Радио және интернет: байланысы; ара салмағы; артықшылықтары мен кемшіліктері



1. Кіріспе

2. Негізгі Бөлім:


1.1. Радио және радиожурналистиканың қоғам дамуындағы алатын орны мен атқаратын ролі
1.2. Интернеттің қалыптасу және даму тарихына жалпы сипаттама
1.3. Интернеттің пайдалы ақпарат құралы ретінде танылуы
1.4. Радио және интернет: байланысы; ара салмағы; артықшылықтары мен кемшіліктері
1.5. Радионың орнын интернет баса ала ма?

2. Қорытынды
Радио – дүниеге журналистикадан, өнердің көп саласынан кейін келгені мәлім. Бірақ, өнердің көптеген салаларынан – кино, театр, эстрада, т.б. қарағанда радионың мүмкіндігі орасан насихат құралдарының ролі қандай дәрежеде өсіп отырғаны зор.
Бүгінде мемлекеттер арасында, халықаралық қатынастар аясында ақпарат баршаға аян. Ғылыми-техникалық прогресс нағыз шарықтау шегіне жетіп тұр. Миллиондаған, мыңдаған радиостанциялар, миллиардттаған радиоқабылдағыштар, сансыз шығып жатқан газет-журналдар, сан салалы басылымдардан келіп түсіп жататын хабарлар – ақпарат тасқынында ешқандай тосқауыл жоқ.
Радионың артықшылықтары:
1. баспасөз бен теледидарға қарағанда аса жедел, шапшаңдығы (оперативтілігі). Аса бір жедел, әрі маңызды жаңалықты хабарлауда, орасан үлкен аудиторияны жинауда, яғни сол насихатты немесе сол хабарламаларды тыңдайтындардың саны жоғарыда аталған ақпарат құралдарына қарағанда әлдеқайда көп екендігі ғылымда дәлелденіп отыр.
2. өте қолайлылығы. Портативті транзисторлар арқылы далада жүрген малшы да, егінші де, т.б. еңбек адамдары немесе көлікте кетіп бара жатқан жолаушы да кез келген хабарды өз қалауы бойынша таңдай алады.
3. ерекше көңіл бөлуді қаламайды, яғни атқарып отырған жұмысыңды тастап, теледидар алдында отыруға мәжбүр еткендегідей емес, не болмаса арнайы уақыт бөліп оқуыңды қажет етпей, қайта сол істі атқара жүріп тыңдап, ақпарат алуға мүмкіндік бар.
4. тыңдаушы өзіндік пікір қалыптастырады. Мысалы, радиоқойылым тыңдап отырған адам ондағы кейіпкердің іс-әрекеті, дауыс ырғағы, сөйлеген сөзі арқылы өзіндік пікір түйеді, өзінше елестетеді, өзінше тұжырымдайды.
5. тыңдаушыға сол оқиғаға қатысып отырғандай әсер қалдырады.
1. К.Қабылазина: “Аудиотехника және радиохабарларының технологиясы”; Алматы, “Әл-Фараби” – 1999 ж.

2. Ж.Әбдіжәділқызы: “Тікелей эфир табиғаты”; Алматы, “Қазақ университеті” – 2003 ж.


3. А.А.Калмыков, Л.А.Коханова: “Интернет – журналистика”; Москва, “Юнити” – 2005

4. К.Кабылғазина: “Дәуір үні”; Алматы, “Арай” – 2003ж.

Жоспар:

1. Кіріспе

2. Негізгі Бөлім:

1. Радио және радиожурналистиканың қоғам дамуындағы алатын орны мен
атқаратын ролі
2. Интернеттің қалыптасу және даму тарихына жалпы сипаттама
3. Интернеттің пайдалы ақпарат құралы ретінде танылуы
4. Радио және интернет: байланысы; ара салмағы; артықшылықтары мен
кемшіліктері
5. Радионың орнын интернет баса ала ма?

1. Қорытынды

Кіріспе

Радио – дүниеге журналистикадан, өнердің көп саласынан кейін келгені мәлім.
Бірақ, өнердің көптеген салаларынан – кино, театр, эстрада, т.б. қарағанда
радионың мүмкіндігі орасан насихат құралдарының ролі қандай дәрежеде өсіп
отырғаны зор.
Бүгінде мемлекеттер арасында, халықаралық қатынастар аясында ақпарат
баршаға аян. Ғылыми-техникалық прогресс нағыз шарықтау шегіне жетіп тұр.
Миллиондаған, мыңдаған радиостанциялар, миллиардттаған радиоқабылдағыштар,
сансыз шығып жатқан газет-журналдар, сан салалы басылымдардан келіп түсіп
жататын хабарлар – ақпарат тасқынында ешқандай тосқауыл жоқ.
Радионың артықшылықтары:
1. баспасөз бен теледидарға қарағанда аса жедел, шапшаңдығы
(оперативтілігі). Аса бір жедел, әрі маңызды жаңалықты хабарлауда,
орасан үлкен аудиторияны жинауда, яғни сол насихатты немесе сол
хабарламаларды тыңдайтындардың саны жоғарыда аталған ақпарат
құралдарына қарағанда әлдеқайда көп екендігі ғылымда дәлелденіп
отыр.
2. өте қолайлылығы. Портативті транзисторлар арқылы далада жүрген малшы
да, егінші де, т.б. еңбек адамдары немесе көлікте кетіп бара жатқан
жолаушы да кез келген хабарды өз қалауы бойынша таңдай алады.
3. ерекше көңіл бөлуді қаламайды, яғни атқарып отырған жұмысыңды
тастап, теледидар алдында отыруға мәжбүр еткендегідей емес, не
болмаса арнайы уақыт бөліп оқуыңды қажет етпей, қайта сол істі
атқара жүріп тыңдап, ақпарат алуға мүмкіндік бар.
4. тыңдаушы өзіндік пікір қалыптастырады. Мысалы, радиоқойылым тыңдап
отырған адам ондағы кейіпкердің іс-әрекеті, дауыс ырғағы, сөйлеген
сөзі арқылы өзіндік пікір түйеді, өзінше елестетеді, өзінше
тұжырымдайды.
5. тыңдаушыға сол оқиғаға қатысып отырғандай әсер қалдырады.
6. жанды дауыс арқылы дыбыстық, документтік сурет келеді көз алдыңызға.

7. нақтылық. Адамның сөйлеу мәнері, дауысы арқылы тану (мысалы, мынау
сөйлеп тұрған бәленбай адам ғой немесе мына пікір анау қайраткердікі
ғой деген сияқты).
Радиохабарларын көркемдеу екі топқа бөлінеді:
1. табиғи құралдар:
а) сөз, жанды дауыс
б) әр түрлі шулар
в) музыка.
2. техникалық құралдар:
а) монтаждау, оның түрлері.
Радионың тағы бір айырмашылығы адам санасына екі сферада әсер етуі.
Алғашқысы – адамның миына, ақыл-ойына тікелей әсер етуі. Мысалы, тыңдаушы
радиодан президенттің баяндамасын, сөзін тыңдап отыр делік. Сол сәтте адам
әңгіме барысын тыңдай отырып, санасында қорытып, өзінше пікір түйіп, өзінше
жауап береді. Немесе бір экономистің баға жөніндегі әңгімесін тыңдай
отырып, тыңдарман тағы да сол бағаның көтерілетіндігі жайында, қымбаттаудың
мүмкіндігі туралы түйін жасайды.
Келесі сфера – тыңдарманның эмоциясына яғни көңіл-күйіне әсер етуі.
Бұл ретте радиодан берілетін хабарлардың көпшілігінің документті, нақты
болатындығы да үлкен роль атқарады. Осы жерде американдық жазушы Герберт
Уэллстің “Война миров” атты шығармасы бойынша берілген радиоқойылымның
тарихта қалған тағдыры жайында айта кету артық болмас. Бұл қойылым АҚШ-тағы
Нью-Джерси штатында эфирден өтеді. Марс планетасынан ұшып келген адамдардың
осы жерге қонғанын, жолындағы үй-жайларды, тұрғындарды жойып, қалаға қарай
беттеп келе жатқандығы туралы хабарлап тұрған диктордың дауысы естілісімен
бірнеше адам жүрек ұстамасынан өліп, үйлерін тастап қашып, кейбіреулері
қолдарынан келгенше қаруланып, марстіктермен соғысқа дайындалған.
1944 жылы осындай жағдай Чилиде қайталанған. “Бұл радиоспектакль, әуре-
сарсаңға түспеңіздер” деген хабарламаға ешкім құлақ аспаған. Ал, 1948 жылы
Эквадорда болған жағдайдың аяғы тіпті қайғылы аяқталған. Диктор “марстіктер
елдің астанасына қарай келе жатыр” дегенді ести салысымен халық тағы да
әбігерге түседі. Кейіннен, бұл ғылыми-фантастикалық шығарма бойынша
жасалған радиоқойылым екенін естісімен тұрғындар радиостанцияны өртеп,
олардың бірнеше қызметкерлерін өлтіріп, жаралаған. Міне, эмоцияға шектен
тыс әсер етудің нәтижесі осылай болған.
Баспасөз және радиохабарлары жанрларының берілу әдісі және баяндалу
стилі жағынан, фактілер мен өмір құбылыстарын бейнелеу үшін қолданылатын
құралдары, айтып беру тәсілдері жағынан бірінен – бірі нақты ажыратылады.
Қазақ баспасөзінде, радиосында, теледидарында беріліп, жарық көріп жатқан
материалдардың барлығының, мейлі қандай жанрда болсын, қандай пішін-формада
болсын, көздеген мақсатының бірі – ол халықтың ой-өрісін саналы арттыруға
қызмет жасау, ұрпақты парасаттылыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу, дінімізді
насихаттау болып отыр.
Радиоаудитория тұрақты. Бірақ тыңдаушылар құрамы, олардың талап-
тілектері әр түрлі. Баспасөздегі, көркемәдебиеттегі жанрлардың бәрі радиода
қолданылады, соларда қолданылып жүрген небір пішін, формалар да қолданылып,
радиохабарының түр-сипаты жағынан құбыла түсуде. Газет, радио
материалдарының көп бөлігі хабарламалық жанрлардан тұрады. Яғни, ол
хабарлардың бәрінің негізі – жаңалық. Кез келген ақпарат не болды, қайда,
неліктен, қандай жағдайда болды деген сұрақтар төңірегінде жасалады. Ал
ендірадиоақпараттың басты ерекшелігі – дыбыстылығы, естуге болатындығы.
Мысалы, бір атақты әртіс өнер саласына келді дейік, ол туралы газеттен оқып
қоя салуға болады. Егер де ол туралы радиохабар ұйымдастырылған болса, оның
даусын, дикциясын естіп, оның әңгімесі арқылы ой-парасатын, көзқарасын
түсіндіру көз алдыңызға портрет әкеледі. Дыбыстық жағынан ақпаратты бірнеше
түрге бөлуге болады, басқа ақпарат құралдарындағы информациялармен
салыстыра қараған уақытта міндетті түрде бұл ерекшеліктерді саралаған жөн:
1. диктордың оқуындағы хабар
2. кейіпкердің сөзін жазып алу арқылы берілетін хабар.
3. музыканы беру арқылы пайдалану.
Адам өмірінде дыбыс толқындарының маңызы және оны зерттейтін ғылым
ретінде акустиканың атқаратын атқаратын ролі орасан зор. Дыбыстың барлық
сипатын зерттеу хабар берудің жетілген жүйесін дамытуға, музыка аспаптарын
жасауға мүмкіндік береді. Маңызды деген хабардың өзін бір қалыпты дауыспен
оқу адамның логикалық ойлау жүйесін іске қосқанымен, сезіміне әсер ете
қоймайды. Яғни, хабардың эмоциялық ықпалы нольге тең. Мұндай сезімге әсері
жоқ хабарлардың қабылдануы ауыр болғандықтан, тыңдаушыны тез шаршатып,
жалықтырып жібереді. Сондықтан оның мзмұнымен бірге эфирден берілу формасы,
естілу ерекшелігі де тыңдаушыны тартып, сезімін, көңіл-күйін жетелеп отыруы
тиіс. Дәлірек айтқанда, негізгі жүкті көтеретін, басты қызметті атқаратын
нәрсе – сөйлеушінің дауыс ырғағы. Адам даусының ырғақтарын, үн реңдерін
қағазға түсіру мүмкін емес. Қағазға жазылған сөз өзінің қосымша бейнелеуші
құралы – үннен, жанды дауыстан айырылады, сол арқылы оның мазмұны да
кемиді ...
Дыбыс – толқын. Бір дыбысты естігенде ол қандай да бір көзден шығып бізге
жетті деп ойлаймыз. Егер дыбыс репродуктордан шықса, оның шеңберін бойлай
бекітілген жеңіл диск-мембрана тербеледі. Ал, музыкалық аспаптарды
қолданғанда, ондағы дыбыс көзі сол аспаптың ішегі, тербеліп тұрған ауа
бағаны болып табылады. Адамның есту мүшесі мен дыбыс көзінің арасын ауа
бөліп тұрады, яғни сол ауа тербелісі арқылы дыбыс естіледі. Ауада таралатын
толқындар қума толқын болып табылады. Ауаның дыбыс өткізгіш екенін 1660
жылы ғалым Р.Бойль тәжірибе жасап дәлелдеген... радиотолқындар жылдамдығы
жарық сәулесінің таралуымен сай келеді. Дыбыс радиотолқыннан миллион есе
жай таралады.

Дыбыс жазу тарихы.
Радиотолқындардың ашылып, ғылыми дәлелденгеніне дейін магниттік және
электрлік құбылыстарды сымсыз байланыс жасауға пайдалану дүниежүзілік
өнертапқыштарды ойландыратын еді. Сондай өнертапқыштардың бірі –
пайдалануға жарайтын электромагнитті телеграфты ойлап тапқан орыс ғалымы
Павел Львович Шиллинг болатын. 1835 жылдың өзінде Николай I патшаның қысқы
сарайында және патшаға жақын қызмет етушілердің үйлерінде телеграф
аппараттары орналастырылғандығы белгілі.
Тұңғыш рет дыбыс 1885-87 ж. американдық жаңалық ашушы Томас Альва
Эдисон деген өнертапқыштың аппаратымен жазылған. Ол фонограф деген аппарат
ойлап тапқан, дыбыс иненің көмегімен валикке түсірілген. Осы аппаратты
дамытып, екі жылдан соң фольгаға екі минуттық дыбыс жазылған. Бұдан кейін
он жылдай уақыт бойы фонографқа бәсекелес болмады. 1988 жылы ғана 20 жасар
эмигрант Вашингтонда жалпақ пластинка, граммафон ойлап тапты. Ол дыбыс
жазудың тік емес, көлденең түрін ұсынды. Бұл граммофон күйтабақтардың
көшірмесін жасап, оларды көптеп шығаруға мүмкіндік жасады. Және де
фонографқа қарағанда граммофондағы дыбыстың естілуі, дыбыстылығы көп жақсы
еді. Механикалық дыбыс жазу әлі күнге дейін тұрмыстан шығып қалған жоқ,
пайдаланылуда. Алайда электромагниттік дыбыс жазу тәсілі кеңінен
қолданылуда. Бұл туралы идея 1888 жылы америкалық Электрикал уорлд
(Электрический мир) деп аталатын техникалық журналда Оберлин Смит деген
инженердің мақаласында айтылған болатын. Ол өзі тамаша идеяны
жариялағанымен, оны жүзеге асыруды қолға алмады. Тек он жыл өткен соң ғана
оны дат физигі Вольдемар Паульсен жүзеге асырды. Ол өз әріптестеріне
телеграфон деп аталатын, жер бетінде тұңғыш рет магниттік жазу принципінде
жұмыс істейтін аппаратты ұсынған еді. Телеграфон таза, дәл дыбыс
бергенімен, бірнеше килограмм тартатын қорғасын ленталар тез пайдаланудан
шығып қалатын. Оның үстіне одан шығатын дыбысты тек арнаулы дыбыс күшейткіш
аппараттармен ғана тыңдауға болатын. Ал, ондай дыбыс күшейткіш құралдар ол
кездері жоқ та еді ...
Радиохабарларының технологиясы
Аса маңызды, салауатты хабарлар мен жаңалықтарды тыңдаушыларға
жеткізуде радиохабардың орны ерекше. Игілікті істерді жұртшылыққа жеткізуде
радиоақпарат негізгі орынға ие болып, зор міндет атқарады. Оларда сан
салалы, көп қырлы өміріміздің барлық жағы қамтылады, сол себепті де
радиохабардың өміршеңдігі, қажеттілігі күннен күнге артып отыр.
Радиохабарларын тыңдау жеңіл болғанымен, оның жасалу технологиясы
яғни дыбыс жазудан кеңістікке таралуға дейінгі процестері үлкен
жауапкершілікті, нақтылықты, ұқыптылықты, оперативтілікті талап ететін
жұмыс. Радиохабарларының өз тыңдарманын табуда өзіндік аудитория жинауы
радиохабарының мәнінде, маңыздылығында. Тыңдарман құлағын елең еткізетіндей
хабарлар жасау, көпшілік көңілінен шығу – бүгінгі радиожурналистердің
ардақты да абыройлы міндеті. Жақсы хабар шығару үшін объект табудың мәні
зор.
Хабарды жазбас бұрын дыбыстың сапалы, бірқалыпты жазылуын қамтамасыз
етіп, құралдың дұрыс жұмыс істеуін қадағалап алған жөн. Бөтен шудың
болмауына, дыбыстың анық естілуіне микрофонды ұстау қашықтығының да мәні
ерекше. Микрофонды ұстау қашықтығы 30-50 см (сезімталдығына қарай) болуы
тиіс. Хабар жазу кезінде дауыстың неғұрлым табиғи жазылғаны дұрыс. Алдын
ала дайындалған немесе оқылған сөз білініп қалады. Ал табиғи жазылған дыбыс
объектінің өзіне тән дауысы тыңдарманды баурап алады. Хабардың нақтылығын
арттырады.
Үнтаспаға алдын ала жазылып әкелінген хабарды эфир алдында өңдеу –
монтаждау процесі деп аталады. Монтаж деген жазылған дыбыстың қайталанған,
дұрыс айтылмаған, т.б. жерлерін, сөздерін алып, артық, сырттан жазылған
дыбыстардан тазалау деген сөз. Монтаждың қарадүрсін немесе механикалық,
электрондық, компьютерлік түрлері бар. Қарадүрсін немесе механикалық монтаж
үнтаспаның қажетсіз деген бөлігін кесіп тастау арқылы жасалады. Ол үшін
магнитті блоктан үнтаспа өте берген сәтте дыбыстың естілуін қадағалап,
дискіні әрлі берлі қозғау арқылы қажетсіз сөзді немесе сөйлемді ұстаған соң
қиғаштап алмаспен, өткір кескіш затпен кесіп, тазартуға қажет бөлікті алып
тастау керек. Үнтаспаның екінші бөлігін де қиғаштап кесілген жерге дәл
келетіндей, жымдасатындай етіп кескен соң, арнайы тез жабысатын, таспа
тәріздес лентамен (скотч) жапсырылады. Қиылған жерлердің мұқият қабысуын
қадағалаған жөн. Сонан соң жапсырылған таспаның шетіндегі артық жерлерін
кесіп алып тастап, үнтаспаны әрі қарай қосуға болады. Қарадүрсін монтаж әлі
күнге дейін жасалынады, бірақ ол көп уақыт алады, әрі үнтаспаны қажетсіз
етіп қиып тастауға мәжбүр етеді. Сол себепті кейбір жағдайларда ғана
болмаса қара дүрсін монтаж қолданылмайды.
Қазақ радиосының Алтын қорындағы радиохабарлардың барлығы дерлік
осы қарадүрсін монтаждау арқылы жасалған. Ондағы қызмет істейтін Темірхан
Момбекұлы Түркістан, Жеңіс Ақпанбетов, Алтын Иманбаева, Қалқаман
Жүнісбекұлы, Фарихан Атханова, Базаралы Мүптекеев, т,б. ескікөз журналистер
монтаждың бұл түрін жетік меңгерген. Тіпті оларға компьютерлік монтажға
қарағанда қарадүрсін монтаждың жүгі жеңіл.
Ал қазіргі радиокешендерінде компьютерлік монтаждың алатын орны мен
ролі өте зор. Себебі онда әп-сәтте сандық диктофон, яғни, моранц арқылы
(flash картамен жұмыс жасайды) небары 2-3 секундта қажетті сұқбаттарыңды не
оқылған подводкаларыңды компьютерге көшіріп, компьютерлік түрлі
бағдарламаларды пайдалана отырып, (мәселен, Cool Edit Pro) оп-оңай монтаж
жасауға болады.

Ақпарат таратудың спутниктік жүйесі

1931 жылдың 4 мамырынан бастап жүйелі түрде қазақ және орыс
тілдерінде хабар беріле бастаған Қазақ радиосы өмірге мықтап орнықты.
Ауылды жерлерде, елді мекендерге жаппай репродукторлар қою 30-жылдардан
басталды. 1933 жылдың аяғында 68,2 пайыз елдімекен радиоландырылды. 1980
жылдары хабар таратудың орта сөткелік мөлшері 67 сағат болды. Осы уақытқа
дейін мемлекеттік радио 4 республикалық бағдарлама бойынша хабар берді. 14
облыс орталығында, 8 қалалық, 16 аудандық студиялар жұмыс істейді. Ал,
барлық аудандарда аптасына 15-20 минуттық хабар беретін орындар бар. Елді-
мекендердің қазіргі кезде 89 пайызы радиомен қамтылған. Бірнеше арна
бойынша саяси-публицистикалық “Қоғамдық-саяси хабарлар редакциясы” жұмыс
істеп, екінші арна бойынша ұлттық-мәдени, ақпаратты-музыкалық “Шалқар”
бағдарламасы хабар береді. Үшінші каналда қысқа толқында стерео-музыкалы
хабарлар, ал төртінші арнадан шетел хабарлары беріледі. Жалпы хабар беру
сөткесіне 81 сағат, хабарлар негізінен 6 тілде: қазақша, орысша, немісше,
ұйғырша, корейше, татарша жүргізіледі. Болашақта ағылшын, түрік
тілдеріндегі хабарлар қосылмақ.
1992 жылы ең алғашқы коммерциялық радиостудиялар – “Радиомаксимум”
және “Бит 16” ашылған болатын. Сонан кейін “Тотем”, “Рик”, “31-канал”,
“Европа+Қазақстан”, т.б. көптеген радиостудиялар ашылды. Бұл радиостудиялар
шетелдік радиостудиялардың тәсілімен жұмыс істейді. Музыка және қысқа
хабар, жылдам темп және актуальды, жедел фактімен комментарийсіз хабар.
Музыкасы көбінесе шетелдік, батыстық болып келеді. Қалалық “Бит 16”
негізінен жасөспірімдерге бағытталған, соңғы музыкаларды жаңалықсыз
беретін.
Хабар тарату әлемінде республикалық радионың өзіндік орны бар.
Республика алдыңғылардың қатарында халықаралық “Интерспутник”,
“Инфоркосмос”, “Интелсат” сияқты спутниктік ұйымдардың құрамына кірді.
Қазақстан 1994 ж. “Интелсатқа” ресми түрде кірді, оған дейін
“Интерспутниктің” мүшесі болатын. Қазір Қазақстанда “Жарық” – “Свет” деп
аталатын космостық жүйе жұмыс істейді. 1990 жылдың аяғында бұл іске қосылуы
бүкіл ауылды жерлерді теледидармен қамтамасыз етуге мүмкіндік жасады. Қазақ-
Түрік халықтары бірлескен “Таңпалас ТВ”, италия-қазақ біріккен “Тотем”
каналдары жұмыс істеген болатын. Республикада хабар таратудың спутниктік,
кабельдік, кассеталық, кодтық түрлері дамып келе жатыр. Республикада
бұрынғы ТАСС-тың салалары, аса күшті, қуатты “Дана - пресс”, “Азия-пресс”
сияқты агенттіктерінің жұмыс істеуі, Қазақстандағы коммуникацияның дамып,
өсіп отырғандығының куәсі.
Қ.Р. территориясында 67 аса қуатты, 844 аз қуатты қабылдағыштар жұмыс
істейді. Пайдалануға берілген “Жарық - Свет” спутниктік жүйе Қытай,
Моңғолия, Түркиядағы қазақ диаспорасына бағытталған хабарлар таратуға
мүмкіндік жасап отыр.
Қазақстанда қазір хабар таратудың үш түрі пайда болды: мемлекеттік,
аралас және жекеменшік. Бұлар жекеменшік, коммерциялық болғандарымен, салық
төлемі, лицензия, шетелдерден хабар алу, кредит жүйесінде тәуелді болып
табылады. Бірақ, ол арналардың көпшілігі қаржы мәселесіне байланысты
жайларды табысты шеше алып, социологиялық зерттеулерде алдыңғы орындарға
ұмтылып жүр. Тікелей эфирден хабар жүргізуде, көкейтесті халықтық
мәселелерге батыл бара білуде, халықтың әлеуметтік жағдайларына байланысты
мәселе көтеруде өзіндік үндері бар, шығармашылық топтары эфир арқылы
әжептәуір танымал болып қалған арналар. “Шаһар”, “НС” сияқты арналар да
ашылғанына көп уақыт болмаса да, өзіндік сүрлеу, өзіндік із қалдырып,
көпшілікке ұнай бастаған ұжымдар. Ақпаратты нарыққа шығарумен айналысып
жүрген “Тау” студиясының да хабарлары жиі беріліп жүрген еді. Бірақ, осы
аталған коммерциялық, жекеменшік радиолардың барлығының хабарлары тек орыс
тілдерінде жүргізіледі. Жыл сайынғы өткізілетін тендор қорытындысы бойынша
біраз коммерциялық арналар жиілікке ие бола алмай қалды. Оның өзіндік
себептері бар; бағдарламалардың саяздығы, жергілікті ұлт тілінде хабар
жүргізілмеуі, т.б. Тендор шарты бойынша Қазақстан территориясынан хабар
беретін арналар өз эфирлік материалдарының 50 пайызын қазақша жүргізулері
қажет. Мұның өзі орынды қойылып отырған шарт болғанымен, орындалуы аса
жоғары нәтиже бере алмауда.

Интернет дамуының бастаулары

Интернеттің дамып, қалыптасқан уақыты 19 – ғасырдың екінші жартысы
мен 20 – ғасырдың басы деп алатын болсақ, мекенін Америка Құрама Штаттары
деп нақтылаймыз. 1969 жылы АҚШ-тың қорғаныс министрлігі соғыс кезінде
ақпарат алмасудың маңыздылығын түсініп, ARPA деп аталатын зеттеу жобаларына
арналған агенттік компьютерлік жүйені ойлап табады. Бұл компьютерлік жүйе
ARPANET деп аталды және ол қорғаныс министрлігі есебінен қаржыландырылып
отырды. Осыдан кейін ARPANET-тің қызметі мен рөлі қарқынды түрде арта
бастады. Уақыт өте келе функциясы күрделеніп, басқа да жүйелер ашыла
бастады. Осылай ондаған, жүздеген жылдар өте келе интернеттің қоғамдағы
орны нақтылана бастады.

1971 жылы электронды пошта жіберу үшін алғаш рет компьютерлік
бағдарлама ойлап табылған еді. Және бұл бағдарлама бірден танылып үлгерді.
1973 жылы трансатлантық телефон кабелі арқылы алғаш рет Ұлыбритания
және Норвегия мемлекеттері жүйеге қосылған еді. Бұл жүйе бірден танылды.
1970 жылдары интернет жүйесі негінен хат алмасу үшін таптырмас
құралға айналды. Сол кезеңдерде пошталық сілтемелердің тізімі пайда болған
еді. Ақпараттық топтар және хабарландырулар тақтасы. Алайда ол кезде бір
жүйе келесі бір жүйемен бірден байланыс жасай алмаушы еді. Процесс өте баяу
жүретін. 1970 жылдардың басында мәлімет алмасу қызу жүргізіле бастады. 1982-
83 жылдары стандарттала бастады. 1983 жылдың 1 қантарынан бастап, АRPANET
жүйесі NCP протоколынан TCP IP протоколына сәтті көшкен еді. Дәл 1983 жылы
интернет сөзі АРПАНЕТТІҢ есебінен бекіліген еді (дүниежүзілік терминкомға).

1984 жылы домен аттарының жүйесі жасалған еді.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ленгер қаласында жобаланған IMS байланыс желісі
Сымсыз желі құрылғылары
Жарнама қызметі рыногын дамыту
Қазақстан бұқаралық ақпарат құралдарының маркетингі
ЗАМАНАУИ ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ПЛАТФОРМАЛАРЫ
Спутниктік байланыс технологиялары
GPON оптикалық технологияның негізінде Ақсай қаласының желісін жобалау
Горизонтальды кабельдік жүйе
Оптикалық таратқыш муфта
Мультимедиялық хабар тарату
Пәндер