Таным процестерінің дамуының психикалық ерекшеліктері



Кіріспе

1. Түйсік
Сезгіштік пен табалдырық
Адаптация
Сенсибилизация
Синестезия
Түйсік түрлері
2. Қабылдау
Тұтастығы
Мағыналылығы
Таңдамалылығы
Тұрақтылығы
Иллюзия
Апперцепция
3. Ес
1.1 Түрлері
1.2 Процестері
4. Ойлау
1.1 Ой тәсілдері
5. Сөйлеу
1.1 Түрлері
6. Қиял

Әдебиеттер тізімі
Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттері-
нің, сезім мүшелеріне тікелей әсер етүінен пайда болған мидағы бейнелерді түйсік деп атайды.
Түйсік арқылы заттың түсін, иісін, дәмін, қатты-жұмсақтығын, кедір-бұдырлығын т.б. осы секілді қасиеттері ажыратылады. Сон-
дай-ақ түйсік денеде болып жататын түрлі өзгерістер жөнінде де, яғни дененің қозғалысы мен оның кеңістікке орналасуын, жеке бө-
ліктерінің жұмысы жайлы хабарлайды. Сыртқы дүниені танып-білу түйсіктен басталады. Ол білім атаулының алғашқы көзі. Мәселен, жолдасыңнан көзінің жұмуын өтініп, оның алақанына белгісіз бір затты тигізсең, сосын одан не екенін сұрасаң,ол:”қатты, жылтыр, мұздай, жұмсақ, жылы кедір-бұдыр, бір нәрсе” деп жауап береді. Заттардың нақты атауы емес, тек түрлі қасиеттерін білдіретін осы сөз тіркестері түсік болып табылады.
Түйсіктер заттар мен нәрселердің тек жеке қасиеттерін ғана ми-
да бейнелейді. Мәселен, адам секундтың 1/10 бөлігінде жалт еткен жарықты көрдім деп афта алады, бірақ оның қалай аталатынын білмейді.

Түйсіктердің негізгі заңдылықтары
Сезгіштік және табалдырық

Психологияда адамның түйсіне алу қабілетін сезгіштік деп атай-
ды. Сезгіштікті: 1) абсолюттік, 2) айырма сезгіштік деп екіге бөледі. Абсолюттік сезгіштік дегеніміз-сезім мүшелерінің өте әлсіз тітіркендіргіштерді түйсіне алуы. Сезгіштік түйсіктің табалдырығы-
мен тығыз байланысты. Мәселен, абсолюттік сезгіштік түйсіктік та-
балдырығына тәуелді.Абсолюттік табалдырық-түйсік табалдырығы- ның шегі. Айырма сезгіштік деп-сезім мүшелерінің тітіркендіргіш-
тердің арасындағы болмашы айырмашылықты түйсіне алуын айта-
ды. Айырма сезгіштікті сипаттау үшін не айыру табалдырығының мөлшерімен пайдаланады. Мәселен, егер алақанға жұз грамм сал-
мақ салып,оған тағы бір грамм қосса,салмақтың артқаны білінбейді
19 ғасырдың орта шенінде өмір сүрген неміс ғалымдары Э.Вебер (1795-1878) мен С. Фехнер (1801-1887) тітіркендіргіштердің күші-
мен адам түйсігінің арасындағы байланысты заң түрінде тұжырым-
дады. Мұны түйсіктің психофизикалық заңы дейді.Осы заң бойын-
ша тітіркендіргіштердің күштері геометриялық прогрессия жолы-
мен көбейсе, одан туатын түйсіктер арифметикалық прогрессия жолымен өседі.
Қ. Жарықбаев “Жантану негіздері”

Ә. Алдамұратов “Қызықты психология”

Архангельский “Мектептегі психологиялық зерттеулер”

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Түйсіктер

Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттері-
нің, сезім мүшелеріне тікелей әсер етүінен пайда болған мидағы бейнелерді
түйсік деп атайды.
Түйсік арқылы заттың түсін, иісін, дәмін, қатты-жұмсақтығын, кедір-
бұдырлығын т.б. осы секілді қасиеттері ажыратылады. Сон-
дай-ақ түйсік денеде болып жататын түрлі өзгерістер жөнінде де, яғни
дененің қозғалысы мен оның кеңістікке орналасуын, жеке бө-
ліктерінің жұмысы жайлы хабарлайды. Сыртқы дүниені танып-білу түйсіктен
басталады. Ол білім атаулының алғашқы көзі. Мәселен, жолдасыңнан көзінің
жұмуын өтініп, оның алақанына белгісіз бір затты тигізсең, сосын одан не
екенін сұрасаң,ол:”қатты, жылтыр, мұздай, жұмсақ, жылы кедір-бұдыр, бір
нәрсе” деп жауап береді. Заттардың нақты атауы емес, тек түрлі қасиеттерін
білдіретін осы сөз тіркестері түсік болып табылады.
Түйсіктер заттар мен нәрселердің тек жеке қасиеттерін ғана ми-
да бейнелейді. Мәселен, адам секундтың 110 бөлігінде жалт еткен жарықты
көрдім деп афта алады, бірақ оның қалай аталатынын білмейді.

Түйсіктердің негізгі заңдылықтары

Сезгіштік және табалдырық

Психологияда адамның түйсіне алу қабілетін сезгіштік деп атай-
ды. Сезгіштікті: 1) абсолюттік, 2) айырма сезгіштік деп екіге бөледі.
Абсолюттік сезгіштік дегеніміз-сезім мүшелерінің өте әлсіз
тітіркендіргіштерді түйсіне алуы. Сезгіштік түйсіктің табалдырығы-
мен тығыз байланысты. Мәселен, абсолюттік сезгіштік түйсіктік та-
балдырығына тәуелді.Абсолюттік табалдырық-түйсік табалдырығы- ның шегі.
Айырма сезгіштік деп-сезім мүшелерінің тітіркендіргіш-
тердің арасындағы болмашы айырмашылықты түйсіне алуын айта-
ды. Айырма сезгіштікті сипаттау үшін не айыру табалдырығының мөлшерімен
пайдаланады. Мәселен, егер алақанға жұз грамм сал-
мақ салып,оған тағы бір грамм қосса,салмақтың артқаны білінбейді
19 ғасырдың орта шенінде өмір сүрген неміс ғалымдары Э.Вебер (1795-
1878) мен С. Фехнер (1801-1887) тітіркендіргіштердің күші-
мен адам түйсігінің арасындағы байланысты заң түрінде тұжырым-
дады. Мұны түйсіктің психофизикалық заңы дейді.Осы заң бойын-
ша тітіркендіргіштердің күштері геометриялық прогрессия жолы-
мен көбейсе, одан туатын түйсіктер арифметикалық прогрессия жолымен өседі.

Адаптация

Сезім мүшелерінің сезгіштігі әсер етүші тітіркендіргіштерге бір-
тіндеп бейімделуге байланысты да өзгеріп отырады. Бұл құбылысты адаптация
дейді. Адаптация-латынша адаптатио, қазақша икемделу деген мағынаны
білдіреді.
Адаптация құбылысы адам сезгіштігін немесе төмендеуін көрсе-
тіп отырады.Түйсіктердің қай-қайсысы да адаптацияланады. Мәсе-
лен, көру түйсігіндегі адаптацияны алайық. Жарық жерден қараңғы жерге кіру
бізде қараңғылық адаптациясын туғызады.

Түйсіктердің өзара байланысы. Сенсибилизация

Егер адаптация анализаторлардың сезгіштгінің түрлі жағдайларға
байланысты артуының төмендеуінің көрсеткіші болса, сенсибилиза-
ция сезгіштіктің тек артуын ғана көрсететін құбылыс. Сенсибилиза-
ция-латынның сенсибилис деген, қазақшасы сезгіш деген мағынада.

Синестезия

Тітіркендіргіштер сезім мүшелер біреуінде ғана түйсік туғызудың орнына
сол сәтте басқа түйсіктердің, пайда болуына да жағдай жа-
сайды. Мәселен, кейбір адамдар біреудің сөзін естігенде, бұған қо-
са түрлі дәмдер мен түстер де сезінуі мүмкін.Синестезия-түйсіктер-
дің өзара байланысының мөлшерден тыс дамыған бір көрінісі. Си-
нестезия-грек сөзі, қазақша қосарласқан түйсік дегенді білдіреді.

Бірізді бейнелер (эйдетикалық ес)

Тітіркендіргіш әсерінің тоқталғанына қарамай, аз ғана уақыт болса да,
түйсіктің өз күшінде қалатын кездерін бірізді образдар деп атайды. Бұлар
көру, есту, иіс, дәм тактиль түйсіктерінде жиі кезде-
седі. Мәселен,адам 2-3 секунд бойы көз алмай шамға қарап отырып
содан кейін көзін жұмса, жарықтың ізін айқын көре алады.

Түйсіктердің түрлері

Түйсіктердің түрлерін үш үлкен топқа бөлуге болады.
1. Сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстардың жеке қасиет-
терінің бейнесі болып табылатын түсіктер. Бұлардың рецепторлары дененің
бетінде немесе оған жақын орналасқан. Осындай сыртқы анализаторлардың
рецепторларын экстероцептор деп атайды. Бұған көру, есту, иіс, дәм, тері
түйсіктері жатады.

2. Ішкі мүшелеріміздің күйін бейнелейтін (хабарлайтын) түйсік-
терге түрлі органикалық түйсіктер жатады. Олардың рецепторла-
рын интероцептор деп атайды.
3. Дене мүшелерінің қозғаласы мен бірқалыпты орналасуын қозғалыс немесе
кинестезиялық түйсіктер хабарлап отырады.Мұның рецепторы проприоцептор деп
аталынады.

Қабылдау

Егер түйсік сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттері мен
сапаларының миымызда бейнеленуі болса, қабылдау заттар мен құбылыстардың
мида тұтастай бейнеленуі болып табы-
лады. Қабылдауда заттар мен құбылыстардың түсі, дыбысы, дәмі, иісі,формасы
т.б. қасиеттері тұтфс күінде бейнеленеді. Мысалы, ал-
маны қабылдауды алайық.Мұнда біздің анализаторларымызға оның қызыл түсі,
хош иісі, тәтті дәмі т.б. осындай қасиеттері бір мезгілде әсер етеді де,
миымызда тұтас зат бейнесі пайда болады. Қабылдау-ми қабығының күрделі
анализдік және синтездік қызметінің нәти-
жесі. Қабылдаудың физиологиялық негізіне бірнеше тітіркендіргіш-
тердің жиынтығы мен олардың қарым-қатынасында пайда болатын уақытша жүйке
байланыстары жатады.
Сөйтіп, қабылдау-түйсіктегідей бір анализатордың ғана қызметі
емес,бірнеше анализаторлардың бірлесіп қызмет істеуінің нәтижесі.
Мәселен, киноны көру екі анализатордың (көру, есту) өзара байла-
нысып жұмыс істеуінен болады.

Қабылдаудың негізгі ерекшеліктері
Қабылдаудың тұтастығы

Қабылдаудың объектісі кейбір жеке қасиеттерден, жеке бөлік-
терден тұрғанымен, біз оларды бүтіндей, тұтастай қабылдаймыз. Мысалы, адам
алдындағы үш нүктені жеке ноқат ретінде қабылда-
майды. Мұны үшбұрыштың тұтыс бейнесі деп түсінеді. Өйткені, қабылдаудағы
жеке бөліктер жиналып келіп, тұтас нәрсенің бейне-
құрайды.
Қабылдаудың мағыналылығы

Бұл ерекшелікте қабылдаудың түйсіктерден негізгі айырмашы-
лығын жақсы көрсетеді. Ол объектілердің мазмұнын жақсылап түсінбейінше,
белгілі тұжырымдар мен сөз арқылы аталмайынша, ол толық
қабылданбайды.Заттар мен құбылыстардың мағынасын түсінудің қарапайым түрі-
тану. Нәрсені танымайынша, оны аңға-
рып, қабылдау қиын. Тану жалпылай және даралап тану болып
екіге бөлінеді. Жалпылай тану дегеніміз талғаусыз қалай болса, со-
лай тану. Жалпылй тануда адам нәрселердің өздеріне тән қасиет-
терін біле бермейді. Объектілерді даралап тану арқылы оларды анық, толық
қабылдауға мүмкіндік туады. Мәселен, көпшілік ара-
сынан таныс адамды бірден тану, көп киімнің ішінен өз пальтоңды бірден тану
оп-оңай.

Қабылдаудың таңдамалылығы

Толып жатқан объектілердің ішінен біреуін іріктеуіміз (оның қасиетін,
сапасын) қабылдаудың таңдамалылығы делінеді. Мәселен, кітап оқығанда ондағы
бірер сөз қате жазылған болса да байқамай оқып кете береміз. Себебі, кітап
оқығанда оның мазмұнына ерекше көңіл бөлінетіндіктен,мұндай қателер көзге
түспей қалады. Қабыл-
даудың таңдамалылығы әр түрлі объективтік (объектілердің ерек-
шеліктеріне-күші, қозғалысы, қарым-қатынасы т.б.) және субъек-
тивтік (адамның қабылданатын затқа қызғуы, оны қажетсінуі, сол кездегі
психикалық көңілкүй т.б.) себептерге байланысты болады.

Қабылдаудың тұрақтылығы

Қабылдаудың тұрақтылығы деп сыртқы жағдайдың өзгеруіне қа-
рамастан,заттардың кейбір қасиеттерінің бірқалыпты болып қабыл-
дануын айтады. Мәселен, біздің алдымыздағы телеграф бағанала-
рының бір-бірінен қашықтығы көздің тор қабығында бірдей сәле-
ленбейді. Сонда да біз олардың шамасын бір-біріне тең деп қабыл-
даймыз. Өйткені, олардың шындықтағы қалпы осындай.

Қабылдаудағы иллюзия

Әрқашан да қабылданатын затқа,не құбылысқа қабылдау сәйкес
келе бермейді. Түрлі себептерге байланысты шындықты бұрмалап, теріс
қабылдайтын кездер де болады.Түрлі себептерге байланысты шындықтағы
объектілерді қате қабылдауды иллюзия деп атайды. Мысалы, шай құйылған
стаканға салынған қасықтың “сынған” құ-сап тұруы физикалық қасиеттерімен
түсіндірілсе, кейбір нәрселер жөніндегі жаңсақ пікірлер адамның әртүрлі
ерекшкеліктеріне бай-
ланысты. Иллюзия-латын сөзі, қазақша алдану дегенді білдіреді.

Апперцепция

Қабылдаудың адамның жалпы психикалық тұрмысы мен өткен тәжірибесінің
мазмұнына байланыстылығын апперцепция дейді. Апперцепция-латынның
апперцептио деген сөздерінен алынған,
қазақша қабылдауға қосымша деген мағынаны білдіреді. Апперцеп-
ция тұрақты және уақытша болып екіге бөлінеді. Тұрақты –адам-
ның қызығуы мен мамандығы, білімі мен дүниетанымына байла-
нысты. Мәселен, “түбір” деген сөзді әр адам түрліше қабылдайды. Тіл маманы
сөздің түбірі деп түсінсе, ал ботаник шөптің түбірі, ма-
тематик санның түбірі деп қабылдайды. Уақытша–әр түрлі иллю-
зиялардың негізінде адам жаңсақ пікірде болуы.

Ес

Ес дегеніміз сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адам миында
сақталып, қайтадан жаңғыртылып, танылып, ұмытылуын бейнелейтін процесс.
Ес–күрделі психикалық процестердің бірі. Ес есте қалдыру, қайта
жаңғырту,тану, ұмыту секілді процестерден тұ-
рады. Естің физиологиялық негіздерін бір кезде И. П. Павловтың жүйке
жүйесінің пластикалық қасиеті туралы ілімімен түсіндіретін.
Пластика–гректің пластикос деген сөзі, қазақшасы мәнер қалдыру деген
мағынада. Жүйке жүйесінің пластикалылығы дегеніміз түрлі қозулардан қалған
әсерлердің қайтадан уақытша байланысқа түсе алу қабілеті. Уақытша
байланыстардың тікелей тітіркендіргіштер әсер етпеген жағдайда да мида
жасалынуы ойда бұрыңғы байланыс-
тардан із қалып отыратындығын көрсетеді. Бірақ жалпы долбар. Өйткені адам
есінің мимен қалайша байланысты екендігі жөнінде ғылымда әлі нақтылы
деректер жоқ.Мәселен, ес құбылысының та-
биғатын зерттеуші ғалымдардың бір тобы оны мидағы электр құбы-
лыстарымен байланыстырса (есті зерттеудегі электро физиология-
лық бағыт) енді бір зерттеушілер есті мидың нейрохимиясына қа-
рай түсіндіргісі келеді. Бір нәрсені еске сақтау–оны байланыстыру деген
сөз. Ес процесінің негізі болып табылатын байланыстарды психологияда
ассоциация деп аталады. Ассоциация-ассоциатио де-
ген сөзі, қазақшасы байланыс деген мағынада.

Естің түрлері

Ойда қалдырылатын не қайта жаңғыртылатын нәрсенің сипаты-
на қарай ес төртке бөлінеді. Олар: қозғалыс, образдық, сөз-логика-
лық және эмоциялық естер.
1) Қозғалыс (немесе моторлық) есі деп ойын, еңбек әрекетіне байланысты
туып отыратын қимыл-қозғалыстарды еске қалдыру мен қайта жаңғыртып отыруды
айтады. Естің осы түрі қозғалыс дағдыларын (коньки тебу, жазу, оқу т.б.)
қалыптастырудың негізі болып табылады. Мәслен, әріп таңбаларын жаңадан
үренген кезде бала жазуға қатысатын қолының қозғалыстарын есінде сақтайды.

2) Заттар мен құбылыстардың қасиеттерінің нақтылы бейнесін ойда
қалдыруда, қайта жаңғыртуда көрініп отыруын образдық ес деп атайды.
Суретшілер мен архитекторлардың, музыканттар мен актерлердің есі көбінесе
нақты, көрнекті болып келеді. Мұндай адам оқып шыққан кітабының мазмұнын
есіне түсіргенде ондағы ұсақ бөлшектеріне дейін көз алдына жақсы келтіре
алады.
3) Адам ойының түрлі формаларын, (ұғым, пікір, ой қорытын-
дылары) еске қалдыра алу қабілеті сөз-логикалық, ес деп аталады. Сөз
жүйесін есте сақтау–ойлау жұмысына байланысты. Естің осы түрі көбінесе
философтар мен математиктерде жиі кездесетін.Сөз-логикалық естің оқу
процесінде маңызы аса зор.
4) Сезімдерді есте қалдырып отыруды эмоциялық ес дейді. Мәсе-
лен, жас кезімізде тұрған жерге келсек, сол кезде бізге ерекше әсер
қалдырған нәрселердің бәрі есімізге оп-оңай түседі. Өткендегі оқи-
ға бір қуанышқа байланысты болса, ол өмір бойы естен кетпейді. Мәселен,
біздің әрқайсымыз Ұлы Отан соғысының жеңісін тойла-
ған күн–9 мамыр екенін ешқашан ұмытпаймыз.

Ес процестері

Ес өте күрделі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепке даярлық тобындағы балалардың психологиялық даму ерекшеліктері
Бастауыш мектептегі оқу-тәрбие жұмысында таным процесін дамыту
Мектеп жасына дейінгі балалардың ойлауын дамытудың психологиялық негізі
Кемтар балаларға психологиялық көмек көрсету мәселесі
Білім беру жүйесіндегі психологиялық қызмет көрсету
Бастауыш сынып оқушыларының таным процестерін зерттеу және дамыту әдістемелері
Психикалық дамуы тежелген төменгі сынып оқушыларының оқу үрдісін ұйымдастыру
5-6 жастағы балалардың психологиялық даму ерекшеліктері
Психика дамуы тежелген балалардың сөйлеу тілін қалыптастыру
Кіші мектеп жасындағы балалардың ойлауының психологиялық ерекшеліктері
Пәндер