды және жеке
тұлғалардың салымдары үшін бәсекелестің шиеленісуі депозиттердің және
оларға бағалардың және қызмет көрсету әдістерінің көптеген түрлерінің пайда
болуына әкелді. Шетел мамандарының деректері бойынша, қазіргі уақытта
дамыған елдерде 30-дан астам банктік салымдардың түрлері бар. Олардың әр
біреуі өзінің ерекшелігін иемденеді, бұл клиенттерге оның мүддесі мен
мүмкіндігі бойынша ақша қаражаттарды Жинақтау және тауарлар мен қызметтерге
төлеудің аса тиімді нысанын таңдауға мүмкіндік береді.
Пассивтерді басқару тұрғысынан қарағанда активті операцияларды кеңейту
және ең жақсы тәсілмен пайда алу үшін депозиттердің негізгі түрлерін;
оларға талап еткенге дейінгі және мерзімдік депозиттердің түрлерін
көбейтіп, әртараптандыру қажет. Мерзімдік депозиттерді тарту арқылы банк
балансының өтімділігінің қамтамасыз етілуі шешіледі, ал талап етілмелі
салымдар ең арзан ресурстар болғандықтан олардың көмегімен пайда алынады,
өйткені клиенттердің ағымдағы және есеп айырысу шоттарына қызмет ету
бойынша шығындар төмен.
Қаржылық ресурстардағы талап етілмелі депозиттердің үлесін ұлғайту
жолымен банк пайыздық шығындарды азайтады, бұл банктік активтерде осы
қаражаттарды пайдаланудан банкке аса жоғары пайда алуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар есеп айырысу шоттары – бұл пассивтердің молжаға
болмайтын элементі. Сондықтан қарыз капиталындағы олардың жоғары үлесі банк
өтімділігін қатты әлсіздендіреді. Осыған байланысты басқарудың басты
міндеті болып банктің депозиттік базасының оңтайлы құрылымын анықтау
табылады. Банктік жүйеде депозиттердің құрылымы мен көлеміне үкіметтің ақша-
несиелік және салықтық саясаты шешуші әсер тигізеді. Және банктік
менеджментің сапасы да айтарлықтай маңызды мәнді иеленеді.
Банктермен тартылған қаражаттар құрамы бойынша әр түрлі болады.
Олардың ішіндегі ең негізгісі болып, банктердің клиенттермен жұмыс істеу
процесінде тартылған қаражаттар, өз қарыз міндеттемесін шығару арқылы,
банкаралық несие және Ұлттық Банктен алған несиелерінен құралады.
Бірақта депозиттер ғана тартылған қаражаттар көзі болып табылмайды.
Практикада банктерге тартылған қаражаттар көзінің депозиттік емес көзін
тапқан. Оларға: банкаралық нарықта несие алу, қайта сатып алу келісімімен
бағалы қағаздарды сату, Ұлттық Банктен несие алу және банктік акцепттерді
сату, коммерциялық қағаздарды шығару.
Қазақстандық банктер көбінесе мына көздерді қолданады: олар банкаралық
несие және Ұлттық Банк несиелері. Банкаралық несиелер нарығында Ұлттық
Банктің корреспонденциялық шотындағы қаражаттар сатылады, сатып алынады.
Ұлттық Банктің несиелері қазіргі кезде негізінен коммерциялық банктерді
қайта қаржыландыру ретімен ұсынылады. Соның нәтижесінде орталықтандырылған
несиелердің тек 10% ғана банктерге конкурстық түрде сатылады. Әр банк
аукционда ұсынылған несиелердің 25% ғана ала алады. Бірақ банкаралық
несиелер коммерциялық банктердің қарыз ресурстарының негізгі көзі болып
табылады. Қазіргі кезде жақсы таралған орталықтандырылған несиелерге
ломбарттық несиелер, коммерциялық банктерді кепілге бағалы қағаз алып
несиелендіру түрлері жатады [4,305].
Орталықтандырылған және банкаралық несиелер резевті қамтамасыз етуін
талап етпей-ақ банк-қарыз алушы мәмілесін орындайды. Банкаралық несие
нарығының мазмұны, оның кейбір банктердің жетіспейтін ресурстарын қайта
бөлумен, бұл нарық банктік жүйеде несие ресурстарының қолдану эффектілігін
жоғарлатады. Сонымен бірге, банкаралық несие нарығының дамуы
қаражаттардыдың аз бөлігін өздерінің ликвидтілігі үшін банктің оперативті
резервінде ұстауға мүмкіндік береді.
Несие мекемелерінің міндетті резерві туралы нұсқасында ақшалай
қаражаттардың жалпы сомасына пайыз қатынасы құрылады. 2000 жылдың 1
қаңтарынан бастап келеседей аударым нормалары бекітілді:
- Заңды тұлғалардың қаражаттарын тартуда 10%;
- Заңды тұлғалардың қаражаттарын шетел валютасында тартуда
10%;
- Жеке тұлғалардың қаражаттарын тартуда 7%;
- Жеке тұлғалардың қаражаттарын шетел валютасында тартуда
10%.
Міндетті резевтеу нәтижесінде банктің депозит операциясындағы пайыз
мөлшерлемесіне әсер етуі 1 кестеде көрсетілген [4,321].

1 – кесте Банктің депозит операциясындағы пайыз мөлшерлемесіне әсер
етуі % [4,321].
Нарықтық пайыз Нақты пайыз ставкасы
ставкасы
10 % 8 % 5 %
10 11,1 11,1 10,5
20 23,3 22,2 21
30 35,2 33,3 31,5
40 47,2 44,4 52,2
50 59 55,5 42,3
60 70 66,6 63
70 82,0 77,7 73,5
80 94,4 88,8 84
90 106,3 99,9 94,5

Резервті талаптарды орындауда коммерциялық банктер активке айналатын
бірақ пайда әкелмейтін үлкен ақшаларды айналымнан алып тастайды.
Коммерциялық банктің резервтелуі тартылған ресурстардың құнының қымбаттауын
білдіреді. Яғни банктер қымбат ресурстарды жоғары пайдалы операцияға салуға
тырысады, соның салдарынан кейбір банктер төлей алмау қабілетіне ие болады.
Нәтижесінде тартылған қаражаттар банктердің меншік қаражаттарынан гөрі
маңызды болады.

1.3 Коммерциялық банктерде депозиттік саясаттың қалыптасуының
негіздері

Депозит операциясы – банктің бұл операциясы заңды және жеке
тұлғалардан қаражаттарды белгілі бір уақытқа банкке салуға ,клиенттердің
есеп айырысу шотындағы қаражат қалдықтарын несие ресурсы ретінде және
инвестициялық қызметке пайдалануға тартатын операция.
Салым - бұл қолма–қол және қолма-қолсыз формадағы ұлттық және шетел
валютасындағы қаражаттарды клиенттердің банкке белгілі бір шартпен сақтауға
берген қаражаттар.
Депозиттік операциялар – кең мағыналы түсінік. Себебі оған барлық
банктің қызметі жатады. Бұл топтың ерекшелігі, банк мұндай операция
көлеміне нашар бақылау жүргізеді. Сондықтан, клиентке тек пайыз түріндегі
сыйақы ғана емес, банктің сақтауға қаражаттарды сақтау кепілдігі
қызықтырады. Депозиттік операцияны ұйымдастыру келесідей принциптерге сай
болуы керек:
- Ағымды пайда табу және болашақта оны табу үшін шарттар
құру;
- Банктің оперативті ликвидтігін ұстау үшін депозит
операциясын басқаруда тиімді саясатты таңдау;
- Депозит саясатымен және активті пайдалылық арасында
келісімдік;
- Клиенттер тарту үшін банктік қызмет көрсетулерді дамыту.
- Депозит операциясын реттейтін негізгі нормативті актілер:
- Банктер және банктік қызмет туралы Қазақстан
Республикасының Заң
- депозит операциясы бойынша пайыз мөлшерлемесін белгілеу
тәртібі;
- салық комитетінің Қазақстан Республикасының Қаржы
Министрлігіне хаты 23.01.04. №НК-УМ-08-1-21478.
Депозиттік шоттар әртүрлі болуы мүмкін. Депозит операциясы былай
классификацияланады:
1) салымшылар категориясына байланысты:
- заңды тұлғалар депозиттері;
- жеке тұлғалар депозиттері;
2) экономикалық мазмұнына байланысты:
- салымшылар категорияларының есебімен;
- сақталу қаражаттарын қолдануына байланысты;
3) қаражаттарды алу формасына байланысты:
- талап еткенге дейінгі депозиттер;
-қысқа мерзімді депозиттер;
-ұзақ мерзімді депозиттер.
Депозиттер классификациясын формасы бойынша кесте түрінде көруге
болады.
Шетел банктерде депозиттерді алу келесі категорияларға бөлінеді:
- ыстық ақшалар, олар қайтып алу мүмкіндігі жоғары ақшалар;
- Базиссіз, 25-30% көлемінде қайтып алуы мүмкін;
- тұрақты ақшалар, қайтып алу мүмкіндігі аз [5,410].
Талап еткенге дейінгі депозиттер - клиент өзіне қолайлы кезде әр
уақытта ала алады. Бұл депозиттер өз негізіне қарай тұрақты емес. Сондықтан
клиенттерге аз пайыз төленеді. Талап еткенге дейінгі депозиттер бойынша
банктер Ұлттық Банкте минималды резерв сақтауы керек. Шоттарда сақталынатын
қаражаттардың сипатына және тиістілігіне байланысты бөлінеді: кәсіпорындар
және ұйымдар, заңды тұлғалармен есеп айырысу. Қажет уақытында талап етілген
депозиттердің негізгі артықшылығы жоғарғы тиімділігі, оларды төлем
қаражаттары ретінде тікелей пайдалану мүмкіндігі болып табылады.

3-сурет. Коммерциялық банкте депозит классификациясының қайтып алу
формасы [5,410].

Депозиттер

Талап еткенге Орта мерзімді
Ұзақ мерзімді
дейінгі депозиттер

Лоро 3 айға дейін
тез
Контеркоррент 3-6 ай
қосымша
6-9 ай
шартты
Овердрафт 9-12 ай
ағымды шот
Ностро
талап еткенге

дейін

Қажет уақытысына қарай депозиттер ерекшеліктері мынандай: біріншіден,
ақшаларды алу, салу кез-келген уақытта ешқандай шектеусіз жүзеге асады,
екіншіден, ақшалар шоттан қолма-қол және чек түрінде алынуы мүмкін,
үшіншіден, шот иесі банктен шотты пайдаланғаны үшін тұрақты айлық төлем
түрінде немесе әрбір жазылған чек үшін комиссиялық алым төлейді,
төртіншіден, банк қажет уақытында талап етілетін депозиттер бойынша Орталық
Банкке мерзімді депозиттерге қарағанда ең төменгі резервті жоғары
сәйкестікке сақтауға міндетті. Соңғы уақытта депозиттер кейбір
категориялары бойынша анық шекара жойылуда, депозиттердің әр түрлі
түрлерінің қасиеттерін біріктіретін гибридтік шоттар пайда болды (қажет
уақытында талап ететін және мерзімді салымдарды біріктіретін шоттар.
Қажет уақытысына қарай депозиттер ерекшеліктері мынандай: біріншіден,
ақшаларды алу, салу кез-келген уақытта ешқандай шектеусіз жүзеге асады,
екіншіден, ақшалар шоттан қолма-қол және чек түрінде алынуы мүмкін.
Қысқа мерзімді депозиттер бұл қысқа уақытқа салынатын салымдар. Ұзақ
мерзімді депозиттер – ұзақ уақытқа салынады
Қазіргі банктік тәжірибеде салымдардың және депозиттік шоттардың
көптеген түрлері кездеседі. Бұл банктердің бәсекелестігі жоғары нарықта
банктік шоттарға Жинақтау және уақытша бос қаражаттарды тартып осы банктік
ресурстарға деген әр-түрлі клиенттер тобының сұраныстарын мейілінше
қанағаттандыруға ұмтылумен байланысты.

4 – сурет. Алыну формалары бойынша депозиттер [6,184].

Алыну формалары бойынша депозиттер

Қазақстан Республикасының 31.08.95ж. (10.07.03ж. толт.) Банктер және
банк қызметі туралы заңында депозит анықтамасы келесідей берілген.
Депозит дегеніміз – бұл бір тұлғаны, депозиторды екінші тұлға – Банкке
(соның ішінде Ұлттық банкке) олардың талап етуі бойынша, немесе белгілі
біруақыт өткеннен кейін толығымен немесе бөлшектеп, алдын ала
келісілгенсыйақы немесе сыйақысыз тікелей салымшаға (депозиторға)
қайтарылуы тиісақша сомасы [7].
Банктік депозит – салымшыны банкке алдын ала келісілген сыйақы қосылып
қайтарылу шарты негізінде берілген ақша қаражаттары.
Депозиттік операциялар коммерциялық банк үшін оның ресурсын
қалыптастырудың ең негізгі көзі болып табылады. Жеке тұлғалар, іскерлік
фирмалар, акционерлік компаниялар, жеке кәсіпорындар, коммерциялық емес
ұйымдар, үкіметтік мекемелер, мемлекеттік кәсіпорындар, жергілікті билік
органдары қаражаттарды коммерциялық банктерге ынтамен орналастырады. Бұл
бірнеше себептермен түсіндіріледі. Біріншіден, банктер салымдардың үлкен
Базисділігін қамтамасыз етеді, екіншіден, салымшылар өз салымдарын кез
келген уақытта қайтаруды талап етіп қана қоймай, одан асатын сомада қарыз
ала алады, үшінші ден бұл салымдар табыс әкеледі.
Банктерге орналастырылған уақытша бос ақша қаражаттары салымшы үшін
екі рөл атқарады, яғни, бір жағынан салымшыға табыс әкелетін капитал рөлін
атқарады.
Депозиттік операциялар мынадай қағидалармен ұйымдастырылады: банктік
пайда алуға немесе болашақта пайда алу үшін жағдай жасауға; депозиттік
операциялар әрекет етуі керек; банк балансының өтімділігін жоғары дәрежеде
демеп отыратын мерзімдік салымдарға депозиттік операциялармен қарыз
аударылуы қажет; депозиттік операциялар мен қарыздырды беру бойынша
өзарабайланыс пен сабақтастылықты қамтамасыз ету қажет; депозиттерді
тартуға әрекет ететін банктік қызметтерді дамытуға шаралар қолдану.
Банктермен тартылатын депозиттердің көлемі негізінен негізгі 4
факторға тәуелді болып келеді: Ресей Жинақ банк ЕБ АҚ ақшалай
табыстарының көлемі; олардың банктік жүйеге деген Базисінің деңгейі;
салымдар бойынша нақты пайыз мөлшерлемесі; елдегі банктік жүйенің даму
деңгейі және ондағы қаржылық өнімдердің дамуы.
Ақша қаражаттарын сақтандыру шоттарына аудару ерікті сипатта
жүзегеасады. Әрбір салымшы ақша қаражатын орналастыру кезінде көптеген
шарттарды ескере отырып банкті өз қалауынша таңдайды. Банк менеджері
депозит мерзіміне, мөлшеріне, оған есептелетін пайыз және тағы да басқа
шарттармен салымшыны таныстырып, толық және ақысыз кеңес беруі тиіс.
Ағымды операцияларды жүргізу барысында барлық операциялар депозиторға
берілген Жинақ кітапшасында есепке алынады. Кезекті операцияларда шот иесі
шотқа ақша салу немесе одан кері алу үшін Жинақ кітапшаларын міндетті түрде
ұсынуы керек. Депозиттердің басқа түрлеріне қарағанда жоғары пайыздардың
төлеуінің Жинақ салымдарын құнтты демеу және салымшылардың Жинақтарын
банктерде сақтауды ынталандыру үшін пайдаланылады. Ресей Жинақ банк ЕБ АҚ
пен коммерциялық емес ұйымдар кәдімгі Жинақ салымдарын кеңінен қолданылады.
АҚШ-та корпорациялар, фирмалар жәнебасқа да коммерциялық ұйымдар үшін
шоттың шекті сомасы 150 мың долларға белгіленген.
Ресей Жинақ банк ЕБ АҚ салымдарын тарту мақсатында Жинақтардың
түрлі формалары қолданылады: ұтысқа, сыйлыққа, жастарға және т.б.
мақсаттарға. Әдетте ол Ресей Жинақ банк ЕБ АҚ-ға қосымша қызметтерді
(пошталық, телеграфтық, саудалық және т.б.) ұсынулармен бірге жүреді. Жинақ
шоттарының тұрақты мерзімі болмайды және шот иесінен ақшаны кері алу туралы
алдын ала ескерту талап етілмейді, олар бойынша чектер берілмейді.
Жинақ салымдары мерзімді салымдардың маңызды бөлігін құрайды.
Мерзімдік салымдардың басқа бір түрі – мерзімді депозиттік сертификат болып
табылады. Ол банкіге тұрақты пайыздық мөлшермен белгілі бір мерзімге
банкіге қаражаттарды еңгізгендігін күәландыратын ақшалай құжат. Оларды
компанияларға, фирмаларға және салымшының өзінде қалатыны, берілмейтіні
болады. Ақшаны мерзімнің аяқталуымен тек саертификаттарды ұсыну арқылы
банктен алуға болады, ал мерзімі – 14 күннен 18 айға дейін болуі мүмкін
[8,254].
Сонымен Жинақ салымдарына (шоттарына) мынадай сипаттама беруге болады:
ақша қаражаттарының сақталуының нақты белгіленген мерзімі болмайды;
салымды кез келген уақытта хабарламай алуға болады; шотқа ақша қаражатын
салу немесе алу кезеңінде Жинақ кітапшасы депозиторымен ұсынылады. Ол
кітапшада ақша қаражаттарының барлық қозғалысы көрініс табады. Жеке
тұлғалармен ашылатын Жинақ салымдарының мынадай түрлері бар: мерзімді
Жинақтаушы салым; қосымша толықтырылатын салым; ағымдағы Жинақтаушы салым.
Мерзімді Жинақтаушы салым бойынша нақты мерзім белгіленеді немесе осы
салымды шоттан алынатын мерзімі белгіленеді. Мерзімді Жинақтаушы салым
бойынша төленетін сыйақы мөлшері басқа Жинақтаушы салымдарымен
салыстырғанда жоғары болып келеді.
Қосымша толықтырылатын Жинақтаушы салымы. Бұл шотқа алдынала
келісілген ақша сомалары аударылып отырады. Жинақталған қаражат белгіленген
күнде беріледі (жаңа жылда, мектеп бітірген кезде және тағыбасқа).
Ағымдағы сақтандыру салымы – негізінен жалақыны аудару үшін
пайдаланылады. Бұл шот бойынша ақша қаражаттары келіп түсуі жәнеаударылуы
еркін жүзеге асады.
Ресей Жинақ банк ЕБ АҚ салымдарын тарту мақсатында Жинақтардың
түрлі формалары қолданылады: ұтысқа, сыйлыққа, жастарға және т.б.
мақсаттарға. Әдетте ол Ресей Жинақ банк ЕБ АҚ-ға қосымша қызметтерді
(пошталық, телеграфтық, саудалық және т.б.) ұсынулармен бірге жүреді. Жинақ
шоттарының тұрақты мерзімі болмайды және шот иесінен ақшаны кері алу туралы
алдын-ала ескерту талап етілмейді,олар бойынша чектер берілмейді [9,65].
Жинақ салымдары мерзімді салымдардың маңызды бөлігін құрайды.
Мерзімдік салымдардың басқа бір түрі – мерзімді депозиттік сертификат болып
табылады. Ол банкіге тұрақты пайыздық мөлшерлермен белгілі бір мерзімге
банкіге қаражаттарды еңгізгендігін күәләндыратын ақшалай құжат. Оларды
компанияларға, фирмаларға және өте бай иемденушілерге 100 мын доллардан кем
емес сомада беріледі. Олар екінші ретті нарыққа сатылуы және басқа тұлғаға
өтуі мүмкін – берілетін және салымшының өзінде қалатын, берілмейтін болады.
Ақшаны мерзімнің аяқталуымен тек сертификаттарды ұсыну арқылы банктен алуға
болады, ал мерзімі – 14 күннен 18 айға дейін болуы мүмкін.
Банк жүйесінде аса жоғары бәсекелестік шарттарында коммерциялық
банктер халықтың Жинақтарын тарту бойынша белсеңді қарекетті жургізуде.
Қарекетті тиімді әрі ойдағыдай жүргізу үшін банктер бәсекелестік
шарттарындағы даму жолдарын дайындау керек.
Кез келген жағдайға бейімделу, банк құралдарын тиімді басқару және
нарықтық ағымдарды айқын көру – бұл қазіргі уақытқа сай экономиканың даму
шарттарындағы коммерциялық банктерге талаптарының кейбіреулері болып
табылады. Тұрақты банк жүйесін құру республика халқының сенімділігін
арттыруға және халықаралық қаржылық нарықтарға аса қарқынды
интеграциялануға мүмкіндік береді.
Осылайша, депозиттерді тарту бойынша коммерциялық банк қаректіндегі
анализ бар мәселелерді жақсы танып білуге және одан әрі стратегиялық даму
бағдарламасын жасауға мүмкіндік береді.
Коммерциялық банктерде өз қызметі үшін ресурстарды тартуда депозит
саясатын құру керек. Депозит саясаты ең алдымен мына сұрақтарға жауап
беруі керек:
- Экономикалық мақсат;
- Бәсекеге төтеп беруі;
- Ішкі қайшылықтың жоқ болуы;
Экономикалық мақсаттылықпен халық ресурсын тартуда рентабельділіктің
болуы. Бұл сұрақ активті-пассивті басқарудағы жалпы тақырыпты қарастырады.
Жеке тұлғалардан депозит ресурстарын тартқан кезде олармен есеп айырысу
эффектілігін қарастыру керек, яғни резервті аударым, олардың ликвиттік
дәрежесін.

5 – сурет. Коммерциялық банктің субъектілері мен объектілері [9,75].

Коммерциялық банктің депозит саясаты

Депозит саясатының
Депозит саясатының
субъектісі
объектісі

Коммерциялық
Тартылған қаражаттар:
банк

-депозит

Банк клиенті: Мемлекеттік
-вексель
мекемелер:
-сертификаттар

-Жеке тұлғалар -Орталық банк
-Заңды тұлғалар -салық министрлігі

Депозиттер бойынша ставкалар жүйесі нарықтық конъюктураға сәйкес келу
керек. Банк, төмен мөлшерде ставкаалатын болса, онда оған жақын
бәсекелестер өздерінің клиенттерінің бір бөлігін жоғалтады. Депозит
саясатының ішкі төтеп бере алмайтын бірнеше аспектілерін қарастыруға
болады. Бұл және уақытша депозит ставкаларының құрылымы, оның сомасының
диффиренцациясы, басқа банкпен салыстырғанда салым түрлерімен, клиентуралық
категориясының әртүрлігімен.
Коммерциялық банктердің депозит саясарының негізіне келсек, онда
мынандай сұрақтарға тоқталу керек:
- депозит саясатының объектілері және субъектілері;
- оның құрылу принциптеріне
- депозит саясатының шекараларына;
Коммерциялық банктің депозит саясатының субъектілеріне банк клиентері
кіреді, коммерциялық банктер және мемлекеттік мекемелер. Депозит саясатының
объектілеріне банктің тартылған қаражаттары және қосымша банк қызметтері.
Банктің субъектісімен объектісінің классификациясы келесі суретте
көрсетілген.
Коммерциялық банктің депозит саясатының құрылу негізі және
спецификалық принциптері 6 суретте көрсетілген.

6– сурет. Коммерциялық банктің депозит саясатының құрылу принциптері
[9,81].

Коммерциялық банктің депозит саясатын құрылу принциптері

Жалпы

Спецификалық

Ғылыми Эффектілік
шығын деңгейін
зерттеу принципі
қамтамасыз
принципі
ету принципі

комплексті депозит принципі
қамқорлық
саясат
принципі
принципі

Банктермен тартылған қаражаттар құрамы бойынша әр түрлі болады.
Олардың ішіндегі ең негізгісі болып, банктердің клиенттермен жұмыс істеу
процесінде тартылған қаражаттар, өз қарыз міндеттемесін шығару арқылы,
банкаралық несие және Ұлттық Банктен алған несиелерінен құралады.
Бірақта депозиттер ғана тартылған қаражаттар көзі болып табылмайды.
Практикада банктерге тартылған қаражаттар көзінің депозиттік емес көзін
тапқан. Оларға: банкаралық нарықта несие алу, қайта сатып алу келісімімен
бағалы қағаздарды сату, Ұлттық Банктен несие алу және банктік акцепттерді
сату, коммерциялық қағаздарды шығару.
Депозит саясатының жалпы принциптері деп Ұлттық Банктің мемлекеттік
ақша–несие саясатының макроэкономикалық деңгейде жүргізілуін айтамыз.
Оларға комплексті жақындауын, ғылыми негіздерді, эффектілікті және де
банктің депозит саясатының барлық элементтерінің принциптері жатады.
Комплексті жақындау теориялық негізде ғана көрінеді.Дипломдық жұмыстың
теориялық бөлімінің негізгі сұрағы болып, коммерциялық банктің депозит
саясатының шекаралары табылады.
Шекаралар классификациясы келесі белгілермен беріледі:
- Депозит нарығында сұраныс пен ұсынысқа тәуелді;
- Банктердің лимиттерімен және нормативтер әрекеті бойынша;
- Депозит қатынастарының субъектілеріне байланысты;
- Географиялық принципіне байланысты;
- Тартылған қаражаттардың құрылымына және көлеміне байланысты;
Шекара классификациясы кеңейтілген түрі 7 суретте көрсетілген.

7 – сурет. Коммерциялық банктің депозит саясатының шекаралары [9,85].

Депозит саясатының шекаралары

Экономикалық Административті сандық
Сапалы

шекара шекара
шекара шекара

Банктің депозит саясатын қарастырғанда, депозит саясатының мақсаты
төмен бағамен көп ақша қаражаттарын тарту. Бұл саясат келесілерді
шешеді:
- Банктің пайда табуын депозиттік операция жүргізу әрекеті немесе
болашақта пайда шартын құру;
- Банк ликвидін жеткілікті деңгейде ұстау;
- Депозит субъектілерінің диверсификациясын қамтамасыз ету;
- Депозит операциясымен қарыз беру операциясы арасындағы қарым-қатынас;
- Депозит шотындағы бос қаражаттарды азайту;
- Пайыз саясатын жүргізу;
- Тартылған қаражаттар бойынша пайыз шығындарын азайту жолдарын
іздестіру;
- Клиенттерге қызмет көрсету мәдениетін және сапасын жақсарту.
Бұл сұрақта коммерциялық банкте депозит саясатын құру механизімін
қарастыру керек, ол 8 суретте көрсетілген.

8 – сурет. Коммерциялық банктерде депозит саясатын құру схемасы
[9,90].

Депозит саясаттарының мақсаттарын құру

Қажетті бөлімшелерді анықтау

Қаражаттарды тарту процедурасын құру

Басқаруды ұйымдастыру

Берілген механизм эффектілігін функционалдығын банктің депозит саясаты
жүргізу процесінде көптеген мақсаттарды орындауға болады.
Коммерциялық банктің депозит саясатын құрғанда әр этап өзара
тығыз байланысты, өйткені олар оптималды депозит саясатын құруда міндетті
болып табылады, яғни дұрыс саясат ұйымдастыруда. Банктің депозит саясатының
механизімін құру процесінде, банктің әртүрлі құрылымының бөлімшелері
қатысады. Оны 1 нұсқадан көруге болады.
Берілген сұрақ мазмұны банк ликвиттігін анықтаушы негізгі фактор
болады, ол депозит базасының сапасы. Депозит базасының критерилеріне оның
тұрақтылығы жатады. Неғұрлым банк депозит бөлімі тұрақты, соғұрлым банк
ликвиді жоғары. Депозит бөлімінің тұрақтылығының жоғарлауы банктің ликвит
активіне сұранысты азайтады.
Әртүрлі депозит түрлеріне шетелдік зерттеудегі талдау жүргізуде
талап еткенге дейінгі депозиттер жоғары тұрақтылыққа ие. Бұл депозит
түрі пайыз мөлшерлемесінің деңгейіне байланысты емес. Оның сол немесе
басқа банкке қатысы келесі факторлармен байланысты: қызмет көрсету
сапасы, банктің сенімділігі, қызмет көрсетудің әртүрлігі.
Талдауда коммерциялық банк депозит саясатының объективті және
субъективті проблемаларының санымен байланысты, қиында және еңбектік
процес ретінде құрылуын куәландырады.
Субъективті проблемаларға жататындар:
• Қызмет масштабы;
• Клиент қаражатын тартуда банк басқарудың қызығушылығының
жоқтығы;
• Орта және жоғары сапалы менеджмет деңгейінің жетіспеуі;
• Депозит саясатын жүргізуде ғылыми-зерттеу концепциясының
жоқтығы;
• Депозит процесін ұйымдастырудағы жетіспеушілік;
Объективті факторларға:
• Мемлекеттің коммерциялық банктерге тікелей және жанама
әсер етуі;
• Макроэкономикалық әсер етуі;
• Банкаралық конкуреция;
• Қазақстанда қаржалақ және ақша нарығының жағдайы;
Жоғарыда айтылғандардың бәрі депозит саясатын құруда пайыз саясатымен
байланысты деп айтуға болмайды. Мемлекеттік реттеу кезінде пайыз
нормасы заңнама жүзінде белгіленеді, ал қазір банктер өз бетінше
пайыз ставкасын қояды. Жеке депозит шоттарына қарай пайда көлемі,
салым мерзімі, сомма, көлем анықталады.
Депозит бойынша пайыз төлеу- операциялық шығын негізгі бөлігі.
Сондықтан банк бір жағынан, жоғары пайыз ставкасына қызығушылық танытпайды,
екіншіден, клиенттерге ұтымды пайыз ставкасын ұстап отырады. Ірі мөлшерде
және ұзақ мерзімде депозит тартуда коммерциялық банктер клиенттерге
жоғары пайыз ставкасын ұсынады.
Коммерциялық банктің пайыз саясаты бағыты ол есеп айырысу, барлық
ресурстар бағасын талдауы және депозит операциясы.
Ол үшін қажет:
• Орташа пайыз белгілеу;
• Пайыз ставкасының динамикасын зерттеу;
• Инфляция жағдайында ресурстың нақты құнын есептеу;
• Пайыз шығынын өзгеруін есептеу;
Пайыз аудару келесі әдістермен жүргізіледі:
• Жай пайыз;
• Күрделі пайыз;
• Ағымды пайыз;
• Фиксалданған пайыз;
Сонымен бірге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық банктің экономикалық тұрақтылығын күшейту жүйесінде оның депозиттік саясатын жетілдіру бойынша ұсыныстарды дайындау
Коммерциялық банкте депозиттік саясат қалыптасуының теориялық негіздері
Коммерциялық банкте депозиттік саясат қалыптас
Коммерциялық банктердің депозиттік операцияларының сыныптамасы
Банктегі депозиттік операциялар және олардың есебі
Коммерциялық банктің депозиттік саясаты депозиттік саясаттың субъекттері
Коммерциялық банк
Қазақстандағы депозиттік нарықтың дамуын коммерциялық банктің депозиттік қызметі негізінде талдау
Мектепте қаржы сауаттылығы пәні бойынша коммерциялық банктердің сырттан тартылған ресурстарының көлемін арттыру жолдарын
Коммерциялық банктердің несие ресурстарын құрудағы депозиттер: болашағы мен проблемалары
Пәндер