Отырар өңірінде жүрген археологиялық экспедициялар



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3.8

1 Отырар мемлекеттік археологиялық қорық. музейінің құрылу тарихы мен құрылымы

1.1 Отырар мемлекеттік археологиялық қорық.музейінің құрылуының алғы шарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9.15
1.2 Отырар мемлекеттік археологиялық қорық.музейінің құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15.26

2 Отырар өңірінде жүрген археологиялық экспедициялардың қызметі мен нәтижелері

2.1 Отырар ескерткіштерінің 1895.1990 жылдар аралығындағы экспедициялар барысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27.33
2.2 Отырар өңіріндегі тарихи ескерткіштердің 1990.2005 жылдар аралығындағы зерттелуі және олардың нәтижелерінің музейдегі көрінісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...33.42

3 Музейдегі археологиялық және этнографиялық заттарды қорғау және сақтау

3.1 Музейлік заттарды қорда және экспозицияда сақтау режимдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 43.48
3.2 Музейдегі археологиялық және этнографиялық заттарға консервация және реставрация жасау тәсілдері ... ... ... ... .49.54

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..55.56

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... .57.59

ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...60.68
Тақырыптың өзектілігі. Тәуелсіздігімізге қол жеткізген аз ғана жылдардың ішінде біздің төл тарихымызды тереңірек қарауымызға мүмкіндік туды. Халқымыздың жүріп өткен ұзақ жолы өзге жұрттан артық болмаса кем емес. Сондықтан халқымыздың тарихын, мәдениетін ескі көзқарастан арылтып, жаңа тұрғыдан танып білу-бүгінгі күннің талабы.
Кез-келген көне замандардан бері қалыптасқан өмір салты материалдық және рухани мұралар жасау машығы, дәстүр тағылымдары - сол халықтың бастан өткерген ғұмыр жолының айғағы. Ал халық мұраларын таныстыратын оның материалдық және рухани, тарихи мұраларын жұртшылыққа көрсетіп, насихаттау қызметін атқаратын ғылыми мекеме - музей.
Музей - мәдени, тарихи және ғылыми құндылықтарды сақтауға, музейлік заттармен мәліметтерді жинақтап таратуға, өскелең ұрпаққа ата-бабамыздан қалған мұралар жөнінде тәлім-тәрбие беруге арналған тарихи қалыптасқан көп қырлы әлеуметтік ақпараттар институты. Сондықтан бүгінгі күні әлем мемлекеттері арасынан музейі жоқ елдерді табу мүмкін емес .Бұл кез-келген халықтың өзінің тарихы мен мәдениетіне немқұрайлықпен қарамай болашақты өткен ғасырлардың рухани жетістіктерімен ұштастыра отырып құруға деген ұмтылыс жігерінің белгісі.
Бүгінгі күні музейлерге деген қоғамдық сұраныс уақыт талабынан туындап отырған құбылыс екенін байқау қиын емес. Музейлер - халықтар арасында түсініктік пен ынтымақтастықты қалыптастырып, өрбітетін мәдени байланыстың маңызды құралы. Мұның өзі музейлердің тарихи ескерткіштер мен адамзаттың материалдық және рухани мәдениетінің туындыларын жинақтап, халыққа насихаттауда ерекше тәрбиелік мәні бар мекеме екендігін көрсетеді.
Осы орайда “Мәдени мұра” бағдарламасы - мәдениетке деген мемлекеттік көзқарастың соны стратегиялық ұстанымын айқындаған маңызды жоба болды. Бұл бағдарламаны қабылдағанда, алға қойған басты мақсат - халқымыздың өскелең рухани-мәдени сұранысын қанағаттандыру болды.
Бағдарламада ел басымыз ең алдымен, білім беру саласын дамыту, халқымыздың тарихына қатысты мәдени мұрамызды сақтауды қамтамасыз ету, алыс-жақын шет жұрттағы жәдігерлеріміз бен мұрағаттарымызды іздестіріп, жинақтау керектігін міндеттеді.
Екіншіден, қазақтың тарихи-мәдени ескерткіштерінің көпшілігі кең сахарамызда шашыла орналасқаны белгілі. Осы жағдайды ескере отырып, бағдарламада еліміздің аса маңызды деген тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштеріне зерттеулер жүргізіп, оларды ғылыми негізде қайта жаңғырту жұмыстарын қолға алу қажеттігін атап көрсетті. Осы тұрғыда мәдени ошақтарымызды жаңғыртып қана емес, оның негізінде құрылып отырған музей тарихына да тоқталып өту қажет.
1. Кларе А.К. Древний Отрар и раскопки, произведенные в развалинах его в 1904, Ташкент. 1904, Черкасов А. Поездка на развалины Отрара. Протокол заседания членов Туркестанского кружка любителей археологии // Ташкент, 1903, Пославский И.Т. Развалины города Отрара // ПТКЛА II. Ташкент, 1898, Бартольд В.В. История Туркестана. Москва, 1965.
2. Максимова А.Г. Эпоха бронзы Восточного Туркестана. Автореферат. Москва, 1960, Агеева А.И., Пацевич Г.И. Из истории оседлых поседении и городов Южного Казакстана // ТИИ АЭ КазССР Т. IV. Алма-Ата, 1958, Агеева А.И. Керамика Отрара // ТИАН КазССР. Алма-Ата, 1951.
3. Бурнашева Р.З. Отар, Отрарский оазис и Южный Казахстан. Нумизматические исследования по денежнему делу южно казахстанских городов VII-XVII вв. Алматы: «Наука», 1989.-387с.
4. Акишев К.А., Байпаков К.М., Ерзакович Л.Б. Древний Отрар. Алматы: «Наука», 1972.-213 с.
5. Грошев В.А. Ирригация Южного Казахстана в средние века. Алма-Ата: «Наука», 1985.-323 с.
6. Жәнібеков Ө., Ж.Нұсқабаев Ж. Ежелгі Отырар. Алматы: «Өнер», 1997.-214 б.
7. Қожа М. Отырардың қысқаша тарихы. Түркістан: «Мирас», 1998.-64 б.
8. Қожа М. Отырардағы керамика өндірісі. Түркістан: «Мұра», 1996.-87 б.
9. Акишев К.А., Байпаков К.М., Ерзакович Л.Б. Отрар в XIII-XV веках. Алма-Ата: «Наука», 1987.-256 с.
10. Есжанов Ә. Ғасырлардан сыр шерткен Отырарым армысың. Алматы: «Өнер», 1991.-175 б.
11. Айтаханов Қ., Жұмашев А., Отырар жәдігерлері. Алматы: «Рух-дария». 2004.-180 б.
12. Дербісәлиев Ә. Қазақ даласының жұлдыздары. Алматы: «Рауан», 1995.-237 б.
13. Ақышев К.А. Ертедегі ескерткіштер елесі. Алматы: «Қазақстан», 1976.-116 б.
14. Қозғамбаев Г., Ахмет С.З., Исабек Б. Отырар өңірінің археологиялық ескерткіштерінің зерттелу тарихнамасы. Шымкент: «Нұрлыбейне», 2004.-26 б.
15. Тұяқбаев Қ. Отандық реставрация ісі және ұлттық мәдениетескерткіштерін қалпына келтіру туралы // Қазақстан музейлері. Астана: 1(2), 2003.-117 б.
16. Ахмет С. Отырар музейінің алғы шарттары // Отырар алқабы. Отырар ауданы: 1998.-4 б.
17. Исабек Б.Қ., Әбілқайырова. Оңтүстік Қазақстан облысындағы мұражайлар тарихы // Ордабасы тауында өткен ұлы жиынның 10 жылдығына арналған халықаралық конференция материалдары. Шымкент: 1993.-145 б.
18. Отырар энциклопедиясы. Алматы: «Арыс», 2005.-450 6.
19. Қожа М. Отырар тарихтың өзі, тағылымның көзі // Қазақстан музейлері.Алматы.- 2004.-117 б.
20. Каулен М.Е. Экспозиция и экспозиционер: Конспект лекций. Изд. 2-е, и доп. - Москва: «АПРИКТ», 2001-63 с.
21. Юренова Т.Ю. Музееведение: Учебник для Высшей школы.-3-е изд., и доп. - Москва: «Академический Проект», 2006.-560 с.
22. Байпаков К.М. По следам древних городов Казахстана.-Алма-Ата: «Өнер», 1990.-264 с.
23. Акишев К.А. Байпаков К.М. Ерзакович Л.Б. Орта ғасырлардағы Отырар керамикасы.-Алматы: «Өнер», 1990.-212 б.
24. Аманжолов К. Қазақстан тарихы. 1-том. Алматы: «Білім», 2004.-392 б.
25. Жанибеков У. Эхо...-Алма-Ата: «Өнер», 1991.-304 с.
26. Тәжімұратов Ә. Шебердің қолы ортақ.-Алматы: «Қазақстан», 1977.-9 6.
27. Маргулан А. Казахское народное прикладное исскуство. Т.3. Алматы: «Өнер», 1994-246 с.
28. Сарыбаев Б. Қазақтың музыкалық аспаптары.-Алматы: «Өнер», 1981.-207 б.
29. Жәнібеков Ө. Жолайрықта.-Алматы: «Рауан», 1995.-110 б.
30. Жарқынбек Оразхан. Шежірелі Отырар.-Алматы: «Еңлікгүл», 2005.-352 б.
31. Қожа М. Отырар қаласының зерттелуі // Отырар алқабы. Отырар ауданы, 2003.-3 б.
32. Ахмет С.З. Исабеков З.Қ. Есжан Е.Ә. Отырар ескерткіштері. (Оқу құралы). –Шымкент: «Жебе», 2006.-114 б.
33. Даубасов Е.Ш. Сырдарияның орта және төменгі ағысы бойындағы қалалардың зерттелуі (XIX ғасырдың ортасы және 1917 ж. дейін). ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Ұлттық Ғылым Академиясының хабарлары. Қоғамдық ғылымдар сериясы. Шымкент: №1,2000.-265 б.
34. Байпаков К.М. Древний и средневековый Отрар. Города Туркестана.-Алматы: «Ғылым», 1999.-328 с.
35. Қожа М. Ахмет С. Сырдарияның орта ағысындағы жаңа археологиялық ескерткіштер // Халықаралық Марғұлан оқулары. Қызылорда: 2001.-244 б.
36. Уалиханов Ш.Ш. Таңдамалы.-Алматы: «Жазушы», 1985.-560 б.
37. Музееведение. Музеи исторического профиля. Учебное пособие. Под. Ред проф Левыкина К.Г. и проф Хербста В. Москва: 1988.-268 с.
38. Инструция по учету и хранению музейных ценностей находящихся в государственных музеях СССР. Москва: 1984.-366 с.
39. Зернова А.Б. Воробьев В.П. Основные факторы, вляющие на сохранность музейных предметов // В кн: Актуальные проблемы фондовой работы музеев. М., Вып 13.(Труды НИИК)-76 с.
40. Фармаковский М.В. Консервация и реставрация музейных коллекций.-Москва: 1947.-165 с.
41. Курицына Д.С. Тоскина И.Н. Вредители музейных предметов (Вопросы профилактики) // В кн: Актуальные проблемы фондовой работы музеев. М., 1978. Вып 1. (Труды НИИК. Вып 63)-96 с.
42. Шулепова Э.А. Основа музееведения. Учебное пособие.- Москва: «Едиториал УРСС», 2005.-504 с.

Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...3-8

1 Отырар мемлекеттік археологиялық қорық- музейінің құрылу тарихы
мен құрылымы

1.1 Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің
құрылуының алғы
шарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9-15
1.2 Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 15-26

2 Отырар өңірінде жүрген археологиялық экспедициялардың қызметі мен
нәтижелері

2.1 Отырар ескерткіштерінің 1895-1990 жылдар аралығындағы экспедициялар
барысы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..27-33
2.2 Отырар өңіріндегі тарихи ескерткіштердің 1990-2005 жылдар
аралығындағы зерттелуі және олардың нәтижелерінің музейдегі
көрінісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
3-42

3 Музейдегі археологиялық және этнографиялық заттарды қорғау және
сақтау

3.1 Музейлік заттарды қорда және экспозицияда сақтау
режимдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .43-48
3.2 Музейдегі археологиялық және этнографиялық заттарға консервация
және реставрация жасау тәсілдері ... ... ... ... .49-54

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...55-56

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... .57-5 9

ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .60-68

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Тәуелсіздігімізге қол жеткізген аз ғана
жылдардың ішінде біздің төл тарихымызды тереңірек қарауымызға мүмкіндік
туды. Халқымыздың жүріп өткен ұзақ жолы өзге жұрттан артық болмаса кем
емес. Сондықтан халқымыздың тарихын, мәдениетін ескі көзқарастан арылтып,
жаңа тұрғыдан танып білу-бүгінгі күннің талабы.
Кез-келген көне замандардан бері қалыптасқан өмір салты материалдық
және рухани мұралар жасау машығы, дәстүр тағылымдары - сол халықтың бастан
өткерген ғұмыр жолының айғағы. Ал халық мұраларын таныстыратын оның
материалдық және рухани, тарихи мұраларын жұртшылыққа көрсетіп, насихаттау
қызметін атқаратын ғылыми мекеме - музей.
Музей - мәдени, тарихи және ғылыми құндылықтарды сақтауға, музейлік
заттармен мәліметтерді жинақтап таратуға, өскелең ұрпаққа ата-бабамыздан
қалған мұралар жөнінде тәлім-тәрбие беруге арналған тарихи қалыптасқан көп
қырлы әлеуметтік ақпараттар институты. Сондықтан бүгінгі күні әлем
мемлекеттері арасынан музейі жоқ елдерді табу мүмкін емес .Бұл кез-келген
халықтың өзінің тарихы мен мәдениетіне немқұрайлықпен қарамай болашақты
өткен ғасырлардың рухани жетістіктерімен ұштастыра отырып құруға деген
ұмтылыс жігерінің белгісі.
Бүгінгі күні музейлерге деген қоғамдық сұраныс уақыт талабынан
туындап отырған құбылыс екенін байқау қиын емес. Музейлер - халықтар
арасында түсініктік пен ынтымақтастықты қалыптастырып, өрбітетін мәдени
байланыстың маңызды құралы. Мұның өзі музейлердің тарихи ескерткіштер мен
адамзаттың материалдық және рухани мәдениетінің туындыларын жинақтап,
халыққа насихаттауда ерекше тәрбиелік мәні бар мекеме екендігін көрсетеді.
Осы орайда “Мәдени мұра” бағдарламасы - мәдениетке деген мемлекеттік
көзқарастың соны стратегиялық ұстанымын айқындаған маңызды жоба болды. Бұл
бағдарламаны қабылдағанда, алға қойған басты мақсат - халқымыздың өскелең
рухани-мәдени сұранысын қанағаттандыру болды.
Бағдарламада ел басымыз ең алдымен, білім беру саласын дамыту,
халқымыздың тарихына қатысты мәдени мұрамызды сақтауды қамтамасыз ету, алыс-
жақын шет жұрттағы жәдігерлеріміз бен мұрағаттарымызды іздестіріп, жинақтау
керектігін міндеттеді.
Екіншіден, қазақтың тарихи-мәдени ескерткіштерінің көпшілігі кең
сахарамызда шашыла орналасқаны белгілі. Осы жағдайды ескере отырып,
бағдарламада еліміздің аса маңызды деген тарихи-мәдени және сәулет
ескерткіштеріне зерттеулер жүргізіп, оларды ғылыми негізде қайта жаңғырту
жұмыстарын қолға алу қажеттігін атап көрсетті. Осы тұрғыда мәдени
ошақтарымызды жаңғыртып қана емес, оның негізінде құрылып отырған музей
тарихына да тоқталып өту қажет.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін көп нәрсе өзгерді десе де болады.
Әсіресе, музей ісінің табысты жақтары өте көп. Бұрынғы түрі ұлттық,
мазмұны социалистік атты уағыздың ащы жемісі келмеске кетті деп айта
аламыз. Бүгінгі музейлер қойылымдарына қойылған әрбір музей заты астарында
сол жеке мұра тарихы ғана емес, осыған байланысты болатын халқымыздың
Ұлы өмірінің жүріп өткен ізі, тарихы жатыр. Егер өткен тарихымыз бен
шежіре-шындығымыздың бірден-бір айғақты дерек болып табылатын экспонат-
мұраларға да жоғары талғам, таным, сын көзбен қарау қажеттігі талас
тудырмайтыны анық.
Осындай қайталанбас мол мұраларымыздың бірі-кең байтақ жеріміз.
Десек те, сол Ұлы Даланың әр төбесі - өз алдына тарих. Қай төбені
қазсаңыз да ежелгі көшпенділердің өзіне ғана тән өзгеше мәдениетіне
тап боласыз. Ал сол мәдениеттің жиынтығындай әбден сытылған
нұсқасындай әсер қалдыратын тарихи қорықтар да бүгінгі
мәдениетіміздің белгісі.
Қорық-музей Республика көлемінде археологиялық жәдігерлерді
зерттеуді, қазба жұмысын жүргізетін, реставрация және жедел жөндеу
арқылы ескерткіштерді сақтау барысын дамытатын бірден-бір мекеме.
Мұндай мекемелердің бірі ежелгі Отырар қаласының атымен аталған,
1979ж. негізі қаланған Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі.
Музей Отырар өңіріне жүргізілген экспедициялардан жиналған экспонаттар
негізінде құрылған. Музейге Отырар атының берілуі оның жұмысының
негізгі бағыттарын айқындап тұрғандай. Бұл Қазақстан жеріндегі алғаш
құрылған тарихи қорық болып табылады. Қорық-музейдің негізгі мақсаты
Отырар өңіріндегі археологиялық, архитектуралық ескерткіштерді қору,
сақтау, ғылыми зерттеу және мәдени-білім беру экскурсиялық көпшілік
жұмыстарымен айналысу. Музей қорында музей саласына қатысты өткен
тарихымыз бен рухани мәдениетімізді, тұрмыс-салтымызды халыққа көрнекті
түрде жеткізетін 20-мыңнан астам жәдігерлер сақтаулы. Осы сыр сандығын
ішіне бүгіп жабулы жатқан асыл қордан Жетісай, Кентау, Шымкент қалаларында,
Шәуілдір ауылында ұйымдастырылған тарихи көрмелерге бірнеше экспонаттар
арнайы шығарылып отырды.
Жыл сайынғы музейге Арыстанбаб кесенесі және Отырар төбеге келіп
танысушылар саны 100 мыңнан асады.
Отырар - ұлы бабамыз Әл-Фарабидің кіндік қаны тамған киелі топырақ
жерінде орын тепкен қорық-музейі қазіргі таңда үлкен туристік ортаға
айналып, өз тарихын тереңірек танытуда.
Зерттеу жұмысының мақсаты. Ежелгі Отырар қаласының және оның тарихи
бірнеше серіктерінің құнды ескерткіштерінің негізінде құрылған Отырар
Мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің тарихын, ғылыми зерттеуі мен
ескерткіштерді қорғаудағы алатын орнын және маңызын көрсету.
Зерттеу жұмысының міндеттері. Зерттеу жұмысы бірнеше міндеттерге
бөлініп қарастырылды:
- Отырар өңірінің өткен тарихын зерделеу;
- құнды ескерткіштер негізінде құрылған Отырар Мемлекеттік археологиялық
қорық-музейінің құрылуының алғы шарттарын талдау;
- қорық-музейінің экспозициялық құрылымдық ерекшелігін, орналасу
тәртібін анықтау және музейтанулық талдау жасау;
- музейдің көркемдік шешімін басқа музейлермен салыстыру;
- Отырар Мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің оқу-ағарту,
тәрбиелік-білім беру қызметін көрсету;
- Отырар өңірі ескерткіштерінің зерттелу тарихын зерделеу;
- Отырар ескерткіштерінің сақталып, күтілу мәселелерін қарастыру;
- музей заттарының сыныпталуын, жүйеленуін қарастыру, сипаттау;
- музейдегі археологиялық-этнологиялық заттардың сақталу жолдарын
теориялық тұрғыда салыстыру, нақтылау;
- Отырар Мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайының қазіргі таңдағы
өзекті мәселелерін шешу жолдарына негізгі бағыттарды көрсету;
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Отырар өңірінің ежелгі тіршілігі туралы
антикалық заманның тарихшылары, географтары, жиһангездері грек тарихшылары
жазып қалдырды.
XIX ғ.аяғы мен XX ғ. басында Отырар өлкесінің тарихи мұраларын
В.В.Бартольд, И.П.Пословский, Д.Н.Люшин, И.А.Кастанье, Н.В.Руднев,
Е.Г.Смирнов, Н.С.Лыкошин, А.Х.Кларе, А.А.Черкасовтар ғылыми тұрғыдан
зерттеп, барлап алғашқы еңбектер жазды 1.
XIX ғ. аяғы мен XX ғ. басындағы бұл ғалымдардың жұмыстарын Кеңес
өкіметі тұсында (1946-1951жж) Ресейлік ғалым А.Н.Бернштам жетекшілік еткен
Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясын одан әрі жалғастырады. Бұдан
кейін осы аймақтың ескерткіштері туралы Е.И.Агеева, Г.И.Пацевич,
А.Г.Максимовалардың еңбектерінде баяндалады 2.
1960 жылдардың орта шенінде Отырарда қазба жұмыстарының жүргізілу
нәтижесінде теңге материалдары табылды. Теңге ортағасырдағы Қазақстанның
саяси-экономикалық тарихын, оның сауда және мәдени байланыстарын зерттеуге
арналған дерек болып табылады. Р.З.Бурнашеваның еңбегінде Отырарда табылған
теңгелерге талдау жасалып, сипаттама берілген 3. Бүгінде теңгелердің
бірқатарын қорық-музейінің залдарынан табуға болады.
1971 жылы Отырар ауданындағы археологиялық заттарды кең түрде зерттеу
мақсатында Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясы жұмысқа
кірісті. Экспедицияға археолог-ғалым К.Ақышев басшылық жасайды. Осыдан бері
К.Ақышев, К.М.Байпаков 4, Л.Б.Ерзаковичтің еңбектерінде, Қ.А.Алпысбаев,
Б.Н.Нұрмағанбетов, А.Грошевтің еңбегінде 5 және Е.Смағұлов,
С.Ж.Жолдасбеков, Ө.Жәнібековтің 6, М.Қожаның 7 сияқты археологтардың
зертеулерінде Отырар өңіріндегі ортағасырда өмір сүрген халықтардың
әлеуметтік-экономикалық мәдениеттері туралы бірнеше тың мәліметтер
жарияланды. Ғалымдардың ұзақ жылғы еңбектерінің нәтижесінде осы өңірдегі
археологиялық ескерткіштердің орналасу картасы, бірнеше монографиялар,
альбомдар, көптеген ғылыми мақалалар жарық көрді.
Кеңес өкіметі құлап, әр Республика өз алдына жеке өмір сүруге
бейімделіп жатқан 1989 жылдары Отырар ауданындағы тарихи ескерткіштердің
қорушысы Отырар археологиялық қорық-музейі өз алдына дербес археологиялық
қазба жұмыстарын жүргізе бастады. Сонымен қатар Алматы қаласындағы Ұлттық
Ғылым Академиясының Ә.Марғұлан атындағы археологиялық институтының
ғалымдары Е.Смағұлов, Л.Б.Ерзаковичтер де Отырар, Көкмардан зираты,
Қоңыртөбе зираттарына зерттеу жүргізеді. Әсіресе, Отырар музейінің дербес
зерттеулері Қазақстан археологиясына жаңа мағлұматтар қосты. Музей
қызметкерлері (жетекшісі М.Қожа) алғашқы қазбаны 1989 жылдың маусымында
Отырар төбенің оңтүстігінедегі Қызыл ту елді мекенінен бастаған болатын.
Қазбадан күйдіруге арналған пеш орны табылды. Осы орында 1989, 1990, 1991,
1995 жылдағы қазба барысында 18 пеш, 2 үй құрылысы көптеген шұңқыр орны
ашылды. Мұндай шеберхана ыдыс-аяқтардың барлық түрлерінен бастап әсем
ғимараттар үшін түрлі көлемдегі құрылыс заттарын өрнекті, сырлы, сырсыз
кірпіштер шығарумен айналысып келген. Заттардың жасалу үлгісіне қарап
шеберхана XIII-XIV ғасырларда пайдаланылған Осы уақыттағы зерттеу жұмысына
М.Қожаның жазған еңбегінің маңызы өте зор 8. Мұндай керамикалық
өндірістің дамығандығын және тұрмыстық ортада кеңінен қолданыста болғанын
музейдің археологиялық залы көрсете алады.
Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясының қазба
жұмыстарының барысында Отырар шахристанынан жалпы ауданы 60-22м мешіт орны
ашылған. Мешіт күйдірілген кірпіштен қаланған, төбесі күмбезделген сәулетті
құрылыс болған. Мешіт сырты сырлы қыштармен безендіріліп, терезе ойықтары
панджарамен өрнектелген. Археологтар бұл мешіт XIVғ. аяғы мен XVғ. басында
салынған деген тұжырымға келеді. Мұндай тұжырымды К.Ақышев, К.Байпақов,
Л.Ерзаковичтер өз еңбектерінде көрсеткен болатын 9.
1995 жылы вице-премьер министр И.Тасмағанбетовтың демеушілігімен
бөлінген 400 000 теңгеге музей археологтары мешіт құрылысының орны табылып,
үш бөлмесі ашылған болатын. Қазба жұмыстарының 1998-1999 жж жалғасуының
нәтижесінде осы құрылыс бөлмелерінің саны 15-ке жетті. Бөлмелердің көлемі
әртүрлі. Осы құрылысты жазба деректерге сүйене отырып XIV-XV ғғ Отырар
билеушісі Бердібектің сарайы болуы мүмкін деген тұжырымға келеді. Дәл осы
сарайда 1405жылы 18 ақпанда Әмір Темір дүние салған. Мешіт пен сарайдың
ортасынан қышпен шегенделген құдық ашылды. Құдықтың жанынан жас астау
табылған болатын. Астаудың бетіндегі ою-өрнектің ішінен араб жазуы
кездеседі. Дәл осындай тас астауларды әдетте, билеушілердің қыздары
жасатқан екен. Мұндай қызықты деректерге М.Қожа өз еңбегінде тереңірек
тоқталған 7.
Сонымен қатар, Отырар ескерткіштерін елге танытып, насихаттауда
жергілікті ұстаздар, Шәуілдірлік А.Әлімов, Ә.Есжанов 10, А.Жұмашев 11
еңбектерін жария етті.
Соңғы 2002-2005 жыл аралығында Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-
музейі, Шымкент қаласындағы археология және этнология ғылыми орталығы,
Алматы қаласындағы Ә.Марғұлан атындағы археология институты ұйымдастырған
археологиялық барлау экспедиция жұмыстарының барысында Отырар өңірінде
бұрын-соңды жазылмаған, зерттелмеген 80-астам жаңа ескерткіштің орны
анықталып, өлшемі сызылып, суретке түсіріліп, сипаттамасы жазылды. Жаңа
ескерткіштердің ашылуы өлке тарихына тың жаңалықтар қосып, жаңа пікірлер
қалыптасуда. Енді Отырар өңірінің ескерткіштерін жаңа бағытта қайта талдап,
зерделеу және оларды бүлінуден сақтау қажеттілігі туындады.
Тақырыптың дерек көзі. Зерттеу жұмысын жазу барысында қолданылған
деректер: қорық-музейіндегі Отырар өңіріне жүргізілген экспедициялар
нәтижесінде табылған және сол мекен тұрғындарының тұтынған музейдегі
заттары. Сонымен қатар ашық аспан астында орналасқан қорық-музей
ескерткіштері және оның құжаттары т.б. Сондай-ақ, жазбаша дерек болып
табылатын музейдің түсім және инвентарлық кітапшалары және ғылыми
қызметкерлердің зерттеулері мен жинақтары, экспозициялық, архив
материалдары.
Жұмыстың теориялық-методологиялық негізі. Бүгінгі таңда музей
қызметін теориялық-методологиялық тұрғыда зерттеуге үлес қосқан ғылыми
зерттеушілердің еңбектері пайдаланылды. Зерттеу жұмысында теориялық
талдау, салыстыру, жүйелеу секілді музейтанулық әдіс-тәсілдері мен
археология-этнология ғылымының теориялық-методологиялық мәселелері кеңінен
қарастырылды. Жұмыс тарихи принципке негізделіп жазылды.
Зерттеу жұмысының хронологиялық шеңбері. Зерттеу жұмысында XIX ғ. II
жартысы мен XX ғ. Отырар жерінде басталған экспедициялар және соңғы
уақыттарға дейін жүргізілген жұмыстардың негізінде 1979 ж. құрылған Отырар
музейінің қазірге дейінгі тарихы мен қызметі қарастырылды.
Зерттеу жұмысының жаңалығы. Берілген жұмысты зерттеу барысында осы
уақытқа дейін зерттелмей тың тақырыпта қалып отырған қорық-музейінің тарихы
жүйеленіп, оның қарамағындағы ескерткіштердің қорғалу, сақталу принциптері
музейтанулық тұрғыдан танылып, экспозициялық ерекшелігі анықталды.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, үш тарау,
қорытынды, әдебиеттер тізімі және қосымшалардан тұрады.
Бірінші тарау екі тармақшадан тұрады. Мұнда негізгі қарастырылған
мәселе бүгінгі күні жай ғана төбешік болып қалған, әлі де болса жұмбақ
сырлары ашылмаған ежелгі Отырар қаласының тарихын баяндай келе, маңындағы
ескерткіштердің көптігінен республикалық дәрежедегі қорық-музейінің тарихы
мен экспозициялық ерекшеліктерін анықтау болып табылады.
Екінші тарау екі тармақшадан құрылып, онда ең алғаш Сыр бойына 1895ж.
барон А.Б.Веревскийдің ұйымдастыруымен Ташкентте құрылған үйірменің
археологиялық экспедициясының негізінен бастау алып, қазірге дейін жалғасын
тапқан зерттеу жұмыстарының тарихы мен алынған заттардың музейдегі орны
туралы баяндалады.
Үшінші тарау аталған музейдің археологиялық және этнографиялық
заттарын қорғау мен сақтауды және консервация, реставрация жұмыстарын
теориялық тұрғыдан салыстырмалы түрде көрсету болып екі тармақшаға бөлінді.

Қорытынды бөлімінде зерттеу жұмысының нәтижелері, алатын орны және
қазіргі таңдағы қажеттіліктен туындап отырған талаптар мен ұсыныстар
берілген. Қосымшада музейдің құнды да бірегей заттары сурет арқылы көрініс
береді.

1 Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің
құрылу тарихы мен құрылымы
1.1 Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің
құрылуының алғы шарттары

“Ұлы Отырар - қазақ өркениетінің алтын діңгегі” деп ел президенті
Н.Ә.Назарбаев айтқандай, тамырын тереңге тартқан Отырар тарихы біздер үшін
ерекше. Біріншден, бұл қала-адамзаттың екінші ұстазы атанған әл-Фарабидің
отаны. Осының өзі-ақ Отырардың атын шығаруға жетерлік. Ал, бұл жерден одан
бөлек тағы 12 әл-Фараби шыққан. Екіншіден, Отырар өз заманындағы руханият
астанасы болған. Александриядан кейінгі ең үлкен кітапхананың осы қалада
орналасуы тегін емес. Үшіншіден, Отырар өзінің қаһарман қорғаушыларымен
өшпес даңққа бөленген, батырлықтың, отансүйгіштіктің теңдесі жоқ үлгісіне
айналған қала. Сондай-ақ бұл жерде Қожа Ахмет Иассауидің ұстазы Арыстанбаб
жерленген.
Отырар тұтас қазақ елі мен ұлттың бөлінбес меншігі, қайталанбас
жауһары, алтын қазығы. Бұл ұлы даланың ұлағат тұнған, ырыс қонған бір
бөлшегі. “Отырарды Отырар еткен де оның шарапханасы мен мейрамханасы емес,
кітапханасы еді” деген қытай саяхатшысы Лу Цзиннің сөзі еске түседі...
Осындай Ұлы далада өз құпиясын ішіне бүккен Отырар қаласының іргесі
қашан қаланды деген сұрақ қояр болсақ, оған қысқаша жауап беру қиын.
Қазірше Отырар төбенің солтүстік-батыс шетінде археологтар салған
стратиграфиялық қазба осы жерде қаланың ең төменгі мәдени қабаты IV-VI
ғасырларға жататынын анықтады 4, 83. Қала шетінде бола тұра IV-VI
ғасырлардың мәдени қабатының қалыңдығы 3,5 метр болуы біраз нәрсені
аңғартса керек. Отырар орталғындағы төменгі қабаттардың бұдан да ерте
екенін көрсетіп тұрғандай. Отырар қаласының негізі бірінші ғасырда немесе
одан да ертерек уақытта қалануы ғажап емес.
Қала атауының шығуын алғаш түсіндіруге әрекет еткен Н.Лыкошин болды.
Ол оның есімін қаланың көп рет талқандалып өртенгеннен “от” сөзінен
туындаған деді. Бірақ бұл пікірге В.В.Бартольд үзілді-кесілді қарсы болды.
Ал, XIII ғасырдың араб ғалымы Якуттың географиялқ сөзінде
“Тұрарбанд... Сейхұнның ар жағындағы қала, Шаштың Мауараннахрға іргелес ең
алыс қалалардың бірі. Бұл елдің халқы осы атты әрқилы айтады және олар
Тұрар, әрі Отырар деп сөйлейді”-деп көрсетілген болса, С.Г.Кляшторный
деректерінде аталатын Тарбан қаласы Отырар болуы тиіс деп санайды.
Зерттеушілердің басым бөлігі Отырардың басқа бір атауы Фараб
болғанына күмәнданбайды. Алайда, әуелі Отырар мен Фараб екі көрші
орналасқан уалаяттар болғаны жазба деректерден байқалады 4, 26-28.
Сырдарияның сол жағалауындағы аудан Фараб, ал оң жағалауындағы уалаят
Отырар деп аталған. Кейін бұл аймақ бірікті , бірақ аттары сол күйінде
қалды және екеуінің де мәні бірдей. Мұны IX ғасырдың араб тарихшысы ат-
Табари еңбегінен де аңғаруға болады.
Қалай десе де тек бір ғана Отырар атымен мәшһүр болған ежелгі
Отырардың Отан тарихында да, әлем тарихында да орны ерекше. Өйткені, Отырар
ежелгі заманнан-ақ, Жерорта теңізінен Қытайға дейін Еуразияны көктей өткен
Ұлы Жібек жолы арқылы Үнді, Қытай, Византия тағы басқа мемлекеттермен үнемі
ғылыми, мәдени, экономиикалық, дипломатикалық байланыста болып, көшпелі
қазақтың арғы атасы отырықшылық әлемімен осы Отырар арқылы танысып, сауда-
саттыққа үйреніп, халықтық қатынастар шеңберіне ілігіп, қалаларында ғылым
мен мәдениет, сауда, өндіріс, егін, мал шаруашылығымен қатар дамыған
қазақтың ұлт, мемлекет болып қалыптасқан алтын бесігі, отырықшы мәдениеттің
ошағы, алғашқы адамдар тұрағы, әлемдік мәдениеттің ірі орталықтарының бірі,
қазақтың рухани астанасы, дүниеде теңдесі жоқ ұлы ойшыл Әбу Насыр әл-
Фарабидің туған жері, Қожа Ахмет Иассауидің ұлы ұстазы, бабтардың бабы
Арыстанбабтың, Темірдің ақырғы демін алып, Алла аманатын тапсырған жері
11, 6-8.
Сонымен қатар Отырарда адамзаттың ежелгі дестүрін Еуразия кеңістігіне
таратқан “Александрия” кітапханасынан ( б.д.д. III ғ.- б.д. IV ғ. )
кейінгі “Шығыстың дәуірлеу заманында” өмір сүрген, Еуразия белдеуіндегі
түркі өркениетінің гүлдену дәуірінің негізін қалаған “Отырар кітапханасы”,
Орта Азиядағы аса ірі механикалы-шығырлы суландыру жүйелі болған 7, 39.
Отырар - ұшы-қиырсыз далалар, көл-көсір теңіздер мен қуаң шөлдер, құз-
құялы таулар арқылы өтетін өзара байланыстар мен пікір алысуларды
қалыптастыруға ғаламат мүмкіндіктер берген, түрлі текті халықтардың озық
өркениеті өзара бірлесіп байытуына септігін тигізген Ұлы Жібек жолының
жандануына өлшеусіз үлес қосқан саяси-экономикалық, ғылыми-мәдени орталығы.
Отырардың ұлылығы да осында. Ең соңында, Отырар - сол замандағы әлемдік екі
алып мемлекеттің - Шыңғыс хан империясы мен Хорезмшах империясының
мүдделері үшін болған жаһандық соғыстың ортасындағы от-жалында қалып, туған
халқының тәуелсіздігі үшін елім, жерім деп айқасқа түскен еңіреген ел, ұлы
қолбасшы, Отырардың әз әміршісі Қайырханның басшылығымен жасанған жауды
алты ай бойы Еуропаға жібермей, жер қаптыра ұстап тұрған әлемге әйгілі
бірден-бір қаһарман қала.
Бүкіл Кіндік Азиядан қай жағынан алып қарағанда да, Отырар сияқты
“қызыл итке жем болатындай” қызғылықты да қатерлі жер табу қиын деп
Н.А.Бернштам жазғандай, Отырар алдымен араб пен монғол шапқыншылығына,
содан кейін Қазақ хандығы мен Әбілхайыр әулетінің, Мауереннахр
билеушілерінің Сыр бойы үшін болған өзара қырқысында, “Алқакөл сұлама”
жоңғар шапқыншылығына ұшырайды 11, 9.
Отырар ханы Қайырханның басшылығымен Отырар халқы жаулармен жан аямас
шайқасты. Олар қамал бұзатын техникасы, оқ ататын күбішіктері бар Шыңғыс
хан әсеріне қарсы алты ай бойы жанкешті шайқас жүргізді. Кейбір әскер
басшыларының сатқындығы Отырарды жау аяғына таптатты. Осы ойраннан кейін де
Отырар қайта жанданды. XIII ғасырдың II жартысында Отырар дүние жүзілік
саудада делдалдық қызмет атқарып тұрды. Жошы ұлысы құлағаннан кейін Отырар
әйгілі Ақсақ Темір мемлекетінің құрамына кірді. Темір 1404 жылы Отырарда
қайтыс болды. Темірдің артында қалған мирасқорлары мен Шайбани әулетінің
қазақ хандарымен күресі кезінде Отырар тағы да отқа оранды. XVI ғасырдың
екінші жартысында қала біржола қазақтардың қолына көшті. XVII ғасырдың бас
кезінде жоңғар шапқыншылары қазақ еліндегі сұлтандар мен феодал
шонжарларының өзара билікке таласуын пайдаланып, күтпеген жерден соғыс
ашты. 1718 жылы олар үлкен әскери күшпен Бөген, Арыс, Шаян өзендерінің
бойындағы қазақ елдерін шапты. Цеван Рабдан 1725 жылы Түркістан, Шаш
қалаларын, Қаратау, Арыс өңірін жаулап алды. 1924-1925 жылдары Сыр ойын
түгел қолына қаратты. Тарихи зерттеу Галдан басшылық еткен әскердің Отырар
қаласын өрт құшағына қалдырғаны туралы дерек бар. Тарихшылар Отырардың
қайта көтеріле алмауын осы соңғы өртпен байланыстырады 12, 15.
Бірақ, XVIII ғасырға дейін өмір сүрген ұлы қала тарихтан іс-түссіз
жоғалып кеткен жоқ. Отырар тарихқа “Отырар өркениеті” деген атпен еніп,
қазақ елінің ежелден-ақ қалыптасқан мемлекеттігі мен саяси, әлеуметтік хал-
ахуалының белгісі-ғылым мен мәдениеттің арқауы болды, Отырарда қатар қанат
жайған заттық және рухани мәдениеттің мәңгілік асыл мұраларын адамзатқа
қалдырды 13, 72.
Отырар дүние жүзіндегі тарих шыңына көмілген қалалардың бірде біріне
ұқсамайды. Ол түпсіз тұңғиық аспандағы Сатурн секілді бірнеше серіктердің
басын құрайды. Серіктерсіз - қала, қаласыз серіктері өмір сүре алмайды.
Отырардың маңайында Алтынтөбе, Пышақшы, Көкмардан, Құйрықтөбе, Оқсыз,
Ақтөбе, Дарбаза секілді жеті серігі болған. Олардың қан тамырындай орталық
қала тіршілігіне қосқан үлесі қыруар. Жеті серік те әлі күнге ғасырлар
құпиясын қойнауына бүгіп көмулі жатыр.
Бұл құпия көмулер жағрапиялық картада Бөген, Арыс өзендерінің аяғы
мен Сырдарияның орта ағысында, Қызылқұм ауданында орналасқан. Ежелгі Отырар
қаласының атымен аталған аудан жерін тоғыз жолдың торабы деуге болады.
Сонымен қатар бұл көмулерден сол заманның тарихынан сыр беретін көптеген
көне ескерткіштер табылуда.
Осындай тарихи ескерткіштердің терең зерттеліп, оларды сақтайтын жеке
орындардың ашылуына XX ғасырдың 20-шы жылдары Ташкентте құрылған музей ісі,
көнелік өнер мен археологиялық ескерткіштерін және табиғат ескерткіштерін
қорғау ісі Түркістан комитетінің негізгі міндеті болып табылды.
Түркістан Республикасының халық комиссарларының кеңесінің 1921 жылдың
26-маусым айындағы № 151 шешімімен Түркістан комитеті Орта Азия мен
Қазақстандағы көне заманғы құнды архитектуралық, монументалдық, тарихи
ескерткіштерді есепке алып, жөндеуді қолға алады. Ол тізімге Қазақстан
бойынша Қожа Ахмет Иассауи кесенесі, Көк кесене, Айша бибі, Сайрамдағы тас
бағана, Сығанақ, Бес там, Ашнас қалалары енді 14, 12.
Қазіргі кезде тарихи ескерткіштерді қорғап, сақтау және зерттеу
жұмыстарына арнайы рұқсаты бар мекемелер Ұлттық Ғылым Академиясының
жанындағы Ш.Уалиханов атындағы тарих және этнология институты, Марғұлан
атындағы Археология институты, Мәдениет министрлігінің заттай мәдениеттің
ескерткіштерін ғылыми-зерттеу және жобалау институты, республикалық
мемлекеттік құрылыс-жөндеу және қайта қалпына келтіру басқармасы жұмыс
істейді. Бұлардың алғашқы екеуі ескерткіштерді зерттеумен айналысса,
үшіншісі есепке алып, ғылыми құжаттар, деректер жинап, қорғаудың, сақтап
қалудың, қайта қалпына келтірудің жобасын дайындайды, төртіншісі сол
жобаларды іске асырады 15, 43.
Отырар ескерткіштерін қору міндеті Отырар мемлекеттік археологиялық
қорық-музейіне жүктелген. Музейдің құрылуына Отырар өңірінің бай тарихи
ескерткіштерінің болашағын бағамдай білген ауыл азаматтары себепші болды.
Ұстаз, саятшы-құсбегі, тарихшы Адасхан Алтаев 1958 жылы № 4 Балтакөл
мектеп интернатында Қызылқұм ауданында (қазіргі Отырар ауданы) алғаш рет
өлкетану музейін ашады. Аудандағы екінші музейді 1967 жылы 17-мамырда Темір
стансасындағы мектепте “Дала археологы”, “Музей-адам”, “Отырардың
шырақшысы” деген атпен елге танымал Асантай Әлімов ұйымдастырады музей
материалдары.
Асантай Әлімовтың алғаш ізденісі Темір стансасындағы орта мектептің
бір топ оқушыларымен бірге 1967 жылдың көктемінде Қарауылтөбеде болған
сәтінен қандай адамзатқа болмасын ыстық сезілері хақ. Асантай Әлімов мектеп
жанынан музей ұйымдастыруды осы күннен бастап, музейдің негізін тірнектеп
жинауды қолға ала бастады. Бұл іс мектеп оқушылары мен мұғалімдер ұжымының
көмегінің негізінде жүзеге асты. Ақырында 1967 жылы мамыр айында мектептің
шағын бөлімшесінде музей ашылған еді.
Тарих пәнінің мұғалімі Асантай Әлімов бастаған бір топ бала Темір
стансасының шығысындағы едәуір қашықтықта орналасқан Қарауылтөбеге жол
тартты. Шынында да төбенің жел суырып кеткен тұстарында қыштар мен
құмыралардың сынықтары көптеп ұшырасады. Мектеп оқушыларының көмегімен сырт
пішіні бүтін қыш құмыраны аршып алады. Олар бұдан кейін де әр жерден құмыра
сынықтарын, тот басқан майда теңгелер, адамдардың бас сүйектерін кездестіре
бастайды. Сонымен қатар біршама құнды материалдардың ашылуына куә болады.

Отырар төңірегінде жер суарып жүрген дихандарының қайсыбірі арық
бойлай жатып бүтін құмыраларға, қыштан құйылған су құбырларының
қалдықтарына, тіпті адамның бас сүйектері де ұшырасып жатады. Сонау бағзы
замандарда осы жерде мекен тепкен кенттерден, жоғарғы дәрежедегі су
жүйелерінен, қантөгіс шайқастардан қалған белгілер екендігі де анық. Осы
негізде жұрт негізін аударатын көне дүние заттарын жинастырып, оларды
мектеп сабақтарында көрнекі құрал ретінде қолданылса, оқушыларға көп пайда
берері де сөзсіз.
Көптеген ізденістің нәтижесінде тарихи көмбелердің сырлары да ашыла
бастайды. Онымен қоса әрбір құпия көмбе күн сайын құнды заттарын жария ете
бастайды.
Алғашқыда мектеп үйінің шағын бөлмесінде орналасқан музей үлкен істің
басы болатын. Оның экспонаттары күн санап молая берді. Осы өңірдегі көп
көмбелерді шарлап қайтатын Асантайдың өзі ғана емес оқушылары да алып
келетін болды. Сонымен бірге музейде халық қолөнерінің көне бұйымдарын
жинау қолға алынды. Сондай-ақ Отырар өңірінің әрбір тұрғынынан ескіден
қалған шашбау, тана, алқа, зергерлік бұйымдар, ежелгі киім үлгілері, ер-
тұрман әбзелдері де қолға жетіп отырды. Кейде Асантай Арыс пен Сырдың бойын
әлденеше күн жаяу аралап, Түркістан, Қаратау, Шымкент асып та құнды заттар
жинаумен айналысатын. Тіпті соңғы уақыттарда кей көне бұйымдарды адамдардың
өздері алып келіп жүрді немесе оған арнайы хабар жеткізетін 17, 2-3.
Сонымен бірге Асантай аудандық партия комитетінің бірінші хатшысының
шақыруымен Отырардың арғы тұсындағы Алтынтөбенің етегінен үлкен құмыраға
куә болады. Бұл да мектеп музейінің үлкен жетістіктерінің бірі еді.
Құмыраның биіктігі кісі бойындай, ал жуандығы екі адамның құшағы әзер
жетерлік. Құмыраны үй орнындай жерден қазып алып, тек төрт-бес сағаттан
кейін ғана өзінің тиесілі орнына жеткізіп, құнды ескерткіштер қатарына
қосады.
Осылайша үздіксіз жиналған музей заттарына енді мектеп бөлмесі тарлық
ете бастайды. Сондай-ақ, Асантай Әлімовтың мүліктері сол бір шағын бөлмеде
өз құндылығының сырын аша алмағанының өзінде тарихи-өлкетану музейінің
деңгейіне жақындап қалған да еді. Олардан туған өлкенің сонау бағзы
дәуірлерінен бастап, кейінгі күндерге дейінгі тұрмыс тіршілігінен айқын
танылатын сипаттар байқалатын. Осының негізінде музей экспонаттарына арнайы
үй қажеттігі анық байқалған еді.
Бірақ музейге деген арнайы орынның әлі де болса дайын емес екендігі
де сөзсіз. Бұл мәселе жөнінде Асантай көптеген мекемелерден көмек сұрай
жүріп, осы жылдың көктем айында Шәуілдір ауылынан бес бөлмелі шағын үй
музей үшін босатылып берілді.
Десе де бұл қоғамдық негізде құрылған музейдің жұмысын кім басқармақ
деген сұрақ басты мәселеге айналады. Өйткені Республикадан әлі ешқандай
ауданда музей директоры деген штат болған емес көрінеді. Музейді басқаратын
адамға мәдениет бөліміндегі бір автоклуб меңгерушісінің жалақысын беруге
мүмкіндік табылар еді. Осы орайда мектеп мұғалімі Асантай Әлімов қана өзі
бастаған ісін ары қарай жалғастыру негізінде музейді басқаруды өз қолына
алады.
Көп ұзамай сан-салалы түрде жүйелі жинақталған Шәуілдірдегі музей
жоғарғы орындардың назарына ие болады. Осы уақыттан бастап ат сабылтып
арнайы комиссиялар да келе бастады. Бұл істе Асантай “Біздің қазіргі
бабамыз-көне өркениет орталығы Отырардың орнында, Әл-Фараби туып өскен
мекенде тұрақты қызметкерлері бар музей ашуға мол мүмкіндік бар” деп
түсінеді. Осы ұсыныспен ол Шымкент мәдениет басқармасына, Алматы Мәдениет
министрлігіне келіп көмек сұрады. Асантай Әлімовтың көптен күткен көктегі
биігі көп ұзамай жақындаған да еді.
Ақырында күзде Москва мен Алматыда Әбу Насыр әл-Фарабидің 1100 жылдық
мерекесі тойланып жатқан сәтте Асантайдың арманы жүзеге асты. 1975 жылдың
қыркүйегінде Шәуілдір ауылында Шымкент облысындағы ең ірі “Отырар тарихи-
өлкетану музейін” ашу туралы шешім қабылданды. Оған үш адамнан тұратын штат
бөлінді. Бұл көп жылдардан бері Асантай атқарып келе жатқан үлкен жұмыстың
жемісті нәтижесі еді 18, 82-83.
Ежелгі Отырар жерінде ашылған тарихи-өлкетану музейі бір адамның
ыждағатты еңбегі арқасында ірге көтерді. 1973-1975 жылдары аудандық халық
музейі, 1975-1976 жылдары облыстық музейдің Қызылқұмдағы филиалы есебінде
пайда болды да, содан былай аудандық тарихи-өлкетану музейі болып өз алдына
отау тікті. Ал штатта төрт қызметкер жұмыс істеді. Бірі директоры, екеуі
ғылыми қызметкер, енді бірі шофер. Ал 1979 жылдың мамырында Қазақ ССР
Министрлер кеңесінің № 219-Р шешімінен бастап ғылыми зерттеу, мәдени ағарту
және Қазақстанда тұңғыш рет археологиялық тарихи ескерткіштерді қорғау
мекемесі болды 14, 14. Бұл Қазақстан жеріндегі алғаш құрылған қорық еді.
Осылайша музейдің аты жиі-жиі өзгеріп, дамып келе жатса да мұқтаждығы
бұрынғыдан да көбейе берді.
Қазіргі музей ғимаратының іргетасы 1979 жылдың 9-қазанында қаланып,
1980 жылы Қазақ ССР Министрлер кеңесінің шешіміне сәйкес Шымкент облысының
Қызылқұм ауданындағы Шәуілдір селосынан Отырар археологиялық қорық-музейі
ұйымдасты. Ал, 1982 жылдан бастап қолға алынған музей ғимараты пайдалануға
берілді (1-сурет).
Қорық-музейінің коллективі негізінен Отырар оазисіндегі тарихи
ескерткіштерді қорғау, сақтау, зерттеу, белгісіз ескерткіштерді есепке алу,
оларға қорықтық тақталар мен белгілер қою, қазба жұмыстарын жүргізу, халық
арасынан түрлі салада этнографиялық экспонаттар жинау тағы басқа
жұмыстарымен айналысады.
Музей коллекциясы тарихшы Асантай Әлімов ұйымдастырған “Аудандық
өлкетану” музейі негізінде құрылды. Содан бері музей қызметкерлерінің
ізденісі арқасында қазақ халқының ертедегі тарихына, археологиясына,
этнологиясына қатысты сан қырлы дүниелер жиналған үлкен орталыққа айналды.
Музейдің көркемдеу жұмыстарын “Қазмузейреставрация” мекемесінің
мамандары жүргізді.
Атап айтар болсақ, Н.В.Гоголь атындағы Алматы көркемсурет
училищесінің кең ауқымды суретші, безендіруші мамандығын алған Тұрысбек
Борықбаев жетекшілік еткен “Қазмузейреставрация” бірлестігінің
қызметкерлері әрі әріптестері Сергей Пожарский, Борис Старков, Фархад
Камалов, Нұрлан Көкешов секілді тәжірибелі маман иелері музей дизайнын
жасауда еңбек етті. Тұрысбек Борықбаев бүгінгі күнге дейін Панфилов
қаласындағы “Жаркент мешіті” атты тарихи музейді қалпына келтіру тобына,
одан соң Форт-Шевченко қаласындағы “Балық аулау және Маңғыстаудың тарих пен
тұрмыс, этнография музейін” безендіру тобында көркемдік жетекшілік қызметін
атқарған. Оларға жүктелген міндет ең әуелі осы өлке жайында, Отырар қаласы,
халқы, тұрмысы, мәдениеті жайындағы әдебиеттер, тарихи зерттеулермен
танысу, сонымен қатар Отырар қаласына байланысты бірнеше тарихи диораммалар
құру болды. Диораммалар жасау барысында Қазақ ССР Ғылым академиясының
қызметкері, тарих ғылымының докторы Карл Байпақов та өз ақыл-кеңесін
білдірді. Өйткені музей болған соң оған кірген адам сол тарихи тақырып
жайлы экспонаттардан да, суретші жасаған безендіруден де толық мағлұмат
алуы қажет. Алғашқыда қорық-музейде алты ғылыми бөлім, 60-тан астам ғылыми
қызметкерлер еңбек етті. Музей қорында 7500-ден астам заттар бар 19, 307-
309.
1998 жылы 25-ші желтоқсанда Үкіметтің № 1335 қаулысына сәйкес, Отырар
археологиялық қорық-музейі мемлекеттік мәртебе алып қайта құрылды. 1999
жылы 27-сәуірде заңды тұлға ретінде қайта тіркелді.
Музей экспозициясының ауданы 1052 м, қор бөлімінің ауданы 254 м.
Қорық-музей қарамағында 4 республикалық, 130 жергілікті дәрежедегі тарихи
заттар сақтаулы. Музей қорында музей саласына қатысты өткен тарихымыз бен
рухани мәдениетімізді, тұрмыс салтымызды халыққа көрнекті түрде жеткізетін
20 мыңнан астам экспонат сақтаулы. Осы сыр сандығын ішіне бүгіп жабулы
жатқан асыл қордан Жетісай, Кентау, Шымкент қалаларында, Шәуілдір ауылында
ұйымдастырылған тарихи-этнографиялық көрмелерге 1450 экспонат арнайы
шығарылды. Бұл да бір жарқ еткен ғажайып жиынтық еді 20, 59.
Республикамызда алғаш ашылып отырған қорық-музейі қазіргі таңда өз
қызметін одан әрі жақсартуда. Соңғы жетістігі 2005 жылы Мәдениет
министрлігі экспозициялық залдарын қайта жасауға 10 млн. теңге бөліп, музей
залдары жаңа технологиямен жабдықталды.

1.2 Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің
құрылымы

Бойына мыңдаған ескерткіштерді жинап, олардың сақталуын, қорғалуын өз
міндетіне алған Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің мекемесі
Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылындағы Жібек жолы
даңғылының төрінде, Арыс өзенінің бойында орналасқан. Музейдің алдында Әл-
Фарабидің ескерткіші орнатылған. Ұлы бабамыз Әбу Насыр әл-Фараби дәрігер
Ибн Хайланға “Тұрар далама, Отырарыма жетіп өлсем арманым жоқ ” деп айтып
жолға шығыпты деген аңыз бар. Бірақ ұлы ғалым Отырарға жете алмады...
музей материалдары.
Фараби ұрпағы - біздер бүгін қайта тірілген, оянған тарихпен музей
арқылы қауыштық. Музейге Отырар атының берілуі де оның жұмысының негізгі
бағыттарын айқындап тұрғандай. Қорық-музейінің бір бөлігі аудан орталығынан
12 шақырым батысқа таман Арыстанбаб кесенесінде, ал “Отырар руханияты” атты
филиалы (әдебиет және өнер бөлімі) Шәуілдір ауылындағы Археологиялық
институтының бұрынғы қазба заттар қоймасына арнап салынған үйлерге орын
тепкен. Ал сәулетінің ерекшелігімен ауылдың көркі болып тұрған қорық-
музейінің мекен-жайы үш қабатты кешеннен тұрады. Бірінші қабатқа музей
заттарын сақтайтын сақтау орындары мен әкімшілік жайлар орналасқан. Екінші
қабаттан бастап музейдің экспозициялық залдары басталады. Екінші қабаттағы
археология бөлімі мен үшінші қабаттағы этнография бөлімдерін аралап,
адамзат тарихының елең-алаңынан бастап бүгінгі дәуіріне дейін мағлұмат
алуға болады. Мұнда қазақ халқының ұлт ретінде қалыптасуына және көне
Отырар қаласының терең тарихына байланысты мол мәліметтер, экспонаттар
жинақталған. Сонымен көпшілік көрермендер үшін археология, этнография
залдарынан Арыстанбаб кесенесі, ашық аспан астындағы Отырар қаласынан
ашылған XIV-XV ғасырлар шеберханасы, XIV-XVII ғасырлардағы мешіттер, XIV-XV
ғасырлар моншасы, әдебиет және өнер бөліміндегі кітапхана, сонымен қатар
осы өңірдегі барлық ежелгі қала орындарының қалдықтары, қорғандар,
суландыру жүйелері мен Сыр өңірінің ақын жазушыларының көрмесі қызмет
етеді. Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің негізгі мақсаты
Отырар өңіріндегі археологиялық, архитектуралық ескерткіштерді қорғау, әрі
ғылыми зерттеу және мәдени білім беру жұмыстарыме айналысу. Тағы бір
ерекшелігі негізгі жұмыстар ретінде археологтар анықтаған ескерткіштерді
тіркеу және сақтау жұмыстарымен, аймақтағы этнографиялық тағы басқа
мәдениет ескерткіштерін жинаумен, оларды ғылыми тұрғыда зерттеу және
насихаттаумен шұғылданады 14, 12.
Қорық-музейінің бірегей тарихи жинақтарының көпшілігі экспозициялық
залдарда көрсетілген.
Музейдің археологиялық залы ғимараттың екінші қабатында орналасқан.
Залда Отырар және осы өңірдегі ескерткіштерден табылған жәдігерлер жүйелі
түрде өз кезеңдеріндегі тарихи оқиғалармен байланыстырыла қойылған.
Музейдегі ең негізгі істердің бірі экспозициялық жұмыс. Музей
экспозициясында жиақталған заттар - көру үшін белгілі бір жүйеде қойылған
заттар жиынтығы. Экспозициясыз музей - тек қана өзінше ғылыми - жіктелген
және зерттелген мұрағаттарды сақтайтын “архивтік” қойма. Музейді басқа да
ғылыми-зерттеу мекемелері мен ғылыми сақтау қоймаларынан
ерекшеленетіндіктен экспозицияны муейдің ең негізгі бөлігі деп қараған жөн.

Экспозициялық жұмыс, яғни экспозицияны құру бүкіл музей қызметінің
негізгі буыны. Ол дегеніміз - ғылыми зерттеулер негізінде болашақ
экспозиция жоспарын дайындау, оның тақырыбына қатысты алғы шарттарды оқып
үйрену, экспонаттарды белгілі бір жүйемен жинақтап орналастыру және оларды
біріктіру 21, 4-6.
Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің экспозициялық жұмысы
экспонаттарды жинау және оқып үйренумен, бұқаралық ғылыми ағартушылық
қызметімен тығыз байланысты. Затты экспозицияға дайындау сол заттың өзі
жиналатын және зерттелетін заттар шеңберінде түскен сәттен басталады,
белгілі бір затқа байланысты ақпараттар экспозицияны дайындауда қолданылуы
мүмкін.
Экспозицияны дайындау тек музейдің өзіндік ғылыми зерттеулеріне ғана
емес, сонымен қатар белгілі бір мәселенің жалпы ғылыми жұмылдыруына- музей
бағытталған ғылым саласындағы білім деңгейіне байланысты болады.
Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейіне келушілерге әсер
ететін табиғи үлгілер, материалды және рухани мәдениет ескерткіштер көптеп
саналады. Бұл экспозицияның ғылыми мазмұнын, экспозицияны ғылыми түрде
көрсете білу музей қызметкерлеріне ерекше міндет жүктейді.
Музейдің құрылуы салдарынан тарихи білімдерді уағыздау деңгейі
өзгерістерге ұшырады. Атап айтсақ: ғылыми ізденістердің ауқымы ашылды,
археологиялық дүниелерді ұқсату және сақтау жұмыстары жан- жағынан табылды.
Бұл жұмыстар көптеген жылдар бойы жиналған, терілген дүниелер үшін аса
қажат еді. 22, 350.
Дәл осы теориялық негізге сүйене отырып жасалынған Отырар мемлекеттік
археологиялық қорық-музейінің археологиялық экспозиция залында қойылған
мұралар Отырардың ең ежелгі тарихи ескерткіштерінен басталады. Яғни, I-
XVIII ғасырлар аралығын қамтиды. Атап айтқанда, Отырардың орта ғасырлардағы
гүлдену кезеңі, монғол шапқыншылығына қарсы күресі, кейінгі Әмір Темір
мемлекеті, Қазақ хандығы, XVII- XVIII ғасырлардағы жоңғар шапқыншылығы,
XVIII ғасырдың алғашқы ширегіндегі Отырар тарихи баян етіледі.
Залдың кіре берісінде Отырар өңіріндегі археологиялық ескерткіштердің
картасы берліген. Қойылған мұралардың алғашқы кезеңі б.д.д. 800-140, 3
мыңыншы жылдықты қамтитын ежелгі тас дәуірінен бастау алады. Ғалымдардың
пікірінше Оңтүстік Қазақстан жері ең алғашқы адамдар келіп, қоныстанған
аймақтардың біріне жатады. Ертедегі адамдардың тұрақ жайлары, құрал-
саймандары Қаратау бөктерінен көптеп табылуда. Мұнда құралдарды пайдалану,
өңдеп жасау тәсілдері бейнеленген.
Осыдан 45-50 мыңыншы жыл бұрын қазіргі тұрпаттағы адам қалыптасты.
Біздің өңірімізді мекендеген адамдар аң аулап, жеміс-жидек теріп күн
көріпті. Мұның айғақтары Жаңа Шілік, Тасқотан, Ақсу-Арыс, Мятаста табылған
заттар экспозицияда көрсетілген. Олардың ішінде қырғыш, тескіш, жоңғыш,
аңшылық құралдары бар. Бұлардың барлығының өңдеу жолы қарапайым: бір таспен
екінші тасты соққылау арқылы қажетті түрге келтірілген. Соққылаудың
нәтижесінде түскен тас жарықшақтарының ірілерін қырғыш, кескіш ретінде
пайдаланған музей материалдары.
Келесі сөреде б.э.д. 2 мыңыншы жылдықтың екінші жартысындағы қола
дәуірінің қазанша, құмыра, білезік, жебе ұштары мен дән үгіткіш секілді
тұрмыстық бірнеше түпнұсқа заттар орын тепкен (2-сурет).

Б.д.д. мыңыншы жылдықтың басында Қазақстан тайпалары ғұмырында үлкен
өзгерістер болды. Ең алдымен көшпелі мал шаруашылығы пайда болды. Бұл
Қазақстанның шөлді-шөлейтті табиғатында жүргізудің ең бір тиімді жолы еді.
Пайдаланусыз жатқан жерлер жайылым ретінде игерілді. Адам тіршілігне
қажетті өнімдер көбейді. Халық санының өсуіне, мәдениеттң ілгері дамуына
жол ашылды. Әлемдік деңгейде еңбек бөлінісі басталып, сауда-саттық дамыды.
Көшпелілердің адамзат мәдениетіне қосқан үлесі жан- жақты болды. Осы
кездегі қазақ даласын мекендеген көшпелі тайпаларды парсылар “сак”, ал
гректер “скиф” деп атаған. Сақтармен қоса ғұн, үйсін, қаңлылардың саяси-
әлеуметтік, экономикалық даму кезеңіндегі, Ұлы көш жолындағы Отырар
өлкесінің әдет- ғұрыптары, сауда, қолөнер мәдениеті, суландыру жүйелері,
қала салу мәдениетмен ерекшеленеді. Бұл кезеңнен музей экспозициясындағы
асыл тастардан, сүйектерден, темір мен қоладан жасалынған заттар өзінің
түпнұсқалығымен нақты мәлімет бере алады 4, 20-21.
Экспозиция залының сөрелері ежелгі түркі заманының тарихына арналған.
Яғни, VI-VIII ғасырлардағы қалалар карта, аэро-фото ескерткіштер сызбасы
негізінде көрсетілген. Отырар осы уақыттарда тұңғыш теңге соққан. Оның
бетіне арыстан бейнесі бейнеленген. Бұл Отырардың қазақ даласындағы ірі
саяси-экономикалық орталық екенін байқатады. Сонымен қатар зергерлік
бұйымдар, тиындар да қойылған.
Сөреде Қоңыртөбеден табылған бидай, мақта қалдықтары егіншілік
кәсіптің дами түскенін аңғартады. Халықаралық байланыстарды Сасан гемма-
мөрі көрсетеді. Хамцядан атты жұмыр тастың бетінде бір жануар бейнеленген.
Оның үлкен бұғыға тән мүйізі анық көрінеді.
VIII-X ғасырларда Сыр бойында түркілер ішіндегі оғыз тайпалары
шоғырланды. Қазіргі кезге дейін оғыздардың ру аттары Шәуілдір, Баялдүр,
Бұзық (Бузак) жер атаулары ретінде сақталып отыр. Жаңа дін - ислам діні
тарап, жергілікті рулардың рухани және заттық мәдениетіне ықпал етті.
Әсіресе Кіші, Орта Азия, Қытай, Иран елдерімен байланыс күшейе түсті музей
материалдары.
Отырар, Иассы, Испиджаб тағы басқа қалалар арқылы Жібек жолы
тармақтары өтті 23, 27-28. Қаладағы этникалық, экономикалық, рухани,
саяси өзгерістер археологиялық заттарда көрініс тапты. Музей
экспозициясының сөрелерінде хум, құмыра, қазанша, кеселер секілді тұрмыстық
қолданыста болған заттар сол кезең тарихының бір бөлігі болып табылады
музей қоры материалдары (3-сурет).
IX-X ғасырлардан бастап сырлы ыдыстар жасағаны анық. Майшам леген –
ақ түсті не басқа бір түсті бетке қара не қоңыр бояумен арабша жазулар
түсіріліп, түссіз жылтыр сырмен көмкерілу жиі кездеседі 24, 9.
Қолөнердің жаңа түрі шиша ыдыстар жасау кең өріс алды. Музейдегі
шағын құмыралар, дәрі – дәрмек құтылары, балқыған түбектер шишадан не
үрлеу, не қалыпқа салу арқылы жасалды. Ортағасырлық шиша үлгілері өте
қарапайым өте жұқа және түсі аспан көк, жасыл, сары болып келеді. Отырарлық
алхимик шишасы аламбик көрермендердің ерекше ықыласына ие болып отыр.
Қазақстан археологиясында тұңғыш шиша өндіріс орнын музей
қызметкерлері тауып, қазба жұмыстарын жүргізді. Қоңыртөбеден солтүстікке
қарай 2 км жерде шиша балқытатын пештер X-XIII ғасырлар арығының қасынан
аршылып алынды.
Археология залының бір мүйісінде Отырардың зәулім ғимаратында әшекей
қыштар орын алған. Бұл ұзақ жылғы қазба кезінде біршама күйдірілген сырлы,
сырсыз өрнекті қыштар мен жалтылдаған сары сырлы бес қыш сынығы табылды.
Беттерін шаң басқан қыштарды жуып тазалаған соң жылтылдаған сары сыр алтын
екендігі анықталды. Кірпіш бетінен гүл пішіндеріне ұқсас өрнек іздерінен
байқауға болады. Екі кірпіш сынығы алдыңғы кірпіш сынығына қарағанда
үлкендеу. Оның бірінің бетінде ақшыл сыр жағып, әркелкі төрт ұзын ашық көк
сызықтар жүргізген. Кірпіште алтын үш жапырақша өрнегінің ішінде жағылған,
жиегіне қоңыр сыр жүргізілген. Екінші кірпіш сынығы төртбұрыш пішінді. Бір
шетіндегі өрнек лотос гүліне ұқсас. Гүл пішінінің алтын жалатылған шетіне
көк, одан кейін қара сыр жағылған. Қара сырдан соң дөңгелек толқынды ақ
бояу жағылған.
Кірпіштің артқы жағында отқа күйген күйе іздері бар. Кірпіштерге
өрнек салмас бұрын, кірпіш беті ақ ангоппен сырланып, содан кейін қажетті
өрнектер әркелкі бояулармен салынған. Осыдан кейін өрнек бетін түссіз
сырмен сырлаған. Сонда кірпіш бетіндегі өрнектер жылтырақ қасиетке ие
болып, өзінің әсемдігімен алыстан көз тартқан. Әсіресе, гүл, жапырақ
өрнектері шеберлікпен қиыстырылған үстіңгі ортағасырлық өнердің тамаша
үлгісі ретінде музей экспозициясының бірегей заттарына айналуда десе де
болады.
Ангоп – арнайы дайындалған сұйық. Ангоп саздан жасалған ыдыс
дегдігеннен кейін оның бетіне түсіріледі немесе сылақ ретінде жағылады.
Заттың көркемдік ерекшелігіне қарай оған қолданылатын ангоп та түрлі-түсті
болып келеді 24, 14.
Феодалдық қақтығыстарға, түрлі кішігірім соғыстарға мойынсынбай
ілгері дамып келе жатқан Қазақстанның қалалық мәдениетінің күре тамырына
монғол шапқыншылығы үлкен дайындықпен шыққан еді. Сол заманның озық қару –
жарағын пайдаланды. Қытайдың тас атқыштары, түрлі қамал қирататын
механизмдері қолданылды 25, 155-156.
Мұндай шайқас Отырар қаласының тамырына ауыр соққы болғаны да анық.
Музейде монғол шапқыншылығы кезіндегі Отырар туралы макеттер мен
диораммалар экспозицияланған. Экспозиция бүкіл дүниені тітіркендірген
Шыңғысханның фотобейнесінен басталып, монғол әскерлерінің тас атқыштарының
доптарын музей қызметкерлерінің 4 есе кішірейтілген түрдегі макеті және
“Отырар ойраны” диораммасы тарихи тұрғыда көрсетілген (4-сурет). Сонымен
қатар, қыпшақ атты әскерлерінің XII ғасырға жататын қылыш қалдығы мен
қалқан бөлшегі, XII-XIII ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Отырарда жүргізген жұмыстары нәтижесінде
Сыр бойының орта ғасырлық қалалары
Отырардың заттық мәдениеті
Егіншілік түсінігі, жүйесі, мәдениеті
Баласағұн қаласының тарихын теориялық-методологиялық тұрғыда зерттеу
Қазіргі заман мәдениеті мен оның негізгі мәселелері
Егіншілік түсінігі, жүйесі, мәдениеті туралы
Қазақстан жеріндегі тұрғын үйлер мен баспаналардың даму тарихы
Қазақ әдебиеті мен өнерінің қазіргі қоғамымыздағы ықпалы мен орны
Қазақстанның мәдени мұра жобасы
Пәндер