Қорқыт Ата туралы ақпарат



ҮІІІ ғасырда Сыр бойында өмір сүрген Қорқыт Ата – ежелгі түркілердің көрнекті ағартушысы, ойшылы, әрі ақын, сазгер, әрі күйші, тарихта ерекше рухани із қалдырған, халық даналығын жинаушы. Өзінің философиялық толғамдарында өмір мен өлім мәселелерін көтерді. Мәңгі өлмеудің жолын қиялымен іздестіреді. Аңыз бойынша, ол ақ түйені мініп, дүниенің төрт бұрышын кезеді. Бірақ қайда барса да, алдынан қазылып жатқан көр кездеседі. "Кімге қазып жатырсыздар?” деген сұрауына "Қорқыттың көрі” деген жауап алады. Содан кейін өлімнен қашып құтылуға болмайды екен деген қорытындыға келеді. Ол пікірді оған түрлі жан-жануарлар да, өсімдіктер де, бүкіл әлем ұқтырған көрінеді. Қорқыт ата поэма, күйлер шығарып, оны қобызда орындайтын болады. Сол себепті де "Қорқыт ата шығармаларын” "Қорқыт Ата кітабы” деп атайды. Себебі, Қорқыт Ата айтқан жырларды, дастандарды жинақтап, солай атапа шығарған көрінеді. 12 тараудан тұратын кітапта батырлық, елдік, адамгершілік туралы оқиғалар жырланады.
"Қорқыт Ата кітабы”- бүкіл түркі тілдес халықтарға ортақ аса көрнекті жазба ескерткіші. Бұл еңбекте тәлімдік мәні күшті афоризмдер, қанатты сөздер мен тағылымдық-танымдық идеяалар, өсиет сөздер көптеп кездеседі. Қорқыттың есімін көшпенді түркі тайпалары ежелден қастерлеген. Сондықтан да халық: "Жыраудың үлкен пірі – Қорқыт Ата, бата алған барлық ақын асқан ата, таңқалып жұрттың бәрі тұрады екен, қобызбен Қорқыт Ата күй тартқанда” – деп тегін жырламаған. Қандай ма қиын іс болмасын, Қорқыттың кеңесін алмай, ел ешбір жұмысқа қол ұрмаған. Ел оның барлық өсиетін бұлжытпай орындаған.
Қорқыт атадан қалған нақыл сөздерінен мысал келтірсек: "Тәңірге сиынбаған адамның тілегі қабыл болмайды. Тәңірі пендесінің маңдайына не жазса, сол болады”. "Менмен, тәкаппар адамды тәңірі сүймейді. Басқалардың өзін жоғары ұстаған адамға тәңірі бақ бермейді”.
"Өзіңнен тумаса ұл өгей: қаншама бағып, қаққанмен ол саған ұл болмайды. Ер жетіп, ат жалын тартып мінген соң өз жөніне кетеді, бәлки ол тәрбиелеген адамға көрдім-білдім деген де сөзді айтпас”. "Анадан өнеге көрмеген қыз жаман, атадан тағылым алмаған ұл жаман. Ондай бала ел басы құрап, үйінен дәм беруге де жарымайды”, "Ананың көңілі балада болар”, "Ақылсыз баладан ата дәулетінен қайран жоқ”.
Қорқыт Ата өзінің ел-жұртына тағы мынадай өсиет айтқан: "Батыр туған жігіттің садағының оғы да қылыштай кесіп түседі”, "Атаның атын былғаған ақылсыз баланың әке омыртқасынан жаралып, ана құрсағында шырланып, тумағаны жақсы”, "Ата даңқын шығарып, өзінің тегін қуған балаға ешкім жетпейді”, "Өтірік сөз өрге баспайды, өтірікші болғаннан, жарық көріп, өмір сүрмеген көп артық”. Шығармадағы оқиғаларды баяндау желісі Ә.Фирдоусидің "Шахнамасына” үлгі болған еді. Шығарма Шығыс елдеріне кең тараған. Ол – бүкіл түркі халықтарына ортақ жайында сақталған. Көшірмесін түріктер одан біз қазақ тіліне аударған.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Қорқыт Ата
ҮІІІ ғасырда Сыр бойында өмір сүрген Қорқыт Ата – ежелгі түркілердің
көрнекті ағартушысы, ойшылы, әрі ақын, сазгер, әрі күйші, тарихта ерекше
рухани із қалдырған, халық даналығын жинаушы. Өзінің философиялық
толғамдарында өмір мен өлім мәселелерін көтерді. Мәңгі өлмеудің жолын
қиялымен іздестіреді. Аңыз бойынша, ол ақ түйені мініп, дүниенің төрт
бұрышын кезеді. Бірақ қайда барса да, алдынан қазылып жатқан көр кездеседі.
"Кімге қазып жатырсыздар?” деген сұрауына "Қорқыттың көрі” деген жауап
алады. Содан кейін өлімнен қашып құтылуға болмайды екен деген қорытындыға
келеді. Ол пікірді оған түрлі жан-жануарлар да, өсімдіктер де, бүкіл әлем
ұқтырған көрінеді. Қорқыт ата поэма, күйлер шығарып, оны қобызда орындайтын
болады. Сол себепті де "Қорқыт ата шығармаларын” "Қорқыт Ата кітабы” деп
атайды. Себебі, Қорқыт Ата айтқан жырларды, дастандарды жинақтап, солай
атапа шығарған көрінеді. 12 тараудан тұратын кітапта батырлық, елдік,
адамгершілік туралы оқиғалар жырланады.
  "Қорқыт Ата кітабы”- бүкіл түркі тілдес халықтарға ортақ аса көрнекті
жазба ескерткіші. Бұл еңбекте тәлімдік мәні күшті афоризмдер, қанатты
сөздер мен тағылымдық-танымдық идеяалар, өсиет сөздер көптеп кездеседі.
Қорқыттың есімін көшпенді түркі тайпалары ежелден қастерлеген. Сондықтан да
халық: "Жыраудың үлкен пірі – Қорқыт Ата, бата алған барлық ақын асқан ата,
таңқалып жұрттың бәрі тұрады екен, қобызбен Қорқыт Ата күй тартқанда” – деп
тегін жырламаған. Қандай ма қиын іс болмасын, Қорқыттың кеңесін алмай, ел
ешбір жұмысқа қол ұрмаған. Ел оның барлық өсиетін бұлжытпай орындаған.
      Қорқыт атадан қалған нақыл сөздерінен мысал келтірсек: "Тәңірге
сиынбаған адамның тілегі қабыл болмайды. Тәңірі пендесінің маңдайына не
жазса, сол болады”. "Менмен, тәкаппар адамды тәңірі сүймейді. Басқалардың
өзін жоғары ұстаған адамға тәңірі бақ бермейді”.
      "Өзіңнен тумаса ұл өгей: қаншама бағып, қаққанмен ол саған ұл
болмайды. Ер жетіп, ат жалын тартып мінген соң өз жөніне кетеді, бәлки ол
тәрбиелеген адамға көрдім-білдім деген де сөзді айтпас”. "Анадан өнеге
көрмеген қыз жаман, атадан тағылым алмаған ұл жаман. Ондай бала ел басы
құрап, үйінен дәм беруге де жарымайды”, "Ананың көңілі балада болар”,
"Ақылсыз баладан ата дәулетінен қайран жоқ”.
       Қорқыт Ата өзінің ел-жұртына тағы мынадай өсиет айтқан: "Батыр туған
жігіттің садағының оғы да қылыштай кесіп түседі”, "Атаның атын былғаған
ақылсыз баланың әке омыртқасынан жаралып, ана құрсағында шырланып, тумағаны
жақсы”, "Ата даңқын шығарып, өзінің тегін қуған балаға ешкім жетпейді”,
"Өтірік сөз өрге баспайды, өтірікші болғаннан, жарық көріп, өмір сүрмеген
көп артық”. Шығармадағы оқиғаларды баяндау желісі Ә.Фирдоусидің
"Шахнамасына” үлгі болған еді. Шығарма Шығыс елдеріне кең тараған. Ол –
бүкіл түркі халықтарына ортақ жайында сақталған. Көшірмесін түріктер одан
біз қазақ тіліне аударған.
  Қорқыт Ата философиясында ұрпақтар сабақтастығы қағидасына ерекше мән
берген. Ұрпақтар сабақтастығы адамзат болмысының басты қағидасы бола
отырып, қазіргі заманғы кейбір өркениетті елдердегі бұл қағиданың бұзылуы
олардың болмыссыздығына әкеліп, адамгершілік өлшемдерге қайшы келеді.
"Салор қазан үйінің шабылғаны туралы әңгімесінің баяны” жырында ұрпақтар
сабақтастығы қағидасының тәрбиелік-тәлімдік мәнін төмендегіше суреттейді:
            Қарлы таулар қартайса, шөп бітпес,
            Арналы өзендер қартайса, су келмес,
            Биелер қартайса, құлын бермес,
            Ей, кәпір әйел қартайса, ұл  бермес1
            Баланың өмірге келуін салтанатты түрде атап өтуі және
адамзаттың әлемнің бөлшегі ретіндегі тұтастық туралы дүниетанымдық
көзқарастары
тұжырымдалды. Осы жерден көне Рим философы Цицеронның да: "Бала
болмаса, адам мен адамның табиғи байланысының болуы да мүмкін емес. Бұл
байланыс жойылса, ортақ тіршілікте ұштасып жатқандығын байқау қиын
емес”.Кең даланы еркін мекендеп, салтанатты, салауатты өмір кешкен
көшпенділер "Адамзат өмірінің мәні неде?” деген философиялық мәселеге
ұрпақтар  сабақтастығы адамзат тіршілігінің мақсаттарының бірі екендігі
туралы түсінікке әкеліп салған.
      Қорқыт Ата мұрасындағы адам мәселесі, оның өмір сүру қағидалары,
мақсат-мұраттары және қоғам мен ұлттық болмыс хақындағы әлеуметтік-
тұрмыстық толғаныстарына алып келеді. Онда халқының болашағы, жалпы
адамгершілік құндылықтар мен қасиеттерді сақтау, тәлім-тәрбие, ата салтын,
дәстүрін құрметтеу мен қастерлеу мәселелері өз болды. Қорқыт Атаны қазақ,
жалпы түркі халықтарының мәдени-дәстүрінің негізін салушылардың бірі деп
қарастыруға болады. Қорқыт Ата дана-ақылшы ретінде оның тағылымдық
көзқарастары ең алдымен даналық тұжырымдар арқылы берілетін
өсиетнамалардан, ғибратнамалардан тұрады. Әрбір жыр соңындағы қорытынды
сөздерінің ақыл-кеңес пен батасы, тәлімдік-тәрбиелік ой толғаныстарынан
байқалады.Оның дидактикалық тұрғыдан берілетін нақыл сөздерінің, оның
ішінде ата-салтын қастерлеу, жалпы адамзаттық, адамгершілік құндылықтар
туралы айтқан қағидалары бүгін де өз мәнін жойған жоқ. Мәселен, ата дәстүрі
мен салты, жанұя тәрбие, тәрбиедегі үлгі-өнеге туралы өсиетнамалары мен
қатар жырларында да жақсы айтылады. "Қыз анадан көрмейінше өнеге алмас”,
"Ұл атадан көрмейінше сапар шекпес”, "Ұлдың күні қараң, ата өлік мал
қалмаса”, "Ата малынан не пайда, баста дәулет болмаса”1
            Күллі түркі халықтарына ортақ Қорқыт Ата тағылымдық қағидалары
күні бүгінге дейін өз мәнін жойған жоқ. Қорқыт Ата мұрасына бүгінгі ХХІ
ғасырда өмір сүретін ұрпақ ерекше мән беріп, ұлттық тәрбие мен білім беру
жүйесінде кеңінен пайдаланылып келеді. Қазір Егеменді Қазақстанда Қорқыт
Атаның философиялық, педагогикалық, психологиялық ой-толғаныстары туралы
ғылыми-зерттеу жұмыстары қолға алынып, алғашқы кандидаттық диссертациялар
қорғалып, монографиялық кандидаттық диссертациялар қорғалып, монографиялық
еңбектер жарық көре бастады.
Қорқыт ата - түркі халықтарының бәріне ортақ ұлы ойшыл-кемеңгер, жырау,
күйші-қобызшы. Ол туралы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қорқыт ата өмірі мен аңыздары
Қорқыт атаның даналық сөздері
Қорқыт ата дастанындағы ұлттық идея
Ішек қылған, қобызым
Қорқыт туралы ақиқат және аңыз
Мемлекеттік басқару жүйесіндегі кадрлық саясат және оны жүзеге асыру механизмі
Ақиқат ұғымы
Сақтандыру рыногінің құрылымы
Қазақстан тарихы туралы қытай деректемелері
Ежелгі түркі өркениеті және Қорқыт ата мұралары
Пәндер