Қайта құру кезіндегі Қазақстан экономикасы



1. Кіріспе.
2. Негізгі бөлім.
• Қайта құру саясаты дегеніміз не?
• Қайта құру механизмі.
• Қайта құру кезіндегі Қазақстан экономикасы.
3. Қорытынды.
4. Пайдаланылған әдебиеттер.
ХХ ғасырдың 80 жылдардың орта шенінде кеңестік қоғамда түбегейлі өзгерістер қажеттігі айқын сезілген еді. Кейбір үкімет басшылары да терең өзгерістер керек екенін түсіне бастады. 1985 жылдың наурыз айында КОКП Орталық Комитетінің пленумында Бас хатшы болып М.С.Горбачев сайланды. Сол жылдың сәуір айында ол өзінің «Қайта құру» бағытын айқындады. Бірақ бұл шешім тек сөз жүзінде қалды. Іс жүзінде ол кеңес қоғамын ыдыратуды тездетті. Оны Қазақстанның партия, Кеңес органдары қызметінен байқауға болады.
Қазақстанда Одақтың барлық жерлеріндегі сияқты тоқырау жылдарында басқару ісінде жағымпаздық, парақорлық, рушылдық, жершілдік сияқты көптеген келеңсіз құбылыстар кеңінен орын алды. Бұл жылдары ұлт саясатында, әлеуметік – экономикалық және кадр мәселелерінде көптеген ауытқушылыққа жол берілді. Жалпы барлық кеңес қоғамы үшін бұл кезде қоғамдық ойдың мәні өзгеріп, сөз бен істің арасында алшақтық, қайшылық кең өріс алды. Кадр мәселелерін шешу партия комитеттерінің тек бірінші басшыларының айтуымен, солардың таңдауымен жүретін болды. Оларды іріктеуде тек туыстық, жерлестік, бастыққа берілгендік жағдайлар маңызды рөл атқарды. Бұл коммунисттік партияның, соның ішінде Қазақстан Компартиясының да барлық деңгейде көрініс тапты. Көптеген басшы партия қызметкерлері мен партия комитеттері ескіше қызмет етті.
КСРО-ның экономикалық жағдайының күрделене түсуі Қазақстан оның құрамды бөлігі болғандықтан азды - көпті қиындықтарға душар болды: халық шаруашылығының салалары тұйыққа тірелді; қоғамдық өндірістің тиімсіздігі жалғаса берді; инвестициялық сала кемші күйінде қалды; халық шаруашылығын басқарудың экономикалық және құқықтық тәсілдері жөнді меңгерілмеді; жоспар, өндіріс және еңбек тәртібі олқылыққа ұшырады т.т.
Осындай тұйыққа тірелген соң экономиканы сауықтыру қажеттігі туды. Экономиканы басқаруды түбінен қайта құру деп аталып кеткен саясат сол кезде өктемдігі жүріп тұрған КСРО-да барлық республикаларда да бірдей жүргізілді. Қайта құрудың негізгі мәні барлық буындарда да экономиканы басқарудың әкімшілік әдісі емес, экономиканы басқаруды демократияландыру, адам болмысын белсендіру деп табылды.
1. «Қазақстан экономикасы». Нұрғалиев Қ.Р. Алматы 1999.
2. «Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы» Қ.С.Қаражан. Алматы 2005.
3. «Қазақстан Республикасының тарихы». К.Рысбайұлы. Алматы «САНАТ» 1999.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Қайта құру кезіндегі Қазақстан экономикасы.

Жоспар:

1. Кіріспе.
2. Негізгі бөлім.
• Қайта құру саясаты дегеніміз не?
• Қайта құру механизмі.
• Қайта құру кезіндегі Қазақстан экономикасы.
3. Қорытынды.
4. Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе

ХХ ғасырдың 80 жылдардың орта шенінде кеңестік қоғамда түбегейлі
өзгерістер қажеттігі айқын сезілген еді. Кейбір үкімет басшылары да терең
өзгерістер керек екенін түсіне бастады. 1985 жылдың наурыз айында КОКП
Орталық Комитетінің пленумында Бас хатшы болып М.С.Горбачев сайланды. Сол
жылдың сәуір айында ол өзінің Қайта құру бағытын айқындады. Бірақ бұл
шешім тек сөз жүзінде қалды. Іс жүзінде ол кеңес қоғамын ыдыратуды
тездетті. Оны Қазақстанның партия, Кеңес органдары қызметінен байқауға
болады.
Қазақстанда Одақтың барлық жерлеріндегі сияқты тоқырау жылдарында
басқару ісінде жағымпаздық, парақорлық, рушылдық, жершілдік сияқты көптеген
келеңсіз құбылыстар кеңінен орын алды. Бұл жылдары ұлт саясатында,
әлеуметік – экономикалық және кадр мәселелерінде көптеген ауытқушылыққа жол
берілді. Жалпы барлық кеңес қоғамы үшін бұл кезде қоғамдық ойдың мәні
өзгеріп, сөз бен істің арасында алшақтық, қайшылық кең өріс алды. Кадр
мәселелерін шешу партия комитеттерінің тек бірінші басшыларының айтуымен,
солардың таңдауымен жүретін болды. Оларды іріктеуде тек туыстық, жерлестік,
бастыққа берілгендік жағдайлар маңызды рөл атқарды. Бұл коммунисттік
партияның, соның ішінде Қазақстан Компартиясының да барлық деңгейде көрініс
тапты. Көптеген басшы партия қызметкерлері мен партия комитеттері ескіше
қызмет етті.
КСРО-ның экономикалық жағдайының күрделене түсуі Қазақстан оның
құрамды бөлігі болғандықтан азды - көпті қиындықтарға душар болды: халық
шаруашылығының салалары тұйыққа тірелді; қоғамдық өндірістің тиімсіздігі
жалғаса берді; инвестициялық сала кемші күйінде қалды; халық шаруашылығын
басқарудың экономикалық және құқықтық тәсілдері жөнді меңгерілмеді; жоспар,
өндіріс және еңбек тәртібі олқылыққа ұшырады т.т.
Осындай тұйыққа тірелген соң экономиканы сауықтыру қажеттігі туды.
Экономиканы басқаруды түбінен қайта құру деп аталып кеткен саясат сол кезде
өктемдігі жүріп тұрған КСРО-да барлық республикаларда да бірдей жүргізілді.
Қайта құрудың негізгі мәні барлық буындарда да экономиканы басқарудың
әкімшілік әдісі емес, экономиканы басқаруды демократияландыру, адам
болмысын белсендіру деп табылды.

Қайта құру саясаты дегеніміз не?

Сайып келгенде 80-ші жылдардағы қайта құру дегеніміз 1965 жылы қайта
құрудың жалғасы болып шықты, тек бұл қайта құру тереңдей түсті. 80-ші
жылдардағы қайта құру мынадай механизмдерді кеңінен қолдануды көздеді:
1. Өндірістің бастапқы буынының тиімді жүмыс істеуіне ерік беру үшін
оның дербес мекемелік шекарасын кеңейте түсу. Осыған байланысты оған
дербестік, өзін-өзі басқару, өзін-өзі өтеу және өзін-өзі қаржыландыру
енгізілді.
Психологиялық ахуал екерілмей, кәсіпорынды алдын ала ұйымдастыру
тұрғысынан дайындамай жүргізілген бұл адым жер-жерде менмендік туғызды. Ол
барып өндірістің өз ішіндегі және ауданаралық байланыстарды бұзды, ойына
келген бағаны қою туындады. Көптеген кәсіпорындар сыртқы рынокқа шығуға
құқық алды. Бұлар негізінен халық шаруашылығының кен қазба салаларындағы
кәсіпорындар болғандықтан табысты өз бастарының пайдасына жұмсады да,
валюталық пайдаларын шетел банктарына сала берді. Әрине, мұның мемлекеттік
бюджетке ешқандай пайдасы тимеді.
Бүтіндей алғанда экономикалық дербестіктің шекарасы үш жағдаймен
белгіленеді: өндірісті қоғамдастыру дәрежесі және шаруашылықтар арасындағы
өзара байланыстың дамуы; өндіріс құралдарын меншіктенудің межесі; кадрлар
даярлаудың сапасы, шаруашылыққа иелік жасаудың әдістері мен амалдары.
Алайда КСРО-да қалыптасқан ұзаққа белгіленген жалпы бағыт меншікті
мемлекеттендіруге тұсау болды, өзара байланысты шегере берді, мұның өзі
әдістің әлсіздігінен, басқару амалдарының аздығынан жер-жерде ықылас
көтеруді көмескілеп, ізденушілікті шектеп, шаруашылықты құбылта жүргізуді
күңгірттендіре берді.
2. Кәсіпорындарды дербес басқару еркіндікті, ынталылықты және
жауапкершілікке берік болуды талап етеді. Кәсіпорынның жауапкершілігі
дегеніміз олардың бір-біріне тәуелділігі, қоғамдық еңбек бөлінісінде алған
орны түрлі жағдайларға байланысты: шаруашылық есеп, әкімшілік, құқықтық
және адалдық сипаттар. Жауапкершіліктің бұл түрлері ең алдымен халық
шруашылығының мүдделерін қанағаттандыру үшін қоғам алдындағы жауапкершілік,
мүмкіндіктерді тиімді пайдалану; екіншіден, тікелей тұтынушыларың өнімі мен
қызметін ұқсату; үшіншіден, өндірістің техникалық жағын жетілдіріп отыру,
еңбек ақы төлеу дәрежесін ұстану, басқа да әлеуметтік мәселелерді шешіп
отыру.
Өзін-өзі басқарудың мәні халық шаруашылығы мен халықтың өскелең
талабына сәйкес кәсіпорын өндіріс жоспарын өзі жасайды, өнімдерді тарату
және қызмет көретуді өзі белгілейді. Сөйтіп жаңа жағдайға иелік жасауда
өндірістік бағдарламаны өзі жасайды, материалдық қамтамасыз етудің қамына
кіріседі, өндірілген товарды өткізумен айналысады. Мұндайда кәсіпорын
ықылас көтеріп, алмасу амалдарын қолданып, маркетингпен шұғылданады. Ал 80-
ші жылдары кадрлар мұндай мәселелерді шешуге дайын болмады. Мемлекетпен,
еңбек ұйымдарымен және жеке қызметкерлермен экономикалық, саяси және
құқықтық қатынастардың нақтылы түрлері анықталмаған болатын.

Қайта құру саясатының механизмі

Қайта құрудың маңызды механизмі шаруашылық есеп болып табылады. Қайта
құру жылдарында шаруашылық есептің екі түрі ұсынылды.
Біріншісі – пайданы нормалап бөлу. Пайданы бөлу механизмінің бірінші
түрі - өнімді (қызмет көрсетуді) өткізгеннен алынған табыстан, ең алдымен
өндіріске жұмсалған қаражат қалпына келтіріледі және еңбекақы қорына төлем
төленеді. Еңбекақы қоры таза өнім нормативінен түзіледі, ал кен қазба
саласында нақтылы алынған өнім бірлігінен (т.м. текше м.) түзіледі.
Пайданың қалған бөлігі балансалық табыс болып саналады да, одан
берілетіндер: қорға төлем, еңбек ресурстары, мемлекеттік және жергілікті
бюджетке бересілер, министрліктің қорына төлем, банктен алған несие
проценті де осыдан төленеді.
Осының бәрінен кейін қалған пайдадан мынадай қорлар жасалады:
өндірісті, ғылым мен техниканы дамыту, әлеуметтік даму, материалдық
марапат, валюталық төлем үстіне қаражат резерві жасалады.
Екінші – шаруашылық есеп кірісінің нормативпен таратылуы былайша
жүргізіледі: Біріншіден, өнімнен (қызмет көрсетуден) түскен табыстан
материалдық шығындар қалпына келтіріледі. Табыстың қалған бөлігі нақты
кіріс болып табылады да, одан қорлар мен еңбек ресурстарына төлем төленеді,
министрліктің қорына бересі беріледі, банктен алған несиенің проценті
төленеді.
Енді шаруашылық есептің кірісі қалады, одан мынадай қорлар құрылады:
өндірісті, ғылымды, техниканы дамыту, әлуметтік даму, валюталық бересілер,
еңбек төлемінің бірыңғай қоры, қаржы қоры жасалады.
Бірінші модель бойынша жалақының белгілі мөлшері тұрақты қалыптасады,
бірақ оның арта беруіне шек қойылады, екінші модель бойынша жалақы қанша
өссе де шек қойылмайды және кемуіне де кепілдік берілмейді.
Шаруашылық есепті қайта құруда мынадай жаңалықтар енгізілмек болды:
• өзін-өзі өтеуден өзін-өзі қаржыландаруға көшу, яғни қарапайымнан
кеңейтілген өндіріске көшу;
• түпкілікті нәтижені көздеу, оның экономикалық тиімділігінің
маңызды көрсеткіші шаруашылық есептің кірісі болмақ;
• шаруашылық есептің екі түрінде нормативті негізін нығайту:
өндірілген өнім бірлігінің белгілі сапасына жұмсалатын орташа
шығынның салмағы, яғни кәсіпорынның нормативтері, шаруашылық
есеп кірістері, яғни бөлістік қатынастарды теңестіретін
нормалар.
Шаруашылық есеп жүйесіндегі бұл шаралар көз бояушылықты, үстемелеп
жазуды, бірдейлікті жоюға, еңбексіз табысқа қарсы күресті күшейтуге
бағытталған болатын.
Ал іс жүзінде мемлекеттің экономиканы басқарудан жалтаруы,
демократияны бетке ұстап, директорлар тобының жұмысын бетімен жіберу топ-
тобымен менмендік туғызды, мұның өзі өндірсті құлдыратып жіберді, пайда
табудың ролін аса арттырып жіберді. Кәсіпорындардың директор корпустары
пайданы көбейтпек болып бағаны артыра берді.

Қайта құру кезіндегі Қазақстанда орын алған фактілер.
Қайта құру жылдары Қазақстанның экономикалық дамуында дағдарыстық
құбылыстар одан әрі тереңдей түсті. Экономикада көптеген кәсіпорындардың
шығынын табысы мол кәсіпорындардың арқасында ұстап тұру орын алды. Жұмыстың
бағасы өнімнің саны мен сапасына емес, оған жұмсалған қаржымен есептелді.
Республиканың өндірістік құрылымы шикізат өнімдерін өндіру саласымен
сипатталды. Өндеу сапасы өте төмен, әлсіз, ғылыми негіделмеген болды.
Сондықтан да Қазақстанда оның үлесі өте аз мөлшерде еді. Қазақстан өз
шикізаттарының ең негізгі бөлігін толық өндеу үшін сыртқа шығарып, дайын
күйіндегі өндірі құрал-жабдықтарын қымбат бағаға сатып алуға мәжбүр болды.
Қазақстанның кәсіпорындары мен шаруашылық ұйымдарының кірісі 1985
жылға қарағанда 1990 жылы 2,4 есе, ал 1991 жылы 4,8 есе көбейді. Өндіріс
құлдырап кетсе де товарсыз кіріс адамдардың еңбексіз-ақ жалақы ала беруіне
әкеліп соқты, тұтыну рыногын жүдетіп жіберді, ақша құнсызданып инфляцияны
туғызды.
Жағдай осылай болғандықтан экономиканы сауықтыру қажет болды. 1989
жылдың аяғында КСРО Үкіметі экономиканы қайта құрудың үш бағытын ұсынды.
Біріншісі – экономикадағы бөліктерді ықшамдау, яғни бағаны өсіре беруден
бас тарту, кәіпорындардың құқықтары мен дербестігін шектеу, өндірушілерге
басшы орындары арқылы ықпал жасау, ұлттық табыстың тұтынуға және өндірістік
емес құрылысқа жұмсалатын үлесі 84 - 86% болмақ, ал өндіріске жұмсалатыны –
14 - 16%. Екіншісі - өндірістік қуатты кең көлемде реконструкциялау, ең
алдымен өнеркәсіп пен транспорттық базалық салаларын жетілдіру. Ұлттық
табыстан тұтынуға жіберілетіні 80%-ке дейін төмендетіледі, ал түсім 20%-ке
көбейтіледі. Әлеуметтік мәселелерді шешу 1996 - 2005 жылға дейін қала
тұрады. Сондай-ақ экономика құрылымын жетілдіру, тұтыну рыногын дамыту,
әлеуметтік құрылымдарды нығайтуды экономикалық тұрғыдан қайта құру да
кейінге қалдырылды.
Үшінші - әлеуметтік мүдделерді шешуге бағытталған ірі шараларды
кейінге қалдырмай, құрамды - инвестициялық бағытта жүргізу. Ұлттық табыстың
тұтынуға және өндірістік емес құрылысқа жұмсалатыны 13-ші бесжылдықта (1991
- 1995) 89 -90%, қалдық 10 - 11%, ал екінші жартысында тиісінше 87 - 88%
және 12 - 13% болмақ. Негізгі күш халық тұтынатын заттар мен халыққа қызмет
көрсететін өндіріс салаларын түбірінен қайта құру көзделген болатын.
Экономикалық реформаның бұл шаралары қағаз жүзінде қалып қойды. 1990
жылы ғылыми мекемелер 500 күн бағдарламасын жасады. Ол төрт кезеңмен
жүзеге асырылмақ болды. Бірінші 100 күнде төтенше шаралар деп аталған
бағдарламада қаралғандар: барлық шаруашылық иелері құқықтарының бірдейлігі;
меншіктерді мемлекет иелігінен босатып приватизациялау; дотацияны шектеу,
КСРО банк жүйесін қайта құру. Екінші 100-ші және 250-ші күндер – бағаны
босатып, қаржыны қатаң шектеу; үшінші ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өтпелі экономикадағы әлеуметтік-экономикалық қатынастардың қалыптасуы
ӨТПЕЛІ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ТУРАЛЫ
Жекешелендіру
Магистралды газ құбырының технико - экономикалық дәлелдемесі
Экспорт пен ұлттық экономика
Кәсіпорын экономикасы пәні бойынша әдістемелік нұсқау
Аймақтық экономика дамуының приоритет
ҚР нарықтық экономикаға өту ерекшеліктері
Аралас экономикалық жүйенің қалыптасу ерекшеліктері
Жекешелендіру - мемлекеттік меншіктің жеке меншікке өзгеру ретінде өтпелі экономика кезінде
Пәндер